Әлем
Біржан сал ауданы Макинка ауылында су тасқынына қарсы ауқымды іс шаралар жүргізілуде 15.04.2025
Қазіргі уақытта Біржан сал ауданындағы жеке тұрғын үйлер мен аула аумақтарын су басу тіркелген жоқ.Жұмыстардың негізгі Макинка ауылының бөгеттеріне жасалды. Мұнда жақын маңдағы ормандардан еріген суды қабылдаған алғашқы бөгет қауіп төндірді.Гидротехникалық құрылысты нығайтуға 196 адам, 78 арнайы техника жұмылдырылды.Жүргізіліп жатқан шараларға бөгетті нығайту, полимерлі пленканы, инертті материал салынған қаптарды төсеу кірді. Сондай-ақ, жылжымалы сорғы станциялары мен мотопомпалар қолданылып, олардың көмегімен суды каскадты тәртіпте орналасқан бір бөгеттен екіншісіне айдау жүргізілді.Үш тәулік бойы үздіксіз жұмыстың арқасында 400 мың текше метрге жуық су айдалып, 350 м. бөгет қалпына келтіріліп, 22900 қап құм төселіп, ұзындығы 250 м және биіктігі 1 метр үйінді тұрғызылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-akmola/press/news/details/972967?lang=kk
ӘҚО-да өрт-тактикалық оқу-жаттығулар 15.04.2025
Әлеуметтік қорғау объектілерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жыл сайынғы іс-шаралар аясында Әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында өрт сөндіру бөлімшелерінің, жедел құтқару жасақтарының, төтенше жағдайлар бөлімдері қызметкерлерінің қатысуымен шартты өртті жою бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізілді.Өткізілетін оқу-жаттығулардың негізгі міндеті төтенше жағдайларды жою жөніндегі жоспарларға сәйкес тартылатын барлық қызметтермен өзара іс-қимыл схемаларын пысықтау болып табылады.Оқу-жаттығу барысында өрт қауіпсіздігі бойынша дәріс нұсқаулықтары өткізілді, төтенше жағдай туындаған жағдайда қызметкерлер мен қызмет алушыларды эвакуациялау сызбалары, алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану мәселелері пысықталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-ukzsp/press/news/details/972965?lang=kk
ХАБАРЛАНДЫРУ!!!! 15.04.2025
Түркістан облыстық әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 13 ақпандағы № 27 қаулысымен бекітілген «Түркістан облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру» Қағидасына сәйкес, 2024 - 2025 жылдарға арналған конкурс өткізіледі.Конкурсқа құжаттарды қабылдау мерзімі: 14.04.2025 ж. – 23.04.2025 ж.Мекен-жайы: Түркістан қаласы, Әкімшілік іскерлік орталық, басқармалар үйі, С-блогы. Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы.Байланыс нөмері: 8-775-159-18-08.Электронды почта: usx_uko@mail.ruАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-auyal-zharuazhalyk/press/news/details/972958?lang=kk
Таза Қазақстан экологиялық санитарлық тазалау акциясы 15.04.2025
Таза Қазақстан Республикалық экологиялық санитарлық тазалау акциясының шеңберінде Қызылбалық ауылдық округінде 08 сәуір күні сенбілік өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-kyzylbalyk/press/news/details/972955?lang=kk
Қазақстандағы азаматтардың тұрғын үй құқықтарын қорғау: Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жетістіктері мен рөлі 15.04.2025
Тұрғын үй – адамның негізгі құқықтарының бірі. Ол Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы және Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пакт сияқты халықаралық шарттарда бекітілген. Қазақстан бұл саладағы халықаралық міндеттемелерін орындайды. Мемлекет азаматтарды қолжетімді және лайықты баспанамен қамтамасыз ету шараларын қабылдауда. Қазақстанда тұрғын үй жағдайын жақсартудың тиімді тетіктері жасалды. Негізгі қадамдардың бірі «Отбасы Банкі» АҚ негізінде Даму және қолдау институтын құру болды. Ол тұрғын үйді орталықтандырылған есепке алу мен бөлуге жауапты. Соның арқасында азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін тұрғын үй қолжетімді болды. Бүгінде халықтың осы топтарына жалға берілетін және несиелік тұрғын үйлердің кем дегенде 70 пайызы берілген. Тұрғын үй мәселелерін шешу заңнаманы үнемі жетілдіруді талап етеді. Енгізілген түзетулер балалар үйіндегі балаларды есепке алу жағдайын жақсартты. Енді олардың баспанаға құқығы заңмен қорғалады. Бұл өзгерістер барлық азаматтардың тең мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл тұрғын үй құқықтарын қорғауда маңызды рөл атқарады. 2024 жылы жүздеген азаматтардың өтініштері қаралды. Олардың көпшілігі оң шешімін тапты. Тұрғындар кезекке тұрудан бас тарту, заңсыз көшіру және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында қиындықтармен жиі кездеседі. Уәкілдің жұмысы бізге шешімдер табуға және азаматтарға өз құқықтарын қорғауға көмектесуге мүмкіндік береді. Уәкіл мен әкімдіктер мен мемлекеттік органдар арасындағы тиімді өзара іс-қимыл нақты нәтижелер береді. Осылайша, Маңғыстау облысында әлеуметтік жағынан осал 774 тұрғынның жалдау ақысын алып тастау мүмкін болды. Бұл сындарлы ынтымақтастық көптеген адамдарға қалай көмектесетінінің жарқын мысалы. Тағы бір маңызды іс – қыста балалы әйелді заңсыз көшірудің алдын алу болды. Уәкіл мен мемлекеттік органдардың келісілген іс-әрекеттері олардың тұрғын үй құқықтарын қалпына келтіруге көмектесті. Бұл жағдай азаматтардың тиімді қорғанысқа сене алатынын көрсетеді.Азаматтар Уәкілдің институтына сенеді. Ол халық пен мемлекеттік органдар арасындағы диалогта маңызды рөл атқарады. Өңірлерге бару, жеке қабылдаулар, түсіндіру жұмыстары баспана мәселесін тиімді шешуге ықпал етуде. Әрбір өтініш беруші өз құқықтарын қорғауда қолдау мен көмек алады. Уәкілдің жұмысы жалғасады. Тұрғын үймен қамтамасыз етудегі әділдік пен теңдік басты назарда болмақ. Бұл күш-жігер құқықтық жүйені нығайтады және Қазақстанның халықаралық міндеттемелеріне адалдығын көрсетеді. Тұрғын үй құқығы саласында қабылданған шаралар айтарлықтай ілгерілеушілікті көрсетеді. Қазақстан әрбір азаматтың лайықты баспанаға мүмкіндігі бар әділ және әлеуметтік бағдарланған қоғам құру жолында сенімді қадамдар жасауда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-abay-oblysy/press/news/details/972951?lang=kk
2025 жылдың 09 сәуір күні Қырбалтабай ауылдық округінің Ақжал ауылындағы тұрғындарымен кездесу өткізілді. 15.04.2025
Қазақстан Республикасының Президенті 2022 жылдың 3 наурыздағы №826 Жарлығына сәйкес 2025 жылдың 09 сәуір күні Қырбалтабай ауылдық округінің Ақжал ауылындағы тұрғындарымен кездесу өткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbekshikazakh-kyrbaltabai/press/news/details/972947?lang=kk
🔹Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау 15.04.2025
📌Аудандық кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиясының отырысында 21 жасқа толмағандарға алкоголь және темекі өнімдерін сатуға тыйым салу, кәмелетке толмағандар арасында нашақорлықтың, алкоголизмнің және есірткінің алдын алу жұмыстары талқыланды.Комиссия мүшелері бала тәрбиесінде өз міндеттерін орындамайтын ата-аналардың тәртібін де қарады. Ата-анасының бірін маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы шешім қабылданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-martuk/press/news/details/972937?lang=kk
Кәсіпкерлік субъектілері араланды. 15.04.2025
Шалқар қаласы әкімі апараты" ММ-сінің бас маманы Утегенова Гүлнар, Қанат Ақниет және учаскелік полиция инспекторы Е. Үсеновпен бірлесіп кәсіпкерлік субъектілері өздеріне тиесілі аумақтарды, нысандарды тиісті жағдайда алдын жарықтандыру, әктеу, сырлау, шөптерден тазарту, тазалық сақтау, қоқыстардан тазарту, тротуарлармен және басқа абаттандыру элементтерімен қалыпқа келтіру жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргіздіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-aktobe-shalkar/press/news/details/972919?lang=kk
Ұлытау облысында прокуратура тексерісі бойынша сот үкімі шығарылды 15.04.2025
Ұлытау облысы Қаражал қаласының прокуратурасымен жүргізілген тексеріс нәтижесінде Жәйрем кентінің “Балдырған” балабақшасының бухгалтерімен бюджет қаражатын жымқырғаны анықталды.Бухгалтер қызметкерлердің есепшоттарына белгіленген жалақы мөлшерінен жоғары қаражатты негізсіз аударған.Негізсіз аударылған бюджет қаражатының жалпы сомасы 15,9 млн теңгені құрады.Қаражал қалалық сотының үкімімен бухгалтерге Қылмыстық Кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2)тармағы бойынша 10 жыл мерзімге ұйымдар мен кәсіпорындарды қаржыландыруға байланысты бухгалтерлік және өзге де қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 8 жыл мерзімге бас бостандығынан шартты түрде айыру түріндегі жазасы тағайындалды.#Заң_мен_тәртіпАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-ulytau/press/news/details/972917?lang=kk
Ю.Гагарин көшесінде жол жөндеу жұмыстары басталды. 15.04.2025
Ю.Гагарин көшесінде жол жөндеу жұмыстары басталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-aktobe-shalkar/press/news/details/972913?lang=kk
МОДО-2025 15.04.2025
8 сәуір күні кестеге сәйкес Қаратоғай орта мектебінде 4 және 9 сынып білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингісі өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kurchum-roo/press/news/details/972870?lang=kk
Діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларына өзгерістер енгізілді 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2025 жылғы 14 наурыздағы № 95-НҚ бұйрығымен (ҚР ӘМ 2025 жылғы 17 наурызда № 35825 болып тіркелген, ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 19.03.2025 ж.) «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 97 бұйрығына өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз .Енгізілген өзгерістерді біздің сайтта келесі сілтеме бойынша таныса аласыз https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-din/documents/details/adilet/V2000020256?lang=kkСұрақтарыңызбен ШҚО, Өскемен қаласы, К.Либкнехт көшесі, 19-үй, 505 кеңсе мекен-жайы бойынша немесе 8-7232-208-971 телефонына хабарласуыңызға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-din/press/news/details/972865?lang=kk
Әкімнің есептік кездесуі 15.04.2025
Құрметті Краснопреснен ауылдық округінің тұрғындары2025 жылғы 14.04.округ әкімінің ауыл тұрғындарымен есептік кездесулері өтеді: Балықты – 10.00 сағ. Лоба -11.00 сағ. Молодежное -12.00 сағ. Красная Пресня – 15.00 сағ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-krasnopresnen/press/news/details/972864?lang=kk
ТҮРКІСТАН: ТҰРҒЫНДАРҒА СОЛТҮСТІК ӨҢІРЛЕРДЕН БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ҰСЫНЫЛДЫ 15.04.2025
ТҮРКІСТАН: ТҰРҒЫНДАРҒА СОЛТҮСТІК ӨҢІРЛЕРДЕН БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ҰСЫНЫЛДЫ✔️Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс өңірлері – табиғи байлығы мол, мүмкіндігі кең, алайда адам күші жетіспейтін аймақтар. Ауыл шаруашылығы мен өндіріс, білім мен медицина саласында еңбек қолының тапшылығы күн тәртібіндегі өткір мәселе.✔️Осы олқылықтың орнын толтыру үшін қолға алынған «Қоныс аудару» бағдарламасы – тек көші-қон емес, болашаққа бағытталған нақты мүмкіндік. Жаңа өңір – жаңа тыныс, жаңа кәсіп пен тұрақтылықтың кепілі.✔️Бағдарлама Түркістан облысында кең көлемде жүзеге асуда. Жетісай мен Мақтаарал аудандарында өткен жәрмеңкеге еліміздің 7 аймағынан келген делегациялар қатысып, 10 мыңнан астам бос жұмыс орнын ұсынды. Халыққа бағдарлама шарттары жан-жақты түсіндіріліп, еңбекпен, баспанамен және әлеуметтік қолдаумен қамтамасыз ету жолдары баяндалды.✔️Бағдарлама аясында ұсынылатын қолдау:* Көшу шығындары толық өтеледі* Бір жыл баспанамен қамту немесе жалдау ақысы мен коммуналдық төлемдерін өтеу* Тұрақты жұмыспен қамту* Кәсіп ашуға мүмкіндік* Балабақша, мектеп, жер телімі сынды әлеуметтік мәселелер толық ескеріледі✔️Жетісай ауданындағы жиынға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы Әсет Бағдатұлы, облыстық «Еңбек мобильділігі орталығының» директоры Абзал Дәулетәліұлы, Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Нұркен Серікұлы қатысып, 300-ге жуық тұрғынмен еркін форматта кездесу өткізді. Нәтижесінде 40-қа жуық жетісайлық, ал Мақтааралда 35 азамат қоныс аударуға ниет білдірді.✔️2015 жылдан бері «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» жобасы аясында Түркістан облысынан көптеген отбасы өз еркімен солтүстікке қоныстанып, жаңа өмірге қадам басуда. Мақтаарал ауданынан 144 отбасы 2018-2024 жылдары аралығында жаңа өңірге аттанған.✔️Қоныс аудару – туған топырақтан үзілу емес, өмірдің жаңа белесіне бет бұру.Бұл – ел ішіндегі еңбек теңдігін қамтамасыз ететін, болашағы бар бағдарлама.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-baltakol/press/news/details/972843?lang=kk
Қуандық Қажкенов «АМАНАТ» партиясында азаматтарды қабылдау өткізді 15.04.2025
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов «АМАНАТ» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде Zoom конференция форматында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.Қатысушылар вице-министрге тұрғын үй сатып алу, қаладағы құрылыстың бас жоспары мәселелері бойынша жүгініп, халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған үйлердің сапасын жақсарту бойынша ұсыныстарын айтты.Қабылдау барысында Қуандық Қажкенов азаматтарды қызықтырған сұрақтарға жан-жақты жауап берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/972841?lang=kk
Жетісу облысының статистика департаментінің қатысуымен семинар – кеңес өтті 15.04.2025
Қаратал ауданының әкімшілігінде 08 сәуірінде 2025 жылы Республикалық ауыл шаруашылығының санағы өтуіне байланысты Жетісу облысының статистика департаментінің қатысуымен семинар – кеңес өтті.Семинарға ауданымыздың ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі, аудандық статистика бөлімі, аудандық малдәрігерлік станция, аудандық ішкі істер, халыққа қызмет көрсету орталығы, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек көрсету орталығы, қала, ауыл әкімшілік қызметкерлері толықтай қатысып, қойылатын талаптармен, сұрақтарға пікір алмасты.Сұрақтар мен пікір алмасу кезінде аудан әкімінің орынбасары С. Усенов семинарды жүргізіп, облыстық статистикалық департаменті басшысының орынбасары Д. Молдагуловаға қойылатын сұрақтарға толыққанды жауаптар беріліп, семинар жоғары деңгейде өтіп, дайындықтар жұмыстарының маусым айынан басталатындығы хабарланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal/press/news/details/972832?lang=kk
Мектеп оқушыларымен кездесу 15.04.2025
Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, діни сауаттылықты қалыптастыру, ұлтаралық келісімді нығайту мақсатында ағымдағы жылдың 9 сәуірінде ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері "Әлеуметтік желілердегі деструктивті діни ағымдардың қауіптілігі", "Конфессияаралық келісім" тақырыптарында Новоишим № 1 және 2 ОМ, Новоишим КОМ оқушыларымен әңгімелесті. Сондай-ақ, осы тақырыпта жадынамалар таратылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/gmusrep-ovp/press/news/details/972798?lang=kk
Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қазақстандағы дәрілік қауіпсіздік және фармацевтика өнеркәсібін дамыту мәселелері бойынша дөңгелек үстелге қатысты 15.04.2025
ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі ұйымдастырған «Қазақстанның дәрілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету: аналитикалық тәсіл және жаңа сын-қатерлер» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты. Бұл іс-шара денсаулық сақтау саласындағы басым міндеттерді, тұрақты дәрілік қамтамасыз етуді және фармацевтика саласын дамытуды талқылауға арналған басты алаңға айналды.Дөңгелек үстелдің ашылуында Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов, Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Жүсіпов, «Қазақстандық шетелдік инвесторлар кеңесі» қауымдастығының директоры Жанна Байдашева, «Polpharma Group» компаниясының халықаралық істер жөніндегі директоры Малгожата Маурер, сондай-ақ Қазақстандағы Польша Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Михаил Лабенда құттықтау сөз сөйледі.Панельдік пікірталас барысында қатысушылар өмірлік маңызы бар дәрілік заттардың тізімін қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударды. Олар халықаралық тәжірибе, жаһандық ұсынымдар мен ұлттық деңгейде қолдануға болатын негізгі қорытындыларды талқылады. Дәрілік заттардың қолжетімділігі мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін тек ашық әрі ғылыми негізделген іріктеу әдістемесі ғана емес, сонымен қатар баға белгілеу мен сатып алу жүйесіне стратегиялық көзқарас қажет екені атап өтілді.Талқылаудың тағы бір маңызды бөлігі Қазақстанда медициналық және фармацевтикалық индустрияны ынталандырудың жүйелі құралдарына арналды. Қатысушылар қосымша медициналық сақтандыру механизмдерін дамыту, тендерлік рәсімдерді жетілдіру, дәрілік заттарға жұмсалған шығындарды өтеу бағдарламаларын енгізу және баға реттеудің жаңа тәсілдерін қарастырды.Сондай-ақ, дөңгелек үстелге қатысушылар дәрілік заттарды сараптау, қауіпсіздік пен тиімділікті бағалау мәселелерін талқылап, дәрілік саясатты қалыптастыру үдерісіне аналитикалық тәсілдер мен халықаралық стандарттарды енгізудің маңыздылығын атап өтті.Бұл дөңгелек үстел мемлекеттік органдар, жеке сектор өкілдері және халықаралық серіктестер арасындағы ашық диалогтық алаң құру жолындағы маңызды қадам болды. Кездесу қорытындылары Қазақстан Республикасында дәрілік қауіпсіздікті қамтамасыз ету және фармацевтикалық саланың тұрақты дамуын қолдау бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kmfk/press/news/details/972792?lang=kk
Біріккен тұрақты комиссия отырысы 15.04.2025
Тұрақты комиссия отырысын Махамбет аудандық мәслихатының «Заңдылықты сақтау, депутаттық этика, экономика және қаржы мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясының төрағасы И.Муханбеталиев ашып жүргізді. Комиссия отырысына аудан әкімінің орынбасарлары, мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері, бөлім және мекеме басшылары, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы қатысты. Күн тәртібінде Аудан бойынша 2025 жылғы көктемгі су тасқынынан қорғану жұмыстары туралы, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2024 жылғы атқарылған жұмыстарының есебі туралымәселелері бойынша бөлім басшыларына сұрақтар қойылып , жан-жақты талқыланып,сессияға бекітуге жолданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mahambet-district/press/news/details/972790?lang=kk
Бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы 15.04.2025
ШҚО ТЖД жеке құрамдарымен «АМАНАТ» партиясы Шығыс Қазақстан облысы филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес мүшесі Гүлмира Байркеновамен кездесу өтті. Іс-шарада аймақтағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша, азаматтық қорғау органы қатарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы сақтау нәтижелері талқыланды.Сыбайлас жемқорлық қоғамды бүлдіретіні туралы көп айтылды. Қазіргі таңда профилактикалық жұмыстар өнімді деңгейде. Облыста жүздеген іс-шаралар өткізіледі, роликтер мен хабарлар түсіріледі, осындай жұмыстар өзінің нәтижелерін береді. ШҚО ТЖД бүгінгі таңда адалдыққа бағытталған 14 лекция, 10 дөңгелек үстел өткізілді.Осы сияқты іс-шаралар ШҚО ТЖД қызметкерлері арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртіпті ынталандырады, азаматтық жауапкершілікті және құқықтық өзін-өзі тануды тәрбиелейді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/972776?lang=kk