Саясат
ТЕМІР ЖҮРЕКТІ ТІРІЛТЕТІН ШЕБЕР 23.07.2025
Автомеханик — бұл жай ғана көлік жөндеуші емес. Бұл — темірдің тілін ұғып, мотордың даусынан ақауды аңғаратын нағыз маман. Ол күнделікті тынымсыз еңбегімен мыңдаған адамның жол үстіндегі қауіпсіздігіне кепіл болады.Көлік — тек жүріп-тұру құралы емес, бұл — адамның серігі, уақыты мен еңбегінің үнемдеушісі. Ал оны сенімді ету — автомеханиктің қолында. Жаңашылдықты меңгеріп, әр бөлшекті жетік білетін шебер ғана бұл мамандықтың ауыртпалығын арқалай алады.Биыл – жұмысшы мамандықтарының мәртебесі артып, бағаланатын жыл. Осындай сәтте автомеханик сынды нағыз еңбек адамдарының еңбегін дәріптеу — біздің ортақ парызымыз.Кез келген жетістік — елеусіз қалған еңбекпен басталады. Сол еңбектің иесі – автомеханик.#ЖұмысшыМамандықтарЖылы#ГодРабочихПрофессий
«Таза Қазақстан»: Алматы облысының тұрғындары тазалық пен экологияны қолдайды 23.07.2025
Алматы облысында қоршаған ортаны қорғауға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы белсенді жүзеге асырылуда.Жыл басынан бері бұл акция аясындағы шараларға 220,8 мың адам мен 8 836 кәсіпорын және ұйым қатысты. Нәтижесінде 6,6 мың тонна қоқыс жиналып, 76 702 түп ағаш пен 14 мың келі түрлі ағаш тұқымдары егілді. Әсіресе, мектеп оқушылары белсенділік танытты: облыстың 429 мектебінде 11,2 мың ағаш отырғызылды.Тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың айналасын абаттандыру мен тазалау жұмыстары да жүйелі түрде жүргізілді. Атап айтқанда, 3 048 көпқабатты тұрғын үйдің ауласы, 55 саябақ пен сквер, 781 тарихи-мәдени нысан және 1 055 әлеуметтік нысан тазаланды. Бұл жұмыстарға 2 395 арнайы техника тартылды.Халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында арнайы медиажоспар бекітіліп, 2025 жылдың басынан бері әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында 21 мыңнан астам материал жарияланды.Сондай-ақ, экологиялық заңбұзушылықтарды анықтауға арналған телеграм-бот туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ресми интернет-ресурстарда, әлеуметтік желілерде, жергілікті тұрғындардың ПИК чаттарында, квазимемлекеттік сектор ұйымдарының жұмыс чаттарында, «Жетісу» телеарнасында, облыстық сайттар мен баспа басылымдарда 200-ден астам мақала жарық көрді.Бұған қоса, облыс бойынша 43 тақырыптық баннер орнатылып, тұрғындарды қоршаған ортаға ұқыпты қарауға үндеді.«Таза Қазақстан» акциясы — бұл табиғатты қорғауға немқұрайлы қарамайтын мыңдаған адамның ортақ мақсаты мен күш-жігерін біріктірген кең ауқымды бастама. Бұл жұмыс келешек ұрпақ үшін таза әрі жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1039081?lang=kk
Ауыл мектебі — жаңа келбет, жаңа мүмкіндіктер 23.07.2025
Талғар ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясындағы жұмыстар қарқынды жалғасуда. Кайнар ауылдық округіне қарасты Жалғамыс ауылында 900 орындық жаңа мектептің құрылысы аяқталып, алғашқы оқушыларын қабылдады. Ал «Айғаным» шағын ауданындағы Көктал ауылында салынып жатқан 600 орындық мектептің құрылысы да мәреге таяп қалды – білім ордасының есігі жаңа оқу жылының басында ашылады деп жоспарланып отыр.Аудандық білім бөлімі таратқан мәліметке сәйкес, осыған дейін мыңнан астам бала көрші ауылдар мен Іле ауданына қатынап оқуға мәжбүр болған. Атап айтқанда, олар Қызыл-Ту ауылындағы №24 мектепке және Іле ауданындағы №7, 13, 24, 38 мектептерге барып жүрген. Бұл ата-аналар мен балалар үшін үлкен қиындық туғызды. Тұрғындар бірнеше рет Білім министрлігіне өз ауылдарында мектеп салу туралы өтініш жолдаған.Мәселе «Жайлы мектеп» жобасына енгізілуінің арқасында шешімін тапты. Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу бір жылға жуық уақытты алды. Құрылыс республикалық бюджет есебінен қаржыландырылып отыр. Тапсырыс беруші – «Самұрық-Қазына» қоры, мердігер ұйым – «KazSMU» ЖШС. Нысанды биылғы қазан айында тапсыру жоспарланған. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары 90% орындалды: қаңқасы толық аяқталған, ішкі әрлеу, инженерлік желілерді тарту және аумақты абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр.Жаңа мектепте кітапхана, спорт залы және кең асхана қарастырылған. Ғимарат қазіргі заманның барлық талаптарына толық сәйкес келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1039014?lang=kk
«Мерейлі отбасы-2025»: Шымкентте қалалық комиссия отырысы өтті 22.07.2025
Шымкентте «Мерейлі отбасы-2025» ұлттық байқауын өткізуді ұйымдастыру жөніндегі қалалық комиссияның отырысы өтті. Мұнда комиссия мүшелері отбасылық құндылықтарды дәріптеуге және отбасы институтын арттыруға бағытталған ұлттық байқауға бақ сынауға өтінім берген отбасылардың ішінен үздігін таңдау үшін құжаттармен танысып, бейне роликтерді қарады.Комиссия мүшелері үздік отбасыларды таңдау кезінде олардың әрқайсысының жеткен жетістіктеріне, отбасылық дәстүрлері мен ұлттық құндылықтарға мән берді.Одан бөлек, отбасы мүшелерінің қабілеті мен дарыны да назардан тыс қалмады. Бос уақытын тиімді өткізу, салауатты өмір салтын ұстану, волонтерлік, қайырымдылық істері де таңдау кезінде ескерілді.Конкурстың негізгі мақсаттары – отбасы институтын, адамгершілікті нығайту, жауапты некенің маңыздылығын мойындау; ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру; отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балалардың еңбекке жарамсыз және қарт ата-аналарға қамқорлығын насихаттау; қазақстандық отбасының оң имиджін насихаттау.Биыл қалалық кезеңге әр ауданнан 4 отбасыдан жалпы 20 отбасы іріктелді. Еңбек пен спортта, шығармашылық және зияткерлік салаларда, ғылым мен өнерде жетістіктері бар отбасылар, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке белсенді араласатын отбасылар, көпбалалы отбасылар, ерекше балалары бар отбасылар, ардагерлер, еңбек адамдары және шығармашыл әулеттер қатысып отыр.Комиссия отырысынан соң қалалық кезеңнің жеңімпаздары белгілі болады. Үздік деп танылған отбасы республикалық кезеңге жолдама алады. Ал қалалық кезеңнің салтанатты марапаттау рәсімі тамыз айында өткізіледі.Айта кетейік, «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы Қазақстанда 2013 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді.
2025 — Жұмысшы мамандықтар жылы! 21.07.2025
2025 жыл елімізде Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды. Бұл жылдың басты мақсаты — жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттыру, осы салада еңбек ететін азаматтардың беделін көтеру және жас ұрпақты білікті маман болуға ынталандыру.Қазіргі қоғамда жұмысшы мамандықтары айрықша маңызға ие. Жоғары технологиялық заманда, инфрақұрылымдық дамуда, құрылыс және өндіріс салаларында жұмысшы мамандықтарының ролі ешқашан азайған емес. Жұмысшы мамандықтары — елдің экономикасын алға сүйрейтін, қоғамның тұрақты дамуына үлес қосатын тірек болып табылады.#ЖұмысшыМамандықтарЖылы#ГодРабочихПрофессий
ЖОСПАР 2025: АЙҚАП-ТҮРКІСТАН, СОЛТҮСТІК-БАТЫС ШАҒЫН АУДАНДАРЫ КӘРІЗ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТЫЛАДЫ 20.07.2025
Шымкентте елдімекендерді кәріз жүйесімен қамту жалғасуда. Былтыр қыркүйекте Айқап-Түркістан шағын ауданын кәріз жүйесімен қамту жұмыстары басталған болатын. Құрылыс жұмыстары “Агидель-Ас” ЖШС тарапынан жүргізілуде. Нысан жыл соңына дейін қолданысқа беріледі.Ал өткен жылы тамызда басталған Солтүстік-Батыс шағын ауданындағы кәріз жүйесінің құрылысы биыл мамырда аяқталады. Нәтижесінде 567 тұрғын кәріз жүйесіне қосылады.Былтыр бұл бағыттағы жұмыстар Нұртас шағын ауданында жүргізілген, қазір мұнда 17 970 тұрғын үй орталықтандырылған канализация желілеріне қосылды. Ал қазіргі таңда Шымкент қаласы Тұран ықшам ауданынан тазартуқұрылысына дейін Алматы трассасының бойында кәріздік коллектор салу» жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Алматы облысының әкімі Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарына жұмыс сапары: өзекті мәселелерді шешуге бағытталған нақты қадамдар 20.07.2025
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарына жұмыс сапарымен барып, инфрақұрылым, білім беру, сумен жабдықтау және жол құрылысы салаларындағы өзекті жобалардың іске асырылу барысымен танысты.Талғар ауданы: ауызсу мен жол мәселесі – басты назардаСапар Бесағаш ауылының оңтүстік бөлігін сумен жабдықтау жүйесінің құрылысымен танысудан басталды. Жобаның жалпы құны – 5,2 млрд теңге, ұзындығы – 31,3 км. Құрылыс жұмыстарын «Аскади» мердігер компаниясы «Бесағаш-юг» су құбыры бағдарламасы аясында жүзеге асыруда. Жоба 2024 жылы басталған, аяқталуы биыл жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта сыйымдылығы 1 мың текше метрлік резервуар салынып біткен.Облыс әкімі ауызсумен қамтамасыз ету мәселесі халықтың өмір сүру сапасына тікелей әсер ететінін айтып, бұл бағыттағы жұмыстарды жедел әрі сапалы жүргізу қажеттігін атап өтті.Келесі нысан – «Атлетико де Мадрид» футбол академиясына кіреберіс жол. Ұзындығы 3,3 км болатын жолға, тамыз айында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Асфальт жабыны екі қабатпен төселуде. Жұмыстар тамыз айында басталып, аяқталуы қараша айына жоспарланған.Еңбекшіқазақ ауданы: мектептер, көпірлер және инфрақұрылымЕңбекшіқазақ ауданына сапар Азат ауылындағы негізгі орта мектепке барудан басталды. 1923 жылы салынған, 140 орынға арналған ғимаратта бүгінде 395 оқушы білім алуда. Мектеп апатты жағдайда. Жаңа 300 орындық мектептің құрылысына арналған жоба әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткен. Алайда құрылысқа қаржы бөлінбеген. Облыс әкімі бұл жобаны қаржыландыру мәселесін жедел түрде шешуді тапсырды.Сапар барысында, сондай-ақ, Азат ауылындағы сумен жабдықтау жүйелерін жаңғырту мәселесі қаралды. 85 пайызы тозған желілерді қайта жаңарту жобасының құны – 2,15 млрд теңге. Ауылда 3519 адам тұрады.Ауылдың тағы бір өзекті мәселесі – саяжайлар мәртебесінің болмауы. Азат ауылы маңындағы 19 саяжайда шамамен 3 мың адам тұрады. Алайда бұл учаскелерге елді мекен мәртебесі берілмегендіктен, инфрақұрылымдық қызметтерге мемлекеттік қаржы қарастырылмайды. Осыған байланысты әкімдік аталған саяжайларды Талғар ауданының құрамына қосу мүмкіндігін қарастыруда.Апатты көпірлерді қалпына келтіру – жол қауіпсіздігінің маңызды бөлігіСапар аясында облыс әкімі Үлкен Алматы каналы бойындағы апатты көпірлердің жағдайымен танысты. Балтабай және Бәйтерек ауылдық округтеріндегі екі көпір де әбден тозған.• Талғар өзені арқылы өтетін көпірді қайта жаңарту жобасының құны – 1,41 млрд теңге, ұзындығы – 65,2 метр.• Түрген өзені үстіндегі көпір жобасы 674 млн теңгеге бағаланған, ұзындығы – 48,95 метр.Аймақ басшысы аталған көпірлердің құрылысын кешіктірмей бастауды тапсырды, себебі көктемгі тасқындар салдарынан олардың құрылымдары айтарлықтай зақымданған.Жол инфрақұрылымын дамыту – ауылдармен байланысты нығайтуАлмалы ауылына кіреберіс жол – Р-17 «Алматы – Талғар – Евгеньевка» автожолының 3,8 шақырымдық учаскесін жөндеу жұмыстары тамыз айында жоспарлануда. Жоба құны – 270 млн теңге.Сонымен қатар, Көктөбе ауылдық округіндегі Төле би ауылында 450 орындық жаңа мектептің құрылысы 90 пайызға аяқталған. Нысан 2025 жылдың қыркүйегінде пайдалануға беріледі деп күтілуде.Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарына жасаған жұмыс сапары – өңірдегі инфрақұрылымдық, әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық мәселелерді шешуге бағытталған нақты қадамдардың көрінісі. Аймақ басшысы барлық жобалар мен бастамаларды уақтылы қаржыландыру және тиімді бақылау қажеттігін атап өтті. Бұл өңір тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды міндеттердің бірі болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1037328?lang=kk
Алматы облысының әкімі «Ел бірлігі» орденінің иегері Людмила Хисаеваны арнайы барып құттықтады 19.07.2025
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Ел бірлігі» орденімен марапатталған көрнекті қоғам қайраткері Людмила Хисаевна Хочиеваны арнайы барып құттықтады. Аймақ басшысы орден иесіне Ел Президентінің атынан құттықтау лебізін жеткізіп, еліміздің бірлігі мен тұрақтылығын нығайту жолындағы сіңірген еңбегі үшін алғыс білдірді.Бұл марапат – Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойы қарсаңында этносаралық келісім мен қоғамдық бірлікті нығайтуға зор үлес қосқан тұлғаларға көрсетілген жоғары құрметтің жарқын көрінісі.Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойы — елдегі этносаралық келісім мен бірліктің қалыптасуына ықпал еткен бұл бірегей құрылымның үш онжылдық жолын қайта саралап, оның маңызын жаңаша пайымдауға мүмкіндік береді. Бұл дата әр азаматқа Ассамблеяның дамуына өз қатыстылығын сезініп, бейбітшілік пен келісімді сақтауға қосқан үлесін түйсінуге жол ашады. Сонымен қатар, бұл мерейтой достық пен ынтымақтастықты нығайтуда Ассамблеяның әлеуеті әлі де зор екенін көрсететін маңызды кезең болмақ.Айта кетейік, Людмила Хисаевна Хочиева – Қазақстан халқы Ассамблеясының белсенді мүшесі, этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайтуға үлес қосқан көрнекті қоғам қайраткері. 1959 жылы Жамбыл облысында туған. 1996 жылы «Минги-Тау» ұлттық-мәдени орталығын құрып, бірқатар қоғамдық ұйымдар мен кеңестерде қызмет етті. 2007 жылы Мәжіліс депутаты болып сайланып, жастар саясаты мен әлеуметтік жобаларды қолдауға белсенді атсалысты. ҚР Президенті Жолдауын насихаттап, заң жобаларын жетілдіруге қатысты. Еңбек сіңірген қайраткер, «Құрмет» ордені мен бірнеше медаль иегері, Алматы облысының Құрметті азаматы.Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Людмила Хисаеваның қоғамдық қызметі мен азаматтық ұстанымын ерекше атап өтіп, оның өмір жолы – өскелең ұрпақ үшін үлгі екенін атап өтті.Бұл кездесу – өңір басшылығының ардагерлерге, қоғам белсенділеріне деген құрметінің, сондай-ақ ел бірлігі мен татулығын сақтау жолындағы еңбекті бағалаудың айқын белгісі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1037322?lang=kk
Жұмысшы мамандықтар жылы – 2025 18.07.2025
Жұмысшы мамандықтар жылы – 2025Комбайншы – алтын дәннің аманаты!Егістік алқабындағы тынымсыз еңбек иесі – комбайншы. Ерте көктемнен күзгі орақ науқанына дейінгі маусымда олардың еңбегі елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Күн-түн демей жұмыс істейтін бұл мамандық иелері – шынайы еңбек ерлері.Заманауи техниканы меңгеріп, үлкен жауапкершілікпен жұмыс атқаратын комбайншылар – ауыл шаруашылығының алдыңғы шебінде.Олар жинаған әрбір дән – еліміздің ырысы мен берекесі!#ЖұмысшыМамандықтарЖылы2025# ГодРабочихПрофессий# Комбайншы
ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ДӘРІГЕР – ӨМІР САҚШЫСЫ 18.07.2025
2025 жыл – еңбек адамдарының қадірін арттыратын ерекше жыл. Солардың бірі – ақ халатты абзал жан дәрігер. Оның әр күні – адам өмірі үшін күрес, әр сәті – жауапкершілік пен жанқиярлықтың айғағы. Дәрігер болу – жүректен шыққан мамандық.#ЖұмысшыМамандықтарЖылы #Годрабочихпрофессий #Дәрігер
Киіз үйдегі дәріс: Жамбыл облысында "Есірткісіз болашақ!" тақырыбында акция өтті 16.07.2025
Меркі ауданының "Жұлдыз" жазғы балалар лагерінде "Есірткісіз болашақ!" ұранымен есірткіге қарсы акция өтті. Шараны Жамбыл облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен облыс әкімдігінің білім басқармасы бірлесе ұйымдастырды.Спорт, өнер және пайдалы білімді қамтыған мазмұнды бағдарлама ондаған баланы біріктірді. Лагерь алаңында ұлдар мен қыздар арасында волейбол матчы, сондай-ақ ұлдар арасында футбол турнирі өтті. Сонымен қатар өзен жағасында сурет салу байқауы ұйымдастырылды.Акцияның білім беру бөлігі киіз үйдегі дәріспен жалғасты. Мұнда балалар салауатты өмір салтын таңдау, есірткінің зияны туралы маңызды тақырыптарды талқылап, мамандарға сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті. Балалар қазақтың дәстүрлерімен танысып, домбыра тартып, өнер көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1035548
ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігінде Мәжіліс депутаттарымен жұмыс кездесуі өтті 16.07.2025
Бүгін Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінде Мәжіліс депутаттарымен жұмыс кездесуі өтті.Кездесу барысында депутаттар Агенттіктің қызметімен және атом электр станциясын салу жобасының қазіргі барысымен танысты.Агенттік төрағасы А.М. Сәтқалиев кіріспе сөзінде атом энергетикасын дамыту ел экономикасының тұрақты өсуінің маңызды бөлігі екенін атап өтті.«АЭС салу – бұл жай ғана энергетикалық нысан тұрғызу емес. Бұл – жаңа жұмыс орындарын ашуға, инвестиция тартуға, ғылымды, білім беруді, машина жасау мен экономиканың өзге де салаларын дамытуға серпін беретін ядролық кластердің іске қосылуы», – деді А.М. Сәтқалиев.Кездесу барысында Агенттіктің негізгі қызмет бағыттары таныстырылып, бірінші атом электр станциясын салу жоспарлары, нормативтік-құқықтық реттеу, кадр даярлау және тиісті инфрақұрылымды дамыту мәселелері айтылды.Сұрақ-жауап сессиясында екінші атом электр станциясын салу перспективасы, еліміздің атом саласын дамыту, өндірісті жергіліктендіру және отандық кәсіпорындардың атом электр станциялары қажеттілігі үшін қатысуы, сондай-ақ Агенттіктің заң жобалау бастамалары талқыланды.Депутаттар Агенттіктің барлық жобалары мен бастамаларына қолдау көрсетуге дайын екендерін білдірді. Бұл бағыттағы өзара іс-қимыл заңнамалық қамтамасыз ету және қоғамдық бақылау шеңберінде жалғасатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atom-energiyasy/press/news/details/1030139
Цифрлық трансформация шағын шаруашығында – өнімдіктің толық қадағалануы 16.07.2025
Цифрлық трансформация шағын шаруашығында – өнімдіктің толық қадағалануы 2025 жыл 8 жыл Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мал шаруашылығының цифрлары жүйеге көшіру мәселелері қаралды. Министр Жаслан Мадиев қалам Айдарбек Сапаров саладағы жургизіліп жатқан реформалар дұрыс баянды. Бұл шара мал дәрігерлік бақлауды күшейту, ваккалау тиімділігін арттыру жане мала онимдердің экспорт шығарылымын камтамасыз ету ушін оте магызды кадам болды. Қазақстан 9,6 млн гектар жерді алып жатыр. Осыған Байланысты Үкімет бюджеті 160 млрд теңге болу арқылы дамуда жылдамдатуды мақсат етуде Ен басты нәтижеси – онымның арқылы (айналмалы) қадағалуны. Барлық шағын қозғалысы, ветеринарлық қызметер, вакциналау, жайлы шағын метр бірыңғай цифрлық платформасы еңізілетін болды экспорт және импорт. Беларусь Республикасының Премьер-Министрі Жаслан Мәдиев пен Trend.az мәлiметi бойынша, цифрлық технология жүйiнде AI технологиясы көмегiмен мал тiршiлiгiн қадағалау, аурларды алдын алу, пашаларды дрондармен бақылау енгiзуде. Bul - "precision мал шаруашылығы" (нақты мал шаруашылығы) dep atalatyn alemdik tendensionny in Kazakhstan zuzege asyrylyp zhatkanin bildiredi. 2023–2024 ж.ж.жылдар мен кішігірім шаруашылығында реформалар жүргізілді. Аграрлық кеңестер, ветеринарлық ақтиялар, субсидиялар және инфрақұрылыс салынған. Аралар кезде мемлекеттік қолдау 120 млрд – 140 млрд теңге деп болды. Бiрак онимдiлiк қалам экспорттық әлеует әлi толық ашылған жоқ. 2025 жылғы реформалар bul reformalardy digits turgydan sauyktyruga bagyttalgan, yagni buryngy practicers digits ne gizde arі tiimdi jangyrtuga umtylady. Мысалы, 2022-2023 жылдар А.И. на негiзделген сонақ жобалар үш аймақ iске қосылды, бiрақ шкала мың қалды. ethken aptadag шишімдер бойынша цифр жүйені 100% еңізу міндетті. Сондықтан бұл үлкен мәселе. Eger ukіmet tapsyrmalarы tolyk orynalsa, Kazakhstan 2025 zhyldan bastap mal sharuashylygy salasynda tolyk tsiflangan baqylau juyesіn engіzgen Ortalyk Asiadagy algashky olderdin biri bolas. Бұл — мал дәрігері күшейіп қана қоймайды, шетелге экспорт көлемін арттыруға, сондай-ақ тұтынушыларды өнімге деген сенімен ныжайтуға мұмкіндік берді. Sonymen qatar, end-to-end traceability yktimal. 2025 жылғы 9 шілде өткен Үкімет отырысы мал шаруашылығы саласындағы цифрлар түрлендіру бастамасы ретінде тарихи мәнге и.а. Бурынгы реформалар – субсидиялар, инфракурылым, кенестер – цифрлар дұрыс емес жерде, тиiмдiлiк қалам экспорт алелеуетi күшейтiлiп отыр. Бұл қазақстанның агроэнергәсіп кешен жаңа денгейге шығып, ауылдық өңірлердің дамыын, технология жаңаруына жол ашады. Доп добы – ауылшаруашылық экономика men digits dәuirdіn uylesіmdi damuynѣ nakty korіnіsі. Тілші Тоғжан Ғабидинова
Отандық кәсіпорындарды қолдау және өңірлік инвестштабтар 15.07.2025
Отандық кәсіпорындарды қолдау және өңірлік инвестштабтар: Олжас Бектенов экономикалық өсімді одан әрі қамтамасыз етуге қатысты тапсырмалар бердіҮкімет отырысында Премьер-министр экономика өсімінің оң динамикасын сақтау және оны одан әрі тұрақты дамыту үшін бірқатар тапсырмалар берді.Негізгі капиталға салынатын инвестициялар мен тікелей шетелдік инвестициялар бойынша нысаналы көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету керектігі атап өтілді.Осыған байланысты өңірлік инвестициялық штабтардың алаңын белсенді пайдалану міндеті қойылды. Жоғары технологиялық өнім шығару саласында экспортқа бағдарланған жобаларға баса назар аудару тапсырылды. Салалық ведомстволарға өңдеуші өнеркәсіп секторын дамуын қамтамасыз ету бойынша міндеттер жүктелді.«Өңдеу өнеркәсібінің тұрақты өсуі үшін ұзақ мерзімді тапсырыстармен қамтамасыз ете отырып, отандық кәсіпорындардың өндірістік жүктемесін арттыру керек. Мүдделі мемлекеттік органдар өңдеуге арналған шикізатты әкелу мәселелерін жан-жақты пысықтауға тиіс. Сонымен қатар арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарда тиісті инженерлік, сондай-ақ көлік инфрақұрылымын құру жұмыстарын жеделдету қажет. Осы бағытта халықаралық қаржы ұйымдарының қаражатын неғұрлым белсенді тарту керек», — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды 14.07.2025
✍️Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және медициналық қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойдыЗаңның мәтіні баспасөзде жарияланады.✍️Главой государства подписан Закон Республики Казахстан «О внесении измененийи дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам обязательного социального медицинского страхования и оказания медицинских услуг»Текст Закона публикуется в печати.t.me/aqorda_resmit.me/aqorda_resmi/25777
Қонаев осы жазда: 860 мыңнан астам турист, абаттанған жағажайлар және жаңа жағалау 13.07.2025
Биыл жазда Қонаев қаласы еліміздің ең танымал туристік бағыттарының біріне айналып отыр.“Шомылу маусымы басталғалы бері қалаға 860 мыңнан астам адам келген. Ал маусым соңына дейін бұл көрсеткіш 1,5 миллионға жетуі мүмкін, – дейді қала әкімі Асхат Бердіханов.Туристердің негізгі легі №5 жағажайға ағылуда. Бұл нысан бюджет пен жеке инвестиция есебінен жаңартылып, бүгінде қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті орнына айналған. Апта ішіндегі күндері мұнда 2 мыңға жуық адам келсе, демалыс күндері олардың саны 6 мыңға дейін жетеді. Жағажай аумағында 127 қоқыс жәшігі мен 28 санитарлық торап қойылып, 20 жұмысшы тұрақты қызмет етеді. Демалыс күндері ғана бұл аймақтан 2,5 тоннаға жуық қоқыс шығарылады.Сонымен қатар, биыл №6 және №7 жағажайлар сынақ режимінде ашылып, демалушыларды қабылдай бастады. Бұл учаскелерде:45 қоқыс жәшігі мен 10 контейнер орнатылды,күн сайын 30 тазалық қызметкері еңбек етеді,қауіпсіздікті 10 құтқарушы мен 1 медицина қызметкері қамтамасыз етеді,арнайы техника – КамАЗ және трактор – үздіксіз жұмыс істеп тұр,тазалық пен қызмет көрсету жұмыстарымен 40 жалға алушы айналысады.Демалыс күндері бұл жағажайлардан шамамен 3 тонна қоқыс шығарылады.Қала әкімдігінің дерегінше, бүгінде №5, №6 және №7 жағажайларында жалпы саны 75 санитарлық торап орнатылған. Бұл – жоғары келуші ағынын ескеріп, санитарлық талаптардың сақталуын қамтамасыз ететін маңызды қадам.Алдағы уақытта барлық 8 қалалық жағажай бірыңғай стандартқа сәйкестендіріліп, жағалау сызығы толықтай жаңартылады. Жаңғыртылатын аумақтың жалпы ұзындығы – 6,1 шақырым. Ол Рауан шағынауданынан бастап, 18-шағынауданға дейінгі аралықты қамтиды. Шомылу маусымы аяқталған соң №6 және №7 жағажайларда құрылыс жұмыстары басталса, №8 жағажай жеке инвестиция есебінен абаттандырылады.Қала аумағында коммуналдық балансқа кірмейтін тағы 140-қа жуық туристік нысан бар. Оларды жүйелеу үшін бірыңғай дизайн-код әзірленуде. Кәсіпкерлермен бірлесе отырып, сервисті, көркемдік безендіру мен инфрақұрылымды дамытуға арналған ортақ стандарттар енгізу көзделіп отыр.2028 жылға дейін Қонаевта жалпы құны 306,4 млрд теңгеге тең 11 ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Бұл жобалар аясында қонақүйлер, бассейндер, гольф-клуб пен сауда-ойын-сауық орталықтары салынбақ.Қонаев қаласы биылғы жаздың өзінде-ақ елімізде заманауи әрі жайлы жағажайлық демалыстың қандай бола алатынын нақты көрсетіп отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1033676?lang=kk
ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫСҚА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ 13.07.2025
Өткен жылы басқарма 386 құрылыс нысанын бақылаудан өткізіп, 312 заңсыз нысанды анықтап, олар туралы ақпарат Шымкент қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына жолданған. Бұл нысандар Геоақпараттықжүйеде белгіленіп, нақты мониторинг жүргізілді. Түсіндіру жұмыстары да қатар жүргізілуде – тұрғындар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру басты мақсатқа айналды.Сонымен қатар, қала аумағында 613 жарнама құрылғысы тіркелген. Олардың 15-20 пайызы ЛЭД мониторлар. Қалғандары скроллер мен өзге түрлер. Осы жарнамалар арқасында 2024 жылы түсім 561,4 млн теңгені құраған. Сондай-ақ, sauda.e-qazyna.kz порталы арқылы 526 жарнама орны сауда-саттыққа шығарылып, 356-сы сатылды. Бұл – қалалық бюджетке тұрақты кіріс әкеліп, көше кеңістігінің реттелуіне сеп болуда.Өткен жылдың қорытындысымен 1060 жер учаскесіне қатысты 317 нысан бойынша 75 қаулы қабылданып, 214,38 гектар аумақ мемлекет меншігіне қайтарылып, 13 млрд теңге қаржы игерілген. Ірі жобалар қатарында Қонаев даңғылынан 176 жер телімі, С.Бәйтереков көшесін қайта құру – 24 жер телімі, Қаратау ауданы, 223 орамдағы стадион құрылысы – 154 жер телімі. Бұл – қалалық инфрақұрылымды дамытуға, жолдар мен әлеуметтік нысандар құрылысына мүмкіндік беретін шешуші қадам.Басқарма атқарған әр іс – қала келбетінің көркеюіне, тұрғындардың өмір сүру сапасының артуына бағытталған. Ал бұл – нағыз тиімді басқару мен стратегиялық көзқарастың белгісі. Шымкенттің болашағы жарқын боларына сенім бар, ал сол жарқын болашаққа бастар жол дәл бүгінгі жүйелі еңбектен басталады.Қаланың тыныс-тіршілігіне тікелей ықпал ететін маңызды саланың жүйелі қызметі – Шымкенттің заманауи, қауіпсіз, жайлы әрі көрікті қала ретінде дамуына үлес қосып келеді. Қаланың өсіп-өркендеуі – әрбір тұрғынның ортақ мүддесі. Ал оны жүзеге асыру – ұлттың келешегі үшін маңызды миссия.
171 балаға тәрбие мен білім алуға заманауи жағдай жасалды 12.07.2025
Қауіпсіздік пен жайлылық – басты басымдық. Балалар 4 млрд теңге көлеміндегі жеке инвестиция есебінен салынған жаңа үйге көшірілуі жоспарлануда.171 бала заманауи қауіпсіздік пен жайлылық талаптарына толық сай келетін жаңа үйге қоныстанады. Алматы қаласында орналасқан бұрынғы Балалар үйінің апатты жағдайына байланысты тәрбиеленушілерді Қонаев қаласында жаңадан салынған мекемеге көшіру туралы шешім қабылданды.1963 жылы салынған ескі ғимарат 2024 жылы жүргізілген техникалық сараптама нәтижесінде апатты деп танылып, әрі қарай пайдалануға жарамсыз деп шешілді. Сараптама барысында тірек конструкцияларында жарықтар, инженерлік жүйелердің толық тозуы және сейсмикалық тұрақтылық талаптарына сәйкес келмеуі сынды күрделі ақаулар анықталды.– Бұл жерде балалардың өмірі мен қауіпсіздігі туралы сөз болып отыр. Қателіктің құны – тым жоғары. Ескі ғимарат моральдық әрі физикалық тұрғыда ескірген. 1,8 млрд теңгеге жоспарланған күрделі жөндеу жобасы экономикалық тұрғыдан тиімсіз деп танылды. Сондықтан біз салмақты әрі жауапты шешім қабылдадық, – деді Алматы облысы Білім басқармасы басшысының орынбасары Ақмарал Атенбекова.Қонаев қаласындағы жаңа Балалар үйі жеке инвестордың қаржысы есебінен салынды. Жобаның жалпы құны – 4 млрд теңге. Нысан қазіргі санитарлық, құрылыс және білім беру стандарттарына толық сай келеді. Мұнда кіші және ересек тәрбиеленушілерге арналған бөлек асханалар, спорт және акт залдары, оқу және ойын бөлмелері, психологиялық көмек кабинеттері мен кең әрі жайлы жатын бөлмелер қарастырылған.Ғимараттың қауіпсіздігі мен функционалдық аймақтарға бөлінуіне ерекше назар аударылған. Нысан өндірістік аймақтардан алыс, белсенді дамып жатқан тұрғын ауданда орналасқан. Жанында тұрғын үйлер мен халықаралық іс-шаралар өтетін мәдени кешен бар.Нысанды аралаған қонақтар оның сапасын жоғары бағалап, Балалар үйін республикалық деңгейдегі үлгілі әлеуметтік мекеме деп атады. Аула аумағы абаттандырылып, ондаған ағаш отырғызылған.– Жаңа Балалар үйі – бұл ең алдымен, әр бала үшін қауіпсіз және қолайлы орта, сондай-ақ тең мүмкіндік беретін мекен, – деді Ақмарал Атенбекова.Көшіру жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіледі. Алдымен мектеп жасына дейінгі және кіші сынып тәрбиеленушілері – 61 бала көшіріледі. Ал мектеп жасындағы балалар тамыз айының соңына дейін жаңа мекенге қоныстанады. Алматы қаласындағы ескі ғимарат қаланың коммуналдық меншігіне беріледі.Айта кетейік, бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда. Инвестор Еңбекшіқазақ ауданында балаларға арналған шығармашылық орталық салу жобасын жариялады. Жаңа орталық өңірдегі ең ірі мекемелердің бірі болып, балалар мен жасөспірімдердің жан-жақты дамуына қосымша мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1033639?lang=kk
ШЫМКЕНТТЕ «ЭКОКҮН» ЖӘНЕ «ДАРМАРКА» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ 12.07.2025
Бүгін қалалық Достық үйінде қоршаған ортаны қорғау және тұрақты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Дармарка» және «ЭкоКүн» атты экологиялық жәрмеңке ұйымдастырылды.Аталған шара - Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай және «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын қолдауға бағытталды.«Дармарка» – тұтыну мәдениетін өзгертуге бағытталған әлеуметтік бастама. Жәрмеңкеге қатысушылар өз үйлеріндегі жақсы күйдегі, бірақ өздеріне қажетсіз заттарды әкеліп, басқалармен тегін алмасты. Шара аясында таза және ұқыпты киімдер, кітаптар, балалар ойыншықтары және тұрмыстық заттар қабылданды. Мұндай бастама артық заттарды кәдеге жарату арқылы экологиялық жауапкершілікті арттыруға бағытталған.«ЭкоКүн» – қайта өңдеуге жарамды қалдықтарды қабылдау акциясы. Қала тұрғындары пластик (ПЭТ бөтелкелер), шыны, қағаз, картон және алюминий банкаларды өткізуге мүмкіндік алды. Бұл акция – тұрғындарды қалдықтарды сұрыптауға үйрету және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.Іс-шараға «New Wave» жастар қозғалысы, Шымкент қаласындағы «Неміс» мәдени орталығы, «Екінші өмір» үйсіз жануарларға көмек көрсететін қайырымдылық қоры, «Добряки Шымкента» және «28 ілмек» әлеуметтік бастамасы қатысты.Қоғамдық келісім баспасөз қызметі#ҚХА30жыл #30летАНК #шымкент #shymkent
Балалар үйі тәрбиеленушілерін көшіру мәселесі бойынша түсіндірме 11.07.2025
Алматы облысының Білім басқармасының хабарлауынша: Алматы қаласындағы «Арнаулы әлеуметтік қызметтерді қажет ететін балаларды қолдау өңірлік орталығы» КММ ғимаратының апаттық жағдайына байланысты тәрбиеленушілерді Қонаев қаласындағы жаңа, заманауи Балалар үйіне көшіру туралы шешім қабылданған.1963 жылы салынған ғимарат қазіргі таңда әрі қарай пайдалануға жарамсыз деп танылған. 2024 жылы «Астанақұрылыссервис» ЖШС жүргізген техникалық зерттеу нәтижесінде ғимараттың тірек құрылымдарында жарықтар анықталып, жылу және сумен жабдықтау жүйелері толық тозғаны және қайта қалпына келтіруге келмейтіні анықталған. Нысан санитарлық, өрт қауіпсіздігі және құрылыс талаптарына сәйкес келмейді. Айта кету керек, қазіргі ғимаратта бір ғана зал асхана, акт залы және спортзалды қатар алмастырып отыр. Бұл балалардың толыққанды дамуы мен қауіпсіздігіне кедергі келтіретіні анық.2025 жылғы 9 шілдеде шыққан Алматы облысы әкімінің №207 қаулысы және 2025 жылғы 10 шілдедегі Білім басқармасының №494-н бұйрығы негізінде тәрбиеленушілерді кезең-кезеңімен 180 орындық жаңа Балалар үйіне көшіру жұмыстары басталды. Бұл нысан жеке инвесторлардың қаражатына салынған және мемлекет меншігіне сыйға берілген. Жаңа ғимарат балаларға арналған мекемелерге қойылатын заманауи стандарттар мен талаптарға толық сәйкес келеді.Алдымен 1–4 сыныптарда оқитын 44 бала көшіріледі. Үлкен жастағы тәрбиеленушілердің көшірілуі білім беру үдерісінің тұрақтылығы мен әлеуметтік бейімделуін ескере отырып, кезең-кезеңімен жүргізіледі.Қазіргі уақытта мекемеде 171 бала тәрбиеленуде, олардың 125-і — жетім балалар, 46-сы — өмірлік қиын жағдайға тап болған балалар. Мекемеде 85 қызметкер, оның ішінде 42 педагог жұмыс істейді.Әлеуметтік желілерде таралып жатқан шындыққа жанаспайтын ақпараттарға байланысты Білім басқармасы келесіні түсіндіреді:Барлық тәрбиеленушілер, тұратын жеріне қарамастан, тегін медициналық қызметпен қамтамасыз етіледі және заңнамаға сәйкес тұрғын үй кезегіне тұруға құқылы;Мекеме орналасқан аумақта батпақты жер бар деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді;Көшіру балалардың құқықтарын шектемейді және өмір сүру жағдайларын нашарлатпайды.Қонаев қаласындағы жаңа мекемеге көшіру – балалардың қауіпсіздігін, сапалы білім мен медициналық қызмет алу құқығын және жайлы өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1033209?lang=kk