Enbekshi QazaQ

Әлем

Қазақстан Республикасының Елшісі Кувейт Мемлекетінің Әміріне сенім грамоталарын тапсырды 25.11.2025
Әл-Кувейт, 2025 жылғы 25 қараша – Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Елшісі Ержан Елекеев Кувейт Мемлекетінің Әмірі шейх Мишааль Әл-Ахмад Әл-Джабер Ас-Сабахқа сенім грамоталарын табыс етті.Рәсім барысында Қазақстан-Кувейт қатынастарының достық сипаты және тараптардың саяси, экономикалық, мәдени-гуманитарлық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ұмтылысы расталды.Ержан Елекеев Кувейт пен Қазақстан тұрақтылықты нығайту, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ұлттық экономиканы әртараптандыру сияқты ортақ басымдықтарға ие екенін атап өтті. Елші сондай-ақ Қазақстан институттардың тиімділігін арттыруға және шешімдерді орындаудың ашықтығына бағытталған мемлекеттік басқаруды цифрландырудың ауқымды бағдарламасын іске асыратынын хабарлады.Кувейт Әмірі шейх Мишааль Әл-Ахмад Әл-Джабер Ас-Сабах жаңа Елшіге табысты жұмыс тілеп, екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға қолдау білдірді. Ол Кувейттің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейтудің ерекше маңыздылығын атап өтіп, Қазақстанның агроөнеркәсіптік сектордағы сенімді әріптес ретіндегі жоғары әлеуетін атап өтті.Әмір Кувейттің осы саладағы перспективалық бастамаларды, соның ішінде тұрақты азық-түлік жеткізілімдерін дамытуға және екі елдің мемлекеттік және жеке институттары арасындағы өзара іс-қимылдың ұзақ мерзімді тетіктерін құруға бағытталған жобаларды қарастыруға дайын екендігін атап өтті.Қазақ елшісі Кувейттің өңірдегі стратегиялық әріптес ретіндегі маңыздылығына назар аудара отырып, Қазақстанның Парсы шығанағы елдерімен өзара іс-қимылды нығайтуға бейілділегін атап өтіп, екіжақты күн тәртібінің барлық бағыттары бойынша диалогты тереңдетуге дайын екенін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kuveyt/press/news/details/1112203?lang=kk
2026 жылға салықтық есептілігін табыс ету бойынша 25.11.2025
Құрметті салық төлеуші (салық агенті)!2026 жылға салықтық есептілігін табыс ету бойынша Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 1 қантардан бастап жаңа Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы  12.11.2025 года № 695 бұйрығымен 2026 жылға арналған салық есептілігінің нысандары олардың жасалу барысын және оларды ұсыну қағидаларын түсіндіре отырып бекітілгенін   хабарлаймыз.Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы  12.11.2025 года № 695 бұйрығымен 2026 жылға арналған 328.00 «Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш» нысаны бойынша салық есептілігі  бекітілді.Есептіліктің жаңа нұсқасын жариялау туралы «Салық төлеушінің кабинеті», «СТ СЕӨЖ» АЖ-да жүйелік жаңалықтар арнасында, сондай-ақ уәкілетті органдардың (kgd.gov.kz) интернет-порталында хабардар боласыз.Осыған байланысты, салық міндеттемелерін уақытылы орындау мақсатында салықтық есептілігінің жаңа нұсқасын жариялау алдында, салықтық есептілігін табыс ету кезінде Салық төлеушінің кабинетінде, «СТ СЕӨЖ» АЖ-да және ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (kgd.gov.kz) веб-порталында қолжетімді нысандар қолданылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1112222?lang=kk
Грузиялық спортшылар Қазақ Күресінен Әлем кубогына қатысты 25.11.2025
Түркістан қаласындағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Қазақ Күресінен өткен Әлем кубогына түрлі салмақ дәрежесінде жеті грузин спортшылары қатысты.Жарыс қорытындысы бойынша грузиялық құрама жоғары дайындық деңгейі мен тұтастығын растап, жалпы командалық 3-орынды иеленді.Гиги Отиашвили 66 кг категориясында, Зураб Чагелишвили 100 кг категориясында және Фридон Шарикадзе 100 кг астам категориясында қола медальдері жеңіп алды.Қазақстан Республикасының Елшілігі Қазақ Күресі Грузин Федерациясын жарыстарда табысты өнер көрсетуімен шын жүректен құттықтайды. Сондай-ақ, Гиги Отиашвилиге, Зураб Чагелишвилиге және Фридон Шарикадзеше медальдары мен үздік нәтижелері үшін ерекше құттықтау сөздері жеткізеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tbilisi/press/news/details/1112139?lang=kk
Жеке сот орындаушысы қызметіне үміткерлердің аттестациядан өту тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстары 25.11.2025
2025 жылдың 21 қарашасында «Заң мен Тәртіп» идеологемасын іске асыру аясында сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімінің мамандары жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер тұлғалар үшін аттестаттаудан өту тәртібі бойынша түсіндіру жұмысын жүргізді. Кездесу барысында жеке сот орындаушыларының көмекшілеріне заңнама талаптары, аттестаттаудан өту кезеңдері және құжаттарды тапсыру тәртібі кеңінен түсіндірілді. Жүргізілген жұмыс аттестацияға дайындық сапасын арттыруға және жеке сот орындаушыларының санын арттыруға бағытталған. Қостанай облысыӘділет департаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1112151?lang=kk
Медицинаға арналған салықтық шегерім 25.11.2025
Медицинаға арналған салықтық шегерім:- медициналық көрсетілетін қызметтерге (косметологиялықтан басқа);- ауырған жағдайдан ерікті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларына ақы төлеуге арналған шығыстар бойынша қолданылады.🔶Осы баптың ережелері осы Кодекстің 319-бабы 2-тармағының 10-2) тармақшасында көзделген жағдайларға қолданылмайды.🔶Медицинаға арналған салықтық шегерім күнтізбелік жылға айқындалған айлық есептік көрсеткіштің 118 еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде қолданылады.Бұл ретте медицинаға арналған салықтық шегерімнің және осы Кодекстің 341-бабы 1-тармағының 23) тармақшасына сәйкес жеке тұлғаның медициналық көрсетілетін қызметтерге (косметологиялықтан басқа) шығыстарын және (немесе) жұмыс берушінің ауырған жағдайда ерікті сақтандыру шарттары бойынша жұмыскердің пайдасына сақтандыру сыйлықақыларын төлеуге жұмсаған шығыстарын жабу үшін кірісті түзетудің жалпы сомасы жиынтығында күнтізбелік жылда айлық есептік көрсеткіштің 118 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kyzylorda/press/news/details/1112109?lang=kk
Қазақстан мен Түрікменстан президенттері келіссөз жүргізді 25.11.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Сердар Бердімұхамедовке ықылас танытып, ризашылық білдірді.Жоғары деңгейдегі келіссөздерге дейін Ақордада Түрікменстан Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Мемлекеттер басшылары бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт берді. Екі елдің әнұрандары шырқалған соң президенттер келіссөз өтетін залға барды.Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз Түрікменстанды стратегиялық серіктес және бауырлас мемлекет санайтынын жеткізді.– Бізді ғасырлардан жалғасып келе жатқан достық, ортақ тарих, тіл мен мәдениет біріктіреді. Мемлекеттеріміз арасындағы сауда-саттық, экономикалық ықпалдастықтың басқа да түрлері және мәдени-гуманитарлық байланыстар қарқынды дамып келеді. Екі ел серіктестігінің ауқымы мен сапасына көңіліміз толады деп айтуға негіз бар. Бұл ынтымақтастық стратегиялық сипатқа ие. Дегенмен алға қадам басу қажет. Күн тәртібінде өте маңызды мәселелер тұр. Бүгін олардың шешімін бірлесіп табамыз деп ойлаймын, – деді Қазақстан Президенті.Сердар Бердімұхамедов Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапармен келуге шақырғаны және қонақжайлық танытқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.– Сізге түрікмен халқының Ұлт көшбасшысы, құрметті Гурбангулы Мяликгулыевич Бердімұхамедовтің сәлемі мен ізгі тілегін жеткізуге рұқсат етіңіз. Бүгінде Түрікменстан мен Қазақстанның қарым-қатынасы достық, бауырластық және тату көршілік қағидаттары негізінде дамып келеді. Өзара ықпалдастығымыз саяси-дипломатиялық, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларды қамтиды, – деді Түрікменстан Президенті.Бұдан кейін келіссөздер екі ел делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда жалғасты.Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады. Атап айтқанда, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және көлік-логистикалық ықпалдастық мәселелері қарастырылды. Энергетика, өнеркәсіп кооперациясы, ауыл шаруашылығы, IT, білім беру және медицина салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыруға баса назар аударылды.Қасым-Жомарт Тоқаев шақыруын қабыл алып, Астанаға мемлекеттік сапармен келгені үшін Сердар Бердімұхамедовке алғыс айтты.– Қазақ пен түрікмен – ежелден достығы жарасқан туыс халықтар. Біздің тарихымыз және мақсат-мұратымыз – ортақ, мәдени-рухани құндылықтарымыз – бір. Біз Түрікменстанмен ынтымақтастықты тату көршілік және өзара қолдау рухында барынша нығайтуға айрықша мән береміз. Жарқын болашаққа бірге қадам басу үшін күш жұмылдырамыз. Бауырлас халықтарымыздың игілігі үшін стратегиялық серіктестікті нығайта түсеміз. Мен бұған кәміл сенемін, – деді Мемлекет басшысы.Қазақстан Президенті екі ел арасында барлық деңгейде белсенді әрі табысты байланыс орнағанын атап өтті. Үкіметтеріміз жүйелі жұмыс жүргізіп, ведомствоаралық байланыс нығайып келеді. Елдеріміз көпжақты құрылымдар аясында нәтижелі қарым-қатынас жасайды.Мемлекет басшысының айтуынша, Астана мен Ашхабадтың өңірлік, халықаралық күн тәртібіндегі көптеген мәселе бойынша көзқарастары мен ұстанымдары ұқсас.Қасым-Жомарт Тоқаев келіссөздер барысында сауда-экономикалық ықпалдастыққа айрықша назар аударды. Соңғы 5 жылда өзара сауда көлемі 4 еседен асып, жарты миллиард долларға дейін ұлғайды.Қазақстанда түрікмен капиталы бар 140-қа жуық компания табысты жұмыс істейді. Осы арқылы аталған кәсіпорындар экономикалық байланысты нығайтуға зор үлес қосып келеді. Қазақстанның Түрікменстанға құйған инвестициясы 120 миллион доллардан асты.Мемлекет басшысы мәдени-гуманитарлық байланыстың даму қарқынына тоқталды. Президент екі елдің мәдениет күндерін алма-кезек өткізу, көрнекті қайраткерлердің ескерткіштерін ашу шаралары қос халықтың мәдени-рухани мұрасына айтарлықтай үлес қосады деп санайды.Сердар Бердімұхамедов Қазақстан мен Түрікменстанды Орталық Азиядағы стратегиялық серіктес мемлекеттер деп атады.– Мемлекеттерімізді ұрпақтан ұрпаққа аманат болып, көзіміздің қарашығындай сақтап келе жатқан ортақ тарихи тамырластық, мәдени-рухани ұқсастық, салт-дәстүріміздің жақындығы секілді құндылықтар біріктіреді. Саяси-дипломатиялық салада Түрікменстан мен Қазақстан жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша сындарлы ықпалдастық орнатқан. Атап айтқанда, бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау, энергетикалық тұрақтылықты нығайту, көлік байланысын ілгерілету, орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу және климат өзгерісіне қарсы күрес мәселелері бойынша ұстанымдарымыз ортақ, – деді Түрікменстан Президенті.Кездесу соңында Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентінің елімізге сапары екіжақты ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне жол ашып, достық пен стратегиялық серіктестікті нығайтуға тың серпін беретініне тоқталды.Келіссөздер қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сердар Бердімұхамедов Бірлескен мәлімдемеге қол қойды.Мемлекеттер басшыларының қатысуымен ресми делегация мүшелері мынадай үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттарды алмасты:1. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасында мәдени-гуманитарлық сала бойынша ынтымақтастық туралы келісім;2. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасында көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Түрікменстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арасында зейнетақымен қамтамасыз ету саласы бойынша ақпараттық ықпалдастық туралы келісім;4. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен Түрікменстанның Әділет министрлігі арасында құқықтық саладағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум;5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Түрікменстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі арасында ветеринария саласы бойынша ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;6. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ұлттық аграрлық ғылыми білім беру орталығы мен Түрікменстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі Астық дақылдары ғылыми-зерттеу институты арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;7. Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасында көлік саласындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту жөніндегі 2026-2027 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары;8. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Түрікменстанның Денсаулық сақтау және медициналық өнеркәсіп министрлігі арасындағы ынтымақтастықты дамытудың 2026-2027 жылдарға арналған негізгі іс-шаралар жоспары;9. Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысы әкімдігі мен Түрікменстанның Балқан уәлаяты әкімшілігі арасында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;10. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясы мен Түрікменстанның Ғылым академиясы арасында ғылым саласы бойынша ынтымақтастық туралы меморандум;11. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» ШЖҚ РМК мен Түрікменстанның Телевизия, радио хабар тарату және кинематография жөніндегі мемлекеттік комитеті арасында ақпараттық сала бойынша ынтымақтастық туралы келісім.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ashgabat/press/news/details/1112063?lang=kk
«Рентген-телевизиялық қондырғылар операторларын даярлау жөніндегі арнайы курстарды өзектендіру және өткізу» 25.11.2025
      2025 жылғы 17–21 қараша аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы (ОӘО) «Рентген-телевизиялық қондырғылар операторларын даярлау жөніндегі арнайы курстарды өзектендіру және өткізу» тақырыбында арнайы курс өткізді. Оқыту ОӘО базасында мемлекеттік кірістер органдарының аумақтық бөлімшелері мен ҚР ҰҚК Шекара қызметі қызметкерлері үшін ұйымдастырылды.      Курстың негізгі мақсаты — мемлекеттік шекарадағы өткізу пунктерінде бақылау сапасын арттыру, оның ішінде техниканың және операторлардың кешенді жұмысының тиімділігін күшейту. Ерекше назар рентген-телевизиялық қондырғылар (РТҚ) сканерленген бейнелерін кәсіби талдау дағдыларына және ілеспе құжаттарда көрсетілген деректердің дұрыстығын тексеруге аударылды.Курс бағдарламасы келесі негізгі бөлімдерді қамтыды:Rapiscan, Rapiscan DV, Smith-Heimann және Heimann-container рентген-телевизиялық қондырғыларының жұмыс істеу принциптері;қауіпті заттарды (гранаталар, синтетикалық есірткілер, пышақтар, қолдан жасалған жарылғыш құрылғылар) әртүрлі ракурстардан тану және көру қабілетін дамытуға арналған тәжірибелік жаттығулар;профайлинг әдістері және қауіп тудыруы мүмкін жолаушыларды вербалды емес белгілер арқылы анықтау;қаруды, жарылғыш заттарды, оқ-дәрілерді жасырын алып өту белгілерін анықтау және тыйым салынған заттар мен контрабандалық өнімдерді өткізудің алдын алу.      РТҚ операторларын оқыту және тестілеу үшін бағдарламаға Simfox симуляторы енгізілді. Ол қатысушыларға келесі дағдыларды жетілдіруге мүмкіндік берді:қаруды анықтау;жарылғыш және детонациялық құрылғыларды табу;есірткі мен басқа да тыйым салынған заттардың контрабандасын болдырмау;рентген-телевизиялық қондырғыларды дұрыс сипаттау және қолдану.      Практикалық сабақ шеңберінде қатысушылар «Әуежай-Астана» кеден бекетінде оқу-жаттығудан өтті. Сабақ барысында оқу үлгілері — есірткі, тыйым салынған заттар, жарылғыш материалдар, шетел валютасы, зергерлік бұйымдар және бриллиант макеттері қолданылды. Тыңдаушылар әсіресе жарылғыш заттарды анықтау бағытында жоғары нәтижелер көрсетті. Практикалық бөлім Rapiscan құрылғыларындағы рентгендік суреттерді егжей-тегжейлі талқылау және талдау форматында өтті.      Курс құрылымына алғаш рет арнайы ағылшын тілі сабағы енгізілді. Ол қатысушылардың кәсіби терминологияны меңгеруіне және халықаралық ортада жұмыс істеуге қажетті тілдік дағдыларын дамытуға бағытталды. Тыңдаушылар тексеру рәсімдерін жүргізу, құжат толтыру және кәсіби қарым-қатынасқа арналған практикалық тіркестерді үйренді.      Оқу бағдарламасы теориялық сабақтар мен заманауи жабдықтардағы практикалық дайындықты үйлестірді. Тыңдаушылар рентген-телевизиялық кешендердің жұмыс істеу қағидаттарын терең меңгеріп, бейнелерді талдау әдістерін игерді және қауіпті әрі тыйым салынған заттарды анықтау дағдыларын жетілдірді. Ерекше назар кәсіби құзыреттілікті арттыруға, стандарттан тыс жағдайларда шешім қабылдау қабілетін дамытуға және халықаралық кедендік бақылау нормаларын сақтауға аударылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1112068?lang=kk
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АРС ақпарат 25.11.2025
Жаңа Салық кодексімен кірісі көп емес тұлғаларды, сондай-ақ жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін тартпай-ақ қызметін кезең-кезеңімен жүзеге асыратын тұлғаларды қолдау мақсатында (оның ішінде қызметті платформалық жұмыспен қамту арқылы жүзеге асыратын адамдар үшін) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АРС көзделген.Осы АСР қызметін платформалық жұмыспен қамту арқылы жүзеге асыратын арнайы мобильдік қосымшаны пайдалана отырып, бүгінгі күні патент негізінде АСР қолданатын адамдарды (Қазақстан Республикасының азаматтары, қндастар), оның ішінде мынадай өлшемшарттарға сәйкес болған кезде басқа да адамдарды қолдануға құқылы:- жеке кәсіпкерлер емес;- қызметте жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайды;- Үкімет қаулысымен осы режимді қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерін жүзеге асырады.- күнтізбелік айда табысы АЕК-тің 300 еселенген мөлшерінен аспайтын (2026 жылы 1,3 млн. теңге).Осы режимді қолданатын тұлғалардың міндеттемелерді орындауы мыналармен барынша жеңілдетілді:жеке кәсіпкер ретінде тіркелу міндетінен босатылды;табыс салығын төлеуден толық босатылған (жеке табыс ставкасы 0%);мұндай адамдар үшін жалғыз міндеттеме табыстың 4% мөлшерінде әлеуметтік төлемдерді төлеу болып табылады (міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік салық және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру 1% - дан), бұл өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға сақтандыру жағдайы басталған жағдайда зейнетақымен қамсыздандыруды, медициналық және әлеуметтік сақтандыруды қоса алғанда, базалық әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз етеді;салық есептілігін ұсынудан босатылды;міндеттемелерді орындаудың ыңғайлылығы мен оңайлатуы үшін арнайы мобильді қосымшаны қолдану көзделген, онда: көрсетілген қызметтер үшін чектерді алу (БКМ қолданудың қажеті жоқ), бір айда алынған табыс тізілімін қалыптастыру, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерді автоматты түрде есептеу мүмкіндігі берілетін болады.платформалық жұмыспен қамту арқылы жұмыс істейтін өзін-өзі жұмыспен қамтығандар бойынша әлеуметтік төлемдерді ұстап қалу мен аударуды интернет-платформа операторы платформа арқылы алынған кірістер бойынша жүргізетін болады.жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде қызметті жүзеге асыратын тұлғалар өз міндеттемелерін бір ай ішінде алынған табыстан тиесілі соманы төлеу жолымен орындайды.Осы режимді қолданудың көрсетілген артықшылықтары өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың қызметін заңдастыруға, әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз етуге (зейнетақы, медициналық және әлеуметтік қорғауға қол жеткізуге) бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1112044?lang=kk
Қарағандыда ұландықтарға жаңа қызметтік автокөліктердің кілттері табысталды 25.11.2025
ҚР Ұлттық ұланының «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5451 әскери бөліміне отандық өндірістен шыққан 17 жаңа қызметтік автокөлік берілді. Кілттерді салтанатты табыстау рәсіміне Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев пен «Орталық» өңірлік қолбасшылығының  қолбасшысы генерал-майор Сәкентай Шекарбеков қатысты.Облыс әкімі ұландықтардың қоғамдық қауіпсіздіктің берік қалқаны болып, «Заң және Тәртіп» қағидаты негізінде қызмет атқаратынын айтты. Ол әскери қызметшілерге арнайы техниканың кілттерін жеке өзі табыстап, Ұлттық ұланға көрсетіліп келе жатқан жоғары сенімді атап өтті.Өңірлік қолбасшылықтың қолбасшысы генерал-майор Сәкентай Шекарбеков облыс басшылығына және ҚР Ұлттық ұланы Бас қолбасшылығына автопаркті жаңартқаны үшін алғыс білдіріп, жаңа техниканың қызметтік-жауынгерлік міндеттерді орындау тиімділігін айтарлықтай арттыратынын жеткізді. Жеке құрамға Hyundai ELANTRA, Hyundai TUCSON, Toyota HILUX автокөліктері, төрт автобус пен ауыр техника берілді.Айта кетейік, бұған дейін Астана және Алматы қалаларында да автопарк жаңартылған болатын.Автопаркті  жаңарту – құқықтық тәртіп әскерлерінің материалдық-техникалық базасын жақсарту және жауынгерлік даярлығын арттыру бағытындағы Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының жүйелі жұмысының бір бөлігі. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1112047?lang=kk
Ұлттық ұлан солисі Астана жұртшылығына ерекше форматта концерт берді 25.11.2025
Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің ұлттық әскери-патриоттық орталығында Ұлттық ұлан Ән-би ансамблінің солисі Ғайни Жұмашеваның шығармашылық кеші өтті.Әншінің ән қоржынындағы барлық туынды жанды дауыста орындалып, концерт бастан-аяқ Ұлттық ұлан Ән-би ансамблінің және Үлгілі-көрсетімді оркестрінің сүйемелдеуімен өтті. Кеш иесіне Ішкі істер министрінің орынбасары — Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы генерал-майор Аңсаған  Балтабековтың атынан алғыс хат және ықылас гүлі табысталды.- Әскери әнші —жауынгердің рухын көтеретін, жүрегіне жігер құятын, елдік пен ерліктің үнін жеткізетін тұлға. Ол сарбаздың ішкі күшін бекітіп, жеке құрамға моральдық қолдау береді. Ғайни қарындасымызды сол күш пен рух сыйлаушының бірі деп білеміз, - деді Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары генерал-майор Қайрат Үмбетов.“Құрмет” орденінің иегері, ансамбль жетекшісі капитан Алпамыс Асылбекұлы оркестрге дирижерлық етті. Концертте сондай-ақ ұландық әншінің өнердегі әріптестері — “DI ART” триосы, Дана Жарас,  Мұратбек Хайролла,  Алтынай Тастанова,  құқықтық тәртіп әскерінің Ерлер хоры, солистері мен хореографиялық тобы, Құрмет қарауыл ротасы да өнер көрсетті.Кіші сержант Ғайни Жұмашева — ҚР Мәдениет саласының үздігі, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты. Ұлттық ұланның өнер ұжымында 20 жылға жуық уақыт абыройлы қызмет етіп келеді. Ақпараттық-насихаттық топ құрамында еліміздің түрлі өңірлерінде өтетін іс-шараларға, қайырымдылық кештеріне, елорданың мәдени өміріне белсенді қатысады. Бүгінде өнер иесінің репертуарында түрлі жанрдағы 30-дан астам туынды бар.Көпшіліктің сүйіктісіне айналған өнерпаздың “Елім-ай” әні концерттің нүктесін қойды. Бұл кеш Ғайни Жұмашеваның Ұлттық ұландағы көп жылдық қызметінің нәтижесін және елге, өнерге деген адалдығын айқын көрсеткен мәдени шара болды. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1112056?lang=kk
Бухарестте «Kazakhstan: Born Bold» халықаралық имидждік науқан аясында "Қазақ даласынан тікелей Facebook-ке" кітабының тұсаукесері өтті 25.11.2025
 А.ж. 24 қарашасында Бухарестте Қазақстанның "Kazakhstan: Born Bold" халықаралық имидждік науқаны аясында румын TVR телеарнасының журналисті Марина Алмашанның "Қазақ даласынан тікелей Facebook-ке" атты кітабының тұсаукесері өтті. Іс-шара румындық БАҚ, өнер және мәдени саласының өкілдерін, қоғамдық ұйымдар мен дипломатиялық корпустың өкілдерін жинады.Басылымда М. Алмашан Қазақстан, оның тарихы, мәдениеті, адамдары мен дәстүрлері туралы жеке әсерлерімен бөліседі, сондай-ақ саяхат және әлеуметтік желілер арқылы елмен танысудың өзіндік тәжірибесін сипаттайды. Автор қазақ мәдениетінің терең өзіндік ерекшелігін және оның қазіргі Қазақстанның серпінді дамуымен үйлесімді үйлесімін атап өтеді. Бұл сапардың материалдары кітаптың негізін қалады.2025 ж. тамыз айында "Ромпетрол" компаниясы мен Қазақстанның Румыниядағы Елшілігінің көмегімен кітап авторының Румыниядан келген туристік топ құрамында Қазақстанға туристік сапары ұйымдастырылған болатын. Сапарды Қазақстанның Румыниядағы құрметті консулы Корина Мартин "Mistral Tour" туристік агенттігімен бірлесіп ұйымдастырды.Елші Е.Әли өз сөзінде авторға елдер арасындағы байланысты нығайтуға қосқан үлесі үшін ризашылығын білдіріп, оның кітабы Қазақстанның туристік әлеуетін ілгерілетуге және мәдениетаралық диалогты дамытуға ықпал ететінін атап өтті.Тұсаукесер румындық БАҚ, мәдени орта және дипломатиялық қоғамдастық өкілдері арасында үлкен қызығушылық тудырды. Іс-шара қонақтары Қазақстанға, оның бай мәдени мұрасына, туристік әлеуетіне және қазіргі заманғы дамуына қызығушылық танытты.Іс-шара Қазақстан мен Румыния арасындағы мәдени және туристік байланыстарды кеңейту бойынша жаңа мүмкіндіктерді талқылаумен аяқталды.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bucharest/press/news/details/1112024?lang=kk
Салықты төлемесең – көлігіңмен қоштас: Алматыда «Борышкер» рейдтік іс-шаралары өтуде 25.11.2025
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Алматы қаласының Полиция департаменті және Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен бірлесіп автокөлік құралдары бойынша салық берешегін өндіру мақсатында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.Жеке сот орындаушыларының қаулысы шыққан борышкерлердің автомобильдері «Сергек» камераларының көмегімен анықталады және берешек толық өтелгенге дейін айыппұл тұрағына қамалады.Бүгінгі таңда көлік құралдарына салынатын салық бойынша берешек 4,5 млрд. теңгені құрайды.  Берешектің негізгі бөлігі қозғалтқыштың үлкен көлемі 4000 текше см-ден асатын көліктерге тиесілі.Алматы қ. бойынша МКД автокөлік иелерін айыппұл тұрағына қамауды және сот орындаушыларының қызметтеріне ақы төлеу бойынша шығындарды болдырмау үшін жақын арада салық берешегін өтеуге шақырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1112027?lang=kk
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында екі жарым мыңға жас сарбаз әскери ант берді 25.11.2025
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының Тараз гарнизонындағы әскери бөлімдерінде 400-ден астам мерзімді қызмет жауынгері әскери ант берді.Салтанатты рәсімге «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Ержан Ыбыраев, Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков және Қарулы күштердің ардагерлері қатысты. Жас сарбаздардың алдында сөз сөйлеген аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев жауынгерлерді әскери істі жауапкершілікпен меңгеруге және оларды шыңдай түсетін армияның қиындықтарынан қорықпауға шақырды.– Бір жыл бойы Жамбыл облысы сіздердің үйлеріңіз болады және бұл уақыт естеріңізде мәңгі сақталады, – деді Е. Карашөкеев. – Біз сіздердің әскери қызметті абыроймен атқарғандарыңызға, Отан алдындағы борыштарыңызды құрметпен орындайтындарыңызға сенеміз.Әскери ант қабылдау салтанаты дәстүрге айналған Жеңіс саябағында, қазақ халқының даңқты ұлы Бауыржан Момышұлының ескерткіші жанында өтті. Атақты батальон командирінің атын иеленген 5-механдандырылған бригаданың жас сарбаздарымен бірге байланыс полкінің, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау батальонының, сондай-ақ жөндеу базасының жауынгерлері де ант берді.Бір ай бойы жас жауынгер курсында болған сарбаздар атыс және тактикалық дайындықтан өтті. Жауынгерлікк техниканы меңгеріп, полигонда атыс тапсырмаларын орындады. Сонымен бірге сарбаздар уақыттың едәуір бөлігін әскери жарғыларды оқуға арнады.Қонақтар арасында жас жауынгерлердің туыстары да болды. Ақтөбеден Таразға егіз ұлдары Ақниет пен Әділетті көруге келген Ерболат Төремұрат әскери қызметтің өмір мектебі екендігін жақсы біледі. Себебі өзі де екі жыл әскерде болған. Ол армия ұлдарының шынығып, Отанның нағыз қорғаушылары болып шығуына көмектесетініне сенімді.Сондай-ақ Шу ауданынан Надыр мен Исмаил Ибрагимовтерді көруге олардың әжесі Гильшат Бадырова да келді. Немерелерінің қызмет арқылы күшті, ақылды, батыл болып шығатынына сенімді қария оларды қолдау үшін арнайы келгенін айтты.Салтанатты рәсімнен кейін жауынгерлерге дәстүр бойынша туыстарымен уақыт өткізу үшін қалаға сейілге шығуға рұқсат берілді. Осы күні «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінде екі жарым мыңға жуық жаңадан шақырылған сарбаз ант берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1111930?lang=kk
22 қараша күні Боровской ауылында Мендіқара ауданының 95 жылдығына арналған жылдам шахматтан турнир өтті! 25.11.2025
 Турнирге түрлі жастағы және дайындық деңгейіндегі 95 шахматшы қатысты. Олардың қатарында — мектеп оқушылары, студенттер және ересек әуесқойлар болды. Бұл жарысқа ойын стилінің әртүрлілігі мен ерекше тартымдылық қосты.Турнир регламенті бойынша 9 тур швейцарлық жүйемен, 10 минут + әр жасалған жүріс үшін 5 секунд уақыт бақылауымен өткізілді.Қызу әрі тартысты бәсекеде үздік шахматшылар анықталды:1 орын — Набиев Иман2 орын — Салимов Руслан3 орын — Шудегов КириллБарлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдар және тиісті дәрежедегі грамоталармен марапатталды.Барлық қатысушыларға сәттілік және жаңа жеңістер тілейміз!Іс-шара ұйымдастырушысы — мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында MOO «DamU.KST».Тапсырыс беруші: Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1111890?lang=kk
Сапарғали Бегалин:балалар туралы,балаларға 25.11.2025
Сапарғали Бегалин:балалар туралы,балаларға 20 қараша күні Федоров аудандық орталық кітапханасының кітапханашысы Ы.Алтынсарин атындағы ЖББМ 8-сынып оқушылары үшін Сапарғали Бегалиннің дүниеге келгенінің 130 жылдығына  орайлайстырылған «Сапарғали Бегалин:балалар туралы, балаларға» атты  портрет- танысу форматында кездесу өткізді. Кітапханашы  оқушыларды жазушының өмірбаянымен таныстырып, оның балалар әдебиетіне қосқан  үлесі туралы,сонымен қатар  оның атақты шығармаларын  айтып өтті.Іс-шара тақырыптық бейнероликтермен және таныстырылыммен сүйемелденді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov/press/news/details/1111862?lang=kk
2026 жылға арналған салық есептілігінің нысандары бекітілді 25.11.2025
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 1 қантардан бастап жаңа Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 12.11.2025 жылғы № 695 бұйрығымен 2026 жылға арналған салық есептілігінің нысандары олардың жасалу барысын және оларды ұсыну қағидаларын түсіндіре отырып бекітілгенін хабарлайды.Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 12.11.2025 жылғы № 695 бұйрығымен 2026 жылға арналған 328.00 «Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш» нысаны бойынша салық есептілігі бекітілді.Есептіліктің жаңа нұсқасын жариялау туралы «Салық төлеушінің кабинеті», «СТ СЕӨЖ» АЖ-да жүйелік жаңалықтар арнасында, сондай-ақ уәкілетті органдардың (kgd.gov.kz) интернет-порталында хабардар боласыз.Осыған байланысты, салық міндеттемелерін уақытылы орындау мақсатында салықтық есептілігінің жаңа нұсқасын жариялау алдында, салықтық есептілігін табыс ету кезінде Салық төлеушінің кабинетінде, «СТ СЕӨЖ» АЖ-да және ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (kgd.gov.kz) веб-порталында қолжетімді нысандар қолданылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1112828?lang=kk
Еңбек-елдің тірегі 25.11.2025
Еңбек-елдің тірегіАуыл шаруашылығы  күні қарсаңында Федоров аудандық орталық кітапханасының  кітапханашылары М. Мәметова атындағы ЖББМ оқушыларына арнап «Еңбек –елдің тірегі» атты арнау кешін өткізді.Кездесуге  «Пфунт» ШҚ жетекшісі Пфунт Татьяна Яновна және «Қостанай облысы бойынша еңбек ұтқырлығы орталығы» КММ «Федоров ауданының Мансап орталығы» филиалы басшысы Куантаев Алексей Дмитриевич қатысты.Іс-шара барысында қонақтар өз қызметі жөнінде   әңгімелеп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді, соңында олар оқушыларға  бірқатар  пайдалы кеңестер берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov/press/news/details/1111867?lang=kk
«Кітап және Интернет: бақталас па, әлде одақтас па?» 25.11.2025
24-қараша күні Федоров аудандық орталық кітапханасының кітапханашылары Федоров ауылының тұрғындары қатысуымен «Кітап және Интернет: бақталас па, әлде одақтас па?» науқанын өткізді. Науқан сұрастыру түрінде жүргізілді. Атап айтқанда, қорытындысы бойынша респонденттердің көпшілігі көркем әдебиетті қағаз түрінде де, электронды форматта да оқитыны белгілі болды. Сондай-ақ, көпшіліктің пікірінше, кітаптар мен интернет бір-бірін толықтырады және болашақта үйлесімді өмір сүреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov/press/news/details/1111874?lang=kk
Құрметті Баянды ауылының тұрғындары! 25.11.2025
 2025 жылғы 30 қараша күні Баянды ауылында сайлау өтетінін хабарлаймыз.Осыған байланысты Сіздерді өз азаматтық құқықтарыңыз бен міндеттеріңізді жүзеге асыру мақсатында сайлау процесіне белсенді қатысуға шақырамыз.Сайлау учаскелері белгіленген тәртіп бойынша сағат 07:00–20:00 аралығында жұмыс істейді.Өз дауысыңызбен ауылымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына және болашағына ықпал ете аласыз.Қатысуларыңызды сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1111879?lang=kk
Бейне бақылау камераларын орнату 25.11.2025
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ауыл аумағына бейне бақылау камераларын орнату жұмыстары жүргізілуде.Бейне бақылау камераларын жыл соңына дейін қосылатын болады.⚜️Баянды ауылы әкімі аппаратының баспасөз қызметі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1111821?lang=kk