Әлеуметтік жағынан осал топтар үшін оқу ақысына көмек
13.08.2025 18:02:12 1275
Әлеуметтік жағынан осал топтар үшін оқу ақысына көмек
ҰБТ-дан 105 және одан жоғары балл жинадыңыз, бірақ грантқа түсе алмай қаламын деп уайымдайсыз ба?
Шешімі бар!
Егер сіз әлеуметтік жағынан осал топқа жатсаңыз — жетім балалар, көпбалалы немесе аз қамтылған отбасылардың студенттері — Астана қаласының әкімдігі сіздің күндізгі оқуыңыздың ақысын төлейді.
1 шілдеден 23 тамызға дейін әлеуметтік жағынан осал топтағы студенттердің күндізгі оқу ақысын төлеуге арналған құжаттар қабылданады:
Қажетті құжаттар қысқаша:
• Жеке куәлік
• Отбасының табысы туралы анықтама
• Жеңілдікті растайтын құжат (ата-анасының қайтыс болғаны туралы куәлік, көпбалалылық туралы анықтама және т.б.)
• Астана қаласындағы мектепті аяқтағаны туралы аттестат
• ҰБТ сертификаты
• Екінші деңгейлі банктегі немесе «Қазпошта» АҚ-дағы шот реквизиттері
2024 жылы әлеуметтік қолдау тізіміне Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың «Аймақтану» мамандығы енгізілді.
Өтінішті «Дүниежүзі тарихы» және «Ағылшын тілі» пәндері бойынша ҰБТ-дан 105 және одан жоғары балл жинаған талапкерлер бере алады.
Құжат қабылдау: 2025 жылғы 1 шілде – 23 тамыз
Байланыс: +7 775 444 44 00

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1050526?lang=kk