Саясат
Париж қаласындағы Халықаралық сауда палатасы жанындағы Халықаралық төрелік сот Қазақстан Республикасының пайдасына шешім қабылдады 09.05.2025
2020 жылғы 15 мамырдағы «Todini Impregilo Kazakhdorstroy» бірлескен кәсіпорын (бұдан әрі - Талапкер) шеңберінде жұмыс істейтін Todini Costruzioni Generali S.p.A., WeBuild S.p.A. және «Казахдорстрой» ЖШС компанияларынан тұратын бірлескен кәсіпорын Халықаралық сауда палатасы (ICC) жанындағы Халықаралық төрелік сотқа Қазақстан Республикасында Алматы – Хоргос автожолын салу жобасы бойынша дауларға байланысты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетіне (бұдан әрі – Комитет) қарсы төрелік туралы өтініш берді.Істі қарау шеңберінде Талапкер Комитетке құрылыс мерзімдерін ұзартуға, кедендік баждар мен салықтарды төлеуге, теңгенің инфляциясына, құнының өзгеруіне, су өткізгіш трубаларды қайта толтыруға, жол пайдалану пунктінің құрылысын тоқтатуға және қаржылық шығындарға байланысты шығыстарды қоса алғанда, жалпы сомасы шамамен 50 миллион АҚШ доллары көлемінде шағым түсірді.2025 жылғы 14 сәуірде Париждегі ICC Халықаралық төрелік сотында құрылған Трибунал Комитеттің пайдасына түпкілікті шешім шығарды. Талапкерлердің барлық талаптары толығымен қабылданбады.Сонымен қатар, Трибунал Комитеттің қарсы талабын қанағаттандырып, Талапкерлерге жұмыс мерзімін ұзартқаны үшін өтемақы ретінде бұрын төленген соманы қайтаруға міндеттеді. Сондай-ақ, Трибунал Комитет жеңіске жеткен тарап ретінде өзінін сот және төрелік шығындарын толық өтеуге құқылы екенін мойындады.Осы істі Комитеттің өкілдігі мен мүдделерін қорғауды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі жүзеге асырды. Консультант ретінде Curtis, Mallet-Prevost, Colt & Mosle LLP халықаралық заң фирмасы тартылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/991526?lang=kk
Марат Сұлтанғазиев Жеңістің 80 жылдығымен ардагерлерді құттықтады 09.05.2025
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев соғыс ардагерлері Тәңірберген Толғанбаев пен Фёдор Емельянович Ковалевті арнайы барып құттықтады.Облыс басшысы ардагерлерге жылы лебізін білдіріп, Мемлекет басшысы атынан құттықтап, мерейтойлық медальдар табыстады. Сонымен қатар, батырларға Қонаев қаласынан жаңа жайлы пәтерлердің кілттері берілді. Айта кетейік, облыстағы барлық Ұлы отан соғысы ардагерлеріне 5 миллион теңге көлемінде ақшалай сертификаттар берілген болатын.Марат Сұлтанғазиев соғыс жылдарындағы ерліктері үшін шын жүректен алғысын айтып, ардагерлерге қамқорлық көрсету — мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі екенін атап өтті.— Бүгінгі бейбіт өмір үшін жанын қиған, ерлік көрсеткен жандардың есімі ел жадында мәңгі сақталады. Сіздердің жеңіске қосқан үлестеріңіз баға жетпес. Біз әрқашан Сіздерді мақтан тұтамыз, — деді облыс әкімі.Ардагерлер көрсетілген құрмет пен қолдау үшін өңір басшылығына алғыстарын білдіріп, мұндай кездесулер жеңімпаз ұрпағына деген терең сыйластықтың белгісі екенін айтты.Жеңістің 80 жылдығын атап өту — халықты ортақ тарих пен жарқын болашақ идеясы төңірегінде біріктіретін маңызды оқиғалардың бірі болмақ. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/991206?lang=kk
Күш, құрмет және алғыс 09.05.2025
Қонаев қаласының орталық алаңында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы мен Отан қорғаушы күніне арналған салтанатты шара өтті. Мерекелік шараларға Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, Қонаев гарнизонының бастығы, гвардия полковнигі Бейбіт Аманқалиев, Ауған соғысының ардагерлері, өзге де әскери қақтығыстарға қатысқан ардагерлер, Қарулы Күштердің ардагерлері, Қонаев гарнизонының әскери қызметшілері, әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері мен қала тұрғындары қатысты.Жиналған қауым орталық алаңда орнатылған еңселі сахнадағы кең экраннан Астана қаласындағы әскери парадтың ашылу салтанатын тамашалап, Мемлекет басшысының құттықтауын тікелей эфирде тыңдады. Мемлекет басшысы қазақстандықтарды мерекемен құттықтап, елдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Қарулы Күштердің маңызын атап өтті.Іс-шара барысында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев құттықтау сөз сөйледі. Ол Президенттің тапсырмасымен еліміздің Қарулы Күштерінде жүйелі жаңғырту жүргізіліп жатқанын атап өтті: – Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері жаңғыру үстінде. Олар ұлттық қауіпсіздіктің кепіліне, қоғамның тірегіне айналуда. Біздің Отан қорғаушыларымыз тек шекараны күзетіп қана қоймай, азаматтық келісімді нығайтуға және жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеуге зор үлес қосып келеді, – деді өңір басшысы.Мерекелік шара аясында марапаттау рәсімі өтті. Алматы облысы әкімінің атынан Қонаев гарнизонының және Ұлттық ұланның жиырма шақты әскери қызметшісіне алғыс хаттар табысталды. Марапатталғандар арасында полковник Жеңісжан Байжан, подполковниктер Данияр Маменов пен Берік Елікбаев, гвардия майоры Дархан Жәнсікбаев, майор Нұрлан Ожаров, лейтенант Лаура Бекболатова және сержант Елдос Қарбозов пен өзге де қызметкерлер бар.Мерекелік көңіл күйді шығармашылық ұжымдардың қатысуымен өткен концерттік бағдарлама жалғастырып, іс-шараға ерекше сән мен жылулық сыйлады.Сонымен қатар, №20030 әскери бөлім аумағында заманауи әскери техника көрмесі ұйымдастырылды. Облыс әкімі бөлімнің материалдық-техникалық базасымен танысып, жеке құраммен әңгімелесіп, бөлімнің жабдықталу деңгейіне жоғары баға берді.Қонаев қаласында өткен Отан қорғаушы күні бірлік пен ел тыныштығын күзеткен жандарға деген құрмет рухында өтті. Мерекелік шаралар армия мен халық арасындағы байланысты нығайтудың – Қазақстанның орнықты дамуының кепілі екенін тағы бір мәрте көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/991168?lang=kk
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Мұраға қалдырылған жинақтарды БЖЗҚ-дан қалай алуға болады? 09.05.2025
Зейнетақы және нысаналы жинақтар (ҚР кәмелетке толмаған азаматтарына "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы шеңберінде есептелетін) – БЖЗҚ-да шоты ашылған жеке тұлғаның меншігі. Тиісінше, бұл жинақтар мұраға беріледі. Бұл ретте мұраға беру құқықтары күшіне енгенге дейін міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) және (немесе) ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен БЖЗҚ-да жинақтары бар қайтыс болған адамның отбасы мүшелеріне МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен жерлеуге арналған біржолғы төлем жүзеге асырылуы мүмкін. Оның мөлшері республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген 94 еселенген айлық есептік көрсеткіш шегінде, бірақ қайтыс болған адамның шотындағы қаражаттан аспауы керек. Егер жерлеуге арналған біржолғы төлем іске асырылғаннан кейін қайтыс болған адамның шотындағы жинақтардың қалдығы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі зейнетақы мөлшерінен аспайтын соманы құраса, бұл қалдық қайтыс болған адамның отбасы мүшелеріне жерлеуге арналған төлеммен бірге беріледі.Жерлеуге арналған біржолғы төлемнен кейін шотта қалған жинақ сомасы заңнамада белгіленген тәртіппен мұраға беріледі.Қазақстан Республикасының (бұдан әрі – ҚР) заңнамасында нысаналы жинақтар есебінен жерлеуге арналған төлем көзделмегенін ескерткіміз келеді.ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес мұраға қалдырылған зейнетақы және (немесе) нысаналы жинақтарды алу үшін мұра ашылған жер бойынша нотариусқа немесе заңмен уәкілеттік берілген лауазымды адамға мұраны қабылдау туралы өтініш беруге тиіс. Мұны мұра ашылған күннен бастап алты ай ішінде, яғни мұра қалдырушы қайтыс болған күннен бастап алты ай ішінде жасау керек екенін ескерген жөн. Сонымен қатар, жинақтарды мұраға қалдыру рәсімін оңайлату, сондай-ақ ҚР Әділет министрлігі, Республикалық нотариаттық палата және БЖЗҚ арасындағы өзара іс-қимылды оңтайландыру үшін "Е-нотариат" бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі" (БНАЖ) мемлекеттік ақпараттық жүйесі мен БЖЗҚ ақпараттық жүйесінің өзара іс-қимылы туралы шарт жасалды. Шартқа сай, 2019 жылғы ақпаннан бастап нотариустар БНАЖ-да тіркелген мұрагерлік іс бойынша жазбаша сұраныс жібермей-ақ, қайтыс болған адамның шотындағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді алу үшін БЖЗҚ-ға онлайн сұрау сала алады. Бұл мұраға құқық туралы куәлік ресімдеуді оңтайландырды. Мұрагер мұрагерлік құқығы туралы куәлікті алғаннан кейін БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесіне қажетті құжаттар пакетін ұсынуға құқылы. Жеке өтініштен басқа, мұрагерлік төлемдерді алуға арналған құжаттарды сенім білдірілген тұлға арқылы немесе пошта арқылы беруге болады. Егер БЖЗҚ-ға ұсынылған құжаттар, оның ішінде БЖЗҚ-да жинағы бар және ҚР тыс жерде қайтыс болған адамның қайтыс болғандығы туралы куәлікті, мұрагерлік құқығы туралы куәлікті шетелдік ұйымдар мен мекемелер берген, сондай-ақ құжаттың көшірмесінің түпнұсқасымен сәйкесетінін, өтініштегі төлем алушының қойған қолының шынайы екендігін куәландыру бойынша нотариаттық іс-әрекеттер, сенімхат куәліктері шет мемлекетте жасалса, онда бұл құжаттар мемлекеттік не орыс тіліне аударылып, заңдастырылуы тиіс. Бұған Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленген жағдайлар жатпайды. Егер жерлеуге арналған біржолғы төлемді алушы немесе БЖЗҚ-да жинақтары бар қайтыс болған адамның мұрагері шетелдік, оның ішінде мұрагердің сенім білдірілген адамы/алушының заңды өкілі болатын болса, онда Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленген жағдайларды қоспағанда, БЖЗҚ-ға алушының/сенім білдірілген адамның/заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжат ретінде мемлекеттік не орыс тіліне аударылған, қажет болған жағдайда нотариат куәландырған және заңдастырған шетелдік паспорт ұсынылады. Қажетті құжаттар топтамасын ұсынғаннан кейін БЖЗҚ заңнамада белгіленген мерзімде зейнетақы жинағы төлемдерін жүзеге асырады. Қайтыс болуына байланысты (жерлеуге немесе мұрагерлерге) төлем тағайындау туралы өтініштерді ресімдеуге қажетті құжаттар тізбесімен Қордың веб-сайтында танысуға болады. Сондай-ақ, мұрагерлердің жинақ алу үшін құжаттарды тапсыру рәсімі БЖЗҚ youtube арнасында да жарияланған. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/990967?lang=kk
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Тәжікстан Республикасы делегациясының "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ сапары 09.05.2025
2025 жылғы 24-25 сәуірде Тәжікстан Республикасы делегациясының (бұдан әрі – ТР) «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) танысу сапары өтті. Іс-шара Дүниежүзілік банктің қолдауымен өтті.Делегация құрамында ТР Үкіметі жанындағы әлеуметтік сақтандыру және зейнетақы агенттігі (ӘСЗА), ТР Президенті жанындағы инновация және цифрлық технологиялар агенттігі (ИЦТА), ТР Денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы "Әлеуметтік қорғау мен экономикалық интеграцияны жаңғырту жобасын" жүзеге асыру тобының өкілдері болды. Кездесуге ҚР Ұлттық Банкі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" АҚ, "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ және Дүниежүзілік банк өкілдері қатысты. Құттықтау сөзінде "БЖЗҚ" АҚ Басқарма төрағасы Жанат Құрманов кездесуге қатысушыларға Қазақстанның зейнетақы жүйесіне қызығушылық танытқандары үшін алғыс айтып, оның негізгі компоненттері туралы баяндады және екі ел мамандарының нәтижелі ынтымақтастығына сенім білдірді.Өз кезегінде тәжік делегациясының басшысы – ТР ӘСЗА директоры Абдурахмон Халимзод қазақстандық әріптестеріне зейнетақы жүйесін құрудың озық тәжірибесімен және оны цифрландыру деңгейімен танысуға мүмкіндік бергені үшін алғысын айтты. Ол цифрлық технологияларды өмірдің барлық салаларына, әсіресе зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру саласына енгізудің маңыздылығына тоқталып, бұл қазіргі уақытта Тәжікстандағы басым стратегиялық міндеттердің бірі екенін атап өтті.Семинар барысында Душанбе қаласындағы ӘСЗА басқармасының бастығы Усмонали Сироджов ТР әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі туралы айтып берді. Қазір Тәжікстанда ерлер 63, әйелдер 58 жасында зейнетке шығады. Зейнетақы төлемдері елдегі орташа өмір сүру ұзақтығына сәйкес 180 айға (15 жыл) есептелген. Сақтандыру және Мемлекеттік зейнетақы жасына, мүгедектігіне және асыраушысынан айырылуына байланысты тағайындалады. Сақтандыру зейнетақысы сақтанушылар сақтандырылған адамдар үшін төлеген зейнетақы жарналарынан тұрады (мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің жалақысының 25%, мемлекеттік емес мекемелер 20%). Сондай-ақ, зейнетақы әкесінен немесе анасынан айырылған 18 жасқа дейінгі балаларға тағайындалады.Тәжікстандық топ Қазақстанның зейнетақы жүйесімен танысу, оның жинақтаушы компоненттеріне ерекше назар аудару, сондай-ақ еліміздің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру жүйелерін цифрландыру саласындағы озық тәжірибесімен танысу үшін келді.Тәжік делегациясына Қазақстандағы әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі, атап айтқанда жинақтаушы компонент туралы кешенді ақпарат ұсынылды. Зейнетақыны жоспарлау мәдениетін дамыту, жеке зейнетақы шоттарын әкімшілендіру, зейнетақы төлемдерінің түрлері сынды тақырыптар таныстырылды, Зейнетақы жинақтарын инвестициялау мәселелері ашылды. Бұл ретте осы бағыттарды іске асыруда цифрландырудың рөліне, кибер-қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, БЖЗҚ және Қазақстанның жинақтаушы жүйесінің басқа да қатысушылары (уәкілетті операторлар (ЕДБ), инвестициялық портфельді басқарушылар және өмірді сақтандыру компаниялары және т.б.) ұсынатын онлайн-сервистерді дамытуға ерекше назар аударылды. Заманауи технологияларды дамытудың және ақпараттық қауіпсіздіктің барлық шараларын сақтай отырып, мемлекеттік құрылымдардың дерекқорларымен тығыз ықпалдасудың арқасында БЖЗҚ халыққа көрсететін барлық қызметтер цифрландырылды. Цифрландыру Қазақстанның зейнетақы және әлеуметтік жүйесін неғұрлым ашық, ыңғайлы және икемді, сондай-ақ азаматтардың барлық санаттары үшін пайдаланушы тәжірибесінің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Мұны Тәжікстанның әлеуметтік ұйымдарының мамандары, сондай-ақ Дүниежүзілік банк өкілдері атап өтті. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/990971?lang=kk
Қонаев қаласы жаңа мүмкіндіктер кезеңіне қадам басты 09.05.2025
2022 жылдан 2024 жылға дейін Қонаев қаласында қалалық ортаны жақсартуға бағытталған ауқымды жұмыстар атқарылды. 29 шақырым жол жөнделіп, 72,7 шақырым электр беру желілері мен 26 шақырым су құбыры тартылды. 65 нысан абаттандырылды, оның ішінде орталық саябақ, көшелер мен көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары бар. 48 тұрғын үйдің қасбеттері мен шатырлары, 10 шақырым апатты кәріз желілері және 2,4 шақырым жылу жүйелері жөнделді.Облыс орталығындағы өмір сапасын арттыру үшін «Smart Qonaev» тұжырымдамасы жүзеге асырылуда. Қала бойынша 308 қоғамдық бейнебақылау камерасы орнатылды. iQonaev электрондық жобасы, жолақы төлеу жүйесі және Бірыңғай төлем құжаты енгізілді. Сондай-ақ, Бірыңғай байланыс орталығы, «Ақылды жарықтандыру», «Ақылды қиылыс», «Ақылды бағдаршамдар», «Төтенше жағдай түймелері» жобалары іске асырыла бастады.Бұл жетістіктер мемлекеттік қызметшілердің үйлесімді әрі тынымсыз еңбегінің, жергілікті атқарушы органдар мен бизнес арасындағы өзара іс-қимылдың және өңір тұрғындарының белсенділігінің нәтижесі болды.2025 жылдың сәуірінде жаңа абаттандырылған жағажай пайдалануға берілді. Бұрын Қапшағай су қоймасы бойындағы жағажай қараусыз, жарақталмаған еді. Енді бұл — балалар мен спорттық алаңдары, субұрқақтар, орындықтар мен суға ыңғайлы түсу жолдары бар заманауи қоғамдық кеңістікке айналды. Бұл жобаға «Freedom Life» өмірді сақтандыру компаниясы қолдау көрсетті.Жұмыстар 2024 жылдың жазында басталып, қаланың нағыз көрнекілігіне айналған жағалау толықтай жаңғыртылды. Мұнда жаңа тас төсеніштер төселіп, орындықтар мен қоқыс жәшіктері қойылды, жарық жүйесі жаңартылды. Ашық аспан астында спорттық құрылғылары бар кең балалар және спорт алаңдары, демалыс аймақтары мен воркаут кеңістіктері салынды. Территория субұрқақтармен және жағажайға апарар баспалдақтармен толықтырылды.2025 жылдың наурызында соңғы кезең – гүлзарлар, қылқан жапырақты және жапырақты ағаштар отырғызу жұмыстары аяқталды.Ұзындығы 1 шақырым болатын жаңартылған жағалау — бұл демалыс, серуендеу, спорт және отбасылық уақыт өткізуге арналған заманауи әрі жайлы қоғамдық кеңістік. Аталған бастаманы жүзеге асыруға «Freedom Life» өмірді сақтандыру компаниясы 4,53 млрд теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетті. Бұл жоба — қала тұрғындарының мүддесі үшін мемлекет пен бизнестің тиімді әріптестігінің жарқын үлгісі болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/990702?lang=kk
Атырау облысында химия өнеркәсібі өнімдерінің көлемі үш айда 47,7 млрд теңгені құрап, 17,7%-ға өсті 08.05.2025
5 мамырда ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен химия және мұнай-химия саласын дамыту туралы Үкімет отырысы өтті. Жиында Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов саладағы негізгі жобалар мен жетістіктер туралы баяндады.Аймақ басшысының айтуынша, арнайы экономикалық аймақта төрт ірі жоба іске асырылып жатыр:• KPI зауыты үш айда 97,8 мың тонна полипропилен өндірді. Жыл аяғына дейін зауыт 500 мың тонна толық жылдық қуатқа шығады деп күтіліп отыр. Былтыр мұнда 249 мың тонна өнім шығарылды.• «Силлено» полиэтилен өндіру зауытының құрылысы басталды. Жоба құны — 3,6 трлн теңге, қуаты — 1,25 млн тонна. Зауыт 2029 жылы іске қосылып, 800 жұмыс орны ашылады. • Бутадиен және одан шығарылатын өнімдер зауыты — «Татнефть» компаниясымен бірлескен жоба. Құрылысы 2025 жылдың екінші жартысында басталады. Құны — 408,4 млрд теңге, қуаты — 388 мың тонна. Іске қосылу мерзімі — 2027 жыл, құрылатын жұмыс орны — 800.• Терефтал қышқылы мен полиэтилентерефталат өндіру зауыты — стратегиялық серіктес іздестірілуде. Жоба құны — 720 млрд теңге, қуаты — 620 мың тонна, іске қосу мерзімі — 2028 жыл, 800 жұмыс орны ашылады.Биылғы үш айда облыстың химия өнеркәсібіндегі өнім көлемі 47,7 млрд теңгені құрап, осы кезеңдегі былтырғы көрсеткіштен 17,7%-ға артты (2024 жыл — 5,9 млрд теңге).Полипропиленді қайта өңдеуге негізделген бірнеше өндіріс іске қосылып, 400-ден астам жұмыс орны ашылды. Олар:• экструзиялық геосинтетикалық пленкалар (Intago ЖШС);• медициналық шприцтер (MedStarExport ЖШС);• тұрмыстық ыдыс-аяқ (Turan Plast West ЖШС);• полипропилен және полиэтилен қаптар (Kazchem ЖШС, Grand Materik ЖШС).Бұдан бөлек, стрейч-худ пленкасы, штапельді талшық, геотекстиль, геомембрана, геотор, пластик паллеттер мен канистрлер шығаратын жобалар жүзеге асырылуда. Бұл 500-дей жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.Серік Шәпкеновтің айтуынша, жыл сайын жаңа әріптестік байланыс орнатуға және өткізу нарығын кеңейтуге бағытталған мұнай-газ химия өнімдерін өндірушілер форумы ұйымдастырылып келеді.Отандық полипропиленді қайта өңдеуді дамыту мақсатында «Форсаж» бағдарламасы енгізілді. Ол шикізатты жеңілдетілген бағамен сатып алуға мүмкіндік береді. Бұл бағдарлама аясында KPI мен елдің 15 өңіріндегі 114 кәсіпорын арасында келісім жасалды. Олардың қатарында Шымкенттегі кілем шығару, Қызылорда облысындағы қорғаныс каскаларын жасау, Қостанай облысындағы өнеркәсіптік сүзгілер шығару, Ақмола облысындағы Big Bag қап шығару кәсіпорындары бар.Облыс әкімі сауда және интеграция министрлігімен бірлесіп, Атырау облысында жеке индустриялық аймақ құру мәселесі пысықталып жатқанын айтты. Қытайлық инвестор Eurasia Construction Capital үшін 200 гектар жер телімі бөлінген. Сонымен қатар, Татарстанның «Химград» технополисінің операторымен де келіссөздер жүріп жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/989556?lang=kk
Алматы облысындағы балық аулау, егіс, АЭА мен ядролық технология 08.05.2025
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Алматы облысына жұмыс сапарындан өңірдің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесті. Арнайы экономикалық аймақтағы ғылыми-инновациялық нысандарды аралап, Ядролық физика институтының жұмысымен танысты.Алматы облысында егіс науқаны белсенді жүріп жатыр. Биыл ауыл шаруашылығы дақылы 436,8 мың гектарға дейін жеткізілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13 мың гектарға артық. «Кең дала» бағдарламасы бойынша биыл көктемгі егіс жұмысына облыс шаруаларына 15,7 млрд теңге жеңілдікпен қаржы бөлініп, 32 өндірушіге қаражат берілген.«Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша екі жылда жалпы құны 10,8 млрд теңге болатын 1 361 қарыз алушы жеңілдікпен несие алған. 2025 жылы 2,5 млрд теңге көлемінде тағы 211 қарыз берілмек.Биылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша өңірдегі АӨК секторына салынған инвестиция көлемі 13,2 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге көп. Биыл облыста жоспар бойынша 33,5 млрд теңге сомасына 17 инвестициялық жоба іске асырылмақ. Оның 11-і шаруаларға 2,5%-дық жеңілдікпен, СҚО тәжірибесін тарату бағдарламасы бойынша іске асырылады. Бұл күнде 103 жаңа жұмыс орны құрылған алты жоба орындалып үлгерген.«Байсерке Агро» ЖШС оқу орталығында өткізілген вице-премьермен кездесуге 20-дан астам фермер қатысты. Кездесу барысында Серік Жұманғарин Үкіметтің диқандарды қолдауға айрықша назар аударуының нәтижесінде 2025 жылғы бірінші тоқсанның қорытындысына сәйкес, ауыл шаруашылығы саласы 3,7% экономикалық өсуді көрсеткенін атап өтті.«Мемлекеттің шаруаларды қолдауын сезініп отырғандарыңыз даусыз. Егер 2022 жылы көктемгі егіс пен егін жинауға жеңілдікпен 70 млрд теңге берілсе, бүгінде 5%-бен 700 млрд теңге, соған ұқсас мөлшерлемемен техника лизингіне тағы 200 млрд теңге бөлінді», — деп атап өтті вице-премьер. «Qazaq Balyq» қауымдастығының Алматы филиалының төрағасы, «Балық мектебі» жастар арасында балық шаруашылығын танымал ету мектебінің негізін қалаушы Мәрлен Тұрсынәлі балық өсіру саласын дамыту бойынша өз ұсынысын айтты. Оның айтуынша, балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы саланың дамуына айтарлықтай серпін берген. Сонымен қатар, су тапшылығы жағдайында балық өсіруді одан әрі тиімді дамыту үшін жем-шөп құнын субсидиялауда, бассейндерге жер асты суын пайдалану үшін ұңғыманы бұрғылау шығынын жабу мақсатымен суға жеңілдікті тариф енгізуде, өнімге ветеринариялық құжат алу процесін оңайлатуда, цифрландыруда мемлекеттің қолдауы қажет. Серік Жұманғарин АШМ-ге барлық ұсынысты егжей-тегжейлі қарап, балық шаруашылығын қолдау мүмкіндігін пысықтауды тапсырды. Сондай-ақ кездесуде фермерлер субсидия төлеу кешіктірілетінін жеткізді. Вице-премьер қазіргі уақытта барлық өңірде субсидия алуға өтінім осы мақсатқа бюджеттен жыл сайын бөлінетін қаражат көлемінен едәуір асып түсіп жатқанын айтты. Фермерлерді АӨК саласындағы инвестициялық жобаларды 6% жеңілдікпен салалық қаржы институттары арқылы қаржыландыру мүмкіндігін пайдалануға шақырды. Сонымен қатар Серік Жұманғарин фермерлерді көп пайда әкелетін дақыл егу арқылы әдеттегі бидай алқабын қысқарта отырып, егінді әртараптандыруға, дәнді дақыл өңдеуді дамытуға шақырды.Премьер-министрдің орынбасары жұмыс сапары шеңберінде «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА нысандарын аралады. Оның аумағында бүгінде АЭА құрылған сәттен бергі жалпы инвестиция көлемі 205 млрд теңге 182 компания орналасқан. Шамамен 7 мың жұмыс орны ашылып отыр. 820 жұмыс орны ашылатын 129,4 млрд теңге сомасындағы тағы 12 жоба салынуда.Сондай-ақ вице-премьер Қазақстандағы атом саласының іргелі технологиялары мен өнімдерін, оның ішінде өнеркәсіпке арналған радиоизотоптар мен радиофармпрепараттарды жасауға дейінгі зерттеу мен әзірлеменің толық циклін жүзеге асыратын жалғыз ғылыми ұйым – Ядролық физика институтының қызметімен танысты. Соңғысы, фтор-18, йод-131 және Мо-99 радиоизотопы негізінде жасалып, онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеу үшін қолданылады. Өнеркәсіпке арналған радиоизотоп Еуропаға экспортталады. Еліміздің мұнай-газ өнеркәсібінде қолданылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/989396?lang=kk
Сарайшық қалашығына 100-ге жуық тал егілді 08.05.2025
“Таза Қазақстан” жалпыұлттық бағдарламасы аясында көне Сарайшық қалашығының аумағында кең көлемдегі сенбілік ұйымдастырылды. Шараға облыстағы мәдениет саласының 70-тен астам өкілі қатысты,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.«Сарайшық» сапар орталығының айналасына ондаған көшет екті. Игі іс-шара санитариялық тазалықпен шектеліп қоймай, ұлт тарихына тағзым, жас ұрпаққа қоршаған ортаны құрметтеудің жарқын үлгісін көрсетуге бағытталған.- Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы ұйытқы болған шараға басқармаға қарасты он шақты мекеменің басшылары мен қызметкерлері қатысып, өздері дайындап әкелген көшеттерін екті. Басты мақсатымыз – туған жерді көгалдандыру арқылы оның көркіне үлес қосу. Сарайшыққа келетін туристер үшін орталықтың көрікті және жайлы болуы біз үшін өте маңызды,- деді облыстық Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысының орынбасары Арман Әділғалиев.Ал музей басшысы Әбілсейт Мұхтар алдағы уақытта бұл аймақтың толықтай көркейіп, туристерге жайлы жасыл орта ретінде қалыптасатынын айтты.- Қазірдің өзінде жайқалған жасыл желектің жағымды әсері сезіліп жатыр. Бұл бастама – айналамызды көгалдандырып, табиғатпен үйлесімді орта қалыптастыруға, сондай-ақ туристерге жайлы жағдай жасауға бағытталған маңызды қадам. Тал егу бір ерлік болса, оны күтіп-баптап өсіру – одан да үлкен жауапкершілік,- деді ол.Ұйымдастырушылардың сөзінше, “Таза Қазақстан” бағдарламасы аясындағы игі істер әрі қарай да жалғасын табады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/988956?lang=kk
Алматы облысыденсаулық сақтау басқармасының басшысы тағайындалды 08.05.2025
Алматы облысы әкімінің өкімімен Ержан Абилхасимович Сулейменов 2025 жылғы 25 сәуірден бастап Алматы облысыденсаулық сақтау басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.Ержан Абилхасимович 1979 жылы туылған, білімі жоғары, 2002 жылы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік медициналық академиясын «дәрігер» мамандығы бойынша бітірген, 2015 жылы медицина ғылымдарының докторы ғылыми атағын алған.Еңбек жолын 2003 жылы «Республикалық ЖИТС орталығы» ШЖҚ КМК-ның ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің бас маманы болып бастағын. Әр жылдары медициналық ұйымдар мен осы бағыттағы білім беру орындарында бас маман, бөлімше басшысы, оқу бөлімшесінің меңгерушісі, директордың орынбасары лауазымдарын атқарған. 2015-2017 жылдары аралығында Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары болып еңбек еткен.2024 жылдың шілде айынан бастап бүгінгі күнге дейін «Global Health Solutions» (Глоубэл Хэлс Сэлюшнз) ЖШС-ның бас медициналық кеңесші лауазымында қызмет етті.Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасы медицина саласының үздігі», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл» медальдарымен марапатталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/988944?lang=kk
Мемлекет басшысы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевті қабылдады 28.04.2025
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Алматы облысының 2025 жылдың бірінші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берілді.Марат Сұлтанғазиев экономиканың негізгі секторларында өсім байқалатынын баяндады. Атап айтқанда, өнеркәсіптік өндіріс көлемі 507,9 миллиард теңгені, ауыл шаруашылығы өнімі 97,4 миллиард теңгені құраған. Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 146,2 мыңға жетіп, 7,7 пайызға артқан.Президентке жыл басынан бері 12 жаңа өнеркәсіп жобасының іске қосылғаны туралы мәлімет берілді. Оның ішінде «GALANZ bottlers» өндіріс алаңының кеңеюі, «Бартоғай ГЭС-28» және Шарын өзеніндегі шағын ГЭС каскадының құрылыстары сияқты ауқымды жобалар бар. Жалпы, өңірде құны 2,4 триллион теңгені құрайтын 122 жоба жүзеге асырылып жатыр. Нәтижесінде 36 776 жұмыс орны ашылады.Мемлекет басшысына Қонаев және Алатау қалаларын дамыту барысы жөнінде айтылды. Жаңа бас жоспарға сәйкес, облыс орталығында «Smart Qonaev» қаланы басқарудың бірыңғай жүйесі енгізілуде. Алатау қаласының бас жоспарына түзетулер жасау және көлік-инженерлік инфрақұрылымды жобалау жұмыстары басталды.Облыс әкімінің айтуынша, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 17 білім ордасының құрылысы қолға алынған. Бұдан бөлек, өңірдегі үш ауысымды оқу мәселесін шешу үшін мемлекет-жекеменшік әріптестік негізінде 19 мектеп салу жоспарланған. 2025-2027 жылдары 91 оқу ошағында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.Мемлекет басшысы Қонаев және Алатау қалаларын, жалпы Алматы агломерациясын дамытуға қатысты барлық белгіленген мақсаттарды сапалы әрі уақтылы орындаудың маңызын атап өтті. Президент индустриалды аймақтар мен Аlatau АЭА-ның әлеуетін нығайтуға, сондай-ақ коммуналдық және елді мекендердегі жолдардың құрылысына баса мән беруді тапсырды.www.akorda.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/985097?lang=kk
«Ұлы дала жорығы» марафонына дайындық 28.04.2025
Алматы облысы әкімінің орынбасары Болат Күренбековтың төрағалығымен «Ұлы дала жорығы» халықаралық марафон-бәйгесін ұйымдастыруға байланысты көшпелі жиын өтті. Жиынға аудан әкімдерінің орынбасарлары, облыстық басқарма басшылары мен тиісті департамент өкілдері қатысты.Қатысушылар жарыстың жоспарланған маршрутымен жүріп өтіп, дайындық барысын пысықтады. Жиын қорытындысы бойынша жұмыс жоспарына сәйкес нақты тапсырмалар жүктелді.Айта кетейік, “Ұлы дала жорығы” жобасы 2022 жылдан бастап жүзеге асырылуда. Алғашқы жорық сол жылы елордамыз Астанадан бастау алып, Түркістан қаласына 1200 шақырымды құрайтын маршрутпен жүріп өтті. Жобаның авторы - Бақытжан Тұрлыбеков. Алматы облысында “Ұлы дала жорығы” 2025 жылғы 9 - 14 мамыр күндері өтеді. Бұл марафон-бәйге халықаралық деңгейде ұйымдастырылып, бірқатар елдің шабандоздарының басын біріктіреді. «Ұлы дала жорығы» халықаралық марафон-бәйгесі 500 шақырым қашықтықта Алматы облысында өткізілуі жоспарланып отыр. Марафон-бәйгеге қатысуға 15-ке жуық мемлекет қатысады деп күтілуде, олар Ресей, Қырғызстан, Түркия, Иран, Мажарстан және т.б.Бұл шара ұлттық спортты дамытуға және халықаралық деңгейде танытуға бағытталған маңызды қадам болмақ. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/985238?lang=kk
Әлемдік қант алыбы Қазақстанға келеді 28.04.2025
Алматы облысында әлемдік қант өнеркәсібінің көшбасшыларының бірі – Al Khaleej Sugar компаниясының зауыты салынуы мүмкін. Жобаны жүзеге асыру мәселелері облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев пен компанияның басқарушы директоры, шейх Джамаль Аль Гурайр арасындағы кездесуде талқыланды.“Алматы облысы аграрлық әлеуеті жоғары өңір. Дамуды жалғастыру үшін бізге заманауи технологиялар мен сенімді серіктестер қажет. Бүгінгі кездесу – өңір экономикасы үшін маңызды қадам”, – деді Марат Сұлтанғазиев.Кездесу барысында зауыттың орнын таңдау, қант қызылшасы үшін егістік алқаптарды ұйымдастыру және оларды сумен қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды. Қонаев қаласына жақын орналасқан аумақ логистикалық тұрғыдан тиімді деп танылды. Алайда су мәселесі шешілмеген күйінде қалып отыр – егістіктерді суару үшін баламалы су көздері іздестірілуде.“Біз үшін егістік алқаптарды сенімді әрі жеткілікті су көздерімен қамтамасыз ету өте маңызды. Жобаны тиімді жүзеге асыру үшін гидрология саласындағы үздік мамандарды тартамыз”, – деді шейх Джамаль Аль Гурайр.Инвесторлар зауытты толықтай автономды ету мақсатында жел электр станцияларын салу мүмкіндігін де қарастыруда.“Біздің мақсатымыз – толықтай дербес кәсіпорын құру. Қайта жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қоршаған ортаға әсерді азайтып, зауыттың ұзақ мерзімді тұрақты дамуын қамтамасыз етеді”, – деп қосты шейх Аль Гурайр.Al Khaleej Sugar – әлемдегі ең ірі автономды және энергия үнемдейтін қант зауыты. Компания әлемдік тазартылған қант нарығының шамамен 3 пайызын қамтиды. Шейх Аль Гурайр қант өнеркәсібінен бөлек, фарфор, құрылыс материалдары, жылжымайтын мүлік және көлік салаларында да табысты жобаларды жүзеге асырып келеді.Кездесу қорытындысында тараптар өңірдің гидрологиялық ресурстарын жан-жақты зерттеу үшін кәсіби консультанттар мен мамандандырылған ұйымдарды тартуға уағдаласты. Бұл шешім суару мәселесін тиімді шешіп, инвестициялық жобаны сәтті іске асыруға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/984528?lang=kk
Бірліктің күші: қоғамның қолдауы арқасында Алматы облысында 110 мыңнан астам ағаш отырғызылады 28.04.2025
Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында көгалдандыру бойынша ауқымды жоспар жүзеге асырылуда.2025 жылға бекітілген өңірлік жоспарға сәйкес, облыс қалалары мен аудандарында 110 мыңнан астам ағаш отырғызу жоспарланған. Облыс әкімдігінің мәліметінше, көктемгі кезеңде ғана 65 мыңнан астам көшет отырғызылды.Ағаш отырғызу жұмыстары барлық аймақтарды қамтиды: ең көп ағаш Еңбекшіқазақ ауданында, Қонаев қаласында және Талғар ауданында отырғызылуда. Сонымен қатар, Балқаш, Жамбыл, Іле, Қарасай, Кеген, Райымбек, Ұйғыр аудандарында және Алатау қаласында да белсенді жұмыстар жүргізілуде.Айта кету керек, көшеттердің басым бөлігін әлеуметтік жауапкершілігі жоғары азаматтар, кәсіпкерлер, кәсіпорындар мен ұйымдар өз қаражаттары есебінен қамтамасыз етті. Бұл қоғамның экологиялық мәселелерді шешуге және туған жердің болашағына деген қамқорлығына нақты үлес қосып отырғанының жарқын көрінісі.«Жасыл аймақтар құру — тек қана абаттандыру емес, бұл — тұрғындардың денсаулығы мен жайлы өміріне салынған инвестиция. Мұндай бастамалар экологиялық мәдениетті қалыптастырып, тұрақты өмір салтын насихаттауға ықпал етеді», — деп атап өтті облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және абаттандыру басқармасында.Күзгі отырғызу науқаны көктемде басталған жұмыстарды жалғастырады. Жыл соңына дейін отырғызылған ағаштар саны 110 670-ке жеткізіледі деп жоспарлануда. Акцияға мемлекеттік органдар, волонтерлер, оқушылар, кәсіпкерлік қауымдастығы, аудан мен қала тұрғындары, аға буын өкілдері, қоғамдық ұйымдар, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мен жастар белсене қатысуда.Өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев экологиялық бастамалардың күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналуы қажет екенін бірнеше рет атап өткен болатын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/984451?lang=kk
Әр үйде – көгілдір отын: Алматы облысын газдандыру қарқын алуда 28.04.2025
Қазыбек бек ауылында газ құбырын іске қосу өңірді толық газдандыру жолындағы маңызды кезең болды.Алматы облысында газдандырудың ауқымды бағдарламасы жалғасып жатыр. Соңғы маңызды оқиғалардың бірі – Жамбыл ауданы Қазыбек бек ауылында газ тарату желілерінің іске қосылуы. Бұл жай ғана инфрақұрылымдық жоба емес, бұл мыңдаған адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту.Құрылыстың ашылуына облыс әкімінің орынбасары Әсет Масабаев келді. Оның айтуынша, тұрақты газбен жабдықтау - бұл тек жайлылық қана емес, ауыл экономикасының жарқын болашағы.- «Газдың пайда болуы шағын бизнесті дамытуға, өндіріс ашуға, инвестиция тартуға мүмкіндік туғызады. Бұл тұрақты өсу мен жұмыспен қамтуға бағытталған қадам. Газ Қазыбек бек ауылынан бөлек, тағы да бес ауылды қамтиды», - деп атап өтті Масабаев.Газ құбырларын жүргізу жұмыстары 2023 жылдың желтоқсанында басталып, 2024 жылдың соңында аяқталды. Негізінен кесте бойынша құрылысқа 26 ай берілген болатын. Жұмыс жоспарланған уақыттан да ерте аяқталды. Жобаның жалпы құны – 4,2 млрд теңгені құрады.Жергілікті тұрғындар жобаның жүзеге асатынына ұзақ уақыт сенбегендерін жасырмады. Себебі, ауылда бұл құбырлар 2011 жылдан бері жатқан екен, ал оны іске қосу үнемі кейінге қалдырылып келіпті.— «Енді біздің үйіміз жылы әрі таза болады. Енді көмір жағып, отын жарып, пеш тазалап жүрмейміз. Бұрынғыдан қарағанда қолайлы жағдай жасалды», — деп қуанышымен бөлісті көпбалалы ана Алия Турсынова.Қазыбек бектің тарихы – өңірді газдандырудың ауқымды бағдарламасындағы бір ғана эпизод. Қазіргі уақытта, өңірлік сызба аясында 157 елді мекен көгілдір отынға қосылып, 1,2 млн адамды қамтыды. Бұл облыстың жалпы халқының 77%-ын құрайды.2024 жылы 17 ауыл газбен қамтылды. Ал 2025 жылдың соңына дейін газдандыру деңгейін 59,5%-ға (169 елді мекен) дейін жеткізу жоспарланып отыр. 2025 жылы жаңа жобаларды іске асыруға 6,7 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылды. Тағы 1,4 млрд теңгесі жобалық-сметалық құжаттаманы дайындауға бағытталды.Жұмыстар Қонаев, Балқаш, Жамбыл және Іле аудандарында жүргізіліп жатыр. Билік жобаның нақты қажеттіліктер мен тұрақты даму қағидаттарын ескере отырып, кезең-кезеңімен жүзеге асырылатынын атап айтты.Өңірді газдандыру 2030 жылға дейін толық аяқталады деп жоспарланып отыр. Бұл тұрмыстық жағдайларды жақсартуға ғана емес, сонымен қатар экологияға жүктемені азайтуға, экономикалық өсуге және ауылдық жерлерге инвестициялар тартуға жағдай жасауға мүмкіндік береді.Қолжетімді көгілдір отын – болашаққа сенімді қадам.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/984349?lang=kk
Болашақ чемпиондар лигасы: Алматы облысында жастар спортқа тартылып, бағалы сыйлықтармен марапатталуда 28.04.2025
Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында орналасқан Úshqońyr спорт кешенінде «Алатау лига-2025» жобасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Шараға Қонаев, Алатау қалаларынан және облыстың тоғыз ауданынан келген 11 команда өкілдері қатысты.Жобаның ұйымдастырушылары – облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Алматы облыстық дене шынықтыру және спортты дамыту орталығы. Облыс әкімінің орынбасары Болат Күренбеков өз сөзінде «Алатау лигасы» екінші жыл қатарынан өткізіліп жатқанын және осы уақыт аралығында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілгенін атап өтті: 140-тан астам клуб ашылып, 13,5 мыңнан астам тұрғын тұрақты түрде спортпен шұғылдануға мүмкіндік алды. Халықтың дене шынықтырумен айналысу деңгейі 39%-дан 41,4%-ға дейін өскен.Салтанатты шараны жас спортшылар – каратэ мен футбол секциясының тәрбиеленушілері көрсетілім өнерлерімен әрледі. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының міндетін атқарушы Рахман Шахарбек жаңа бастама 10 мыңнан астам адамды қамтығанын, олардың басым бөлігі ауылдық жерлерде тұратынын айтты.Жобаның басты құндылығы – ірі ареналар мен заманауи спорт кешендерінен шалғайда орналасқан жастарға өз қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік беру. Сонымен қатар, бұл жоба «жаппайлықтан – шеберлікке» қағидаты негізінде құрылып отыр. Себебі «Алатау лига» жобасының аудандық және облыстық деңгейдегі жарыстарына негізінен 16-23 жас аралығындағы спортшылар қатысуда. Бұл – болашақта кәсіби футбол, баскетбол, волейбол және үстел теннисі клубтарына қосыла алатын жастар.«Жалпы, облысымызда спортқа қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде, – деді ол. – Мысалы, өткен жылы Еңбекшіқазақ және Райымбек аудандарында жаңа спорт кешендері ашылды. Бүгінгі таңда облыс аумағында 1880-нен астам спорт нысаны жұмыс істейді».Айта кету керек, жоба аясында әрбір ауылдық округте футбол, волейбол және баскетбол бойынша әуесқой клубтар құрылды. Барлығы – 140-тан астам клуб. Биыл жарыс бағдарламасына үстел теннисі де енгізілді.«Алатау лига-2025» спорттық жобасының алғашқы кезеңі 15 сәуірде облыстың барлық аудандарындағы ауылдық округтерде басталды. Бұл кезең 15 мамырға дейін жалғасады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер 20 тамыз бен 20 қыркүйек аралығында өтетін екінші кезеңге жолдама алады. Ал үшінші, финалдық кезең 10-25 қазан аралығында өтеді. Төрт спорт түрі бойынша үздік шыққан командалар кубоктармен, медальдармен, құрмет грамоталарымен және қомақты ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Жалпы жүлде қоры – 16 миллион теңге.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/983131?lang=kk
KT&G компаниясының Алматы облысындағы жаңа зауыты: 70 млрд теңге инвестиция және жылына 25 млрд теңге салық 25.04.2025
Қарасай ауданына қарасты Көкөзек ауылында «KT&G Kazakhstan» ЖШС зауытының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл — Оңтүстік Кореяның KT&G корпорациясының Қазақстандағы алғашқы жобасы және ол толығымен жеке инвестициялар арқылы жүзеге асырылды.Жаңа кәсіпорын өңірдегі ең ірі өндірістік нысандардың бірі болмақ. Жалпы инвестиция көлемі — 70 миллиард теңге, бұл қаржының барлығы компанияның жеке капиталы есебінен құйылған. Зауыт жобалық қуатына шыққан соң Еуразия мен ТМД нарығына сапалы өнім жеткізуді қолға алады. Зауыт арқылы Қазақстан бюджетіне жыл сайын шамамен 25 миллиард теңге салық түседі деп күтілуде.Қазіргі таңда зауытта 130 қызметкер жұмыс істейді. Алдағы уақытта кәсіпорын кеңейген сайын жұмыс орындарының саны артады.«Бұл зауыт — біз үшін маңызды қадам. Қазақстан — зор әлеуетке ие болашағы бар нарық. Біз бұл серіктестіктің табысты болатынына сенімдіміз», — деді «KT&G Kazakhstan» ЖШС бас директоры Пак Хён Ук.Зауыттағы өндіріс процесі толықтай автоматтандырылған және халықаралық сапа стандарттарына толық сәйкес келеді. Шикізатты сатып алудан бастап, дайын өнімді орауға дейінгі барлық кезеңде қатаң бақылау жүйесі жұмыс істейді.Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев бұл жобаның өңір үшін маңыздылығын ерекше атап өтті:«KT&G зауытының ашылуы — бұл тек жаңа өндірісті іске қосу емес. Бұл — Қазақстан мен Корея арасындағы 33 жылдық серіктестіктің нәтижесі және Алматы облысының инвестициялық тартымдылығының жарқын дәлелі. Біз халықаралық серіктестік үшін барлық жағдайды жасап, біздің өңірді таңдайтын компанияларды әрдайым қолдаймыз», — деді әкім.Ашылу рәсіміне 100-ден астам құрметті қонақ қатысты. Олардың арасында Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжо Тэ-ик пен KT&G корпорациясының бас директоры Банг Кёнг Ман болды. Қонақтар үшін қазақ-корей мәдени бағдарламасы ұйымдастырылып, өндіріс цехтарына экскурсия өткізілді.Жаңа зауыттың іске қосылуымен KT&G Еуразия нарығындағы өз позициясын күшейтіп, Қазақстан экономикасына қомақты үлес қосуда — жұмыс орындарын ашып, экспортты қолдап, жергілікті өндірісті дамытуға атсалысуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/981386?lang=kk
Абай облысындағы мәдениет 25.04.2025
2024 жылғы 1 қаңтарда Абай облысында: 137 қоғамдық кітапхана, 123 мәдени-демалыс ұйымдары,9 музей, 6 ойын-сауық және демалыс саябағы, 4 кинотеатр, 1 хайуанаттар бағы, 1 концерттік ұйым, 1 театр жұмыс істеді.2024 жылы кітапханаларда (3564,9 мың бару), кинотеатрларда (335,2 мың бару), музейлерде (249,3 мың бару), мәдени-демалыс мекемелерінде (839,4 мың бару) келушілер көп болды. Бұл ретте мәдени іс-шараларды ең көбі мәдени-демалыс ұйымдары (6 мың бірлік), кітапханалар(5 мың бірлік),музейлер(1 мың бірлік), театрлар (439 бірлік), ойын-сауық және демалыс саябақтары (101 бірлік) және концерттік ұйымдарында (118 бірлік) өтті.Өңірлік бөліністе 2024 жылы кітапханаларға барушылар саны Семей қаласы (2493,2 мың бару), Аягөз ауданы (202 мың бару), Абай ауданы (108,8 мың бару), Ақсуат ауданында (114,7 мың бару), Бесқарағай ауданы (152,8 мың бару), Бородулиха ауданы (149,3 мың бару), Жарма ауданы (101,3 мың бару) көп болды. Музейлерге ең көп барушылар саны Семей қаласы (139,6 мың адам) болған. 2025 жылғы 1 қаңтарға арналған мәдениет мекемелерінің желісібірлік ТеатрларМузейлерМәдени-демалыс мекемелеріКинотеатрларКітапханаларКонцерттік ұйымдарСаябақтарХайуанаттар бағы Облыс бойынша барлығы1 9 1234 137161Семей Қ.Ә. 1 4 3 4 13 1 41Курчатов Қ.Ә.- - 1- 1---Абай ауданы-1 9- 10-1-Ақсуат ауданы-2 10- 11---Аягөз ауданы-1 23- 23---Бесқарағай ауданы-- 4- 19---Бородулиха ауданы- - 9- 22---Жаңасемей ауданы-- 14- 5---Жарма ауданы-- 18- 13---Көкпекті ауданы-- 13- 9---Мақаншы ауданы--x-x-1-Үржар ауданы-1 11- 5--- Әдістемелік түсініктемелерКітапхана - ақпараттық, мәдени, білім беру функцияларын орындайтын, ұйымдастырылған баспа және қолжазба құжаттары қоры, графикалық, аудиовизуалды материалдар, электрондық жеткізгіштердегі құжаттар бар және оларды жеке және заңды тұлғаларға уақытша пайдалануға беретін мәдениет ұйымы.Концерттік ұйымдар - әдебиет пен өнер туындыларын көпшілік алдында орындауға жағдай жасау және көркем ұжымдар мен жекелеген орындаушыларды танымал ету үшін шаралар кешенін іске асыратын ойын-сауық ұйымдары.Музейлер - музей экспонаттары мен музей коллекцияларын сақтау, зерделеу және көпшілік алдында ұсыну үшін құрылған, мәдени, білім беру және ғылыми-зерттеу функцияларын жүзеге асыруға және Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасын танымал етуді қамтамасыз етуге арналған мәдениет ұйымдар.Театрлар - әдебиет пен өнер туындыларының сахналық қойылымдарын жүзеге асыратын ойын-сауық ұйымдары (драмалық, музыкалық-драмалық, музыкалық, хореографиялық, қуыршақ, пантомималар, балалар мен жасөспірімдерге арналған сатиралар мен әзілдер, жастар, эксперименттік). www.stat.gov.kz/ ҚР өңірлерінің статистикасы/Абай облысы/Электрондық кестелер/Мәдениет статистикасы Орындаушы:Сауда және қызмет көрсету статистикасы бөлімінің басшысы: Г.Т.ТолегеноваТел. +7 7222 362612Адрес:180000, Cемей қаласыМәңгілік ел көшесі, 25 © Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/981276?lang=kk
Қонаевта жаңғыртылған қалалық кітапхана ашылды 24.04.2025
Алматы облысының орталығы – Қонаев қаласында жаңғыртудан өткен қалалық кітапхана пайдалануға берілді. Жоба облыс әкімдігінің қолдауымен жүзеге асты.Кітапхана заманауи стандарттарға сай жабдықталып, бір мезетте 100 адамға қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Мұнда жоғары жылдамдықты интернет, коворкинг аймақтар, шығармашылық кеңістіктер мен заманауи әдебиеттер қоры қарастырылған.Ашылу рәсімінде Алматы облысы әкімінің орынбасары Болат Күренбеков бұл жобаның өңірдің рухани-мәдени өміріндегі маңызына тоқталды:– Бұл жай ғана жаңартылған ғимарат емес, білімге, оқуға және дамуға жетелейтін заманауи мәдени ортаны қалыптастырудың бір қадамы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кітапхана ісінің маңызын бірнеше рет атап өткен болатын. Біз бұл бағытта жүйелі жұмыстарды жалғастырамыз, – деді ол.Айта кетейік, Үкімет қаулысымен Қазақстанда "23 сәуір – Ұлттық кітап күні" ретінде бекітілген. Бұл – қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама.Болат Күренбековтің айтуынша, биыл жаңғырту жұмыстары Ұйғыр ауданындағы, Еңбекшіқазақ ауданының Шелек ауылындағы және Қарасай ауданының Жандосов ауылындағы кітапханаларда да жүргізіледі.Салтанатты шараға Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Кұлкенов, жазушы Сауле Досжан, ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Ғазиза Нұрғалиева және мәдениет саласының өкілдері қатысты.Рәсімнен кейін қонақтар жаңартылған кітапхананың жұмысымен танысты. Мамандардың айтуынша, бұл мекеме енді тек оқу орны ғана емес, сонымен қатар қарым-қатынас, даму мен жаңа идеялардың орталығына айналып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/980325?lang=kk
Жаңартылған жағалаудың ашылуы 24.04.2025
Капшагай су қоймасының жағалауы көп жылдар бойы назардан тыс қалып келген еді. Енді бұл аумақ мүлде жаңа кейіпке енді: балалар және спорт алаңдары, субұрқақтар, суға түсуге арналған ыңғайлы баспалдақтар, орындықтар мен жарықтандыру жүйесімен жабдықталған заманауи қоғамдық кеңістікке айналды. Ауқымды жобаны жүзеге асыруға «КСЖ Freedom Life» АҚ қолдау көрсетті.Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың жазында басталып, толық абаттандырумен сәтті аяқталды. Жаңа брусчатка төселіп, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылды, жарықтандыру жүйесі толық жаңартылды. Жаңа алаңда балалар мен спорттық алаңдар, ашық аспан астындағы жаттығу құрылғылары мен демалыс аймақтары пайда болды. Жағалау енді субұрқақтармен, жағажайға түсуге арналған баспалдақтармен толыққан. 2025 жылғы наурызда соңғы кезең – гүлзарлар отырғызу мен қылқанжапырақты және жапырақты ағаштарды егу жұмыстары да аяқталды.“Бұл тек абаттандыру емес — бұл тұрғындар мен қонақтар үшін жайлы әрі тартымды қоғамдық кеңістік қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам. Қонаев қаласы мен Капшагай жағалауы — су туризмінің ірі орталықтарының бірі. Жаңарған жағалау өңірдің инфрақұрылымын жетілдіріп қана қоймай, оның инвестициялық әлеуетін де арттырады”, — деді Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев.Ұзындығы 1 шақырым болатын жағалау бүгінде демалыс, серуендеу, спортпен шұғылдану мен отбасылық уақыт өткізу үшін барлық жағдай жасалған кең әрі заманауи кеңістікке айналды. Жобаның жүзеге асуына «КСЖ Freedom Life» компаниясы 4,53 миллиард теңге көлемінде қаржылық қолдау көрсетті. Бұл — бизнестің мемлекетпен тиімді әріптестігінің жарқын көрінісі.“Бұл кеңістікті шын мәнінде заманауи әрі тартымды ету үшін біз айтарлықтай ресурстар, уақыт пен күш жұмсадық. Бұл — жай ғана инфрақұрылымды жақсарту емес, бұл — Қонаев қаласының болашақ дамуына қосқан нақты үлесіміз. Біз қаланың зор әлеуетіне сенеміз. Мұндай жобалар оның өмір сүруге жайлылығын арттыра түседі”, — деді Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры Тимур Турлов.Жағалаудың ресми ашылуынан кейін нысан коммуналдық меншікке берілді. Қонақтар үшін арнайы экскурсия ұйымдастырылып, отандық өнерпаздар мен би ұжымдарының қатысуымен мерекелік концерт өтті.“Біз ірі холдинг ретінде ESG қағидаттарын ұстана отырып, қалалық ортаны жайлы әрі шабыт сыйлайтын етіп қалыптастыруға бағытталған жобаларға басымдық береміз. Freedom Life компаниясы соңғы алты жылдан бері өмірді сақтандыру саласындағы цифрлық қызмет көрсету бойынша көшбасшы болумен қатар, әлеуметтік маңызы бар бастамаларға да ерекше көңіл бөліп келеді. Қонаевтағы жағалауды абаттандыру — бизнестің қалалық инфрақұрылымды дамытуға қосқан маңызды үлесі. Бұл — біздің саналы стратегиямыздың ажырамас бөлігі, халқымыздың жарқын болашағына бағытталған нақты қадам”, — деді КСЖ Freedom Life басқарма төрағасы Азамат Ердесов.Іс-шара барысында Алматы облысының әкімі Капшагай су қоймасының экожүйесін сақтау және Қонаев қаласын өңірдің басты туристік бағыттарының біріне айналдыру жөніндегі жоспарларымен бөлісті:“Алда әлі де ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Туристерге қолайлы жағдай жасау үшін заманауи инфрақұрылым дамытылады. Сонымен қатар “Ұлы дала жорығы” және өрік фестивалі сияқты ірі іс-шаралар өтеді. Алдағы уақытта халықаралық деңгейдегі жағажай мен бес жұлдызды екі қонақүйдің құрылысы да қолға алынбақ”, — деді Марат Сұлтанғазиев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/979610?lang=kk