Саясат
Ақмола кәсіпкерлері қаржы вице-министрімен кездесуде салық реформаларын талқыға салды 15.02.2025
Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков Өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында Ақмола облысының бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесті. Жиында салық реформалары, оның ішінде ҚҚС мөлшерлемесін арттыру мәселесі талқыланды. Еліміздің президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 7 ақпанда Астанада бизнес өкілдерімен өткен кездесуде Үкіметке ҚҚС мөлшерлемесі бойынша мәселені қосымша пысықтауды тапсырған болатын. Осыған байланысты Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша Үкімет мүшелері «Атамекен» ҰКП өкілдерімен бірлесіп жергілікті жерлерде кәсіпкерлік қоғамдастықпен салық саясаты мәселелерін талқылау мақсатында өңірлерге барды. Дәурен Темірбеков ҚҚС сараланған мөлшерлемелері бойынша Үкіметтің ұсыныстарын жеткізді. Қосылған құн салығының жалпы мөлшерлемесін 16% деңгейінде белгілеу ұсынылуда, ал ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді салықтан толығымен босату жоспарланып отыр. Бірқатар салалар үшін 10% аралық мөлшерлеме енгізіледі. Осылайша, Үкімет ұсынған ҚҚС мөлшерлемесін саралау: 16%, 10%, 0%, салықтан босатуды қамтиды. «ҚҚС өсімі үй маңындағы дүкендерге, мейрамханаларға, сұлулық салондарына және басқа да бөлшек сауда орындарына әсер етпейді», — деп түсіндірді ҚР ҰЭМ салық және кеден саясаты департаментінің директоры Ерлан Сағынаев. Кездесу барысында салалық қауымдастық өкілдері салық заңнамасына ұсынылатын өзгерістерге қатысты өз пікірін білдірді. «Салықты көтеруден басқа, бюджет шығыстарының құрылымын сыни тұрғыдан қайта қарау маңызды. Өткен жылы енгізілген қатаң бюджеттік ережелердің сақталуына бақылауды күшейту қажет, ел экономикасының ішінде резервтерді іздеу қажет. Еңбекақы төлеу қорына салық жүктемесінің 10%-ға төмендеуі ҚҚС мөлшерлемесін көтеру есебінен өтемақымен қатар жүрмеуі тиіс, ол дербес салық реформасы болуы керек», — деп есептейді Ақмола облысы Туристік қауымдастығының басшысы, туризм және экология салалық кеңесінің төрағасы Қайрат Сұлтанов. Шағын бизнес субъектілері атынан «С.А. Ахмадиев» ЖК басшысы Сәдібек Ахмадиев сөз сөйлеп, тіркеу кезінде ҚҚС-ты 50 мың АЕК-ке дейін ұлғайтуды қарастыруды ұсынды. Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Мұсылманбек қосылған құн салығында мөлшелме мен шекті тіркеу мәселесі ақылға қонымды түрде қабылдануы тиіс екенін айтты. «Ақмола бизнес-қоғамдастығының пікірі ескеріледі деп үміттенеміз, біз әріптестеріміздің барлық ұсынысын ҰКП Орталық аппараты арқылы қаржы министрлігіне жазбаша түрде жолдаймыз. ҚҚС мөлшерлемесі мен шекті тіркеу мәселесі білікті сарапшылардың, кәсіпкерлер мен депутаттардың пікірін ескере отырып, ақылға қонымды түрде қабылдануы керек», — деп толықтырды ол. Өз кезегінде вице-министр Дәурен Темірбеков келіп түскен барлық ұсыныс мұқият қаралып, талданып, әрі қарайғы жұмыста ескерілетінін атап өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/938136
Ақмола облысы сумен қамтамасыз ету бағдарламасын аяқтауда 15.02.2025
Қазақстанда халықты жүз пайыз сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бағдарламасы биыл мәресіне жетеді. Жыл соңына дейін елдің барлық қалалары мен ауылдарында ауыз су мәселесі толық шешіледі. Ақмола облысында бұл үшін 400 шақырымнан астам су құбырын салу мен реконструкциялауды көздейтін 45 жоба іске асырылуда. Астананың іргесіндегі елді мекендерді сумен жабдықтау жұмыстары аяқталып келеді, соңғы 4 жоба жүзеге асырылса 100 пайыз көрсеткішке қол жеткізіледі.«Биыл облыс орталығының іргесіндегі Станционный кентінде, сонымен бірге, Қосшы, Макинск және Ерейментау қалаларында жүзеге асырылып жатқан жобаларды аяқтау жоспарланған. Бұл жобаларды іске асыруға аудандық және облыстық бюджеттерден қомақты қаражы бөлінді», - деді Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов.Ауылдық елді мекендердегі халықты ауыз сумен қамтамасыз етудің маңызы зор. Осы ретте, биыл 37 ауылда су құбыры желілері салынады.«Ауыл тұрғындарын тіршілік нәрімен қамтамасыз ету мақсатында биыл 37 ауылда су құбыры желілерін салу жоспарланған. Сонымен қатар, суды тазартуға арналған кешенді блок-модульдер орнатылады», - деп толықтырды спикер.Бұл жобаларды іске асыру нәтижесінде 12 мыңнан астам ақмолалық таза ауыз сумен қамтылады. Бұған қоса, жыл соңына дейін өңірде сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің тозуын азайтуға бағытталған 70 жобаны жүзеге асыру көзделген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/938142
Ақмола облысының төрт колледжі «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестиваліне қатысуда 15.02.2025
Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында 2025 жылдың 11-15 ақпан аралығында Астана қаласының «EXPO» көрме орталығында «Жұмысшы мамандықтар қаласы» ауқымды фестивалі өтуде. Ұйымдастырушы – Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі.Іс-шара жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын айқындауға, олардың беделін арттыруға және жастарды сұранысқа ие мамандықтарды игеруге ынталандыруға бағытталған.Ағымдағы жылдың 12 ақпанында Ақмола облысы әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаев, мәслихат төрағасы Бейбіт Жүсіпов, білім басқармасының басшысы Айнагүл Балташева, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Мұсылманбек, облыстық мәслихат депутаттары және т.б. делегация өкілдері іс-шараға қатысып, алаңдардың жұмысымен танысты.«Фестиваль техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің бизнеспен үйлесімді жұмысының айқын үлгісі болды. Мұнда нарықтың өзекті талаптарына жауап беретін ең жаңа технологияларды, заманауи жабдықтарды және бейімделген білім беру бағдарламаларын көрсететін жетекші кәсіпорындар мен білім беру ұйымдары ұсынылғаны маған қатты әсер етті. Қонақтар отандық колледждер ұсынған жаңа және сұранысқа ие мамандықтармен танысып, әлеуетті жұмыс берушілерімен тілдесе алады», - деп атап өтті Досұлан Айтбаев.Фестивальда Ақмола облысының төрт колледжі өздерінің білім беру мекемелерін және мамандар даярлау саласындағы жетістіктерін ұсынды.- Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледжі механизаторлар мен автомобиль жолдарын салушылар үйін таныстырады, бұл машина жасау, құрылыс және көлік инфрақұрылымы салаларымен танысуға мүмкіндік береді.- Көкшетау қаласының Азаматтық қорғаныс көпсалалы жоғары колледжі өрт сөндірушілер мен құтқарушылар бұрышын ұйымдастырады, мұнда қонақтар төтенше жағдайлар қызметкерлерінің жұмысымен таныса алады.- Щучинск қаласының Орман шаруашылығы, экология және туризм жоғары колледжі орманшылар үйін дайындап, табиғатты қорғау, орман шаруашылығы және экотуризм мамандықтары туралы ақпарат береді.- Степногорск қаласының Тау-кен техникалық колледжі байытушылар үйін ұсынады, онда кен өндіру, пайдалы қазбаларды игеру және өңдеу салалары бойынша мамандықтармен танысуға болады.Көрме орталығының аумағында сегіз тақырыптық көше мен 40 шығармашылық үй ұсынылған.Фестиваль аясында қонақтар жұмысшы мамандықтарының негізгі бағыттарын көрсететін тақырыптық аймақтарды аралап, заманауи мамандықтармен танысып, тәжірибелі мамандар мен сарапшылардан шеберлік сабақтарын тыңдай алады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, алғашқы екі күнде бұл көрмеге 15 000-нан астам адам келген. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/938250
ШҚО әкімдігінде мемлекеттік қызметтегі этикалық нормаларды сақтау мәселелері бойынша семинар-отырыс өтті 15.02.2025
ШҚО бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті 38 тексеру жүргізіп, 193 өтінішті қарады. Мемлекеттік қызметшілер тарапынан 697 әдеп бұзушылық анықталды. 3 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 7 адам әкімшілік жаза алды. Әдеп кодексі заңнамасының және қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша 665 іс-шара өткізілді.2024 жылы мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен түрлі тренингтер, семинарлар, спорттық және басқа да іс-шаралар өткізу бойынша Алтай ауданы көшбасшы болды. Ең төменгі көрсеткіш Катонқарағай ауданы мен Риддер қаласында тіркелді.Спикерлер мемлекеттік қызметшілердің жоғары деңгейдегі кәсібилік пен жауапкершілік танытып, азаматтарға құрметпен қарайтынын атап өтті.Облыста қызметтік этика мен моральдық-адамгершілік құндылықтардың жоғары стандарттарына бағытталған жұмыстар жалғасады.ШҚО әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/937964
ШҚО-да 2024 жылы 12 сумен қамту жобасы іске асырылды 15.02.2025
Мемлекет басшысының халықты таза ауыз сумен 100% қамту жөніндегі тапсырмасына орай 2024 жылы облыста жалпы сомасы 60 миллиард теңгеге 30 жоба жүзеге асырылды. Оның ішінде 12 жоба аяқталды.Нәтижесінде үш жарым мыңға жуық адам таза ауыз суға қол жеткізді.- Жыл қорытындысы бойынша 213,8 шақырым сумен қамту желісі және 14,5 шақырым су бұру желісі салынды. Бұл су желілерінің тозу көрсеткішін 49,1% - ға және су бұру желілерінің тозу көрсеткішін 69,7% - ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Облыс тұрғындарының ауыз суға қолжетімділігі 99,4%-ды құрады, - деді ШҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметов.Оның айтуынша, биыл жалпы құны 65,2 млрд. теңгеге 29 жоба іске асырылуда.Сондай-ақ 531,6 шақырым су желілерін қайта жаңғырту жоспарланған. Бұл тозу көрсеткішін 1,8%-ға (жоспарланған 47,3%-ға дейін) төмендетуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/938233
Өскемендік кәсіпкерлер болашағы зор жобаларды ұсынды 15.02.2025
Қала әкімдігінде кәсіп иелерімен қалалық штабтың екінші отырысы өтіп, төрт ірі жоба талқыланды.Ұсынылған идеялардың бірі пластикті кәдеге жарату мен оны бастапқы шикізатқа айналдыруға бағытталған. Бұл бастама жылына 4 тоннадан астам қалдықты қайта өңдеуді көздейді.Тағы бір бастама – балаларға арналған білім беру ойындарын әзірлеу. Идея авторы бірінші кезекте ұлттық және оқу элементтеріне назар аударып отыр.Отырыста таныстырылған ең ауқымды жоба – 22 қабаттан тұратын көпсалалы кешен құрылысы. Оның ішінде коммерциялық алаңдар, мейрамханалар мен қонақүй болады деп жоспарланып отыр. Биіктігі 60 метрді құрайтын нысан Өскемендегі ірі ғимаратқа айналады.Құрылыс жұмыстары 2027 жылы аяқталмақ.Айта кету керек, қалалық штаб бизнесті қолдау және әкімшілік кедергілерді жою үшін құрылған. Мұнда түрлі идеялар талқыланып, кәсіпкерлерге нақты ұсыныстар беріледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/938275
Батыр Әлияның 100 жылдығына арналған логотип бекітілді 15.02.2025
Логотипте Әлияның бейнесі, қазақтың ұлттық оюы мен «100 жыл» деген белгі ерекше үйлесім тапқан.Биыл Кеңес Одағының Батыры, қазақтың қайсар қызы Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл. Атаулы датаға орай мерейтойлық логотип бекітілді.Логотип - батыр рухына деген тағзымның символы, оның есімін ұрпақ жадында мәңгі қалдырудың көрінісі болады дейді Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы.Мерейтой аясында Ақтөбеден шығатын барлық өнімдерде осы логотип бейнеленеді. Бұл бастама Әлия Молдағұлова атындағы туған өлкенің ғана емес, барша қазақ елінің батыр қызға деген құрметін көрсетпек.100 жылдықты атап өту жоспарына сәйкес облыстық деңгейде 100-ден аса іс-шара өтеді. Мерейтой республикалық салтанатты шаралар тізіміне енгізілді.100 жылдық қарсаңында Әлия ауылдық клубы, «Әлия» патриоттық тәрбие беру орталығы, Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың атындағы мемориалдық музейіне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Күні кеше облыстық Әлия музейі заманауи цифрлық технологиялар таныстырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/937955
Мопедті қалай тіркеуге болады: ІІМ түсіндірмесі 15.02.2025
Ішкі істер министрлігінде мопедті тіркеу тәртібі түсіндірілді. Мопедті тіркеу ережелері қандай? Қандай құжаттар керек? - Мопедтерді тіркеу үшін тұрғылықты жері бойынша мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына бару қажет. Жеке басын куәландыратын құжат, электронды түрде де болады, мопедтің техникалық құжатын немесе техникалық сипаттамалары туралы мәліметті ұсыну қажет. Содан соң өтініш толтырып, мопедті тексеріп, сондай-ақ оны тіркеу (0,25 АЕК) және тіркеу туралы куәлік (1,25 АЕК) пен мемлекеттік нөмір (1,4 АЕК) үшін мемлекеттік баждарды төлеу керек, - деді департамент бастығы - ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев. Егер ешқандай құжат болмаса, мопедті қалай тіркеуге болады? - Ешқандай құжат немесе VIN-код болмаған жағдайда я болмаса қандай да бір себептерге байланысты мопедтің шығарылған жылын белгілеу мүмкін болмаса, оны ішкі істер органдары тексеру жүргізгеннен кейін береді. Бұл ретте оны қарап-тексеру жүргізілген жыл мопедтің шығарылған жылы болып есептеледі, - деді спикер. Мопедті басқару үшін куәліктің қандай санаттары қажет? - "Жол жүрісі туралы" заңға сәйкес мопедті басқару үшін А1 санаты бар куәлік қажет. Егер жүргізушінің А немесе В санатындағы куәлігі болса, ол да мопедті басқара алады, - деді полиция полковнигі. Мопедтерге арналған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері қандай тәртіппен беріледі? - Мопедтерге мемлекеттік нөмір беру қолданыстағы тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады, яғни жүйе автоматты түрде нөмірді таңдайды. Мысалы, дәл осындай тәсіл мотоциклдерге де қатысты қолданылған, - деп жауап берді ведомствоның ресми өкілі. 5 сәуірден кейін мопедтерін тіркемегендерге қандай жауапкершілік көзделген? - Заңға сәйкес 5 сәуірден кейін тіркелмеген мопедтерді басқаруға тыйым салынады. Құқық бұзушылық анықталған жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабының 2-тармағымен әкімшілік жауапкершілік көзделген (10 АЕК айыппұл), - деді спикер Дереккөз: ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми сайты Мопедті қалай тіркеуге болады: ІІМ түсіндірмесі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/938152
Ресейдің Россельхознадзор ведомствосының қазақстандық астық өнімдерінің Ресей аумағы арқылы транзитіне қатысты түсіндірмесіне байланысты 15.02.2025
2025 жылғы қаңтарда ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров пен Ресей Федерациясының министрі Оксана Лут арасындағы келіссөздер барысында Қазақстан Республикасынан Ресей Федерациясы арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдау мәселелері шешілді. Россельхознадзор тарапынан шектеулердің алынып тасталуына қатысты сұраққа жауап бере отырып, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А. Сапаров Ресей тарапынан транзитке қатысты ешқандай мәселе жоқ екенін атап өтті. Қазіргі уақытта Ресейге бидай, жасымық және майлы дақылдарды импорттауға уақытша шектеулер қойылған. Алайда, бұл өнім түрлері бойынша Ресей өз қажеттіліктерін толық қамтамасыз еткендіктен, ресейлік нарық қазақстандық өндірушілер үшін мақсатты нарық болып табылмайды. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты АӨК Мемлекеттік инспекция комитеті мен Россельхознадзор өкілдерінің қатысуымен жағдайды реттеу бойынша келіссөздер тұрақты түрде жүргізіліп отырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/938118
Алматыда жаңа оқу жылына дейін Жетісу ауданында тағы бір жайлы мектеп ашылады 15.02.2025
Жетісу ауданы тұрғындарымен кездесу барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жұмыстары туралы айтты.Қала басшысының мәлімдеуінше, аудан халқының өсуін ескере отырып, оқушы орындарының тапшылығын азайту мақсатында мектептер мен балабақшаларды салу және реконструкциялау жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді.Айта кетейік, бүгінде ауданда 3,3 мың оқушы орны жетіспейді. Бұл мәселені шешу үшін 2024 жылдың қыркүйегінде №103 мектепке 200 орындық қосымша ғимарат салынды.«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Боралдай көшесінде 1 200 орындық жаңа мектептің құрылысы жалғасуда. Оның ашылуы 2025 жылдың қыркүйегіне жоспарланған», – деді Ерболат Досаев.Бұған қоса, №43 мектепке 280 орындық қосымша ғимарат салу үшін 2024 жылдың шілде айында ЖСҚ әзірлеу басталды. Мемлекеттік сараптаманың қорытындысын алған соң биыл тамызда құрылыс жұмыстары басталады. Нысанды 2026 жылдың шілде айында аяқтау жоспарланып отыр.№112 мектепке 300 орындық қосымша ғимарат салу жұмыстары бұған дейін «SheberBuild» ЖШС-ның келісімшарттық міндеттемелерді орындамауына байланысты тоқтатылған болатын. 2024 жылдың наурызында жаңа мердігер анықталып, құрылыс қайта жалғасады. Қосымша құрылысты аяқтау жаңа оқу жылы басталғанға дейін жоспарлануда.Қосымша ғимарат құрылысы аяқталғаннан кейін негізгі мектеп ғимаратын реконструкциялау жұмыстары басталады.Қабылданып жатқан шаралардың арқасында Алматы мектептерін бір ауысымды оқу жүйесіне көшіру жалғасуда. Келесі оқу жылында 200-ден астам мемлекеттік мектептің 43-і бір ауысымды оқыту жүйесіне (өсім 12,5%-дан 18,4%-ға дейін) көшеді.Мектеп инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударылып отыр. Былтыр 89 мектепке 168 жаңа үлгідегі пәндік кабинет сатып алынды, бұл заманауи жабдықталған кабинеттердің үлесін 86,3%-ға дейін арттырды.Сонымен қатар, Жетісу ауданындағы мектепке дейінгі ұйымдардағы орын тапшылығын азайту үшін былтыр Айнабұлақ шағын ауданында 160 орындық жаңа балабақша ашылды. Осы жылдың тамызында №163 балабақша ғимаратын 380 орынға қайта жаңарту және Ратушный көшесі, 139 мекенжайындағы 280 орындық балабақша үшін сатып алынған ғимаратты реконструкциялау жұмыстары басталады.Құрылыс-монтаж жұмыстары 2026 жылдың екінші тоқсанында аяқталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/937903
Алматыда Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысындағы жолайырықтың құрылысы биыл аяқталады 15.02.2025
Жетісу ауданы тұрғындарымен кездесу барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев жол-көлік инфрақұрылымын жаңарту және жолаушылар тасымалы сапасын арттыру жұмыстары туралы айтты.Шаһар басшысы былтыр ауданда 21 км болатын 29 көше орташа жөндеуден өткенін, биыл 36 көшеде 19 км жолды жөндеу жоспарланып отырғанын жеткізді.Сонымен қатар, ағымдағы жөндеу аясында 2024 жылы 30 мың ш.м. жол жабыны жаңартылды, ал осы жылы тағы 35 мың ш.м. жол жөнделмек. Былтыр 34 км арық жүйесін салу нәтижесінде аудандағы барлық су басу қаупі бар аймақтар жойылды.«Былтыр Жолымбет көшесіндегі Есентай өзеніндегі көпірді тексеру нәтижесінде бетон құрылымдардың қатты зақымданғаны және тіректерде жарықтар пайда болғаны анықталды. Небәрі 6 ай ішінде жаңа көпір салынып, жол ені 8 метрден 14 метрге дейін кеңейтілді. 2025 жылдың маусымында Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысындағы жолайырықтың құрылысы аяқталады. Бұл көлік торабының өткізу қабілеті 20%-ға артып, Жетісу ауданының басқа бөліктермен байланысын айтарлықтай жақсартады», – деді Ерболат Досаев.Кездесу барысында Алматы әкім ауданның қоғамдық көлік қызметін жақсарту бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды атады. Өткен жылы қаладағы автобустар саны 1 509-дан 1 740-қа дейін көбейтілді, бұл 11 жаңа маршрут ашуға және 44 қолданыстағы бағытты күшейтуге мүмкіндік берді.Жалпы, биыл қалалық қоғамдық көліктің қолжетімділігін арттыру мақсатында тағы 800 жаңа автобус сатып алу жоспарланып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/937906
Алматының Жетісу ауданында инфрақұрылымды жақсарту жөніндегі ауқымды жоба биыл басталады 15.02.2025
Алматы әкімі Ерболат Досаев халықпен кездесу барысында Жетісу ауданында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі нәтижелер мен жоспарлар туралы хабарлады.Сапалы инженерлік инфрақұрылымды қамтамасыз ету үшін Алматыда жаңа желілерді қайта құру және салу бойынша белсенді жұмыстар жалғасуда. Жетісу ауданында 2024 жылы 47 км сумен жабдықтау (28 км) және су бұру (19 км) желілері салынды, бұл 36 көшеде 3,8 мың абонент үшін орталықтандырылған желілерге қол жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ағымдағы жылдың соңына қарай 55 көшеде 60 км сумен және 71 км су бұруды қоса алғанда, тағы 131 км сумен жабдықтау және су бұру желілерінің құрылысын аяқтау жоспарлануда.Қала басшысы тұрғындардың өздері шаруашылық тәсілмен салған ескі инженерлік желілер 30 жылдан астам уақыт пайдаланылған көшелердегі инфрақұрылымды жақсартуға ерекше назар аударылғанын атап өтті. Мәселен, 2025 жылдың маусым айында Рысқұлов – Тәтібеков – Райымбек – Сүйінбай көшелерінің алаңында 4 мыңнан астам абонентті қамти отырып, жаңа 25 км сумен жабдықтау және су бұру желілерін салу жөніндегі жобаны іске асыру басталады. Жұмыстарды аяқтау 2026 жылдың тамызына жоспарлануда.Сондай-ақ жылумен жабдықтау желілерін жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2024 жылы Айнабұлақ 2-3, Көкмайса ш/а және Бродский, Макаренко, Рысқұлов көшелерінде 11,3 км жылу желілерін қайта жаңарту аяқталды. 2025 жылға арналған жоспарда – Айнабұлақ-1-де 1 км жылу желілерін қайта жаңарту, жұмыстар жылыту маусымы мамыр айында тоқтағаннан кейін басталады және 2025 жылдың қыркүйегіне дейін аяқталады.Жалпы Алматыда қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша 2025 жылы 260 км жаңа құрылыс салу және 87 км қолданыстағы сумен жабдықтау және су бұру желілерін жаңғырту жоспарланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/937907
Алматының Жетісу ауданында биыл сәуір айында күрделі жөндеуден кейін үш емхана ашылады 15.02.2025
Алматы әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесу барысында қоғамдық денсаулық сақтауды дамыту және әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту бойынша жүйелі жұмыс туралы айтып берді.Жетісу ауданында 2024 жылы сапалы медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін екі жаңа медициналық мекем ашылады: Кемел ш/а отбасылық-дәрігерлік амбулатория, оның сыйымдылығы 200 келушіге және Жұмысшы кентінде 240 келушіге арналған емхана.Бұдан басқа, 2025 жылғы сәуірде күрделі жөндеуден кейін үш емхана ашу жоспарлануда: Нүсіпбеков көшесі бойында 200 келушіге, Омаров көшесі бойында 300 келушіге және 230 келушіге арналған №21 емханалар. Бұл нысандардың барлығы заманауи жабдықтармен жабдықталады, бұл ауданда медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді.Ағымдағы жылдың қаңтар айында жаңғыртудан кейін заманауи жабдықтармен жабдықталған «Бақытты отбасы» отбасын қолдау орталығы ашылды.Айта кету керек, әлеуметтік инфрақұрылымды қадамдық қолжетімділікті дамыту халық алатын медициналық қызметтердің сапасын арттырады, қолайлы жағдайлар жасайды және қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/937908
Алматының Жетісу ауданында электр желілері мен көшелерді жарықтандыруды белсенді жаңғырту жалғасуда 15.02.2025
Алматы әкімі Ерболат Досаев халықпен кездесу барысында Жетісу ауданында электр желілері мен сыртқы жарықтандыруды жаңғырту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.Бүгінгі таңда ауданның электр желілерінің 85% - ы тозған, бұл мезгіл-мезгіл апаттық ажыратуларға алып келеді. Ауданда электрмен жабдықтауды жақсарту үшін 2024 жылы Кемел ш/а және Палладин- Павлодар- Боралдай- Қожамияров көшелерінің бойында 66 км жаңа электр желілерін салу жұмыстары аяқталды.2024 жылдың желтоқсанында 4 км электр желілерін реконструкциялау және «Кирпичная» қосалқы станциясының құрылысы басталды. Жұмыстар 2026 жылдың тамызында аяқталады.Ағымдағы жылдың маусым айында Рысқұлов даңғылы, 65а мекенжайындағы тұрғын үйге арналған 1,2 км электрмен жабдықтау желісін салу үшін мемлекеттік сараптама қорытындысы шығады деп күтілуде.Сонымен қатар, ауданды сапалы сыртқы жарықтандырумен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Тек 2024 жылы 36,7 км кабельдік желілер ауыстырылып, 4500 жаңа жарық нүктелері орнатылды, бұл аудан көшелерінің 87% -. жарықтандыруға мүмкіндік берді.2025 жылы 337 жаңа жарықтандыру тіректерін орнату, 26 км ескі кабельдік желілерді ауыстыру және 1 097 жаңа жарық диодты шамдарды орнату жоспарланған.Айта кетейік, ағымдағы жылы Алматыда қаланың бұрын жарықтандырылмаған 600 учаскесін жарықтандыру, 4 500 жарық нүктесін орнату және 800 ШУНОНЫ жаңғырту, сондай-ақ ұзындығы 136 км желілерді салуды жалғастыру жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/937909
Алматының Жетісу ауданында тұрғындардың қауіпсіздігі үшін беткейлер нығайтылады 15.02.2025
Қала әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Алматның Жетісу ауданында көшкін қаупін болдырмау мақсатында қандай жұмыстар жүргізілетіні туралы айтып берді.Айта кетейік, өткен жылдың ақпан айында Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша бүкіл қала бойынша ықтимал қауіпті учаскелерді зерттеген жұмыс тобы құрылды. Мәселен, Жетісу ауданында Шелихов және Волочаевская көшелерінің бойында 2 учаске анықталды, онда 2024 жылдың қазан айында жергілікті бюджет резервінен қаражат есебінен тірек қабырға салу арқылы еңісті нығайту жұмыстары басталды. Жұмыс 2025 жылдың наурыз айының соңына дейін аяқталады.«Кемел ш/а зираты орналасқан беткейдің жоғарғы бөлігінің көшкін қаупінен туындаған төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында соңғы 2 жылда Есентай өзенінің арнасы зиратқа қарай 4 м-ге ауысты, осыған байланысты осы жылдың наурыз айында еңісті нығайту бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу басталады. Құрылыс жұмыстарын 2025 жылдың тамыз айында бастау жоспарлануда», - деді Алматы әкімі.Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өткен жылы ауданда 31 «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені орнатылды-бұл 171 камера және 692 бейнебақылау камерасы. Ағымдағы жылы тағы 300-ге жуық жаңа бейнекамера орнату жоспарлануда. Алматыда барлығы 1641 «Сергек» АӨК - 9152 бейнекамера бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/937910
Алматыда 2 жаңа саябақ аймағы пайда болады 15.02.2025
Алматыда екі жаңа саябақ аймағы пайда болады. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесу барысында хабарлады.«2025 жылдың маусым айында Кемел шағын ауданында 12 га жағалауды абаттандыру жұмыстары басталады, ал ағымдағы жылдың қыркүйек айында Айнабұлақ шағын ауданында 10 га саябақ аймағын абаттандыру жобасы қолға алынады», - деді Ерболат Досаев.Айта кетейік, 2024 жылы Жетісу ауданында Есентай өзені бойынша Көкмайса, Көкжиек шағын аудандарында және Кедровая көшесінде жалпы ауданы 24,6 га 3 жаңа саябақ-жағалау аймағы құрылды.Сонымен қатар, Алматы әкімі «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасын іске асыру бойынша жоспарларын айтты. Биыл 30 жоба жүзеге асырылады. Бұл - 22 қоғамдық кеңістікті, 4 аула аумағын және 4 басқа инфрақұрылым нысандарын абаттандыру.«Биыл «Халық қатысатын бюджет» аясында 1200-ден астам ұсыныстың ішінен 30 жоба іріктелді. Осы бағдарлама бойынша біздің қаламызда ең көп өтінім Жетісу ауданының тұрғындарынан түскенін ерекше атап өткім келеді. Бұл үшін шын жүректен алғыс айтамын», - деді әкім.Мегаполис басшысы биылғы жылы ауданда тағы 1,9 млрд теңгеге қаржыландыру ұлғайтылғанын, оның аясында Құлагер ш/а 34 аулаға ағымдағы жөндеу жүргізілетінін атап өтті. Мақатаев және Сүйінбай көшелері бойынша 3,9 км жаяу жүргіншілер аймағы абаттандырылды, 300 жарықтандыру тірегі қалпына келтірілді, 6 мың шаршы метрден астам алаңға гүлдер отырғызылады және 9 ғимараттың қасбеттері сәулеттік жарықтандырылды.Үш жыл ішінде Алматыда ХҚБ бағдарламасы аясында 39,1 млрд теңге сомасына 938 жоба іске асырылды. Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша 2025 жылы осы мақсаттарға 17,1 млрд теңге бөлінді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/937912
Алматы әкімі - Біз қоғамдық көлік жүргізушісінің жұмысын беделді еткіміз келед 15.02.2025
Бұл туралы Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев қалалық тасымалдаушылар ұсынатын қызметтердің сапасы туралы сұраққа жауап берді.«Қоғамдық көлікте қызмет көрсету сапасын арттыру маңғызды мәлеленің бірі болып табылады Біз бұл бағытта жұмысты жеке тасымалдаушылармен де, «Алматыэлектротранспен» де тұрақты негізде жүргізіп жатырмыз. Оң өзгерістер бар, біз мұны Open Almaty-дегі өтініштердің құрылымы бойынша көреміз. Қалада жылжымалы құрам жаңартылды, бірақ жүргізушілер бойынша сұрақтар бар», - деді Ерболат Досаев.Мегаполис әкімі бүгінде кәсіпорындарды жүргізушілер саны мен олардың ауысымы бойынша нормативтік қамтамасыз етуге байланысты мәселе толық шешілмегенін, бұл жұмысты жандандыруға қатысты екенін атап өтті.«Біз жүргізушілердің жалақысын тағы да көтердік және қоғамдық көлік жүргізушісінің жұмысы беделді болуы үшін мұны жалғастыруға ниеттіміз. Сондай-ақ, мен колледждермен жүргізушілерді даярлау мәселесін, оның ішінде жолаушылармен қарым-қатынас мәдениеті тұрғысынан пысықтауды тапсырдым. Біліктілікті арттыру курстарынан өткендер жалақыға үстемеақы алады. Біз материалдық ынталандыру арқылы жұмыс сапасын жақсартуға мән береміз, жыл соңына дейін осы мәселелердің бір бөлігі жүзеге асатын болады», - деп атап өтті Алматы әкімі.Айта кету керек, биыл қалада жүргізуші құрамы үшін демалыс бөлмелерімен жабдықталған 10 демалу пункті салынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/937914
Алматы әкімі кәуапханалар қызметіндегі атмосфералық ауа ережелеріндегі жаңа талаптар туралы айтып берді 15.02.2025
Алматы әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданы тұрғындарымен кездесуде қаладағы кәуапханалардың жұмысына қатысты тұрғындардың шағымына пікір білдірді.Шаһар басшысы биыл наурыз айында мәслихатқа Алматы қаласының атмосфералық ауасын қорғау ережелері енгізілетінін айтты. Бұл ережелерде гидрофильтрлерді орнату талаптары мен бақылау шаралары қарастырылған.«Былтыр біз осындай бастама көтердік, ол қолдау тапты. Заңнамаға енгізілген өзгерістер аясында бұл ережелерді мәслихатқа ұсынып отырмыз. Егер олар қабылданса, бізде нақты жұмысты бастауға қажетті құралдар пайда болады. Бұған дейін айтқанымдай, заңды негізсіз кәсіпкерлердің қызметіне араласуға құқығымыз жоқ. Ал ережелер бекітілсе, біз оған сәйкес жұмыс істей аламыз», – деді Ерболат Досаев.Өз кезегінде аудан тұрғыны кәуапханалардағы гидрофильтрлерді газға ауыстыруды ұсынды.«Бұл жұмыстың екінші кезеңі. Қазіргі басты мәселе – кәуапханалардың қызметін реттеуге байланысты өзгерістер енгізу. Газға көшу мәселесін кейінірек талқылаймыз. Бұл мәселеге аудан әкімдерін қосамын, олар аталған мекемелердегі фильтрлердің жұмысын бақылап отырады», – деп сөзін түйіндеді қала әкімі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/937915
Абай облысының колледждері «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестиваліне қатысуда 15.02.2025
11-15 ақпан аралығында Астана қаласындағы EXPO павильонында «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі өтуде. Ауқымды шараға Абай облысынан төрт колледж қатысып, өздерінің білім беру жетістіктері мен заманауи оқу бағыттарын таныстырады. Фестивальдің ресми ашылуын ҚР Оқу-ағарту министрі өткізді. Іс-шара 15 бағыт бойынша түрлі көрмелерді қамтиды.Геологиялық барлау колледжі «Геологтар үйі» мен «Гидрогеологтар үйінде» өз жұмыстарын көрсетеді. «Геологтар үйі» ERG компаниялар тобымен бірлесіп ұйымдастырылған. Мұнда қатысушылар тау жыныстары мен минералдардың үлгілерімен танысып, олардың құрамындағы пайдалы қазбалар жайлы ақпарат ала алады. Ал «Гидрогеологтар үйінде» жерасты суларының қалыптасуы мен зерттеу әдістері ұсынылады.Р.Байсейітов атындағы қаржы-экономикалық колледжі «Болашақ мамандықтар» көшесінде орналасқан «Бағдарламашылар үйін» ұсынады, заманауи интерактивті жабдықтар мен құрылғыларды көрсетеді. Әлеуметтік серіктестер қатарында ТОО «Oner 3D» және АО «NITEK» бар. Көрмеде желілік құрылғылар, оптикалық талшықты дәнекерлеу құралдары мен 3D принтерлер секілді заманауи технологиялар таныстырылады.Электротехника колледжі «Энергетиктер мен Мұнайшылар көшесінде» орналасқан Атом әлемі үйінде жұмыс істеп жатыр. Колледж ұжымы «Kazatomprom» ұлттық атом компаниясымен бірлесіп, мектеп оқушылары мен студенттерге кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізеді.Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі Қазақстандағы осы сала бойынша жалғыз мамандандырылған оқу орны ретінде өз тәжірибесін бөліседі. Колледж «Аэрофотогеодезия» бағыты бойынша жер бетінің карталарын жасауға арналған заманауи технологияларды көрсетеді. Сондай-ақ дрондар, ұшақтар мен спутниктерден алынған суреттерді өңдеу арқылы жердің дәл координаталық мәліметтерін анықтау әдістері таныстырылады.13-14 ақпан күндері Абай облысынан 300-ге жуық делегация фестивальға қатысады. Делегация құрамында облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаев, білім басқармасының өкілдері, облыстық мәслихат депутаттары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары, әлеуметтік серіктестер, мектеп директорлары мен студенттер бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/937491
Абай облысында құқықтық IT-шешімдер енгізілді 15.02.2025
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Әділет департаменті тұрақты негізде халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша түсіндірме жұмыстарын бастады.Абай облысының Әділет департаментінің басшысы Ернар Сейдімбек өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында атап өткендей, 2024 жылы “Халық заңгері”, “Әділет кеңес бересі”, “Ашық есік күні” және “Тегін заң көмегі күні” акциялары жоспарға сәйкес жүйелі түрде ұйымдастырылды. Өткен жылы облыстың барлық өңірлерінде 6000-ға жуық халықты қамтитын 477 консультативтік-түсіндіру іс-шаралары өткізілген.– Ауылдық елді мекендер халқының құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында 80-ге жуық “құқық кабинеті” ашылды. Олар облыс әкімінің әрбір аудандық, ауылдық аппаратының ғимаратында орналасып “Egov” базасында қызмет атқарады. Нормативтік құқықтық актілерді қолдану мақсатында кабинеттерде “Ашық НҚА” порталы, “Әділет” ақпараттық-құқықтық жүйесі, “Заң” дерекқоры орнатылған. Бұдан басқа, e-otinish платформасы арқылы мемлекеттік органдарға өтініштер жіберу, электрондық цифрлық қолтаңба алу үшін құқықтық кабинеттер қажетті толық техникамен жабдықталған, – деп атап өтті спикер.Сонымен қатар, ведомства басшысы “E-ZanKomegi” ақпараттық жүйесімен қатар “Zan Komegi” мобильді қосымшасы да қолжетімді екенін айтты. Онда азаматтар бейне қоңырау арқылы өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауап ала алады.– Облыс бойынша мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесіне былтыр 55-ке жуық адвокаттар мен заң консультанттары қатысты. Өткен жылы 6 782 азаматқа мемлекет кепілдік аясында тегін заң көмегі берілді. Бұдан басқа, мүлікті басқаруға қатысты сенімхаттарды қоспағанда, ерлі-зайыптылардың сенімхаттары мен келісімдерінің барлық түрлерін беруге мүмкіндік беретін “Е-нотариат” бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі функционалуда, – деді департамент басшысы.Аталған жүйедегі тағы бір маңызды жаңалық – робот сот орындаушысын енгізу. Егер 20 АЕК-ке дейінгі әкімшілік айыппұлдар уақтылы төленбесе, уәкілетті орган мәліметтерді ТЖД қатысуынсыз өндірісті робот қозғайды.– Іс қозғалғаннан кейін азаматтар ол туралы мәліметті бар 1414-тен SMS-хабарлама және EGov Mobile-дан push-хабарлама ала алады. Барлық іс-шаралар онлайн режимінде жүргізілетіндіктен, азаматтар айыппұл сомасының 25%-ын қосымша төлеуден және сот орындаушысына барудан босатылады. Бүгінгі таңда цифрлық сот орындаушысы іске қосылған сәттен бастап Абай облысында роботпен 8 761 атқарушылық іс қозғалды, оның ішінде 2 203 ісі аяқталып, 44 677 588 теңге өндірілді, – деп қорытындылады Ернар Сейдімбек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/937508