Әлем
Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі Алмас Сейтақынов Моңғолияның Қорғаныс министрі Батлут Дамбамен келіссөзі туралы 13.08.2025
Ұлан-Батыр, 2025 жылғы 12 тамыз – Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі Алмас Сейтақынов Моңғолияның Қорғаныс министрі Батлут Дамбамен кездесті.Келіссөздер барысында Қорғаныс ведомствосының басшысы А.Сейтақыновты Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі болып тағайындалуымен, сондай-ақ полковник Ғ.Жантаевты әскери атташе лауазымында жұмысын бастағанмен құттықтады.Д.Батлут Моңғолияның қорғаныс саласындағы екіжақты өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға ниеттігін айтып, екі жақты ынтымақтастықты сапалы жаңа деңгейге шығару мүмкіндігіне сенім білдірді.Өз кезегінде А.Сейтақынов Қазақстан мен Моңғолия арасындағы қорғаныс саласындағы байланыстарды дамыту үшін зор әлеует бар екенін атап өтіп, қазақстандық тараптың барлық перспективалы бағыттар бойынша белсенді өзара іс-қимыл жасауға дайын екендігін растады.Тараптар бірлескен оқу-жаттығуларды өткізу мүмкіндігі мен әскери ынтымақтастықты кеңейту перспективалары бойынша пікір алмасты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ulaanbaatar/press/news/details/1050514?lang=kk
Жаңа Салық кодексі: Бизнеске бағытталған қолдау, аграршыларға арналған жеңілдіктер 13.08.2025
Жаңа Салық кодексін іс жүзінде қолдану кәсіпкерлердің қызметіндегі тиімділікті арттыруда маңызы зор. Салық есептілігі мен тексеру тәртібіндегі, сол секілді қолдау тетіктеріндегі өзгерістер жайлы хабардар болу бизнеске артық кемшіліктер мен санкциялардан сақ болуға, сондай-ақ заңнамада көзделген мүмкіндіктерді барынша пайдалануға көмектеседі. Осы мақсатта ҚР Қаржы министрлігі еліміздің барлық өңірінде ақпарат жұмысын бастап, заңдағы негізгі ережелерді түсіндіріп, кәсіпкерлердің өзекті сұрақтарына жауап беріп келеді. Мұндай жұмыс форматы салық сауаттылығын арттырып, қоғамның сенімін нығайтады және ашық, қолайлы іскер ортаны қалыптастыруға жол ашады.Айталық, кезекті семинар Петропавл қаласында болып өтті. Солтүстік Қазақстан – аграрлық секторы жолға қойылған өңірлердің бірі, мұнда 42 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектісі бар. Семинарға облыстағы ЖШС, ЖК мен агроқұрылымдардың 500-ден астам өкілі, сондай-ақ «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты. Жаңа реформаның артықшылықтары туралы Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Нұржанов айтып берді.Оның айтуынша, аталған кодекс агробизнеске айтарлықтай фискалды артықшылықтар береді. Олардың қатарында: ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне арналған 3% мөлшеріндегі жеңілдетілген корпоративті табыс салығының мөлшерлемесі, шағын және орта шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнайы салық режімінің сақталуы. Бұған қоса қосылған құн салығы бойынша қосымша шегерім сақталып қана қоймай оның көлемі 70% 80% дейін ұлғаяды. Көлік салығына тоқталсақ, шаруа немесе фермерлік қожалықтарға арналған арнайы салық режімін қолданушыларға бір пикапқа (жеңіл жүк көлігі) қосымша жеңілдік қарастырылған.Бұл амал аграршылар үшін тұрақты әрі тиімді бизнес-ортаны қалыптастырып, салық жүктемесін азайтуға және салаға инвестиция тартуға септеседі.Бұдан бөлек жеңілдетілген салықтық тетіктері қарастырылып отыр: бірыңғай жер салығы алынып тасталады, арнайы режімдер үшке дейін азайды, ал өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған мобильді қосымшаларды қоса алғанда, цифрлы сервистерді енгізу азаматтарға декларацияларды тексеріп, салықтарды онлайн түрде төлеуге мүмкіндік береді. Осы арқылы бюрократия азайып, әкімшілендіру ісінің ашықтығы артады.«Жаңа заңдағы аграршыларға арналған жеңілдіктер агроөнеркәсіпті дамытуға айтарлықтай серпін беруі мүмкін.Салықтық әкімшілендіруді жеңілдетіп, осы саладағы жүктемені азайту мен тиісті рәсімдерді оңтайландыру өндірісті кеңейтуге, шаруашылықтарды жаңғыртуға және аграрлық секторға инвестиция тартуға жайлы жағдай жасайды», деді Ж.Нұржанов.Келесі семинар 14 тамызда Ақмола облысының Көкшетау қаласында өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1050524?lang=kk
Президенттің тапсырмаларын жүзеге асыру: кәсіпкерлерге 3,5 трлн теңгеге мемлекеттік қолдау көрсетілді 13.08.2025
Үкіметтің баспасөз орталығы алаңында өткен баспасөз мәслихатында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин экономиканы қаржыландыру туралы айтты.Ол 2025 жылғы 31 шілдедегі жағдай бойынша «Бәйтерек» холдингі кәсіпкерлерге 3,5 трлн теңгеге қолдау көрсеткенін, оның 1,75 трлн теңгесі – ШОБ субъектілеріне, 657,5 млрд теңгесі АӨК-ке тиесілі екенін айтты. Ірі бизнес 1,38 трлн теңгеге, экспорттаушылар – 394 млрд теңгеге қолдау алды. Субсидиялардан кепілдіктерге көшу шеңберінде «Даму» қорының базасында 7 млрд теңгеге дейінгі ШОБ жобалары және 7 млрд теңгеден астам ірі жобалар үшін кепілдік қорлары құрылды.Банк өтімділігін тарту үшін «Бәйтерек» холдингінің, Экономика министрлігінің, Ұлттық банктің, ҚҚҚ және ҚНРДА қатысуымен жобалық кеңсе құрылды. Синдикатталған қаржыландыру арқылы 9,1 трлн теңгені құрайтын 19 жоба мақұлданды.«Бизнестің хабардарлығын арттыру мақсатында «Бизнестің цифрлық картасы» жобасы жүзеге асырылуда. 100-ден астам қолдау шаралары бар Тізілім бекітілді. “Бәйтерек” холдингіне қолдау көрсету шараларын қамтитын Bgov ақпараттық жүйесін 71 мың пайдаланушы 2,3 млн рет пайдаланған eGov Business қосымшасымен интеграциялау аяқталды», — деп толықтырды Серік Жұманғарин.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1050525?lang=kk
Әлеуметтік жағынан осал топтар үшін оқу ақысына көмек 13.08.2025
Әлеуметтік жағынан осал топтар үшін оқу ақысына көмекҰБТ-дан 105 және одан жоғары балл жинадыңыз, бірақ грантқа түсе алмай қаламын деп уайымдайсыз ба?Шешімі бар! Егер сіз әлеуметтік жағынан осал топқа жатсаңыз — жетім балалар, көпбалалы немесе аз қамтылған отбасылардың студенттері — Астана қаласының әкімдігі сіздің күндізгі оқуыңыздың ақысын төлейді.1 шілдеден 23 тамызға дейін әлеуметтік жағынан осал топтағы студенттердің күндізгі оқу ақысын төлеуге арналған құжаттар қабылданады:Қажетті құжаттар қысқаша:• Жеке куәлік• Отбасының табысы туралы анықтама• Жеңілдікті растайтын құжат (ата-анасының қайтыс болғаны туралы куәлік, көпбалалылық туралы анықтама және т.б.)• Астана қаласындағы мектепті аяқтағаны туралы аттестат• ҰБТ сертификаты• Екінші деңгейлі банктегі немесе «Қазпошта» АҚ-дағы шот реквизиттері2024 жылы әлеуметтік қолдау тізіміне Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың «Аймақтану» мамандығы енгізілді.Өтінішті «Дүниежүзі тарихы» және «Ағылшын тілі» пәндері бойынша ҰБТ-дан 105 және одан жоғары балл жинаған талапкерлер бере алады.Құжат қабылдау: 2025 жылғы 1 шілде – 23 тамызБайланыс: +7 775 444 44 00 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1050526?lang=kk
«Мектепке жол» акциясы 13.08.2025
«АМАNАТ» партиясының аудандық филиалы «Баланы мектепке дайындаймыз!» атты қайырымдылық акциясын өткізді.Акция аясында 10-ға жуық отбасына мектеп сөмкесі мен кеңсе тауарлары табысталды.Іс-шараға «АМАNАТ» партиясы филиалының төрағасы А.Т.Қаспақов, аудандық мәслихаттың депутаты Қ.Қ.Саққұлақов, партия хатшылары, ата-аналар мен мектеп оқушылары қатысты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1050532?lang=kk
Алматы облысында жалпы су пайдалану ережелері жаңартылады 13.08.2025
Алматы облыстық мәслихатының «Тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, құрылыс және архитектура, көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша» тұрақты комиссиясының отырысында облыстық Су ресурстары және ирригация басқармасының басшысы жаңа су пайдалану тәртібі туралы баяндама жасады.Спикердің айтуынша, 2025 жылғы сәуірде күшіне енген жаңа Су кодексіне, сондай-ақ 2025 жылғы 2 маусымдағы ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасына сәйкес, еліміздің барлық өңірлерінде өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, жаңа жалпы су пайдалану ережелері бекітілуі тиіс.Алматы облысы үшін әзірленген ережелерде негізгі басымдық халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, азаматтардың су айдындарына еркін қол жеткізуіне және су пайдалану шектеулерінің ашықтығына берілген.Жалпы су пайдалануда тыйым салынатын қызмет түрлері нақтыланды, соның ішінде: қауіпті орындарда шомылу, көлікті жуу, су айдындарын ластау және экология мен қауіпсіздікке қауіп төндіретін өзге де әрекеттер.Тұрғындарды ақпараттандыру үшін ресми белгілер орнатылады, шектеулер туралы мәліметтер мемлекеттік органдардың сайттарында және БАҚ-та жарияланады. Сондай-ақ жалпы су пайдаланудың әкімшісі тағайындалады — ол халықты хабардар ету мен тыйым салу белгілерін орнатуды үйлестіреді.Шомылуға рұқсат берілетін орындар тізімін Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті дайындап, облыс әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.Жаңа ережелерге енгізілген қосымша тармақтар:Су ресурстары және ирригация басқармасы мен аудан әкімдері аппараттары су айдындарының жағдайы туралы халықты жүйелі түрде хабардар етеді.Қауіпсіз және тиімді су пайдалану іс-шараларын үйлестіру үшін, сондай-ақ тыйым салу белгілерін орнатуды және шомылуға тыйым салынған орындар туралы ақпаратты ұйымдастыруды қадағалау үшін облыс әкімдігі жалпы су пайдалану бағдарламасының әкімшісін тағайындайды.Су айдыны жалға немесе сенімгерлік басқаруға берілген жағдайда, жалпы су пайдалануға қолжетімділік жергілікті атқарушы орган белгілеген аумақта, қауіпсіздік, санитарлық нормалар, экологиялық тұрақтылық және өндірістік процестер талаптарына сәйкес қамтамасыз етіледі.Инвестор өз қаражаты есебінен су айдынының инфрақұрылымын дамытқан жағдайда (жағалауды абаттандыру, балықтандыру, пирс, жолдар салу және т.б.) ол: құрылған инфрақұрылымды пайдаланғаны үшін ақы белгілеуге;әуесқойлық және спорттық балық аулау үшін ақы белгілеуге құқылы.2025 жылғы 9 сәуірдегі №178-VIII ҚРЗ Су кодексінің 133-бабы 8-тармағына сәйкес, осы Кодекс күшіне енгенге дейін берілген рұқсаттар мен келісімдер, сондай-ақ соларға негізделген инфрақұрылым элементтері (қоршаулар және басқа да нысандар) мерзімі аяқталғанға дейін өз күшінде қалады.Баяндамашы жаңа ережелер Алматы облысында су ресурстарын тиімді, қауіпсіз және заңды пайдалану ісін жүйелеуге мүмкіндік беретінін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-vod-irrigation/press/news/details/1050487?lang=kk
Салық төлеушілер арасында ең көп талап етілетін мемлекеттік қызметтердің бірі салықтарды, бюджетке төлемдерді, өсімпұлдарды, айыппұлдарды есепке жатқызу 13.08.2025
Салық төлеушілер арасында ең көп талап етілетін мемлекеттік қызметтердің бірі салықтарды, бюджетке төлемдерді, өсімпұлдарды, айыппұлдарды есепке жатқызужәне қайтару бойынша қызмет көрсету болып табылады. Осыкызметті алудың бірнеше тәсілі бар:- "e-Salyq Azamat"мобильді қосымшасы арқылы;- "e-Salyq-Business" мобильді қосымшасы арқылы:- "Электрондық укімет" веб-порталы арқылы www.egov.kz;- "салық төлеуші кабинеті"веб-қосымшасы арқылы;- "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясыарқылы;- мемлекеттік кірістердің, аумақтық органдары арқылы.Қызметті алу үшін Nº15 белгіленген нысан бойынша салықтық өтініш беру қажет (ҚР Қаржы министрінің, 2018 ж. 20.02. Nº160 буйрығы).Ақша қаражаты қайтарылған жағдайда, салықтық өтініштен басқа, оларды қайтару үшін негіз болып табылатын тиісті уәкілетті органның құжаты (сот шешімі немесе соманың талап етілмейтіндігі туралы анықтама) қоса берілетініне назар аударамыз. Сынақ жүргізу кезінде растайтын құжаттар талап етілмейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1050492?lang=kk
«Әрбір азаматқа - құқықтық көмек» атты республикалық акция 13.08.2025
«Заң және тәртіп» идеологиясын жүзеге асыру аясында, сондай-ақ ҚР Конституциясының 30 жылдығына арналған іс-шаралар шеңберінде 2025 жылдың 13 тамызында Қостанай облысының барлық нотариаттық палаталарында «Әрбір азаматқа - құқықтық көмек» атты республикалық акция өтті.Акцияның мақсаты - халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету.Азаматтар мұрагерлік құқықтарды рәсімдеу, сату-сатып алу және сыйға тарту шарттарын куәландыру, сенімхаттар мен өсиеттерді рәсімдеу, некеге отыру шарттарын жасау, жылжымайтын мүлікке қатысты мәмілелер кезінде құқықтарды қорғау, сондай-ақ шетелге шығу үшін құжаттар дайындау мәселелері бойынша жүгінді.Акция қорытындысы бойынша мамандар тұрғындардың белсенділігін жоғары бағалап, азаматтардың құқықтарын қорғауда мұндай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1050495?lang=kk
Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған "Абай мұрасы халық қазынасы" атты мерекелік іс-шара 13.08.2025
Бастаушы ауылдық клуб үйінде Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған "Абай мұрасы халық қазынасы" атты мерекелік іс-шара өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-bastaushy/press/news/details/1050497?lang=kk
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау: Негізгі капиталға салынған инвестиция 16,1%-ға өсті 13.08.2025
Үкіметтің баспасөз орталығы алаңында өткен баспасөз конференциясында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин экономикаға инвестиция тарту жөніндегі жұмыстар туралы хабарлады.Вице-премьер қабылданған шаралар нәтижесінде қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция 16,1%-ға өскенін атап өтті.«Инвестицияның ең көп өсімі білім беру саласында 2,3 есе, қаржы қызметінде 90,1%, өңдеу өнеркәсібінде 38,7%, ауыл шаруашылығында 27%, денсаулық сақтауда 17,5%, көлікте 17% мөлшерінде байқалады», — деп нақтылады Серік Жұманғарин. https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1050498?lang=kkАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-ekonomika-zhosparlau/press/news/details/1051400?lang=kk
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Өрлеу» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы іске қосылып, 2 мыңнан астам бизнес-жоба субсидияланды 13.08.2025
Үкіметтің баспасөз орталығы алаңында өткен баспасөз конференциясында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин республикада шағын және орта бизнесті қолдау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтты.Вице-премьер 1 тамызда 288,3 млрд теңгеге 2 048 жоба субсидияланғанын, 61 млрд теңгеге 737 жоба кепілдік алғанын хабарлады. 9 мыңға жуық кәсіпкер оқудан өткен. 2025 жылы ШОБ-ты қолдауға 271,1 млрд теңге бағытталады.«12,6% мөлшерлемемен "Өрлеу" жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы іске қосылды. Жалпы қолдау көлемі – 750 млрд теңге. 200 млрд теңгеге 394 жоба қаржыландырылды», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1050508?lang=kk
Мемлекет басшысының экономикалық өсім жөніндегі тапсырмасын орындау: жеті айда ЖІӨ өсімі 6,3%-ға жетті 13.08.2025
Үкіметтің баспасөз орталығы алаңында өткен баспасөз конференциясында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Мемлекет басшысының экономикалық өсім жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы туралы айтты.Вице-премьер Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2029 жылға қарай Қазақстан экономикасын екі есеге арттыру жөнінде өршіл мақсат қойып отырғанын атап өтті. 2024 жылдың қорытындысы бойынша мұндағы нысаналы көрсеткішке қол жеткізілді.«Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда, соның ішінде инвестицияны ынталандыру, өнімділікті арттыру және экономиканың шикізатқа жатпайтын секторын кеңейту есебінен жүруде. Биылғы қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша экономикалық өсім 6,3%-ға жетті. Нақты сектордағы өсім 8,3% құрады. Қызметтер өндірісі 5,2%-ға өсті», — деп хабарлады Серік Жұманғарин.Негізгі драйверлер - көлік (+22,5%), құрылыс (+18,5%) және сауда (+8,6%) саласы. Тау-кен өнеркәсібінде өсу жалғасып (+8,5%), өңдеу секторы (+6,1%) жандана түсті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1050477?lang=kk
«Спорт – сенің серігің» атты ашық аспан астыңда кітап көрмесі ұйымдастырылды 13.08.2025
Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапхананың ұйымдастыруымен спорт күніне орай арбат алаңында қала тұрғындарына «Спорт – сенің серігің» атты ашық аспан астыңда кітап көрмесі ұйымдастырылды.Көрменің мақсаты – оқырмандардың спортқа қызығушылығын арттыру, денсаулықты нығайтуға, белсенді өмір сүруге ынталандыру, спорт арқылы табандылық пен жігерлілікті қалыптастыру.Көрмеге әртүрлі спорт түрлері, олимпиада және әлем чемпиондары, ұлттық спорт ойындары мен олардың тарихы туралы кітаптар қойылды. Сонымен бірге атақты спортшылардың өмірбаяндары, жетістіктері, жаттығу мен жарысқа дайындалу жөніндегі еңбектер қойылып, библиографиялық шолу жасалды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1050406?lang=kk
Алматы облысында мобильдік медициналық топ шалғай ауыл тұрғындарына қызмет көрсетуде 13.08.2025
Алматы облысында білікті мамандардан құралған мобильдік медициналық топтар шалғай орналасқан ауылдық елді мекендерге барып, жергілікті тұрғындарға тегін медициналық көмек көрсетуді бастады. Тамыздың 11-інен бастап басталған бұл шара барысында Балқаш, Кеген, Райымбек және Ұйғыр аудандары қамтылады.Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, құрамында 25 тәжірибелі дәрігер бар топ тоғыз түрлі бағытта медициналық қызмет көрсетеді. Мамандар тек кеңес берумен шектелмей, қажет болған жағдайда шағын оталар жасап, күрделі жағдайларда кешенді ем-дом жүргізуге дайын.“Бұл бастама – шалғай ауылдардағы медициналық қызметтің сапасын арттыруға бағытталған. Мобильдік топтар бір ай көлемінде жұмыс істейді және бұл шара тоқтамайды. Әр үш ай сайын осындай іс-шаралар жалғасын тауып, барлық аудандарды қамтитын болады,” – деді Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов.Медициналық топ құрамындағы дәрігерлер жуырда Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасындағы жетекші клиникалық орталықтарда біліктіліктерін арттырып қайтты. 25 маман акушерлік-гинекология, неонатология, травматология, онкология, эндоскопиялық хирургия, анестезиология және реаниматология салаларында заманауи емдеу мен диагностикалау тәсілдерін меңгерді.Иле аудандық орталық ауруханасының ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі директордың орынбасары Рауан Азимқұлованың айтуынша, Минск қаласында өткен оқыту барысында пневмопошта жүйесі мен медициналық қызметкерлердің науқастарға деген ерекше көзқарасы жоғары бағаға ие болған.Мамандар енді шетелде жинақтаған тәжірибесін ел ішінде, соның ішінде ауылдық аймақтарда тиімді пайдаланып, медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға күш салмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/1050341?lang=kk
Өскемен қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында депутаттар Өскемен қаласының бюджетіне енгізілген өзгерістерді қарады. 13.08.2025
Өскемен қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында депутаттар Өскемен қаласының бюджетіне енгізілген өзгерістерді қарады. Автобус жолаушылар тасымалын субсидиялауға, қысқы және жазғы кезеңдерде жолдарды күтіп-ұстауға, 16 және 28 тұрғын аудандарды электрмен жабдықтауға, сондай-ақ жолдарды орташа жөндеуге қосымша қаражат көзделді.Сондай-ақ, жер комиссиясының жаңа құрамы бекітіліп, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды беретін комиссияның құрамына өзгерістер енгізілді.Барлық мәселелер бойынша түпкілікті шешімдер мәслихаттың кезектен тыс сессиясында қабылданатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1050306?lang=kk
Камерадан қашып құтыла алмады: сәтсіз курьер Шығыс Қазақстан облысындағы түрме маңында қолға түсті 13.08.2025
Камерадан қашып құтыла алмады: Сәтсіз курьер Шығыс Қазақстан облысындағы түрме маңында қолға түстіШығыс Қазақстан облысындағы түрме қызметкерлері мен Ұлттық ұлан жауынгерлері түрмеге есірткі өткізуді көздеген қауіпті әрекеттің алдын алды.Бұл оқиғаға 44 жастағы ер адам қатысты. Ол досының көлігімен келген, ал қайтарда оны түрме қызметкерлері алып кетті.Бұрын ұрлық үшін сотталған Өскемен тұрғыны - курьер Шемонаиха ауданына нақты бір мақсатпен келген: дуалдан асырып, марихуана салынған түйіншектерді лақтыру. Кейін ол түрме маңындағы өзінің жүргенін «дәрет сындырғым келді» деп ақталмақ болған, бірақ бейнебақылау камераларындағы жазба оның сөзінің жалған екенін көрсетті.Оқиғаның ең қызықты сәті - оның қалай ұсталғаны. Әлгі ер адам түйіншектерді лақтырған соң, өзінің көлігі емес, басқа көлікті қателесіп, соған жүгірген. Сол сәтте оған түрме қызметкерлері жақындады. Соңынан өзі келген көлік те келіп, оның өтірігін әшкереледі.«Біздің қызметкерлер тәулік бойы жұмыс істейді. Ешкімге заңды бұзуға жол бермейміз. Мұндай жағдайлардың жолын қатаң кесеміз», – деді ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №18 мекемесінің бастығы Қуаныш Қонжанов.‼Ұстау кезінде скотчпен оралған, ерекше иісі бар үш түйіншек табылды.Сараптама қорытындысы бойынша, тәркіленген зат 430 грамнан астам кептірілген марихуана болып шықты. Бұл 86 рет қолдануға жететін мөлшер.Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.Сотталғандарға көмектеспек болған ер адамның өзі түрмеге қамалып кетуі мүмкін. Қазір қызметкерлер тәркіленген заттың кімге арналғанын анықтап жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-vko/press/news/details/1050264?lang=kk
Jastar Fest Шымкентте: Жастар күні белсенді шымкенттіктерге арналған жаңа гранттар мен байқауларға жол ашты 13.08.2025
12 тамызда Шымкентте Халықаралық жастар күні жаңа идеялар мен мүмкіндіктер алаңына айналды. Jastar Fest фестивалі жүздеген жасты жинап, мерекелеумен қатар, құны 1 млн теңгеге дейінгі гранттармен жаңа жобаларды іске қосты.Негізгі оқиға – қалалық еріктілер бастамалары байқауының қорытындысы болды. Екі ай ішінде байқауға 36 автордан өтінім келіп түсті. Жобалар тақырыбы – экологияны қорғау, медициналық еріктілікті дамыту, толық емес отбасылардағы жасөспірімдерге көмек көрсету және жануарларға арналған панажайларды абаттандыру.Жеңімпаздарды бизнес, БАҚ және ҮЕҰ өкілдерінен құралған тәуелсіз қазылар алқасы анықтады. Ең үздік бес жобаның авторлары өз идеяларын жүзеге асыру үшін 1 млн теңгеден грант алды. Ал белсенділер алғыс хаттар мен түрлі сыйлықтарға ие болды. Қаланың еріктілері бүгінде өткір әлеуметтік мәселелерді шешуге белсенді атсалысып, соның ішінде «Есірткісіз қоғам» құру ісіне елеулі үлес қосып келеді.Фестиваль «Жас драйв» жаңа грант маусымының да басталу нүктесі болды. 12 тамыздан 11 қыркүйекке дейін шымкенттік жастар өз жобаларын төмендегі бес бағыттың бірі бойынша ұсына алады: • ActiVO – «Ерікті жас» (Жыл еріктісі) • CityVibe – «Көрікті қала» (Жастарды өзгертетін қала) • NOx – «Есірткісіз қоғам» • Innovation + Pulse – «Жас ғалым» • My family – «Отбасы – басты құндылық»Ұйымдастырушылардың айтуынша, жақын күндері «Тәуелсіздік ұрпақтары» байқауына да өтінімдер қабылдау басталады. Ғылым, мәдениет, IT, бизнес, медиа және еріктілік салаларындағы ең үздік алты жоба да 1 млн теңгеден грант иеленеді.«Біз жастарға жай ғана қолдау сөздері емес, нақты мүмкіндіктер қажет екенін түсінеміз — білім алу, бизнеске көмек, заманауи қала ортасы және ашық диалог. Осы мүмкіндіктерді шынайы ету үшін барымызды салып жатырмыз», — деді мегаполис әкімі Ғабит Сыздықбеков.Мерекенің атмосферасын «Жайдарман» жұлдыздары Ұлан Мамырбекұлы мен Нұрым Досболдың TEDx форматындағы мотивациялық сөздері, Gentleman және Happiness топтарының, Бағлан Жолдасовтың концерттері, интерактивті ойындар, Romano-ның DJ-сеті және жарқын фейерверк толықтырды.Бүгінде Шымкентте 400 мыңға жуық жас тұрады, олардың 134 мыңы — студент. Биыл олардың 41 мыңнан астамы дипломды маман атанады.
Шымкенттегі Jastar Fest: Жастар күні белсенді шымкенттіктер үшін жаңа гранттар мен байқауларды бастады. 13.08.2025
Шымкентте 12 тамыз Халықаралық жастар күні жаңа идеялар мен мүмкіндіктер алаңына айналды. «Jastar Fest» фестивалі жүздеген жастың басын қосып, тойлау үшін ғана емес, сонымен қатар 1 миллион теңгеге дейінгі гранттармен жобаларды іске қосты. Басты оқиға қалалық волонтерлік бастамалар байқауының қорытындысын шығару болды. Екі айдың ішінде 36 автордан қатысуға өтінімдер түсті. Тақырыптар қоршаған ортаны қорғау және медициналық еріктілікті дамытудан толық емес отбасылардан шыққан жасөспірімдерге көмек көрсету және жануарларға арналған баспаналарды ұйымдастыруға дейін созылды. Жеңімпаздарды құрамына бизнес, БАҚ және ҮЕҰ өкілдері кірген тәуелсіз қазылар алқасы анықтады. Үздік бес жобаның авторлары идеяларын жүзеге асыру үшін әрқайсысына 1 миллион теңгеден, белсенділер алғыс хаттар мен түрлі сыйлықтарға ие болды. Қала еріктілері қазірдің өзінде өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге белсенді түрде атсалысуда, соның ішінде «Есірткісіз қоғам» – есірткісіз қоғамды құруға зор үлес қосуда. Фестиваль сонымен қатар «Zhas Drive» жаңа гранттық маусымының бастау нүктесі болды. 12 тамыз бен 11 қыркүйек аралығында жас шымкенттіктер бес бағыттың бірі бойынша өз жобаларын ұсына алады: • ActiVO – «Ерікті жас» (Жыл еріктісі) • CityVibe – «Көрікті қала» (Жастарды өзгертетін қала) • NOx – «Есірткісіз қоғам» (Есірткісіз қоғам) • Инновация + Импульс – «Жас Ғалым» (Жас ғалым) • Менің отбасым – «Отбасы – басты күнділік» (Отбасы – басты құндылық) Ұйымдастырушылардың айтуынша, жақын арада «Тәуелсіздік ұрпақтары» байқауына да өтініштер қабылданады. Сондай-ақ ғылым, мәдениет, IT, бизнес, БАҚ және волонтерлік салалардағы үздік алты жобаның әрқайсысына 1 миллион теңгеден беріледі. "Біз жастарға жай ғана қолдау сөздері емес, нақты мүмкіндіктер - білім, бизнестегі көмек, заманауи қалалық орта және ашық диалог қажет екенін түсінеміз. Біз бұл мүмкіндіктерді жүзеге асыру үшін барлығын жасап жатырмыз", - деді мегаполис әкімі Ғабит Сыздықбеков. Мерекелік атмосфераны «Жайдарман» жұлдыздары – Ұлан Мамырбекұлы мен Нұрым Досболдың TEDx форматындағы мотивациялық сөздері, Gentleman және Happiness, әнші Бағлан Жолдасовтың концерттері, интерактивті ойындар, Романоның диджейлері мен жарқын отшашуы толықтырды. Бүгінде Шымкентте 400 мыңға жуық жас болса, оның 134 мыңы студенттер. Биыл 41 мыңнан астамы сертификатталған маман атанады.
Ауыл жастары экологиялық акцияға белсене атсалысуда 13.08.2025
“Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында ауыл жастары табиғатты қорғау ісінде өз белсенділігін нақты іспен дәлелдеуде. Олар шөп шауып, қоқыс жинап, ауыл ішін және маңайын тазарту жұмыстарына белсене қатысып, туған өлкенің көркеюіне шынайы үлес қосуда.Бүгінгі жастар — экологиялық жауапкершілікті мойнына алып, айналаны тазартып қана қоймай, қоғамға үлгі көрсетіп отыр. Бұл — жастардың табиғатқа деген жанашырлығының, ел болашағына деген алаңдаушылығының айқын көрінісі.▪Таза орта — жас ұрпақтың қолымен қалыптасады!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1050228?lang=kk
Ауыл әкімі тұрғындарды жеке қабылдады 13.08.2025
11 шілде күні Баянды ауылының әкімі Бектұрлы Аманкелдіұлы тұрғындарды жеке қабылдауын өткізді. Қабылдау барысында тұрғындар инфрақұрылым, әлеуметтік қолдау, тұрғын үй, жер мәселесі және өзге де маңызды сұрақтар бойынша өтініштерін жеткізді.Әкім әрбір азаматтың мәселесін мұқият тыңдап, кейбір сұрақтар бойынша тиісті бөлімдерге нақты тапсырмалар берді. Жекелеген өтініштер бойынша жауаптар сол сәтте беріліп, қалғандары бақылауға алынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1050199?lang=kk