Enbekshi QazaQ

Әлем

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауға және сыбайлас жемқорлыққа күрес туралы жиналыс өткізілді. 04.02.2026
Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауға және сыбайлас жемқорлыққа күрес туралы жиналыс өткізілді.   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-qyzyltobe/press/news/details/1154321?lang=kk
ҚР кеден және өзге де мемлекеттік органдары лауазымды тұлғаларының көшпелі кедендік тексеру жүргізу үшін тексерілетін тұлғаның объектісіне кіруі 04.02.2026
ҚР «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодексіне (әрі қарай – Кодекс) сәйкес кедендік тексеру кедендік бақылау нысандарының бірі болып табылады.Кодекстің 420-бабында көшпелі кедендік тексеру жүргізу үшін Қазақстан Республикасының кеден және өзге де мемлекеттік органдарының лауазымды адамдарының тексерілетін тұлғалардың объектілеріне кіру тәртібі айқындалған.Тексерілетін тұлға кеден органының лауазымды тұлғалары көшпелі кедендік тексеру жүргізу туралы нұсқаманы, сондай-ақ қызметтік куәліктерін немесе сәйкестендіру карталарын көрсеткен кезде Қазақстан Республикасы кеден органының лауазымды тұлғалары мен өзге де мемлекеттік органдарының көшпелі кедендік тексеру жүргізуге қатысу үшін тартылатын лауазымды тұлғаларының көшпелі кедендік тексеру жүргізу үшін тексерілетін тұлғаның объектісіне (тұрғын үй-жайларды қоспағанда) кіруін қамтамасыз етуге міндетті.Қазақстан Республикасының заңнамасында жекелеген объектілерге ҚР мемлекеттік органдары лауазымды тұлғаларының кіруінің арнайы тәртібі белгіленген жағдайда ҚР заңнамасында белгіленген тәртіп сақтала отырып жүзеге асырылады.Тексерілетін тұлға көшпелі кедендік тексеруді жүргізуге қатысу үшін тартылатын Қазақстан Республикасының кеден органының лауазымды тұлғалары мен өзге де мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына тексерілетін тұлғаның объектісіне кіруінен мынадай жағдайларда бас тартуға құқылы:1) аталған лауазымды тұлғалар көшпелі кедендік тексеруді жүргізу туралы нұсқаманы және (немесе) қызметтік куәліктерін не сәйкестендіру карталарын көрсетпесе;2)ҚР кеден органдарының лауазымды тұлғалары және (немесе) өзге мемлекеттік органдарының лауазымды тұлғалары көшпелі кедендік тексеруді жүргізу туралы нұсқамада көрсетілмесе;3) егер аталған лауазымды тұлғалардың тексерілетін тұлғаның объектісіне кіруге арнайы рұқсаты ҚР заңнамасына сәйкес қажет болса, олардың мұндай рұқсаты болмаса.Тексерілетін тұлға көшпелі кедендік тексеруді жүргізетін кеден органы лауазымды тұлғаларының және көшпелі кедендік тексеру жүргізуге қатысу үшін тартылған Қазақстан Республикасының өзге мемлекеттік органдары лауазымды тұлғаларының тексерілетін тұлғаның объектісіне кіруін қамтамасыз етуден негізсіз бас тартқан жағдайда, уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша тиісті хаттама толтырылады. Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген лауазымды тұлғалардың тексерілетін тұлғаның объектісіне кіруіне кедергі келтіретін адамдар ҚР заңына сәйкес жауапкершілікке тартылады. Хаттамаға тексеруді жүргізетін лауазымды тұлғалар, тексерілетін тұлға не оның өкілі қол қояды. Тексерілетін тұлға көрсетілген хаттамаға қол қоюдан бас тартқан кезде бас тарту себебі туралы жазбаша түсініктеме беруге міндетті. Хаттаманың көшірмесі тексерілетін тұлғаға немесе оның өкіліне табыс етіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1154333?lang=kk
БҚО МКД Ашық есік күні өтеді! 04.02.2026
📢 Ашық есік күні өтеді!📅 2026 жылғы 6 ақпан📍 БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіБатыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Ашық есік күні өткізіледі.🔍 Іс-шара аясында келесі мәселелер бойынша түсіндірмелер беріледі:✔️ Қазақстан Республикасының салық заңнамасын қолдану✔️ салықтық есептілікті ұсыну тәртібі✔️ келесі нысандарды толтыру және тапсыру:— 250.00 СЕН «Активтер мен міндеттемелер туралы декларация»— 270.00 СЕН «Табыстар мен мүлік туралы декларация»👨‍💼👩‍💼 Мемлекеттік кірістер органдарының мамандары барлық сұрақтарға жауап беріп, практикалық кеңестер береді.📌 Барша мүдделі азаматтарды қатысуға шақырамыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zko/press/news/details/1154334?lang=kk
Ауылдық округ бойынша тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жаяу жүргінші жолдарды қардан тазарту жұмыстары жүргізілуде. 04.02.2026
Ауылдық округ бойынша тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жаяу жүргінші жолдарды қардан тазарту жұмыстары жүргізілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-qyzyltobe/press/news/details/1154358?lang=kk
Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемнің бюджеттік сынаптама коды 04.02.2026
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлем Бюджет кодексіне сәйкес арнайы түсімдерге жататынын хабарлайды.Осыған байланысты оны заңнамаға сәйкестендіру мақсатында Қаржы министрлігі бюджеттік сыныптама кодын 105316-дан 401101-ге өзгертті.Салық есептілігі нысаны 870.00 декларациясы бойынша төлемдерді бөлуге қатысты жаңарту 2026 жылғы 3 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді.Осыған орай, төлемдердің бюджетке дұрыс есептелуі үшін төлемді 401101 БСК бойынша жүзеге асыру қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1154365?lang=kk
Елші Бейбіт Атамқұлов Өзбекстан Президентінің Ауғанстан жөніндегі Арнайы өкілі Исматулла Иргашевтің кездесті 04.02.2026
2026 жылғы 3 ақпанда Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Атамқұлов пен Өзбекстан Республикасы Президентінің Ауғанстан жөніндегі Арнайы өкілі Исматулла Иргашевтің кездесуі өтті.Кездесу барысында тараптар Ауғанстанмен сауда-экономикалық және гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылдың қазіргі жай-күйі мен перспективаларын талқылап, инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері бойынша пікір алмасты.Елші Б. Атамқұлов Өзбекстанның Ауғанстанда ұзақ мерзімді бейбітшілік пен тұрақтылық орнатуға жәрдемдесу, сондай-ақ ауған халқына гуманитарлық көмекті жалғастыру бағытындағы күш-жігерін жоғары бағалады. Дипломатиялық миссия басшысы гуманитарлық қолдауды сақтаудың маңыздылығын және Ауғанстанды өңірдің сауда-экономикалық байланыстарына кезең-кезеңімен тарту қажеттігін атап өтті.Сонымен қатар ауған мәселесі бойынша Арнайы өкілдердің Байланыс тобы жұмысының тиімділігі ерекше атап өтілді. Аталған топтың келесі отырысы ағымдағы жылдың 16 ақпанында Астана қаласында өтеді.Өз кезегінде Арнайы өкіл И.Иргашев Өзбекстанның Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсету және экономикалық қолдау шаралары туралы ақпарат беріп, көлік-логистика және басқа да салалардағы ірі жобаларды іске асыру перспективаларына қатысты бағаларымен бөлісті.Сұхбат барысында өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылық мәселелері де қарастырылып, Ауғанстан бағыты бойынша қазақстандық-өзбекстандық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара дайындық білдірілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tashkent/press/news/details/1154276?lang=kk
Жеке детективтерді лицензиялау және ЖЖМ нарығының ашықтығы: Ведомствоаралық комиссия отырысының қорытындысы 04.02.2026
Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.Отырысқа мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының және салалық бірлестіктердің өкілдері, сондай-ақ ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Болатбек Нәжіметдинұлы қатысты.Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі – жеке детективтік қызмет саласындағы реттеушілік әсерді талдау. Ішкі істер министрлігі жеке детективтерді лицензиялауды, олардың жұмыс орнына қойылатын талапты белгілеуді, сондай-ақ кәсіби жауапкершілікті міндетті сақтандыруды көздейтін реттеуші құралдарды енгізуді ұсынды.Қазіргі уақытта жеке детективтердің қызметі, соның ішінде жоғалған адамдарды іздеу, бақылау, азаматтық, әкімшілік іс бойынша дәлелдеме жинау іс жүзінде заңнамалық жағынан реттелмеген. Ұсынылып отырған шаралар азаматтардың құқығын қорғауға, білікті мамандардың қызмет көрсетуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ мемлекеттік құпия және жеке өмірге қол сұқпау талабын сақтауға бағытталған. Бұл мәселелер бойынша реттеушілік әсерді талқылау өткен жылғы 27 қараша – 2 желтоқсанда ашық нормативтік құқықтық актілер порталында өткізілген. Оған жұртшылықтан ескертулер түскен жоқ.Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов жеке детективтердің кәсіби жауапкершілігін лицензиялау мен сақтандыру азаматтардың жеке өміріне араласу тәуекелін азайту, осы сала қызметінің ашықтығын арттыру үшін қажетті шарт екенін атап өтті. Оның айтуынша, жеке сот орындаушылар институтымен ұқсастығы бойынша бұл шаралар азаматтардың мүддесін қорғауға бағытталған өркениетті детективтік қызмет нарығын қалыптастыруға ықпал етеді.Сондай-ақ мұнай базалары иелерінің резервуарларды есепке алатын бақылау құралдарымен (ЕБҚ) жарақтандыру жөніндегі міндетіне қатысты реттеушілік әсерді талдаудың нәтижесі қаралды. Энергетика вице-министрі Санжар Жәркешов еліміздегі мұнай өнімдерінің айналымын кезең-кезеңімен цифрландыру барысы туралы хабарлады. Осы жұмыс шеңберінде заңнамада мұнай өңдеу зауыттары мен автожанармай құю стансаларын есепке алатын бақылау құралдарымен жарақтандыру міндеттелген. Бұл ретте қолданыстағы нормада ЕБҚ қолданылмаса, мұнай өнімін өткізу және тиеп жөнелту үшін жауапкершілік белгіленгені, ал отынды сақтау және өткізу кезінде олардың мұнай базасында болмауы үшін жауапкершілік бекітілмегені атап өтілді. Осыған байланысты мұнай базасы иелерінің есепке алатын бақылау құралдарын орнату және пайдаланғану мәселесі бойынша жауапкершілік белгілеу ұсынылады.  ЕБҚ мұнай өнімінің түсуі мен жіберілуін, отын қалдығын, ЖЖМ қозғалысын нақты уақыт режимінде автоматты есепке алады. Қазіргі уақытта мұнай базалары көп жағдайда бірыңғай цифрлық есепке алу жүйесінен тыс қалып отыр. Бұл есепке алынбаған мұнай өнімі айналымы қаупін туғызады.Мұнай базаларын ЕБҚ міндетті жарақтандыруының болмауы ЖЖМ нарығының көлеңкелі тұстарын, сұр аймақтарды қалыптастырып, салық түсімінің алынбауына, әсіресе көрші елдермен 40-60% деңгейінде сақталып отырған баға диспаритетіне ықпал ететіні атап өтілді. Есепке алатын бақылау құралдарын енгізу мұнай өнімі айналымының барлық тізбегін жіті бақылауды қамтамасыз етуге, мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыруға және нарықтағы барлық қатысушы үшін тең жағдай жасауға мүмкіндік береді.Отырыстың қорытындысында Ведомствоаралық комиссия қаралған мәселелер бойынша реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін мақұлдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1154164?lang=kk
Қызылорда облысында өңір экономикасына инвестициялар тарту мәселесі бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы талқыланды 04.02.2026
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Қызылорда облысының Өңірлік инвестициялық штабының (ӨИШ) отырысына қатысты.Іс-шараны облыс әкімдігі ұйымдастырып, оған ҚР Президенті Әкімшілігінің, Бас прокуратураның және орталық мемлекеттік органдардың өкілдері шақырылды.«Бүгін Қазақстан экономикалық жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басуда. Капитал үшін жаһандық бәсекелестік күшейген қазіргі жағдайда біз инвестициялар тартуда пассивті күтуден проактивті модельге көшеміз», – деп атап өтті Ә.Қуантыров өз сөзінде.Ол мемлекет басшысы өңірлерге елдің экономикалық өсуі мен әртараптандыруының негізгі қозғаушы күші ретінде айрықша рөл жүктейтінін атап өтіп, ӨИШ-тердің Қазақстанның жаңа инвестициялық саясатын іске асырудағы маңызды тетік болып саналатынын айтты.Қызылорда облысының алғашқы өңірлердің қатарынан таңдалуы да кездейсоқ емес – соңғы жылдары өңір ірі жобаларды іске асыру үшін отандық және шетелдік инвесторларды тарта отырып, серпінді дамуды көрсетіп келеді. Бұл жобалар өңір экономикасын әртараптандыруға және жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған. Соңғы үш жылда өңірге шамамен 2 трлн теңге инвестиция тартылды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша облыста 27 маңызды инвестициялық жоба іске асырылып, негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 775 млрд теңгені құрады, бұл жылдық жоспардың 22,7 пайызға артығымен орындалуын қамтамасыз етті.Сапар аясында Ә.Қуантыров отандық және шетелдік инвесторлардың қатысуымен жүзеге асырылып жатқан бірқатар нысандарды аралады.Атап айтқанда, түркиялық «Aksa Energy» компаниясы салып жатқан қуаттылығы 240 МВт және жылу энергиясын өндіру көлемі 277 Гкал болатын бу-газ жылу электр станциясының құрылысы. Жобаның жалпы құны 215 млрд теңгені құрайды. Нысан жобалық қуатқа шыққаннан кейін Қызылорда облысының электр энергиясына деген қажеттілігі толықтай қамтамасыз етіліп, өңір импорттаушыдан экспорттаушыға айналады. Сонымен қатар министрдің орынбасары «Қызылорда-Нан» ЖШС-нің нан-тоқаш, кондитерлік және макарон өнімдерін шығаратын өндірістік кешенінде, сондай-ақ түркиялық «Orhun Medical» компаниясының медициналық орталығында болды.Сапар барысында Ә.Қуантыров Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевпен кездесті. Кездесу барысында инвестициялар тарту, инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін дамыту мәселелері талқыланды.Іс-шаралардың қорытындысы бойынша инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жөнінде орталық және өңірлік мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылдың алдағы бағыттары айқындалып, Қызылорда облысында жобаларды іске асырудың барлық кезеңдерінде инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендігі расталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/invest/press/news/details/1154727?lang=kk
Қазақстан мен Франция стратегиялық серіктестіктің жоғары деңгейін растады 04.02.2026
Парижде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов пен Францияның Еуропа және сыртқы істер министрлігі Континенттік Еуропа департаментінің директоры Брис Рокфейдің қатысуымен қазақ-француз саяси консультацияларының           11-ші раунды өтті.Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан мен Франция арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту мәселелерінің кең ауқымын, сондай-ақ көпжақты өзара іс-қимылдың өзекті бағыттарын талқылады.А.Исетов Қазақстан мен Франция арасындағы саяси диалогтың тұрақты әрі сенімді сипатқа ие екенін және оның мемлекеттер басшылары деңгейіндегі жүйелі байланыстар арқылы қолдау табуда екенін атап өтті.Экономикалық бағыттағы мәселелерді талқылау барысында А.Исетов Францияның Қазақстанның жетекші еуропалық сауда-инвестициялық серіктестерінің бірі ретіндегі рөлін атап өтті. Францияның Қазақстан экономикасына салған жалпы инвестиция көлемі шамамен 21 млрд АҚШ долларын құрайды. Француз компаниялары энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік инфрақұрылымы, өнеркәсіп, орнықты даму және денсаулық сақтау сынды Қазақстан үшін басым салалардың дамуына елеулі үлес қосуда.Гуманитарлық салада білім беру, ғылым және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға өзара мүдделілік расталды.Тараптар көпжақты күн тәртібіндегі халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту мәселелеріне қатысты ұстанымдардың сәйкестігін, сондай-ақ халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысының қағидаттарына бейілділікті атап өтті.Экологиялық және климаттық күн тәртібі аясында қазақ тарапы 2026 жылғы 22–24 сәуір аралығында Қазақстанда өтетін БҰҰ-ның Өңірлік экологиялық саммитіне қатысты француздық серіктестердің белсенді ұстаным білідіретіндіктеріне үміт білдірді. Француз делегациясының қатысуы 2024 жылғы желтоқсанда Эр-Рияд қаласында Қазақстан мен Франция президенттерінің төрағалығымен өткен One Water Summit бастамасының логикалық жалғасы болмақ.Өз кезегінде Б.Рокфей Францияның Қазақстанмен жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделілігін тағы да растай отырып, мемлекет басшылары арасында қол жеткізілген уағдаластықтарды практикалық тұрғыда іске асырудың маңыздылығына назар аударды.Сонымен қатар А.Исетов Парижге сапары аясында Францияның Еуропа және сыртқы істер министрлігі Саяси және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі бас директоры Фредерик Мондолонимен кездесті. Оның барысында екіжақты, өңірлік және халықаралық өзекті мәселелер талқыланды.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1154178?lang=kk
Қазақстандағы саяси реформалар және Егеменді Мальта Орденімен өзара әрекеттестік мәселелері талқыланды 04.02.2026
2026 жылғы 3 ақпанда Егеменді Мальта Орденінің Магистраль сарайында Қазақстанның Егеменді Мальта Ордені жанында қоса атқарушы Елшісі Т.Пірімбетовтің Егеменді Мальта Орденінің Халықаралық істер жөніндегі Бас хатшысы Дж.Кантинимен кездесуі өтті. Кездесуге сондай-ақ Орденнің Жоғары Консультативтік кеңесінің дипломатиялық кеңесшісі П.Феррара қатысты.Әңгіме басында Т.Пірімбетов Орден басшылығына 2025 жылғы желтоқсанда Сенат Төрағасы М.Әшімбаевтың басшылығымен Қазақстан парламенттік делегациясының Егеменді Мальта Орденіне жасаған сапары барысында жылы қабылдағаны үшін алғыс білдірді.Елші Қазақстандағы негізгі ішкі саяси үдерістер туралы жан-жақты ақпарат беріп, елдің Ата заңға енгізілген тұжырымдамалық өзгерістермен байланысты саяси жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басқанын атап өтті. Конституциялық реформаның Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауқымды жаңғырту күн тәртібінің қисынды әрі заңды жалғасы екені, оның көпұлтты әрі көпконфессиялы Қазақстан халқының мүддесі үшін мемлекет пен қоғамды сапалы әрі терең трансформациялауға бағытталғаны айтылды.Ұсынылған ақпарат үлкен назармен қабылданды. Егеменді Мальта Орденінің басшылығы Қазақстанда Мемлекет басшысының жетекшілігімен жүзеге асырылып отырған реформалар бағытын қолдайтынын білдірді.Кездесу барысында тараптар екіжақты байланыстардың қазіргі жағдайы мен перспективаларын жан-жақты талқылап, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі аясында, сондай-ақ гуманитарлық салада диалог пен практикалық ынтымақтастықты нығайтуға өзара дайын екендерін растады. Осы бағыттар бойынша ынтымақтастықты тереңдетуге ықпал ететін бірлескен іс-шаралар жоспары белгіленді.Кездесу соңында қатысушылар Қазақстан мен Егеменді Мальта Ордені арасындағы қатынастарды кезең-кезеңімен дамыту мақсатында бірлескен күш-жігерді үйлестіру үшін тұрақты байланыстарды жалғастыруға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vatican/press/news/details/1154183?lang=kk
Словенияның әлемдік фармацевтикалық көшбасшылары Қазақстанмен стратегиялық әріптестікті нығайтуда 03.02.2026
Любляна, 2026 жылғы 2 ақпан – Қазақстан Республикасының Словениядағы Елшісі Алтай Әбибуллаевтың Словениядағы әлемге әйгілі фармацевтикалық компаниялардың басшылығымен–KRKA басшысы Йоже Коларичпен, сондай-ақ басқарма төрағасы Грегор Макуцпен және Lek-Sandoz басқарма мүшелерімен кездесулерінде екіжақты инвестициялық ынтымақтастықты дамытудың жай-күйі мен перспективалары және олардың Қазақстан нарығында озық препараттарының болуын кеңейту қаралды.Елші бизнесті, инвестицияларды және сыртқы экономикалық қызметті қолдаудың өзара жандануы мен институционалдық тетіктері тұрғысынан Қазақстан мен Словения арасындағы жалпы тауар айналымы қазіргі уақытта шамамен 170 млн еуроны құрайтынын, бұл ретте осы көлемнің елеулі үлесі KRKA және Lek–Sandoz компанияларының қызметі есебінен қалыптасатынын атап өтті, бұл олардың екіжақты экономикалық дамудағы жүйе құраушы рөлін атап көрсетеді байланыстар. Тіркеу және реттеу рәсімдерін үйлестіру тетіктерін пайдалана отырып, көрші елдердің нарықтарына фармацевтикалық компаниялардың қатысуын масштабтау мүмкіндіктерін қоса алғанда, Қазақстанның Орталық Азия мен Кавказ үшін өңірлік хаб ретіндегі рөлі атап өтілді.KRKA басшылығымен Қазақстан Елшісіне Еуропадағы ең заманауи және озық фармацевтикалық зауыттардың бірі таныстырылды, әлемнің 70 еліндегі компанияның жаһандық құрылымы туралы, жаңа зерттеулер мен әзірлемелерге инвестициялардың ауқымы туралы, сондай-ақ медициналық қоғамдастықпен маркетингтік және кәсіби өзара іс-қимылды кеңейтуді қоса алғанда, Қазақстандағы операциялық және коммерциялық қызметті дамыту туралы өзекті ақпарат ұсынылды.Lek–Sandoz-пен келіссөздер барысында реттеуші орта және Қазақстан нарығына қол жеткізу, компанияның мемлекеттік және корпоративтік сатып алуларға қатысуы, сондай-ақ өндірісті оқшаулау, Астана Халықаралық қаржы орталығының арнайы экономикалық аймақтары мен құралдарын пайдалану перспективаларын қоса алғанда, инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктері инвестициялардың болжамдылығын арттыру және қорғау мәселелеріне басты назар аударылды.Елші компания басшылығын 12 наурызда Люблянадағы «AI&Digital Bridge» Бизнес-форумына және 13 наурызда Бірлескен үкіметаралық комиссияның отырысына белсенді қатысуға шақырды, оның шеңберінде инновациялық даму, цифрлық шешімдерді енгізу және өнеркәсіп пен фармацевтика секторында жасанды интеллектті қолдану мәселелерін талқылау жоспарлануда. Сондай-ақ, компаниялар 2026 жылғы 4-5 наурызда Түркістандағы қазақстандық фармацевтикалық форумның жұмысына қатысуға мүдделі.Фармакомпаниялар Елшінің стратегиялық экономикалық әріптестікті тереңдетуге, инвестициялық қатысуды кеңейтуге және ұзақ мерзімді тұрақтылыққа, технологиялық дамуға және өзара экономикалық пайдаға бағдарланған ынтымақтастықтың практикалық жол картасын қалыптастыруға өзара мүдделілігін растады.Анықтама: KRKA компаниясының жүйесінде 13 мың қызметкер жұмыс істейді, оның ішінде Қазақстанда 103 адам, жаңа дәрі-дәрмектерді зерттеуге және әзірлеуге инвестиция көлемі 185 млн еуроны құрайды, 2026 жылға 300 млрд. астам таблетка шығару жоспарлануда, компания айналымының көлемі 2025 жылдың қорытындысы бойынша 2,05 млрд еуроны құрады, бұл 2024 ж. салыстырғанда 7% - ға артық. Lek-Sandoz компаниясының жүйесінде 23 мыңға жуық қызметкер жұмыс істейді, оның ішінде Қазақстанда 1 адам, жаңа дәрі-дәрмектерді зерттеуге және әзірлеуге инвестициялар көлемі 100 млн еуроны құрайды, компания айналымының көлемі 2025 жылдың қорытындысы бойынша 530 млн еуроны құрады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ljubljana/press/news/details/1154138?lang=kk
Астана мен Любляна арасындағы өнер өткелі: Словенияда классикалық музыка кеші салтанатты түрде өтті 03.02.2026
Любляна, 2026 жылғы 2 ақпан – Любляна қаласындағы Юлия Бететто атындағы тарихи залда (Julij Betetto Hall) айтулы мәдени іс-шара – Любляна университетінің Музыка академиясы мен Қазақстан Республикасының Словениядағы Елшілігі бірлесіп ұйымдастырған «Бетховен рухында» атты концерт өтті.Кештің басты оқиғасы – әлемге әйгілі виолончельші, профессор Эльдар Сапараев, Берлин филармониясы мен Цюрих камералық оркестрінің танымал шеберлері - Таня Сонц, Матик Кудер, Майя Роме, Зоран Маркович, Миха Митев және Андрей Жусттың орындауларында Людвиг ван Бетховеннің ең жарқын туындыларының бірі – ми-бемоль мажордағы №20 Септетін шығармасы қалың қауымға паш етілді.Елдің танымал әйгілі мәдениет ошағында Люблянаның дипломатиялық корпусы, іскерлік топ, академиялық қауымдастық өкілдері, өнер қайраткерлері, Қазақстанның Словениядағы достары, сондай-ақ студенттер, қала тұрғындары мен қонақтары бас қосты. Концерт қызу аншлаг рухында өтіп, тыңдарман қауымның ыстық ықыласына бөленуі арқылы Қазақстанның бай музыкалық әлеуеті барша жиналғандарға ұмытылмас әсер қалдырды. Словенияның ұлттық радиосы арқылы жүргізілген тікелей трансляцияның арқасында әлемдік классика туындыларын бүкіл ел тұрғындары тыңдап тамашалады.Көрермендерге ұмытылмас әсер сыйлап, зор қошеметке бөленген шығармашылық кеш қазақстандық классикалық музыка мектебінің Еуропадағы жоғары беделін айғақтап, шынайы рухани сабақтастыққа айналды. Елшіліктің аталмыш бастамаларды алдағы уақытта да одан әрі жалғастырып, халықтарымыз арасындағы өнердің әмбебап тілі арқылы достығын нығайтуға мүдделі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ljubljana/press/news/details/1154140?lang=kk
Қазақстан өкілі Еуропа Кеңесінің Жастар жөніндегі Еуропалық басқарушы комитеті Бюросының отырыстарына қатысты 03.02.2026
Страсбург, 2026 жылғы 29-30 қаңтар – Еуропа Кеңесінің Жастар жөніндегі Еуропалық басқарушы комитетінің (CDEJ) Бюросы Еуропалық жастар орталығында жиналды. Аталған отырыстарға Қазақстан атынан «Kazakhstan–EU Gateway» ұйымының президенті Валихан Бахретдинов қатысты.Отырыс барысында қазақстандық делегация жастар саясаты саласындағы ұлттық жетістіктерді таныстырып, жастардың қатысуын күшейту, азаматтық белсенділікті арттыру және жастар бастамаларын институционалдық тұрғыда қолдау шараларына ерекше назар аударды. CDEJ Бюросының мүшелері Қазақстанның жастар саясатын дамытудағы ілгерілеуі туралы хабардар болып, бірлескен бастамалар мен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екендіктерін білдірді.Қазақстан Еуропа Кеңесінің жастарға қатысты маңызды іс-шараларына белсенді қатысуын растады, соның ішінде 2025 жылғы қазанда Мальтада өткен Жастарға жауапты министрлердің 10-конференциясының қорытындылары бойынша іске асырылып жатқан кейінгі үдерістерге қатысуы атап өтілді. Аталған конференцияның нәтижелері халықаралық ынтымақтастықты нығайту, жастардың демократиялық қатысуын ілгерілету және жастар саясаты саласындағы стратегиялық бастамаларды дамыту үшін маңызды негіз болып табылады.Сонымен қатар, Қазақстанның еуропалық жастар ынтымақтастығына қосқан үлесі демократияны нығайтуға, жастармен жұмыс сапасын арттыруға және жастар саласындағы болашақ басымдықтарды айқындауға бағытталған кең ауқымды үдерістер аясында атап өтілді.Диалог аясында Қазақстан мен Еуропа Кеңесі арасындағы жастар саясаты саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған іс-қимылға негізделген тәсілдер белгіленді. Негізгі бағыттарға жастар орталықтарын дамыту, қазақстандық жастардың еуропалық экологиялық және азаматтық жобаларға қатысуын кеңейту, сондай-ақ адам құқықтары саласындағы білім беру бойынша ақпараттандыру жұмыстарын күшейту кіреді.Қазақстанның CDEJ Бюросы отырыстарына қатысуы халықаралық жастар ынтымақтастығына және Еуропа Кеңесі ілгерілететін демократия, адам құқықтары мен жастардың белсенді қатысуы сияқты ортақ құндылықтарға адалдығын айқындайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-strasbourg/press/news/details/1154146?lang=kk
М.Ауезов университетінде өткен жиында жаңа Конституция жобасына қолдау білдірілді 03.02.2026
Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын талқылау және түсіндіруге арналған кездесу өтті. Жиынға Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, университеттің әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Ғани Бесбаев, профессор-оқытушылар құрамы мен студент жастар қатысты.Кездесу барысында конституциялық реформаның негізгі бағыттары мен жаңа Конституция жобасының мән-маңызы жан-жақты түсіндірілді. Реформаның басты мақсаты – мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, халық билігінің рөлін күшейту және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың тиімді тетіктерін қалыптастыру екені атап өтілді. Бұл бастама қазіргі жаһандық геосаяси үдерістер жағдайында еліміздің ішкі тұрақтылығы мен құқықтық негізін нығайтуға бағытталған маңызды қадам ретінде бағаланды.Жиында сөз сөйлеген университеттің әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Ғани Бесбаев Конституцияның қоғам өміріндегі орнына тоқталды. Оның айтуынша, Ата заң – әрбір азаматтың құқықтық санасын қалыптастыратын басты құжат, сондықтан оны білу мен түсіну баршаға ортақ міндет.Кездесу барысында қоғамда жиі талқыланып жүрген жер мен тіл мәселесіне де ерекше назар аударылды. Осы тақырыпқа қатысты сөз алған Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек нақты деректерге сүйене отырып, 1995 жылы қабылданған Конституция кезеңіндегі демографиялық жағдай мен бүгінгі ахуалды салыстыра отырып, кеңінен түсіндіріп өтті.Сонымен қатар, Сәрсен Құранбек тіл мен жер мәселесін саясиландырып, қоғамда алауыздық тудыруға бағытталған пікірлерге сын көзбен қарау қажеттігін жеткізді. Оның айтуынша, мұндай маңызды кезеңде әр азаматтың мемлекеттік мүддені бірінші орынға қоюы аса маңызды.Жиын барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойында Мемлекет басшысының қазақ тілінің Қазақстандағы ұлтаралық қатынас тіліне айналғаны жөніндегі пікірі де атап өтілді. Бұл қазақ тілінің қоғамдық кеңістіктегі рөлінің артқанын көрсетеді.Кездесу соңында қатысушылар жаңа Конституция жобасына қатысты сауалдарын қойып, мазмұнды жауаптар алды. Кездесу жастардың құқықтық сауатын арттыруға және ел болашағына қатысты азаматтық жауапкершілікті нығайтуға бағытталды.Айта кетейік, жаңа Конституция – тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихи кезеңіне сай әзірленген стратегиялық маңызы бар құжат. Ол мемлекеттің дамуына, қоғамның сұранысы мен халықтың еркін ескеруге бағытталған құқықтық негіз ретінде бағаланып отыр.
Шымкентте әлеуметтік осал топтағы азаматтар баспанамен қамтылды 03.02.2026
Шымкент қаласында баспанаға мұқтаж азаматтарды тұрғын үймен қамту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Осы жолы тұрғын үй кезегінде тұрған тағы 26 отбасы көптен күткен қонысына ие болды. Оларға Асар-2, Бозарық және Тұран шағынаудандарында орналасқан жаңа жалдамалы пәтерлердің кілттері салтанатты түрде табысталды.Жаңа пәтер иелерінің басым бөлігі әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтар санатына жатады. Атап айтқанда, олардың қатарында мүмкіндігі шектеулі жандар, ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, толық емес жанұялар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған тұлғалар мен жетім балалар бар.Пәтер кілттерін табыстау рәсіміне қатысқан Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қоныс иелерін құттықтап, тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету Мемлекет басшысының халықтың тұрмыс сапасын арттыру жөніндегі тапсырмалары аясында жүзеге асып жатқан маңызды бағыттардың бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша, қаладағы тұрғын үй саясаты әлеуметтік әділдік қағидаттарына негізделіп, нақты мұқтаж азаматтарға бағытталған.Айта кетейік, тұрғын үйлерді бөлу үдерісі қолданыстағы заңнама талаптарына қатаң сәйкес, белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Бұл тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың мемлекеттік қолдау шараларына тең қол жеткізуін, ашықтық пен әділдікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Шымкент қаласында баспана мәселесін жүйелі түрде шешу жұмыстары жалғасуда. Өткен жылы әлеуметтік осал топтарға арналған тұрғын үй қорын қалыптастыру мақсатында әкімдік тарапынан 544 пәтер сатып алынып, «Отбасы банк» АҚ-ға берілді. Банк тарапынан барлық ұйымдастыру және келісімшарттық рәсімдер жүргізіліп, 2025 жылы 235 пәтер иелеріне табысталды. Ал жылдың басынан бүгінге дейін 241 пәтер берілді. Қалған пәтерлер ағымдағы жылы кезек тәртібіне сәйкес үлестірілетін болады.
Қазақстан мен Азия даму банкінің одан әрі ынтымақтастығының басымдықтары талқыланды 03.02.2026
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев Қазақстандағы Азия даму банкінің (АДБ) Тұрақты өкілі Утсав Кумармен кездесу өткізді.Азия даму банкі – Қазақстанның негізгі халықаралық серіктестерінің бірі және бұл ұйыммен 30 жылдан астам уақыт бойы қалыптасқан ынтымақтастық ұзақмерзімді әрі стратегиялық сипатқа ие.«Қазақстандағы АДБ жобалары айқын әрі оң әсерін тигізіп, елдің орнықты экономикалық дамуына, инфрақұрылымды жаңғыртуға және институционалдық реформаларды жүзеге асыруға елеулі үлес қосып келеді. Біз АДБ-ның көлік байланысы мен өңірлік интеграция, энергетика және жаңартылатын энергия көздері, энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту, шағын және орта бизнесті қолдау, сондай-ақ қаржылық қызметтерге қолжетімділікті арттыру сияқты басым бағыттардағы қолдауын жоғары бағалаймыз», – деп атап өтті Е.Ашықбаев.Сонымен қатар ол жүзеге асырылып жатқан жобалардың тиімділігін арттырудың және олардың Қазақстанның одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуына практикалық қайтарымын қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.Министрдің бірінші орынбасары АДБ-ның Тұрақты өкілін Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды экономикалық және конституциялық реформалар туралы хабардар етіп, елімізде жүзеге асырылудағы өзгерістердің басымдықтарын ескере отырып, жобаларды іріктеу бойынша жұмысты жолға қоюдың маңыздылығын жеткізді.Өз кезегінде У.Кумар АДБ-ның Қазақстан Үкіметімен тығыз әрі сындарлы өзара іс-қимылын атап өтіп, ынтымақтастық жылдары ішінде Банктің ел экономикасына 7,5 млрд АҚШ долларынан астам инвестиция салғанын айтты. Сондай-ақ ол АДБ-ның серіктестікті одан әрі тереңдетуге және әлеуметтік әрі экономикалық маңызы бар жобалар көлемін ұлғайтуға дайын екенін білдірді.Тараптар 2026 жылы көктемде АДБ Президенті Масато Канданың Қазақстанға жоспарланып отырған сапарын талқылады. Бұл сапар ҚР мен АДБ арасындағы серіктестіктің стратегиялық сипатын растайтын маңызды оқиға ретінде қарастырылуда.Кездесу соңында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша АДБ және оның Қазақстандағы өкілдігімен одан әрі ынтымақтастыққа дайын екенін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-pretoria/press/news/details/1160252?lang=kk
Микро және шағын бизнесті қолдау шаралары 03.02.2026
Мемлекет микро және шағын бизнеске жаңа Салық кодексіне көшу кезеңінде салықтық әкімшілендіруді жеңілдетеді.2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2026 жылдың 1 қаңтарына дейінгі кезеңдерге қатысты салық міндеттемелерін жеңілдету енгізіледі.🔹 Не өзгереді:1️⃣ Өткен жылдар бойынша тексерулер азаяды• камеральды тексерулер (есептілікті автоматты бақылау) жүргізілмейді;• сол кезеңдерге салықтық тексерулер тағайындалмайды.❗ Шектеулер:Шаралар келесі жағдайларға қолданылмайды:• 2025 жылғы 17 желтоқсаннан кейін тапсырылған есептілік (соның ішінде 4-тоқсан және 2025 жылдың II жартыжылдық есептері);• бейрезиденттермен байланысты міндеттемелер;• қылмыстық істер және прокуратура талаптары;• кәсіпкерлердің өз арыздары бойынша тексерулер.2️⃣ Сотқа жүгіну тоқтатылады• 2026 жылға дейін жасалған мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы талаптар берілмейді;• 2026 жылға дейін жүргізілген бизнес тіркелімін немесе қайта тіркелімін жарамсыз деп тану туралы талаптар берілмейді.3️⃣ Қарапайым тәртіппен тарату2026 жылдың 1 қаңтарына дейінгі салық кезеңдері бойынша қызметті тоқтату камеральды бақылаусыз жүргізіледі.4️⃣ Өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару.Егер микро немесе шағын бизнес субъектісі 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша есепте тұрған салықтық берешекті (негізгі қарызды) 2026 жылғы 1 қаңтар мен 31 наурыз аралығында толық өтесе, онда оған:- аталған берешек бойынша есептелген барлық өсімпұлдар;- 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша есептелген салықтық айыппұлдар;- бұрын төлеу мерзімдері өзгертілген салықтар мен төлемдер бойынша (оның ішінде оңалту және банкроттық рәсімдері шеңберінде) есептелген өсімпұлдар мен айыппұлдар, 2026 жылғы 1 сәуірге дейін міндеттемелер толық орындалған жағдайда, есептен шығарылады.Мұны білу маңызды: кешірім тек өсімпұлдар мен айыппұлдарға ғана қатысты — негізгі салық сомасы толық төленуі тиіс.5️⃣ Әкімшілік жауапкершілікМикро және шағын бизнес әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды:• 2026 жылдың 1 қаңтарына дейінгі айналымдар бойынша міндетті ҚҚС тіркеу талаптарын орындамағаны үшін;• 2026 жылдың 1 қаңтарына дейінгі кезеңдер бойынша салық есептілігін тапсырмағаны үшін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zko/press/news/details/1154039?lang=kk
Қостанайда баскетболдан мектеп лигасының қалалық кезеңі басталды 03.02.2026
Қостанайда ұлттық Мектеп лигасы аясында өткізілетін 7-8 сынып оқушылары мен қыздар арасында баскетболдан мектеп лигасының қалалық кезеңі басталды.Жарыс 31 қаңтар мен 20 ақпан аралығында өтеді. Бірінші тур Юбилейный шағынауданы, 26а мекенжайында орналасқан дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде өтеді.Турнирге қаланың жалпы білім беретін мектептерінің құрама командалары қатысады. Қатысушылар мен жанкүйерлерді керемет матчтар, қарқынды күрес және командалық рухтың көрінісі күтеді.Барлық командаларға сәттілік пен лайықты нәтижелер тілейміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1154052?lang=kk
KazAID пен TIKA 2026-2027 жылдарға арналған ынтымақтастық перспективаларын талқылады 03.02.2026
KazAID пен TIKA 2026-2027 жылдарға арналған ынтымақтастық перспективаларын талқылады2026 жылғы 3 ақпанда, KazAID Басқарма Төрағасы А. Арыстанов Қазақстан Республикасындағы Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (TİKA) үйлестірушісі Ф. Эрдогмушпен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар 2026 жылы білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы бағдарламаларды бірлесіп іске асырудың перспективаларын, соның ішінде «Авиценна: денсаулық сақтау» жобасын жалғастыруды, сондай-ақ ЮНИСЕФ-пен ынтымақтастықта Ерте жастағы балаларға инвестициялар жөніндегі бірлескен форумды өткізу мәселелерін талқылады. Сонымен қатар Қазақстан мектептерінде серіктес елдерден келген әйел оқытушыларды жаратылыстану ғылымдары, технологиялар, инженерия және математика (STEM) бағыттары бойынша даярлауға арналған перспективалы жоба және 2027 жылға арналған басқа да басым бағыттар қарастырылды.Тараптар екі агенттік арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум аясында ресми даму көмегі саласында ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, тәжірибе мен білім алмасуға дайын екендерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1154057?lang=kk
ҚҚС бойынша сұрақтар мен жауаптар 03.02.2026
Бейрезеденттен жұмыстар, қызметтер сатып алу айналымы бөлігінде қандай өзгерістер болды?Жауап:Бейрезеденттен жұмыстар, қызметтер сатып алу айналымын тану тәртібі өзгерген жоқ. Сонымен бірге салықты әкімшілеуді жеңілдету мақсатында оны тану және шегерімге жатқызу тәртібі өзгертілді.1) бейрезеденттен жұмыстар, қызметтер сатып алу айналымдары бойынша ҚҚС төлеушісі ЭШФ-ні өзінің мекенжайына шығарады. 2) ЭШФ бейрезедент үшін ҚҚС-ті бюджетке төлеу күнінен кейін, бірақ мұндай төлем күнінен кейінгі 5 күнтізбелік күннен кешіктірмей шығарылады.3) Бейрезедент үшін ҚҚС сомасы шығарылған ЭШФ негізінде, осындай ЭШФ шығарылған күні бойынша шегерімге жатқызылады.2026 жылдан бастап тұрғын үйлерді сату және жалға беру бойынша ҚҚС салығы қалай өзгереді?Жауап:2026 жылдан бастап тұрғын үйлерді сату және жалға беруден ҚҚС-тен босату бойынша өзгеріс енгізілді.Құрылыс компаниясының құрылысы 2026 жылдың 1 қаңтарына дейін басталған және (немесе) пайдалануға тапсырылған тұрғын үй ғимаратын (тұрғын үй ғимаратының бөлігін) сатуы ҚҚС-тан босатылады.Сондай-ақ, ҚҚС-тан босату 2026 жылдың 1 қаңтарына дейін жасалған тұрғын үйді ұзақ мерзімді жалға беру және сатып алу құқығымен жалға беру шарты бойынша тұрғын үй ғимаратын (тұрғын үй ғимаратының бөлігін) жалға беру кезінде қолданылады.Жаңа Салық кодексіне сәйкес тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алушы шот-фактура бойынша ҚҚС сомасын қай күні шегерімге жатқызады, ҚҚС-ті шегерімге жатқызу тәртібі өзгерді ме?Жаңа Салық кодексі тауарды, жұмысты, қызметті алу күні бойынша шот-фактура бойынша ҚҚС сомасы шегерімге жатқызылатынын қарастырады. Бұл ретте ҚҚС сомасын шегерімге жатқызу үшін ҚҚС төлеушісі  ЭШФ-ны АЖ осындай ЭШФ бойынша ҚҚС сомасы шегерімге жатқызылатыны туралы белгі қояды.Егер 2025 жылы 4-ші тоқсанда тауарлар мен қызметтер сатып алынған болса, ал олар бойынша ЭШФ 2026 жылы ресімделген болса, онда ҚҚС-ті шегерімге қалай алу керек? 12% немесе 16%?Жауап:Егер айналым жасалған күн 2025 жылдың 4-ші тоқсанына келсе, онда ЭШФ шығару кезінде 2025 жылы қолданыста болған ҚҚС мөлшерлемесі, яғни 12% қолданылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zko/press/news/details/1153976?lang=kk