Әлем
Қазақстан СІМ-де БҰҰ-мен бірлескен бастамалар талқыланды 26.11.2025
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев Қазақстанда аккредиттелген БҰҰ агенттіктерінің өкілдерімен кездесті.Кездесу барысында тараптар 2026-2030 жылдарға арналған БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі ынтымақтастық бағдарламасының (UNSDCF) шеңберіндегі өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары бойынша пікір алмасты. Елдегі БҰҰ жүйесінің өкілдері өздерінің басымдықтарын, алдағы кезеңге арналған жоспарларын және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды кеңейту жөніндегі ұсыныстарын жеткізді.Е.Ашықбаев Қазақстанның БҰҰ қағидаттары мен құндылықтарына берік бейілділігін атап өтіп, Алматы қаласында Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ Өңірлік орталығының іске қосылуының практикалық маңыздылығына тоқталды.Кездесуде БҰҰ жобаларының тиімділігін арттыру, олардың географиялық қамтуын кеңейту және өңірлік әрі жергілікті деңгейдегі жұмысты күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.Сонымен қатар алдағы бірлескен бастамаларға ерекше мән берілді, соның ішінде 2026 жылғы сәуірде Астанада өтетін Аймақтық экологиялық саммитті дайындау, сондай-ақ Қазақстан бастамасымен жарияланған 2026 жылғы Орнықты дамудың халықаралық еріктілер жылы аясындағы іс-шаралар.Басқосу қорытындысы бойынша қатысушылар Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруға және орнықты дамуды ілгерілетуге бағытталған бірлескен жобаларды әрі қарай жүзеге асыру және ынтымақтастықты нығайтуға дайындығын растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-geneva/press/news/details/1113381?lang=kk
24-25 қараша күндері Бөрлі ауданының 2026-2028 жылдарға арналған параметрлері» бірлескен тұрақты комиссия отырысында қаралды. 26.11.2025
24-25 қараша күндері Бөрлі ауданының 2026-2028 жылдарға арналған параметрлері» бірлескен тұрақты комиссия отырысында қаралды.Депутаттар бюджеттік бағдарламалар әкімгерлерінің сұраныстарын қарап, талқылады.Мәслихат депутаттары баяндамашыларға қаланың абаттандыруы, көше жарығы, ауылішілік және кіреберіс жолдар т.б өзекті мәселелерді көтеріп, жауаптар алды. Сонымен қатар, салынған жаңа насындардың, аудандық аурухананың автокөлік тұрақтайтын орындарды қарастыру мәселесін және ауылдарды абаттандыру мақсатында ауыл азаматтарымен жұмыстанып, демеушілікке тартып, бюджет қаражатын тиімді пайдалануды ұсынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/burlin-maslihat/press/news/details/1112519?lang=kk
Әскерилер майдангер Виктор Изюмниковты 101 жасқа толғанымен құттықтады 26.11.2025
Алматыда Қарулы күштердің әскери қызметшілері Ұлы Отан соғысының ардагері Виктор Карпович Изюмниковты 101 жасқа толған туған күнімен құттықтады.Алматы қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің және Медеу ауданы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының өкілдері майдангерге барып, Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосановтың атынан құттықтау хатын табыс етті.– Сіздің бүкіл ғұмырыңыз – Отанға жанқиярлықпен қызмет етудің өнегесі. Сізге жауынгерлік ісіңіз үшін ғана емес, бейбіт уақытта еліміздің ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан ерен еңбегіңіз үшін алғыс айтамыз. Сізге шын жүректен зор денсаулық, сергектік және амандық тілейміз, – деді қалалық қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары подполковник Нұржан Естаев.Виктор Карпович 1942 жылы әскер сапына алынды. Әскери байланыс мектебінде оқығаннан кейін ол әуе-десанттық әскерлеріне жіберілді. 106-шы атқыштар дивизиясы 355-ші гвардиялық атқыштар полкінің құрамында Будапешт үшін ұрыстарға қатысты, Венаға шабуыл жасап, Венгрияда шайқасты. Қазақстандық аға сержант болып жүріп, радиостанция бастығы лауазымында Чехословакия шекарасындағы Зноймо қаласын азат ету кезінде жеңісті қарсы алды. Оның II дәрежелі Отан соғысы ордені, «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалі және бірқатар мерейтойлық наградалары бар.Демобилизациядан кейін Виктор Карпович өмірін Қазақстанның халық шаруашылығына арнады. Тың игеруге қатысып, ауыл шаруашылығы саласында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді. Экономика ғылымдарының кандидатының көп жылғы еңбегі Октябрь революциясы, Еңбек Қызыл ту, «Құрмет белгісі» және «Құрмет» ордендерімен марапатталды.Виктор Карповичтің өмір жолында көрсеткен табандылығы мен адалдығы қазақстандықтардың бірнеше буынына үлгі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1112522?lang=kk
Алматы облысы: медициналық ұйымдар дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етілуде 26.11.2025
Алматы облысында тегін дәрілік заттардың тапшылығы байқалмайды. Бұл туралы өңірдің Денсаулық сақтау басқармасы мен «СК-Фармация» өңірлік өкілдігі хабарлады. Вирусқа қарсы, қызу түсіретін және басқа да негізгі препараттар стационарларға қалыпты режимде жеткізіліп отыр.Ведомствоның мәліметінше, ТМККК және МӘМС шеңберіндегі дәрілік қамтамасыз ету жүйесі тұрақты жұмыс істеп тұр. Біріңғай дистрибьютор арқылы өңірдегі 55 медициналық ұйым дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі.«СК-Фармация» өңірлік өкілдігінің деректері бойынша, медициналық ұйымдар жалпы 1 487 атаудағы дәрілік заттар мен медөнімдерге өтінім берген. Жыл ішінде қосымша 953 атауға қажеттілік туындаған.Өкілдік басшысы Манат Альмаханованың айтуынша, 2025 жылы стационарлық деңгейде 47 медициналық ұйыммен келісімшарт жасалып, 1 266 атаудағы дәрілер мен медөнімдер 14,5 млрд теңгеге сатып алынған.Амбулаторлық деңгейде 467 атау бойынша өтінімдер қалыптастырылып, олардың 93,3%-ы медициналық ұйымдарға жеткізілді.Стационарларға 12,4 млрд теңгенің дәрісі жөнелтілген, бұл жылдық көлемнің 85,5%-ын құрайды.Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов жағдайдың толық бақылауда екенін атап өтті: «Біз өңірдегі дәрі-дәрмек қорын және медициналық ұйымдардың қажеттілігін күн сайын бақылап отырамыз. Қажет болған жағдайда біріңғай дистрибьютор препараттарды басқа өңірлерден жедел түрде қайта бөледі. Басты мақсат — тұрғындарды үздіксіз және сапалы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету», — деді ол.Қазіргі уақытта препараттардың жеткізілуі жоспарға сай жүргізілуде. Барлық өтінімдер Денсаулық сақтау басқармасының тұрақты бақылауында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1112516?lang=kk
Ханойда Әл-Фараби кітабының тұсаукесері сәтті өтті 26.11.2025
Ү.ж. 24 қарашада, Қазақстанның Вьетнамдағы Елшілігі Ханой университетінің қабырғасында, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауына, ҚР Мемлекеттік егемендігінің 35-ші жылдығына және Әл-Фарабидің 1155-ші жылдығына орай, Ханойда салтанатты іс-шара өткізді.Оның барысында орта ғасырлық философ, танымал ғалым Әбу Насыр Әл-Фарабидің «Мінсіз мемлекетке ұмтылу керектігі туралы трактаты» атты кітабының вьетнам тіліне аударылған нұсқасының тұсау кесері әрі таныстырылымы өтті.Іс-шара барысында Вьетнамның тұңғыш президенті Хо Ши Мин мырзаның 1959 жылғы ҚазКСР-ге жасаған тарихи сапары туралы деректі фильм («CotecCons» компаниясының қаржылай қолдауымен вьетнам тіліне дубляждалған және ағылшын тілінде субтитр жасалған), сондай-ақ, ағымдағы жылғы 5-7 мамыр аралығында өткен ВКП Бас хатшысы То Ламның Қазақстанға мемлекеттік сапары туралы видео көрсетілді.Бұл маңызды іс-шараға болу елінің СІМ Бірінші орынбасары, ВКП Орталық комитетінің мүшесі Нгуен Мань Кыонг мырза (Құрметті қонақ), Вьетнамның Достық қауымдастықтары Одағының вице-президенті Нгуен Нгок Хунг, мемлекеттік органдарының, ЖОО-лардың, іскер топтарының, БАҚ өкілдері және Ханойдағы дипломатиялық корпустың басшылығы (Дуайен, Палестина Елшісі Саади Салама) және өкілдері, көптеген Елші және УСӨ-лер қатысты.Қазақстан Елшісі Қ.Тумыш іс-шараның ашылуында қатысушылар алдында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауы және Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның 35-жылдығының тәуелсіздік пен жаңғырудың символы ретіндегі маңызына кеңінен тоқталып, сөз сөйледі.Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы егемендігінің 35-ші жылдығын жаңарған, жаңғырған ел, әділдікті ту еткен мемлекет биігінде қарсы алуда, қазақ елі әлемдік деңгейде өзінің бейбіт бағытымен және қоғамдық-саяси тұрақтылығымен танымал екенін мақтанышпен хабарлады.Сонымен қатар, Президент Тоқаевтың, Әділетті Қазақстанды – әрбір азаматтың мүмкіндігі бар, еңбек бағаланатын, заңсыздық пен немқұрайлылыққа орын жоқ, ешкім артта қалмайтын елді құруда екендігін жеткізді.Биыл Қазақстан мен Вьетнам арасында стратегиялық әріптестік орнатылып, екі елдің жан-жақты ынтымақтастықты әрі қарай дамытуға бейілділігін растап, жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық салаларда жүйелі түрде орындаудың маңыздылығын атап өтті.Елші Қ,Тумыш орта ғасырлық философ, ғалым Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1155-жылдық мерейтойына орай вьетнам тіліне аударылған «Мінсіз мемлекетке ұмтылу керектігі туралы трактаты» атты кітабының тұсаукесер рәсімінде Әл-Фарабидің әлемдік өркениетке қосқан зор үлесіне айрықша тоқталды.Әлемнің екінші ұстазы Әл-Фарабидің кітабын вьетнам тіліне аударған Ханой Университетінің профессоры Нгуен Ван Чиенге, Қазақстанды, Түркі және Ислам әлемдерін Вьетнаммен жақындату тұрғысынан қосқан маңызды үлесі үшін алғысын білдірді.Бұған қоса, Қазақстан Елшісі Вьетнам мен Түркі әлемінің мәдениеті мен өнері арасындағы байланыстарға қосқан сүбелі үлесі үшін профессор Нгуен Ван Чиенге Түркия мен Әзірбайжан Елшілерімен бірге, Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымының (TÜRKSOY) Бас хатшысы атынан алтын медаль табыстады.Өз кезегінде, құрметті қонақ, Вьетнам СІМ бірінші орынбасары Нгуен Мань Кыонг мырза, Қазақстанның бүгінде аймақтық және жаһандық маңызы артып келе жатқан ұлт ретінде қалыптасып, өткен мен болашақ, мәдени мұра мен жаңғыру арасындағы үйлесімділіктің үлгісіне айналғандығын айтты.2025 жылғы мамыр айында Вьетнам Коммунистік партиясының Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам мырзаның Қазақстанға мемлекеттік сапары шеңберінде екіжақты байланыстарды ресми түрде Стратегиялық әріптестікке көтергеннен кейін қарым-қатынастарымыз үшін тарихи кезең басталғандығын атап өтті. Вьетнам мен Қазақстан бірлесіп, жаңа серпінмен алға жылжулары қажет. Нгуен Мань Кыонг мырза, бұған әрі саяси сенім, әрі табандылық, әрі ортақ ұмтылыстың бар екенін мәлімдеп, қазақстандықтарды Республика күнімен, келе жатқан Тәуелсіздік күнімен және Әл-Фарабидің мерейтойымен құттықтады.Оның айтуынша, Әл-Фарабидің «Мінсіз мемлекетке ұмтылу керектігі туралы трактаты» атты кітап, Ханойда вьетнам тіліне аударылып, жарық көруі – екі ел арасындағы мәдени және академиялық алмасудың құнды дәлелі болып табылады, оның зияткерлік мұрасын вьетнамдық ғалымдарға, студенттерге және оқырмандарға жақындатуға көмектеседі.Іс-шараның соңында, Елші барлық қатысушыларға Әл-Фарабидің вьетнам тіліндегі «Мінсіз мемлекетке ұмтылу керектігі туралы трактаты» атты кітапты табыс етті. Қазақстан Елшісі вьетнамдық БАҚ өкілдеріне сұхбат беріп, іс-шараны қорытындылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hanoi/press/news/details/1112476?lang=kk
Қазақстан Елшісінің Молдованың Ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі министрімен кездесуі 26.11.2025
Кишинев, 2025 жылғы 24 қараша – ҚР Елшісі Алмат Айдарбеков Молдованың Ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі министрі Людмила Катлабугамен кездесті.А.Айдарбеков Министрді атқарып отырған лауазымына қайта тағайындалуымен құттықтап, одан әрі табыс, сындарлы жұмыс және алға қойылған барлық мақсаттарға қол жеткізуді тіледі.Тараптар сауданы ұлғайтуға, өндірістік ынтымақтастықты нығайтуға, аграрлық технологияларда тәжірибе алмасуға, өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы ресурстарын тиімді басқаруға қызығушылық танытты.Кездесу барысында тараптардың ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуді кеңейту, қайта өңдеу, логистика және инновацияларды енгізу саласындағы бірлескен жобаларды дамыту мүмкіндіктері қаралды.Кездесуге қатысушылар 2026 жылға жоспарланған Үкіметаралық комиссияның жұмысын қоса алғанда, екіжақты тетіктер шеңберіндегі іс-қимылдарды одан әрі үйлестіруге дайын екендіктерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kishinev/press/news/details/1112455?lang=kk
Тунистің Сауда саясатын шолу рәсімі Қазақстанның төрағалығымен өтті 26.11.2025
Женева, 2025 жылғы 25 қараша – 25 және 27 қарашада ДСҰ штаб-пәтерінде Қазақстан Республикасының Женевадағы Тұрақты өкілі, Сауда саясатын шолу органының төрағасы Қайрат Төребаевтың төрағалығымен Тунистің төртінші Сауда саясатын шолу рәсімі өтуде.Тунис делегациясы Сауда және экспортты дамыту министрі Самир Абид мырзаның басшылығымен елдегі экономикалық реформалардың іске асырылу барысы туралы жаңартылған ақпарат ұсынды. Бұл ретте Инвестициялық ынталандыру кодексін жүзеге асыру, іскерлік ахуалды жақсарту, кедендік әкімшілендіруде цифрлық шешімдерді кеңейту, мемлекеттік басқарудың ашықтығын арттыру және мемлекеттік кәсіпорындарды реформалау бағытындағы жұмыста қол жеткізілген нәтижелер атап өтілді. Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшелері Тунистің көпжақты сауда жүйесіне адалдығын, сондай-ақ сауданы жеңілдету мен транспаренттілікті арттыру жөніндегі күш-жігерін жоғары бағалады.Пікір алмасу барысында импорттық тарифтердің көтерілуі және кейбір позициялар бойынша Дүниежүзілік сауда ұйымы шеңберінде бекітілген міндеттемелердің асырылуы, импорттық лицензиялау рәсімдерінің тиімділігі мен хабарламаларды уақтылы ұсыну мәселелері, сондай-ақ Еуропалық одақпен терең және жан-жақты еркін сауда аймағы туралы келіссөздердің барысы және Африкадағы аймақтық интеграцияның дамуы талқыланды. Мүшелер Тунистің телекоммуникациялық инфрақұрылымды және көлік-логистикалық жүйені жаңғырту жөніндегі жоспарларына қызығушылық танытып, Шығыс және Оңтүстік Африканың ортақ нарығы мен Африкалық континенттік еркін сауда аймағы сияқты өңірлік бастамалар аясында ынтымақтастықты кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.Төраға Қайрат Төребаев Тунис тарапына және барлық Мүшелерге сындарлы пікір алмасқаны және жоғары транспаренттілік үшін алғыс білдіріп, жүргізіліп жатқан реформалар ұзақ мерзімді тұрақты дамуға және елдің жаһандық нарыққа табысты интеграциялануына ықпал ететінін атап өтті.Сауда саясатын шолу рәсімі ДСҰ мүшелерінің сауда саясатының ашықтығы мен болжамдылығын арттырып қана қоймай, экономикалық реформаларды қолдаудың және елдердің жаһандық сауда жүйесіне табысты интеграциялануын қамтамасыз етудің маңызды құралы болып табылады.Қазақстанның төрағалығымен келесі шолу 2025 жылғы 1 және 3 желтоқсан күндері өтеді және ол Таиландтың сауда саясатына арналмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-wto/press/news/details/1112456?lang=kk
Қазақстан мен Әмірліктер жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниеттерін растады 26.11.2025
Астана, 2025 жылғы 25 қараша – Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы саяси консультациялардың алтыншы отырысы өтті.Қазақ делегациясын ҚР Сыртқы істер министр Ермек Көшербаев, ал әмірлік – БАӘ Энергетика және инфрақұрылым министрі, Орталық Азиямен инвестициялық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Сухейл Әл-Мазруи басқарды.Әмірліктер делегациясын қошеметтеп, Е.Көшербаев Астана үшін Әбу-Даби араб әлеміндегі маңызды саяси және экономикалық серіктестердің бірі екенін атап өтіп, жан-жақты ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделілік білдірді.Консультациялар барысында саяси диалогты дамыту, сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейту, сондай-ақ энергетика, көлік, инновациялар және жасанды интеллект салаларындағы серіктестіктің перспективаларын егжей-тегжейлі талқыланды.Тараптар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы қаңтардағы Әмірліктерге жасаған жұмыс сапары барысында және Әбу Даби Тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянның мамыр айында Астанаға жасаған ресми сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалу барысын қарастырды.БАӘ делегациясының басшысы екі ел арасындағы серіктестіктің деңгейін жоғары бағалап, Әбу Дабидің Қазақстанмен барлық негізгі бағыттар бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға ниетті екенін атап өтті.Келесі жылы жоспарланған бірлескен іс-шараларға, соның ішінде биік деңгейдегі байланыстарға ерекше көңіл бөлінді.Сұхбаттастар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, көпжақты форматтардағы күш-жігерді үйлестірудің маңыздылығын растады.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы тұрақты және сындарлы диалогты жалғастыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1112459?lang=kk
ЕО жанында Қазақстанның Тұрақты өкілі, Елші Роман Василенконың «Қазақстан – ЕО: кеңейтілген әріптестіктің 10 жылдығынан кейін не күтеміз?» атты баспасөз-брифингіндегі сөзі Брюссель баспасөз клубы 2025 жылғы 24 қараша 26.11.2025
Құрметті әріптестер, ханымдар мен мырзалар,Бүгінгі брифингке қош келдіңіздер! Сіздерді қарсы алу мен үшін үлкен қуаныш.Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасында өзара құрметке, ортақ мүдделер мен мақсаттарға, сондай-ақ БҰҰ Жарғысының қағидаттарына негізделген берік және ұзақ мерзімді стратегиялық серіктестік орнаған.Ағымдағы жылғы желтоқсанында Қазақстан мен Еуропалық Одақ және оның мүше мемлекеттері арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге (КӘЫК) қол қойылғанына 10 жыл толады.Қазақстан Орталық Азия елдерінің ішінде алғашқы болып осы «жаңа буындағы» құжатқа қол қойып, оны ратификациялады. Бұл келісім саясат, экономика және салалық өзара іс-қимылдың 29 бағыты бойынша ынтымақтастығымыздың кешенді негізін құрайды.Біз Еуропалық Одақты сауда және инвестициялар бойынша басты серіктесіміз, сондай-ақ климаттың өзгеруі, көлік байланыстылығы, өңірлік қауіпсіздік және орнықты даму сияқты жаһандық сын-қатерлер бойынша маңызды серіктес ретінде жоғары бағалаймыз.Еуропалық Одақпен қалыптасқан өте қарқынды саяси диалогқа да ерекше мән бергім келеді. Биылғы сәуір айында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқанда Еуропалық кеңес Президенті Антониу Кошта және Еуропалық комиссия Президенті Урсула фон дер Ляйенмен екіжақты кездесулер өткізді.Біздің көшбасшылар «Орталық Азия – ЕО» саммитіне қатысты. Оның нәтижесінде екі өңір арасындағы серіктестік стратегиялық деңгейге көтерілді.Қыркүйек айында Президент Қ. Тоқаев Антониу Коштамен БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясы аясында Нью-Йоркте қайта кездесті.Осыған қоса, келесі аптада Брюссельде «Қазақстан – ЕО» Ынтымақтастық кеңесінің 22-отырысы министрлік деңгейде өтеді.Тараптар КӘЫК іске асырылу барысын қарастырады және сауда, инвестициялар, гуманитарлық байланыстар мен саяси диалогты қамтитын кеңейіп келе жатқан ортақ күн тәртібін талқылайды. Жақын уақытта жоғары деңгейдегі байланыстар жалғасады.Самарқан, Нью-Йорк, Астана мен Брюссельдегі кездесулер көлік байланыстылығын, критикалық маңызды материалдарды, цифрлық инновацияларды, ауыл шаруашылығы және білім беру салаларын ортақ басымдық ретінде айқындады.Соңғы жылдары Қазақстан мен ЕО арасындағы қатынастар нығаюын жалғастырып, бұрынғыдан да динамикалы бола түсті.Геосаяси тұрақсыздық пен әлемдік экономиканың күйзелістеріне қарамастан, ЕО Қазақстанның ең ірі сауда және инвестициялық серіктесі болып қала береді: 2024 жылы екіжақты тауар айналымы шамамен 50 млрд АҚШ долларына жетті. ЕО-ның Орталық Азиямен саудасының 90%-ы Қазақстанға тиесілі. Биыл бұл көрсеткіш біздің экономикамыз және стратегиялық серіктестіктеріміз үшін маңызды деңгейде сақталуда.Тәуелсіздік жылдарында ЕО елдерінен Қазақстан экономикасына 200 млрд доллардан астам инвестиция тартылды, елімізде 4 мыңға жуық еуропалық компания табысты жұмыс істеп келеді.Біз бұл байланыстарды кеңейтуге және әртараптандыруға берік бейілдіміз. Бұл – біздің кәсіпорындар мен азаматтар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Әсіресе, қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің ЕО нарығына қолжетімділігін кеңейтуге басымдық берілуде.Қазақстан Еуропалық Одақ үшін сенімді және жауапты серіктес болып қала береді, Еуропаның энергетикалық қауіпсіздігіне елеулі үлес қосады.Қазақстан ЕО-ның мұнай импортының 13%-ын және уранға деген сұранысының 16%-ын қамтамасыз етеді. Бұл – еліміздің Еуропаның әртараптандырылған энергетикалық архитектурасындағы тұрақты тірек екенін дәлелдейді.Осыған байланысты біз ЕО нарығына қазақстандық мұнайдың тұрақты және қауіпсіз жеткізілуіне бейілділігімізді растаймыз.Біздің пікірталастарымызда Азия мен Еуропаны байланыстыратын маңызды әрі стратегиялық маршрут – Орта дәлізге ерекше назар аударылады.Жаһандық жеткізу тізбектерінің өзгеруі Транскаспий бағыттың маңызын одан әрі арттыра түсуде.Қазақстан Еуразияның дәл ортасында орналасқан және Шығыс пен Батысты жалғайтын маңызды көпір қызметін атқарады.Президент Қ. Тоқаевтың 2025 жылғы қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай, көлік және логистикалық инфрақұрылымды дамыту – біздің ұлттық басымдықтарымыздың бірі.Қазақстан аумағы арқылы 13 халықаралық көлік дәлізі өтеді – 5 теміржол және 8 автомобиль бағыты. Олар Азия мен Еуропа арасындағы құрлықтық жүк тасымалдарының шамамен 85%-ын қамтамасыз етеді.Соңғы 15 жылда көлік саласын жаңғыртуға 35 млрд доллардан астам инвестиция құйдық. 2030 жылға қарай Қазақстан көлік байланыстылығын нығайту үшін Қытай мен Ауғанстанға (әрі қарай Пәкістан нарығына шығатын) жаңа теміржол желілерін қоса отырып, тағы 15 млрд доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ 13 мың км жол салынып, жаңғыртылатын болады.Әуе қатынасы да кеңейіп келеді: Қазақстан 30 елмен тікелей әуе рейстеріне ие. Ашық аспан саясаты аясында ЕО-мен әуе қатынасын одан әрі кеңейтуге дайынбыз.Цифрлық трансформация мен жасанды интеллектіні кеңінен енгізу – біздің болашаққа деген көзқарасымыздың негізгі бөлігі. Қазіргі таңда әзірленіп жатқан «Smart Cargo» платформасы кеден және логистикалық процестерді біріктіріп, Қазақстанды толық цифрлық мемлекетке жақындатады.Транскаспий халықаралық көлік маршрутына келсек, Орта дәліз тұрақты өсім көрсетуде.Оның қазіргі өткізу қабілеті жылына 6 млн тонна. 2024 жылы жүк тасымалы 62%-ға өсіп, 4,5 млн тоннаға жетті.Биыл 5,2 млн тоннаға дейін өсуі күтілуде. 2028 жылға қарай коридордың өткізу қабілетін жылына 10 млн тоннаға жеткізуді мақсат етіп отырмыз.Оңтүстік Кавказдағы оң өзгерістер – Армения мен Әзербайжан арасындағы бейбіт келісімге қол қоюға дайындық үдерісі – коридордың әлеуетін одан әрі арттыруда.2025 жылғы қазанда Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевтің Қазақстанға сапары барысында Армения бағытындағы барлық транзиттік шектеулердің алынатыны жарияланды.Қазақстандық бидайдың алғашқы партиялары тағайындалған жерге жеткізілді. Бұл – сенім қалыптастырудың, өңірлік байланыстарды дамытудың нақты қадамы және өзара байланыстылық – бейбітшілікке бастайтын жол екенінің айқын дәлелі.Орта дәліз – тек көлік маршруты емес, ол экономикаларды, технологияларды және адамдарды байланыстыратын стратегиялық серіктестік платформасына айналып келеді.Бірлескен күш-жігер Еуразия байланыстылығын нығайтып, ЕО-ның «Global Gateway» және Қытайдың «Belt and Road» бастамаларымен өзара толықтырушы сипатқа ие.Біз сондай-ақ ЕО-ның трансъевропалық көлік желісі (TEN-T) саясаты мен Орталық Азия елдерінің көлік байланыстылығын дамыту бойынша күш-жігерінің арасында елеулі синергия бар екенін көріп отырмыз.Біз ЕО-ны, оның мүше мемлекеттерін және қаржы институттарын 2023 жылғы ЕҚДБ есебінде көрсетілген «жұмсақ» және «қатты» инфрақұрылымды дамыту жөніндегі ұсыныстарды іске асыруды жеделдетуге шақырамыз.Қазақстан ЕО-мен және өңірлік серіктестермен Орта дәлізді өңірлік сауданың заманауи, тиімді, қауіпсіз және орнықты артериясына айналдыру жөнінде бірлесіп жұмыс істеуге бейілді.Біздің ынтымақтастығымыздың тағы бір болашағы зор бағыты – критикалық маңызды материалдар, сондай-ақ «жасыл» және цифрлық өтпелі кезең мәселелері.Қазақстанда бұл секторды өзара тиімді және жауапты негізде дамытуға қажетті табиғи әлеует те, саяси ерік те бар.Біздің ел ЕО-ның Критикалық шикізаттар туралы актісінде көрсетілген 34 элементтің 21-ін өндіре алады, сондай-ақ жаңа кен орындарын игеруде.Біз қазірдің өзінде Еуропа нарығына мыс, хром, титан, фосфор, бериллий, тантал және марганец экспорттап келеміз. 2025–2026 жылдарға арналған Жол картасы аясындағы бірлескен жұмысымыз, соның ішінде «Сарытоган» графит кен орнын дамыту жобасының ЕО-ның стратегиялық бастамалар тізіміне енгізілуі екі тараптың да ниетінің маңызды екенін көрсетеді. Критикалық маңызды материалдардың қосылған құн тізбектері бойынша ЕО-мен өзара іс-қимылымыз – Еуропаның өнеркәсіптік орнықтылығын арттыруға, сонымен қатар Қазақстан экономикасын жаңғыртуға ықпал ететін ең болашағы зор бағыттардың бірі.Сондай-ақ парламенттік ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өткім келеді. Ол біздің саяси диалогымыздың демократиялық негізін құрайды. Өткен аптада Брюссельде «ҚР – ЕО» Парламенттік ынтымақтастық комитетінің 22-отырысы өтті. Кездесу нәтижелі әрі шабыттандырарлық болды. Бұл іс-шара серіктестігіміздің үкіметтер деңгейіндегі байланыстармен ғана емес, екі тараптың депутаттары, сарапшылары және азаматтық қоғамы арасындағы белсенді өзара іс-қимылмен де нығайып жатқанын көрсетті.Екі ел арасындағы адами байланыстар да аса маңызды. Олар біздің мемлекеттерімізді жалғап тұрған тірі көпір іспетті. Білім беру, мәдени алмасу, академиялық ұтқырлық және жастар ынтымақтастығы – ұзақ мерзімді серіктестіктің негізгі элементтері. Осы тұрғыда біз ЕО-ға мүше мемлекеттердің визалық рәсімдерді жеңілдету және реадмиссия туралы келіссөздерді бастау үшін Еуропалық комиссияға мандат беру жөніндегі шешімін ерекше құптаймыз. Бұл шешім халықтарымызды жақындастыруға, мобильділікті кеңейтуге, студенттер мен кәсіби мамандар үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға және өзара түсіністікті нығайтуға үлкен қадам болып табылады.Құрметті ханымдар мен мырзалар, бүгінде Қазақстан мен Еуропалық Одақ жетілген, сенімді және болашаққа бағытталған серіктестік орнатты. Бұл серіктестік ортақ құндылықтарға негізделген, өзара мүдделермен толыққан және өңірлік әрі жаһандық тұрақтылықты қамтамасыз етуге қатысты ортақ көзқараспен жүзеге асуда.Алдағы ынтымақтастығымызға көз жүгірте отырып, біз Еуропалық Одақпен стратегиялық диалогты кеңейту, экономикалық байланыстарды нығайту, өңірлік өзара байланыстылықты дамыту және кез келген табысты серіктестіктің негізін құрайтын адами байланыстарды күшейту арқылы тығыз жұмыс істеуге адал болып қала береміз. Біздің ортақ мақсаттарымыз халықтарымыздың игілігі жолында нақты нәтижелерге айналады деп сенемін.Назарларыңызға рақмет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1112461?lang=kk
Казахстан и Оман расширяют сотрудничество в сфере здравоохранения 26.11.2025
Масқат, 2025 жылғы 25 қараша - Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Елшісі Айдарбек Тұматов Оман Сұлтандығының Денсаулық сақтау министрі Хилал Әл-Сабтимен кездесті.Кездесу барысында А.Тұматов денсаулық сақтау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі жандандырудың маңыздылығын атап өтті. Ол жыл сайын Қазақстанға емделу, медициналық қызмет алу және санаторий-курорттық оңалту үшін келетін омандық азаматтардың саны артып келе жатқанын жеткізді.Өз кезегінде министр Хилал Әл-Сабти медициналық саладағы әріптестікті кеңейтуге мүдделілік танытты. Ол 2017 жылы Астанаға жасаған сапарын жылы еске алып, елордалық кардиоорталықтың жұмысымен танысу кезінде қазақстандық хирургтардың жоғары кәсіби деңгейі мен кардиохирургияның қарқынды дамуын ерекше атап өтті.Тараптар дәрі-дәрмек өндірісі, сондай-ақ ауруларды диагностикалау мен емдеуде радиоактивті изотоптарды қолданатын ядролық медицина жүйелерін енгізу бойынша тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады. Министр бұл бағыттағы қазақстандық тәжірибе мен әзірлемелерге қызығушылық танытты.Кездесу соңында Елші Оман Денсаулық сақтау министрлігін 2025 жылғы 2 желтоқсанда өтетін Бірінші Үкіметаралық комиссияның жұмысына қатысуға шақырды. Комиссия аясында екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететін өзара қызығушылық тудыратын кең ауқымды мәселелер қарастырылатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-muscat/press/news/details/1112462?lang=kk
Екі дипломды магистрлік бағдарлама аясында Мажарстанда «Water Governance» бағыты бойынша білім алып жатқан қазақстандық мамандармен Елшіліктегі кездесу 26.11.2025
Будапешт, 2025 жылғы 20 қараша - Қазақстанның Мажарстандағы Елшілігінде Елші Абзал Сапарбекұлының Қазак су шаруашылығы және ирригация университеті мен Мажарстандағы «Корвинус» университетінің екі дипломды магистрлік бағдарламасына қатысушы қазақстандық магистранттар және докторанттармен кездесуі өтті. Топ құрамында Қазақстан Республикасының түрлі мемлекеттік органдарының қызметкерлері бар. Қазақстандық мамандарды «Корвинус» университетінің Орталық Азия зерттеулері орталығының атқарушы директоры, профессор, доктор Мартон Краснаи бастап жүрді.Кездесу барысында су саласындағы білім беруді дамыту, халықаралық әріптестікті нығайту, «water governance» саласындағы кадрларды даярлау және су дипломатиясын ілгерілету мәселелері талқыланды.Елші Абзал Сапарбекұлы еуропалық білім беру бағдарламаларына қазақстандық студенттердің қатысуының маңыздылығын атап өтіп, су ресурстарын басқару саласындағы құзыреттердің ұлттық су саясатының тиімділігін арттыруға және халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге тікелей ықпал ететінін атап өтті.Сонымен қатар, бағдарлама Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың су саласының кадрлық әлеуетін нығайту жөніндегі тапсырмасына толық сәйкес келетіні, оның ішінде су дипломатиясы, халықаралық келіссөздер процесі және трансшекаралық бассейндерді басқару салаларында сараптаманы дамытуға бағытталғаны айтылды.Анықтама: Қазак су шаруашылығы және ирригация университеті мен «Корвинус» университетінің екі дипломды бағдарламасы бойынша су шаруашылығы, су дипломатиясы және «water governance» – су ресурстарын тұрақты басқарудың заманауи халықаралық тәсілдері бағыттары бойынша 13 қазақстандық магистрант білім алуда.Оқу бағдарламасы су саясатын талдау, стратегиялық жоспарлау және трансшекаралық бассейндердегі мемлекетаралық өзара іс-қимыл дағдыларын қалыптастырады. Еуропалық «water governance» модельдеріне ерекше көңіл бөлінген – олар ғылыми деректерге, нормативтік-құқықтық құралдарға, институционалдық үйлестіруге және мүдделі тараптарды тартуға негізделеді.Сабақтар табиғи ресурстар, су саясаты және халықаралық су менеджменті саласындағы Еуропаның жетекші орталықтарының бірі - Мажарстанның «Корвинус» университетінде өтеді. Студенттер: ЕО-дағы «water governance» модельдерін; халықаралық су құқығы мен трансшекаралық келісімдерді; су дауларын алдын алу және шешу механизмдерін; ашық басқару әдістері мен мүдделі тараптарды тарту тәсілдерін; су саясатын мониторингтеу және бағалау құралдарын оқиды.Бұдан бөлек, оқыту процесіне Мажарстанның Энергетика министрлігі мен ұлттық су компаниясының сарапшылары қатысып, су жүйелерін басқарудың практикалық кейстері мен заманауи институционалдық модельдерін ұсынды.Бағдарламаның маңызды элементі - Дунай бассейінін басқару тәжірибесі болды. Бұл халықаралық су ынтымақтастығының ең табысты үлгілерінің бірі саналады. Қазақстандық тыңдаушылар Дунай конвенциясының орындалуын үйлестіретін және ЕО бағдарламаларын іске асыратын профильдік мекемелерге, зерттеу орталықтарына және құрылымдарға барды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1112463?lang=kk
Қазақстан ДДСҰ-ның Темекіге қарсы күрес жөніндегі негіздемелік конвенциясы тараптарының конференциясының 11-ші сессиясына белсенді қатысты 26.11.2025
Женева, 2025 жылғы 23 қараша – Женева қаласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Е.Қазыхан бастаған ҚР делегациясы 2025 жылғы 17-22 қараша аралығында Женевада өткен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Темекіге қарсы күрес жөніндегі негіздемелік конвенциясының Тараптар конференциясының 11-сессиясына қатысты.Қазақстан Конвенцияның мақсаттарына тұрақты бейілділігін растады және қоршаған ортаны және халықтың денсаулығын қорғау жөніндегі шараларды (18-бап), темекі индустриясының жауапкершілігін (19-бап) күшейтуге, темекіні бақылаудың ұлттық бағдарламаларын тұрақты қаржыландыруға және БҰҰ жүйесінің үй-жайларында темекі және никотин бұйымдарын тұтыну мен сатуға толық тыйым салуға бағытталған консенсуспен қабылданған шешімдерді қолдады.ҚР делегациясы пікірталастардың сындарлы сипатын құптап, ұлттық ерекшеліктерді ескеретін және барлық қатысушы мемлекеттер үшін Конвенцияның тұрақты іске асырылуын қамтамасыз ететін теңдестірілген тәсілдерді іздеудің маңыздылығын атап өтті.Қазақстан Республикасы ДДСҰ және басқа да қатысушы мемлекеттермен тығыз ынтымақтастықта оның ережелерін ұлттық деңгейде дәйекті іске асыруды жалғастыра отырып, Конвенцияның белсенді және жауапты тарапы болып қалу ниетін растайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-geneva/press/news/details/1112464?lang=kk
Қазақстан СІМ-де Грекиямен ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды 25.11.2025
Астана, 2025 жылғы 25 қараша – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Грекия Республикасының Елшісі Эфталия Какиопулумен кездесті.Келіссөздер барысында тараптар екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, сондай-ақ қазақ-грек ынтымақтастығын одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.Сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы саяси диалог пен өзара іс-қимылдың оң динамикасы аталып өтті. Сұхбаттастар көлік және логистика, туризм, білім беру және цифрлық технологиялар салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыруға қызығушылық танытты.А.Исетов Грекия Қазақстанның Еуропа Одағындағы және Жерорта теңізіндегі маңызды серіктесі екенін атап, екіжақты деңгейде де, халықаралық ұйымдар шеңберінде де ынтымақтастықты тереңдетуге дайындығын білдірді.Э.Какиопулу өз тарапынан Афинаның Астанамен жан-жақты байланыстарды одан әрі нығайтуға деген ұмтылысын атап өтіп, сауда-инвестициялық саладағы өзара іс-қимылдың және мәдени бастамаларды ілгерілетудің перспективалылығын атады.Кездесу соңында тараптар тұрақты саяси диалогты қолдауға және барлық бағыттар бойынша қазақ-грек серіктестігін кеңейту бойынша жұмысты жалғастыруға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1112433?lang=kk
Қазақстан Елшісі Кувейт Әміріне сенім грамоталарын тапсырды 25.11.2025
Әл-Кувейт, 2025 жылғы 25 қараша – Қазақстан Республикасының Елшісі Ержан Елекеев Кувейт Мемлекетінің Әмірі шейх Мишааль Әл-Ахмад Әл-Джабер Ас-Сабахқа сенім грамоталарын табыстады.Рәсім барысында Қазақстан-Кувейт қатынастарының достық сипаты және тараптардың саяси, экономикалық, мәдени-гуманитарлық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ұмтылысы расталды.Е.Елекеев Кувейт пен Қазақстан тұрақтылықты нығайту, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ұлттық экономиканы әртараптандыру сияқты ортақ басымдықтарға ие екенін атап өтті. Елші сондай-ақ Қазақстан институттардың тиімділігін арттыруға және шешімдерді орындаудың ашықтығына бағытталған мемлекеттік басқаруды цифрландырудың ауқымды бағдарламасын іске асыратынын хабарлады.Кувейт Әмірі Елшіге табысты жұмыс тілеп, екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға қолдау білдірді. Ол Кувейттің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейтудің ерекше маңыздылығын атап өтіп, Қазақстанның агроөнеркәсіптік сектордағы сенімді серіктес ретіндегі жоғары әлеуетін атап өтті.Әмір Кувейттің осы саладағы перспективалық бастамаларды, соның ішінде тұрақты азық-түлік жеткізілімдерін дамытуға және екі елдің мемлекеттік және жеке институттары арасындағы өзара іс-қимылдың ұзақ мерзімді тетіктерін құруға бағытталған жобаларды қарастыруға дайын екенін айтты.Қазақ дипломаты Кувейттің өңірдегі стратегиялық серіктес ретіндегі маңыздылығына назар аудара отырып, Қазақстанның Парсы шығанағы елдерімен өзара іс-қимылды нығайтуға бейілділегін атап өтіп, екіжақты күн тәртібінің барлық бағыттары бойынша диалогты тереңдетуге дайын екенін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1112436?lang=kk
Заң және тәртіп 25.11.2025
"Заң және Тәртіп" акциясы аясында бүгін округте "Алаяқтық" тақырыбында полиция бөлімі бастығының орынбасары, подполковник Қалиәкперов Дұлат Ертайұлымен түсіндірме жиналысы өтті Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-sarybel/press/news/details/1160386?lang=kk
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің жұмыс уақыты тәртібін сақтау 25.11.2025
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің жұмыс уақыты тәртібін сақтау Мемлекеттік аппараттың тиімді жұмыс істеуінің негізгі аспектілерінің бірі — жұмыс уақыты тәртібінің қатаң сақталуын бақылау . Еңбекті ұтымды ұйымдастыру және белгіленген күн тәртібін сақтау мемлекеттік қызметшілердің өндірістілігін , тәртібін және жауапкершілігін арттырып, мемлекеттік функциялардың сапалы әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз етеді .Жұмыс уақытының тәртібі ҚР Еңбек кодексімен , «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңымен және өзге де нормативтік актілермен реттеледі. Осы құжаттарға сәйкес, жұмыс уақыты — бұл мемлекеттік қызметші өз лауазымдық міндеттерін орындауға тиіс белгіленген жұмыс күні немесе аптасы шеңберіндегі уақыт .Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1112296?lang=kk
Қармақшы ауданындағы дүр оңғар ауылы газға қосылды 25.11.2025
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Қармақшы ауданының Дүр Оңғар ауылына газ қосу рәсімі өтті. Оған Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мұрат Ергешбаев, ел ағалары мен ауыл тұрғындары қатысты.Аймақ басшысы тұрғындарды көптен күткен ігіліктің іске асуымен, яғни ауылға көгілдір отынның келуімен құттықтады.«Мемлекет басшымыз «Үкімет газ тартылған елді мекендердің санын барынша арттыруға және 1700 шақырым газ желісін жаңғыртуға тиіс. Бұл 300 мыңнан астам адамды көгілдір отынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті.Аймағымызда 2021 жылдың соңында газдандыру деңгейі67 пайыз болатын, 2022-2025 жылдар аралығында 63 млрд. 600 млн. теңгеге 77 жоба жүзеге асырылды.Өткен аптада Сырдария ауданының Шаған ауылына табиғи газ берілсе, Жаңақорған ауданында автоматты газ тарату станциясы іске қосылды. Бүгін Өздеріңізбен бірге Дүр Оңғар ауылы тұрғындарының тұрмыс-тіршілігіне жаңа тыныс беретін іс-шараға, табиғи газға қосу сәтіне куә болудамыз. Осындай жұмыстардың нәтижесінде биыл облысымыздың газдандыру көрсеткішін 83 пайызға жеткіземіз.Жерлестерімізді көптен күткен газдың қосылуымен құттықтаймын! Бұл – бәріміздің ортақ қуанышымыз! Көгілдір отын әрбір отбасының жылуын, Отанымыздың қуатын арттыра берсін!Елдің дамуы ауылдан, ауылдың гүлденуінен басталады. Ауылдың дамуы, келешегінің жемісті болуы – Сіздерге, еңбекқорлықтарыңыз бен ауызбірліктеріңізге байланысты. Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, ел игілігі жолындағы қызметтеріңізге сәттілік тілеймін!», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.Рәсімде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан алдыңғы буын ағалар мен мердігер мекеме қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Парламент Сенатының депутаты Руслан Рүстемұлы құттықтау сөз сөйледі.Айта кетейік, бүгінде Қармақшы ауданын газдандыру деңгейі 78 пайыз. Екі мыңнан астам тұрғыны бар Дүр Оңғар ауылының газ желісіне қосылуы бұл көрсеткішті 83 пайызға жеткізеді. Аталған жобаға облыстық бюджеттен 7 млрд 200 млн теңге бөлінді.Ауылға тартылған 62,5 шақырымдық жоғары қысымды газ құбыры Жосалы кентіндегі автоматтандырылған газ тарату станциясынан Сырдария өзені арқылы жүргізілді. Бұл жоба алдағы уақытта 10 мыңнан астам халқы бар 9 елді мекенді кезең-кезеңімен магистральдық газ желісіне қосуға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1112254?lang=kk
Қармақшыда 50 пәтерлік 25 жаңа үй пайдалануға берілді 25.11.2025
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Қармақшы ауданының орталығы Жосалы кентінде әлеуметтік осал топтағы азаматтарға жаңадан салынған тұрғын үйлерді табыстау рәсімі өтті. Оған Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мұрат Ергешбаев, құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, ел ағалары мен ауыл тұрғындары қатысты.Аймақ басшысы жаңа қоныс иелерін құттықтап, өңірдегі ауқымды жобаларды, құрылыс қарқынын, әсіресе, тұрғын үй құрылысындағы жетістіктерді атап өтті.«Мемлекет басшымыз Қасым-ЖомартКемелұлы халықты баспанамен қамту мемлекеттік саясаттың басым бағыты екенін атап өтті. Өңірімізде құрылыс қарқынды, 2022 жылдан бері 200-ге жуық әлеуметтік нысан салынып, бүгінде тұрғындар игілігіне қызмет етуде.2022-2024 жылдары тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға 5 мыңнан астам пәтер табысталды. Облысымызда алғаш рет соңғы екі жылда барлық ауданда біржарым мыңға жуық пәтер салынып, жерлестерімізге берілді.Биыл 3600 пәтерлік тұрғын үй салуға бюджеттен 58 млрд. 785 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде 322 пәтерлік 161 тұрғын үй аудандарда бой көтеруде.Қармақшы ауданында да 2023-2024 жылдары 2 млрд. 848 млн. теңгеге 207 пәтерлік 103 тұрғын үй сатып алынып, кезекте тұрған азаматтарға берілді.Осы жолы тағы 50 пәтерлік 25 жаңа үйдіөздеріңізге табыстаймыз.Бүгін – мемлекеттің қолдауын сезінген барлығыңыз үшін ерекше қуанышты күн!Баспаналы болу әрбір отбасын жақсылыққа жетелейді. Жаңа қоныстарыңыздың іргетасы берік, қабырғасы мығым, әр шаңырақ татулық пен берекеге толы болғай! Баршаңыздың дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін!– деді Нұрлыбек Машбекұлы.Айта кетейік, 2023 жылы Қармақшы ауданының Тұрмағамбет, Ақжар, Дүр Оңғар ауылдарында дәрігерлік амбулаториялар пайдалануға берілді. Өткен жылы Қуаңдария,Қармақшы ауылдарында фельдшерлік-акушерлік бекеттер салынып, қазір ел игілігіне қызмет етуде.Өңірімізде жарияланған «Руханият жылы»аясында аудандарда салынған «Руханияторталықтарының» бірі Қармақшы ауданында бой көтерді. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Дүр Оңғар, ІІІ Интернационал, Ақай ауылдарындажаңа спорт кешендері салынып, пайдалануға берілді.Рәсімде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан ардагерлер мен мердігер мекеме қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Ергешбаев құттықтау сөз сөйледі.Рәсімнен кейін аймақ басшысы ауыл тұрғындарымен, ардагерлермен кездесіп, пікір алмасты. Облыстың әлеуметтік-экономикалық даму бағыты, алдағы бағдар туралы сауалдарға жауап беріп, жиналған жұртшылықтың ұсыныстарын тыңдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1112259?lang=kk
Қармақшы ауданы тұрғындарының ұсыныс-тілектері тыңдалды 25.11.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қармақшы ауданындағы «Руханият орталығында» ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, құқық қорғау органдарының бірінші басшыларымен бірге тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.«Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет.Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады» деп атап өткен болатын Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауында.Кейінгі жылдары дәстүрге айналған жеке қабылдауларда азаматтарды мазалаған сұрақтар бойынша қажетті іс-шаралар қабылданады, түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Өткізу орны мен уақыты күн ілгері хабарланғандықтан, тұрғындар өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын мұндай кездесулерге алдын ала жазылады.Бүгін қармақшылықтар облыс әкіміне, Сенат пен Мәжіліс депутаттарына және құқық қорғау органдарының бірінші басшыларына сауалдарын, ұсыныс-тілектерін жеткізді. Келушілердің басым бөлігі әлеуметтік және құрылыс саласына қатысты мәселелерді қозғады.Мысалы, аудан тұрғыны Тұрмағамбет ауылына жаңадан мектеп салу мәселесін көтерді. Ал, Төретам кентінен келген зейнеткер теміржол үстінен өтетін жаяу жүргіншілерге арналған көпір салып беруді сұрады.Тұрғындарға көтерілген мәселелердің шешімі заң аясында қарастырылатыны, жауапты құзырлы орган басшыларына тапсырмалар беріліп, оның орындалуы қатаң бақылауға алынатыны түсіндірілді.«Заң және тәртіп» қағидатын біржола орнықтыруда жеке қабылдаулардың, халықпен кездесулердің маңызы зор.Қабылдауда жалпы саны 50-ге жуық азаматтың өтініші қаралды. Ал, облыс әкіміне 15-тен астам тұрғын өз сұрақтарын қойды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1112264?lang=kk
Қазақстан мен Түркіменстан көкөністер мен жемістерге арналған «жасыл дәлізді» кеңейтуде 25.11.2025
ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Түркіменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Ходжамырат Гелдимырадовпен кездесті. Вице-премьер Түркіменстан Қазақстанның Орталық Азиядағы маңызды әріптесі екенін атап өтті. Соңғы бес жылда екі ел арасындағы тауар айналымы төрт есе өскен, ал соңғы екі жылдағы өзара сауда тұрақты түрде $500 млн-нан асып тұр. Мемлекет басшылары алға қойған тауар айналымын $1 млрд-қа дейін жеткізу мақсатын ортамерзімді перспективада еркін орындауға болады.Келіссөздердің жеке бір блогы ауыл шаруашылығы өнімдерінің өзара саудасына арналды. 2025 жылғы 9 айда Түркіменстанға қазақстандық экспорт негізінен өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және қайта өңделген өнімдерді жеткізу есебінен $221,7 млн құраған. 2025 жылы экспорт ұн, өсімдік майы және басқа да өңделген тауарлардың көбеюіне байланысты өсті.Экспорттағы агроөнеркәсіп тауарларының үлесі тұрақты түрде 30%-дан асады. Қазақстан бидай ұны, күнбағыс майы, бидай, макарон өнімдері, маргарин, шай концентраттарын жеткізеді.Серік Жұманғарин тауарларды жеткізу көлемін ұлғайтуды және бидай, жүгері, жасымық, бұршақ, соя, күнбағыс майы, ұн, қант және басқа да өнімдерден тұратын агроөнеркәсіп өнімінің түрлерін көбейтуді ұсынды.Түркіменстаннан импорт та өсуде: 2025 жылғы 9 айда ол $141,9 млн-ға жетті. Табиғи газдан басқа жемістер мен көкөністер де жеткізіледі. 2025 жылы қызанақ көлемі 30 мың тоннадан асты, ол – Түркіменстаннан келетін импорт құрылымындағы екінші маңызды тауар.«Біз жеміс-көкөніс өнімдерінің біздің нарықта болғанына мүдделіміз. Сіздер жеткізетін барлық нәрсе — қызанақ, жеміс, көкөністі біз «жасыл дәліз» аясында қабылдауға дайынбыз», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.Кездесуде көлік-логистикалық жобаларды дамытуға ерекше назар аударылды. Ходжамырат Гелдимырадов Гератпен шекарада құрғақ порт құрылысының басталғаны туралы хабарлады және Қазақстанды осы жобаға қосылуға шақырды.Тараптар сондай-ақ «Герат – Тургунди» теміржол желісінің құрылысын қоса алғанда, Қазақстан – Түрікменстан – Ауғанстан-Пәкістан транзиттік дәлізін қалыптастыру перспективаларын талқылады. Серік Жұманғарин мен Ходжамырат Гелдимырадов бизнес үшін қосымша мүмкіндіктер жасауға, елдер арасындағы интеграцияны кеңейте отырып, көлік, сауда және логистикалық байланыстарды дамыту жөніндегі жұмысты жалғастыруға ниетті екендерін растады.Анықтама:2025 жылғы қаңтар–қыркүйекте Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы тауар айналымы $363,6 млн құрады, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 5,4%-ға артық ($345 млн). Экспорт $221,7 млн (+6,8%), импорт $141,9 млн (+3,2%).2024 жылы Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы тауар айналымы $555,7 млн құраған болатын, оның ішінде экспорт – $335 млн, импорт – $220,7 млн.https://primeminister.kz/news/kazakstan-men-turkimenstan-kokonister-men-zemisterge-arnalgan-zasyl-dalizdi-keneitude-30759 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1112267?lang=kk