Ғылым
Қазақстанда «Өрлеу» бизнесті қолдаудың жаңа бағдарламасы іске қосылды 21.06.2025
Шағын және орта бизнесті қолдау құралдары көбейді: Қазақстанда «Өрлеу» жеңілдікті несиелендірудің жаңа бағдарламасы іске қосылды. Сыйақы мөлшерлемесі - жылдық 12,6%-дан аспайды, мерзімі - 10 жылға дейін.«Жаңғыртуға, өндірісті кеңейтуге немесе отандық материалдар мен жабдықтарға көшуге инвестиция қажет пе? «Өрлеу» бағдарламасы - инвестициялық мақсаттарға 7 млрд теңгеге дейін және айналым қаражатына 3,5 млрд теңгеге дейін алу мүмкіндігіңіз. Мөлшерлеме - 12,6%-дан жоғары емес, мерзімі - 10 жылға дейін, қайта қаржыландыру бар. Ал егер жоба талаптарға сай келсе, онда «Даму» қорынан кепілдік алуға болады», - деп хабарлайды Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы.Қазақстанда тіркелген ШОБ субъектілері қатыса алады. Экономиканың келесі секторлары басымдыққа ие: өңдеу өнеркәсібі, көлік және қоймалау, туризм, білім беру, денсаулық сақтау.Өтінімдерді Freedom Bank, ЦентрКредит Банкі және Halyk bank қабылдайды.Толығырақ - damu.kz сайтында және 1408 нөмірі бойынша.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1017752?lang=kk
Ақтөбеде үздік денсаулық сақтау саласының қызметкерлері марапатталды 21.06.2025
Ақтөбе қаласындағы Өнер орталығында Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті.Шара барысында өңірдегі денсаулық сақтау саласының жетістіктері мен даму бағыты кеңінен айтылып, ақ халатты абзал жандардың ел алдындағы еңбегі ерекше атап өтілді.Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, сала мамандарына ыстық ықыласын жеткізді.«Сіздердің әр күніңіз — адам өмірін сақтап, үміт пен сенім сыйлауға арналған. Бұл – үлкен жауапкершілік пен жүрек жылуын талап ететін мамандық. Ел Президенті жариялаған “Адал азамат” тұжырымдамасындағы адалдық, кәсібилік, әділеттілік пен жауапкершілік құндылықтарын сіздер күнделікті еңбектеріңізде лайықты көрсетіп келесіздер», – деді облыс әкімі.2024 жылы өңірде 12 жаңа денсаулық сақтау нысаны іске қосылып, 14 мекеме күрделі жөндеуден өтті. Ауылдық елді мекендерге 40 жас маман жолданып, 4,5 миллиард теңгеге медициналық техника сатып алынды. Жыл соңына дейін тағы 11 нысан салынып, 8 мекеме жаңғыртылады деп жоспарланған.Бүгінде өңірде жыл сайын 250-ге жуық ашық жүрекке операция жасалады. Ана мен бала денсаулығын сақтау бағытында да нақты нәтижелерге қол жеткізілуде. 2024 жылы 6034 сәби дүниеге келсе, биылдың алғашқы айларында 5255 сәби өмірге келген. «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында 425 бала дүниеге келді. 2025 жылы балаларға арналған кардиохирургиялық орталық ашу көзделуде.Кадр даярлау ісіне М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті мен М.Мәметова атындағы медициналық колледж де айтарлықтай үлес қосып келеді.Шара барысында сала ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, үздік қызметкерлер марапаттарға ие болды. Атап айтқанда, «Ерен еңбегі» медалі, «Денсаулық сақтау саласының үздігі» төсбелгісі, Құрмет грамоталары және Алғыс хаттармен табыс етілді.Мәншүк Мәметова атындағы медициналық колледж студенттері салтанатты шараға жиналған сала ардагерлеріне құрмет көрсетіп, естелік сыйлықтар ұсынды.Мерекелік кеш ақтөбелік өнерпаздардың концерттік бағдарламасымен жалғасты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1017515?lang=kk
Ақтөбеде қой жүнінен тоқыма емес материалдар өндіретін Қазақстандағы алғашқы зауыт іске қосылуға дайындық үстінде 21.06.2025
Ақтөбе қаласында еліміздегі бірегей KazFelTec кәсіпорынын іске қосу жоспарлануда. Бұл — табиғи қой жүнінен тоқыма емес материалдар өндіретін Қазақстандағы алғашқы зауыт болмақ.Жоба озық италиялық Cormatex Airlay технологиясы негізінде жүзеге асырылып, экологиялық таза жылу және дыбыс оқшаулағыш материалдар шығаруға бағытталған. Зауыт жылына 2,5 мың тонна жүнді қайта өңдеуге қауқарлы.KazFelTec — жай ғана зауыт емес, елдегі ауыл шаруашылығы шикізатын терең өңдеу тізбегін құру жолындағы маңызды буын. Бүгінде елімізде қой жүнінің небәрі 29%-ы ғана өңделеді, қалғаны кәдеге аспай жатыр. Жаңа зауыт фермерлермен тұрақты кооперация орнатуға, мал шаруашылығы өнімдерінің экономикалық құндылығын арттыруға және қалдықтарды азайтуға мүмкіндік береді.Жоба мемлекет қолдауымен жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары аяқталып, өндірістік жабдықтарды орнату қызу жүріп жатыр.Айта кетейік, KazFelTec зауытының іске қосылуы ауыл шаруашылығы үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, жұмыс орындарын құруға және «жасыл экономика» бағытын дамытуға өз үлесін қосады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1017946?lang=kk
Ақтөбеде 180 сарбаз әскери ант қабылдады 21.06.2025
Ақтөбе қаласындағы Орталық саябақта Әскери институттың 180-ге жуық сарбазы Отанға адал қызмет етуге ант берді.Салтанатты рәсімге Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген бозбалалардың ата-аналары мен жақындары қатысты. Әскери форма киіп, сап түзеген ұлдарын олар мақтанышпен тамашалады. Жас сарбаздар үшін бұл — жауапкершілік пен патриоттық рухтың маңызды сәті.Әскери ант — ер жігіттің ел алдындағы анты. Бұл күн жас сарбаздар мен олардың отбасылары үшін ұмытылмас оқиғаға айналды.#ЗаңжәнеТәртіпАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1017962?lang=kk
Әлия Молдағұлованың 100 жылдығы:мыңдаған көрермен таңғажайып дрондар шоуының куәсі болды 21.06.2025
«Әлия – ғұмыр» атты шараға облыс әкімі Асхат Шахаров пен Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев қатысты. Көпшілікке айырықша әсер қалдырған визуалды бейнелер шоуы аңыз тұлғаның мерейтойын атап өтуде ұмытылмастай әсер сыйлады. Мерейтойдың басты салтанаты «Қазақ халқына мың алғыс» стеласы алаңында өтті. Көпшілік керемет кештің куәсі болды. Сахна төрінде жергілікті өнерпаздар мен арнайы шақыртумен келген эстрада жұлдыздары мен әртістер өнер көрсетті. Аллаберген Жақсыбаев, Рита және Дулат Айтжановтар, Қанат пен Светлана Айтбаевтар, Мирас пен Құралай Бекжановтар, Марат Әйтімов, Әлихан Зейнолла және өзге де өнерлі жерлестеріміз бар. Жұлдыздар саханаға шықпас бұрын, телекөпір арқылы байланысқа шығып, ақтөбеліктерге жылы лебіздерін арнады. Содан соң, өнер иелері сахнада көптің жүрегін жаулаған сүйікті әндердіорындады.Көпке танымал әнші Садраддин, қазақ өнерінің аңызға айналған тұлғасы Роза Рымбаеваның ән шырқауы мереке көркін одан әрі қыздырды. Садраддин «Үйге», «Қанша күн?», «Бақыт», «Жауап бар ма?» көпке белгілі хит әндерін орындаса, халық әртісі Роза Рымбаева көрерменнің сүйікті «Любовь настала», «Сол бір кездер», «Шақырады көктем», «Балдәурен» әндерін шырқады. Кеш әншінің орындауындағы батырлықтың нышанын әспеттейтін «Әлия» әнімен қорытындыланды. Ал Ақтөбе аспанына синхронды түрде көтерілген 550 дана дронның шоуы таңғажайып көріністерді бейнеледі. Көпшілік Әлия Молдағұлова, Димаш Құдайберген, Ақтөбе өңірінің көрікті жерлерін және өзге де визуалды композицияларды тамашалады. Ел байрағы көрсетілгенде, 40 мыңнан аса көрермен Мемлекеттік Гимнді бір мезетте орындады. Жарық шоу лазермен және әсем әуендермен сүйемелденді. Дрондар шоуын Aspan Galaxy ұсынды. Жыл басынан бері Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған іс-шаралар тарихымыз бен мәдениетіміз үшін бірлік пен мақтаныштың нағыз символына айналды. Екі күнге жалғасқан мерейтойлық шаралар ауқымды бағдарламамен аяқталды. Оның аясында спорттық жарыстар, мерекелік концерттер, театрландырылған қойылымдар және Батыр ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою рәсімдері өтті. Бұл шаралар облыс тұрғындары мен қонақтардың басын біріктірді, жастарға рух берді және баршаға қазақтың мерген қызының ұлы өшпес ерлігін еске салып, оның келер ұрпаққа мәңгілік бағдар болып қала беретінін көрсетті.Әлия Молдағұлованы ұлықтау және оған деген құрмет ақтөбеліктердің жүрегінде мәңгіге сақталмақ, ал мерейтойлық іс-шаралар жерлесіміздің өшпес мұрасының жарқын айғағына айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1017495?lang=kk
Балқашта балалар алаңдарына бейнекамералар орнатылды 21.06.2025
Қарағанды облысында алғаш рет ауладағы балаларға арналған ойын алаңдарында бейнекамералар орнатыла бастады. Алғашқылардың бірі болып жақсы үрдісті Балқаш коммуналдық қызметкерлері бастады. Бұл жерде бейнебақылау жүйесі әзірге төрт аумақта пайда болды, ал болашақта көпқабатты үйлердің жанындағы 44 алаңды қамту жоспарланған.Тұрғындар жаңашылдыққа дән риза. Ең алдымен бұл балалардың серуендеу кезіндегі қауіпсіздігі. Сондай-ақ бейнебақылау тазалық пен тәртіпті жақсы қадағалауға көмектеседі, бұзу немесе қирату жағдайларын қысқартуға мүмкіндік береді.Бұл бастаманы «Балқаш универсал» ЖШС ұсынды.- Бізді тұрғындардың бірнеше мәрте өтініштері түрткі етті. Жыл сайын қалада балалар алаңдарын абаттандыруға бюджет қаражаты көп жұмсалады. Олардың сақталуын қамтамасыз ету, тазалық пен тәртіпті сақтау маңызды. Біз алаңдарға қызмет көрсетуді жоспарлап отырмыз, - дейді кәсіпорын директоры Олжас Сармантаев.Бейнекамералар орнатылған мекен-жайлар: Сәбитова ықшам ауданы, 2 үй; Бөкейханов көшесі, 7А үйі; Сванқұлов кварталы, 6 үй; Калмыков тұйық көшесі, 4 үй. Әрбір балалар алаңына жауапты адам тағайындалады - бұл міндетті ПИК төрағасы атқаратын болады. Ол арнайы мобильдік қосымша арқылы бейнебақылау жүйесіне қосыла алады - онлайн режимде болып жатқан оқиғаларды қадағалап, қажет болған жағдайда жедел шаралар қабылдайды.Балқаш қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Оңалбек Мәдіғалиевтің айтуынша, қаладағы қалған балалар алаңдарына да бейнекамералар орнату үшін барлық ПИК-термен жұмыс жүргізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1017999?lang=kk
Қостанай – Рудный жолының жаңаруы: қауіпсіздік пен жайлылық жолында 14.06.2025
Қостанай облысында KАZ19 «Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомол – Қарабұтақ» автожолын кезең-кезеңімен жаңарту жұмыстары жалғасуда. Бұл жұмыстар Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында, еліміздің көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында жүзеге асырылуда.Президент тапсырмасын орындаудың жарқын мысалдарының бірі – 2021 жылы Рудный қаласына кіреберістегі 5,1 шақырым жол учаскесінің қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілуі болды. Жобаны «Қостанай жолдары» ЖШС жүзеге асырды. Жоба құны — 4,5 миллиард теңге. Нәтижесінде автожол ІІІ техникалық санаттан І-Б техникалық санатқа ауыстырылып, көлік қозғалысының қауіпсіздігі мен жайлылығы едәуір артты.Биыл бұл бағыттағы жұмыс қарқын ала түсті: Рудный қаласының жолайрығынан Қостанайдағы Абай даңғылына дейінгі 31,5 шақырым жол учаскесінде орташа жөндеу басталды. Жөндеу жұмыстарын «АБЗ плюс» ЖШС жүргізіп жатыр. Жобаның жалпы құны — 6,7 миллиард теңге. Орташа жөндеу аясында жолға екі қабатты асфальт-бетон жамылғысы төселуде. Қазіргі таңда оң жақ жолақта төменгі қабат 28,2 шақырымға (90%) төселсе, сол жақта — 10,2 шақырымға (32%) аяқталған. Жобаны 2025 жылдың қазан айында толық аяқтау жоспарланып отыр.Қостанай – Рудный бағыты бойындағы көшені жарықтандыру мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. 2024 жылы Қонай тұрғын үй массиві маңында бір шақырымдық жарық шамдары орнатылды. Ал 2025 жылы Қостанай қаласынан Қонайға дейінгі аралықта тағы 3,8 шақырым жарықтандыру желісі тартылады.Бұған қоса, Қонайдан Рудныйға дейінгі 25 шақырым жол учаскесін жарықтандыру жобасы әзірленуде. Құрылыс-монтаж жұмыстары тамыз айында басталып, 2025 жылдың желтоқсан айына дейін аяқталады деп күтілуде.Аталған жобалар – өңірдегі жол сапасын арттыру мен инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі. Жолдардың қолжетімділігі мен қауіпсіздігін арттыру, халық үшін ыңғайлы жағдай жасау – Мемлекет басшысы айқындап берген басым бағыттардың бірі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1017534?lang=kk
Қостанай облысының әкімдігінде нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі өңірлік ведомствоаралық штабтың отырысы өтті. 13.06.2025
Отырыс барысында нашақорлық пен есірткі қылмысына қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері қаралды, профилактикалық жұмыстың тиімді нысандары, оның ішінде «бос микрофон» бастамаларын енгізу, блогерлерді тарту және үйде экспресс-тесттер өткізу бойынша ұсыныстар талқыланды.Отырыс Қостанай облысы әкімі аппаратының басшысы Мұрат Сандыбаевтың төрағалығымен өтті. Іс-шараға құқық қорғау және мемлекеттік органдардың, ҚР ІІМ Есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңестің, білім беру мекемелерінің, жастар ұйымдары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.ҚР ІІМ ЕҚҚІК-тың Екінші басқармасы бастығының орынбасары Сергей Ильинов 2025 жылдың 5 айында елдегі есірткі жағдайы туралы хабардар етті, республикада 3 320-дан астам есірткі құқық бұзушылық тіркелді, 3,3 тоннадан астам есірткі тәркіленді. Тыйым салынған заттарды таратқан 7,5 мыңнан астам интернет-ресурстардың қызметі тоқтатылды.Қостанай облысы Полиция департаментінің ЕҚҚІБ-тың бастығы Данияр Дәндібаевтың мәліметінше, өңірде есірткі қылмыстарының саны 24%-ке артқаны байқалады. Заңсыз айналымнан 46 келіден астам есірткі заттары тәркіленді, 8 заңсыз фитозертхана таратылды.Жастар арасында алдын алу шаралары, жазғы кезеңде кәмелетке толмағандарды жұмыспен қамту, сондай-ақ ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.Облыстың білім басқармасы басшысының орынбасары Данагүл Сүйіндікова ағымдағы жылы 85 мыңнан астам оқушы мен 43 мың ата-ана қатысқан 5,6 мыңнан астам профилактикалық іс-шара ұйымдастырылғанын хабарлады.Облыстың қоғамдық даму басқармасы басшысының м. а. Динара Қарымсақова ЖОО студенттері арасында тұрақты профилактикалық жұмыстар: дәрістер, пікірталастар, кездесулер, флешмобтар және басқа да іс-шаралар өткізілетіні туралы хабарлады. Қостанай облысының студент жастарының 70%-тен астамы шығармашылық, зияткерлік және спорт клубтарының қызметіне қатысады, бұл есірткіге қарсы тұрақты көзқарас пен құндылықтарды қалыптастыруға оң әсер етеді.Облыс денсаулық сақтау басқармасы басшысының м. а. Жанна Қозыбаеваның мәліметтері бойынша денсаулық сақтау қызметкерлері нашақорлықтың алдын алу, емдеу, оңалту және әлеуметтік қолдау жөніндегі 2025 жылға арналған жоспар әзірледі. Профилактика, есірткіні есепке алу және халыққа мамандандырылған көмек көрсету мәселелері бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту үшін Қостанай облыстық психикалық денсаулық орталығы Психологиялық қолдау мен тәрбие жұмысының өңірлік оқу-әдістемелік орталығымен ынтымақтастық туралы меморандум жасасты, ол мінез-құлқында проблемалары бар, психоактивті заттарды пайдалану бойынша тәуекел тобындағы және психологиялық- педагогикалық қолдауға мұқтаж кәмелетке толмағандармен бірлесіп жұмыс істеуге бағытталған.Есірткіге қарсы жұмыстың негізгі бағыттарынан басқа, Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған іс-шараларды өткізуге ерекше назар аударылады. Бұл акциялар қоғамдық хабардарлықты арттыруға және халық арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған. 26 маусымда облыс орталығында барлық мүдделі мемлекеттік органдардың қолдауымен Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай ауқымды акция ұйымдастырылады.Талқылау барысында нашақорлыққа қарсы күрес бойынша қабылданып жатқан алдын алу шараларына қарамастан, бұл бағыт жастар ортасына және халықтың осал топтарына ерекше назар аудара отырып, одан әрі күшейтуді және жүйелі ведомствоаралық жұмысты талап ететіні атап өтілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1017269?lang=kk
Ақын және жазушы Міржақып Дулатовтың туғанына 140 жыл толуына орай құрылыстың үздік жұмыс жобаларына мүсіншілер арасында республикалық шығармашылық байқауы 13.06.2025
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы ақын және жазушы Міржақып Дулатовтың туғанына 140 жыл толуына орай құрылыстың үздік жұмыс жобаларына мүсіншілер арасында республикалық шығармашылық байқау жариялайды.Байқаудың мақсаты: кем дегенде үш жұмыстан тұратын құрылыстың үздік жұмыс жобаларын анықтау.Жұмыс жобалары хабарландыру жарияланған сәттен бастап бір ай ішінде қабылданады.Үздік жұмыс жобаларына республикалық шығармашылық байқау өткізудің егжей-тегжейлі шарттары https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-madeniet?lang=ru, https://murakst.kz. сайттарында орналастырылған. Байқау өткізудің егжей-тегжейл шарттары.Анықтама телефондары: 8 (7142) 54-10-29, 54-10-69Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1016739?lang=kk
Өмір мен денсаулық – басты назарда: Қостанай облысында денсаулық сақтау жүйесі жаңғыртылуда 12.06.2025
Қостанай облысында халыққа медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған ауқымды реформалар қарқын ала бастады. Барлық бастамалар Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында жүзеге асырылып, инфрақұрылымды жаңғырту, цифрландыру және кадрлық әлеуетті күшейту сынды негізгі бағыттарды қамтиды.Жаңа медициналық нысандар – халыққа жақынБүгінде өңірде 450 мемлекеттік және 22 жекеменшік медициналық ұйым жұмыс істейді. Қостанай облысы медициналық жүйені тәжірибеге негізделген жаңа модельге көшірудің белсенді кезеңіне аяқ басты.Маңызды жобалардың бірі – Қостанай қаласындағы Юбилейный шағын ауданында жаңа №6 емхананың ашылуы. Құны 5 млрд теңгені құрайтын жоба жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылып, 30 мыңнан астам тұрғынға қызмет көрсетуге бағытталған. Бұл қадам қазіргі емханаларға түсетін жүктемені азайтып, бастапқы медициналық көмектің қолжетімділігін арттырады.Сондай-ақ, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Арқалық өңірлік ауруханасының босану бөлімшесінде күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Жобаның құны – 1,2 млрд теңге. Бұдан бөлек, Жітіқара қаласындағы жалпы ауданы 5300 шаршы метрден асатын емхананың қайта жаңғыртылуына 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді.Жабдық – сапалы ем мен диагностика кепіліЖыл соңына дейін облыстағы медициналық мекемелерге 7,2 млрд теңгеге жаңа жабдықтар жеткізіледі. Оның ішінде:• санитарлық автокөлік,• наркозды-тыныс алу аппараттары,• ӨЖЖ (ИВЛ) құрылғылары,• жоғары классты стационарлық УЗИ аппараттары,• бейнеэндоскопиялық және рентген жүйелері,• ангиографиялық кешендер мен басқа да заманауи құралдар бар.Бұл жабдықтар емдеу және диагностика мүмкіндіктерін едәуір кеңейтуге жол ашады.Маман – жүйенің жүрегіБүгінде өңірдің денсаулық сақтау саласында 14 мыңнан астам қызметкер еңбек етеді. Оның ішінде:• 1855 дәрігер,• 5741 орта буын маманы,• 2641 кіші медициналық персонал,• 3560 өзге қызметкер бар.2025 жылдың өзінде облысқа 57 жас дәрігер мен 137 орта медицина қызметкері келді. Жас мамандарды тарту үшін көтерме төлемдер мен қолдау шаралары қарастырылған.Цифрландыру – болашаққа қадамМедициналық ұйымдар цифрлық форматқа көше бастады: электрондық амбулаториялық карталар, еңбекке жарамсыздық парақтары, автоматтандырылған есеп жүйелері, телемедицина қызметтері енгізілуде. Бұл әсіресе шалғай аудандар үшін өте маңызды.Сонымен қатар, eGov Mobile қосымшасындағы «Әлеуметтік әмиян» жобасы арқылы науқастар дәрігер жазып берген тегін дәрілерді электронды рецептпен ала алады. Қазіргі таңда 330 мыңнан астам рецепт жазылса, оның 76 пайызы QR-код арқылы берілген.Пациент – жүйенің орталығындаРеформалардың басты мақсаты – пациентке бағытталған тәсілді қалыптастыру: кезектерді қысқарту, дәрігер мен пациент арасындағы байланысты нығайту, сенімді арттыру. Азаматтардың пікірін білу үшін тұрақты сауалнамалар жүргізіліп, олардың негізінде нақты шешімдер қабылданады. Сонымен бірге, арнайы қолдау қызметі арқылы кері байланыс арнасы жұмыс істейді.Қостанай облысы денсаулық сақтау саласындағы өзгерістерге жүйелі әрі жауапкершілікпен қарап отыр. Бұл ретте басты тіректер — инвестиция, технология және адами капитал. Мақсат — өңір тұрғындарына медициналық көмекті қолжетімді, сапалы және заманауи ету.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1016464?lang=kk
Айдарбек Сапаров: Қостанай облысында шегірткеге қарсы күрес белгіленген кесте бойынша жүргізілуде 11.06.2025
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров жұмыс сапары аясында Қостанай облысындағы егін алқаптарын үйірлі шегірткелерден қорғауға бағытталған фитосанитариялық іс-шаралардың барысымен танысты. Облыс басшылығымен бірге зиянкестерге қарсы күреске жұмылдырылған негізгі нысандарды аралап, шаруашылықтар мен мердігер ұйымдардың өкілдерімен алдын алу шараларын талқылады.Бүгінде облыстың бес ауданында өңдеу жұмыстары белсенді түрде жүргізіліп жатыр — 322,85 мың гектар жер өңделді, бұл жоспарланған көлемнің 49,7%-ын құрайды. Жұмысқа 59 арнайы техника, соның ішінде агродрондар, жеңіл авиация және ұшқышсыз ұшу аппараттары жұмылдырылған. Қолданылған препараттардың тиімділігі 82% деңгейінде бағалануда.Министр өңдеу сапасын әуеден бақылап, техникалық жарақтандырумен танысты және мониторингтен бастап өңдеуге дейінгі барлық кезеңдердің жедел орындалуының маңыздылығын атап өтті.«Қостанай облысында жұмыс нақты ұйымдастырылған: белгіленген кесте бойынша жүріп жатыр, кешігу жоқ. Басты міндетіміз — зиянкестердің таралуына жол бермеу. Бұл – ауыл шаруашылығының тұрақтылығы мен елдің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін жүйелі жұмыс», — деп атап өтті Айдарбек Сапаров.Шаруашылық өкілдері де өңдеуді белгіленген мерзімде аяқтауға толық дайын екендерін растады. «Бердыбаев» шаруа қожалығының басшысы Сәкен Бердібаевтың айтуынша, егінге тікелей қауіп болмаса да, алдын ала әрекет ету өте маңызды:«Иә, шегірткелер бар, бірақ ошақтары бірен-саран. Біз өз егістіктерімізді үнемі бақылап отырамыз, алғашқы белгілер байқалған сәтте бірден өңдеу жүргіземіз. Бұл — қалыпты жұмыс тәсілі», — деді ол.Сонымен қатар, министр сапар барысында Солтүстік Қазақстан облысының сүтті мал шаруашылығын дамыту тәжірибесін кеңейту бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан бірқатар нысандарды аралады. Қостанай облысында қазіргі таңда үш жаңа сүт-тауар фермасы іске қосылған, тағы үш жоба аяқталу сатысында. Бие сүтін терең өңдеу және оны жақын және алыс шетел нарығына шығару бағытындағы бастамалар да жүзеге асырылуда.Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов өңірдің негізгі бағыты – заманауи агротехнологиялар, өндірістік тәртіп және ауыл шаруашылығының тұрақты дамуы екенін атап өтті. Бұл жүйелі тәсіл өңірге тек жедел әрекет етіп қана қоймай, өндірістік әлеуетті сенімді түрде арттыруға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1015698?lang=kk
Қостанай облысында East Hope Group директорлар кеңесінің төрағасы Лю Юнсин мырзамен кездесу өтті 11.06.2025
Қостанай облысында бокситті өңдеу бойынша инвестициялық жобаны іске асыру жұмыстары белсенді түрде жалғасуда.Бүгін облыс әкімдігінде Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Қытайдың East Hope Group корпорациясының директорлар кеңесінің төрағасы, Forbes журналының нұсқасы бойынша Қытайдың ең ықпалды кәсіпкерлерінің бірі Лю Юнсин мырзамен кездесу өткізді.Екі күн бұрын Лю Юнсин мырза Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектеновпен келіссөздер жүргізіп, одан кейін келіссөздерді жергілікті жерде жалғастыру үшін Қостанай облысына келді.Кездесу барысында ауқымды инвестициялық жобаның негізгі параметрлері талқыланды. Жоба аясында мыналар қарастырылған:• алғашқы кезеңде жылына 2 миллион тоннаға дейін боксит өңдейтін кен байыту комбинатын салу;• қажетті инженерлік және логистикалық инфрақұрылымды қалыптастыру;• жаңартылатын энергия көздері мен циркулярлық экономика қағидаттарын қолдана отырып, өндірісті кезең-кезеңімен кеңейту.Жобаны үш кезеңмен жүзеге асыру жоспарлануда.Қостанай облысы барлық қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ете алады: су, газ және электр желілеріне қолжетімділік, сондай-ақ теміржол және автокөлік жолдары бар. Сонымен қатар, салықтық және әкімшілік жеңілдіктері бар арнайы экономикалық аймақ құру мүмкіндігі қарастырылып жатыр.Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың айтуынша, бұл жоба Қазақстанның солтүстігі үшін стратегиялық маңызға ие:«Бізде барлық қажетті алғышарттар бар — табиғи ресурстар, инфрақұрылым, көлік логистикасы және жобаны іске асыруға толық қолдау. Біз өндірістік кешенді орналастыруға және жобаны барлық кезеңдерінде қолдауға дайынбыз», – деді өңір басшысы.Жоба бойынша келіссөздер соңғы бір жыл бойы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қатысуымен жүргізілді. Бүгінгі таңда инвестициялық параметрлер бойынша айтарлықтай ілгерілеушілікке қол жеткізілді, тараптар нақты шешімдер мен іске асыру кезеңдерін талқылауда.Аталған жоба Мемлекет басшысы айқындаған басымдықтарға — әртараптандырылған, жоғары технологиялық және экологиялық тұрақты экономиканы қалыптастыруға толық сәйкес келеді. Оның жүзеге асырылуы жаңа жұмыс орындарын ашуға, экспорттық әлеуетті арттыруға және елдің өнеркәсіптік жүйесінде жаңа өсім нүктесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1015687?lang=kk
Қостанай облысында денсаулық сақтау ұйымдарының 2025 жылдың 5 айындағы қызметінің қорытындысы шығарылды 10.06.2025
Қостанай облысында денсаулық сақтау саласының 2025 жылдың қаңтар–мамыр айларындағы жұмыс қорытындылары жарияланды. Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен өткен кезекті аппараттық отырыста атқарылған жұмыстар сараланып, өзекті мәселелер мен алдағы міндеттер талқыланды.Инфрақұрылымды дамыту – басым бағытСоңғы екі жылда ауылдық елді мекендерде 25 алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысаны салынды. Бұл – амбулаториялар, фельдшерлік-акушерлік және медициналық пункттер, олар УДЗ аппараттарымен, зертханалармен, физиотерапиялық және оңалту жабдықтарымен қамтамасыз етілген.2024 жылы ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған аутизм және басқа да менталдық ауытқулары бар балалар орталығы ашылды. Қазіргі уақытта Қостанай ауданының Тобыл қаласында ауысымына 250 қабылдауға арналған жаңа емхананың құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, Қостанай қаласының Юбилейный шағын ауданында және Рудный қаласында медициналық нысандардың құрылысы аяқталуға жақын.Заманауи жабдықтар – сапалы қызметтің негізіСоңғы үш жылда денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаржы 1,3 есеге өсіп, медициналық техника сатып алуға жұмсалатын шығындар 2 есеге артып, 7,2 млрд теңгеге жетті. 2023–2025 жылдар аралығында 46 жедел жәрдем көлігі, 1 реанимобиль, 100-ден астам наркоз-тыныс алу аппараттары, ЭКГ және УДЗ құрылғылары, жаңа туған нәрестелерге арналған инкубаторлар, ангиограф және маммографтар сатып алынды.Нәтижесінде медициналық жабдықтардың тозу деңгейі 2022 жылғы 49,2%-дан бүгінгі күні 27%-ға дейін төмендеді. Алайда, Жангелдин, Амангелді және Федоров аудандарында техникамен қамтылу облыстық деңгейден төмен қалып отыр.Кадр мәселесі: басты назар – мамандар тартуМедициналық кадр тапшылығын шешу мақсатында арнайы қолдау шаралары жүзеге асырылуда. Қабылданған шаралардың нәтижесінде дәрігерлік бос орындар саны 251-ден 160-қа дейін қысқарды. Алтынсарин және Федоров аудандарында кадр тапшылығы толығымен жойылды, көптеген басқа аудандарда да оң динамика байқалады.Ауылдық жерге барған дәрігерлерге 5 млн теңгеге дейін, қалаларға – 3,5 млн теңге көлемінде көтерме жәрдемақы төленеді. Арқалық, Амангелді және Жангелдин аудандарында бұл төлемдер 7–8,5 млн теңгеге дейін ұлғайтылды.Халық денсаулығы – ұдайы назардаБірқатар аудандарда нәресте өлімі фактілері тіркелсе, Рудный қаласында бір ана өлімі орын алды. Қостанай және Қарабалық аудандарында жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім-жітім деңгейі жоғары.Облыс әкімі бұл көрсеткіштерді жақсарту үшін тек медицина саласының ғана емес, сонымен қатар халықтың да өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы маңызды екенін атап өтті. Уақытылы дәрігерге қаралу және алдын ала тексеруден өту ауруларды ерте сатыда анықтауға мүмкіндік береді.Медициналық көмек – адами қарым-қатынаспенОблыстағы медициналық ұйымдарда Пациенттерді қолдау қызметі жұмыс істейді. Азаматтардың басты шағымдары – қабылдауды ұйымдастыру, қызмет сапасы және этика нормаларын сақтау мәселелері. Медициналық мекеме басшыларына қызмет сапасына бақылауды күшейту және әрбір өтініш бойынша нақты әрекет ету тапсырылды.– Пациент келді – тыңдадыңдар, тексердіңдер, көмек көрсеттіңдер. Қызметтің үлгісі дәл осылай болуы керек, – деді Құмар Ақсақалов.Нақты тапсырмалар берілдіОтырыстың қорытындысы бойынша облыс әкімі Денсаулық сақтау басқармасына бірқатар тапсырмалар жүктеді:аурушаңдықтың өсуіне жол бермеу және алдын алу шараларын күшейту;барлық өңірлерде медициналық жабдықтармен қамтылуды облыстық деңгейге жеткізу;кадрларды тарту және медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жұмысын жалғастыру;медициналық қызмет сапасын жақсарту;медициналық ұйымдардың берешегін азайту;негізгі көрсеткіштер бойынша теріс динамикаға жол берген Қарабалық, Қостанай аудандарының, Қостанай қаласындағы №3 емхананың және Рудный қалалық емханасының басшыларын қатаң сөгіске тарту. 9 айдың қорытындысы бойынша оң өзгеріс болмаса, лауазымына сәйкестігі мәселесін қарау тапсырылды.Аймақта денсаулық сақтау жүйесі ары қарай да науқасқа бағдарланған тәсілге негізделе отырып, азаматтардың денсаулығы мен сенімін басты орынға қоятын бағытта дамитын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1014739?lang=kk
Қостанай облысында жазғы демалыс: балаларға арналған пайдалы әрі жан-жақты қамқорлықтағы тынығу 10.06.2025
2025 жылы жазғы демалыспен 105 мыңға жуық бала, яғни балалардың 98,6%-і қамтылады.Бұл мақсаттарға 264,4 млн. теңге бөлініп отыр.Биыл облыстың қала сыртындағы лагерьлер желісі 12 нысанды (9 мемлекеттік, 3 жекеменшік) құрайды, онда 8 000-нан астам баланы сауықтыру жоспарлануда.3 мемлекеттік лагерьде (Бәкіров атындағы демалыс базасы, «Лесная сказка» және «Алтынгүл») жетім балаларға арналған мектеп-интернатының оқушылары демалады. Бірінші маусымның ашылуы 9-18 маусым аралығында жоспарланған. Жазғы лагерьлерде жұмыс істеу үшін 4 мыңнан астам педагог жұмылдырылады. «Қазақстан халқына» қайырымдылық қорының ауыл балаларына арналған «QH Жаздық жолдама» жобасын өткізуі игі дәстүрге айналған, соның арқасында ағымдағы жылы 246 оқушы облыстың қала сыртындағы «Балдәурен» және «Болашақ» 2 лагерінде тегін демалатын болады. Төртінші жыл қатарынан мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Хачико» оңалту орталығында жалпы сомасы 54,1 млн.теңгеге облыстың 13 өңірінен ерекше білім беру қажеттілігі бар 359 бала демалады. Осы орталықта болған уақытта балалар және олармен еріп жүретін адамдарға күніне бес мезгіл тамақ беріліп, психологтар қызметі көрсетіледі.Әлеуметтік осал санаттағы балалардың демалысын қамтамасыз ету басымдық болып табылады. Бұл мақсаттарға жергілікті бюджеттен шамамен 167 миллион теңге бөлініп, жекелеген санаттағы 38 мыңға жуық бала жазғы демалыспен қамтылады.2 маусымнан бастап облыстың барлық білім беру ұйымдарында 773 мектеп жанындағы тегін лагерь жұмыс істейді, онда 1-10 сынып оқушыларының 91%-і, яғни 98 мыңға жуық бала демалатын болады.Жазғы кезеңде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі ерекше бақылауға алынған.105 мыңнан астам бала туристік-өлкетану, экскурсиялық, дене шынықтыру-сауықтыру, табиғатты қорғау және экологиялық шаралармен қамтылады.Облыстың барлық білім беру ұйымдарында 19,5 мыңға жуық бала мен жасөспірімді қамтитын «Психологиялық қолдаудың жазғы алаңдары» жобасы жоспарланған.Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында білім бөлімдері тарапынан 17,0 млн.теңгеге 850-ге жуық баланы түрлі іс-шарамен қамту жоспарланып отыр. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1014228?lang=kk
Қостанай облысында «жасыл» алюминий өндіру жөніндегі ауқымды жобаны іске асыру мәселесі талқылануда 09.06.2025
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов Қытайдың East Hope Group корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Лю Юнсинмен кездесу өткізді. Кездесу барысында жаңа инвестициялық жобаның перспективалары талқыланды. Жиынға Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов та қатысты.Жоба аясында Қостанай облысында жаңартылатын энергия көздерін пайдаланып, циркулярлы экономика қағидаттарына негізделген толық циклді алюминий өндіретін индустриялық парк салу көзделіп отыр. Жобаны іске асыру 2025–2029 жылдар аралығында кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Өңірге тартылатын инвестиция көлемі шамамен 3 миллиард АҚШ долларын құрайды.Бірінші кезеңде:жылына 6 миллион тоннаға дейін боксит өңдейтін тау-кен байыту комбинатының құрылысы;глинозем өндірісін іске қосу;барлық қажетті инженерлік инфрақұрылымды салу жоспарланып отыр.Қостанай облысы сумен, газбен, электр энергиясымен қамту желілеріне, сондай-ақ теміржол мен автокөлік жолына жақын орналасқан 800 гектар жер телімін ұсынуда. Сонымен қатар, салықтық және әкімшілік жеңілдіктерді қарастыратын арнайы экономикалық аймақ құру мүмкіндігі қарастырылып жатыр.Облыс әкімінің ұстанымы:«Қостанай облысында алюминий өндіру жобасын іске асыру — стратегиялық маңызды қадам. Бізде барлық қажетті алғышарттар бар: табиғи ресурстар, инфрақұрылым, логистика және барлық деңгейде қолдау бар. Біз өндірістік кешенді толық орналастыруға және инвесторларға қажетті қолдау көрсетуге дайынбыз», — деді Құмар Ақсақалов.Аталған жоба Мемлекет басшысы алға қойған – әртараптандырылған, технологиялық және экологиялық тұрғыдан орнықты экономиканы қалыптастыру жөніндегі негізгі міндеттерге толық сәйкес келеді. Оның іске асырылуы Қостанай облысы мен бүкіл солтүстік өңірдің өнеркәсіптік дамуына қуатты серпін береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1014041?lang=kk
Шалқар-Имантау аймағының туристік әлеуеті 08.06.2025
Имантау-Шалқар курорттық аймағы өңірдің негізгі туристік орталығы болып табылады. Мұнда тәулігіне 3962 турист қабылдай алатын 46 туризм нысаны жұмыс істейді, оның ішінде Айыртавчик көліндегі 3 балалар сауықтыру орталығы: «Сокол» БСО, «Чайка» және «Олимпиец» СҚКО. Оның ішінде 9 демалыс аймағы жыл бойы жұмыс істейді: «Изумруд», «Адель», «Дом у озера», «Адам», «Имантау», «Қазығұрт», «Солнечное Вип», «Тұрпан», «Заря».Имантау және Шалқар көлдерінің жағасында көптеген маусымдық демалыс базалары орналасқан. Жыл сайын демалыс аймақтарын абаттандыру және инфрақұрылымды жаңарту жүргізіледі: Нысандар жаңғыртылуда, қызметтер спектрі кеңейтілуде, туристерді қабылдау дайындалуда.Медициналық туризмді дамыту үшін «Шалқар су» шипажайын қайта жаңарту жалғасуда, оның дайындығы 80% құрайды. Пилоттық режимде іске қосу 2025 жылға жоспарланған.Демалыс базалары моншаларды, көл жағасындағы үйлерді, кафелер мен мейрамханаларды, су және спорттық жабдықтарды жалға алуды, жабдықталған жағажайларды, пикник алаңдарын және мәдени-ойын-сауық шараларын ұсынады. Велосипед және жаяу жүру маршруттары, Кемпингтер, беседкалар, сондай-ақ табиғи және мәдени-тарихи нысандар бойынша 13 туристік маршрут бар. Әр түрлі ұзындықтағы жаяу, атпен және велосипедпен жүру жолдары, сондай-ақ аймақтың көрікті жерлеріне экскурсиялар ұсынылады.Жазда туристер мен жергілікті тұрғындардың қатысуымен спорттық фестивальдар, анимациялық бағдарламалар және экологиялық акциялар өтеді. Қызметтер тізімін үнемі кеңейту аймақтың туристік тартымдылығының артуына және келушілер ағынының артуына ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/1013299?lang=kk
Облыс әкімі: Ауыл дамуы – ортақ әрі маңызды іс 08.06.2025
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Әулиекөл ауданына жасаған жұмыс сапары аясында Новонежин, Озерное және Аманқарағай ауылдарын аралады. Сапар барысында әлеуметтік инфрақұрылымның дамуы, абаттандыру және «Таза Қазақстан» бағдарламасын іске асыруға бизнесті тарту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Туған жер алдындағы жауапкершілік Ауыл тұрғындарымен және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесуде Құмар Ақсақалов Мемлекет басшысының сөзіне тоқталды: «Үлкен жетістіктерге жеткен әрбір азамат туған жерінің өркендеуіне өз үлесін қосуы тиіс. Нағыз патриотизм — осы». — Бүгінде көктемгі егіс жұмыстары аяқталуға жақын. Бұл — техника, ресурстар мен мамандардың босап, күш-жігерді ауылдарды абаттандыруға бағыттайтын уақыт, — деді облыс әкімі. Ол әрбір кәсіпкердің өзі өмір сүріп, еңбек етіп жатқан өңірінің дамуына жауапты екенін ерекше атап өтті. Әулиекөл ауданындағы спорт кешені Әулиекөл ауданының Новонежин ауылында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің салтанатты ашылуы өтті.Бұл заманауи нысан облыстағы спорттық инфрақұрылымды дамыту жолындағы жүйелі жұмыстың бір бөлігіне айналды. Кешен бір ауысымда 48 адамды қабылдай алады. Мұнда футбол, волейбол, баскетбол, үстел теннисі, қазақша күрес, тоғызқұмалақ және шахматпен айналысуға жағдай жасалған. — Соңғы екі жылда облыста 17 спорт нысаны салынды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр. Ең бастысы — жастар мен балаларды бұқаралық спортқа тарту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, — деді Құмар Ақсақалов. Аманқарағайдағы жаңа балабақша Жұмыс сапары аясында ашылған маңызды әлеуметтік нысандардың бірі — Әулиекөл ауданының Аманқарағай ауылындағы «Айналайын» балабақшасы.145 орынға арналған бұл мекемеде 2 жастан 5 жасқа дейінгі балаларға арналған 6 топ қазақ және орыс тілдерінде жұмыс істейді. Балабақшада балалардың сапалы білім алуы мен жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалған, қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастырылған. «Жастар» сквері: бизнестің ауылға үлесі Әулиекөл ауданына қарасты Озерное ауылында облыс әкімі орман шаруашылығы мекемесінің жұмысымен танысып, Новонежин ауылында салынып жатқан «Жастар» скверінің құрылыс алаңын аралады.Бұл бастама — мемлекет пен бизнестің тиімді әріптестігінің нақты көрінісі. Жоба жергілікті ауыл шаруашылығы өндірушілерінің қолдауымен, «Тaза Қазақстан» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. — Ауылдарды абаттандыру — тек мемлекеттің ғана емес, әрбір жанашыр азаматтың міндеті. Кәсіпкерлердің туған ауылдарына қамқорлық танытып, игі бастамаларға ұйытқы болуы — нағыз туған жерге деген жанашырлықтың белгісі, — деді Құмар Ақсақалов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1012895?lang=kk
Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаментінің басшысы тағайындалды 08.06.2025
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен кадрлық өзгерістерге қатысты мәжілісте Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымына тағайындалған Айтымбетова Ләззат Қанибайқызы таныстырылды. Осыған дейін аталған департамент басшысы болған Байменова Ғалия Абсадыққызы зейнет жасына жетіп, құрметті еңбек демалысына шықты.Облыс әкімі Ләззат Қанибайқызының жаңа қызметіне сәттілік тілеп, бірқатар міндет жүктеді.«Жаңа басшыға медициналық қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау функцияларын атқаруды, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысын қатаң бақылауды тапсырамын», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.Айтымбетова Ләззат Қанибайқызы 1974 жылы Қармақшы ауданында дүниеге келген.Шымкент мемлекеттік фармацевтикалық институтында «Провизор», Орталық Азия университетінде «Қаржы және несие» мамандықтары бойынша білім алған. Еңбек жолын 1996 жылы Қызылорда қалалық перзентханасында дәріхана провизоры ретінде бастаған.Әр жылдары Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қызылорда облысы бойынша департаментінде, облыстық денсаулық сақтау басқармасында, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында жауапты қызметтер атқарған. 2024 жылдан осы күнге дейін Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінде басшылық лауазымдарда абыройлы еңбек етті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1012586?lang=kk
Қарағанды облысында ірі сүт-тауар фермасы салынуда 08.06.2025
Қарағанды облысында Осакаров ауданының Родников ауылдық округінде Eurasia Invest компаниясы салып жатқан 6000 басқа арналған заманауи сүт-тауар фермасы пайда болады. Бұл еліміздегі сүтті мал шаруашылығы саласындағы құны 30 млрд теңгеден асатын ірі инвестициялық жобалардың бірі. СТФ-ның қуаты – жылына 9 мың тонна сүт. Оның іске қосылуы 180 жаңа жұмыс орнын қамтамасыз етеді.Жобаның жүзеге асырылу барысымен облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Осакаров ауданына жұмыс сапары барысында танысты. Компания басшысымен бірге ол болашақ ірі нысанның негізін қалау құрметіне ескерткіш тас салды.«Евразия Инвест LTD» ЖШС құрылтайшысы Иван Георгиади жобаның кезең-кезеңімен іске асырылатынын, бірінші кезек биыл іске қосылатынын айтты. Голштин-фриз тұқымды сиырлардың бірінші партиясы сатып алынды.– Жоба бірегей, бір кешенде бірінші кезеңде 1200 бас, содан кейін екі есе көп болады. Жем-шөп базасы меншікті болады. Биылғы маусымда мың гектарға жуық жүгері мен жоңышқа егілді, – дейді Иван Георгиади. – Ауыл шаруашылығында біз үшінші жыл жұмыс істеп келеміз. Бірінші жылы танысу болды. Техника сатып алдық, бізде жабдықтарымыз ең заманауи. Екінші жылы суарумен айналыса бастадық – біз Мемлекет басшысының Жолдауын қолдап, нәтижесін көріп отырмыз. 2024 жыл озық жыл болды, себебі өзіміз үшін ірі жобаларды жүзеге асыруды көздеп отырмыз. Жеңілдікті несиелендіруге өтініммен шықтық. Бізді қолдады. Ел мен облыс басшылығына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтқым келеді.Кәсіпорын суармалы жерлерінің аумағын 10 мың гектарға дейін ұлғайтады. Жоба бойынша 120 жаңбырлатып суаратын машина орнатылады. Бұл өнімділікті арттыруға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, 12 мың тоннаға арналған көкөніс қоймасы салынбақ.– Бұл өте қажетті және маңызды жоба, – деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев. – Жақында Нұра ауданында 1200 басқа арналған сүт-тауар фермасын аштық. Жаңа бастамаларды ескере отырып, біз сүт зауыттарының отандық шикізатқа деген қажеттілігін толығымен жабамыз. Импорттық тәуелділікті төмендетеміз. Бұл Президенттің бізге қойған басты міндеті – импорттан бас тартып, өз өндірісімізді дамыту.Биыл Осакаров ауданында егістік алқабы 450 мың гектарға дейін ұлғайды – өткен жылмен салыстырғанда 34,5 мың гектарға артық.Мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісі де өсуде. Ірі қара мал, қой мен ешкі, жылқы басы көбейді. Жайылымдық жерлердің жетіспеушілігі мәселесі шешілуде. Оған Қарағайлы, Сарыөзек, Озерный, Ақбұлақ, Шідерті ауылдық округтерінде және Молодежный кентінде іске асырылған «Жайлау» жобасы көмектесті. Биыл Есіл ауылдық округі қосылады.Суретті түсірген: Жангелді ӘбдіғалымАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1012442?lang=kk
Өнеркәсіптік кооперация: Теміртау металлургтері машина жасаушыларға болат жеткізе бастады 08.06.2025
Отандық машина жасау тарихында тұңғыш рет автобустардың шанақ элементтері халықаралық сапа стандарттары бойынша сертификатталған қазақстандық металды пайдалана отырып шығарылатын болады. Qarmet металлургиялық комбинаты Саранда орналасқан QazTehna зауытында шанақ бөлшектерін жаңа штампылау өндірісі үшін 08КП маркалы мырышталған болат жеткізуге кірісті.Бұл туралы Qarmet компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.QazTehna инвестициялық бағдарлама аясында Қазақстанда ауданы 10 000 шаршы метрден асатын алғашқы мамандандырылған штампылау корпусын құру жобасын іске асыруда. Өндіріс күрделі шанақ компоненттерін дайындауға арналған бірегей гидравликалық престермен жарақтандырылатын болады. Жобаның құны 20 млрд теңгеден асады, қаржыландыру Өнеркәсіпті дамыту қорының қолдауымен QazTehna-ның өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Пайдалануға беру 2025 жылдың тамызына жоспарланған.Бірінші кезеңде Yutong қалалық, туристік және мектеп автобустары үшін, ал кейіннен HOWO коммерциялық техникасы үшін шанақ бөлшектерін шығару жоспарланған."Машина жасау сегментіне шығу – бұл Qarmet үшін стратегиялық маңызды қадам. Біз қазақстандық металлургия ірі инвестициялық жобаларды ескере отырып, отандық өндірісті қолдау және ел ішінде қосымша құн жасау жөніндегі барлық міндеттерді орындауға қабілетті екенін растаймыз", – деп түсінік берді Qarmet баспасөз қызметінде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1012518?lang=kk