Саясат
Алматы әкімі мердігерлерге №4 ҚКБ қабылдау бөлімін белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды 21.06.2025
Алматы әкімі №4 ҚКБ қабылдау бөлімін уақытында аяқтауды тапсырдыАлматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды №4 қалалық клиникалық аурухананың қабылдау бөліміндегі қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты. Бұл - тәулік бойы үздіксіз қызмет көрсететін, Алматыдағы маңызды көпсалалы медициналық мекемелердің бірі.Қабылдау бөліміне тәулігіне орта есеппен 250-300 науқас түседі. Жылына клиникада 12 500-ге дейін ота жасалады. Мұнда 260 дәрігерді қамтыған жалпы саны 1118 қызметкер жұмыс істейді.Жаңғырту жобасы жалпы ауданы 7 мың шаршы метрге жуық 5 бөлім мен 4 блокты қамтиды. Негізгі мақсат - қабылдау бөлімін кеңейту, халықаралық triage-сұрыптау жүйесін енгізу, жаңа операциялық залдарды ашу, 12 төсектік шұғыл ОАРИТ бөлімін құру, сондай-ақ өңірлік травматология және ортопедия орталығын қалыптастыру. Қайта жаңғыртуды аяқтау мерзімі - 2026 жылғы ақпан деп белгіленген.Құрылыс барысында медициналық мекеменің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету басты назарға алынған. Бұл үшін оқшауланған желдету жүйесі, нақты демонтажды бақылау, ангиографқа арналған «жасыл дәліз» және диагностикалық қызметтерге жеке қолжетімділік қарастырылған.Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды мердігер ұйымдарға барлық кезеңдерде жоғары сапаны қамтамасыз ете отырып, белгіленген мерзімдерге қатаң мән беруді тапсырды.Жұмыс сапары аясында қала әкіміне онкологиялық орталықтың қазіргі жағдайы туралы баяндалып, 250 төсек-орындық көпсалалы аурухана мен бір ауысымда 350 келушіні қабылдай алатын кеңес-диагностикалық орталықтың құрылыс жобасы ұсынылды.Жыл сайын онкология орталығына келетін науқастар саны өсуде. Соңғы алты жылда ем алғандар саны екі есеге артып, 12 мыңнан 24 мың адамға жетті. Осыған байланысты жаңа заманауи онкоорталық салу қажеттілігі туындап отыр.Қала әкімі Дархан Сатыбалды бейінді инфрақұрылымды дамыту мен халыққа жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімділігін арттырудың маңыздылығын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1017686?lang=kk
«ҚазАгроҚаржы» өз лизинг бағдарламасын іске қосты 21.06.2025
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің компаниялар тобына кіретін «ҚазАгроҚаржы» АҚ өз қаражаты есебінен жаңа лизинг бағдарламасын нарыққа шығарды. Бағдарлама қажеттіліктері қолданыстағы жеңілдетілген бағдарламалардан асып түсетін ауыл шаруашылығы өндірушілеріне бағытталған. Жаңа өнім шаруаларға қазір қолжетімді.Бағдарлама «Бәйтерек» Холдингінің еншілес компанияларды қаржыландыру бағдарламалары бойынша мөлшерлемелерді біріздендіру жөніндегі жаңа стратегиясының шеңберінде әзірленді және жылдық 12,6% мөлшерлемені, 10 жылға дейінгі лизинг мерзімін және 15%-дан басталатын авансты көздейді. Қаржыландыру тек компанияның меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады, бұл өнімді ағымдағы сұраныс жағдайында ұзақ мерзімді инвестициялық ресурстарға өте икемді етпек.«Жаңа бағдарлама – нарық сұранысына біздің стратегиялық жауабымыз. Жеңілдетілген механизмдерден қалыс қалған бағыттар мен техника түрлері жетерлік. Оларды қаржыландыруға да қажеттілік сақталып отыр. Өз ресурстарымызды пайдалана отырып, біз мемлекеттік бағдарламалардан тыс қалғандар үшін қосымша мүмкіндіктерге жол ашып отырмыз. Бұл жеңілдетілген шешімдерге балама емес, оларды логикалық және дер кезінде толықтыру», - деп атап өтті «ҚазАгроҚаржы» АҚ басқарма төрағасы Айдар Прашев.Осылайша, бағдарлама шеңберінде 2025 жылы АӨК субъектілерінің кең ауқымын қамти отыра, 20 млрд теңге шамасында қаржыландыру жоспарланып отыр. Жаңа өніммен қатар, «ҚазАгроҚаржы» отандық техниканы жылдық 5%-бен лизингке берудің флагмандық жеңілдетілген бағдарламасын іске асыруды жалғастыруда. 2025 жылы оған 200 млрд теңге бөлінді, қазірдің өзінде 76 млрд теңге сомасына 4 мыңнан астам техника сатып алу қаржыландырылды. Сондай-ақ, «Қазақстанда жасалған», 6%-бен «Жеңілдетілген лизинг», «Өз жем-шөбіміз» бағдарламалары да қолданыста, осы бағдарламалар бойынша қаржыландыру 18,5 млрд теңге көлемінде деп болжанған.Бұл құралдардың барлығы ауыл шаруашылығын дамытуға, азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға және отандық машина жасауды қолдауға бағытталған.Дереккөз: ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми сайтыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/1017722?lang=kk
Катонқарағай ауданындағы «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалі аяқталды 21.06.2025
Шығыс Қазақстан облысында Катонқарағай ауданындағы «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалі мәреге жетіп, нағыз мәдениет мерекесіне айналды. Шараға ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты. «Фестиваль мәдениеттердің жақындасып, тіл табысуына негіз болды. Ол бірлік рухымен, әуенімен, жарықпен және жылулыққа толы болды. Бұл шара қатысушылардың және көрермендердің жүректерінде терең із қалдырып, халқымыздың рухани мұрасын сақтау және дамыту жолындағы бастамаларына серпіліс береді», — деді ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов. Шоу-фестиваль аясындағы бағдарламада этноансамбльдердің көрсетілімі болды, Қазақстанның әр аймағынан және әлемнің 11 мемлекетінен келген эстрада жұлдыздары көрермендерге көтеріңді көңіл-күй мен мереке атмосферасын сыйлады. Қонақтар түркі әлеміның байлығы мен әралуандығын көрсететін бірегей музыкалық туындыларды тыңдады. Эпостық әуендердің қатарындағы «Очи Бала» (орындаушы — Болот Байрышев, Ресей Федерациясының Алтай Республикасынан), «Домбыра» (Архан Уйғу, Ресей Федерациясының Саха Республикасынан), «Осы музыка ұнайды» (Ернар Садырбаев) және «МузАрт» тобы орындаған «Ұлы Дала» әні кездесудің сәніне айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1017742?lang=kk
Жетісу облысы әкімінің БАҚ өкілдері арасындағы «Құлагер» байқауының ережесі 21.06.2025
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ1.1. Жетісу облысы әкімі «Құлагер» сыйлығы үшін журналистер арасындағы байқау – облыстағы бұқаралық ақпарат құралдары (бұдан әрі – БАҚ) мен жаңа медиа өкілдері арасында дәстүрлі түрде өткізілетін байқау.Байқаудың ұйымдастырушысы – Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы (бұдан әрі – ҚДБ).1.2. «Құлагер» байқауы Жетісу облысының дамуын ақпараттық қолдауға бағытталған облыстық ауқымдағы іс-шара.1.3. Байқауға Жетісу облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен өзге де өзекті мәселелерін жариялап жүрген штаттық немесе штаттан тыс авторлар, өңірлік газеттердің редакциялары, телерадиокомпаниялар, шығармашылық бірлестіктер, ақпараттық агенттіктер мен жаңа медиа өкілдері қатыса алады.БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ2.1. Жетісу облысы әкімінің БАҚ өкілдері арасындағы «Құлагер» байқауы халықты облыс аумағында атқарылып жатқан жұмыстардан хабардар ету мақсатында өтеді.2.2. Байқаудың негізгі мақсаттары:- бұқаралық ақпарат құралдарын дамыту және ілгерілету;- жаңа медианы танымал ету (блогинг, мобильді журналистика және т.б.);- Жетісу облысының әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын көрсету.2.3 Байқаудың негізгі міндеттері:Баспа, электронды БАҚ және жаңа медиа өкілдерінің кәсіби дамуын, шығармашылықта өзін-өзі дамытуын моральдық және материалдық тұрғыда ынталандыру;Облыстағы журналистика қоғамдастығында жаңа перспективалы есімдерді анықтау.КОНКУРСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР3.1. Жетісу облысы әкімінің БАҚ өкілдері арасындағы «Құлагер» байқауына қатысушылар:- өңірлік БАҚ, Республикалық БАҚ облыстағы меншікті қызметкелері;- жеке үміткерлер – өңірлік және республикалық БАҚ-та жұмыс істейтін журналистер (штаттық және штаттан тыс қызметкерлер), облыстық, қалалық, аудандық мерзімді басылымдар, телерадиокомпаниялар мен басқа да ақпараттық ұйымдардың өкілдері;- жаңа медиа өкілдері (блогерлер, қауымдастық әкімшілері және басқалар).3.2. Үміткер ұсынылған материалдардың заңды құқықтарына толық жауапты. Үміткер туралы ақпарат өтінімді толтыру кезінде қолданылған орфография мен пунктуацияны сақтай отырып жарияланады;3.3. Өткен жылы (2024 жыл) конкурстың жеңімпазы атанған БАҚ және жаңа медиа өкілдері ағымдағы конкурсқа қатыспайды. КОНКУРС АТАЛЫМДАРЫ4.1. Байқау келесі аталымдар бойынша өткізіледі: «Үздік мақала»;«Үздік телесюжет»;«Үздік оператор»;«Үздік бейне жұмыс»;«Үздік баспадизайн»;«Жұмысшы мамандықтарының жылы», «Таза Қазақстан», «Адал Азамат», «Заң және тәртіп» тықырыптарындағы үздік блогерлік жұмыс»;«Үздік фото».АРНАЙЫ НОМИНАЦИЯЛАР «Үздік баспасөз қызметі»;«Ардагер журналист»;«Бейсен Құранбек атындағы кәсіби шеберлігі үшін».КОНКУРС МАТЕРИАЛДАРЫН БАҒАЛАУ ӨЛШЕМДЕРІ:5.1. Байқау бір кезеңде өткізіледі.5.2. Үміткерлер тек бір номинацияға ғана қатыса алады. Тіркелген баспасөз, электрондық БАҚ-та және жаңа медиада 2024 жылғы 1 маусымнан бастап 2025 жылғы 23 маусым аралығында эфирге шыққан, жарияланған бір материал ұсынылуы тиіс.5.3. Берілген материалдардың біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалау үшін ұйымдастырушылар әділқазылар алқасын құрып, бекітеді. Қазылар алқасы тиісті біліктілік талаптарына сәйкес материалдарды сараптамалық бағалау әдісімен саралайды. 5.4. БАҚ материалдарын бағалау өлшемдері (1-ден 5 баллға дейін):Ұсынылған аталымға сәйкестігі;Мәселенің әлеуметтік маңызын азаматтық тұрғыдан көрсету шеберлігі;Материалды ұсынудағы жаңалық және ерекшелік, кәсібилік пен публицистикалық шеберлік;Жарияланым сапасы (тұжырымдар, цифрлар, фактілер);Фотосуреттердегі арнайы эффектілер 30% дан аспауы керек, авторлық құқық бұзылмауы қажет.БЕЙНЕМАТЕРИАЛҒА ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР:Файл көлемі: 25 ГБ дейін;Формат: mp4;Видеокодек: H264 (MainConcept);Bitrate: 3 600-ден 10 000 kbps-ге дейін;Разрешение: 1280х720 немесе 1920 х 1080;Framerate: 25fps;Keyframe: әрқайсысы 25;Қажет болған жағдайда қазылар алқасының мүшелері әр номинацияға қосымша талаптар қоюы мүмкін.БАЙҚАУДЫҢ ӨТУ ТӘРТІБІ6.1. Өтінімдер осы Ереже жарияланған күннен бастап 2025 жылғы 24 маусымға дейін қабылданады. Конкурсқа 2024 жылдың 1 маусмынан 2025 жылғы 23 маусым аралығында интернетті қоса алғанда, тіркелген газеттерде, тағы басқа да БАҚ-та, телеэфирлерде, әлеуметтік желілерде, блогтарда жарияланған материалдарды ұсынуға болады.6.2. Байқаудың қазылар алқасы берілген материалдарды бағалайды және ең үздік жұмыстарды іріктейді, солардың ішінен жеңімпазды анықтайды. Материалдардың авторы қазылар алқасы үшін жасырын болады.БАЙҚАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ7.1. Байқауды үйлестіру ұйымдастыру комитетіне жүктеледі.7.2. Ұйымдастыру комитеті байқауды өткізу кезінде деректер базасын әзірлеп, оның ішіне, байқауға қатысушылардың жіберген жұмыстарын, байқауға қатысушылардың тізімін, байқау жеңімпаздарының тізімін енгізеді.7.3. Ұйымдастыру комитеті жұмыс барысында осы Ережені басшылыққа алады.КОНКУРСТЫҢ ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ8.1. Конкурстық жұмыстарды бағалау үшін ұйымдастыру комитеті әр аталым бойынша қазылар алқасын құрады; 8.2. Қазылар алқасы ізденушілер ұсынған материалдарды қарайды, саралайды және сараптамалық бағалау жасайды; 8.3. Қазылар алқасының құрамына конкурстың ұйымдастырушысы –қоғамдық журналистік ұйымдардың, республикалық және аймақтық БАҚ өкілдері, қоғамдық бірлестіктер және т.б. 8.4. Қазылар алқасы байқау ұйымдастырушылары тарапынан бекітіледі. КОНКУРС ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРУ9.1. Қазылар алқасы конкурстың қорытындысы бойынша жеңімпаздарды анықтайды.9.2. Марапатқа лайық материалдар болмаған жағдайда қазылар алқасы жүлделі орын бермеу жөнінде байқау ұйымдастырушыларына ұсыныс жасауға хақылы. 9.3. Ресми қорытындыларды шығару және жеңімпаздарды бағалы сыйлықтармен марапаттау 2025 жылдың 27 маусымда өтеді. Ресми марапаттау салтанатына жүлделі орын алған журналистер, журналистік ұжымдар, қазылар алқасының мүшелері, ұйымдастырушылар мен демеушілер, мемлекеттік органдардың, іскер, академиялық және журналистік топтардың өкілдері қатысады.9.4. Қазылар алқасымен анықталған байқаудың жеңімпаздары сертификатпен, мүсіншемен және ақшалай сыйақымен марапатталады.БАЙҚАУҒА МАТЕРИАЛДАРДЫ ҰСЫНУ ШАРТТАРЫ10.1. Байқауды өткізудің белгіленген мерзімінен бұрын немесе кейін жарияланған, сондай-ақ, бұрын жарияланып, қайта басылған материалдар байқауға қабылданбайды. Ұсынылған материалдардың коммерциялық сипаты болмауы керек. 10.2. Конкурстық материалдар келесі мекенжайда қабылданады: Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, №28-үй, Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы немесе мына электрондық мекенжай бойынша: 7su-smi@mail.ru .10.3. Байқау жұмыстарының тілі – қазақ, орыс;10.4. Материалдар баспа немесе электрондық түрде қабылданады.10.5. Электронды басылымдарда өтінімдерді қабылдаудың шарттары:Материалдар MP4, full HD форматта қабылданады;Материалдың хронометражы 5 минуттан аспауы тиіс;Фотосуреттер ең төменгі кеңейтумен 2398х3602 пиксельден бастап.10.6. Конкурстық материалдар өңделмейді және қайтарылмайды. Байқауға берілген материалдар бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ интернет ресурстарда және басқа да дереккөздерде толық немесе ішінара жариялануы мүмкін.Дереккөз: Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасыЖетісу облысы әкімінің БАҚ өкілдері арасындағы «Құлагер» байқауының ережесіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/1017748?lang=kk
Астық, майлы дақылдар және бұршақ дақылдарын өндірушілерге арналған сауда стратегиясы бойынша ұсыныстар 16.06.2025 21.06.2025
Дәнді дақылдарДәнді дақылдар нарығында 28 плюс дәнмаңызы бар 3 классты бидайдың құны өсті.элеватардан, ҚҚС-мен, тг/кгАғымдағы баға(элеватор)ӨзгерістерҰсынымМүмкінмаксМүмкін минжұмсақ бидай 3 сыныпты, 28 клк +131+3ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ145-жұмсақ бидай 3 сыныпты, 25 клк дейін96-ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ100-жұмсақ бидай 3 сыныпты, 23 клк дейін91-ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ95-жұмсақ бидай 4 сыныпты, 20 клк дейін88-ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ92-жұмсақ бидай 5 сыныпты, 17клк дейін80-ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ84-арпа 2 сыныпты85-ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ87-Дурум (прот 14+)81-САТУ110-Дурум (прот 15+)94-САТУ13090Қызыл-бір апта ішінде төмендеу, жасыл-көтерілу, барлық бағалар-жаңа егінге қатыстыМайлы/Бұршақ Дақылдарытг/кг, с НДС, с элеватораТекущая ценаИзмененияРекомендацияВозможныймаксВозможный минЗығыр300+4ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ310-Рапс223-ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ250180Күнбағыс202-ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ210160Мақсары138-САТУ15085Соя204-ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ225-Қыша қара/ақ177-ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ300200Бұршақ (сары)*135-ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ14580Жасымық қызыл**238-ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ265-Зығыр395-ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ450-Майлы дақылдар тобында зығыр қымбаттады.- сыйақылы сапа кезінде солтүстік өңірлер, * * - ҚҚС-сыз Курсив жаңа өнім бөліп бердіТүсіндірме:Ағымдағы баға-келісімшарттар жасалатын элеваторда немесе вагонда Қазақстан ішіндегі ҚҚС-пен орташа өлшенген бағалар. Бағалар аймаққа, сапа көрсеткіштеріне, жеткізу шарттарына байланысты өзгеруі мүмкін.Ұсыныстар: Тоқтату-сауданы неғұрлым қолайлы бағаларға дейін тоқтата тұру ұсынылады; қажет болған жағдайда сату (техникалық, қаржылық); сату – тауарды сату ұсынылады, өйткені жақын арада қолайлы перспективалар күтілмейді.Мүмкін макс-бұл нақты брошюраның авторлары ағымдағы сауда маусымында бағаға жетуі мүмкін сияқты көрінетін бағаның жоғарғы шегі. Бұл пікір түпкілікті емес және жағдайға байланысты өзгеруі мүмкін.Мүмкін мин-бұл ағымдағы маусымда Мәдениет қол жеткізе алатын бағаның төменгі шегі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/1017761?lang=kk
ШҚО әкімі және ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қатонқарағай ауданындағы шекара бөлімшелеріне барды 21.06.2025
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтаганов және ҚР Парламенті Мәжілісі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары Катонқарағай ауданындағы Р. Батырханов атындағы және «Өрел» шекара бөлімшелерінде болды. Облыс әкімі және Мәжіліс депутаттары: «Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті депутаттарымен бірге Шығыс Қазақстан облысындағы шекара қызметінің жұмысымен танысып шықтық.Шекарашылар жақсы дайындалған және олар мемлекет шекарасынан ешкімнің заңсыз өтуіне жол бермейді.Шекара заставаларының инфрақұрылымын жақсарту қажет. Депутаттармен келесі үш жылдық бюджет кезінде қаражат бөліп беру жайлы келісімге келдік. Сонымен қатар, аймақ бюджетінен де қаражат бөліп, шекара заставаларының жайлап әлемдік стандартқа жетуіне атсалысамыз. Бұдан бөлек, орталық атқарушы органдармен келісе отырып, пилотсыз ұшу аппараттары және басқа да жабдықтарды сатып алуға бастама көтеретін боламыз», - деді облыс әкімі Нұрымбет Сақтаганов.Айқындалған проблемалар қатарында 1930 жылдары салынған және әбден тозығы жеткен ғимараттар, тұрақты электр қуатымен қамтамасыз етілмеуі және көлік қатынасының шектелуі де бар. 14 маусымда «Уба» шекаралық бақылау бөліміне бару жоспарлануда, мұнда да негізгі мәселе көлік қатынасының шектелуімен байланысты болып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1017815?lang=kk
ҚР-ның жоғары патогенді құс тұмауына қатысты қолайлы ел мәртебесі туралы өзіндік декларациясы ЖҚДҰ тарапынан мақұлданды 21.06.2025
Жануарларды қорғаудың дүниежүзілік ұйымы (ЖҚДҰ) Қазақстан Республикасының жоғары патогенді құс тұмауынан ада ел мәртебесіне ие екендігі жөніндегі өзіндік декларациясын ресми түрде мақұлдады. Бұл маңызды мойындау – Қазақстанның ветеринариялық қызметінің эпизоотиялық қолайлылық пен биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі және ғылыми негізделген жұмысының нәтижесі.Халықаралық талаптарға сәйкес, Ауыл шаруашылығы министрлігі эпидемиологиялық мониторинг, алдын алу шаралары, құс денсаулығына жүргізілген бақылау мен Қазақстан аумағында жоғары патогенді құс тұмауының ошағы болмағаны туралы мәліметтерді қамтитын толық құжаттаманы ЖҚДҰ-на жолдады.ЖҚДҰ тарапынан берілген бұл мойындау еліміздегі ветеринариялық бақылаудың жоғары деңгейде жүргізіліп отырғанын растайды және отандық құс шаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуетін арттыруға, әсіресе ветеринариялық талаптары қатаң елдер нарығына шығуға қосымша мүмкіндік береді.ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті эпизоотиялық мәртебелерді сақтау және кеңейту бойынша мақсатты жұмыстарын жалғастырып, биологиялық қауіпсіздік пен ветеринариялық қадағалау саласында жоғары стандарттарды қамтамасыз ете бермек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/1017874?lang=kk
ТЖМ жаз айындағы қауіпсіздік ережелері туралы ескертеді 21.06.2025
«Қазгидромет» РМК болжамдарына сәйкес еліміздің оңтүстік, батыс, орталық және шығыс өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды. 2025 жылдың 16 маусымында және алдағы күндері қатты ыстық пен өрт қаупі жоғары болады деп күтілуде. Осы кезеңдегі өрттің негізгі себептері - от жағу, сөндірілмеген темекі тұқылдары мен сіріңкелер, шөптер мен қоқысты рұқсатсыз жағу, балалардың отпен ойнауы. Өрт қаупі жоғары кезеңде өрт көздеріне, әсіресе орман және дала алқаптарына ерекше назар аударуға шақырамыз. ТЖМ өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтауға шақырады: - ормандарда және ашық жерлерде от жақпаңыз; - жанып тұрған сіріңкелер мен сөндірілмеген темекі тұқылдарын тастамаңыз; - табиғатта шыны ыдыстарды қалдырмаңыз, өйткені күн сәулесі әйнектен өтіп, құрғақ шөпті фокустап, өртеп жіберуі мүмкін; - өрт туралы дереу 101 немесе 112 телефонына хабарлаңыз. Сонымен қатар шомылу маусымда су айдындарындағы жазатайым оқиғалардың көпшілігі рұқсат етілмеген және жабдықталмаған су көздерінде болады. Әрбір азамат су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауы тиіс. ТЖМ судың жанында болған кезде қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін еске салады. - тек рұқсат етілген (жабдықталған) жерлерде шомылыңыз; - суға шомылуға тыйым салынған жерлерге суға түсуге қатаң тыйым салынады; - су маңындағы демалыста алкогольді, есірткі заттарын пайдаланбаңыз; - буйкалардан асып жүзбеңіз; - жартастардан, шатқалдардан және осы мақсаттарға арналмаған басқа жерлерден суға секірмеңіз; - су көліктеріне жақын жүзуге болмайды; - дабыл туралы жалған дыбыстар шығармаңыз; - ең бастысы, балаларды қараусыз қалдырмаңыз. Барлық азаматтарды өз өмірлері мен жақындарының өміріне барынша жауапкершілікпен қарауға шақырамыз. Жоғарыда аталған ережелерді қатаң сақтаңыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/1017888?lang=kk
Ақтөбеде үздік денсаулық сақтау саласының қызметкерлері марапатталды 21.06.2025
Ақтөбе қаласындағы Өнер орталығында Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті.Шара барысында өңірдегі денсаулық сақтау саласының жетістіктері мен даму бағыты кеңінен айтылып, ақ халатты абзал жандардың ел алдындағы еңбегі ерекше атап өтілді.Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, сала мамандарына ыстық ықыласын жеткізді.«Сіздердің әр күніңіз — адам өмірін сақтап, үміт пен сенім сыйлауға арналған. Бұл – үлкен жауапкершілік пен жүрек жылуын талап ететін мамандық. Ел Президенті жариялаған “Адал азамат” тұжырымдамасындағы адалдық, кәсібилік, әділеттілік пен жауапкершілік құндылықтарын сіздер күнделікті еңбектеріңізде лайықты көрсетіп келесіздер», – деді облыс әкімі.2024 жылы өңірде 12 жаңа денсаулық сақтау нысаны іске қосылып, 14 мекеме күрделі жөндеуден өтті. Ауылдық елді мекендерге 40 жас маман жолданып, 4,5 миллиард теңгеге медициналық техника сатып алынды. Жыл соңына дейін тағы 11 нысан салынып, 8 мекеме жаңғыртылады деп жоспарланған.Бүгінде өңірде жыл сайын 250-ге жуық ашық жүрекке операция жасалады. Ана мен бала денсаулығын сақтау бағытында да нақты нәтижелерге қол жеткізілуде. 2024 жылы 6034 сәби дүниеге келсе, биылдың алғашқы айларында 5255 сәби өмірге келген. «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында 425 бала дүниеге келді. 2025 жылы балаларға арналған кардиохирургиялық орталық ашу көзделуде.Кадр даярлау ісіне М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті мен М.Мәметова атындағы медициналық колледж де айтарлықтай үлес қосып келеді.Шара барысында сала ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, үздік қызметкерлер марапаттарға ие болды. Атап айтқанда, «Ерен еңбегі» медалі, «Денсаулық сақтау саласының үздігі» төсбелгісі, Құрмет грамоталары және Алғыс хаттармен табыс етілді.Мәншүк Мәметова атындағы медициналық колледж студенттері салтанатты шараға жиналған сала ардагерлеріне құрмет көрсетіп, естелік сыйлықтар ұсынды.Мерекелік кеш ақтөбелік өнерпаздардың концерттік бағдарламасымен жалғасты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1017515?lang=kk
Ақтөбеде қой жүнінен тоқыма емес материалдар өндіретін Қазақстандағы алғашқы зауыт іске қосылуға дайындық үстінде 21.06.2025
Ақтөбе қаласында еліміздегі бірегей KazFelTec кәсіпорынын іске қосу жоспарлануда. Бұл — табиғи қой жүнінен тоқыма емес материалдар өндіретін Қазақстандағы алғашқы зауыт болмақ.Жоба озық италиялық Cormatex Airlay технологиясы негізінде жүзеге асырылып, экологиялық таза жылу және дыбыс оқшаулағыш материалдар шығаруға бағытталған. Зауыт жылына 2,5 мың тонна жүнді қайта өңдеуге қауқарлы.KazFelTec — жай ғана зауыт емес, елдегі ауыл шаруашылығы шикізатын терең өңдеу тізбегін құру жолындағы маңызды буын. Бүгінде елімізде қой жүнінің небәрі 29%-ы ғана өңделеді, қалғаны кәдеге аспай жатыр. Жаңа зауыт фермерлермен тұрақты кооперация орнатуға, мал шаруашылығы өнімдерінің экономикалық құндылығын арттыруға және қалдықтарды азайтуға мүмкіндік береді.Жоба мемлекет қолдауымен жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары аяқталып, өндірістік жабдықтарды орнату қызу жүріп жатыр.Айта кетейік, KazFelTec зауытының іске қосылуы ауыл шаруашылығы үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, жұмыс орындарын құруға және «жасыл экономика» бағытын дамытуға өз үлесін қосады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1017946?lang=kk
Ақтөбеде 180 сарбаз әскери ант қабылдады 21.06.2025
Ақтөбе қаласындағы Орталық саябақта Әскери институттың 180-ге жуық сарбазы Отанға адал қызмет етуге ант берді.Салтанатты рәсімге Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген бозбалалардың ата-аналары мен жақындары қатысты. Әскери форма киіп, сап түзеген ұлдарын олар мақтанышпен тамашалады. Жас сарбаздар үшін бұл — жауапкершілік пен патриоттық рухтың маңызды сәті.Әскери ант — ер жігіттің ел алдындағы анты. Бұл күн жас сарбаздар мен олардың отбасылары үшін ұмытылмас оқиғаға айналды.#ЗаңжәнеТәртіпАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1017962?lang=kk
Әлия Молдағұлованың 100 жылдығы:мыңдаған көрермен таңғажайып дрондар шоуының куәсі болды 21.06.2025
«Әлия – ғұмыр» атты шараға облыс әкімі Асхат Шахаров пен Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев қатысты. Көпшілікке айырықша әсер қалдырған визуалды бейнелер шоуы аңыз тұлғаның мерейтойын атап өтуде ұмытылмастай әсер сыйлады. Мерейтойдың басты салтанаты «Қазақ халқына мың алғыс» стеласы алаңында өтті. Көпшілік керемет кештің куәсі болды. Сахна төрінде жергілікті өнерпаздар мен арнайы шақыртумен келген эстрада жұлдыздары мен әртістер өнер көрсетті. Аллаберген Жақсыбаев, Рита және Дулат Айтжановтар, Қанат пен Светлана Айтбаевтар, Мирас пен Құралай Бекжановтар, Марат Әйтімов, Әлихан Зейнолла және өзге де өнерлі жерлестеріміз бар. Жұлдыздар саханаға шықпас бұрын, телекөпір арқылы байланысқа шығып, ақтөбеліктерге жылы лебіздерін арнады. Содан соң, өнер иелері сахнада көптің жүрегін жаулаған сүйікті әндердіорындады.Көпке танымал әнші Садраддин, қазақ өнерінің аңызға айналған тұлғасы Роза Рымбаеваның ән шырқауы мереке көркін одан әрі қыздырды. Садраддин «Үйге», «Қанша күн?», «Бақыт», «Жауап бар ма?» көпке белгілі хит әндерін орындаса, халық әртісі Роза Рымбаева көрерменнің сүйікті «Любовь настала», «Сол бір кездер», «Шақырады көктем», «Балдәурен» әндерін шырқады. Кеш әншінің орындауындағы батырлықтың нышанын әспеттейтін «Әлия» әнімен қорытындыланды. Ал Ақтөбе аспанына синхронды түрде көтерілген 550 дана дронның шоуы таңғажайып көріністерді бейнеледі. Көпшілік Әлия Молдағұлова, Димаш Құдайберген, Ақтөбе өңірінің көрікті жерлерін және өзге де визуалды композицияларды тамашалады. Ел байрағы көрсетілгенде, 40 мыңнан аса көрермен Мемлекеттік Гимнді бір мезетте орындады. Жарық шоу лазермен және әсем әуендермен сүйемелденді. Дрондар шоуын Aspan Galaxy ұсынды. Жыл басынан бері Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған іс-шаралар тарихымыз бен мәдениетіміз үшін бірлік пен мақтаныштың нағыз символына айналды. Екі күнге жалғасқан мерейтойлық шаралар ауқымды бағдарламамен аяқталды. Оның аясында спорттық жарыстар, мерекелік концерттер, театрландырылған қойылымдар және Батыр ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою рәсімдері өтті. Бұл шаралар облыс тұрғындары мен қонақтардың басын біріктірді, жастарға рух берді және баршаға қазақтың мерген қызының ұлы өшпес ерлігін еске салып, оның келер ұрпаққа мәңгілік бағдар болып қала беретінін көрсетті.Әлия Молдағұлованы ұлықтау және оған деген құрмет ақтөбеліктердің жүрегінде мәңгіге сақталмақ, ал мерейтойлық іс-шаралар жерлесіміздің өшпес мұрасының жарқын айғағына айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1017495?lang=kk
ШҚО-да медицина қызметкерлері Қазақстан Республикасында медицина қызметкері күнімен құттықталды 21.06.2025
Шығыс Қазақстан облысында медицина қызметкері күніне орай «Шығыс медицинасы-2025. Негізділік. Жаңару. Жауапкершілік» тақырыбындағы салтанатты іс-шара Өскемен қаласындағы облыстық филармонияда өтті. Медицина қызметкерлеріне облыс әкімі Нұрымбет Сақтаганов құттықтау тілектерін білдірді.«Қадірлі медицина қызметкерлері және ардагерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздердің әрбір күндеріңіз халыққа қалтқысыз еңбек етудің, зор жігерліліктің және халыққа көрсеткен махаббаттарыңыздың белгісі. Сіздер әрдайым азаматтардың денсаулығы мен өмірі үшін күресіп келесіздер.Денсаулық сақтау жүйесінің дамуы – мемлекеттік саясаттағы негізгі басымдықтардың бірі. Медицина – қарқынды дамып келе жатқан сала, және медицинадағы соңғы жетістіктер халық игілігі үшін пайдаланылып, медицина қызметкерлеріне жетуі қажет. Бүгінгі таңда медицина қызметкерінен тек жанқиярлық және кәсіби шеберлік ғана емес, сонымен қатар тұрақты даму, медицинадағы соңғы жетістіктерді меңгеру және жаңа технологияларды енгізу де талап етілуде.Шығыс Қазақстан облысында, соның ішінде ауылдық жерлерде де емдеу мекемелерінің кең жүйесі қалыптасқан. Соңғы жылдары денсаулық сақтау нысандарын жөндеу, жабдықтау және құрылысын сплу жүйелі атқарылуда. «Ауылдағы денсаулық сақтауды жетілдіру» ұлттық жобасы аясында бүгінгі таңда 35 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілді», — деді Нұрымбет Сақтағанов.Биыл басталған нысандардағы жұмыстар жалғасын табады. Атап айтқанда, гематология орталығы, 200 төсек-орынды көпсалалы аурухана және Риддер қаласында 500 келушіге арналған емхана салынады. Сонымен қатар, облыстық көпсалалы Онкология және хирургия орталығының хирургиялық корпусындағы 1–3 қабаттағы бөлімшелерді жаңғырту, қайта жоспарлап, жабдықтау, сондай-ақ Ана мен бала орталығының стационарының ғимаратын перинаталдық орталыққа ауыстыру жұмыстары атқарылады. Қазірдің өзінде Қасым Қайсенов кентінде 150 келушіге арналған емхана пайдаланылуда".Шара барысында облыс әкімі Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің құрмет грамоталары мен төсбелгілерін, сондай-ақ облыс әкімдігінің грамоталары мен алғыс хаттарын үздік медицина қызметкерлеріне табыс етті. Марапаттау рәсімі облыстық мәслихат төрағасы Денис Рыпаковтың медицина қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің алғыс хаттарын табыс етуімен, әрі қарай жалғасты. Сонымен қатар, еңбек сіңірген медицина қызметкерлеріне «Сенім» республикалық қоғамдық бірлестігінің «Үздік» төсбелгілері берілді. Салтанатты шара бағдарламасында емделуші балалардың ата-аналарының атынан медицина қызметкерлеріне деген алғыс сөз сөйлеуі болды. Мереке концерттік бағдарламамен және естелік суретке түсумен аяқталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1018021?lang=kk
Еліміздегі ірі логистикалық жобалардың бірі Талғар ауданында жүзеге асырылуда 12.06.2025
Талғар ауданының шығыс бөлігінде, Панфилов ауылдық округінің аумағында халықаралық деңгейдегі ірі көліктік-логистикалық хабқа айналуы тиіс маңызды инвестициялық жоба – Еуразиялық логистикалық парктің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Жоба жалпы ауданы 13 гектардан астам аумақты қамтып, 50 мың шаршы метрден астам «А» класындағы заманауи қойма алаңдарын біріктіреді. Бұл – он футбол алаңына тең жабық кеңістік.Аталған кешеннің негізгі мақсаты – Алматы қаласының логистикалық жүктемесін азайту, тауар жеткізу жылдамдығын арттыру және Қазақстанның көлік инфрақұрылымын жаңа сапалық деңгейге шығару.Нысанның орналасуы кездейсоқ таңдалмаған – ол еліміздегі ең ірі мегаполис Алматыдан небәрі 30 шақырым жерде орналасқан және Батыс айналма автомобиль жолына (БАКАД) жақын, бұл жол еліміздің оңтүстік астанасын басқа өңірлермен және халықаралық дәліздермен байланыстыратын маңызды көлік артерияларының бірі болып табылады. Жаңа логистикалық парк Еуропа, Азия және Каспий өңірі арасындағы халықаралық маршрутқа үйлесімді түрде кіріктіріліп, логистика нарығының қатысушыларына кептеліссіз әрі тиімді көлік инфрақұрылымына қол жеткізуді қамтамасыз етеді.«Еуразиялық логистикалық парк» ЖШС-нің атқарушы директоры Роман Жужлевтің айтуынша, бұл жоба Алматы қаласында 700 мың шаршы метрден асып кеткен қойма орындарының тапшылығын азайтып қана қоймай, 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспары аясындағы міндеттердің орындалуына да өз үлесін қосады. Оның пікірінше, мұндай инфрақұрылымдық жобалар ел экономикасының тұрақтылығын арттырып, жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта мұнда әкімшілік және өндірістік корпустарда, кеңселерде, медициналық пункт пен қызмет көрсету нысандарында 300-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады. Сонымен қатар, 30 жүк көлігі мен 50-ден астам жеңіл автокөлікке арналған тұрақ орындары да қарастырылған.Кешеннің басты ерекшелігі – халықаралық стандарттарға сай жоғары сапалы құрылыс пен қызмет көрсету деңгейінде болмақ. Құрылыс барысында Ресей Федерациясында жүзеге асырылған логистикалық хабтар тәжірибесі ескеріліп, заманауи сақтау жүйелері, автоматтандырылған процестер және түрлі бизнес форматына бейімделген икемді жалдау шарттары енгізіледі. Құрылыс әлі аяқталмаса да, отандық және шетелдік компаниялар тарапынан жобаның жүзеге асуына үлкен қызығушылық бар. Басшылықтың айтуынша, қазіргі кезде сұраныс ұсыныстан асып түсіп отыр.Бекітілген жоспарға сәйкес, логистикалық парктің алғашқы кезеңі ағымдағы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі. Кейін жоба әрі қарай кеңейтіліп, қосымша инвестициялар тартылатын болады. Алғашқы он жылда кешеннің жалпы кірісі 50 миллиард теңгеге жуықтайды деп күтілуде, ал бюджетке түсетін салық көлемі 18 миллиард теңгеге дейін жетуі мүмкін.Айта кету керек, Роман Жужлев Ресей кәсіпорындарында жинақтаған бай басқарушылық тәжірибеге ие. 2019 жылдан бері ол Қазақстанда жұмыс істеп келеді және логистиканы елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды факторы деп есептейді. Оның пікірінше, болашақта Қазақстан жаһандық сауда картасында лайықты орнын алады, ал Панфилов ауылдық округінде бой көтеріп жатқан логистикалық парк осы бағыттағы маңызды бастамалардың біріне айналмақ. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1016143?lang=kk
Алматы облысында алғашқы Apricot Fest өтті 12.06.2025
Алматы облысының Ұйғыр ауданында алғашқы өңірлік Apricot Fest — өрік фестивалі өтті. Аталған шара агроэкотуризмді дамыту стратегиясының бір бөлігіне айналып, фермерлерді, қайта өңдеушілерді, қолөнершілер мен туристерді бір алаңда тоғыстырды.Ұйғыр ауданы — еліміздегі өрік өсіру бойынша жетекші өңірлердің бірі. Аудан әкімдігінің мәліметінше, жалпы 4 095 гектар бақтың 3 193 гектарын өрік ағаштары құрайды. Жыл сайын шамамен 2 500 тонна өнім Ресей, Қырғызстан және Өзбекстанға экспортталады.Ауданда 350-ден астам ауыл шаруашылығы құрылымдары жұмыс істейді. Олардың қатарында «Шонжы Агро», «Шабдалы», «Тиірмен Агро», «Eco Park Garden» сияқты ірі кәсіпорындар бар.Фестивальдің ашылуында Ұйғыр ауданының әкімі Бота Елеусізова сөз сөйлеп, бұл шараның өңірдің экономикалық және мәдени әлеуетін арттырудағы маңызын атап өтті: — Өрік — жай ғана маусымдық жеміс емес. Бұл — біздің экономикамыздың, жеріміздің және мәдениетіміздің бір бөлшегі. Біз «Apricot Fest»-ті жыл сайын өтетін дәстүрлі алаңға айналдырып, жергілікті өнімді насихаттауды және туристерді тартуды мақсат етіп отырмыз, — деді аудан әкімі.Фестиваль аясында жәрмеңке, гастрозоналар, фермерлік және қайта өңделген өнімдер көрмесі, концерттік және этномәдени бағдарламалар ұйымдастырылды. Бұл шараның нәтижесінде өрік бағы алғаш рет оқиғалық туризмнің жаңа тартымды нүктесіне айналды.Ауыл тұрғыны Равиль Анадуллаев: — Ауданымызда алғаш рет ұйымдастырылған өрік фестивалі біз үшін үлкен қуаныш болды. Өрік — өңіріміздің басты жемістерінің бірі, тіпті брендіне айналды. Осындай шаралар жиі өтіп тұрса, ауылдың да, жастың да, үлкеннің де еңсесі көтеріледі, — деді ол.Фестивальге жергілікті тұрғындармен қатар, түрлі өңірлерден келген қонақтар да қатысты. Солардың бірі Гүлжан Тоқтарханова өз әсерімен бөлісті: — Фестиваль туралы әлеуметтік желіден көріп, отбасыммен бірге арнайы келдік. Табиғатпен үндескен, ауыл өмірін сезіндіретін шынайы шараға қатысқанымызға қуаныштымыз. Өріктің түр-түрі, дәмі — керемет! Жергілікті халықтың қонақжайлығы ерекше әсер қалдырды. Балаларға арналған ойын-сауық, тағамдар жәрмеңкесі, ұлттық көріністер — бәрі үйлесімді ұйымдастырылған. Мұндай фестивальдер бүкіл өңірдің мәдени брендіне айналуы керек. Келесі жылы да міндетті түрде келеміз.2025 жыл Алматы облысы үшін туризмді дамытудағы маңызды кезеңге айналды. 2024 жылы туристік ағын 20%-ға артып, шетелдік туристер саны бойынша өңір республикада үшінші орынға шықты. Туризм саласына 45,8 млрд теңге инвестиция тартылды. Биылдың өзінде 488 млн теңге көлемінде 20 жекеменшік жоба іске асырылуда.Өңір аумағында 40-тан астам бірегей табиғи нысан және 57 туристік маршрут бар. Олардың қатарында Шарын каньоны, Көлсай көлдері, ұлттық парктер сияқты танымал бағыттар бар. Жақында «Шарын» және «Іле-Алатау» ұлттық парктеріндегі визит-орталықтар ашылды, Oi-Qaragai курорты кеңейтілді, ASP Arena спорт кешені пайдалануға берілді.Сонымен қатар, «Көлсай көлдері» және «Іле-Алатау» ұлттық парктерінде 170 млн теңгеге инфрақұрылымдық жобалар іске асырылуда. «Алатау аманаты» атты жаңа экспедициялық бағыт іске қосылды. Жоба аясында 1000 шақырымнан астам жаяу жүргінші жолдары, этноауылдар, кемпингтер және жабдықтарды жалға беру пунктері қамтылған.Алматы облысы өз туристік әлеуетін халықаралық деңгейде де белсенді ілгерілетуде. Өңір туралы материалдар BBC, TripAdvisor платформаларында, сондай-ақ Қытай мен Оңтүстік Кореядағы жарнамалық кампанияларда жарияланды.Соңғы жылдары өңірде бірқатар халықаралық іс-шаралар өткізілді. Атап айтқанда, Tengri Ultra, Oceanman Kazakhstan, Qonaev Balloon Fest, «Ұлы дала жорығы» экспедициясы өңірдің туристік тартымдылығын едәуір арттырды.Фестиваль болашағы — жаңа брендке айналуы мүмкінАлматы облыстық туризм басқармасының басшысы Қуанышбек Мирамбекұлы:— Келесі жылдан бастап өріктің гүлдеу кезеңінде арнайы фестиваль ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Бұл шараны «Өріктің гүлдеуі» фестивалі деп атау ойда бар. Ол сәуір айында өтеді. Мұның бәрі — шетелдік және отандық туристердің қызығушылығын арттыруға бағытталған, — деді ол.Тілші дерегінше, Ұйғыр ауданы шаруалары жыл сайын 20–22 мың тонна сары өрік жинайды. Оның 4 мың тоннасы Ресей, Қырғызстан және Өзбекстанға экспортталады. Қалған бөлігі ішкі нарыққа жөнелтіледі. Сары өріктің келісі шамамен 250–300 теңге аралығында саудалануда.Алматы облыстық мәслихатының төрағасы Қуат Байғожаев: — Экотуризм — болашақтың бағыты. Біз табиғатты, жергілікті өнімдерді және мәдени ерекшелікті біріктіретін бағыттарды дамытуымыз қажет. «Apricot Fest» — осындай синергияның жарқын мысалы. Бұл — елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отырған бірегей іс-шара. Себебі өрік өсетін ең үлкен аумақ дәл осы өңірде орналасқан. Қырғызстан мен Өзбекстаннан келген кәсіпкерлер біздің өнімге қызығушылық танытып, оны сатып алып жатқаны – соның дәлелі, — деп атап өтті.Apricot Fest – сәтті бастама. Ол алдағы жылдары өңірдің жаңа туристік брендіне айналуы әбден мүмкін. Өрік бағы енді тек экспортқа бағытталған өнім көзі емес, сонымен қатар оқиғалық туризмнің жаңа, тартымды бағыты ретінде дами түсуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1015922?lang=kk
Серіктестікке бастар «Алтын көпір»: Алматы облысы Қытайда инвестициялық әлеуетін таныстырды 12.06.2025
Қытай Халық Республикасының Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданында Алматы облысы делегациясының қытайлық бизнес қауымдастығымен іскерлік кездесуі өтті. Бұл сапар – Қазақстан мен Қытай арасындағы серіктестікті дамытудың маңызды кезеңі болып, Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқан өңірлерінің бірі саналатын Алматы облысының инвестициялық мүмкіндіктеріне баса назар аударылды.Инин және Хочэн қалаларында өткен таныстырылымдар аясында қытайлық әріптестерге өңірдің өңдеу өнеркәсібі, агроөнеркәсіптік кешені, логистика және туризм салаларында өзара іс-қимыл жасауға арналған стратегиялық бағыттар таныстырылды. Делегация шетелдік инвесторларға ұсынылатын мемлекеттік қолдау тетіктері, салықтық жеңілдіктер мен инвестициялық жобаларды іске асыруда ашылатын мүмкіндіктер туралы кеңінен ақпарат берді.Қытайлық бизнес өкілдері тұрғын үй және коммерциялық құрылыс салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыруға айрықша қызығушылық танытты. Олар өңірдегі қолайлы іскерлік ахуалды, экономиканың тұрақты өсімін, ашық нормативтік ортаны және инвестициялық бастамаларға кешенді сүйемелдеу көрсетілетінін жоғары бағалады.Сапар аясында туризм саласына да ерекше назар аударылды. Қазақстандық делегация Хочэн аймағындағы туристік инфрақұрылым нысандарымен танысты. Олардың қатарында көркем аспалы көпір, абаттандырылған тау соқпақтары мен органикалық косметика өндірілетін лаванда алқабы бар. Бұл нысандар Алматы облысындағы – Қонаев, Жаланаш және Шарын өңірлерінде ұқсас жобаларды іске асыру үшін шабыт көзіне айналды.Тараптар Қазақстандағы туристік кластерлерді дамытуға қытайлық инвесторларды тарту мүмкіндіктерін талқылады. Қытайлық серіктестердің Алматы облысына алғашқы танысу сапары биылғы шілде айына жоспарланып отыр.Аталған кездесу тікелей іскерлік байланыстар орнатуға және басым салалардағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге арналған маңызды алаңға айналды. Бұл – Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара тиімді серіктестіктің жаңа көкжиектерін ашатын маңызды бастама. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1015902?lang=kk
Инженерлік инфрақұрылым қарқынды дамып келеді 11.06.2025
Алматы облысы соңғы жылдары халық санының күрт артуына және коммуналдық жүйелерге түсетін жүктеменің ұлғаюына байланысты инженерлік инфрақұрылымды белсенді түрде дамытуда. Соңғы он жылда Қарасай ауданында халық саны 221 мыңнан 342 мың адамға дейін өсті. Бұл жағдай электрмен және сумен қамту жүйелерін жаңғырту бойынша жедел әрі ауқымды шешімдерді қабылдауды талап етті.Қарасай ауданында қазіргі таңда энергетикалық тапшылықты жоюға және коммуналдық қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған ірі инфрақұрылымдық жоба іске асырылуда. Жалпы құны 5,7 млрд теңге болатын жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, ол Қаскелең, Шамалған, Елтай, Жандосов, Бекболат және Жамбыл ауылдарын қоса алғанда 16 елді мекенді қамтиды. Жоба тиісті комиссияның қарауына ұсынылып, республикалық және жергілікті бюджеттерге енгізу мәселесі қарастырылуда.Қазіргі уақытта Исаев, Бекболат, Батан және Елтай ауылдарында электр желілерін толық жаңарту бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүріп жатыр. Бұл мыңдаған тұрғынды үздіксіз электрмен қамтуға мүмкіндік береді. Маңызды қадамдардың бірі – тұтынушыларды жекеменшік желілерден мемлекет теңгеріміне алынған жаңа желілерге көшіру. Бұл көлеңкелі монополистерге тәуелділікті жойып, көрсетілетін қызметтердің сапасына бақылауды күшейтеді.Кернеу тұрақтылығын қамтамасыз етіп, апаттық жағдайлардың алдын алу үшін жаңа қосалқы станцияларды салу жоспарланған. Аймақтық инвестициялық бағдарлама аясында жалпы құны 18 млрд теңге болатын «Көлді» және «Индустриалды» атты екі жоғары кернеулі қосалқы станцияның құрылысы көзделіп отыр. «Көлді» станциясы бойынша жобалық-сметалық құжаттама 2025 жылдың тамыз айында аяқталады деп күтілуде.Сонымен қатар, 2026–2030 жылдар аралығында «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Қарасай ауданындағы тарату желілерін жаңғырту мен қайта құруға 7,2 млрд теңгеден астам инвестиция салуды жоспарлап отыр. Бұған қоса, Елтай ауылдық округінің электр желілерін дамытуға арналған жеке инвестициялық бағдарлама 2026–2027 жылдарға бекітілді.Сумен қамту мәселелері де тұрақты бақылауда. Маусым айының басында Көктоган ауылындағы су айдау станциясында орын алған ақау салдарынан су беру уақытша тоқтатылды. Жедел түрде су автоцистерналар арқылы жеткізіліп, келесі күні жаңа су айдау қондырғысы орнатылды.10 маусымда 0,4 кВ желісінде болған апат салдарынан су беру тағы да уақытша тоқтатылды. «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ мамандарының жедел әрекетінің арқасында ақау бірнеше сағат ішінде жойылып, су жүйесі қалыпты жұмыс режиміне оралды.Қазіргі таңда Көктоган ауылындағы су жүйесін қайта құру және салу бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Сонымен қатар, Жармұхамбет, Елтай, Қаратөбе, Қайрат және Шалқар ауылдарында құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасуда. Бұл жобалар мыңдаған тұрғынды таза ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған.Алматы облысында инфрақұрылымдық мәселелерге алдын ала ден қою принципі жүзеге асырылып келеді. Жергілікті атқарушы органдар жекелеген шешімдерден кешенді тәсілге көшіп, жаңа нысандар салып, ескі желілерді ауыстырып, коммуналдық инфрақұрылымды мемлекеттік балансқа біртіндеп енгізуде.«Біздің мақсатымыз – өңірдің әрбір тұрғыны, мейлі ол қалада болсын, мейлі ауылда болсын, жарық пен су тапшылығын сезінбеуі керек. Біз инфрақұрылымдық мәселелерді кешенді әрі нақты түрде шешуді жалғастырамыз – Кегеннен Қарасайға дейін», – деді Алматы облысының энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы Айдын Бегімбеков.Халық санының артуына және коммуналдық жүйелерге түсетін қысымның күшеюіне қарамастан, облыс алдағы сын-қатерлерге дайын екенін көрсетіп, әрбір тұрғын үшін қолайлы өмір сүру жағдайларын жасауға ұмтылып келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1015743?lang=kk
Қытай компаниясы Алматы облысында құбырлар зауытын салады 11.06.2025
Алматы облысында оқшаулағыш құбырлар шығаратын зауыт салу жоспарланып отыр. Жобаны полиуретаннан, түрлі диаметрдегі пластик және коррозияға қарсы құбырлар өндіруге маманданған Қытайдың XINJIANG YIHONGFENG ENERGY TECHNOLOGY CO., LTD. компаниясы жүзеге асырады.Өңір делегациясының өкілдерінің айтуынша, компания қазірдің өзінде Алатау қаласынан жер телімін сатып алған. Қазіргі таңда «Alatau» арнайы экономикалық аймағына қатысу шарттары талқылануда.— «Бұл – өңір үшін маңызы зор өнеркәсіптік жобалардың бірі. Біз бизнестің қысқа мерзім ішінде өндірісті іске қосуына барынша қолайлы жағдай жасауды көздеп отырмыз», — деп атап өтті Алматы облысының кәсіпкерлік басқармасы өкілі.Жаңа зауыттың құрылысы өңірде жаңа жұмыс орындарын ашуға және Қазақстанның импортты алмастыратын өнімге деген сұранысын ішінара өтеуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1015712?lang=kk
"Келешек мектептері" жобасы – білім сапасын арттырудың жаңа кезеңі 11.06.2025
Алматы облысында үш ауысымды оқытуды жою және оқушы орындарының тапшылығын шешу мақсатында "Келешек мектептері" жобасы аясында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. 2024-2025 оқу жылында облыстағы 437 мемлекеттік мектепте 352 856 оқушы білім алған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 11 059 оқушыға артық.2024 жылы "Жайлы мектеп" жобасы шеңберінде 11 100 оқушыға арналған 9 мемлекеттік және 3 275 орындық 3 жекеменшік мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Ал 2023 жылы 14 400 орындық 14 мектеп салынған болатын. Нәтижесінде үш ауысымды мектептердің саны 52-ден 30-ға дейін азайған.Облыс аумағында 17 мектептің құрылысы жалғасуда. Соның ішінде, Қарасай ауданындағы "Асыл арман" тұрғын үй кешенінде жекеменшік инвестордың қаражаты есебінен 2 000 орындық мектеп салынып жатыр. Құрылыс 2025 жылдың қыркүйегінде аяқталады деп жоспарланған.Сондай-ақ Іле ауданына қарасты Өтеген батыр, Байсерке және А.Тоқпанов ауылдарында әрқайсысы 1 500 орынға арналған мектептердің құрылысы 2025-2026 жылдарға жоспарланып отыр.Спикердің айтуынша, бұл бастама – елдің білім беру жүйесін жаңа сапалық деңгейге көтеруге арналған нақты қадам. "Келешек мектептері" жобасы өскелең ұрпаққа қолайлы әрі заманауи білім беру ортасын қалыптастырудағы маңызды рөл атқаратынын ерекше атап өтті.- "Келешек мектептері – бұл жай ғана мектеп ғимараттары емес, бұл – болашаққа жасалған берік инвестиция. Білім – ұлттың іргетасы, ал бұл мектептер сол іргетасты нығайтатын басты тірек болмақ," – деді Алматы облысы білім басқармасының басшысы Салтанат Беспаева. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1015678?lang=kk
ЖЫЛЖЫМАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КЕШЕН КЕСТЕСІ 11.06.2025
«QH Денсаулық жолы» жобасы аясында Алматы облысында тұрғындарға қолжетімді, сапалы тексеру қызметін ұсынады.📍 Қарасай ауданы Үшқоңыр ауылы Іргелі ауылы 🗓 16 маусым – 20 маусым 2025 жыл📍 Ұйғыр ауданы Ава ауылы Кетпен ауылы 🗓 23 маусым – 27 маусым 2025 жыл🩺 ТЕГІН ҚЫЗМЕТТЕР Маммография Компьютерлік томография (КТ) УДЗ (онкологтың жолдамасы бойынша) Алдын ала кеңес және бағыттау 📌 Барлық тексерулер ТЕГІН жүргізіледі!🆔 Өзіңізбен бірге ЖСН мен жеке куәлігіңізді алыңызАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1014983?lang=kk