Әлем
"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары жүргізілді 13.05.2025
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында аудан орталығында және елді мекендерде сенбілік өтті. Тазалық жұмыстарына аудандағы меншік түріне қарамастан барлық мекеме атсалысты. Сенбілік барысында көше бойына көркейту-көгалдындыру жұмыстарын жүргізіп, аулалар қоқыстан тазартылды.Алдағы уақытта сенбілік жұмыстары жалғасын табады.Аудан тұрғындарын тазалық шараларына атсалысуға және тазалық сақтауға шақырамыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/993315?lang=kk
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша өңірде 9 білім ордасы салынып жатыр 13.05.2025
2025 жылы Атырау облысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде алты оқу ордасын пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл мектептерде бір ауысымда 5100 бала білім алады.6 мектептің үшеуі облыс орталығында орналасқан. Нақтырақ айтқанда, Ақсай-2, Жұлдыз-2, Жұлдыз-3 ықшам ауданының әрқайсысында балалардың бар жағдайы қамтылатын 900 орындық білім беру ұйымы салынып жатыр. Құрманғазы ауданына қарасты Құрманғазы мен Ақкөл ауылдарында бір ауысымда 600 балаға білім беретін мектеп бой көтеруде. Ал 1200 орындық тағы бір жайлы мектеп — Құлсары қаласындағы Атырау шағын ауданында.Жайлы мектептерде шәкірттер мен ұстаздарға толыққанды жағдай жасалады. Олардың қауіпсіздігі де ұмыт қалған емес. Жедел басқару орталығына қосылған бейнебақылау камералары орнатылып, ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін кедергісіз орта қалыптастырылды. Бастауыш және жоғарғы сынып оқушылары үшін бөлек блоктар қарастырылған. Мектеп ғимаратында спорт залы, бастауыш және жоғары сынып оқушыларына арналған асханалар, акт залы және кітапхана бар. Сонымен қатар психолог, логопед, медициналық кабинеттерімен, заманауи үлгідегі оқу сыныптарымен, физика, химия зертханаларымен және STEM кабинеттерімен жарақталған.«Біз биыл өңірде 6 білім ордасының құрылысын аяқтап, тапсыруды жоспарлап отырмыз. Келер жылы үшеуін пайдалануға бермекпіз. Жайлы мектептер өңірдегі үш ауысымда оқытатын білім беру ұйымдарының мәселесін шешуге көмегін тигізеді. Мысалы Жұлдыз-2, Жұлдыз-3 ықшам ауданында салынатын жайлы мектептер №39 орта мектептегі үш ауысымда оқыту мәселесін шешеді», деді облыстық білім беру басқармасының басшысы Марат Әбуов.Бұдан бөлек өңірде тағы 3 жайлы мектептің құрылысы жүріп жатыр. Оның екеуі Атырау қаласында, біреуі Қызылқоға ауданының Сағыз ауылында салынуда. Оларды ел игілігіне келер жылы беру жоспарланып отыр.Жалпы 2023-2025 жылдары «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында өңірде білім беретін 12 мекеме салу жоспарланған. Былтыр бір ауысымда 2700 бала оқитын 3 жайлы білім ордасы тапсырылғанын айта кетейік.Бұдан басқа 2025-2027 жылдарға арналған орта білім беру объектілерін реновациялау жөніндегі жоспар аясында өңірдегі 97 мектепті жаңарту көзделіп отыр. Оның тоғызы — осы жылдың жоспарында. Бүгінде үшеуінің жобалық-сметалық құжаты дайын. Мердігер мекемені анықтау жұмысы жүріп жатыр. Олар: Атырау қаласындағы Ә.Жангелдин атындағы орта мектеп, Индер ауданындағы М. Сиранов атындағы орта мектеп пен Мақат ауданындағы О. Сарғұнанов атындағы орта мектеп. Ал жоспардағы қалған қос мектептің жобалық-сметалық құжаты мемлекеттік сараптамада болса, төртеуінің жобасын жасақтау жұмысы жүріп жатыр. Жалпы реновация аясында мектептерді күрделі жөндеу, заманауи пәндік кабинеттермен жабдықтау, жихаздарды жаңарту, кітапханалар мен асханаларды жаңғырту, спорт залдарын салу немесе реконструкциялау, қоғамдық кеңістіктерді жабдықтау, сондай-ақ қауіпсіздік жүйелерімен қамтамасыз ету қарастырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-bilim/press/news/details/993309?lang=kk
ТКШ саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг: азаматтардың бастамасы - қалалық инфрақұрылымды жақсартуға жасалған қадам 13.05.2025
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету шеңберінде, сондай-ақ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасын іске асыру аясында Өскемен қаласындағы жол төсемдерінің жай-күйіне қоғамдық мониторинг жүргізілді.Мониторинг Пограничный көшесінен Назарбаев даңғылы 93-ші үйге дейінгі жол учаскесін қамтыды. Мониторинг бастамашысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ерікті Адиль Пшенов болды.Мониторинг нәтижесінде жол төсемесінде елеулі зақымданулар тіркелді, бұл қала тұрғындары тарапынан алаңдаушылық туғызады және қоғамдық кеңістікте белсенді талқыланады.Мониторинг қорытындысы бойынша А.Пшенов уәкілетті органға-Өскемен қаласы әкімдігінің ТКШ бөліміне ресми өтініш жолдады. Хатта жолдың қанағаттанарлықсыз жағдайына байланысты аталған учаскеде жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі көрсетілген.Бұдан басқа, өтініште басқа проблемалық учаскеде — Назарбаев даңғылынан Бажов көшесіне дейін кепілдік бойынша жөндеу жүргізуге нұсқау бар. Қолданыстағы нормаларға сәйкес, бұрын мердігерлік ұйым орындаған жұмыстар кепілдік міндеттеме шеңберінде ақауларды жоюы тиіс.Азаматтық белсенділіктің бұл үлгісі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ашықтық пен есептілікті арттыру процесіне, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы күреске және орындалатын жұмыстардың сапасын бақылауға оң үлесін қосады.#Заң_мен_тәртіп#ЗАҢменТӘРТІПАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-vko/press/news/details/993285?lang=kk
"Ер есімі-ел есінде" атты салтанатты шара өтті 13.05.2025
«Тағзым» алаңында 9 мамыр - Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Ер есімі – ел есінде» атты іс-шара өтті. Салтанатты жиынға аудан әкімі Берік Сәрменбаев, Ұлы Отан соғысының ардагері, Сырдария ауданының Құрметті азаматы Яхия Тасыров, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев, аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов және облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов, Тәжік-Ауған соғысының ардагерлері, Чернобыль, Семей зардаптарын жоюға қатысқан азаматтар, зиялы қауым өкілдері және аудан тұрғындары қатысты. Аудан басшысы сырдариялықтарды Жеңістің 80 жылдығымен құттықтап, отан үшін от кешкен батырлардың ерлігін атап өтті.– Жеңіс күні – елдік пен ерліктің, батылдық пен қаһармандықтың мерекесі! Бұл күн – бейбітшіліктің, азаттық пен тәуелсіздіктің нышаны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Адамзат тарихында теңдессіз ерлік жасаған әкелеріміз бен аналарымыздың қажымас қайсарлығы, ерен еңбегі және көзсіз қаһармандығы халқымыздың жадында мәңгі сақталады» деп атап көрсетті. «Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды» деген ұранды ұстанған елміз. Осынау ерлікке толы күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.Іс-шара барысында жиналған жұртшылық соғыста қаза тапқан батыр жауынгерлердің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен еске алды. Сондай-ақ, бейбіт өмірді сыйлаған бозақтардың рухына Құран бағышталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/993257?lang=kk
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА "BATYRLARGA TAGZYM" ИНТЕРАКТИВТІ ПЛАТФОРМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ 12.05.2025
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Түркістан облысынан майданға аттанған 100 мыңнан астам батырлардың есімдері енгізілген цифрлық “Batyrlarga tagzym” интерактивті платформасы іске қосылды. Платформада батырлардың есімдерімен қатар архивтік фотосуреттер мен құжаттар цифрлық форматта ұсынылған. Қазіргі таңда Ресей мемлекеттік базаларымен интеграция жасау арқылы платформаның деректерін толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Платформаны қолдану үшін “Жеңіс”саябағында үш интерактивті LED экран орнатылды. Мерекелік шараға қатысушыларға өз ата-бабаларының есімін іздеп, олардың ерліктері мен тарихи деректерімен, өмірбаянымен танысуға мүмкіндік берілді. Ер есімі — ел есінде. Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-sandyk-mem-kysmet/press/news/details/993227?lang=kk
«Ұлы Жеңістің үнсіз куәгерлері» – тарихпен тілдескен сәт атты көрмесі! 12.05.2025
Жеңістің 80 жылдығына арналған ерекше көрме – Жетісу жұртшылығын бейжай қалдырмады.9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы Жетісу облысының тарихи-өлкетану музейі Орталық алаңда көпшілікті терең тебіреніске бөлеген жылжымалы көрме ұйымдастырды.Көрмеде облыстық полиция департаменті, Талдықорған әскери-техникалық мектебі және музей қорынан алынған, қан майданның жансыз куәгерлеріне айналған жауынгерлік жәдігерлер қойылды. Олар – оқ пен оттың ортасында жүріп, елі үшін жанын қиған ерлердің үнсіз, бірақ әсерлі сыршылары. 2000-нан астам адам бұл көрмені тамашалап, тарихпен сырласып, толқыған сәттерін жасырмады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/993229?lang=kk
Аудан әкімі Яхия Тасыровты Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады 12.05.2025
Аудан әкімі Берік Сәрменбаев Ұлы Отан соғысының ардагері, Сырдария ауданының Құрметі азаматы, 103 жастағы Яхия Тасыровтың шаңырағына арнайы барып, Жеңістің 80 жылдығымен мерекелік құттықтауын жеткізді. Дәстүрге сай ардагердің иығына шапан жауып, сый-сияпат көрсетті. Аудан басшысымен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев, аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов және облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов бірге барып, мерекелік лебіздерін жеткізді.Кездесу барысында аудан басшысы ардагердің ерлігін ерекше атап өтіп, өскелең ұрпаққа үлгі екенін айтты. Ардагер өз кезегінде мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан құрметке алғысын білдірді. Сондай-ақ, құрмет төріндегі ақсақал өз естеліктерімен бөлісіп, ақ батасын берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/993199?lang=kk
Тәжікстан Республикасы делегациясының "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ сапары 12.05.2025
2025 жылғы 24-25 сәуірде Тәжікстан Республикасы делегациясының (бұдан әрі – ТР) «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) танысу сапары өтті. Іс-шара Дүниежүзілік банктің қолдауымен өтті.Делегация құрамында ТР Үкіметі жанындағы әлеуметтік сақтандыру және зейнетақы агенттігі (ӘСЗА), ТР Президенті жанындағы инновация және цифрлық технологиялар агенттігі (ИЦТА), ТР Денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы "Әлеуметтік қорғау мен экономикалық интеграцияны жаңғырту жобасын" жүзеге асыру тобының өкілдері болды. Кездесуге ҚР Ұлттық Банкі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" АҚ, "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ және Дүниежүзілік банк өкілдері қатысты. Құттықтау сөзінде "БЖЗҚ" АҚ Басқарма төрағасы Жанат Құрманов кездесуге қатысушыларға Қазақстанның зейнетақы жүйесіне қызығушылық танытқандары үшін алғыс айтып, оның негізгі компоненттері туралы баяндады және екі ел мамандарының нәтижелі ынтымақтастығына сенім білдірді.Өз кезегінде тәжік делегациясының басшысы – ТР ӘСЗА директоры Абдурахмон Халимзод қазақстандық әріптестеріне зейнетақы жүйесін құрудың озық тәжірибесімен және оны цифрландыру деңгейімен танысуға мүмкіндік бергені үшін алғысын айтты. Ол цифрлық технологияларды өмірдің барлық салаларына, әсіресе зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру саласына енгізудің маңыздылығына тоқталып, бұл қазіргі уақытта Тәжікстандағы басым стратегиялық міндеттердің бірі екенін атап өтті.Семинар барысында Душанбе қаласындағы ӘСЗА басқармасының бастығы Усмонали Сироджов ТР әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі туралы айтып берді. Қазір Тәжікстанда ерлер 63, әйелдер 58 жасында зейнетке шығады. Зейнетақы төлемдері елдегі орташа өмір сүру ұзақтығына сәйкес 180 айға (15 жыл) есептелген. Сақтандыру және Мемлекеттік зейнетақы жасына, мүгедектігіне және асыраушысынан айырылуына байланысты тағайындалады. Сақтандыру зейнетақысы сақтанушылар сақтандырылған адамдар үшін төлеген зейнетақы жарналарынан тұрады (мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің жалақысының 25%, мемлекеттік емес мекемелер 20%). Сондай-ақ, зейнетақы әкесінен немесе анасынан айырылған 18 жасқа дейінгі балаларға тағайындалады.Тәжікстандық топ Қазақстанның зейнетақы жүйесімен танысу, оның жинақтаушы компоненттеріне ерекше назар аудару, сондай-ақ еліміздің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру жүйелерін цифрландыру саласындағы озық тәжірибесімен танысу үшін келді.Тәжік делегациясына Қазақстандағы әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі, атап айтқанда жинақтаушы компонент туралы кешенді ақпарат ұсынылды. Зейнетақыны жоспарлау мәдениетін дамыту, жеке зейнетақы шоттарын әкімшілендіру, зейнетақы төлемдерінің түрлері сынды тақырыптар таныстырылды, Зейнетақы жинақтарын инвестициялау мәселелері ашылды. Бұл ретте осы бағыттарды іске асыруда цифрландырудың рөліне, кибер-қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, БЖЗҚ және Қазақстанның жинақтаушы жүйесінің басқа да қатысушылары (уәкілетті операторлар (ЕДБ), инвестициялық портфельді басқарушылар және өмірді сақтандыру компаниялары және т.б.) ұсынатын онлайн-сервистерді дамытуға ерекше назар аударылды. Заманауи технологияларды дамытудың және ақпараттық қауіпсіздіктің барлық шараларын сақтай отырып, мемлекеттік құрылымдардың дерекқорларымен тығыз ықпалдасудың арқасында БЖЗҚ халыққа көрсететін барлық қызметтер цифрландырылды. Цифрландыру Қазақстанның зейнетақы және әлеуметтік жүйесін неғұрлым ашық, ыңғайлы және икемді, сондай-ақ азаматтардың барлық санаттары үшін пайдаланушы тәжірибесінің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Мұны Тәжікстанның әлеуметтік ұйымдарының мамандары, сондай-ақ Дүниежүзілік банк өкілдері атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhangeldi-audany-akimat/press/news/details/993600?lang=kk
Тәжікстан Республикасы делегациясының "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚсапары 12.05.2025
2025 жылғы 24-25 сәуірде Тәжікстан Республикасы делегациясының (бұдан әрі – ТР) «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) танысу сапары өтті. Іс-шара Дүниежүзілік банктің қолдауымен өтті.Делегация құрамында ТР Үкіметі жанындағы әлеуметтік сақтандыру және зейнетақы агенттігі (ӘСЗА), ТР Президенті жанындағы инновация және цифрлық технологиялар агенттігі (ИЦТА), ТР Денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы "Әлеуметтік қорғау мен экономикалық интеграцияны жаңғырту жобасын" жүзеге асыру тобының өкілдері болды. Кездесуге ҚР Ұлттық Банкі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" АҚ, "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ және Дүниежүзілік банкөкілдері қатысты. Құттықтау сөзінде "БЖЗҚ" АҚ Басқарма төрағасы Жанат Құрманов кездесуге қатысушыларға Қазақстанның зейнетақы жүйесіне қызығушылық танытқандары үшін алғыс айтып, оның негізгі компоненттері туралы баяндады және екі ел мамандарының нәтижелі ынтымақтастығына сенім білдірді.Өз кезегінде тәжік делегациясының басшысы – ТР ӘСЗАдиректоры Абдурахмон Халимзод қазақстандық әріптестеріне зейнетақы жүйесін құрудың озық тәжірибесімен және оны цифрландыру деңгейімен танысуға мүмкіндік бергені үшін алғысын айтты. Ол цифрлық технологияларды өмірдің барлық салаларына, әсіресе зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру саласына енгізудің маңыздылығына тоқталып, бұл қазіргі уақытта Тәжікстандағы басым стратегиялық міндеттердің бірі екенін атап өтті.Семинар барысында Душанбе қаласындағы ӘСЗА басқармасының бастығы Усмонали Сироджов ТРәлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі туралы айтып берді. Қазір Тәжікстанда ерлер 63, әйелдер 58 жасында зейнетке шығады. Зейнетақы төлемдері елдегі орташа өмір сүру ұзақтығына сәйкес 180 айға (15 жыл) есептелген. Сақтандыру және Мемлекеттік зейнетақы жасына, мүгедектігіне және асыраушысынан айырылуына байланысты тағайындалады. Сақтандыру зейнетақысы сақтанушылар сақтандырылған адамдар үшін төлеген зейнетақы жарналарынан тұрады (мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің жалақысының 25%, мемлекеттік емес мекемелер 20%). Сондай-ақ, зейнетақы әкесінен немесе анасынан айырылған 18 жасқа дейінгі балаларға тағайындалады.Тәжікстандық топ Қазақстанныңзейнетақы жүйесімен танысу, оның жинақтаушы компоненттеріне ерекше назар аудару, сондай-ақ еліміздің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру жүйелерін цифрландыру саласындағы озық тәжірибесімен танысу үшін келді.Тәжік делегациясына Қазақстандағы әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі, атап айтқанда жинақтаушы компонент туралы кешенді ақпарат ұсынылды. Зейнетақыны жоспарлау мәдениетін дамыту, жеке зейнетақы шоттарын әкімшілендіру, зейнетақы төлемдерінің түрлері сынды тақырыптар таныстырылды, Зейнетақы жинақтарын инвестициялау мәселелері ашылды. Бұл ретте осы бағыттарды іске асыруда цифрландырудың рөліне, кибер-қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, БЖЗҚ және Қазақстанның жинақтаушы жүйесінің басқа да қатысушылары (уәкілетті операторлар (ЕДБ), инвестициялық портфельді басқарушылар және өмірді сақтандыру компаниялары және т.б.) ұсынатын онлайн-сервистерді дамытуға ерекше назар аударылды. Заманауи технологияларды дамытудың және ақпараттық қауіпсіздіктің барлық шараларын сақтай отырып, мемлекеттік құрылымдардың дерекқорларымен тығыз ықпалдасудың арқасында БЖЗҚ халыққа көрсететін барлық қызметтер цифрландырылды. Цифрландыру Қазақстанның зейнетақы және әлеуметтік жүйесін неғұрлым ашық, ыңғайлы және икемді, сондай-ақ азаматтардың барлық санаттары үшін пайдаланушы тәжірибесінің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Мұны Тәжікстанның әлеуметтік ұйымдарының мамандары, сондай-ақ Дүниежүзілік банк өкілдері атап өтті. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kalasy-akimat/press/news/details/993209?lang=kk
«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында жас отандастарымыз 11,49 млн АҚШ долларын нысаналы мақсатқа пайдаланды 12.05.2025
2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) 11,49 млн аса АҚШ долларына 97 615 өтініш орындады (өтініш берушілердің банктік шоттарына аудару үшін уәкілетті операторларға аударылды). Оның ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында 6,70 млн астам АҚШ долларына 56 937 өтініш, білім алу ақысын төлеу үшін шамамен 4,79 млн АҚШ долларына 40 678 өтініш орындалды. Естеріңізге сала кетейік, нысаналы жинақтарды алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы, ақшаның пайдаланылмаған қалдығы нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) қала береді.Тұрғын үй жағдайларын жақсарту аясында қазақстандықтар қаржыларын көбінесе мынадай мақсатта пайдаланды: одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақтарындағы салымды толықтыру (6,55 млн жуық АҚШ долларына 55 539 өтініш орындалды), тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізу – шамамен 49,94 мың АҚШ долларына 442 өтініш, азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алу (түпкілікті есеп айырысу) – 38,57 мыңнан аса АҚШ долларына 370 өтініш. Білім алу ақысын төлеу бойынша ең танымал қосалқы мақсаттар: Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе бір рет толық көлемде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (шамамен 4,24 млн АҚШ долларына 35 617 өтініш орындалды), білім алу үшін жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім алу жинақтау салымын толықтыру (412,21 мыңнан аса АҚШ долларына 3 789 өтініш орындалды), шетелдік білім беру ұйымдарының оқыту қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде біржолғы (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (114,96 мыңнан аса АҚШ долларына 1 067 өтініш орындалды).Нысаналы жинақтар төлемін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу мақсатында пайдалану бойынша уәкілетті операторлар мен өңірлер бөлінісіндегі толық ақпаратпен enpf.kz сайтында танысуға болады.Естеріңізге сала кетейік, "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасына сай Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық кірісінің 50%-ы жылына бір рет 2006 жылы және одан кейін туған, Қазақстан Республикасының азаматы болып есептелетін балалар арасында бөлінеді. 2023 жылы барлық НЖ алушыларына 100,52 АҚШ доллары, 2024 жылы – 129,38 АҚШ доллары есептелгенін хабарлаймыз. 2006 жылы туған азаматтарды қоспағанда, 2023 жылы Ұлттық қордан алғашқы қаражат есептелген балаларға ағымдағы жылы 3,04 АҚШ доллары мөлшерінде инвестициялық кіріс есептелді. Нәтижесінде, 2006 жылы туған баланың нысаналы жинағы 100,52 АҚШ долларына тең болса, 2007 жылы туған баланың НЖШ-да 232,94 АҚШ доллары жинақталды.Кәмелетке толған азаматтар өздерінің НЖ туралы ақпаратты БЖЗҚ-ның немесе электрондық үкіметтің интернет-ресурстарындағы жеке кабинеті арқылы өз бетінше алуы тиіс, содан кейін уәкілетті операторға АҚШ долларында банктік шот ашып, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу үшін НЖ төлеміне онлайн-өтініш беру үшін жүгіне алады.kids.enpf.kz сайтында және БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында Бағдарламаның шарттарымен, қажетті нұсқаулықтармен танысып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап ала аласыз. Сондай-ақ, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын іске асыру, бала кәмелетке толғанға дейін және одан кейінгі іс-қимыл алгоритмі туралы бейне нұсқаулықты БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында https://www.youtube.com/watch?v=a9L8N4Q28OM сілтемесі бойынша көруге болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-beyneu/press/news/details/996768?lang=kk
2025 ЖЫЛДЫҢ МАМЫР АЙЫНА АРНАЛҒАН САЛЫҚ КҮНТІЗБЕСІ 12.05.2025
15 мамырға дейін:101.03 нысан – 2025 жылдың 1-тоқсан үшін резиденттің табысынан төлем көзінен ұсталған КТС есебі;101.04 нысан – 2025 жылдың 1-тоқсан үшін резидент емес тұлғаның табысынан төлем көзінен ұсталған КТС есебі;200.00 нысан – 2025 жылдың 1-тоқсан үшін ЖТС және әлеуметтік салық бойынша декларация;300.00 нысан – 2025 жылдың 1-тоқсаны үшін ҚҚС бойынша декларация;400.00 және 421.00 нысандары – 2025 ж. наурыз айы үшін акциз бойынша декларация және салық салуға қатысты құрылымдық бөлімшелер немесе объектілер бойынша есеп айырысу;570.00 нысан – 2025 жылдың 1-тоқсан үшін экспортқа арналған рента салығы декларациясы;590.00 нысан – 2025 жылдың 1-тоқсан үшін пайдалы қазбаларды өндіру салығы декларациясы;710.00 нысан – 2025 жылдың 1-тоқсан үшін ойын бизнесіне салық декларациясы;860.00 нысан – 2025 жылдың 1-тоқсан үшін жерүсті су ресурстарын пайдалану үшін төлем декларациясы;870.00 нысан – 2025 жылдың 1-тоқсан үшін қоршаған ортаға теріс әсер ету үшін төлем декларациясы;880.00 нысан – 2025 жылдың 1-тоқсан үшін цифрлық майнинг үшін төлем декларациясы;913.00 нысан – 2025 жылдың 1-тоқсан үшін бөлшек салықтың АСР қолданатын салық төлеушілерге арналған декларация. 20 мамырға дейін:328.00 форма –үшін тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш. 20 мамырға дейін төлеуАкциз, соның ішінде ЕАЭО мүше мемлекеттерінен импортталған тауарлар бойынша +Құрылымдық бөлімше үшін акциз;ЕАЭО щенберінде импортталған тауарлар бойынша жанама салықтардың сомалары 26 мамырға дейін төлеуТөлем көзіндегі ЖТС, әлеуметтік салық, әлеуметтік төлемдер, міндетті зейнетақы жарналарыКТС бойынша аванстық төлемдерСыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемТөлем көзіндегі КТСЭкспортқа рента салығы бойынша төлемПайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша төлемЖер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемҚосылған құн салығыЦифрліқ майнинг ақысыЖер салығы және мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемОйын бизнесіне салынатын салықБөлшек салығыМобильді қосымшаны пайдалана отырып, арнайы салық режимі бойынша ЖТС және әлеуметтік төлемдерҚоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемнің ағымдағы төлеміШетелдік интернет-компаниялардан ҚҚСБірыңғай жалақы салығыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/993917?lang=kk
Жеке қабылдауда айтылған мәселелер жіті назарда 12.05.2025
Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек аудан тұрғындарына кезектілік тәртібімен жеке қабылдап өткізіп, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан қоғамдық және тұрақты жұмысқа орналасу, әлеуметтік көмек көрсету, тұрғын үй мәселелері, сондай ақ, жол мәселесіне байланысты өтініштерін жеткізді.Аудан әкімі көтерілген мәселелер бойынша тұрғындарға заң аясында түсініктеме беріп, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Сонымен қатар, тапсырмалардың орындалуын жеке бақылауына алатынын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/993162?lang=kk
Аймақ басшысы Ұлы отан соығысының ардагері Яхия Тасыровты Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады 12.05.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Сырдария ауданының Тереңөзек кентінде тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Яхия Тасыровты Жеңістің 80 жылдығымен құттықтап, құрмет көрсетті.Ардагерге Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың құттықтау хаты мен «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерекелік медалін табыстады. Дәстүрге сай иығына шапан жауып, сый-сияпат көрсетті.Ұлы Отан соғысының ардагері, Сырдария ауданының құрметі азаматы, 103 жастағы Яхия Тасыров 1942 жылы майданға аттанған. Сталинградты, Курскіні, Польшаны азат етуге қатысқан. Бейбіт өмірде де белсенді еңбек етіп, ауыл шаруашылығы өндірісінің өркендеуіне үлес қосқан. "Қызыл жұлдыз", І, ІІ дәрежелі "Ұлы Отан соғысы" ордендері мен бірнеше медальдың иегері, елдің батагөй ақсақалы.Мемлекет басшысының тапсырмасымен Жеңістің 80 жылдығын атап өтуге, қатары сиреген қарт майдангерлерге құрмет көрсетуге ерекше мән берілуде.Аймағымызда Жеңіс күнін атап өтудің іс-шаралар жоспары бекітілді. Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, оларға теңестірілген ардагерлер мен соғыс жылдары кемінде алты ай еңбек еткен тыл ардагерлеріне төленетін әлеуметтік төлемнің мөлшері жыл сайын артып келеді. Бүгінде Қазалы және Сырдария аудандарында 2 ҰОС ардагері тұрады. Оларға 5 миллион теңгеден берілсе, тыл еңбеккерлері, ҰОС ардагерлеріне теңестірілгендер мен мүгедектерінің төлемі 40 АЕК-тен 50 АЕК-ке ұлғайтылды.Бұл бағыттағы жұмыстар әрі қарай жалғасын табады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/993173?lang=kk
Ардақты азаматтарға құрмет көрсетілді 12.05.2025
Еңсесі биік ел іргесі мен келешек ұрпақ жолының әрдайым ашық болуын тілейтін, елімізді тұтас бірлікке үндейтін аға буындарымыз қашан да құрметке лайық. Осыған орай, аудан әкімі Жандос Еркінбек Қармақшы ауданының Құрметті азаматтары Ерболат Ұзақбаев пен Қуанышбек Ахметовты 75 жасқа толған мерейтойларымен құттықтады.Сыр елінде абыройлы қызмет атқарып, ел мүддесін алдыңғы орынға қояр арда азаматтарды дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған бұл жиын, адал еңбегімен халықтың ыстық ықыласына бөленген, өнегелі істердің ұйытқысы бола білген ардақты ағаларымыздың құрметіне арналды.Ерболат Ұзақбаев 1950 жылы 1 мамырда Қармақшы ауданында дүниеге келген.Алғашқы еңбек жолын 1974 жылы аудандық байланыс торабы бастығының орынбасарлығына тағайындалып, жауапты қызметтер атқарған.Қазіргі уақытта «Жосалы кенті ардагерлер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы. Аудандағы медиаторлар тобының жетекшісі. Қармақшы ауданының Құрметті азаматы. «Қазақстан Республикасының Құрметті байланысшысы» атағымен марапатталған.Ахметов Қуанышбек Ахметұлы 1950 жылы мамырдың 1 жұлдызында Қармақшы ауданы Жосалы кентінде дүниеге келген.Алғашқы еңбек жолын 1973-1977 жылдары аудандық ауылшаруашылық басқармасында аға зоотехник болып бастап, түрлі жауапты қызметтер атқарған. Еңбегі еленіп, Қазақстан Республикасының «Ерен Еңбегі үшін», Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл медалімен және облыс, аудан әкімдерінің бірнеше мәрте алғыс хаттарымен марапатталған. Қармақшы ауданының Құрметті азаматы.Аудан әкімі ардагерлерді мерейлі жасымен құттықтап, олардың ел мен өңір дамуына қосқан үлестерін ерекше атап өтті."Сіздердің еңбектеріңіз – бүгінгі ұрпаққа өнеге. Ел ішіндегі ынтымақ пен бірліктің, тұрақтылық пен дамудың негізі – аға буын өкілдерінің даналығы мен парасаты," – деп, ардагерлерге естелік сыйлықтар табыстап, халқымыздың игі дәстүріне сай иықтарына шапан жапты.Ардагерлер өз кезегінде көрсетілген құрмет үшін аудан басшылығына ризашылықтарын білдіріп, елдің жарқын болашағы үшін еңбек етіп жатқан жастарға сәттілік тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/993149?lang=kk
Жұртшылықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысуы 12.05.2025
Жеке тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер және өзге де заңды тұлғалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кезінде мынадай шаралар қолданады:1) өздеріне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактілері туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен хабарлайды;2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнама мен құқық қолдану практикасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қатысады;4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдық басқа да субъектілерімен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;5) мемлекеттік органдардан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қызмет туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сұратады және алады;6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша зерттеулер, оның ішінде ғылыми және әлеуметтік зерттеулер жүргізеді;7) бұқаралық ақпарат құралдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша әлеуметтік маңызды іс-шаралар ұйымдастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kyzylorda/press/news/details/993153?lang=kk
Нағи Ілиясов ауылы газға қосылды 12.05.2025
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мерекесі қарсаңында аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Сырдария ауданы Нағи Ілиясов ауылына газ қосу рәсімі өтті. Оған Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Парламент Мәжілісінің депутаттары Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев және зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары қатысты.Облыс әкімі тұрғындарды Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен және ауылдағы ағайын көптен күткен игіліктің іске асуымен құттықтады.«Жеңіс күні – елдік пен ерліктің, батылдық пен қаһармандықтың мерекесі! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Сыр өңіріне жасаған жұмыс сапарында осы ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысып, «Нағи Ілиясов басқа ауылдарға да үлгі болуы қажет. Сондықтан өзге облыстар да ауылдарды осылай дамытады деп ойлаймын», - деп жоғары бағасын берген болатын.Ауылды гүлдендіріп, өнімді еңбектің арқасында туған өлкенің дамуына тұрақты қолдау көрсеткен Қазақстанның Еңбек Ері, Қызылорда облысының құрметті азаматы Абзал Ералиевтің еңбегін ерекше атап өткен жөн.Бұған дейін тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында жаңа дәрігерлік амбулатория, "Еңбек аллеясы" ашылған еді. Қазір халыққа қалтқысыз қызмет етуде.Бүгін міне, мерейлі мереке қарсаңында Нағи Ілиясов ауылын газға қосу рәсіміне жиналдық. "Көгілдір отын" баршаңызға құтты, берекелі болғай!"- деді Н.Нәлібаев.Салтанатты шарада ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен Мәжіліс депутаты Мұрат Ергешбаев құттықтауын жеткізіп, ел ағасы, Қызылорда облысының құрметті азаматы Ибрагим Әбибуллаев батасын берді.Рәсімнен соң оған қатысушылар ауылды аралап көрді. Оқу-ағарту министрі мектепке барып, білім ошағының жұмысымен танысты.Аймақта газдандыру жобаларына қаржы бөлініп, 330 шақырым газ желілері тартылды. Бүгінде өңірді газбен қамту деңгейі 78 пайызға жетті. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 83 пайызға дейін арттыру жоспарланған. Бұған дейін де еліміздегі ең сәулетті, берекелі ауылдардың қатарында аталатын Нағи Ілиясов елді мекені"Үздік туристік ауыл – 2025» ұлттық байқауының қорытындысымен де республикадағытуристік ауылдардың үздік бестігіне енді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/993138?lang=kk
Тыл ардагерлеріне құрмет көрсетілді 12.05.2025
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай аудан әкімі Жандос Еркінбек тыл ардагерлерінің шаңырақтарына арнайы барып, оларды мерекемен құттықтады. Ардагерлерге Мемлекет басшысының Жарлығы бойынша берілген "Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл" мерекелік медальдар мен естелік сыйлықтарды табыс етті.Олардың қатарында сұрапыл соғыс кезінде тылда аянбай еңбек еткен 101 жастағы "Батыр ана" Райхан Оспанова, "Байланыс саласының үздігі" Әбдібек Лақбаев, жастық жалынын білім саласына арнаған Ұмсын Омарова және Вьетнам соғысына Қазақстаннан аттанған жалғыз қазақ Иса Бисенов бар.Аудан басшысы ардагерлердің өмір жолына, тылдағы еңбектеріне тоқталып, өскелең ұрпақ үшін бұл кісілердің өнегелі өмірі — тағылым мектебі екенін атап өтті.— «Сіздердің ерен еңбектеріңіздің арқасында еліміз бейбіт күнге жетті. Тарих алдында, ұрпақ алдында Сіздерге қарыздармыз», — деді аудан әкімі ардагерлермен кездесу барысында.Ардагерлер өз кезегінде көрсетілген ілтипат пен құрметке ризашылығын білдіріп, Президентке, аймақ басшысына алғыс айтып, елімізге тыныштық пен амандық тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/993139?lang=kk
Қр еңбек сіңірген жаттықтырушысы С.Қобландинді еске алуға арналған республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті 12.05.2025
Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың қатысуымен ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, КСРО спорт шебері, Сырдария ауданының Құрметті азаматы Қобландин Сұлтанбек Ибрагимұлын еске алуға арналған Республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға Сырдария ауданының Құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері, Қызылорда облысының қоғамдық кеңес төрағасы Әріп Хожбанов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев, аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов, облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов және ардагерлер мен спортшылар қатысты.Аудан басшысы жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, республикалық турнирдің маңыздылығына тоқталып өтті. — Спорт саласының дамуына, оның ішінде елімізде көгалдағы хоккейдің өсуіне өзіндік үлес қосқан азаматқа арнап турнир өткізу ауданда дәстүрге айналды. Сұлтанбек Ибрагимұлы көгалдағы хоккей спортымен айналысып, 1982 жылы Алматының «Динамо» командасының сапында Кеңес Одағының чемпионы және Одақтың кубок жеңімпазы атанды. Одан кейін көгалдағы хоккейден шәкірт тәрбиелеймен айналысып, Қызылорда облысының ерлер және әйелдер құрамасының бас жаттықтырушысы болды. Бүгінде КСРО спорт шеберінің тәрбиесін көрген шәкірттері ардақты азаматтың жолын жалғап, көгалдағы хоккейдің дамуына үлес қосып келеді. Халықаралық жарыстарда білікті жаттықтырушы тәрбиелеген спортшылар сан мәрте жарқын жетістіктерге жетті. Сондықтан Сұлтанбек Қобландиннің мемлекетіміздің, оның ішінде Сыр өңірі спортының өркендеуіне өзіндік қолтаңбасын қалдырғанын көпшілік жақсы біледі. Халқымыз ежелден денсаулықтың қадірін жете түсініп, оны басты байлық санаған. Сондықтан спорттың бұқаралық сипатын дамыту – мемлекетіміздің стратегиялық басым бағыттарының бірі. Ауданда спорт саласын дамыту бағытында ғимараттар жаңартылып, барлық жағдай жасалып келеді. Бүгін республикалық турнирде спортшылар өз шеберліктерін ортаға салып, жақсы өнер көрсетеді деп сенемін, - деді Берік Әбдіғаппарұлы.Сонымен қатар Сырдария ауданының Құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері, Қызылорда облысының қоғамдық кеңес төрағасы Әріп Хожбанов және Сұлтанбек Қобландин туыстары атынан апасы Бибімария Маханова ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, жарысқа қатысушы спортшыларға сәттілік тіледі.Айта кету керек, жарысқа еліміздің түпкір-түпкірінен 11 команда 150-ге жуық спортшы қатысуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/993057?lang=kk
"Отаным-айбарым, ер байрағым" атты салтанатты іс-шара өтті" 12.05.2025
Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың қатысуымен Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиынға Ұлы Отан соғысының ардагері, Сырдария аударының Құрметті азаматы, 103 жастағы Яхия Тасыров, тыл, Тәжік-Ауған соғысының ардагерлері, Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиев, аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов, облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев, қоғамдық кеңес төрағасы Марат Еспенбетов, Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы Жасұлан Шанкулов, зиялы қауым өкілдері мен аудан тұрғындары қатысты.Аудан басшысы жиналған қауымды мерекемен құттықтап, Отан алдындағы адал қызметтің маңыздылығын атап өтті. – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Отан қорғау – қасиетті парыз әрі мәртебелі міндет. Бүгінде Қазақстанның шекарасын бүтіндеп, іргесін бекіттік. Біздің алдымызда тұрған маңызды міндет – осы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтап қалу» деп атап көрсетті. Тамыры терең тарихымызда жауынгер рухты, жасампаз бабаларымыз бар ғұмырын ат үстінде өткізіп, ел іргесін күзетті. Отан қорғаушылар мерекесі Ұлы Жеңіс күні қарсаңында аталып өтеді. Биыл Ұлы Жеңіске – 80 жыл. Осы жеңіс жолында қаншама қазақстандықтар ұрыс даласында шейіт болды. Елге оралған жауынгерлер еңбек майданында ерен еңбектің үлгісін көрсетті. Аға ұрпақ өздеріне жүктелген істі абыроймен орындады. Бүгінде ортамызда Ұлы Отан соғысының ардагері, Сырдария ауданының Құрметі азаматы, 103 жастағы Яхия Тасыров зор құрметке бөленіп келеді. Бізге бейбіт өмір сыйлаған аға буынға – өлшеусіз қарыздармыз. Отан қорғаушылар күнімен баршаңызды құттықтай отырып, Сіздерге мықты денсаулық, бақыт пен татулық, әрбір шаңыраққа береке тілеймін, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.Аудан әкімі бірқатар тыл ардагердерін «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерекелік награсымен және Алғыс хатпен марапаттап, сый-құрмет көрсетті. Сонымен қатар, бірқатар әскери қызметкерлер, қорғаныс саласында және аудан дамуна еңбек етіп жүрген азаматтар аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, подполковник Жасұлан Шанкулов Ұлы Отан соғысының ардагері Яхия Тасыровқа ҚР Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың арнайы құттықтауы мен мерекелік сыйлығын табыс етті.Мерекелік жиын аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты. Облысқа, ауданға танымал әншілер рухты әндер шырқап, жас өрендер әскери-патриоттық қойылымдарын ұсынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/993072?lang=kk
Төрт аяқты жүлдегерлер: Ұлттық ұланның қызметтік иттері халықаралық көрмеде ерекшеленді 12.05.2025
Алматыда Польша Республикасынан судья-сарапшы тарта отырып, "Элита ДОСААФ” қоғамдық бірлестігі” кинологиялық клубының ұйымдастыруымен "Көктемгі кездесулер — 2025" атты түрлі тұқымды иттердің халықаралық көрмесі өтті. Көрмеге 28 тұқымды қамтыған 230-дан астам иттер мен күшіктер қатысты.Көрмеде Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы 6654 әскери бөлімінің кинологиялық орталығы бес қызметтік иті бақ сынады. Олардың әрқайсысы құқықтық тәртіп әскерлерін лайықты таныстырды және елеулі нәтижелерге қол жеткізді:Скот — аға сержант Шыңғыс Жолдыбаевтың қарамағындағы бельгиялық овчарка (Малинуа) "Ересек иттер" санатында 4-ші орынды тұрақтап, “CAC” атағын иеленді;Хайна — кіші сержант Дастан Туниязовтың иелігіндегі бельгиялық овчарка (Малинуа) "Жасөспірімдер" санатында төртінші орынға табан тіреп, "Өте жақсы" деген бағамен халықаралық асыл тұқымды өсіруге рұқсат алды;Адамс — 3 сынып сержанты Берік Дүйсенеевке бекітілген голландиялық овчарка үздіктер үштігіне енді, "САС" атағын иеленіп, Халықаралық сұлулық чемпиондары титулына үміткер және "Элита ДОСААФ" қоғамдық бірлестігі” клубының чемпионы болды;Шейх — сержант Павел Графкиннің қамқорлығымен бельгиялық овчарканың күшігі "Baby" санатындағы тұқымның ең үздік өкілі деп танылды. Сайыс қортындысында “Өте жақсы" деп бағаланып, үшінші орынға ие болды;Carla trip Benasi — сержант Алексей Мешковтың қарауындағы Малинуа түріндегі бельгиялық овчарка "Ардагерлер" санатында абсолютті жеңіске жетті. Ол Қазақстан мен Польша Республикасының чемпионы, клуб чемпионы және барлық тұқымдар арасында ардагерлер санатындағы көрме чемпионы атанды. Сондай-ақ, “CAC", "CACIB" атақтарын және сұлулық чемпионы атағын қоса иеленді.Жеңімпаздар клуб дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.Ұландық кинологтар баптаған қызметтік иттердің жоғары нәтижелерден басқа, Кинологиялық орталықтың асыл тұқымды иттерінің клубы құрамында халықаралық асыл тұқымды өсіруге ресми түрде рұқсат алуы — көрменің маңызды нәтижесі болды.— Мұндай көрмелерге қатысу — біз үшін асыл тұқымды иттердің селекциялық жұмысын сапалы жүргізу тұрғысынан жаңа мүмкіндіктер береді. Сонымен қатар, Ұлттық ұланның кинологиялық қызметін одан әрі дамытуға ықпал етеді және оның кәсіби беделін арттырады, - дейді кинологиялық орталықтың бастығы подполковник Альмир Файласов.Айта кету керек, мұндай іс-шаралар әскери бөлімшелердің имиджін нығайтады, әскери кинологтардың кәсібилігін және қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жүйесіндегі қызметтік кинологияның маңыздылығын көрсетеді. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/993042?lang=kk