Enbekshi QazaQ

Әлем

Абай облысындағы сотталған азаматтың қоғамға қайта оралуындағы оң өзгерістер. 03.02.2026
      Есірткі құралдарын таратқаны үшін сотталған, 10 жылға бас бостандығынан айырылған 51 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматы жазасын өтеу үшін Абай облысындағы әйелдерге арналған қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне жеткізілді. Мекемеде болған жылдары ол өзін жағымды қырынан көрсете білді. Тігін цехында адал еңбек етіп, тәртіптілігімен, жауапкершілігімен және бастамашылдығымен ерекшеленді.            Мекеме әкімшілігі оның түзелуге деген ұмтылысын, белгіленген тәртіпті сақтауы мен еңбек қызметіне белсенді қатысуын бірнеше рет атап өтті.                Жазасын өтеу барысында тек сотталғанның өзі ғана емес, оның өмірі де өзгерді. Бостандығынан айырылғанға дейін отбасы болмаған ол колонияда жүріп өз тағдырын тапты. 57 жастағы ер адам оның тірегі мен қолдауына айналып, уақыт өте келе заңды жұбайы болды. Барлық қиындықтарға қарамастан, ол үнемі келіп, моральдық тұрғыда қолдау көрсетіп, оның бостандыққа қайта оралуына сенді.                                    Бостандыққа шығу күні жұбайы тағы да жанынан табылды. Мекеме қақпасында ол толқыныс пен қуанышқа толы күйде жаңа өмірдің басталуын білдіретін бұл күнді қарсы алды.           — Осы жылдар маған қарапайым нәрселерді — еңбекті, адалдықты және адам жылуын қадірлеуді үйретті. Өзгеруіме және өмірді жаңадан бастауға мүмкіндік берген мекеме қызметкерлеріне алғысым шексіз. Ең бастысы — мен жалғыз қалған жоқпын. Бүгін мен өзіме сенбеген кездің өзінде маған сенген адамға қарай шықтым, — деп бөлісті сотталған азамат.            Бұл әсерлі сәт үміттің символына айналып, тіпті ең күрделі өмірлік жағдайларда да адамның өз жолын өзгертіп, адамгершілік құндылықтарды сақтап, болашаққа сеніммен қоғамға қайта оралуға қабілетті екенін дәлелдеді.               — Біздің басты мақсатымыз — сотталған әйелдерге жан-жақты қолдау көрсету, оларды қоғам өміріне бейімдеуге көмектесу. Сондай-ақ шетел азаматтарына құқықтық және әлеуметтік қолдау көрсету — жұмысымыздың маңызды бағыттарының бірі. Мұндай оқиғалар сотталғандардың болашаққа деген сенімін нығайтып, түзелу жолының шынайы екенін айқын көрсетеді, — деп атап өтті мекеме бастығының орынбасары Ақмарал Қайранова.                            Мұндай оқиғалар сотталғандарды қайта әлеуметтендірудің маңызын, түзелу процесіндегі еңбек пен тәртіптің, сондай-ақ жақын адамдардың қолдауының шешуші рөлін және бостандыққа шыққаннан кейінгі табысты бейімделудің маңызын айқын көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisabai/press/news/details/1153991?lang=kk
Абай облысында сотталғандар ауыл шаруашылығы үшін құрал-жабдықтар өндіруді бастады. 03.02.2026
            Абай облысы бойынша орта қауіпсіздік мекемесінде сотталғандар, металлоконструкциялар мен қолданбалы өнер бұйымдарын өндіретін цехқа жұмысқа орналасқан, малдарды қауіпсіз ұстауға арналған арнайы раскол әмбебап құралын өндіруді бастады.              Аталған құрал-жабдық фермерлік шаруашылықтарда ірі қара малмен жұмыс жасау кезінде, ветеринарлық және зоотехникалық іс-шараларды жүргізу кезінде қолданылады, соның ішінде вакцинация, чиптеу, емдеу, жасанды ұрықтандыру және таңбалау.             Расколдың конструкциясы малдың басын және денесін сенімді түрде бекітуді қамтамасыз етеді, бұл персоналдың қауіпсіздігін арттырады және малдың күйзелісін азайтады.            Бірінші әмбебап өңдеу және жону құралы Алматы облысының шаруа қожалығының жеке тапсырысы бойынша шығарылды. Тапсырысты орындауға металл өңдеу саласында тәжірибесі бар үш сотталған қатысты. Осындай бұйымдарды өндірудің орташа мерзімі үш-төрт күнді құрайды. –                   Нағыз тапсырыс бойынша жұмыс істегенде және сенің еңбегіңнің сапасына адамдар мен жануарлардың қауіпсіздігі тәуелді екенін түсінгенде, еңбекке және өзіңе деген қарым-қатынас өзгереді. Бұл жұмыс өткен қателіктерді іс жүзінде түзетуге, кәсіби шеберлікке ие болуға және қоғамға пайдалы бола отырып бостандыққа шығуға мүмкіндік береді, – деп бөлісті сотталған.          Сотталғандарды сұранысқа ие өнім өндіруге тарту тек олардың еңбекке тартылуын қамтамасыз етіп қана қоймай, бостандыққа шыққаннан кейін қажет болатын практикалық дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Осындай тапсырыстар мекеменің өндірістік мүмкіндіктері нарық талаптарына сай екенін растайды, – деп атап өтті сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімінің бастығы Куанышбек Туканов.              ҚАЖ мекемелеріндегі өндірістік цехтардың дамуы сотталғандардың қайта әлеуметтік бейімделуіне және аграрлық сектор өкілдерімен ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал етеді. Мекемеде өндірістік қызметті дамыту сотталғандардың әлеуметтік бейімделуінің маңызды бөлігі болып табылатыны баса айтылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisabai/press/news/details/1154015?lang=kk
Қорытындылар шығарылды, міндеттер айқындалды ... 03.02.2026
         Ақмола бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде 2025 жылдың  қорытындысы шығарылды.Департамент қызметінің басым бағыты мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету болып табылады.Атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша  мемлекеттік бюджетке 694 млрд. астам теңге түсті.             Салықтық және кедендік әкімшілендіру аясында қосымша резервтерін анықтау нәтижесінде шамамен 18 млрд. тенге қамтамасыз етілді, оның ішінде осындай бөлімдер бойынша қамералдық бақылау -  9 млрд. теңге, жер қойнауын пайданушыларды әкімшілендіру – 5,3  млрд. теңге, салықтық және кедендік тексерулер бойынша – 1,2  млрд. теңге, резидент еместерді әкімшілендіру - 925 млн. теңге, мониторингтегі  салықтөлеушілерді әкімшілендіру –  586 млн. теңге, ЕАЭО шеңберінде жанама салықтарды әкімшілендіру – 370 млн. теңге,  кедендік әкімшілендіру – 349 млн. теңге  және басқалар.                Департамент кедендік бекеттерінде әр түрлі кедендік режимдерде 15 мыңнан астам тауар декларациясы ресімделген, оның ішінде декларациялардың 75 % жасыл дәлізде яғни лауазымды тұлғалардың қатысуынсыз жүзеге асырылады.Ағымдағы жылдың  бірінші жартыжылдықта 538 мың    мемлекеттік қызметтер көрсетілді, оның ішінде 99,8 пайызы электронды түрде көрсетілгені атап өткен жөн.Кеңесте салықтық-кедендік әкімшілендіруді одан әрі жетілдіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды.Шараның соңында жақын болашаққа міндеттер айқындалды оның ішінде болжау көрсеткіштерін орындауын қамтамасыз ету және тағы да басқалар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1154028?lang=kk
Абай облысында автокөлік иелері көлікті сатқанда мемлекеттік нөмірлерін жиі сақтап қалуда 03.02.2026
        Абай облысының тұрғындары автокөлігін ауыстырған кезде үйреншікті мемлекеттік тіркеу нөмірінен бас тартпай, оны өзінде қалдыру мүмкіндігіне ие. Мемлекеттік тіркеу нөмірін сақтау қызметі өңірдегі мамандандырылған ХҚКО-ларда қолжетімді және тұрақты сұранысқа ие. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Абай облысы бойынша филиалы хабарлайды.Көлікті есептен шығару кезінде мемлекеттік нөмір белгілері міндетті түрде мамандандырылған ХҚКО қызметкерлеріне тапсырылады. Алайда көлік иесі нөмір комбинациясын өзінде қалдыруға құқылы. Ол үшін мемлекеттік қызмет алу барысында мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының операторына алдын ала хабарлау қажет.Тіркеу нөмірін сақтау мерзімі бір айға дейін белгіленген. Белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін нөмір жойылуға жатады, алайда өтініш беріп, мемлекеттік баж салығын төлеген жағдайда оны қайта қалпына келтіруге болады.Қазіргі таңда Семей қаласындағы мамандандырылған ХҚКО-да 4500-ден астам мемлекеттік тіркеу нөмірі сақтаулы тұр. Олардың басым бөлігі – сұранысқа ие танымал нөмір комбинациялары.Өңір тұрғындары бұл қызметті Семей қаласы, Қаржаубайұлы көшесі, 249 мекенжайында орналасқан мамандандырылған ХҚКО-да пайдалана алады. Орталық келушілерге ыңғайлы режимде жұмыс істейді: дүйсенбіден жұмаға дейін 09:00-ден 18:00-ге дейін, сенбі күні 09:00-ден 13:00-ге дейін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1153902?lang=kk
Қазақстан мен Льеж: өнеркәсіп, логистика және инновациялар өңірлік диалогтың өзегінде 03.02.2026
Льеж, 2026 жылғы 3 ақпан – Льеж провинциясына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшісі Роман Василенко Льеж провинциясының губернаторы Эрве Жамармен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Льеж провинциясы арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылап, сауда-экономикалық, өнеркәсіптік, логистикалық, ғылыми-білім беру және инновациялық салалардағы өзара іс-қимылды кеңейту мүмкіндіктеріне ерекше назар аударды.Елші Қазақстанда Льеж провинциясын дамыған өнеркәсіптік базасы, заманауи логистикалық инфрақұрылымы және қуатты ғылыми-зерттеу экожүйесі бар маңызды еуропалық серіктес ретінде қарастыратынын атап өтті. Осы тұрғыда экономикалардың өзара толықтыруына және өңірлер арасындағы практикалық өзара іс-қимылға негізделген ұзақ мерзімді, жобалық әріптестіктерді дамытуға Қазақстанның мүдделілігі баса көрсетілді.Келіссөздер барысында логистика мен көлік мәселелеріне, соның ішінде мультимодальды тасымалдарды, әуе жүк қатынасын дамыту және еуразиялық көлік бағыттарын еуропалық логистикалық хабтармен ықпалдастыру әлеуетіне ерекше көңіл бөлінді. Өнеркәсіптік жаңғырту, металлургия, инженерлік шешімдер, сондай-ақ энергетикалық өтпелі кезең мен «жасыл» технологияларды енгізу салаларындағы ынтымақтастықтың перспективалылығы атап өтілді.Білім беру, ғылым және инновациялар талқылаудың жеке бағытына айналды. Тараптар Қазақстан мен Льеж провинциясының университеттері мен ғылыми орталықтары арасында, соның ішінде инженерия, қолданбалы ғылымдар, агротехнологиялар және аэроғарыштық зерттеулер салаларында ынтымақтастықты дамытуға өзара қызығушылық білдірді.Кездесудің барысында Р.Василенко сұхбаттасушыны Қазақстан Республикасында жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың барысы туралы жан-жақты хабардар етті. Соңғы Ұлттық құрылтай отырысының қорытындыларына ерекше тоқталып, онда мемлекеттік басқаруды жаңғыртудың, демократиялық институттарды нығайтудың және елдің тұрақты дамуының негізгі басымдықтары айқындалғаны атап өтілді. Сондай-ақ Қазақстанда талқыланып жатқан жаңа Конституция жобасы жөнінде пікір алмасу өтіп, оның құқық үстемдігін одан әрі нығайтуға, азаматтардың қоғамдық-саяси өмірге қатысуын кеңейтуге және мемлекеттік институттардың тиімділігін арттыруға бағытталғаны айтылды.Губернатор Э. Жамар Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларды оң бағалап, өңіраралық өзара іс-қимылды кеңейту әлеуетін атап өтті және Льеж провинциясы мен Қазақстанның іскерлік, академиялық және институционалдық ортасы арасында тікелей байланыстар орнатуға жәрдем көрсетуге дайын екенін білдірді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өңірлік деңгейде практикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға өзара мүдделілікті растады және нақты бірлескен бастамалар мен жобаларды іске асыру мақсатында диалогты жалғастыруға уағдаласты.Анықтама: Льеж провинциясы – бельгиялық Валлония өңірінің дамыған индустриялық-логистикалық орталығы. Провинцияның жалпы ішкі өнімі 2024 жылы 35 млрд. еуроны құрап, Бельгияның ұлттық ЖІӨ-нің 7,5%-ын құрады. Экономиканың негізгі салалары – металлургия, машина жасау, көлік және логистика. Экспорттың негізгі баптары – химия өнімдері, фармацевтика, металдар мен металл өнімдері, машиналар мен жабдықтар, автокомпоненттер; импорт – шикізат, энергия тасымалдаушылар, өнеркәсіптік жартылай фабрикаттар мен жабдықтар. Негізгі сауда серіктестері – Германия, Франция және Нидерланды, сондай-ақ ЕО-ның басқа елдері мен АҚШ. Географиялық орналасуының қолайлылығы мен дамыған инфрақұрылымының арқасында Льеж халықаралық жеткізу тізбектері мен еуропалық өнеркәсіптік кооперацияда маңызды рөл атқарады. Провинциядағы ірі компаниялар қатарына John Cockerill (энергетика және инжиниринг), FN Herstal (атыс қаруы), Safran Aero Boosters және Techspace Aero (аэроғарыш өнеркәсібі) жатады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1153890?lang=kk
КТС бойынша сұрақтар мен жауаптар 03.02.2026
Жаңа Салық кодексінде әлеуметтік сала нысандарын пайдаланудан түскен табыстар бойынша қолданыстағы Салық кодексінің 239-бабына ұқсас бап жоқ. Мұндай табыстар 2026 жылдан бастап қалай салық салынады?Жауап:Жаңа Салық кодексінде әлеуметтік сала нысандарын пайдаланудан түскен табыстар бойынша жеке нормалар жоқ және жеке салық есебі көзделмеген, сәйкесінше, жалпы салық салу тәртібі қолданылады. Яғни, әлеуметтік сала нысандарын пайдаланудан түскен табыстар болған жағдайда (тіпті шамалы болса да) осындай табыстарды алуға бағытталған барлық шығындар сомасы шегерімдерге жатқызылады.Бейкоммерциялық ұйымдар үшін салық салу тәртібі сақталды ма? Мұндай ұйымдар өз табыстарын салық салудан босата ала ма?Жауап:Бейкоммерциялық ұйымдар (БҰ) үшін салық салудан босатуды қамтамасыз ететін 2 нұсқа салық салу көзделген.Бірінші нұсқа – егер БҰ БҰ туралы заңда белгіленген екі шартқа сәйкес келсе (таза табысты бөліп бермейді және табыс табу мақсаты жоқ), онда мұндай БҰ ККС мақсатында жекелеген нақты табыстарды ЖЖТ-ден шығарады, яғни салық салмайды (жазбаша түсімдер, үлестер, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша табыстар, депозиттер бойынша сыйақы, валюталық айырмашылық бойынша, тегін алынған мүлік, ТЖС және КСК жарналары).Екінші нұсқа – егер БҰ әлеуметтік салада қызмет жүзеге асыратын ұйым ұғымына сәйкес келсе, онда мұндай БҰ есептелген КТС-ны 100%-ға азайтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zko/press/news/details/1153842?lang=kk
Цифрлық даму және Жасанды интеллект: Қостанай облысы жүйелі трансформацияға көшуде 03.02.2026
Қостанай облысында цифрлық даму және жасанды интеллектіні енгізу саласында белсенді жұмыс жүргізілуде. Өңір басшысы Құмар Аксақаловтың қатысуымен өткен отырыста алдағы кезеңдегі негізгі басымдықтар анықталды. Олар жеке цифрлық шешімдерден өңірдің экономикасына, мемлекеттік басқарудың тиімділігіне және тұрғындардың қажеттіліктеріне бағытталған кешенді цифрлық трансформацияға көшуге бағытталған.2026 жылды Мемлекет басшысы Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияланды. Бұл кезең деректерге негізделген басқаруға және ЖИ-ді практикалық қолдануға өту үшін маңызды болып саналады. Негізгі назар нақты экономиканың цифрландыруына аударылды – өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, энергетика, көлік және логистика, сондай-ақ әлеуметтік сала – денсаулық сақтау және білім беру. Басты мақсат – цифрлық технологияларды енгізу арқылы экономикалық өсімді қамтамасыз ету және өңірде біртұтас цифрлық экожүйеге көшу.«2025 жылы өңірдегі автокөлік зауыттарында, тау-кен өндіру және машина жасау кәсіпорындарында 101 өнеркәсіптік робот орнатылып, қазіргі таңда жалпы саны 145 робот пайдаланылуда. 44 елді мекенде антенна-мачталық құрылыстар салынды. Соның нәтижесінде шамамен 14 мың ауыл тұрғыны 4G мобильді интернетіне қол жеткізді. Соңғы 3 жылда біз барлық 440 мектепті жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етуге қол жеткіздік. 2025 жылғы қоғамдық мониторинг қорытындысы бойынша Қостанай облысы үшінші орынды иеленді, ал электрондық форматта қызмет көрсету бойынша екінші орынға шықты», – деді Қостанай облысының әкімі Құмар Аксақалов.Бүгінгі күні өңірде тұрақты IT-экожүйе қалыптасып келеді. Қостанай облысында шамамен 340 IT-компания жұмыс істейді. 2025 жылғы қорытынды бойынша олардың қызметінен түскен салық түсімдері шамамен 650 млн теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 30%-ға артық. Сонымен қатар, IT-қызметтер экспорты өсіп келеді – өңірлік компаниялар өздерінің цифрлық өнімдері мен шешімдерін сыртқы нарықтарға шығарып жатыр.Цифрлық инфрақұрылымды дамыту бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. Ауылдық елді мекендерді 4G интернетпен қамтылуы тұрақты өсу көрсеткішін көрсетеді: 2022 жылы бұл көрсеткіш 60% болса, 2025 жылы 76%-ға жетті. Білім беру саласындағы цифрлық алшақтық айтарлықтай қысқартылды: 2022 жылы жылдамдығы 20 Мбит/с жоғары интернет тек 88 мектепте (19,4%) болса, 2025 жылы барлық 440 мектепке жоғары жылдамдықты интернет жеткізілді.А. Байтұрсынұлы атындағы өңірлік университетпен бірлесіп, алдағы бір ай ішінде Tomorrow School (Франция) халықаралық жасанды интеллект мектебінің ашылуы аяқталатын болады.Информациялық жүйелерді біріктіруге де ерекше назар аударылуда. 2026 жылы жүйелерді консолидациялау және ұлттық үлкен деректер платформасына интеграциялау жоспарлануда. Бұл аналитика мен жасанды интеллектіні басқаруда кеңінен қолдануға мүмкіндік береді.Мемлекеттік қызметтер саласында Қостанай облысы көшбасшы болып отыр: онлайн-мониторинг бойынша бірінші орын, электрондық қызметтердің сапасы бойынша екінші орын, екі зерттеу қорытындысы бойынша агрегаттық рейтингте үшінші орын. Тұрғындардың қызметке қанағаттану деңгейі жоғары сақталуда. Алдағы кезеңде ең сұранысты 80%-дан кем емес қызметтер проактивті және мобильді форматқа, сонымен қатар жасанды интеллект құралдарын пайдалана отырып көшіріледі.Цифрландыру өңірде басқарудың тиімділігін арттыру, экономиканы дамыту және тұрғындардың өмір сапасын жақсарту үшін маңызды құралға айналуда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1153871?lang=kk
Жаттықтырушы мен оқушыларды жеңістерімен құттықтаймыз! 03.02.2026
Канонерка орта мектебіҰлттық мектеп лигасының облыстық кезеңінде тоғызқұмалақ спорт түрінен жоғары нәтиже көрсетті.🏆 9–11 сыныптар арасында — І орын🥈 7–8 сыныптар арасында — ІІ орын.Жаттықтырушысы: Карипов Дәулет Кенесович.Жаттықтырушы мен оқушыларды жеңістерімен құттықтаймыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/1153779?lang=kk
Бесқарағай ауданында көшпелі тимбилдинг өтті 03.02.2026
2026 жылғы 30 қаңтарда Бесқарағай ауданында тәжірибеге бағытталған«Ұрпақ жүрегіне жол» көшпелі тимбилдинг жобасы аясында ауқымды іс-шара ұйымдастырылды.🔹 Жобаның басты мақсаты – ата-аналар, оқушылар, педагогтер мен қоғам өкілдері арасында сенімге негізделген, саналы және қауіпсіз орта қалыптастыру, сондай-ақ отбасы, мектеп және қоғам арасындағы өзара байланысты нығайту.🔹 Іс-шара барысында:– «Саналы отбасы», «Сүйіспеншілікке жол», «Заң және тәртіп»,– «Салауатты өмір», «Ұлттық құндылықтар», «Адал азамат»,– «Буллинг пен кибербуллингтің алдын алу»,– жасөспірімдердің психикалық, репродуктивті денсаулығы,– ата-ана, әке, ана, әже, ата рөлдері тақырыптарындатимбилдингтер, тренингтер, дөңгелек үстелдер, ток-шоулар, TEDx форматындағы кездесулер өтті.👥 Іс-шараға ата-аналар, оқушылар, мектеп психологтары, әлеуметтік педагогтар, медицина қызметкерлері, ардагерлер, жастар ұйымдары мен құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.✨ Көшпелі тимбилдинг – бұл ұрпақ тәрбиесіне бейжай қарамайтын қоғам құру жолындағы маңызды қадам.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/1153785?lang=kk
Салықтық тіркеу 03.02.2026
Салықтық тіркеу Салықтық тіркеу - бұл заңды қызметтің негізі және салық органдарының бақылауы.🔹 Салықтық тіркеу дегеніміз не?Бұл салық төлеушілердің базасын қалыптастыру:✔️ жеке тұлғалар✔️ ЖК және жеке тәжірибе жүргізуші тұлғалар✔️ заңды тұлғалар (оның ішінде резидент еместер)✔️ ҚҚС төлеушілері✔️ белгілі бір қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар🔹 Тіркеу қалай жүзеге асырылады?-  өтініштер мен хабарламалар негізінде— мемлекеттік органдар мен банктердің деректері бойынша— тіркеулік есепке қою және тіркеулік есептен шығару арқылы🔹 ЖК және жеке тәжірибе📌 тіркеу — қызметті бастау туралы хабарлама бойынша📌 өзгерістер — 10 жұмыс күні ішінде📌 тіркеуден шығару — салықтық қарыз болмаған жағдайда🔹 ҚҚС бойынша тіркеу✔️ ерікті✔️ міндетті (айналым шегі асылған жағдайда)✔️ шартты — шетелдік интернет-компаниялар үшін🔹 Белгілі бір қызмет түрлері(алкоголь, темекі, отын, құмар ойындар бизнесі, e-commerce және т.б.)— міндетті салықтық тіркеуге жатады— әрбір нысан бойынша бөлек🔍 Салықтық тіркеуді мониторингілеуСалық органдары талаптардың сақталуын бақылайды.Бұзушылықтар болған жағдайда — хабарлама, ал орындалмаған жағдайда:⚠️ шоттарды тоқтату⚠️ салықтық тексеру⚠️ интернет-платформаға қол жеткізуді шектеу (резидент еместер үшін)💡 Уақтылы салықтық тіркеу — айыппұлдар мен блоктауларсыз тыныш жұмыстың кепілі.#НКРК #салықтықтіркеу #Қазақстансалықтары #ЖК #ҚҚС #бизнесҚЗ #бухгалтерияАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zko/press/news/details/1153787?lang=kk
Қазақстан ЭЫДҰ-мен ынтымақтастыққа бейілділігін растайды 03.02.2026
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) Еуразия апталығының ашылу сессиясында сөз сөйледі.Ержан Біржанов Қазақстанның ЭЫДҰ-мен ынтымақтастығының стратегиялық маңызын атап өтіп, өңірдегі экономикалық және институционалдық реформаларды ілгерілетудегі Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасының маңызды рөлін көрсетті.ЭЫДҰ-ның Қазақстанға арналған елдік бағдарламасы халықаралық стандарттар мен озық тәжірибелерді ұлттық реформаларға енгізуге ықпал ететіні және олардың ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз ететіні айтылды.Қазақстанның ЭЫДҰ қызметіне белсенді қатысуы, 46 құқықтық құралға қосылуы және 39 комитеттің жұмысына қатысуы атап өтілді.Сондай-ақ 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексінің күшіне енуі және BEPS бастамасына қатысуы ерекше атап өтілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1153788?lang=kk
2, 3, 4 бастауыш сынып оқушыларына арналған «Бастау» математикалық олимпиадасының аудандық кезеңі 03.02.2026
2026 жылғы 29 қаңтар күні ️ 2, 3, 4 бастауыш сынып оқушыларына арналған «Бастау» математикалық олимпиадасының аудандық кезеңі Қайрат Рысқұлбеков атындағы орта мектебінің базасында өтті. Олимпиаданың негізгі мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының математика пәніне деген қызығушылығын арттыру, дарынды балаларды анықтау және қолдау, сондай-ақ білімдерін тереңдетіп, кеңейту.🔹Аудандық кезеңге барлығы 54 оқушы қатысып, өз білімдері мен логикалық ойлау қабілеттерін көрсетті.🏆Жарыс қорытындысы бойынша келесі нәтижелер анықталды: қазақ тілінде оқитын сыныптар:🥇 I орын – “#1 жалпы білім беретін орта мектебі” КММ🥈 II орын – “Өндіріс орта мектебі” КММ🥉 III орын – “Қоянбай орта мектебі” КММОрыс тіліндеоқитын сыныптар:🥇 I орын – “Глуховка орта мектебі” КММ🥈 II орын – “Қ.Рысқұлбеков атындағы орта мектебі” КММ, “Канонерка орта мектебі”КММ🥉 III орын – “Н.Баймұратов атындағы орта мектебі” КММ, “Қара-Мырза негізгі мектебі” КММАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/1153792?lang=kk
ҚР ІІМ Ұлттық ұланында күзгі шақыру науқаны қорытындыланды 03.02.2026
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары — Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы генерал-майор Аңсаған Балтабековтың төрағалығымен Бас қолбасшылықта 2025 жылғы күзгі шақыру науқанының қорытындысын шығаруға арналған жұмыс кеңесі өтті.Іс-шараға Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасарлары, Бас қолбасшылық офицерлері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Әскери-тергеу департаментінің және ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің өкілдері қатысты.Кеңес барысында әскерге шақыруды ұйымдастырудың негізгі бағыттары бойынша, оның ішінде әскерге шақыру жасындағы азаматтарды медициналық қамтамасыз ету мәселелері бойынша, әскерге шақыру нәтижелеріне тікелей әсер ететін баяндамалар тыңдалды.Мемлекеттік органдардың өкілдері 2026 жылғы шақыру науқанының сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталған нақты ұсыныстарды айтты.Кеңес қорытындысы бойынша практикалық ұсыныстар әзірленіп, әскерге шақыру жұмысын одан әрі жетілдіруге бағытталған басым шаралар айқындалды. Белгіленген міндеттерді іске асыру ведомствоаралық өзара іс-қимылды және қатаң бақылауды қамтамасыз ете отырып, жүйелі негізде жалғастырылатын болады. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1153799?lang=kk
Мемлекеттік қызметтердегі цифрлық серпіліс: бір жылда өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары арқылы 15 млн-ға жуық қызмет көрсетілді 03.02.2026
Мемлекеттік қызметтердегі цифрлық серпіліс: бір жылда өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары арқылы 15 млн-ға жуық қызмет көрсетілді2025 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандықтар мемлекеттік қызметтерді цифрлық форматта өз бетінше алу мүмкіндігін белсенді пайдаланған. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы хабарлады. Жүргізілген талдау нәтижесіне сәйкес, өзіне-өзі қызмет көрсету аймағындағы өтініштер саны бір жыл ішінде 6,6 млн-нан астамға өсіп, шамамен 14,8 млн-ға жеткен. Ал 2024 жылы бұл көрсеткіш шамамен 8,2 млн болған.Өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары арқылы көрсетілген қызметтер саны бойынша Алматы қаласы көш бастап тұр – мұнда бір жыл ішінде 2,3 млн-нан астам қызмет көрсетілген. Одан кейін тізімде Алматы облысы (1 млн-нан астам) және Түркістан облысы (шамамен 1 млн) орналасқан.Аталған аймақта ең көп сұранысқа ие болған келесі бес қызмет: электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алу, архивтік анықтамалар рәсімдеу, тұрғылықты жері бойынша тіркеу, соттылығының бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама беру, сондай-ақ жылжымайтын мүліктің бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама алу.«Біздің қызметіміздің негізгі мақсаты – азаматтарға барынша ыңғайлы әрі қолжетімді жағдай жасау. Әр адам мемлекеттік қызметті өзіне қолайлы тәсілмен алуы тиіс: біреулер мобильді қосымшалар мен электрондық үкімет порталын таңдаса, өзгелері банк қосымшаларын немесе ХҚКО-ға жүгінуді жөн көреді. Біз үшін ең бастысы – қызмет алушылардың жайлылығы мен қанағаттану деңгейі», – деп атап өтті Мемлекеттік корпорацияның Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.Айта кетейік, 2025 жылы ХҚКО операторлары арқылы 13 млн-нан астам мемлекеттік қызмет көрсетілген, ал 2024 жылы бұл көрсеткіш 15 млн-нан асқан. Фронт-офистер арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер көлемі бойынша Алматы, Астана және Шымкент қалалары көшбасшы болып қала береді.Сауалнама нәтижелеріне сәйкес, еліміз бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейі 95 пайыздан асады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-mangistau-rayon/press/news/details/1176961?lang=kk
БЖЗҚ: 2025 жылдың қорытындысы бойынша негізгі көрсеткіштер тұрақты өсім көрсетті 03.02.2026
2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі  25,97 трлн теңгеден асты. 12 айдағы өсім 3,18 трлн теңгеге немесе 13,9%-ға өсті.2026 жылдың 1 қаңтарында міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының көлемі 24,48 трлн теңге. 12 айдағы өсімі – 11,9%. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтары – 726,58 млрд теңге, 12 айдағы өсім – 11,1%.Бір жыл ішіндегі ең үлкен өсім – 22,6% ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті, олардың 2026 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша көлемі 9,73 млрд теңге.Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) 2026 жылдың 1 қаңтарына 760,15 млрд теңге болды.ТүсімдерЗейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі кіріс ағындары есебінен ұлғаяды. Бір жыл ішінде салымшылардың жеке және шартты зейнетақы шоттарына 3 251,67 млрд теңге түсті, өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 16,6%-ға (немесе 462,28 млрд теңгеге) артық.МЗЖ есебі жүргізілетін жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) 2025 жылдың басынан бастап 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін 2 659,56 млрд теңге (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МЗЖ көлемі 8,9%-ға ұлғайды), МКЗЖ – 133,37 млрд теңге (өсім – 17,4%), ЕЗЖ – 2,32 млрд теңге түсті. 12 айдағы ЖМЗЖ есебінен жарналар 456,42 млрд теңгені құрады.    Төлемдер мен аударымдар2025 жылы БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар 2 051,05 млрд теңгені құрады. Бұл былтыр жасалған төлемдер көлемінен 54,9% немесе 727,20 млрд теңгеге көп.Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер жыл бойына 24,4% ұлғайып, 01.01.2026ж. 254,13 млрд теңгеге жетті. БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуына байланысты кесте бойынша берілетін орташа айлық төлем – 35 970 теңге.   2025 жылы тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) 1 254,57 млрд теңге, мұрагерлік бойынша 58,15 млрд теңге, ҚР-дан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге байланысты 43,75 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға – 3,10 млрд теңге, жерлеуге – 10,46 млрд теңге көлемінде төлем жасалды. Сақтандыру ұйымдарына 426,89 млрд теңге аударылды. ЖЗШ саны2026 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны – 18,24 млн. бірлік (12 айдағы өсім – 1,06 млн бірлік немесе 6,2%). Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2026 жылдың 1 қаңтарына 12,72 млн бірлік болды. Оның ішінде: 11,30 млн - МЗЖ бойынша, 764,1 мыңы - МКЗЖ бойынша, 466,3 мыңы – ЕЗЖ есептелетін шоттар.Айта кетейік, МЗЖ есебі жүргізілетін шоттардың жалпы санына (11,30 млн бірлік) елден тысқары жерлерге тұрақты тұруға кеткен, бірақ жинақтарын алу үшін жүгінбеген алушылардың, мұрагерлері зейнетақы жинақтарын мұраға ресімдемеген қайтыс болған салымшылардың, 2017 жылдан бастап зейнетақымен мемлекеттік қамсыздандырылуға толық ауыстырылған әскери қызметшілердің және шоттарына Қазақстан заңнамасына сәйкес жарналар түспеуі тиіс салымшылардың (алушылардың) басқа да санаттарының шоттары кіреді.Сондай-ақ, халықаралық тәжірибеге сәйкес күнтізбелік жыл ішінде кемінде бір рет болса да жарна түскен ЖЗШ белсенді болып саналатынын айта кеткен жөн. Есепті кезеңнің қорытындысы бойынша МЗЖ түсетін белсенді ЖЗШ-ның нақты үлесі жарналар жүзеге асырылуы мүмкін және 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін ашылған шоттарды және 2025 жылы ашылған жаңа шоттарды қамтитын 10,11 млн ЖЗШ-ның жалпы санынан 71,29% (7,21 млн шот) құрады.БЖЗҚ-дағы ЖМЗЖ туралы мәліметтер ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны -  5,51 млн бірлік. Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат enpf.kz сайтындағы «Статистика және аналитика» бөлімінде орналастырылған.БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ulken-naryn/press/news/details/1155094?lang=kk
2026 - Конституциялық реформа 03.02.2026
2026 - Конституциялық реформаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-digital/press/news/details/1153719?lang=kk
Зейнетақы активтерін инвестициялау: олардың сақталуы мен ұзақмерзімдегі нақты кірістілігі 03.02.2026
enpf.kz сайтында зейнетақы активтерін ҚР ҰБ пен ИПБ басқаруы туралы 2026 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша есебі ұсынылған   "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Статистика және аналитика – Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынды.2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ҚРҰБ пен ИПБ-лардың басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі – 25 948,09 млрд теңге. Осы күнгі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған, ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 25 103,96 млрд теңге[1] болды. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің көлемі – 755,58 млрд теңге.   ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 88,55 млрд теңге.  ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліҰлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы ретінде теңгерімді инвестициялық саясатты ұстанады: валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша қаржы құралдарының сан-алуан түрлеріне инвестициялайды.2026 жылғы 1 қаңтарда МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 43,51%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 9,45%, ҚРҰБ депозиттері – 4,45%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 2,48%, шет мемлекеттердің МБҚ – 2,12%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 1,93%, МҚҰ - 1,24%.   2026 жылғы 1 қаңтардағы МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 59,04%, АҚШ долларымен – 40,96%.Алынған кірістің құрылымын талдаудан бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша 1 981,23 млрд теңге. Сыртқы басқарудағы активтер бойынша алынған кіріс, оның ішінде бағамдық қайта бағалау есебімен – 451,35 млрд теңге, өзге де кірістер – 6,14 млрд теңге. Сыртқы басқарудағы активтерді қоспағанда, бағалы қағаздарды, шетел валютасын нарықтық қайта бағалау теріс болды.    Инвестициялық қызмет нәтижесінде, сондай-ақ шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан 2025 жылы есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 1,77 трлн теңгені құрады. БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген кірістілігі 2025 жылы 7,43% болды.2026 жылғы 1 қаңтардағы ЖМЗЖ инвестициялау бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 89,96%, ҚРҰБ депозиттері – 7,26%, РЕПО операциялары – 2,77%,  инвестициялық шоттардағы ақшалай қаражат - 0,01%.ЖМЗЖ есебінен инвестициялық портфель тек ұлттық валютада номиналданған қаржы құралдарынан тұрады. Бағалы қағаздар бойынша, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша сыйақы түріндегі кіріс – 67,47 млрд теңге. Бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалау теріс болды.2025 жылы зейнетақы активтерінің ЖМЗЖ есебінен есептелген инвестициялық кірісі 45,35 % млрд теңге, осы кезеңдегі кірістілік 5,11% көрсетті.Зейнетақы жинақтары - ұзақ мерзімді инвестициялар. Сондықтан, инвестициялық кірістің мөлшерін кем дегенде бір жыл ішінде талдаған жөн. Жекелеген кезеңдерде шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығына, қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруіне, сондай-ақ инфляцияның ықпалына байланысты кірістіліктің төмендеуі байқалуы мүмкін. Кейбір құралдар бойынша алынған кіріс басқа құралдар бойынша уақытша шығындарды жабатын инвестициялық портфельді әртараптандыру зейнетақы жинақтарының ұзақ мерзімді келешекте сақталуын және орнықты табыстылығын қамтамасыз етеді. Соңғы 3 жылдағы инвестициялық кіріс тұрақты түрде өсіп, зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция деңгейінен асып түсті.ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында берілген. Сондай-ақ, enpf.kz сайтында ЖМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша портфель құрылымы туралы ақпарат орналастырылды. Инвестициялық портфельді басқарушыларИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 88,55 млрд теңгеден асады.01.01.2026ж. жағдай бойынша "Alatau City Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері – 14,93 млрд теңге.Компанияның негізгі инвестициялары: Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 26,23%, ҚР ҚМ МБҚ – 15,62%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің (ЕДБ) облигациялары – 13,89%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 10,56%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 10,39%, РЕПО – 6,75%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 5,55%, МҚҰ – 4,89%, шет мемлекеттердің МБҚ – 2,25%.Атап кетейік, портфельдің 67,08% теңгемен, 31,74% - АҚШ долларымен, 1,17% - басқа валюталарда ұсынылған. 2025 жылы БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген кірістілігі 11,22% болды."Alatau City Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.01.2026ж. жағдай бойынша "Halyk Global Markets" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 8,14 млрд теңге болды.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: МҚҰ облигациялары – 20,71%, кері РЕПО (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 18,02%, ҚР ЕДБ облигациялары – 14,58%, ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 14,56%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 10,17%, шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) – 7,92%, Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған акциялар мен депозитарлық қолхаттар – 4,93%, ҚР ұйымдарының корпоративтік облигациялары – 4,12%. Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 62,66%, АҚШ долларымен 37,34% тең.2025 жылы БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген кірістілігі 9,45% болды."Halyk Global Markets" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.01.2026ж. жағдай бойынша "BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері - шамамен 10,65 млрд теңге. Инвестициялардың негізгі бағыттары: ҚР ЕДБ облигациялары – 25,31%, ҚР ҚМ МБҚ – 19,41%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 16,55%, ҚР резидент-эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 12,03%, шет мемлекеттердің МБҚ – 9,36%, - шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 8,24%, РЕПО – 5,94%.Ұлттық валютадағы инвестициялар – портфельдің 65,43%, АҚШ долларымен 34,57%.2025 жылы БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген кірістілігі 9,93% болды."BCC Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.01.2026ж. жағдай бойынша "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 4,44 млрд теңге.ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигацияларына – 25,59%, РЕПО – 20,97%, ҚР ЕДБ облигациялары – 13,85%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 12,78%, ҚР ҚМ МБҚ-ға 11,64%, АҚШ мемлекеттік облигацияларына – 5,78%, ҚР резиденттері-эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 3,23%, шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхатары – 2,56% инвестицияланды.Ұлттық валютада портфельдің 71,64%, АҚШ долларында – 28,36% инвестицияланды.2025 жылы БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген кірістілігі 14,66% болды."Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.01.2026ж. жағдай бойынша "Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 50,39 млрд теңге болды.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялардың сипаты мынадай: ҚР ҚМ МБҚ – 18,89%, кері РЕПО (90 күнтізбелік күннен көп емес) – 15,03%, ҚР ЕДБ облигациялары – 14,75%, МҚҰ – 13,15%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 6,98%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 5,90%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 5,44%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 4,90%, шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 8,21%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 2,37%.  Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 60,40%, АҚШ долларында – 39,60% инвестицияланды.2025 жылы БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген кірістілігі 8,32% болды."Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап салымшылар инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 50%-дан аспайтын бөлігін ең төменгі жеткіліктілік шегін есепке алмастан бере алады. Ал ерікті зейнетақы жинақтары бар салымшыларға  оны ИПБ-ға 100% көлемінде беруге болады. [1] зейнетақы жарналары мен төлемдер шоттарындағы ақшаны есепке алмағандаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-beyneu/press/news/details/1156876?lang=kk
Қазақстан мен Швеция көпжақты ынтымақтастықты дамытуды талқылады 03.02.2026
Стокгольм, 2026 ж. 2 ақпан. Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Елшісі Олжас Сүлейменов Швеция Сыртқы істер министрлігінің Шығыс Еуропа және Орталық Азия департаментінің директоры Тобиас Тюбергпен кездесті.Кездесу барысында тараптар екіжақты өзара іс-қимыл мәселелері мен қазақ-швед қарым-қатынастарының өзекті қырлары бойынша жан-жақты пікір алмасты, сондай-ақ көпқырлы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара мүдделілігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-stockholm/press/news/details/1153739?lang=kk
Қазақстанның Елшісі А.Сейтақыновтың Моңғолия Сыртқы істер министрінің орынбасары Г.Амартүвшинмен кездесуі туралы 03.02.2026
Ұлан-Батыр, 2026 жылғы 2 ақпан – Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі Алмас Сейтақынов Моңғолия Сыртқы істер министрінің орынбасары Гомборсүрэнгийн Амартүвшинмен келіссөздер өткізді.Кездесу барысында тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың кең ауқымды мәселелерін, оның ішінде сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту, туристік алмасуларды кеңейту, білім беру саласындағы ынтымақтастық және өзге де перспективалы бағыттарды талқылады.Қазақстан мен Моңғолия арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі тереңдету аясында тараптар ағымдағы жылы іске асыруға жоспарланған өзара сапарлар мен іс-шаралардың күн тәртібі жөнінде пікір алмасты.Тараптар жоғары және ең жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруды жандандыруға, өзара тиімді экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге, сондай-ақ тығыз жұмыс байланыстарын сақтауға екіжақты мүдделілігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ulaanbaatar/press/news/details/1153748?lang=kk