Enbekshi QazaQ

Әлем

Қостанай қаласында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілуде 30.10.2025
Қостанай қаласы Полиция басқармасының тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес бөлімі қызметкерлері тұрғындармен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жадынамалар мен буклеттер таратты.Егер сіз тұрмыстық зорлық-зомбылықтың куәгері немесе құрбаны болсаңыз, үнсіз қалмаңыз!102 нөмірі бойынша полицияға, сондай-ақ 150 және 111 сенім телефондарына хабарласыңыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1096235?lang=kk
Қазақстанда сот-сараптама және IT-криминалистикаға маманданған жетекші үнді университетінің филиалы ашылады. 30.10.2025
Ішкі істер министрлігі Ұлттық қорғаныс министрлігімен бірлесіп Ішкі істер министрлігінің Басқару академиясының базасында Ұлттық сот сараптамасы университетінің (Үндістан, Гандинагар) филиалын құру бойынша жұмыс жүргізуде. Білім ошағында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков және Үндістанның Ұлттық сот сараптамасы университетінің атқарушы тіркеушісі Шри Джадеждің қатысуымен үшжақты кездесу өтті.
Қазақстанда Үндістанның сот сараптамасы және IT-криминалистика саласындағы топ-университетінің филиалы ашылады. 30.10.2025
Ішкі істер министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігі бірлесіп, Үндістандағы сот ғылымдары ұлттық университетінің филиалын ІІМ Басқару академиясы базасында ашу бойынша жұмыстарды жүргізіп жатыр.Оқу орнының базасында үшжақты кездесу өтті. Оған ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков және Үндістан Ұлттық сот ғылымдары университетінің өкілі Шри Джадежа қатысты.
Зейнетақы активтерінің кірістілігі: 12 айда – 3,11 трлн теңге 30.10.2025
2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша міндетті, міндетті кәсіптік және ерікті жарналар есебінен қалыптастырылған және ҚРҰБ-тың сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерінің соңғы 12 айда салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген табыстылығы 12,90% инфляция кезінде 14,11% болды. 2024 жылдың қазанынан бастап 2025 жылдың қыркүйегіне дейінгі кезең ішінде есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 3,11 трлн теңгеге жетті.   Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) есебінен зейнетақы активтерінің кірістілігі соңғы 12 айда 8,44% құрады. Зейнетақы активтерінің қысқа мерзімді жеке кезеңдердегі кірістілігі оларды басқару тиімділігінің көрсеткіші бола алмайды. Өйткені қаржы құралдары мен басқа операциялар бойынша сыйақы түріндегі қысқа мерзімде есептелген кірістер осы кезеңдегі бағалы қағаздар мен валюта бағамдарының өзгеруін әрдайым жаба бермейді. Сондықтан инвестициялық кірістің мөлшерін объективті талдауды кем дегенде бір жылдық көрсеткіші бойынша жасаған жөн.   Орта және ұзақ мерзімді келешекте зейнетақы жинақтарының оң нақты (жинақталған инфляциядан асатын) табыстылығы қамтамасыз етіледі. Мәселен, 1998 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған сәттен бастап 2025 жылғы 1 қазанға дейін жинақталған инвестициялық кірістілік 1063,15% болды, ал бүкіл кезеңдегі инфляция 920,56%.2014 жылдан бастап (зейнетақы активтері БЖЗҚ-ға біріктірілгеннен кейін) жинақталған таза инвестициялық кіріс – 2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 13,62 трлн теңге. Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының жалпы көлеміндегі жинақталған таза инвестициялық кірістің үлесі жүзеге асырылған төлемдер есебімен 42,8% жетті, бұл азаматтардың жинақтау құрылымында инвестициялық қызметтің маңызды орын алатынын көрсетеді.  Қазақстанда инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына бірегей кепілдік берілетінін еске саламыз. Салымшының төлемге құқығы басталған кезде жинақталған кірістілігіне кері әсерін тигізген жекелеген кезеңдердегі кірістіліктің төмендеуі жағдайында айырманың өтемақысына мемлекет кепілдік береді.Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару мен есепке алу жүйесі толықтай ашық: әрбір салымшының  enpf.kz сайтындағы немесе ұялы қосымшадағы жеке кабинетінен өзінің инвестициялық кірісін көруге мүмкіндігі бар. БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және олар орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат Қордың (www.enpf.kz) ресми сайтындағы «Статистика және аналитика/Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару» бөлімінде жарияланады. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-katon-karagay/press/news/details/1109458?lang=kk
"Таза Қазақстан" бағдарламасы аясында 30.10.2025
"Таза Қазақстан" бағдарламасы аясында ағаш отырғызу сенбілігіне қатыстық.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/upr-ump-kostanay/press/news/details/1095884?lang=kk
«Менің Шағын Отаным» жас тарихшылар байқауының жеңімпазы 30.10.2025
2025 жылдың 22 қазанында Қарағанды ​​қаласында Ә.Е.Бөкетов атындағы Қарағанды ​​мемлекеттік университетінде 9-10 сынып оқушылары арасында «Менің шағын Отаным» атты жас тарихшылардың республикалық зияткерлік байқауының облыстық кезеңі өтті.«Ертеңгі менің өлкем: болашақ жобасы» номинациясы бойынша 3 орынды Осакаровка кентіндегі No9 гимназияның 10 сынып оқушысы ДОМИНОВА КАМИЛА иеленді.ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1095895?lang=kk
Ұлттық ұланда цифрландыру жаңа деңгейге шықты: Әскери коммуникацияның болашағы талқыланды 30.10.2025
Құқықтық тәртіп әскерінде цифрландыру үдерісі жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді.  Осы ретте ҚР ІІМ Ұлттық ұлан академиясында цифрландыру дәуіріндегі ақпараттық қауіпсіздік пен коммуникацияның жаңа бағыттарына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.Бұл жиын Петропавл қаласындағы Qyzyljar Creative Center алаңында ұйымдастырылды. Конференцияға отандық және шетелдік жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы, курсанттар мен студенттер қатысты. Іс-шараның басты мақсаты – цифрлық трансформация кезеңінде әскери саладағы ақпараттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру және коммуникация мәдениетін жаңа деңгейге көтеру болды.Қатысушылар әскери білім беру жүйесіне цифрлық технологияларды тиімді енгізу мәселелерімен қатар әлеуметтік желілердегі манипуляция, фейк контенттің таралуы секілді тақырыптарды да талқылады.Конференцияда академияның әскери педагогика және психология кафедрасының оқытушылары полковник Болат Смағұлов, запастағы полковник Александр Митяев және подполковник Қазыбек Мұратаевтың электронды оқу құралы түріндегі ұжымдық еңбегі таныстырылды.Онда, Ұлттық ұланның стратегиялық коммуникацияларын жетілдіру жөніндегі ұсынымдар кешені, оның ішінде институционалдық, технологиялық және білім беру шаралары бірге қаралған. Оқу құралы HTML бағдарламасы тілінде орындалған және «Ақпараттық-психологиялық қарама-қайшылық», «Журналистика негіздері» пәндері бойынша курсанттарды даярлауға, сондай-ақ жеке құраммен тәрбие жұмысын жүргізуге арналған.Конференцияда Ұлттық ұлан академиясының екінші курс курсанты Ислам Ауесхан ерекше белсенділік танытып, жасанды интеллекттің медиа ортадағы адам санасына ықпалы туралы өзекті баяндама жасады.Ол медиа платформалардағы алгоритмдердің пайдаланушылардың мінез-құлқын болжау мүмкіндігіне тоқталып, бұл үрдістің ақпараттық қауіпсіздік пен жеке кеңістікке әсерін саралады.Ғылыми жиынға Қазақстан мен шет елдерден 65-тен астам ғылыми еңбек келіп түсті. Бұл цифрландыру тақырыбының әскери ғылымдағы өзектілігін және халықаралық ынтымақтастықтың кеңейіп келе жатқанын көрсетті.Конференция қорытындысы бойынша сарапшылар Ұлттық ұлан академиясы бастамасымен жүзеге асырылып жатқан цифрландыру бағытындағы ғылыми зерттеулердің жаңа сапалық деңгейге көтерілгенін атап өтті.Мұндай бастамалар әскери педагогика мен психология салаларының дамуына, сондай-ақ ақпараттық мәдениеті жоғары, цифрлық ойлау қабілеті бар офицерлер буынын қалыптастыруға негіз қалайды. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1095902?lang=kk
Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы 30.10.2025
Игенов Азат Есетович - заместитель директора по учебной части КГУ "Опорная школа (ресурсный центр) №12" отдела образования Осакаровского района управления образования Карагандинской области. Игенов А.Е.: "Я стал лидером перемен! Я сделал это! И теперь могу с уверенностью сказать: это был настоящий прорыв.Я успешно завершил обучение по программе «1000 лидеров изменений в образовании», организованной ЦПМ! Этот опыт полностью изменил мое понимание управленческих задач и подходов к инновациям в сфере образования. Это не просто курсы, а мощный толчок к стратегической трансформации.Я перестал ждать перемен и научился создавать их сам.Что мне дала программа? Смена парадигмы: Освоил современные подходы к стратегическому планированию, цифровизации и работе с талантами. Мощное окружение: Вступил в закрытое сообщество профессионалов, которые реально меняют школы. Реальный результат: Разработал и уже внедряю собственный проект изменений, который приносит видимые результаты!Если вы чувствуете, что готовы развивать и трансформировать казахстанское образование, если вы хотите перестать быть просто исполнителем и стать архитектором будущего, то ваш путь начинается здесь!"  Не откладывайте свое развитие! Регистрируйтесь на следующий поток и станьте частью команды лидеров!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1095872?lang=kk
2025 жылғы 28-29 қазанда Қостанай облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» республикалық форумы өтті. 30.10.2025
Іс-шараны Қостанай облысы әкімдігінің қолдауымен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ЭҚДК «Қоғамдық келісім» РММ ұйымдастырды.Форумға ҚР Парламенті Сенатының депутаты, «Мемлекеттік тіл – этносаралық қатынас тілі» ҚХА жобасының жетекшісі Геннадий Шиповских, жазушы және «Ситуативный казахский» оқулығының авторы Қанат Тасыбеков, сондай-ақ қоғам қайраткерлері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ғылыми және шығармашылық интеллигенция, ҚХА жастар қанаты қатысты.Форумның мақсаты – мемлекеттік тілдің этносаралық қатынас тілі ретіндегі рөлін нығайту, оны үйренудің үздік тәжірибелерін насихаттау және елдің біртұтас мәдени-тілдік кеңістігін дамыту.28 қазан күні қатысушылар өңірдің тарихи-мәдени және өндірістік нысандарын аралады: Ы.Алтынсарин кесенесі, М.Дулатұлы, А.Байтұрсұлының ескерткіштері, Ы.Алтынсарин атындағы мұражайына барып, І.Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрында М.Әуезовтің «Қараш-Қараш» қойылымын тамашалады.29 қазанда форумның салтанатты ашылуы және пленарлық отырысы өтті. Модераторы – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ЭҚДК «Қоғамдық келісім» РММ директорының орынбасары Руфина Усанова.Пленарлық отырыста Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, сенатор Геннадий Шиповских, ҚХА Аналар кеңесі төрағасының орынбасары Камал Әлпейісова және «Мәміле» клубының негізін қалаушы Қанат Тасыбеков баяндама жасады.«Табыстың тарихы» сессиясында ҚХА амбассадорлары қазақ тілін меңгеру тәжірибелерімен, кәсіби жетістіктерімен және жастарға арналған кеңестерімен бөлісті. Олардың қатарында – Тимур Онянов (Павлодар), Әнел Пимичева (Астана), Денис Романов (Астана), Марина Богомолова (БҚО), Милана Әшімбек (Ақмола облысы), Евгений Кравчук (Жамбыл облысы), Карина Роот (Көкшетау) және Алёна Малькова-Солопова (Ақмола облысы) бар.Күннің екінші жартысында «Мемлекеттік тілді меңгерудің үздік тәжірибелері» атты үш параллельді шеберлік сағаттары өтті. Қостанай өңірінің жоғары оқу орындарының студенттері қазақ тілін үйренудің цифрлық, коммуникативтік және шығармашылық әдіс-тәсілдерімен танысты.Форум достық, өзара құрмет және ортақ тіл идеясы төңірегінде түрлі этнос өкілдерін біріктірген ашық диалог алаңына айналды. Іс-шара қоғамның қазақ тілін үйренуге деген қызығушылығын арттыруға және сөз мәдениеті арқылы бірлікті нығайтуға бағытталды.#ҚХА30жыл #30летАНК #APK30yearsАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1095821?lang=kk
Отандық стартаптар Кремний алқабында 30.10.2025
Сан-Франциско, 2025 жылғы 29 қазан – TechCrunch Disrupt халықаралық конференциясы аясында Қазақстаннан келген 80ге жуық стартап негізін қалаушылар Кремний алқабында бас қосты. Cан Франциско қаласында өтіп жатқан бұл шараға 40 елден 10 мыңнан астам қатысушылар технологиялардың болашағына жаңа бағыт беру үшін жиналған.Қазақстанның Сан-Францискодағы Бас консулдығы осы орайда отандық стартап қалаушыларына қолдау ретінде Kazakhstan Startup Night атты кеш ұйымдастырды. Оның басты мақсаты -  тәжірибелі инвесторлар мен табысты стартапшылардың білімін, тәжірибесін жас кәсіпкерлермен бөлісіп, оларға шабыт пен бағыт беру.Сондай-ақ, кеште Кремний алқабының венчурлік инвесторларымен ашық панельдік талқылаумен қатар қатысушыларға “Voice of founders” атты бейнабаян көрсетілді. Шара аясында қатысушылар нетворкинг сессиясында өз идеяларын таныстырып, жаңа таныстар мен кәсіби байланыстар орнатты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-san-francisko/press/news/details/1095800?lang=kk
Жасанды интеллект саласындағы қазақ-әмірліктер ынтымақтастығына жаңа серпін 30.10.2025
Абу Даби, 2025 жылғы 29 қазан – Мухаммед бен Заид атындағы жасанды интеллект университетінде (MBZUAI) Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Рауан Жұмабек пен Университеттің проректоры, профессор Тимоти Болдуиннің кездесуі өткізілді.Кездесу барысында тараптар білім, ғылым және жасанды интеллект салаларындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.Қазақ дипломаты MBZUAI университетінің жасанды интеллект, машиналық оқыту және табиғи тілді өңдеу бағыттарындағы әлемдік жетекші ғылыми орталықтардың бірі ретіндегі маңызды рөлін атап өтті.Өз кезегінде профессор Т.Болдуин Қазақстанның жоғары білім жүйесін жаңғырту, ғылыми зерттеулерді дамыту және жасанды интеллектті өркендету мәселелеріне Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың стратегиялық назарын жоғары бағалады.Осыған байланысты, Мемлекет басшысының ү.ж. 13–15 қаңтарда БАӘ-ге жасаған ресми сапары және оның жасанды интеллект саласындағы жетекші мекемелер мен компаниялардың өкілдерімен кездесуі инновациялар мен жоғары технологиялар саласындағы қазақ-әмірліктер ынтымақтастығын дамытуға жаңа серпін бергені атап өтілді.Аталған сапар барысында Президент Қ.Тоқаев экономиканы жаңғырту, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында жасанды интеллектінің әлеуетін пайдаланудың маңыздылығын айтты.Тараптар бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру, академиялық алмасулар ұйымдастыру, сондай-ақ жасанды интеллект этикасы әрі басқару салаларында ортақ зертханалар мен бастамаларды құру арқылы әріптестік байланыстарды нығайтуға өзара мүдделілік білдірді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөніндегі практикалық қадамдарды талқылау мақсатында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қатысуымен келіссөздер өткізу жөнінде уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-abudhabi/press/news/details/1095677?lang=kk
«24 қазан - Кітапханашылар күні» мерекесіне орай, «Кітапханашы – уақытпен үндес мамандық» атты салтанатты кеші аталып өтті 30.10.2025
Салтанатты шараның ашылуында Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қуаныш Сұлтанұлы Сүлейменов құттықтау сөз сөйлеп, ел игілігі жолында ұлттық рухани құндылықтарды сақтап, насихаттауға, сондай-ақ мәдениет пен түрлі салалық ақпараттарды көпшілікке қолжетімді етуге аянбай еңбек етіп жүрген кітапханашыларға ізгі тілегін жеткізді. Ол өз сөзінде кітапханашылардың қоғамның мәдени және рухани дамуына қосып отырған өлшеусіз үлесін ерекше атап өтіп, олардың еңбегі арқылы жас ұрпақтың білімге, өнер мен әдебиетке деген қызығушылығы арта түсетінін тілге тиек етті.Биылғы жылы  кітапханашы күніне орай кітапхана ісінің дамуына қосқан зор үлесі мен жеке еңбек және шығармашалық үлестері үшін, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен - Қаратал аудандық орталық кітапханасының кітапханашысы Қалиева Бибігүл Абенқызы, Панфилов ауданы балалар кітапханасының меңгерушісі  Құдайқұлова Шикер Құрманғазықызы  иеленсе, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрінің «Құрмет грамотасымен» Кербұлақ ауданы Талдыбұлақ ауылдық кітапханасының меңгерушісі Усабаева Нұрқайрат Сағымбайқызы, Көксу ауданы Ақтекше ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ахметова Марал Төлегенқызы, Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Түстебаева Гүлмира Сауытбайқызы, Мәдениет және ақпарат министрінің «Алғыс хатымен» Панфилов ауданы Үлкеншыған ауылдық кітапханасының кітапханашысы Қашқынбаева Гүлдана Нұрғалиқызы, Сарқан ауданы Бақалы ауылдық кітапханасының кітапханашысы Құрманғалиева Сәуле Тоқтасынқызы, Талдықорған қаласының 3 бөлімшедегі №7 кітапхана филиалының кітапханашысы  Жұмаділқызы Күміс, сондай-ақ Жетісу облысы әкімінің «Құрмет грамотасымен» Кербұлақ ауданы Шанханай ауылдық кітапханасының меңгерушісі Тостекбаева Жумакүль Жебегеновна, Талдықорған қалалық балалар кітапханасының кітапханашысы Мифтахова Ильнур Басимовна, Саябаева Жанар Зейнелқабденқызы  Алакөл ауданы Қызылащы ауылдық кітапханасының кітапханашысы, Жетісу облысы әкімінің «Алғыс хатымен» Алакөл ауданы, Қабанбай ауылдық балалар кітапханасының кітапханашысы Курманбаева Жазира Айтжановна, Панфилов ауданы Шолақай ауылдық кітапханасының кітапханашысы Джалғасбекова Бағдагул Абдулдажанқызы марапатталды.ҚР Ұлттық кітапханасының Қазақстандық кітапханалық одағынан облысымыздың 8 кітапханашына «Қазақстанның Құрметті кітапханашысы» төсбелгісі, 6 кітапханашыға «Құрмет грамотасы», 5 кітапханашыға Алғыс хаты табысталды.Жетісу облысы С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастаруымен кітапхана мамандарының кәсіби біліктілігі мен шығармашылық ізденістерін арттыру, кітапхана жұмысын заманауи өзгерістерге бейімдеу, ілгерілету мақсатында өткізілген байқаулардың қорытындысы бойынша «Көшбасшы кітапхана - 2025» номинациясымен Талдықорған қаласынының В.Маяковский атындағы орталықтандырылған кітапханасы, «Үздік ардагер кітапханашы - 2025» номинациясымен Талдықорған қалалық балалар кітапханасының меңгерушісі Альбиланова Назгуль Досаевна, «Үздік жас кітапханашы - 2025» номинациясымен Ескелді ауданы Көкжазық ауылдық кітапханасының кітапханашысы Нүсіп Айжан Бекежанқызы, «Үздік жыл әдіскері» номинациясымен Кербұлақ аудандық кітапханасының кітапханашысы Сейдахметова Жанар Чайхидановна,  «Үздік библиограф - 2025» номинациясымен Көксу аудандық кітапханасының кітапханашысы Нұрахметова Айым, «Үздік балаларға арналған жоба» номинациясымен Панфилов ауданы Ынталы ауылдық кітапханасының кітапханашысы Даулетқазы Ақторғын Даулеткелдіқызы марапатталды. Мерекелік шараға Жетісу облысының зиялы қауым өкілдері, кітапханашылары, арнайы шақырылған Жетісулық ақын-жазушылар, кітапхана оқырмандары қатысты.Салтанатты шара Данеш Рақышев атындағы филармония әншілерінің мерекелік концертімен ұласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1095681?lang=kk
Ұландық спортшы пауэрлифтингтен Еуразия чемпионатында алтын алды 30.10.2025
Астанада пауэрлифтингтен өткен Еуразия чемпионатына 15 елден 150-ден астам үздік спортшы қатысты.Жарыста ҚР ІІМ Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының әскери қызметшісі, құпия ақпаратты техникалық қорғау орталығының қызмет бастығы, аға лейтенант Дінмұхамед Мұхтарханов лайықты өнер көрсетті.Ұландық офицер 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде "Жатып штанга көтерудің халықтық тәсілі" пәні бойынша 1 орын алып, дене шынықтыру мен кәсіпқойлықтың жоғары деңгейін көрсетті.ҚР ІІМ Ұлттық ұланы әскери қызметшісінің жеңісі ұландықтардың қызметте ғана емес, сонымен қатар халықаралық деңгейдегі спортта да табысты екендіктерін көрсетті. Сондай-ақ, мақсатқа ұмтылыстың, асқақ рух пен қызметтік шеберліктің үлгісі болды. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1095670?lang=kk
Бизнес пен билік арасындағы ашық диалог: Алматы облысында кәсіпкерлермен кездесу өтті 30.10.2025
Алматы облысында Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұров жергілікті кәсіпкерлермен кездесу өткізді. Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері мен аймақтық бизнес-қоғамдастық мүшелері қатысты.Кездесудің басты мақсаты — бизнес пен билік арасында тікелей диалог орнату. Мұндай формат Президенттің бизнес құқығын қорғауды күшейту және іскерлік ахуалды жақсарту жөніндегі тапсырмаларына сай жүзеге асырылуда.Талқылау барысында жер телімдерін беру, инвестициялық жобаларды іске асыру, жекеменшік білім беру саласын реттеу, экологиялық талаптарды сақтау және құқық қорғау органдарының кәсіпорын қызметіне араласуы сынды өзекті мәселелер көтерілді. Әр бағыт бойынша тиісті мемлекеттік органдар түсініктеме беріп, нақты шешу жолдарын ұсынды.Аймақта бүгінде 56 жекеменшік мектеп жұмыс істейді, онда шамамен 15 мың бала білім алады. 2025 жылдың қаңтар айынан бастап олардың 39-ы мемлекеттік тапсырыспен жұмыс істей бастады. Бұл қадам өңірдегі мектептердегі орын тапшылығын азайтуға мүмкіндік берді. Соңғы жылдары Қарасай және Іле аудандарында жалпы сыйымдылығы 3,5 мың оқушыға арналған екі заманауи мектеп пайдалануға берілді. Бұл үш ауысымда оқыту мәселесін шешуге оң әсер етті.Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыру және кәсіпкерлікті дамыту бағытында қолға алынған шараларға тоқталды.«Бизнес пен мемлекеттің бірлескен жұмысының арқасында облыс экономикасы тұрақты өсім көрсетіп отыр. Биылғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша қысқа мерзімді экономикалық индекс 110,2%-ды құрады. Ең жоғары өсім құрылыс, өнеркәсіп, сауда және инвестиция тарту салаларында байқалады. Кәсіпкерлікті қолдау – басым бағыттардың бірі. Бұл мақсатқа 27,8 млрд теңге бөлінді. Нәтижесінде шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 156 мыңнан асты, ал сектордағы жұмыспен қамту 10,5%-ға өсті. Тек бірлескен күш-жігер арқылы біз өңірдің тұрақты дамуын және халықтың өмір сапасын арттыра аламыз», — деді өңір басшысы.Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұров мемлекеттік құрылымдар мен бизнес арасындағы өзара іс-қимылдың ашық әрі болжамды болу қажеттігін атап өтті.«Мен кездесу нәтижесіне өте ризамын. Барлық мәселе сол жерде талқыланып, нақты жауаптар берілді. Ал республикалық деңгейдегі сұрақтарды жеке бақылауыма алдым», — деді Қанат Нұров.Кездесу соңында тараптар бірлескен жұмысты жалғастыру және бизнес мәселелері бойынша тұрақты пікір алмасу жөнінде уағдаласты. Мұндай өзара әрекеттестік кәсіпкерлікті дамытуға кедергілерді жедел жоюға және бизнес ортасын жақсартуға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1095662?lang=kk
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРУ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМНІҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ 30.10.2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында ауыл шаруашылығын дамытуға ерекше назар аударды. Мемлекет басшысы бұл сала ел экономикасының берік негізі екенін атап өтіп, ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеру қажет екенін баса айтты.Қазіргі таңда еліміздің бірқатар өңірінде өндірістің барлық сатысын қамтитын үздік агрокәсіпорындар жұмыс істейді. Олар жерді ұтымды пайдалану, өнімді өңдеу және өткізу тізбегін тиімді ұйымдастыру бағытында озық тәжірибе көрсетіп отыр. Президент атап өткендей, мұндай кәсіпорындар цифрландыру тәсілдерін кеңінен қолданып, өндіріс тиімділігін айтарлықтай арттыруда.Ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтерудің басты тетігі – инновация мен технологияны енгізу. Дәлме-дәл егіншілік, смарт фермалар, автоматтандырылған суару жүйелері және агродрондар – бүгінде әлемдік агроиндустрияның негізгі бағыттарына айналды. Қазақстан да осы үрдістен қалыс қалмауы тиіс.Сонымен қатар ауыл еңбеккерлерін қолдау, фермерлерге жеңілдетілген несие мен инфрақұрылымдық жағдай жасау – агросектордың тұрақты дамуының кепілі. Ауыл шаруашылығын дамытпай, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкін емес. Сондықтан бұл бағыттағы мемлекеттік бағдарламалар мен реформалар нақты нәтижеге бағытталуы тиіс.Президент ұсынған бастамалар ауыл аймақтарының әлеуетін арттырып, жаңа жұмыс орындарын құруға, жергілікті өнімдердің сапасын жақсартуға және экспорт көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.Ауыл шаруашылығын дамыту – бұл ауылдың ғана емес, бүкіл елдің өркендеу жолы. Заманауи технология мен білімді еңбеккерлердің күшімен Қазақстан агросаласында жаңа белестерді бағындыра алады.#АуылШаруашылығы #Жолдау2025 #ПрезидентТокаев #Агроөнеркәсіп #Цифрландыру #Инновация #ФермерлерҚолдауы #ЭкономикалықӨсу #СмартФерма #АзықТүлікҚауіпсіздігі
«БЖЗҚ» АҚ жыл басынан бері көрсеткен қызметтердің 98% цифрлық форматта іске асырылған 30.10.2025
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (Қор/БЖЗҚ) қазақстандықтарға цифрлық форматта түрлі қызметтер көрсетеді және оларды клиенттердің қажеттіліктеріне бейімделе отырып дамытуды жалғастыруда. Қордың сайтта және мобильді қосымшада 24/7 режимінде көрсететін қызметтерінің қолжетімділігі салымшылардың қызығушылығын арттырудың маңызды шарты болып табылады. 01.01.2025ж. мен 30.09.2025ж. аралығында халыққа шамамен 33,7 млн қызмет көрсетілді. Көрсетілген қызметтердің жалпы санының 20 млн-ы электрондық форматта, 12,6 млн автоматты түрде жүргізілді. Осылайша, автоматты, электрондық және қашықтықтан көрсетілген қызметтердің үлесі жалпы санның 97,9%-ын құрады. Қор қызметкерлері салымшыларға 724,4 мың қызметті жүзбе-жүз көрсетті, оның ішінде 708,9 мың қызмет тікелей Қордың кеңселерінде жүзеге асырылды.Естеріңізге сала кетейік, барлық зейнетақы шоттары БЖЗҚ-ға бірінші жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 18 жасқа толмаған азаматтарына нысаналы талаптар автоматты түрде есептеліп, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде нысаналы жинақтарды алушыларға нысаналы жинақтарды есептеу және есепке алу үшін нысаналы жинақтау шоттары ашылады. Есепті кезеңде шартты зейнетақы шоттарын (жұмыс берушінің ЖМЗЖ аударуы нәтижесінде ашылатын ШЗШ) және нысаналы жинақтау шоттарын ("Ұлттық қор ­— балаларға" бағдарламасы аясында ашылатын НЖШ) қоса алғанда, зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша автоматты режимде ашылған жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жалпы саны 1,2 млн жетті. Жеке зейнетақы шотынан, шартты зейнетақы шотынан (ШЗШ), сондай-ақ нысаналы жинақтау шотынан (НЖШ) үзінді көшірме алу бұрынғысынша ең танымал қызмет санатында. Жыл басынан бері ЖЗШ, ШЗШ, НЖШ-дан 21,7 млн үзінді көшірме берілді. Оның 18,3 млн-ы – электрондық, ал 2,9 млн үзінді көшірме автоматты түрде рәсімделді. Шоттың жай-күйіне қатысты ақпаратты жеке кабинет арқылы алу – зейнетақы жинақтарын қадағалаудың ең ыңғайлы, сенімді және жедел тәсілі. Қызмет тәулік бойы (24/7) онлайн режимде жұмыс істейді, бұл ақпаратты кез келген уақытта және әлемнің кез келген нүктесінен алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, зейнетақы шоттары туралы ақпаратты БЖЗҚ сайты арқылы ғана емес, egov.kz электрондық үкімет порталы немесе оның мобильді қосымшасы арқылы да алуға болады. Бұл мемлекеттік қызметтерді бірыңғай платформалар арқылы алуға дағдыланған азаматтарға өте қолайлы. БЖЗҚ 2025 жылдан бастап жыл сайынғы үзінді көшірмелерді пошта арқылы автоматты түрде жіберу тоқтатылғанын ескертеді. Бірақ, зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты "БЖЗҚ" АҚ атына тиісті сұранысты жіберген пошта арқылы алу мүмкіндігі сақталады.Салымшылардың (алушылардың) Қор сайтындағы және ұялы қосымшасындағы Жеке кабинеттен үзінді көшірме алудан басқа өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, шотының бар екендігі туралы анықтама алу, 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің мерзімсіз уақытқа белгіленуіне байланысты немесе ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру сияқты қызметтерді пайдалануға мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ, зейнетақы жарналарын төлеу туралы өтініштің мәртебесін қадағалау, инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) жинақтардың бір бөлігін аудару, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыны болжамды есептеу және т.б. қызметтер қолжетімді. Мәселен, жыл басынан бері салымшылардан жинағының бір бөлігін инвестициялық портфельді басқарушыларға аудару туралы 56,4 мың өтініш қабылданып, оның 53,9 мыңы электрондық нұсқада іске асырылған.   2025 жылдың басынан бастап 9 ай ішінде деректемелерді өзгертуге 104,2 мың өтініш қабылданды. Оның 98,3 мыңы Қордың кеңселерінде ұсынылды. БЖЗҚ мамандарына қандай да бір қызмет түрі бойынша жүгіне отырып, салымшылар, әдетте, жинақтарды қалыптастыруға қатысты қосымша кеңестер ала алады. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 38,3 мың көшпелі таныстырылым өткізіліп, оған 781,4 мың адам қатысты. Бұқаралық ақпарат құралдарында БЖЗҚ хабарламалары бойынша 32,1 мың материал жарияланды.Салымшылар мен алушылардың кері байланыс (Call-орталық, веб-сайт арқылы кеңес, мессенджерлер, әлеуметтік желілер және басқа байланыс түрлері) арналары бойынша түскен өтініштерінің саны – 395,2 мың.Естеріңізге сала кетейік, кез келген компания Қор кеңсесіне барып жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мәселелері бойынша таныстырылым мен кеңестер өткізуге өтінім бере алады. Ол үшін 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығына қоңырау шалып, Қор сайты немесе ұялы қосымшасы арқылы хабарласу қажет.БЖЗҚ-ның кеңес беру қызметтерін мессенджерлер (+7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боттары) арқылы, 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығынан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), enpf.kz корпоративтік сайтынан, сондай-ақ, Instagram, Facebook, ВКонтакте, Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларынан алуға болады.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-beyneu/press/news/details/1104394?lang=kk
Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары мен адам құқықтарын сақтау мәселесі талқыланды 30.10.2025
Мемлекеттік қызмет жүйесінде мәдениетті нығайту және адам құқықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Осы орайда, бүгін Қармақшы ауданында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары мен адам құқықтарын сақтау мәселелеріне арналған семинар-кеңес өткізілді.Кездесуге Қызылорда облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Бағдат Әбдіқадыр мен Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Берікбол Байхожаев қатысты.Семинарды аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев ашып, жиынның маңыздылығына тоқталды. Ол өз сөзінде:«Адам құқықтары мен іргелі құқықтар — қазіргі замандағы кез келген қоғамның демократиялық және құқықтық негізін айқындайтын маңызды ұғымдар. Бұл құқықтар адамның тұлғалық қадір-қасиетін, еркіндігін және теңдігін қорғауға бағытталған. Әрбір мемлекет, соның ішінде Қазақстан Республикасы да, адам құқықтарын сақтау мен қорғауды өзінің ең басты міндеті», – деп атап өтті.Жиын барысында Бағдат Нажмедденұлы мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау, қызметтік мінез-құлық мәдениетін жетілдіру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы шараларға тоқталды.Берікбол Ұзақұлы өз кезегінде адам құқықтарының негізгі қағидаттары мен азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырудың қоғам тұрақтылығына әсері жайында баяндады.Кездесу мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары мен адам құқықтарын қорғау саласындағы білімін арттыруға бағытталған маңызды жиын болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1095556?lang=kk
Аудан әкімі бірқатар құрылыс нысандарын аралады 30.10.2025
Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек бірқатар әлеуметтік және құрылыс нысандарды аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.Алдымен аудан басшысы аудандық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде болды. Қазіргі таңда 300 көрермен орындықтары жаңартылып, үлкен спорт залының ішкі жарықтандыру жүйесі толық ауыстырылуда. Сонымен қатар, таеквондо және тренажер залдарына жаңа жабдықтар орнату, резеңке негізді спорттық жабынды төсеу, пластикалық отырғыштар жұмыстары жүргізілуде. Кешеннің ішкі есіктерін орнату жұмыстары да аяқталуға жақын.Аудан әкімі одан кейін Тәуелсіздік ықшам ауданда салынып жатқан тұрғын үй құрылысының сапасын бақылады. Бұл нысандарда екі мердігер жұмыс атқаруда. Инженерлік-коммуникациялық жүйелер бойынша екі нысанда да электр және су жүйелері толық қосылған. Газ жүйесін қосу жұмыстары аяқталуға жақын. Жылу жүйесі және төбе жабынын орнату жұмыстары жоспарлы түрде жалғасуда. Сыртқы абаттандыру, қоршау, тас төсегіш (брусчатка) төсеу жұмыстары кезеңімен орындалуда.Аудан әкімі бұдан соң «Қазавтожол сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің №56 «Қармақшы жол пайдалану бөлімшесіне» барып, қыс мезгілінде автожолдарды күтіп ұстауға дайындық жұмыстарымен танысты. Мұнда қысқы маусымға арналған арнайы техникалар мен материалдардың дайындық деңгейі, жол қызметкерлерінің жұмыс жоспары қамтамасыз етілуі қаралды.Жалпы, аудан әкімі аталған нысандардың барысын тұрақты түрде бақылауда ұстап келеді. Әрбір нысанның уақытылы аяқталуы, сапалы орындалуы және тұрғындардың игілігіне пайдалануға берілуі – аудан басшысының үнемі қадағалауындағы басты міндеттердің бірі. Осыған орай, Жандос Еркінбек жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасы мен мерзімінде аяқталуының маңыздылығына назар аударып, тиісті сала басшылары мен мердігерлерге нақты тапсырмалар берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1095574?lang=kk
«БЖЗҚ» АҚ жыл басынан бері көрсеткен қызметтердің 98% цифрлық форматта іске асырылған 30.10.2025
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (Қор/БЖЗҚ) қазақстандықтарға цифрлық форматта түрлі қызметтер көрсетеді және оларды клиенттердің қажеттіліктеріне бейімделе отырып дамытуды жалғастыруда. Қордың сайтта және мобильді қосымшада 24/7 режимінде көрсететін қызметтерінің қолжетімділігі салымшылардың қызығушылығын арттырудың маңызды шарты болып табылады. 01.01.2025ж. мен 30.09.2025ж. аралығында халыққа шамамен 33,7 млн қызмет көрсетілді. Көрсетілген қызметтердің жалпы санының 20 млн-ы электрондық форматта, 12,6 млн автоматты түрде жүргізілді. Осылайша, автоматты, электрондық және қашықтықтан көрсетілген қызметтердің үлесі жалпы санның 97,9%-ын құрады. Қор қызметкерлері салымшыларға 724,4 мың қызметті жүзбе-жүз көрсетті, оның ішінде 708,9 мың қызмет тікелей Қордың кеңселерінде жүзеге асырылды.Естеріңізге сала кетейік, барлық зейнетақы шоттары БЖЗҚ-ға бірінші жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 18 жасқа толмаған азаматтарына нысаналы талаптар автоматты түрде есептеліп, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде нысаналы жинақтарды алушыларға нысаналы жинақтарды есептеу және есепке алу үшін нысаналы жинақтау шоттары ашылады. Есепті кезеңде шартты зейнетақы шоттарын (жұмыс берушінің ЖМЗЖ аударуы нәтижесінде ашылатын ШЗШ) және нысаналы жинақтау шоттарын ("Ұлттық қор ­— балаларға" бағдарламасы аясында ашылатын НЖШ) қоса алғанда, зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша автоматты режимде ашылған жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жалпы саны 1,2 млн жетті. Жеке зейнетақы шотынан, шартты зейнетақы шотынан (ШЗШ), сондай-ақ нысаналы жинақтау шотынан (НЖШ) үзінді көшірме алу бұрынғысынша ең танымал қызмет санатында. Жыл басынан бері ЖЗШ, ШЗШ, НЖШ-дан 21,7 млн үзінді көшірме берілді. Оның 18,3 млн-ы – электрондық, ал 2,9 млн үзінді көшірме автоматты түрде рәсімделді. Шоттың жай-күйіне қатысты ақпаратты жеке кабинет арқылы алу – зейнетақы жинақтарын қадағалаудың ең ыңғайлы, сенімді және жедел тәсілі. Қызмет тәулік бойы (24/7) онлайн режимде жұмыс істейді, бұл ақпаратты кез келген уақытта және әлемнің кез келген нүктесінен алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, зейнетақы шоттары туралы ақпаратты БЖЗҚ сайты арқылы ғана емес, egov.kz электрондық үкімет порталы немесе оның мобильді қосымшасы арқылы да алуға болады. Бұл мемлекеттік қызметтерді бірыңғай платформалар арқылы алуға дағдыланған азаматтарға өте қолайлы. БЖЗҚ 2025 жылдан бастап жыл сайынғы үзінді көшірмелерді пошта арқылы автоматты түрде жіберу тоқтатылғанын ескертеді. Бірақ, зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты "БЖЗҚ" АҚ атына тиісті сұранысты жіберген пошта арқылы алу мүмкіндігі сақталады.Салымшылардың (алушылардың) Қор сайтындағы және ұялы қосымшасындағы Жеке кабинеттен үзінді көшірме алудан басқа өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, шотының бар екендігі туралы анықтама алу, 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің мерзімсіз уақытқа белгіленуіне байланысты немесе ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру сияқты қызметтерді пайдалануға мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ, зейнетақы жарналарын төлеу туралы өтініштің мәртебесін қадағалау, инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) жинақтардың бір бөлігін аудару, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыны болжамды есептеу және т.б. қызметтер қолжетімді. Мәселен, жыл басынан бері салымшылардан жинағының бір бөлігін инвестициялық портфельді басқарушыларға аудару туралы 56,4 мың өтініш қабылданып, оның 53,9 мыңы электрондық нұсқада іске асырылған.   2025 жылдың басынан бастап 9 ай ішінде деректемелерді өзгертуге 104,2 мың өтініш қабылданды. Оның 98,3 мыңы Қордың кеңселерінде ұсынылды. БЖЗҚ мамандарына қандай да бір қызмет түрі бойынша жүгіне отырып, салымшылар, әдетте, жинақтарды қалыптастыруға қатысты қосымша кеңестер ала алады. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 38,3 мың көшпелі таныстырылым өткізіліп, оған 781,4 мың адам қатысты. Бұқаралық ақпарат құралдарында БЖЗҚ хабарламалары бойынша 32,1 мың материал жарияланды.Салымшылар мен алушылардың кері байланыс (Call-орталық, веб-сайт арқылы кеңес, мессенджерлер, әлеуметтік желілер және басқа байланыс түрлері) арналары бойынша түскен өтініштерінің саны – 395,2 мың.Естеріңізге сала кетейік, кез келген компания Қор кеңсесіне барып жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мәселелері бойынша таныстырылым мен кеңестер өткізуге өтінім бере алады. Ол үшін 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығына қоңырау шалып, Қор сайты немесе ұялы қосымшасы арқылы хабарласу қажет.БЖЗҚ-ның кеңес беру қызметтерін мессенджерлер (+7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боттары) арқылы, 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығынан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), enpf.kz корпоративтік сайтынан, сондай-ақ, Instagram, Facebook, ВКонтакте, Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларынан алуға болады.   БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).    Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kalasy-akimat/press/news/details/1102995?lang=kk
Отандастарымыздың зейнетақы жинақтары 25,73 трлн теңгеден асты 30.10.2025
2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі  25,73 трлн теңгеден асты. 12 айда 4,56 трлн теңгеге немесе 21,5%-ға артты.2025 жылдың 1 қазанында міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының көлемі 24,40 трлн теңге. 12 айдағы өсімі – 19,8%. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтары – 726,94 млрд теңге, 12 айдағы өсім – 15,6%.Бір жыл ішіндегі ең үлкен өсім – 32,8% ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті, олардың көлемі – 9,47 млрд теңге.Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) 2025 жылдың 1 қазанына 596,18 млрд теңге болды.ТүсімдерЗейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі кіріс ағындары есебінен ұлғаяды.2025 жылдың 9 айында салымшылардың шоттарына 2,37 трлн теңге мөлшерінде зейнетақы жарналары түсті (өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 17,8%-ға немесе 356,75 млрд теңгеге артық.МЗЖ есебі жүргізілетін жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) 2025 жылдың басынан бастап 1 қазанына дейін 1 937,66 млрд теңге (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МЗЖ көлемі 9,97%-ға ұлғайды), МКЗЖ – 100,69 млрд теңге (өсім – 19,1%), ЕЗЖ – 1,82 млрд теңге түсті. 2025 жылдың 9 айында ЖМЗЖ 326,02 млрд теңгені құрады. Төлемдер мен аударымдар2025 жылдың 9 айында БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар 1 368,27 млрд теңгені құрады. Бұл былтыр жасалған төлемдер көлемінен 1,6 есе немесе 508,31 млрд теңгеге көп.Төлемдердің басым бөлігі тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдерінің (БЗТ) еншісінде – 823,82 млрд теңге.Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер 12 айда 23,43% ұлғайып, 01.10.2025ж. 181,81 млрд теңгеге жетті. БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуына байланысты кесте бойынша берілетін орташа айлық төлем – 35 691 теңге.   Жыл басынан бері 01.10.2025ж. дейін мұрагерлік бойынша 50,49 млрд теңге, ҚР-дан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге байланысты 32,60 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға – 2,33 млрд теңге, жерлеуге – 8,03 млрд теңге көлемінде төлем жасалды. Сақтандыру ұйымдарына 269,19 млрд теңге аударылды. Жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны2025 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны – 17,97 млн. бірлік (12 айдағы өсім – 1,17 млн бірлік немесе 7,0%). Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2025 жылдың 1 қазанына 12,66 млн бірлік болды. Оның ішінде: 11,25 млн - МЗЖ бойынша, 752,27 мыңы - МКЗЖ бойынша, 460,13 мыңы – ЕЗЖ есептелетін шоттар. Халықаралық тәжірибеге сәйкес, бір жыл ішінде кемінде бір рет болса да жарна түскен ЖЗШ белсенді шот болып есептеледі. 2025 жылдың 9 айында МЗЖ 6,91 млн ЖЗШ-ға түсті, бұл осы жарналар енгізілуі мүмкін 10,04 млн ЖЗШ-ның 68,8% құрайды. Бұған сондай-ақ 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін ашылған шоттар мен есепті кезең ішінде ашылған жаңа шоттар кіреді. Бұл санға елден тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, бірақ жинағын алу туралы өтінішпен жүгінбеген алушылардың, мұрагерлері зейнетақы жинақтарына мұрагерлік ресімдемеген қайтыс болған салымшылардың, 2017 жылдан бастап толық мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыруға аударылған әскери қызметшілердің және шоттарына қазақстандық заңнамаға сәйкес жарналар түспеуі керек басқа да санаттағы салымшылардың (алушылардың) шоттары кірмейді.Ал БЖЗҚ-дағы ЖМЗЖ туралы мәліметтер ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны -  5,32 млн бірлік.  Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат enpf.kz сайтындағы «Статистика және аналитика» бөлімінде орналастырылған. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-katon-karagay/press/news/details/1109459?lang=kk