Әлем
«Үлбі» әлеуметтік қолдау орталығымен танысты 15.04.2025
Қала әкімі Алмат Акышов «Үлбі» әлеуметтік қолдау орталығымен танысты. Бұл орталықта аутизм спектрі бұзылыстары мен ақыл-ой дамуында ерекшеліктері бар балаларға жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі.«Орталықтың ұжымымен, медицина және педагогика саласының мамандарымен, сондай-ақ қызмет алушылармен кездестім. Жұмыс процесінің ерекшеліктері, даму жоспарлары және мамандар күнделікті бетпе-бет келетін мәселелер талқыланды», — деді қала әкімі.Ол ғимараттың жағдайымен толық танысты — кіреберіс залдан бастап арнайы жабдықталған кабинеттерге дейін аралап шықтым. Барлығы балалардың қажеттіліктеріне бейімделіп, ұқыпты ұйымдастырылған: жайлы киім ілетін бөлме, сенсорлық және тұзды бөлмелер, интерактивті және жұмсақ бөлмелер, арт-терапия және музыка терапиясы кабинеттері, емдік дене шынықтыру залы, ас үй және оқу-әдістемелік блок бар. Сондай-ақ тігін, ағаш өңдеу және қыш шеберханалары, әлеуметтік-тұрмыстық дағдыларды үйретуге арналған кабинеттер жұмыс істейді.Орталықтағы маңызды рөлді кәсіби мамандар атқарады: дефектологтар, логопедтер, психологтар, АВА-терапевтер, эрготерапевт, педиатр, массажшы және еңбек терапиясы бойынша нұсқаушылар. Ерте араласу бағытына ерекше көңіл бөлінген — бұл бағытта тар бейінді мамандар жұмыс істейді.Жеке және топтық сабақтарға арналған кабинеттер орталықта барынша дараланған тәсілді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мекеме екі ауысымда 130 балаға дейін қабылдай алады. Қызметкерлер саны – 50 адам.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-oskemen/press/news/details/973479?lang=kk
ШҚО-да су тасқынына қарсы ауқымды жұмыс жүргізілді 15.04.2025
Өңірге екі күндік сапармен келген Премьер-Министрдің кеңесшісі Ералы Тоғжанов бастаған мамандар тобы су тасқыны жағдайын бағалап, облыста жүргізіліп жатқан жұмыстарды тексерді.Комиссия мүшелері, жергілікті билік пен құтқару қызметтерінің өкілдері Алтай ауданының Зубовка және Малеевск ауылдарында, сондай-ақ Шемонаиха ауданында қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі алдын алу шараларының барысымен танысты. Қар деңгейі мен мұздың ағуы талданды."Шығыс Қазақстанда өткізілген сенбіліктер мен су тасқынына қарсы іс-шаралар жергілікті тұрғындардың өз үйлерінің аулаларын таза ұстауына және уақытылы қауіпсіздік шараларын қолдануына үлкен әсер етті. Өңірде бұл бағытта ауқымды жұмыс жүргізілді",-деп Премьер-Министрдің кеңесшісі Ералы Тоғжанов атап өтті.Жергілікті атқарушы органдар: "Бүгінгі таңда облыс бойынша барлығы 107 су тасқынына қарсы іс-шаралар жүзеге асырылды. Атап айтқанда, 16 учаскеде мұзды жару бойынша жұмыстар ұйымдастырылды, 386 мың текше метр қар шығарылды, 4 853 су өткізу құрылымы, 493 арық, 112 канал тазартылды, 437 көпір жөнделді".Өз кезегінде ТЖД бастығы Рашид Блялов ТЖМ құтқарушылары мен азаматтық қорғау қызметтерінің су тасқыны кезеңінің түрлі сценарийлеріне дайындығы, құлақтандыруға және эвакуациялауға, қабылдау пункттерінде уақтылы ұйымдастырылған орналастыруға және халықтың бірінші кезектегі тіршілігін қамтамасыз етуге дайындығы туралы хабарлады.Мониторинг нәтижелері бойынша комиссия мүшелері жауапты қызметтердің үйлесімді жұмысын атап өтті, су тасқынының алдын алу бойынша іс-шаралар ауқымды және жүйелі жүргізілуде.Мониторинг нәтижелері бойынша комиссия мүшелері жауапты қызметтердің үйлесімді жұмысын атап өтті, су тасқынының алдын алу бойынша іс-шаралар ауқымды және жүйелі жүргізілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/973436?lang=kk
тал терек шыршалар егу 15.04.2025
Қарқара ауылдық округінде тал терек шырша егу жұмыстары жүргізілдіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-karkara/press/news/details/973410?lang=kk
Алматының жоғары оқу орындарында гранттар бойынша білім алу үшін құжаттар қабылдау басталды 15.04.2025
ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша гранттарды Білім және ғылым министрлігі бөлген еді. Бұл гранттар көпбалалы отбасылар мен атаулы әлеуметтік көмек алатындар санатындағы мектеп түлектеріне ғана беріледі.Білім грантын алу жөніндегі байқауға қатысу үшін құжаттарды Алматы қаласындағы таңдаған оқу орындарының қабылдау комиссияларына өткізу қажет.Білім грантын иеленгендердің тізімі жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында және Алматы қаласы Білім басқармасының интернет-ресурсында жарияланады.ЖОО-ның және мамандықтардың тізіміАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/23566?lang=kk
Мәнерлеп сырғанаудан VI қысқы Спартакиадасы өтуде 15.04.2025
Өскемен қаласындағы Б. Александров атындағы спорт сарайында мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан Республикасының VI қысқы Спартакиадасы өтіп жатыр.Төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын Спартакиадаға елдің 7 облысы мен 3 қаласынан 72 атлет қатысуда.Доданың басты мақсаты – спортшыларды халықаралық жарыстарға даярлау, Олимпиада алдында Ұлттық құрамаға іріктеу жүргізіп, жаңа команда жасақтау.«Әрине, бұл жарыстың басты мақсаттарының бірі - өңірлердегі мәнерлеп сырғанаудың даму деңгейін анықтау, бағалау, талантты спортшылардың көзге түсуіне жағдай жасау. Сондай-ақ қатысушылар арасында әлемдік ареналарда ел намысын қорғап жүрген Софья Самоделкина, Диас Жиренбаев, София Фарафонова да өнер көрсетеді. Барлығына сәттілік тілеймін!», - деді команда басшысы Айза Мамбекова.Айта кетейік, аталмыш Спартакиада 11-ші сәуірде аяқталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/973370?lang=kk
Нұсқаулық: «Халық қатысатын бюджет – 2025» жобасы аясында ұнаған аулаға қалай дауыс беруге болады? 15.04.2025
Өз аулаңызды абаттандыруды қолдағыңыз келе ме немесе басқа бір ұнаған жобаны дауыс бергіңіз келсе төмендегі нұсқаулықты қолдансаңыз болады. «Сарыарқа» ауданы әкімі аппаратының ресми сайтына saryarka.astana.kz кіріп, тіркелу қажет. Дауыс беру тәртібі: Сарыарқа ауданы әкімдігінің сайтына кіріңізОң жақ жоғарғы бұрыштан «Кіру» батырмасын басыңызЭЦҚ сертификатын немесе өзіңізге ыңғайлы басқа тәсілді таңдаңыз«Маңызды» → «Халық қатысатын бюджет – 2025» бөліміне өтіңізҰнаған жобаға «Дауыс беру» батырмасын басыңыз Маңызды: Дауыс беруге тек Сарыарқа ауданының тұрғындары қатыса алады (тұрақты немесе уақытша тіркеуі бар) 1 адам = 1 дауысДауыс беру 2025 жылғы 24 сәуірге дейін жалғасадыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-saryarka/press/news/details/973369?lang=kk
Өрт қауіпсіздігі 15.04.2025
20.02.2025жылы Тұйық ауылдық әкімшілік ғимаратында Әкімшілік қызметкерлері және Темірлік орманшылығы мен бірлесе отырып ауыл тұрғындарына және шаруақожалық төрағаларына өрт қауіпсіздігінің алдын алу жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-tuiyk/press/news/details/996322?lang=kk
Астанада шағын отбасылық жатақханадағы өрт: Тұрғындарға жаңа пәтер беріледі 15.04.2025
Шағын отбасылық жатақханадағы (Бұланты көшесі, 4) өрт салдарынан тұрғындар уақытша орналастыру пунктіне жеткізілді. Кешке олар қонақүйлерге көшіріледі. Жатақхана апатты деп танылып, 2025 жылы бұзу бағдарламасына енгізілгендіктен, тұрғындар осы апта ішінде жаңа пәтерлерге көшіріледі. Олар азық-түлікпен және қажетті заттармен қамтамасыз етілген, қаражат және қажетті заттар жинаудың қажеті жоқ. Жағдайға бей-жай қарамай, алаңдаушылық білдірген жандарға алғыс айтамыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-saryarka/press/news/details/973360?lang=kk
Жүргізуші куәліктері туралы 15.04.2025
Әлеуметтік желілерде 10 сәуірге дейін жүргізуші куәлігін ауыстыру қажет екені, осы күннен кейін куәлікті ауыстыру үшін теориялық емтихан тапсыру қажет болатыны туралы ақпарат таралуда. Ішкі істер министрлігі бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін ресми түрде мәлімдейді.- Жүргізуші куәліктерін беру және емтихандарды қабылдау қағидаларына сәйкес жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін азаматтан келесі құжаттар талап етіледі:жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисі арқылы ұсынылатын электрондық құжаттар;мемлекеттік баж салығының төленгенін растайтын құжат. Куәліктің қолданылу мерзімі өткен жағдайда қосымша медициналық анықтама қажет.Жүргізуші куәлігін ауыстыру кезінде жол жүру ережелері бойынша емтихан тапсыру талап етілмейді.Сонымен қатар көрінеу жалған ақпарат тарату ҚР заңнамасына сай жауапкершілікке әкеп соғатындығы туралы ескертеміз, - деді ІІМ әкімішілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Арай Төлегенқызы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/973359?lang=kk
Бүгін (09.04.2025 ж.) Бостандық ауданы әкімі Санжар Алинның жеке қабылдауы өтті. 15.04.2025
✔️Бүгін (09.04.2025 ж.) Бостандық ауданы әкімі Санжар Алинның жеке қабылдауы өтті.Қабылдауда коммуналдық және әлеуметтік мәселелер, ауданды абаттандыру мәселелері көтерілді. Оларға бөлім басшылары түсіндірмелер мен ағымдағы жауаптар берді.Жеке қабылдау апта сайын әр сәрсенбі күні, сағат 10:00-де өтеді. Жеке қабылдауға жазылу - 275-43-80 нөмірі бойынша жүргізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-bostandyk/press/news/details/973351?lang=kk
Зеренді ауданы әкімінің м.а Ахмедьянов А.М. азаматтарды жеке қабылдау өткізді 15.04.2025
Қабылдау барысында тұрғындардың өзекті мәселелері тыңдалып, шешу жолдары талқыланды.Әрбір өтініш бойынша тиісті түсініктемелер беріліп, жауапты мамандарға тапсырмалар жүктелді.Азаматтарды жеке қабылдау тұрғындардың өтініштеріне жедел әрекет ету және мәселелерді тиімді шешу мақсатында тұрақты түрде өткізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zerendy/press/news/details/973346?lang=kk
Шығыс Қазақстанда салынып жатқан Гематология орталығына Денсаулық сақтау министрі келді 15.04.2025
Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова өңірдегі медициналық нысандарды аралап, болашақ мамандарды дайындайтын оқу орындарының жұмысымен танысты. Сонымен қатар елімізде баламасы жоқ гематологиялық орталықтың құрылыс барысын бағалады.Өскемендегі медициналық колледжде министр оқу кабинеттерін, практикалық дайындыққа арналған құрал-жабдықтарды қарап шықты. Оқытушылар және студенттермен кездесуде Ақмарал Әлназарова медицина білімінде болатын алдағы өзгерістерге тоқталды. Кездесуде оқу бағдарламаларын жаңарту, тәжірибеге негізделген оқытуды күшейту мәселелері сөз болды. Сондай-ақ түлектерді жұмысқа орналастыру, өңірдегі медициналық мекемелермен өзара іс-қимыл және білім беру процесін жетілдіру ұсыныстары талқыланды. Студенттер интернатурадан өту жағдайларын жақсарту мен жас мамандардың жалақысы туралы сұрақтар қойды.Өскемен қалалық №2 емханасында министр алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету сапасымен танысып, жалпы практика дәрігерлерінің кабинеттерін аралады. Пациенттермен және медицина қызметкерлерімен тілдесіп, алғашқы медициналық буынның маңыздылығын атап өтті.Құрылыс жүріп жатқан Гематологиялық орталыққа барған Ақмарал Әлназарова жобаның бірегейлігі мен ауқымын ерекше атап өтті. Бұл нысан қан ауруларын анықтау мен емдеудің мүмкіндіктерін өңірде ғана емес, бүкіл ел бойынша кеңейтеді. Құрылыс алаңында Денсаулық сақтау министрі мен ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов жобаның негізгі параметрлерін талқылады.– Министрлік өз міндеттемелерін толық орындады: қаржыландыру көлемі қажетті деңгейге жеткізілді, арнайы мемлекеттік қор есебінен қаражат бөлінді. Ендігі міндет – мердігер компанияның құрылыс жұмыстарын уақытында аяқтауы, – деді министр.Жаңа жоғары технологиялы гематологиялық орталық бірнеше корпустан тұрып, түрлі бағытта қызмет көрсететін болады. Нысан іске қосылған соң өңірде ғана емес, республика бойынша медициналық көмектің сапасы едәуір артады.– Бұл орталық өңірдің медициналық инфрақұрылымының маңызды бөлігіне айналады. Енді тұрғындар арнайы, жоғары білікті көмекті алу үшін елордаға немесе ірі қалаларға баруға мәжбүр болмайды. Құрылыс барысы – менің жеке бақылауымда, – деді облыс әкімі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/973345?lang=kk
ДЕПУТАТТАР КЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ 15.04.2025
Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары Қалыйма Жантөреева, Бегімбет Байғараев, Талғат Садуов атқарған жұмыстар туралы есеп беру және тұрғындардың мәселелерін тыңдау мақсатында Кентау қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді.Кездесуге Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов, қалалық мәслихаттың төрағасы Қаблан Елеусізов, қалалық мәслихат депутаттары мен дербес бөлімдердің басшылары, тұрғындар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.Кездесуде депутат Қалыйма Жантөреева Кентау қаласына бөлініп жатқан облыстық, республикалық бюджетпен, өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады.Есепте тұрғындар тұрғын үй аулаларына балалар және спорт алаңдарын орнатуға қаржы бөлу, ішкі көшелерге асфальт төсеу, Байылдыр ауылындағы кейбір көшелердің атауын өзгерту, қаладағы балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру, Қарнақ ауылын газдандыру, қаладағы әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша қоғамдық көлік қызметін субсидиялау және Қосқорған су қоймасын толықтыру мен су төмендету жүйесін салу мәселесін көтерді.Кездесу соңында тұрғындардың талап тілегі бойынша ұсыныстар беріліп, хаттамасы түзілді. Жалпы, Кентау халқы депутаттардың жұмысын оң бағалап, алдағы істеріне сәттілік тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/973332?lang=kk
ДЕПАРТАМЕНТТІҢ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛІНІҢ ЕСЕБІ 15.04.2025
✅2025 жылғы 8 сәуір күні Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі Мырзагалиева Айгуль Абаевна Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Әдеп кеңесінде 2024 жылы Департаментте атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. ✅Әдеп жөніндегі уәкіліне бекітілген негізгі функцияларға сәйкес атқарылған жұмыстарға тоқталып, Департаментте өткізілген құқықтық оқыту семинарлары, мемлекеттік қызметшілерді заңнамаларға енгізілген өзгерістермен таныстыру, мемлекеттік қызметтегі шектеулерге қатысты түсіндірме жұмыстары жүргізілгендігін атап өтті.✅Сонымен қатар, Департаментте мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылып, қаланың көрікті жерлерімен танысу жұмыстары, спорттық шаралар өткізілгендігін айтты.✅Әдеп жөніндегі уәкіл өзінің функцияларына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды олардың өтініші бойынша қабылдауды жүзеге асырады. Қабылдауға мемлекеттік қызметшілермен қатар, басқа да азаматтар келіп, сауалдарына нақты жауап ала алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-orda/press/news/details/973329?lang=kk
Успен ауданы күні Павлодар технологиялық колледжінде: мамандыққа қадам және салауатты өмір салты 15.04.2025
Успен ауданы күніне орай Павлодар технологиялық колледжінде мазмұнды әрі жарқын іс-шара өтті.Қонақтар бірнеше локация мен байқауларға қатысты:1. Творог өнімдерін жасау бойынша шеберлік сабағы – қатысушылар сүт өнімдерінің пайдасы мен дайындалу технологиясымен танысты.2. Junior Skills байқауы (аспаз ісі) – мектеп оқушылары «Трайфл» десертін және жылы салат дайындап, аспаздық қабілеттерін көрсетті.3. Спорттық жарыстар – волейбол, шахмат, тоғызқұмалақ және арқан тарту. Бұл белсенділік жастар арасында салауатты өмір салтын дәріптеді.Іс-шара кәсіптік бағдар беруге, дағдыларды дамытуға және салауатты өмір салтын насихаттауға арналған тиімді алаңға айналды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/uspen-bilim/press/news/details/973321?lang=kk
Әлеуметтік қорғау мәселелеріне арналған қоғамдық қабылдау 15.04.2025
Әдеп жөніндегі уәкілдердің ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспарын орындау үшін 2025 жылғы 08 сәуір күні Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы Азаматтарды қабылдау орталығында ҚР ЕХӘҚМ мемлекеттік еңбек инспекциясы Комитетінің СҚО бойынша Департаментінің орынбасары А.К. Көшербаевтың қатысуымен, мемлекеттік органдар мен халықты әлеуметтік қорғау саласының кәсіпорындар басшыларының қатысуымен халықты әлеуметтік қорғау мәселелеріне арналған қоғамдық қабылдау өтті.Қабылдауға 13 адам келді, оның ішінде 2 мәселе шешілді, 10 келушіге түсіндіру жұмыстары жүргізілді, бір сұрақ бақылауға алынды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-enbek/press/news/details/973729?lang=kk
«БІР БЕЛДЕУ – БІР ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН-ҚЫТАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ АСТАНАДА ТАЛҚЫЛАНДЫ 15.04.2025
Форум екі елдің басшылары – ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің бейнеүндеуімен басталды.Бизнес-форумда ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, Қытай Халық Республикасының Коммерция вице-министрі Жэнь Хунбин, екі елдің ұлттық компанияларының, сыртқы сауда палаталарының басшылары және ірі бизнес өкілдері баяндама жасады.Жеңіс Қасымбек атап өткендей, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша былтыр еуразиялық көлік дәлізін дамыту мен тасымалдар үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты мен «Жібек жолының экономикалық белдеуін» құру туралы ынтымақтастық Жоспарына қол қойылды.Бұл жоспарды іске асыру біздің елдеріміздің географиялық орналасуының артықшылықтарын толығымен пайдалануды, ескі және жаңа автожолдар мен теміржолдарды реконструкциялауды, Қытайдан ЕО-ға дейінгі аумақта халықаралық логистикалық орталықтардың және хабтардың заманауи желісін құруды және сауда-саттықты арттыруды қамтамасыз етеді.«5 жылда біз Ляньюньган портын, Қытай шекарасындағы Қорғас құрғақ портын, Каспий теңізіндегі Ақтау портын, Орталық Азия елдерін Парсы шығанағымен және Иранның оңтүстігіндегі Бендер Аббас портымен байланыстыратын жалпы ұзақтығы 900 шақырым болатын «Қазақстан - Түрікменстан - Иран» теміржол дәлізін, бір бөлігі Қазақстанның аумағы арқылы өтетін «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізі сияқты бірқатар ірі инфрақұрылымдық жобаларды пайдалануға бердік», - деді министр Жеңіс Қасымбек.Сонымен қатар, индустрияландыру және инвестициялар саласындағы ынтымақтастық аясындағы жалпы Қазақстан-Қытай бірлескен жобаларын жүзеге асыру белсенді түрде іске асырылуда. Оған жалпы құны 27 млрд. АҚШ долларынан асатын 51 жоба кіреді. Бұл жобаларды іске асыру арқылы 20 мың тұрақты жұмыс орны ашылады.ҚР Инвестициялар және даму министрі сәтті іске асырылып жатқан бірлескен жобалар туралы да айтты.«2017 жылы әлемдегі ең ірі логистикалық компания «COSCO Shipping» Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамыту үшін «Қорғас Шығыс қақпасы» АЭА-дағы «Құрғақ порттың» 49% үлесін сатып алды. Қостанай облысында JAC автомобильдерін шығару жобасы жүзеге асырылды, Павлодар облысындағы полипропилен ұнтағын өндіру, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысында рапс майын өндіру жобалары сәтті жүзеге асты», - деді министр.Қазіргі уақытта Қытай Қазақстан экономикасына тікелей шетелдік инвестиция құю жөнінен көшбасшылардың бірі. Соңғы 10 жылда көрші мемлекет тарапынан инвестициялық жобаларға 15 млрд. АҚШ долларынан астам инвестиция тартылды. Қытай компаниялары еліміздегі индустрия саласына және ірі инвестициялық жобаларды іске асыруға белсенді түрде атсалысуда.2017 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы сыртқы сауда айналым 30%-дан асып, 10,5 млрд. АҚШ долларын құрады. Айта кету керек, «Бір белдеу – бір жол» Ұлы Жібек Жолын дамыту идеясын алғаш рет Астана қаласында Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин айтқан болатын.Сонымен қатар, бизнес-форум аясында Қазақстан мен ҚХР арасындағы нақты инвестициялық ынтымақтастық мәселелері талқыланып, бірқатар екіжақты кездесулер ұйымдастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/23462?lang=kk
Үлгілі ауылы тұрғындарының жиыны 15.04.2025
Үстіміздегі жылдың 9-шы сәуірі күні Ақжар аудандық мәслихатының төрағасы М.Р. Жүсіпбеков Талшық ауылдық округінің әкімі Ғ.М. Нұрпейісовамен ұйымдастырылған Үлгілі тұрғындарының жиынына қатысты.Жиын барысында ауылды абаттандыру, қара малды жазда бағу, ауыл тұрғындарын сумен қамтамасыз ету және бір текше метр судың құны бойынша мәселелер талқыланды.Барлық қойылған сұрақтарға Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес түсініктемелер беріліп өтті.Азаматтардың сұрақтары бақылауға алынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-akzhar/press/news/details/973289?lang=kk
ЖАЗ МЕЗГІЛІНДЕ ШАҒЫН КӨЛЕМДІ КЕМЕЛЕРДІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ 700 ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҒЫ АНЫҚТАЛДЫ 15.04.2025
Тексерістер нәтижесінде 700 заң бұзушылық анықталды. Олардың ішінде жеке құтқару құралдарынсыз кемелерді пайдалану, кеме құжаттарының болмауы және жеке тұлғаның сәйкес құқығынсыз кемені басқару сияқты заң бұзушылықтар жиі кездеседі.Тексерістерден бөлек, Комитеттің аймақтық органдары кеме иелерімен, шағын көлемді кемелердің тұрақтары және демалыс орындары иелерімен шағын көлемді флотты пайдалану мәселелері бойынша профилактикалық шараларды өткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/23457?lang=kk
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТҮРКИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ІСКЕР ТОПТАР ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ 15.04.2025
Қазақстан мен Түркия арасындағы қатынастар өзара достыққа, бауырластық пен сенімге негізделген. Сауда айналымы жөнінен Түркия Қазақстанның стратегиялық серіктестерінің алғашқы ондығына кіреді. Екі ел арасындағы тауар айналымы 2017 жылы 27 пайызға өсіп, 2 миллиард АҚШ долларына жуықтады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.Мемлекет басшысы инвестициялық ынтымақтастық пен экономиканың түрлі салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыру мәселелеріне тоқталды. Атап айтқанда, тәуелсіздік алғаннан бері елімізге Түркия 3 миллиард АҚШ долларынан астам инвестиция құйғанын және бүгінде Қазақстанда түрік капиталының қатысуымен 2 мыңға жуық кәсіпорын жұмыс істеп отырғанын атап өтті.Сонымен қатар, Қазақстан Президенті екі ел кәсіпкерлерін қолдауға бағытталған «Жаңа синергия» бағдарламасының жүзеге асырылу нәтижелері жөнінде айтты.– Осы бағдарлама аясында құны 800 миллион доллар болатын 23 жоба іске қосылып, 3 мың жаңа жұмыс орнының ашылуына мүмкіндік берді. Кеше елдеріміздің бизнес өкілдері құны 1,7 миллиард доллардан асатын 24 келісім-шартқа қол қойды. Бұл – біздің өзара сенім мен ынтымақтастығымыздың жарқын мысалы, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қазақстанның экономикалық артықшылықтарына және елімізде бизнес жүргізу үшін жасалған қолайлы жағдайларға назар аударды.– Қазақстанда инвестициялық ахуалды жақсарту жөнінде кешенді жұмыстар жүргізілуде. Кәсіпкерлікті дамыту үшін заңнамаға тиісті өзгерістер енгізілді. Дүниежүзілік банктің «Бизнес жүргізу жеңілдігі» рейтингінде Қазақстан 190 елдің арасында 36-орында. Біздің мемлекет Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы Инвестициялық комитетінің мүшесі болып саналады, – деді Қазақстан Президенті.Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі мен «Қазақ Инвест» компаниясының жұмысы және инвесторлар үшін қарастырылған түрлі жеңілдіктер жөнінде айтты.– Қазақстанда 11 арнайы экономикалық және 24 индустриялық аймақ бар. Олардың жұмысына қатысушылар үшін салықтық және өзге де жеңілдіктер қарастырылған. Түрік компанияларын Қазақстанда өз бизнестерін өркендетуге шақырамын, – деді Мемлекет басшысы.Сонымен қатар, Қазақстан Президенті еліміздің көлік-транзит әлеуетінің мүмкіндіктеріне жан-жақты тоқталды.– Қазақстан Еуропа мен Азия арасындағы трансконтинентальды мультимодальды жүк тасымалын белсенді дамытуда. Еліміз арқылы 5 темір жол және 6 халықаралық автомобиль жолы өтеді. Транскаспий мультимодальды жүк тасымалын дамыту үшін көп жұмыс атқарылуда. Ақтау портын жаңғыртып, оның мүмкіндіктерін кеңейттік, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.Мемлекет басшысы Қазақстандағы өнеркәсіп кәсіпорындарын жекешелендіру үдерісіне және агроөнеркәсіп кешеніндегі инновациялық жобаларды іске асыруға шетелдік инвесторлардың қатысу мүмкіндігі бар екенін де атап өтті.Сонымен қатар, Қазақстан Президенті түрік бизнесмендерін Назарбаев университеті мен Инновациялық технологиялар паркі базасында құрылған инновациялық кластерлердің жұмысына атсалысып, туристік саладағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастыруға шақырды.– «ЭКСПО-2017» көрмесінің базасында «Астана» халықаралық қаржы орталығы жұмысы істей бастады. Бұл орталық Нью-Йорк, Сингапур, Лондон және Дубай қалаларындағы қаржы орталықтарының үздік моделі негізінде жұмыс жүргізеді. Оның құқықтық мәртебесі конституциялық заңмен бекітілді, жұмыс тілі – ағылшын тілі. Бұл – өңірдегі қызметі ағылшын құқығына негізделген бірден-бір орталық, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының негізгі артықшылықтары жөнінде айтып, бұл орталықтың жұмысына қатысушылар үшін арнайы салық, валюта, виза және еңбек режімдері енгізілгенін атап өтті.Соңында Қазақстан Президенті екі ел бизнесмендерін бүгінгі жасалып отырған мүмкіндіктің бәрін пайдалана отырып, мемлекетаралық байланыстарды дамыту және нығайту ісіне белсенді атсалысуға шақырды.Ақпарат көзі: akorda.kz Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/23444?lang=kk