Саясат
Алматы облысында Конституция күні тоғыз жаңа мектеп ашылды 31.08.2025
Алматы облысында Конституция күні жаңа оқу жылының басталуына орай салтанатты іс-шаралар өтті. Ұлттық «Келешек мектеп» жобасы аясында өңірде сегіз жаңа мектеп пайдалануға берілсе, тағы бір 2000 орындық мектеп Қарасай ауданында инвестордың есебінен ашылды. Барлық білім ошақтары заманауи робототехника, лингвистика, дизайн және графика кабинеттерімен, кітапханалармен, спорт және акт залдарымен жабдықталған. Өткен жылы облыста 9 мектеп салынса, алдағы жылдары тағы 26 білім ошағы бой көтермек.«Келешек мектептерінің» құрылысы ең алдымен үш ауысымды оқыту мәселесін шешуге бағытталған. Жалпы 2022–2025 жылдары облыста үш ауысымды білім беруді жою және орын тапшылығын шешу үшін 43 мектеп салынды. Олардың жалпы сыйымдылығы – 43 525 орын. (2022 жылы – 5 мектеп/750 орын, 2023 жылы – 14 мектеп/14 400 орын, 2024 жылы – 15 мектеп/17 275 орын, 2025 жылы – 9 мектеп/8 000 орын). Соның нәтижесінде үш ауысымды мектептердің саны 52-ден 26-ға қысқарды (Жамбыл ауданында – 2, Іле ауданында – 16, Еңбекшіқазақ ауданында – 1, Талғар ауданында – 4, Қарасай ауданында – 1, Алатау қаласында – 2). Жаңа білім беру кешендері халық тығыз орналасқан аймақтардағы жүктемені азайтып, мыңдаған балаға қолайлы жағдай туғызады.Айрықша назар Талғар ауданының Төңкеріс ауылына аударылды. Мұнда 600 орындық жаңа «Келешек мектебі» ашылып, салтанатты шараға облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысты.– Бүгін Төңкеріс ауылының балалары толық жабдықталған жаңа мектепте оқу жылын бастайды. Балаларымыз осында сапалы білім алып, үлкен жетістіктерге жетіп, білімді әрі шығармашыл тұлға болып қалыптасатынына сенімдімін, – деді аймақ басшысы.Жаңа оқу жылының қарсаңында өңірде дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы өтті. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған санаттағы 60 948 балаға қолдау көрсетілді. Бұл мақсатқа «Всеобуч» қоры есебінен 2,8 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Әр балаға 46 228 теңге көлемінде көмек берілді. Бұл көрсеткіш үш жыл бұрынғыдан 2,5 есе артық. Салыстырмалы түрде алғанда: 2024 жылы 56 974 балаға 2,47 млрд теңге бөлінсе, биылғы жылы 60 мыңнан астам балаға 2,81 млрд теңге көлемінде көмек көрсетілді. Барлық төлемдер 1–20 тамыз аралығында жүргізілді.Мереке күні облыс әкімі Қонаев қаласындағы ерекше әлеуметтік қолдауды қажет ететін балалар орталығына да барды. Мұнда 24 бала тәрбиеленуде. Олардың бір бөлігі биыл колледжге түссе, қалғаны қала мектептерінде оқуларын жалғастыруда. Әкім тәрбиеленушілермен әңгімелесіп, олардың толыққанды дамуы мен әлеуметке бейімделуі үшін жағдай жасаудың маңыздылығын атап өтті.Жалпы Алматы облысында жаңа оқу жылында 491 мектеп өз есігін ашты. Білім ордаларына 362 мыңнан астам оқушы келсе, олардың ішінде 35,5 мыңнан астамы алғаш рет мектеп табалдырығын аттады. Яғни облыстағы әр оныншы оқушы – биылғы бірінші сыныптың шәкірті. Бұл көрсеткіш өңірде бала санының тұрақты өсіп келе жатқанын айғақтайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1059761?lang=kk
Аймақтық медицинаның жаңа деңгейі: Қонаевта эндоскопиялық орталық іске қосылды 30.08.2025
2025 жылдың 29 тамызында Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасында заманауи жапондық жабдықтармен жабдықталған эндоскопиялық орталық жұмысын бастады.Жаңа медициналық нысан асқазан-ішек жолдары, тыныс алу жүйесі және бірқатар басқа да ағзалардың ауруларын ерте анықтау мен емдеудің сапасын жақсартуға бағытталған.Эндоскопия – хирургиялық араласусыз ішкі ағзаларды зерттеуге мүмкіндік беретін заманауи диагностикалық әдіс. Бұған дейін тек республикалық клиникаларда ғана қолжетімді болған мұндай қызмет енді Қонаев тұрғындары мен Алматы облысы халқы үшін қолжетімді болмақ.Орталық меңгерушісі, Ресейде маманданудан өткен дәрігер Тахир Шкуралиевтің айтуынша, жаңа қондырғылар эндоскопиялық және рентгенологиялық зерттеулерді қатар жүргізуге жол ашады. Бұл асқазан-ішек жолдарының жоғарғы бөлігін, өт жолдары мен ұйқыбезді дер кезінде тексеріп, емдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, эндоскопиялық гемостаз, полипэктомия сияқты аз инвазивті операциялар да жасалмақ.Ашылу рәсіміне Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов, жетекші дәрігерлер мен БАҚ өкілдері қатысты.Пациенттерді қабылдау учаскелік дәрігерлер мен емханалар мамандарының жолдамасы бойынша жүзеге асырылады. Барлық тексерулер мен емдеу шаралары мемлекеттік сапа және қауіпсіздік талаптарына сай жүргізіледі.«Бұл орталықтың ашылуы өңір медицинасы үшін үлкен жетістік. Алматы облысының тұрғындары жоғары технологиялы әрі қолжетімді медициналық қызметке ие болды. Мұндағы мамандар шетелдік және отандық ғылыми орталықтарда арнайы дайындықтан өткен. Заманауи жабдықтар ауруларды ерте кезеңде анықтап, қатерлі ісіктердің алдын алуға мүмкіндік береді. Тексеру нәтижелері де жедел дайындалады», — деді Алматы аймақтық көпсалалы клиниканың директоры, облыстың штаттан тыс бас дәрігері Саяхат Олжаев.Айта кетейік, облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жыл соңына дейін өңірдің тағы үш ауданында осындай орталық ашу жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1059725?lang=kk
Алматы облысында Конституция күні аталып өтті: марапаттар, жаңа мектептер мен индустриялық жобалар 30.08.2025
Алматы облысында Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған іс-шаралар өтті. Салтанатты жиынға облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысып, бірқатар азаматтарға мемлекеттік наградалар табыстады. 6 тұрғын «Қазақстан Конституциясына 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталса, 9 адам облыс әкімінің Құрмет грамотасын, тағы 13 азамат Алғыс хатын алды.Аймақ басшысы Қонаев қаласындағы ерекше әлеуметтік қызметті қажет ететін балаларға арналған облыстық қолдау орталығында болып, мекеменің жағдайымен танысты. Қазіргі таңда орталықта 24 тәрбиеленуші бар. Олардың 18-і мектепке барып жүр, 4 бала колледжге қабылданса, 2 тәрбиеленуші балабақшаға қатысуда. Балаларды тасымалдау үшін орталықтың өз автобусы жұмыс істейді.Сонымен қатар әкім индустриялық аймақтағы ауқымды жобаның жүзеге асырылу барысын көрді. Қайрат индустриялық аймағында «Almaty Guangjin Investment Management Consulting» компаниясы жалпы аумағы 300 мың шаршы метр болатын өндірістік және әкімшілік нысандар тұрғызуда. Жобаға 750 млн АҚШ доллар инвестиция тартылып, 2028 жылға қарай 3 мыңға жуық жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Жылдық тауар айналымы 1,3 млрд АҚШ долларына жетіп, оның 900 млн доллары экспортқа бағытталмақ.Қарасай ауданында әкім Қаскелең қаласындағы Абылай хан көшесінің абаттандыру жұмыстарымен танысты. Жоба құны – 1,176 млрд теңге. 2025 жылы осы мақсатқа 492 млн теңге бөлінеді. Марат Сұлтанғазиев мердігер ұйымдарға тұрғындардың пікірін ескеріп, жұмысты сапалы әрі уақытылы атқару қажеттігін айтты. Сондай-ақ, ауданда жастар паркі мен ресурс орталығы жыл соңына дейін пайдалануға берілмек.Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Қарасай ауданында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 1075 бейнебақылау камерасы және 52 интеллектуалды аппараттық кешен орнатылған. Оның ішінде Қаскелең қаласының өзінде 252 камера мен 24 заманауи кешен жұмыс істеп тұр. Жүйе бейнебақылаудан бөлек, адам жүзін тану, адамдар көп жиналған жерді анықтау және ұмыт қалған заттарды байқау мүмкіндіктерімен жабдықталған. Барлық деректер аудандық полиция бөлімінің жедел орталығына түсіп, тәулік бойы бақыланады.Ал Талғар ауданында облыс әкімі Төңкеріс ауылында салынған жаңа мектептің ашылуына қатысты. «Болашақ мектептері» жобасы аясында бой көтерген үш қабатты ғимараттың сыйымдылығы – 600 орын. Жалпы ауданы 8,8 мың шаршы метрді құрайтын нысанда 281 оқу кабинеті, 176 орындық асхана және 138 орындық акт залы бар. Жобаның құны – 5,324 млрд теңге.Облыс әкімінің жұмыс сапары өңірде әлеуметтік инфрақұрылым, өнеркәсіп және қоғамдық қауіпсіздік жүйесінің тұрақты дамып келе жатқанын көрсетті. Мұның барлығы Алматы облысы тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1059726?lang=kk
Қонаевта Конституцияның 30 жылдығына орай Мемлекеттік Ту 55 метрлік тұғырға көтерілді 30.08.2025
Қонаев қаласында Мемлекеттік Туды 55 метрлік тұғырға көтеру салтанаты өтті. Елдік пен Тәуелсіздіктің символына айналған бұл рәсім Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына арналды.Іс-шара Мемлекеттік Туды алып кіруден және Әнұранды орындаудан басталды. Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев құттықтау сөз сөйлеп, Конституцияның ел тұрақтылығы мен дамуының басты кепілі екенін атап өтті.Өз сөзінде өңір басшысы:«Ата Заңымыз – Тәуелсіз Қазақстанның даму бағдары мен тұрақтылығының кепілі. Соның арқасында халықтың әл-ауқаты артып, әлеуметтік қорғау жүйесі нығайды, азаматтардың құқықтық мәдениеті қалыптасты. Алматы облысы да тұрақты өсім көрсетіп келеді. Қонаев қаласының жаңа мәртебесі мен Алатау қаласының құрылуы – өңір дамуының айқын дәлелі», – деп атап өтті.Мерекеге орай 28 тұрғын марапатталды. Олардың ішінде «Қазақстан Конституциясына 30 жыл» мерекелік медалі иегерлері, облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарына ие болған азаматтар бар.Жалпы, Алматы облысында Конституцияның 30 жылдығына арналған 180-нен астам іс-шара ұйымдастырылып, оған 30 мыңға жуық адам қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1059722?lang=kk
Алматы облысының фермерлеріне жаңа мүмкіндіктер 29.08.2025
Еңбекшіқазақ ауданында көкөніс пен жемістерді терең өңдейтін заманауи зауыт салу бойынша жаңа инвестициялық жобаның жүзеге асырылуы басталды. Жобаның бастамашысы – қазақстандық «Qazaq Global Food JV» ЖШС компаниясы.Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Қуаныш Бахытұлының айтуынша, бұл кәсіпорынның іске қосылуы өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, заманауи технологияларды енгізуге және облыстың елдегі индустриялық өсім орталықтарының бірі ретіндегі позициясын нығайтуға мүмкіндік береді.Оның сөзінше, жобаның басты құндылығы – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін нақты пайдасында.«Бұл фермерлер үшін жаңа мүмкіндіктер. Олардың өнімі енді тек шикі күйінде сатылмайды, заманауи зауытта өңделеді. Бұл – тұрақты өткізу нарығы, шаруашылықтардың табыстылығының артуы және өнімнің ысырабын азайту. Сонымен қатар, дайын өнімнің бір бөлігі экспортқа жөнелтіледі, бұл жергілікті өндірушілерге жаңа нарықтарды ашады», – деді Қуаныш Бахытұлы.Қазіргі уақытта жоба бастамашысы мен Түркияның көкөніс пен жемісті өңдеу саласындағы жетекші компанияларының бірі – Göknur Gıda арасында «Off-take» келісімшарты жасалды. Компания зауыттың алма шырыны концентратын және өзге де өнімдерін экспортқа шығаруда стратегиялық серіктес болады. Келісім кәсіпорынға ұзақ мерзімді, кепілді өткізу мүмкіндігін беріп, шетелдік нарықтарға шығуға кең жол ашады.Өңдеу қуаттарының дамуы кең ауқымды әсерге ие: жаңа зауыт бәсекелі нарықты қалыптастырып, азық-түлік қауіпсіздігін нығайтады және өңір ішінде қосымша құн жасайды.«Бүгінде концентраттар мен өңделген өнімдердің едәуір бөлігі шетелден, әсіресе Қытайдан және басқа да елдерден әкелінеді. Зауыттың іске қосылуы импортқа тәуелділікті азайтып, жоғары қосылған құнға ие отандық өндірісті қалыптастырады. Бұл – облыс экономикасы үшін алға жасалған қадам, ал фермерлер үшін тұрақты даму кепілі», – деп толықтырды Қуаныш Бахытұлы.Жоба қаржылық тұрғыдан да ерекше маңызды. Ол Қазақстанда алғаш рет «Бәйтерек» холдингі аясында қол қойылған «Кепілдік қоры – 2» жаңа кепілдендіру құралы арқылы жүзеге асырылуда. Жалпы құны – 9,5 млрд теңге, оның ішінде 7,1 млрд теңгені Қазақстанның Даму Банкі қаржыландырған. Инвестор ішінара кепіл ретінде «Даму» қорының 2,8 млрд теңге көлеміндегі кепілдігін пайдаланды. Бұл жаңа тетік өнеркәсіп, агроөнеркәсіп және инфрақұрылым салаларында ірі жобаларды іске қосуға мүмкіндік беріп, мемлекеттік бизнесті қолдау шараларының тиімділігін дәлелдейді.Қорытындылай келе, Қуаныш Бахытұлы жобаның табысты жүзеге асырылуы облыс әкімдігінің жүйелі және жан-жақты қолдауымен қамтамасыз етіліп отырғанын атап өтті.«Мұндай ауқымды бастамаларды іске асыру барлық тараптың үйлестірілген жұмысын қажет етеді. Бұл ретте Алматы облысының әкімдігі инвестордың негізгі серіктесі болып табылады. Біз жобаны әзірлеу кезеңінен бастап сүйемелдеп келеміз: жер телімін бөлу, қажетті келісімдерден өткізу, рұқсат құжаттарын дайындау және инфрақұрылыммен қамтамасыз ету. Әр кезеңде тиісті ведомстволармен өзара іс-қимыл жасалып, мерзімдердің сақталуы бақыланады. Осындай жүйелі жұмыс инвестор үшін барынша қолайлы жағдай жасап, өндірісті сәтті іске қосуға кепілдік береді», – деді Қуаныш Бахытұлы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1059497?lang=kk
Іле ауданында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт пайдалануға берілді 28.08.2025
2025 жылғы 28 тамызда Іле ауданы Байсерке ауылдық округіне қарасты Көктерек ауылында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында салынған жаңа фельдшерлік-акушерлік пункттің (ФАП) салтанатты ашылу рәсімі өтті.Әлеуметтік маңызы жоғары нысан Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдық мерейтойы қарсаңында қолданысқа берілді. Жаңа медициналық мекеме ауыл тұрғындарын алғашқы медициналық-санитарлық көмекпен сапалы әрі қолжетімді түрде қамтамасыз етуге бағытталған.Фельдшерлік-акушерлік пункт заманауи инфрақұрылыммен жабдықталған: фельдшер қабылдау бөлмесі, жүкті әйелдерге арналған арнайы кабинет, процедуралық және егу бөлмелері, физиотерапия кабинеті және дәрі-дәрмек қоймасы бар.Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың қазан айында басталып, мемлекет меншігіне жемқорлық фактілері бойынша қайтарылған қаражат есебінен толықтай қаржыландырылды. Жалпы аумағы – 70 сотық, ғимараттың ауданы – 264 шаршы метр. Мекеме бір ауысымда 10 адамға дейін қабылдай алады.Жаңа ФАП-та фельдшер, акушер және процедуралық кабинет мейірбикесі қызмет етеді. Сондай-ақ фертильді жастағы және жүкті әйелдерді қабылдауға арналған арнайы кабинет қарастырылған.Салтанатты шараға Іле ауданының әкімі Қайыржан Серікбайұлы Жақсымбетов, аудан прокуроры Бауыржан Рамазанұлы Тулендинов, Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ләйлә Пернебайқызы Серікбаева, ауыл ақсақалдары мен денсаулық сақтау саласының ардагерлері қатысты.Аудан әкімі Қайыржан Серікбайұлы өз сөзінде:«Бұл нысан — ауыл тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға бағытталған нақты нәтиже. Президент тапсырмасына сәйкес, сапалы әрі қолжетімді медициналық қызмет көрсету жұмыстары жүйелі түрде жалғасатын болады», — деп атап өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1058581?lang=kk
Талғар қаласында жаңа БМҚ іске қосылды 28.08.2025
Бүгін Талғар қаласында Павлов көшесінде жаңа блок-модульді қазандық (БМҚ) іске қосылды. Нысанның ашылуына Талғар ауданының әкімі Танат Есенкелдіұлы Айдарбеков қатысты.Жаңа қазандықты мердігер ұйым – «ҚазНИИСА» АҚ-ның еншілес кәсіпорны («ДО» ЖШС) салды. Ол №7, 11 және 18 үйлерді үздіксіз жылумен қамтамасыз етіп, тұрғындардың жайлы тұрмысына жағдай жасамақ.«Аудандағы жылумен қамтамасыз ету жүйесін жақсарту жұмыстары жалғасын табады», – деп атап өтті аудан әкімі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1058502?lang=kk
Құрметті облыс тұрғындары! 28.08.2025
Алматы облысының тарихи-мәдени мұрасын, табиғи ерекшеліктері мен өңірлік бірегейлігін бейнелейтін жаңа өңірлік нышан (символика) жобасы әзірленді. Аталған нышан жобасы – облыстың имиджін қалыптастыруға, ішкі бірлікті нығайтуға, сондай-ақ өңіріміздің болмысын көрнекі түрде көрсетуге бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады. Осыған орай, Алматы облысының жаңа өңірлік нышан жобасын қоғамдық талқылауға ұсынып отырмыз. Баршаңызды өңіріміздің болашағына бейжай қарамай, өз пікіріңізді білдіруге шақырамыз.Талқылау мерзімі: 15 күнтізбелік күн. 2025 жылдың 28 тамызынан бастап 12 қыркүйекке дейін Ұсыныс/пікірлерді жолдау мекенжайы: daurenbaev.m@almobl.gov.kz почтаға.Жоба үлгісімен Алматы облысы әкімдігінің ресми сайтында таныса аласыз.Сіздің ұсыныстарыңыз біз үшін маңызды. Бірге талқылай отырып, ортақ құндылықтарға негізделген мағыналы облыстың нышанын қалыптастырайық!Ұйымдастыру комитеті: Алматы облысының әкімдігі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1058105?lang=kk
«Бір белдеу – бір жол»: Алматы облысы мен Цинхай провинциясы ынтымақтастықты нығайтады 28.08.2025
Алматы облысы мен Қытай Халық Республикасының Цинхай провинциясы жеті меморандумға қол қойды. Құжаттар экономика, ауыл шаруашылығы, энергетика, білім беру, денсаулық сақтау, төтенше жағдайлардың алдын алу және достық қатынастарды дамыту салаларын қамтиды. Келісімдер бес жылға жасалып, ұзарту мүмкіндігі қарастырылған.Бүгінде өңірде қытайлық капиталмен 143 кәсіпорын жұмыс істейді, ал тауар айналымы жылына 1 млрд АҚШ долларынан асып отыр.Кездесу барысында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев пен Цинхай провинциясы КПК комитетінің бірінші хатшысы У Сяоцзюнь стратегиялық серіктестікті кеңейтуге уағдаласты. Тараптар ауыл шаруашылығы, жасыл энергетика, медицина, трансшекаралық сауда және білім беру саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр.Бұған дейін Алматы облысының 37 жасы Синьцзян университетінде толық грант негізінде білім алған. Жаңа келісімдер аясында студенттік алмасу жалғасын табады.ҚХР-дың Алматыдағы Бас консулы Цзян Вэй Қазақстан мен Қытайды достық пен ынтымақтастық рухы байланыстыратынын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1058054?lang=kk
ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Еуразиялық экономикалық одағы (ЕАЭО) Сотының делегациясымен кездесті 27.08.2025
Әділет министрі ҚР Конституциясының 30 жылдығына арналған конференциясы аясында өткен кездесуде ЕАЭО Сотына алғыс білдіріп, Одақтың құқықтық базасын дамытудағы оның маңызды рөлін атап өтті. Министрдің пікірінше, Соттың қызметі тұрақты құқықтық ортаны қалыптастыруға және интеграциялық үдерістерге деген сенімді арттыруға ықпал етеді.Кездесу барысында тараптар Одақ құқығын қолдану және дамыту мәселелерін талқылады. Сот төрағасы Әділет министрлігінің Сотпен өзара іс-қимылды қамтамасыз етудегі жұмысын ерекше атап өтіп, одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар интеграцияның құқықтық негіздерін нығайту мақсатында бірлескен жұмысты жалғастыруға уағдаласты. Кездесу достық және іскерлік жағдайда өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/1057660?lang=kk
Алматы облысында жылыту маусымына дайындық бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде 27.08.2025
Бүгінде өңірде 348 жылыту қазандығы пайдаланылады: олардың 165-і қатты отынмен, 107-сі газбен, 44-і сұйық отынмен, 21-і электр қуатымен жұмыс істейді, ал тағы 11-і орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған.Алдағы маусымға облыстың жалпы қажеттілігі 2 181 тонна көмірді, шамамен 1,94 млн литр сұйық отынды және 98 текше метр отынды құрайды.Қазіргі уақытта өңірдегі барлық медициналық ұйымдарда отын сатып алу конкурстары аяқталып, жеткізушілер анықталып, келісімшарттар жасалды. Бірқатар медициналық мекемелер қажетті отынмен қамтамасыз етілді. Сұйық және қатты отынды жеткізу 1-15 қыркүйек аралығына жоспарланған. Барлық нысандарда қысым сынақтары мен техникалық жұмыстар жүргізіліп, жабдықтарға сервистік қызмет көрсетілді, сондай-ақ қазандықтардың ақаулы қосалқы бөлшектері ауыстырылды.Жылыту маусымына дайындық жоспарлы түрде атқарылып жатыр, ал әлеуметтік нысандарды отынмен қамтамасыз ету мәселесі тұрақты бақылауда тұр. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1057273?lang=kk
Алматы облысында Talgar Eco City жобасы таныстырылды: әкімдік халықаралық ынтымақтастықты күшейту үстінд 26.08.2025
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Жоғары мәртебелі шейх Абдулла бен Мохаммед бин Бутти Әл Хамед пен Talgar Eco City жобасының бастамашысы және иесі Бақыт Атайбековпен кездесу өткізді. Кездесу барысында ауқымды Talgar Eco City жобасының бас жоспары таныстырылды. Келіссөздер Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Рауан Жұмабек қолдауымен өтті және өңірдің инфрақұрылымын дамыту мен қаржыландыру мәселелеріне арналды.Talgar Eco City жобасы Талғар қаласы мен Ақдала ауылын қамти отырып, шамамен 600 гектар аумақты алады. Жоба аясында тұрғын үй кешендері, мектептер, медициналық мекемелер, сауда-ойын-сауық орталықтары салу және жасыл қоғамдық кеңістіктер құру жоспарланып отыр. Концепция экологиялық тазалық және «жасыл» технологияларды қолдану қағидаларына негізделген.Бас жоспарды БАӘ-нің AE7 халықаралық компаниясы әзірледі. Жобаны жүзеге асыру мақсатында 2025 жылғы шілдеде Алматы Халықаралық Қаржы Орталығының базасында қазақстандық Dinar Holding Ltd. пен әмірліктерлік 44Degree компанияларының қатысуымен Talgar Development Ltd. бірлескен кәсіпорны құрылды.Алматы облысының әкімдігі жобаның іске асуын жан-жақты қолдап отыр, оның ішінде инженерлік желілерге қосылу және 2028 жылға дейінгі Алматы агломерациясын дамыту бағдарламасы аясында сыртқы инфрақұрылымды дамыту мәселелері де қамтылады.Сапар барысында EXIM Finance компаниясының басшысы Салах Ибрагим Әл Нассермен кездесу өтті. Кездесуде ауыл шаруашылығы, логистика және туризм салаларындағы Алматы облысының жобалары талқыланды. 2017 жылы Дубайда құрылған EXIM Finance компаниясы экспорттық-импорттық және инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландырумен танымал. Оның және БАӘ іскер топтарының қатысуы Қазақстанға деген сенімділіктің жоғары екенін көрсетеді.Сонымен қатар, Дубайда орналасқан малайзиялық International Investment Consortium (IIC) инвестициялық банкі мен оның жетекшісі Dato Dr. Arshad Mahmood мырзамен жеке кездесу өткізілді. Тараптар Алматы облысындағы жобалар мен ірі инфрақұрылымдық бастамаларды қаржыландыру мүмкіндіктерін талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1057178?lang=kk
Алматинская область усилила профилактику инфекционных заболеваний 26.08.2025
Алматы облысында ағымдағы жылдың өткен 33 аптасында 7 нозология бойынша инфекциялық аурулардың 27 жағдайы тіркелді.Алдыңғы аптамен салыстырғанда 4 инфекция бойынша сырқаттанушылықтың өсуі байқалды (туберкулез, бруцеллез, эхинококкоз, желшешек). Сонымен қатар, 4 нозологияда төмендеу тіркелді (менингококкты жұқпа, қызылша, скарлатина, жіті ішек инфекциясы), ал вирустық А гепатиті бір деңгейде қалды.Барлығы 27 жұқпа ошағы бақылауға алынып, 61 адам қарым-қатынаста болғаны анықталды. Олардың 57-сі зертханалық әдіспен тексеріліп, медициналық бақылау орнатылды. Санитариялық-профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар облыс халқының санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.Есепті кезеңде оба, тырысқақ, туляремия, безгек, іш сүзегі сияқты қауіпті 57 инфекция тіркелген жоқ. Қызылша, көкжөтел, вирустық А гепатиті және жаппай тамақтан уланулар бойынша сырқаттанушылық төмендеген. Ал туберкулез, бруцеллез, кене энцефалиті, менингококкты жұқпа жағдайларының өсімі байқалды.Қызылша және қызамық бойынша облыстағы жағдай тұрақты. Биыл қызылшаның 150 жағдайы анықталып, оның 80-і зертханалық расталды. Науқастардың 87%-ын екпе алмаған балалар құрады. 2023–2024 жылдары жүргізілген қосымша иммундау сырқаттанушылықты тұрақтандыруға ықпал етті.Көкжөтелдің 14 жағдайы тіркеліп, оның 11-і зертханалық жолмен нақтыланды. Аурудың басым бөлігі екпе алмағандар арасында анықталды.Кене энцефалитіне күдікті 8 жағдай тіркеліп, оның 4-і зертханалық расталды. Маусымдық белсенділік кезеңінде 2 739 адам кене шаққаннан кейін медициналық көмекке жүгінген, оның 58%-ын балалар құрады. Алдын алу мақсатында 2 719 адам иммуноглобулинмен қамтылды.Эндемиялық аудандарда (Еңбекшіқазақ, Қарасай, Райымбек, Талғар, Ұйғыр, Кеген) жалпы көлемі 738 гектар аумақта дезинсекциялық өңдеудің екі кезеңі жүргізілді. Сонымен қатар, 70 га су айдынында безгекке қарсы, 2 228 га аумақта туляремия ошақтарына дератизациялық шаралар жүзеге асырылды.Халық арасында санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз ету мақсатында:• 129 мыңнан астам адам профилактикалық екпемен қамтылды;• жануарлар тістеген 9 124 адам құтырмаға қарсы вакцина алды;• 2 мыңға жуық адам кене энцефалитіне қарсы екпемен қамтылды;• 733 инфекциялық ошақ қорытынды дезинфекциядан өтті.Облыста эпидемиологиялық жағдай тұрақты бақылауда, алдын алу және қорғану шаралары жүйелі түрде жалғасуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1056747?lang=kk
Алматы облысында 150 мыңнан астам кәсіпкер тіркелген 26.08.2025
Бүгінгі күнге Алматы облысында тіркелген кәсіпкерлер саны 150 мыңнан асты. Жыл басынан бері бизнеске 4 мыңнан астам консультация берілді. «Бір ауыл – бір өнім» жобасында 10 финалист анықталды, олардың үшеуі республикалық кезеңге шығып, 5 миллион теңгеге дейінгі грантқа үміткер бола алады.Аймақтың интерактивті инвестициялық картасында жалпы құны шамамен 2 трлн теңге болатын 90 жоба іске асырылуда, бұл 13 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Кәсіпкерлікті қолдауға бюджеттен 6 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген. Бұл қаражаттар несиелерді субсидиялау, қарыздар мен лизинг бойынша кепілдіктер беру, сондай-ақ жастар мен әлеуметтік кәсіпкерлікті гранттар арқылы қолдау үшін бағытталған.Соңғы үш жылда облыстың экономикасына салынған инвестициялар 60%-ға артты және шамамен 2,5 трлн теңгеге жетті. Аймақта алты индустриалды аймақ жұмыс істейді, тағы тоғызы қалыптасу сатысында. Жаңа жобалар арасында зауыттар, фабрикалар, логистикалық хаб және балық шаруашылығы кәсіпорындары бар. 2026 жылы жалпы сомасы 300 млрд теңгеден асатын 35 жобаны іске асыру жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1056632?lang=kk
Тұрақты өсім мен жоғары нәтижелер 25.08.2025
Алматы облысы спортты дамытуда тұрақты өсім мен жоғары нәтижелер көрсетіп келеді. 2022 жылмен салыстырғандағы көрсеткіштер дәлелдейді: халықаралық аренадағы спортшылар жетістіктері де, бұқаралық спортты дамыту да жаңа сапалық деңгейге көтерілді.2022 жыл Алматы облысы спорты үшін маңызды кезең болды: 23 спортшы халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын, 111-і – ҚР спорт шебері, 586-сы – спорт шеберіне кандидат, 146-сы – бірінші спорттық разряд иегері атанды. Сол жылы облыс спортшылары барлығы 1783 медаль жеңіп алды, оның ішінде 560-ы алтын, 512-сі күміс, 721-і қола. Халықаралық жарыстарда да айтарлықтай жетістіктерге жетті: әлем чемпионаттарында – 45, Азия чемпионаттарында – 114 медальға қол жеткізілді.2023 жыл да өңір спорты үшін табысты болды: облыс спортшылары 1742 медаль иеленді (610 алтын, 458 күміс, 674 қола). Ең басты оқиға – Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен XIX жазғы Азия ойындары болды. Бұл жарыста облыстан қатысқан 10 спортшы Қазақстан құрамасының қоржынына 2 алтын және 4 қола медаль салды. Жоғары нәтижелерге Асем Орынбай (алтын және қола), Эдуард Ещенко (алтын), сондай-ақ Эртуған Зейнуллинов, Аян Тұрсын мен Мәриян Урдабаева (қола медаль иегерлері) жетті.2024 жыл Алматы облысының спорт жылнамасына жарқын жетістіктерімен енді. Парижде өткен Олимпиада ойындарында Демеу Жадраев грек-рим күресінен (77 кг дейін) күміс медаль жеңіп алып, өңір тарихындағы айтулы жетістікке қол жеткізді. Облыс спортшылары өзге де халықаралық ареналарда табысты өнер көрсетті: Астанада өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 2 алтын, VIII «Азия балалары» халықаралық ойындарында 2 күміс пен 2 қола медаль иеленді. Жалпы, бір жыл ішінде 2131 медаль жеңіп алынды (771 алтын, 604 күміс, 756 қола).Маңызды оқиғалардың бірі – «Алатау» лигасының құрылуы болды. Соның арқасында 15 мыңға жуық жас спортпен айналысуға тартылды. Ауылдық аудандарда 150 спорт секциясы ашылып, бұқаралық спортты дамытуға және NEET санатындағы жастарды спортқа тартуға жаңа серпін берді.2025 жылы да облыс спортшылары жоғары нәтижелер көрсетуді жалғастырып, жылдың алғашқы жартысында 1289 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 492-сі алтын, 378-і күміс, 419-ы қола. Халықаралық жеңістердің мәні ерекше. Асет Дюсенов Харбинде өткен IX қысқы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды. Ксения Прозорова ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы болды. Қасымбек Едіге жастар арасындағы еркін күрестен (20 жасқа дейін) әлем чемпионы атанды. Облыстың боксшылары жастар және 22 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионатында 4 алтын медаль иеленді. Демеу Жадраев Германияда өткен «Гран-при» турнирінде алтын, Ербол Камалиев күміс медаль алды.Жыл қорытындысы бойынша 166 спортшы бірінші спорттық разряд алды, 862 спортшы спорт шеберіне кандидат атанды, 20 спортшы ҚР спорт шебері, 4 спортшы халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағына ие болды.Бүгінде өңірде 34 спорт түрі дамып, 54 аккредиттелген федерация жұмыс істейді. Бұл спорт инфрақұрылымын нығайтуға және кадрлық әлеуетті арттыруға ықпал етуде.Соңғы төрт жылдағы динамиканы талдау көрсеткендей, Алматы облысы спорт саласында сапалы серпіліс жасады. Халықаралық аренадағы жеңістер, бұқаралық спорттың дамуы және спорт инфрақұрылымының нығаюы өңірді елдің көшбасшылары қатарына шығарды. Болашаққа деген сенім спортшылардың нәтижелерімен нығайып отыр: олар Қазақстанды беделді әлемдік жарыстарда абыроймен танытып, өңір спортының жаңа жетістіктеріне жол ашуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1056574?lang=kk
Алматы облысында ұстаздардың тамыз кеңесі өтті 25.08.2025
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Ұзынағаш ауылында өткен облыстық білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз кеңесінде ұстаздар қауымын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, білім саласындағы басым бағыттарды айқындады.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында білім беру сапасын арттыру, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды жетілдіру, ұстаздардың әлеуметтік жағдайын көтеру және кәсіби біліктілігін күшейту басты міндет екенін атап өткен болатын. Облыста бұл тапсырмаларды орындау үшін ауқымды жұмыстар жүргізілуде.«Әр балаға сапалы білім мен саналы тәрбие беру ел болашағына салынған ең маңызды инвестиция. Жас ұрпақ тек академиялық біліммен шектелмей, рухани-адамгершілік құндылықтарға, патриотизмге, адалдық пен еңбекқорлыққа тәрбиеленуі тиіс. Адал азамат тәрбиелеу ұлттық тәрбиенің өзегі, кәсіби маман дайындау – сапалы білім берудің көрсеткіші», – деді облыс әкімі.Биыл Алматы облысының білім саласына 487,4 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, жаңа білім нысандарын салуға, педагогтердің әлеуетін арттыруға бағытталуда.Президенттің тапсырмасына сәйкес, облыстағы 35 мыңнан астам педагогтің жалақысы екі есеге дейін өсті. Жергілікті бюджеттен жалақы қорына 238,1 млрд теңге қарастырылды. Сонымен қатар, 28 923 мұғалімге біліктілік санаты үшін 34,2 млрд теңге қосымша ақы төленуде.Әкімнің айтуынша, оқушылар саны жыл сайын 10-12 мыңға артып отырғандықтан, мұғалім тапшылығы мәселесін шешу өзекті. Бұл ретте жыл сайын педагогтердің жалақы қорына қосымша 6 млрд теңге бөлініп келеді. Биыл үздік мамандарды тартуға арнайы 200 млн теңге қарастырылған.Мектепке дейінгі тәрбие саласы да назардан тыс қалған жоқ. 2025 жылы бұл бағытқа 69,2 млрд теңге бөлінді. Бүгінде өңірде 1168 балабақша жұмыс істейді, оның 997-сі – жекеменшік. Алайда, әкім атап өткендей, тәрбиешілердің біліктілігін арттыру әлі де басты міндеттердің бірі болып отыр.«Балабақшадағы кадр сапасын көтеру келешектің кепілі. Сондықтан тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру мен шығармашылық әлеуетін дамыту білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің тұрақты бақылауында болуы тиіс», – деді Марат Сұлтанғазиев.Осылайша, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Алматы облысында білім саласын дамытуға, ұстаздардың жағдайын жақсартуға және жас ұрпаққа сапалы білім беруге бағытталған жүйелі жұмыстар жалғасын табуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1056165?lang=kk
Білім беру саласындағы негізгі басымдықтар белгіленді 25.08.2025
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Ұзынағаш ауылында өткен облыстық білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз кеңесінде ұстаздар қауымын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, білім саласындағы басым бағыттарды айқындады.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында білім беру сапасын арттыру, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды жетілдіру, ұстаздардың әлеуметтік жағдайын көтеру және кәсіби біліктілігін күшейту басты міндет екенін атап өткен болатын. Облыста бұл тапсырмаларды орындау үшін ауқымды жұмыстар жүргізілуде.«Әр балаға сапалы білім мен саналы тәрбие беру ел болашағына салынған ең маңызды инвестиция. Жас ұрпақ тек академиялық біліммен шектелмей, рухани-адамгершілік құндылықтарға, патриотизмге, адалдық пен еңбекқорлыққа тәрбиеленуі тиіс. Адал азамат тәрбиелеу ұлттық тәрбиенің өзегі, кәсіби маман дайындау – сапалы білім берудің көрсеткіші», – деді облыс әкімі.Биыл Алматы облысының білім саласына 487,4 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, жаңа білім нысандарын салуға, педагогтердің әлеуетін арттыруға бағытталуда.Президенттің тапсырмасына сәйкес, облыстағы 35 мыңнан астам педагогтің жалақысы екі есеге дейін өсті. Жергілікті бюджеттен жалақы қорына 238,1 млрд теңге қарастырылды. Сонымен қатар, 28 923 мұғалімге біліктілік санаты үшін 34,2 млрд теңге қосымша ақы төленуде.Әкімнің айтуынша, оқушылар саны жыл сайын 10-12 мыңға артып отырғандықтан, мұғалім тапшылығы мәселесін шешу өзекті. Бұл ретте жыл сайын педагогтердің жалақы қорына қосымша 6 млрд теңге бөлініп келеді. Биыл үздік мамандарды тартуға арнайы 200 млн теңге қарастырылған.Мектепке дейінгі тәрбие саласы да назардан тыс қалған жоқ. 2025 жылы бұл бағытқа 69,2 млрд теңге бөлінді. Бүгінде өңірде 1168 балабақша жұмыс істейді, оның 997-сі – жекеменшік. Алайда, әкім атап өткендей, тәрбиешілердің біліктілігін арттыру әлі де басты міндеттердің бірі болып отыр.«Балабақшадағы кадр сапасын көтеру келешектің кепілі. Сондықтан тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру мен шығармашылық әлеуетін дамыту білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің тұрақты бақылауында болуы тиіс», – деді Марат Сұлтанғазиев.Осылайша, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Алматы облысында білім саласын дамытуға, ұстаздардың жағдайын жақсартуға және жас ұрпаққа сапалы білім беруге бағытталған жүйелі жұмыстар жалғасын табуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1056259?lang=kk
Алматы облысында «Келешек мектептер» жобасы қарқын алды 25.08.2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасын теңестіруді, үш ауысымды оқытуды жоюды және оқушы орындарының тапшылығын шешуді Үкіметке нақты тапсырған еді. Осы мақсатта елімізде қолға алынған «Келешек мектептер» ұлттық жобасы Алматы облысында жүйелі жүзеге асырылып жатыр.Жаңа оқу жылы қарсаңында өткен дәстүрлі тамыз кеңесінде Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев өңірдегі білім беру саласындағы атқарылған жұмыстарға тоқталды.«Президенттің тапсырмасына сәйкес, басты міндетіміз – сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету. Облыс бойынша 24 900 орындық 26 «Келешек мектептің» құрылысы жоспарланған. Оның ішінде 10 мектеп пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін қалған нысандар да оқушыларға есігін айқара ашады. Соның нәтижесінде үш ауысымды мектептердің саны айтарлықтай қысқарады», – деді облыс әкімі.2022–2025 жылдар аралығында Алматы облысында 45 325 орындық 50 жаңа мектеп салынды. Бұл көрсеткіштің арқасында үш ауысымды білім ошақтарының саны 52-ден 30-ға дейін азайды. Бұған қоса, соңғы үш жыл ішінде 73 мектеп пен білім беру мекемесі күрделі жөндеуден өтті.Дегенмен, кейбір мердігер ұйымдардың жұмысты уақытында аяқтамауына байланысты төрт нысанда Талғар ауданының Белбұлақ және Нұра ауылдарындағы мектептерде, Қонаев қаласындағы №4 мектеп пен облыстық мектеп-интернатта жөндеу жұмыстары кешігіп отыр. Бұл бойынша жауапты мердігерлерге қатысты тиісті шаралар қабылданып, сотқа жолданған.Алматы облысында «Келешек мектептер» жобасы толық орындалғанда, үш ауысымды білім беру түйткілі түбегейлі шешіліп, оқушылардың сапалы білімге қолжетімділігі арта түспек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1056273?lang=kk
Тамыз кеңесінде білім саласының жаңа міндеттері талқыланды 25.08.2025
Алматы облысында білім беру сапасын арттыруға бағытталған ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Өңірде мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға биылдың өзінде 1 млрд 021 млн теңге бөлінді. Бұған қоса, мектеп кітапханаларын заманауи форматқа көшіруге 193,1 млн теңге қарастырылып отыр. Бұл туралы облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев дәстүрлі тамыз кеңесінде баяндады.Сондай-ақ, «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен Кеген ауданындағы Сәдуақас Серкебаев атындағы мектеп-гимназиясында және Еңбекшіқазақ ауданындағы Жүнісбай Қаипов атындағы орта мектепте «Ауылдық жерлерде тірек мектептерінің әлеуетін арттыру» жобасы жүзеге асырылды. Жоба шеңберінде мектептердің инфрақұрылымы жаңартылып, ұстаздардың кәсіби біліктілігін жетілдіруге арналған бағдарламалар іске қосылды. Бұл ауылдық мектептердің мүмкіндігін арттырып, қала мен ауыл арасындағы білім сапасын теңестіруге мүмкіндік бермек.«Білім беру инфрақұрылымын жаңғырту – балаларымыздың жарқын болашағына жасалған инвестиция. Президенттің тапсырмасына сәйкес біз оқушыларға қолайлы жағдай жасап қана қоймай, ұстаздардың кәсіби дамуына да жол ашып отырмыз. Осы игілікті іске үлес қосқан Күләш Ноғатайқызына және «Қазақстан халқына» қорына алғысымды білдіремін», – деді облыс әкімі.Жаңғыртылған мектептерде жаңа оқу кабинеттері, кітапханалар мен зертханалар ашылып, білім алушылардың ынтасын арттыратын жағдай жасалды. Тамыз кеңесінде де айтылғандай, мұндай бастамалар өңірдегі білім сапасын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған нақты қадам болып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1056283?lang=kk
Балалардың болашағы – басты назарда 25.08.2025
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев 2024 жылы қабылданған білім сапасын арттырудың «Жол картасы» аясында «Білім-инновация» халықаралық қоғамдық қорымен бірлесіп қолға алынған «Табысты 50 мектеп» жобасы алғашқы нәтижелерін беріп жатқанын айтты.Әкімнің айтуынша, аталған мектептерде оқушылардың жаратылыстану пәндері бойынша білім сапасы 4-тен 12 пайызға дейін артқан. Сондай-ақ, 17 оқушы республикалық деңгейде үздік нәтиже көрсеткен.«Бұл – білім саласындағы нақты қадамдардың, педагогтерге көрсетілген әдістемелік және материалдық қолдаудың жемісі. Өңір мектептерінде жаңа тәсілдер енгізіліп, оқушылардың білім деңгейі артып келеді. Біз бұл бағыттағы жұмысты жүйелі түрде жалғастырамыз», – деді облыс әкімі.Жоба аясында 5 200 педагог негізгі және ілгері деңгейдегі біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Оған жергілікті бюджеттен 701 млн 120 мың теңге бөлінді.Осы орайда мектеп басшыларына үш негізгі міндет жүктелді: басқару мен оқыту сапасын арттыруға бағытталған инновациялық тәсілдерді оқу-тәрбие процесіне жүйелі түрде енгізу; курстан өткен педагогтерге әдістемелік қолдау көрсетуді ұйымдастыру; білім сапасын жаңа деңгейге көтеру үшін оқу процесін заманауи талаптарға сай жетілдіру.Сонымен қатар, өңірде шалғай елді мекендерде тұратын балалардың сапалы білім алуына жағдай жасалуда. 35 081 оқушы күнделікті арнайы автобустармен мектепке жеткізіледі. Ал 176 390 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылып отыр. Бұл мақсатқа биыл 16 млрд 727 млн теңге қарастырылған.Балалардың денсаулығын нығайтып, бос уақытын тиімді өткізуге арналған жазғы демалыс та дәстүрлі түрде ұйымдастырылды. Жергілікті бюджеттен 282,3 млн теңге, «Қазақстан халқына» қорынан 166,8 млн теңге бөлініп, облыста 27 лагерь жұмыс істеді. Соның нәтижесінде 335 923 бала, яғни оқушылардың 92 пайызы жазғы демалыспен қамтылды.Тамыз кеңесінде атап өтілгендей, Алматы облысында алдағы уақытта да Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында білім сапасын көтеру, педагогтерді жан-жақты қолдау және балалардың болашағына салынатын инвестицияны еселеу басты міндет болып қала бермек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1056295?lang=kk