Enbekshi QazaQ

Ғылым

Зейнет демалысына шығарып салды 30.06.2026
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен кадрлық өзгерістерге орай мәжіліс өтті. Жиында облыстық жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы қызметін атқарып келген Марат Құрманбаевты әріптестері құрметпен зейнет демалысына шығарып салды.Аймақ басшысы Марат Ердәулетұлының мемлекеттік қызметтегі ұзақ жылғы жемісті еңбек жолына тоқталып, өңірдің дамуына қосқан елеулі үлесін атап өтті.«Аймағымыздағы әскери бөлімдердің инфрақұрылымы жаңартылып, азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жүйеленді. Бұл жұмыстарды жоғары деңгейде ұйымдастырудағы Марат Ердәулетұлының өзіндік қолтаңбасын ерекше атап өтуіміз қажет», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.Құрманбаев Марат Ердәулетұлы еңбек жолын өндіріс саласында бастап, кейін қоршаған ортаны қорғау және мемлекеттік басқару жүйесінде жауапты қызметтер атқарды. 2013-2024 жылдары Қызылорда және Жамбыл облыстары бойынша экология департаментін, Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасын басқарды. 2024 жылдан бері облыстық жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы қызметінде болды.Облыстық экология департаментін басқарған кезеңде қоршаған ортаны ластағаны үшін төленетін төлемақылар есебінен бюджетке жоспардан тыс 64 млрд теңгеден астам қаржы түсуіне ықпал етті.Құқық қорғау және қорғаныс саласындағы уәкілетті органдармен бірлескен жұмыс нәтижесінде террористік тұрғыдан осал объектілердің аумақтық тізбесі жаңартылып, қауіпсіздік талаптарына сәйкес жаңғыртылды.Соңғы жылдары Арал және Жалағаш аудандарындағы қорғаныс бөгеттері қалпына келтіріліп, тұрғындарды төтенше жағдай туралы дер кезінде хабардар ету мақсатында 124 елді мекенде сиреналық қосылу құрылғылары орнатылды. Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошақтары тіркелген елді мекендер залалсыздандырылды.Басқосуда Марат Ердәулетұлына өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан ерекше үлесі үшін Қызылорда облысының Құрмет грамотасы табысталып, дәстүрге сай құрмет көрсетілді.Сондай-ақ аймақ басшысы 2024 жылдан бері «ҚазГерМұнай» ЖШС бас директоры қызметін атқарған Зияш Қияқбаевқа басқа қызметке ауысуына байланысты алғыс білдіріп, Қызылорда облысының Құрмет грамотасын табыстады. Жиында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқармасының шешімімен «ҚазГерМұнай» ЖШС бас директоры лауазымына тағайындалған Ерсейіт Жолмырзаұлы Қайыпов таныстырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1232714?lang=ru
Солтүстік Қазақстан облысында ҚР Мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі Қанат Ысқақовтың халықпен кездесуі өтеді 30.06.2026
2026 жылғы 3 маусымда ҚР Мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі Қанат Ысқақов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барады.Сапар аясында өңір тұрғындарымен кездесу өткізіліп, азаматтарды жеке қабылдау жоспарланған (2026 жылғы 3 маусым, сағат 11:00, Петропавл қаласы, Жамбыл Жабаев көшесі, 195).Өтінім сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін 8 (7172) 74-07-47 телефоны арқылы қабылданады.ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/1232818?lang=ru
СҚО-да «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Green City Day» экологиялық интерактиві өтті 30.06.2026
Петропавлда республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасын іске асыру аясында «Green City Day» экологиялық интерактиві өтті. Іс-шара экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды дамытуға және жастарды тазалықты сақтауға бағытталған бастамаларға тартуға бағытталды.«Green City Day» - жастардың Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасын іске асыруға және табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға қосқан үлесі. Экологиялық әдеттер қарапайым қадамдардан басталады - қалдықтарды сұрыптау, ресурстарды үнемдеу және туған қаланың тазалығына жауапкершілікпен қарау. Интерактив жастарды табиғатқа ұқыпты қарау идеясы төңірегінде біріктірді. Қатысушылар экология саласындағы білімдерін тексеріп қана қоймай, қалдықтарды сұрыптау, қайта өңдеу, ресурстарды үнемдеу және экологиялық ағарту бойынша пайдалы дағдыларды тәжірибе жүзінде бекітті.Іс-шараның басты мақсаты - ойын және интерактивті форматта жастарға табиғатқа ұқыпты қараудың негізгі құндылықтарын сіңіру және күнделікті өмірде экологиялық әдеттердің маңызын көрсету. Сонымен қатар интерактив студенттік және жастар ұжымдарын біріктіруге, командалық жұмысты дамытуға, идеялар алмасуға және белсенді азаматтар қауымдастығын қалыптастыруға ықпал етті.«Green City Day» аясында қатысушылар бірнеше тақырыптық станциядан өтті. «Эко-викторина» станциясында олар экология, табиғатты қорғау және қоршаған ортаға ұқыпты қарау тақырыптарына қатысты сұрақтарға жауап берді. «Планетаға тілек ағашы» станциясында жастар табиғатты сақтау бойынша экологиялық тілектері мен идеяларын жазып, оларды символикалық ағашқа бекітті.Тағы бір тәжірибелік алаң «Контейнерлерге бөлу» станциясы болды. Мұнда қатысушыларға пластик, қағаз, шыны және металл сияқты әртүрлі қалдықтардың үлгілері көрсетілді. Олардың міндеті - қалдықтарды тиісті контейнерлерге дұрыс орналастыру.Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Green City Day» - бұл жай ғана танымдық іс-шара емес, әрбір қатысушыға қоршаған ортаға деген жеке жауапкершілігін көрсетуге, экологиялық белсенділікке қатысуға және табиғатты сақтауға бағытталған ортақ қозғалыстың бір бөлігі болуға мүмкіндік.Іс-шара «Таза Қазақстан» бағдарламасын жергілікті деңгейде іске асыруға қосылған үлес және экологиялық жауапты қоғам қалыптастыру жолындағы тағы бір қадам болды. #ТазаҚазақстан #тұрақтыдаму #тазаел #экология #TazaChallenge @TazaQazaqstan Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/1232847?lang=ru
Қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету мәселелері қаралды 30.06.2026
Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері талқыланды. Оған облыс әкімі Мұрат Ерегешбаев селекторлық режим арқылы қатысты.Үкімет басшысы еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өндірісте жарақаттанудың алдын алу және қызметкерлер құқықтарын қорғаудың маңызына тоқталып, орталық мемлекеттік органдар мен өңір әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеді.Мемлекет басшысы биылғы сәуір айында қауіпсіз еңбек жағдайын жетілдіру, қызметкерлердің құқықтарын қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерін қамтитын заңға қол қойған болатын. Алдағы уақытта еңбек заңнамасына түзетулер енгізіледі деп күтілуде. Бұл бастамалардың барлығы еңбек қауіпсіздігін күшейтуге және азаматтарды әлеуметтік тұрғыдан қорғауға бағытталған.Үкімет отырысынан кейін өткен мәжілісте осы және өзге де мәселелерге орай нақты тапсырмалар берілді.Аймақ басшысы елді мекендерді газдандыру жобаларының жүзеге асырылуын қатаң бақылауды, құрылыс-монтаж жұмыстарын сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды. Кәсіпорындардағы еңбек қауіпсіздігі үшін жасанды интеллект технологияларын енгізу мүмкіндіктерін зерделеу, бір ай мерзімде нақты ұсыныстар әзірлеу керек.Мәжілісте өндірістік және құрылыс нысандарындағы қауіпсіздік талаптарының сақталуы, еңбеккерлер құқықтарының қорғалуы барлық деңгейдегі басшылардың тікелей жауапкершілігі екені ескертілді.Санитарлық тазалық, атап айтқанда Белкөл кентіне жақын орналасқан қатты тұрмыстық қалдықтар полигонындағы жағдайды үш күн ішінде реттеу жауапты мекемелерге тапсырылды. Демалыс парктері, балалар ойын алаңдары, жол бойы мен көрнекі ақпараттың жай-күйін жақсарту, тазалықты тұрақты бақылау міндеттелді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1232952?lang=ru
Облыс экономикасының барлық базалық салаларында оң нәтиже бар 30.06.2026
Аймақ басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен 2026 жылдың қаңтар-сәуір айларындағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және жыл соңына дейінгі міндеттері тақырыбына арналған облыс әкімдігінің отырысы өтті.2026 жылдың алғашқы төрт айының қорытындысы бойынша облыс экономикасының барлық базалық салаларында оң нәтижелерге қол жеткізілді.«Жүк және жолаушылар тасымалының көлемі 11,1%-ға, сауда көлемі 8,5%-ға, құрылыс жұмыстары 4,8%-ға, өнеркәсіп өндірісі 2,5%-ға, ауыл шаруашылығы 2,4%-ға, инвестициялар көлемі 1,2%-ға өсті. Оның ішінде жеке инвестициялар 10,6%-ға артты. Тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі өткен жылдың деңгейінде сақталды», – деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.Өңдеу өнеркәсібі секторындағы зауыттар мен фабрикалар тұрақты жұмыс істеуде. Аталған саладағы өндіріс көлемі 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,9%-ға ұлғайды.Көктемгі егіс жұмыстарын жеңілдетілген несиелеу аясында облыс бойынша 173 млрд теңге бөлінеді. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 1,4 есе жоғары.Облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдары «Кең Дала 2» бағдарламасы бойынша 86,5 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген несие алды. Өткен жылмен салыстырғанда қаржыландыру көлемі 1,5 есе артты.Азық-түлік корпорациясының форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша 16 млрд теңге бөлінді. Бұл өткен жылғы деңгейден 3 есе көп.«Аграрлық сала өкілдері өткен аптада жауған мол жауын-шашынға ерекше қуанышты. Денисов ауданындағы «Фрунзенское» ЖШС аумағында 60 мм, Федоров ауданындағы «Гранд» ЖШС-де 44 мм, Ұзынкөл ауданындағы «Олжа Ряжское» ЖШС-де 20 мм, ал Қамысты ауданындағы «ПКФ «Қайрат» ЖШС-де 15 мм жауын-шашын түсті. Түскен ылғал қоры алдағы бірнеше аптаға жеткілікті болады деп күтілуде», – деді аймақ басшысы.Ветеринариялық қызметтердің жұмысы күшейтілді. Биыл бұл мақсатқа мемлекеттен 5,6 млрд теңге бөлінді. Оның есебінен 122 ветеринариялық пункт пен 78 мал қорымы салынады.Сонымен қатар, биыл облыстың 16 қаласы мен ауданында 1034 пәтер сатып алынып, әлеуметтік жағынан осал санаттағы кезекте тұрған азаматтарға беріледі. Бұл мақсатқа 18 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді.Өткен жылы 10,4 млрд теңгеге 548 пәтер берілген болатын. Көрсеткіш шамамен екі есеге өсті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1233039?lang=ru
Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар мүмкіндіктері сараланды 30.06.2026
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев «China State Construction Engineering Corporation» компаниясының өкілдерімен кездесті. Бұл – әлемдегі жетекші құрылыс және инфрақұрылымдық компаниялардың бірі.Кездесуде өңірдің инвестициялық әлеуеті, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың мүмкіндіктерін тиімді пайдалану, сондай-ақ жаңа өндірістік жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.Айта кетейік, өңірде инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында 550 гектар аумақта «Қорқыт Ата» арнайы экономикалық аймағы құрылған болатын. Қазір экономикалық қызметтің 18 басым түрі айқындалған. Атап айтқанда, құрылыс материалдарын өндіру, машина жасау, электр жабдықтарын шығару, логистика және қоймалау, химия өнеркәсібі, автокөлік және авиациялық техника өндірісі сияқты бағыттар бар.Сонымен қатар Қызылорда облысында индустриялық инфрақұрылымды дамытуда нақты жұмыстар атқарылуда. Бүгінде облыста жалпы көлемі 515 гектардан асатын 6 индустриялық аймақ жұмыс істейді, оларда 112 млрд теңгенің 37 жобасы іске қосылып, мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды. «Өндіріс» индустриялық аймағында құрылыс материалдары, шыны өндірісі, керамика және өнеркәсіптік өнім шығару жобалары нәтижелі жүзеге асуда.Кездесуде тараптар индустриялық парктер салу, инженерлік инфрақұрылымды дамыту, өндірістік және логистикалық нысандарды жандандыру бағытындағы ынтымақтастықты кеңейтуге уағдаласты. Өзара тиімді әріптестікті дамыту және бірлескен инвестициялық жобаларды одан әрі жалғастыру жоспары нақтыланып, аталған компания өкілдері Сыр өңіріне іссапармен келуге ниет білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1233360?lang=ru
Өңірдің мұнай-газ саласындағы мәселелер талқыланды 30.06.2026
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев «Қазгермұнай» БК» ЖШС өкілдерімен кездесті. Кездесуде өңірдің мұнай-газ саласын дамыту, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.Аймақ басшысы компанияның және оның еншілес ұйымдарының облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы өзіндік орнын ерекше атап өтті.«ҚазМұнайГаз» акционерлік қоғамы Қызылорда облысында бірқатар ауқымды жұмысты жүзеге асырып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосып келеді. Алдағы уақытта да тиімді әріптестік негізінде маңызды жобаларды бірлесіп іске асырып, ынтымақтастығымызды одан әрі нығайтамыз деп сенемін, – деді Мұрат Нәлқожаұлы.Кездесуде компанияның әлеуметтік жауапкершілік аясында атқарған жұмыстары жоғары бағаланды. Атап айтқанда, «Қазгермұнайдың» демеушілігімен 2,5 млрд теңгеге салынған «Оқушылар сарайы» бүгінде балалар игілігіне қызмет етуде.Бұдан бөлек, мұнай-газ саласындағы инфрақұрылымдық жобалар жайы талқыланды. 2022 жылы өңірдегі ірі мұнай компаниялары мен Энергетика министрлігі арасында «Қазгермұнай» компаниясының «Оңтүстік Ақсай» кен орнындағы шикі газ өңдеу зауытына дейін газ құбырын жеткізу жөніндегі меморандумға қол қойылған болатын. Қазір «Казпетрол Груп» және «Тұзкөл Мұнайгаз Оперейтинг» серіктестіктері құбыр құрылысын аяқтап, газ жеткізуді бастаған. Бұл өңделетін газ көлемін арттырып, өңір экономикасының дамуына оң әсерін тигізеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1233649?lang=ru
СҮТ ТУРЫ: Қостанай облысындағы 13 сүт-тауарлы фермасы жобасының 4-еуі Алтынсарин ауданында жүзеге асырылып жатыр 30.06.2026
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Алтынсарин ауданына жұмыс сапарымен барып, агроөнеркәсіп кешеніндегі ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты.Жұмыс сапары барысында облыс әкімі сүт-тауарлы мал шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобалардың іске асырылуымен, көктемгі егіс жұмыстарының барысымен танысып, ауданның ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесті.«Мемлекет Басшысы үш жыл ішінде агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңделген өнім үлесін 70%-ға дейін арттыру міндетін қойды. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін біз өз өндірісіміздің көлемін ұлғайтуымыз қажет», – деді облыс әкімі.Осы мақсатта өткен жылы қуаттылығы 46 мың тонна болатын 7 заманауи сүт-тауар фермасы пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта жалпы қуаттылығы 34 мың тонна болатын тағы осындай 6 ферма салынып жатыр, оның 5-і биыл іске қосылады.Жобаларға салынған инвестицияның жалпы көлемі 49,3 млрд теңгені құрады. Нәтижесінде 220-дан астам жаңа жұмыс орны ашылды, ал алдағы уақытта тағы 210 жұмыс орнын құру жоспарланып отыр.Айта кету керек, облыста жүзеге асырылып жатқан 13 сүт-тауар фермасының 4-еуі дәл осы Алтынсарин ауданында.Бүгінгі таңда «Тапаев Т.Б.» және «Ахметов Т.Б.» шаруа қожалықтарының фермалары пайдалануға берілді. Ал «Қуанышбаев К.М.» шаруа қожалығы мен «Дукас» ЖШС сүт-тауарлы фермалары салынып жатыр.Сапардың алғашқы нысаны – Обаған ауылындағы «Дукас 2020» ЖШС-нің салынып жатқан сүт-тауар фермасы. Жобаның жалпы құны 3 млрд 270 млн теңгені құрайды. Оның ішінде 300 млн теңге кәсіпорынның меншікті қаражаты болса, 2 млрд 970 млн теңге «Тобыл» ӘКК» АҚ-ның қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылған. Жоба бойынша симментал тұқымды 400 бас ірі қара мал ұсталады. Ферма пайдалануға берілгеннен кейін жылына 3 200 тонна сүт өндіріліп, 25 жаңа жұмыс орны ашылады.Келесі нысан – Большой Чураков ауылының сыртындағы «Ахметов Т.Б.» шаруа қожалығының сүт-тауарлы фермасы. Жобаның жалпы құны 3,6 млрд теңгеден асады. Оның ішінде 386 млн теңге – меншікті қаражат, 3 млрд теңге – «Тобыл» ӘКК» АҚ-ның қарыз қаражаты және 232,8 млн теңге – екінші деңгейлі банктер арқылы тартылған қаржы. Жоба аясында 400 бас сауын табынына арналған ферма құрылып, голштин-фриз тұқымды ірі қара мал сатып алу көзделген. Жыл сайын 2 500 тонна сүт өндіру жоспарланып отыр. Кәсіпорында 26 жаңа жұмыс орны ашылады.Тағы бір ірі жоба – Новоалексеев ауылындағы «Қуанышбаев Қ.М.» шаруа қожалығы жүзеге асырып жатқан сүт-тауарлы фермасының құрылысы. Жобаның жалпы құны 3,1 млрд теңгеден асады. Оның ішінде 311 млн теңге – шаруашылықтың меншікті қаражаты, ал 2,8 млрд теңге – «Тобыл» ӘКК» АҚ-ның қарыз қаражаты. Ферма 400 бас симментал тұқымды ірі қара малға есептелген. Жобалық қуаттылығы жылына 2 800 тонна сүт өндіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар 26 жаңа жұмыс орны ашылады. Шаруа қожалығының басшысы Гүлнар Қуанышбаеваның айтуынша, құрылыс жұмыстарын 2027 жылдың басында аяқтау жоспарланған.«Аймағымызда 13 сүт-тауар фермасы толық жобалық қуатына шыққан кезде ұйымдасқан шаруашылықтардағы сүт өндірісі екі есеге жуық артып, 85 мың тоннадан 165 мың тоннаға дейін жетеді. Сонымен қатар сүт өңдеу кәсіпорындарының жүктемесі 75%-дан 86%-ға дейін өседі», – деді аймақ басшысы Құмар Ақсақалов.Ал Алтынсарин ауданында барлық 4 сүт-тауар фермасы толық іске қосылғаннан кейін және жобалық қуатқа шыққан соң, аудандағы сүт өндірісі жылына 6,7 мың тоннадан 19,3 мың тоннаға дейін ұлғайып, 2,9 есеге артады. Мұның барлығы ауыл шаруашылығы саласының дамуына тың серпін беріп, халықты азық-түлікпен тұрақты қамтамасыз етуге және облыс экономикасын нығайтуға мүмкіндік береді.Жұмыс сапары барысында өңір басшысы «Олжа Беляевка» ЖШС-нің егіс алқаптарын аралап, көктемгі дала жұмыстарының жүргізілу барысымен танысты. Алтынсарин ауданының әкімі Арнұр Сартов өсімдік шаруашылығындағы қазіргі жағдай, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз етілуі және егіс науқанының өту барысы жөнінде баяндады.Сондай-ақ, облыс әкіміне «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы да ақпарат берілді.Сапар қорытындысы бойынша аймақ басшысы сүт-тауарлы мал шаруашылығын дамыту өңірдің агроөнеркәсіп кешеніндегі басым бағыттардың бірі екенін атап өтті. Атап айтқанда, заманауи сүт-тауар фермаларын іске қосу сапалы өнім көлемін арттыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға және облыстың азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1233796?lang=ru
4 маусым күні аймақ басшысы Мұрат Ергешбаев Сырдария ауданының тұрғындарымен кездеседі 30.06.2026
4 маусым күні аймақ басшысы Мұрат Ергешбаев Сырдария ауданының тұрғындарымен кездеседі.Сонымен қатар, аудандағы әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысып, ауылдық елді мекендерге барады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1233913?lang=ru
4 маусым күні аймақ басшысы Мұрат Ергешбаев Жалағаш ауданының тұрғындарымен кездеседі 30.06.2026
4 маусым күні аймақ басшысы Мұрат Ергешбаев Жалағаш ауданының тұрғындарымен кездеседі.Сонымен қатар, аудандағы әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысып, ауылдық елді мекендерге барады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1233915?lang=ru
Қостанайда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту мәселелері талқыланды 30.06.2026
Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасында өңірдегі әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға арналған кездесу өтті. Іс-шараға Іскер әйелдер кеңесінің мүшелері, кәсіпкерлік саласының өкілдері және қоғам белсенділері қатысты.Кездесудің негізгі мақсаты – әйелдер кәсіпкерлігін қолдау, өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, бизнесті кеңейту мүмкіндіктерін қарастыру және кәсіпкер әйелдердің тәжірибе алмасуына жағдай жасау болды.Жиын барысында мемлекеттік қолдау құралдары, кәсіпкерлік жобаларды іске асырудың тиімді тетіктері, бизнесті ауқымдандыру жолдары және өңірлер арасындағы серіктестікті нығайту мәселелері талқыланды. Қатысушылар кәсіпкерлік қызметті дамытуда тәжірибе алмасудың маңыздылығына тоқталып, жаңа серіктестік байланыстар орнату мүмкіндіктерін қарастырды.Іс-шара аясында әйелдер кәсіпкерлігін дамытудағы табысты тәжірибелер таныстырылып, шағын бизнесті тұрақты әрі бәсекеге қабілетті кәсіпорын деңгейіне жеткізуге бағытталған қолдау шаралары сөз болды. Сонымен қатар кәсіпкерлердің білім беру ұйымдарымен өзара іс-қимылын күшейту, еңбек нарығының сұранысына сай мамандар даярлау және кадрлық әлеуетті арттыру мәселелері көтерілді.Кездесуге қатысушылар қазіргі қоғамдағы әйелдердің экономикалық белсенділігінің артып келе жатқанын атап өтіп, олардың кәсіпкерлік, басқарушылық және қоғамдық қызметтегі рөлінің маңыздылығын талқылады.Жиын қорытындысында өңірлік ынтымақтастықты одан әрі дамыту, кәсіпкер әйелдерді қолдауға бағытталған бастамаларды жүзеге асыру және жаңа бірлескен жобаларды қолға алу жөнінде ұсыныстар айтылды. Мұндай кездесулер тәжірибе алмасуға, іскерлік байланыстарды нығайтуға және өңірдегі кәсіпкерлік ортаның дамуына оң ықпал ететіні атап өтілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1233942?lang=ru
Қазақстан мен Гонконг Орталық Азия мен Азия-Тынық мұхиты өңірі арасындағы сауда көпірін нығайтуда 30.06.2026
ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Гонконг арнайы әкімшілік аймағының Басшысы Джон Лимен және Гонконг іскерлік қауымдастығының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, инвестициялар тарту және Қазақстан мен Гонконг бизнесі үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастыру мәселелерін талқылады.Келіссөздер барысында халықаралық сауда жүйесіндегі екі тараптың стратегиялық рөліне ерекше назар аударылды. Гонконгтың әлемдегі жетекші қаржы, сауда және логистика орталықтарының бірі екені, сондай-ақ қазақстандық компаниялардың Азия-Тынық мұхиты өңірі нарықтарына шығуына кең мүмкіндік беретіні аталды. Ал Қазақстан Орталық Азия елдеріне, Еуразиялық экономикалық одақ нарығына және Еуропаға шығатын маңызды өңірлік хаб ретінде қарастырылады.Арман Шаққалиев Қазақстанның Гонконгпен практикалық ынтымақтастықты тереңдетуге, іскерлік байланыстарды нығайтуға және отандық өнімдерді сыртқы нарықтарға ілгерілетудің жаңа тетіктерін қалыптастыруға мүдделі екенін атап өтті. Оның айтуынша, екі тараптың өзара сауда көлемін ұлғайтуға, бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға және кәсіпкерлік субъектілерінің өзара нарықтардағы қатысуын кеңейтуге әлеуеті жоғары.«2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Гонконг арасындағы тауар айналымы 178,8 млн АҚШ долларын құрады. Біз Гонконг нарығына жеткізілетін қазақстандық өнім көлемін арттыруға мүдделіміз. Бұл қатарға ауыл шаруашылығы өнімдерімен бірге жеңіл және тамақ өнеркәсібінің тауарлары да кіреді», – деді Арман Шаққалиев.Кездесудің негізгі тақырыптарының бірі алтын саудасы, биржалық инфрақұрылым және қаржылық қызметтер салаларындағы ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын дамыту болды. Джон Ли Гонконгта халықаралық алтын саудасы орталығын құру және бағалы металдар айналымына арналған заманауи экожүйені дамыту жоспарларымен бөлісті. Осыған байланысты тараптар тұрақты жеткізілімдерді қамтамасыз ету, бизнесті жүргізудің ашық әрі түсінікті қағидаттарын қалыптастыру және нарық қатысушылары арасындағы ұзақ мерзімді әріптестікті дамыту мәселелерінің маңыздылығын атап өтті.Гонконг Әкімшілігінің басшысы Қазақстанның өңірдегі жетекші алтын өндіруші елдердің бірі екенін және халықаралық бағалы металдар саудасының қалыптасып келе жатқан жүйесінде маңызды орын ала алатынын айтты. Оның пікірінше, бұл бағыттағы ынтымақтастықты дамыту екі тараптың да өндірушілері мен қаржы институттары үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.Кездесу барысында іскерлік қауымдастықтар арасындағы тікелей байланыстарды нығайту мәселесіне де ерекше көңіл бөлінді. Джон Ли кәсіпкерлер арасындағы өзара іс-қимылдың тұрақты инфрақұрылымын қалыптастырудың маңыздылығын атап өтіп, Қазақстанның Гонконгтағы сауда және бизнес өкілдіктерінің қызметін кеңейту, сондай-ақ Гонконг ұйымдарының Қазақстандағы қатысуын арттыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.Өз кезегінде Арман Шаққалиев экспортты қолдау және бизнесті ілгерілету бағытында жүзеге асырылып жатқан құралдарды таныстырды. Атап айтқанда, бұл жұмыстар QazTrade компаниясы, шетелдегі серіктестік өкілдіктер желісі және сауда үйлері арқылы жүргізілуде. Қазақстан тарапы Гонконгпен сауда және инвестициялық байланыстарды нығайту мақсатында аталған тетіктерді одан әрі жетілдіруге дайын екенін жеткізді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жақын арада бірлескен іс-қимыл жоспарын әзірлеуге келісті. Жоспар аясында бизнес-миссиялар ұйымдастыру, кәсіпкерлер арасындағы кездесулер өткізу және перспективалы инвестициялық жобаларды пысықтау көзделіп отыр. Сонымен қатар «Бір белдеу – бір жол» халықаралық форумы алаңында Қазақстан мен Орталық Азияға арналған арнайы сессия өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.Кездесу тараптардың экономикалық әріптестікті нығайтуға және бизнес үшін жаңа өсу нүктелерін қалыптастыруға өзара мүдделі екенін тағы бір мәрте растады. Қазақстан мен Гонконг сауданы кеңейту, инвестициялар тарту және бірлескен жобаларды іске асыру мақсатында Орталық Азия мен Азия-Тынық мұхиты өңірінің әлеуетін тиімді ұштастыра отырып, ынтымақтастықты дәйекті түрде дамытуды көздеп отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1234139?lang=ru
Қазақстандық экспорттаушылар Еуроодақтың жаңа климаттық талаптарына дайындалуда 30.06.2026
2026 жылдың 3 маусымда Астана қаласында «Еуропалық Одақтың трансшекаралық көміртекті реттеу тетігі (CBAM): қазақстандық алюминий және қара металлургия өнімдерін экспорттаушылар үшін нарыққа қол жеткізу, қаржылық салдарлар және талаптарға сәйкестік мәселелері» тақырыбындағы зерттеудің таныстырылымына арналған семинар өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдардың, бизнес қауымдастығының, халықаралық ұйымдардың және сарапшылар қауымының өкілдері қатысты. Семинарды ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Жанель Күшікова ашты.CBAM (Carbon Border Adjustment Mechanism) – Еуропалық Одақтың климаттық саясаты аясында енгізілген трансшекаралық көміртекті реттеу тетігі. Оның мақсаты – импортталатын өнімдерді өндіру кезінде бөлінетін парниктік газдар шығарындыларын есепке алу және еуропалық әрі шетелдік өндірушілер үшін бірыңғай экологиялық талаптарды қамтамасыз ету. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап бұл тетік міндетті түрде қолданылатын кезеңге өтті. Осылайша, өнімнің көміртек ізін есепке алу Еуропалық Одақ нарығына шығудың маңызды шарттарының біріне айналды.Қазақстан үшін бұл мәселенің маңызы зор. Өйткені Еуропалық Одақ еліміздің негізгі сауда серіктестерінің бірі әрі қазақстандық алюминий өнімдерінің басты экспорттық нарығы болып табылады. Жаңа талаптар алюминий, темір және болат өнімдерін экспорттайтын отандық кәсіпорындардың қызметіне тікелей әсер етіп, олардың халықаралық саудадағы өзгеріп жатқан талаптарға бейімделуін қажет етеді.«2025 жылдың қорытындысы бойынша Еуропалық Одақтың Қазақстанның сыртқы саудасындағы үлесі шамамен 31%-ды, ал экспорт құрылымындағы үлесі 44%-ды құрады. Сонымен қатар, қазақстандық алюминий экспортының жартысынан астамы Еуропалық Одақ елдеріне бағытталған», – деп атап өтті Жанель Күшікова.Отандық бизнесті қолдау мақсатында Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі, Халықаралық сауда орталығы және «QazTrade» АҚ Еуропалық Одақ қаржыландыратын Ready4Trade Central Asia жобасы аясында CBAM тетігінің Қазақстанның алюминий және қара металлургия салаларына ықпалын бағалауға арналған зерттеу әзірледі. Құжатта жаңа механизмнің ықтимал қаржылық әсеріне талдау жасалып, кәсіпорындардың талаптарға бейімделуіне бағытталған практикалық ұсынымдар ұсынылған.«CBAM тетігі Еуропалық Одақтың климат пен сауда саласындағы кешенді саясатының маңызды құралдарының бірі саналады. Тұрақты даму көрсеткіштері бойынша есептіліктің ашықтығын арттыру және есеп жүргізу тәжірибесін жетілдіру қазақстандық экспорттаушыларға халықаралық нарықтардағы талаптар күшейіп жатқан жағдайда өз бәсекеге қабілеттілігін сақтауға мүмкіндік береді. Бұл бағыттағы жұмыстың нәтижелі болуы үшін мемлекеттік органдардың, бизнес қауымдастықтың және Халықаралық сауда орталығы (ITC) сияқты халықаралық серіктестердің өзара ықпалдастығы алдағы уақытта да ерекше маңызға ие», – деп атап өтті Йоханнес Баур, Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілдігінің ынтымақтастық бөлімінің басшысы.«ITC–QazTrade зерттеуінің қорытындыларына сәйкес, 2025 жылғы экспорт көлемдері негізге алынған жағдайда қазақстандық экспорттаушылардың CBAM аясындағы жыл сайынғы міндеттемелері өңделмеген алюминий, феррохром, сондай-ақ болат прутоктар мен өзектер сияқты төрт негізгі тауар санаты бойынша шамамен 114 миллион еуроны құрайды.Біз қазірдің өзінде өнеркәсіптік экспорттаушыларды Еуроодақтың жаңа талаптарына жүйелі түрде бейімдеу жұмыстарын бастадық. Бұл шаралар қаржылық жүктемені азайтуға және қазақстандық өнімнің біз үшін стратегиялық маңызы бар нарықтардың біріндегі бәсекеге қабілеттілігін сақтауға бағытталған», – деді «QazTrade» АҚ Бас директорының орынбасары Нұрлан Құлбатыров.Семинар барысында қатысушыларға зерттеудің негізгі қорытындылары мен кәсіпорындарды жаңа талаптарға бейімдеу бойынша ұсыныстар таныстырылды. Әсіресе шығарындыларды есепке алу және растау жүйелерін енгізу, қазақстандық өнімнің еуропалық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін сақтау және экологиялық таза өндірісті дамыту мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды. «Қазіргі таңда Қазақстан Еуропалық Одаққа құны 600 миллион еуродан асатын болат пен алюминий экспорттайды. Сарапшылардың бағалауынша, егер CBAM аясында стандартты шығарындылар көрсеткіштері қолданылса, қазақстандық экспорттаушылардың жыл сайынғы шығындары 100 миллион еуродан асып кетуі мүмкін. Оның 90 пайызы болат шыбықтар мен өзектерге тиесілі. Бұл өнімдер бойынша CBAM-ға байланысты шығындар кей жағдайда тауардың өз құнынан да жоғары болып, 123 пайызға жетуі ықтимал. Дегенмен, қазақстандық өндірушілер бұл шығындарды айтарлықтай азайта алады. Ол үшін нақты шығарындылар көлемін тұрақты бақылап, есепке алу, стандартты көрсеткіштердің орнына нақты деректерді ұсыну, жергілікті верификаторларды аккредиттеу, өндіріс орындарындағы шығарындыларды қысқарту және көміртек бағасын қалыптастырудың ішкі тетіктерін жетілдіру сияқты салыстырмалы түрде қарапайым қадамдарды жүзеге асыру жеткілікті», – деді Халықаралық сауда орталығының (ITC) сарапшысы әрі есептің жетекші авторы Йост Паувелин.Іс-шараға қатысушылар CBAM талаптарына тиімді бейімделу үшін шығарындыларды мониторингтеу мен верификациялаудың ұлттық инфрақұрылымын дамыту, білікті мамандар даярлау және мемлекет, бизнес пен халықаралық серіктестер арасындағы ынтымақтастықты нығайту маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар, жаңа климаттық талаптар қосымша міндеттеме ғана емес, өндірісті жаңғыртуға, энергия тиімділігін арттыруға және заманауи экологиялық технологияларды енгізуге мүмкіндік беретін маңызды ынталандырушы фактор ретінде бағаланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1234299?lang=ru
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтің Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтауы 30.06.2026
Құрметті жерлестер!Сіздерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын!Ту, Елтаңба және Әнұран - халқымыздың тәуелсіздігі мен бірлігінің, елдік рухы мен ұлттық құндылықтарының айқын белгісі. Мемлекеттік рәміздер – әр азаматтың жүрегінде Отанға деген мақтаныш пен патриоттық сезімді нығайтатын қасиетті нышандар.Бүгінде көк Туымыз әлем аренасында биікте желбіреп, Елтаңбамыз егемен еліміздің айбынын айшықтап келеді. Ал Әнұранымыз әрбір қазақстандықтың жүрегіне рух пен сенім ұялатады. Осынау мерекеде баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ел игілігі жолындағы еңбектеріңізге табыс тілеймін!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/1234306?lang=ru
«Рәміздер рухы – Конституцияның күші» атты жалпыұлттық патриоттық акция өтті 30.06.2026
Бүгін Қызылордадағы Мемлекеттік рәміздер аллеясында облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың қатысуымен 4 маусым – ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне арналған «Рәміздер рухы – Конституцияның күші» атты жалпыұлттық патриоттық акция өтті.Оған облыстық мәслихат төрағасы, облыс әкімінің орынбасарлары, құқық қорғау органдарының басшылары, облыстық қоғамдық кеңес төрағасы, зиялы қауым, саяси партиялар, этномәдени бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар, жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.Акция «Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздік символы» атты тақырыптық прологпен ашылды.Аймақ басшысы жиналған қауымды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, ел тәуелсіздігінің басты нышандарының тарихи мәні мен маңызына тоқталды.«Мемлекет басшысы: «Ұлт рәміздері – Тәуелсіздігіміздің киелі бойтұмары. Елтаңба, Ту және Әнұран – мызғымас мемлекеттігіміздің белгісі. Қастерлі нышандарымыз Қазақстанның егемен ел, еңселі жұрт екенін жер жүзіне әйгілейді. Байрағы биік елдің рухы асқақ болады», – деп атап өтті.Біздің мемлекеттік нышандарымыз Қазақстанды күллі әлемге бейбітшілік пен татулықтың символы ретінде дәріптеуде. Көк туымыз халықаралық ареналарда, әлемдегі алпауыт ұйымдардың төрінде Тәуелсіз Қазақстанның атын танытты. Айбынымызды асырған Мемлекеттік рәміздерді құрметтеп ұлықтау, келер ұрпаққа аманат ету – біздің азаматтық парызымыз.Баршаңызды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік нышандарымыз болашаққа бастаған ұлы көшімізді демеп, игі істеріміздің ұйытқысы бола берсін! Бірлігіміз жарасып, жарқын болашаққа басқан әр қадамымыз нық, ел іргесі берік болсын!», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.Шарада хордың сүйемелдеуімен Мемлекеттік Әнұран шырқалып, жергілікті өнерпаздар патриоттық әндер орындады.Рәміздер күніне арналған акция ипподромда атты шерумен жалғасты. Сондай-ақ төтенше жағдайлар қызметкерлері Сырдария өзенінде Мемлекеттік Туды қайықпен алып жүріп, мереке мазмұнын айшықтай түсті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1234404?lang=ru
Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты шара өтті 30.06.2026
Бүгін «Достық үйінде» облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың қатысуымен Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты шара өтті.Аймақ басшысы сырбойылықтарды мерекемен құттықтап, елдік рухты асқақтатқан Мемлекеттік рәміздердің айрықша маңызына тоқталды.«Баршаңызды Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын!Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Көк байрағымыз – мызғымас мемлекеттіліктің белгісі. Елтаңбамыз – азаттықтың айшықты көрінісі. Әнұранымыз – еркіндік пен елдіктің үні. Тәуелсіздіктің осы үш символы халқымызға ерекше рух береді. Әрқайсымыздың кеудемізге мақтаныш ұялатады», – деген болатын.Бүгінгі айтулы мерекеге орай облыс көлемінде Мемлекеттік ту көтеру рәсімдері ұйымдастырылып, түрлі форматтағы іс-шаралар өтуде.Осы ретте, еліміздің жарқын болашағына аянбай еңбек етіп, отансүйгіштіктің нағыз үлгісін көрсетіп жүрген жерлестерімізді марапаттау рәсімінде бас қостық.Тәуелсіздігіміздің тұғырын нығайтып, елдігіміздің еңсесін көтеруде әрбір азаматтың адал еңбегі мен берік ұстанымы маңызды.Сіздер Әділетті, Қауіпсіз әрі Таза Қазақстанды құруға, аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына, халықтың әл-ауқатын арттыруға зор үлес қосып келесіздер. Алдағы уақытта да қасиетті Отанымыздың өсіп-өркендеуіне барлық күш-жігерлеріңізді жұмсап, жоғары нәтижелерге қол жеткізеді деп сенемін!»– деді облыс әкімі.Мерекелік шарада Мәдениет қайраткері Шәкизада Әбдікәрімов сөз сөйледі. Президент Жарлығына сәйкес жерлестеріміз «Құрмет» орденімен, «Ерлігі үшін», «Ерен еңбегі үшін» және «Шапағат» медальдарымен марапатталды.Сонымен қатар ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың Алғыс хаты табысталды, бірқатар азамат облыстың Құрмет грамотасын, «Қызылорда облысының дамуына қосқан үлесі үшін» медалін және облыс әкімінің Алғыс хатын алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1234466?lang=ru
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтауы 30.06.2026
Құрметті қостанайлықтар!Ардақты жерлестер!Сіздерді 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймын!Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран – Тәуелсіздіктің тұғыры, ұлттық рухымыздың символы. Қазақта «Туы бірдің – түбі бір, жолы бірдің – жүгі бір» деген сөз бар. Еліміздегі түрлі этнос өкілдері көк байрақтың астында тұтасып, тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Бізді көк паспортымыз, реформалардың жасампаз қуатына деген ортақ мақсат пен мызғымас сенім біріктіреді.Осы бағыттағы маңызды тарихи қадамдардың бірі – 15 наурыздағы жалпыхалықтық референдум арқылы қабылданған жаңа Конституция.  Ата Заң – мемлекет тұрақтылығының кепілі, ел бірлігінің берік негізі. Конституцияда айқындалған басты құндылықтар – адам құқығы, заң мен тәртіп, әлеуметтік әділдік және жауапты азаматтық қағидаттары бүгінде мемлекеттік саясаттың өзегіне айналды.Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде: «Біздің мүддеміз де, жолымыз да, мұратымыз да – ортақ. Бұл – Әділетті, Қауіпсіз әрі Таза Қазақстанды құру. Конституция арқылы заң мен тәртіптің үстемдігін қамтамасыз етіп, береке-бірлігімізді сақтап, нығайта берсек, кез келген биікті бағындырамыз, – деп атап өтті. Қостанай облысында да ауқымды өзгерістерді кезең-кезеңімен қолға алып жатырмыз, бұны даму қарқынынан анық байқауға болады.Мемлекет басшысы ел экономикасының жыл сайынғы өсімін кемінде 6 пайыз деңгейінде қамтамасыз ету жөніндегі стратегиялық міндетті белгіледі. Соңғы екі жыл бойы біз бұл тапсырманы дәйекті түрде орындап, тұрақты оң динамика көрсетіп келеміз.Мәселен, 2024 жылы экономика өсімі белгіленген 6 пайыздық көрсеткіштен асып, 8,3 пайызды құрады. Ал 2025 жылы жоспарланған 6,5 пайыздық көрсеткіш кезінде өсім 8,2 пайыз деңгейіне жетті. Биылғы міндет – экономикалық өсімді 6 пайыздан төмен түсірмей, оң динамиканы сақтау.Қазіргі уақытта Қостанай облысы Қазақстанның машина жасау орталығы болып табылады. Біз еліміздің машина жасау саласы өндірісінің жалпы көлемінің 25 пайызын өндіреміз. Алдағы уақытта бұл үлес одан әрі арта түседі.Жаңа өндірістер құрылуда. Егер 2022 жылы өңірде 4 ірі машина жасау зауыты жұмыс істеген болса, олар: «СарыарқаАвтоПром» ЖШС, «АгромашХолдинг KZ» АҚ, «МТЗ-Қазақстан машина жасау зауыты» ЖШС және «Қостанай трактор зауыты» ЖШС.Соңғы үш жылда тағы бес заманауи өндіріс пайда болды. Олар: Kia автомобиль зауыты, жүк техникасына арналған жетекші көпірлер өндіретін зауыт, жүк автомобильдеріне арналған блоктар мен блок бастиектерін өндіретін зауыт, теміржол көлігіне арналған серіппелер шығаратын зауыт және жеңіл автомобильдерге арналған автокомпоненттер өндіретін зауыт іске қосылуға дайындалуда.3 мыңнан астам жұмыс орны құрылды.Агроөнеркәсіптік кешенде 7 ірі сүт-тауар фермасы салынды, биыл тағы 5 ферманы ашу жоспарланып отыр.Сонымен қатар, «S-Agro Borovskoe» ЖШС-нің құрғақ бие сүтін өндіретін зауыты, «Аруана-2010» ЖШС-нің заманауи диірмен кешені, «KAIZEN» ЖШС-нің дәнді-бұршақты дақылдарды өңдеу фабрикасы, сондай-ақ «МИЛХ» ЖШС компаниясының қуаттылығы 10 мың тонна болатын ірімшік өндіру зауыты іске қосылды.«Кондитерлік астана» фабрикасының құрылысын аяқтап жатырмыз. Осы жобаның арқасында облыс еліміздегі кондитерлік өнімдердің ірі өндірушісіне айналады.Көлік логистикасын дамыту мақсатында облыс орталығында халықаралық «Тобыл» көлік-логистикалық кешенінің құрылысы жүргізілуде.Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан стратегиялық маңызы бар «Орталық – Батыс» автожол дәлізінің құрылысы басталып кетті.  Сондай-ақ, биыл Арқалық қаласынан Ұлытау облысының шекарасына дейінгі жол толық жөнделеді.Облыстың оңтүстік өңірлерін дамыту мақсатында Арқалық қаласында әуежайдың құрылысы аяқталуға жақын. Нысан алдағы бір жарым ай ішінде пайдалануға беріледі. Осылайша, Арқалықтан тікелей Қостанайға, Астанаға және Алматыға ұшақтар ұшады.Әлеуметтік сала өңір дамуының басым бағыты болып қала береді, ауылдық аумақтарды дамытуға ерекше көңіл бөлінуде.Соңғы үш жылда 305 ауылдық елді мекенде 1072 көше жөнделді, 185 ауылға кіреберіс жолдар қалпына келтірілді және 76 шақырым тротуар төселді. 98 ауылдағы 293 көше учаскесіне алғаш рет асфальт жабыны салынды.Тұрғын үй құрылысы қарқынды дамып келеді. 2025 жылы облыста 517,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 5,4 мыңнан астам отбасын баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.Соңғы жылдары өңірімізде жаңа мектептер, балабақшалар, денсаулық сақтау және спорт нысандары ашылып, ауылдық жерлерде инфрақұрылым жаңартылып жатыр.Тек 2023 жылдан бері облыста 100-ден астам әлеуметтік нысан пайдалануға берілді. Олардың қатарында 6,8 мың оқушы орнына арналған 10 мектеп және 2,3 мыңнан астам балаға арналған 15 балабақша бар.Қостанай қаласындағы Нариманов базары ауданында, сондай-ақ Тобыл қаласының «Астана» шағын ауданында әрқайсысы 1200 оқушы орнына арналған екі мектеп салынады. Әрқайсысының болжамды құны – 8,4 миллиард теңге.Соңғы үш жылда фельдшерлік-акушерлік пункттерді, дәрігерлік амбулаторияларды және медициналық пункттерді қоса алғанда, денсаулық сақтау және әлеуметтік саладағы 39 нысан салынды. Таяу күндері Қостанай ауданында үлкен емхана ашылады.Бұдан бөлек, 8 мәдениет нысаны және 39 спорт нысаны салынды. Олардың қатарында 18 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 11 хоккей корты, ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған жабық иппотерапия манежі және Арқалық қаласындағы спортқа дарынды балаларға арналған интернат бар.Қазіргі уақытта Үстел теннисі орталығы, жаңа аквапарк, Қостанай қаласының жағалауындағы көпфункционалды стадион салынып жатыр. Сондай-ақ «Астана» шағын ауданында 3 мың орындық жаңа Спорт сарайының құрылысы басталады. Арқалық қаласында «Самұрық-Қазына» қоры заманауи көпфункционалды спорт кешенінің жобасын жүзеге асыруда.«Қазақстан халқына» қоры Қостанай қаласында мүгедектігі бар адамдарға арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын қаржыландырады деген келісімге қол жеткізілді. Бұл мәселе ұзақ жылдар бойы шешімін таппаған болатын.Өз кезегінде, еліміздің Мемлекеттік Туын мен Әнұранын халықаралық ареналарда абыроймен асқақтатып жүрген спортшыларымыз – барша қостанайлықтардың мақтанышы.Биыл да өңір спортшылары жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Бокстан Азия чемпионы - Надежда Рябец, XXV жазғы Сурдолимпиада ойындарында теннистен командалық сайыста қола жүлдеге ие болған Бижан Төлебаев, Қанат Конкубаев, Данияр Искендиров пен Абылай Бүркітбай – қайсарлық пен табандылықтың айқын үлгісі.Пара пауэрлифтингтен әлем чемпионы атанған Фархат Мутунов, грек-рим күресінен U-23 әлем чемпионатының күміс жүлдегері Иусуф Мациев – өңір мақтаныштары.Қостанай өңірі – елге қызмет еткен ұлы тұлғалардың қасиетті мекені. Бұл – Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Бейімбет Майлин сынды Алаш руханиятының алыптарын дүниеге әкелген киелі топырақ.Олардың ағартушылық идеялары, ұлтқа адал қызмет ету жолындағы өнегелі өмірі бүгінгі ұрпаққа рухани бағдар болып келеді.Бүгінде сол даңқты жолды жалғастырып жүрген дарынды жастарымыз аз емес. Білім саласында халықаралық және республикалық олимпиадаларда жеңіске жеткен оқушыларымыз өңір мерейін асқақтатып, көк байрағымызды желбіретіп жүр.Физика пәнінен Азия олимпиадасының қола жүлдегері Әбдіқадір Таир, химиядан халықаралық олимпиаданың күміс жүлдегері Наргиз Абжанова, тіл білімі бойынша Азия-Тынық мұхиты олимпиадасының жеңімпазы Әлібек Қадралинов – Тәуелсіз Қазақстан жастарының жарқын келбеті.Мәдениет саласында да қостанайлық өнерпаздар ұлттық өнерді дәріптеп, халықаралық деңгейде табысты өнер көрсетіп келеді. «Алтын домбыра» иегері Айбек Қалиев пен «Алтын шаңырақ» республикалық айтысының Гран-при иегері Ирина Новицкая – ұлттық өнердің абыройын асқақтатқан дарындар.Қадірлі қауым!Бүгін біздің ортамызда даңқты қолбасшы, «Халық Қаһарманы» Бауыржан Момышұлының көзін көрген ел анасы, белгілі этнограф-жазушы Зейнеп Ахметова апамыздың отырғаны – біз үшін үлкен мәртебе.Бауыржан Момышұлы – ерлік пен елдіктің, тәртіп пен отансүйгіштіктің символына айналған тарихи тұлға. Оның өнегелі өмірі мен рухани мұрасы – жас ұрпақ тәрбиесіндегі мол қазына.Ал Зейнеп апамыз ұлттық тәрбие мен рухани байлықты дәріптеп, ұлт руханиятына өлшеусіз үлес қосып келеді. Осындай ардақты тұлғаның бүгінгі форумға қатысуы – баршамыз үшін тарихи сәт.Сонымен қатар, бүгін арамызда Олимпиада ойындарының жүлдегері Василий Левиттің анасы — Татьяна Борисовна да отыр. Еліміздің мақтанышына айналған осындай лайықты ұл-қыздарды тәрбиелеп, өсірген барлық ата-аналарға шынайы алғысымызды білдіреміз.Қадірлі ағайын!Көк Туымыз әрдайым бейбіт аспан астында желбірей берсін! Елтаңбамыз ел бірлігінің символы болып қала берсін! Әнұранымыз әр азаматтың жүрегінен орын алсын!Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, елімізге тұрақтылық пен өркендеу тілеймін!Мереке құтты болсын!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1234927?lang=ru
Аманкелді, Жетікөл және Айдарлы ауылдарының тұрғындары ұсыныс-пікірлерін жеткізді 30.06.2026
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, ел ағалары Серік Дүйсенбаев, Өмірбек Шәменов, Сұлтанбек Тәуіпбаев Сырдария ауданының Аманкелді, Жетікөл, Айдарлы ауылдарына жұмыс сапарымен барып, тұрғындармен және аудан активімен кездесті. Онда өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындылары мен алдағы міндеттер талқыланды.Жақында ауданда ауыл шаруашылығы саласын жаңа деңгейге көтеретін ауқымды инвестициялық жоба – жүгері дақылын терең өңдеу зауытының алғашқы кезеңі іске қосылды. Алда бұдан да басқа жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, салық базасын ұлғайту міндеті тұр. Аймақ басшысы шаруашылық каналдарын бетондау жобасын жедел әзірлеуді, суды аз қажет ететін дақылдар көлемін ұлғайтуды тапсырды. Құрылыс сапасын бақылаудағы кейбір мәселелерге тоқталып, болашақта салынатын нысандарды бастан-аяқ қатаң бақылауды жауапты мамандарға жүктеді. Бүгінде Сырдария ауданын газдандыру деңгейі 67 пайыз, Шіркейлі және Қоғалыкөл ауылдарына табиғи газ жеткізуге қаржы бөлінді. Бұл жұмыс мерзімінде әрі сапалы атқарылуы тиіс. Бесарық ауылын газдандыру жобасы дайын. Ендігікезекте демеушілерді тарта отырып, қалған ауылдардың жобасы әзірленуі керек. Кездесуде электр желілеріндегі апаттың алдын алу, жедел шара қабылдау, «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасын іске асыруға қатысты тапсырмалар берілді. Сырдария ауданындағы 2024 жылы пайдалануға берілген полигонда қалдықты қабылдау, сұрыптау және залалсыздандыру процестері талапқа сәйкес болуы тиіс. Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіп назардан тыс қалмауы қажет.Биылғы төрт айда аудан экономикасында оң өсім қалыптасты. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 38 млрд теңгеден асып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда айтарлықтай артты. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде өндірілген өнім көлемі 4,6 млрд теңге, ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында өндірілген жалпы өнім көлемі 2,2 млрд теңгеге жетіп, өсім көрсетті. Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 21,3 млрд теңге, жыл басынан бері 6 732 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Шағын және орта кәсіпкерлік саласы да тұрақты дамып келеді, ауданда 2 368 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген, оның 98,3 пайызы белсенді жұмыс істейді.Кездесуде ақсақалдар ұсыныс-пікірлерін білдіріп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелерді көтерді. Облыс әкімі барлық ұсыныс назарға алынатынын және көтерілген мәселелер кезең-кезеңімен шешілетінін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1235037?lang=ru
Жалағаш ауданының негізгі көрсеткіштері талқыланды 30.06.2026
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, ел ағалары Серік Дүйсенбаев, Өмірбек Шәменов, Еңбек Ері Имамзада Шағыртаев Жалағаш ауданына жұмыс сапарымен барып, М.Шәменов, Қаракеткен, Аққұм ауылдарының тұрғындарымен және аудан активімен кездесті. Жиында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері, бағдарланған ауқымды жобалар талқыланды. Қаракеткен ауылында іске қосылған «Харвест Агро» агроиндустриалды кластерінің алғашқы кезеңі – аудан экономикасына айрықша серпін беретін жоба. Аймақ басшысы аудан әкімдігіне қолда бар мүмкіндіктерді тиімді пайдалануды, инвестицияның басқа да көздерін іздестіруді, салық базасын ұлғайтуды тапсырды. Шаруашылық құрылымдарымен бірге каналдарды бетондау жобаларын әзірлеу, оларды тез арада қаржыландыруға ұсыну, суды аз қажет ететін дақылдар көлемін ұлғайту да назардан тыс қалмауы тиіс.Соңғы төрт жылда Жалағаш ауданында 192 пәтер салынды. Салаға жетекшілік жасайтын аудан әкімінің орынбасары, құрылыс бөлімінің басшысы әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлердің сапасын қатаң бақылауы керек.Жалағаш ауданында газдандыру деңгейі 53 пайыз, Қаракеткен және Бұқарбай батыр ауылдарына газ тарту жобасы әзірленген, Аққұм және Мәдениет бағытындағы ауылдарға жоба дайындауға демеушілерді тарту тапсырылды.Мәжілісте электр желілеріндегі апатты болдырмаудың жедел шараларын қабылдау, тұрмыстық қатты қалдықтарды тиімді басқару мәселелері де талқыланып, тиісті тапсырма берілді.Аймақ басшысы «Руханият» орталығында ауданның белсенді жастарымен кездесіп, олардың тың жобалары таныстырылды. Жалағаш ауданында өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 120,0 пайызға орындалып, 12 млрд 269 млн теңгенің өнімі өндірілді. Ал инвестиция көлемі 8 млрд 290 млн теңге болып, есепті кезеңмен салыстырғанда 122,7 пайызға жетті. Ауыл шаруашылығы саласында да өсім байқалады. Нақтырақ айтсақ, биыл жалағаштық шаруалар 42 178 гектарға егін екті, күріш көлемі 16 800 гектар.Ауданда 2 531 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелсе, оның 97,3 пайызы тұрақты жұмыс істейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1235092?lang=ru
Аймақтың көлік инфрақұрылымындағы маңызды нысан 30.06.2026
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, ел ағалары Серік Дүйсенбаев, Өмірбек Шәменов, Еңбек Ері Имамзада Шағыртаев Жалағаш ауданына жұмыс сапары кезінде жаңадан салынып жатқан теміржол вокзалындағы жұмыс барысымен танысты.Бүгінде Мемлекет басшысының тапсырмасымен еліміздегі 124 вокзал жаңғыртылуда. Осы қатарға былтыр Нұрлыбек Машбекұлы аудан орталықтарындағы және Төретам, Сексеуіл станцияларындағы, яғни аймақтағы барлық вокзалдарды, Жаңақорған ауданындағы Талап бекетінің платформасын енгізген болатын.Құрылысы өткен жылы басталған Жалағаш вокзалына 755,7 млн теңге бөлінген. Жобаның бас мердігері «Р и А Сервис ЛТД» ЖШС құрылыс-монтаждау жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Атап айтқанда, жолаушылар алаңына төсеніш тас төсеу және ғимараттың шатырын жабу толық аяқталған. Қазір нысанның ішкі қабырғаларын әрлеу, сыртқы қасбетін қаптау және аумақты абаттандыру жұмыстары қолға алынған.Жаңа теміржол вокзалы аудан тұрғындары мен жолаушыларға сапалы қызмет көрсететін, аймақтың көлік инфрақұрылымын дамытуға оң ықпал ететін нысан болмақ. Сондай-ақ, заманауи талаптарға сай салынып жатқан вокзал Жалағаштың сәулеттік келбетін айшықтайтын көрікті ғимараттардың біріне айналмақ. Осы ретте аймақ басшысы жауапты сала басшылары мен мердігер мекеме өкілдеріне құрылыс сапасына ерекше назар аударуды, нысанды белгіленген мерзімде пайдалануға беруді тапсырды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1235111?lang=ru