Enbekshi QazaQ

Әлем

Су басу қаупі бар елді мекендерге аралау жүргізілді 15.04.2025
Су тасқыны мерзіміне дайындықтың екінші кезеңі шеңберінде Тереңкөл ауданында су басу қаупі бар елді мекендеріне аралау жүргізілді. Жұмысқа аудан әкімі, сондай-ақ Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары қатысты.Гидротехникалық құрылыстардың жай-күйіне, ТЖ жағдайындағы күштер мен құралдардың қамтамасыз етілуіне, халықты уақытша орналастыру пункттерінің дайындығына, сондай-ақ еріген су деңгейін бағалауға басты назар аударылды. Мамандар шұғыл жағдайлар туындаған кезде қажетті техниканың, керек жарақтардың, эвакуациялау жоспарларының және қызметтердің өзара іс-қимылының болуын тексерді.Аталмыш тексерулер жергілікті жерлердегі жағдайды бақылап қана қоймай, аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, ықтимал қауіптерге жедел ден қоюға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-pavlodar/press/news/details/972768?lang=kk
Жаңаталап ауылында обелиск жөнделді 15.04.2025
Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай «Инвест Пром Строй» ЖШС Жаңаталап ауылындағы обелискіні жөндеуді аяқтадыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-balpyk/press/news/details/972750?lang=kk
«Қызылабад» алқабындағы Ынтымақ, Оқжетпес, Телқоңыр, Сығанақ, Бекеев көшелеріне орташа жөндеу жүргізіледі 15.04.2025
Тараз қаласы, «Қызылабад» алқабындағы Ынтымақ, Оқжетпес, Телқоңыр, Сығанақ, Бекеев көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.Ұзындығы – 3,262 шақырымАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/972749?lang=kk
Қазақстан мен Тәжікстан атқарушылық өндіріс саласындағы ынтымақтастықты нығайтатын болады 15.04.2025
Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Тәжікстан Республикасы Үкіметі жанындағы Атқару қызметі делегациясымен кездесті.Кездесудің барысында Тәжікстан өкілдері қазақстандық атқарушылық құжаттарды орындау жүйесімен, соның ішінде жеке сот орындаушыларының қызметімен және осы саласындағы цифрлық шешімдерді енгізу тәжірибесімен танысты.Тәжікстан өкілдері Қазақстандағы мәжбүрлеп орындату тәжірибесімен және атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің жұмысы туралы мәліметтер алды.Тараптар атқарушылық өндіріс саласындағы заманауи сын-тегеуріндерді талқылап, құқық қолдану тәжірибесімен және орындау рәсімдерінің тиімділігін арттыруға бағытталған жаңа тәсілдерімен алмасты.Тәжік делегациясы қабылдаушы тарапқа ашықтық пен табысты ынтымақтастығы үшін алғысын білдіріп, ведомствоаралық өзара іс-қимылды одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша ҚР Әділет министрлігі мен Тәжікстан Республикасы Үкіметі жанындағы Атқару қызметі арасында екіжақты диалогты жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Бұл 2024 жылғы тамызда қол қойылған атқарушылық құжаттарды орындау саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандум шеңберіндегі бірлескен бастамаларды жалғастыруға бағытталған. Аталған бастамалар екі елде атқарушылық іс жүргізу жүйелерін жетілдіруге бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/972716?lang=kk
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында туристік саланы дамыту және цифрландыру мәселелері қаралды, деп хабарлайды Primeminister.kz. 15.04.2025
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында туристік саланы дамыту және цифрландыру мәселелері қаралды, деп хабарлайды Primeminister.kz.Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов саладағы көрсеткіштер мен нәтижелер туралы баяндады. Өз кезегінде бірқатар өңір әкімдері, Рioneer отбасылық курортының басшысы Мұрат Қаратай, «Астана Концерт» компаниясының продюсері Мәлік Хасенов баяндама жасады.2024 жылдың қорытындысы бойынша ішкі туристер саны 10,5 млн адамды құрады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 900 мың адамға артық. Жалпы, Туризм және спорт министрлігінің деректері бойынша елімізге15 млн-нан астам шетелдік қонақ келген.Премьер-министр туристік саланың айтарлықтай әлеуеті барын және туризм ел экономикасының өсуіне жаңаша серпін беретін салаға айналуы қажет екенін атап өтті.«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша аталған салада ірі инвестициялық жобалар қолға алынды. Алматы қаласы мен Алматы облысында тау кластерін дамыту жұмыстары белсенді жүріп жатыр. Шығыс Қазақстан – тау шаңғысы мен табиғи туризмді дамытуға қолайлы өңір. Щучинск-Бурабай курорттық аймағында жыл бойы жұмыс істейтін туристік нысандар құруға, экологиялық және спорттық туризмді дамытуға мүмкіндік беретін ауқымды жаңғырту жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Ақтау маңындағы “Жылы жағажай” аумағында бес жұлдызды қонақ үй мен тақырыптық ойын-сауық паркін салу жобалары іске асырылды. Аталған өңірдегі Кендірлі курорттық аймағында әуежай салынып, туризмді дамытуға тың серпін беріледі. Сонымен қатар фермерлерге агротуризммен айналысуға құқық беру үшін тиісті жұмыстар жүріп жатыр. Үкімет инвесторларға барынша қолдау көрсетіп, туындайтын мәселелерді шешуге қашанда әзір», — деп атап өтті Олжас Бектенов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-shalkar/press/news/details/972711?lang=kk
Заңды қорықпай, құрметтейтін ұрпақты қалай тәрбиелеуге болады? 15.04.2025
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы - Берік АсыловОған жауап – профилактикада, білім беруде және дана тәлімгерлікте.Бүгін, өкінішке қарай, кейбір жасөспірімдер төбелес пен одан да ауыр қылмыстарға барып жүр. Көпшілігі заңды бұзып жатқанын білмеген. Олар бұл үшін жауапкершіліктің бар екенін түсінбеген.Нағыз қауіп - құқықтық сауатсыздық.Сондықтан біз уәкілетті органға маңызды ұсыныс жасадық – 7-сыныптан бастап мектептерде «Заң және Тәртіп» атты міндетті пән енгізу. Бұл пәндіқызметтегі заңгерлер мен құқық қорғау органдарының ардагерлері жүргізсе, олар тек біліммен емес, өмірлік тәжірибемен де бөлісе алады.Жасөспірім заңның мәнін түсінгенде – ол қорқыныш пен бейбастақтық емес, бағыт пен тәртіпке ие алады.Хабардар адам қаруланғанмен тең.Егер жасөспірім алған білімін тек сыныптастарымен ғана емес, отбасымен, көршілерімен де бөлісе алса – бұл жаман ба?Біз мұндай сабақтардың саналы, жауапты, заң мен тәртіпке құрметпен қарайтын жас ұрпақты тәрбиелеуге көмектесетініне сенімдіміз.Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Адал азамат тұжырымдамасының идеалдарына сай патриоттық рухта тәрбиеленген, білімді, жасампаз ұрпақты тәрбиелеудің маңыздылығын тағы да атап өтті.Демек, дұрыс тәрбие мен заңды білу арқылы ғана біз әділетті қоғам құра аламыз.#ЗаңменТәртіп #АдалАзамат#Профилактика #БолашақАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-sayasat/press/news/details/972696?lang=kk
Атаулы әлеуметтік көмек 15.04.2025
Халықтың осал топтарының әлеуметтік қорғалуын нығайту үшін, аз қамтылған 18 отбасындағы 87 азаматқа жалпы сомасы 2,6 млн.теңгеге атаулы әлеуметтік көмек төленді.15 аз қамтылған семьядағы 27 балаға жалпы сомасы 0,4 млн.теңге қосымша төлем тағайындалды.2025 жылдың 1 сәуіріне жұмыспен қамту шарасымен 1 аз қамтылған азамат тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастырылды.АӘК тағайындаудың барлық мәселелері бойынша Сіз, Уалиханов көшесі, 5 мекенжайы бойынша «Қарағанды облысы бойынша еңбек мобильділігі орталығы» КММ-нің Балқаш қаласының Мансаптық орталығына жүгіне аласыз, анықтама үшін  телефон: 6-50-70, 4-40-61Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-balhash/press/news/details/972694?lang=kk
ШҚО-да инвестициялық және әлеуметтік-экономикалық жобаларды белсенді іске асыру жалғасуда 15.04.2025
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының сегізінші шақырылымының XX сессиясында облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов облыс дамуының Жоспарын орындау және 2024 жылға арналған облыстық бюджет туралы егжей-тегжейлі есеп берді. Келтірілген мәліметтер экономиканың едәуір жетістіктерін, өмір сүру сапасының жақсаруын және бюджет кірістерінің өсуін көрсетеді.2024 жыл өңірдің экономикалық дамуындағы маңызды кезең болды. Шығыс Қазақстан облысына тартылған инвестициялар көлемі 116%-ға өсіп, 770 миллиард теңгені құрады. Өнеркәсіпте өсім 103%-ды, ауыл шаруашылығында – 109%-ды құрады. Өңірдің ауыл шаруашылығы өнімі 459 миллиард теңгеге жетті. Құрылыс саласында да оң динамика байқалады: көлемдер 114%-ға ұлғайып, 400 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.— Біздің өңіріміздің ерекшеліктері мыналар: экономикамыздың 40%-ы өнеркәсіп, сонымен қатар өңдеуші өнеркәсіптің 70%-дан астамы «Казцинк» компаниясына тиесілі. Әлемдік конъюнктурадағы өзгерістер болған жағдайда тек бір кәсіпорын өңірдің экономикасына елеулі зиян келтіруі мүмкін. Бұл қолайсыз жағдай, сондықтан біз экономикамызды әртараптандыру бойынша белсенді жұмыс істеудеміз, — деді облыс әкімі.Ірі инвестициялық жобалар арасында «ВОСТОКМАШЗАВОД» өндірістік қуаттарын қайта құру мен Самар ауданында алтын өндіру зауытын салуды атап өтуге болады. Алдағы жылдары шетелдік инвесторлардың қатысуымен бірнеше жобаны жүзеге асыру жоспарлануда, бұл жаңа жұмыс орындарын құрып, инфрақұрылымды жақсартуға әкеледі.Ауыл шаруашылығы секторына ерекше көңіл бөлінеді. 2024 жылы агроөнеркәсіп кешеніндегі 15 жобаны жүзеге асыруға 22 миллиард теңге инвестицияланды, оның ішінде заманауи сүт-тауарлы фермаларды салу бар. Суару және ауыл шаруашылығы техникасындағы жаңа технологияларды енгізу ауыл шаруашылығын тиімділігін арттыруға ықпал етуде.«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған жобалар белсенді қолдау табуда. Биыл аграрлық бастамаларды жүзеге асыру үшін 4,5 миллиард теңге бөлінді. Сонымен қатар, агроөнеркәсіптік жобаларды жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы бойынша 11 миллиард теңге бөлініп, бұл 8 ірі жобаны қаржыландыруға мүмкіндік береді.Әлеуметтік салада да елеулі өзгерістер орын алуда. 2024 жылы бірнеше ірі білім беру нысандары, оның ішінде жаңа мектептер мен балабақшалар салынып, пайдалануға берілді. 160 спутниктік Starlink терминалдары орнатылып, өңірдегі білім беру ұйымдарында интернет-оқытуға қолжетімділік жақсарды.Денсаулық сақтау саласы да дамуын жалғастыруда: өңірде жаңа ауруханалар мен медициналық мекемелер салынып, заманауи медициналық технологиялар енгізілуде. 2024 жылы Гематология орталығы мен бірнеше жаңа емханалардың құрылысын аяқтау жоспарлануда.Өңір дамуының маңызды бөлігі туризм болып табылады. Шығыс Қазақстан облысында тау шаңғысы курорттары мен туристік базаларды салу жобалары жүзеге асырылуда. Экологиялық және тарихи маршруттарға баса назар аудара отырып, тау шаңғысы туризмін дамыту Риддер мен Катонқарағай ауданында жоспарланған.Бұдан бөлек, көлік инфрақұрылымдық жобалар белсенді түрде дамып келеді: жаңа көпірлер, жолдар және әуежайлар салынып жатыр, бұл Шығыс Қазақстан облысын Қазақстан мен Қытай арасындағы маңызды көлік торабына айналдырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/972693?lang=kk
Тұрғын үй көмек 15.04.2025
Тұрғын үй көмегі  Балқаш қаласында және іргелес кенттерде (Гүлшат, Саяқ) тұрақты тұратын, осы тұрғын үйде тіркелген, оның меншік иесі немесе жалдаушысы болып табылатын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) көрсетіледі.Тұрғын үй көмегі отбасының жиынтық табысы, пайдаланатын тұрғын үйдің ауданы және нақты коммуналдық қызметтерді (тариф немесе есептеу құралдарының көрсеткіші бойынша) тұтынуға байланысты, әрбір отбасыға жеке есептелінеді.Тұрғын үй көмегінің мөлшері коммуналдық қызметтерді пайдалану шығындарының төлеу сомасы мен отбасының шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi сомасы арасындағы айырмашылық ретінде есептеледі.2025 жылдың 1-тоқсанында 80 отбасыға жалпы сомасы 1,7 млн.теңгеге тұрғын үй көмегі тағайындалып төленді.Тұрғын үй көмегін тағайындаудың барлық мәселелері бойынша Сіз, Уалиханов көшесі, 5 мекенжайы бойынша «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-ге жүгіне аласыз, анықтама үшін  телефон: 4-40-61Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-balhash/press/news/details/972687?lang=kk
Үшбұлақ ауылдық округінің әкімі ауыл тұрғындарын жеке қабылдауы 15.04.2025
Үшбұлақ ауылдық  округінің әкімі Н.С Кәрімов ауыл тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.Кездесу барысында ауыл әкімі тұрғындардың жерге байланысты көршімен туындаған даулы мәселені, жалғыз басты қарттың жеке тұрғын үйінің жанындағы теректі кесіп беру туралы өтініштерін назарға алып, тиісті шаралар атқарылатынын жеткізді.Сонымен қатар, бас маман А.Абраимова Үшбұлақ ауылдық округінің тұрғындарын жеке қабылдау кезінде “Ресми тәртіпте E-otinish жасау - проблемалық мәселені мемлекеттік органдармен бірге шешудің тиімді тәсілі” тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-ushbulak/press/news/details/972686?lang=kk
Тіл туралы нақыл сөз 15.04.2025
Тілің болса, үнің бар,Тіл болмаса, түгің жоқ...(с) Қадыр Мырза ӘліАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-madeniet/press/news/details/972677?lang=kk
2025 жылға арналған Рузаев ауылдық округіндегі су тасқынына қарсы іс-шараларға және өрт маусымына дайындық нәтижелері туралы ақпарат 15.04.2025
Су тасқыны кезеңінің төтенше жағдайының алдын алу шеңберінде Рузаев ауылдық округінің аумағында елді мекендердің паспорттары мен эвакуациялау жоспарлары әзірленді, объектілерді су басудың ықтимал аймақтары айқындалды, эвакуациялау жағдайында халық пен ауыл шаруашылығы жануарларының тізімдері жасалды.Ықтимал су басу аймағына Рузаевка ауылының келесі көшелері кіреді: Целинная, Пушкин, Больничная, Шарыкская, Кузнечная, Калинина, Подстанция, Кәрімов, Тарасов, Чехов, Амангелді, Горький, Сивковка ауылы: Дачная көшесі, Чернобаевка ауылы: Набережная көшесі.Округте 80 үй, 189 адам су басуға бейім.Оның ішінде 40 аулада жеке қосалқы шаруашылық бар ( ІҚМ-48, жылқы-6, ұсақ мал-6, шошқа-32, қоян-22, құс-478)ТЖ кезінде халықты Уақытша орналастыру пункттері Рузаев мәдениет үйінде 30 төсектік, Калиновка ОМ (интернат) - 50 адам орналасқан.Техникамен және азық-түлікпен қамтамасыз ету жөніндегі ниет шарттары уақтылы жасалды. Әкімдікте 3 мотопомпалар бар, олардың барлығы жұмыс күйінде.Ұзындығы 4700 м арықтарды, 41 дана су өткізу құрылыстарын тазарту бойынша жұмыстар жүргізілді,3800 текше қар шығарылды, ұзындығы 6 км Рузаевка ауылының айналасындағы егістіктерді қаралау жүргізілді, сондай-ақ Жембарақ және Шарық өзенінің арнасында бұталарды кесу бойынша жұмыстар жүргізілді.800 қап бөлінді.300 қап мөлшерінде инертті материал дайындалды. ТЖД қызметкерлері Жембарак және Шарық өзендерінде су деңгейінің көтерілуін бақылау үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырды.Әкімдік мамандары № 16 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп жадынамалар мен хабарламалар тарата отырып, ауланы аралап шықты.Абаттандыру бойынша жұмысшылар жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедектердің шатырларын қардан тазарту бойынша жұмыс жүргізді. Рузаевка ауылында № 16 өрт сөндіру бөлімінің №19 өрт сөндіру бекеті бар. Өрт сөндіру автомобильдеріне Рузаевка ауылындағы өрт гидранттарына су құйылады. Барлығы 54 өрт гидранты бар. Рузаев ауылдық округінің барлық елді мекендерінде шаруашылық жүргізуші субъектінің базасында ерікті өртке қарсы құралымдар ұйымдастырылған. Округтің ШҚ, ФҚ-мен күйдіруге тыйым салу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-gm-ruzaev/press/news/details/972676?lang=kk
Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл: әскери қызметшілер Астанада парадқа дайындалуда 15.04.2025
Қазақстанда Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа дайындық жалғасуда. Астанадағы далалық лагерьде 200-ден астам тұрғын үй шатыры, шаруашылық тірек және тұрмыстық қызмет көрсету пункттері, далалық монша кешендері, далалық госпиталь орнатылған. Сонымен қатар, көлік паркі және техникаға арналған жөндеу-қалпына келтіру пункттері бар. Сарбаздар күн сайын машықтанып, өз шеберлігін шыңдауда. Ауқымды шараға дайындық барысымен таныстыру үшін далалық лагерьге пресс-тур ұйымдастырылды.Әскери шеруге 4 мыңнан астам адам қатысады, оның ішінде 200-ге жуық әйел әскери қызметші бар. Сондай-ақ, 300-ге жуық әскери техника мен авиация жұмылдырылады.Парадқа қатысушылардың көбі елордаға келіп, қарқынды жаттығуларға кірісті.«1 сәуірде әскери бөлім аумағында бірлескен дайындықты бастап кеттік. Дайындық үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде осы әскери бөлім аумағында жеке және бірлескен дайындық өтеді. Индустриялық аймақ аумағында механикаландырылған колоннамен бірлескен кешенді жаттығу өткізіледі. Үшінші кезеңде 3 және 5 мамырда елорда алаңында басты жаттығу өтеді», – деді ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев.Әскери парадқа дайындық темірдей тәртіпті және жоғары жауапкершілікті талап етеді.«Бұл әскери шеруге барлық әскери құрылымнан үздік болған әскери есептоптар қатысып жатыр. Сол себепті жоғары деңгейде өтеді деп ойлаймыз», – деді ҚР ІІМ Ұлтық ұланның құрмет қарауылы ротасының взвод командирі Дархан Қалибаев.Әскери парадта қазіргі заманғы және тарихи кезеңдегі әскери техникалар мен авиация үлгілері көрсетіледі. Олардың ішінде «Арлан», «Cobra» сауытты дөңгелекті машиналары, «Стрела-10», «ТОР» және «БУК» зениттік зымыран кешендері, БТР-82А, «Алмаз» және «Агат» мобильді кешендері, «TEODor» роботехникалық кешені, есептеу-талдау станциясы, «EVO» Max 4T», «Skylark» ұшқышсыз ұшу аппараттары бар.Жеңіс парадына дайындық — отандық армияның қуатын ғана паш етпейді, ол біздің өткенімізге деген терең құрметіміздің белгісі. Әрбір бесінші қазақстандық майданға аттанып, әрбір екінші қазақстандық соғыстан оралған жоқ. 10 оқтың тоғызы қазақстандық қорғасыннан құйылды. Майданға 1,5 мың вагон киім-кешек, азық-түлік жіберілді. Бұл – тарих, ол мәңгі жадымызда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kostanai-ozernyi/press/news/details/972668?lang=kk
ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында бірінші оқылымда Жаңа Салық кодексінің жобасы қаралады. 15.04.2025
Ұлттық экономика вице-премьер – министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, ҚҚС 16% деңгейінде анықталып, шекті 40 млн теңге деңгейінде жасау ұсынылды. Алайда, ҚҚС бойынша ұсынылатын шекті төмендету салдарынан бюджет 400 млрд жоғалтады. "ҚҚС 16% - ға тең болады. ҚҚС бойынша шек-40 млн теңге мөлшерінде белгіленсін. 40 млн теңге-бұл біз қол жеткізген компаның жемісі. Бірақ айта кеткім келеді, біз осы орайда 160 мың жаңа салық төлеушіні жоғалтып жатырмыз және бір жерде 400 млрд қосымша түсім алмаймыз. Бұл менің айтайын дегенім, біздің кәсіпкерлер біздің Үкімет пен Парламенттің осындайиссаға келуге дайын екенін түсінуі үшін".Енді ЖК құру қатаңдатылады."Бізде тиісті нормалар дайын – бұрын бұзушылықтар жасағандар, қосымша әрекетсіз ЖК бар адамдар үшін – ашық Жаңа ЖК күрделі процесс болады", - деп атап өтті вице-премьер.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-eskeldy-konyr/press/news/details/972666?lang=kk
Көпір асты өткелдердің уақытша жабылуы туралы ақпарат 15.04.2025
Үлбі өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты Спорт сарайы маңындағы, Протазанов көшесі мен Мызы — Ворошилов бағытындағы көпір асты жолдар уақытша жабылады. Бұл шешім азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында қабылданды.Су деңгейін бақылау жұмыстары үздіксіз жүргізіліп, тиісті шаралар қолға алынуда. Уақытша шектеулер жағдай толық тұрақталғанға дейін сақталмақ.Кептелістер мен қолайсыздықтар болмас үшін, өз бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-oskemen/press/news/details/972665?lang=kk
Жетісу облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Eco Hackathon: Жастар көзқарасымен» экологиялық акциясы өтті 15.04.2025
Талдықорған қаласындағы Жеңіс саябағында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында алғаш рет ашық аспан астында «Eco Hackathon: Жастар көзқарасымен» атты экологиялық акция өтті. Хакатонның басты мақсаты – жастардың назарын өңірдегі экологиялық мәселелерге аудару және оларды шешуге жұмылдыру. Сонымен қатар, 20 жасқа өз идеяларын ұсынуға және нақты экологиялық жобалар әзірлеуге мүмкіндік берілді. Акция аясында экология тақырыбында панельдік пікірталас алаңы ұйымдастырылып, қатысушылар 4 топқа бөлініп, өз жобаларын ұсынды.Қазақстан студенттерінің Альянсы Жетісу облыстық филиалының белсендісі Кариманова Ұлпан: «Бүгінгі «Eco Hackathon» шарасы барысында қатысушылар экологияны қорғау, тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу, көгалдандыру және экосаулықты сақтау бойынша түрлі идеялар мен шешімдер ұсынды. Үздік жобалар алдағы уақытта өңірде жүзеге асыру үшін қарастырылатын болады. Eco Hackathon – бұл жай кездесу ғана болып қалмай, жастардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыратын, экологиялық мәдениетті қалыптастыратын және Жетісудың жасыл болашағына үлес қосатын маңызды бастама».Жетісу облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жыл басынан бері барлық жоспарланған іс-шаралар белсенді түрде өткізілуде. Сенбіліктер мен экологиялық акцияларға жалпы саны 17 мыңнан астам адам қатысты. 295 техника бірлігі жұмылдырылып, 1 209 тонна қоқыс шығарылды. 132 парк пен сквер тазартылып, 17 мыңнан астам қылқан жапырақты және жапырақты ағаш көшеттері отырғызылды. Облыстық қоғамдық даму басқармасының мәліметі бойыншаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/972656?lang=kk
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарды ақша үшін қарулы қақтығыстарға қатысқаны үшін жауапкершілік туралы ескертеді 15.04.2025
Әлеуметтік желілерде азаматтарға ақылы түрде басқа мемлекеттердің Қарулы күштерімен келісімшарт жасасуды ұсынатын жарнамалық материалдар мен бейнероликтер таралып жатыр.«Қарулы қақтығыстарға қатысқаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде қылмыстық жауапкершілік көзделген. Қазақстан Республикасының азаматы шет мемлекеттің аумағында жалдамалылық белгілері болмаған жағдайда қарулы қақтығысқа немесе соғыс қимылдарына қасақана заңсыз қатысса (ҚК 172-бабы), бес жылдан тоғыз жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған. Ал жалдамалылық үшін (ҚК 170-бабы) құқық бұзушылықтың ауырлығына қарай жеті жылдан басталатын мерзімге немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру не онсыз, сондай-ақ мүлкін тәркілеу жазасы көзделген», – деп хабарлады министрлік.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-oskemen/press/news/details/972655?lang=kk
Түркістан облысында бұрынғы әйелін кепілге алған азамат сотталды 15.04.2025
Өткен жылы Сайрам ауданының тұрғыны бұрынғы әйелінің үйіне баса көктеп кіріп, ,балаларын көрсетпей жүргені үшін мойнына пышақ тақап, өлтіремін деп қорқытқан.Аталған азамат бұған дейін сотты болған, лудоманиямен ауырғанына байланысты ажырасқан.Күдікті жәбірленушінің туыстары мен құқық қорғау қызметкерлерінің ескертулерін тыңдамай, оны пышақпен қорқытып аулада тұрған автокөлікті өзіне басқартып, ол жерден бой тасалаған.Сол күні арнайы іс шара жүргізу барысында күдікті Шымкент қаласында ұсталып, жәбірленуші кепілден босатылды.Сот барысында мемлекеттік айыптаушы сотталушыны бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.Сот жоғарыда аталған мән-жайларды ескере отырып, алдыңғы үкім бойынша өтелмеген 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу жазасын ішінара қосып, түпкілікті 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.Сот үкімі заңды күшіне енген.Түркістан облысының прокуратурасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-turkestan/press/news/details/972649?lang=kk
VI жастар спорт ойындары: баскетболдан 8 команда іріктелді 15.04.2025
Түркістан қаласында баскетболдан қыздар арасында VI жазғы жастар спорт ойындары өтіп жатыр.Бүгін жарыстың плей-офф кезеңіне шыққан 8 команда белгілі болды. Назарыңызға жүлдеге таласатын баскетболшылды ұсынамыз:А тобы: Атырау облысы, Шымкент қаласы В тобы: Астана қаласы, Павлодар облысы С тобы: Түркістан облысы, Жетісу облысы D тобы: Ақмола облысы, Алматы қаласыЕнді осы өңірдің ойыншылары жартылай финал жолдамасын сарапқа салады.Ширек финал матчтары:Атырау облысы - Алматы қаласы Астана қаласы - Жетісу облысы Түркістан облысы - Павлодар облысы Шымкент - Ақмола облысыБіздің анықтама: Төрт жылда бір өтетін жастар спорт ойындарына 18 жасқа дейінгі баскетболшылар қатысады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/972640?lang=kk
Жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ҚАЖ комитеті Алматы қаласы бойынша ҚАЖ Департаменті  ағымдағы жылғы 26 наурыздағы №218 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары қызметкерлерін жоспардан тыс аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы шеңберінде (бұдан әрі – бұйрық) жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы хабарлайды.Мақсат – қызметкерлерді жоғары тұрған басшылық лауазымдарға ұсыну бойынша таяу тоқсанға кадрлық жоспарлау.2022 жылғы 29 қыркүйектегі № 773 ІІМ бұйрығына сәйкес лауазымдарды атқаратын қызметкерлер қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің номенклатурасына жататын және жоспардан тыс аттестаттаудан өтуге ниет білдірген хабарландыру жарияланған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей Алматы қаласы ҚАЖД тәрбие және кадр жұмысы бөлімшесіне үлгіге сәйкес баянат және «Документолог» жүйесі арқылы қалыптастырылған қызметтік тізім береді.Жоспардан тыс аттестаттауға қызметкерлер жіберілмейді:1) басшылық лауазымдарға қойылатын ең төменгі біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін (ІІМ-нің 2020 жылғы 12 маусымдағы №463 бұйрығы).ҚАЖД номенклатурасы үшін ең төменгі біліктілік талаптары:- Департамент бойынша - категория C-SVО-7;- Бағынысты бөлімше /мекеме/ - категория C-SGU-12;- Бағынысты пробация қызметі - категория C-SVR-7;2) қолданыстағы тәртіптік жазалары бар;3) оларға қатысты қызметтік не сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіледі.Сұрақтар туындаған жағдайда Алматы қаласы бойынша ҚАЖД ТжКЖБ қызмет өткеруді ұйымдастыру бөлімшесімен хабарласуға болады,каб. №311,308, анықтама телефондары 8(7172)90-18-67, 87075343889, 87021920409 электрондық мекенжайлар a.zhanamanova@mvd.gov.kz,.Ескертпе: жоспардан тыс аттестаттау нәтижелері жоспарлы аттестаттауды өткізу мерзімдеріне әсер етпейді. Тәрбие және кадр жұмысы бөлімшесі     Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almduis/press/news/details/972629?lang=kk