Enbekshi QazaQ

Әлем

📢 Мемлекеттік кірістер комитеті салықтық тәуекелдерді азайту мақсатында 2023–2025 жылдар кезеңі бойынша ықтимал алшақтықтар анықталған салық төлеушілерге (салық агенттеріне) Салық төлеуші кабинеті арқылы Push-хабарламалар жолдады. 05.07.2026
🔍 Анықталған тәуекелдер келесі бағыттарды қамтиды:▪️ Бейрезиденттердің кірістерінен төлем көзінен ұсталатын табыс салығын төмендету және (немесе) төлеуден босатуды заңсыз қолдану;▪️ Халықаралық шарттардың ережелерін салық салудан босату немесе төмендетілген мөлшерлемені қолдану бөлігінде заңсыз пайдалану;▪️ Бейрезиденттерден жұмыстар мен қызметтерді сатып алу кезінде қосылған құн салығы сомасын төмендету және (немесе) есептемеу;▪️ Қосылған құн салығы бойынша декларацияны толтыру кезіндегі арифметикалық қателер.📄 Хабарламаларда ықтимал алшақтықтарды анықтау алгоритмдері мен мәліметтерді өз бетінше тексеру жөніндегі ұсынымдар берілген.✅ Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілерге деректерді салыстырып тексеріп, қажет болған жағдайда анықталған сәйкессіздіктерді өз бетінше түзетуді ұсынады.⚠️ Келесі кезеңде камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарламалар автоматтандырылған тәртіппен қалыптастырылатын болады.📌 Салық төлеуші кабинетіндегі хабарламаларды уақытылы тексеріп, қажетті шараларды қабылдауды сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1243912?lang=ru
📢 Салық төлеушінің орналасқан жері дегеніміз не? 05.07.2026
Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушінің орналасқан жері салықтық әкімшілендірудің маңызды элементі екенін түсіндіреді. Себебі дәл осы орналасқан жері бойынша салықтық тіркеу жүргізіледі, хабарламалар жіберіледі, өтініштер қаралады және мемлекеттік кірістер органдарының құзыреті айқындалады.ҚР Салық кодексінің 11-бабына сәйкес салық төлеушінің орналасқан жері салық төлеушінің санатына байланысты айқындалады.👤 Жеке тұлғалар үшін орналасқан жері – ҚР көші-қон заңнамасына сәйкес азаматтың тіркелген жері болып табылады.🌍 ҚР тыс жерде тұратын, бірақ Қазақстанда тіркеуі жоқ ҚР азаматтары үшін орналасқан жері – Қазақстан аумағындағы соңғы тіркелген жері болып есептеледі.💼 Жеке кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын тұлғалар үшін орналасқан жері – салықтық тіркеу кезінде көрсетілген қызметті жүзеге асыратын басым орын.🏢 Резидент-заңды тұлғалар және олардың құрылымдық бөлімшелері үшін орналасқан жері – БСН ұлттық тізіліміне енгізілген тұрақты басқару органының мекенжайы болып табылады.🌐 Шетелдік заңды тұлғалар үшін, егер олар Қазақстанда құрылымдық бөлімше ашпай тұрақты мекеме арқылы қызмет атқарса, орналасқан жері – салықтық тіркеу кезінде көрсетілген Қазақстан Республикасындағы қызмет орны.📍 Шетел мемлекетінің заңнамасына сәйкес құрылған, бірақ нақты басқару органы Қазақстан Республикасында орналасқан заңды тұлғалар үшін орналасқан жері – салықтық тіркеу кезінде көрсетілген және басқару органының шешімімен расталған нақты басқару органының орналасқан жері.🛂 Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін орналасқан жері – мемлекеттік тіркеу кезінде көрсетілген уақытша тұратын жері.📄 Егер шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасында тұрмаса, бірақ Қазақстаннан табыс алса және ол салық агенті болып табылмайтын тұлға арқылы төленсе, орналасқан жері – сол табысты төлейтін тұлғаның тұратын немесе орналасқан жері болып есептеледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1243906?lang=ru
«Қаратөбе өңірі» газетінің 90 жылдық мерейтойы 05.07.2026
Бүгін таңмен ерте «Қаратөбе өңірі» газетінің 90 жылдық мерейтойына арналған «Қаратөбе өңірі – өткеннің шежіресі, бүгіннің үні» атты шараға арнайы шақырылған қадірлі меймандарды ауданның кіреберісінен аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев бастаған топ салтанатты түрде қарсы алды.Қазақы дәстүрге сай қонақтарға ақ дәм ұсынылып, жергілікті өнерпаздар әннен шашу шашып, ақжарма тілектерін арнады.Мерейтой алдымен Алаш және Қ.Хасанов атындағы тарихи-өлкетану музейінде «Аудандық басылым – жергілікті жұрттың айнасы» атты конференциямен бастау алып, «Қаратөбе өңірі – өткеннің шежіресі, бүгіннің үні» атты мерекелік шарамен жалғаспақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-karatobe/press/news/details/1243899?lang=ru
Сырбай Мәуленов атындағы мектеп-гимназиясы түлектеріне аттестат тапсыру салтанаты туралы 05.07.2026
Қостанайда жалпы орта білім туралы аттестаттарды табыстауға арналған салтанатты шаралар өтуде. Қостанай қаласының әкімі Сырбай Мәуленов атындағы мектеп-гимназиясына барып, оқушыларды мектепті сәтті аяқтауымен құттықтады. Қала басшысы бұл шараға ресми тұлға ретінде ғана емес, сонымен қатар осы білім ордасы түлектерінің бірінің ата-анасы ретінде де қатысты.Салтанатты шара барысында қала әкімі оқу озаттарына жоғары мектеп марапаттарын табыстады. Мектеп-гимназияның төрт түлегіне «Алтын белгі» төсбелгісі тапсырылса, тағы үш оқушы жалпы орта білім туралы үздік аттестатқа ие болды. Шара барысында атап өтілгендей, бұл жетістіктер өскелең ұрпақтың көпжылдық еңбекқорлығының, табандылығы мен білімге деген ұмтылысының лайықты нәтижесі болып табылады.Ағымдағы оқу жылында жалпы Қостанай қаласы бойынша үлгерімнің жоғары көрсеткіштері байқалады: 54 түлек «Алтын белгі» иегері атанса, тағы 75 оқушы үздік аттестатқа лайық деп танылды.Биыл облыс орталығында жалпы саны мың жарымнан астам он бірінші сынып оқушысы үшін өмірдің маңызды бір кезеңі аяқталуда. Қала басшылығы жастардың алдында жаңа мүмкіндіктер, маңызды шешімдер мен болашақ мамандықты игеру жолы тұрғанын атап өтті.Қостанай қаласы әкімдігінің атынан барлық педагогтар қауымына жоғары кәсібилігі, өз ісіне деген адалдығы және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан зор үлесі үшін шынайы алғыс білдіріледі. Қала басшылығы бүгінгі түлектер еліміздің лайықты азаматтары болып қалыптасып, өз әлеуетін табысты жүзеге асыра алатынына және туған қаласы мен Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосатынына сенім білдіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1243871?lang=ru
Шымкентте автобус жолаушыларына концерт қойылды 05.07.2026
Мегаполистің «Теріскей» аялдамасынан №35 бағыттағы автобусқа мінген жолаушылар шымкенттік домбырашылардың өнеріне куә болысты. ІІМ мектебіне дейінгі жол аралығында жолаушыларға арнайы концерттік бағдарлама ұсынған «Шымкент-концерт» концерттік ұйымының өнерпаздары мен танымал әртістері қала көшелеріне шығып, қоғамдық көліктерде және халық көп шоғырланатын орындарда «Домбырашылар шеруін» ұйымдастырды. Ал кері бағытта өнерпаздар №108 автобуспен ІІМ мектебінен «Теріскей» аялдамасына дейін ұлттық ән-күйді насихаттап, жолаушылардың ыстық ықыласына бөленді. Күтпеген жерден басталған шағын концерт автобус ішін ерекше атмосфераға бөлеп, жолаушылар өнерпаздарға қол соғып, әндерді бірге шырқап, естелік бейнероликтер түсірді.Мерекелік акция Шымкентте бүгін тек қоғамдық көліктермен шектелген жоқ. «Теріскей» және «Гүлжан» аялдамаларында да домбыраның күмбірі естіліп, «Адай», «Балбырауын» сияқты қазақтың әйгілі күйлері орындалды. Ұлттық музыканы тыңдауға жиналған тұрғындар өнерпаздарға ризашылықтарын білдіріп, көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.Ұлттық домбыра күніне орай Шымкентте ұйымдастырылған «Домбыра – ұлттың үні, Конституция – елдің тірегі» атты ауқымды мәдени акция аясында қала тұрғындары үшін ерекше форматтағы мерекелік шара өтті. Бұл жолы ұлттық өнер сахнада ғана емес, қоғамдық көліктер мен аялдамаларда да жаңғырып, жолаушыларға күтпеген рухани сый жасалды.Күмбірлеген күй мен әуелеген халық әндері күнделікті қарбаласқа асыққан тұрғындарды бір сәтке аялдатып, мерекелік көңіл күйге бөледі.Ұйымдастырушылардың айтуынша ұлттық өнер мен мемлекеттік құндылықтарды ұштастырған бұл ерекше жоба Шымкент көшелерін күйдің қоңыр үніне бөлеп, мерекенің мазмұнын тереңдете түсті. Қоғамдық көліктегі күтпеген концерттер қала тұрғындары үшін есте қаларлық ерекше тартуға айналып, Ұлттық домбыра күнінің рухын айшықтай түсті.
Қарағанды облысының Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінде қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын сақтау мәселелері бойынша кездесу өтті 05.07.2026
2026 жылдың 18 маусымда Қарағанды облысының Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті регрестік төлемдерге құқығы бар қызметкерлердің мүддесін қорғайтын кәсіподақ ұйымдарының өкілдерімен кездесу өткізді.Кездесу барысында, еңбек қызметінің салдарынан денсаулығына зақым келген қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын сақтаудың өзекті мәселелері, сондай-ақ осы санаттағы азаматтарды әлеуметтік қолдау тетіктерін жетілдіру мәселелері қаралды. Қатысушылар регрестік төлемдер, емделу және шипажайлық-курорттық сауықтыру шығындарына өтемақы төлеу, арнайы әлеуметтік төлемдер мәселелері, сондай-ақ кәсіптік еңбекке қабілеттілігін жоғалтқан қызметкерлердің құқықтарын реттейтін заңнаманың жекелеген аспектілерін талқылады.Өндірісте зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдардың, жұмыс берушілердің, сақтандыру ұйымдарының және қызметкерлер өкілдерінің өзара іс-қимылы мәселелеріне ерекше назар аударылды. Кездесу қорытындысы бойынша құқықтық реттеуді одан әрі жетілдіруге және қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғау тетіктерінің тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар әзірленді. Барлық мүдделі тараптар арасында сындарлы диалогты жалғастыру және қаралып отырған мәселелер бойынша келісілген шешімдер әзірлеу қажеттігі атап өтілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-enbek/press/news/details/1243830?lang=ru
Қазақстанда кедендік баждар мен салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету 05.07.2026
Тауарларды кедендік декларациялау барысында сыртқы экономикалық қызметке (СЭҚ) қатысушылар көбінесе қаржылық мәселелерді шешу және кедендік кідірістерді болдырмау үшін кедендік баждар мен салықтарды төлеуді шұғыл қамтамасыз ету қажеттілігіне тап болады.Кедендік операцияларды кедергісіз жүргізу үшін Қазақстан заңнамасында кедендік баждар мен салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындауды қамтамасыз ету шарттары көзделген ("Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы "2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123- ⅴⅰ ҚР Кодексінің 96-105-бабының 10-тарауы).Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындау мынадай жағдайларда жүргізіледі.Кедендік операциялардың түрлері: -Тауарларға арналған декларацияны бергенге дейін кедендік операцияларды жасау және тауарларды шығару ерекшеліктері - 194-бап;-Кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру аяқталғанға дейін тауарларды шығару ерекшеліктері - 195-бап;-Кедендік транзит кедендік рәсімі кезінде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету - 226-бап;-Кедендік сараптаманы тағайындау кезінде тауарларды шығару ерекшеліктері - 196-бап;-Тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастыру және оларды осындай кедендік рәсімге сәйкес пайдалану шарттары - 257-бап;-Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету - 354-бап;-Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізбен тасымалданатын Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларына қатысты кедендік транзиттің кедендік рәсімін қолдану, аяқтау және қолданысын тоқтату ерекшеліктері - 387- бап;-уәкілетті экономикалық операторлар декларант ретінде әрекет ететін жағдайларды қоспағанда, тауарларды кеден қоймасына іс жүзінде орналастырмай, кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастыру - 96-баптың 2-тармағы 1-тармақшасы;-уәкілетті экономикалық оператор декларант ретінде әрекет ететін жағдайларды қоспағанда, кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды баламалы тауарлармен алмастыру - 96-баптың  2-тармағы 2-тармақшасы;-осы Кодекстің 170-бабына сәйкес тауарға қатысты өкілеттігі бар тұлғаның өтініші бойыншатауарларды орындарға уақытша сақтауға орналастыру - 96-баптың 2-тармағы 4-тармақшасы;-осы Кодекстің 397-бабына сәйкес ұсынылған құжаттардың тиісті түрде ресімделмеу және (немесе) анық емес мәліметтерді қамту белгілерін анықталуы - 96-баптың 2-тармағы  5 тармақшасы.Кедендік төлемдерді төлеуді қамтамасыз ету тәсілдері: Ақшамен - 98-баптың 4-тармағы;Банк кепілдігімен - 99-баптың 1-тармағы;Кепілгерлік шартымен - 100-баптың 1-тармағы;Мүлік кепілімен - 101-баптың 1-тармағы;Сақтандыру шартымен - 102-баптың 1-тармағы.Құжаттар қамтамасыз ету әдісіне байланысты мыналарды қамтуы мүмкін: төлем құжаттарының көшірмелері;кепіл шарты және бағалаушының есебі;банк кепілдігі;кепілдік немесе сақтандыру шарты.Кедендік баждар мен салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз етуді тіркеу 11.04.2026 жылғы сағат 00.00-ден бастап "Кеден" АЖ жүргізіледі. Кепіл шартының және мүлікті бағалау туралы есептің түпнұсқаларын беру туралы өтініштерді (қосымша жіберуді) қоспағанда, Е-өтініш, құжаттамашы, сондай-ақ қағаз жеткізгіште берілген өтініштер қабылданбайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1243812?lang=ru
Шеру Mega Planet Shymkent ойын-сауық орталығында жалғасты 05.07.2026
Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік іс-шаралар аясында ұйымдастырылған «Домбыра – ұлттың үні, Конституция – елдің тірегі» атты домбырашылар шеруі Mega Planet Shymkent ойын-сауық орталығында жалғасты.Іс-шара барысында өнерпаздар халық күйлері мен ұлттық шығармаларды орындап, сауда-ойын-сауық орталығына келген тұрғындар мен қонақтарға мерекелік көңіл күй сыйлады. Домбыраның әсем үні орталықты тербеп,  келушілер ұлттық өнерді зор ықыласпен тамашалады.Шеруге қатысушылардың қатарында кәсіби күйшілермен қатар жас домбырашылар да болды. Олар қазақтың дәстүрлі әндерін шырқап, күй өнерін насихаттап, ұлттық мәдениеттің құндылығын көпшілікке таныстыруға үлес қосты.Көпшілік алдында өткен мәдени шараға келушілер қызығушылық танытып, өнерпаздардың орындауындағы әндерді ықыласпен тыңдады. Бірқатар тұрғындар домбырашылармен естелік суретке түсіп, әндерді қоса шырқады.Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралардың мақсаты ұлттық өнерді кеңінен дәріптеу, жастардың домбыраға деген қызығушылығын арттыру және ұлттық мәдени мұраны насихаттау. Ұйымдастырылған мәдени бағдарламалар қала тұрғындарының мерекелік көңіл күйін көтеріп, ұлттық құндылықтарды ұлықтады.Айта кетейік, Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік бағдарламалар Шымкент қаласының бірнеше қоғамдық орындарда жалғасып жатыр.
ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫН ЖАЛҒАҒАН ДОМБЫРА 05.07.2026
Шымкентте «Домбыра – ұлт үні, Конституция – мемлекет тірегі» атты мерекелік акциясы жалғасып жатыр. Бұл жолы өнер ордасына айналған кезекті мәдени алаң – «Shymkent Plaza» сауда-ойын-сауық орталығы. Мұнда қала тұрғындары мен қонақтары қазақтың халық әндерінің жанды дауыстағы орындауын үлкен ықыласпен тыңдады.Дәстүрлі өнердің салтанат құрған сәті сауда кешенінің қақ ортасында көрініс тапты. Орталыққа келген бұқара өнерпаздардың шығармашылығына тәнті болып, әуезді әуенді ұялы телефондарына таспалады және әртістерге ыстық ықыласпен қошемеп көрсетті. Ұлттық өнермен осындай бейресми форматтағы жүздесу көпшілік үшін жағымды тосынсый болып, алдағы айтулы мерекенің асқақ рухын сезінуге мүмкіндік берді.Ұлттық домбыра күні – халықтың рухани мұрасын сақтаудағы дәстүрлі музыка мәдениетінің маңызын айшықтайтын айтулы мейрам. Мұндай акциялар ұлттық өнерді концерттік залдардың шеңберінен шығарып, қаланың күнделікті тыныс-тіршілігімен ұштастыруға жол ашады. Қоғамдық орындарда домбыра үнінің күмбірлеуі ұрпақтар сабақтастығын сақтауға септігін тигізеді, жастардың ел тарихына деген қызығушылығын оятып, ұлттық құндылықтарға деген құрметін бекемдей түседі.«Шымкент концерт» концерттік ұйымының әншісі Нұрлан Балтақожа домбыра үні – ұлттық бірегейліктің басты ншандарының бірі екенін тілге тиек етті.«Қазақың ұлттық нышандары туралы айтқанда, көбіне ұлттық киімдерміз, салт-дәстүріміз немесе киіз үй ойға оралады. Дегенмен, домбыраның бұл қатарда орны ерекше. Ол әрдайым қазақ халқымен бірге болды – қуанышта да, қиын-қыстау кезеңдерде де жанынан табылды. Оның үнімен ұрпақ тәрбиеленіп, аңыз-әпсаналар таралды, халқымыздың тарихы мен рухын бейнелейтін күйлер орындалды. Домбыра ешқашан жай ғана музыкалық аспап болған емес, ол – қазақтың тұрмысының, мәдениеті мен дүниетанымының ажырамас бөлшегі. Дәл соңдықтан бүгінгі таңда осы дәстүрді сақтап, ұлттық музыкаға деген сүйіспеншілікті жас ұрпақтың бойына сіңіру аса маңызды», – деп атап өтті Нұрлан Балтақожа.Мерекелік бағдарламалар шаһардың өзге де мәдени алаңдарында жалғасын таппақ. Бұл акция тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап қана қоймай, елдің өткені, бүгіні мен болашағын біріктіретін қазақ мәдениетінің символы – домбыраның ерекше рөлін тағы бір мәрте айшықтауды көздейді.
«Адам жанының шипагерлері» 05.07.2026
Бүгін аудан әкімінің тапсырмасымен Шамшат Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде ақ халатты абзал жандардың еңбегін ұлықтауға және Медицина қызметкерлері күніне арналған «Адам жанының шипагерлері» атты салтанатты шара өтті.Адам өмірі мен денсаулығын сақтауды басты мақсат еткен сала мамандарының кәсіби мерекесіне арналған шара бейнероликпен басталып, медицина қызметкерлерінің қоғамдағы орны дәріптелді.Салтанатты жиында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Шынғыс Сыдықов:-Бүгінде Президентіміздің, Үкіметтің және аймақ басшысының ерекше қолдауымен ауданымыздың денсаулық сақтау саласында ауқымды өзгерістер жүріп жатыр. 2024-2025 жылдары тұрғындардың қолайлы ем алуына материалдық-техникалық базасы жаңартылған Дауылкөл, Ақжар, Дүр Оңғар ауылдық округтерінде 3 дәрігерлік амбулаториялар ел игілігіне пайдалануға берілсе, Қуаңдария мен Қармақшы ауылдарында фельдшерлік акушерлік бекеттер салынды. Сонымен қатар 2025 жылы аудандық ауруханаға 219 млн теңгеге және Байқоңыр қалалық көп бейінді ауруханасы 31 млн теңге қаржыға жаңа медициналық құрал – жабдықтармен қамтылса, соңғы үш жылда 15 жаңа жедел жәрдем көлігі табысталды. Сіздердің уақытпен санаспай еселі еңбек етулеріңіздің нәтижесінде ауданымыздың медициналық қызмет сапасын арттыру, ана мен бала денсаулығын қорғау шаралары бойынша жоғары көрсеткішке қол жеткізіп, атқарылған жұмыс сапасы жаңа деңгейге көтерілді,- деп кәсіби мерекемен құттықтады.Мерекелік жиын барысында денсаулық сақтау саласының дамуына сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар қызметкерлер облыс және аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.Шарада Қармақшы аудандық ауруханасының бас дәрігері Бақытжан Нысанбаев үздік қызметкерлерге арнайы марапаттар табыстап, әріптестеріне алдағы жұмыстарына табыс тіледі.Мерекелік кеште аудан өнерпаздары мен мереке иелері әсем ән мен биден шашу шашып, ақ халатты абзал жандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.Айта кетсек бүгінде киелі Қармақшы топырағында 700-ден астам медицина қызметкері халық денсаулығын сақтау жолында абыройлы еңбек етуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1243783?lang=ru
МКК порталында Азаматтар мен бизнес үшін ыңғайлы онлайн-сервистер қолжетімді 05.07.2026
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтар мен бизнеске мемлекеттік қызметтерге және қажетті ақпаратқа онлайн-форматта ыңғайлы қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, цифрлық сервистерді дамытуды жалғастыруда.       МКК порталында сілтеме бойынша http://portal.kgd.gov.kz пайдаланушылар Мемлекеттік кірістер органдарына бармай ақ электрондық сервистердің кең ауқымын пайдалана алады:      Тексеру қызметтері:      - салық төлеушіні іздеу;      - контрагенттер бойынша мәліметтер;      - сенімсіз салық төлеушілерді іздеу;      - ҚҚС төлеуші туралы деректерді іздеу;      - жұмыстарды нақты орындамай, қызметтер көрсетпей, тауарларды жөнелтпей жасалған мәмілелерді (операцияларды) іздестіру;      - қайтарылған хабарландыруларды іздеу;      - біліктілік емтиханына жіберілген үміткерлердің тізімі;     - жарнамаларды іздеу;     - ҚР резиденттігін растайтын құжатты іздеу;     - тарату сатысында тұрған салық төлеушілерді іздеу;     - әкімшінің қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдардың тізімі;     - оңалту рәсімін тоқтату туралы соттың ұйғарымы өздеріне қатысты заңды күшіне енген ЗТ және ЖК тізімі;     - алкоголь өніміне есепке алу-бақылау маркасының дұрыстығын тексеру;     - ІІО бойынша есептен шығарылған салық төлеушіні іздеу;     - оларға қатысты сот оларды банкрот деп тану, оңалту рәсімін қолдану туралы шешімі заңды күшіне енген борышкерлердің тізімі;    - БКМ тіркеуді тексеру;    - салық режимдерін тексеру;     - салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұру, қайта бастау туралы мәліметтер.      Салықтар мен берешек бойынша сервистер:     - салық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер;    - салықтарды және бюджетке төленетін басқа да төлемдерді онлайн төлеу;     - жеке тұлғалардың алдағы төлемдері мен берешегі.      Көмекші қызметтер:     - кезекті онлайн брондау;     - өсімпұлды, көлік салығын, ЖТС есептеуге арналған калькуляторлар, кедендік төлемдерді шамамен есептеу;     - Салық кодексі бойынша жиі қойылатын сұрақтар.      Салық төлеушілерге ыңғайлы болу үшін МКК порталында мемлекеттік қызметтерді алу және салық міндеттемелерін орындау үшін қажетті салықтық есептіліктің және салықтық өтініштердің өзекті нысандары орналастырылған.      Бұдан басқа, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және жедел кері байланысты қамтамасыз ету мақсатында МКК порталының беттерінде сервистердің жұмыс сапасын бағалау және оларды жетілдіру бойынша ұсыныстарды жіберу үшін QR-кодтар орналастырылған. Пайдаланушылар кері байланыс қалдыра алады, туындаған қиындықтар туралы хабарлай алады, Мемлекеттік кірістер органдарының қызметін жақсарту бойынша ұсыныстар және басқа да мәселелер енгізе алады.      Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтар мен бизнес өкілдеріне мемлекеттік қызметтер мен сервистерге жылдам, ыңғайлы және ашық қолжетімділікті қамтамасыз ететін МКК порталының цифрлық мүмкіндіктерін белсенді пайдалануды ұсынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1245546?lang=ru
«Домбыра – ұлт үні»: мерекелік эстафета жалғасуда 05.07.2026
 Шымкентте Ұлттық домбыра күніне орайластырылған «Домбыра – ұлт үні, Конституция – мемлекет тірегі» атты мерекелік акция бастау алды. Мәдени жоба аясында шаһардағы белгілі орындаушылар мен шығармашылық ұжымдар қоғамдық орындарда өнер көрсетіп, мегаполис тұрғындары мен қонақтарына ұлттық аспаптың жанды дауысын ұсынуда.Аталған шараның кезекті алаңына айналған Шымкент халықаралық әуежайында жолаушылар мен қарсы алушылар үшін «Қаратау» дәстүрлі-фольклорлық ансамблі өнер көрсетті. Музыканттардың орындауындағы әуезді күйлер мен халық композициялары әуежай ішін мерекелік күйге бөлеп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Мұндағы жұртшылық өнерпаздардың өнеріне тәнті болып, естелікке суретке түсіп, бейнежазбаға таспалады.Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл ауқымды шара ұлттық өнерді дәріптеу, мәдени мұраны сақтау және дәстүрлі құндылықтарға деген құрметті арттыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Қоғамдық орындарда мұндай концерттер ұйымдастыру қазақ музыка мәдениетінің бай қазынасын тек қала тұрғындарына ғана емес, сонымен қатар Шымкентке қадам басқан меймандарға да кеңінен таныстыруға мүмкіндік береді.«Қаратау» фольклорлық ансамблінің домбырашысы Мәдіхан Тәжиевтің пайымдауынша, бұл бастамалар ұлттық өнерді бұқараға жақындата түсуге септігін тигізеді.«Домбыра – жай ғана музыкалық аспап емес, ол – біздің тарихымыздың, мәдениетіміз бен ұлттық рухымыздың символы. Қоғамдық орындарда домбыра үні күмбірлегенде, адамдар күнделікті күйбең тіршіліктен бір сәт серпіліп, тамырын танып, салт-дәстүрмен байланысын сезінеді. Мұндай іс-шараларды әсіресе жастардың көруі маңызды, өйткені мәдени мұрамызды сақтап, келер ұрпаққа аманаттау – солардың еншісінде», – деп атап өтті Мәдіхан Тәжиев.Мерекелік бағдарлама қаланың өзге де мәдени алаңдарында жалғасын таппақ. Шығармашылық ұжымдардың өнері халық көп жиналатын орындарда ұсынылып, Ұлттық домбыра күні қарсаңында шаһарды күй үніне бөлейді. Ұйымдастырушылар бұл шаралар қазақтың музыка өнерін ұлықтап қана қоймай, ел бірлігін бекемдеуге, ұлттық құндылықтар мен Қазақстанның мәдени дәстүрлеріне деген құрметті арттыруға ықпал ететініне сенімді.
Бүгін – Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің күні 05.07.2026
1992 жылғы 19 маусымда Қорғаныс министрінің директивасы негізінде Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері құрылды.Бұл әскерлер елдің әкімшілік-саяси, өнеркәсіптік-экономикалық орталықтарын, Қарулы күштердің топтарын, маңызды әскери және стратегиялық нысандарды авиация мен ұшқышсыз ұшу аппараттарының соққыларынан қорғауға арналған.Бөлімшелер заманауи зениттік-зымыран кешендерімен және радиолокациялық станциялармен жабдықталған. Бұл әуе кеңістігін бақылауды және ықтимал қауіптерді анықтауды қамтамасыз етеді.Әскерлер үшін офицер кадрларды даярлау Алматы қаласындағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында жүзеге асырылады. Әскери қызметшілердің жоғары кәсіби дайындығы халықаралық оқу-жаттығулар барысында бірнеше рет дәлелденді.Қазірде Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері цифрлық технологиялар мен автоматтандырылған басқару жүйелерін белсенді енгізіп келеді. Бұл шешім қабылдау жылдамдығын арттырып, бөлімшелердің өзара іс-қимылын тиімді үйлестіруге және жауынгерлік міндеттерді орындау сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.2025 жылы Қарағанды облысындағы «Сарышаған» полигонында өткен «Жауынгерлік достастық» халықаралық тактикалық оқу-жаттығуы барысында автоматтандырылған басқару жүйесі алғаш рет сынақтан өткізіліп, өзінің тиімділігін көрсетті. Оқу барысында әуе нысандарын анықтау және жою алгоритмдері пысықталды.Жоғары жауынгерлік дайындық, әскери қызметшілердің кәсібилігі және заманауи технологияларды енгізу – мемлекет қорғаныс қабілетінің негізгі тіректері. Әуе шекараларын тәулік бойы күзететін әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері ел мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1243710?lang=ru
Тұрғын үй құрылысы және әлеуметтік даму: «Астана» шағын ауданы қарқынды дамуда 05.07.2026
Қостанай облысында тұрғын үй құрылысы мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Соның ішінде Тобыл қаласындағы «Астана» шағын ауданы ерекше маңызға ие.Жоба аясында жалпы 23 көпқабатты тұрғын үй салу жоспарланған. Бұл 1000-нан астам отбасын жаңа баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Бүгінгі таңда тұрғын үйлердің бір бөлігі пайдалануға берілген, қалған нысандарда құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасуда. Жалпы құрылыс аумағы 10 мың шаршы метрден асады, ал тұрғын үйлер заманауи инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтылуда.Шағын ауданда жол, жарықтандыру, инженерлік желілер және қоғамдық кеңістіктерді дамыту жұмыстары қатар жүргізілуде. Бұл өз кезегінде тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға және қалалық ортаның тартымдылығын күшейтуге ықпал етеді.Жоба өңірдегі тұрғын үй саясатының тиімді жүзеге асырылып жатқанын көрсетіп, әлеуметтік тұрақтылық пен урбанистикалық дамуға серпін беруде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1243693?lang=ru
Домбыра – ұлттың үні, Конституция – елдің тірегі: Шымкентте қоғамдық орындарда домбырашылар шеруі өтіп жатыр 05.07.2026
Ұлттық домбыра күніне орай Шымкент қаласында «Домбыра – ұлттың үні, Конституция – елдің тірегі» атты кең ауқымды мәдени акция ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шара аясында қаланың өнерпаздары мен танымал әртістері қоғамдық көліктерде, аялдамаларда, теміржол вокзалында және ірі сауда орындарында өнер көрсетіп, тұрғындар мен қала қонақтарына ерекше мерекелік көңіл күй сыйлады.Акцияның басты мақсаты – қазақ халқының төл өнерін дәріптеу, ұлттық құндылықтарды кеңінен насихаттау, домбыраның ұлт руханиятындағы ерекше орнын айшықтау және мемлекеттік құндылықтарға деген құрметті арттыру. Қоғамдық орындарда кенеттен орындалған күйлер мен халық әндері көпшіліктің қызығушылығын тудырып, мерекенің сәнін келтірді.Шымкент теміржол вокзалы да күмбірлеген күйге бөленді. Мұнда "Қаратау" фольклорлық ансамблі халық алдында арнайы концерттік бағдарлама ұсынып, қазақтың халық әндері мен күйлерін орындады. Домбыраның күмбірлеген үні вокзал ішін ерекше рухқа бөлеп, жолға шыққан жолаушылар мен қала тұрғындары өнерпаздарды зор ықыласпен қарсы алды.Ақтөбе қаласына жол тартқан тұрғын Әсемтай Таңатарқызы сапар алдында осындай әсерлі концерттің куәсі болғанына қуанышты екенін жеткізді.– Ұзақ жолға көтеріңкі көңіл күймен аттанғалы тұрмын. Күтпеген жерден осындай тамаша өнерді тамашалап, ән мен күй тыңдау ерекше әсер сыйлады. Өнерпаздарға алғысым шексіз, – дейді ол.Өз кезегінде талантты күйші Ернар Сәтім Ұлттық домбыра күнінің мәні мен мазмұны жыл өткен сайын артып келе жатқанын атап өтті.– Домбыра халқымыздың тарихын, рухын, дүниетанымын жеткізетін қасиетті мұра. Осындай мерекелер арқылы жастар ұлттық өнерге жақындай түседі. Ұлттық домбыра күнінің қоғамдық орындарда аталып өтуі оның тәрбиелік әрі рухани маңызын арттыра түседі, – деді күйші.Қала аумағында өткен домбырашылар шеруі тұрғындар мен қонақтарға ерекше әсер қалдырып, ұлттық өнердің өміршеңдігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Әуелеген ән мен күмбірлеген күй көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлап қана қоймай, ұлттық мәдениетке деген құрметтін арттырды.Ұлттық өнер мен мемлекеттік құндылықтарды тоғыстырған бұл мәдени жоба домбыраның мәңгілік мұра, ал Конституцияның ел бірлігі мен тұрақтылығының берік негізі екенін тағы бір айқындады.
Қазақстанның халықаралық гуманитарлық құқық жөніндегі бастамасы БҰҰ-да 110-нан астам елді біріктірді 05.07.2026
Нью-Йорк, 2026 жылғы 18 маусым - БҰҰ штаб-пәтерінде БҰҰ Экономикалық және Әлеуметтік Кеңесінің (ЭКОСОС) Гуманитарлық мәселелер жөніндегі сегментінің отырысы өтуде. Бұл шара дәстүрлі түрде төтенше гуманитарлық көмекті үйлестіру, жаһандық дағдарыстарға ден қою және қақтығыс аймақтарындағы бейбіт тұрғындарды қорғау жолдарын талқылайтын негізгі халықаралық платформа болып табылады.Осы іс-шара аясында Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров Халықаралық гуманитарлық құқық жөніндегі жаһандық бастаманың алты негізін қалаушы мемлекеті – Бразилия, Қытай, Франция, Иордания, Қазақстан және Оңтүстік Африканың атынан бірлескен мәлімдеме жасады.Бастамаға мүше мемлекеттер өз мәлімдемесінде қарулы қақтығыс аймақтарындағы бейбіт тұрғындарды қорғаудың күрделі жағдайына баса назар аударып, барлық тараптарды халықаралық құқық нормаларын қатаң сақтауға шақырды.«Адамдардың зардап шегуі мен қирау зардаптары көбіне халықаралық гуманитарлық құқық бойынша міндеттемелерге деген адалдық пен жергілікті жердегі шынайы жағдай арасындағы алшақтықтың салдары болып табылады. Бұл алшақтықты еңсеру халықаралық қоғамдастықтан барлық қарулы қақтығыстарда халықаралық гуманитарлық құқықтың жалпыға бірдей, кемсітусіз және әділ қолданылуын талап етеді», – деп атап өтті Қ. Омаров.Сөз соңында 2026 жылғы 7 желтоқсанда Иордания астанасы Амман қаласында өтетін «Соғыс жағдайындағы адамгершілік» (Humanity in War) атты жоғары деңгейдегі халықаралық конференцияның өткізілетіні жарияланды.Форумға қатысушылар алты мемлекеттің бірлескен бастамасы үлкен жетістікке жетіп, саяси бағыттары әртүрлі елдерді біріктіруші факторға айналғанын атап өтті. Бүгінгі таңда Халықаралық гуманитарлық құқық жөніндегі жаһандық бастамаға 113 ел ресми түрде қосылды, ал 160-тан астам мемлекеттің өкілдері үкіметаралық консультацияларға белсенді қатысты.Бұл Жаһандық бастаманың ілгерілетілуі БҰҰ Жарғысы мен халықаралық гуманитарлық құқық нормаларының мүлтіксіз сақталуын дәйекті түрде жақтап келе жатқан Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сыртқы саяси бағытының айқын көрінісі болып табылады. Мемлекет басшысының пікірінше, өсіп келе жатқан әлемдік турбуленттілік жағдайында кез келген жаһандық дағдарысты реттеудің негізі халықаралық құқықтың үстемдігі мен бейбіт тұрғындарды қорғау болуға тиіс.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kazakhstanun/press/news/details/1243657?lang=ru
Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің ашық пікірталастарында «Әйелдер, бейбітшілік және қауіпсіздік» күн тәртібіне бейілділігін растады 05.07.2026
Нью-Йорк, 2026 жылғы 17 маусым - БҰҰ штаб-пәтерінде Колумбияның Сыртқы істер министрінің төрағалығымен «Әйелдер, бейбітшілік және қауіпсіздік» тақырыбында Қауіпсіздік Кеңесінің ашық пікірталастары өтті. Отырысқа жүзге жуық спикер, оның ішінде «БҰҰ-әйелдер» құрылымының Атқарушы директоры Сима Бахус, мүше мемлекеттер мен азаматтық қоғам өкілдері қатысты.Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров өз сөзінде әлемдік қоғамдастық, орнықты жаһандық болашақ үшін инклюзивті бейбіт процестердің маңызды рөліне қарамастан, әйелдерді бейбіт келіссөздер мен шешім қабылдау процестеріне толыққанды тарту жөніндегі өз міндеттемелерін орындаудан әлі де алыс екенін атап өтті.Әйелдердің құқықтарын қорғау және олардың бейбіт процестердегі рөлін ілгерілету үшін жаһандық негіз болған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тарихи № 1325 қарарын іске асыру жөніндегі алғашқы Ұлттық іс-қимыл жоспарын табысты орындауды қамтитын осы бағыттағы Қазақстанның жүйелі жұмысына ерекше назар аударылды. Сонымен қатар әйелдердің тұрақтылықты нығайту мүмкіндіктерін одан әрі кеңейтуге арналған екінші ведомствоаралық іс-қимыл жоспарын әзірлеудің басталғаны туралы айтылды.Бұған қоса, қазақстандық дипломат Мемлекет басшысының бастамасымен әйелдер құқығын қорғау және тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету саласындағы еліміздің негізгі жетістіктерін, соның ішінде Адам құқықтары мен заңның үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспарын, сондай-ақ әйелдердің құқықтарын қорғауды күшейтуге және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жаңа заңның маңыздылығын атап өтті.Қазақстандық әскери қызметші әйелдердің БҰҰ-ның Ливандағы, Батыс Сахарадағы және Голан биіктеріндегі бітімгершілік операцияларына табысты қатысуы арқылы Қазақстанның халықаралық тұрақтылыққа қосқан іс жүзіндегі үлесі бөлек атап өтілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kazakhstanun/press/news/details/1243656?lang=ru
Арман Шаққалиев техникалық реттеу және метрология мәселелері жөніндегі комиссияның отырысын өткізді 05.07.2026
2026 жылғы 17 маусымда Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің төрағалығымен Техникалық реттеу және метрология мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Комиссия жұмысына орталық мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасының Атом энергиясы агенттігінің, Астана қаласы әкімдігінің және басқа да мүдделі ұйымдардың өкілдері қатысты. Отырыста көлік саласындағы техникалық реттеу және метрологиялық қамтамасыз ету мәселелері, сондай-ақ атом электр станциясын жоспарлау, салу және пайдалану кезеңдеріндегі техникалық реттеу, стандарттау және метрологиялық сүйемелдеу мәселелері қаралды. Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша қатысушылар теміржол көлігінің, автомобиль жолдарының, метрополитеннің, азаматтық авиация саласының және жол бойындағы сервис объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін қоса алғанда, көлік саласындағы техникалық реттеу жүйесінің ағымдағы жай-күйін талқылады. Ұлттық сынақ инфрақұрылымын дамытуға, сынақ зертханаларының мүмкіндіктерін кеңейтуге және Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттері талаптарына сәйкестікті бағалау тетіктерін жетілдіруге ерекше назар аударылды. Астана қаласындағы жеңіл рельсті көлік (LRT) жобасын техникалық және метрологиялық сүйемелдеу мәселелері жеке блок ретінде қаралды. Жобаның Қазақстан Республикасының стандарттау және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнама талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, сондай-ақ объектіні пайдалануға беру кезеңдерінде мүдделі ұйымдар арасындағы одан әрі үйлестірудің қажеттілігі атап өтілді. Сонымен қатар, қатысушылар жолаушылар тасымалы қауіпсіздігін арттыру, такси қызметтері саласындағы нормативтік реттеуді жетілдіру, тұрақты авиациялық отынды (SAF) стандарттауды дамыту мәселелерін талқылады. Екінші мәселе шеңберінде атом электр станциясын салу жобасын техникалық реттеу және метрологиялық сүйемелдеу бойынша іс-шараларды іске асыру нәтижелері қаралды. Техникалық реттеу және метрология комитеті мен Қазақстан Республикасының Атом энергиясы агенттігінің бірлескен жоспары аясында көзделген іс-шаралардың белгіленген мерзімдерде орындалып жатқаны атап өтілді. АЭС-ті жобалау, салу және пайдалану үшін қажетті нормативтік құжаттарды талдау жұмыстары жүргізіліп, осы саладағы нормативтік базаны одан әрі дамыту жөніндегі шаралар айқындалды. Атом энергетикасы саласының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін елдің ұлттық эталондық базасы мен өлшеу мүмкіндіктерін дамытуға, білікті кадрлар даярлауға, сондай-ақ атом энергетикасы жобасын іске асыру үшін қажетті стандарттар мен нормативтік-техникалық құжаттар қорын қалыптастыруға ерекше назар аударылды. Отырысты қорытындылай келе, Арман Шаққалиев елдің стратегиялық жобаларын іске асыру үшін сапаның ұлттық инфрақұрылымын уақтылы дайындаудың маңыздылығын атап өтіп, мүдделі мемлекеттік органдарға техникалық реттеу, стандарттау және метрология жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастыруды тапсырды. Отырыс қорытындысы бойынша комиссия сапаның ұлттық инфрақұрылымын одан әрі дамытуға, көлік және энергетика салалары объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған тиісті ұсынымдар әзірлеп, мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тапсырмалар берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/1243642?lang=ru
Dr. Aleš Musar Highlights Growing Kazakhstan-Slovenia Cooperation 05.07.2026
Speaking at the traditional Midsummer Night (Kresna noč) charity event in Ljubljana, the spouse of the President of the Republic of Slovenia, Dr. Aleš Musar, noted:“This year, we are connecting friendship with Kazakhstan, a country with which Slovenia is increasingly deepening cooperation, and helping children at the Šentvid pri Stični Children’s Hospital.Last year’s visit to Kazakhstan by the President of the Republic of Slovenia and a large business delegation represents a new milestone in cooperation, which is not burdened by any shadow of the past. Economic cooperation and joint development of education and tourism are what was announced and is already being implemented. I particularly appreciate that I also meet Kazakhstan in other areas where I am active. Ambassador Abibullayev recently gave an insightful speech at the Bled Water Forum, which is also a partner of our Lions organization. In the field of human security, we have strong cooperation between Kazakhstan and our humanitarian organization ITF Enhancing Human Security.”Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ljubljana/press/news/details/1243644?lang=ru
Қазақстан Елшісі Таиланд Сауда министрлігімен сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады 05.07.2026
Бангкок, 2026 жылғы 18 маусым – Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Елшісі Марғұлан Баймұхан Таиланд Корольдігінің Премьер-Министрінің Орынбасары, Сауда министрінің кеңесшісі Адис Харинсутпен және Таиланд Корольдігінің Сауда министрлігінің Ішкі сауда департаменті бас директорының орынбасары Чантхапат Панджаманондпен кездесті.Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Таиланд арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын, сондай-ақ өзара сауда, инвестициялар және іскерлік байланыстарды одан әрі кеңейту жөніндегі шараларды талқылады.Ағымдағы жылдың қыркүйек айында өткізу жоспарланып отырған Қазақстан–Таиланд Бірлескен сауда комитетінің бірінші отырысына дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ тараптар Ауыл шаруашылығы жөніндегі жұмыс тобының қызметін және көлік-логистика саласындағы өзара іс-қимылды қоса алғанда, салалық ынтымақтастық тетіктерінің жұмысын жандандыру қажеттігін атап өтті.Елші М.Баймұхан Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді, сондай-ақ Қосарланған салық салуды болдырмау туралы келісімді ілгерілетуді қоса алғанда, екіжақты шарттық-құқықтық базаны одан әрі жетілдірудің маңыздылығын атап өтті. Аталған құжаттардың инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге және бизнес үшін қолайлы жағдай қалыптастыруға ықпал ететіні айтылды.Тараптар Қытай және Орталық Азия арқылы өтетін бағыттарды қоса алғанда, халықаралық көлік дәліздерін дамыту және логистикалық кедергілерді жою мәселелері бойынша пікір алмасты. Қазақстан тарапы Таиланд компанияларының Орталық Азия мен Еуразиялық экономикалық одақ нарықтарына шығуы үшін Қазақстанның көлік-логистикалық және сауда хабы ретіндегі әлеуетін неғұрлым белсенді пайдалануға мүдделі екенін жеткізді.Сондай-ақ ауыл шаруашылығы, азық-түлік қауіпсіздігі, логистика, цифрлық технологиялар салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту және үшінші елдердің, оның ішінде Африка мемлекеттерінің нарықтарында бірлескен жобаларды іске асыру перспективалары қарастырылды.Таиланд тарапы Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қызығушылық танытып, Қазақстан нарығының жоғары әлеуетін және тай өнімдерінің қазақстандық тұтынушылар арасында оң қабылданатынын атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сауда, инвестициялар және логистика салаларындағы тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екендіктерін растады, сондай-ақ Қазақстан–Таиланд әріптестігінің қолда бар әлеуетін іске асыру мақсатында екі елдің бейінді мемлекеттік органдары мен іскер топтары арасындағы белсенді диалогтың маңыздылығын атап өтті.Анықтама үшін: 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Таиланд арасындағы тауар айналымы 255,1 млн АҚШ долларын құрады. Қазақстан Таиландтың Орталық Азиядағы ең ірі сауда серіктесі болып қала береді. Агроөнеркәсіп кешені, тамақ өнеркәсібі, логистика, цифрлық экономика, туризм және инвестициялық ынтымақтастық салаларында өзара іс-қимылды кеңейтудің елеулі әлеуеті сақталуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-thailand/press/news/details/1243645?lang=ru