Әлем
КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ 15.04.2025
Қазіргі таңда ауа - райының құбылмалы түрі байқалып, ауа температурасы жылуына байланысты, қардың күрт еруі орын алуда. Осыған орай, аудан әкімі М.Мұхтаровтың тапсырмасына сәйкес, аудан аумағындағы барлық елді мекендердегі көше қарларын сыртқа шығару жұмыстары арнайы техникалардың көмегімен тәулік бойы тұрақты түрде атқарылуда. Барлық іс-шаралар аудан әкімінің тұрақты бақылауында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/964160?lang=kk
Жаңа кәсіптік бағыт: ШҚО түлектеріне бос жұмыс орындары ұсынылды 15.04.2025
Шығыс Қазақстан техникалық университетінде (ШҚТУ) Жұмысшы мамандықтар жылы аясында жыл сайын өтетін «Мансап марафоны» түлектер жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге еліміздің түкпір-түкпірінен 60-тан астам жұмыс беруші қатысып, студенттер мен түлектерге бос жұмыс орындары, тағылымдамалар және мансаптық өсу мүмкіндіктерін таныстырды.Бұл жәрмеңке бизнес пен жас мамандар арасындағы тиімді байланыс алаңына айналды. Жұмыс берушілер өз қызметі, жұмысқа орналасу шарттары мен кәсіби даму жолдары туралы жан-жақты мәлімет берді. Қатысушылар түйіндемелерін қалдырып, алдын ала сұхбаттардан өтуге және компаниялардың кадрлық резервіне енуге мүмкіндік алды. Бұл олардың табысты жұмысқа орналасу ықтималдығын арттырады.– Мұндай жәрмеңкелер студенттерге жаңа бос орындар мен жұмыс берушілер талаптары туралы білуге, ал түлектерге болашағы зор мансаптық мүмкіндіктер табуға көмектеседі. Сондай-ақ, осындай іс-шаралар жұмыспен қамту көрсеткіштерінің өсуіне ықпал етеді, – деді ШҚТУ Мансап орталығының директоры Светлана Трофименко.Ұйымдастырушылар өткен жылдардағы түлектерге де ерекше назар аударып, оларға өңірдегі сұранысқа ие кәсіптер туралы өзекті ақпарат ұсынды. Сонымен қатар, жәрмеңке аясында жас мамандарды бейімдеуге бағытталған «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының IZBASAR бағдарламасының таныстырылымы және ҚР Қорғаныс министрлігінің күш құрылымдарындағы мансаптық мүмкіндіктер жөнінде брифингі өтті.– Өте пайдалы болды. Өз болашақ мансабым үшін бірнеше нұсқаларды қарастырдым, – деді «Автоматтандыру және басқару» білім беру бағдарламасының 3-курс студенті Нұрасыл Әнуарбеков.Жәрмеңкеге 300-ге жуық студент пен түлек қатысты. Көпшілігі өзіне лайық бос орындар тауып қана қоймай, елдегі түрлі компаниялардан тағылымдамадан өтуге шақырту алды.– Біз түлектермен тығыз байланыста жұмыс істейміз: көбісі бізде өндірістік тәжірибеден өтеді, ал үздіктері жұмысқа орналасады. Бүгін студенттердің жоғары қызығушылығын байқадық, көпшілігі түйіндемелерін ала келді, алдағы соңғы сұхбаттарда олармен қайта кездесеміз деп үміттенеміз, – деді «1С-Рейтинг» компаниялар тобының персонал жөніндегі менеджері Ирина Савушкина.Жәрмеңке ең алдымен кәсіби бағдар берудің құралы саналады. Ол жастарға жұмыс табуға көмектесіп қана қоймай, олардың іскерлік байланыстарын дамытып, болашақ мансабына берік негіз қалауға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-sayasat/press/news/details/964152?lang=kk
Қазақстан энергетикасы: Министр 2035 жылға дейінгі даму жоспарын ұсынды 15.04.2025
Қазақстан энергетикасының даму мәселелері республикалық кеңесте Екібастұз қаласында Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен талқыланды. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов қатысушыларға елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайту және электр энергиясына өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру мақсатында кешенді жоспарды ұсынды.Министрдің айтуынша, Бірыңғай энергетикалық жүйе тұрақты жұмыс істегенімен, жұмыс істеп тұрған 227 станцияның орташа тозуы қазіргі уақытта 56%-ды құрайды, бұл тұтыну мен жаңа өндірістік жобаларды іске қосу аясында шұғыл шараларды талап етеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша, электр энергиясын өндіру көлемі 4%-ға артты, алайда болашақ сұранысты жабу үшін ауқымды инвестициялар қажет.«Біздің алдымызда тек өсіп келе жатқан сұранысты ғана емес, сонымен қатар экономикамыздың болашақ дамуына және экспорттық әлеуетті арттыруға мүмкіндік беретін қор құру міндеті тұр. Жоспарымыз бойынша 2035 жылға дейін шамамен 26 ГВт жаңа электр станцияларының қуаты енгізіледі. Бұл жаңғырту, түрлі типтегі жаңа станцияларды салу және желілерді дамыту сияқты кешенді көзқарасты қамтиды», – деді Ерлан Ақкенженов.Жұмыс қарқынының дәлелі ретінде министр 2024 жылы 771 МВт жаңа қуаттар енгізілгенін хабарлады. Белгілі жобалар қатарында – Екібастұз ГРЭС-1-де №1 энергоблокты (540 МВт қуаттылықта) қалпына келтіру, Атырау ЖЭО-дағы №6 турбинаны (65 МВт қуаттылықта) ауыстыру, Жезқазған ЖЭО-дағы №8 қазандықты ауыстыру (генерацияға +43 МВт қосу), сондай-ақ жаңартылған энергия көздерінен (ЖЭК) 163 МВт қуат енгізу жобалары бар. Сонымен қатар, 14 инвестициялық келісім-шарттар жасалған, олардың жалпы қуаты шамамен 2 ГВт құрайды.Ағымдағы жылы 621 МВт қуат енгізу жоспарланып отыр, ал 2026 жылы бұл көрсеткіш 2,6 ГВт-қа жетеді. 2029 жылға дейін 68 жоба іске асырылып, 2035 жылға дейін қуаты 4,2 ГВт болатын станциялардың модернизациялануы, қайта құрылуы және кеңейтілуі жоспарлануда.Модернизациямен қатар, газ станцияларының құрылысы және халықаралық инвесторлармен ірі ЖЭК бойынша жобалар жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, Қатар мен Ресейден жаңа станциялар салу жөнінде халықаралық ынтымақтастық күшейтілуде.«Біз диверсификация мен экологиялық жауапкершіліктің маңыздылығын түсінеміз. 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жолында біз көміртегі төмен көздерді қарастырамыз. Алайда, біздің көмір қорымызды ескере отырып, одан толық бас тарту тиімсіз. Екібастұздағы ГРЭС-3 сияқты жаңа көмір жобалары, сондай-ақ Семей, Өскемен және Көкшетаудағы заманауи көмір станциялары қоршаған ортаға әсерін азайтатын таза көмір технологияларына негізделетін болады», – деп атап өтті министр.Министр аталған жоспарларды жүзеге асыру тек экономиканың және халықтың электр энергиясына өсіп келе жатқан қажеттіліктерін толық қанағаттандырып қана қоймай, Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігін нығайтып, елдің әрі қарай тұрақты дамуына және экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді деп мәлімдеді.Сенімді қамтамасыз етудің маңызды бөлігі – желілердің дамуы. Кеңесте АО «KEGOC» 220-500 кВ-ты құрайтын 2 мың шақырымнан астам электр желілерін қайта жаңартқандығы айтылды. Биыл KEGOC Батыс аймақтың электр желілерін БЭЖ-бен біріктіру үшін құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастауы қажет, жұмыс 2027 жылы аяқталуы тиіс.«Президент энергетиканы өзін-өзі қамтамасыз ететін және бәсекеге қабілетті ел құрудың басты бағыттарының бірі ретінде атады. Бұл жаңа әлемдегі тұрақты прогрестің негізгі факторы, ол цифрландыру мен жасанды интеллектінің кеңінен енгізілуіне тікелей әсер етеді. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстанның үлкен мүмкіндіктері бар. Дегенмен, жоспарланған жобалардың уақытында іске аспауы экономиканың дамуын тежейді. Мұндай жағдайға жол беруге болмайды. Біз белсенді түрде жұмыс істеуіміз керек. Көптеген ірі жобаларға энергия қазірдің өзінде қажет», - деп атап өтті ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов.Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-министр бірқатар тапсырмалар беріп, көмір-химия саласын дамытуға ерекше назар аударды. Ол көмірді өңдеудің инновациялық технологияларын белсенді түрде пайдаланып, жоғары деңгейлі өнім өндірісін арттыруды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/964140?lang=kk
Cу тасқынына қарсы жұмыстар 15.04.2025
Тасты ауылдық округінде су тасқынына қарсы штаб жоспары шеңберінде су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізілуде: еріген қар суының өтуіне арналған каналдарды тазарту, жергілікті қар шығару және басқа да іс-шаралар. Техника жұмылдырылды: К-700 - 1 бірлік, тиегіш 3 текше метр. - 1 бірлік, тиегіш 1.5 текше, шөміші бар шынжыр табанды экскаватор 1.2 текше. - 1 бірлік, жүк көтергіштігі 25 т Хово жүк көлігі - 1 бірлік Су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd-tasty/press/news/details/967941?lang=kk
Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ 15.04.2025
Сыбайлас жемқорлық - заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр.«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Мемлекеттік органдардардың ұжымдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары өз өкілеттігі шегінде кадр, бақылау, заңгерлік және өзге де қызметтерін тарта отырып, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға бой алдыруының себебі көп. Оған ең алдымен қызметшілердің білім деңгейінің,әдептілік ұстанымының төмен болуы әсер ететін болса керек. Кей мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайлылық танытуы,кәсіби әдептілігінің жетіспеуі де, жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтың дендеуіне септігін тигізуде. Сондай-ақ, кейбір мемлекеттік орган басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарын атқаруда ынта танытпай, жұмыс жүргізбеуі де жемқорлықтың тамырын тереңдете түседі.Әрине,сыбайлас жемқорлық дәрі беріп емдейтін сырқат емес.Айналасындағы салауатты, таза және сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігін тарылтатын, заңсыз әрекеттермен қоғамдық ортаның және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың,дара кәсіпкерлердің,азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі халықтың өзінде. Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу керек. Ол үшін аталған дертке ел болып атсалысып, қарсы жұмылуымыз қажет. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымыз анық.Сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша тиісті шара қолданудың негізі – ол азаматтардың арыз-шағымы. Мемлекетіміздің әрбір азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.«Әділдік жоқ жерде пара белең алады», «Дүние– байлық неге керек, денсаулығың болмаса,Төрелігің неге керек,халықтың көңілі толмаса» деген нақыл сөз сот саласында еңбек етіп жүрген қызметкерлердің де бағдары іспеттес. Шыныда да, біз әділ төрелік жасап, жемқорлықтан жоғары тұрған жағдайда ғана халық сеніміне ие боламыз. Көксу ауданы Төтеншежағдайлар бөлімінің бас маманыазаматтық қорғау капитаны Қуанышұлы Е.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-koksu/press/news/details/964133?lang=kk
«Сіріңке ойыншық емес» 15.04.2025
Тұрғын үйлерді өрттен сақтандырудың маңызы өте зор. Өкінішке орай көпшілік жағдайда өрт тұрғындардың өрттен сақтандыру ережелерін сақтамауынан болады. От тұтату үшін тез тұтанатын жанар-жағар майларды пайдаланудың да бірде болмаса бірде үлкен қайғыға ұшыратуы мүмкін екенің есте ұстау керек. Отынды, басқа да жанғыш заттарды пештің алдына тастауға және пештерді тағайындалмаған отынның түрлерімен жағуға болмайды. Пештерден шығарылған күл, шлактар сумен сөндіріліп, арнайы бөлінген қауіпсіз жерге төгілуі керек. Үлкен адамдар да кей кезде оттаң сақтандыру ережелерін сақтамауынан, немесе балаларға жанып жатқан пешті қаратуға қалдырғаннан өрт шығады. Балаларға отты тек қана үлкендердің қатысуымен және рұқсатымен ғана жағуға болады. Ешқашанда жанып жатқан пешті, газ ошағын немесе токқа қосылған электр плиткаларды қалдырып кетуге болмайды. Кетер алдында міндетті түрде отты, электр плиткаларды өшіріп, дұрыс болады. Қорада, төбеге шыққанда, гаражда жарықтату үшін ашық отты пайдалануға тыйым салынады, ол үшін электр жарықтатқыштарды пайдалану керек. Сондықтан да әркім өз ісіне ұқыптылықпен қарап, ертеңгі күнінің жағымсыз жағдайын алдын ала ойлап, болжап, уақытылы алдын алып, болдырмай отырса, барлығы да дұрыс болар еді. Ол үшін өздеріңіз оттан сақ болып, балаларға сіріңке ойыншық емес екендігін және де ойыннан өрт шыққан жағдайда олардың салдарының қаншалықты ауыр болатындығын жеткізу қажет. Көксу ауданы ТЖБ бастығыазаматтық қорғау подполковнигі М.Турумов Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-koksu/press/news/details/964131?lang=kk
«Халықаралық әйелдер күні - 8 наурыз» 15.04.2025
Тасты ауылдық округінде «Халықаралық әйелдер күні - 8 наурыз» мерекелік концерті ұйымдастырылды.Ауылдық округтегі барлық әйелдерді «Целиноград ауданы Тасты ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкімі Е.М.Сабыров құттықтап, әсіресе ауылдық округтің дамуына үлес қосқан және қоғамдық өмірге қатысқан белсенді әйелдерге алғыс хаттар табыстады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd-tasty/press/news/details/964087?lang=kk
АТЫРАУСКИЙ НЕФТЕПЕРЕРАБАТЫВАЮЩИЙ ЗАВОД ЖШС 15.04.2025
Жарияланған күні Жобаның атауы27.03.2025"Атырау мұнай өңдеу зауыты"ЖШС 2025-2034 жылдар кезеңіне экологиялық тиімділікті арттыру Бағдарламасының жобасы ХаттамаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-tabigat/press/news/details/964082?lang=kk
БҚДА «MAGNUM» САУДА ЖЕЛІЛЕРІНДЕ АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖЕТКІЗУШІЛЕРІ ҮШІН ЖАҒДАЙДЫ ЖЕҢІЛДЕТЕДІ 15.04.2025
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі азық-түлік нарығындағы қатысушылар үшін ашық және әділ жағдайлар жасауға бағытталған «Magnum Cash&Carry» ЖШС-мен сыртқы монополияға қарсы комплаенс актісін жасасты. Комплаенс шеңберінде ұсынылған шаралар жеткізушілерге түсетін жүктемені азайтуға және азық-түлік бөлшек саудасында адал бәсекелестікті арттыруға мүмкіндік береді.Маңызды қадамдардың бірі – азық-түлік жеткізушілеріне көрсетілетін сауда желісінің коммерциялық қызметтерін 34-тен 9 позицияға дейін қысқарту. Бұл шешім жеткізушілермен өзара әрекеттесуді айтарлықтай жеңілдетеді және болашақта бөлшек саудадағы бағалардың төмендеуіне әсер етеді.Сонымен қатар, «Magnum Cash&Carry» ЖШС барлық жеткізушілер үшін тең жағдайларды қамтамасыз ету міндеттемесін өз мойнына алды. Әсіресе, тауық жұмыртқасы өндірушілеріне ерекше көңіл бөлінеді. Компания барлық санаттағы жұмыртқа жеткізушілерінен қызметтер үшін төлем алудан толықтай бас тартуды жоспарлап отыр. Бұл қадам бағаның тұрақсыздығы жағдайында аса маңызды. Қазақстан жұмыртқа өндірушілері қауымдастығының бағалауы бойынша, жеткізушілерден алынатын сыйақыларды алып тастау жұмыртқаның өзіндік құнын төмендетіп, бөлшек бағаларды орта есеппен 10-12%-ға арзандатуға мүмкіндік береді.Антимонополиялық комплаенс аясында «Magnum Cash&Carry» ЖШС әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына арналған үлгілік жеткізу шартын әзірлеуге міндеттенеді. Бұл шартта, сондай-ақ, жеткізушілерге жеткізу шарттары бойынша төлемдерді уақытылы төлемегені үшін компаниядан өсімпұл өндіру мүмкіндігі қарастырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/press/news/details/964075?lang=kk
Қаратөбе ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиевтің төрағалығымен 2025 жылғы 27 наурыз күні өткізілді. 15.04.2025
Қаратөбе ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиевтің төрағалығымен 2025 жылғы 27 наурыз күні өткізілді.Комиссия отырысының күн тәртбінде аудандық білім беру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Е.Рабаева «Кәмелетке толмағандар арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған жол картасының орындалуы туралы» хабарлама жасады, Сондай-ақ Жусандой ауылдық округінің әкімі Б.Бақытжанов, Егіндікөл ауылдық округінің әкімі Е.Тналиев, Қоскөл ауылдық округінің әкімі Ә.Мусағалиевтер округ аумағындағы терроризмнің алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы хабарлама жасады.Жиын соңында комиссия төрағасы Қ.Сүйеуғалиев тиісті мекемелерге және округ әкімдеріне тапсырмалар берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-karatobe/press/news/details/964072?lang=kk
Қарасай ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Қарасай ауданының Қоғамдық кеңес мүшелерін іріктеуге байланысты әңгімелесу өтетіндігі жөнінде хабарлайды 15.04.2025
Қарасай ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Қарасай ауданының Қоғамдық кеңес мүшелерін іріктеуге байланысты әңгімелесу өтетіндігі жөнінде хабарлайды Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ережесінің 29 тармағына сәйкес, 2025 жылдың 01 сәуірінде сағат 15.00-де Қаскелең қаласы, Абылайхан көшесі №213 ғимаратында Қарасай ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы әрбір кандидатпен әңгімелесуді өткізеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karasay/press/news/details/964070?lang=kk
В Грузии состоялся фестиваль Наурыз 15.04.2025
Тбилиси, 2025 жылғы 23 наурыз – Грузия астанасының тарихы орталығы Абанотубанида көктем мерекесі Наурызға арналған салтанатты іс-шара өтті.Мерекені Қазақстан, Әзербайжан, Иран, Түркия және Түрікменстан елшіліктері, сондай-ақ Тбилиси қаласының мэриясының қолдауымен осы елдердің диаспоралары мен мәдени орталықтары ұйымдастырды. Салтанатты іс-шараға қала тұрғындары, сонымен қатар осы күндері Грузияда қыдырып жүрген түрлі елдердің туристері де қатысты.Іс-шараға Тбилиси қаласының мэрі Каха Каладзе, Тбилиси қалалық кеңесінің төрағасы (Сакребуло) Георгий Ткемаладзе және Грузияның басқа да ресми өкілдері қатысты. Қазақ халқының дәстүрі бойынша бас қонаққа ұлттық шапан жабылды.Қазақстанның Грузиядағы Елшісі Мәлік Мырзалин өзінің құттықтау сөзінде Наурыздың бірлік пен келісім мерекесі, сондай-ақ достық пен өзара сыйластықты нығайтуға ықпал ететін шын мәнінде жалпыхалықтық мереке екенін атап өтті. Көктемгі мерекені тойлаудың жаңа форматы, «Наурызнамның» онкүндігі туралы айтып берді.Тбилиси қаласының басшысы Каха Каладзе құттықтау сөз сөйлеп, халықтарымыз арасында тығыз достық қарым-қатынас орнатуда халықаралық Наурыз мерекесінің маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті. Грузия астанасында жарқын мереке өткізгендеріңіз үшін баршаңызға алғысымды білдіремін, Наурыз мейрамы (Новруз Байрам) 2010 жылдан бастап Грузияда жалпыға ортақ халық мерекесі болып тойлануда, деп атап көрсетті.Мәдени бағдарлама барысында Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының «Өрен» домбырашылар ансамблі, сондай-ақ дәстүрлі және эстрада әншілері Ақмарал Арғынқызы, Айнұр Омарова, Данияр Кенжеғали, Сәбит Шектібаев өз өнерлерін ұсынды. Қазақтың әйгілі күйлері мен танымал туындыларының шебер орындалуы көрермендердің ерекше қошеметіне ие болды.Фестивальде Грузия Федерациясының «Қазақ күресі» спортшылары өнер көрсетті, бұл көрініс күрестің көптеген дәстүрлі түрлерінің синтезінің нәтижесі болып табылатын қазақ ұлттық күресіне деген шетелдіктердің қызығушылығын тудырды.Мереке қонақтары, Тбилиси тұрғындары мен туристері экспонаттармен: ұлттық киімдермен және зергерлік бұйымдармен қуана танысты. Дәстүрлі қазақ тағамдары, көктем мейрамының басты тағамы – «Наурыз көже» қойылған бай дастархан жайылды.Ұлттар мен елдерді біріктіретін Наурыз фестивалі өз мақсатына жетті. Әрбір қатысушы, әрбір қонақ өз отанының тарихы мен мәдениетін көрсетіп қана қоймай, әртүрлі елдердің ұлттық шығармашылығының таңғажайып әлемімен танысты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tbilisi/press/news/details/964067?lang=kk
СҚО-да донаттар шығаратын зауыт салынуда 15.04.2025
СҚО әкімдігінің отырысында «Бейкертон» компаниясының бас директоры Марина Баяндина Петропавлда донаттар өндіру зауытын салу барысы туралы баяндады.Зауыттың құрылысы «Қызылжар» арнайы экономикалық аймағының аумағында жалғасуда, қазір темірбетонды негіздер орнату жұмыстары аяқталуға жақын, сондай-ақ металл құрылымдарын орнату басталды. Жобаға 37 миллиард теңге инвестиция салынады, 380 жаңа жұмыс орны ашылады.«Бұл зауытта толық автоматтандырылған екі желі іске қосылмақ. Толық қуатына шыққанда жылына 15 мың тонна өнім өндіретін болады. Мемлекеттік органдар тарапынан жобаға толық қолдау көрсетілуде», – деді Марина Баяндина.Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов осы жобаның перспективалы екенін атап өтіп, мемлекет «Қызылжар» арнайы экономикалық аймағының субаймақтарына инженерлік инфрақұрылымды жеткізетінін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/964060?lang=kk
СҚО жарты триллион теңге инвестиция тартты 15.04.2025
СҚО әкімдігінің отырысында инвестициялар тарту мәселесі қаралды. Өткен жылы өңір экономикасына 556 миллиард теңге инвестиция тартылды, оның 420 миллиард теңгесі жеке инвесторлардың қаражаты.Биыл инвестиция тартуда басты назар өңдеуші өнеркәсіп саласындағы жобаларды іске асыруға аударылады. 87 миллиард теңге көлемінде 11 жаңа жобаны іске қосу жоспарлануда, бұл 1,1 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Олардың арасында кондитерлік өнімдер өндіретін зауыт, көтеру-тасымалдау жабдықтары мен көпір крандарын шығаратын зауыт, сондай-ақ ағаш өңдеу кәсіпорнын салу бар.Ауыл шаруашылығында 72 миллиард теңге көлемінде 35 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл – сүт фермалары, суару жобалары, ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу және басқа да маңызды бағыттар.Кеңес қорытындысы бойынша облыс әкімі Гауез Нұрмұхамбетов өңірдің инвестициялық әлеуетін толыққанды ашу үшін қажетті шараларды қабылдауды, негізгі салаларға бағытталған инвесторларды тарту бойынша кешенді стратегиялық жоспар әзірлеуді және қолдау шаралары бар перспективалы инвестициялық жобалар тізімін құруды тапсырды. Өңір басшысы аудан әкімдерін инвесторларды тарту бойынша жұмысты жүйелі түрде жүргізу керектігін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/964057?lang=kk
Есепті жария талқылау 15.04.2025
Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының Қызылжарма ауылдық округі әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2025 жылғы 01 сәуірден бастап 18 сәуір аралығында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша Қызылжарма ауылдық округі әкімшілігінің 2024 жылғы қызметі туралы есебі жария талқыланады деп хабарлайды. Жария талқылау Есепті кері-байланыс жолымен өткізіледі. Есеп Қызылжарма ауылдық округі әкімшілігінің сайтында мына сілтеме бойынша орналастырылған: Жария талқылаудың қорытындылары мемлекеттік қызметтер көрсету саласын арттыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын жетілдіру үшін пайдаланылады. Ұсыныстарыңыз болған жағдайда Қызылжарма ауылдық округі akimat-kyzylzharma@korda.gov.kz электрондық поштасына жолдауларыңызға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-qyzylzharma-district/press/news/details/964039?lang=kk
Қарабұлақ ауылында Наурыз мейрамы тойланды 15.04.2025
Қарабұлақ ауылында Наурыз мейрамы кеңінен аталып өтті Қарабұлақ ауылында көктемнің шуақты мерекесі – Наурыз мейрамы жоғары деңгейде тойланды. Іс-шараға ауыл тұрғындары мен қонақтар жиналып, ұлттық дәстүрлерді ұлықтап, мейрамның сәнін келтірді.🔹 Мерекелік шара округ әкімінің құттықтау сөзімен басталды. Ауыл ақсақалдары ақ баталарын беріп, елге береке тіледі. Ақ жаулықты аналар қазақтың игі дәстүрі бойынша шашу шашып, қонақтарға ақжарма тілектерін жеткізді.🔹 Жиналған көпшілік ауыл өнерпаздарының арнайы концерттік бағдарламасын тамашалады. Сахнада ұлттық әндер шырқалып, мың бұралған билер биленді.🔹 Дастархан басында ауыл тұрғындары Наурыз көжеден дәм татты. Бұл мереке – молшылық пен ырыс-құттың символы болғандықтан, мерекелік дастархан түрлі ұлттық тағамдарға толы болды.🔹 Спорттық ойындар ұйымдастырылды. Қазақ күресі, арқан тартыс, гір көтеру және қол күрес сынды жарыстарға ауыл жастары белсене қатысты. Жеңімпаздар арнайы марапаттарға ие болды.Наурыз – береке мен бірліктің, жаңару мен ырыстың мейрамы! Баршаңызды осы шуақты мерекемен құттықтай отырып, әр шаңыраққа амандық, ырыс-құт тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhanama/press/news/details/964035?lang=kk
2024 жылы "Өскемен қаласының дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімі" ММ-де мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша талдамалық анықтама 15.04.2025
Өскемен қаласының дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімімен Мемлекеттік қызметтің 2 түрі көрсетіледі:Спорттық дәрежелерді беру: 2 дәрежелі спортшы, 3 дәрежелі спортшы, 1 жасөспірімдік дәрежедегі спортшы, 3 жасөспірімдік дәрежедегі спортшы және біліктілік санаттары: біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі әдіскер екінші санатты, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі.Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру және оны пайдалану.2024 жылда 1219 қызмет көрсетілді, оның ішінде:Қызметтің атауыСаны2 дәрежелі спортшы1683 дәрежелі спортшы1691 жасөспірімдік дәрежедегі спортшы2422 жасөспірімдік дәрежедегі спортшы1133 жасөспірімдік дәрежедегі спортшы411Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы7Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы25Біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы1Біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы1Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер12Біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер1Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы14Спорттық төреші55Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту саны0Олимпиада, Паралимпиада және Сурдолимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру және оны пайдалану0Нәтижесінде1219 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-oskemen/press/news/details/964003?lang=kk
Тамақтан уланудың алдын алу 15.04.2025
Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандарымен Қарағанды облысы кәсіпкерлер Палатасы филиалының «Атамекен» өкілінің қатысуымен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында, тамақтан уланудың алдын алу, халықтың санитариялық–эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын түсіндіру, оның ішінде мерзімді медициналық тексерулерден уақтылы өту, өндірістік бақылауды жүзеге асыру мәселелері бойынша Қарағанды жолаушылар вокзалында тамақтану саласында қызмет көрсететін жеке кәсіпкерлердің арасында «дөңгелек үстел» түрінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Бекіту материалы түрінде ботулизмнің, сібір жарасының, қышыманың алдын алу туралы жадынамалар мен буклеттер таратылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/966064?lang=kk
2023 жылы "Өскемен қаласының дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімі" ММ-де мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша талдамалық анықтама 15.04.2025
Өскемен қаласының дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімімен Мемлекеттік қызметтің 2 түрі көрсетіледі:Спорттық дәрежелерді беру: 2 дәрежелі спортшы, 3 дәрежелі спортшы, 1 жасөспірімдік дәрежедегі спортшы, 3 жасөспірімдік дәрежедегі спортшы және біліктілік санаттары: біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі әдіскер екінші санатты, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі.Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру және оны пайдалану.2023 жылда 1212 қызмет көрсетілді, оның ішінде:Қызметтің атауыСаны2 дәрежелі спортшы1113 дәрежелі спортшы1691 жасөспірімдік дәрежедегі спортшы1212 жасөспірімдік дәрежедегі спортшы813 жасөспірімдік дәрежедегі спортшы198Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы23Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы0Біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы2Біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы0Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер3Біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер0Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы0Спорттық төреші79Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту саны0Олимпиада, Паралимпиада және Сурдолимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру және оны пайдалану0Нәтижесінде1212Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-oskemen/press/news/details/963996?lang=kk
Тұрғындар қауіпсіздігі – басты назарда 15.04.2025
Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің төрағалығымен құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті.Әуелі қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Данияр Әзімов күн тәртібіндегі алғашқы мәселе – жол-көлік оқиғасының алдын алу және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады.– Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жыл басынан көше-жол желісіне қатысты 78 тексеру жүргізіліп, оған 805 шақырым жол қамтылды. Нәтижесінде 1050 ақау анықталған. Анықталған кемшіліктер бойынша 78 нұсқама жолданса, оның қазір 21-і ғана орындалуда. Ал жолданған нұсқамалардың уақытылы орындалмауы жол-көлік оқиғаларына және халық тарапынан үнемі наразылық туындауына әкеп соғады. Бұл бағыттағы жұмыс жыл бойы жүргізіледі. Егер берілген ұйғарымдар уақытылы орындалмаса, күн санап нұсқама саны да артып, бұл қаладағы жол қауіпсіздігіне кері әсерін тигізеді, – деді Данияр Желеубайұлы.Келесі кезекте қала әкімдігінің тұрғын-жай коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Жарқынбек Шогалов та осы мәселеге арнайы тоқталса, Тараз қаласы білім бөлімі басшысының орынбасары Дүрия Тоғатаева оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, мектептен тыс және демалыс кезінде бос уақытын қамтамасыз етуге жоспарланған шараларды тілге тиек етті.Басқосуды қорытындылаған шаһар басшысы қала қауіпсіздігі қашанда жіті назарда болуы керектігін қадап айтты.– Бүгінде қала аумағына жаңа елді мекендер қосылып, көкжиегі кеңейді. Бұл өз кезегінде көлік қозғалысын арттырып отыр. Сондықтан осы бойынша туындаған мәселелерді дер кезінде шешіп, қауіпсіздікті жіті қадағалап отыру қажет. Әсіресе, балалар мен жасөспірімдер қауіпсіздігі басты назарда болуға тиіс. Бұл тұрғыда аудан әкімдері, тиісті бөлім басшылары және құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірлесе тұрақты түрде рейд жүргізгені жөн. Осы арқылы келеңсіз жағдайлардың алдын ала аламыз. Сондай-ақ шаһардағы қорқор (кальян) сататын кафелерге де тиісті шара қолдану керек, – деген Бақытжан Әмірбекұлы күн тәртібіндегі әрбір мәселе бойынша нақты тапсырмалар жүктеді. и сотрудникам правоохранительных органов следует проводить регулярные рейды. Этим мы можем предотвратить негативные ситуации. Также необходимо принять соответствующие меры к владельцам кафе, в которых посетителям предлагается кальян, - сказал Бакытжан Амирбекулы и возложил конкретные поручения на специалистов, курирующих данные вопросы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/963993?lang=kk