Әлем
«Таз Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Бекарыстан би ауылында сенбілік жұмыстары жүргізілді. 24.11.2025
«Таз Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Бекарыстан би ауылында сенбілік жұмыстары жүргізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kazaly-maidakol/press/news/details/1111456?lang=kk
9–11 сынып жасөспірімдері арасындағы қалалық мектеп футзал Лигасы 24.11.2025
Қостанай қаласының білім беру ұйымдарында Ұлттық мектеп лигасы бағдарламасы аясында 9–11 сынып жасөспірімдері арасында футзалдан қалалық жарыстар өтті. Қалалық мектеп футзал Лигасына жалпы 31 команда, яғни 400 оқушы қатысты. Қалалық жарыстардың қорытындысы бойынша:1-орынды А. Бірімжанов атындағы жалпы білім беретін мектептің жасөспірімдер командасы иеленді.2-орынды М. Қозыбаев атындағы №23 жалпы білім беретін мектептің командасы алды.3-орынды А.М. Горький атындағы гимназияның жасөспірімдер командасы жеңіп алды.Жеңімпаз командаларды құттықтаймыз! Алдағы уақытта да жеңістер тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1111457?lang=kk
Мәдениет үйінің құрлысы. 24.11.2025
Ауылдық округ аумағында кітапханасымен бірге 200 орындық мәдениет үйінің құрлысы жүргізілудеАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-batyr/press/news/details/1111446?lang=kk
Құрметті салық төлеуші (салық агенті)! 2026 жылға салықтық есептілігін табыс ету бойынша 24.11.2025
Құрметті салық төлеуші (салық агенті)!2026 жылға салықтық есептілігін табыс ету бойынша Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 1 қантардан бастап жаңа Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12.11.2025 года № 695 бұйрығымен 2026 жылға арналған салық есептілігінің нысандары олардың жасалу барысын және оларды ұсыну қағидаларын түсіндіре отырып бекітілгенін хабарлаймыз.Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12.11.2025 года № 695 бұйрығымен 2026 жылға арналған 328.00 «Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш» нысаны бойынша салық есептілігі бекітілді.Есептіліктің жаңа нұсқасын жариялау туралы «Салық төлеушінің кабинеті», «СТ СЕӨЖ» АЖ-да жүйелік жаңалықтар арнасында, сондай-ақ уәкілетті органдардың (kgd.gov.kz) интернет-порталында хабардар боласыз.Осыған байланысты, салық міндеттемелерін уақытылы орындау мақсатында салықтық есептілігінің жаңа нұсқасын жариялау алдында, салықтық есептілігін табыс ету кезінде Салық төлеушінің кабинетінде, «СТ СЕӨЖ» АЖ-да және ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (kgd.gov.kz) веб-порталында қолжетімді нысандар қолданылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1111449?lang=kk
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша техникалық инспекторларға арналған оқыту семинары өтті 24.11.2025
Іс-шара техникалық инспекторлардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға және білім беру ұйымдарында еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуына қоғамдық бақылауды тиімді қамтамасыз етуге бағытталды.Қатысушылар қолданыстағы заңнама нормаларымен танысып, практикалық жағдайларды талқылады және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты өзекті сұрақтарға жауап алды.Семинардың спикері К., мемлекеттік еңбек инспекторы болды. Ол өз тәжірибесімен бөлісіп, білім беру ұйымдарындағы жұмысты ұйымдастыру жөнінде маңызды ұсыныстар берді.Семинар жоғары деңгейде өтіп, еңбекті қорғау саласындағы техникалық инспекторлардың жұмыс сапасын арттыруға ықпал етті.Осындай оқу семинарлары келесі жылы да жалғасын табады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-enbek/press/news/details/1111373?lang=kk
Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Шет ауданында семинар өткізді. 24.11.2025
2025 жылғы 21 қарашада Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Шет ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қатысуымен салық төлеушілер үшін көшпелі семинар өткізді, олардың мақсаты салық заңнамасындағы өзекті өзгерістерді ақпараттандыру және түсіндіру болып табылады. Іс-шара аясында салық төлеушілерге 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілетін салық кодексіндегі инновациялар бойынша егжей-тегжейлі кеңес берілді.Кездесулер барысында қатысушылар салық заңнамасындағы алдағы өзгерістермен танысуға, бұл инновациялардың олардың бизнесіне немесе жеке міндеттемелеріне қалай әсер ететінін түсінуге, сондай-ақ өз сұрақтарын қоюға және жауап алуға мүмкіндік алды. Іс-шара жұмыстың ашықтығын және қаржылық сауаттылық деңгейін арттыруға ықпал ететін салық төлеушілермен ашық қарым-қатынас үшін диалог алаңын құруға ұмтылысын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1111393?lang=kk
АШЫҚ ЖҮЗДЕСУ 24.11.2025
Мұнайлы ауданының әкімі Қанат Құлжанов Баянды ауылының тұрғындарымен кездесіп, ауыл аралайды.📅 10 қыркүйек, сағат 18:00📍 Ауыл әкімі аппараты ғимаратының алдындаКездесуде ауылдың өзекті мәселелері талқыланып, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1111411?lang=kk
Ауылдық округ аумағында жаяу жүргінші жолын төсеу жұмыстары жүргізілуде. 24.11.2025
Ағымдағы жылы абаттандыру есебінен ауылдық округ аумағында 17,1 шақырым жаяу жүргінші жолын төсеу жұмыстары жүргізілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-batyr/press/news/details/1111433?lang=kk
Ақтауда армия генералы Алтынбаевтың мерейтойына орай Ерлік сабағы өтті 24.11.2025
Шахмардан Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде Халық қаһарманы армия генералы Мұхтар Алтынбаевтың 80 жылдық мерейтойына арналған Ерлік сабағы ұйымдастырылды.Сабақтың негізгі тақырыбы Мұхтар Алтынбаевтың өмір жолы мен ел Қарулы күштерінің дамуына қосқан үлесіне арналды. Іс-шараға қатысушыларға батырдың қызметтік және қоғамдық жұмысындағы маңызды кезеңдер туралы бейнематериалдар ұсынылды.– Ерлік сабағы жастарға армияның күші – жауапкершілігі жоғары, әскери борышына адал жандарда екенін еске салудың бір тәсілі. Ал Мұхтар Қапашұлының өмір жолы елге деген шексіз сүйіспеншілік пен халыққа риясыз қызмет етудің жарқын үлгісі, – деді 29011 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары подполковник Асылхан Маралбаев.Қарулы күштер ардагерлерінің қатысуы іс-шараның маңызын арттыра түсіп, ұрпақтар сабақтастығының жас сарбаздарды тәрбиелеудегі маңызын айқындады.Мұхтар Алтынбаевтың қызмет жолына қатысты баяндамаға қосымша ардагерлер өз тәжірибелерін ортаға салып, студенттерге әскери абырой мен азаматтық жауапкершіліктің құндылығын еске салды.Сабақ барысында әскери кафедра студенттері армия генералының өмірі мен қызметіне зор қызығушылық танытты. Іс-шара түрлі буындарды ортақ әскери борышқа деген құрмет пен тарихтың маңызды беттеріне деген ықыласпен байланыстырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1111355?lang=kk
24 қараша – әскери-ғылыми қызметкер және әскери педагог күні 24.11.2025
Бұл мереке 1997 жылғы 24 қарашада Қорғаныс министрінің «Қарулы күштер үшін педагогикалық және ғылыми кадрларды дайындау туралы» бұйрығының шығуымен байланысты.Әскери салаға арналған жоғары білікті мамандарды дайындау – еліміздің қорғаныс қабілетін қамтамасыз етудің маңызды тетігі. Бүгінде Қорғаныс министрлігінің әскери білім беру жүйесіне түрлі деңгейдегі тоғыз оқу орны кіреді. Олардың жұмысын Әскери білім және ғылым департаменті үйлестіріп отырады. Департаменттің негізгі міндеті – кәсіби әскери кадрлар даярлау деңгейін қамтамасыз ету, отандық әскери-ғылыми мектепті дамыту және профессорлық-оқытушылар құрамының ғылыми дәрежесін арттыру.Қазіргі таңда педагогикалық, ғылыми-зерттеу және ізденіс бағытында 7 ғылым докторы, 61 ғылым кандидаты және 76 философия докторы (PhD) қызмет етеді.Кәсіби мерекеге орай елордадағы армия генералы С. Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжде салтанатты жиын өтті. Оған Қорғаныс министрлігінің басшылығы, профильдік департамент өкілдері, әскери оқу орындарының жетекшілері, ғалымдар, педагогтар және Қарулы күштердің ардагерлері қатысты.Сала мамандарын кәсіби мерекемен Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары, вице-адмирал Серік Борамбаев құттықтады.– Білікті кадрлар дайындау мен әскери білім беру жүйесін дамыту – Қорғаныс министрлігінің басты басымдықтарының бірі. Бұл елдің қорғаныс қабілетіне тікелей әсер етеді. Қазіргі әскери мамандардың кәсіби деңгейі әскердің жауынгерлік және жұмылдыру дайындығы жөніндегі міндеттерді табысты орындауға мүмкіндік береді. Сіздердің кәсібиліктеріңіз бен қызметке деген адалдықтарыңыздың арқасында Қазақстанның әскери ғылымы мен білімі заманауи талаптарға сай дамып келеді, – деді вице-адмирал С. Борамбаев.Жиында әскери жоғары оқу орындары басшыларының әріптестеріне арналған бейнеқұттықтаулары ұсынылды. Олар әскери педагогтарға Отан қорғаушыларды тәрбиелеу мен оқыту жөніндегі маңызды миссияны абыроймен атқаруға, ал әскери-ғылыми қызметкерлерге ел қауіпсіздігін нығайту жолында жаңа жетістіктерге қол жеткізуді тіледі.Кәсіби мереке аясында бірқатар педагогтар мен ғалымдар «Ел қорғаны» ведомстволық медалімен, Қорғаныс министрінің атынан грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1111315?lang=kk
Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінің нормаларын түсіндіру бойынша семинар 24.11.2025
21.11.2025 жылы Алтай ауданы – Алтай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінің нормаларын түсіндіру мақсатында семинар өткізді.Кездесу барысында мамандар салық төлеушілердің барлық сұрақтарына толық жауап берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1111283?lang=kk
Ауыл тұрғындарын қабылдау 24.11.2025
БАЯНДЫ АУЫЛЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА❗️Мұнайлы аудандық мәслихат депутаты Табынбаев Сәндібек Таңғалиұлы ауыл тұрғындарын қабылдайды.📍 Өтетін орны: Баянды ауылы әкімі аппаратының ғимараты.🗓 Күні 12.02.2026ж⏱️Сағат: 10:00-12:00⚜️Баянды ауылы әкімі аппаратының баспасөз қызметі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1160840?lang=kk
"Халық заңгері" республикалық әлеуметтік акциясы. 24.11.2025
24 қарашада Бастаушы ауылдық клубында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмасы бойынша "Халық заңгері" республикалық әлеуметтік акциясы аясында аудандық жер қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, сот, прокуратура және салық басқармасы бөлімдерінің өкілдері азаматтарды қабылдады. Акцияның мақсаты халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтардың проблемалық мәселелерін жедел және білікті шешу және "Заң және тәртіп"идеологиясын одан әрі ілгерілету болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-bastaushy/press/news/details/1111232?lang=kk
Көліктен мүлікке дейін: тұтынушылардың резонанс тудырған істеріне шолу 24.11.2025
Соңғы уақытта тұтынушылардың құқығын қорғау саласында бірқатар резонанс оқиғалар тіркелді. Біз адамдар өз құқықтары бұзылғанда қалай әрекет еткенін және әділдікке қалай қол жеткізгенін көрсететінең маңызды жағдайларға шолу жасадық. Бұл оқиғалардер кезінде көмек сұраудың маңыздылығын және оқиғаға білікті мамандар араласқанда істің қалай өзгеретінін көрсетеді. Жалпы түскен өтініштердің басым бөлігі автокөлік сатып алуға қатысты болды. Алматы қаласында бірнеше тұтынушы жаңа сатып алынған көліктердің ақауы бар екенін байқаған. Бір алматылық тұрғын қозғалтқыштағы күрделі ақауды байқап, заңгерденкеңес алғаннан кейін көліктің толық құнын, яғни 6,99 млн теңгені қайтарып алды. Басқа бір сатып алушы өз автокөлігінде беріліс қорабында ақау, артқы камерасының істемейтінін және жанармай багының қақпағының ашылмайтынын анықтаған. Департамент мамандарының кеңесінен соң оған автосалон 14,9 млн теңгені толық көлемде қайтарды. Тағы бір автокөлік иесі беріліс қорабындағы ақауды анықтап, мамандардың қолдауымен 13,9 млн теңгесін қайтарып алды. Шымкент қаласында электромобиль иесінің оқиғасы көпшіліктің назарын аударды. Ол көліктің жүріс қоры өндірушінің көрсеткен мәліметіне сәйкес келмейтінін байқап, бұрын пайдаланылған батареялардың қолданылған болуы мүмкін деген күмән туындады. Мәселе мамандар арқылы шешілгеннен кейін сатушы тұтынушыға 21 млн теңгені қайтаруға келісті. Ұлытау өңірінде басқа бір тұрғын жаңа автокөліктің қозғалтқышы мен кондиционер жүйесінде ақау бар екенін анықтады. Кеңестер мен келіссөздерден кейін автокөлік толықтай жаңа көлікпен ауыстырылды, оның құны 9,09 млн теңгені құрады. Бұл жағдай даулы мәселені тиімді шешудің жарқын мысалы болды. Жылжымайтын мүлік нарығында да маңызды оқиғалар болды. Алматыда бір әйел келісімшартта көрсетілген мерзім өтіп кеткеніне қарамастан өз пәтерін ала алмаған. Мердігер әртүрлі себептерді алға тарттып, пәтер кілтін беруді кейінге қалдырып келген. Құқықтық кеңес алғаннан кейін оған алдын ала төленген 7,2 млн теңге қайтарылды. Шымкентте тағы бір тұрғын жеке себептерге байланысты сатып алған пәтерден бас тартқысы келген, бірақ сатушы қаражатты қайтарудан бас тартты. Департаменттің араласуының арқасында мәселе оң шешімін тауып, тұтынушы 37 млн теңгені қайтарып алды. Актөбе облысында туристік агенттіктерге қатысты бірнеше шағым түсті. Тұтынушылар алдын ала төленген турға бара алма қалған. Жүргізілген түсіндіру жұмыстары мен консультациялар нәтижесінде жеті азаматқа 1,2 млн теңге қайтарылды. Батыс Қазақстан облысында ерекше оқиға тіркелді. Департамент бірден он сегіз тұтынушының құқығынқорғау үшін сотқа жүгінді. Тұрғындар жиһазға тапсырыс берген, бірақ тауарды ала алмаған. Сот талапты толық қанағаттандырып, кәсіпкерлерді 11,2 млн теңгені қайтаруға міндеттеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1111242?lang=kk
Құтыру 24.11.2025
Құтыру ауруынан жыл сайын дүние жүзінде 40000-нан 70000-ға дейін адам өледі. Ең қолайсыз аймақтар – Азия, Африка және Латын Америкасы. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша құтыру экономикалық зияны бойынша бесінші орын алатын жұқпалы ауру.Бұл адамдарға да, жануарларға да әсер ететін жіті вирустық ауру.Егер дер кезінде емдік және профилактикалық шаралар жүргізілмесе, ауру адам үшінде, жануарлар үшін де 100% өліммен аяқталады, оны емдеу мүмкін емес.Бұл аурудың негізгі тасымалдаушылары – жыртқыштар: түлкілер (қарсақтар), қасқырлар, аюлар, арктикалық түлкілер. Үй жануарларынан тасушы ит, мысық, жылқы, қой, ірі қара мал болуы мүмкін. Құстардан: батпырауық, қарға, сұңқар, үкі. Адамдар үшін инфекция көзі аурудың өзі кезінде де, инкубациялық кезеңде де (жасырын кезең) ауру жануар болып табылады. Құтыру вирусы ауру жануардың сілекейінде кездеседі: тістеу, сілекей ағу, сызаттар жене тері мен шырышты қабаттардың басқа зақымдануы вирустың аэрозольдік жолмен берілу жолымен жұқтыру қаупін арттырады. Тұрмыстық заттар, аумақтар да жұқтырылуы мүмкін. Вирус ағзаға (адам немесе жануар) енген кезде жүйке ұштары арқылы найзағай жылдамдығымен миға еніп, оны көбейтіп, бұзады. Мінез-құлқының өзгеруі жануардың ауруының смпатты белгісі болып саналады: жабайы жануарлар адамдардан қорықпайды, олар елді мекендерге кіреді, мейірімге ие болады, сипалауға мүмкіндік береді, үй жануарлары агрессивті болады, иесіне шабуыл жасайды, тістейді, иесін, басқа жануарларды тырнап алады., сілекей ағу, құтыру байқалады (суды көргенде жануарларда құрысулар болуы мүмкін), сал ауруы дамиды. Жануарлардың мәйіттері өртеніп, салыстырмалы түрде дені сау жануарлар бақылауда және вакцинацияда. Мал ұсталған барлық бөлмелерде дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде.Үй жануарларында құтыру ауруының алдын алу үшін олардың қаңғыбас, жабайы жануарлармен араласуына жол берілмейді.Құтыру тым қорқынышты ауру, оны шексіз емдеуге болады.Осыны есте сақтаңыз және дер кезінде медициналық көмекке жүгініңіз!!! «ҚР АШМ ВБжҚК Меңдіқара ААИ» ММ Боровское ауыл, Алтынсарин көшесі 83, тел.: 2-40-94Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1269171?lang=ru
Шымкент мектептерінде жасанды интеллектпен басқарылатын «Айқын» жобасы іске қосылады 24.11.2025
Биыл қаланың білім саласында бірінші рет «Айқын» жобасы іске асырылғалы отыр. Оған жергілікті бюджеттен 5,7 млрд теңге қаржы бөлінді. Бұл қаражатқа мектептердегі компьютерлік кабельдер жаңартылады. Ол интернет жылдамдығын жақсартуға көмектеседі. Қазір кейбір мектептерде интернет жылдамдығы төмендеу. Оған бірінші кезекте кабельдердің тозығы кінәлі. Мектептерде 4 205 камера істеп тұр. Жоба аясында басқарма тағы 9 021 бақылау камерасын сатып алады. Білім ошағындағы әрбір кабинет камерамен жабдықталады. Спорт залымен қосқанда қала мектептерінде 8 230 кабинет бар. Соның 829-ы камера қызметіне қосылған. Енді тендерде жеңімпаз атанған компания қалған кабинеттердің бәріне камера орнататын болады. Мердігер қолданыстағы төрт мыңнан астам камераның ішіндегі істен шыққандарын да ауыстырып береді. Бақылау құрылғыларын жасанды интеллект басқарады. Егер кабинетте заң бұзушылық орын алса, камераға түскен деректер дереу полиция департаментіндегі жедел басқару қызметіне жөнелтіледі. Г.Дәрібаеваның мәлімдеуінше, камера арқылы басқармадағы әдістемелік орталық мамандары кез келген мектептің кабинетіндегі сабақты онлайн бақылай алады.«Сонымен бірге Kundelik kz. жүйесі арқылы директорға, оның орынбасарына, мұғалімге ескертулер келіп түседі. Мәселен, ағылшын тілінің мұғалімі 45 минуттық сабақта 5 минут телефон қараса, 20 минут біреулермен сөйлессе, балаларға сабақ түсіндірмей, үй тапсырмасын бере салса, Kundelik kz. платформасын ашқанда ескерту келіп тұрады. Ол жерде мұғалімнің іс-әрекетін айыптаған хабарлама жарияланады. Оның бәрін жасанды интеллект камералар арқылы бақылап, Kundelik kz.-ке жіберіп отырады. Бұл хабарлама директор мен оның орынбасарына да барады. Директор мұғалімді шақырып алып, өз міндетін дұрыс атқармағаны үшін ескерту жасай алады немесе басқа да жауапкершілікке тартуы мүмкін. Жаңа жоба Шымкентте бірінші мәрте қолға алынғалы жатыр. Бірақ басқа өңірлерде бұл тәжірибе біраздан бері бар сияқты. Біз өткен жылы оны сынақтан өткізіп көрдік. Қаланың екі мектебінің дәлізіне жасанды интеллектімен басқарылатын камералар орнаттық. Сол арқылы басқарма мамандары әрбір тәртіпсіздікті бақылап отырды. Тіпті жасанды интеллект көмегімен балалардың көңіл күйін анықтадық. Мына баланың көңіл күйі жоқ, мұңайып тұр деп ЖИ нұсқаған оқушымен мектептің психологтері арнайы жұмыс жүргізді. Сөйтіп, оқушылардың психологиялық ахуалына жауапты мамандардың қызметтік міндетін күшейттік. Жасанды интеллект арқылы бақылауды бастапқы тәжірибеден өткізіп көрдік. Нәтижесі жаман емес. Енді қала көлемінде қалай болатынын байқаймыз. Жаңа жоба мегаполистің білім саласына төңкеріс әкелмесе де біраз өзгерістерге жол бастайтыны анық. Бақылау арқылы мұғалімдер қызметінің сапасы жақсарып, оқушылардың білім деңгейі арта түседі деген сенімдеміз. Төбесінде камера тұрғанын білетін ұстаз 45 минут сабағын талапқа сай өткізіп, сынып ішінде оқушылардың да бұзықшылығы азаяды», деді Гүлнара Тұрдыбайқызы.Осы жобаның көмегімен тек білім сапасын арттырып қоймай, оқушылар арасында кездесетін буллинг, яғни әлімжеттікті де жоюға болады.Әрбір оқушыны ыстық тамақпен қамтамасыз етуге мемлекет тарапынан қаржы бөлінеді. Ол «Әлеуметтік әмиян» деп аталады. Сол әмиян қаражатының мақсатты жұмсалуын бақылау үшін басқарма ақпараттық-бағдарламалық кешенді енгізу үстінде. Бұл жүйе бойынша мемлекет баланың ыстық тамақ жегеніне қарай ақша төлейді. Мектеп асханасын жалға алған кәсіпкер тек келген бала санына қарай азық-түлікпен қамданып, ас әзірлейді. Мәселен, мемлекет жүз балаға ақша бөлсе солардың барлығы түгел тамақтана ма, оған қарамайтын. Келмей қалған оқушының орнын басқа бала пайдаланып кететін. Енді жаңа жүйемен қаржы тек тамақтанып жүрген бала үшін ғана нақты қаралады. Осылайша, АБК-ның қаржы үнемдеуге көп пайдасы тигелі тұр. Ақпараттық-бағдарламалық кешен жасанды интеллект көмегімен іске асырылады. АБК-мен кітапханаға келетін бала санын анықтап, оқушылардың кітапхана қызметін пайдаланудағы статистикасын дәл есептеп шығаруға болады.
ҚР ҰҚК АТО штабы жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерімен республикалық семинар өткізді 24.11.2025
2025 жылғы 21 қарашада ҚР ҰҚК АТО штабы жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерімен "Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйі және оны арттыру жөніндегі шаралар туралы"тақырыбында республикалық семинар өткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/upr-ump-kostanay/press/news/details/1111139?lang=kk
«Өмірмен кеңес» шығармашылық кешіне қатыстық 24.11.2025
А.Беркенованың 75 жылдығына арналған «Өмірмен кеңес» шығармашылық кешіне қатыстық.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/upr-ump-kostanay/press/news/details/1111156?lang=kk
Ислам ойындарында қарағандылық спортшылар сегіз медаль жеңіп алды 24.11.2025
«One nation – бір ұлт» ұранымен Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта өткен Ислам ынтымақтастығының VI ойындары аяқталды. Жарысқа 57 елдің спортшылары қатысты. Қазақстан құрамасы спорттың 16 түрінен барлығы 56 медаль жеңіп алды, оның 15-і алтын, 20-ы күміс және 21-і қола. Осы марапаттардың сегізі қарағандылық спортшылардың еншісінде.Ислам ойындарында бірінші орындарды: джиу-джитсудан Алматай Жігер, каратэден Никита Тарнакин және үстел теннисінен командалық түрде Алан Құрманғалиев иеленді. «Күмісті» Любовь Ковальчук (ауыр атлетика), қола медальдарды: Артем Антропов (ауыр атлетика), Эльмира Сыздықова (әйелдер күресі), Ажар Салықова (джиу-джитсу) және гандболдан құрама сапындағы Кира Немтырева жеңіп алды. Спортшылар мен олардың жаттықтырушыларын жеңістерімен құттықтаймыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-sport/press/news/details/1111075?lang=kk
«Сарыарқа» ойыншылары хоккейден Азия чемпиондары атанды! 24.11.2025
Қарағанды командасының шабуылшылары Александр Борисевич пен Артем Лихотников, қорғаушылар Эдуард Михайлов пен Иван Степаненко, сондай-ақ дәрігер Иван Журбин мен массажист Вадим Пономарев Қазақстан құрамасына шақырылып, жаттығу жиындарынан кейін құрлықтық біріншілікке Пекинге аттанды. 20-23 қараша аралығында біздің құрама Азия чемпионатының барлық қатысушыларымен ойнады. Талғат Жайлауовтың басшылығымен Оңтүстік Кореяны (4:2) және Қытайды (5:1), содан кейін соңғы матчта Жапонияны 4:3 есебімен жеңді.Осылайша, Қазақстан құрамасы Азияның екі дүркін чемпионы атанды. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы қазақстандықтар Алматыда өткен құрлықтық біріншіліктің жеңімпаздары атанды.Әрине, чемпионаттың басты ерекшелігі Иван Степаненконың алғашқы матчтағы хет-тригі болды. Ол Азия чемпионатының үздік қорғаушысы болып танылды. Біздің хоккейшілерді жеңісімен құттықтаймыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-sport/press/news/details/1111076?lang=kk