Enbekshi QazaQ

Ғылым

Солтүстікте Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтілді 08.06.2025
Бүгін Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күні атап өтілуде — бұл Тәуелсіздігіміздің рухын және ұлттық бірлікті бейнелейтін ерекше дата. Айтулы күнге орай облыс орталығында СҚО әкімінің қатысуымен мемлекеттік Туды көтеру рәсімі өтті, сондай-ақ еліміз бен өңірдің дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға марапаттар салтанатты түрде табысталды.Ту, Елтаңба және Әнұран — бұл жай ғана белгілер емес. Олар — бостандықтың, патриотизмнің, тарихымызға, ана тілімізге, мәдениетіміз бен дәстүрлерімізге деген құрметтің символдары. Мемлекеттік рәміздерге деген құрмет — Отанға деген сүйіспеншіліктің көрінісі және әр азаматтың парызы."Баршаңызға шын жүректен бейбіт өмір, бақыт, амандық және гүлденген Қазақстанның игілігі үшін жаңа жетістіктер тілеймін. Көк Туымыз әрдайым желбірей берсін! Мереке құтты болсын!", - деп атап өтті өңір басшысы. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/1012346?lang=kk
Қостанайда Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті 08.06.2025
4 маусым күні Қостанай облысы әкімдігі ғимаратының алдындағы алаңда Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараға облыстық басқарма өкілдері, жастар, әскери қызметшілер, белсенді азаматтар, оқушылар мен студенттер қатысты. Салтанатты шара Мемлекеттік Тудың көтеріліп, Әнұранның шырқалуымен басталды. Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов жиналған қауымды айтулы мерекемен құттықтап, мемлекеттік рәміздердің елдік пен бірлікті нығайтудағы маңызын атап өтті. «Мемлекеттік рәміздер – бұл тек Тәуелсіздіктің белгілері ғана емес. Бұл – халқымыздың рухын көтеретін, барша қазақстандықты біріктіретін қасиетті құндылықтар. Әнұран, Ту мен Елтаңба арқылы әлем Қазақстанның бейбітшіл, қуатты әрі ашық мемлекет екенін таниды», – деді өңір басшысы. Өз сөзінде облыс әкімі Құмар Ақсақалов Қостанай облысының ел дамуына қосып отырған үлесіне де тоқталды. Биыл өңірде ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, мыңдаған жаңа жұмыс орны ашылуда, тұрғын үй және инфрақұрылым құрылысы белсенді жүргізілуде, экономиканың негізгі салаларында өсім байқалады. Салтанатты жиында патриоттық бастамалар мен ағартушылық жобаларға белсене қатысқан үздік оқушылар, студенттер мен әскери қызметшілер алғыс хаттармен марапатталды. Шара барысында шығармашылық ұжымдар Отанға арналған әндерді орындап, жастар флешмоб ұйымдастырды. Мерекелік шара еліміздің Мемлекеттік Әнұранының тағы бір мәрте орындалуымен және Мемлекеттік Туға құрмет көрсетумен қорытындыланды. Қатысушылар Қазақстанның Тәуелсіздігін, бірлігі мен болашағын көздің қарашығындай сақтап, ұрпақтан ұрпаққа аманат етуге дайын екендерін білдірді. Мемлекеттік рәміздер күні – әрбір азаматқа туған еліне деген сүйіспеншілік пен жауапкершілікті еске салатын тағылымды мейрам.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1011863?lang=kk
Стратегиялық даму: «Полудинское» ЖШС мал шаруашылығында қуаттылықты арттыруда 08.06.2025
Мағжан Жұмабаев ауданы Полудино ауылында 2021 жылы іске қосылған «Полудинское» ЖШС сүт кешені белсенді дамып келеді. 400 бас ірі қара малға есептелген бұл ауқымды жоба шаруашылықтың меншікті инвестициясының 3 миллиард теңгесінің арқасында іске асырылды.Еуропадан жоғары өнімді табын құру үшін симменталь және голштино-фриз тұқымдарының 337 аналық басы әкелінді. Жобаны іске асыру шеңберінде екі сиыр қорасы, сауу залы, перзентхана блогы, жас жануарларға арналған үй-жай салынды, сондай-ақ «De Laval» компаниясы шығарған 40 басқа арналған «Карусель» заманауи сауу жабдығы орнатылды.Шаруашылық дамуын жалғастыруда: аналық мал басын 1000 басқа дейін ұлғайту мақсатында жақын арада тағы үш сиыр қорасын салу жоспарлануда. Қазіргі уақытта олардың біреуінің құрылысы жүргізілуде — 300 басқа арналған. Сондай-ақ, екі сүрлем шұңқырының құрылысы аяқталды, бұл сенімді қоректендіруді қамтамасыз етеді.Жобаны іске асыру аудан экономикасының дамуына елеулі үлес қоса отырып, 10 тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. Кешенді кеңейту Жұмыспен қамтудың жаңа мүмкіндіктерін және өңірдің агроөнеркәсіптік секторын одан әрі нығайтуды уәде етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/1011869?lang=kk
Қостанай ауданында заманауи Балалар шығармашылығы үйі ашылды 08.06.2025
Қостанай ауданының Тобыл қаласында 1300 балаға арналған жаңа Балалар шығармашылығы үйі өз есігін ашты. Салтанатты шараға Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов қатысты.Өз сөзінде өңір басшысы еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев белгілеген басты міндеттердің бірі – адами капиталды дамыту және жастардың әлеуетін толық ашуға жағдай жасау екенін атап өтті. Мемлекет балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық, ғылыми, спорттық және қоғамдық бастамаларын жүзеге асыруына мүмкіндік беретін орта қалыптастыруды жүйелі түрде жалғастырып келеді.«Балалар әлемі» қосымша білім беру орталығының құрылысына мемлекеттік бюджеттен 1,5 миллиард теңге бөлінді. Жаңа нысан заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған, қауіпсіздік пен қолжетімділік талаптарына толықтай сай келеді.Бұл ғимаратта Балалар шығармашылығы үйі мен Балалар музыка мектебі бір шаңырақ астында орналасқан. Шығармашылық үйінің аясында 50-ге жуық үйірме жұмыс істейді. Олардың қатарында түрлі тілдегі пікірсайыс клубтары, актерлік шеберлік, экология, өлкетану, хореография және ұлттық спорт түрлеріне (тоғызқұмалақ, асық ату, дәстүрлі ойындар) арналған үйірмелер бар. Сонымен қатар, робототехника, лего-құрастыру, фото және бейнестудиялар, STEAM-зертханасы мен гидропоника кабинеті жұмыс істейтін заманауи технопарк ашылды.Музыка мектебінде 250-ден астам оқушы 12 бағыт бойынша білім алуда. Өткен оқу жылының өзінде мектептің материалдық-техникалық базасы 107 миллион теңгеге жаңартылды: жаңа музыкалық аспаптар мен заманауи цифрлық құрал-жабдықтар сатып алынды. Оқушылар арасында ұлттық рухты оятатын киелі аспап — домбыра ерекше сұранысқа ие (86 бала). Сонымен қатар, қобыз бен жетігенге қызығушылық танытқан балалардың қатары жыл сайын артып келеді.Соңғы үш жыл ішінде аталмыш мекеме шәкірттері 200-ден астам өңірлік, облыстық, республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды. Соңғы жетістіктердің бірі — Дильназ Әлембаеваның «Бала шабыты» халықаралық байқауында иеленген Гран-приі және Батыр Қаржаспаевтың Латиф Хамиди атындағы халықаралық байқауда бірінші дәрежелі лауреат атануы.— Өткен жылдың қарашасында «IQostanay» SMART орталығының ашылуында мен мұндай заманауи орталықтар әр аудан мен қалада болуы тиіс екенін айтқан едім. Бүгінде бұл сөз нақты іспен дәлелденіп отыр. Осындай білім ордаларында болашақтың жұлдыздары тәрбиеленетініне сенімдімін, — деп атап өтті Құмар Ақсақалов.Жыл соңына дейін Жангелдин ауданында 100 орындық жаңа Шығармашылық үйінің ашылуы жоспарланған.Өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына жағдай жасау – Қостанай облысының басты басымдықтарының бірі болып қала береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1011875?lang=kk
СҚО-да 8 мың басқа шақталған мегаферма салынуда 08.06.2025
Біздің өңірде 8 мың басқа арналған мегаферма ашылады. Жобаны «Зенченко и К» КС жүзеге асырып, оған 9 миллиард теңге инвестиция құюда. Іске қосылғаннан кейін бұл еліміз бен Орталық Азиядағы ең ірі сүт кешеніне айналады. Жыл сайын  26 мың тонна сүт өндірілмек. Өңірде сүтті мал шаруашылығы қарқынды дамып келеді: биыл 11 жаңа ферма салынбақ, ал өткен жылы 17 сүт кешені іске қосылды. Қызыл ауданына жұмыс бабымен барған облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов кешеннің құрылысымен танысты. Сондай-ақ, «Зенченко и К» алқабы мен  Новоникольское ауылында Геннадий Зенченконың қолдауымен салынған көпфункционалды балалардың ойын және спорт алаңын қарады. Оған қоса, өңір басшысы «Сервис Жарс» ЖШС-нің заманауи жаңбырлатып суару жүйесімен жабдықталған жоңышқа алқабындағы шөп шабу жұмыстарын бақылады. Шаруашылық жоңышқа өңдейтін зауыт салуды көздеп отыр. Сонымен қатар, аудан диқандарымен кездесіп, көктемгі егіс жұмыстарын аяқтау мәселелері талқыланды. Тағы бір маңызды жоба – өңір үшін көлік қатынасының маңызды дәлізі болып саналатын «Жезқазған–Петропавл» республикалық автожолының орташа жөндеуі. Жұмыстар жолдың әртүрлі учаскелерінде бірнеше мердігер ұйымдардың қатысуымен қатар жүргізілуде. Екі жылда 135 км жол асфальтталды, биылға жоспар – 215 км. Жыл соңына дейін Покровка– Бескөл ауылдары және Сергеевкадан Ақмола облысының шекарасына дейінгі аралықта асфальт төсеу аяқталады. "Бұл – тұрғындарға ыңғайлы әрі қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ететін үлкен инфрақұрылымдық жобаның соңғы кезеңі болмақ", - деп атап өтті облыс әкімі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/1011501?lang=kk
Экология – Қостанай облысының стратегиялық басымдығы 04.06.2025
5 маусым – Эколог күні қарсаңында Қазақстан, әлем елдерімен бірге, қоршаған ортаны қорғау мәселесіне ерекше назар аударады. Бүгінгі таңда орнықты даму мемлекеттік және өңірлік саясаттың өзегіне айналып отыр. Осы тұрғыда Қостанай облысында экология стратегиялық маңызы бар бағыт ретінде белгіленді. Бұл – уақыт талабы мен келер ұрпақ алдындағы жауапкершіліктен туындаған қажеттілік, тек сәнге айналған ұран емес.Қостанай облысының экологиялық күн тәртібіҚостанай облысы – ірі аграрлық-индустриялық өңір. Ауыл шаруашылығы, кен өндіру және көлік салаларының дамуы табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану мен қорғауды талап етеді. Соңғы жылдары өңірде экологиялық ахуалды жақсарту бағытында нақты қадамдар жасалып жатыр:* Қостанай, Рудный, Жітіқара және Лисаков қалаларында атмосфераға шығарындыларды бақылауға арналған автоматтандырылған мониторинг жүйелері енгізілуде;* Елді мекендерді көгалдандыру және орман алқаптарын қалпына келтіру бағдарламалары іске асуда;* Өндіріс орындарының экологиялық жауапкершілігін арттыру жұмыстары жүргізілуде;* Қалдықтарды сұрыптап жинау мен қайта өңдеу бастамаларына қолдау көрсетілуде.Эколог күніне орай жыл сайын өңірде қоршаған ортаны қорғауға қоғамды тартуға бағытталған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады.Өткізілген шаралар:* 29 мамыр 2025 жыл — Қостанай облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының тапсырысымен «Neco» экологиялық клубы «Табиғат шекарасыз — орман, су, тазалық» атты экосағат өткізді. Іс-шарада табиғи ресурстарға саналы көзқарас, ормандарды өрттен сақтау, суды үнемдеу және тұрмыстық қалдықтардан қорғану мәселелері талқыланды.* 31 мамыр 2025 жыл — «Мөлдір Бұлақ» және «Таза Қала» атты экологиялық акциялар өтті. Оған мемлекеттік органдар, студенттер, волонтерлер, экоактивистер және жергілікті тұрғындар қатысып, жалпы саны 8200 адам болды. 850 тоннаға жуық қоқыс жиналып, шығарылды.* 2 маусым 2025 жыл— экоактивистер мен еріктілермен бірлесіп «10 экоәдет — дұрыс өмір салты» атты онкүндік онлайн-челлендж басталды. Әлеуметтік желілер арқылы қоршаған ортаға ұқыпты қарауға үндеу жарияланды.* 3 маусым 2025 жыл — Қостанай қаласындағы «Жанұя» балалар үйінің тәрбиеленушілері арасында «Таза болса табиғат – аман болар адамзат» атты сурет байқауы өткізілді. Жеңімпаздар мен қатысушыларға естелік сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.Алдағы жоспарланған шаралар:* 5 маусым 2025 жыл — республикалық «Қоғамдық эко-бақылау» акциясы басталады. Оның аясында мемлекеттік органдар мен қоғам өкілдері бірлесіп туристік, тарихи-мәдени нысандарда және көгалдандыру, заңсыз қоқыс үйінділері, суару жүйелері сияқты мәселелер бойынша экомониторинг жүргізеді.* Осы күні экомарафон басталады. Ол 10 маусымға дейін жалғасады. Марафон аясында су айдындарын, мемлекеттік орман қорын, аулалар мен қоғамдық орындарды тазарту жұмыстары ұйымдастырылады.* 5 маусым — «Экологиялық үгіт-насихат шараларын өткізу» жобасы аясында тұрғындарға арналған эковикторина, сондай-ақ сала үздіктерін ведомстволық марапаттармен, құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапаттау рәсімі өтеді. Сонымен қатар, өңірдің ауыл-аймақтарында «Туған жер — таза жер!» атты экологиялық акция өтеді.* 9 маусым — «Neco» экоклубының бастамасымен мемлекеттік қызметкерлерге арналған «Жасыл кеңсе қағидаттарын енгізу» атты интерактивті оқыту өтеді.Ортақ іс – ортақ болашақЭкология — бұл тек экологтар мен табиғатты қорғау мекемелерінің міндеті емес. Бұл — бүкіл қоғамға қойылған сын. Әрбір Қостанай тұрғыны табиғатты қорғау ісінде өз үлесін сезінуі тиіс: тұрмыстық қалдықтарды дұрыс сұрыптаудан бастап, ағаш отырғызуға дейін.Тек біріге әрекет еткенде ғана біз Қостанай облысының таза ауасын, құнарлы топырағын және мол су қорын сақтап қала аламыз. Эколог күні — бұл кәсіби мейрам ғана емес, сонымен қатар әрқайсымызға ой салар күн: артта қандай із қалдырамыз?Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1011171?lang=kk
Қауіпсіз жаз: Қостанай облысында өрт қауіпті маусым мен шомылу кезеңіне дайындық мәселелері талқыланды 03.06.2025
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен өткен кезекті әкімдік отырысында өңірдің өрт қаупі жоғары кезеңге және шомылу маусымына дайындығы қаралды. Басты назарда – азаматтардың, әсіресе балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау және табиғи ресурстарды сақтау мәселелері болды. Өрт қауіпті кезең: алаңдатарлық деректер мен нақты шаралар Жаздың аптап ыстығымен өңірде өрт оқиғалары күрт көбейді. Жыл басынан бері 222 өрт оқиғасы тіркеліп, олардың қатарында Жітіқара, Сарыкөл және Әулиекөл аудандарындағы 3 орман өрті, сондай-ақ Б.Майлин ауданындағы 1 дала өрті бар. «Өрт өздігінен шықпайды – 90% жағдайда бұл адам немқұрайлылығының салдары. Әр адам өз әрекетінің салдарын түсінуі керек. Бір тасталған темекі тұқылы табиғат пен адамдар үшін апатқа айналуы мүмкін», – деді Құмар Ақсақалов. Жыл басынан бері 132 әкімшілік хаттама толтырылып, оның 16-сы – өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу бойынша. Салынған айыппұлдардың 95%-ы өндірілді, ал келтірілген шығын бойынша талап-арыздардың 35%-ы өтелді. Кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту жұмысы жалғасады. Материалдық-техникалық базаны нығайту Соңғы екі жылда орман мекемелерінің материалдық-техникалық базасы айтарлықтай күшейтілді. Биыл техника сатып алуға 3,5 млрд теңге бөлінді. 26 өрт сөндіру көлігі, 28 трактор және 36 шағын орман-өрт сөндіру кешені сатып алынбақ. Бұл техникамен жабдықтау деңгейін 76%-дан 90%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Автожолдардың бойындағы қорғаныш орман алқаптарына да ерекше көңіл бөлінуде. Облыста олардың ұзындығы 1000 км-ден асады. Оларды ұстау мен өрт қауіпсіздігі шараларын жол иелері қамтамасыз етуі тиіс. Сабан мен сабақты өртеудің қаупі Облыс әкімі егіс алқаптарында сабан мен сабақты өртеу әлі де жалғасып жатқанына алаңдаушылық білдірді: «Бұл тек өрт қаупі емес, бұл – топыраққа қарсы жасалған қылмыс. Гумус жанады, құнарлы жоғарғы қабат жойылады. Мұндай палдарды заңмен тыйым салу мәселесін қарау керек», – деді Құмар Ақсақалов. Шомылу маусымы: судағы қауіпсіздік Облыс аумағында шомылуға 26 ресми орын белгіленген (оның ішінде 8 коммуналдық және 18 жеке жағажай). Алайда шомылушылар 230-дан астам бейберекет жерде шомылады. Бұл судағы оқыс оқиғалардың негізгі себебі. «Қайғылы оқиғалардың 95%-ы жабдықталмаған жағажайларда орын алады. Биылдың өзінде алғашқы оқыс жағдайлар тіркелді. Ата-аналар балаларды бақылаусыз қалдырмауы керек», – деді облыс әкімі. Су айдындарында қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін шомылу маусымы басталғалы бері 13 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал былтыр маусым қорытындысымен 45 адамға жалпы сомасы 646 мың теңге көлемінде айыппұл салынған. Құтқару қызметтеріне қолдау Төтенше жағдайларға жедел әрекет ету мақсатында былтыр 1 млрд теңгеге жуық қаржы бөлініп, құтқарушылардың материалдық-техникалық базасы жаңартылды. Батпақта жүретін көліктер, квадроциклдер, құтқару қайықтары сатып алынды. Сонымен қатар Қостанай қаласындағы Тобыл өзені жағалауындағы құтқару станциясы күрделі жөндеуден өтті. 2024 жылы ТЖД бөлімшелері 1500-ден астам адамды құтқарды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 46%-ға көп. Нақты тапсырмалар Облыс әкімі келесі міндеттерді жүктеді:•Қала және аудан әкімдіктеріне – өртке қарсы іс-шараларды бақылауды күшейту;•Қорғаныш жыртуларды (опашка) ұйымдастыруды жеке бақылауға алу;•Қосымша қауіпсіз шомылу орындарын қамтамасыз ету;•Су айдындары маңында рейдтер мен патрульдер санын арттыру;•Құтқарушыларды оқытып, жағажай түбін тексеру;•Халықпен түсіндіру жұмыстарын күшейту. «Өрт – бұл жай ғана от емес. Бұл адамдарға, табиғатқа және экономикаға келген зиян. Біз барлық қауіп-қатерді азайтуға міндеттіміз. Бұл судағы демалысқа да қатысты. Қауіпсіз жаз – бәріміздің ортақ міндетіміз», – деп қорытындылады Құмар Ақсақалов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1010636?lang=kk
Көлік және логистика — Қостанай облысының экономикалық дамуының қозғалтқышы 02.06.2025
«Авиация және көлік логистикасын дамыту — елдің аумақтық байланыстылығын қамтамасыз ету мен тең мүмкіндіктерге қол жеткізудің негізі», — деді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдағы сөзінде.Бүгін Қостанайда өтіп жатқан Ұлттық құрылтай отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды талқылау аясында транзиттік-логистикалық сала мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті. Басқару, бизнес және қоғам өкілдері өңірдің көлік инфрақұрылымының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын жан-жақты талқылады.Облыс автомобиль жолдарының ұзындығы бойынша елде бірінші орын алады. 2025 жылы автожол желісін дамытуға 104,7 млрд теңге бөлініп, бұл өткен жылға қарағанда 42%-ға көп. Жоспарға 1 200 км жол және 103 елді мекендегі 382 көшені жөндеу кіреді. Арнайы назар ауылдық елді мекендерге апаратын жолдарға аударылып отыр: үш жыл бұрын 20 учаске жөнделсе, биыл — 80.«Екінші жыл қатарынан Қостанай облысына облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды жөндеуге еліміздің барлық өңірлері арасында ең көп қаржы бөлініп отыр», — деді жолаушылар тасымалы мен автомобиль жолдары басқармасының басшысы Алмас Есенжолов.Республикалық маңызы бар жолдардың — Сарыкөл – Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы, Ұзынкөл – Троебратное, Бестөбе – Ақтөбе облысының шекарасы, Арқалық – Ұлытау облысының шекарасы сынды учаскелердің жөнделуі белсенді жүргізілуде. Соңғы учаскенің жөнделуін аяқтағаннан кейін күнделікті көлік ағыны 150-ден 2 500 машинаға дейін артады деп күтілуде.Астанадан Арқалық, Торғай, Ырғыз арқылы Транскаспий бағытындағы жаңа тасжол жобасының маңызы зор. Бұл жол елдің орталық және батыс өңірлері арасындағы қашықтықты 560 км қысқартып, Қазақстанның халықаралық логистикадағы бәсекеге қабілеттілігін арттырады.Осы жобалардың әсері айқын. Біріншіден — жүктер мен жолаушылардың жылдам әрі ыңғайлы тасымалдануына қолайлы жағдай жасау. Бұл өз кезегінде жол бойындағы барлық өңірлерде экономикалық белсенділікті арттырып, бизнестің дамуына, сауда мен қызмет көрсету саласының өсуіне септігін тигізеді.Сонымен қатар, магистралдың Транскаспий халықаралық тасымалдау бағытына шығуы Қазақстанның халықаралық логистикалық тізбектердегі орнын нығайтуға мүмкіндік береді. Бұл жаһандық экономикалық ахуалдың өзгеруі жағдайында сауда қатынастары мен бағыттарға тез бейімделу үшін өте маңызды.Бизнес өкілдері жол бойындағы сервис пен мультимодальды логистиканың дамуын ерекше атап өтті.«Облысымыз жалпы транзиттік ағынның орталығына айналады. Географиялық орналасуы Қостанайды Орталық Азия мен Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасындағы негізгі транзиттік түйіндердің біріне айналдырады. Осы жобалар костанайлық өндірушілердің өнімдерінің, әсіресе агроөнеркәсіп, машина жасау және қайта өңдеу саласындағы өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етіп отыр», — деді кәсіпкер Валерий Сусаренко.Кәсіпкерлер халықаралық тасымалдау саласындағы оң өзгерістерді де атап өтті. Рұқсатнамалар алу процедурасын жеңілдету рәсімдерді аптамен емес, бір күнде аяқтауға мүмкіндік беріп, бұл әсіресе АӨК пен машина жасау кәсіпорындарының сыртқы нарықтарға шығуын айтарлықтай жеңілдетті. Тасымалдау құнының 30%-ға төмендеуі костанайлық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттырды.Логистикалық процестерді цифрландыру жалғасуда — Рұқсаттар ақпараттық базасы (РАБ) аясында интеграциялық шешімдер енгізіліп, транзитті жеделдетіп, операциялардың ашықтығын арттырады деп күтілуде.Дөңгелек үстел қатысушылары транспорт саласын тұрақты дамытудың негізгі факторы — мемлекет пен бизнестің ынтымақтастығы екеніне бірдей келісті.«Мемлекет басшысының Астана, Арқалық, Торғай, Ырғызды жалғайтын жаңа автомобиль магистралын салу туралы тапсырмасы — еліміздің логистикасын дамытуда маңызды қадам болады. Машина жасау, қара металлургия және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу салалары қатарында бұл сала Қостанай өңірінің экономикасын дамытуда төртінші — стратегиялық маңызы бар бағытқа айналады», — дейді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1009878?lang=kk
Әр үйге — таза су: Қостанай облысында Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай орындалып жатыр 02.06.2025
Қостанай облысында жыл соңына дейін халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз ету мәселесін толық шешу жоспарланып отыр. Қазақстан Президентінің тапсырмаларын орындау аясында ауылдық және қалалық елді мекендерді сумен жабдықтау жүйелеріне қосу бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде.Бүгінгі таңда сумен қамтылғандар:Қалалық халықтың — 99%-ы,Ауылдық халықтың — 91,3%-ы.2025 жылдың соңына дейін қалған 33 ауыл мен 2 қала — Арқалық пен Тобыл — сумен қамтылады. Нәтижесінде өңірде 100 пайыздық қамту қамтамасыз етіледі.📍 Жоспарланған шаралар:20 ауылда (13 мың адам) орталықтандырылған сумен жабдықтау (ОСЖ) енгізіледі,13 ауылда (3 мың адам) су тарату пункттері (СТП) орнатылады,7 елді мекенде су тасымалдау ұйымдастырылады.«Халықты таза ауызсумен қамтамасыз ету — бұл тек инфрақұрылым мәселесі емес, өмір сапасының негізгі көрсеткіші. Мемлекет басшысы тапсырғандай, қалған ауылдар мен қалаларда жұмыс толық аяқталады», — деп атап өтті облыстық энергетика және ТКШ басқармасында.🚧 Биыл облыста 66 жоба жүзеге асырылуда:45 — ауылдық елді мекендерде,21 — қалаларда.Жобаларды іске асыруға 22 млрд теңге бөлінді, оның ішінде:6,9 млрд — Ұлттық қордан,5,3 млрд — тұрақтандыру қорынан,7,6 млрд — жергілікті бюджеттен,2,1 млрд — республикалық бюджеттен.Маусым айында қосымша 9 млрд теңге бөлу жоспарланған. Бұл қаражат 14 жобаға бағытталады (оның ішінде 13-і ауылдық, 1-і — Тобыл қаласында). Тиісті өтінімдер ҚР Индустрия және құрылыс министрлігіне жолданды.🟢 Күтілетін нәтиже:Георгиевка, Михайловка, Восток, Константиновка, Лесное, Свердловка, Первомайское және басқа ауылдарда ауызсу пайда болады.10 ауылда ескірген сумен жабдықтау жүйелері жаңартылады.Алыс елді мекендерде тасымал суды пайдалану мәселесі шешіледі.Барлық құрылыс-монтаж жұмыстары кестеге сай жүргізілуде. 2025 жылдың соңына дейін Қостанай облысының халқы толық көлемде сапалы ауызсумен қамтамасыз етіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1008780?lang=kk
Еуропалық дипломаттарға Қарағанды облысының инвестициялық әлеуетін таныстырды 02.06.2025
Қарағанды облысында Еуроодақтың бірқатар елшіліктерінің өкілдері болып қайтты.Дипломаттар аймақ жұртшылығымен бірге Спасск мемориалындағы ескерткіш белгілерге гүл шоқтарын қойып, саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды. Одан кейін Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевпен кездесуде экономикалық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктері талқыланды.Кездесу Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде өтті. Оның базасында «Картех» өңірлік инновациялық-индустриялық хабы қалыптастырылуда, онда заманауи технологияларды енгізу және қолданбалы ғылымды дамыту бойынша күш-жігер шоғырландырылады деп жоспарланған.– Өңірде еуропалық компаниялардың қатысуымен жобалар табысты іске асырылуда – бұл «Бёмер» арматура өндірісі, «Изоплюс Орталық Азия» алдын ала оқшауланған құбырлар, «Линде Газ Қазақстан» техникалық газдары және «Соларнет» күн электр станциясы. Бұл мысалдар өзара мүдделердің бар екенін және мұндай ынтымақтастықтың тәжірибесі кеңейтілуі мүмкін екенін көрсетеді. Біз жаңа инвестициялардың тартылуына, технологиялық серіктестіктер және қолданбалы зерттеу жобаларының дамуына мүдделіміз, – деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев.Өңірдің инвестициялық әлеуетін облыс әкімінің орынбасары Ермек Алпысов таныстырды. Ол облыстың артықшылықтары, қолайлы инвестициялық ахуал, көлік және логистикалық әлеует, адам ресурстары туралы айтып берді.Қарағанды облысы – өзара тиімді іскерлік әріптестік үшін ашық үлкен мүмкіндіктер өңірі, деп атап өтті спикер. Қазіргі уақытта облыс өңдеу өнеркәсібі өнімдерін әлемнің 70 еліне экспорттайды. «Сарыарқа» АЭА-да Германия, Австрия, Қытай, Катар және Канададан 25 компания табысты жұмыс істейді. Дамудың жаңа ірі нүктесі – Саран индустриялық аймағы.Қонақтар өз сөзінде табысты серіктестікке мысал келтіріп, ынтымақтастықтың жаңа көкжиектерін ашуға мүдделілік танытты. Мысалы, Scania швед бренді Қарағанды облысында көлік техникасы өндірісін іске қосты. Францияның жетекші компанияларының бірі суды тиімді пайдаланудың озық технологияларымен бөлісуге дайын және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Хорватия туризм саласындағы іскерлік байланыстарды дамытуға болады деп есептейді.– Біз жалпы Қазақстанмен, атап айтқанда өңірмен ынтымақтастықтың зор әлеуетін көріп отырмыз. Бұл көлік және логистика, климаттың өзгеруімен күрес, жасыл энергетика сияқты салалар. Бұдан басқа, бұл адами ресурстар, цифрландыру, білім беру, – деп атап өтті Еуропалық Одақтың Қазақстандағы елшісі Алешка Симкич. – Осындай кездесулер барысында біз бизнес өкілдеріне жол ашамыз, мүмкін болатын әлеуеттер туралы айтамыз. Содан кейін компаниялардың өздері В2В форматында серіктестік қарым-қатынас үлгісін жасайды. Ал бизнес тарапынан үлкен қызығушылық бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1008789?lang=kk
Қостанай облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасының іске асырылуы талқыланды 29.05.2025
Қостанай облысы әкімдігінде өңір әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен республикалық экологиялық «Таза Қазақстан» бағдарламасын іске асыру жөнінде жұмыс кеңесі өтті.Аталған бағдарлама Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынып, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, экологиялық мәдениетті көтеруге және қолайлы қалалық ортаны қалыптастыруға бағытталған.2024 жылдың аралық нәтижелеріКеңесте сөйлеген сөзінде Құмар Ақсақалов 2024 жылы Қостанай облысында ауқымды жұмыстар атқарылғанын атап өтті:327 сквер мен аулалық аумақ абаттандырылды;354 рұқсатсыз қоқыс үйіндісі жойылды;133 мыңнан астам ағаш отырғызылды;13,5 мың жаңа көше шамы орнатылып, көшелерді жарықтандыру деңгейі 80%-дан 90%-ға дейін артты;71 көпқабатты тұрғын үйге жөндеу жұмыстары жүргізілді;362 апатты және қараусыз қалған ғимарат сүрілді.2025 жылға арналған бюджет және басымдықтарАталған жұмыстар биыл да жалғасуда.2025 жылы елді мекендерді абаттандыруға 12,7 млрд теңге бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 12%-ға артық.Бөлінген қаражаттың құрылымы:44%-дан астамы – көгалдандыру, саябақтар мен скверлерді дамытуға;30%-дан астамы – көпқабатты үйлердің шатыры, балконы және қасбеттерін жөндеуге бағытталған.Өңір басшысы қала келбетінің бірыңғай стилін сақтау қажеттігін атап өтті:«Ғимараттардың қасбеттерінде ашық, айқайлап тұратын түстерден бас тартып, сабырлы реңктерге – сұр-қызғылт кірпішті және беж түстерге басымдық беру қажет. Тұрғын үйлерге жақын бос аумақтарда шағын скверлер мен жасыл аймақтар жасақталуы тиіс», — деді Құмар Ақсақалов.Азаматтарды тарту және кері байланысКеңес барысында халықтың бағдарламаға қатысуы мен хабардар болу деңгейіне де ерекше назар аударылды.Талдау нәтижесі бойынша, облыстың бес ауданында Telegram желісіндегі «Таза Қазақстан» чат-боты арқылы бірде-бір өтініш түспегені анықталған. Бұл — халықтың мүмкіндіктен бейхабар екенін көрсетеді.«Азаматтардан өтініш түспеуі — бәрі жақсы дегенді білдірмейді. Керісінше, бұл — халықпен жұмыс әлсіз жүргізіліп жатқанын білдіретін үлкен мәселе. Бағдарламаның тиімділігін анықтайтын басты көрсеткіш — тұрғындардың қатысуы мен белсенділігі», — деп атап өтті өңір басшысы.Жүйелі жұмыс — табыстың кепіліҚұмар Ақсақалов «Таза Қазақстан» — бұл бір реттік акция емес, жүйелі, кешенді және ұзақ мерзімді жұмыс екенін атап өтті. Ол барлық деңгейдегі әкімдерден бағдарламаның әрбір бағытын жеке бақылауда ұстауды және халықпен ашық диалог жүргізуді тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1007444?lang=kk
Қарағанды облысында Қазақстандағы жылу радиаторларын шығаратын ірі өндіріс ашылады 29.05.2025
«Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағында алюминий және биметалл жылыту радиаторларын шығаратын жоғары технологиялық және экологиялық зауыт салынуда. Кәсіпорында 220 жұмыс орнын ашу жоспарлануда.Жобаны іске асырушы «Силумин оф Қазақстан» ЖШС – өңдеу өнеркәсібін дамытуға және «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі, «Даму» қоры, BV Management, өнеркәсіп министрлігі және Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен ESG-қағидаттарын енгізуге инвестиция салатын жас қазақстандық компания.Кәсіпорын еліміздегі ең ірі радиатор өндірушіге және импорт алмастыратын маңызды нысандардың біріне айналады деп күтілуде. Бірінші кезеңнің өндірістік қуаты жылына 5,5 миллионға жуық секцияны құрайды. Инвестицияның жалпы көлемі – 35 миллион АҚШ доллары.Кәсіпорында 220 жұмыс орнын құру жоспарлануда, бұл машина жасау, металлургия және химия саласындағы білікті мамандарды тартуды талап етеді. Бұл үшін компания қазірдің өзінде өңірдің колледждерімен және жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық орнатуда.Өндірістік процесс толығымен оқшауландырылады – алюминий құюдан бастап. Жобада қазіргі заманғы экологиялық технологиялар қолданылады: алюминий сынықтары мен қождарын өңдеу, шығатын газдарды көп сатылы сүзу, булау әдісімен суды қайта пайдалану, күн генерациясы және жылуды рекуперациялау. Бұл қоршаған ортаға әсерді төмендетіп қана қоймай, ресурстық тиімділікті арттыруға мүмкіндік береді.Жылыту нарығындағы өндірушілер қауымдастығы (ЖНӨҚ) мен «Силумин оф Қазақстан» ЖШС арасында халықаралық ынтымақтастықты кеңейту шеңберінде ағымдағы жылдың 21 мамырында негіздемелік келісімге қол қойылды. Тараптар зертханалық және әдістемелік базаны, өнеркәсіптік кооперацияны дамыту және оқшаулау деңгейін арттыруға бағытталған жеткізу тізбегін қалыптастыру бойынша бірлескен жұмыс туралы келісті.Жаңа өндірістің басты міндеті – Қазақстанның ішкі нарығын бәсекеге қабілетті өніммен қамтамасыз ету және импортқа тәуелділікті азайту. Бұдан басқа, кәсіпорын жылыту жабдықтары нарығында заманауи сапа мен қауіпсіздік стандарттарын енгізу алаңына айналуы тиіс.Зауытты іске қосу кезең-кезеңмен жоспарлануда: бірінші кезек бүкіл өндірістік циклді қамтиды, кейінгілері – шығару көлемін арттыруға бағытталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1006711?lang=kk
Қостанай облысында инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша облыстық кеңес өтті 29.05.2025
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша инвестиция тарту жұмыстарын жандандыру және тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету мақсатында Қостанай облысында облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша облыстық кеңес өтті.Президент бірнеше рет атап өткендей, қазіргі таңда әлемдік деңгейде капитал үшін күрес күшейіп отыр. Мұндай жағдайда дер кезінде шешім қабылдап, жедел әрекет ету – басты талап. Осыған байланысты өңір үшін индустриялық, инфрақұрылымдық және аграрлық бастамаларды іске асыру маңызды басымдық болып табылады.Кеңес жұмысына облыстық басқармалар басшылары, аудан және қала әкімдері, сондай-ақ инвестициялық жобалардың бастамашылары мен өкілдері қатысты.Өнеркәсіптік сектордағы негізгі жобаларКеңес барысында өңір экономикасы үшін елеулі нәтиже беретін бірқатар жүйелі жобалар қаралды. Олар өңдеу өнеркәсібінің өсіміне, жаңа жұмыс орындарының құрылуына және ілеспе салалардың дамуына ықпал етеді.Атап айтқанда:KIA автокөлік зауыты (105 млрд ₸, қуаты – жылына 70 мың автокөлік, 1 500 жұмыс орны);KamLitKZ жетекші көпір тетіктерін шығару зауыты (82,5 млрд ₸, 550 жұмыс орны);ERG және ССГПО жүзеге асыратын ыстық брикеттелген темір өндірісі жобасы (532 млрд ₸, жылына 2 млн тонна, 1 000 жұмыс орны);Solidcore Resources компаниясының жаңартылатын энергия көздері жобалары — күн және газпоршеньді электр станциялары, сондай-ақ газ тарату станциясы;«Кондитерлік астана» фабрикасы, астықты терең өңдеу зауыты, автокомпоненттер өндірісі мен «Qostanay» құрғақ порты сияқты логистикалық жобалар.Әрбір жоба бойынша инвестор өкілдері тыңдалып, инфрақұрылымдық және рәсімдік мәселелерді шешу жөнінде нақты тапсырмалар берілді. Олардың қатарында – жер телімдерін бөлу, инженерлік желілерге қосылу, сараптама қорытындыларын алу мәселелері бар.АӨК саласындағы инвестицияларКеңестің жеке блогында Солтүстік Қазақстан облысының табысты тәжірибесін тарату аясында аудандар ұсынған АӨК саласындағы 34 жоба қаралды. Жалпы жоспарланған инвестиция көлемі — 110,6 млрд ₸.Оның ішінде:«Тобыл» ӘКК арқылы — 82,3 млрд ₸,жеке қаражат — 15,5 млрд ₸,басқа көздерден — 12,8 млрд ₸.Бүгінде 42,4 млрд ₸ болатын 15 жоба жобалық-сметалық құжаттамамен қамтамасыз етілген. Қаржыландыру тетіктері пысықталып жатыр.Аудан әкімдері жобалардың дайындық деңгейі мен қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндама жасады. Жобалардың техникалық қана емес, экономикалық негіздемесі де нақты болуы тиіс — шикізат көзі, өткізу нарығы және бизнес-модель анық болуы керек.Аудан және қала әкімдеріне қойылған талаптарОблыс әкімі барлық инвестициялық жобалардың жеке бақылауында екенін атап өтті. Аудан әкімдеріне формализмге жол бермей, шынайы мазмұны бар бастамалармен айналысу тапсырылды.«Әкімдерге тапсырма: әдемі есеп емес, нақты жұмыс көрсетіңіздер. Жұмыс орындары, салық түсімдері мен халық табысы артатын жобалар қажет», – деді Құмар Ақсақалов.Облыс әкімінің айтуынша, бірқатар аудандар ұзақ уақыт бойы бірде-бір жаңа жоба ұсынбаған. Бұл – бүгінгі жағдайда, әсіресе жеңілдетілген қаржыландыру тетіктері мен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге сұраныс артып тұрған кезде, жол беруге болмайтын жағдай.Сондай-ақ, әкімдіктердің сайттарында инвестициялық әлеует бойынша ақпаратты жаңарту, «Тобыл» ӘКК, Kazakh Invest және салалық басқармалармен тығыз байланыс орнату қажеттігі атап өтілді.ҚорытындыКеңес қорытындысы бойынша әрбір бағыт бойынша жұмысты жандандыру, жобаларды іске асыруға толық дайындау және алдағы айларда нақты нәтиже көрсету тапсырылды.«Даму – ұран емес. Бұл – барлық деңгейдегі жүйелі, күнделікті әрі талапшыл жұмыстың нәтижесі», – деп қорытындылады облыс әкімі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1006498?lang=kk
Француз компаниясы Қарағандыда суды тиімді пайдалану технологияларын енгізуге дайын 29.05.2025
Қарағанды облысының өкілдері Астанадағы Қазақстан-Франция инвестициялық форумына қатысты. Делегацияны облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев басқарып, өңірдің инвестициялық әлеуетін таныстырды. Форум мемлекетаралық экономикалық ынтымақтастықты нығайту және іскерлік байланыстарды орнату үшін тұғырнамаға айналды. Қарағандыда француз компаниясымен серіктестікте сумен жабдықтау және су бұру саласындағы жобаны іске асыру, сондай-ақ біздің медициналық университеттің Париж-Сакле университетімен ынтымақтастығы жоспарлануда.Форумды ашқан премьер-министр Олжас Бектенов екі мемлекет басшылары деңгейіндегі сенімді қарым-қатынастар нәтижесінде екіжақты байланыс стратегиялық әріптестіктің кеңейтілген деңгейіне көтерілгенін атап өтті.– Франциямен ынтымақтастық – Қазақстанның сыртқы саясатындағы негізгі басымдықтардың бірі және Еуропалық Одақ шеңберіндегі серіктестігіміздің ажырамас бөлігі. Біздің елдеріміз берік саяси байланыстармен, белсенді үкіметаралық және парламенттік диалогпен, сондай-ақ қарқынды сауда және инвестициялық өзара іс-қимылмен ерекшеленетін берік және көпқырлы серіктестікке ие, – деп атап өтті Олжас Бектенов.Ермағанбет Бөлекпаев өңірдің артықшылықтары, оның инвестициялық тартымдылығы туралы айтып, француз компанияларын өнеркәсіпте ғана емес, басқа да салаларда ынтымақтастыққа шақырды.– Қарағанды облысы – үлкен мүмкіндіктер мен ашық диалог аймағы. Біз тек инвестиция тартуға ғана емес, ұзақ мерзімді және өзара тиімді қарым-қатынас орнатуға тырысамыз. Біз SUEZ француз компаниясымен суды ұтымды пайдалану саласында ынтымақтастықты бастадық және барлығын жаңа бірлескен жобаларға шақырамыз. Біздің өңірдің артықшылығы – батыс пен шығыс, Еуропа мен Азия арасында, дәл орталықта орналасуымыз. Ірі көліктік-логистикалық жүйенің, халықаралық автомобиль және теміржол дәліздерінің, әлеуеті толық пайдаланылмаған жүк-терминалы бар халықаралық дәрежедегі әуежайдың болуы, – деп атап өтті өңір басшысы.Ынтымақтастық туралы үш жақты келісімге SUEZ International SAS, Қарағанды әкімі Мейрам Қожухов және Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту орталығы қол қойды. Бұл қалалық инфрақұрылымды жаңғырту және орнықты су пайдалану әлеуеттерін ашады, бұл әсіресе коммуналдық желілерге жүктеменің өсуі және климаттың өзгеруі жағдайында өзекті.SUEZ – су ресурстарын тұрақты басқару саласында әлемдік көшбасшы. Серіктестік озық технологияларды енгізуді, сумен жабдықтаудың тиімділігін арттыруды, сондай-ақ су шығынын азайту және қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша шешімдер әзірлеуді көздейді.Форумда Қарағанды медицина университеті мен Париж-Сакле университеті арасында да меморандум жасалды. Ынтымақтастық студенттермен академиялық алмасуды, қос диплом бағдарламасын, биомедицина саласындағы бірлескен ғылыми зерттеулер өткізуді қамтиды.    Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1006151?lang=kk
Ағадыр кентінде тұратын 76 жастағы ақсақал бес дүркін, ал ұлы жеті дүркін әлем чемпионы атанды 29.05.2025
Шет ауданының Ағадыр ауылының танымал пауэрлифтері Дәрібай Оспанов пен Қараман Абдулкәрім әлем чемпионатында тағы да жеңіске жетті. Біріншілік Норвегияда, Драммен қаласында өтті. Ең мықты атақ үшін 54 елден 1400 спортшы бақ сынасты.Дәрібай Оспанов екі жыл бұрын әлем чемпионатында бірнеше рет жеңіске жету мақсатын мәлімдеген болатын. Сол кезде облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев ақсақал-чемпионға Мемлекет басшысының атынан алғыс хат табыс етті. Дене шынықтыру және спорт басқармасы спортшы мен жаттықтырушыға спорт құралдарына сертификат табыс етті.Драммендегі әлем чемпионатында Дәрібай Оспанов 70+ жас тобында 93 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Штанганы классикалық қысыммен көтеруде ол үшінші, жарақтандырылған түрде – бірінші орын алды. Осы жеңіспен 76 жастағы ақсақал бес дүркін әлем чемпионы атанды.Оның ұлы Қараман Абдулкәрім бірінші түрде 190 кг, екінші түр бойынша 245 кг көтерді. Екі жаттығуда да ол үздік атанды және жеті дүркін әлем чемпионы атанды.Дәрібай Оспанов – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Ол осы жетістікпен тоқтамайтынын айтады. Осыдан бір жыл бұрын АҚШ-тың Остин қаласында өткен әлем біріншілігіндегі жеңісінен кейін ақсақал даниялық рекордты озғысы келетінін айтқан болатын. «Ол 94 жаста өнер көрсетті, ал мен 95 жаста да жарысқа барамын», – деп өз ойымен бөлісті дене шынықтыру және спорт басқармасындағы салтанатты шарада Дәрібай Оспанов.Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінің ақпараты бойыншаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1005439?lang=kk
Қостанай облысында орман қорын қорғау және қалпына келтіру мәселелері талқыланды 29.05.2025
Қостанай облысында ҚР Парламенті Мәжілісінің Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитетінің көшпелі отырысы өтті. Іс-шараға Комитет төрағасы Еділ Терекбайұлы Жаңбыршин, Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шарбиев, Төтенше жағдайлар вице-министрі Рамиль Камалов, сондай-ақ ғылыми мекемелердің, табиғат қорғау ұйымдарының және орталық мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Басқосудағы басты тақырып – өңірдегі орман қорын қорғау, сақтау және қалпына келтіру жүйесін дамыту, сондай-ақ осы саладағы заңнаманы жетілдіру мәселелері болды. Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов өз сөзінде 2022 жылы Әулиекөл ауданында орын алған, шамамен 40 мың гектарды қамтыған ірі орман өрті баршамыз үшін үлкен сабақ болғанын атап өтті. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өңірде орман шаруашылығын күшейту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда:•орман шаруашылығы қызметкерлерінің саны 1,5 есеге артып, 1230 адамға жетті (орман орналастыру нормаларына сай);•саланың жылдық қаржыландырылуы 1,5 млрд теңгеден 7 млрд теңгеге дейін өсті;•соңғы екі жылда материалдық-техникалық базаны нығайтуға 4,4 млрд теңге бөлінді (бұл республика бойынша жаңартуға кеткен шығынның 43%-ын құрайды);•орман шаруашылығы мекемелері 27 өрт сөндіру көлігімен, 59 трактормен және 39 патрульдік автокөлікпен толықтырылды;•2025 жылы тағы 26 өрт сөндіру көлігі, 28 трактор және 36 шағын өрт сөндіру кешенін 3,5 млрд теңгеге сатып алу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, орман өрт сөндіру станцияларының жұмыс кестесі жыл бойы жұмыс істеу тәртібіне ауыстырылды, төтенше жағдайлар қызметтерімен өзара іс-қимыл жолға қойылды. Қазіргі таңда көшет өсіру, өртенген алқаптарды тазарту және жаңа орман дақылдарын отырғызу жұмыстары жалғасуда. Отырыста бірқатар заңнамалық ұсыныстар да айтылды. Атап айтқанда:•орман қорымен шектесетін ауыл шаруашылығы жерлерінде 20 метрлік қорғаныс жолағын міндетті түрде енгізу үшін Орман және Жер кодекстеріне өзгерістер енгізу;•егістік алқаптарда сабан мен өсімдік қалдықтарын жағуға тыйым салу арқылы орман және дала өрттерінің алдын алу;•шалғай ауылдардағы орманшылықтарда жаңа ғимарат салмай-ақ, жеке тұрғын үйлерді орман өрт сөндіру станцияларына бейімдеу мүмкіндігін қарастыру;•2022 жылғы өрттен кейін айтарлықтай өзгеріске ұшыраған орман қорына байланысты Семио́зер және Басаман орман шаруашылықтарының орман орналастыру материалдарын өзектендіру. Құмар Ақсақалов аталған мәселелерді шешу үшін орталық мемлекеттік органдардың белсенді қатысуы қажет екенін атап өтті. Көшпелі отырыс барысында орман саласын тұрақты дамыту және өрт қауіпсіздігін арттыру бағытында нақты ұсыныстар әзірленді. «Біз диалог пен бірлескен жұмысқа ашықпыз. Орман – бұл тек табиғи ресурс емес, бұл – келер ұрпаққа қалатын ортақ мұрамыз», – деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1004296?lang=kk
Қарағандылықтар бокстан Азия чемпионатында жеті медаль жеңіп алды 29.05.2025
Бокстан Азия чемпионатында қарағандылық спортшылар төрт алтын, екі күміс және бір қола медальға ие болды. Азия бокс конфедерациясы мен Халықаралық бокс қауымдастығының қолдауымен жарыс Шри-Ланкада, Коломбо қаласында өтті.Оған әлемнің 23 елінен спортшылар қатысты. Барлығы 50 медаль жиынтығы ойнатылды: жасөспірімдер арасында 26, қыздар арасында 24.Қатысушылар екі жас санатында бақ сынасты: U22 – 18 жастан 22 жасқа дейін және U19 – 18 жасқа дейін.U22 санатында қарағандылық Жасұрбек Анарбаев алтын медаль жеңіп алды. Осы жас санатында біздің жерлестеріміз Гүлнар Тұрапбай мен Томирис Мырзағұл күміс жүлдеге ие болды.U19 жас санатында қарағандылықтар үш алтын медаль жеңіп алды. Олар Алина Құдайгенова,Нығмет Нығман және Расул Асанхановқа бұйырды. Бұл санатта Нұрсұлтан Қыстаубай қола жүлдеге ие болды.– Биыл біздің спортшылар өте жақсы нәтижелер көрсетуде. Бұл чемпионатта да солай. Барғандардың бәрі медальдармен оралды. Біздің жауынгерлердің жетістіктерін республикалық деңгейде де атап өтті, – дейді Қарағанды облыстық бокс федерациясының персонал және жалпы мәселелер жөніндегі бас менеджері Айгүл Байманова.Қарағандылық боксшылар алдында халықаралық жарыстар мен ересектер арасындағы әлем чемпионаты өтеді.Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы қырық бір алтын, төрт күміс және бір қола жүлдеге ие болды. Қазақстандық боксшылар жалпы медальдық есепте бірінші орынды иеленді – U22 арасында да, жасөспірімдер арасында да.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1004337?lang=kk
Бірлік жолындағы 30 жыл: Қарағанды облысында ҚХА жетістіктері туралы айтылды 29.05.2025
Қарағанды облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы кең көлемде атап өтілуде. Мерейтойлық жылы 50 мыңға жуық адамның қатысуымен бір жарым мыңға тарта іс-шара өтті. Олардың ішінде патриоттық, экологиялық және қайырымдылық акциялары бар. Достық үйінде өткен «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» облыстық ҚХА XXVIII сессиясында бірегей қоғамдық институттың жетістіктері мен маңызды жобалары туралы айтылды.– Біздің сессия Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында өтуде – бұл еліміз үшін тарихи кезең. Бүгінде ассамблея жалпыұлттық келісім мен бірлікті нығайтудың мызғымас өзегіне айналды. Және де Қарағанды облысының ҚХА бұған өз үлесін қосуда, мемлекет пен қоғам арасындағы сындарлы диалогты қалыптастыруға айтарлықтай әсер етеді, – деді Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев. – Бүгінгі таңда Достық үйінде 24 облыстық этномәдени бірлестік пен өңірдегі ҚХА барлық құрылымдары орналасқан. Жалпы, Қарағанды облысының ҚХА басшылығымен 220-дан астам құрылым жұмыс істейді, олардың жұмысы маңызды әлеуметтік міндеттерді шешуге бағытталған.Аймақ басшысы аналар мен ақсақалдар кеңесінің жұмысының тиімділігін және олардың отбасы институтын нығайтуға және жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілетуге қосқан баға жетпес үлесін атап өтті. Мысалы, қарағандылық қоғам қайраткерлерінің бастамасымен қолға алынған «Адал азамат» тәрбиелік бағдарламасы қазір бүкіл ел бойынша енгізілуде.ҚХА жобаларына жастар да белсенді тартылады. Жас ғалымдар клубы құрылды.ҚХА өкілдері қиын жағдайларда ғана емес, дарынды жастарды қолдап, армандарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.Сондай-ақ этномедиация кеңесі де пайда әкеледі. ҚХА мемлекеттік тілді дәріптеуге, еңбексүйгіштік пен кәсібилік құндылықтарын ілгерілетуге үлес қосады.ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктер «Таза Қазақстан» республикалық акциясын белсенді қолдады. Олар экологиялық сенбіліктер өткізіп, туған өлкелерін көгалдандыруға қатысады.ҚХА есебінде басқа да игі істер мен маңызды бастамалар көп.Бұл сессияда да жаңа идеялар болды. ҚХА мүшесі Вадим Басин Qarmet компаниясының Достық үйін ашуды ұсынды. Ермағанбет Бөлекпаев бұл идеяны қолдап, ел Президентінің қоғамдық келісім инфрақұрылымын кеңейтуді тапсырғанын еске салды. Облыс әкімі өзге қалалар мен аудандарда Достық үйлерін ашу мүмкіндіктерін қарастыруды тапсырды.Облыстық мәслихаттың «Бірлік» депутаттық тобының қызметі туралы Иван Георгиади айтып берді.– Президенттің тапсырмасын орындау мақсатында 2024 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайда «Ассамблея. Парламент. Мәслихаттар» бірегей қоғамдық жоба бастау алды. Бұл жай ғана бастама емес, бұл уақыт талабына жүйелі жауап. Бұл тұрақты болашаққа бірге жету үшін өкілетті билікті, мемлекеттік органдар мен ҚХА-ны біріктіретін көпір, – деп атап өтті ол. – «Бірлік» депутаттық тобы 15 адамды біріктірді, олардың 7-і ҚХА мүшелері. Біз адамдардың немен өмір сүретінін білеміз. Ассамблея – тек диалог алаңы ғана емес. Онда түрлі этностардың тағдыры өрілген. Мен өзім грек тұрғысынан рух жағынан қазақстандық ретінде мәдениетте өскенмін, онда ана тілін, дәстүрді құрметтеу – абстракция емес, тәрбиенің негізі. Біздің күшіміз алуан түрлілікте, біз Қазақстанды бірге құрып жатырмыз, біз – біртұтаспыз!Қыркүйек айында Қарағанды облысы республикалық аналар кеңесін қабылдайды. Дайындық жақын арада басталады.Облыста ҚХА-ның өңірдің қоғамдық ұйымдарымен және институттарымен өзара іс-қимыл жасау картасы әзірленеді.ҚХА белсенділері мен этномәдени бірлестіктердің басшылары ұлтаралық бірлік пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін марапатталды. «Парасат» орденімен ҚХА мүшесі, «Видергебурт» неміс орталығы» облыстық қоғамының құрметті мүшесі Виктор Кист марапатталды.Ермағанбет Бөлекпаев сондай-ақ «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» мерейтойлық медальдары мен алғыс хаттарды табыс етті.Суретті түсірген: Жангелді Әбдіғалым Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1003474?lang=kk
Жасыл болашақ: Қостанай облысында 14 миллионнан астам көшет отырғызылды 29.05.2025
Қостанай облысында көктемгі орман отырғызу науқаны сәтті аяқталды. Ауқымды жұмыстар Қазақстан Республикасы Президентінің экологиялық жағдайды жақсарту және «Таза Қазақстан» ұлттық бағдарламасын іске асыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында жүргізілуде. Биыл 2 мың гектардан астам аумаққа 14,4 миллион қылқан жапырақты және жапырақты ағаш көшеттері отырғызылды. Аймақты көгалдандыру 592 адам, 100 трактор және 75 орман отырғызу техникасының үйлесімді жұмысының нәтижесі болды.Орман отырғызу жұмыстары 2021–2027 жылдарға арналған орманды молайту және орман өсірудің кешенді жоспары аясында жыл сайын өткізіледі. Көктем мезгілі мұндай жұмыстар үшін ең қолайлы уақыт болып саналады — жылы ауа райы мен топырақ ылғалы көшеттердің жақсы тамырлануына септігін тигізеді. Мамандардың айтуынша, биылғы маусымның ауа райы ерекше қолайлы болды, бұл жоғары тіршілік ету көрсеткішіне үміт береді.Көктемгі кезеңнің маңызды оқиғасына айналған «Бүкілқазақстандық орман отырғызу күні» экологиялық акциясына орман шаруашылығы қызметкерлері, еріктілер, мектеп оқушылары мен кәсіпорын өкілдері қатысты. Қатысушылардың бірлескен еңбегімен мыңдаған ағаштар отырғызылып, әрбір көшет өңірдің экологиялық таза болашағына қосылған үлеске айналды.«Орманды қалпына келтіру — тек мамандардың ғана емес, бүкіл облыс тұрғындарының ортақ ісі. Әрбір отырғызылған көшет — экологияны жақсартуға, табиғи тепе-теңдікті сақтауға және келешек ұрпақтың қамын ойлауға қосқан үлес», — деп атап өтті облыстық табиғи ресурстар басқармасында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1002809?lang=kk
1 ГВт жел энергиясы: Қостанай облысында ең ірі ЖЭК-жобасы салынып жатыр 29.05.2025
Қостанай облысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономиканы орнықты дамыту және «жасыл» трансформациялау мәселелеріндегі саясаты белсенді жүзеге асырылуда.Өткен аптада Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қостанай облысына жұмыс сапарымен келді. Күн тәртібінде талқыланған басты мәселелердің бірі - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің экологиялық және экономикалық саясаты аясындағы басымдық ретінде белгілеген стратегиялық бағыт – жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) дамыту болды.Олжас Бектеновтің айтуынша, Қостанай облысы жаңартылатын энергетика технологияларын тиімді енгізудің үлгісін көрсетіп отыр.2022 жылы Қостанай ауданында қуаты 50 МВт жел электр станциясы іске қосылды.2023 жылы Арқалық қаласында қуаттылығы 48 МВт болатын тағы бір жел электр станциясының құрылысы аяқталды. Жоба құны 20,3 млрд теңгені құрады.Ауқымды инвестициялар - өңірдің болашағы 2025-2026 жылдары өңірде ЖЭК саласында жалпы қуаты 1,2 ГВт болатын алты ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ. Тартылған инвестициялар көлемі шамамен 580 млрд теңгені құрайды.Жобалардың ішінде Бейімбет Майлин ауданындағы күн және газ поршенді электр станциялары, сондай-ақ Арқалық және Қостанай ауданындағы жел станциялары бар.Ерекше жоба - қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясы, оның аясында 165 жел генераторын салу жоспарланып отыр.Энергетика саласындағы төңкеріс: өндіріс 10 есе өсті   Барлық жобаларды іске асыру Қостанай облысында электр энергиясын өндіру көлемін 10 есеге - қазіргі 0,12 ГВт-тан 1,27 ГВт-қа дейін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл аймақтың өз қажеттілігін өтеп қана қоймай, артық электр энергиясын көрші өңірлер мен елдерге экспорттауды мүмкін етеді.Таза энергия – болашаққа қадамӨңір әкімі Құмар Ақсақалов: «Облыс экономикасын дамыту, инвестиция тарту үшін, ең алдымен, электр энергиясы мен газ бойынша қуаттар қорын қамтамасыз ету қажет», - деп атап өтті.ҚР Энергетика министрлігінің мәліметінше, жобалар жүзеге асырылғаннан кейін 2027 жылдың соңына дейін Қостанай облысы баламалы энергияны барынша өндіретін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1002311?lang=kk