Enbekshi QazaQ

Саясат

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап «БЖЗҚ» АҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері жеке табыс салығынан босатылады 30.07.2025
2025 жылғы 18 шілдеде мемлекет басшысы жаңа Салық кодексіне қол қойды.  Ол БЖЗҚ-дан Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне төленетін зейнетақы төлемдерін қоспағанда,  барлық табыстар, тұрғын үйге/емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) түріндегі кірістерді 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке табыс салығынан (ЖТС) босатуды көздейді.   Қазір қалай? Қолданыстағы Салық кодексіне сәйкес, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) төленетін біржолғы зейнетақы төлемдері төлем көзінен 10% мөлшерлеме бойынша жеке табыс салығы (ЖТС) ұсталатын кіріс түріне жатады. Яғни, зейнетақы жарналары жеке зейнетақы шоттарына салық салынғанға дейін аударылады. Ал жеке табыс салығы төлемдер жүзеге асырылған кезде ұсталады. ЖТС ұстау міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптасқан барлық зейнетақы төлемдері түрлері бойынша жиынтық түрде жүргізіледі. Бұл ретте түзетулер мен салықтық шегерімдер ескеріледі.Тұрғын үйге/емделуге біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдаланған кезде ЖТС ұстау да көзделеді. Бұл ретте алушының таңдауына оны ұстап қалудың екі жолы ұсынылады: БЗТ алған кезде бірден немесе зейнетақы алатын кезге дейін кейінге қалдыру.2026 жылғы 1 қаңтарға дейін БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы және біржолғы зейнетақы төлемдерінен ЖТС есептеу, ұстап қалу және төлеу қолданыстағы тәртіп бойынша жүзеге асырылатын болады.   2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қалай болмақ? ЖТС зейнетақы төлемдерінің барлық түрлерінен ұсталмайды. Бірақ мұның Қазақстан Республикасының резиденті болып есептелмейтін азаматтарға қатысы жоқ. ЖТС, сондай-ақ, біржолғы зейнетақы төлемдерінен де ұсталмайды.  2026 жылғы 1 қаңтардан бастап тұрғын үй жағдайын жақсарту немесе емделу мақсатында пайдаланылған біржолғы зейнетақы төлемдерінен ұсталуға тиіс, бірақ зейнетке шыққанға дейін кейінге қалдырылған жеке табыс салығы бойынша есептелген міндеттемелер де жойылады. Алайда, бұған дейін бюджетке төленген салықтар қайтарылмайды.Тағы не өзгереді?2026 жылғы 1 қаңтардан бастап өз пайдасына аударылған ерікті зейнетақы жарналары бойынша төлем көзінен салық салынуға жататын табыстан Салық кодексінде белгіленген шектерде қолданылатын салықтық шегерімдер де жойылады.Бұл ретте жұмыс берушінің Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жұмысшының пайдасына аударған ерікті зейнетақы жарналары жеке тұлғаның табысы болып саналмайды (тиісінше, жеке табыс салығы салынбайды), ал жұмыс беруші үшін бұл шығыстар корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде шегерімге жатқызылады. Яғни бұл жағдайда салықтық жеңілдікті жұмысшы да, жұмыс беруші де пайдалана алады.Тақырып бойынша бейнетүсініктеме мына сілтемеде қолжетімді: https://youtu.be/BixmYcqHSX0?si=TzwsN484wAgO78elБЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).      Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/1042715?lang=kk
Алматы облысының әкімі азаматтарды жеке қабылдады: 15 мәселе көтеріліп, нақты тапсырмалар берілді 30.07.2025
29 шілде күні облыс тұрғындары өздерін толғандырған мәселелерді тікелей әкімге жеткізу мүмкіндігіне ие болды.2025 жылғы 29 шілдеде Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев азаматтарды жеке қабылдау өткізді. Қабылдау барысында тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына қатысты мәселелер тыңдалып, жедел шешім қабылдау үшін жауапты басқармаларға нақты тапсырмалар берілді.Жеке қабылдауға келген 11 азамат тарапынан барлығы 15 түрлі сұрақ қойылды. Атап айтқанда, апатты үйлердің жағдайы, әлеуметтік қолдау көрсету, тұрғын үй кешендеріндегі құрылыс ақаулары, сондай-ақ ауылдық елді мекендердегі инфрақұрылым мәселелері кеңінен қозғалды.Қабылдау қорытындысы бойынша облыс басшысы тиісті мемлекеттік органдарға тапсырма беріп, олардың орындалуын бақылауға алуды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1042594?lang=kk
Алматы облысында «Жайлы мектеп» жобасы аясында 2 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарлануда 29.07.2025
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Үкімет отырысында өңірде жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.Ол өңірде тіркелген жұмыссыздар саны азайғанын атап өтті. Жұмыс орындарын құру Өңірлік жұмыс орындарын құру картасы және инвестициялық жобалар шеңберінде қамтамасыз етілуі жоспарлануда.Инвестициялық навигаторда сомасы 1,7 трлн теңгені құрайтын 73 жоба тіркелген, олар бойынша 21 мың жұмыс орнын ашу көзделген.Өңірлік карта аясында «Жайлы мектеп» жобасын жүзеге асыру барысында 2820 тұрақты жұмыс орны құрылады. «Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту тұжырымдамасы» аясында 450 астам жұмыс орны ашылады.«Абсолютті көрсеткіштерді ғана емес, жалпы жұмыс күшіндегі жұмыссыздықтың үлесін де ескеру маңызды. Өткен жылмен салыстырғанда жұмыссыздық деңгейі 4,7%-дан 4,6%-ға төмендеді»,— деді Марат Сұлтанғазиев.Әкім жұмыссыздар бойынша жұмыс нарықтың қажеттілігіне назар аудара отырып жүргізіліп жатқанын айтты. Кәсіби оқыту арқылы 800-ден астам жұмыссыз тұрақты жұмыс орындарына орналастырылатын болады. Негізгі бөлігі тәжірибе арқылы дағдыларды меңгере отырып, кәсіпорындар жанында оқытылуда. Сонымен қатар онлайн-оқытудан 5,2 мың адам өтіп, жаңа құзыреттерге иеленді.Еңбек саласындағы тиімділікті арттыру үшін бірқатар Цифрлық жобалар іске асырылуда. Студенттерге тәжірибе орындарын іріктеуге және жұмыс берушілерге үміткерлерді автоматты түрде таңдауға арналған «Өдірістік тәжірибе» цифрлық сервисі сәтті жұмыс істеуде. «Мансап компасы» және «Enbek.kz» құралдары белсенді жүзеге асырылуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1042012?lang=kk
Жаңа мектептер – жаңа мүмкіндіктер: Алматы облысында жас педагогтерге жол ашылды 29.07.2025
Алматы облысында білім беру саласы қарқынды дамып келеді. 2024–2025 оқу жылының басында «Келешек мектеп» ұлттық жобасы аясында аймақ бойынша 9 жаңа мектеп өз есігін айқара ашты. Бұл тек жаңа ғимараттар емес — болашақ ұрпақтың сапалы білім алуына арналған заманауи әрі жайлы орта.Жаңа білім ордалары Қарасай (6 мектеп), Жамбыл (2 мектеп) аудандарында және жаңадан құрылған Алатау қаласында (1 мектеп) ашылды. Атап айтсақ, Долан, Қошмамбет, Елтай, Көкөзек, Қаскелең қаласы мен Кемертоған ауылындағы мектептер, сондай-ақ Қарғалы мен Ұзынағаш ауылдары, Еңбек ықшам ауданындағы жаңа мектептер қазіргі заманғы жабдықтармен толық қамтылған.Мектептерге жаңа леп алып келген мамандарАталған білім ордаларына 985 педагог жұмысқа қабылданды. Оның ішінде 545-і — ашық конкурс арқылы, 440-ы — ауысым тәртібімен келген ұстаздар. Ең бастысы, бұл педагогтердің ішінде 104-і — жас мамандар. Олар 2022–2024 жылдар аралығында жоғары педагогикалық оқу орындарын тәмамдаған, ел болашағын тәрбиелеуге енді қадам басқан жалынды ұстаздар.Жас мамандардың мамандықтары бойынша бөлінісі:Бастауыш сынып мұғалімдері – 23Математика пәні мұғалімдері – 13Қазақ тілі мен әдебиеті – 12Орыс тілі мен әдебиеті – 7Ағылшын тілі – 21Информатика – 5Жаратылыстану және басқа пәндер – 23Барлық жас мамандар еңбек шарты негізінде жұмысқа қабылданып, мектептердің ішкі тәртібі мен әдістемелік үдерісіне белсенді кіріктірілді. Оларға тәлімгер ұстаздар бекітіліп, кәсіби бейімделу және қолдау жұмыстары жүйелі жүргізілуде.Қарғалыдағы жаңа мектеп – жас мамандардың белсенді ортасы«Келешек мектеп» жобасы аясында бой көтерген Қарғалы ауылының №1 орта мектебі 2024 жылдың желтоқсанында пайдалануға берілді. Бұл мектепке де жас мамандар көптеп тартылып, қазіргі таңда білім процесіне белсенді араласуда.Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Қилыбаева Ұлмекен – Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің түлегі. Мектепішілік және аудандық деңгейде ұйымдастырылған бірнеше семинарларға қатысып, кәсіби тәжірибе алмасуда. Ол өткізген «Space facts» атты ашық сабағы ерекше қызығушылық тудырып, оқушылардың танымын кеңейтті.Математика пәнінің мұғалімі Бекзак Ләззат – Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университетінің түлегі. Жас маман ретінде аудандық байқаулар мен әдістемелік іс-шараларға белсене қатысып, мектеп ұжымының сеніміне ие болды.Ұзынағаш мектебіндегі жаңашыл жас педагогШарафутдинова Гүлдана – Ұзынағаш ауылындағы №2 орта мектепте еңбек жолын бастаған бастауыш сынып мұғалімі. Ол аз уақыт ішінде заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолданып, оқушылармен және әріптестерімен берік байланыс орната білді. Жасанды интеллект құралдарын сабаққа енгізу арқылы ол оқыту сапасын арттыруда жаңа деңгейге көтерілді.Жас мамандар жетістігімен қуантады«Долан ауылындағы жайлы мектеп» КММ-нің жас маманы – Амангельды Асем.Жас маман оқу-тәрбие процесіне белсене араласып, қысқа уақыт ішінде ұжым мен оқушылардың сеніміне ие болды. Сабақтарын заманауи әдіс-тәсілдермен жүргізіп, білім сапасының артуына үлес қосуда. Мектепішілік семинарларға, әдістемелік отырыстарға, шығармашылық топтарға қатысып, кәсіби шеберлігін үнемі жетілдіріп келеді.2024–2025 оқу жылында аудандық «Үздік орыс тілі мұғалімі – 2025» байқауының жүлдегері атанды.«Көкөзек ауылындағы жайлы мектеп» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі – Самсабаева Мадина.Ұжым мен ата-аналардың сенімінен шыққан білікті жас ұстаз. Ол «Оқуға құштар оқушы» байқауында Б.Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» повесін оқыту арқылы аймақтық кезеңде ІІ орын иеленіп, оқушыларды көркем шығарма оқуға баулыды. Сонымен қатар, «Пед Старт – 2024» республикалық байқауында «Үздік бастауыш сынып мұғалімі» номинациясын жеңіп алды.Жаңартылған білім мазмұны бойынша мақаланы жоғары деңгейде дайындағаны үшін де арнайы марапатқа ие болды.«Қаскелең қаласындағы жайлы мектеп» КММ-нің талапты жас маманы – Алпысбаева Назерке Елтайқызы.Білім мен тәрбие саласына өзіндік үлес қосып жүрген, заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана отырып, шәкірттердің сеніміне ие болған ұстаз. Ол 2024–2025 оқу жылында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған аудандық «Үздік абайтанушы» байқауында бас жүлдені иеленді.2025 жылы «Келешек мектеп» жобасы аясында тағы 17 мектептің есігі ашылады деп күтілуде. Бұл мектептер 13 800 оқушы орнына есептелген. Соған сәйкес мұғалімдерге деген сұраныс та жоғары болмақ.Педагогтерге қажеттілік:Жалпы қажеттілік – 2231 педагогОның ішінде жас мамандар – 295Сұранысқа ие бағыттар:Бастауыш сынып – 42Қазақ тілі мен әдебиеті – 35Орыс тілі мен әдебиеті – 30Математика – 45Ағылшын тілі – 36Физика, химия, биология – 45Информатика және басқа пәндер – 62Жас мамандар ҚР Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 бұйрығына сәйкес, enbek.kz платформасы арқылы конкурс негізінде қабылданады. Әр мектепте тәлімгерлік пен бейімделу бағдарламасы енгізіледі.Жас мамандарды қолдау – ел болашағына жасалған нақты инвестиция. «Келешек мектеп» жобасы білім беру жүйесіне тың серпін беріп, ауыл мектептерін кәсіби мамандармен толықтырып келеді. Бұл – тек мектеп емес, жаңа мүмкіндіктердің, сенімді ұстаздардың, білімді ұрпақтың бастауы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1041750?lang=kk
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Отандастарымыздың зейнетақы жинақтары 24 трлн теңгеден асты 28.07.2025
Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі 01.07.2025 жылға 24 трлн теңгеден асып, бір жыл ішінде 4 трлн теңгеден аса немесе 20,9% өсті.Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтары 2025 жылғы 1 шілдеге 22,85 трлн теңгеге жетіп, 12 айда 18,7% ұлғайды. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы 12 ай ішінде 10,2% өсіп, 683,10 млрд теңгені құрады.Ең көп жылдық өсімді ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті. Олар 12 ай ішінде 35% артып, 8,73 млрд теңгеге жетті.2024 жылғы 1 қаңтардан бастап салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына түскен жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы 2025 жылғы 1 шілдеге 463,98 млрд теңге болды.КірістерЖинақтардың өсуі зейнетақы жарналарының түсімдерімен, сондай-ақ инвестициялық табыспен қамтамасыз етіледі. Жыл басынан бері салымшылардың жеке және шартты зейнетақы шоттарына 1 575,45 млрд теңге жарна түсті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткішінен 19,8% (немесе 260,05 млрд теңгеге) артық.МЗЖ есебі жүргізілетін жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) жыл басынан бастап 01.07.2025 жылға 1 294,56 млрд теңге түсті (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МЗЖ көлемі 11,7% – ға ұлғайды), МЗЖ – 67,87 млрд теңге (19,8% - ға өсім), ЕЗЖ - 1,38 млрд теңге. 2025 жылдың алғашқы 6 айында ЖМЗЖ есебінен жарналар 211,65 млрд теңгені құрады.Жыл басынан бері салымшылардың шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс шамамен 350,7 млрд теңгеге жетіп, алдыңғы айлардағы табыстың уақытша төмендеуін тоқтатты.Төлемдер мен аударымдарБЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар 782,87 млрд теңгені құрады. Бұл былтыр жасалған төлемдерден 325,24 млрд теңгеге (немесе 71,1%) көп.Төлемдердің басым бөлігі тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдерінің (БЗТ) еншісінде – 451,58 млрд теңге.   Зейнет жасына толуына байланысты 6 ай ішіндегі төлемдер - 118,79 млрд теңге.    Жыл басынан бері 01.07.2025ж. дейін мұрагерлік бойынша 34,58 млрд теңге, ҚР-дан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге байланысты 19,18 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға – 1,58 млрд теңге, жерлеуге – 5,36 млрд теңге көлемінде төлем жасалды. Сақтандыру ұйымдарына 151,78 млрд теңге аударылды.Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат enpf.kz сайтындағы «Статистика және аналитика» бөлімінде орналастырылған.БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/1041697?lang=kk
Алматы облысында заманауи Aqtas туристік нүктесі қалай пайда болды 28.07.2025
Алматы облысының таулы аймағында жыл он екі ай демалуға арналған заманауи туристік нысан – Aqtas жобасы іске қосылды. Қиын климаттық жағдайлар мен күрделі рельефке қарамастан, жобаның бірінші кезеңі небәрі 11 айда аяқталды.Соңғы жылдары Қазақстандағы туризм саласы қарқынды дамуда. ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өткен жылы қонақүй және курорттық қызметтер көлемі 30%-дан астамға өсіп, салаға салынған инвестициялар 980 миллиард теңгеден асты. Бұл өсімнің маңызды бөлігі Алматы агломерациясының тау кластеріне тиесілі.Дәл осы өңірде, көркем табиғат аясындағы әйгілі Oi-Qaragai курорты маңында 2024 жылы жаңа туристік кластер – Aqtas аймағының құрылысы басталды. Ал 2025 жылы ол толыққанды туристік орталыққа айналып, жаңа инвестициялар мен туристерді тартатын нүкте болды.Жаңа таулы демалыс аймағы теңіз деңгейінен 2 100 метрден жоғары биіктікте орналасқан. Оның басты ерекшелігі – Орталық Азияда алғаш рет іске қосылған 10 орындық гондолалы аспалы жол. Бұл жол кешке дейін жұмыс істеп, қонақтарға күн бату мен түнгі Алматы панорамасын тамашалауға мүмкіндік береді.2025 жылдың сәуір айынан бастап жобаның келесі кезеңі – 100-ден астам адамға арналған мейрамхана мен конференц-залдың құрылысы қолға алынды. Курорт толығымен қазақстандық кәсіпкер Ерлік Балфанбаевтың жеке инвестициясы есебінен салынуда. Шетелдік қаржы тартылмаған. Қазіргі таңда салынған инвестиция көлемі 44 миллион АҚШ долларынан асты, ал жобаның жалпы құны 160 миллион доллар деп бағалануда. Барлық кезеңдер аяқталған соң, мұнда 1 200-ден астам тұрақты жұмыс орны ашылып, жыл сайын шамамен 1,6 миллиард теңге салық бюджетке түсетін болады.Қазақстандық тәжірибеде таулы жерде мұндай ауқымды жобаны 11 айда жүзеге асыру – өте сирек кездесетін жағдай. Биік таудағы логистика мен климаттың қиындығына қарамастан, тиімді жоспарлау мен кезең-кезеңмен іске асырудың арқасында 2025 жылдың 1 наурызында аспалы жол алғашқы туристерді қабылдап, бизнес алғашқы кірісін түсіре бастады.Алдағы айларда Aqtas аймағында бугельді көтергіш, глэмпинг, алып әткеншектер мен катапульта сынды экстремалды аттракциондар іске қосылады. Бұл нысанның жазда да, қыста да тартымды болуына жол ашады.Aqtas жобасы – Қазақстанда жеке бизнес пен тиімді басқару арқылы халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті туристік өнім жасау мүмкін екенін көрсететін жарқын мысал. Курорттың экономикалық үлесі де айтарлықтай: 2023 жылы салық түсімі 800 миллион теңгеден, ал 2024 жылы – 1,5 миллиард теңгеден асты.Ішкі туризмді дамыту – енді тек шикізаттық экономикаға балама емес, жоғары әлеуеті бар дербес салаға айналуда. Aqtas – осы үрдістің нақты дәлелі әрі еліміздің өзге аймақтарында да кеңінен таратуға болатын табысты тәжірибе. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1041231?lang=kk
Су айдындарында қауіпсіздік: Ұлан сарбаздары рейд жүргізуде 28.07.2025
Жазғы шомылу маусымының қызуына байланысты еліміздің түрлі өңірлерінде су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша профилактикалық шаралар жүргізілуде. Бұл жұмыстарға ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері де жұмылдырылған.Рейд барысында жағалау аймақтарына барып, демалушыларға судағы қауіпсіздік ережелері жазылған жадынамалар таратылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Ерекше назар кәмелетке толмаған балалар мен ересектердің қарауынсыз жүрген жастарға бағытталған.Мұндай рейдтердің негізгі мақсаты – судағы жазатайым жағдайлардың алдын алу және адамдарға қарапайым қауіпсіздік қағидаларын еске салу. Балаларға бақылау қажет, белгіленбеген және ағысы қатты жерлерде шомылуға болмайды. Сондай-ақ мас күйінде суға түсудің және тыйым салынған орындарда шомылудың қауіпті екені ескертіледі.Әскери қызметшілер өз тәжірибесінде мұндай жағдайлармен жиі ұшырасады. Мысалы, 27 маусым күні Қызылордада сержант Мұрат Түсекеев пен кіші сержант Жамбыл Таңсықбай Сырдария өзеніне батып бара жатқан адамды құтқарып қалды. Ал жуырда Өскеменде ефрейтор Пермабек Жанасбек Үлбі өзенінен қызды аман алып шыққаны үшін «Ізгі жүрек» марапатына ие болды.Жалпы алғанда, жаз мезгілінде судағы қауіпсіздікке ерекше мән беру қажет. Бұл – әр адамның өз жауапкершілігі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1041120?lang=kk
Шымкентте Ветеринария қызметкерлері күні кәсіби насихатпен аталып өтті 15.07.2025
2025 жылғы 10 шілде күні Шымкент қаласында Ветеринария қызметкерлері күніне арналған маңызды іс-шара өтті. Бұл жолы мереке дәстүрлі құттықтаулармен шектеліп қалмай, нақты практикалық жұмыстармен толықты. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрінің тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылған бұл іс-шара аясында ветеринария саласының мамандары қала маңындағы шаруа қожалықтарына арнайы барып, жануарлардың денсаулығы, аурулардың алдын алу, бірдейлендіру жүйесі және ветеринариялық-санитариялық талаптарды сақтау бойынша кең көлемді түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Іс-шараға Шымкент қаласының аумақтық инспекция мамандары, ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының өкілдері, сондай-ақ «Ветеринариялық қызмет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры мен жетекші мамандары қатысты. Бұл сала мамандары өздерінің тәжірибесі мен білімін пайдалана отырып, шаруа қожалықтарының күнделікті жұмысына тікелей араласып, мал иелерімен ашық диалог жүргізді.Кездесулердің басты мақсаты — ауыл шаруашылығы жануарларын дұрыс тіркеу мен олардың қозғалысын қадағалаудың маңыздылығын түсіндіру. Мамандар жануарларды бірдейлендіру жүйесі арқылы тіркеу тек мемлекеттік талап қана емес, сонымен қатар жануарлардың саулығын сақтау мен өнім сапасын арттыруға тікелей әсер ететін құрал екенін атап өтті. Сонымен қатар, бұл жүйе ел ішінде ғана емес, халықаралық нарыққа сапалы өнім шығаруда маңызды рөл атқарады.Жануарлардың жұқпалы ауруларының алдын алу мәселесі де назардан тыс қалмады. Әсіресе, аусыл, қарасан, сібір жарасы сияқты қауіпті инфекциялардың алдын алу шаралары, вакцинациялау тәртібі, карантин және дезинфекция жұмыстары туралы толық ақпарат берілді. Бұл шаралар ветеринариялық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған.Бұдан бөлек, мамандар ветеринариялық инфрақұрылым мәселесіне де тоқталды. Қазіргі таңда қала мен ауыл маңындағы ветеринариялық бекеттердің материалдық-техникалық базасын күшейту, жылжымалы зертханалармен қамтамасыз ету, қажетті дәрі-дәрмектер мен құрал-жабдықтардың жеткілікті болуы басты міндеттердің бірі екені атап өтілді. Аталған бағыттарда жергілікті әкімдік тарапынан қолдау көрсетіліп жатқаны да айтылды.Бұл іс-шараның ерекшелігі — оның нақты мақсатты аудиториямен тікелей жұмыс істеуге бағытталуы. Бұған дейінгі жылдары Ветеринария күні көбіне ресми жиындар мен марапаттаулармен шектелетін. Мысалы, 2022 және 2023 жылдары бұл мереке Шымкентте конференциялар, дөңгелек үстелдер және ардагер ветеринарларға құрмет көрсету шараларымен өткен болатын. Алайда бұл жолы кәсіби мереке саланың өзекті мәселелерін шешуге арналған алаң ретінде пайдаланылды.Мұндай форматтағы іс-шаралар қоғам мен ветеринария қызметі арасындағы байланысты нығайтуға, сондай-ақ маман мәртебесін көтеруге септігін тигізеді. Жас мамандар да бұл шараға белсенді қатысып, тәжірибелі әріптестерінен тәлім алды. Кейбір аудандарда ардагер ветеринарлар жас буынға арналған шеберлік сабақтарын ұйымдастырды. Бұл өз кезегінде саладағы сабақтастықты сақтап, білікті мамандар даярлауға бағытталған маңызды қадам болды.Мерекелік күннің қорытындысы ретінде Шымкент қаласының ветеринария саласында үздік нәтижелер көрсеткен мамандар марапатталып, олардың адал еңбегі атап өтілді. Сонымен қатар, қалада мал шаруашылығын одан әрі дамыту, ветеринариялық бақылауды күшейту, цифрландыру процесін жалғастыру және мал иелерінің жауапкершілігін арттыру сияқты бірқатар жаңа ұсыныстар айтылды.Қорыта айтқанда, 2025 жылғы 10 шілдеде өткен Ветеринария қызметкерлері күні Шымкент қаласында сала үшін үлкен мәнге ие оқиға болды. Бұл тек кәсіби мерекені атап өту ғана емес, бүкіл ветеринариялық жүйенің нақты мәселелеріне назар аударып, оны дамытуға бағытталған нақты қадам болды. Мұндай мазмұнды шаралар алдағы уақытта да жалғасын тауып, еліміздің ауыл шаруашылығы мен ветеринария саласының дамуына жаңа серпін беретіні сөзсіз.
Цифрлық трансформация мал шаруашылығында – продуткттың толық қадағалануы 15.07.2025
2025 жылғы 8 шілдеде Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мал шаруашылығын цифрлық жүйеге көшіру мәселелері қаралды. Министрлер Жаслан Мадиев пен Айдарбек Сапаров саладағы жүргізіліп жатқан реформалар туралы баяндады. Бұл шара ветеринариялық бақылауды күшейту, вакциналау тиімділігін арттыру және мал өнімдерінің экспортқа шығарылуын қамтамасыз ету үшін өте маңызды қадам болдыҚазіргі уақытта Қазақстанда мал саны 9,6 миллион басқа дейін өсті, ал мал азығы егілген жер көлемі 3,3 миллион гектарды құрайды.  Осыған байланысты үкімет бюджеттен 160 млрд теңге бөлу арқылы дамуды жылдамдатуды мақсат етуде .Ең басты нәтижесі – өнімнің сквозды (айналмалы) қадағалануы. Барлық мал қозғалысы, ветеринариялық қызметтер, вакциналау, экспорт және импорт жайлы мәліметтер бірыңғай цифрлық платформаға енгізілетін болды. Премьер-министр барлық өңірлерде 1 қарашаға дейін деректерінің толық жаңартылуын және деректер базасын верификациялауды міндеттеді .Жаслан Мадиев пен Trend.az мәліметі бойынша, цифрлық жүйеде AI технологиялар көмегімен мал тіршілігін қадағалау, ауруларды алдын алу, пашаларды дрондармен бақылау енгізілуде . Бұл – "precision livestock farming" (нақты мал шаруашылығы) деп аталатын әлемдік тенденцияның Қазақстанда жүзеге асырылып жатқанын білдіреді.2023–2024 жылдарда да мал шаруашылығында реформалар жүргізілді. Аграрлық кеңестер, ветеринариялық акциялар, субсидиялар және инфрақұрылым салынған. Осы кезеңде мемлекеттік қолдау 120 млрд – 140 млрд теңгеге дейін болды. Бірақ өнімділік пен экспорттық потенциал әлі толық ашылған жоқ. 2025 жылғы реформалар бұл реформаларды цифрлық тұрғыдан сауықтыруға бағытталған, яғни бұрынғы практиканы цифрлық негізде әрі тиімді жаңғыртуға ұмтылады.Мысалы, 2022-2023 жылдары AI на негізделген сынақ жобалар үш аймақта іске қосылды, бірақ масштабтан тыс қалды. Өткен аптадағы шешімдер бойынша цифрлық жүйені 100 % енгізу міндеттелді.. Бұл бұрынғыдай шашыранды емес, мемлекеттік деңгейді қамтитын ұлттық масштабтағы жүйеге өту жоспарларын білдіреді.Егер үкімет тапсырмалары толық орындалса, Қазақстан 2025 жылдан бастап мал шаруашылығы саласында толық цифрланған бақылау жүйесін енгізген Орталық Азиядағы алғашқы елдердің бірі болады. Бұл — ветеринариялық қауіпсіздікті күшейтіп қана қоймай, шетелге экспорт көлемін арттыруға, сондай-ақ тұтынушылардың өнімге деген сенімін нығайтуға мүмкіндік береді.Сонымен қатар, сквозная прослеживаемость жүйесінің енгізілуі ауылдағы жастарға IT-салада жұмыс істеуге мүмкіндік беріп, ауыл экономикасының цифрлық трансформациясын да жеделдетуі ықтимал.2025 жылғы 9 шілдеде өткен Үкімет отырысы мал шаруашылығы саласындағы цифрлық трансформацияның бастамасы ретінде тарихи маңызға ие. Бұрынғы реформалар – субсидиялар, инфрақұрылым, кеңестер – цифрлық негізде құрылып, тиімділік пен экспорт әлеуеті күшейтіліп отыр. Бұл Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін жаңа деңгейге шығарып, ауылдық өңірлердің дамуына, технологиялық жаңаруына жол ашады. Бұл шара – аграрлық экономика мен цифрлық дәуірдің үйлесімді дамуының нақты көрінісі.
Health Invest Forum – 2025: Ашық диалог пен инвестициялық ынтымақтастық алаңы 25.07.2025
Каскелен қаласындағы SDU университеті базасында Алматы облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Health Invest Forum – 2025 форумы өтті. Аталған шара мемлекеттік сектор, инвесторлар, халықаралық ұйымдар, дипломатиялық корпус пен бизнес-қауымдастық өкілдері арасындағы ашық диалог орнатуға арналған бірегей алаң ретінде танылып, денсаулық сақтау және инвестиция саласындағы жылдың маңызды оқиғасына айналды.Форум жұмысына Германия, Ресей, Түркия, Үндістан, Қытай сынды сегіз елден келген 160-тан астам делегат қатысты. Форумның негізгі мақсаты – мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) тетіктерін дамыту, өңірдің инвестициялық әлеуетін таныстыру және өмірлік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру үшін стратегиялық әріптестік орнату арқылы өңірдегі денсаулық сақтау саласына инвестиция тарту.Форумның ресми бөлімінде қатысушыларға Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Исатаев құттықтау сөз сөйледі. Ол өз сөзінде өңір үшін денсаулық сақтау саласын дамыту – халықтың әл-ауқатын арттыру мен тұрақты дамудың негізі болып табылатын басым бағыттардың бірі екенін атап өтті. Мемлекет басшысының Жолдауында бюджеттен тыс ресурстар тарту және МЖӘ тетіктерін пайдалану мәселесіне ерекше назар аударылғанын айта келе, бүгінде облыста денсаулық сақтау инфрақұрылымы белсенді жаңғыртылып жатқанын, цифрлық шешімдер енгізіліп, әсіресе ауылдық елді мекендерде медициналық көмектің қолжетімділігі үшін жан-жақты жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді.Сондай-ақ Рустам Исатаев қазіргі бюджет шектеулері жағдайында жекеменшік сектордың қатысуы ерекше маңызды екенін атап өтті. Бұл жобаларды іске асыруды жеделдетуге, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға және денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Форум соңында ол Алматы облысы әріптестікке ашық екенін және инвесторларға қолайлы жағдай жасауға дайын екенін айтып, форум барысында бірқатар нақты келісімдерге қол жеткізіліп, ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың негізі қаланатынына сенім білдірді.Шараға қатысқан ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов та қатысушыларды құттықтап, Алматы облысының инновациялар мен заманауи тәжірибелер орталығы ретінде фармацевтикалық кластер шоғырланған маңызды аймақ екенін атап өтті. Форумның негізгі бағытын қолдай отырып, ол мемлекеттік органдар, жеке инвесторлар және кәсіби медициналық қауымдастықтың күш біріктіруі – өңірдің медицина мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, медициналық қызметтердің сапасын арттыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға және денсаулық сақтау саласын халықаралық деңгейге көтеруге мүмкіндік беретінін айтты.Форумның презентациялық бөлімі де Рустам Исатаевтың өңірдің инвестициялық әлеуетін таныстыруымен ашылды. Одан кейін Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов «Өңірдің инвестициялық әлеуеті: басымдықтар мен инфрақұрылым» тақырыбында баяндама жасады.Шара барысында денсаулық сақтау саласына инвестиция салуға дайын шетелдік және отандық компаниялар өз мүмкіндіктерімен таныстырды. Шетелдік қатысушылар қатарында Түркияның TASYAPI, İlk Construction және Fujifilm, Германияның Integra GmbH, Ресейдің Khan Tengri Biopharma және Үндістанның HSCC компаниялары бар. Ал отандық инвесторлар қатарында TabibMed, A-Class Med, NOVA INVEST, Power Qazaqstan, Интермед Плюс, Philips және EmAI компанияларының өкілдері қатысты.Форум аясында медициналық мекемелерді салу және жаңғырту, денсаулық сақтауды цифрландыру, фармацевтиканы дамыту, диагностикалық және оңалту қызметтерін кеңейту, мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін қолдану сияқты өзекті тақырыптар қозғалды.Қатысушылар өңірдегі денсаулық сақтау саласын дамытудың басым бағыттарымен, іске асырылып жатқан және жоспарланған жобалармен танысып, сарапшылармен және мемлекеттік органдар өкілдерімен ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік алды.Форум аясында клиникалар, амбулаториялар мен өзге де медициналық нысандарды салу бойынша он бір жобаны жүзеге асыруға қатысты меморандумдарға қол қою рәсімі өтті.Health Invest Forum – 2025 Алматы облысының денсаулық сақтау саласына инвестиция тарту және саланы жаңғырту бағытындағы нақты қадамдарға жол ашқан тиімді әрі нәтижелі диалог алаңы болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1040712?lang=kk
Гүл өсіруші бағбан — сұлулық пен сабырдың иесі 25.07.2025
2025 — Жұмысшы мамандықтар жылы:Гүл өсіруші бағбан — сұлулық пен сабырдың иесіОл таңды құстар әнімен емес, гүл суарумен қарсы алады. Табиғаттың тынысын тыңдап, әр бүршіктің ашылуын жүрегімен сезінеді. Гүл өсіруші бағбан — жай ғана мамандық емес, ол — махаббатпен, төзіммен жасалатын өнер.Күннің аптабында да, жауынның астында да өз ісіне адал бағбан әр гүлді баптап, айналасын көркейтіп жүр. Оның қолынан шыққан гүлдер — қуаныштың, шаттықтың, тіпті үміттің символы.Гүл өсіруші бағбан — еңбекқорлықтың, әсемдікке деген құрметтің көрінісі.Жұмысшы мамандықтар жылы – дәл осындай қарапайым, бірақ қоғамға аса қажет жандардың еңбегін бағалайтын уақыт.Қолынан гүл өнетін бағбандарға алғысымыз шексіз!#ЖұмысшыМамандықтарЖылы2025#ГүлӨсірушіБағбан#ЕңбекМәртебесі
Алматы тау кластері – Орталық Азия туризмінің жаңа флагманы 25.07.2025
Алматы облысы Орталық Азиядағы туризмнің тартымды орталықтарының біріне айналуда. 2025 жылдың алғашқы тоқсанында өңірге 162 мың турист келген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 62%-ға артық. Сарапшылар бұл серпінді өсімді халықаралық деңгейдегі Алматы тау кластерінің қарқынды дамуымен байланыстырады. Бүгінде ол жыл он екі ай жұмыс істейтін, жан-жақты инфрақұрылымы бар жаңа туристік хабқа айналып келеді.Қазіргі таңда облыс аумағында 270 туристік орналастыру нысаны жұмыс істейді. Олар 161,5 мың төсек-орынмен қамтылған. Соның ішінде тек таулы аймақтың өзінде 140 туристік база бар. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,6%-ға артық көрсеткіш. Алайда туризм саласындағы басты жаңалықтар алда.Тау кластерін дамыту аясында ірі халықаралық жобалар іске қосылуда. Соның бірі – вьетнамдық CrystalBay компаниясы мен «Кипрос» ЖШС арасындағы серіктестік. Қол қойылған меморандум аясында «Ақ-Бұлақ» курортын жаңғырту көзделіп отыр. Жоба аясында гольф-клуб салынып, қонақүй кешені кеңейтіледі. Инвестиция көлемі – 233 млрд теңге. Бұл жоба 700 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта курорттың мастер-жоспары әзірленіп, топографиялық түсірілім аяқталған.Тағы бір ауқымды бастама – Oi-Qaragai курортын кеңейту жобасы. Оның аумағы 105 гектардан 1000 гектарға дейін ұлғаймақ. 2028 жылға қарай мұнда 500 жаңа жұмыс орны ашылып, жеке инвестиция көлемі 83,2 млрд теңгеге жетеді. Бұл ретте облыс әкімдігі туризм нысандарына қажетті инфрақұрылымды – газ, электр қуаты, су және жол желілерін – қатар дамытуды қолға алып отыр.Облыстық туризм басқармасының мәліметінше, Алматы тау кластеріндегі туристер саны жылына 300 мыңнан 850 мың адамға дейін ұлғайтылады деп күтілуде. Бұл көрсеткіш өңірдің туристік әлеуетін толық ашуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және жергілікті кәсіпкерлікті жандандыруға жол ашады.Сонымен қатар кешенді жоспар аясында Қаскелең және Түрген шатқалдарын дамыту тұжырымдамасы әзірленіп жатыр. Бұл мақсатқа 70 миллион теңге бөлінген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1040307?lang=kk
Зияткерлік меншік құқығы комитеті мен KT&G Global Kazakhstan өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды 24.07.2025
2025 жылдың 24 шілдесінде Астанада Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің төрағасы Шолпан Әбдіреева мен KT&G Global Kazakhstan бас директоры Сео Джи Чуль өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.Құжат зияткерлік меншік саласындағы, атап айтқанда, контрафактілік темекі өнімдерімен күрестегі өзекті мәселелерді шешуге бағытталған шеңберлік ынтымақтастықтан өзара іс-қимылдың тереңірек және практикалық үлгісіне көшуді көрсетеді.Меморандумға қол қою зияткерлік меншік саласындағы мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылын нығайтудағы маңызды қадам болды. Ол контрафактілік өнімдермен күресуге, зияткерлік меншікті қорғау мәдениетін арттыруға, құқық қолдану тәжірибесін жетілдіруге, инновациялық қызметті қолдауға бағытталған бірлескен бастамаларды дамытуды көздейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/1040026?lang=kk
Нұра ауылындағы №12 мектеп жаңғырып жатыр: жаңа оқу жылына дайындық қарқынды жүріп жатыр 24.07.2025
Талғар ауданының Нұра ауылында орналасқан №12 орта мектепте 2023 жылдың маусым айында басталған күрделі жөндеу жұмыстары белсенді түрде жалғасуда. Бұған дейінгі мердігердің жұмысынан туындаған қиындықтарға қарамастан, қазіргі таңда құрылыс 75% аяқталды. Жаңа оқу жылы басталғанға дейін, яғни 30 тамызға дейін оқу корпусы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.Білім беру процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ету – басты басымдықтардың бірі болды. 2024–2025 оқу жылында 1–11 сыныптарда 1141 оқушы толыққанды білім алды. Уақытша оқыту үшін ауылдың Мәдениет үйі, округ әкімдігі және жеке ғимарат пайдаланылып, барлық сыныптарға қажетті жағдай жасалды. Сабақтар санитарлық нормаларға сай, екі ауысыммен 45 минуттан өткізілді.Жаңа шағынаудандардан қатынайтын 350 оқушы үшін мектепке тасымалдау ұйымдастырылды. Бұл мақсатта мектеп теңгеріміндегі екі автобус пен жеке кәсіпкермен келісілген қосымша автобус пайдаланылды.Бұрынғы мердігер «SHEBERBUILD» ЖШС-мен келісімшартты біржақты бұзғаннан кейін, 2025 жылғы 9 маусымда республикалық мемлекеттік кәсіпорын «Еңбек-Өскеменмен» жаңа келісім жасалды. Қазіргі уақытта нысанда 26 жұмысшы еңбек етуде. Техникалық қадағалауды «Мегалиты Алматы» ЖШС жалғастыруда.Жергілікті атқарушы органдардың, білім бөлімі мен мердігер ұйымдардың үйлесімді жұмысының нәтижесінде мектеп ғимараты жаңарып, заман талабына сай білім ордасына айналмақ. Жаңа оқу жылында оқушылар мен мұғалімдер жаңартылған, жайлы және қауіпсіз мектепке оралады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1040009?lang=kk
Алматы облысында МТФ бір жылда сүт өндіру көлемін арттырды 24.07.2025
Қазақстандағы сүт тапшылығы әлі де өзекті мәселелердің бірі болып қалып отыр. Бұл мәселені жүйелі түрде шешу мақсатында «Қонаев» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ агроөнеркәсіптік кешенді (АӨК) несиелеу бағдарламасын жүзеге асыруда.– Бағдарламаны қаржыландыру кезең-кезеңімен жүргізілуде: 2023 жылы 15 млрд теңге бөлінсе, 2024 жылы тағы 5 млрд теңге бағытталды. Биыл республикалық бюджеттен қосымша 8 млрд теңге қарастыру жоспарланып отыр, – деді «Қонаев» ӘКК басқарма төрағасы Мұрат Абдығұлов.2024 жылдың қорытындысы бойынша «Қонаев» ӘКК қолдауымен қаржыландырылған 13 сүт-тауар фермасы 38 042 тонна сүт өндірді. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 5 000 тоннаға артық (2023 жылы – 33 088 тонна). Аталған фермаларда 709 адам жұмыспен қамтылған. Барлық жобалар толық қуатына шыққан жағдайда жылдық өндіріс көлемі 68 000 тоннадан асады, ал жұмыс орындарының саны 838 адамға дейін артады деп күтілуде.Мұндай табысты жобалардың бірі – Еңбекшіқазақ ауданындағы «Әлімжанов» шаруа қожалығы. Бұл жоба «Қонаев» ӘКК арқылы қаржыландырылып, айтарлықтай серпінге ие болды. Кәсіпкер Тілек Әлімжанов кеңестік кезеңде салынған ескі ферманы қалпына келтіріп, өткен жылы жеңілдетілген несие арқылы Чехиядан симментал тұқымының 96 бас сиырын сатып алып, сауын табынын 850 басқа дейін ұлғайтты.– Шаруашылықта заманауи технологиялар қолданылады, селекциялық-асылдандыру жұмысы жолға қойылған, малға қолайлы жағдай жасалған. Бір сауынды сиырға шаққанда жылына 5,5 тонна сүт өндіріледі. Еуропадан әкелінген ірі қара жаңа ортаға тез бейімделіп, төл бере бастады, – дейді фермер.Қазіргі уақытта фермада 100-ден астам адам жұмыс істейді, олардың басым бөлігі – жергілікті тұрғындар. Олар үшін тегін тамақ, көлікпен қамтамасыз ету және әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған. Бұл ауыл тұрғындарына тұрақты және лайықты еңбек жағдайын жасап, АӨК-ке көрсетілетін қолдаудың нақты экономикалық және әлеуметтік нәтиже беретінінің дәлелі.АӨК-ті несиелеу бағдарламасы Солтүстік Қазақстан облысының оң тәжірибесі негізінде әзірленген. Ол сүт бағытындағы ірі қара мал сатып алуға, сүт-тауар фермаларын, құс фабрикаларын, жеміс-көкөніс қоймаларын және ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу кәсіпорындарын салуға немесе жаңғыртуға арналған жабдықтар алуға несие беруді көздейді.Бағдарлама шарттарына сәйкес, несиелеу мерзімі – 10 жылға дейін, сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5%. Негізгі қарызды өтеу бойынша жеңілдік мерзімі – 24 айға дейін. Несие сомасының жоғарғы шегі – 5 млрд теңге.Бүгінгі таңда осы бағдарлама аясында Алматы облысына 1 498 бас сүт бағытындағы ірі қара мал жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1039809?lang=kk
Құрылысшы – болашақтың іргетасын қалаушы 24.07.2025
Қалалар аспанмен таласқан зәулім ғимараттарымен, сәулеті келіскен көпірлерімен, жайлы үйлерімен көркейіп жатса – ол құрылысшы еңбегінің жемісі. Құрылысшы – тек қабырға тұрғызушы емес, ол – арманды шындыққа айналдыратын, ел ертеңін бейнелейтін маман.Бұл мамандық үлкен жауапкершілікті, шынайы еңбекқорлық пен төзімділікті талап етеді. Әр кірпіш – маңдай термен өрілген сенімділік, әр сызба – ел болашағына салынған жол.Құрылысшы мамандығын таңдау – Отанды өркендетуге қосқан нақты үлес. Себебі құрылыс – дамудың тірегі, тұрақтылықтың кепілі.⠀2025 жыл – Жұмысшы мамандықтарының жылы! Бұл – құрылысшыларға, шебер қол иелеріне деген зор алғыс пен құрмет жылы.Келешек ұрпаққа берік негіз қаласақ, оны дәл осы құрылысшы мамандығының қадірін арттырудан бастайық!#ЖұмысшыМамандықтарЖылы2025#Құрылысшы
Алматы облысының инженерлік инфрақұрылымы: орнықты даму мен жайлы өмірдің негізі 24.07.2025
Алматы облысында инженерлік инфрақұрылымды кешенді дамыту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта жылумен қамту, сумен жабдықтау, су бұру, электрмен қамту және газдандыру жүйелерін жаңғырту мен салу бағытында ауқымды жобалар жүзеге асырылып жатыр. Бұл – тек техникалық міндеттер ғана емес, сонымен қатар халықтың өмір сапасын арттыруға, кәсіпкерлік, туризм мен әлеуметтік саланың дамуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған стратегиялық қадамдар.Бүгінде Алматы облысының Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы аудан әкімдіктерімен бірлесіп 127 жобаны жүзеге асыруға кірісті. Оның ішінде: 15 жоба – жылумен қамту, 25 – электрмен жабдықтау, 13 – газдандыру, 54 – сумен жабдықтау және 20 жоба – су бұру саласына тиесілі. Бұл бағыттардың әрқайсысы өңірдің орнықты дамуына үлес қосатын маңызды тетік саналады.Жылумен қамту мәселесі – басты назарда. Биыл Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарында 15 модульдік қазандықтың құрылысы басталды. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 3,08 млрд теңге бөлінді. Жоспарға сәйкес, алдағы жылыту маусымында 52 көпқабатты үй орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етіледі. Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың қыркүйегінде толық аяқталады деп күтілуде.Электрмен қамту бағытында да айтарлықтай ілгерілеу бар. Жалпы құны 8,1 млрд теңгені құрайтын 25 жоба жүзеге асырылуда. Оның 18-і – алдыңғы жылдан өтпелі жобалар болса, 7 жоба – жаңадан басталған. Көптеген нысандар биылғы күзде пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, халық пен кәсіпкерліктің өсіп келе жатқан сұранысын өтеу үшін жаңа қосалқы станциялар салу көзделуде.2025 жылы 13 елді мекенді газдандыру үшін 11 млрд теңге бөлінді. Бұған дейінгі кейбір жобаларда техникалық қиындықтар мен мердігерлер тарапынан жіберілген кемшіліктерге қарамастан, жұмыс қарқынды жүргізілуде. Кіші Байсерке, Еламан және Шілібастау ауылдарындағы жобалар жоспарға сай іске асуда. Сондай-ақ, Қонаев, Алатау қалаларында және Қарасай, Жамбыл, Балқаш аудандарында жаңа құрылыс жұмыстары басталды.Жобалардың бірқатары инвесторларды тарту арқылы жүзеге асырылуда. Матибұлақ, Достық және Тереңқара ауылдарындағы инфрақұрылым нысандары сәтті аяқталды. Бұл – ынтымақтастық туралы меморандумдар аясында тиімді жұмыстың нақты нәтижесі.2024 жылы сумен жабдықтау бойынша 43, ал су бұру бағытында 20 жобаның құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Жалпы ұзындығы 1300 шақырымнан асатын желілердің құрылысына 28,9 млрд теңге бөлінген. Қазіргі таңда 19 жобаға мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды, тағы 66 жоба бойынша жобалық-сметалық құжаттама дайындалып жатыр.Бұл жұмыстар аяқталған соң, өңірдегі су жүйелерінің тозу деңгейі едәуір төмендеп, халық сапалы ауызсумен тұрақты қамтамасыз етіледі.Айта кету керек, жылу тұтынушыларының 98%-ын халық құрайды. Олар үшін төмендетілген тарифтер қолданылатыны белгілі. Осыған байланысты жылу жеткізуші мекемелердің қаржылық тұрақтылығын сақтау мақсатында мемлекет тарапынан субсидиялар қарастырылған. 2025–2026 жылдары тұрақты жылыту маусымын қамтамасыз ету үшін 2,5 млрд теңге қарастырылған, оның ішінде 1,7 млрд теңгесі — облыстық бюджеттен.Алматы облысының Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы Айдын Бегімбетовтің айтуынша:«Біздің басты міндетіміз – облыс тұрғындарын сапалы және тұрақты коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету. Біз инженерлік инфрақұрылым мәселелерін кешенді түрде шешіп жатырмыз: тозған желілерді жаңғыртамыз, заманауи технологияларды енгіземіз, жеке инвестицияларды тартамыз және жобалардың орындалу мерзімі мен сапасына бақылауды күшейтеміз. Бұл – өңірдің орнықты дамуына берік негіз».Инженерлік инфрақұрылымды дамыту – бұл тек тұрмыстық жағдайды жақсарту ғана емес, сонымен бірге өңірдің экономикалық өсуіне, әлеуметтік тұрақтылыққа және инвестициялық тартымдылыққа жол ашатын қуатты серпін. Әрбір іске асырылған жоба – халықтың жайлы әрі қауіпсіз өміріне қосылған үлес, болашақтың берік іргетасы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1039687?lang=kk
Алматы облысында қолжетімді тұрғын үй жобасы іске асты 24.07.2025
«Қонаев» ӘКК» АҚ серіктесі «DEL Construction» ЖШС-мен бірлесіп, Іле ауданына қарасты Боралдай кентінде жаңа «Galamat» тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтады. Бұл – Боралдайдағы алғашқы заманауи тұрғын үй кешені.Кешен төрт мансардалы бес қабатты тұрғын үйден тұрады. Жалпы ауданы 9 909 ш.м. болатын 220 пәтер пайдалануға берілді. Жобаның жалпы құны — 3,29 млрд теңге.– Жоба тұрғын үй құрылысын дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарлама мен жобаларды бірлесіп қаржыландыру тетігі аясында жүзеге асырылды. ӘКК-нің қаржылық үлесі 1,5 млрд теңгені (45,6%) құрады, қалғанын инвестор салды, – деді «Қонаев» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасы Мұрат Абдыгулов.Барлық пәтерлер таза әрлеумен тапсырылды: сантехника орнатылып, линолеум төселген. Жаңа үйлердегі бір шаршы метрдің құны – 380 мың теңге.Жоба аясында инженерлік инфрақұрылым мен ғимараттардың сейсмикалық тұрақтылығына ерекше назар аударылды. Тұрақты сумен қамтамасыз ету үшін тереңдігі 200 метрден асатын екі ұңғыма (негізгі және резервтік) бұрғыланды. Бұл көлем барлық тұрғындардың қажеттілігін толық жабуға жеткілікті. Сонымен қатар, кешенге автономды газ қазандығы орнатылып, ол орталық жүйеге тәуелсіз жылу мен ыстық су береді.Аула аумағы абаттандырылып, орындықтар мен қоқыс урналары орнатылып, асфальт төселді. Жақын арада балалар алаңы да орнатылады.Конкурстық рәсімдер негізінде жергілікті атқарушы орган кешеннің үш блогынан әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға арналған пәтерлер сатып алды. Төртінші блок бойынша конкурстық рәсімдер әлі жүріп жатыр.«Қонаев» ӘКК өкілдерінің айтуынша, бұл жоба мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің тиімді үлгісіне айналды. Ол тұрғын үй құрылысын жеделдетіп қана қоймай, сапасын да қамтамасыз етті.– Бұл жобаны жүзеге асыру арқылы ӘКК қолдауды қажет ететін облыс тұрғындары үшін жайлы өмір сүру ортасын қалыптастырды, – деп қорытындылады Мұрат Абдыгулов. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1039651?lang=kk
Цифрлық трансформация шағын шаруашығында – өнімдіктің толық қадағалануы 24.07.2025
2025 жыл 8 жыл Премьер-Министр Олжас Бектеновтин төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мал шаруашылығының цифрлары жүйеге көшіру мәселелері қаралды. Министр Жаслан Мадиев қалам Айдарбек Сапаров саладағы жургизіліп жатқан реформалар дұрыс баянды. Бул шара ветеринария бақылауды кушейту, ваккалау тиімділігін арттыру жен шағын онимдердің экспорты шығарылымын қамтамасыз етү жте мұңды қадам болды. Қазақстан 9,6 млн гектар жерді алып жатыр. Осыған Байланысты Үкімет бюджеті 160 млрд теңге болу арқылы дамуда жылдамдатуды мақсат етуде Ен басты нәтижеси – онымның арқылы (айналмалы) қадағалануы. Барлық шағын қозғалысы, ветеринарлық қызметер, вакциналау, экспорт және импорт жайлы шағын метр бірыңғай цифрлық платформасы еңізілетің болды. Премьер министр барлык онирлерде 1 карашага дейин деректерин толык жанартылуын жане деректер басен верификация лауды минететтеди. Жаслан Мәдиев пен Trend.az мәлiметi бойынша, tsiflyk juyede AI технологиялар көмегiмен мал тiршiлiгiн қадағалау, аурларды алдын алу, пашаларды дрондармен бақылау енгiзуде. Bul - "precision мал шаруашылығы" (нақты мал шаруашылығы) dep atalatyn alemdik tendensionny in Kazakhstan zuzege asyrylyp zhatkanin bildiredi. 2023–2024 ж.ж.жылдар мен кішігірім шаруашылығында реформалар жүргізілді. Аграрлық кеңестер, ветеринарлық ақтиялар, субсидиялар және инфрақұрылыс салынған. Аралар кезде мемлекеттік қолдау 120 млрд – 140 млрд теңге деп болды. Бiрак онимдiлiк қалам экспорттық әлеует әлi толық ашылған жоқ. 2025 жылғы реформалар бұл реформаларды цифрлар тұрғыдан сауықтыруға бағытталған, ягни бурынғы практикалық цифрлар не гизде ари тиімді жанғыртуға ұмтылады. Мысалы, 2022-2023 жылдар А.И. на негiзделген сонақ жобалар үш аймақ iске қосылды, бiрақ шкала мың қалды. ethken aptadag шишімдер бойынша цифр жүйені 100% еңізу міндетті. Сондықтан бұл маңызды. Eger ukіmet tapsyrmalarы tolyk orynalsa, Kazakhstan 2025 zhyldan bastap kіshі sharuashylygy salasynda tolyk tsiflangan baqylau juyesіn engіzgen Ortalyk Asiadagy algashky olderdin biri bolas. Bul — ветеринария бөлімі қауіпсіздікті күшейтып кана кожмай, шетелге экспорт көлемiн арттыруға, сондай-ақ тұтынушылардың өнiмге деген сенiмiн нижайтуға мүмкiндiк бередi. Sonymen qatar, end-to-end traceability yktimal. 2025 жылғы 9 шілде өткен Үкімет отырысы мал шаруашылығы саласындағы цифрлар түрлендіру бастамасы ретінде тарих манызға яғни. Бурынғы реформалар – субсидиялар, инфрақұрылым, кенестер – цифрлар кей жерде құрылып, тиімділік қалам экспорт әлеуеті күшейіп отыр. Бұл қазақстанның агроэнергәсіп кешен жаңа денгейге шығып, ауылдық өңірлердің дамыын, технология жаңаруына жол ашады. Доп добы – ауылшаруашылық экономика men digits dәuirdіn uylesіmdi damuynѣ nakty korіnіsі. Тілші Тоғжан Ғабидинова
Алматы облысы инвестициялық әлеуетін арттыруда: жарты жылда 420 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды 23.07.2025
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің төрағалығымен өткен өңірлік әкімдік отырысында инвестиция тарту бойынша бірінші жартыжылдықтың қорытындылары қаралып, екінші жартыжылдыққа арналған басым бағыттар белгіленді.Облыс тұрақты өсім қарқынын көрсетуде: негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 6 айда 421,6 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,7%-ға артты. Оның ішінде жекеменшік инвестициялар көлемі 288,6 млрд теңгені құрады, ал облыстың республикадағы инвестициялар үлесі 5,2%-ға жетті.Тікелей шетелдік инвестициялар көлемі де айтарлықтай өсті – I тоқсанның қорытындысы бойынша өңірге 210,7 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылған, бұл өткен жылдың деңгейінен 1,5 есе көп.Марат Сұлтанғазиев инвестициялардың тұрақты экономикалық өсімнің негізгі қозғаушы күштерінің бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша, облыста проактивті тәсіл қолданылады: цифрлық инвестициялық платформа іске қосылған, өңірлік штаб жұмыс істейді, нақты жобалар портфелі қалыптастырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1039195?lang=kk