Enbekshi QazaQ

Саясат

Нұра ауданындағы дүкен иелері насвай мен снюс сатқаны үшін жазаланды 06.12.2024
Нұра ауданының әкімдігі қалалық полиция департаментімен бірлесіп, насвай мен снюстерді заңсыз сату жағдайларын анықтау бойынша кезекті рейд өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Рейд барысында мониторингтік топ Нұра ауданының ірі тұрғын үй кешендерінде орналасқан кәсіпкерлік нысандарын тексерді. Рейд нәтижесінде насвай мен снюс үш дүкеннен табылды.Полиция қызметкерлері жалпы сомасы 25 мың теңгеге шамамен 40 қорап насвай мен 20 қорап снюс тәркіледі. Дүкен иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабына сәйкес 92 300 теңге (25 АЕК) айыппұл салынды.«Біз жаман әдеттердің алдын алу қағидаттарын ұстана отырып, жастардың осы өнімге қолжетімділігін шектеуге тырысамыз. Бұзушылықтар үшін қатаң жауапкершілік шаралары, соның ішінде ірі айыппұлдар қарастырылған. Кәсіпкерлердің есіне салғым келеді: вейп, насвай және снюс сатуға тыйым салуды сақтау – бұл заңның талабы ғана емес, сонымен қатар қоғам алдындағы моральдық жауапкершілік. Нұра ауданында мұндай мониторингтік іс-шаралар үнемі өткізіліп тұрады. Жыл басынан бері 230-ға жуық дүкен тексерілді, біз бұл жұмысты жалғастырамыз», - деді Нұра ауданы әкімі аппаратының кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Батырхан Жанпейісов.Бұзушылықтарды анықтау бойынша рейдтер жастар арасында жаман әдеттердің алдын алуға және кәсіпкерлердің заңнаманы сақтағаны үшін жауапкершілігін арттыруға бағытталған.Іс-шара барысында дүкен сатушыларымен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді, тексеріс Астананың барлық ауданында тұрақты негізде жүргізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/897790
Астанада жастар үшін ALL in SPORT жүгіру жарысы өтеді 06.12.2024
Елорданың Qazaqstan жеңіл атлетика кешенінде желтоқсан айында жастар арасында кедергілермен жүгіру бойынша ALL in SPORT өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Жарысқа 18 бен 25 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Онда CrossFit, ауыр және жеңіл атлетика элементтері болмақ.Жарыстың жүлде қоры – 600 000 теңге, бәсеке жігіттер мен қыздар арасында өтеді.Сондай-ақ, спорттық сыйлықтар ұтыс ойыны өтеді.Жүгіру 8 желтоқсан күні сағат 11:00-де Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешенінде басталады.Қатысушыларды тіркеу funnysport.kz сайты немесе Instagram-дағы @funnysport.kz парақшасы арқылы жүргізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/897989
Алматыда 2025 жылы тағы екі инновациялық шығармашылық орталық ашылады 06.12.2024
Алматыда инновациялық шығармашылық орталықтар мен инновациялық колледж құрылысыныңа бюджеті бекітілдіАлматыда биыл төрт инновациялық шығармашылық орталық ашылған еді, енді тағы екеуі салынады. Тиісті үш жылдық бюджет Алматы мәслихатының сессиясында қабылданды.Биыл Алматыда қаланың жас тұрғындарының әлеуетін дамытуға мүмкіндік беретін 4 инновациялық шығармашылық және инклюзивті білім беру орталығы ашылды. Нәтижесінде алматылық оқушылар республикалық және 20 халықаралық олимпиадаларда 64 алтын медаль алды.Бұл бағыттағы жұмыс 2025 жылға дейін жалғасады. Осылайша, Бостандық ауданындағы Вахтангов көшесі бойындағы даму және шығармашылық орталығының құрылысы жалғасады және Алатау ауданының «Саялы» ш/а даму және шығармашылық орталығының құрылысы басталады.Бұдан басқа, келесі жылы Алғабас-2 ш/а инновациялық техникалық колледж, №2 гуманитарлық-педагогикалық колледж бен жатақханасы бар телекоммуникация және машина жасау колледжінің ғимаратына қосымша құрылыс салынатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/897982
Алматыда 2025 жылы ғимараттарды сейсмикалық күшейтуге арналған қалалық бағдарлама әзірленеді 06.12.2024
Алматы қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті мәслихаттың кезектен тыс сессиясында бекітілді. Қабылданған бюджетте қаланың сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шараларға қаражат бөлінген.Ғимараттар мен құрылыстардың сейсмикалық қауіпсіздігін арттыру ұзақ мерзімді және ауқымды қаржыны қажет ететін үдеріс болғандықтан, бұл мақсатқа шамамен 14 млрд теңге қарастыру жоспарланып отыр.Халықаралық тәжірибеге сәйкес, қалада нысандардың нақты сейсмотұрақтылығын анықтау үшін төлқұжаттау жүргізілуде. Осы жұмыстың нәтижесінде 2025 жылы Жапония, АҚШ және Израиль үлгісінде ғимараттарды сейсмикалық күшейтуге арналған қалалық бағдарлама әзірленіп, енгізіледі.Алматыда әлеуметтік және әкімшілік мемлекеттік ғимараттарды сейсмикалық күшейту жұмыстары жыл сайын жүргізіледі. 2025 жылы Бостандық және Медеу аудандарындағы 3 мектепті сейсмикалық күшейту аяқталады, сондай-ақ, Түрксіб ауданындағы №50 мектеп-лицейде сейсмикалық нығайту жұмыстары басталады. Әуезов, Бостандық және Медеу аудандарындағы 7 балабақшада жұмыстар қолға алынады.Сонымен қатар, көшкін қаупін бағалау және көшкін қаупі бар учаскелердің (Кіші және Үлкен Алматы, Қарғалы, Ақсай өзендерінің бассейні) төлқұжатын жасау үшін 168,8 млн теңге сомасына 3 жылдық жоба жүзеге асырылуда.Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу орталығының мәліметінше, Алматы агломерациясын толық қамту және сейсмологиялық деректерді өңдеу жылдамдығын арттыру үшін қазіргі 51 сейсмостанцияға қосымша 70 станция орнату қажет. Бұл 2025-2026 жылдары жүзеге асырылып, жер сілкінісінің ерте ескерту жүйесін жетілдіруге мүмкіндік береді.Қала аумағы бірыңғай бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы жұмыс істейтін сейсмодатчиктермен қамтылады. Бұған қоса, Алматы инфрақұрылымын Қытай, Қырғызстан және Өзбекстан сияқты көршілес мемлекеттердің жүйелерімен интеграциялауға дайындық жұмыстары жүргізіледі.Қаланың қауіпсіздігін арттыру мақсатында симуляциялық оқу-әдістемелік орталықтың құрылысы да жоспарланған. Бұл жоба тұрғындарды төтенше жағдайда өзін-өзі құтқару және алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларына үйретуге жол ашады. Орталық нұсқаушылары азаматтарға қауіп-қатер кезінде өзін-өзі қорғау және алғашқы көмек көрсету әдістерін үйретеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/897986
Алматыда 2025 жылы қандай жолайрықтарын салу мен көшелерді ұзарту аяқталады 06.12.2024
Алматы мәслихатының кезектен тыс сессиясы барысында депутаттар мегаполистің үш жылдық бюджетін бекітті. Онда көлік инфрақұрылымының бірқатар жобаларын аяқтауға қаражат қарастырылған.Мәселен, 2025 жылы Сейфуллин даңғылы - Жансүгіров көшесінің қиылысындағы жолайрығының құрылысын аяқтау және Саин көшесі Рысқұлов даңғылынан Ақын Сара көшесіне дейінгі, сондай-ақ Абай даңғылын қала шекарасына дейін ұзарту жұмыстарын аяқтау жоспарланған.Келесі жылдың шілде айында Саин көшесін Рысқұлов даңғылынан Ақын Сара көшесіне дейін жалпы ұзындығы 3,2 км ұзарту аяқталады, соның арқасында Момышұлы көшесінен көлік жүктемесінің 40% - ға төмендеуі күтілуде.Сондай-ақ мамыр айында Абай даңғылының Б.Момышұлы көшесінен қала шекарасына дейінгі аралығы пайдалануға беріледі. Ұзартудың жалпы ұзындығы 5,3 км құрайды, екі жағында алты жолақты жол, веложолдар мен тротуарлар бар.Маусым айында Жансүгіров көшесі мен Сейфуллин даңғылының қиылысындағы жолайрығының іргелес аумағын абаттандырылып, құрылысты толық аяқтау жоспарлануда.Жоба Сейфуллин даңғылында көліктің үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін жалпы ұзындығы 690 метр болатын 2 тоннель салуды көздейді. Жансүгіров көшесі бойынша көлік құралдарының өтуі жер деңгейінде жүзеге асырылатын болады. Сондай-ақ 4 жер үсті жаяу жүргіншілер өткелі, тротуарлар және көгалдандыру қарастырылған.Бүгінгі таңда барлық съездерге асфальтбетон жабыны төселді, бір жер үсті жаяу жүргіншілер өткелі салынды, кәріз және байланыс желілерін қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Сейфуллин даңғылындағы «Батыс» және «Шығыс» тоннельдерінің асфальтбетон жабынын төсеу жұмыстары аяқталды.Айта кету керек,жолайрығы пайдалануға берілгеннен кейін Жансүгіров көшесінің өткізу қабілеті 15% - ға, Сейфуллин даңғылының өткізу қабілеті 20% - ға артады деп күтілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/897999
Алматыда 2025 жылы ауқымды ағаш отырғызу басталады 06.12.2024
2025 жылы Алматы қаласының аумағында үш деңгейлі көгалдандыру бойынша ауқымды жұмыстар басталады, онда бірінші деңгей көгалдар мен гүлзарлардан, екінші деңгей – бұталар мен сәндік өсімдіктерден, ал үшіншісі - ірі ағаштардан тұратын болады. Бұл туралы қаланың үш жылдық бюджеті бекітілген Мәслихаттың кезектен тыс сессиясы кезінде белгілі болды.Барлығы 27 мыңға жуық ірі ағаш отырғызу жоспарлануда, оның 23 мыңының биіктігі 4 метрден, ал 4 мыңының биіктігі 6 метрден асады."Қаланы абаттандыру және көгалдандыру – жайлы қалалық орта құру және алматылықтардың өмір сүру сапасын арттыру бойынша біздің басты басымдығымыз", - деп атап өтті Ерболат Досаев.Екпелер жалпыға ортақ пайдаланылатын жерлерде: магистральдық көшелер бойында, саябақтарда, скверлерде, бульварларда және басқа да қоғамдық кеңістіктерде жүргізілетін болады. Бұл тәсіл қысқа мерзімде көлеңкелер мен жасыл аймақтарды құруға мүмкіндік береді, бұл әсіресе қаланың тығыз қоныстанған аудандары үшін өте маңызды.Жоба ағаштарды отырғызу мен күтудің заманауи әдістерін қолдануды қарастырады. Отырғызудан кейін екі жыл ішінде екпелерге жүйелі күтім, соның ішінде тамшылатып суару және автоматты суару жүйелерін орнату, сондай-ақ ағаштар мен бұталарды жергілікті жағдайларға бейімделген минералды тыңайтқыштармен қоректендіру ұйымдастырылады, бұл олардың өмір сүруін тездетеді.Көгалдандыру экологиялық жағдайды жақсартуға және қалалық ортаның сапасын арттыруға бағытталған. Ірі ағаштарды отырғызу толыққанды жасыл инфрақұрылымды қалыптастыру уақытын қысқартуға және тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/898008
Алматыда 2025 жылы тағы 100 мектеп автобусын сатып алу қаржыландырылады 06.12.2024
Қаланың 2025-2027 жылдарға арналған тиісті бюджеті Алматы мәслихатының сессиясында қабылданды.Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласының «Мектеп автобусы» жобасы Қазақстанда алғаш рет 2023 жылы Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша іске қосылған болатын.Жобаның екінші кезеңі аясында ағымдағы жылы оқушыларды тасымалдау үшін қосымша 100 автобус сатып алынды. Осылайша, қазір 200 автобус 51 мектептің 9 мыңнан астам оқушысын тасымалдайды. Келесі жылы Алматы әкімдігінің жобалық кеңсесінің қолдауымен тағы 100 автобус сатып алу жоспарлануда.Автобустар шалғай және жету қиын аудандарда тұратын балалар оқитын мектептерден өтінімдер түскен сайын маршруттарға шығады. Бұған басымдық беріледі, себебі мектеп автобустары осыған қарай бөлінеді. Әр мектеп үшін оқушылардың тасымалдануын қамтамасыз ету үшін егжей-тегжейлі маршруттық парақтар әзірленді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/898012
В 2025 году в Алматы планируется благоустройство рощи Баума 06.12.2024
Бұл туралы қаланың үш жылдық бюджеті бекітілген Мәслихаттың кезектен тыс сессиясы кезінде белгілі болды. Баум тоғайы-қаланың басты табиғи нысандарының бірі. Тоғайдың ауданы 137,7 га құрайды, ол Түрксіб ауданында Сейфуллин мен Сүйінбай даңғылдарының арасында орналасқан.Жобаның мақсаты-тоғайды экологиялық маңызы бар аумақ ретінде жаңғырту, тұрғындар арасында эко-сананы дәріптеу. Тәсілдің ерекшелігі-тоғайдың табиғи компонентіне минималды араласу.Аумақта шағын архитектуралық формалар пайда болады: орындықтар, беседкалар, урналар, сондай-ақ балалар ойындары мен спортқа арналған жабдықтар. Көгалдандыру кезінде эрозияны болдырмау және жер жұмыстарын азайту үшін табиғи рельеф пен жер жамылғысы сақталады.Баум тоғайы үш аймаққа бөлінеді:*Белсенді аймақ-ашық инфрақұрылымға қол жетімділікті қамтамасыз ету үшін тоғайдың периметрі бойынша орналасады.*Рекреациялық аймақ-ең аз инфрақұрылымы бар тыныш демалыс орны болады.*Эко-аймақ-шектеулі араласумен табиғи флора мен фаунаны сақтауға және қалпына келтіруге арналған.Бүкіл жоба үш негізгі қағидаға негізделген: қалпына келтіру, эко-аймақтарға бөлу және қауіпсіздік. Абаттандыруды жүзеге асыру тоғайды қала тұрғындары үшін заманауи, экологиялық және жайлы демалыс аймағына айналдыруға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/898014
Алматыда 10,5 мың педагог біліктілігін арттыруға 2 млрд теңгеден астам қаражат бөлінеді 06.12.2024
Алматыда 10,5 мыңнан астам педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Қаланың 2025-27 жылдарға арналған тиісті бюджеті Алматы мәслихатының сессиясында қабылданды.Қаланың білім беру сапасын арттыру мақсатында ағымдағы жылы біліктілікті арттыру курстарымен 1 360 педагог қамтылды (420 педагог пен мектеп директорлары, 440 мектепке дейінгі білім беру педагогі, инклюзивті білім беруді іске асыратын 300 педагог, 200 колледж өндірістік оқыту шеберлері, олардың 510-ы Сингапур, Финляндия, АҚШ, Жапония, Кореяда халықаралық тағылымдамадан өтті).2025 жылы осы мақсаттарға 10,5 мың педагог үшін 2 млрд теңге бөлінеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/898016
ШОБ-тің Алматы экономикасын дамытуға қосқан үлесі биылғы жылдың қорытындысы бойынша 60% - ды құрауы мүмкін 06.12.2024
Шағын және орта бизнес Алматы экономикасының негізін құрайды. Оның қалалық экономиканы дамытуға қосқан үлесі 2024 жылы 60%-ды құрайды деп күтілуде. Бұл туралы 2025-2027 жылдарға арналған қала бюджеті қабылданған қалалық мәслихат сессиясы барысында мегаполис әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді."Бүгінде шағын және орта бизнес секторында 942 мыңға жуық алматылықтар жұмыс істейді, бұл қалада жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 85% - дан астамын құрайды. Қалада құрылатын тұрақты жұмыс орындарының 80% - ы ШОБ-қа тиесілі", - деді Ерболат Досаев.Оның айтуынша, биыл ШОБ-ты қолдау және дамыту үшін бюджеттен 53,1 млрд теңге бөлінген. Бұл қаражат кәсіпкерлікті субсидиялауға, кепілдендіруге және кредиттеуге бағытталған, бұл жалпы сомасы 125,3 млрд теңгеге 1,8 мың жаңа жобаны қолдауға мүмкіндік берді.2025 жылы ШОБ-ты қолдауға қаржыландыруды 71 млрд теңгеге дейін ұлғайту жоспарлануда. Бұл 4 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектілерінің дамуын қолдауға мүмкіндік береді.Бұл шаралар Алматының еліміздің экономикалық орталығы ретіндегі ұстанымын нығайта отырып, 2030 жылға қарай ШОБ салымын 75% - ға дейін ұлғайтуға ықпал етеді, деп түйіндеді қала әкімі.Айта кетейік, 2025 жылға Алматы қаласының бюджеті 2 трлн 177 млрд теңгені құрады. Бұл бюджет 1 трлн 70 млрд. теңгені құраған 2022 жылдың басымен салыстырғанда 2 есе көп. Бюджет әлеуметтік бағдарланған күйінде қалып отыр. Әлеуметтік салаға арналған шығыстар 15% - ға немесе 110,6 млрд теңгеге, яғни 851,9 млрд теңгеге дейін ұлғайды, бұл бюджеттің жалпы шығыстарының 40% -ын құрайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/898020
Алматы бюджеті әлеуметтік бағытын сақтайды 06.12.2024
Алматы мәслихаты 2025-2027 жылдарға арналған бюджетті бекітті. Құжатқа сәйкес, келесі жылы Алматыда әлеуметтік салаға 851,9 млрд теңге қарастырылған, бұл қала бюджеті шығындарының шамамен 40%-ы. Осылайша, 2025 жылы әлеуметтік салаға бөлінетін қаржы 15%-ға артады. 2024 жылы әлеуметтік салаға 741,2 млрд теңге, ал 2023 жылы 664,5 млрд теңге бөлінген еді.Бұл соманың ішінде денсаулық сақтау саласына 55,8 млрд теңге бөлінді.2025 жылы денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғыртуға бөлінетін қаржы 15%-ға ұлғайтылады. Сондай-ақ, 1326 дәрігер мен медицина қызметкерлерін үш деңгейлі оқыту бағдарламасын іске асыру жалғасады.Жаңа бюджеттің бір бөлігі №4 жедел медициналық жәрдем қосалқы станциясының, екі отбасылық-дәрігерлік амбулаторияның және Бостандық ауданындағы күніне 500 адам қабылдайтын жаңа емхананың құрылысын аяқтауға жұмсалады. Қалалық медициналық мекемелер қажетті дәрі-дәрмекпен және жабдықтармен, соның ішінде вакциналар мен иммунопрофилактикаға арналған препараттармен қамтамасыз етіледі.Сирек кездесетін аурулары бар 4 мыңнан астам пациент тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі. 2025 жылы жедел жәрдем автопаркын жаңарту жалғасады, бұл мақсатта 50 көлік сатып алу жоспарлануда. Сонымен қатар, 2024-2025 жылдары 20 денсаулық сақтау нысанын күрделі жөндеу көзделген, оның 10-ын 2025 жылы аяқтау жоспарлануда. Денсаулық сақтау саласындағы 30 жаңа және ескірген нысанды жобалау жұмыстары да жалғасуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/898044
Алматыда үйлердің қасбеттерін жарықтандыру бойынша ережелер әзірленуде 06.12.2024
Бұл туралы 2025-2027 жылдарға арналған қала бюджеті қабылданған қала мәслихатының сессиясы барысында хабарланды.2023 жылғы 29 желтоқсанда мәслихат шешімімен Алматының Дизайн-коды бекітілгені белгілі.Бүгінгі таңда әкімдік магистральдық көшелер бойындағы үйлердің қасбеттерін сәндік-жарық безендіру бойынша жаңа ережелер әзірлеуде. Бұл қаланың үйлесімді келбетін қалыптастыруға және түнгі уақытта қалалық ортаның жақсы көрінуіне мүмкіндік береді.Сонымен қатар, қаланың эстетикалық келбетін жақсарту мақсатында 2022-2024 жылдары 5 млрд теңгеге 355 үйдің қасбеті жөнделді. 2025-2026 жылдары тағы 296 қасбетті жөндеу жоспарлануда.Естеріңізге сала кетейік, Дизайн коды-әрқайсысы жеке бағытты сипаттайтын қосымшалар жиынтығы. Мұндай қосымшалардың алтауы бар болатын: сыртқы ақпарат, навигация, көше жиһазы, көгалдандыру, қасбеттер мен қоршаулар. Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша қалалық нысандарды жарықтандыру бойынша жетінші қосымша қосылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/898056
Елімізде толық циклді өнеркәсіптік батареялар шығаратын алғашқы зауыт Жетісу облысында ашылды 06.12.2024
Бүгін Жетісу облысының толық циклді өнеркәсіптік батареялар шығаратын еліміздегі алғашқы кәсіпорын ашылды. Озық заманауи технологиялардың көмегімен өндірілетін батареялар мұнай-газ, тау-кен өнеркәсібінде, телекоммуникацияда, темір жолдарда, энергетикада кеңінен қолданылады. Сол сияқты жасыл энергетикада, атап айтқанда, күн, жел электр станцияларынан алынатын электр энергиясын сақтауда үздіксіз қуат көзі ретінде пайдаланылады. Өнімнің 40% отандық нарыққа, 60 % экспортқа бағытталған, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Зауыттың ашылу салтанатына облыс әкімі Бейбіт Исабаев қатысып, көпшілікті құттықтады:- Бүгін біз Қазақстанда баламасы жоқ жаңа зауыт – «Asma Industrial» ЖШС ашып отырмыз. Оның бірегейлігі сол, әр түрлі салаларда кеңінен қолданылатын толық циклді өнеркәсіптік аккумуляторларын шығарады. Бұл инвестициялық жобаның іске асырылуы облысымыз үшін өте маңызды оқиға деп есептеймін. Біз өз тарапымыздан барлық қажетті мемлекеттік қолдау көрсеттік. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 260 млн. теңге сомасына инженерлік желілер тартылды. Компания өз саласындағы инновациялық көшбасшы ретінде өз мәртебесін нығайтып, Мемлекет басшысы қойып отырған өндірістік саясатты алға бастыру міндетін іске асыру жолында жоғары нәтижелерге қол жеткізеді деп үміттенеміз, - деді Б.Исабаев.Зауыт директоры Серікбай Ажмағамбетовтің айтуынша, жобаның құны – 8,5 млрд. теңге. Зауыт жылына 210 мың дана өнім шығаруға қауқарлы. Өндіріс толық қуатына шыққанда, жұмыс орындарының саны 180-нен асып, жергілікті тұрғындар тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіледі. Бұл ретте зауыт өнімінің бір бөлігі экспортқа жөнелтіліп, бір бөлігі жергілікті нарыққа шығарылады.- Осы жобаны 2021 жылдан қолға ала бастадық. Содан бері бізге қолдау көрсетіп келе жатқан азаматтардың бәріне алғысымды білдіремін. Біздің ұжымымыз жас, енді қалыптасу үстінде, қажетті кадрларды қабылдау жұмыстары жүріп жатыр. Мамандарымыздың көпшілігінің осы салада бірнеше жылдық тәжірибесі бар. Ал жас мамандарды процесс барысында оқытып, үйрететін боламыз. Өнімдерімізге сұраныс бар, бұл ретте іргелі компаниялармен келісімдер жасалуда, - деді С. Ажмағамбетов. Жаңа зауытқа жұмысқа тұрғандардың арасында талдықорғандық Дастан Қанатқанов та бар. Ол қазір қорғасын пластинкаларын құю цехының бастығы қызметінде.- Өндіріс саласында жұмыс істеп жүргеніме 10 жылдай болды. Қазақстанда мұндай зауыт біреу-ақ, сондықтан осы бірегей кәсіпорында жұмыс істеп, кәсіби дамуымды жалғастыру мен үшін өте маңызды. Біздің зауытта Корея технологиясы қолданылады, бұл шығаратын батареялар аса күрделі салаларда - тау-кен, теміржол, телекоммуникация салаларында қолданылады. Кез келген өңірдің қуатты іргетасы – ондағы ірі өндіріс орындары. Яғни салық түсімі молайып, сол арқылы аймақта инфрақұрылым жақсарады, жол, су, жарық, газ сияқты халыққа керекті жағдайлар жасалады. Сондықтан бұл жаңа зауыттың облыстың дамуына қосатын үлесі мол болады деп сенемін, - деді. Атап өтсек, Жетісу облысының өнеркәсіп өндірісінде 549 кәсіпорын жұмыс істейді, оның 14-і ірі, 13-і орта кәсіпорын, онда 30 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған. 2024 жылдың 10 айында 3,9% өсіммен 278,8 млрд. теңге өнеркәсіптік өнім өндірілді. Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Фотографтар: Жеңіс Ысқабай, Дмитрий ЕрофеевАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/897887
Жаңа ауданға жаңа міндеттер қойылды 06.12.2024
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Жаңасемей ауданының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында өңір басшысы атқарылған жұмыстар туралы айтып, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Кездесу соңында азаматтарды жеке қабылдап, олардың өтініштерге тиісті жауаптар қайтарылды."Облыс тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру мен әл-ауқатын арттыру бойынша үнемі жұмыс жүргізілуде. Міндет — өңір тұрғындары үшін қолайлы және қауіпсіз орта құру. Бұл шаруада сіздердің де облыс өміріне белсенді қатысуларыңыз оның дамуы үшін маңызды. Өткен жылы ауқымды жұмыстар жүргізілді. Ағымдағы жылы біз инфрақұрылымды жақсартуға, білім беру мен денсаулық сақтауды дамытуға бағытталған маңызды жобаларды іске асыруды жалғастырамыз", - деп атап өтті облыс әкімі.2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша өңір экономикасында оң динамика байқалады. Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 55 442-ге дейін өсті, оның 734-і Жаңасемей ауданында тіркелген. Аудан аграрлық салада жоғары әлеуетке ие. 10 айда жалпы өнім көлемі 18,5 млрд теңгені құрады, ал нақты көлем индексі 101,6% - ға жетті. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру де жоғары деңгейде: 13 мың тонна ет, 7 мың тонна сүт, 2,7 млн жұмыртқа өндірілді.2024 жылы ауданда инфрақұрылымды жақсарту бойынша ауқымды жұмыстар басталды. Әлеуметтік осал топтағы азаматтар үшін жалпы ауданы 5 916 ш. м. 88 үй сатып алу жоспарлануда. Ақбұлақ және Половинки ауылында су құбыры желілерінің құрылысын аяқтады. Алғабас пен Шаған ауылдарында осындай жұмыстар жүргізілуде. Көше жарығы төрт елді мекенде орнатылды. 6 ауылда жарықтандыру бойынша қажетті құжаттамалар дайындалып тиісті құзыретті басқармаға бюджеттік тапсырыс ұсынылатын болады.Талица және Приречное ауылдарында су құбыры желілерін салу және реконструкциялау үшін жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп сараптаманың оң қорытындысы алынған. Жобаларды іске асыру үшін тиісті басқармаға бюджеттік өтінім берілді.Ауданда 18 мектеп жұмыс істейді, оның бесеуі күрделі жөндеуді қажет етеді. 2025-2027 жылдарға 11 мектепке кешенді жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспары Білім басқармасымен бірлесіп әзірленді. Ауданда алғаш рет Озерки ауылында заманауи 70-орындық бала-бақша ашылды. 2025 жылдың 1 тоқсанында Приречный ауылында 60-орынға арналған бала-бақша ашылуы жоспарланып отыр.«Демеу» қорының қолдауымен Озерки ауылының мәдениет үйінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оған қоса, Шүлбі кентінде мәдениет үйінің құрылысы жүргізілуде. Бұл ауыл тұрғындарының мәдени-әлеуметтік өміріне оң әсер береді. Шүлбі кентінде Самұрық Қазына АҚ-ның қолдауымен заманауи спорт модулі ашылды.Сондай-ақ, Алғабас ауылында спорт модулінің құрылысы іске асырылып жатыр.Бұқаралық спортты дамыту мақсатында 3 ауылда дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірлендіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/897797
Құрметті Zakon.kz ұжымы! 06.12.2024
Сіздерді 25 жылдық мерейтойларыңызбен шын жүректен құттықтаймын!Сіздер ширек ғасыр бойы қазақстандық қоғамның сенімді ақпараттық серіктесі ретінде елдің дамуына үлес қосып келесіздер. Объективтілік және шынайы дереккөздерге негізделген ақпараттарыңыз оқырмандарыңыздың құрметіне ие болды.Zakon.kz – тек ақпарат таратушы ғана емес, сонымен қатар қоғамдық пікір қалыптастырушы маңызды алаң. Сіздердің кәсібиліктеріңіз, шығармашылық ізденістеріңіз және өз істеріңізге деген адалдықтарыңыз медиа саласының өркендеуіне елеулі үлес қосуда.Бүгінгі мерейлі күнде интернет басылымның негізін қалаушылардан бастап, қазіргі уақытта адал еңбектеніп жүрген барша қызметкерлерді шын жүректен құттықтаймын! Алдағы уақытта да Zakon.kz жаңа биіктерді бағындырып, маңызды әрі сапалы ақпараттардың жаршысы боларына сенім мол.Сіздерге шығармашылық табыс, кәсіби жетістіктер, тұрақты даму мен жаңа оқырмандар тілеймін!Құрметпен,Абай облысының әкімі Н. ҰранхаевАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/897804
Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді 06.12.2024
Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова брифинг өткізді.Брифингте Әділет вице-министрі «Зияткерлік меншік: Қазақстандағы инновациялар мен шығармашылықты қорғау» тақырыбында журналистердің сауалдарына жауап берді.Вице-министр зияткерлік меншік саласында заңнаманы жетілдіру, халықаралық ынтымақтастықты нығайту, құқық қолдану практикасын күшейту, «географиялық нұсқама», авторлық құқық және т. б. бірқатар салаларда ауқымды жұмыстар атқарылғанын айтты.Сондай-ақ, қазіргі әлемде зияткерлік меншік құқықтарын тиімді қорғау, экономикалық дамуды ынталандыруда шешуші рөл атқаратындығын атап өтті.Сілтеме: https://www.youtube.com/live/FfrKggWDxm0?si=NlX8LPXROzWl7WaiАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/897931
Қазақстандағы алғашқы Шахмат үйі Көкшетауда ашылды 06.12.2024
Бүгін Көкшетауда елдегі алғашқы Шахмат үйінің салтанатты ашылуы өтті. Бұл – шахмат шеберлігін оқыту мен дамытуға арналған бірегей орталық. Ашылу рәсіміне Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов, сондай-ақ жас чемпиондар – 2023 жылғы әлем чемпионы (10 жасқа дейінгі) Данис Куандықұлы және Азия чемпионаттарының жүлдегері Жансая Шолпанбек қатысты.«Шахмат үйінің ашылуы – біздің облыс үшін маңызды оқиға. Бұл орталық шахматшылардың жаттығу орны ғана емес, интеллектуалдық ойында табысқа ұмтылатын жастардың басын қосатын орынға айналады. Жобаның жүзеге асырылуы Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында орындалды», – деді өз сөзінде Марат Ахметжанов.Тимур Турлов бұл бастаманың Қазақстанда шахмат қозғалысын дамыту үшін маңыздылығын атап өтті.«Шахмат үйі жаңа чемпиондарды дайындау, жастар арасында шахматты насихаттау және ойыншылардың шеберлігін жетілдіру үшін басты алаңға айналады», – деді Т. Турлов.Жобаны Қазақстан шахмат федерациясы (KazChess) Freedom Broker компаниясының қолдауымен жүзеге асырды. Шахмат үйі заманауи ойын залдарымен жабдықталған, олар оқыту, жаттығу және жарыстар өткізу үшін жайлы жағдай жасайды. Орталық сонымен қатар оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыруға, шахматшыларды ірі турнирлерге дайындауға және олардың кәсіби деңгейін арттыруға пайдаланылады.Айрықша көңіл танымал гроссмейстерлердің шеберлік сабақтарын өткізуге арналған жағдай жасауға бөлінген. Орталық әртүрлі деңгейдегі шахматшылар арасында тәжірибе алмасу алаңына айналады.Бүгінгі таңда Ақмола облысында 13 450 адам шахматпен шұғылданады, олармен 248 жаттықтырушы жұмыс істейді. Облыста 5 балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі бар, онда 138 жас шахматшы жаттықтырушылардың басшылығымен шеберлігін шыңдайды. Сонымен қатар, облыста 395 мектеп шахмат секциясы жұмыс істейді, онда 7 мыңнан астам оқушы білім алуда. 38 мектепте вариативті компонент аясында «Шахмат негіздері» курстары ашылған.Аймақта жарыстар өткізу үшін 11 бірінші санатты төреші, бір халықаралық санаттағы төреші және ФИДЕ арбитрі сияқты білікті төрешілер құрамы бар.Көкшетаудағы Шахмат үйінің ашылуы Қазақстанда шахмат қозғалысын дамытудың маңызды кезеңіне айналды және шахматшыларға өсу мен жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін жаңа мүмкіндіктер беруде. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/897802
Ақтөбеде онкологиялық диагностика орталығын ашу жоспарлануда 06.12.2024
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Orhun Medical компаниясымен денсаулық сақтаудың сегіз ауқымды жобасын жүзеге асыру туралы келісімге қол қойды. Олардың қатарында бірқатар өңірде онкологиялық ауруларды диагностикалау сапасын едәуір арттыруға мүмкіндік беретін қазіргі заманғы позитрон-эмиссиялық томография орталықтарын құру да бар. Атап айтқанда, Ақтөбеде осындай орталықтардың бірін ашу жоспарлануда, бұл облыстың медициналық инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадам болмақ. Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Orhun Medical бас директоры Гоненч Н. Дирикпен кездесіп, өңірде орталық ашу жөніндегі жобаны іске асыру мәселелерін талқылады. Кездесу барысында Гоненч Н. Дирик Ақтөбе облысы компания үшін маңызды өңір болып саналатынын және онкодиагностика орталығын құру тұрғындарға өңір аумағынан шықпай-ақ, озық диагностикалық зерттеулерден өтуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Ол орталықтың іске қосылуы онкологиялық аурулармен күрес саласындағы ауқымды жобаларды дамытудың бірінші кезеңі болатынын жеткізді. «Көптеген жыл бойы өңірдің ем алушылары онкологиялық ауруларды диагностикалаудың мамандандырылған орталықтарына жүгініп келеді. Жақында Ақтөбеде онкологиялық диагностиканың жаңа орталығы ашылады, ол барлық қажетті тексерулерді тікелей сол жерде жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл пациенттер үшін диагностикаға қол жеткізуді айтарлықтай жеңілдетеді, оларды Астанаға немесе Алматыға бару қажеттілігінен босатады. Орталықтың ашылуы - үлкен жобаның бірінші кезеңі ғана. Алдағы уақытта онкологиялық ауруларды емдеуге бағытталған жаңа бастамаларды іске асыру жоспарлануда»,деді Гоненч Н. Дирик. Облыс әкімі Асхат Шахаров компанияның бастамасына қолдау білдіріп, медициналық қызметтердің сапасы мен диагностиканың қолжетімділігін жақсарту үшін жобаның маңыздылығын алға тартты. Ақтөбедегі позитрон-эмиссиялық томография орталығын келер жылы іске қосу жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/897822
Атбасар ауданының әкімі тағайындалды 06.12.2024
2024 жылғы 6 желтоқсанда Ақмола облысы әкімінің өкімімен, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі және мәслихат депутаттарының мақұлдауымен, Атбасар ауданының әкімі болып Кенеш Әлімжанов тағайындалды.Жаңа әкімді аудан активіне Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Елдос Рамазанов таныстырды. Ол аудан әкімдігіне жүктелген негізгі міндеттерді атап өтті.Жаңа әкімнің алдына ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету міндеті қойылды. «Әр тұрғын үшін қолайлы өмір сүру жағдайлары коммуналдық қызметтердің сапалы жұмысымен және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарының тиімділігімен бағаланады. Басты міндеттердің бірі – сумен жабдықтау, жол инфрақұрылымын дамыту және әлеуметтік нысандарды салу бойынша жүзеге асырылып жатқан жобаларды аяқтау. Сонымен қатар, аудан әкімдігі жылыту маусымын сәтті әрі үздіксіз өткізуі қажет», – деп атап өтті Елдос Рамазанов.Бұдан бөлек, Атбасар ауданы әкімдігіне кәсіпкерлікті дамыту резервтерін толық пайдалану, мемлекеттік қолдау мүмкіндіктерін тиімді қолдану, жол бойындағы инфрақұрылымды дамыту жұмыстарын жандандыру сынды тапсырмалар берілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/897735
«Қасбеттен қасбетке дейін»: Ерболат Досаев Алматы көшелерін жаңғыртудың жаңа қағидаты туралы айтты 06.12.2024
Алматыда көшелерді жаңғыртудың жаңа қағидаты – «қасбеттен қасбетке дейін» енгізілуде. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев 2025–2027 жылдарға арналған қалалық бюджет талқыланып жатқан мәслихат сессиясында мәлімдеді.«Бүгінде әлемнің дамыған мегаполистерінде барлық инфрақұрылымдық қабатты жаңғырту арқылы көшелерді кешенді көріктендіру жұмыстары «қасбеттен қасбетке дейін» қағидаты бойынша жүргізілуде. Біз Алматыда алғаш рет осы халықаралық тәжірибені қолдана бастадық», – деді қала басшысы.Әкімнің айтуынша, «қасбеттен қасбетке дейін» қағидаты бойынша қазіргі уақытта Достық даңғылының әл-Фараби даңғылынан Құрманғазы көшесіне дейінгі және Пушкин көшесінің Гоголь көшесінен Райымбек даңғылына дейінгі бөлігін жаңғырту жобалары аяқталды. Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың наурыз айында басталады. Бұл мақсатқа 3,7 млрд теңге қарастырылған.2025 жылы Радостовец, Мақатаев, Әуезов, Гоголь, Жандосов, Розыбакиев және Сәтбаев сынды тағы 7 көшені жобалау аяқталады.«Алматыбасжоспар» ҒЗИ ЖШС-нің мәліметінше, жобалық жұмыстар аясында қалалық инфрақұрылымды кешенді қайта құру көзделген: көшелер заманауи жаяу жүргіншілер жолдарымен жабдықталып, тұрғындардың қауіпсіздігін әрі жайлылығын қамтамасыз етеді. Тротуарларда жайлы орындықтар, күркелер, қоқыс жәшіктері және жаңа жарықтандыру бағаналары орнатылады.Барлық жұмыс Алматы тұрғындары мен қонақтары үшін жайлы, экологиялық және тартымды орта құруға бағытталған заманауи көріктендіру стандарттарын ескере отырып жүргізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/897737