Ғылым
Қостанай облысының Инвестициялық штабы: инвесторларды жедел қолдау 07.03.2025
Қостанай облысында Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында инвестиция тарту және өңдеуші өнеркәсіпті дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Осы мақсатта мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдерінен құралған Инвестициялық штаб құрылды.Басты мақсат – инвесторлармен тиімді өзара әрекеттесуИнвестициялық штаб жобаларды іске асыру барысында туындайтын мәселелерді қажетсіз бюрократиясыз жедел шешуге бағытталған. Негізгі міндет – қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастырып, өңір экономикасына капитал тарту үшін жағдай жасау.Бүгінгі штаб отырысында өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және энергетика салаларындағы 16 инвестициялық жоба қаралды.Инвесторлардың барлық сұрақтары жан-жақты талданып, оларды шешу жолдары айқындалды, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шаралары белгіленді.Қостанай облысы – инвестиция үшін перспективалы алаңӨңір қарқынды дамып, жаңа инвесторларды тартып отыр. Жоғары қосылған құнды өнім өндіруге, логистикалық инфрақұрылымды дамытуға және өндірісті жаңғыртуға бағытталған ауқымды жобалар жүзеге асырылуда.Инвестициялық штабтың жұмысы бизнес жүргізуге қолайлы жағдай жасау және инвестициялық бастамаларды табысты іске асыруға жәрдемдесу мақсатында тұрақты түрде жалғасатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/953281
Қостанай облысында Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті 07.03.2025
8 наурыз қарсаңында Қостанай облысында Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт өтті. Бұл күні қоғамның дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген әйелдерге құрмет көрсетілді.Іс-шара аясында Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов өңірдің үздік әйелдеріне мемлекеттік наградалар табыстады. Кәсіби еңбегі мен адалдығы үшін «Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі үшін» және «Шапағат» медальдары денсаулық сақтау, білім, ауыл шаруашылығы, мәдениет және бизнес салаларының өкілдеріне тапсырылды. Ал көпбалалы аналар «Күміс алқа» және «Алтын алқа» алқаларымен марапатталды.Салтанатты жиында сөз сөйлеген Құмар Ақсақалов өңір әйелдерінің тек өз салаларында жетістікке жетіп қана қоймай, өскелең ұрпақтың тәрбиесінде маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Ол нәзік жандыларға еңбектері, даналығы мен қамқорлығы үшін ризашылығын білдіріп, зор денсаулық, отбасылық береке және көктемгі көтеріңкі көңіл-күй тіледі.Мерекелік концерт шынайы құрмет пен алғысқа толы әсерлі шараға айналды. Өңір өнерпаздарының музыкалық және шығармашылық нөмірлері көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, әйелдер қауымының қоғамдағы рөліне тағы бір мәрте назар аудартты.Халықаралық әйелдер күні – бұл жай ғана мереке емес, сондай-ақ әйелдердің жанкештілігіне, рухани мықтылығына және әлемге сыйлайтын махаббатына шынайы ризашылық білдіру мүмкіндігі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/953291
Қостанай облысында туризмді дамыту туралы 04.03.2025
Соңғы уақытта елімізге туристік бағыт ретінде қызығушылық айтарлықтай артты. Осыған байланысты отандық және шетелдік туристерді көбірек тарту мақсатында ұсынылатын қызметтер аясы кеңеюде. Қазақстан бұл тұрғыда өте алуан түрлі – қар басқан тау шыңдарынан бастап құмды бархандар мен кең жазықтарға дейінгі табиғи көріністерімен ерекшеленеді.Біздің облыс та бұл үрдістен қалыс қалмай, экологиялық, сауықтыру және қажылық туризмін дамытуға әлеуеті бар аймақ ретінде танылуда. Өңір аумағында мәдени-танымдық туризмнің негізі болатын құнды тарихи және рухани ескерткіштер сақталған.2024 жылдың 9 айында облысымызға 160 мыңнан астам отандық және 9 мыңнан аса шетелдік турист келді. Орналастыру орындары көрсеткен қызметтердің жалпы көлемі 2,6 млрд теңгені құрап, 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,2%-ға өсті. Туризм саласына 12 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды.Саладағы маңызды инвестициялық жобалардың бірі – Амангелді ауданында салынып жатқан туристік кешен. Бұл жерде қонақүй, сақ саунасы, субұрқақты бассейн, балалар алаңдары, сондай-ақ Тәж-Махал, Мысыр пирамидалары және Эйфель мұнарасы сынды әйгілі сәулет ескерткіштерінің көшірмелері орналаспақ.Сонымен қатар, Қазақстанның тарихи құндылықтарын сақтау мақсатында Ұлттық жады қабырғасы мен музей салу жоспарлануда.Облыстағы экологиялық туризмнің орталығы – ЮНЕСКО-ның мәдени мұра нысандары тізіміне енген Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы. 1931 жылы құрылған бұл қорықтың флорасы мен фаунасы 687 өсімдік түрін, 318 құс және 45 сүтқоректі түрін қамтиды.Экотуристер үшін ұзындығы 185 шақырымды құрайтын 6 экскурсиялық соқпақ пен маршрут жұмыс істейді.Сонымен қатар, өңірде туризмді одан әрі дамыту мақсатында қызмет көрсету саласын, соның ішінде әуе көлігі инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары жүргізілуде.«Қостанай» халықаралық әуежайының ұшу-қону жолағы мен терминалы халықаралық стандарттарға сай жаңғыртылды. Енді әуежай 200 тоннаға дейінгі салмақтағы әуе кемелерін қабылдай алады. Сондай-ақ, терминал аумағы кеңейтіліп, жолаушыларды өткізу қабілеті артты, ұшып кету және келу аймақтарына телескопиялық трап орнатылды.Алдағы уақытта Арқалық қаласының әуежайын қалпына келтіру жоспарланған. Ұшу-қону жолағын жөндеу, жаңа терминал салу, метеорологиялық және радиотехникалық құрал-жабдықтар, арнайы техникалар сатып алу көзделіп отыр.Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы мен Чехия Республикасы арасындағы халықаралық келісім аясында Қостанай облысының оңтүстік бөлігінде – тарихи табиғи мекенінде – Пржевальский жылқыларын қайта жерсіндіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.2024 жылдың маусым айында Амангелді және Жангелдин аудандарында орналасқан «Әлиби» реинтродукция орталығына алғашқы 7 Пржевальский жылқысы жеткізілді. Жалпы саны 40 жылқыны жерсіндіру жоспарланған.Осылайша, өңірде көлік инфрақұрылымын дамыту, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл шаралар аймақтың туристік әлеуетімен ұштасып, тек отандық қана емес, шетелдік туристерді де тартуға мүмкіндік береді. Қостанай облысы әкімінің орынбасары Арман ӘБЕНОВ-тың,«Костанайские новости» газетіне берген сұхбатынанАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/950391
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Түпқараған ауданының балықшыларымен кездесті 04.03.2025
Бүгін облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың тапсырмасына сәйкес, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Асқар Қаныбеков Түпқараған ауданына жұмыс сапарымен барып, өңірдің балық шаруашылығы саласының өкілдерімен кездесті. Жиынға аймақтағы балықшылар мен сала ардагерлері қатысып, саланың өзекті мәселелері талқыланды.Маңғыстау өңірі өзінің климаттық жағдайымен және географиялық тұрғыдан «Үлкен су» маңында орналасуымен ерекшеленеді.Каспий теңізінде кәсіпшілік балық аулауға бекітілген 33 учаскенің 22 учаскесі Түпқараған ауданына қарасты.Кәсіпшілік балық аулаумен Маңғыстау өңірінде маусымдық негізде 609 балықшы, тұрақты түрде 105 балықшы айналысып келеді. Оның ішінде Түпқараған ауданынан 432 балықшы тіркелген.2023-2024 жылдарға Маңғыстау облысына 11 152 тонна балық аулау лимиті бекітілсе, Маңғыстау облысы әкімдігінің ұсынысымен 2024-2025 жылдарға 36 268 тонна 69,3% балық аулау лимиті ұлғайтылды. Оның ішінде шабақ (килька) лимиті 33 172 тонна құрады (2024 жылы – 8 мың тонна).Сонымен қатар Каспий теңізінде балық аулау мәселесі талқыландыКаспий теңізінде балық аулаумен айналысатын балықшылар түнгі уақытта теңізге шығуға рұқсат беру мәселесін көтерді. Қолданыстағы шекара туралы заңнамаға сәйкес, арнайы жабдықтармен (шам жарығы, трекер және т.б.) жабдықталмаған шағын көлемді қайықтармен түнгі уақытта теңізге шығуына тыйым салынған.Осыған байланысты аталған мәселе облыс әкімінің орынбасарының төрағалығымен өткен жиналыста қаралды. Жиналыс барысында балықшылардың ұсыныстары тыңдалып, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.Облыс әкімінің орынбасары бұл мәселені шекара қызметімен және көлік инспекциясымен бірлесіп шешу жолдары қарастырылатынын атап өтті. Тиісті мемлекеттік органдармен бірлескен жұмыс нәтижесінде балықшылардың талаптары ескеріліп, заң аясында шешім қабылданатын болады.Сонымен қатар Аташ елді мекендегі балық өңдеу «Аташ Фиш Пром» ЖШС-нің цехна және Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжіне барды. Колледжде оқытылатын «Балық өндірісі» мамандығы бойынша шеберхананың жұмысымен танысты. Атап айтқанда, «Дәнекерлеу ісі», «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», «Тігін өндірісі» шеберханаларын аралады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/949211
Жетісуда мүгедек жандар үшін ғимараттарды инфрақұрылыммен қамтамасыз ету көрсеткіші 69% жетті 04.03.2025
Жетісу облысында мүгедек жандар үшін ғимараттарды инфрақұрылыммен қамтамасыз ету 69% құрап отыр. Бұл республика бойынша бұл ең жоғарғы көрсеткіш. Осы бағыттағы жұмыс жалғасады, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Облыстық жұмыспен қамтулы үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, 2022-2024 жылдар аралығында облыс аумағындағы 625 нысан мүгедек жандардың кіріп-шығуына бейімделген. Биыл мемлекеттік және жекеменшік мекемелердің шамамен 195 нысанын бейімдеу жоспарда бар. Мемлекеттік нысандар үшін бюджет қаржысы қарастырылған.Сонымен қатар инватакси көлігінің саны соңғы екі жылда екі есеге өсті. Облыс көлемінде қазір 32 инватакси қызмет көрсетіп жүр. Жыл сайын мүгедектігі бар адамдарды қажетті техникалық құрылғылармен қамтамасыз етуге қаржы бөлінеді.Жалпы облыс бойынша мүгедектігі бар азаматтарға арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін 13 мекеме жұмыс істейді. Алдыңғы жылы Алакөлдің жағасындағы аудандық әкімдіктің резиденциясы мүгедек балаларға арналған оңалту лагеріне берілді. 2023 жылы «Қамқорлық» қорымен бірлесіп, аутизм және психикалық дамуында басқа да ауытқушылығы бар балаларға арналған орталық ашылды. Талдықорған қаласында мүгедектерге арналған «Асар» сауықтыру орталығы жұмыс істейді. Оған мемлекеттік қолдау тұрақты көрсетіліп келеді. Ал биыл облыс орталығында 150 орынды тағы бір оңалту орталығының құрылысы басталады.Жалпы өңірде инклюзивті орта қалыптастыру жұмыстары осындай бірнеше бағыттарда жүріп жатыр. Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Фотосуреттер облыс әкімі баспасөз қызметінің архивінен алынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/949760
ЖОСПАР 2025: 14 БАЛАБАҚША КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ 04.03.2025
Шымкент қаласында 2025-2027 жылдары 14 балабақшаны күрделі жөндеуден өткізу жоспарланып отыр. Бүгінде 4 балабақшаның жобалық-сметалық құжаттары дайындалса, тағы 9 балабақша бойынша тиісті құжаттарды рәсімдеу жұмыстары жалғасып жатыр.Атап айтқанда, биыл №97 балабақшасын сыртқы абаттандыру жұмыстарын жүргізуге қажетті қаржы бөлініп, №122 балабақшасын жаңғыртуға арналған қаражатқа сұраныс жолданды. №97 «Ақмарал» балабақшасы Шымкент қаласының Күншығыс шағынауданында орналасқан. 280 орындық білім беру ұйымы 1983 жылы салынған. Соңғы рет 2015 жылы күрделі жөндеуден өткен болатын.№122 «Ақ көгершін» балабақшасы Тұрлан шағынауданында орналасқан. 385 орынға есептелген мекемеде бүгінде 320 бала тәрбиеленуде. Мекемеде соңғы рет 2013 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген еді.Жоспарланған жөндеу жұмыстары балабақшалардың инфрақұрылымын жақсартуға, балалар үшін қауіпсіз, қолайлы және заманауи білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған.Айта кетейік, қазіргі таңда Шымкент қаласында 625 балабақша жұмыс істейді. Оның 71-і мемлекеттік, 554-і жекеменшік. Бұл мекемелерде жалпы 78 628 бала тәлім алады.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/949974
ШЫМКЕНТТЕН ҮРІМШІГЕ ТІКЕЛЕЙ ӘУЕ РЕЙСІ АШЫЛАДЫ 04.03.2025
2025 жылғы 30 мамырдан бастап SCAT әуекомпаниясы «Шымкент – Үрімші» бағытында тікелей әуе рейстерін іске қосады. Жаңа әуе бағыты Қазақстан мен Қытай арасындағы байланыстарды нығайтып, туристік және іскерлік сапарларды одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.Рейстер кестесі:▫ Шымкент – Үрімші: сейсенбі, жұма▫ Үрімші – Шымкент: сәрсенбі, сенбіҰшу ұзақтығы: небәрі 2 сағат 20 минут.28 ақпаннан бастап Шымкент – Үрімші бағытына билеттер сатылымға шықты.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қыметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/949976
ҚАЙНАРБҰЛАҚ ТҰРҒЫН АЛАБЫ: ДЕМАЛЫС ОРНЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ 04.03.2025
Абай ауданының Қайнарбұлақ тұрғын алабында өткен жылы жаңадан мәдениет үйі ашылған еді. Онда түрлі іс шаралар ұйымдастырылып, мәдениет мекемесі тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізетін орынға айналды.Елді мекен тұрғындары үшін тағы бір қуанышты жаңалық – қазіргі таңда мәдениет үйінің жанынан жаңа сквер салынып жатыр. Демеушілер есебінен жүргізіліп жатқан жоба ауданның көркін арттырып, тұрғындардың демалуына және әлеуметтік іс-шаралар өткізуге ыңғайлы орын болмақ.Өткен жылы жаңа мәдениет үйі тұрғындар игілігіне берілсе, ендігі ретте мекеме аумағын абаттандыру жұмыстары атқарылуда. Жоспар бойынша нысан құрылысы биыл аяқталады.Шаһарда шалғайдағы елді мекен тұрғындарының өмір сапасы мен мәдениетін көтеруге бағытталған бастамалар, жобалар одан әрі жалғасын табады.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/949978
ШЫМКЕНТ: АУРУХАНАЛАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ 04.03.2025
Шымкент қаласында денсаулық сақтау мекемелерін жаңғырту, материалдық-техникалық базаны нығайту бағытында жоспарлы жұмыстар қолға алынған. Шаһарда бүгінгі таңда екі ауруханада күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес атқарылуда. Мұнда жылу жүйелері, желдеткіштер толығымен ауыстырылып, есік-терезелері жаңартылуда. Жоспар бойынша жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады.№1 қалалық клиникалық ауруханасының ғимаратында жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен орындалып келеді. Бүгінде аурухананың А, Б, Г және шаруашылық блогында жөндеу жұмыстары аяқталып, В блогында жұмыстар жалғасуда.Сондай-ақ, мамандандырылған бөбектер үйі және №2, №13 қалалық емханасында күрделі жөндеу жұмыстары бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Бюджеттік ұсыным берілді. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының бастамасымен №4, №9, №10, №11 емханаларына жаңа ғимарат салу үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында инвестиция тарту жұмыстары жүргізілуде.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/949979
Үкіметте көкөніс бағасын тұрақтандыру шаралары талқыланды 04.03.2025
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жұмыс кеңесін өткізіп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының қазіргі жағдайын талқылады.Сауда және интеграция министрлігінің мәліметтері бойынша, осы жылдың ақпан айында ӘМАТ бағасының өсу индексі 1,3%-ға дейін баяулаған. Сонымен қатар бес тауар түрі: күріш (-2,9%), жұмыртқа (-1,4%), ұн (-0,8%), макарон өнімі (-0,4%) және қарақұмық (-0,2%) бойынша баға төмендеді. Жыл басынан бері көкөніске бағаның маусымдық өсуі байқалуда.Өңірлерде қордағы өнімдерді сату жұмысы жүріп жатыр. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков 156,9 мың тонна жалпы көкөніс қорының 53,9 мың тоннасы сатылғанын, қазіргі сәтте 92,5 мың тонна көкөніс қоры қалғанын хабарлады.«Жүргізілген түгендеулерден кейін қоймалардағы картоп қоры 47,6 мың тоннаны, сәбіз – 16 мың тоннаны, пияз – 14,6 мың тоннаны, қырыққабат – 14,1 мың тоннаны құрап отыр», — деп мәлімдеді Ербол Тасжүреков. Ауыл шаруашылығы вице-министрінің айтуынша, бұл қорларды сату жұмыстары жалғасуда.Вице-премьер нарыққа өнімдерді аз жеткізген, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тиімсіз реттейтін өңірлердің жұмысын сынға алды. Атап айтқанда, елорданың ірі сауда желілерінің бірінде ақпан айында картоп жеткізу кешіктірілгені байқалды, осыған байланысты Сауда комитеті мен «ҚТЖ Экспресс» АҚ көмегімен аталған көкөністі жедел жеткізу жұмысы ұйымдастырылды. Серік Жұманғарин басқа өңірлерде мұндай жағдайлардың алдын алу үшін картоп және әлеуметтік маңызы бар өзге де тауарлар қорына тексеріс жүргізуді тапсырды.Тұрақтандыру қорларындағы өнімді сату, маусымаралық кезеңнің басталуына байланысты жекелеген аймақтарда импортталған картопты жеткізу басталды. Сонымен қатар аумақтық сауда департаменттері ӘМАТ-қа сауда үстемесін бақылау бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Жыл басынан бері және 27 ақпандағы жағдай бойынша 842 сауда нысаны сауда үстемесін асырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Дереккөз: https://primeminister.kz/news/ukimette-kokonis-bagasyn-turaktandyru-sharalary-talkylandy-29758Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/949911
Нұрдәулет Қилыбай Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесті 04.03.2025
Бүгін, 3 наурыз күні, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бахтиёр Ибрагимовты қабылдады. Тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық салалардағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.Кездесуде Нұрдәулет Қилыбай Өзбекстан мен Маңғыстау арасындағы сауда-экономикалық әріптестіктің маңыздылығына тоқталып, болашақта ірі жобаларды жүзеге асыруға ниетті екенін атап өтті.- Өзбекстан - бізге көршілес ел. Бүгінде Маңғыстау облысында өзбек капиталының қатысуымен кәсіпорындар түрлі салада жұмыс істеп жатыр. Біз Өзбекстанмен іскерлік байланысты тереңдетуге мүдделіміз. Алда жүзеге асырылуы тиіс үлкен жобалар бар. Өңіріміздің екі теңіз порты мен шекаралық аймақта орналасуы – үлкен мүмкіндіктер береді. Сондықтан біз өзара тиімді әрі нәтижелі серіктестікке дайынбыз, – деді Нұрдәулет Қилыбай.Өз кезегінде, Елші Бахтиёр Ибрагимов алдағы жоспарларымен бөлісіп, ортақ жобаларды жүзеге асыруға және әріптестікті одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді.Айта кетейік, Өзбекстан Республикасы – Маңғыстау облысының сыртқы саудадағы негізгі серіктестерінің бірі. 2024 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы 8,8 млн АҚШ долларын құрады. Оның ішінде экспорт көлемі – 4,8 млн доллар, ал импорт – 4 млн доллар.Қазақстаннан Өзбекстанға негізінен газ конденсаты, өрт сөндіргіштер, химия өнеркәсібінің өнімдері, металл бұйымдары және талдау құрылғылары экспортталса, Өзбекстаннан көкөністер мен жемістер, құрғақ жемістер, жаңғақтар, тоқыма бұйымдары, аяқ киім, құрылыс материалдары, тұрмыстық техника және көлік құралдары импортталады.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/949953
САНЭПИДБАҚЫЛАУДЫҢ ТЕКСЕРУ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША ИМПОРТТЫҚ ӨНДІРІСТЕГІ СНЕКТАР САТУДАН АЛЫНДЫ 04.03.2025
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Ақтөбе облысындағы мектептердің бірінің оқушыларын шығу тегі күмәнді өнімдермен (снектар) жаппай улану фактісі бойынша осы өнімдер сатылатын дүкендерге мониторинг жүргізді. Мониторинг барысында 1,5 мыңнан астам дүкен қамтылды, Кеден одағының техникалық регламенттерін сақтау тұрғысынан зертханалық зерттеулер үшін шығу тегі күмәнді импорттық өнімдердің (снектар) 14 үлгісі сатып алынды.Зерттеу нәтижелері бойынша осы өнімнің құрамында дәм күшейткіштер (тағамдық қоспалар) бар екені анықталды: натрий глутаматы (Е621), натрий гуанилаты (Е627), натрий инозинаты (Е631), оларды өндірісте қолдану Техрегламенттердің талаптарында белгіленбеген. СЭБК атап өткендей, дәмді күшейткіштері бар өнімдерді шамадан тыс тұтыну үнемі артық тамақтануды ғана емес, кейіннен семіздікке әкеліп соқтырады, сонымен қатар аллергия, ас қорыту бұзылыстары, күйдіргі тудыруы мүмкін. Тағамдарды таңбалауда өнімнің атауы, сандық құрамы, тағамдық және энергетикалық құндылығы, дайындалған күні мен жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары, дайындаушының, импорттаушы ұйымның орналасқан жері, ГМО бар екендігі туралы ақпарат жоқ. Сондай-ақ, өнімнің белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін бағалауды растайтын сәйкестік туралы декларация жоқ.Аталған өнім бойынша жедел ден қою шаралары қабылданды, ол сатудан алынды. Көрсетілген тағамдарды сататын сауда нысандарына техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес таңбаланған сәйкестік туралы декларацияның міндетті түрде болуымен тамақ өнімдерін сатуға қабылдау жөніндегі талаптардың сақталуы туралы хабарламалар жіберілді. Қазіргі уақытта осы өнімді әкелуге және сатуға тыйым салуды қоса алғанда, санитариялық-эпидемиологиялық іс-шаралар жүргізілуде. Сондай-ақ, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, оның шеңберінде халыққа: тексерілген сауда орындарынан тауарларды сатып алу, қаптаманың затбелгісіне, өнімнің таңбалануына назар аудару ұсынылады, онда атауы, құрамы, шығарылған күні, жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары көрсетілуі тиіс, әртүрлі маркетплейстерден күмәнді өндірілген импорттық тамақ өнімдеріне тапсырыс беруден аулақ болу керек, өйткені бар сапа мен қауіпсіздікті тиісті бақылаудан өтпеген тауарларды сатып алу қауіпті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/949773
СҚО әкімінің Алғыс айту күнімен құттықтауы 04.03.2025
Құрметті жерлестер! Бүгін елімізде Алғыс айту күні аталып өтуде. Бұл мереке – тарихи жадымызды жаңғыртып, ұрпақтар сабақтастығы мен ел бірлігін нығайтатын ерекше күн. Сондай-ақ, тағдыр тоғыстырған түрлі халықтарға қиын-қыстау кезеңде мейірімін төккен қазақ жұртына деген құрмет пен ризашылықтың белгісі. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, бейбітшілік пен келісімнің сақталуына сүбелі үлес қосып жүрген барша солтүстікқазақстандықтарға шынайы алғысымды білдіремін. Сіздерге молшылық, береке және отбасыларыңызға амандық тілеймін! Алғыс айту күні құтты болсын!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/949310
СҚО-да Алғыс айту күні мен Ассамблеяның 30 жылдығына арналған форум өтті 04.03.2025
Бүгін өңірде облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың қатысуымен «Туған жерім – Қазақстаным» форумы өтті, ол Алғыс айту күні мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналды. Бұл маңызды іс-шара әртүрлі этностардың, қоғамдық ұйымдардың және өңіріміздің этносаралық келісімді нығайтуға және дамуға белсене үлес қосып жүрген адамдарын жинады. Форумда өңір басшысы Мемлекет басшысының Ассамблеяның 30 жылдығына байланысты құттықтауын оқыды, онда Ассамблеяның Қазақстан халқының бірлігі мен қоғамдық келісім моделін қалыптастырудағы маңыздылығы атап өтілді. Ассамблея 30 жыл бойы көпэтникалық қоғамымыздың тыныштығы, тұрақтылығы мен дамуына үлкен рөл атқарды. Форум барысында облыста Қазақстан халқы Ассамблеясының дамуына елеулі үлес қосқан азаматтар Алғыс хаттармен марапатталды. Бұл марапаттар — өңіріміздегі халықтар арасындағы достықты, ынтымақтастықты және өзара түсіністікті нығайтуға бағытталған барлық күш-жігердің мойындалуы. "Бұл күн бізге еліміздің дамуы мен өркендеуі жолындағы бірлігіміз бен өзара көмегіміздің маңыздылығын тағы да еске салады. Алғыс айту күні құтты болсын!", - деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/949354
СҚО 103 жасқа толған ардагерді туған күнімен құттықтады 04.03.2025
Бүгін облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов соғыс ардагері Валентина Архиповна Волкодавты туған күнімен құттықтады. Қариямыз 103 жасқа толды, ол – нағыз ғасыр адамы. Валентина Архиповна 19 жасында майданға аттанып, Белоруссия мен Украина майдандарында көпірлер салу және өткелдер жасау үшін көпір салу отрядында болды. Ол Волга өзенінен Берлинге дейінгі жолды жүріп өтті, II дәрежелі ҰОС ордені және медалдармен марапатталған. Соғыстан кейін Валентина Архиповна еліміздің дамуына қызмет етті. Целиноградтағы керамикалық зауытта бухгалтер болып жұмыс істеді, ал соңғы 30 жылдан астам уақытта Петропавлда тұрып келеді. "Ардагерімізге денсаулық, ұзақ өмір және отбасылы бақыт тілеп, балалар мен немерелердің қызығын көре беруге тілектестік білдірдім", - деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/949362
Мұғалжар ауданының бір ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды 04.03.2025
Алғыс айту күні мерекесіне орай, Мұғалжар ауданының Құмжарған ауылдық округіне қарасты Бірлік ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт пайдалануға берілді.Медициналық мекеменің құрылысын «Техно-С» ЖШС 2024 жылдың шілде айында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында бастады.Медициналық пункт 20 келушіге арналған. Заман талабына сай құрал-жабдықтармен жабдықталған.Жаңа пункттің ашылуы — тек медициналық қызмет көрсету ғана емес, сонымен қатар ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына да оң әсер ететін ерекше оқиға болды.Ғимараттың ашылу салтанатына Мұғалжар ауданының әкімі Дархан Ермағанбетов, Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мұратжан Кажгалиев қатысып, ауыл тұрғындарын қуаныштарымен құттықтады.Айтып өтейік, Бірлік ауылы - былтырғы су тасқынында зардап шеккен елді мекендердің бірі. Бүгінде мұнда 168 тұрғын үйде 853 адам тұрады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/949164
Биыл Ақтөбе облысында ауыл тұрғындарының 98,8%-ін мобильді интернетпен қамтамасыз ету жоспарлануда 04.03.2025
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында облыс тұрғындарын сапалы интернетпен қамтамасыз ету мәселесі қаралды.Облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Әсет Отарбаев қала мен ауылдық жерлерде, сондай-ақ республикалық жолдарда байланыс пен мобильді интернет сапасын жақсартуға бағытталған негізгі жұмыстар туралы баяндады.Оның айтуынша, 2024 жылы облыс аумағында базалық станциялар жаңғыртылып, мобильді желінің қамту аймағы айтарлықтай кеңейтілді. Биыл 4G стандартымен 96 базалық станция орнатылып, жаңартылмақ, ал 5G желісінің қамту аймағы 82 базалық станцияға дейін кеңейтіледі. Бұл қала тұрғындары үшін интернет байланысының сапасы мен тұрақтылығын одан әрі арттырады.Ауылдық жерлерге келер болсақ, мобильді интернет облыстың 311 ауылдық елді мекенінің 261-ін қамтиды. Биыл жоспарланған 25 ауылдың төртеуіне, атап айтқанда, Талдысай (Алға ауданы), Байтақ (Қобда ауданы), Дүкен және Мамыр (Ырғыз ауданы) ауылдарына интернет желісі қосылды. Қалған ауылдарда жұмыстар жалғасып жатыр.Халқы 100 адамнан аз 29 ауылда кең жолақты интернет қызметін қамтамасыз ету үшін спутниктік технологиялар қолданылады. Қазіргі уақытта 7 ауылға спутниктік арналар арқылы Wi-Fi қосылған. Осылайша, жыл соңына дейін ауыл тұрғындарын мобильді интернетпен қамту деңгейі 98,8%-ке жетеді.Республикалық маңызы бар жолдарда мобильді байланысты қамтамасыз ету жұмыстары да қарқынды. Осы бағыттардағы 17 нүктеде базалық станция салу үшін жобалық құжаттар әзірленіп жатыр. Бүгінде 10 нүктенің құжаттары сараптамадан өтіп, оң қорытынды алған. Қалған 7 жоба – мемлекеттік сараптамада. Наурыз айында 5 нүкте бойынша, сәуір айында Ырғыздағы 2 нүктенің қорытындысы дайын болады деп күтілуде. Бұл жобаларды жүзеге асыруға республикалық бюджеттен қаржы сәуір айында бөлінеді.Облыс әкімі өңірдегі барлық тұрғынның интернет пен мобильді байланысқа қолжетімділігін қамтамасыз етудің маңызын атап өтті. Осыған байланысты ол цифрлық технологиялар басқармасына аудан әкімдерімен бірлесіп, «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында жоспарланған барлық жобаларды толық жүзеге асыруды тапсырды.«Басты мақсат – қала да, ауыл да, сонымен қатар елді мекендерді байланыстыратын тасжолдар бойында байланыс сапасын жақсарту. «Қолжетімді интернет» жобасы тек байланыс сапасын арттырып қана қоймай, сонымен қатар экономика, білім беру, денсаулық сақтау және басқа да салалардың дамуына жаңа мүмкіндіктер береді. Бұл өз кезегінде облыс тұрғындарының өмір сүру сапасына тікелей әсер етеді», – деді облыс әкімі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/949479
Түркияда маңғыстаулық делегация әйгілі кинорежиссермен кездесті 04.03.2025
Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Ізбергенов бастаған делегация Түркияның танымал кинорежиссері Мехмет Боздақпен кездесіп, өңірде киноиндустрияны дамыту мүмкіндіктерін талқылады.Киносүйер қауымға кеңінен танымал Мехмет Боздақ – тарихи жанрдағы ауқымды жобаларымен белгілі режиссер, продюсер әрі сценарист. Оның шығармашылығындағы ең ірі туындылардың бірі – түркі әлемінің ортақ мәдени мұрасы саналған «Ертұғырыл» телехикаясы.Кездесу барысында Маңғыстау өңірінің тарихи-мәдени әлеуеті сөз болды. Делегация құрамындағы ел ағасы Алқажан Еділхан өңірдегі тарихи-мәдени орындар мен көне ескерткіштердің маңызын атап өтіп, бұл жерлерде түсірілетін фильмдер қазақ киноөндірісіне ғана емес, түркі әлеміне ортақ тарихи туындыларға тың серпін беретінін жеткізді.Сапар аясында қазақстандық делегация режиссердың «Боздақ фильм» атты кино түсіру кешенімен танысты.Тараптар болашақта киножобалар аясында әріптестік орнату мүмкіндігін қарастырды. Басқосу нәтижесінде продюсер Мехмет Боздақ жақын аралықта Маңғыстау өлкесімен танысуға баратынын айтты.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/949294
Мұнайлы ауданында тұтас бір отбасының улану себебін анықтау үшін комиссия құрылды 04.03.2025
Бүгін, 2 наурыз күні Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылындағы жеке тұрғын үйде бір отбасы мүшелерінің улану оқиғасы орын алды. Құтқарушылар мен жедел жәрдем бригадалары оқиға орнына жеткен кезде үйден жеті адамды тапты, олардың бесеуі кәмелетке толмаған балалар. Барлығы оқиға орнында қайтыс болды.Маңғыстау облысы ТЖД-нің алдын ала болжамы бойынша, қайғылы оқиға газ жабдықтарын пайдалану ережесін бұзу салдарынан орын алған. Қаза тапқандар – Қазақстанда уақытша тұрып жатқан Өзбекстан азаматтары.Төтенше оқиғаның себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Оны Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Ізбергенов басқарады.Қайтыс болған отбасының туыстарына жан-жақты көмек беріледі, соның ішінде жерлеу рәсімін ұйымдастыруға қолдау көрсетіледі.Аталған оқиға Маңғыстау облысы әкімінің жеке бақылауында.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/949373
Қарағандылық өндірушілерді қолдау: Karachaganak Petroleum Operating B.V. компаниясымен меморандумға қол қойылды 04.03.2025
Бүгінде Қарағанды облысының бірқатар компаниялары мұнай саласындағы ірі оператор – Karachaganak Petroleum Operating B.V. ынтымақтасады. Серіктестікті кеңейту перспективаларын талқылау үшін өңірге бас директор Марко Марсили бастаған консорциум делегациясы келді. Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша облыс әкімдігімен меморандумға қол қойылды, оның мақсаты – жергілікті тауар өндірушілерді қолдау.Делегация бірқатар кәсіпорындарда болып, өндіріспен танысты. Сондай-ақ, Өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында өңірлік тауар өндірушілердің өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылды. Одан кейін өнеркәсіптік кәсіпорындар өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.– Қарағанды облысы – еліміздің жетекші индустриялық орталықтарының бірі. Мұнда қазақстандық жалпақ прокат, тас көмірдің үштен бір бөлігінен астамы және барлық кокс көмірі, тазартылған күміс пен алтын, мыс, ферроқорытпалар және т. б. өндіріледі. Шикізат бағытына қарамастан, біз экономика құрылымын өзгерту үшін жұмыс істеп жатырмыз. Машина жасау, құрылыс индустриясы салаларында импортты алмастыратын өндіріс ашамыз. Өнеркәсіптік алаңдарды кеңейту бойынша жұмыс жүргізудеміз. Өнеркәсіптік әлеует Қазақстанның ірі компанияларын, оның ішінде Karachaganak Petroleum Operating B.V. де қамтамасыз етуге қабілетті, – деп атап өтті облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.Аймақ басшысы инвестициялық жобаларды қолдау барлық деңгейде: бастапқы циклдан бастап өндірісті толық іске қосуға дейін жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Өткен жылы инвестиция көлемі 1,4 трлн теңгеден асты.Кездесуде жергілікті қамтуды дамытудың басымдығы туралы айтылды.– Қазақстан өнеркәсіп секторында орасан зор әлеуетке ие және біз жергілікті кәсіпорындармен ынтымақтастығымызды кеңейтуге тырысамыз. Біз бүгін көріп отырған өндіріс деңгейі өңірлік компаниялардың сенімді бизнес-серіктес бола алатынын растайды, – деді Марко Марсили.Жергілікті қамтуды дамыту бағдарламасын ҚПО бас директорының орынбасары Мұхтар Манкеев таныстырды.– Бүгінде бізде ҚПО деректер базасында Қарағанды облысынан 86 компания тіркелген. 23 компаниямен бізде 49 млн долларға жуық сомаға келісім-шарт жұмыстары жүргізілді, – деп хабарлады ол. – Қызықты кейс бар – инжинирингтік қызметтерді оқшаулау: жобалау, іздестіру жұмыстары және т. б. Қарағанды облысындағы бірлескен кәсіпорын біздің тарихымызда алғаш рет жоғары технологиялық инжинирингтік жұмыстарды жүргізуге ұзақ мерзімді байланыс алды. Біз қарағандылық әріптеске өте жақсы жағдай жасадық. Қазір Қарашығанақ кен орнында жұмыс басталды.Ол сондай-ақ жарықдиодты шамдар жеткізетін компанияны мысалға келтірді. Ал «ҚарағандыКаздорпроект» кәсіпорны жол және құрылыс жұмыстарын авторлық қадағалауды жүзеге асырады.Қарағандылық тауар өндірушілер консорциум басшылығына өз ұсыныстарымен тікелей жүгіне алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/949014