Саясат
2025 жылы Солтүстік Қазақстан облысында 4,4 млн га ауыл шаруашылығы дақылдары егіледі 15.04.2025
Өңірде көктемгі егіс жұмыстарын 4,4 млн гектар аумақта жүргізу жоспарланып отыр. Оның ішінде 3,3 млн гектар жерге дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар, 760 мың гектарға майлы дақылдар, 392 мың гектарға мал азықтық дақылдар себіледі. Сонымен қатар 6,5 мың гектар жерге картоп, 1,3 мың гектарға көкөніс дақылдары егіледі.Егіс науқанына дайындық аясында 3 млн гектар алқапта жерді жырту жұмыстары, 1,5 млн гектарда қар тоқтату шаралары жүргізілді.Тұқым шаруашылығын дамытудың кешенді жоспарына сәйкес, 2025 жылы тұқым жаңарту үлесін 11,2%-ға дейін жеткізу жоспарланған, бұл 52,6 мың тоннаны құрайды.Қазіргі таңда 470 мың тонна тұқым себуге дайындалған, оның ішінде 460,2 мың тонна жаздық дәнді дақылдардың тұқымы тексеріліп, бұл жоспардың 98%-ын құрайды.Облыста 40 аттестатталған тұқым шаруашылығы субъектісі жұмыс істейді, олардың ішінде 25-і тұқым шаруашылығы, 15-і тұқым таратушы ұйымдар.Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін жанар-жағармаймен қамтамасыз ету мақсатында мемлекет тарапынан литрі 254 теңгеден 52,2 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінді.Өңірдегі ауыл шаруашылығы техникасының техникалық дайындық деңгейі 91%-ды құрайды. 219 машина-трактор шеберханасы штаттық режимде жұмыс істеп тұр.2025 жылдың басынан бері аграршылар 9,7 млрд теңгеге 275 бірлік техника сатып алды, оның ішінде 93 техника “ҚазАгроҚаржы” АҚ арқылы лизингке 5,9 млрд теңгеге алынған.2025 жылға минералды тыңайтқыштарды енгізу жоспары – 333,5 мың тонна.Көктемгі егіс жұмыстарын жедел бақылау және үйлестіру мақсатында облыста жедел штаб құрылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/974608?lang=kk
Қазақстанда Ислам даму банкінің қолдауымен 4 жаңа су қоймасы салынады 15.04.2025
Су саласын дамыту бойынша серіктестердің Үйлестіру кеңесінің II отырысы аясында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Ислам даму банкінің Қазақстандағы өңірлік өкілдігі басшысының міндетін атқарушы Али Хан және БҰҰ Даму Бағдарламасының ҚР-дағы Тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниамен кездесті.Тараптар «Климатқа төзімді су ресурстарын дамыту» жобасын іске асыру бойынша бірлескен жұмысты талқылады. Жобада Астана су қоймасын толықтыру жөніндегі жобаны қоса алғанда, 4 жаңа су қоймасын салу және жұмыс істеп тұрған 4 су қоймасын реконструкциялау, 115 арнаны реконструкциялау және күрделі жөндеу көзделген. Жұмыстар Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Батыс Қазақстан, Жетісу облыстарында және Астана қаласында жүзеге асырылады.Сондай-ақ Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтына еліміздің су және өзен бассейндерін зерттеуге, Су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығы үшін ерте ден қою жүйелерін енгізуді бағалауға және «Қазсушар» кәсіпорнын техникалық жарақтандыруға Ислам даму банкінің грантын бөлу көзделген.Қазіргі уақытта барлық қажетті құжатты әзірлеу және оларды басқа мемлекеттік органдармен келісу жүргізіліп жатыр.«Қысқа мерзім ішінде Үйлестіру кеңесі аясында үлкен жұмыс атқарылды. Ислам даму банкінің инвестициялары Қазақстанның су инфрақұрылымын жетілдіруге көмектеседі. Сонымен қатар біз еліміздің су саласын дамыту жобаларына жаңа серіктестер тарту үшін БҰҰ Даму бағдарламасымен белсенді ынтымақтастықты жалғастыруға ниеттіміз», - деп атап өтті Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/974256?lang=kk
Шығыс Қазақстан облыстық Әуесқой бокс федерациясының президенті тағайындалды 15.04.2025
ШҚО-да облыстық Әуесқой бокс федерациясының президентін сайлау рәсімі өттіСайлаушылардың басым дауысымен бұл қызметке Өскемен қаласының тумасы, «VK development group» ЖШС директоры Бахтыбаев Айдос Кабдуллович лайық деп танылды. Қазіргі уақытта «VK Development group» компаниясы құрылыс материалдарын өндіру, ішкі туризмді дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру сияқты салаларды белсенді дамытуда.Кәсіпкерлік қызметтегі жетістіктері үшін Айдос Бахтыбаев бірнеше рет ШҚО құрылысшылар қауымдастығы мен облыс әкімінің грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды. Ол «Құрмет» және «Құрмет құрылыс» төсбелгілерінің иегері. 2022 жылы «Сала мақтанышы» номинациясы бойынша Ұлттық бизнес-рейтингтің көшбасшысы атанды, 2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қайырымдылық саласындағы «Қайырымдылық үшін» сыйлығын алды.ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов Айдос Бахтыбаевты құттықтап, жаңа салада жемісті қызмет, толағай табыстар тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/973672?lang=kk
Алматының Түрксіб ауданында биыл 37 көшеде орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі 15.04.2025
Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев жол және көлік инфрақұрылымын дамыту жұмыстары туралы айтты.Қала басшысы 2024 жылы ауданның 38 көшесінде жалпы ұзындығы 39,6 км жолға орташа жөндеу жүргізілгенін, ал 2025 жылы 37 көшеде тағы 51 км жолды орташа жөндеу жоспарланғанын хабарлады.Сонымен қатар, былтыр 40 мың шаршы метр жол жабыны қалпына келтіріліп, 200 «қалқымалы» люк орнатылды. Биыл тағы 30 мың шаршы метр жолды жөндеп, 200 люк орнату жоспарланған. Бұған қоса, 2024 жылы Әлмерек және Қайрат шағын аудандарында 13 көшеде тротуар мен арық жүйесін толық орната отырып, 13 км жаңа жол салынды. Ал Жас Қанат шағын ауданында 19 көшеде 3,5 км жаңа жол құрылысы мамыр айында басталады.«Биыл 90 жер учаскесін сатып алғаннан кейін Қайрат шағын ауданынан Талғар тас жолына дейін Хмельницкий көшесін ұзарту жұмыстарын бастауды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, биылғы тамызда Ержанов көшесі бойымен теміржол арқылы өтетін көпірдің құрылысын аяқтауды көздеп отырмыз», - деді Ерболат Досаев.Алматы әкімі қоғамдық көлік қызметінің сапасын арттыру мақсатында 2024 жылы Түрксіб ауданына қызмет көрсететін 10 маршрутта (№27, 34, 47, 50, 79, 86, 92, 113, 120, 129) 195 жаңа автобустың жаңартылғанын да хабарлады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/973660?lang=kk
2025 жылы Алматының Түрксіб ауданында 54 км-ден астам электр желілері жаңғыртылады 15.04.2025
Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев электр желілерін салу және жаңғырту бағытында атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар туралы баяндады. Бұл шаралар электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға және тұрғын алаптарында жиі болатын апаттарды жоюға бағытталған.2024 жылы Қайрат шағын ауданында 55,5 км кабель желілері тартылып, 22 трансформаторлық қосалқы станция мен 1 тарату пункті орнатылды. Бұл шаралар ауданның электрмен қамту сапасын айтарлықтай жақсартып, апаттық жағдайда өшудің санын азайтуға мүмкіндік берді.Бұған қоса, 2025 жылдың мамырына дейін Әлмерек және Нұршашқан шағын аудандарында 54,5 км электр желілері мен 16 трансформаторлық қосалқы станцияны жаңғырту жұмыстары аяқталады.Қайрат және Нұршашқан шағын аудандары тұрғындарын үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылы жаңа «Тұздыбастау» қосалқы станциясы салынды. Нысанды пайдалануға беру биыл мамыр айына жоспарланған. Қазір «Тұздыбастау» қосалқы станциясын «Бесағаш» қосалқы станциясымен байланыстыратын 7,8 км кабель желілерін тарту жұмыстары жүріп жатыр. Бұл жобалардың жүзеге асырылуы аудан тұрғындарын тұрақты электрмен қамтамасыз етеді және болашақта инфрақұрылымды дамытуға негіз болады.Жалпы, қалада инженерлік желілерді жаңғырту және қайта құру бойынша кешенді шаралар қабылданып жатыр. Осы жұмыстардың нәтижесінде 2025 жылы сумен жабдықтау желілерінің тозуы 52,9%-ға, су бұру желілерінің тозуы 53,9%-ға, ал электрмен жабдықтау желілерінің тозуы 63,3%-ға дейін төмендейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/973649?lang=kk
2025 жылы Алматының Түрксіб ауданында 8 км жылу желілері жаңғыртылады 15.04.2025
Түрксіб ауданында жылу желілерін жаңғырту жұмыстары қарқын алған. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді. Оның айтуынша, аудандағы жылу желілерінің тозу деңгейі шамамен 80%, сондықтан оларды жаңарту басты міндеттің бірі.2024 жылы екі негізгі учаскеде 2,1 км жылу желісінің қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды: Спасск көшесінде (Нұрсая көшесінен Урицкий көшесіне дейін) және Сүйінбай көшесінде (Бекмаханов көшесінен Гаршин көшесіне дейін). Бұл жұмыстар осы аумақтардағы жылумен қамту сенімділігін айтарлықтай арттырып, жылу шығынын азайтуға мүмкіндік берді.2025 жылы тағы 8,1 км жылу желілерін ауқымды түрде жаңарту жоспарланған. Нақтырақ айтқанда, жұмыс Майлин көшесінде – Наманганская көшесінен Монтажная көшесіне дейін жүргізіледі. Сондай-ақ, жаңғырту жұмыстары Сейфуллин даңғылы бойында – Ақан сері көшесінен Котельников көшесіне дейінгі аралықты қамтиды. Жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізіледі, тұрғындарға қолайсыздықты барынша азайту қарастырылған.Айта кетейік, жылу желілерін жаңарту Алматы қаласындағы инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту бойынша жүзеге асырылып жатқан ауқымды бағдарламаның бір бөлігі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/973613?lang=kk
Реновация бағдарламасы: Алматыдағы ескі үйлердің 40%-дан астамы Түрксіб ауданында орналасқан 15.04.2025
Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев аудандағы ескі тұрғын үйлерді реновациялау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.Бүгінде Алматыда 1 366 ескі үй бар, оның 40% - дан астамы Түрксіб ауданында орналасқан.«Өткен жылы Кассин және Сауранбаев көшелерінде 13 жаңа көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Алтай - 2 шағын ауданында 6 бұзылған үйдің орнына тоғыз қабатты 3 үйдің құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ Сауранбаев көшесінде 3 үйді бұзу жоспарланып отыр, одан кейін 8 жаңа көппәтерлі тұрғын үй салынады», - деді Ерболат Досаев.Естеріңізге сала кетейік, қала әкімдігі 2030 жылға дейін тұрғын үйді реновациялаудың жаңа бағдарламасын әзірлеген еді. Бағдарламада 676 ескі үйді реновациялау қарастырылған. Тектоникалық ақауларда орналасқан қаңқалы-қамысты үйлер мен ғимараттарды бұзуға баса назар аударылады.Бағдарламаның негізгі қағидаты-құрылысты тоқсандық жүргізу. Ғимараттарды көшіру және бұзу барлық ескі тұрғын үй иелерінің келісімімен ғана жүзеге асырылатын болады. Бұл ретте меншік иелеріне «бөлме үшін бөлме» қағидаты бойынша айырбастау немесе нарықтық құны бойынша ақшалай өтемақы алу мүмкіндігі беріледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/973608?lang=kk
Қайратбек Бершімбеков: өмірін ауыл шаруашылығына арнаған жан 15.04.2025
Қайратбек Сембіұлы Бершімбеков — еңбексүйгіштік, табандылық және туған жерге деген шексіз махаббатпен тығыз байланысты есім.Ол 1961 жылы Талдықорған облысы, Покатиловка ауылында дүниеге келген. Мектепті тәмамдағаннан кейін Талғар ауыл шаруашылығы техникумына түсіп, агроном мамандығын иеленді. Еңбек жолын «Қызыл Октябрь» совхозында агроном болып бастады. Екі жылдан кейін көкөніс шаруашылығы бригадасының бригадирінің көмекшісі қызметіне көтерілді, ал 1987 жылы «Көкөніс өсіруші» кооперативінің төрағасы болып тағайындалды.1999 жылдан бастап ол «Арлан» шаруа қожалығын басқарып келеді. Қожалық егін және мал шаруашылығын қатар дамытып, екі бағытта да елеулі табыстарға қол жеткізді. Әсіресе, асыл тұқымды мал өсіруге ерекше көңіл бөледі — шаруашылықта қазақтың ақбас ірі қара тұқымы өсіріледі.Қайратбек Сембіұлы Германия мен АҚШ елдерінде оқып, тәжірибеден өтіп, заманауи аграрлық технологиялар мен басқару тәсілдерін меңгерді. Шетелдік тәжірибені шаруашылығында сәтті қолданып, өндірістің тиімділігін арттырып, бизнестің тұрақтылығын қамтамасыз етті.Отбасы — әрқашан оның басты тірегі. Жұбайымен бірге екі бала тәрбиелеп өсірді, бүгінде олар немере сүйіп, ардақты ата мен әже ретінде өмірден ләззат алып отыр.Қайратбек Сембіұлы ауылдастары мен әріптестері арасында зор құрметке ие. Оның адал еңбегімен, кәсібіне деген шынайы сүйіспеншілігімен, туған жерге деген жанашырлығымен өрілген өмір жолы — жас ұрпаққа үлгі, шынайы еңбек құндылықтарына сенетін әрбір жанға бағыт-бағдар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/973491?lang=kk
Алматының жоғары оқу орындарында гранттар бойынша білім алу үшін құжаттар қабылдау басталды 15.04.2025
ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша гранттарды Білім және ғылым министрлігі бөлген еді. Бұл гранттар көпбалалы отбасылар мен атаулы әлеуметтік көмек алатындар санатындағы мектеп түлектеріне ғана беріледі.Білім грантын алу жөніндегі байқауға қатысу үшін құжаттарды Алматы қаласындағы таңдаған оқу орындарының қабылдау комиссияларына өткізу қажет.Білім грантын иеленгендердің тізімі жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында және Алматы қаласы Білім басқармасының интернет-ресурсында жарияланады.ЖОО-ның және мамандықтардың тізіміАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/23566?lang=kk
Шығыс Қазақстанда салынып жатқан Гематология орталығына Денсаулық сақтау министрі келді 15.04.2025
Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова өңірдегі медициналық нысандарды аралап, болашақ мамандарды дайындайтын оқу орындарының жұмысымен танысты. Сонымен қатар елімізде баламасы жоқ гематологиялық орталықтың құрылыс барысын бағалады.Өскемендегі медициналық колледжде министр оқу кабинеттерін, практикалық дайындыққа арналған құрал-жабдықтарды қарап шықты. Оқытушылар және студенттермен кездесуде Ақмарал Әлназарова медицина білімінде болатын алдағы өзгерістерге тоқталды. Кездесуде оқу бағдарламаларын жаңарту, тәжірибеге негізделген оқытуды күшейту мәселелері сөз болды. Сондай-ақ түлектерді жұмысқа орналастыру, өңірдегі медициналық мекемелермен өзара іс-қимыл және білім беру процесін жетілдіру ұсыныстары талқыланды. Студенттер интернатурадан өту жағдайларын жақсарту мен жас мамандардың жалақысы туралы сұрақтар қойды.Өскемен қалалық №2 емханасында министр алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету сапасымен танысып, жалпы практика дәрігерлерінің кабинеттерін аралады. Пациенттермен және медицина қызметкерлерімен тілдесіп, алғашқы медициналық буынның маңыздылығын атап өтті.Құрылыс жүріп жатқан Гематологиялық орталыққа барған Ақмарал Әлназарова жобаның бірегейлігі мен ауқымын ерекше атап өтті. Бұл нысан қан ауруларын анықтау мен емдеудің мүмкіндіктерін өңірде ғана емес, бүкіл ел бойынша кеңейтеді. Құрылыс алаңында Денсаулық сақтау министрі мен ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов жобаның негізгі параметрлерін талқылады.– Министрлік өз міндеттемелерін толық орындады: қаржыландыру көлемі қажетті деңгейге жеткізілді, арнайы мемлекеттік қор есебінен қаражат бөлінді. Ендігі міндет – мердігер компанияның құрылыс жұмыстарын уақытында аяқтауы, – деді министр.Жаңа жоғары технологиялы гематологиялық орталық бірнеше корпустан тұрып, түрлі бағытта қызмет көрсететін болады. Нысан іске қосылған соң өңірде ғана емес, республика бойынша медициналық көмектің сапасы едәуір артады.– Бұл орталық өңірдің медициналық инфрақұрылымының маңызды бөлігіне айналады. Енді тұрғындар арнайы, жоғары білікті көмекті алу үшін елордаға немесе ірі қалаларға баруға мәжбүр болмайды. Құрылыс барысы – менің жеке бақылауымда, – деді облыс әкімі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/973345?lang=kk
«Bauer Group» компаниясы Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасын құрастыру жобасын іске асыруды жоспарлап отыр 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров «Bauer Group» компаниясының президенті Отто Ройспен кездесті. Кездесу барысында Отто Ройс Қазақстан аумағында ірі жобаны жүзеге асыру жоспары туралы мәлімдеді.Аталған жоба заманауи ауыл шаруашылығы техникасын, соның ішінде су үнемдейтін жабдықтарды жергілікті жерде құрастыру мен өндіруге бағытталады.«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жыл сайынғы суармалы жер көлемін 150 мың гектарға дейін ұлғайту шаралары қабылданып жатыр. Осы мақсатта біз суармалы егіншілікке арналған заманауи технологияларды енгізуге мүдделіміз», — деді Айдарбек Сапаров.Министр сондай-ақ «Bauer Group» сияқты халықаралық компаниялармен ынтымақтастық Қазақстандағы тиімді әрі тұрақты ауыл шаруашылығын дамыту үшін аса маңызды екенін атап өтті.Өз кезегінде Отто Ройс жобаның толық дайын екенін айтты.«Біз өңірді нақты анықтаған бойда құрылыс-монтаж жұмыстарын бастаймыз. Биылдың өзінде бірнеше түрдегі жаңбырлатып суару техникаларын өндіріске қосуды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар су тазарту, көңді өңдеу жабдықтарын шығару да жоспарда бар», — деді «Bauer Group» президенті.Айдарбек Сапаров Министрліктің жобаны жүзеге асыруға белсенді қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізіп, өндірісті сәтті іске қосу үшін Жол картасын әзірлеуді ұсынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/973269?lang=kk
ІҚМ және ҰМ аналық мал басын шығаруға уақытша тыйым салынды 15.04.2025
Сыртқы сауда қызметі және Халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) 2025 жылғы 12 наурыздағы отырысында Қазақстан Республикасының аумағынан ірі қара малдың (ІҚМ) және ұсақ малдың (ҰМ) аналық басын әкетуге тыйым салуды алты ай мерзімге ұзарту мақұлданды.Анықтама. 2024 жылғы 14 қыркүйектен бастап 2025 жылғы 14 наурызға дейін 6 ай мерзімге ІҚМ және ҰМ аналық басын әкетуге тыйым салынған (ҚР АШМ 27.08.24 ж. № 290 және ҚР ҚМ 27.08.24 ж. № 583 «Ауыл шаруашылығы жануарларын әкетудің кейбір мәселелері туралы» бірлескен бұйрығы).Осыған байланысты, ҚР АШМ 04.04.2025 ж. № 100 және ҚР ҚМ 07.04.2025 ж. № 155 «Ауыл шаруашылығы жануарларын әкетудің кейбір мәселелері туралы» бірлескен бұйрығы қабылданды.Айта кету керек, ауыл шаруашылығы жануарларын жаппай әкетуді болдырмау және жаппай әкетуді болдырмау, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарлары басының өсуінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында уақытша тыйым салынды. Бұйрық 2025 жылғы 10 сәуірде күшіне енеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/972986?lang=kk
Қазақстан мен Тәжікстан атқарушылық өндіріс саласындағы ынтымақтастықты нығайтатын болады 15.04.2025
Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Тәжікстан Республикасы Үкіметі жанындағы Атқару қызметі делегациясымен кездесті.Кездесудің барысында Тәжікстан өкілдері қазақстандық атқарушылық құжаттарды орындау жүйесімен, соның ішінде жеке сот орындаушыларының қызметімен және осы саласындағы цифрлық шешімдерді енгізу тәжірибесімен танысты.Тәжікстан өкілдері Қазақстандағы мәжбүрлеп орындату тәжірибесімен және атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің жұмысы туралы мәліметтер алды.Тараптар атқарушылық өндіріс саласындағы заманауи сын-тегеуріндерді талқылап, құқық қолдану тәжірибесімен және орындау рәсімдерінің тиімділігін арттыруға бағытталған жаңа тәсілдерімен алмасты.Тәжік делегациясы қабылдаушы тарапқа ашықтық пен табысты ынтымақтастығы үшін алғысын білдіріп, ведомствоаралық өзара іс-қимылды одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша ҚР Әділет министрлігі мен Тәжікстан Республикасы Үкіметі жанындағы Атқару қызметі арасында екіжақты диалогты жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Бұл 2024 жылғы тамызда қол қойылған атқарушылық құжаттарды орындау саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандум шеңберіндегі бірлескен бастамаларды жалғастыруға бағытталған. Аталған бастамалар екі елде атқарушылық іс жүргізу жүйелерін жетілдіруге бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/972716?lang=kk
ШҚО-да инвестициялық және әлеуметтік-экономикалық жобаларды белсенді іске асыру жалғасуда 15.04.2025
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының сегізінші шақырылымының XX сессиясында облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов облыс дамуының Жоспарын орындау және 2024 жылға арналған облыстық бюджет туралы егжей-тегжейлі есеп берді. Келтірілген мәліметтер экономиканың едәуір жетістіктерін, өмір сүру сапасының жақсаруын және бюджет кірістерінің өсуін көрсетеді.2024 жыл өңірдің экономикалық дамуындағы маңызды кезең болды. Шығыс Қазақстан облысына тартылған инвестициялар көлемі 116%-ға өсіп, 770 миллиард теңгені құрады. Өнеркәсіпте өсім 103%-ды, ауыл шаруашылығында – 109%-ды құрады. Өңірдің ауыл шаруашылығы өнімі 459 миллиард теңгеге жетті. Құрылыс саласында да оң динамика байқалады: көлемдер 114%-ға ұлғайып, 400 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.— Біздің өңіріміздің ерекшеліктері мыналар: экономикамыздың 40%-ы өнеркәсіп, сонымен қатар өңдеуші өнеркәсіптің 70%-дан астамы «Казцинк» компаниясына тиесілі. Әлемдік конъюнктурадағы өзгерістер болған жағдайда тек бір кәсіпорын өңірдің экономикасына елеулі зиян келтіруі мүмкін. Бұл қолайсыз жағдай, сондықтан біз экономикамызды әртараптандыру бойынша белсенді жұмыс істеудеміз, — деді облыс әкімі.Ірі инвестициялық жобалар арасында «ВОСТОКМАШЗАВОД» өндірістік қуаттарын қайта құру мен Самар ауданында алтын өндіру зауытын салуды атап өтуге болады. Алдағы жылдары шетелдік инвесторлардың қатысуымен бірнеше жобаны жүзеге асыру жоспарлануда, бұл жаңа жұмыс орындарын құрып, инфрақұрылымды жақсартуға әкеледі.Ауыл шаруашылығы секторына ерекше көңіл бөлінеді. 2024 жылы агроөнеркәсіп кешеніндегі 15 жобаны жүзеге асыруға 22 миллиард теңге инвестицияланды, оның ішінде заманауи сүт-тауарлы фермаларды салу бар. Суару және ауыл шаруашылығы техникасындағы жаңа технологияларды енгізу ауыл шаруашылығын тиімділігін арттыруға ықпал етуде.«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған жобалар белсенді қолдау табуда. Биыл аграрлық бастамаларды жүзеге асыру үшін 4,5 миллиард теңге бөлінді. Сонымен қатар, агроөнеркәсіптік жобаларды жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы бойынша 11 миллиард теңге бөлініп, бұл 8 ірі жобаны қаржыландыруға мүмкіндік береді.Әлеуметтік салада да елеулі өзгерістер орын алуда. 2024 жылы бірнеше ірі білім беру нысандары, оның ішінде жаңа мектептер мен балабақшалар салынып, пайдалануға берілді. 160 спутниктік Starlink терминалдары орнатылып, өңірдегі білім беру ұйымдарында интернет-оқытуға қолжетімділік жақсарды.Денсаулық сақтау саласы да дамуын жалғастыруда: өңірде жаңа ауруханалар мен медициналық мекемелер салынып, заманауи медициналық технологиялар енгізілуде. 2024 жылы Гематология орталығы мен бірнеше жаңа емханалардың құрылысын аяқтау жоспарлануда.Өңір дамуының маңызды бөлігі туризм болып табылады. Шығыс Қазақстан облысында тау шаңғысы курорттары мен туристік базаларды салу жобалары жүзеге асырылуда. Экологиялық және тарихи маршруттарға баса назар аудара отырып, тау шаңғысы туризмін дамыту Риддер мен Катонқарағай ауданында жоспарланған.Бұдан бөлек, көлік инфрақұрылымдық жобалар белсенді түрде дамып келеді: жаңа көпірлер, жолдар және әуежайлар салынып жатыр, бұл Шығыс Қазақстан облысын Қазақстан мен Қытай арасындағы маңызды көлік торабына айналдырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/972693?lang=kk
Жетісу облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Eco Hackathon: Жастар көзқарасымен» экологиялық акциясы өтті 15.04.2025
Талдықорған қаласындағы Жеңіс саябағында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында алғаш рет ашық аспан астында «Eco Hackathon: Жастар көзқарасымен» атты экологиялық акция өтті. Хакатонның басты мақсаты – жастардың назарын өңірдегі экологиялық мәселелерге аудару және оларды шешуге жұмылдыру. Сонымен қатар, 20 жасқа өз идеяларын ұсынуға және нақты экологиялық жобалар әзірлеуге мүмкіндік берілді. Акция аясында экология тақырыбында панельдік пікірталас алаңы ұйымдастырылып, қатысушылар 4 топқа бөлініп, өз жобаларын ұсынды.Қазақстан студенттерінің Альянсы Жетісу облыстық филиалының белсендісі Кариманова Ұлпан: «Бүгінгі «Eco Hackathon» шарасы барысында қатысушылар экологияны қорғау, тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу, көгалдандыру және экосаулықты сақтау бойынша түрлі идеялар мен шешімдер ұсынды. Үздік жобалар алдағы уақытта өңірде жүзеге асыру үшін қарастырылатын болады. Eco Hackathon – бұл жай кездесу ғана болып қалмай, жастардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыратын, экологиялық мәдениетті қалыптастыратын және Жетісудың жасыл болашағына үлес қосатын маңызды бастама».Жетісу облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жыл басынан бері барлық жоспарланған іс-шаралар белсенді түрде өткізілуде. Сенбіліктер мен экологиялық акцияларға жалпы саны 17 мыңнан астам адам қатысты. 295 техника бірлігі жұмылдырылып, 1 209 тонна қоқыс шығарылды. 132 парк пен сквер тазартылып, 17 мыңнан астам қылқан жапырақты және жапырақты ағаш көшеттері отырғызылды. Облыстық қоғамдық даму басқармасының мәліметі бойыншаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/972656?lang=kk
Қазақстан Иранға жылына 2 млн тонна бидай экспорттауға дайын 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Иранның Қазақстандағы елшісі Али Акбар Джоукармен кездесу өткізді. Тараптар ауыл шаруашылығы саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылап, ауылшаруашылық өнімдерінің өзара жеткізілімдерін кеңейту үшін мүмкін болатын қадамдарды анықтады.Айдарбек Сапаров Қазақстан мен Иран арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасы бойынша оң динамиканы атап өтті. 2025 жылдың алғашқы екі айының қорытындысы бойынша екі ел арасындағы АӨК өнімдері саудасының көлемі 72,4 миллион АҚШ долларын құрады, бұл 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 147,9%-ға артық. Қазақстаннан жеткізілетін негізгі тауарлар арасында арпа, күнбағыс күнжарасы, ұсақ және ірі қара мал еті, өсімдік майлары, жүгері, көкөністер мен бұршақ дақылдары бар.«Біздің міндетіміз — ауыл шаруашылығы саласындағы екіжақты сауданы арттыруды жалғастыру. Маңызды бағыттардың бірі — Иранға астық дақылдарын жеткізуді кеңейту. Соңғы 10 жылда Қазақстан сіздердің нарыққа 9 миллион тоннадан астам астық, оның ішінде бидай мен арпа экспорттады. Біз бидай экспортын жылына 2 миллион тоннаға дейін, ал арпа экспортын 1 миллион тоннаға дейін арттыруға дайынбыз», — деп атап өтті министр.Иран елшісі, өз кезегінде, ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және өзара жеткізілімдерді белсендендіруге қызығушылық білдірді.«Біз Қазақстанмен өзара іс-қимылды тереңдетуге, әсіресе ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істеуге ұмтыламыз. Өнім жеткізілімдерін кеңейту, астық импортын арттыру және бірлескен кәсіпорындар құру — бұл біздің ел үшін басым міндеттер», — деп мәлімдеді Али Акбар Джоукар.Айдарбек Сапаров барлық ұсынылған бастамаларды қолдауға дайын екендігін растады.Кездесу соңында тараптар Қазақстан мен Иран арасындағы жұмыс тобы аясында серіктестікті нығайтуды жалғастыру туралы келісімге келді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/972480?lang=kk
Созақ ауданына соңғы 5 жылда алғаш рет 1,3 млрд текше метрден артық су келді 15.04.2025
Түркістан облысының Созақ ауданына соңғы 5 жылда алғаш рет 1 млрд 380 млн текше метр су келді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 300 млн-ға көп.Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов аудан тұрғындарымен кездесіп, аймақты сумен қамту бағытындағы атқарылған жұмыс туралы айтып берді.Ең алдымен, Тасөткел су қоймасы жөнделіп, сыйымдылығы 450 млн текше метрден 620 млн-ға дейін ұлғайтылды. Бұл Созақ ауданына қосымша 200 млн текше метр су жіберуге мүмкіндік береді.Шілде айында Фурманов каналын тазарту және жөндеу жұмыстары басталады. Министрлік Шу өзенінің суын реттеп, Созаққа бағыттау үшін Радай өзегінде арнайы қондырғы орнатуды жоспарлап отыр.«Біздің министрлік Созақ ауданына тұрақты түрде су жіберуге ниетті. Ол үшін бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылып жатыр. Биыл Шу өзенінің суын сауатты бөлу мен реттеудің нәтижесінде Созақ ауданына су әдеттегіден 1 айға ерте келді. Қазірдің өзінде өткен жылдан 300 млн текше метрге артық су жібердік. Біз бұнымен тоқтамаймыз. Мамыр айына дейін секундына 85 текше метрден су жіберуді жоспарлап отырмыз»,- деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/972377?lang=kk
Мемлекет меншігіндегі пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру фактісі анықталды 15.04.2025
ҚР АШМ ЖРБК Жамбыл облысының Жер ресурстарын басқару департаменті жүргізген мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша ЖШС-нің бірі кең таралған пайдалы қазбаларды (карьерлерді) өндіру үшін ауданы 3,7 га жер учаскесін өз бетінше пайдаланғаны анықталды.Осы қызметтің нәтижесінде құнарлы топырақ қабаты жойылды, бұл ҚР Жер заңнамасының бұзылуына әкеп соқтырды.Анықталған құқық бұзушылық фактілері бойынша «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 136 және 337-баптарына сәйкес заңды тұлғаға қатысты әкімшілік айыппұл салынды.Бұдан басқа, департамент жол берілген құқық бұзушылықты жою бойынша орындалуы міндетті нұсқама берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/971593?lang=kk
«Қоймалардағы су деңгейі қалыпты»,- Шығыс Қазақстан облысының «Қазсушар» филиалы өңірдегі су тасқыны кезеңінің барысы туралы айтып берді 15.04.2025
Шығыс Қазақстан облысының қоймаларында су көлемі қауіпсіз деңгейде, тасқын суды қабылдау үшін жеткілікті бос орын бар. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында жергілікті «Қазсушар» филиалы директорының орынбасары Дәулет Жанысов айтып берді.Су тасқынына дайындық аясында Ертіс бассейндік инспекциясы, ТЖД және жергілікті жұмылдыру дайындығы басқармасымен бірлесіп су шаруашылығы нысандарын тексерді. Бүгінгі таңда филиал көтергіш механизмдерді тексеру және майлау жұмыстарын жүргізді, магистральдық каналдардың бас құрылыстары жабылып, өзен арналарын реттеу іс-шаралары аяқталды, су тораптарының бас құрылыстары ағаштардан, лай мен қоқыстардан тазартылды.Сондай-ақ, жалпы ұзындығы 26 шақырым болатын 9 магистральдық канал тазартылды, жалпы ұзындығы 386,9 шақырым болатын 3 су торабы мен 31 магистральдық каналды реконструкциялауға жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.«Барлық нысандарда инертті материалдар қоры бар, арнайы техника дайындалды. Су тасқыны жағдайы тұрақты. Қоймалардағы су деңгейі қалыпты, бос орын бар. Филиалдың су қоймаларында және орталық аппаратында жедел ден қою үшін тәулік бойы кезекшілік және мониторинг ұйымдастырылды. Су жинау және жіберу туралы барлық ақпарат барлық мүдделі органдарға беріліп отыр»,- деді Шығыс Қазақстан облысының «Қазсушар» филиалы директорының орынбасары Дәулет Жанысов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/971455?lang=kk
Сьерра-Леоне Қазақстанмен аграрлық секторда ынтымақтастық орнатуға мүдделі 15.04.2025
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Сьерра-Леоне Республикасының сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі Кабба Тимоти Мусамен кездесті. Келіссөздер барысында екі ел арасындағы экономикалық және аграрлық ынтымақтастықты тереңдету мүмкіндіктері талқыланды.Айдарбек Сапаров агроөнеркәсіптік кешен Қазақстан экономикасының ең қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі екенін атап өтті.«Қазақстан бидай экспорттаушы әлемдегі жетекші 10 елдің қатарына кіреді және ұн экспортында алдыңғы орындарда. 2024 жылы уақтылы қабылданған шаралар мен қолайлы ауа райының арқасында біз рекордтық 26,7 миллион тонна астық жинадық, оның ішінде шамамен 20 миллион тоннасы – бидай. Ауыл шаруашылығы саласында жаңа экспорттық нарықтарды ашу және екіжақты байланыстарды нығайту – Қазақстан үшін басты басымдықтардың бірі болып қала береді. Біз Сьерра-Леонемен жемісті ынтымақтастыққа үміттенеміз», – деді министр.Кабба Тимоти Муса аграрлық сектордың ел үшін маңыздылығын, әсіресе жаһандық тұрақсыздық, климаттың өзгеруі және азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қауіптердің күшеюі жағдайында ерекше атап өтті.«Біз Қазақстанмен осы саладағы ынтымақтастық біздің аграрлық секторымыздың тиімділігін арттырып, Сьерра-Леонеде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етеді деп сенеміз. Біз Қазақстанның үздік тәжірибелері мен технологияларын қабылдауға, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында белсенді ынтымақтасуға дайынбыз», – деді ол.Кездесу соңында Айдарбек Сапаров ауыл шаруашылығы мен азық-түлік қауіпсіздігі салаларында бірлескен жобалардың табысты жүзеге асатынына сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/971069?lang=kk