Саясат
  Алматы облысының әкімі «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясындағы құрылыс нысандарымен танысты 24.04.2025
 Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев жұмыс сапары барысында Талғар және Іле аудандарына барып, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының жүзеге асу барысымен танысты. Өңір басшысы үш білім беру нысанын аралап көрді. Жобалардың іске асуы 2 800-ден астам жаңа оқушы орнының құрылуына ықпал етіп, қолданыстағы мектептерге түсетін жүктемені едәуір азайтады.Сапардың алғашқы нысаны — Талғар ауданы Жаңалық ауылындағы 900 орындық мектептің құрылысы. Жоба 2023–2025 жылдар аралығында жүзеге асырылуда. Бас мердігер — «AK Construction Company» ЖШС, жобалаушы — «Капремпроект» ЖШС, техникалық қадағалаушы — «Стройинтеграция» ЖШС.Қазіргі уақытта нысанның 90%-ы дайын, ал жабдықтардың 50%-ы орнатылған. Құрылыстың негізгі жұмыстары аяқталып, аумақты абаттандыру және технологиялық жабдықтарды жеткізу жұмыстары жалғасып жатыр. Барлық жұмыстар алдағы екі аптада толық аяқталады деп жоспарлануда.Келесі нысан — Іле ауданы Тлендиев ауылындағы 900 орындық мектеп. Құрылыс белгіленген кестеге сай жүргізілуде: жер жұмыстары аяқталып, ғимараттың қаңқасы мен қабырғалары тұрғызылды, шатыр мен қасбеттік жұмыстар, сондай-ақ инженерлік желілерді тарту жұмыстары жүргізілуде. Жоба 2023–2025 жылдар аралығында республикалық бюджет есебінен қаржыландырылуда. Тапсырыс беруші — «Samruk-Kazyna Construction» АҚ, мердігер — «Exclusive Construction» ЖШС.Сапардың соңғы нысаны — Талғар ауданы Талдыбұлақ ауылындағы 600 орындық мектеп. Құрылыс жұмыстары аяқталу сатысында: ғимараттың қаңқасы тұрғызылып, ішкі әрлеу, инженерлік жүйелерді орнату және аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Мердігер — «Диал строй» ЖШС.Сапар қорытындысында облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев нысандардың жоғары дайындық деңгейін атап өтіп, заманауи білім беру инфрақұрылымын қалыптастыруда кешенді тәсілдің маңызын ерекше атап өтті:— Мектеп — бұл жай ғана ғимарат емес. Бұл — балалар өздерін жайлы, қауіпсіз әрі сенімді сезінетін орта. Аудан әкімдеріне аумақты көгалдандыру, ағаш отырғызу секілді жұмыстарға ерекше көңіл бөліп, жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырамын. Біз бұл мектептерді балаларымыз үшін салып жатырмыз, ал олар ең үздік жағдайға лайық, — деді облыс әкімі.Аталған мектептердің пайдалануға берілуі 2 467 оқушыны заманауи оқу жағдайымен қамтамасыз етеді және аудандардың әлеуметтік дамуына серпін береді. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы Алматы облысында жоспарлы түрде жүзеге асырылып жатыр.Ақпарат көзі :  https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/979506?lang=kk
 
  Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаев пен Қазақстан Республикасы Әділет министрі Азамат Есқараев АХҚО Сотының жетінші жыл сайынғы сот отырыстары конкурсының финалына қатысты. 22.04.2025
 Жарыс алғаш рет АХҚО Сотының төрағасы, бұрын Англия мен Уэльс Жоғарғы сотының төрағасы қызметін атқарған лорд Бернетт Малдонскийдің қатысуымен жеке өтті. АХҚО Сот отырыстары байқауы Қазақстан мен әлемнің жетекші заң мектептерінің білім беру бағдарламаларының құрамдас бөлігіне айналып, жетінші жыл қатарынан өткізілуде. еуразиялық аймақ. Байқауға қатысатын студенттер күрделі құқықтық мәселелерді талдайды, жалпы құқық принциптерін зерделейді, жазбаша мәлімдемелер дайындайды және судьялар алдында өз дәлелдерін ұсынады.Бұл конкурс заң факультетінің студенттеріне өз білімдерін заң шеңберінде көрсетуге бірегей мүмкіндік береді. ағылшынның жалпы құқығының нормаларына негізделген имитацияланған сот талқылауы.Ақпарат көзі :  https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/869838
 
  «Зияткерлік меншік: AI пен креативті индустриялар дәуіріндегі сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» атты панельдік сессия туралы 18.04.2025
 2025 жылғы 29 мамырда Астана қаласында өтетін Астана халықаралық форумы аясында «Зияткерлік меншік: AI пен креативті индустриялар дәуіріндегі сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» атты панельдік сессия өткізіледі.Панельдік сессия барысында зияткерлік меншікті құқықтық реттеудегі заманауи үрдістер, тиімді құқықтық қорғауды қамтамасыз ету мәселелері, сондай-ақ жасанды интеллект технологияларының авторлар мен жасаушылардың құқықтарына әсері талқыланатын болады.Спикерлер ретінде Қазақстан Республикасының Әділет министрі Ерлан Жақсылықұлы Сәрсембаев, Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының Бас директоры Тан Дарен, Еуразиялық патенттік ведомствоның президенті Григорий Петрович Ивлиев, Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов, Қытай Халық Республикасы Ұлттық зияткерлік меншік басқармасының өкілі СЮ Цзянь мәлімделді.БАЙЛАНЫС:Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің  баспасөз қызметіТелефон: +7 (7172) 74-06-21Электрондық пошта: a.lurova@adilet.gov.kzАқпарат көзі :  https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/978348?lang=kk
 
  Алматы облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы тағайындалды 18.04.2025
 Алматы облысы әкімінің өкімімен Тоқпейісов Ғалым Қасымұлы Алматы облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып тағайындалды.Ғалым Қасымұлы 1967 жылы Алматы облысы, Балқаш ауданында дүниеге келген, білімі жоғары, 1999 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.Еңбек жолын «Жиделі» ұжымшарының жұмысшысы болып бастаған.Әр жылдары «Қарой» ұжымшарының есепшісі, «Ақдала» күріш ұжымшары бригадирінің көмекшісі, еңбек жөніндегі экономисі, бөлім бастығы, Балқаш ауданы Ақдала ауылының әкімі, Жамбыл облыстық аумақтық балық шаруашылығы басқармасының бастығы, Көксу ауданы әкімінің орынбасары, Алматы облысы әкімі аппараты бөлімінің меңгерушісі, Көксу ауданының әкімі, Алматы облысы жер қатынастары басқармасының басшысы, Балқаш ауданының әкімі, Алматы облысы әкімінің кеңесшісі болып жұмыс  істеді.2024 жылдың ақпан айынан бастап Алматы облысы жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы лауазымында қызмет етті.Ақпарат көзі :  https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/978227?lang=kk
 
  Қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау бойынша  «Қазтест» жүйесі арқылы тестілеу өтті 18.04.2025
 2025 жылғы 17 сәуірде Әділет министрлігі Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Министрліктің қызметкерлері арасында «Қазтест» жүйесі арқылы қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау бойынша тестілеу өткізді.  Тестілеуге Министрліктің 55 қызметкері қатысты. Тест тыңдалым және оқылым бойынша тапсырмаларды қамтыды. Ақпарат көзі :  https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/978090?lang=kk
 
  Астанада II Орталық Азия медиафорумы басталды 18.04.2025
 16 сәуірде Қазақстанның бас қаласында II Орталық Азия медиафорумы басталды.Форумға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Түрікменстан, Ұлыбритания, Қытай, Катар, Ресей және басқа да елдерден журналистер, медиа компания басшылары, саясаткерлер, халықаралық ұйымдардың өкілдері мен беделді сарапшылардан тұратын 700-ден астам қатысушы жиналды.Форумның мақсаты – Орталық Азия медиа өкілдері мен халықаралық серіктестер арасындағы ынтымақтастықты нығайту, цифрлық трансформацияның өңірлік ақпараттық кеңістікке әсерін талқылау, сондай-ақ климаттың өзгеруі мен геосаяси тұрақсыздық сияқты жаһандық сын-қатерлерді қарастыру.Форум Орталық Азия елдерінің ақпарат министрлерінің жұмыс бабы бойынша кездесуінен басталды. Спикерлер қатарында – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан салалық ведомстволарының өкілдері және өңірдің негізгі медиа құрылымдарының жетекшілері бар.Іс-шараның ашылу рәсімінде Аида Балаева форумды ақпараттық ынтымақтастыққа арналған бірегей алаң екенін атап өтіп, Орталық Азия мемлекеттері басшыларының бастамасы арқасында бірлескен медиажобалар жасау мен гуманитарлық байланыстарды нығайту жұмыстары жандана түскенін айтты.«Бүгінгі форум өзекті мәселелерді ашық талқылап қана қоймай, аймақтағы бірлескен ақпараттық жұмыстың ортақ тәсілдерін әзірлей алатын бірегей алаңға айналды. Орталық Азия көшбасшылары деңгейінде ақпараттық саладағы ынтымақтастықты жандандыру мәселесі бірнеше рет талқыланғаны мәлім. Былтыр Астанада өткен Консультативтік кездесуде Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев бірлескен медиаөнімдер жасау туралы бастама көтерді.Қазақстан Орталық Азияның ортақ телеарнасын құру және аймақтың әлеуеті, осы аумақта тұратын халықтардың достығы мен бірлігі туралы хабардар ететін тележобаларды, сондай-ақ біздің халықтарымыздың тарихы мен ерекшелігі туралы танымдық теле-радио бағдарламалар топтамасын дайындау идеясын қолдады.Осылайша, қазіргі уақытта Орталық Азия елдері өңірдегі ақпараттық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бірлескен телеарна мен өңірлік медиаплатформаны іске қосу мүмкіндігін қарастыру үстінде»,– деді министр.Сонымен қатар Аида Балаева Орталық Азиядағы гуманитарлық ынтымақтастықтың жаңа деңгейге көтерілгенін атап өтті. Бірлескен медиажобалар жүзеге асырылып жатыр. Атап айтсақ, Астанада «Euronews»-тің Орталық Азия бойынша өкілдігі ашылды, мәдениет күндері өткізіліп, арналар трансляциясы кеңеюде, креативті индустрия дамып келеді және жалған ақпаратпен күрес жұмыстары күшейтілуде.Сондай-ақ ақпараттық ынтымақтастықты одан әрі нығайту және медиа саласындағы өзара байланысты дамыту мақсатында бірқатар жобалар талқыланып, жоспарланды. Олардың қатарында – Орталық Азия журналистика академиясын құру, креативті индустрияны дамыту, өңірлік журналистика сыйлығын тағайындау, жаңа тележобаларды іске асыру және өңір елдерінің контентін халықаралық медиаплатформаларда кеңінен таныту мәселелері бар.Форумның түстен кейінгі бөлімінде болашақ ақпараттық кеңістікті қалыптастыру, жасанды интеллект пен көп деректер дәуіріндегі медиа саласының цифрлық трансформациясы, елдің имиджін қалыптастырудағы әлеуметтік желілердің рөлі және басқа да мәселелер қарастырылады.Форум 17 сәуір күні де жалғасады. Екінші күні республикалық және Орталық Азия медиа өкілдері мен жоғары оқу орындары студенттеріне арналған шеберлік сабақтары өтеді. Спикерлер қатарында – Ұлыбритания, АҚШ және Ресейден келген танымал сарапшылар бар. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіАқпарат көзі :  https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/977876?lang=kk
 
  АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА  Жеке кабинет – зейнетақы жинағыңызды бақылаудың ең қолайлы тәсілі 18.04.2025
 Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) берілетін төлемдердің мөлшері тұрақты әрі толық көлемде аударылатын жарналардың сомасына тікелей байланысты. Жеке шоттарға ай сайын аударылып отыратын жарналар инвестициялық табыс есебінен көбейеді. Сонымен қатар, олар 1998 жылдан бергі еңбек өтілін растайтын маңызды көрсеткіш болып саналады. Бұл өтіл зейнетақы жүйесіне қатысу мерзімінің ұзақтығын, сондай-ақ мемлекеттік бюджет есебінен төленетін базалық зейнетақының мөлшерін есептеу үшін қажет.БЖЗҚ зейнетақы жарналарының дұрыс және толық аударылуын, әсіресе, жарналар жалақыдан ұсталып отырған жағдайда жіті қадағалаудың маңыздылығын ескертеді. Мұндай бақылау азаматтарға өз жинақтарының дұрыс қалыптасып жатқандығына көз жеткізіп, болашақта лайықты зейнетақы алуға мүмкіндік береді.Бүгінде БЖЗҚ-да жеке шоты бар әрбір азаматқа enpf.kz ресми сайтындағы немесе БЖЗҚ мобильді қосымшасындағы жеке кабинетке еш қиындықсыз кіруге болады. Қызметтің бұл түрі арқылы жинақтардың жай-күйін бақылап, жеке шот бойынша жасалатын барлық операциялар туралы өзекті ақпаратты жедел ала аласыз. Жеке кабинетке тіркелу үдерісі өте қарапайым және мұндай қызмет түрімен алғаш рет танысып отырған жандар үшін де қолайлы.Шоттың жай-күйіне қатысты ақпаратты жеке кабинет арқылы алу – зейнетақы жинақтарыңызды қадағалаудың ең ыңғайлы, сенімді және жедел тәсілі. Қызмет тәулік бойы (24/7) онлайн режимде жұмыс істейді, бұл ақпаратты кез келген уақытта және әлемнің кез келген нүктесінен алуға мүмкіндік береді.Сонымен қатар, зейнетақы шоттары туралы ақпаратты тек БЖЗҚ сайты арқылы ғана емес, сонымен бірге egov.kz электрондық үкімет порталы немесе оның мобильді қосымшасы арқылы да алуға болады. Бұл мемлекеттік қызметтерді бірыңғай платформалар арқылы алуға бейім азаматтар үшін қосымша қолайлылық туғызады.Статистика: 2025 жылдың басынан бастап 1 наурызға дейінгі аралықта БЖЗҚ шоттарынан 5,4 миллион үзінді көшірме берілген. Оның ішінде 4,4 млн астамы (немесе 82%) электронды түрде ұсынылған. Бұл сандық қызметтердің кеңінен қолданылып жатқанын және азаматтардың ақпаратты онлайн алуға деген сенім деңгейінің жоғары екенін көрсетеді.Электрондық платформаларды пайдалану ақпарат алу кезіндегі қателіктердің орын алу ықтималдығын едәуір төмендетіп, БЖЗҚ-мен өзара әрекеттесуді жеңілдетеді. Бұл салымшыларға жарналардың уақытылы аударылмауы немесе басқа да мәселелер туындаған жағдайда, шұғыл түрде қажетті шаралар қолдануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, зейнетақы жинақтарының жағдайын нақты бағалап, зейнетақы жинағын көбейтуге бағытталған шараларды алдын-ала қабылдауға жол ашады.Бүгінгі бақылау – сенімді болашақ кепілі! БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).Ақпарат көзі :  https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/977440?lang=kk
 
  Қалалық мобильділіктің болашағы: Қонаевта LRT құрылыс жобасы талқыланды 18.04.2025
  Алматы облысы әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары Рустам Исатаев төрағалығымен Оңтүстік Кореяның RETD CO., LTD компаниясы делегациясымен ресми кездесу өтті. Кездесудің негізгі тақырыбы – Алматы мен Қонаев қалаларын жалғайтын перспективалық маглев негізіндегі жеңіл рельсті көлік (LRT) жобасын талқылау болды.Кездесуді ашқан Рустам Исатаев көлік инфрақұрылымын дамытудың стратегиялық маңыздылығына тоқталды:«Алматы облысы – инвестициялық және инфрақұрылымдық әлеуеті жоғары, қарқынды дамып келе жатқан өңір. Біз көлік қолжетімділігін арттыруға және тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға басымдық береміз. Маглев технологиясын қолданатын LRT жобасы – осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі», – деді облыс әкімінің орынбасары.RETD CO., LTD компаниясының атқарушы директоры Ли Чан Ук магнитті ілініс технологиясының артықшылықтары және компанияның Азия елдеріндегі осындай инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырудағы тәжірибесі туралы айтып берді.«Біздің тәжірибеміз бен технологиямыз Қазақстан үшін пайдалы болады деп сенеміз. Маглев – бұл болашақтың көлігі, және біз Алматы облысының ауқымды дамуына үлес қосуға дайынбыз», – деді ол.Өз сөзінде Рустам Исатаев Оңтүстік Кореяның Қазақстанның негізгі экономикалық серіктестерінің бірі екенін атап өтті. Бүгінде Алматы облысында корей капиталының қатысуымен 15 кәсіпорын жұмыс істейді.Кездесуге облыстық басқармалар мен бөлім басшылары, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, кәсіпкерлік басқармасы, сондай-ақ «Алматы облысының өңірлік даму орталығы» ЖШС өкілдері қатысты.Тараптар LRT жобасын жүзеге асыру өңірдің көлік жүйесін дамытудың жаңа кезеңіне жол ашып, технологиялық және экономикалық серпін беретіндігіне сенім білдірді. Әкім орынбасары жобаның барлық кезеңдерінде жергілікті атқарушы органдар тарапынан толық қолдау көрсетілетінін атап өтті. Ақпарат көзі :  https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/977404?lang=kk
 
  Қытай Халық Республикасы Чжэцзян провинциясының кәсіпкерлер делегациясы Ақмола облысына сапармен келді 18.04.2025
 Ақмола облысына Қытай Халық Республикасының Чжэцзян провинциясынан келген кәсіпкерлер делегациясы өңір әкімдігінің шақыруымен іссапармен келді. Сапардың басты мақсаты – инвестициялық ынтымақтастықты дамыту.Көкшетау қаласында облыс әкімінің орынбасары Ернар Жаркешов делегация өкілдерімен өнеркәсіп, электронды коммерция және логистика саласындағы бірқатар жобаларды талқылады.Чжэцзян – Қытайдың маңызды провинцияларының бірі. Астанасы – Ханчжоу қаласы, мұнда Alibaba, DingTalk сынды әлемге әйгілі технологиялық алыптардың бас кеңселері орналасқан. Сонымен қатар, бұл өңір – шетелге инвестиция салатын ірі жеке компаниялары ең көп шоғырланған Қытай провинциясы.Қытайлық тарап Транскаспий дәлізінің Орта коридоры аясында өңірдің инфрақұрылымын пайдалануға қызығушылық танытты. Кездесу барысында республикалық маңызы бар “Aqmola” индустриялық аймағына ерекше назар аударылып, делегация бұл аумақты жоғары бағалап, өндіріс орындарын орналастыру үшін әлеуетті нысан ретінде қарастыруда.Әкімдік шетелдік компаниялар үшін Қазақстанда қарастырылған инвестициялық преференциялар мен жағдайлар туралы ақпарат беріп, инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетуге және бірлескен жобаларды іске асыру үшін қолайлы орта қалыптастыруға дайын екенін жеткізді.Тараптар бауырлас өңірлер форматында ынтымақтастық орнату мүмкіндігін қарастыруға ниетті екендерін білдірді.  Ақпарат көзі :  https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/976987?lang=kk
 
  Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы – бірлік пен келісім саясатының маңызды кезеңі 18.04.2025
 Бүгін Қонаев қаласындағы Алматы облысы әкімдігінің ғимаратында Қазақстан халқы Ассамблеясының алдағы 34-сессиясына арналған облыстық ҚХА Кеңесінің отырысы өтті. Бұл шара Ассамблеяның 30 жылдығына орай ұйымдастырылған айтулы оқиғалардың бірі болды.Кеңес отырысын Қазақстан халқы Ассамблеясының Алматы облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев ашып, қатысушыларды мерейлі датамен құттықтады. Өз сөзінде ол: «Тұрақтылық пен этносаралық келісім – ел дамуының негізі. Ассамблея бұл бағыттағы маңызын үнемі дәлелдеп келеді. Ол – қоғамдағы бірліктің, бейбітшілік пен өзара түсіністіктің тірегі», – деп атап өтті.Күн тәртібінде бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Атап айтқанда, облыстық Ассамблея төрағасының қоғамдық орынбасарларын сайлау өтті. Бұл қызметке «Барбанг» республикалық қоғамдық бірлестігінің филиалы мен «Ронаи» этномәдени орталығының төрағасы Гамзе Бадриевич Гейдаров пен облыстық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Амангелді Дәнибекұлы Беспаевтың кандидатуралары ұсынылып, бірауыздан қолдау тапты.Сонымен қатар, Ассамблея құрамына жаңа мүшелер қабылданып, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ерік Әзілжанович Әбитов олардың ел бірлігін нығайту жолындағы белсенділігін атап өтті.Жиын барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойына арналған арнайы медальдар мен ҚХА мүшесі куәліктері табысталды. Ел ішіндегі келісімді сақтау жолында еңбегі сіңген 35 белсенді азамат марапаттарға ие болды.ҚХА Кеңесінің мүшесі, қоғам қайраткері Асылы Осман өз сөзінде Ассамблеяның ел ішіндегі татулық пен тұрақтылықты сақтаудағы маңызды рөлін атап өтті: «Ассамблея – біздің бірлігіміздің жүрегі. Ол – достық пен өзара құрметтің символы. Алдағы уақытта да бұл құрылым ел мүддесіне қызмет ете беретініне сенемін», – деді ол.Кеңес соңында облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев барлық қатысушыларға алғыс білдіріп, Ассамблеяның алдағы кезеңдегі негізгі міндеттеріне тоқталды. Ол этносаралық диалогты дамыту, жастар бастамаларын қолдау және отансүйгіштік рухты нығайтудың аса маңызды екеніне тоқталып:«Қазақстан халқы Ассамблеясы бұдан әрі де еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылықтың берік тірегі болып қала береді», – деп қорытындылады.Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы – тек мерейтой ғана емес, бұл еліміздің бірлік жолындағы жетістіктерін саралайтын, болашаққа нық қадам басуға серпін беретін маңызды кезең.Ақпарат көзі :  https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/976831?lang=kk
 
  АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Егер басқа елге ТТЖ кетуге бел байласаңыз – зейнетақы жинағыңызды ұмытпаңыз! 18.04.2025
       Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты «БЖЗҚ» АҚ-дан (БЖЗҚ, Қор) зейнетақы төлемдерін алу құқығын Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда басқаша көзделмесе, елден тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, БЖЗҚ-да міндетті, міндетті кәсіптік (МЗЖ, МКЗЖ) және ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтары бар шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар пайдалана алады.      Төлем рәсімдеу үшін Қорға құжаттар тапсыру керек. Оның 3 түрлі тәсілі бар:   БЖЗҚ-ның кеңсесіне өзіңіз барсаңыз болады;Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның өкілі (сенім білдірілген адам) БЖЗҚ кеңсесіне құжаттар топтамасымен жеке өзі жүгіне алады.Қажетті құжаттарды БЖЗҚ облыстық (өңірлік) филиалдарының бірінің пошталық мекенжайына жіберуге болады.      БЖЗҚ сайтында Қорға беру тәсіліне қарай төлемдерді алуға қажетті құжаттардың тізбесі, оларды ресімдеуге қойылатын талаптар, сондай-ақ, өтініш бланкілері мен оларды толтыру үлгілері, сенімхат үлгісі орналастырылған. Қордың "Төлемге құжаттарды алдын ала тексеру" электрондық қызметін пайдалана отырып, БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдеріне жіберілетін құжаттарды алдын ала тексеруге болады.      Құжаттарды алған кезде БЖЗҚ Қазақстанның мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйелерінен өтініш берген шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарының не шетелдіктің Қазақстанда тұруға ықтиярхатының не уәкілетті қазақстандық орган берген азаматтығы жоқ адамның куәлігінің болуы және олардың жарамдылығы туралы мәліметтерді сұратады. Егер көрсетілген құжаттар өтініш білдірген шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне не шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға берілген рұқсаттың күшінің жойылуына, не Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылуына, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуына байланысты жарамсыз болса, БЖЗҚ зейнетақы төлемін құжаттар Қорға қабылданған не түскен күннен бастап 10 күн ішінде жүзеге асырады.       Зейнетақы жинақтарының төлемі зейнетақы төлемдерін алушы әрекетке қабілетсіз/әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған тұлға болса да, тек сол алушының банктік шотына аударылады. Зейнетақы жинақтары төлемін заңды өкілдің (қорғаншының/қамқоршының), сондай-ақ, сенім білдірілген тұлғаның банк шотына аударуға жол берілмейді. Осылайша, басқа елде тұрақты тұруды рәсімдеуші адам өзінің зейнетақы жинақтарын жақын туыстарына немесе басқа адамдарға бере алмайды.      БЖЗҚ зейнетақы төлемдерін деректемелері өтініште көрсетілген алушының банктік шотына тек ұлттық валютада – Қазақстан аумағындағы екінші деңгейлі банктерде/банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банктік шоттарға аударған кезде; сондай-ақ АҚШ долларымен, еуромен, фунт стерлингпен немесе Ресей рублімен – Қазақстаннан тыс жерлердегі шетелдік банктерде ашылған банктік шоттарға аударған кезде жүзеге асырады.               БЖЗҚ-ның кеңес беру қызметтерін мессенджерлер (+7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боттары) арқылы, 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығынан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), enpf.kz корпоративтік сайтынан, сондай-ақ, Instagram, Facebook, ВКонтакте, X(Twitter), Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларынан алуға болады.БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).      Ақпарат көзі :  https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/975945?lang=kk
 
  Ұлы дала жорығы» марафонына әлемнің 15 елі қатысады 18.04.2025
 2025 жылдың мамыр айында Алматы облысында өтетін «Ұлы дала жорығы» халықаралық марафон-бәйгесіне дайындықтар белсенді түрде жүріп жатыр.500 шақырым қашықтықты қамтитын марафонға 15-ке жуық ел қатысады деп күтілуде. Ресей, Қырғызстан, Түркия, Иран, Мажарстан және тағы басқа елдерден спортшылар қатысады. Бұл шара тек спорттық тұрғыдан ғана емес, еліміздің мәдениеті мен тарихын насихаттау мақсатында да үлкен маңызға ие.«Ұлы дала жорығы» марафонының ұзақтығы бес күнді құрайды, ал жалпы қашықтық 500 км-ді қамтиды. Жарыс Алматы - Өскемен тас жолындағы Бақанас көпірінен басталады. Марафон барысында қатысушылар Балқаш, Жамбыл, Іле аудандарының бірнеше ауылдарын кесіп өтеді. Балқаш ауданында Миялы, Бақбақты, Бақанас, Ақдала, Бояулы, Береке, Бура, Үшжарма, Ақжар, Аралтөбе, Желтораңғы, Топар ауылдары арқылы өтеді. Жамбыл ауданы Қаншеңгел, Ащысу, Айдарлы, Бозой ауылдарын қамтып, Іле ауданы Ақши ауылынан өтіп, марафон Қонаев қаласының «Қарлығаш» шағын ауданында аяқталады. Жорықтың жабылу салтанаты мен марапаттау рәсімі Қонаев қаласының орталық алаңында өтеді.Марафон аясында ұйымдастырылатын маңызды шаралардың бірі – асыл тұқымды жылқылар көрмесі. Бұл көрмеде ұлттық жылқы тұқымдары, олардың ерекшеліктері мен тарихы таныстырылады. Жылқылардың сәні мен күшін көрсететін бұл көрме қатысушылар мен қонақтар үшін ерекше қызығушылық туғызары сөзсіз. Ұлттық қолөнер көрмесі де марафонның ажырамас бөлігіне айналады. Қазақ халқының бай қолөнер мұраларын көрсету мақсатында ұйымдастырылатын бұл көрмеде шеберлер өз жұмыстарын ұсынып, келушілерге ұлттық өнерді таныстырады. Туристер үшін арнайы қалашықтар мен фотозоналар да ұйымдастырылатын болады. Шетелден келген қонақтарға еліміздің мәдениеті мен салт-дәстүрі туралы қызықты әрі көрнекті ақпарат ұсынылады.Мұндай халықаралық шаралар еліміздің туризм саласын дамытуға зор үлес қосып, Алматы облысының мәдени және тарихи мұрасын танытуға мүмкіндік береді. Марафонның маңыздылығын атап өткен спорт басқармасы басшысының орынбасары Рахман Шахарбек: «Бұл марафон тек спорттық жетістіктермен шектелмейді, ол еліміздің мәдени және туристік әлеуетін көрсетуге мүмкіндік береді. Жарыс арқылы біз Алматы облысының тарихи және мәдени мұрасын әлемге таныстырып, халықаралық қатысушылар мен туристер үшін маңызды оқиғаға айналдырамыз. Сонымен қатар, ұлттық қолөнер мен жылқы тұқымдары көрмесі, фотозоналар мен туристік қалашықтар осы шараның айрықша бөліктері болып табылады.із үшін бұл — тек спорттық іс-шара емес, сонымен қатар ұлттық бірегейлікті көрсету мүмкіндігі», — деп атап өтті.«Ұлы дала жорығы» марафоны еліміздің спорттық имиджін көтеріп қана қоймай, туризм саласына да жаңа серпін береді. Әлемнің әртүрлі елдерінен келген қонақтар мен қатысушылар бұл шараға қатыса отырып, Қазақстанның бай мәдени мұрасын тамашалай алады.Ақпарат көзі :  https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/975733?lang=kk
 
  Алматы облысы білім беруді белсенді дамытып, Жұмысшы мамандықтар жылын жүзеге асыруда 18.04.2025
 Алматы облысы білім беру саласында қарқынды дамып келеді. 2025 жылы Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өңірде студенттер мен оқушылардың білім сапасын және кәсіби дағдыларын арттыруға бағытталған бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылуда.Солардың бірі – 2025 жылғы 2-4 сәуір аралығында өткен алғашқы халықаралық кәсіптік шеберлік фестивалі TAIQAZAN-2025. Бұл байқауға колледж студенттері қатысып, қатысушылардың жұмыстарын Сауд Арабиясы, Түркия, Италия және Ресейден келген 25 халықаралық сарапшы бағалады. Байқау нәтижесінде түрлі номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды. Олардың қатарында Алматы облысы, Алматы қаласы, Түркістан, Павлодар облыстары мен Шымкент қаласының өкілдері бар. Атап айтқанда, «Тігін өндірісі және киім үлгілеу» номинациясында бірінші орынды Алматы облысының командасы жеңіп алды.Бұл – өңір студенттерінің жоғары деңгейде дайындалғанын көрсетеді. Сонымен қатар, облыста 2025-2026 жаңа оқу жылына бірінші сыныпқа қабылдау науқаны белсенді түрде жүргізілуде. 1 сәуірден бастап балаларды электронды платформалар арқылы (eGov.kz және iac.kz) және дәстүрлі қағаз форматта тіркеу басталды. Қазіргі уақытта 2 451 өтініш түскен. Жалпы алғанда, облыс бойынша 35 500 бірінші сынып оқушысын қабылдау жоспарланып отыр. Ерекше назар көптілді білім беру мәселесіне аударылуда: берілген өтініштердің 78,9%-ы қазақ тілінде оқытуға арналған. 1 сәуірден бастап аймақта PISA-2025 халықаралық зерттеуі басталды. Бұл зерттеуге облыстың 25 мектебі мен 2 колледжі қатысуда. Зерттеуді Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы жүзеге асырып жатыр және ол білім беру жүйелерінің тиімділігін бағалауға бағытталған. Сонымен қатар, PIRLS-2026 зерттеуінің апробациясы өтіп жатыр.Бұл зерттеу 7 мектепті қамтып, оқушылардың оқу және әдеби сауаттылығын бағалауға бағытталған. Өңірдегі маңызды бастамалардың бірі – мектепке дейінгі білім беру саласында 1000 жаңа орын ашу. 2025 жылдың ақпан-наурыз айларында балабақшаларда жан басына қаржыландыру негізінде мемлекеттік тапсырыс орналастыру байқауы өткізілді. Бұл шара балабақшадағы орындардың қолжетімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Алматы облысы оқушылары республикалық және халықаралық олимпиадаларда жоғары нәтижелер көрсетуде.Биыл табиғи ғылымдар пәндері бойынша республикалық олимпиадада облыс оқушылары 7 медаль жеңіп алды. Сонымен қатар, «Жібек жолы» халықаралық математика олимпиадасында облыстағы «Білім-Инновация» мамандандырылған мектебінің 11-сынып оқушысы Халел Мүслім 3-орын иеленді. Алматы облысы Білім басқармасының басшысы Салтанат Беспаева өңірдің қазіргі жетістіктерін атап өтіп: «Біз тек балаларымыздың білім алуына қолайлы жағдай жасауды ғана емес, сонымен қатар кәсіби білім беруді де дамытып жатырмыз. Жұмысшы мамандықтар жылы жастар үшін жаңа мүмкіндіктер ашты.Студенттеріміздің халықаралық байқаулардағы жетістіктеріне мақтанамыз. Сондай-ақ, PISA-2025 секілді зерттеулер білім беру сапасын арттыру және болашаққа дайын оқушыларды қалыптастыру үшін қандай нақты шаралар қабылдау қажет екенін жақсы түсінуге көмектеседі деп сенеміз», – деді. Ақпарат көзі :  https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/975693?lang=kk
 
  Қазақстандық су мамандарының алғашқы тобы Қытайда оқуын бастады 15.04.2025
 Су ресурстары және ирригация министрлігінің бастамасымен қазақстандық су мамандарының алғашқы тобы Қытайда біліктілік арттыру курсын бастады. Осыған дейін Су ресурстары және ирригация министрлігі қытайлық әріптестерімен тиісті келісімге қол жеткізген болатын.Алғашқы топта 30 маман. Одан әрі 25 адамнан жасақталатын тағы 3 топ Қытайда оқиды. Көрші елдегі екі апталық біліктілікті арттыру курстарынан жалпы саны 105 су маманы өтеді.Айта кету керек, оқу курсын Қытай тарабы өз есебінен ұйымдастырды және іс-шараға мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлінген жоқ.«Министрліктің бастамасымен жүзден астам қазақстандық маман өздерінің білімдері мен кәсіби дағдыларын шыңдау мүмкіндігіне ие болды. Қытай су шаруашылығы саласында озық технологияларға ие, сондықтан осы елдің тәжірибесін зерделеу еліміздің су саласын дамытуға көмектеседі. Сонымен қатар, біздің министрлік басқа мемлекеттермен де осындай курстарды ұйымдастыру бойынша белсенді келіссөз жүргізуде. Осыған дейін бірнеше су маманы Франция мен Жапонияда білім алып келді», - деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Нұрлан Алдамжаров.Еске салсақ, биыл наурыз айында алғаш рет Қазақстан мен Қытайдың су ведомстволары су ресурстары саласында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Құжат су ресурстарын ұтымды және орнықты пайдалану, заманауи технологияларды енгізу, баламалы су көздерін бөлу және игеру, сондай-ақ тәжірибе алмасу және бірлесіп маман даярлау саласында екіжақты ынтымақтастықты нығайтуды көздейді.Ақпарат көзі :  https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/973389?lang=kk
 
  Қала қазынасын ұлғайту жөніндегі қосымша шаралар туралы 15.04.2025
 Қала бюджетін толықтыру құрылымы ерекше. Қалада 185 мың ШОБ субъектісі бар. Халықтың үштен бірі кәсіпкерлік салада жұмыс істейді. ШОБ кірістері қаланың ЖӨӨ-нің 40%-ын құрайды, бюджеттің 60%-ы ШОБ-тен түсетін түсімдер есебінен қалыптасады. Яғни, қаланың әлеуметтік қолдауының экономикалық базасын ШОБ құрайды.Мемлекет басшысы К.-Ж.Тоқаевтың шешіміне сәйкес 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ШОБ-тан түсетін корпоративті табыс салығы жергілікті бюджеттерге беріледі. Бұл дегеніміз ШОБ көп болған сайын қала бюджетіне түсетін түсімдер соғұрлым көп болады.Демек бұл шешім "Шетсіз қала" қағидасы бойынша аудандардың тең дамуы үшін ресурстық базасын құрайды. Әкімдіктің негізгі ұстанымы барлық аудан тұрғындары үшін тең жағдайда өмір сүру сапасын жақсарту. Осыған орай қала әкімдігі ШОБ-ты барынша ауқымды дамыту бойынша шаралар қабылдауда. Ол үшін қосымша резервтер мен өсу нүктелері анықталды.«АЛМАТЫ – 2020» бағдарламасының негізгі басымдықтарының бірі болып «Бизнес пен жеке капиталға арналған қала» саналады.Бағдарлама аясында мына бір шаралар топтамасы іске асырылмақ:• «Алматы» ӘКК жұмыс істейді; • «Almaty Invest» инвестициялар тарту орталығы құрылды; • Қаланың 6 ауданында бөлімшелері бар «Qoldaý»кәсіпкерлік орталығы құрылды; • «Almaty Finance» қаржылық компаниясы және «Almaty» микронесие ұйымы құрылды. Бұлар пайыздық мөлшерлеменің сараланған саясатын жүргізеді. Қаланың орталық бөлігінде ШОБ үшін 7%, шеткі аймаққа 2%. Несиелеу аясында 2019 жылдың соңына дейін 2 млрд.теңге, ал 2020 жылы 10 млрд.теңге бөлінеді;• ШОБ-ты қаржылық қолдау көлемін 3 есеге ұлғайту (10,5 млрд.теңгеден 31 млрд.теңгеге дейін);• «Алматы Бизнес 2025» бағдарламасы аясында жыл сайын 20 мың кәсіпкерді оқыту.Бұл ретте кәсіпкерлер ШОБ-тің дамуына кедергі келтіретін бірқатар факторларды атап өтті. Олар:-                     Сұраныстың төмендеуі;-                     Бизнесті құру және дамыту үшін әкімшілік кедергілер; - Қызмет көрсету мен сауда жүргізу үшін қолжетімді инфрақұрылымның жоқтығы; - ШОК субъектілерінің, әсіресе ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлердің сауаттылығының төмендігі.Мысалы, кәсіпкерлердің мәліметінше, Қонаев пен Байтұрсынов көшелерінің екі жағына веложолдарды енгізу осы көшелерде орналасқан ШОБ кәсіпорындарының жағдайына кері әсерін тигізеді. Олардың қатарына сауда, қоғамдық тамақтану, денсаулық сақтау және т.б. кәсіпорындар кіреді. Келетін клиенттердің саны төмендеп, түсім көрсеткіші қысқарған. Бұл өз кезегінде ШОБ кәсіпорындарының қаржылық тұрақтылығына кері әсерін тигізуде. Алматылық кәсіпкерлердің айтуынша, веложолдардың кесірінен клиенттердің көлігін қоюға жер жоқ. Сол себепті олардың келуі де азайған. Велосипедке арналған жолақ жолдың екі жақ шетінде орналасқан. Бұл – көлік тұрағына үлкен кедергі келтіреді.Қонаев көшесінде 392 нысан орналасқан. Шығыс жағында 115 нысан, батыс жағында – 277. Соның ішінде бүгінгі күні 11 нысан («ArtDFlowers» гүлдер дүкені, «Jewelmer» зергерлік бұйымдар салоны, «Визит» сұлулық салоны, «Милана» киім бутигі) және т.б. жабылды. «Дом Одежды Восход» сауда үйінде барлығы 99 бутик бар. Бүгінде 49 бутик жұмыс істейді. 2018 жылдан бастап 50-ге жуық бутиктер (балалар және әйелдер киімі бутигі, ыдыс пен төсек-орын бутиктері) жабылды.Мысалы, сусындардың көтерме және бөлшек саудасымен айналысатын «SAB TRADE COMPANY» ЖШС-нің кірісі (Қонаев көшесі, 153 Шевченко көш.қиылысында орналасқан «TOIMART» ЖШС) 3 есе төмендеген. Демек салық аударымдары да 3 есеге қысқарды (2016 жылы – 233 762 900 теңге. 2017 жылы – 164 851 700 теңге. 2018 жылы – 62 447 800 теңге). «Grand Hotel Tien Shan» қонақ үйінің табысы 2 есеге, 2017 жылы – 22 955 500 теңге, 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында – 4 572 200 теңгеге түсті. Сондай-ақ, «Dolcetto» мейрамханасының табысы («Хан» ЖК, Қонаев көшесі, 114) 3 есе төмендеді (айналым айына 15-18 млн.тг-ден 5-6 млн.тг-ге дейін), жұмыс орындары 33-тен 19 адамға қысқарды.Байтұрсынов көшесінде 255 нысан орналасқан:– қарама-қарсы бетте – 107 нысан, атап айтқанда, Ахмет Байтұрсыновтың мұражайы үйі, Никольский соборы, Никольский базары, гүл базары, Алматы технологиялық университеті, Depo Evolution.– батыс жағында – 118. Олар: Алматы қаласы полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасы, Шет тілдер педагогикалық колледжі, Қазақ спорт және туризм академиясы. Бұл жерде 2 нысан (Мастер донер мен дәріхана) жабылды. Байтұрсынов к-сі, 16 мекен-жайындағы әкімшілік ғимаратта (шығыс жағы) веложол жолағы енгізілгенге дейін 20 жалдаушы болса, бүгінгі күні 9 жалдаушы қалды. 2018 жылдан бастап 11 жалға алушы жалдау шартын бұзды. (2 тіс емханасы, «Логистик центр» ЖШС, «Вольфрам» ЖШС, оқу орталығы және т.б.). Сондай-ақ, 2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап «SprintR» ЖШС де келісім-шартты бұзады (жұмыс орны – 30).Мысалы «Manga sushi» мейрамханасының (Байтұрсынов, 78 шығыс жағы) салық аударымдары 27,9% төмендеген. (2017 жылдың 1 жартыжылдығында – 3,2 млн.тг, 2019 жылдың 1 жартыжылдығында – 2,3 млн.тг.) келушілердің саны 9 654 адамнан 8 429 адамға дейін қысқарып, 12 қызметкер жұмыстан босатылды (бұрын 34 адам болса, қазір 22).«ЖанЕр.Д» кафесінің (Байтұрсынов көшесі, 44, шығыс жағы) салық аударымдары 2017 жылы 26,6 млн.тг, 2018 жылы 17,4 млн.тг қысқарды. «Oriental» асханасының (Байтұрсынов, 89) салық аударымдары 2017 жылы – 1,7 млн.тг, 2018 жылы – 1,1 млн.тг.Осыған байланысты Алматының Қоғамдық кеңесі Қонаев пен Байтұрсынов көшелеріндегі веложолды Шевченко көшесіндегідей екі жаққа бағытталатындай етіп көшенің бір жағына орналастыруды ұсынуда. Ал көшенің екінші бетіне көлік тұрағын қарастыруды жөн деп отыр. Бұл шара кәсіпкерлер үшін де, велоәуесқойлар үшін де тиімді болмақ. Сондай-ақ, тұрақ орындары қалпына келтірілсе, Қонаев көшесі бойында 300-ге жуық, ал Байтұрсынов көшесі бойында 150-ге жуық жаңа жұмыс орындары ашылуы мүмкін деп болжануда.Ақпарат көзі :  https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/26719?lang=kk
 
  Алматы әкімі мұғалімнің мәртебесін көтеру және оларға қолдау көрсету шаралары туралы айтты 15.04.2025
 Форумда мұғалім мамандығының маңызы және еліміздің лайықты азаматтарын тәрбиелеудегі педагогтың ерекше миссиясы туралы сөз қозғалды. Өскелең ұрпаққа сапалы білім мен өнегелі тәрбие беруді жақсарту мәселелері кеңінен талқыланды.«Мектеп – жеке тұлғаны және олардың бойында туған еліне деген шынайы сүйіспеншілікті қалыптастыратын киелі орын. Білім ошағында дәріс алатын оқушылардың болашағы зор әрі олар бақытты болулары тиіс», - деді Бақытжан Сағынтаев қаланың мұғалімдер қауымдастығы алдында сөйлеген сөзінде.Әкім өзінің сөзінде педагогикалық жоғары оқу орындары мен колледждерді бітіріп, Алматының мемлекеттік мектептерінде еңбек жолдарын енді бастайтын барлық жас мамандарға бірреттік материалдық көмек беру жөнінде шешім қабылданғанын айтты. Биылғы жылы 700 жас мұғалім бюджеттік қаржының есебінен 20 айлық есептегі көрсеткіш көлемінде грант алатын болады.«Бұл шағын көмек, дегенмен осынау алғашқы қадамның қаланың педагогикалық қауымдастығына қолдау көрсетудің маңызды символы болатындығына мен сенімдімін», - деп атап өтті Алматы әкімі.Сонымен қатар, үздік білім ұйымдарын 800 айлық есептік көрсеткіш бойынша жыл сайынғы дәстүрлі марапаттау жалғасады. Ал, бүгін жеңімпаз 24 миллион теңге көлемінде жүлде алатын болады.Айта кетерлігі, қаланың үздік педагогикалық ұжымдарына жыл сайын ақшалай сыйлықтар беріледі.2020 жылдан бастап қала әкімінің шешімі бойынша мегаполистің ерен еңбек етіп, сапалы білім берген үздік педагогтарына Алматы әкімінің арнайы гранты тапсырылады. Оның Ережесін, номинациясын, критерийлерін әзірлеу және кімге берілуі тиіс екенін анықтау оқытушылардың өздері жүктеледі.Мұғалім мамандығының мәртебесін арттыру үшін қалада ауқымды ақпараттық науқан ұйымдастырылады, оның барысында БАҚ шаһардың үздік педагогтары, үздік оқу практикалары мен кейстері туралы жазатын болады. Бұл шара қоғам үшін білім жүйесін дамытудың дұрыс векторын қалыптастыруға ықпал етеді.Алматы әкімі жаңадан қолға алынатын әрі жыл сайын өтетін «Úzdіk ustaz» («Лучший педагог») байқауы және оның қорытындысы 2020 жылдан бастап Мұғалім күні қарсаңында шығатыны туралы хабардар етті. Жеңімпаздарға ынталандыру сыйлығы ретінде пәтер, автомобиль және басқа да бағалы сыйлықтар беріледі.«Мұғалім – білім саласындағы басты тұлға, сондықтан қоғам үшін аса маңызды мамандықтың мәртебесін көтеруге тиіспіз», - деп атап өтті Б. Сағынтаев.Қазіргі кезде Алматыда 32 мыңға жуық мұғалім бар.Ақпарат көзі :  https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/26709?lang=kk
 
  Алматы қаласының әкімі Әуезов ауданы тұрғындарының сұрақтарына жауап берді 15.04.2025
 Шаһар басшысы қаладағы барлық ауруханалар мен емханаларға аудит жүргізілгенін мәлімдеді. Бұдан өзге шеткі аудандардың 6000-нан астам тұрғынын қамтитын денсаулық айлығы басталды. Мегаполистің шалғай аудандарында медициналық қызмет көрсететін дәрігерлік пункттер мен амбулаториялар ашылуда.Б. Сағынтаевтың тапсырмасына сәйкес аулалар мен жарығы жоқ учаскелерге баса назар аударылып, патрульдеу тәртібі қайта қарастырылды. Жаяу патрульдеудің маңыздылығын тілге тиек еткен қала әкімі кездесуде Әуезов ауданының тұрғындарына өтініш айтты. "Патрульдер аулаларға кіруі керек! Бұл бекітілген тәртіп. Егер аулаға кірмей кеткен полицейді байқасаңыз, маған хабар беріңіздер. Жаяу патруль аулаларды қамтуы тиіс", - деді ол.Сондай-ақ, қала әкімі кәсіпкерлерді қолдау жөніндегі жобалар туралы айтты. Аталған жоба аясында шеткі ауданның тұрғындары жеке бизнесін ашуға 2%-бен, ал орталықтың тұрғындары 7%-бен несие ала алады. Әркім өз бизнесін ашып, аяққа тұрып, қарызын қайтаруға мүмкіндік алмақ.Бұл ретте шаһар басшысы Б. Сағынтаев әйелдер кәсіпкерлігінің тақырыбына жеке тоқталды. Естеріңізге сала кетейік, қала басшысының тапсырмасы бойынша әр ауданда "Бақытты отбасы" дейтін көпбалалы аналарды қолдау орталықтары ашылуда. Орталықтың жұмысы аясында "Іскер ана" бағдарламасы іске қосылды. Бұл бағдарлама түрлі мәселелер бойынша, атап айтқанда, құжат жинау мен кеңес алу, тегін үйрету курстарынан өту бойынша көмек көрсетеді.Кездесу үш сағатқа созылды. Күн тәртібіндегі мәселелер тұрғын үй шаруашылық, аулаларды абаттандыру мен жарықтандыру, аулалардағы қоғамдық қауіпсіздік пен ұрлық, қоқыс жинау, арық жүйесінің жұмысы, кәріз, қаңғырған иттер және т.б. болды.Жалпы күнделікті мәселелерге қатысты 150-ге жуық сұрақтар қойылды. Қала әкімі жауапты тұлғаларға қала тұрғындары қойған әрбір мәселеге нақты жауаптар беруді тапсырды.Апта сайын әр дүйсенбі де аудан және басқарма басшыларының тұрғындармен болған кездесулерде көтерілген сұрақтар мен өтініштердің қалай шешіліп жатқаны туралы есептері тыңдалмақ.Ақпарат көзі :  https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/26232?lang=kk
 
  Қала тұрғындарына қауіп жоқ 15.04.2025
 Соңғы авиабақылау ақпараты бойынша №1 өзенде су деңгейі 6-7 метрге төмендеген, аққан су массасының көлемі 20-25 мың м 3. Сел қаупі маусымы басталғалы жүргізілген сақтандыру жұмыстарының нәтижесінде 2019 жылдың 14 тамызында болған селдің әсерінен өзендегі су көлемі 42 мың м3 төмендеген.«Қазселденқорғау» МК мамандары бұл оқиғаға «сел тасқыны» деген сипаттама берді, сондықтан мұнда селге қатысты (тас, лай, құлаған ағаштар) болған жоқ. Өзеннің ішкі арналары мен канал бойымен судың ағуы тоқтады, каналдың бойына шағын тоқтау су жиналған. Өзеннің төменгі ағысында су едәуір тазарған.Мониторинг пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Наурызбай, Әуезов, Алатау аудандарында бұрынғы күш құрылымдары мен инженерлік техника кезекшілік ететін болады.Қалаға келетін қауіп жоқ, Қарғалы өзеніндегі су қалыпты жағдайда. Өзен және плотина маңына «Қазселденқорғау» МК гидропостары, ал плотинадан төмен Алатау ауданына дейінгі аумаққа ТЖД мониторинг жүргізуде. Сел қаупі бар учаскелер бақылауға алынған.Аулаларды, көшелер мен объектілерді су басу фактілері тіркелмеген.Алматы қаласы әкімінің келісімімен жедел Штабтың жұмысы тоқтатылды, жағдайды Алматының ТЖД өз бақылауына алған.Ақпарат көзі :  https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/26156?lang=kk
 
  ШҚО-да тәулігіне 30 тонна өнім өндіретін сүт өңдеу зауыты іске қосылды 15.04.2025
 Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха ауданында бұрынғы май зауытының базасында «Сивер+» ЖШС-нің жаңа сүт өңдеу кәсіпорны іске қосылды. Өндірістік қуаттылығы – тәулігіне 30 тонна сүт.Кәсіпорын заманауи технологиялық жабдықтармен жабдықталған: төрт ашытқы қайнатқышы, сүзбе ваннасы, пастерлеу құрылғысы және сүтті толық өңдеу циклін қамтамасыз ететін басқа да жүйелер орнатылған. Сондай-ақ тәулігіне 29 тонна қабылдайтын сүт қабылдау пункті мен шаруа және жеке қосалқы шаруашылықтардан күніне 2,5 тонна шикізат қабылдайтын қосымша пункт ашылған.Қазіргі кезеңде күн сайын 2–2,5 тонна сүт өңделіп, «Nastole» сауда белгісімен табиғи өнімдер – айран, сүзбе және қаймақ шығарылады.2025 жылдың басынан бастап бұл өнімдер Қарағанды облысындағы сауда желілерінде сатылып, Семей, Жетісу, Алматы және ШҚО өңірлеріндегі әскери бөлімдерге жеткізілуде.Өндірісті кезең-кезеңімен дамыту жоспарда бар. 2026 жылы қышқыл сүт өнімдерінің өндіріс көлемін ұлғайту, ірімшік цехын іске қосу және оны ретке келтіру, май өндіру цехын жаңғырту жоспарланса, 2027 жылы қоюлатылған сүт өндірісі іске қосылады. 2028 жылы толық өндірістік қуатқа шығу көзделген.Кадрлық стратегия аясында «Сивер+» ЖШС Шемонаиха колледжімен дуалды оқыту шеңберінде – технологтар мен техникалық бағыттағы қызметкерлерді дайындау бойынша ынтымақтастық туралы келісім жасаспақ. Бұл кәсіпорынның тұрақты өсуі мен дамуын қамтамасыз етеді.Ақпарат көзі :  https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/975236?lang=kk
 
  ШҚО әкімі Pro Hokei Ligasy финалына жанкүйер ретінде қатысты (фоторепортаж) 15.04.2025
 ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов Спорт сарайында өткен Pro Hokei Ligasy ақтық ойынына «Торпедо» хоккей командасына қолдау білдіру үшін арнайы келді.«Торпедо» (Өскемен) мен «Арлан» (Көкшетау) командаларының арасындағы тартысты ойында 3:2 есебімен қонақтар басым түсті.Келесі матч тағы да Өскеменде өтеді.Ақпарат көзі :  https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/975122?lang=kk