Enbekshi QazaQ

Ғылым

Жыл қорытындысы. Жастар саясаты 24.12.2024
Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі.Биылғы жылы «Ақтөбе жастары» тұрғын үй бағдарламасының екінші кезеңі бастау алып, оған 1 млрд. теңге бағытталды. Аталған қаражат аясында 70-тен астам жас отбасы баспанамен қамтамасыз етілді. Бұл мақсатта жергілікті бюджеттен 500 млн. теңге бөлінді.Айта кету керек, Ақтөбе облысы «Жасыл Ел» жобасы аясында жастарды жұмыспен қамтуда республика бойынша көш бастап тұр. 2024 жылы 2 100 жас еңбекке тартылды. Келер жылы кемінде 3 500 жас жұмыспен қамтылады деп күтілуде.Бұған қоса, «Таза Қазақстан» акциясына облыстың 418 мың тұрғыны қатысып, 106 мың аула, 1500 әлеуметтік нысан аумағы тазаланып, елді мекендерде 363 мың түп ағаш отырғызылды.Сонымен бірге, «ZHAS PROJECT» жобасы бойынша28 жастың әлеуметтік жобасын іске асыруға шағын гранттар берілді.Жастар бастамаларын қолдау үшін «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасына өтінімдер қабылданды, 200-ге жуық жасқа қолдау көрсетіледі деген жоспар бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/905864
Жыл қорытындысы. Автомобиль жолдары 24.12.2024
Ақтөбе облысы географиялық орналасуына байланысты мол транзиттік әлеуетке ие.Жергілікті маңызы бар жолдардың сапасын арттыруға биыл 64,5 млрд.теңгеге 193 жобаны іске асыру көзделді.Биылғы жылдың қорытындысы бойынша нормативтік жағдайдағы жергілікті маңызы бар автожолдардың үлесі 78%-ға жетті (2023 ж. - 75%).Бүгінгі күні өңірде 500 шақырымнан астам жол жабындысы (асфальт және негіз) төселді.Облыс орталығы Ақтөбе қаласында 200-ден астам немесе 47 шақырым көшені нормативтік жағдайға келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.Халықаралық «Самара-Шымкент» автожолының «Ақтөбе-Хромтау» бағытында бүгінде 2 учаске бойынша барлық қажетті құжаттама әзірленді. Ақтөбе қаласының Өлке тұрғын алабынан Хромтау ауданы Ақжар ауылына дейін учаскеде 4 жолақты тас жолдың негізін салу және коммуникацияларды қайта құру жұмыстары басталды.Сонымен қатар, республикалық «Орталық-Батыс» көлік дәлізінде орналасқан «Қандыағаш - Ембі - Шалқар - Ырғыз» (401 шақырым) республикалық автожолын орташа жөндеу жалғасуда. Қазіргі уақытта, 25 шақырым пайдалануға беріліп, «Қазавтожолмен» бірлесе жұмыс жүргізілуде.Бұған қоса, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Атырау облысымен байланыстыратын 90 шақырымдық республикалық маңызы бар «Ақтөбе-Қандыағаш» автожолының құрылысы аяқталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/905992
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров азаматтарды қабылдады 24.12.2024
Тұрғындардың мәселелерін сондай-ақ, облыстық мәслихат төрағасы Гүлқасима Сүйінтаева, қала әкімі Азамат Бекет, «Amanat» партиясының Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Ербол Данағұлов, қалалық мәслихат төрағасы Анар Даржанова, басқармалар мен департаменттердің басшылары, аудан әкімдерінің орынбасарлары тыңдады.Облыс әкімінің қабылдауына тіркелген азаматтар тұрғын үй беру, аулаларды абаттандыру, жеке қосалқы шаруашылықтарды дамытуға несие алу және басқа да мәселелерді қаузады. Мәселен, Қобда ауданының Ақсай ауылының тұрғындары фермерлік шаруашылықты электр энергиясымен қамтамасыз етуге көмек сұрап келді. Алға ауданының Бестамақ ауылының тұрғындары ауыл ортасынан өтетін жол бойында оқшаулау қалқандарын орнатуды сұрады. Ақтөбе қаласындағы тұрғын алаптардың бірінде тұратындар жолды жөндеу және көшелерді жарықтандыру мәселесін көтерді.Облыс әкімі барлық өтініштерді тыңдап, жауапты органдарға жедел және заң аясында мәселелердің әрқайсысы бойынша шараларды қарастыру мен қабылдауды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/906028
СКРИНИНГТЕРДІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ: ГИПЕРТЕНЗИЯ, ҚАНТ ДИАБЕТІ ЖӘНЕ ГЛАУКОМАНЫҢ 120 МЫҢ ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ 24.12.2024
Скринингтік зерттеп-қараулардың ауқымды бағдарламасының шеңберінде Қазақстанда 2024 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 1,7 миллионнан астам азамат зерттеліп-қаралды.Нәтижелер аурулардың 120 мыңнан астам жағдайы ерте кезеңде анықталғанын көрсетті, бұл ерте диагностика жүйесін жақсарту бойынша ағымдағы шаралардың тиімділігін растайды.Скринингтердің барысында мыналар анықталды:* Артериялық гипертензияның 100 мың жағдайы - егер уақтылы анықталмаса және бақыланбаса, инсульт пен инфарктқа әкелуі мүмкін ең көп таралған аурулардың бірі.* 20,2 мың қант диабетінің диагнозы — бұл соңғы жылдары елдегі өзекті мәселеге айналып келе жатқан ауру.* Глаукоманың 5 мың жағдайы - емделмеген жағдайда соқырлыққа әкелуі мүмкін аурулар.Сонымен қатар, 2024 жылы анықталған аурулардың саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,5%-ға өсті. Бұл пациенттің бағытын тиімді оңтайландыру, скринингтер жүргізуде бірыңғай тәсілді енгізу және тұрғылықты жеріне қарамастан азаматтар үшін медициналық зерттеп-қарауларға тең қолжетімділікті қамтамасыз етудің арқасында мүмкін болды.Скринингтік жүйеде не өзгерді?Кейбір ескірген және ақпаратсыз зертханалық-аспаптық әдістер дәлелденген дәлдікпен заманауи және жоғары тиімді әдістерге ауыстырылды.- қант диабетін диагностикалау үшін гликирленген гемоглобин (HbA1c), (бұрын қандағы глюкозаны анықтау жүргізілген ) ;- бүйрек ауруларын ерте анықтауға арналған шумақтық сүзілу жылдамдығы;- жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупін бағалау үшін қан сарысуындағы төмен тығыздықтағы липопротеидтер.- жатыр мойны обырын ерте анықтауға арналған сұйық ПАП тестті.Бұл тәсілдер:- асқынулардың санын азайту, мүгедектікке немесе өлімге әкелуі мүмкін асқынулардың алдын алу;- скринингті қолжетімді ету (нысаналы топтарды кеңейту).Сонымен қатар, 2025 жылдан бастап 50-70 жастан асқан ер адамдар үшін 2 жылда 1 рет ми қан айналымы бұзылыстарының даму қаупін ертерек анықтауға арналған скрининг енгізіледі.15-17 жас аралығындағы қыздар үшін жұлын-бұлшықет атрофиясының болуына молекулалық-генетикалық тестілеу енгізіледі.Қазақстанда мынадай ең көп таралған 8 ауруды ерте анықтауға скринингтік зерттеулер жүргізілуде: артериялық гипертензия (2 жылда 1 рет) жүректің ишемиялық ауруы (2 жылда 1 рет) қант диабеті (2 жылда 1 рет) глаукома (2 жылда 1 рет) жатыр мойны обыры (4 жылда 1 рет) сүт безінің обыры (2 жылда 1 рет) колоректалдық обыр (2 жылда 1 рет) вирустық гепатиттер (3-6 айда 1 реттен жиі емес).Денсаулық сақтау министрлігі барлық азаматтарды өз денсаулығына қамқорлық жасауға және үнемі тегін скринингтерден өтуге шақырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/906006
Олжас Бектенов: Бірыңғай уақыт белдеуі туралы шешім өте терең ғылыми зерттеулер негізінде қабылданды 24.12.2024
Қостанай облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов зауыттар мен кәсіпорындарды аралап, өндіріс басшылығы және ұжымдарымен кездесулер өткізді. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму перспективалары, кадрлық әлеуетті арттыру, инфрақұрылымдық міндеттерді шешу барысы талқыланды. Сондай-ақ бірыңғай уақыт белдеуіне көшу мәселесіне де назар аударылды. Сөз сөйлеушілердің айтуынша, бірыңғай уақыт белдеуін енгізу мәселесін Қостанай облысының тұрғындары бұрын да көтерген, өйткені 6-шы уақыт белдеуі табиғи уақытқа сәйкес келмеді. Осылайша, бірыңғай уақыт белдеуіне көшу туралы шешім күнделікті тұрмыстық процестерді жеңілдетті. Осыған байланысты кездесуге қатысушылар бірыңғай уақыт белдеуін қолдап сөз сөйледі. Премьер-министр Олжас Бектенов тұрғындармен әңгімелесу барысында табиғи уақыттың азаматтардың денсаулығы мен әл-ауқатына оң әсері ғылыми дәлелденгеніне назар аударды. 2017 жылы америкалық ғалымдар тобы адамның циркадтық ырғағын зерттегені үшін Нобель сыйлығымен марапатталды, бұл табиғи уақытқа сәйкес өмір сүрудің ең пайдалы екенін растады. Осы жұмыстың және басқа да ғылыми зерттеулердің негізінде 2022 жылы 80-нен астам елдің ғалымдары мен мемлекет қайраткерлері қол қойған Барселона декларациясы қабылданды. Премьер-министр Қостанай облысының тұрғындарына және барлық қазақстандықтарға осы маңызды шешімді түсініп, қолдағаны үшін алғысын білдірді.«Шешім Қазақстанда ғана емес, шетелде де жүргізілген өте терең ғылыми зерттеулер негізінде қабылданды. 2017 жылы америкалық ғалымдар тобы адамның циркадтық ырғағын зерттегені үшін Нобель сыйлығымен марапатталды. Бұл зерттеуде ғалымдар табиғи уақытта өмір сүрген кезде адам үшін ең жақсы және пайдалы екенін дәлелдеді. Сондықтан қазір әлемнің прогрессивті елдері табиғи уақыт белдеуіне көшуге ұмтылуда. Қазақстан үшін табиғи уақыт белдеуі – біз қазір өмір сүріп жатқан UТC+5 болып табылады. Бұрын өздеріңіз білетіндей, біз басқа UТC+6 белдеуінде болдық. Кезінде еліміз директивалық тәртіпте біз үшін табиғи емес белдеуге ауыстырылды. Қазір, керісінше, біз уақытты күн цикліне сәйкес келтірдік. Мен бірыңғай уақыт белдеуіне ауысу кейбір адамдарға ыңғайсыздық тудыруы мүмкін екенін түсінемін. Ағза біртіндеп үйренеді. Осындай шешім қабылданды. Егер өңірлерде қандай да бір қолайсыздықтар болса, біздің еңбек заңнамамыз мүмкіндік беретін инфрақұрылымды, жарықтандыруды, ыңғайлы кестені ұйымдастыру арқылы жұмыс істеу қажет. Осы мәселелердің барлығын әрі қарай шешетін боламыз», — деп атап өтті Премьер-министр. Сондай-ақ зауыт ұжымымен кездесу барысында Мемлекет басшысы жариялаған алдағы Жұмысшы мамандықтары жылы қарсаңында еңбек жағдайлары және өзге де қолдау шаралары мәселелері көтерілді.@KZgovernmentАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/905797
Өзбекстанның Қазақстандағы елшісі Ақтөбе өңірінің әлеуетімен танысты 24.12.2024
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бахтиер Ибрагимовпен кездесті.Кездесу барысында Ақтөбе облысы мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтуға бағытталған екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Облыс әкімі екі елдің тату көршілік қатынастары мен тығыз өзара іс-қимыл сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара тиімді байланыстардың белсенді дамуына ықпал ететінін алға тартты.Айтып өткен жөн, екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастар қазірдің өзінде белсенді дамуда. 2024 жылдың қаңтар–қазан айларында Ақтөбе облысының Өзбекстан Республикасымен сыртқы сауда айналымы 40 млн АҚШ долларын құрады. Тауарлардың экспорты бидай, ұн, күнбағыс майы және мұнай өнімдері сияқты позицияларды қосқанда 29,3 миллион АҚШ долларына жетті. Өз кезегінде импорт 10,7 млн долларды құрады, ондағы негізгі тауарлар – жеміс-көкөніс өнімдері, тұрмыстық техника, жаңғақтар, кептірілген жемістер, киім және тоқыма.«Әрқашан орнатылған ынтымақтастықтың одан әрі дамып жатқанына қуаныштымыз. Біз маусымнан тыс уақытта қоймаларда тұрақты көлемді қамтамасыз етуде тауарларды уақытылы жеткізуді ұйымдастыру үшін сіздердің бизнестеріңізбен жұмыс істеуге дайынбыз.Өзбекстанның туристік әлеуеті туралы айтқым келеді. Көптеген қазақстандық Ташкент пен Самарқанды туристік бағыт ретінде қарастырады, сондай-ақ медициналық туризм аясында емделуге де барады.Бұл тұрғыда Ақтөбе мен Ташкент арасындағы тікелей әуе қатынасы мәселесін шешу қажет. Бұған қажеттілік зор, өйткені қазір рейстер Түркістан арқылы жүзеге асырылуда», - деп атап өтті елшімен кездесу барысында өңір басшысы.Әкім өңірдің қолайлы географиялық жағдайы мен дамыған көлік инфрақұрылымы, соның ішінде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі Өзбекстанмен сауда байланыстарын кеңейтуде қосымша мүмкіндіктер туғызатынын тілге тиек етті.Өз кезегінде Бахтиер Ибрагимов өңірлер арасындағы әуе қатынасын дамыту перспективалы бағыт екенін сөз қылды. Өзбекстанның Төтенше және Өкілетті Елшісі кездесу қатысушыларына өз елінің туристік әлеуетін таныстырып, мәдениетаралық қарым-қатынасты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.«Біздің елдеріміздің арасында жоғары деңгейдегі жақсы қарым-қатынастар қалыптасты. Бүгін Ақтөбеде Өзбекстанның туристік әлеуетін алғаш рет таныстырып отырмыз, бұл көшбасшыларымыздың күш-жігерінің арқасында мүмкін болды. 15 жыл бұрын жағдай мүлдем басқаша еді, қазір екі ел арасында ешқандай шектеулер жоқ.Сіз басқаратын өңірмен ынтымақтастықты дамыту өте қызықты. Біз мәдениетаралық мен сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға әзірміз. Екі өңір аумақтық жақындығы өзара іс-қимыл үшін қосымша мүмкіндіктер туғызады», - деді Б.Ибрагимов.Елші Өзбекстанның Ақтөбе облысымен тоқыма өнімдерін, құрылыс және әрлеу материалдарын жеткізу бойынша ынтымақтасуға дайын екендігіне назар аударды. Өзбек делегациясы бұл мәселені ақтөбелік кәсіпкерлермен кездесуде де талқылаған.Кездесу соңында Асхат Шахаров меймандарды Ақтөбе облысы нәтижелі өзара іс-қимылға дайын екендігіне және екіжақты қарым-қатынастардың одан әрі нығаюына әсер ететін зор әлеует барына сендірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/905813
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі облыстық Ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті 24.12.2024
Жетісу облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияда жол және жер қатынастары саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері талқыланды.Іс-шара барысында субъектілермен өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары жүргізілді. . Отырыста келесі мәселелер талқыланды: Жол саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған жұмыстар мен қабылданып жатқан шаралар туралы Жер қатынастары саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған жұмыстар мен қабылданатын шаралар туралы; Іс-шараның қорытындылары туралы; 2024 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның және 2025 жылға арналған жұмыс жоспарының жобасы.Аталған бағыттар Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау шеңберінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың зерттеу объектілері. қызметі.Отырыстың қорытындысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынымдарын орындаудың нақты мерзімдері белгіленді. Бюджет қаражатын жұмсаудың ұтымдылығы мен ашықтығын қамтамасыз етуге ерекше назар аудару тапсырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/905530
Жамбыл облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы тағайындалды 24.12.2024
Жамбыл облысы әкімінің өкіміне сәйкес Данияр Құттыбайұлы Өтепов облыс әкімдігінің жер қатынастары басқармасының басшысы болып тағайындалды.Данияр Құттыбайұлы 1978 жылы Шу ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2000 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз университетін, 2002 жылы «Әулие-Ата» университетін «жер кадастры», «құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.Еңбек жолын 2000 жылы Тараз қаласындағы ҚР жер ресурстарын басқару агенттігінің Жамбыл еншілес мемлекеттік кәсіпорнының инженер жерге орналастырушысы болып бастаған.2002-2006 жылдары Шу аудандық жер ресурстарын бақылау комитетінің жетекші маманы, бас маманы, 2006-2007 жылдары Шу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің бас маманы, 2007 жылы Жамбыл ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің бас маманы, 2007-2012 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасының бас маманы, 2012 жылы жер ресурстарын басқару агенттігінің бас сарапшысы, 2012-2013 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасының бас маманы, 2013-2020 жылдары Шу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы, 2020-2021 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасының бас маманы-мемлекеттік инспекторы, бөлім басшысы, 2022-2024 жылдары ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің Жамбыл облысы бойынша жер ресурстарын басқару департаментінің бас маманы-мемлекеттік инспекторы, бөлім басшысы-мемлекеттік инспекторы қызметтерін атқарған.2024 жылдың ақпан айынан бастап бүгінге дейін ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің Жамбыл облысы бойынша жер ресурстарын басқару департаментінің бас маманы лауазымында қызмет атқарып келді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/905414
БҚО-да екі жыл ішінде маңызды салаларға 500-ден астам қажетті техника сатып алынған 24.12.2024
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Батыс Қазақстан облысында 2023-2024 жылдары тіршілікті қамтамасыз ететін салалардың материалдық техникалық базасы жаңғыртылудан өтті.Маңызды салаларға 530 қажетті техника сатып алынды. Оларға облыстық бюджеттен 10 млрд.теңгеден (10,3 млрд) астам қаржы бөлінді. Атап айтқанда, төтенше жағдай саласына – 44 бірлік, полиция департаментіне – 165 бірлік, орман мекемелеріне – 88 бірлік, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласына – 58 бірлік, денсаулық сақтау саласына – 117 бірлік, білім саласына – 58 бірлік техника алынды.Материалдық техникалық базаның жаңғыртылуы – тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасының артуына әкеледі.Алдағы уақытта материалдық базаны жаңғырту жұмыстары жалғасады. БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko/press/news/details/905593
Батыс Қазақстан облысында жылдар бойы тұрып қалған құрылыс нысандарының мәселесіне нүкте қойылды 24.12.2024
Батыс Қазақстан облысында 2020-2023 жылдары басталып, аяқталмаған 55 әлеуметтік нысан тіркелген болатын.Аталған нысандардың тұрып қалуына мердігерлердің жауапсыздығы, қаржыландырудың тоқтап қалуы, қажетті материалдардың жетіспеушілігі және т.б жағдайлар себеп болды.Алайда 2023-2024 жылдары нысандардың құрылысы қайта жанданып, бүгінгі таңда 53 нысан салынып бітті.Атап өтерлігі, нысандардың қатарында – тұрғын үйлер, мектептер, спорт кешендері, су құбырлары және т.б болды.Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев мердігерлерді жауапқа тартып, тиісті қаражат көздерін тауып мәселеге нүкте қойды.Мәселен, БҚО Тасқала ауданында шынықтыру-сауықтыру кешені және Теректі ауданында үш қабатты тұрғын үйлердің құрылысы 2020 жылы басталып, 2022 жылы аяқталу керек еді. Алайда түрлі себептерге байланысты құрылыс жұмыстары тоқтап қалған. Облыс әкімінің тапсырмасымен аталған мәселе бойынша тиісті жұмыстар атқарылып, биылғы жылы нысандардың құрылысы толықтай аяқталды. БҚО әкімдігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko/press/news/details/905596
Балалар кітапханасы жаңа жылдық оқуларға шақырады 24.12.2024
Абай атындағы Қарағанды балалар кітапханасы 20 желтоқсанда биылғы жылдың соңғы оқуын өткізуде. Бастауыш сынып оқушылары үшін өлең шумақтарымен жазылған жаңа жылдық ертегілер дайындалды.Ақын Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Салтанат Қайырбек өз шығармаларын оқиды. Бастауыш сынып мұғалімі Галия Лоренц голланд жазушысы Тед ван Лисхауттың шығармасын орыс тілінде оқиды. "Фермер Вилли және алғашқы қар" атты шағын әңгіме балалық шақтағы қарапайым қуаныштарды баяндайды.Мерекелік атмосфера сыйлау үшін кітапханада қарағандылық Валерий Роголев жасаған жаңа жылдық инсталляция рәсімделді.Басталуы сағат 12:00-де.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/905350
Инфрақұрылымды жақсарту – басты міндет: Ермағанбет Бөлекпаев Саран қаласын дамытудағы басымдықтарды атады 24.12.2024
Қарағанды ​​облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев биылғы жылы тұрғындармен 13 кездесу өткізіп, онда 400-ге жуық сұрақ көтерілді. Өңір басшысының жеке қабылдауына қалалар мен аудандардан 139 адам қатысты. Ашық диалог өзекті мәселелерді шешуге бағытталған мәселелер шеңберін анықтауға көмектеседі.Қорытынды жиын Саран қаласында, қалалық мәдениет орталығында өтті.- Жалпы Саран қаласы дамып келеді, бірақ әлі де атқарылатын жұмыстар бар. Бұл бірінші кезекте техникалық жабдықтарды жаңғырту және инженерлік инфрақұрылымды жаңарту мәселелері. Сумен жабдықтау желілерін қайта құру жалғасуда, екінші су таратқышты жаңғырту жұмыстары басталды. Қаланы тұрақты сумен қамтамасыз ету үшін бұл жобалар келесі жылы аяқталуы тиіс, деді Ермағанбет Бөлекпаев.Жылумен қамту мәселесі де күн тәртібінен түскен емес. Мердігер жабдықты орнатуды жалғастыруда. Жылу көзінің жобалық қуатына шығуы тұрақты бақылауда.Электр желілерін жаңарту қажет.Экономиканы әртараптандырудың арқасында Саран моноқалалар санатынан шықты. Қазіргі уақытта «Саран Солтүстік» индустриялық аймағының учаскелерінде жалпы құны 380 млрд теңгені құрайтын 9 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда, 6 мыңға жуық жұмыс орны ашылды.Жиында тұрғындар «Солтүстік Саран» индустриалды аймағын салуға мүмкіндік бар ма деген сауал қойды. өнеркәсіптік аймақтан Қарағандыға дейінгі жеке меншік жол. Осылайша ауыр жүк көліктері қазіргі басты жолды тоздырмайды. Жобаның мүмкіндіктері зерделенетін болады.Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және көлік мәселелері де көтерілді. Олардың бірқатарын шешуді облыс әкімі бірден тапсырды.Қаланың жаңа әкімі Дарын Бұлқайырға абаттандыру, тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету бойынша тапсырмалар жүктеді. Аулалар мен үйлердің қасбеттеріне арналған бағдарлама болуы керек.- Жыл басынан бері барлық қалалар мен облыстарда кездесулер өткіздім. Барлық жерде өзекті мәселелер көтерілуде. Бұл негізінен құрылыс, тұрғын үй, абаттандыруға қатысты мәселелер. Облысымыздың тұрғындарын толғандырып жүрген күнделікті мәселелер. Жақын арада әлі де қорытынды жасауымыз керек. Олардың кейбіреулері шешімін тапты. Шешімдерін әзірлеу үшін арнайы зерттеу мен талдауды қажет ететін мәселелер бар, деді Ермағанбет Бөлекпаев. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/905351
Батыс Қазақстан облысында екі жылда 1 мың километр жол жөнделген 24.12.2024
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Батыс Қазақстан облысында 2023-2024 жылдары аралығында 1 мың километрден астам жол жөнделген. Атап айтқанда, 2023 жылы – 562 км жол жөнделсе, 2024 жылы – 445 км жолдың құрылысы аяқталған.Подстепное-Федоровка-РФ шекарасы бағытында4 кезеңнен тұратын барлығы 144 км жолдың биыл бірінші және төртінші кезеңдері, яғни 72 км жолы қайта жаңғыртылса, екінші және үшінші кезеңдері (72 км) 2025 жылы КПО б.в компаниясы есебінен іске асырылатын болады. Күні бүгінде, аталған учаскелерде инертті материалдарды тасымалдау, айналма жолдарды дайындау жұмыстары жүргізілуде.Ел Президентінің 2019 жылы берген тапсырмасы аясында өңірдегі Казталов, Бөкей ордасы және Жәнібек аудандарын облыс орталығымен байланыстыратын 245 км жолды салу міндеті тұрған болатын.Аталған жолдың 2019-2022 жылдары, яғни 4 жылдың ішінде 125 километрі аяқталған болатын. 2023 жылы –104 километрі, 2024 жылы – қалған 16 километрі салынып бітті.Облыс орталығынан 500 шақырым жерде орналасқан Жәнібек ауданының тұрғындары үшін биылғы жыл қуанышты жаңалыққа толы болды. Ауданға апаратын жолдың құрылысы толықтай аяқталды. Талай жыл жол қиындығын көрген тұрғындар бүгінде облыс орталығына еш қиындықсыз қатынайды.«Бұрындары облыс орталығына қатынау үшін көп уақытымызды жоғалтатынбыз. Биыл жолдың құрылысы толықтай аяқталып, халық игілігіне берілді. Бұл ауданымыздың экономикалық дамуына үлкен әсер етеді. Жол салып беруге қолдау білдірген Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысымызды білдіреміз» - деп атап өтті Жәнібек ауданының тұрғыны Бекет Әліпқалиев.БҚО әкімдігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko/press/news/details/904875
Батыс Қазақстан облысында соңғы екі жылда 22 жаңа мектеп бой көтерген 24.12.2024
Батыс Қазақстан облысында 2023-2024 жылдары 22 жаңа орта мектеп бой көтерді.2023 жылы жылы 16 жаңа мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілсе, 2024 жылы жаңа 6 мектеп салынып, аяқталуда. Сонымен бірге, 2025 жылы «Жайлы мектеп» жобасы аясында 6 мектептің құрылысы жалғасын табады.Сондай-ақ, келер жылы КПО Б.В. компаниясының әлеуметтік инфрақұрылымдық міндеттемелері аясында 8 мектептің құрылысы жүргізіледі.Сонымен қатар, екі жыл ішінде облыс бойынша 7 білім беру нысанына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.Ал, 2025 жылы 5 мектепке жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Облыс мектептеріндегі химия, физика кабинеттерін жабдықтау бойынша былтырғы жылы 60 кабинет, биылғы жылы 160 кабинет қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Аталған білім беру объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 3 млрд. теңге қаражат бөлінді.Осы атқарылған жұмыстар облыстағы үш ауысымды және оқу орны тапшылығы бар мектептердің мәселесін шешуге мүмкіндік береді.Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев өңірдегі білім саласын дамыту бағытында мемлекет тарапынан тиісті жұмыстар жалғасатынын атап өтті.«Мемлекет басшысының алға қойып отырған басты міндеттерінің бірі – жас ұрпақтың сапалы білім алуына жағдай жасау. Осы бағытта облысымызда жаңа мектептер салынып, білім ошақтарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Өңірде кадрларды даярлау мәселесіне де баса назар аударудамыз. Өткен екі жылда жергілікті мектеп түлектеріне облыстық бюджеттің қаржысына 141 бакалавриат, 27 резидентураға оқу гранттары бөлінді» - деді облыс әкімі Нариман Төреғалиев. БҚО әкімдігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko/press/news/details/904995
Әлеуметтік даму – өңіріміздің басты басымдығы 24.12.2024
Бүгін Қостанай облысының әкімі Кумар Аксақалов облыстық мәслихат сессиясына қатысты. Онда ағымдағы жыл қорытындылары шығарылып, 2025 жылға арналған негізгі жоспарлар жарияланды.Бюджет пен кірістің өсуіКелесі жылы облыс бюджеті 606,1 млрд теңгеге жетіп, биылғы жылмен салыстырғанда 6,2%-ға, ал 2023 жылмен салыстырғанда 16,3%-ға артық болады. Өңірдің жеке кірістері де 7%-ға артып, 179,7 млрд теңгені құрады. «Біз қол жеткізген нәтижемен тоқтамаймыз, алдағы уақытта бюджетті одан әрі арттыруды жоспарлап отырмыз», – деді Кумар Аксақалов.Бюджеттің әлеуметтік бағыттылығы2025 жылы білім беру саласына 210 млрд теңге бөлінеді, бұл облыс бюджетінің 35%-ын құрайды. Соңғы екі жылда осы салаға бөлінген қаржы 20%-ға өсті. Келесі жылы мектептер мен балабақшалар құрылысы жалғасады, сондай-ақ 1–4 сынып оқушыларын тегін тамақпен қамтамасыз етуге 5,7 млрд теңге қарастырылған.Денсаулық сақтау саласына 110 млрд теңге бөлінеді. 2024 жылы 25 медициналық нысанның құрылысы аяқталады, ал келесі жылы Қостанай ауданындағы емхана салынып бітеді. Сонымен қатар аудандық ауруханалар мен емханаларға медициналық техника сатып алуға қосымша 4 млрд теңге жұмсалмақ.Спортты дамыту мен тұрғын үй құрылысыДене шынықтыру мен спортты дамытуға 20 млрд теңге бөлінеді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 47%-ға артық. Тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасы аясында 22 млрд теңге қарастырылған. Бұл қаражат Құнай ықшамауданында 12 көпқабатты және 124 жеке тұрғын үйдің құрылысын аяқтауға, Береке ықшамауданында 5 үйдің құрылысын аяқтауға жұмсалады. Тобыл қаласында 10 үйдің құрылысы аяқталып, тағы 30 үйдің құрылысы басталады.Жол құрылысы мен сумен жабдықтауКелесі жылы жергілікті және республикалық маңызы бар жолдарды жөндеуге 93 млрд теңге бөлінеді, бұл биылғы жылмен салыстырғанда 1,7 есе көп. 80 кіреберіс жол мен 103 елді мекендегі 362 көшені жөндеу жоспарланған.Сумен жабдықтау жобаларына 13 млрд теңге бағытталады. «Біздің мақсатымыз – 2026 жылға дейін барлық елді мекендерді сапалы сумен қамтамасыз ету», – деп атап өтті өңір басшысы. 2025 жылы осы салада 30-дан астам жоба жүзеге асырылады.Бизнес пен агроөнеркәсіптік кешенді қолдауКелесі жылы оңтүстік өңірлердің тұрғындарына 1%-дық жеңілдікпен несие беру бағдарламасы жалғасады. Сондай-ақ, агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға 17 млрд теңге бөлініп, Солтүстік Қазақстан облысының табысты тәжірибесі қолданылатын болады.ҚорытындыКумар Аксақалов жүргізіліп жатқан реформалардың арқасында жергілікті өкілді органдардың рөлі артып келе жатқанын атап өтті. «Мәслихаттар – билік пен халық арасындағы көпір. Өңіріміздің табысы барлық билік тармақтарының тиімді өзара іс-қимылына тікелей байланысты», – деді облыс әкімі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/904512
Қостанай облысында «Аруана-2010» ЖШС-нің жаңа диірмен кешені ашылды 24.12.2024
Бүгін Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов «Аруана-2010» ЖШС-нің диірмен кешенінің ашылуына қатысты. Жаңа нысан өңірдің тамақ өнеркәсібін дамытудағы маңызды қадамға айналды. Диірмен кешенінің құрылысына 3 миллиард теңге инвестиция құйылды. Оның қуаттылығы жылына 180 мың тонна ұн өндіруге жетеді. Кешен облыста 100 жаңа жұмыс орнын ашты, бұл әлеуметтік тұрақтылықты нығайту үшін аса маңызды. Құмар Ақсақалов жаңа кәсіпорынның ашылуы Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу көлемін арттыру жөніндегі тапсырмасын іске асыру болып табылатынын атап өтті. Қайта өңдеу саласын дамыту стратегиясы Алдағы жылдары облыста ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу үлесін 60%-дан 70%-ға дейін арттыру жоспарлануда. Бұл мақсатқа заманауи технологияларды қолданатын жобаларды іске асыру арқылы қол жеткізілмек:•«КАЙДЗЭН» ЖШС-нің бұршақ дақылдарын қайта өңдеу зауыты (инвестиция көлемі – 9 млрд теңге, қуаттылығы – жылына 170 мың тонна, 70 жұмыс орны).•«AC Agro» ЖШС-нің ұқсас зауыты 2026 жылы іске қосылады (24 млрд теңге, қуаттылығы – жылына 100 мың тонна, 50 жұмыс орны).•«Qostanai Grain Industry» ЖШС 2027 жылға қарай жылына 415 мың тонна астықты терең өңдейтін жобаны іске қоспақ. Бұл жоба глютен, крахмал, аминқышқылдары және биоэтанол сияқты сұранысқа ие өнімдерді өндіруге мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін мүмкіндіктер «Бұл жобалар егістік алқаптарын әртараптандыруға, шаруашылықтардың рентабельділігін арттыруға, ішкі нарықты қамтамасыз етуге және экспорт көлемін едәуір ұлғайтуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Құмар Ақсақалов. Өңірде мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін кәсіпорындар да дамып келеді. Мысалы, «МИЛХ» ЖШС ірімшік өнімдерін өндіретін зауыты (инвестиция көлемі – 7,2 млрд теңге, қуаттылығы – жылына 10 мың тонна, 35 жұмыс орны). 2027 жылға дейін жаңа инвестициялық жобаларды іске қосу өңір бюджетіне қосымша 3 миллиард теңге түсім әкеліп, 2 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құрады. Сондай-ақ жалақы көлемі 70%-ға артады. Өңір экономикасы үшін маңызды қадам «Аруана-2010» ЖШС диірмен кешенінің ашылуы қайта өңдеу саласының тұрақты өсуін қамтамасыз ете отырып, облыс экономикасын нығайтады. Құмар Ақсақалов жаңа нысан мемлекет пен бизнестің табысты ынтымақтастығының жарқын үлгісі болатынына сенім білдірді. «Кешен өңірдің дамуына елеулі үлес қосады деп сенемін», – деді облыс әкімі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/905047
Облыс әкімі ҚР мәслихаттарының құрылғанына 30 жыл толуына арналған салтанатты жиынға қатысты 24.12.2024
Мәслихаттардың 30 жылдығы атап өтілуде. Осыған орай «Amanat» партиясы облыстық филиалының ғимаратында өңір басшысы Асхат Шахаров пен облыстық мәслихат төрағасы Гүлқасима Сүйінтаеваның қатысуымен салтанатты жиын өтті.Шараға барлық сегіз шақырылымның депутаттары шақырылды.Облыс әкімі депутаттық корпусты атаулы күнмен құттықтап, мәслихаттардың мемлекеттік басқару жүйесіндегі рөлін атап өтіп, олардың өңірді дамытуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған шешімдер қабылдаудағы маңыздылығына тоқталды. Асхат Шахаров түрлі шақырылымдағы депутаттарға азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жобалар мен бастамаларды іске асыруға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.«Ақтөбе облысының мәслихаттары 30 жыл бойы халықтың сенімін ақтай отырып, елдің бірлігі мен тұрақтылығы үшін еңбек етті. Сіздер – халық пен билік арасындағы алтын көпірсіздер. Әлеуметтік-экономикалық даму процестерін қалыптастыру сіздердің жұмыстарыңызға тікелей байланысты. Депутаттар әрқашан бюджетті қалыптастырудан бастап, инфрақұрылымды жақсартуға және әлеуметтің әлеуетін көтеруге дейінгі маңызды мәселелерге назар аударады. Сіздер өз міндеттеріңізді абыроймен атқара беретіндеріңізге сенімдімін», - деді аймақ басшысы.Сондай-ақ, әкім бесінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың депутаты ретінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына байланысты өзекті мәселелерді қалай шешкені туралы естеліктерімен бөлісті. Ол әріптестерімен бірге инфрақұрылымды жақсарту, білім беру сапасын арттыру, денсаулық сақтау және ауылдық жерлерді қолдау бойынша қалай жұмыс істегенін айтты.Өз кезегінде Гүлқасима Сүйінтаева облыс әкіміне депутаттармен тиімді қарым-қатынас орнатқаны үшін алғысын білдірді. Төраға мәслихаттың жемісті қызметін, депутаттардың сіңірген еңбегінің маңыздылығын атап өтіп, оларға өңірдің дамуына және халықтың әл-ауқатына қосқан үлесі үшін ризашылығын жеткізді.«30 жыл ішінде облыстық мәслихатта 8 шақырылым ауыстырылды, осы кезеңде 260 адам депутат болып сайланды. Мәслихат – бұл азаматтардың мүдделері мен билік тетіктері ұштасатын алаң. Біз әртүрлі партиялар мен кәсіптерден болғанымызбен, біздің ортақ мақсатымыз - халықтың әл-ауқатын арттыру және елімізді дамыту.Бүгінгі сегізінші шақырылым жаңа форматта жұмыс істеуде: сайлау алғаш рет пропорционалды-мажоритарлық жүйе бойынша өтті, бұл қоғамды демократияландырудағы маңызды қадам болды. Депутаттық корпус тәжірибе мен жаңа идеяларды үйлестіре отырып, 70%-ға жаңарды. Мәслихатта 34 депутат бар: 17-сі партиялық тізімдер бойынша, қалғандары бір мандатты округтер бойынша сайланды.Мәслихаттар депутаттарының II республикалық форумында ел Президенті мәслихаттардың өкілеттіктерін нығайтудың, бюджеттік жоспарлауға белсенді қатысудың және қоғаммен тікелей диалог жүргізудің маңыздылығын атап өтті. Біз бұл бағытта жұмысты жалғастырамыз», - деді Гүлқасима Сүйінтаева.Салтанатты жиын барысында түрлі шақырылымдардың депутаттары мәслихаттағы өз жұмыстарын еске алып, сөз сөйледі. Олардың арасында облыстық мәслихаттың бірінші хатшысы Балихан Жоламанов, Парламент Сенатының бұрынғы депутаты Мұхтар Жұмағазиев, бірінші сайланған Парламент Мәжілісінің депутаты Төлеген Қуанышев және басқалар бар. Олар өз қызметінің маңызды сәттері туралы айтып, тұрғындармен өзара іс-қимылдың және өңірдің өзекті мәселелерін шешудің маңыздылығына тоқталды. Депутаттар халыққа қызмет ету әрқашан олардың жұмысының басты міндеті болғанын және болып қала беретінін алға тартты.Ресми шара соңы марапаттау рәсіміне ұласты. Бірқатар халық қалаулысы Ақтөбе облысы әкімінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісіне ие болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/905262
Жамбылдық үздік жастар марапатталды 24.12.2024
Ең үлкен өңіраралық бәсекелестік – талантты жастар үшін. Дарынды жастарды облыста ұстау, тұрақтандыру, өзге өңірлерден тарту үшін оларға жергілікті жерде барынша қолдау көрсету маңызды. Өңірдің үздік жастарын марапаттау салтанатында осылай деген аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев бұл бәсекелестікте Жамбыл облысының әлеуеті зор екенін, түрлі қолдау шаралары ұйымдастырылып жатқандығын жеткізді.Шара барысында Ербол Қарашөкеев түрлі салада жыл бойы жемісті еңбек еткен жастарға «Әулиеата үздігі» сыйақысын және түрлі жобалар бойынша «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын табыстады.- Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Еліміздің болашағы білімді жастардың қолында», – деп сенімді баға берген болатын. Бұл сөз білімі ерек, ойы ұшқыр, талабы мықты жастардың қатарын арттырып, олардың ұранына айналды десек қателеспейміз.Еліміздегі әрбір игі бастамалардың барлығы жастардың кемел келешегіне негізделген. Сіздер еңбек пен білімді, ар мен намысты, Отан алдындағы парызды ту етіп ұстасаңыздар алынбайтын қамал, аспайтын асу жоқ деп есептеймін. Жастық жігерлеріңіз жалындай берсін! – деді облыс әкімі.Ербол Қарашөкеев 2025 жылы өңірде «Тараз - кітап оқитын қала» жобасы қолға алынатынын атап өтіп, игі бастамаға барша жамбылдық жастың қолдау көрсететініне сенім білдірді. Сонымен бірге 10 мыңнан астам еріктінің ерен еңбегіне алғыс айтты.Бұдан соң үздік жастарға облыс әкімінің «Әулиеата үздігі» сыйақысы табысталды.«Үздік жас ақын» номинациясы бойынша облыстық «Aq jol» газетінің тілшісі Арайлы Жақсылық, «Үздік жас журналист» номинациясы бойынша «Еуразия» бірінші арнасы телеарнасының тілшісі Ұлдана Жұбай, «Үздік жас педагог» номинациясы бойынша Ә. Бөкейханов атындағы №1 гимназиясының математика пәнінің мұғалімі Дәурен Естаев, «Үздік жас спортшы» номинация бойынша ҚР спорт шебері Бексұлтан Боранбай, «Үздік жас медицина саласының маманы» номинациясы бойынша Жамбыл аудандық орталық ауруханасының аға мейірбикесі Бикен Аманғалиқызы, «Үздік жас өнер саласының маманы» номинациясы бойынша К. Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әртісі Дидар Басықараев, «Үздік жас құтқарушы» номинациясы бойынша Тараз қаласы №20 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Байдаулет Дусейнов, «Үздік жас құқық қорғау қызметкері» номинациясы бойынша облыстық полиция департаментінің аға жедел уәкілі Құндызай Бөгенбаева, «Үздік жас мемлекеттік қызметші» номинациясы бойынша Талас ауданы әкімдігінің сектор меңгерушісі Батырхан Төмешбай, «Үздік жас өндіріс саласының маманы» номинациясы бойынша «Амангелді газ өңдеу зауыты» ЖШС-нің аға зертханашысы Салтанат Займанова, «Үздік жас өнертапқыш» номинациясы бойынша канадалық «MaintainX» Старт АП компаниясының қызметкері Мұхтарәлі Әбуәлі марапатталды.Салтанатты шарада «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты табысталды. Атап айтқанда, ғылым бағыты бойынша Дәулет Жаманқұл, Шынар Тоқтамыс, мәдениет бағыты бойынша Аяна Ким, Ақарыс Сайлау, ақпараттық технологиялар бағыты бойынша Әлихан Әділ, Мерей Жолдасбек, бизнес бағыты бойынша Патима Байтұрсын, Азамат Немелбек, медиа бағыты бойынша Мерей Бает, Ерқасым Әбдірахман 1 миллион теңгенің сертификатына ие болды.Айта кетейік, Жамбыл облысы халқының 29,1 пайызын жастар құрайды. Биыл 23 758 жас жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды. «Жасыл ел» жобасы аясында 2 000 жас маусымдық жұмысқа орналасты.344 жастың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау мақсатында қайтарымсыз грант берілді. «Ауыл аманаты» жобасы аясында 326 жас жеңілдетілген несиеге қол жеткізді.Өткен жылы «Әулиеата жастары» тұрғын үй бағдарламасы аясында 144 жасқа баспаналы болу бақыты бұйырса, биыл 140 жас отбасыға пәтер кілті табысталады. Аталған бағдарлама келесі жылы да жалғасын табады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/905175
Шет ауданында 34 отбасы жаңа үйге қоныстанды 24.12.2024
Тәуелсіздік күні аясында Шет ауданының 34 отбасына жаңа үйдің кілтін алды.Ақсу-Аюлы ауылында 26 адам баспана алған, оларға 3 және 4 бөлмелі пәтер берілді. Ақжал кентінде екі жаңа таунхауста сегіз отбасына үй берілді.Жаңа қоныстанушыларға кілтті Шет ауданының әкімі Мұхит Мұхтаров табыс етті. Ол тұрғындарды көптен күткен оқиғамен құттықтап, оларға жаңа үйде бақыт пен береке тіледі."Тұрғын үй кезекте тұрғандар үшін арнайы салынған. Үйлер әрленіп, тапсырылған. Барлық пәтер сатып алу құқығымен жалға беріледі", – деп атап өтті аудан әкімдігінде.Жаңа үйлердің айналасы асфальтталған. Жылумен жабдықтау үшін ортақ қазандық қарастырылған.Биыл Шет ауданында 122 кезекте тұрғандар пәтер алды. Ауыл тұрғындарын тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/904486
Қарағанды хайуанаттар бағы жаңа жылдық шараларға шақырады 24.12.2024
Қарағанды хайуанаттар бағы 22 желтоқсанда жаңа жылдық ертеңгілік ұйымдастырады. Мерекелік шара көшеде және жаңа ғимаратта өтеді. Хайуанаттар бағында барлығы төрт шырша орнатылады.Ертеңгілікте балаларға эльфтер мен аққалалар өнер көрсетеді. Бағдарламада Аяз Ата және Ақшақармен бірге шыршаның айналасындағы би, сондай-ақ көңілді ойындар, викториналар мен жарыстар бар.Мереке 13:00-де басталып, 15:00-ге дейін жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/904487