Саясат
Алматы облысында шипалы ыстық су көздеріне апаратын жол жөнделіп жатыр 10.09.2025
Алматы облысында шекара маңындағы аудандарды қоса алғанда, туристік инфрақұрылымды дамыту жалғасуда. Мұнда күн сайын мыңдаған көлік қатынайтын республикалық маңызы бар «Көкпек – Шонжы» автожолы жөнделіп жатыр. Бұл жол танымал ыстық су көздеріне апарады, сондықтан оның қайта жаңғыртылуы өңірдің туризмді дамыту жөніндегі кешенді жоспарына енгізілген.Ұйғыр ауданында ұзындығы 85 шақырымдық жол учаскесін жаңарту жұмыстары басталды. Бұл трасса Арасан ауылдық округін туристік нысандармен байланыстырады және ішкі туризм үшін маңызды рөл атқарады. Мұнда соңғы күрделі жөндеу жұмыстары жиырмадан астам жыл бұрын жүргізілген. Қазір «Көкпек – Шонжы» жолының ыстық су көздеріне апаратын екі бөлігі қайта жөнделуде.Көп жылдар бойы жолдың жағдайы қанағаттанарлықсыз болып, тұрғындар бірнеше рет әкімдікке оны ретке келтіруді сұрап жүгінген.Ұйғыр ауданының тұрғыны Құрметхан Жидебаев атап өтті:– Шарын шатқалы маңындағы бұл бөлік ең қиын учаскелердің бірі саналды. Біз үшін бұл жолдың маңызы зор – ол Қытай шекарасына апарады. Енді туристерге де, кәсіпкерлерге де қатынау жеңілдейді. Бұл жол баршаға қажет.Жөндеу жұмыстарына республикалық бюджеттен шамамен 4 млрд теңге бөлінген. Биыл мердігерлер ресайклинг жасап, инертті материал төсеп, асфальттың алғашқы қабатын салады. Жобаны толық аяқтау келесі жылға жоспарланған.«ҚазАвтоЖол» ҰК облыстық филиалы бөлімінің басшысы Досбол Тепкішовтың айтуынша, бұл жол 1980–1990 жылдары салынған, ал оның жабыны әбден тозған. Жергілікті тұрғындар жолдың жағдайына жиі шағымданып, мұнда апатты жағдайлар көп болған. 2000-жылдардың басында тек үстіңгі қабаты ауыстырылған, одан кейін тек шұңқырларды жамау жұмыстары ғана жүргізілген. Қазір орташа жөндеу жұмыстары атқарылуда, ал биылдың өзінде қозғалыс бір қабат асфальтпен ашылады.Жалпы, 2025 жылы Алматы облысында республикалық маңызы бар 247 шақырым жол жаңартылады, оның шамамен 200 шақырымы Кеген, Райымбек және Ұйғыр аудандарына тиесілі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1064937?lang=kk
Алматы мен Мәскеу облыстары ынтымақтастықты дамыту бағыттарын талқылады 10.09.2025
Мәскеу облысында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев пен Мәскеу облысының губернаторы Андрей Воробьёв кездесіп, екі өңір арасындағы басым бағыттағы әріптестікті талқылады. Жиын Алматы және Мәскеу облыстарының кәсіпкерлеріне арналған бизнес-форум қарсаңында өтті. Кездесуге Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дәурен Абаев та қатысты.Андрей Воробьёв Қазақстаннан келген делегацияға алғысын білдіріп, екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға ерекше мән берілетінін атап өтті.«Сіздердің Мәскеу облысына келіп, әртүрлі саладағы ынтымақтастықты талқылауға уақыт бөлгендеріңізге қуаныштымыз. Қазақстандық кәсіпкерлердің жобалары Подмосковьеде іске асса, ал біздің бизнес өкілдері Қазақстанда еркін жұмыс істей алса, бұл екі жақ үшін де тиімді болмақ. Бүгінгі форум осы бағыттағы нақты қадамдардың бірі», – деді ол.Алматы облысының делегациясы Солнечногорск қаласындағы «Есипово» индустриалды паркін аралап, «Лайт индустриал» үлгісімен танысты. Бұл жоба өндірісті небәрі үш айда іске қосуға мүмкіндік береді. Сондықтан шағын және орта бизнес үшін тиімді шешім саналуда.Марат Сұлтанғазиев те Мәскеу облысымен ұқсастықтарды атап өтті: «Біздің аймақтың даму бағыты да, орналасуы да ұқсас – біз Алматыны қоршасақ, сіздер Мәскеудің айналасындасыздар. Экономикалық құрылым да сәйкес келеді. Қазақстандық кәсіпкерлердің Мәскеу облысында жұмыс істеуге қызығушылығы бар, сондай-ақ Мәскеу облысының бизнесі Алматы облысына келуге ниетті. Бұл – өндіріс пен логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге жол ашады», – деді ол.Сондай-ақ, Сұлтанғазиев ресейлік әріптесін Алматы облысына ресми сапармен келуін ұсынды.Соңғы бес жылда Мәскеу облысының Қазақстанмен тауар айналымы 1,8 есеге артқан. Қазіргі таңда қазақстандық нарықта Подмосковьеде өндірілетін косметика, химия, фармацевтика, полимерлер, машина жасау өнімдері, металл және автокомпоненттерге сұраныс жоғары.Өткен жылы Мәскеу облысының бірқатар өндірушілері – Серпухов, Лосино-Петровский, Раменск, Люберцы, Сергиево-Посад округтерінің кәсіпорындары Қазақстанмен 177 экспорттық келісімшарт жасасып, өз өнімдерін жеткізе бастады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1064813?lang=kk
Халықаралық бизнес-миссия: Мәскеу облысы мен Қазақстан іскерлік байланыстарды нығайтады 09.09.2025
2025 жылғы 9–10 қыркүйекте Мәскеу облысының Красногорск қаласында Алматы облысы Әкімдігі делегациясының қатысуымен Халықаралық реверстік көпсалалы бизнес-миссия өтеді.Негізгі алаң Мәскеу облысы Үкімет үйі (Құрылысшылар бульвары, 1) болады. Мұнда екі өңірдің кәсіпкерлері арасында сатып алу сессиялары мен B2B-кездесулер ұйымдастырылады.Бизнеске жаңа мүмкіндіктерІс-шара аясында Мәскеу облысының компаниялары өз өнімдерін қазақстандық сатып алушыларға тікелей ұсыну мүмкіндігіне ие болады. Бағдарламада келіссөздер мен презентациялар қарастырылған, бұл тараптарға ынтымақтастық шарттарын талқылап, жаңа экспорттық келісімдер жасауға жол ашады.Кемінде 12 қазақстандық сатып алушының қатысуы күтілуде. Тікелей пікір алмасу форматы ұзақ мерзімді әріптестік орнатуға қолайлы жағдай жасайды.Жоғары деңгейдегі қолдауБизнес-миссияның іскерлік бағдарламасына Мәскеу облысының губернаторы Андрей Воробьёвтың қатысуымен бірқатар іс-шаралар кіреді. Бұл Ресей мен Қазақстан арасындағы стратегиялық әріптестіктің маңыздылығын көрсетеді.Қазақстан – негізгі әріптесҚазақстан Республикасы тұрақты экономикалық өсім көрсетіп, экспорт үшін перспективалы бағыт болып табылады. Инвестициялық климаттың қолайлылығы, мәдени жақындық және орыс тілінің кеңінен қолданылуы бизнесті дамытуға тиімді жағдай туғызады.Қатысу шарттарыҰйымдастырушылар экспортқа жұмыс істеп жүрген немесе шетелдік нарыққа шығуды жоспарлап отырған Мәскеу облысының компанияларын қатысуға шақырады. Ол үшін өнім мен компанияға қатысты презентация дайындау қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1064045?lang=kk
Агросектор сделал шаг вперёд, строительство набрало темпы 07.09.2025
Агросектор алға басты, құрылыс қарқыны күшейдіАлматы облысында ауыл шаруашылығы мен құрылыс саласы қатар дамып келеді.Бұл өңірдің экономикасының бір салаға ғана емес, бірнеше бағытқа негізделіп, тұрақты өркендеп жатқанын көрсетеді.2024 жылы облыста ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 682,3 миллиард теңгеге жетті. Бұл тек ішкі нарықты қамтамасыз етіп қана қоймай, экспортқа шығару мүмкіндігін де кеңейтті. Алдағы жылы бұл көрсеткіш 751 миллиард теңгеге ұлғаймақ. Ауыл шаруашылығы – елдің азық-түлік қауіпсіздігінің басты кепілі. Алматы облысы осы саланы дамытуға ерекше көңіл бөлуде.Облыс республикада ет, өрік және құс етін өндіру бойынша алдыңғы орында тұр. Табиғи өнімге сұраныс өсіп жатқан шақта мұндай көрсеткіш айрықша маңызға ие. Соңғы үш жылдың ішінде облыстың аграрлық өнімдері шетел нарығына да кеңінен шығарылып, экспорт көлемі 1,5 есеге өсті. Бұл 850,9 миллион АҚШ долларын құрады. Мұның артында жергілікті шаруалардың еңбегі мен мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау жатыр.Ауылдық жерлердегі кәсіпкерлерге көмек көрсету мақсатында «Ауыл аманаты» бағдарламасы іске қосылды. Соның аясында жалпы сомасы 10,8 миллиард теңге болатын 1 360 шағын несие берілді. Бұл бастама шалғай ауылдардағы кәсіпті дамытуға және тұрғындардың өз ісін бастауы үшін мүмкіндік туғызды. Қарапайым тұрғындарға нақты қаржылай көмек көрсету – қолдаудың тиімді тәсілі.Ауылмен бірге қала да қарқынды дамып келеді.. Құрылыс саласындағы өсім – осының айқын дәлелі. 2022–2024 жылдары облыста 2,6 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл мыңдаған отбасының жаңа пәтерге ие болғанын білдіреді. 2025 жылы тағы 960 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр.Құрылыс саласының жандануы тұрғындардың өмір сапасын жақсартып қана қоймай, өңірдің экономикалық дамуына да септігін тигізеді. Жұмыс орындары көбейеді, инфрақұрылым кеңейеді, жергілікті өнімге сұраныс артады.– Құрылыс саласындағы өсім – тұрғындардың баспаналы болуына жол ашатын басты фактор. Бұл әлеуметтік тұрақтылықтың негізі, – деді өңірлік конференцияда облыстық құрылыс басқармасының өкілі.Алматы облысының ауыл шаруашылығы мен құрылыс саласында қол жеткізген жетістіктері – жай статистика емес, халықтың өмір сапасын арттыруға бағытталған нақты нәтижелер. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табатыны анық, себебі тұрақты даму бүгін ғана емес, ертең үшін де маңызды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1063152?lang=kk
Алматы облысы бюджеттік түсімде рекорд жасады 07.09.2025
2025 жылы бюджет алғаш рет 1 триллион теңгеден асты. Алматы облысының бюджеттік түсімі 2025 жылы алғаш рет 1 триллион теңгеден асты. Бұл – өңірдің экономикалық өсімінің нақты көрінісі. Қаржының басым бөлігі әлеуметтік саланы дамыту мен инфрақұрылым жобаларына бөлінген.Облыстың меншікті кірісі де айтарлықтай артты. 2022–2024 жылдары бұл көрсеткіш екі есеге жуық өсіп, 630 миллиард теңгеге жетті. Түсімнің негізгі бөлігі акциздік салықтардан жиналған.Соңғы үш жылда облыста 696,5 шақырым жол жөнделді. Жол сапасының жақсаруы көлік қатынасының жеңілдеуіне әсер етті. Сонымен бірге, 18 елді мекенге табиғи газ жеткізілді. Бұл – тұрғындардың күнделікті өмірін жақсартуға бағытталған нақты қадам.Бюджеттің 60 пайызы әлеуметтік салаға бөлінді. Қаржы білім беру, медицина және әлеуметтік қорғау бағытындағы жобаларға қарастырылған.Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Асылан Ораз бұл көрсеткіштерді халықтың әл-ауқатын көтеруге жасалған жүйелі әрекет деп бағалады.Алматы облысының бюджеттегі бұл жетістігі – өңірдің даму қарқынының күшейгенін, тұрғындардың жағдайы біртіндеп жақсарып жатқанын көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1063153?lang=kk
Агроөнім экспорты 1,5 еседен астам өсті 07.09.2025
Алматы облысы шетел нарығында сұранысқа ие өнім көлемін арттырды. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты жылдан-жылға артып келеді.Бұл — өңір агросекторының әлеуеті өсіп, сыртқы нарықта сұранысқа ие бола бастағанының көрсеткіші.Ресми мәліметтерге сүйенсек, 2022 жылы облыстың агроөнім экспорты 249,6 миллион АҚШ долларын құрайды. Ал 2024 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 397,2 миллион долларға жетіп, 1,5 еседен астам ұлғайған. Яғни небәрі екі жылдың ішінде экспорт көлемі 147,6 миллион долларға артқан.2025 жылдың алғашқы алты айында шетелге 226,3 миллион доллардың өнімі жөнелтілді. Бұл — жыл соңына дейін өткен жылғы көрсеткіштен де асып түсуі мүмкін екенін аңғартады.Экспорт көлемінің ұлғаюына бірнеше фактор ықпал етті: сапалы өнім өндіру, қайта өңдеу кәсіпорындарының дамуы және шетелдік нарықпен тиімді байланыс орнату. Сонымен қатар, мемлекеттің ауыл шаруашылығына бағытталған қолдау бағдарламалары да өз әсерін тигізіп отыр.Алматы облысы бүгінде ет, құс еті, жеміс-жидек және көкөніс өнімдерін экспорттауда алдыңғы қатарға шықты. Өңірдің табиғи-климаттық жағдайы мен еңбекқор шаруалары сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті өнім өндіруге мүмкіндік беріп отыр.Агроэкспорттың артуы — тек экономикалық пайда ғана емес, бұл – ауылда жұмыс орындарының көбеюі, фермерлердің табысының артуы және өңірлік экономиканың нығаюы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1063154?lang=kk
Кендала ауылында жаңа автобус бағыты іске қосылды 07.09.2025
Талғар ауданының Кендала ауылында тұрғындар үшін маңызды жаңалық – жаңа автобус бағыты іске қосылды. Бұған дейін дачалық массив тұрғындары балалардың мектепке, ал ересектердің аудан орталығына жетуінде қиындықтар туындап келген еді.Аудан әкімінің тапсырмасы бойынша автокөлік және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары, бөлім басшысы Асқат Досжановтың жетекшілігімен, №4 маршрут қозғалысын түзетіп, жаңа бағыт енгізді. Енді «Тегістік» бау-бақша серіктестігін Талғар қаласымен байланыстыратын автобус 13 көшені қамтиды.Маршрут саяжайларға кіріп, Сейфуллин атындағы №2 мектептің, аудандық аурухананың, әкімдіктің, орталық базардың жанынан өтіп, қала орталығына шығады. Бірден төрт автобус жолға шығарылып, ауыл тұрғындарының қатынауына едәуір жеңілдік жасалды.Жолақы Alempay картасымен – 120 теңге, балаларға – 60 теңге, қолма-қол – 200 теңге болып белгіленді. Асқат Досжановтың айтуынша, жаңа бағыттың ашылуы тұрғындардың көпшілік өтініштеріне тікелей жауап болды.Бұл өзгеріс Кендала ауылдық округінің тұрғындары үшін оқу, жұмыс және медициналық мекемелерге тез әрі ыңғайлы жетуге мүмкіндік беріп, олардың өмір сапасын арттыра түседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1063155?lang=kk
Инвестиция көбейді: Алматы облысына 1,35 триллион теңге 07.09.2025
Алматы облысы соңғы жылдары қаржы тарту жағынан үлкен серпіліс жасап келеді. 2024 жылы өңірге 1 триллион 17,7 миллиард теңге көлемінде инвестиция тартылса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 1 триллион 352 миллиард теңгеге жетуі ықтимал.2022–2024 жылдар аралығында облыста 724 миллиард теңгеге жуық қаржыға 98 жоба жүзеге асты. Соның арқасында 11 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты. Биыл тағы 35 ірі жоба қосу жоспарланып отыр. Олардың қатарында "PepsiCo" зауыты мен "LC Waikiki" компаниясының қойма кешені бар.— Алматы облысы қазір шетелдік және отандық кәсіпкерлер үшін қолайлы аймаққа айналды. Алдағы жобалар өңірдің дамуына тың серпін береді, — деді облыстық экономика және жоспарлау басқармасының басшысы Асылан Ораз.Тартылған әр теңге — жаңа жұмыс орындары, заманауи өндіріс пен тұрақты табыс көзі. Бұл — облыстың жарқын болашағына жасалған нық қадам.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1063151?lang=kk
Экономикалық серпін: Алматы облысы алдыңғы қатарда 07.09.2025
Алматы облысы – бүгінде тек табиғаты көркем өңір ғана емес, экономикалық қуаты артып келе жатқан алдыңғы қатарлы аймақ. 2024 жылы облыстың жалпы өңірлік өнімі 6 триллион теңгеге жетіп, 104,8 пайыздық өсімді көрсетті. Бұл – жай ғана статистика емес, нақты істер мен терең өзгерістердің көрінісі.Республика бойынша үздік бес өңірдің қатарынан табылу – кез келген аймақ үшін үлкен жетістік. Ал бұл көрсеткішке жету үшін Алматы облысы соңғы үш жылда тың серпінмен дамып, 2021 жылы республика бойынша 10-орында, 2022 9-шы орынды көрсетсе, бүгінде 5-орынға орнықты. Мұндай өрлеу – кездейсоқтық емес, жүйелі саясат пен батыл шешімдердің жемісі.Облыс бұрын аграрлық аймақ ретінде танылса, қазір өндіріс пен инвестицияның жаңа белесіне көтеріліп келеді. Мысалы, 2022 жылдан 2024 жылға дейін өнеркәсіп саласының өсімі 16,9 пайызды құрап, өндіріс көлемі 1 трлн 930 млрд теңгеге жетті. Бұл – отандық өнімнің үлесі артып, жаңа жұмыс орындарының құрылып, өңір халқының тұрмысы жақсаруда деген сөз. Сарапшылар 2025 жылы бұл көрсеткіш 2 трлн 210 млрд теңгеге жетеді деп болжап отыр.Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Асылан Ораз да осы бағыттағы міндеттерді айқындап берді:
– Біздің басты мақсатымыз – тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету және халықтың әл-ауқатын арттыру, – деді ол Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында.Алматы облысының бүгінгі экономикалық қарқыны – нақты көрсеткіштермен дәлелденген табыс жолы. Бұл – жергілікті билік пен халықтың ортақ еңбегінің нәтижесі. Ал алдағы уақыттың еншісінде – өндірісті әртараптандыру, инвестициялық тартымдылықты арттыру және әлеуметтік тұрақтылықты сақтау міндеті тұр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1063150?lang=kk
«Тіл – татулық тірегі»: Алматы облысында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аталып өтті 06.09.2025
2025 жылғы 5 қыркүйекте Ұйғыр ауданында Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Тіл – татулық тірегі» облыстық тіл фестивалі өтті.Іс-шара аясында «Тіл және қоғам» көрмесі ұйымдастырылып, мерекеге жиналған жұртшылықты Ұйғыр ауданының әкімі Бота Елеусізова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Болат Керімбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің Басқарма басшысы Қайыржан Рахымжанов, Алматы облыстық мәслихатының төрағасы Қуат Байғоджаев, сондай-ақ «Аманат партиясы жанындағы азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі «Мирас» аймақтық кеңесінің төрағасы Тәңірберген Қасымақынұлы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, тіл жанашыры Дарья Шулима мен «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Алматы облыстық филиалының төрағасы Күлзира Сейітбекқызы құттықтады.Өз сөзінде Қуат Байғоджаев тілдің ел бірлігіндегі, қоғам тұрақтылығындағы рөлін атап өтіп, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының мұрасын ұлықтау – баршамыздың ортақ парызымыз екенін жеткізді. Ол: «Тіл – ұлттың болмысы ғана емес, елдегі бейбітшілік пен тұрақтылықтың берік іргетасы. Мемлекеттік тілдің қолданылу аясы жылдан-жылға кеңейіп, жастар арасында қазақ тілінде сөйлеу сәнге айналуда. Бұл – ең үлкен жетістігіміз», – деді.Фестиваль аясында тілдерді дамыту саласына қосқан сүбелі үлесі үшін өңірдің бір топ азаматтары Алматы облысы әкімдігінің, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің, сондай-ақ «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Алматы облыстық филиалының марапаттарымен марапатталды.Салтанатты жиын «Сүйінбай сазы» халықтық фольклорлы-этнографиялық ансамблі мен өнер жұлдыздары қатысуымен «Тіл – тарихтың айнасы» атты концерттік бағдарламамен түйінделді.Қазақстандағы жүзден астам этнос өкілдерін бір шаңырақ астына ұйыстыратын мемлекеттік тілдің мерейін көтерген бұл шара жалпыхалықтық мерекеге айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1063047?lang=kk
Алматы облысы Гиннес рекордын жаңартпақ 05.09.2025
Қазақстан әлемдік рекорд орнатуға дайындалуда: Алматы облысының ауылында әлемдегі ең үлкен түйе керуені өтпек.Өңірде бүкіл әлем назарын аударатын ерекше шараға дайындық жүріп жатыр. Ұзындығы 9 шақырымға жететін керуен бір шақырымдық жолды жүріп өту арқылы Гиннестің рекордтар кітабына енуді көздейді.Бұл бастама Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылып отыр.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Еңбек адамы – мемлекеттің дамуының негізі. Сондықтан біз жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеріп, жастарды сұранысқа ие кәсіптерді игеруге ынталандыруымыз және олардың кәсіби дамуына барлық жағдайды жасауымыз қажет. Біз еңбек адамының мәртебесін нығайтып, ел экономикасын жаңа деңгейге көтеруге міндеттіміз», - деген болатын.Шараның басты мақсаты – еңбек адамының мәртебесін көтеріп, қоғамдағы рөлін айқындау. Сонымен қатар бұл мәдени әрі экономикалық тұрғыдан маңызды бастама агротуризмнің дамуына серпін бермек.Керуенге өңірдегі ірі қожалықтардың бірі – «Дәулет-Бекет» ЖШС-нің «Ойсылқара» түліктері қатысады. Әр түйеге бір адамнан бекітіліп, барлығы 1000 түйе мен 1000 ерікті белгіленген межеге жетпек. Қожалықта бүгінде 200-ден астам адам еңбек етеді, ал түйе саны 5 мыңға жуық. Мұнда шұбат пен құрғақ сүт өндіріліп, отандық өнімдер шетел нарығына да шығарылады.«Жаңа рекорд дәстүріміздің байлығын және еңбек адамының еңбегін әлемдік деңгейге шығаратынын көрсетеді. Бұл агротуризмнің мүмкіндіктерін кеңейтіп, өңір экономикасын жандандырады. Маңызды шараның өтуіне облыс әкімдігі қолдау білдіріп отыр. Бұл – менің ғана емес, тұтас елдің жеңісі», - деді Қожалық басшысы Сыдық Дәулетов.Гиннестің рекордтар кітабына ену оңай емес. Қатаң талаптар мен нақты ережелер сақталуы қажет. Эксперт Рамазан Көшербайдың айтуынша, дайындық алты ай бұрын басталған.«Әр түйенің арақашықтығы 4 метрден аспауы тиіс. Жасы жетіге толған түліктер ғана қатысады. Денсаулығы тексеріліп, арнайы құжаттары болуы шарт. Түйелерге ешқандай жабын жабылмайды», – деді ол.20 қыркүйек күні Іле ауданы, Ақши ауылында ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, мерекелік бағдарлама ұйымдастырылады. Шараны 5 мыңнан астам көрермен тамашалайды деп күтілуде. Өнер жұлдыздары да сахнаға шығып, мерекелік көңіл-күй сыйлайды.«Ақшидегі түйе керуені – ұлттық бірліктің және мәдени мұрамыздың символы. Бұл мыңдаған туристі тартып, өңірдің мәдени брендіне айналуы мүмкін. Жұмысшы кәсіптер жылы аясында дәстүріміз қоғам бірлігін нығайтып, жаңа жұмыс орындарын ашуға әрі Қазақстанды халықаралық аренада танытуға жол ашады», - деп Алматы облысы Мәдениет басқармасының басшысы Данияр Әлиев бастаманың халықаралық маңызын атап өтті.Шараның шарықтау сәті – әлемдегі ең үлкен түйе керуенінің ресми түрде Гиннестің рекордтар кітабына тіркелуі болмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1062647?lang=kk
Алматы облысында орман қорын ұлғайту жұмыстары қарқынды жүргізілуде 05.09.2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде 2 миллиард ағаш отырғызу бастамасы қолға алынды. Бұл – Қазақстанның ең ауқымды экологиялық жобаларының бірі. Алматы облысында осы тапсырма аясында жоспарлы жұмыстар жүйелі түрде жүріп жатыр.Өңірде 2021–2027 жылдарға арналған кешенді жоспар бекітіліп, 23 800 гектар аумаққа 52,6 миллион ағаш отырғызу көзделген. 2021–2024 жылдар аралығында 552,2 гектар жерге 2 миллион 740 мың дана көшет отырғызылды.Сонымен қатар, 16 600 гектар аумаққа қара сексеуілдің тұқымы себіліп, шығымдылығы 34 миллион 500 мың данаға жетті. Осылайша, жоспарланған жұмыстар толық көлемде, яғни 100 пайызға орындалды.Биыл орман екпелерімен отырғызылатын және тұқым себілетін жер көлемі – 2 430 гектар. Оның ішінде көктемде 80 гектарға 564 700 дана көшет отырғызылды. Ал күзде 2 350 гектар аумаққа 11 750 килограмм қара сексеуіл тұқымын себу жоспарланған. Қазіргі уақытта соның 2 005 гектары дайындалды. Жылдық жоспар толық орындалғаннан кейін Алматы облысының ормандылығы 15 пайыздан 15,2 пайызға дейін артады.Салыстыру үшін айтсақ, Қазақстан бойынша бұл көрсеткіш 5 пайыздан 5,2 пайызға дейін көтеріледі.Облыстың орман шаруашылығы мекемелері орманды молықтыруға қажетті стандартты отырғызу материалдарымен толық қамтамасыз етілген. Қазіргі уақытта 129,9 гектар аумақта орналасқан 2 тұрақты және 10 уақытша тұқымбақ жұмыс істейді. Онда 4 миллион 696 мың дана қылқан жапырақты және жалпақ жапырақты көшет өсірілуде.Әрбір отырғызылған ағаш – табиғатқа тағзым, болашаққа қалдырылған аманат. Алматы облысының орманшылары үшін бұл – күнделікті еңбек қана емес, келешек ұрпақ алдындағы үлкен жауапкершілік.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1062604?lang=kk
Алматы облысында жол жөндеу маусымы аяқталуда: 2025 жылы 870 шақырымнан астам автожол жаңартылуда 05.09.2025
Алматы облысында көлік жүйесі мен логистикалық инфрақұрылымды дамыту маңызды басымдықтардың бірі болып қала береді. Бұл жұмыс Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң және тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында белгіленген міндеттер аясында жүргізілуде. Өңірде автомобиль жолдарын жөндеу мен жаңғыртудың ауқымды бағдарламасы қарқынды іске асырылып жатыр.Облыстағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 5 714 шақырым, оның ішінде республикалық маңызы бар жолдар – 1 808 шақырым, жергілікті маңызы бар жолдар – 3 906 шақырым. 2024 жылдың қорытындысы бойынша жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 94%-ға жетті.2025 жылы жол жөндеу жұмыстары облыстың барлық аудандарын қамтиды. Жоспарда – 872,9 шақырым автожолды жаңарту, оның ішінде 53,2 шақырымына күрделі жөндеу, 135,5 шақырымына орташа жөндеу жүргізу қарастырылған. Ерекше назар елді мекен ішілік жолдарға аударылып отыр: 142 ауылда жалпы ұзындығы 684,2 шақырым болатын учаскелерде жөндеу жұмыстары атқарылуда.Жыл басынан бері 72 шақырым автожол жөнделіп, қалған учаскелер әртүрлі кезеңдерде іске асырылуда. Жұмыстар жоспарлы түрде жалғасып жатыр.«Біз жол жөндеу маусымының соңғы кезеңіне шықтық. Көптеген учаскелерде жұмыс белсенді түрде аяқталуда, кейбірі пайдалануға берілді. Біздің міндетіміз – тек жолға асфальт төсеу емес, ауылдар, аудандар мен қалалар арасындағы тұрақты көлік байланысын қамтамасыз ету», – деп атап өтті Алматы облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ермек Баймұхамбетов.Оның айтуынша, назар тек магистральдік трассаларға ғана емес, сондай-ақ ауылішілік және кіреберіс жолдарға да аударылуда. Бұл ауыл тұрғындарының өмір сапасына тікелей әсер етеді.Жол-көлік желісін дамыту логистиканы жақсартуға, қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға, сондай-ақ экономикалық белсенділік пен ішкі туризмнің дамуына мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1062465?lang=kk
Алматы облысында тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасы аяқталуда 04.09.2025
Алматы облысында 2025 жылы тұрғын үй құрылысы мен сатып алуға бағытталған ауқымды бағдарлама жүзеге асырылуда.Бюджет қаражаты есебінен жалпы аумағы 118,0 мың шаршы метрді құрайтын 1522 пәтерлік 28 үйдің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілмек. Бірқатар үйлер қазірдің өзінде тапсырылды, ал проблемалық нысандар бойынша тиісті шаралар қабылдануда.Талғар мен Жамбыл ауданында кейбір пәтерлерге тұрғындар қоныстанып үлгерді, бірнеше нысан аяқталу сатысында. Облыс әкімдігінің мәліметінше, барлық мәселелер бақылауда, мерзімді бұзған мердігерлерге қатысты заң аясында жұмыс жүргізілуде.Сонымен қатар дайын тұрғын үйді сатып алу да қатар жүргізіліп жатыр. Биыл әлеуметтік осал топтар мен кезекте тұрғандар үшін 1700 пәтер сатып алуға 27,4 млрд теңге қарастырылған. Оның ішінде 200-ден астам отбасы жаңа пәтердің кілтін алып үлгерді, қалғандары кезең-кезеңімен қамтамасыз етіледі.Алматы облысы әкімінің орынбасары Асет Масабаев аймақта азаматтар алдындағы міндеттемелерді толық орындау көзделгенін атап өтті: «Кезекте тұрған әрбір отбасы өз баспанасын уақытында алуы маңызды. Проблемалық нысандар бойынша бақылауды күшейттік, адал емес мердігерлерге шара қолданылып жатыр. Сонымен қатар дайын тұрғын үйді сатып алу жұмыстары жүргізілуде, халықты күтуге қалдырмау үшін», — деді ол.Жыл соңына дейін Қонаев, Талғар және Есік қалаларында ірі нысандардың құрылысы аяқталады деп жоспарлануда. Құрылыстың дайындық деңгейі 90%-дан асқан, үйлерді белгіленген мерзімде пайдалануға беру көзделіп отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1062055?lang=kk
«Семей орманы» тәжірибесі Алматы облысында кеңейтіледі 03.09.2025
Қазақстанда жасыл желекті арттыру және экологиялық қауіпсіздікті нығайту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Осы орайда «Семей орманы» РММ-нің көшет өсірудегі табысты тәжірибесі Алматы облысында қолданысқа енгізіледі. Қонаев қаласында заманауи орман питомнигінің құрылысы басталмақ.Жоба аясында жабық түбірлік жүйе негізінде жылына 6 миллионға дейін көшет өсіретін питомник құрылатын болады. Мұндай әдіс өсімдіктердің жерсіну деңгейін едәуір арттырып, өңірдің орман қорын тиімді толықтыруға мүмкіндік береді. Құрылыстың жалпы құны 3,5 млрд теңге деп бағалануда. Жоба лизинг тетігі арқылы және жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Бүгінде 9 гектар жер телімі бөлініп, құжаттарды рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.Алматы облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қанат Нүсіпбаевтың айтуынша, бұл бастама стратегиялық маңызға ие:«Қонаев қаласында орман питомнигін құру – өңірді сапалы көшет материалымен қамтамасыз етумен қатар, аймақаралық деңгейде жеткізілім жасауға жол ашады. Бұл – экологиялық тепе-теңдікті сақтауға және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға қосылатын зор үлес», – деді ол.Жоба ормандарды қалпына келтіруден бөлек, жаңа жұмыс орындарын ашып, агробизнес үшін қосымша мүмкіндіктер туғызады. Сонымен бірге халықтың экологиялық мәдениетін арттыру және көгалдандыруға кеңінен тарту мақсатында ақпараттық-ағартушылық науқандар өткізу көзделуде.Орман питомнигінің құрылысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған басымдықтарға толық сәйкес келеді. Президент табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, экологияны қорғау және «жасыл экономиканы» орнықты дамудың негізгі тірегі ретінде дамытуға ерекше назар аударған болатын. Сарапшылардың пікірінше, Қонаевтағы питомниктің іске қосылуы өңірдің экологиялық инфрақұрылымын дамытуға елеулі үлес қосып, еліміздің оңтүстігіндегі орманды қалпына келтіру шараларының әлеуетін арттырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1061380?lang=kk
Алматы облысы – еліміздің жетекші индустриялық өңірлерінің бірі 03.09.2025
Алматы облысы – Қазақстанның индустриялық орталықтарының көшбасшыларының қатарында — үш жарым жылда 6,7 трлн теңгенің өнімі өндірілдіАлматы облысы соңғы үш жарым жылда 6,7 трлн теңгенің өнімін шығарды. 2024 жылғы өндіріс көлемі 2021 жылмен салыстырғанда бір жарым есеге артқан. Бүгінде өңір өңдеу өнеркәсібі бойынша Қазақстан облыстары арасында 6-орынға көтеріліп, өз позициясын нығайтып келеді.Өңдеу саласының үлесі жалпы өнеркәсіп көлемінің 90 пайызын құрайды. Тек осы жылдың жеті айында өндіріс индексі 106,6 пайызды көрсетті.Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің тапсырмасына сәйкес, негізгі басымдық шикізаттық емес экономикаға беріліп отыр. Облыс әкімдігінде атап өткендей, дәл осы бағыт өңірге тұрақты индустриялық база қалыптастыруға мүмкіндік беруде. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1061310?lang=kk
Мемлекет басшысы Қазақ-қытай іскерлік кеңесінің сегізінші отырысында сөз сөйледі 02.09.2025
2025 жылғы 02 қыркүйекҚХР, Бейжің қаласы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Қазақстанның тағдыр қосқан тату көршісі, жақын досы және мәңгілік стратегиялық серіктесі екенін атап өтті. Президенттің айтуынша, ортақ тарих, терең байланыс пен өзара түсіністік – халықтарымызды біріктіретін мызғымас құндылықтар.– Біздің елдеріміздің арасында әрдайым терең сенім бар, қарым-қатынасымыз қарқынды және тиімді түрде дамуда. Байланыстарымыз жылдан жылға нығайып келеді. Соның арқасында елдеріміз берік әрі серпінді іскерлік қатынастардың іргетасын қалады. Қытай – жаһандық көшбасшы мемлекет, Қазақстанның түрлі бағыттағы, соның ішінде сауда саласындағы басты серіктесі. Бұл – Төраға Си Цзиньпиннің арқасы. Былтыр біздің елдеріміз арасындағы сауда айналымы 44 миллиард долларға жетті. Бұл – екі ел тарихында бұрын-соңды болмаған ең жоғары көрсеткіш. Бірақ біз мұнымен тоқтап қалмауымыз керек. Сондықтан қытайлық достарымызбен осы қарқынды одан әрі арттырып, алдағы бес жылда өзара сауда көлемін едәуір ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Бұған әлеуетіміз жетеді. Мемлекет басшылары деңгейінде өзара саяси ерік-жігер мен ортақ ұмтылыс бар, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Мемлекет басшысы екі елдің инвестициялық ықпалдастығы да ұдайы кеңейіп келе жатқанына назар аударды.– Қытай Қазақстан экономикасына 27 миллиард доллар инвестиция салды. Бұл, шын мәнінде, өте жақсы үдеріс. Сондықтан осы жұмыс табысты түрде жалғасады деп толық сеніммен айтуға болады. Біздің елімізде қытай капиталы бар 6 мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істеп жатыр. Олардың арасында CNPC, CITIC, SINOPEC, HUAWEI сияқты әлемдік деңгейдегі мықты корпорациялар бар. Бұдан бөлек, ірі және орта бизнес өкілдері жұмыс істейді. Біз барлығына ерекше көңіл аударып жатырмыз. Қытай Халық Республикасының Төрағасы, қадірлі досым Си Цзиньпин мырзамен бірге көп салалы қазақ-қытай ынтымақтастығын дамыту үдерісін үнемі бақылап отырмыз. Осы жолы Қытай тарапы мен бастаған қазақ делегациясына ерекше көңіл бөліп, ыстық ықыласымен қонақжайлық көрсетті. Ресми сапарым тиімді, ойдағыдай өтті деп санаймын. Төраға Си Цзиньпин мырзамен өткен келіссөздер нәтижесін өте жоғары бағалаймын. Елдеріміздің арасындағы қарым-қатынастың болашағы жарқын боларына сенемін. Осыған орай, құрметті Си Цзиньпин Төрағаға қазақ-қытай байланыстарын нығайтуға қосып жатқан үлесі үшін шынайы ризашылығымды білдірдім, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Мемлекет басшысының айтуынша, бүгінгі басқосу бизнес өкілдері арасындағы байланыстарды одан әрі нығайтуға зор септігін тигізері анық.– Қазіргі таңда Қазақстан тұрақты түрде дамып келеді. Біздің экономикамыз – Орталық Азиядағы ең ірі экономика. Жалпы, жыл сайынғы өсім қарқынды деп айтуға болады. Осы жылдың соңына қарай жалпы ішкі өнім 300 миллиард доллардан асады деген болжам бар. Бұл – экономиканы әртараптандыру, инвестициялық ахуалды жақсарту және т.б. үшін қабылданған кешенді шаралардың нәтижесі. Сондай-ақ бұл – Қытаймен табысты қарым-қатынастың айқын көрінісі. Қазақстанда инвесторлардың құқықтары мен мүддесін қорғау үшін қолайлы жағдай жасалып жатыр. Осы мақсатпен Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа енгізіліп жатыр. Сонымен қатар Инвестициялық штаб жұмыс істеуде. Бұл құрылым шұғыл шешімдер қабылдап, инвесторларға жан-жақты мемлекеттік қолдау көрсетеді. Биылғы маусым айында Төраға Си Цзиньпин мырзаның Қазақстанға сапары барысында Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімге қол қойылды. Екі ел арасындағы визасыз режим де іскерлік байланыстарды кеңейтуге тиімді ықпал етуде. Шын мәнінде, біздің стратегиялық серіктестігіміздің әлеуеті зор. Қолда бар мүмкіндіктерді толыққанды пайдалану қажет, – деді Президент.Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев өзара ынтымақтастықты одан әрі жандандырудың бірқатар басым бағыттарына тоқталды.– Қазақстан Қытайдың жақын көршісі және сенімді серіктесі ретінде Төраға Си Цзиньпин ұсынған «Бір белдеу, бір жол» жаһандық бастамасын қолдайды және оны жүзеге асыруға белсене қатысады. Қытай мен Еуропа арасында құрлық арқылы тасымалданатын жүктің 85 пайызы біздің жеріміз арқылы өтеді. Биыл «Достық – Мойынты» темір жолының екінші желісі іске қосылады. Соның арқасында Қазақстан арқылы өтетін «Қытай – Еуропа» транзит дәлізінің жүк өткізу мүмкіндігі 5 есе артады. Сонымен бірге, Қазақстан Транскаспий халықаралық көлік бағдарының әлеуетін кеңейтуге барынша атсалысуда. Былтыр осы бағыт бойынша 4,5 миллион тонна жүк өткізілді. Бұл – алдыңғы жылмен салыстырғанда 62 пайызға артық деген сөз. Біз осы саладағы жұмыс қарқынын одан әрі күшейте береміз. Алдағы уақытта бұл көрсеткішті 10 миллион тоннаға жеткізуді көздеп отырмыз. Каспийдегі Ақтау және Құрық порттары арқылы тасымалданатын жүктің көлемі белсенді түрде артып келеді. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында ірі инфрақұрылым жобалары іске қосылды. Соның ішінде Ляньюньган портындағы қазақ-қытай логистика терминалы және Сианьдағы құрғақ порт бар. Сондықтан қытай компанияларының көлік-транзит саласындағы жобаларға қатысуына мол мүмкіндік бар деп күмәнсіз айтуға болады, – деді Мемлекет басшысы.Президент энергетика саласындағы ықпалдастықты келесі басымдық ретінде атады.– Атырау облысында Sinopec компаниясымен бірлесіп, полиэтилен шығаратын зауыттың құрылысы басталды. Ауқымды жобаның өндірістік қуаты – жылына бір миллион екі жүз елу мың тонна өнім. Зауыттың құрылысына 7,4 миллиард доллар қаражат салынбақ. Алдағы уақытта CNPC компаниясының қатысуымен Шымкент мұнай өңдеу зауытын жедел жаңғыртудан өткізу жоспарда бар. Біз жаңартылатын энергетикамен де айналысамыз. Бұл ретте, China Power International Holding және China Energy сияқты жетекші қытай компанияларының қатысуымен бірқатар жобаны қолға алмақпыз. Энергетика саласындағы тағы бір маңызды жоба – Маңғыстау облысындағы бу-газ қондырғысының құрылысы. Қуаты 160 мегаватт болатын жоба China Huadian Corporation компаниясымен бірге жүзеге асырылады, – деді Мемлекет басшысы.Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев атом энергетикасы саласына қытай технологиясын тартуға және осы бағытта білікті мамандар даярлауға мүдделі екенімізді жеткізіп, аталған саладағы ынтымақтастық мәселесі Төраға Си Цзиньпинмен кездесу кезінде егжей-тегжейлі талқыланғанын айтты.– Бұл бағыт бойынша өзара ықпалдастығымыздың келешегі зор екенін атап өттік. Екі ел осы салада стратегиялық серіктестер болуы керек деп уағдаластық. Біз бұл жұмысқа CNNC компаниясын тартуды көздеп отырмыз. Бүгін осы компанияның басшылығымен кездесу болады. SANY компаниясы да біздің нарығымызда белсенді түрде жұмыс істеп жатыр. Бұл компанияларға ризашылығымды білдіремін. Дәстүрлі қуат көздерін дамыту – еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі жолы. Энергетика саласындағы бірлескен жобалардың барлығы біздің өзара тиімді ынтымақтастығымызды одан әрі нығайта түседі деп санаймын, – деді Президент.Мемлекет басшысының айтуынша, бүгінде Қазақстан тау-кен металлургиясы кешенін дамыту үшін стратегиялық маңызы бар бірқатар жобаны жүзеге асырып жатыр.– Бұл іске Қытайдың ірі компаниялары атсалысуда. Мысалы, Fujian Hengwang Investment компаниясының Жамбыл облысында металлургия зауытын салу жобасын атап өтуге болады. Зауыт жылына үш миллион тонна болат өндіруге мүмкіндік бермек. Ал Jiaxin International компаниясы Алматы облысындағы Бұғыты кенішінде вольфрам кенін өңдеу жобасын іске қосты. Құрылыс индустриясында қытайлық кәсіпкерлермен табысты байланыс орнатылды. Атап айтқанда, China Glass компаниясы Қазақстан үшін теңдесі жоқ шыны зауытының жобасын жүзеге асырды. Жақында Алматы қаласында автокөлік өндіретін мультибрендті зауыт іске қосылады. Зауыт жылына 120 мың көлік шығарады. Соның ішінде GWM (Great Wall Motor), Chery және Changan көліктері бар. Сонымен қатар Алматыда электробус шығаратын BYD компаниясының зауыты іске қосылмақ. Бұл жобалар Қазақстанның экономикасын әртараптандыруға жол ашады. Сондай-ақ еліміздің экспорттық қуатын арттыруға мол мүмкіндік береді. Жалпы, осындай мысалдар көп, олардың барлығын атап өтуге ұзақ уақыт керек болады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Президент ауыл шаруашылығы саласындағы тиімді ынтымақтастықты нығайтуға орасан зор мүмкіндік бар екенін жеткізді.– Қазақстан егістік көлемі бойынша әлемде алтыншы орында тұр. Сондай-ақ бидай экспорты бойынша ең ірі 10 елдің қатарына кіреді. Біз жыл сайын шетелге он миллион тоннадан астам бидай және екі миллион тоннаға жуық ұн жеткіземіз. Қытай нарығы еліміз үшін өте маңызды. Қазақстан жергілікті нарыққа жылына 2 миллион тоннаға дейін астық экспорттай алады. Ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттаумен қатар, өңдеу өнеркәсібін бірлесе дамыту біз үшін ерекше маңызды. Бұл ретте, Dalian Group компаниясының Ақмола облысында бидайды терең өңдейтін кәсіпорын құру бастамасын толық қолдаймыз. Fufeng Group компаниясының Жамбыл облысындағы жүгері өңдеу жобасын құптаймыз. Зауыт өнімдері Қытай мен Еуропаға экспортқа жіберілетін болады. Біз қытайлық кәсіпкерлерді органикалық және жоғары сапалы мал шаруашылығы өнімдерін шығару жұмысына белсене қатысуға шақырамыз, – деді Мемлекет басшысы.Президент цифрландыру саласындағы Қытайдың жетістіктері бүкіл әлемге белгілі екенін атап өтіп, осы бағытта тығыз байланыста жұмыс істеуге ниет білдірді. Сарапшылардың мәліметіне сәйкес, 2033 жылға қарай жасанды интеллект нарығының көлемі 5 триллион долларға жетіп, оның әлемдік технология индустриясындағы үлесі 30 пайызға дейін артпақ.– Біз Қытайдың Жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастық жөніндегі жаһандық ұйым құру бастамасын қолдаймыз. Бұл мәселе бойынша мен кеше тарихи шаһар Тяньцзинь қаласында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммиті кезінде ашық түрде мәлімдеме жасадым. Қазақстанда цифрлық экономиканы дамыту бойынша жүйелі шаралар қолға алынуда. Жасанды интеллект технологиясын кеңінен қолданысқа енгізу үшін ауқымды жұмыс істеліп жатыр. Биыл Қазақстанда аймақтағы алғашқы Суперкомпьютер іске қосылды. Сондай-ақ Alem.AI халықаралық жасанды интеллект орталығы ашылды. Біз «Alatau City» жаңа қала салу жобасына айрықша мән беріп отырмыз. Бұл қала елімізде және тұтас аймақта инновацияны, криптоиндустрия мен технологиялық кәсіпкерлікті дамытуға жол ашатын қуатты орталық болуға тиіс. Осы орайда, біз қытайлық компаниялармен өзара тығыз байланыста жұмыс істеуге ниеттіміз. Бүгін China State Construction Engineering Corporation компаниясы қазақ тарапымен тиісті келісімге қол қояды. Біз оны толық қолдаймыз. Құрылысты тез арада бастау қажет деп ойлаймын. Жақын арада «Alatau City» біртұтас экожүйе ретінде арнайы мәртебеге ие болады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Мемлекет басшысы қаржы секторындағы қазақ-қытай іскерлік байланысын нығайтуға шақырды.– «Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстандағы тартымды инвестициялық ортаның берік негізі саналады. Бұл орталықта көптеген елдің 4 200-ден астам компаниясы жұмыс істеп жатыр, солардың қатарында 850 қытай компаниясы бар. Қазақстан даму банкі Қытайдың жетекші қаржы институттарымен ынтымақтастық аясында еурооблигацияны Қытай юанымен (Dim Sum bonds) орналастыра бастады. Бұл Орталық Азиядағы дәл осындай тұңғыш келісім болды. Осы өте маңызды қадам халықаралық инвесторлардың Қазақстанның қаржы жүйесіне сенімін нығайта түсті, – деді Мемлекет басшысыҚасым-Жомарт Тоқаев елімізде ауқымды инвестиция тартуға барынша қолайлы жағдай жасалғанын, ірі жобаларды жүзеге асыруға толық мүмкіндік бар екенін мәлімдеді.– Қытай бизнесінің өкілдері елімізден сенімді серіктестер таба алады. Сонымен бірге олар аймақтағы және әлемдегі абырой-беделін күшейтіп, өсіп-өркендеудің жаңа көздерін аша алады. Бұл мәселе Қазақстан Үкіметінің ерекше бақылауында болады. Құрметті қытайлық бизнес өкілдері, Сіздер Қазақстан мен Қытай арасындағы ықпалдастықты одан әрі нығайту ісінде өте маңызды рөл атқарасыздар. Бұл қол жеткізген уағдаластықтар экономикалық байланысты күшейтуге ықпал етіп, елдеріміздің стратегиялық серіктестігіне тың серпін бермек. Мен бұған кәміл сенемін. Себебі бұл мақсат-міндеттер біздің еліміздің ұлттық мүддесіне сай келеді. Сондықтан тиісті жобаларды іске асыру барысы еліміздің ең жоғары билігінің назарында болады, – деді Президент.Жиында ҚХР Мемлекеттік кеңесінің бірінші вице-премьері, ҚКП ОК Саяси бюросы Тұрақты комитетінің мүшесі Дин Сюэсян, ҚХР Халықаралық саудаға ықпал ету комитетінің төрағасы Жэнь Хунбинь, CITIC Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы, Іскерлік кеңестің тең төрағасы Си Гохуа, «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, Іскерлік кеңестің тең төрағасы Нұрлан Жақыпов сөз сөйледі.Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесінің қорытындысы бойынша жалпы құны 15 миллиард доллардан асатын 70-тен аса коммерциялық құжатқа қол қойылдыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1060477?lang=kk
«Келешек мектептері»: Риддерде 600 орындық заманауи мектеп ашылды 01.09.2025
Бүгін Риддер қаласында 600 орынға арналған жаңа №12 мектептің салтанатты ашылуы өтті. Бұл оқу орны «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынды және қаланың ең маңызды әлеуметтік нысандарының біріне айналды.Салтанатты жиынға Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов жұмыс сапары аясында қатысты.— Мұндай мектептердің салынуы — болашаққа салынған инвестиция. Біз үшін балалардың жайлы әрі қауіпсіз жағдайда білім алуы, ал мұғалімдердің сапалы жұмыс істеуіне барлық мүмкіндіктердің болуы өте маңызды. Бұл — қаланың және өңірдің дамуына негіз, — деп атап өтті облыс әкімі.«AN Groups» компаниясы салған жаңа мектеп қазіргі заманғы білім беру стандарттарына толық сәйкес келеді. Мұнда кең әрі жарық сыныптар, арнайы пәндік кабинеттер, акт және спорт залдары жабдықталған, сондай-ақ цифрлық оқытуға қажетті барлық техника орнатылған.— Бізде мұндай көлемде жабдық бұрын-соңды болмаған, бұл — шын мәнінде «болашақтың мектебі», — деп бөлісті оқу орнының шаруашылық меңгерушісі.Ата-аналар мен мұғалімдер бұл оқиғаны ұзақ күттік дейді. Енді жүздеген бала жайлы жағдайда білім алып, мектеп тек оқу орны ғана емес, мәдени өмірдің де орталығына айналмақ.— Мұндай керемет мектепте сабақ оқымау немесе үй тапсырмасын орындамау ұят сияқты, — дейді оқушылар.Айта кетейік, биыл бұл мектепте алғаш рет 30-дан астам бала партаға отырды.Риддерде жаңа білім беру мекемесінің ашылуы — білім сапасын арттыру мен өсіп келе жатқан ұрпаққа тең мүмкіндік жасау жолындағы маңызды қадам.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1059917?lang=kk
Алматы облысында жаңа оқу жылы 9 жаңа мектептің ашылуымен басталды 01.09.2025
Бүгін Білім күніне орай Алматы облысында 491 мектептің есігі айқара ашылып, 362 мыңнан астам оқушы жаңа оқу жылын бастады. Оның ішінде 35,5 мың бүлдіршін алғаш рет мектеп табалдырығын аттап отыр.Жаңа оқу жылының басты ерекшелігі – өңірде 9 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Оның 8-і ұлттық «Келешек мектеп» жобасы аясында салынса, тағы біреуі жеке инвестордың қаражаты есебінен бой көтерді. Бұл нысандар заманауи талаптарға сай жабдықталып, оқушылар үшін қолайлы орта қалыптастырды.Алматы облысында жаңа оқу жылына орай білім беру ұйымдары оқулықтармен 100 пайыз қамтамасыз етілді. Бұл мақсатқа 3 млрд теңге бөлініп, барлығы 808 568 жаңа және қайта басылған кітап сатып алынды.4-сынып оқушылары үшін алғаш рет қазақ тілінде оқытатын мектептерге арналған орыс тілі, сондай-ақ ағылшын, неміс, француз тілдері, еңбекке баулу, бейнелеу өнері, цифрлық сауаттылық және жаратылыстану пәндерінен жаңа оқулықтар енгізілді. Орта және аға буынға арналған қазақ және орыс тілі мен әдебиеті, математика, физика, химия, биология, Қазақстан тарихы, ағылшын тілі және көркем еңбек пәндері бойынша жаңартылған басылымдар жеткізілді.Сонымен қатар «Қазақстан географиясы» (7–8 сынып), «Қазақстан тарихы» (8 сынып), «Бастапқы әскери және технологиялық дайындық» (10–11 сынып) және «Құқық негіздері» (11 сынып) оқулықтары қайта басылып шықты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1059884?lang=kk
В Енбекшиказахском районе в честь Дня Конституции Республики Казахстан состоялось торжественное открытие двух новых школ 31.08.2025
Бүгін, Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне орай, Еңбекшіқазақ ауданында екі жаңа мектептің салтанатты ашылуы өтті.Ұлттық «Келешек мектебі» жобасы аясында заманауи оқу орындары пайдалануға берілді:Алмалы ауылында – 600 орындық,Қаражота ауылында – 300 орындық мектеп.Екі мектеп бір бағдарлама бойынша салынғанымен, жобалары әртүрлі. Бұл әр аумақтың ерекшелігін ескеруге мүмкіндік берді. Білім ордалары заманауи кабинеттермен, зертханалармен және спорттық инфрақұрылыммен толық жабдықталған.Сонымен қатар, осы жоба аясында Ащысай және Сатай ауылдарында тағы екі мектептің құрылысы жалғасуда. Олардың ашылуы алдағы уақытта жоспарланған. Ал Төле би ауылында жаңа мектеп мемлекеттік қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша салынуда.Мұндай жобалардың жүзеге асырылуы ауыл балаларының білім алу жағдайын едәуір жақсартып, өңірдің болашағына маңызды үлес қосады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1059758?lang=kk