Enbekshi QazaQ

Саясат

«Қазсушар» мекемесінің «Қ.Сәтпаев атындағы канал» филиалы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында электр жабдықтары мен көтергіш механизмдерді тексерді, сорғы станциялары мен бөгеттерге кірме жолдарды қардан тазарту жұмысын жүргізіп жатыр 21.02.2025
«Қазсушар» мекемесінің «Қ.Сәтпаев атындағы канал» филиалы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында электр жабдықтары мен көтергіш механизмдерді тексерді, сорғы станциялары мен бөгеттерге кірме жолдарды қардан тазарту жұмысын жүргізіп жатыр. Жанар-жағармай, арнайы техника және инертті материалдар қоры жасақталды. Филиалға тиесілі су қоймалары тасқын суын қабылдауға дайын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/939025
Еңбек адамы: Оразбекова Ботакөз Шолпановна 21.02.2025
Су шаруашылығында 40 жылға жуық еңбек етіп, саланы дамыту ісіне көп үлес қосқан маман.Жамбыл гидромелиорация құрылыс институтында инженер-гидротехник мамандығы бойынша білім алған.Еңбек жолын 1985 жылы Талдықорған қаласындағы «Казгипроводхоз» филиалының инженері болып бастады.Білікті маман ретінде өзіне жүктелген міндеттерді асқан жауапкершілікпен атқарып, алдына қойған кәсіби мақсаттарды жоғары деңгейде жүзеге асырды.2023 жылы «Су шаруашылығының үздігі» төс белгісімен марапатталды.Қазіргі уақытта Жетісу облысы бойынша су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану бөлімінде қызмет атқарады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/939026
Су ресурстары және ирригация министрлігінің өткен аптадағы жаңалықтарға шолу 21.02.2025
10.02.ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ2024 жылдың қазанынан осы жылдың қаңтарына дейін Солтүстік Арал теңізіне 1 млрд текше метр су жіберілді. Орталық Азия елдерімен қол жеткізген келісімдерінің нәтижесінде 2025 жылғы наурыз айының соңына дейін Солтүстік Аралға жіберілген судың жалпы көлемі 1,6 млрд текше метрге жетеді.14.02.АСТАНА Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында 2024 жылы еліміздің 6 өңірінде топтық су құбырларын салу және реконструкциялау бойынша 8 жоба аяқталды. Бұл 208 мың тұрғыны бар 49 елді мекенді сумен қамту сапасын жақсартты.13.02.ФРАНЦИЯ Су ресурстары және ирригация министрлігінің мамандары Францияның геологиялық және тау-кен зерттеулер бюросында (BRGM) тағылымдамадан өтті. Тағылымдама барысында жерасты сулары туралы ақпаратқа, сондай-ақ су ресурстарын басқарудың жаңа тәсілдеріне қол жеткізуді қамтамасыз ететін BDLISA дерекқорын зерттеуге баса назар аударылады.11.02.АСТАНА2024 жылы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Ішкі аудит департаменті 18 кәсіпорында тексеріс жүргізді. Тексеріс қорытындысы бойынша 30-дан астам жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке, бірнеше лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.11.02.АСТАНА«ЭКСПО» халықаралық көрме орталығында «Жұмысшы мамандықтар қаласы» республикалық фестивалі өтті. Фестиваль аясында болашақ талапкерлер су саласындағы жұмысшы мамандықтар және өздері қызығушылық танытқан оқу орындары туралы толық ақпарат алды. Сондай-ақ шеберлік сыныптары, панельдік пікірталастар және бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіледі.13.02.АСТАНА Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Болат Бекнияз «Жұмысшы мамандықтар қаласы» республикалық фестивалі аясында студенттер және мектеп оқушыларымен кездесті. Вице-министр Арал теңізі мен Балқаш көліне су жіберу, халықаралық келісімдер және су саласы мамандықтарының мәртебесін арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді.12.02.ШҚОШығыс Қазақстан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы тасқын суын апатсыз өткізуге дайындық бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекітті.Бүгінгі таңда каналдардың бас құрылыстарын жабылып, электр жабдықтары мен көтергіш механизмдерді тексерістен өтті. Су тасқынына қарсы іс-шараларға арналған инертті материалдар қоры дайындалды.13.02.АҚМОЛА ОБЛЫСЫ Су тасқыны кезеңіне дайындық аясында Ақмола облысы бойынша «Қазсушар» филиалы инертті материалдар дайындау, бөгеттердің жоталарын және гидротехникалық құрылыстардың аумақтарын қардан тазарту, сондай-ақ жабдықтар мен арнайы техниканы дайындау жұмыстарын жүргізіп жатыр.14.02.ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ«Қазсушар» мекемесінің «Қ.Сәтпаев атындағы канал» филиалы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында электр жабдықтары мен көтергіш механизмдерді тексерді, сорғы станциялары мен бөгеттерге кірме жолдарды қардан тазарту жұмысын жүргізіп жатыр. Филиалға тиесілі су қоймалары тасқын суын қабылдауға дайын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/939027
Қопа ауылында жаңа спорт кешені ашылды 21.02.2025
Қопа ауылында жұрт асыға күткен жаңа ангар типті спорт кешені есігін айқара ашты.Кешеннің салтанатты ашылуына арналған шара ауыл ақсақалының батасымен басталды. Ақжаулықты аналар дәстүрге сай шашу шашып, қонақтарға бауырсақ таратты. Тұрғындардың қуанышында шек жоқ. Ауыл жастары енді спорттың түр-түрімен айналысып, бос уақыттарын тиімді өткізе алады.Жаңа кешеннің ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Нұрхан Тлеумұратов жиналған жұртшылықты құттықтады.«Аудан спортының болашағы – бүгінгі жастарымыздың қолында. Біз Қопа ауылынан болашақ чемпиондар шығып, ауданымыздың ғана емес, тұтас еліміздің намысын халықаралық додаларда қорғайтынына кәміл сенеміз.Бүгінгі қуанышты күнде баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге сәттілік тілеймін», – деді аудан басшысы.Жаңа спорт кешені заманауи талаптарға сай салынып, толық жабдықталған. Мұнда баскетбол, волейбол, күрес, шағын футбол алаңдары мен жаттығу залдары қарастырылған. Сондай-ақ, кешен аумағында футбол алаңы мен воркаут аймағы орнатылып, барлық спорттық құрал-жабдықтар жаңартылыпты.Спортшылар волейбол, футбол және күрес алаңдарында алғашқы жаттығуларын бастап кеткен.Спорт кешенінің ашылу рәсіміне ауыл тұрғындары, аудан әкімі және облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Шыңғыс Шоқпытов қатысып, өзінің құттықтау тілегін жеткізді.Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың мамыр айында басталып, желтоқсанда толық аяқталды. Жобаның жалпы құны - 452,8 миллион теңге. Тапсырыс беруші – аудандық құрылыс бөлімі, бас мердігер – «АймарСтройСервис» ЖШС, ал техникалық қадағалаушы – «Гранд Тауэр Сервис» ЖШС.Ауыл ақсақалдары мен тұрғындар да өз кезегінде алғыстарын білдірді. Ауыл ақсақалы Жолдас Нұрымқанов мен Бәдегүл Бұзаубаева ел игілігі үшін жасалып жатқан игі істерге ризашылықтарын айтып, ақ баталарын берді. Сондай-ақ, спорт кешенінің жаттықтырушысы Ұлықбек Қалиолла жаңа нысан жасөспірімдер мен спортсүйер қауым үшін үлкен мүмкіндік екенін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/938995
ШҚО әкімдігі мен Төтенше жағдайлар департаменті жағдайды бақылауда ұстап отыр 21.02.2025
Шығыс Қазақстан облысында «112» пультіне 9 ауданнан 50-ге жуық қоңырау түскен.Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.Қар көшкіні, сел жүруі тіркелген жоқ. Жер сілкінісі туралы ақпарат облыс тұрғындарының назарына жеткізілді.Тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді, тұрғындар арасында дүрбелең, толқу жоқ.Жер сілкінісі туралы ақпарат ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің барлық әлеуметтік парақшаларында: Telegram, Instagram, Facebook желілерінде, сондай-ақ ШҚО ТЖД сайтында және БАҚ-та дер кезінде жарияланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/938980
ШҚО-да былтыр ауызсумен қамту бойынша 12 жоба жүзеге аcты 21.02.2025
Мемлекет басшысының халықты 100% таза ауыз сумен қамту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында 2024 жылы ШҚО-да жалпы құны шамамен 60 миллиард теңге болатын 30 жоба бойынша жұмыс жүргізіліп, оның 12-сі аяқталды.Оның ішінде Риддер қаласындағы Бутаково ауылы, Алтай ауданындағы Путинцево мен Малеевск ауылдары, Глубокое ауданының Малоубинка ауылы, Күршім ауданының Барақ Батыр ауылы, Шемонаиха ауданының Убинка ауылында сумен жабдықтау нысаны салынды, Өскеменде Халықтар достығы, Рабочая көшелерінде, Глубокое ауданының Степное ауылында, Самар ауданының Самар ауылында 2 сумен жабдықтау нысаны жаңартылды, Риддердегі Ботаника-3 тұрғын ауданында, Тарбағатай ауданының Ақжар ауылында су бұру объектілері салынды.Сонымен қатар Риддер қаласы мен Тарбағатай ауданының Ақжар ауылында 2 су бұру нысаны салынды.Нәтижесінде, қосымша үш жарым мыңға жуық адам таза ауыз суға қол жеткізді.– Жыл қорытындысы бойынша 213,8 км су құбыры желісі мен 14,5 км су бұру желісі салынып, қайта жаңартылды. Бұл су құбыры желілерінің тозуын 49,1%-ке, ал су бұру желілерінің тозуын 69,7%-ке дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Облыс тұрғындарының сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділігі 99,4% құрады», – деп мәлімдеді ШҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметов.Оның айтуынша, биыл жалпы құны 65,2 млрд теңгені құрайтын 29 жоба жүзеге асырылуда. Оның 28-і бойынша мердігер ұйымдар анықталды, ал Серебрянск қаласындағы су жабдықтау жүйесін жаңғырту жобасы бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде.Мемлекет басшысының халықты сапалы ауыз сумен 100% қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын толық орындау үшін 4060 адамды қамтитын 8 жобаға қосымша қаржыландыру қажет. Оның жалпы сомасы – 9,99 млрд теңге.Бұл жобалар 4 жаңа су құбыры құрылысы (Шемонаиха ауданының Большая Речка және Березовка ауылдары, Ұлан ауданының Отрадное ауылы мен Асубұлақ кенті) – 2613 адамды қамтиды. 3 қайта жаңарту жобасы (Катонқарағай, Үлкен Нарын және Бозанбай ауылдары) 999 адамды қамтиды. 1 қайта жаңарту жобасы (Өскемен қаласы) 448 адамды қамтиды.Жобаларды толық қаржыландыру Мемлекет басшысының барлық тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындауға мүмкіндік береді.Сонымен қатар облыс басшылығы 531,6 км су құбыры желісін қайта жаңартуды жоспарлап отыр. Бұл желілердің тозуын 1,8%-ке төмендетіп, 47,3%-ке дейін жеткізуге көмектеседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/938981
Астанада кальян ұсынған бірнеше мекеме жауапқа тартылды 21.02.2025
Астана түнгі аралау барысында кальян барына ауқымды рейд жүргізілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Түнгі аралау барысында 12 жеке тұлғаға және 3 ойын-сауық иесіне 700 мың теңгеден аса көлемде айыппұл салынды.Байқоңыр ауданында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексінің 441-бабына сәйкес қоғамдық тамақтану орындарында темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, кальянды тұтыну фактілерінің алдын алу және жолын кесу бойынша рейдтік шаралар жалғасуда.Жыл басынан бері Байқоңыр ауданында қоғамдық тамақтану орындарында темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, кальянды тұтыну бойынша барлығы 49 факті анықталған. Кальян шегетіндерге ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабы бойынша айыппұл салынды.Мұндай рейдтер қаланың барлық ауданында елорда тұрғындары мен қонақтары арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында тұрақты түрде өткізіліп тұрады.Айта кетейік, қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салуды енгізу туралы қаулы 2013 жылдың 14 наурызында күшіне енген болатын. Заң бұзғандарға 15 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Қайталап бұзғаны үшін – 20 АЕК. Ал мекеме иелеріне 20-дан 60 АЕК-ке дейін айыппұл салынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/938954
Астанада алдағы оқу жылында қанша мектеп салынады 21.02.2025
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында қалада салынатын мектептер туралы жазды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.«Біздің басым міндеттеріміздің бірі – әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту. Олар – оқу орындарының, медициналық мекемелердің, балабақшалардың, студенттерге арналған жатақханалардың, Оқушылар сарайларының, қоғамдық кеңістіктердің (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар), аулалардың және т.б. құрылысы.Мәселен, мектеп туралы айтар болсақ, 2024 жылы білім ошағын 12,5 мыңнан астам оқушы тәмамдады. Ал сол уақытта бірінші сыныпқа 28,5 мыңнан астам бала барды. Бірінші сынып оқушыларының саны түлектер санынан 2 еседен асып түседі. Тиісінше қалада жыл сайын мектептер салу қажет.Қаланы аралау барысында М.Төлебаев пен Бурабай, Ш.Құдайбердіұлы даңғылы мен І.Жансүгіров көшелерінің қиылыстарында, сол сияқты Егемен Қазақстан, Иманов көшелерінде орналасқан бірқатар мектептің құрылыс барысымен таныстым.Өздеріңіз білетіндей, осы оқу жылының басынан бері 24 оқу орнын салып, қолданысқа бердік. Бұл – елорда үшін рекорд. Аталған мектептер екі ауысымда 66 мыңға жуық оқушы орнын ашуға мүмкіндік берді. 24 оқу орнының – 16-сы жайлы мектеп. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жаңа форматта 24 мектеп салынады. Бұл жайлы мектептер екі ауысымда 90 мыңға жуық оқушы орнын ашуға мүмкіндік береді.Жаңа оқу жылында тағы 15 мектеп ашуды жоспарлап отырмыз. Оқу орындарының құрылысына да жеке қаражат тартамыз.Сондай-ақ, жыл сайын педагог мамандығына гранттар бөле отырып, кадрлар даярлаумен айналысамыз. Қазіргі уақытта қала әкімдігінің гранты бойынша ЖОО-да 2 мың 200-ге жуық адам білім алып жүр», - деп жазды Жеңіс Қасымбек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/938976
Таза су әркімге: Абай облысы сумен 100% қамтамасыз етуге бағытталған 21.02.2025
Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде елімізде қалалар мен ауылдар жоспарлы түрде таза ауыз сумен қамтамасыз етілуде. Мемлекет басшысы еліміздің барлық өңірлері мен аудандарын таза сумен толық қамтамасыз ету қажеттігі туралы бірнеше мәрте айтқан болатын.«Бізге ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі жалпымемлекеттік бағдарлама қажет. Бақшаларды суғаруда суды ысырап етуге болмайды. Суды үнемдеу технологияларын қолдана отырып, ұқыпты тұтыну мәдениетін енгізу қажет. Сондай-ақ жаңа жерасты су көздерін іздеу керек»,- деп атап өтті Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.2024 жылы Абай облысында жалпы ұзындығы 467 шақырым болатын 18 жаңа сумен жабдықтау нысаны салынды. Бұл 14 691 адамды сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.Семей қаласында Восход, Водный, Красный Кордон, Лодочный, Зағиптар қоғамы және басқа да аудандар ауыз сумен қамтамасыз етілген. Жаңасемей, Абай, Ақсуат, Бесқарағай, Бородулиха және Үржар аудандарында жаңа ауылдар, оның ішінде Половинки, Ақбұлақ, Бөрілі, Ерназар, Жетіжар және басқалары қосылды.2024 жылдың соңында аймақ тұрғындарының 95,3% (бұрын 92,8%) сумен қамтылды.Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариков 2025 жылдағы 26 жоба халықты таза сумен қамтуды 100%-ға дейін жеткізетінін атап өтті.«100% қамтамасыз етуге қол жеткізу үшін 2025 жылы 26 жобаны іске асыру жоспарланған. Оның 15-і 2024 жылдан ауыспалы жоба, 11-і жаңа жоба, оның ішінде 8-і Семейде және 3-і ауылдық жерлерде. Барлық 26 жобаны іске асыру 28 511 адамды қамтиды және сумен қамтамасыз ету 100% жетеді», - деп атап өтті Димитрий Гариков.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/938923
Пробация шарттарын бақылау және сақтау: Астананың құқық қорғау органдары қандай жұмыс жүргізіп жатыр 21.02.2025
Елорда аумағында 2024 жылы пробация есебі бойынша 5824 адам өтті, оның 5284-і бас бостандығын шектеуге және 540 адам шартты түрде сотталды. Пробация шарттарының сақталуын бақылау, бұзушылықтардың алдын алу және бұл санаттағы адамдарға көрсетілетін көмек туралы Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана прокуратурасы басқармасының аға прокуроры Нұртас Дүйсембаев айтып берді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.Елордалық прокуратураның бастамасы бойынша пробацияны есепке алушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу үшін қала аудандарында ведомство, пробация, жергілікті атқарушы орган, еңбек мобильділігі орталығы, қорғаншылық және қамқоршылық орталығы қызметкерлері, психологтар, сот орындаушылары және жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторлары қатарынан мобильдік топтар құрылды.«Мобильді топтар тұрақты негізде есепке алынатын адамдардың жеке басын зерделеу, олардың отбасыларының өмір сүру жағдайын тексеру, тұрмыстық мәселелерді шешуге көмек көрсету, есеп берушілермен профилактикалық әңгімелесу, бос жұмыс орындары бойынша жәрмеңкелер ұйымдастыру, профилактикалық мақсатта бас бостандығынан айыру орындарына бару бойынша жұмыс жүргізуде. 2024 жылы тексерумен 3000-нан астам адам қамтылды, квота бойынша 85 адам (жеке ұйымдар, коммуналдық кәсіпорындар) жұмысқа орналастырылды, 676 адамға психологиялық көмек көрсетілді, 250-ден астам адамға (көмір, азық-түлік, мектеп тауарлары) тұрмыстық проблемаларды шешуге көмектесті, 188 адамға 15 АЕК мөлшерінде біржолғы көмек төленді, 4 адам оқудан өтті «Бизнес бастау» бағдарламасы бойынша 2 адам баспанамен қамтамасыз етілген», - деді Нұртас Дүйсембаев.Қала прокуратурасы үйлестіру кезінде шағын және орта бизнес өкілдерін тарта отырып, еңбек ұтқырлығы орталығының алаңында бос жұмыс орындары бойынша 15 жәрмеңке өткізді, пробация есебінде құқық бұзушылықтың алдын алу үшін тергеу изоляторына 8 рет барды, сотталғандардың ҚР Ұлттық мұражайы мен театрына баруы сияқты рухани-адамгершілік іс-шаралар кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.Елордада 2024 жылы пробация есебі бойынша барлығы 5824 адам өтті, оның ішінде 5284 адам – бас бостандығын шектеуге сотталған және 540 адам – шартты түрде. Өткен жылы олар пробациялық бақылау шарттарын 1780 рет бұзды, оған сәйкес ескертулер жазылды, 365 қасақана бұзушыға жаза шаралары бас бостандығынан айыруға ауыстырылды, 62 адам жоғары тәуекел тобына ауыстырылды.Қазіргі уақытта есепте 2093 адам тұр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/938312
Елордалық хоккейшілер Азия ойындарының чемпионы атанды 21.02.2025
Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында Қазақстан ерлер хоккей құрамасы алтын медаль жеңіп алды. Финалда отандастарымыз Жапонияны 5:0 есебімен ойсырата жеңіп, ел қоржынына кезекті алтынды салды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Команданың үздік шабуылшылары қатарында Роман Старченко мен елордалық Кирилл Панюков ерекше көзге түсті – әрқайсысы турнирде 9 шайбадан соғып, мергендік танытты.Олег Болякин жаттықтырған жігіттер Харбинде өткен барлық матчта қарсыластарын қапы қалдырды. Топтық кезеңде Қытай (6:1), Жапония, Қытайдың Тайпейі мен Оңтүстік Корея құрамаларын, ширек финалда Қытайдың Гонконгын, жартылай финалда Қытайды тізе бүктірді.Астанадан 14 спортшы ұлттық құраманың сапында өнер көрсетті:Джелал-ад-дин Амирбеков;Әділ Бекетаев;Дмитрий Бреус;Данил Бутенко;Самат Данияр;Тамирлан Гайтамиров;Вячеслав Колесников;Әлихан Өмірбеков;Руслан Оспанов;Кирилл Панюков;Максим Павленко;Евгений Рымарев;Кирилл Савицкий;Андрей Шутов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/938446
Елордалық хоккейші қыздар Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды 21.02.2025
Шайбалы хоккейден Қазақстанның әйелдер құрамасы қысқы Азия ойындарының күміс жүлдесіне қол жеткізді. Қытайдың Харбин қаласында өткен жарыстың шешуші матчында ұлттық құрама Оңтүстік Кореяны 3:0 есебімен айқын жеңді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Кездесудің алғашқы кезеңінде команда капитандарының бірі Малика Алдабергенова сан басымдығын тиімді пайдаланып, есеп ашты. Екінші кезеңнің басында елордалық Юлия Буторина жойқын соққымен есепті еселеді. Ойын соңына қарай Дария Молдабай тағы бір шайба соғып, Қазақстанның жеңісін түйіндеді.Турнир барысында ұлттық құрама жоғары деңгейде өнер көрсетіп, Қытайдың Гонконг (12:0), Таиланд (9:0), Қытайдың Тайпейі (5:1), Қытай (2:1) және Оңтүстік Корея (1:0) командаларын тізе бүктірді. Тек финалда Жапония құрамасына (0:4) жол берді.Айта кетейік, Қазақстан әйелдер құрамасы сапында Астана қаласынан жеті спортшы – Анастасия Оразбаева, Надежда Филимонова, Александра Щегай, Александра Воронова, Екатерина Куценко, Арина Щёколова және Юлия Буторина өнер көрсетті.Бұл – Қазақстан әйелдер хоккей құрамасының Азия ойындарындағы 7-ші жүлдесі. Бұған дейін команда 3 алтын және 3 қола медаль жеңіп алған болатын. Ал Харбин-2025 ойындарында алғаш рет күміс медаль еншіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/938449
Астанада өрт қаупінің алдын алу шаралары белсенді жүріп жатыр 21.02.2025
Елорданың Байқоңыр ауданында өрт қаупінің алдын алу шаралары белсенді жүріп жатыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Байқоңыр ауданы әкімдігі мен Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері еріктілермен бірге аудан аумағындағы жеке тұрғын үйлерге профилактикалық жұмыстар жүргізді.Шара барысында өрт қаупін болдырмау мақсатында жеке сектор үйлеріне түсіндірме қағаздары таратылды. Рейдік жедел шара барысында барлығы 120 үй қамтылды. Сондай-ақ, 5 үйге улы газды анықтайтын арнайы дабыл қондырғысы орнатылды.Айта кетейік, жыл басынан бері Байқоңыр ауданындағы жеке сектор үйлеріне 157 арнайы дабыл қондырғылары орнатылды.Сонымен қатар, кезекті аралау барысында жеке сектор тұрғындарына су тасқынының алдын алу шаралары аясында да арнайы ескерту қағаздары таратылып, түсіндірме жүргізілді.Аталған өрт қаупінің алдын алу және су тасқынын болдырмау аясындағы жедел профилактикалық іс-шаралар жалғасуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/938451
Елордада адам өмірі үшін қауіпті заттар жарнамаланған қабырғалар боялды 21.02.2025
Елорданың Есіл ауданында тағы да қауіпті есірткі граффити табылып, беті боялды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Шара «Астана – есірткісіз қала» нашақорлықпен күрес және оның алдын алу жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспары аясында ұйымдастырылды. Оған елордалық Есіл ауданы әкімдігінің қызметкерлері, полиция қызметкерлері мен «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері қатысты.Наразылық білдірушілер қауіпті жарнаманың таралуына жол бермеу үшін есірткі сату туралы жарнамаларды бояп тастады.«Астанада есірткіні насихаттау фактілері бойынша 2024 жылы, сол сияқты 2025 жылдың қаңтар айында 35 қылмыстық іс қозғалды. Граффитиді жарнамалауға тыйым салынған заттарды анықтау және жою бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. 2024 жылы елордада 2747 жарнама өшірілді. Сонымен қатар, есірткі сататын 268 веб-сайт бұғатталды», - деді Астана қалалық полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының аға жедел уәкілі Лейла Рахимова.Елордалық еріктілер мұндай шараларға тұрақты түрде қатысып тұрады.«Есірткі жарнамаланған қабырғаларды бояу – жастардың қауіпсіз болашағына қосқан үлесіміз. Бұл іс-шаралар есірткі қылмысымен күрестің тиімділігін арттыруға септігін тигізеді деп сенеміз», - деп атап өтті «Астана жастары» МКҚК-ның волонтеры Елизавета Прибыткова.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/938716
Астанада жасанды интеллект базасында қоғамдық және жол қауіпсіздігі бойынша ауқымды жоба жүзеге асырылып жатыр 21.02.2025
«Астана қаласының цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасы» ММ елордада қалалық ортаны басқару үшін озық цифрлық технологияларды енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын хабарлайды.Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы жасалған жаңа шарт бойынша қалалық жүйелердің қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған Smart City саласындағы инновациялық жоба іске асырылып жатыр.Қазіргі уақытта қалада 700 аппараттық-бағдарламалық кешен жұмыс істейді, оның ішінде желілік учаскелер мен қиылыстарда 6 000 камера, сондай-ақ 4 000 жалпы бейнебақылау камерасы және Астана қаласы ПД жедел оперативті орталық басқармасына интеграцияланған 3 000 бөгде камера бар.Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жаңа жобасы аясында қолданыстағы инфрақұрылымды одан әрі пайдалану, сондай-ақ оны модернизациялау және кеңейту көзделген.Жоба 2030 жылға дейін есептелген және Presight AI Ltd. компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылып жатыр, G42 халықаралық холдингіне кіретін ашық компания – жасанды интеллект және ауқымды мәліметтерді талдау саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі.Жобаның қуаттылығы: 14 мың жалпы бейнебақылау камерасы, 8 000 интеграцияланған бөгде камера және 1202 ЖЖЕ бойынша бұзушылықтарды тіркеуге арналған аппараттық-бағдарламалық кешен.Жобаның негізгі мақсаты жасанды интеллектіні қолдана отырып, видеоталдау жүйесіне қосыла отырып, 100 мыңнан астам жалпы бейнебақылау камерасын қосу арқылы қаланың цифрлық сыңарын құру болып саналады, бұл нақты уақыт режимінде ықтимал қауіптерді анықтауға және әрекет етудің жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді.Жоба бойынша шамамен 53 млрд теңге тікелей инвестиция көзделген. Ерекше айта кетерлігі, жоба жеке серіктестің өз қаражаты есебінен толық қаржыландырылады, бұл ретте қазақстандық компаниялардың қатысуы жұмыс көлемінің 60%-ын құрайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/938778
Балалар обырына қарсы күрес: елордада осы салада қандай шаралар жүзеге асып жатыр 21.02.2025
Қазақстанда жыл сайын шамамен 600 бала қатерлі ісікке шалдығады, бұл елдегі жалпы онкологиялық ауруларға жатады. Заманауи медицина дертпен қалай күресіп жатыр және фармацевтика саласында қандай жаңашылдықтар бар? Осы және өзге де сұрақтарға Астана қаласы Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалалық штаттан тыс балалар онкогематологы, жоғары санатты дәрігері Татьяна Саблина жауап берді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Балалар арасында кең таралған онкологиялық ауруларға мыналар жатады: Жедел лейкоздар – қан түзу жүйесінің аурулары; Орталық жүйке жүйесінің ісіктері; Жұмсақ тіндердің ісіктері; Сүйек және ішперде арты кеңістігінің ісіктері; Бүйрек ісіктері.Қазақстанда балалар онкологиялық ауруларын екі ірі республикалық көпсалалы медициналық орталық емдейді. Оның бірі – Астана қаласындағы Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы.Дәрігерлер қатерлі ісікті емдеуде халықаралық стандарттарға сәйкес заманауи хаттамаларды қолданады. Атап айтқанда, қатерлі жасушаларға тікелей әсер етіп, сау тіндерге зиянын азайтатын таргеттік терапия кеңінен қолданылады. Стандартты химиотерапия көмектеспеген немесе ауру қайта өршіген балаларға туыстық және туыстық емес донорлардан сүйек кемігін трансплантациялау жүргізіледі.«Ауруды ерте анықтау – сәтті емделудің басты факторы. Осы мақсатта ерекше белгілерді алдын ала анықтау мақсатында ата-аналарға арналған жадынама әзірленді. Ерте диагностика емнің тиімділігін едәуір арттырады.Онкологиялық аурулардың алдын алудағы маңызды қадамдардың бірі – адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцинация. Бұл екпе жатыр мойны, тік ішек және басқа да онкологиялық аурулардың даму қаупін төмендетеді.Қазақстанда 11-13 жас аралығындағы қыздарға аталмыш вакцина Ұлттық екпе күнтізбесіне енгізілген.Мемлекет балалардағы онкологиялық ауруларды анықтау және емдеу әдістерін жетілдіру бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Ата-аналар мен қоғам дертті ерте анықтаудың маңыздылығын түсініп, уақытылы медициналық тексерулерден өтіп отыруы қажет. Балалардың денсаулығы – ең маңызды құндылығымыз», - дейді Татьяна Саблина.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/938784
«Ертіс» ӘКК» АҚ: Картоп жеткілікті. Мәселе тапшылықтан емес, баға арасындағы үлкен айырмашылықтан 21.02.2025
Картоптың бағасы туралы негізді-негізсіз ақпарат әлі де таралып, өнімнің бар-жоғы, құны мен сапасы қызу талқылануда. Алайда ресми деректерге сүйенсек, өнім қоры жеткілікті. Қалыптасқан ажиотаж тек картоптың нарықтық құны мен тұрақтандыру бағдарламасы аясындағы бағасының айырмашылығынан туындаған.«Ертіс» ӘКК» АҚ тұрақтандыру бағдарламасы аясында әлеуметтік маңызы бар көкөніс өнімдерін, оның ішінде картопты, тұрақты түрде сауда павильондарына жеткізіп отыр. Бүгінгі таңда әлеуметтік маңызы бар көкөністердің бағасы тұрақты: картоп, сәбіз және қырыққабат келісіне 125 теңгеден, ал пияз – 130 теңгеден саудалануда.«Алтай» көтерме-тарату орталығы мен «Ертіс» ӘКК» АҚ арасында жасалған келісімшарт аясында 2024 жылдың 1 қарашасынан 2025 жылдың 1 мамырына дейін 5 500 тонна картоп мөлшері контрактіленген болатын. Бүгінгі күні қорда осы көлемнің жартысына жуығы бар, бұл келісімшарт мерзімі аяқталғанға дейін жеткілікті көлем. Ал маусымаралық кезеңде (маусым-шілде) жыл сайын ерте пісетін көкөністерге жаңа келісімшарт жасалады.Тұрақтандыру бағдарламасы аясында тек картоп қана емес, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар өнімдер санатына кіретін сәбіз, пияз және қырыққабат та сатып алынды. Келісімшарт жасалған өнім көлемі: сәбіз – 1 300 тонна, пияз – 900 тонна, қырыққабат – 1 350 тонна.Ел Шығысында баға тұрақтандыру бағдарламасы қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Өнімдер «Ертіс» ӘКК» АҚ 17 сауда павильондарына күнделікті сатушылардың өтінімдері негізінде жеткізіліп, үлестіріледі. Дегенмен, бұл сауда дүңгіршектері көтерме саудаға арналмағанын ескеру қажет. Картоп тек бөлшек саудада сатылады, алыпсатарлыққа жол бермеу мақсатында қаппен сату жүзеге асырылмайды. Сонымен қатар, облыс орталығындағы 30-ға жуық дүкен «Ертіс» ӘКК» АҚ-мен жасалған меморандум аясында әлеуметтік маңызы бар төрт өнім түрін ӘКК павильондарымен бірдей бағамен сатуда. Айта кетерлігі, кез келген уақытта бұл меморандумдар аясындағы дүкендер қатары азаюы да, көбеюі де мүмкін.Мамандардың айтуынша, Шығыс Қазақстандағы ажиотаждың басты себебі – картоп тапшылығы емес, баға айырмашылығы. Әлеуметтік корпорация павильондарында картоп 125 тг/кг сатылса, толайым сауда базарларында баға 250-350 тг/кг аралығында. Осыған бола арзан картопқа сұраныс артып отыр. Алайда тәжірибе көрсеткендей, бұл - маусымдық баға ауытқуына байланысты уақытша құбылыс. Бұған дейін де осындай жағдай қант, қарақұмық, жұмыртқа сияқты өнімдер бойынша орын алған еді.Айта кету керек, келісімшарт жасалған кезде мамандар өткен жылдардағы тәжірибеге сүйеніп, баға мен өнім көлемін өзгеріссіз қалдырды. Бұл шешім «Шығыс Қазақстан облыстық әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын тұрақтандыру комиссиясы» тарапынан мақұлданды. Алайда, қазіргі таңда әлеуметтік картоп пен нарықтық картоп бағасы арасындағы айырмашылық ажиотаж тудырып отыр. Аймақтағы ең қолжетімді баға – 125 тг/кг болғандықтан, жеткізілген өнім әдеттегіден тез сатылып кетуде. Мамандар айтуынша, таңертең жаппай сатылып кеткен картоптың келесі жеткізілуі ертеңгі күн екенін жұрт ескеруі керек.Жалпы, картоптың сатып алу бағасы мен өзіндік құны барлық өңірлерде өскендіктен, әлеуметтік бағадағы өнімге ірі көтерме саудагерлердің де қызығушылығы артты. Дегенмен, «Ертіс» ӘКК» АҚ-ның негізгі міндеті – өңірдегі бизнеске бәсекелестік тудыру емес, керісінше, нарықты монополияға айналдырмай, кәсіпкерлерді қолдай отырып, маусымдық ауытқулар кезеңінде бағаны тұрақтандыру және әлеуметтік маңызы бар өнімдердің халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету.Қазіргі кезеңдегі басты міндет те осы – картоптың тұрғындарға қолжетімділігін қамтамасыз ету. Жеткізу процесі ӘКК мен «Алтай» КТО арасындағы келісім негізінде жүзеге асырылады. Өз кезегінде, «Алтай» орталығы 2024-2025 жылдарға «Агрофирма Приречное» ЖШС-мен келісімшарт жасасты. Осылайша, қазіргі картоп Өскеменге Абай облысынан жеткізілуде. Қашықтық пен ауа райы жағдайларын ескерсек, қыста өнімнің үсіп қалуын болдырмау үшін қарапайым ірі әрі сыйымды жүк көліктерімен жеткізу жүзеге асырылмайды. Облыс орталығына күніне 1-2 шағын жүк көлігі келеді. Олар жылуды реттегіші мен арнайы желдеткіш жүйемен жабдықталған, сыйымдылықтары 5-10 тонна.Сауда павильондарының аумағы 18 м² болғандықтан, оларды тек картоппен «бітеп тастау» (толтыру) мүмкін емес. Павильондарда кәсіпкер сатып отырған өзге де өнімдер бар. Тұрақтандыру бағдарламасы аясындағы басты міндет – келісімшарт мерзімі аяқталғанға дейін (2025 жылдың мамыры) тұрақты бағаны сақтау және картоптың үздіксіз қолжетімді болуын қамтамасыз ету.«Ертіс» ӘКК» АҚ мамандары ағымдағы келісімшарт бойынша өз міндеттемелері толық орындалатынын, қоймадағы қор жеткілікті болғандықтан өнім жеткізілімі күнделікті жүргізілетінін мәлімдеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/938524
Өскеменде наурыз айынан бастап 83 балабақшаға ваучерлік қаржыландыру жүйесі енгізіледі 21.02.2025
Облыс орталығында мектепке дейінгі білім беру жүйесіне ваучерлік қаржыландыруды енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылады.Аталған өзгеріс 83 балабақшаға енгізіледі. Оның ішінде 31 мемлекеттік, 52 жекеменшік ұйым бар. Пилоттық жобаның мақсаты - балаларды кезекке қою, мемлекеттік тапсырысты қабылдау мен орналастыру процесстерін автоматтандыру. Бұл ата-аналар үшін жүйені түсінікті әрі қолжетімді етіп, мектепке дейінгі ұйымдар арасындағы бәсекелестікті арттырады. - Ваучерлік қаржыландыруды енгізу қаладағы мектепке дейінгі білім беру жүйесін жақсартуға бағытталған маңызды қадам болмақ. Жаңа модельдің арқасында жүзеге асырылатын процесстер барлық қатысушылар үшін түсінікті және қолжетімді болады, - деді ШҚО Білім басқармасы басшысының орынбасары Жанғазы Әліпбаев.Сондай-ақ бұл жоба жеке балабақшалар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Олар қажетті құжаттарды тапсырған соң жобаға қосылады алады. Жоба операторы ретінде "Қаржы орталығы" АҚ белгіленді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/938527
Жаңа қоныс, жаңа өмір: Өскеменде жиырма пәтер берілді 21.02.2025
Өскемен қаласындағы «Көктем» тұрғын үй кешенінде толық емес және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға пәтер кілті салтанатты түрде табысталды. Аппақ қар жапалақтап, аспаннан нұр жауған шуақты күні баспаналы болған жандардың қуанышында шек жоқ.Ұзақ жылдар бойы үй кезегінде тұрған өскемендіктерді қала әкімі Алмат Ақышов құттықтап, ақжарма тілегін жеткізді.— Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Халықты баспанамен қамтамасыз ету» бағдарламасының бүгінгі игілігін көріп отырмыз. Бұл – көптеген азаматтарымыз үшін баспаналы болудың жалғыз мүмкіндігі. Президенттің бастамасымен және облыс әкімінің қолдауымен бүгін 20 отбасы баспаналы болып отыр. Жаңа шаңырақтарыңызда қуаныш пен шаттық орнасын, бақытты күндер көп болсын. Жақсы ұрпақ тәрбиелеп, ел игілігіне үлес қосыңыздар. Қоныстарыңыз құтты болсын! – деді Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов.Қала басшысы биыл 200 отбасыға пәтер берілетінін, келесі жылы да бұл көрсеткіш кемімейтінін атап өтті.Өскемен қаласындағы «Халифа Алтай» мешітін он жыл басқарған Ермек қажы Мұқатаев жуырда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти болып тағайындалған еді. Қоныс той иелерін арнайы құттықтаған ол:— Он жыл қызмет еткен уақытта Өскеменнің қалай дамып, көркейгенін көрдім. Бүгін де игі шараның куәсі болып отырмыз. Мемлекет басшысының тапсырмасын халыққа жеткізіп, оны нәтижелі жүзеге асырып отырған облыс және қала басшылығына алғысымды білдіремін. Баспаналарыңыз құтты болсын! Еліміз дамып, өркендей берсін! Халқымыздың рухани әрі экономикалық тұрғыдан гүлденуіне біз әрдайым тілекшіміз, – деді Ермек Мұқатаев.Баспаналы болған бақытты жандардың бірі – 17 жыл кезекте тұрған, бірінші топтағы мүгедектігі бар ұлын тәрбиелеп отырған Сағымгүл Байжұманова.- Қуанышымда шек жоқ! Талай жыл осы сәтті күттік. Президентімізге, атсалысқан басшылардың бәріне рахмет! Пәтердің сапасы күткенімізден де жоғары болып шықты, – деп толқынысын жеткізді ол.Кең әрі жарық екі бөлмелі пәтерге толық жөндеу жұмыстары жүргізілген. Қала әкімі жаңа баспана иелеріне кілем мен тұрмыстық техника сыйлап, үйлерінде әрдайым шаттық орнасын деген ізгі тілегін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/938726
Ақмола облысында 39,3 мың га ауыл шаруашылығы жері тәркіленді 21.02.2025
Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Жер ресурстарын басқару департаментінің (ҚР АШМ ЖРБК) талабын қанағаттандырып, ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған 39,3 мың га ауыл шаруашылығы жерін мәжбүрлеп қайтару туралы шешім қабылдады.Тексеру нәтижесінде Ерейментау ауданының Сілеті, Ақсуат және Қойтас ауылдық округтеріндегі, оның ішінде 4 747 га егістік пен 34 425 га жайылымдық жер мақсатты түрде пайдаланылмағаны анықталды. Жер иесіне заңбұзушылықтарды жою үшін бір жыл уақыт берілгеніне қарамастан, ол қажетті шараларды қабылдамаған.Апелляциялық инстанция шешімді өзгеріссіз қалдырды. Енді бұл жерлер тиімді пайдаланушыларға беріледі, ал олардың игерілуіне бақылау жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/938375