Әлем
Қалалық ТҮКШ бөлімінің басшысы 2024 жылдың соңында және ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында келіп түскен депутаттық сауалдарды орындау бойынша өткізілетін іс-шаралар туралы Өскемен қалалық мәслихаты депутаттарының алдында есеп берді 15.04.2025
Қалалық ТҮКШ бөлімінің басшысы 2024 жылдың соңында және ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында келіп түскен депутаттық сауалдарды орындау бойынша өткізілетін іс-шаралар туралы Өскемен қалалық мәслихаты депутаттарының алдында есеп берді. Қалалық мәслихат депутаттарынан келіп түскен сауалдардың негізінде Өскемен қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі ағымдағы жылға арналған іс-шаралар жоспарына енгізді: балалар стоматологиясы ауруханасы ауданында Буров және Қазақстан көшелері арасындағы жолды кеңейту, Машиностроителей көшесінің бойындағы тротуарды абаттандыру және жол жүріс бөлігін жөндеу. Правда көшесіндегі жолды жөндеу, Мирный кентінің жеке секторындағы бірқатар жолдарға қиыршық тас себу, сондай-ақ Карбышев көшесіндегі тротуарды жөндеу, Фигурный көшесіндегі жол төсеміне орташа жөндеу жүргізу және Титановая көшесіндегі жолға қиыршық тас төгу, Комаров көшесіндегі жолды жөндеу, құрғақ ағаштарды кесу бойынша жұмыс, «Жоғары жылдамдықты шектеу», «Тұрғын аймақ» қосымша жол белгілерін орнату, Красин кентіндегі бірқатар жеке тұрғын үйлерге сумен жабдықтау желілерін жүргізу және басқалар. Сондай-ақ, бірқатар сұраулар бойынша ТҮКШ бөлімі оларды іске асыруға қаражат қаракстыру үшін бюджеттік өтінім беретін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/964437?lang=kk
БӘЙДІБЕК АУДАНЫННЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА! 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығын іске асыру аясында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Оралбайұлы Көшеровтың Бәйдібек ауданының тұрғындарымен кездесуі 2025 жылғы 10 сәуірде сағат 15.00-де аудандық жастар ресурстық орталығында (Шаян ауылы,Б.Қарашаұлы көшесі №53), жеке қабылдауы сағат 16.00-де аудан әкімдігінің ғимаратында (Шаян ауылы,Б.Қарашаұлы көшесі №51) өтетінін хабарлаймыз.Облыс әкімінің жеке қабылдауына жазылу үшін 8(72533) 5-98-99, 5-93-97, 5-92-22, 5-98-90, 5-98-80 байланыс телефондары және «Е-өтініш» ақпаратттық жүйесі арқылы 2025 жылғы 8 сәуірге дейін сағат 9.00–19.00 аралығында жүргізіледі.Тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету және кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекен-жайы, байланыс телефоны және электронды пошта (бар болған жағдайда) нақты көрсетілуі қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-baidibek-audany/press/news/details/964431?lang=kk
Халыққа электрондық қызметтерді өз бетінше алу бойынша оқыту жүргізіледі 15.04.2025
Электрондық қызметтерді өздігінен алуға халықты үйрету мақсатта Солтүстік Қазақстан облысы Мамлютка қаласы әкімінің аппараты маманы өзін-өзі қызмет ету секторында оқу өткізді, бұл жұмыс қызмет алушыларға үйден шықпай барлық қызметтерді алуға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-mamlyut-mamlyut/press/news/details/964420?lang=kk
Қостанай облысы ПД бастығы полицияның 2024 жылғы жұмысы туралы есеп берді 15.04.2025
Қостанай облысы Полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин қауіпсіздікке, құқық бұзушылықтың алдын алуға және полиция жұмысының жаңа әдістеріне қатысты негізгі ойларды атап өтіп, өңірдің 2024 жылғы криминогендік жағдайы туралы есеп берді.Тұрақтылық және қылмыстың төмендеуіЕрлан Файзуллин өңірдегі жедел жағдай тұрақты екенін және есепті кезеңде қылмыстық құқық бұзушылықтар санының тұрақты төмендеуі байқалғанын айтты. Атап айтқанда, кісі өлтіру, ауыр дене жарақаты, тонау, ұрлық, көлік ұрлау, алаяқтық және бопсалау азайды. Оның айтуынша, бұл құқық қорғау органдарының табысты жұмысының және халықпен өзара іс-қимылдың нәтижесі."Қылмыстың тұрақты төмендеуі полицияның тиімді профилактикасы мен жұмысын көрсетеді", — деп атап өтті Файзуллин.Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық: құқық бұзушылықтар санының өсуіЖауапкершіліктің қатаңдатылуына қарамастан, өзекті тақырып болып қала беретін отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне ерекше назар аударылды. 2024 жылы мұндай құқық бұзушылықтардың саны 2,5 есеге өсті. Полиция 6 мыңнан астам отбасылық жанжал туралы арыз алды. Бұл проблемамен күресу үшін жеке алдын алу шаралары енгізілді."Отбасылық зорлық — зомбылық үшін жауапқа тартылғандар саны 33% - ға өсті, бұл 5 мыңнан астам адамды құрайды", - деп атап өтті Ерлан Файзуллин.Сонымен қатар, 8 мыңнан астам адамға жәбірленушілермен байланысқа түсуге тыйым салатын қорғау ұйғарымдары берілді. Сондай-ақ, 1700-ден астам агрессор 30 тәулікке дейін қамауға алынды.Аймақтағы зорлық-зомбылық құрбандарына көмектесу үшін бірнеше орталықтар жұмыс істейді. Биыл Қостанайда жаңа орталық ашылды, бұл тегін тамақтану, психологиялық және заң көмегі көрсетілетін балалары бар әйелдер үшін 40-тан астам төсек-орынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Интернеттегі алаяқтық: қауіп-қатер және қылмысқа қарсы күресИнтернеттегі алаяқтық мәселесі де өзектілігін арттыруда. 2024 жылы мұндай қылмыстар құқық бұзушылықтардың жалпы санының 25% - құрады. Жедел іс-шаралар барысында желіде 74-тен астам алаяқтық фактілерін жасауға қатысқан 25 адам ұсталды."Интернет-қылмыспен күресу үшін "кибербақылау" жүйесіне заңсыз контенті бар сайттарға 9153 — тен астам сілтеме жіберілді", - деді Файзуллин.Есірткі қылмысына қарсы күресАймақтағы есірткі жағдайы бақылауда. 2024 жылы 260 келіден астам есірткі, оның ішінде 4 кг-нан астам синтетикалық есірткі тәркіленді. 4 есірткі зертханасы жойылып, оның екеуі синтетика өндірумен, ал басқалары марихуана өсірумен айналысқан."Есірткі құқық бұзушылықтары бойынша 102 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, оның 3 — і кәмелетке толмағандар", — деп атап өтті Ерлан Файзуллин.Сонымен қатар, білім беру және денсаулық сақтау мекемелерімен, волонтерлік ұйымдармен бірлесіп 120-ға жуық профилактикалық акция өткізілді. Полиция мен жұртшылықтың күш-жігерінің арқасында 3 мыңнан астам есірткі граффитиі жойылды.Жол қауіпсіздігі: бақылаудың жаңа әдістеріЖолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету құқық қорғау органдары үшін маңызды міндет болып қала береді. Өңірдегі жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері-жүргізушілердің назарынан тыс қалуы және жол қозғалысы ережелерінің бұзылуы. 2024 жылы 1176 апат орын алып, 79 адам қаза тауып, 1517 адам жарақат алды."95% жағдайда жүргізушілер ЖКО кінәлі болып табылады. Өткен жылы жол қозғалысы ережелерін бұзу саны 14% - ға өсті", - деді ПД бастығы.Жол қауіпсіздігін жақсарту үшін "жасырын патрульдеу" және дрондарды пайдалану сияқты жаңа қадағалау әдістері енгізілуде.Құқық бұзушыларға нөлдік төзімділікСоңында Ерлан Файзуллин полицияның халықпен өзара іс-қимылының маңыздылығын атап өтіп, азаматтарды құқық бұзушылықтарға қарсы күресте белсенді болуға шақырды."Біз кез келген құқық бұзушылық туралы сигналдарды күтеміз. Мен қоғамды қылмыскерлерге нөлдік төзімділікке шақырамын және заң бұзушылықтардың барлық фактілері туралы полицияға хабарлауды сұраймын", — деп түйіндеді ол.Баяндама аяқталғаннан кейін өңір тұрғындары әлеуметтік желілерде тікелей эфирде сұрақтар қойып, өзекті мәселелерді талқылады.Қостанай облысында полиция жұмысы қоғамдық қауіпсіздікті арттыруға және қылмыспен күресудің заманауи әдістерін енгізуге бағытталуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kostanay/press/news/details/964381?lang=kk
Қазақстанның 13 өңірінде су тасқыны салдарының алдын алу үшін гидротехникалық құрылыстарды жөндеу бойынша 43 іс-шара іске асырылды 15.04.2025
Су тасқыны кезеңіне дайындық аясында, Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі бекіткен жоспарға сәйкес, 13 өңірдегі гидротехникалық құрылыстарда су тасқыны салдарының алдын алуға бағытталған 43 іс-шара жүзеге асырылды.Атап айтқанда, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Абай және Жетісу облыстарында жұмыстар жүргізілді.«Жоспарға гидротехникалық құрылыстарды ағымдағы жөндеу, каналдарды тазарту және жағалау нығайту жұмыстары кірді. Мысалы, Ақмола облысында Шағалалы және Сілеті су қоймалары, сондай-ақ «Алва» лимандық суару жүйесі жөндеуден өтті. Абай облысында Шар су қоймасының қорғаныс бөгеті салынды. Солтүстік Қазақстан облысында Сергеев гидроторабында жағалау нығайту жұмыстары жүргізілді», – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/964338?lang=kk
Совершеннолетние или достигающие 18 лет в 2025 году казахстанцы самостоятельно проверяют свои средства в рамках программы «Нацфонд - детям» 15.04.2025
Уже второй год реализуется программа «Национальный Фонд - детям», согласно которой 50% валютной части инвестиционного дохода Национального фонда Республики Казахстан ежегодно распределяется между детьми-гражданами Казахстана, которые родились в 2006 году и позднее. Юным казахстанцам, родившимся в 2006-2007 гг., достигшим/достигающим 18 лет в 2024-2025 гг., перечислены целевые накопления (ЦН) на целевые накопительные счета (ЦНС), открытые в ЕНПФ. Эти средства они могут использовать на улучшение жилищных условий и (или) оплаты образования.В связи с участившимися обращениями в ЕНПФ законных представителей участников программы по вопросу отсутствия на интернет-ресурсах электронного правительства (сайте и в мобильном приложении eGov Mobile) информации о ЦН, начисленных их детям, рожденным в 2006 и 2007 годах, ЕНПФ поясняет, что совершеннолетние или достигающие 18 лет в 2025 году граждане должны самостоятельно получать информацию о своих ЦН посредством их личного кабинета на интернет-ресурсах ЕНПФ либо электронного правительства. Таким образом, ЕНПФ согласно казахстанскому законодательству гарантирует тайну ЦН их получателей, включая сведения об остатках и о движении денег на их ЦНС. Порядок выплат ЦН и их использования в целях улучшения жилищных условий и/или оплаты образования определен:- Правилами формирования и учета целевых требований, целевых накоплений и выплат целевых накоплений, а также начисления целевых требований, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 января 2024 года № 16;- Правилами использования выплат целевых накоплений из единого накопительного пенсионного фонда в целях улучшения жилищных условий в соответствии с законодательством Республики Казахстан, утвержденными приказом Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 26 февраля 2024 года № 76;- Правилами использования выплат целевых накоплений из единого накопительного пенсионного фонда в целях оплаты образования в соответствии с законодательством Республики Казахстан, утвержденными совместным приказом Министра науки и высшего образования Республики Казахстан от 7 февраля 2024 года № 51 и Министра просвещения Республики Казахстан от 12 февраля 2024 года. Пошагово алгоритм действий использования ЦН можно представить следующим образом:Получатель ЦН, достигший 18 лет, может проверить ЦН самостоятельно на интернет-ресурсах ЕНПФ или электронного правительства, а также обратившись в подразделение ЕНПФ.Для сведения информируем, что за 2023 год всем получателям ЦН начислено по 100,52 долларов США, за 2024 год – по 129,38 долларов США. Детям, которым за 2023 год поступили первые средства из Нацфонда, за исключением лиц 2006 года рождения, в текущем году начислен инвестиционный доход в размере 3,04 доллара США. В результате целевые накопления ребенка, родившегося в 2006 году составляют 100,52 долларов США, родившегося в 2007 году – 232,94 доллара США.Получатель ЦН (либо его законный представитель) посредством интернет-ресурса уполномоченного оператора (УО) обращается к УО, открывает банковский счет в долларах США на имя получателя ЦН, подает онлайн-заявление на выплату ЦН.УО в течение 2 рабочих дней после рассмотрения и одобрения заявления на выплату направляет электронное уведомление в ЕНПФ о зарегистрированном заявлении на выплату.ЕНПФ в течение 5 рабочих дней со дня получения электронного уведомления от УО переводит ему сумму выплаты ЦН, указанную в заявлении, для последующего зачисления на банковский счет в долларах США получателя ЦН, открытый УО, либо сообщает об отказе с указанием причины.Получатель ЦН или его законный представитель в течение 45 рабочих дней со дня поступления суммы ЦН на банковский счет предоставляет УО документы, подтверждающие целевое использование выплат ЦН.УО в течение 10 рабочих дней со дня предоставления получателем ЦН документов проверяет их и перечисляет выплаты ЦН по их целевому назначению.В случае непредставления получателем ЦН (или его законным представителем) в течение 45 рабочих дней документов сумма выплаты ЦН, находящаяся у УО, возвращается в ЕНПФ.Напомним, что ЦН перечисляются в долларах США и хранятся на ЦНС в ЕНПФ в течение 10 лет. Если в течение этого срока гражданин не использует данные средства, то они переводятся на его индивидуальный пенсионный счет для учета добровольных пенсионных взносов в ЕНПФ, который автоматически открывается на его имя, в тенге по официальному курсу Национального Банка РК на дату перевода. Получение накоплений с добровольного пенсионного счета будет осуществляться в соответствии с законодательством Республики Казахстан. Ознакомиться с условиями программы, получить инструкции, ответы на интересующие вопросы можно на сайте kids.enpf.kz и на YouTube-канале БЖЗҚ ЕНПФ. Также отметим, что видеоинструкция о реализации программы «Национальный фонд – детям», алгоритме действий до и после наступления совершеннолетия ребенка размещена на YouTube-канале БЖЗҚ ЕНПФ по ссылке: https://www.youtube.com/watch?v=HHQNAxfskX8. С подробной информацией о выплатах целевых накоплений в целях улучшения жилищных условий и (или) оплаты образования в разрезе уполномоченных операторов, регионов и субцелей можно ознакомиться на сайте enpf.kz. ЕНПФ создан 22 августа 2013 года на базе АО «НПФ «ГНПФ». Учредителем и акционером ЕНПФ является Правительство Республики Казахстан в лице ГУ «Комитет государственного имущества и приватизации» Министерства финансов Республики Казахстан. Доверительное управление пенсионными активами ЕНПФ осуществляет Национальный Банк Республики Казахстан. В соответствии с пенсионным законодательством ЕНПФ осуществляет привлечение обязательных пенсионных взносов, обязательных пенсионных взносов работодателя, обязательных профессиональных пенсионных взносов, добровольных пенсионных взносов, а также зачисление и учет добровольных пенсионных взносов, сформированных за счет невостребованной суммы гарантийного возмещения по гарантируемому депозиту, перечисленной организацией, осуществляющей обязательное гарантирование депозитов, в соответствии с Законом Республики Казахстан "Об обязательном гарантировании депозитов, размещенных в банках второго уровня Республики Казахстан", обеспечивает осуществление пенсионных выплат. Также Фонд осуществляет учет целевых активов и целевых требований, учет и зачисление целевых накоплений (ЦН) на целевые накопительные счета, выплат ЦН их получателю на банковские счета, учет возвратов ЦН в порядке, определенном Правительством Республики Казахстан в рамках программы «Национальный фонд – детям». (Подробнее на www.enpf.kz).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-shemonaiha-razin/press/news/details/964324?lang=kk
Маңғыстау облыстық Ветеринариялық бақылау және қадағалау инспекициясының мемлекеттік қызметкерлерімен кездесу 15.04.2025
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Маңғыстау облысы бойынша департаментінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының орындалысы талқыланды.Кездесуде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің өкілі Нұргүл Мұқатай Қазақстан Республикасы 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының тармақтарымен таныстырып, жемқорлықтың орын алу жағдайлары мен оның алғышарттарын жою жөнінде ақпарат берді.Жиынға Ветеринариялық бақылау және қадағалау инспекициясының мемлекеттік қызметшілер қатысып, өз ойларын ортаға салды. Өз кезегінде қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, тұжырымдамадағы маңызды бағыттар талқыланды.Шара соңында сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін азаматтарды көтермелеудің жүйесі және жемқорлық фактілері туралы Агенттіктің 1424 Call-орталығына хабарлауға болатыны айтылды.#Заң_мен_Тәртіп #ЗАҢменТӘРТІП Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-mangystau/press/news/details/964315?lang=kk
ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫЛАР ФРИСТАЙЛ-АКРОБАТИКАДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДЫ ӨНЕР КӨРСЕТЕДІ 15.04.2025
Фристайл-акробатикадан Энгадинде (Швейцария) өтетін әлем чемпионатында ел намысын 5 спортшы қорғайды.Әлемдік біріншілікте сынға түсетін Қазақстан құрамасының тізімі:* Шерзод Хаширбаев (Шымкент қаласы) - ІХ Қысқы Азия Ойындарының жеңімпазы* Дінмұхаммед Райымқұлов (Шымкент қаласы) - Жасөспірімдер арасында Әлем чемпионатының жеңімпазы* Асан Асылхан (Шымкент қаласы) - ІХ Қысқы Азия Ойындарының жүлдегері* Аяна Жолдас (Шымкент қаласы) - ІХ Қысқы Азия Ойындарының жүлдегері, қысқы Олимпиада Ойындарына қатысушы* Уланбакир Умурзаков (Шымкент қаласы) - ІХ Қысқы Азия Ойындарына қатысушыАйта кетейік, 24-31 наурыз аралығына дейін жалғасатын бұл додаға 10 елден 45 үздік атлет жиналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/964306?lang=kk
Қосшы қаласында жарияланған көктемгі тазалық және абаттандыру айлығы аясында "Таза бейсенбі" шарасы өтті 15.04.2025
🔹️Мемлекеттік мекеме қызметкерлерін арнайы өзі бастап шыққан қала әкімі Азамат Есімұлы өмір сүрер ортамыздың тазалығын сақтау басты қағидат екенін атап өтті.🔹️Сонымен қатар, жеке ұйымдар мен шағын және орта кәсіпкерлік өкілдері де тазалық айлығына белсене атсалысып, қаланы қоқыстан тазартуға құлшына қатысты.‼️ Баршаңызды көктемгі тазалық айлығында белсенділік танытып, өз үлесіңізді қосуға шақырамыз!🏠 Қосшы - ортақ үйіміз! Тазалық өзімізден басталады!#ҚОСШЫТАЗАҚАЛА #Тазалық_ортақ_іс!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-kosshy/press/news/details/964296?lang=kk
Омбудсмен Атбасар қаласындағы №1 түзету мекемесіне барды 15.04.2025
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Ақмола облысының Атбасар қаласындағы орташа қауіпсіздік деңгейіндегі №1 түзету мекемесіне жұмыс сапарымен барды. Қазіргі таңда бұл мекемеде 756 сотталған азамат жазасын өтеуде.Сапар барысында Омбудсмен сотталғандарды ұстау жағдайымен, еңбекпен және біліммен қамтылуымен, сондай-ақ медициналық көмек көрсетілу деңгейімен танысты.Мекеме базасында Агротехникалық индустриялық колледж бар. Онда 100-ге жуық сотталған азамат алты мамандық бойынша білім алуда. Атап айтқанда: автослесарь, токарь, тамақтандыруды ұйымдастыру, тігінші, электр жабдықтарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету электромонтері, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану мамандықтары оқытылады.Сонымен қатар, 339 сотталған азамат ақы төленетін еңбекпен қамтылған. Олардың 252-сі «Еңбек» РМК филиалында, 62-сі мекеменің шаруашылық қызмет көрсету саласында еңбек етсе, қалғандары түрлі өндірістік учаскелерде жұмыс істеуде. Өндірістің негізгі бағыттары – металл конструкцияларын, тігін және аяқ киім өнімдерін, сондай-ақ өзге де тауарларды шығару.Сапар аясында Артур Ластаев сотталғандарды жеке қабылдап, құқықтық сипаттағы сұрақтарына жауап берді. Атап айтқанда, шартты түрде мерзімінен бұрын босату тәртібі, жазаны жеңіл түрге ауыстыру мәселелері және өзге де өтініштер бойынша нақты жауаптар ұсынылды.Сапар қорытындысы бойынша Омбудсмен мекеме әкімшілігіне сотталғандардың құқықтарын халықаралық стандарттарға сай қамтамасыз ету және ұстау жағдайларын одан әрі жақсарту мақсатында бірқатар ұсынымдар берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-karaganda-oblysy/press/news/details/966184?lang=kk
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайдан зардап шеккен және мал шаруашылығы саласында зиян келтірілген жеке және заңды тұлғалардың тізбесі 15.04.2025
Ауыл шаруашылығындағытабиғи сипаттағы төтенше жағдай нәтижесінде жеке жәнезаңды тұлғаларға келтірілген залалды өтеу қағидаларына5-қосымша НысанТабиғи сипаттағы төтенше жағдайдан зардап шеккен және мал шаруашылығы саласында зиян келтірілген жеке және заңды тұлғалардың тізбесіР/с №Жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі немесе заңды тұлғаның атауыЖануарлар мен құстардың жыныстық жас топтарының, инкубациялық жұмыртқалардың атауыЖануарлар саны, бас, данаКелтірілген материалдық залалдың сомасы, теңге123451ТОО «Инкубаторий»Инкубациялық жұмыртқа (ROSS-308)179 60043 748 0002ТОО «Инкубаторий №1»Инкубациялық жұмыртқа (ROSS-308)90 20021 467 600Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kzh-osh/press/news/details/964258?lang=kk
Өзекті мәселе 15.04.2025
Өзекті мәселе2025 жылғы 27 наурызда Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары А.С. Бакеевтің төрағалығымен әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның отырысы өтті. Қызылжар ауданы ұйымдарындағы әлеуметтік аударымдар бойынша берешек мәселесі қаралды. Барлық тараптардың пікірлері тыңдалды. Бұл мәселені бақылауға алу бойынша ұсыныстар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kzh-ozsp/press/news/details/964252?lang=kk
Халықты жұмыспен қамту жөніндегі кезекті комиссия 15.04.2025
Халықты жұмыспен қамту жөніндегі кезекті комиссия........ 2025 жылғы 27 наурызда Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары А.С. Бакеевтің төрағалығымен халықты жұмыспен қамту бойынша комиссия отырысы өтті. Отырыста «Кәсіптік оқыту ұйымдастырылатын жұмыс берушілердің тізбесін бекіту туралы» мәселе қаралды........ Өтініш өз өндірісінде “Тігінші” мамандығы бойынша (12 адамға арналған өтінім) оқытуға дайын «Черняева» жеке кәсіпкерінен түсті. Оқу ұзақтығы – 3 айды құрайды. Әлеуметтік келісімшарт негізінде оқуды аяқтаған соң жұмыс беруші жұмыссызды 12 ай мерзімге тұрақты жұмысқа ауыстырады....... Отырыс соңында комиссия мүшелері бірауыздан осы мәселе бойынша оң шешім қабылдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kzh-ozsp/press/news/details/964247?lang=kk
ШҚО ТЖ департаменті дрондардың көмегімен өзендерде сең жүруініне тексеру жүргізеді 15.04.2025
Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары пилотсыз ұшу аппараттарын қолдана отырып, өзендердің жай-күйіне мониторинг жүргізеді. Дрондарды пайдалану сең қозғалысын жедел бақылауға, ықтимал кептелістерді анықтауға және су тасқынының алдын алу бойынша уақтылы шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.Дрондардан аэрофототүсірілім тіпті жету қиын жерлерде де мұзды жағдай туралы нақты түсінік береді, бұл алдын алу шараларының тиімділігін айтарлықтай арттырады. Зерттеу нәтижелері бойынша мамандар тәуекелдерді бағалайды және қажет болған жағдайда арналарды тазарту және су басу қаупін болдырмау үшін қосымша күштер тартады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/964239?lang=kk
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша жоспарланған конференция өткізу туралы хабарландыру 15.04.2025
Құрметті көрсетілетін қызметті алушылар Сіздердің назарларыңызға 28.03.2025 жылы сағат 17:00-де Пресновка ауылдық округі әкімінің аппаратымен Facebook платформасында өтетін "жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсету тақырыбында конференция жоспарланғанын жеткіземіз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-zhambyl-presnov/press/news/details/964233?lang=kk
Көлікті су тасқыны мен су басудан қорғауға бола ма? 15.04.2025
Табиғи апаттардан қорғану қиын, алайда олардың салдарын сақтандыру арқылы азайтуға болады. Көлікті қорғау тәсілдерінің бірі – КАСКО ерікті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру (бұдан әрі – КАСКО).КАСКО дегеніміз не? Көп адам ойлайтындай, «КАСКО» – аббревиатура емес. «КАСКО» сөзі испан тілінен шыққан (casco – исп.), «дулыға» дегенді білдіреді немесе голланд тілінен аударған кезде «корпус» деген мағынаны білдіреді. КАСКО – бұл сіздің көлігіңіздің зақымдануын жабатын ерікті сақтандыру, ал КҚИ АЖМС (жүргізушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру) үшінші тұлғалар алдындағы жауапкершілікті жабады және сақтандырудың міндетті түрі болып табылады.Су тасқыны мен су басу кезінде КАСКО нені өтейді?КАСКО сақтандыру полистерін сатып ала отырып, автокөлік иесі өзін ЖКО-дан ғана емес, сонымен қатар автомобильге зиян келтіруі мүмкін түрлі күтпеген жағдайлардан да сақтандырады. Мысалы, табиғи апат, су тасқыны немесе қатты жаңбыр болсын.Автокөлікті ерікті сақтандырудың бұл түрі апаттар, ұрлау, өрт және табиғи апаттар сияқты әр түрлі күтпеген жағдайларда түрлі шығындардан немесе автокөліктің ұрлануынан қорғауды қамтамасыз етеді. Мұндай жағдайда сақтандыру компаниясы жасалған шартқа сәйкес залалды өтеуге немесе автокөлікті жөндеуге міндеттенеді.Қазақстандағы КАСКО стандартты бағдарламалары табиғи апаттардың барлық түрлерінен қорғауды қамтымауы мүмкін. Қорғауға сенімді болу үшін су тасқынына байланысты тәуекелдерді қамтитын кеңейтілген қамту шартын таңдау керек.Маңызды: КАСКО шартын сатып алмас бұрын, тәуекелдер тізбесімен танысып, су тасқыны немесе су басу осы тізімге енгеніне көз жеткізу керек.Егер Сізді онлайн-режимде сақтандыру шартын ресімдеу мүмкіндігі қызықтырса, Сіз шартты сақтандыру компанияларының ресми сайтында ресімдей аласыз, оларға сілтемелер https://www.mkb.kz/insurance/online орналастырылған.Өзге де пайдалы материалдармен Fingramota.kz сайтынан таныса аласыздар. Сыртқы коммуникациялар басқармасыpress@finreg.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/964209?lang=kk
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне 15.04.2025
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 17 наурызы мен 15 сәуірі аралығында Екібастұз қаласында «Қамқорлық» қайырымдылық айлығы басталады. Қаланың барлық тұрғындарын, меншіктің барлық нысандарындағы кәсіпорындар мен ұйымдар басшыларын, жеке кәсіпкерлерді, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын, мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік ұйымдарды, меценаттарды, оқу орындарын, жастар бірлестіктерін, волонтерлер және өзге қоғамдық құрылымдарды қайырымдылық акциясына қатысуға шақырамыз және мұқтаж азаматтарға - мүгедектігі бар адамдарға, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға, ең төменгі зейнетақы алушы зейнеткерлерге, жалғызбасты және жалғыз тұратын мүгедектігі бар адамдарға және зейнеткерлерге, еңбекке жарамсыз азаматтарға, жетім балалар мен мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға және т.б., әлеуметтік қолдау көрсетуді сұраймыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ekibastuz-enbek/press/news/details/964195?lang=kk
Қарақыстақ ауылдық округі әкімі С. Б. Далибаев Тасшолақ ауылының тұрғындарымен кездесті 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халықпен есеп беру кездесулерін өткізу туралы № 826 Жарлығына сәйкес Қарақыстақ ауылдық округінің әкімі С.Б. Далибаев Тасшолақ ауылының тұрғындарымен 2024 жылғы жұмыс қорытындылары бойынша есеп беру кеңесін өткізді. Тасшолақ ауылының тұрғындары мектеп құрылысы, жол айрығын сумен жабдықтау, елдімекенді абаттандыру және көгалдандыру бойынша көптеген сұрақтар қойды. Ақсақалдар әкімге жақсы атқарған жұмыстары үшін алғыс айтып, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-ryskulov-karakystak/press/news/details/964192?lang=kk
КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ 15.04.2025
Қазіргі таңда ауа - райының құбылмалы түрі байқалып, ауа температурасы жылуына байланысты, қардың күрт еруі орын алуда. Осыған орай, аудан әкімі М.Мұхтаровтың тапсырмасына сәйкес, аудан аумағындағы барлық елді мекендердегі көше қарларын сыртқа шығару жұмыстары арнайы техникалардың көмегімен тәулік бойы тұрақты түрде атқарылуда. Барлық іс-шаралар аудан әкімінің тұрақты бақылауында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/964160?lang=kk
Жаңа кәсіптік бағыт: ШҚО түлектеріне бос жұмыс орындары ұсынылды 15.04.2025
Шығыс Қазақстан техникалық университетінде (ШҚТУ) Жұмысшы мамандықтар жылы аясында жыл сайын өтетін «Мансап марафоны» түлектер жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге еліміздің түкпір-түкпірінен 60-тан астам жұмыс беруші қатысып, студенттер мен түлектерге бос жұмыс орындары, тағылымдамалар және мансаптық өсу мүмкіндіктерін таныстырды.Бұл жәрмеңке бизнес пен жас мамандар арасындағы тиімді байланыс алаңына айналды. Жұмыс берушілер өз қызметі, жұмысқа орналасу шарттары мен кәсіби даму жолдары туралы жан-жақты мәлімет берді. Қатысушылар түйіндемелерін қалдырып, алдын ала сұхбаттардан өтуге және компаниялардың кадрлық резервіне енуге мүмкіндік алды. Бұл олардың табысты жұмысқа орналасу ықтималдығын арттырады.– Мұндай жәрмеңкелер студенттерге жаңа бос орындар мен жұмыс берушілер талаптары туралы білуге, ал түлектерге болашағы зор мансаптық мүмкіндіктер табуға көмектеседі. Сондай-ақ, осындай іс-шаралар жұмыспен қамту көрсеткіштерінің өсуіне ықпал етеді, – деді ШҚТУ Мансап орталығының директоры Светлана Трофименко.Ұйымдастырушылар өткен жылдардағы түлектерге де ерекше назар аударып, оларға өңірдегі сұранысқа ие кәсіптер туралы өзекті ақпарат ұсынды. Сонымен қатар, жәрмеңке аясында жас мамандарды бейімдеуге бағытталған «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының IZBASAR бағдарламасының таныстырылымы және ҚР Қорғаныс министрлігінің күш құрылымдарындағы мансаптық мүмкіндіктер жөнінде брифингі өтті.– Өте пайдалы болды. Өз болашақ мансабым үшін бірнеше нұсқаларды қарастырдым, – деді «Автоматтандыру және басқару» білім беру бағдарламасының 3-курс студенті Нұрасыл Әнуарбеков.Жәрмеңкеге 300-ге жуық студент пен түлек қатысты. Көпшілігі өзіне лайық бос орындар тауып қана қоймай, елдегі түрлі компаниялардан тағылымдамадан өтуге шақырту алды.– Біз түлектермен тығыз байланыста жұмыс істейміз: көбісі бізде өндірістік тәжірибеден өтеді, ал үздіктері жұмысқа орналасады. Бүгін студенттердің жоғары қызығушылығын байқадық, көпшілігі түйіндемелерін ала келді, алдағы соңғы сұхбаттарда олармен қайта кездесеміз деп үміттенеміз, – деді «1С-Рейтинг» компаниялар тобының персонал жөніндегі менеджері Ирина Савушкина.Жәрмеңке ең алдымен кәсіби бағдар берудің құралы саналады. Ол жастарға жұмыс табуға көмектесіп қана қоймай, олардың іскерлік байланыстарын дамытып, болашақ мансабына берік негіз қалауға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-sayasat/press/news/details/964152?lang=kk