Бизнес
Қарағанды облысының мемлекеттік сатып алу басқармасын Елнар Уахитов басқарады 21.02.2025
Елнар Уахитов Қарағанды облысы Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды.Елнар Уахитов еңбек жолын 2003 жылы «Қарағанды Жылу» ЖШС материалдық-техникалық жабдықтау бөлімінің маркетинг және сапа жөніндегі менеджері болып бастаған. Содан кейін «Қарағанды Тех Сервис» ЖШС директоры, «Маркетингтік және талдамалық зерттеулер орталығы» АҚ өкілдігінің консультанты, Қарағанды облысы әкімінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі орынбасарының бас маман-кеңесшісі болып жұмыс істеді.Әр жылдары Қарағанды облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары, Қарағанды облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі, Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары, Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы көлік және байланыс бөлімінің басшысы, Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары, Индустрия және жаңа технологиялар министрінің кеңесшісі қызметін атқарды.2017 жылдың қаңтарынан бастап осы күнге дейін Астана қаласы «Есіл» ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/939034
«Инвестиция орнына тариф»: Қарағанды ЖЭО-3-те биыл ескі қазандықты жаңарту жоспарланған 21.02.2025
Қарағанды ЖЭО-3-те биыл үш қазандық агрегаты мен екі турбинаны күрделі жөндеу жоспарланған. Едәуiр сома 1977 жылы станция негiзi қаланғаннан бері жұмыс iстеп келе жатқан № 1 қазандықты жаңартуға көзделген. ЖЭО-1-де екі қазандық және бір турбина күрделі жөндеуден өтпек. Сондай-ақ, энергия көздерінде негізгі және қосалқы жабдықтарға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.«Инвестиция орнына тариф» бағдарламасы туралы «Қарағанды Энергоцентр» компаниясында айтылды.2025 жылғы 1 ақпаннан бастап жылу және электр энергиясын өндіруге арналған жаңа тарифтер күшіне енді. Өзгерістерді тиісінше Табиғи монополияларды реттеу комитеті мен ҚР Энергетика министрлігі бекітті.Өндірістік шығындардан басқа тарифтер күрделі жөндеулерге, инвестициялық бағдарлама бойынша жабдықтарды жаңғыртуға арналған шығыстарды қамтиды.– 2025 жылы жөндеу науқанының құны 23,8 млрд теңгені құрайды. Бұл қаражат жабдықтардың сенімділігін қамтамасыз етуге, экологиялық тазалықты жақсартуға және қуаттылық бойынша шектеулерді алып тастауға жұмсалады. Барлығы екі станцияда шамамен 26 бірлік жабдық жөндеумен қамтылады, – деп хабарлады «Қарағанды Энергоцентр» ЖШС бас директоры Флюр Гарипов.Ол бұған дейін «Инвестиция орнына тариф» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылған ірі жобаларды еске салды. 2012 жылы ЖЭО-3 жаңа турбина іске қосылды, 2016 жылы жаңа энергоблок салынды. Жыл сайынғы күрделі жөндеулермен қатар бұл станцияның тозуын төмендетуге мүмкіндік берді.Компания басшысының айтуынша, соңғы бес жылда қызметкерлердің жалақысы 100%-ға өсті. ЖЭО-3-те 900 адам, ЖЭО-1-де 300 адам жұмыс істейді. Кадрлар тапшылығы мәселесін ЖЭО-3 базасында оқу орталығын ашу және өңірдің колледждерімен дуальді оқытуды дамыту арқылы шештік, деп атап өтті Флюр Гарипов.ЖЭО-3 директоры Константин Пятков ескі қазандықтың алдағы күрделі жөндеуі туралы толығырақ айтып берді.– Жөндеу жұмыстарының ең үлкен көлемі осы қазандық бойынша. Қазандықтарды үлгілік жөндеу кезеңділігі төрт жылды құрайды. Ал биыл аса күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қазандықтың оттық камералары толығымен ауыстырылады – бұл шамамен 150 тонна металл. Сондай-ақ жылыту беті мен су экономайзері жаңартылады - бұл тағы 40 тоннаға жуық. Бұдан басқа, газ тазарту жабдықтарын қайта жаңарту көзделген. Екінші буын эмульгаторы үшінші буын жабдығына ауыстырылады. Бұл тазарту дәрежесін арттырады, сәйкесінше қоршаған ортаға шығарындыларды азайтады. Ал жалпы күрделі жөндеу нәтижесінде жабдықтардың сенімділігі, жұмыс тұрақтылығы артады, – деп түсіндірді ол.Спикерлер қажетті жабдықтарға шетелде тапсырыс берілетінін және оны жасау 90 күннен бастап жарты жылға дейін созылатынын айтты. Сондықтан барлық жөндеу науқанын бір жыл бұрын қалыптастырған. Биылғы жылыту маусымы аяқталғаннан кейін 2026 жылға арналған бағдарлама дайындалады.Бұдан басқа, энергия тапшылығы проблемасын шешу үшін ЖЭО-3-те кеңейту жөніндегі жобаны іске асыру басталды. 2028 жылға дейін жаңа энергоблок орнату жоспарлануда. Бұл станцияның электр қуатын 140 МВт және жылу қуатын 180 Гкал/сағ арттырады.– Барлық шарттарға қол қойылды: жобалау, жабдықтарды жеткізу және құрылыс-монтаждау жұмыстары. Құрылыс үшін жер телімін дайындадық. Жобаны іске асыру нәтижесінде қосымша 55 жұмыс орны құрылады, – деді Флюр Гарипов.Сондай-ақ, 2027 жылдан бастап іске асырылатын турбиналық жабдықтарды жөндеу бағдарламасы әзірленді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/939040
Қарағанды облысында кезекте тұрған 40 отбасы қоныс тойын тойлады 21.02.2025
Қарағанды облысының екі ауданының тұрғындары пәтер кілттерін алды. Бұқар жырау ауданының Көкпекті ауылында он отбасы жаңа баспанаға ие болды, ал Абай ауданында кезекте тұрған 30 адам қоныс тойын тойлады.«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының қолдауымен Көкпекті ауылында екі пәтерлі бес үй салынды. Әр пәтер үш бөлмелі. Жалпы ауданы - 84 шаршы метр.Кілттерді халықтың әлеуметтік осал топтарынан төрт отбасы, төрт көп балалы отбасы және үйлері апатты деп танылған екі отбасы алды.Екатерина Ақтұқашева үш баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отыр.– Пәтерлер өте жақсы: жылы, едендер тегіс, жөндеу де сапалы жасалған. Мен бәрі соншалықты заманауи болады деп ойламаған едім. Көшіп келіп, тұра беруге болады! Жеке бөлмедегі тәуліктік қазандық - бұл керемет ыңғайлы. Пәтерде шаң да, түтін де болмайды, – дейді Екатерина Ақтұқашева. – Әсіресе балаларым бақытты! Менің екі оқушы балам және екі жастағы кішкентай балам бар. Енді олардың жеке үлкен бөлмесі болады.Тағы бір қоныс иелері – Батима Наскейдің көп балалы жанұясы. Он жыл бойы Сарытөбе мектебінде медбике болып жұмыс істеді, содан кейін көп балалы ана ретінде зейнетке шыққан. Отбасында бес бала бар.– Тұрғын үйді ұзақ уақыт жалға алып тұрып келдік. Енді пәтер кілтін алдық, – дейді Батима Наскей. – Үй өте жақсы, кең. Жақын арада көшеміз. Көп балалы аналарға қолдау көрсеткені үшін рахмет – бұл мемлекет тарапынан үлкен көмек!Жыл бойы Бұқар жырау ауданында кезекте тұрған 100-ден астам адамды баспанамен қамтамасыз ету жоспарланған.Сондай-ақ, Абай ауданының 30 тұрғыны жаңа пәтерлердің кілтін алды. Олардың арасында толық емес отбасылар, жетім балалар, мүмкіндігі шектеулі жандар, қандастар мен зейнеткерлер бар. «Халық Билдинг» ЖШС салған жаңа бес қабатты үйдегі пәтерлерді Мемлекет басшысының бастамасымен жергілікті атқарушы органдар сатып алды. Үйде 12 бір бөлмелі, 8 екі бөлмелі және 10 үш бөлмелі пәтер бар.Кілттерді тапсыру барысында Абай әкімі Сәбит Оспанов дайын тұрғын үйді жеке құрылыс салушылардан сатып алу кезекте тұрғандардың тұрғын үй мәселесін шешуде айтарлықтай ілгерілеуге мүмкіндік беретінін атап өтті.– Өмірлеріңізде жаңа тарау басталады, – деп құттықтады Сәбит Оспанов. – Сіздердің пәтерлеріңіз тек қабырға мен шатырға ғана емес, әрқашан жылы, қуаныш пен отбасылық игілік болатын нағыз жайлы ошаққа айналсын!Қоныс иелерінің арасында Ауғанстандағы соғыс ардагері Қайрат Борашев те бар.– Ардагерлер мен тұрмысы төмен адамдарға қамқорлық көрсетіп отырғаны өте қуанышты, – деді Қайрат Борашев. – Тамаша пәтер.Сонымен қатар, таяу арада Абайда өткен жылы құрылыс салушылардан сатып алынған тағы 10 жаңа пәтердің кілтін тапсыру жоспарланып отыр.Биыл құрылыс салушылардан дайын тұрғын үйді сатып алу бағдарламасы жалғасады. Абайда бұл жоба бойынша 90 отбасы, ал Топарда 40 отбасы пәтер алуы тиіс.2025 жылы Абайда 30а орамында бес қабатты кредиттік үйдің құрылысын аяқтау жоспарлануда. 80 пәтерлі үй 2023–2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы бойынша бюджет қаражаты есебінен салынуда. Пәтерлер кезекте тұрғандарға «Отбасы банк» тетіктері арқылы беріледі.Сондай-ақ, Абайда тағы бір бес қабатты үй мен екі пәтерлі бір қабатты үйлер салынып жатыр, Топарда екі көппәтерлі үй қалпына келтірілуде.Абай ауданының тұрғындарына пәтерлер кезек тәртібімен беріледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/939475
Қарағанды мұражайында болашақ дизайнерлер мен сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің жұмыстары таныстырылады 21.02.2025
Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайы «Шығармашылық идеялар галереясы» көрмесіне шақырады. Келушілер болашақ дизайнерлер мен сәндік-қолданбалы өнер шеберлері – Қарағанды техникалық-құрылыс колледжінің студенттері қандай бағытта жұмыс істеп жатқанын көреді.Көрменің ашылуы 19 ақпанда сағат 16:00 болады.– Бұл Қарағанды техникалық-құрылыс колледжінің дизайн және сәндік-қолданбалы өнер бөлімімен біздің алғашқы ынтымақтастығымыз емес. Оқу орны айтарлықтай жоғары деңгейде. Студенттер мен олардың оқытушыларының жүзге жуық жұмыстары ұсынылады. Өнердің түрлері мен жанрлары әр түрлі: кескіндеме, графика, дизайн-жобалар, хендмейд және т. б., – деді көрменің кураторы Айгүл Омарова.Көрме 2 наурызға дейін жалғасады.Қарағанды техникалық-құрылыс колледжінде оныншы жыл қатарынан сәндік-қолданбалы өнер шеберлері даярлануда. Студенттерге қыш өңдеу, былғарыдан, киізден бұйымдар жасауды үйретеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/939504
Үздіксіз білім дамудың кепілі - әкімдердің біліктілігін арттыру басталды 21.02.2025
Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев пен Агенттік төрағасы Дархан Жазықбайдың қатысуымен сайланған аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округ әкімдерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы ашылды. Іс-шараға Президент Әкімшілігінің лауазымды адамдары, Аманат партиясының және еліміздің өзге де саяси партияларының өкілдері, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының оқытушылары, сондай-ақ өңірлерден аудан және ауыл әкімдері онлайн қатысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында азаматтардың талабына сәйкес әкімдерді тікелей сайлау жүйесі іске қосылып, барша ауыл әкімдерінің 90 пайызға жуығы сайланғанын айта келе, олардың 60 пайызы бұрын мемлекеттік қызметте істемегенін атап көрсетті. Сонымен қатар, Үкіметтің кеңейтілген отырысында әкімдердің біліктілігін арттыруды Үкімет пен Агенттікке тапсырды.Бұл ретте, Агенттік төрағасы Д. Жазықбай Мемлекет басшысының тапсырмасын сапалы орындау мақсатында әкімдерді оқытудың тиімділігіне ерекше мән беру қажеттігіне тоқталды. Сонымен қатар, Д.Жазықбай «Cаяси партиялар Ауыл әкімдерін сайлау кезінде өздері ұсынатын кандидаттардың тұлғалық жауапкершілігі мен кәсіби даярлығына назар аударғаны жөн. «Адал Азамат» идеалдарына сай, шынайы мақсаты ел игілігіне әділ қызмет етуді көздейтін адамдардың жұмысынан қашанда оң нәтиже күтуге болады», - деді. Өз кезегінде әкімдердің кәсіби біліктілігін арттыру 17 модуль арқылы жүргізіледі.Атап айтқанда:- жергілікті бюджетті тиімді пайдалану;- мемлекеттік сатып алулар мен салықтар;- коммуналдық меншікті басқару, экология мен қоршаған ортаны қорғау;- кәсіпкерлікті дамыту және мемлекеттік қолдау, аймаққа инвестиция тарту;- мемлекеттік басқарудағы цифрлық технологиялар, жасанды интеллект құралдарын қолдану;- қабылданған шешімдердің сәттілігіне әсер етуі мүмкін тәуекелдерді басқару, тиімді коммуникациялар және өзге дағдыларды дамытуды көздейді.Бағдарлама практикалық жаттығулар, интерактивті пікірталастар, тренингтер, экономика, мемлекеттік басқару, құқықтану салалары бойынша сарапшылармен кездесу және оффлайн, онлайн форматта 240 академиялық сағат оқытуды қамтиды. Бұдан өзге, жұмыс барысында ең көп жол берілетін кемшіліктерді ескере отырып, практикалық кейстер және оларды тиімді шешу жолдары қаралатын болады.Оқытудың қорытындысына сәйкес әкімдер өңірлерді экономикалық дамытуға қатысты жобаларын қорғайды.Жиын барысында, әлемде цифрландыру мен технологияның қарқынды дамуына сәйкес елімізде өңірлердің экономикалық әлеуетін арттыру үшін білікті менеджерлерді қалыптастырудың маңыздылығын ескере отырып, әкімдердің біліктілігін арттыру барысында теориялық әрі практикалық тәсілдерді қолдану қажеттігі айтылды.Бағдарлама Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының базасында, республикалық маңызы бар қалалар мен облыстардағы филиалдары арқылы жүзеге асырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/939954
Күршім көпірі іске қосылғаннан кейін төрт айдан соң: Шығыс Қазақстан дамуының жаңа кезеңі 21.02.2025
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін елдегі ең ұзын көпір жұмыс істеуде. Жоба өңірдегі көлік байланысының көпжылдық мәселесін шешуге бағытталған.«Жұрт жылдар бойы жазда – пароммен, қыста – мұздың үстімен жүретін. Бұл өте ыңғайсыз әрі қауіпті болғаны түсінікті. Енді мәселе біржола шешімін тапты»,- деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.Бүгінгі таңда Күршімдегі көпір Шығыс Қазақстан облысының Күршім, Үлкен Нарын, Марқакөл, Катонқарағай, Тарбағатай және Зайсан аудандарын Өскемен қаласымен байланыстыра отырып, көлік құралдарының жыл бойы қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етеді.Алғашқы төрт айда көпір арқылы 170 мыңға жуық автомобиль өткен. Яғни, күн сайын 1,5 мыңға жуық көлік көпірді пайдаланады. Бұған дейін аймақ тұрғындары 500 шақырымға дейін айналма жол жүруге мәжбүр болғанын айта кеткен жөн. Бұл жол жүру уақыты мен көлік шығынын едәуір арттырды.Көпірдің құрылысын Шығыс Қазақстан облысындағы отандық компания жүзеге асырды. Бұл өңірде жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз ете отырып, жергілікті ресурстарды, мамандарды тартуға мүмкіндік берді.Жоба озық инженерлік технологияларды қолдану арқылы және барлық сапа стандарттарына сәйкес жүзеге асырылды.Көпірдің жалпы ұзындығы - 1316 метрді, ені - 12,2 метрді құрайды. Бір жағында жаяу жүргіншілер жолағы салынған. Қысқы кезеңде конструкцияны қорғау үшін тіректердің әрқайсысында зақымданбайтын арнайы мұз кескіштер орнатылған.Сонымен қатар су бетінен көпірге дейінгі қашықтық 18 метрді құрайды. Бұл навигация кезеңінде кемелердің көпірдің астынан кедергісіз өтуіне мүмкіндік береді.Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін жаңа көпірде 102 бейнебақылау камерасы орнатылған, оның 62-сі көпірдің жоғарғы бөлігінде, 40-ы көпір асты аймағында орналасқан. Камералар онлайн режимінде жұмыс істейді, бұл жолдың жағдайын үнемі бақылауды қамтамасыз етеді.Өңір тұрғындары көпір су қоймасының екі жағындағы елді мекендер арасындағы көлік қатынасы мәселесін шешкенін айтады. Аталған көпір азаматтардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етіп, тауарлардың қозғалысын жеделдетіп, халықтың барлық қажетті қызметтері мен қажеттіліктеріне қол жеткізілді.Күршімдегі көпір – жай ғана құрылыс емес, барлық өңір үшін жаңа үдеріс пен жаңа мүмкіндіктердің символы іспеттес.Жергілікті тұрғын Айбар Еріков атап өткендей, көпір «үлкен әлемге ашылған есік» болды: «Қыста Бұқтырма су қоймасының арғы жағына өту үшін қалың мұздың қатуын күткеніміз есімде. Енді біз бұл туралы ойламаймыз! Көлікке отырасың – арғы жағадан шығасың. Біз үшін бұл көпір үлкен әлемге ашылған есік сияқты. Қалаға бару әлдеқайда жеңіл, жылдам және қауіпсіз». Шағын кәсіп иесі Айнаш Оразбаева өңірдегі сауда жандана түскенін мәлімдейді: «Бұрын бізге тауарларды жеткізу нағыз квест болатын: жазда – паром, қыста – мұз үстімен, ал маусымнан тыс уақытта ештеңе әкелмейтін. Енді тауарлар үзіліссіз жеткізіліп, дүкендердегі ассортимент өсті, бағалар тұрақталды. Көпір арқылы жұмыс істеу әлде қайда оңай, ал адамдардың өмір сүруіне ыңғайлы жағдай жасалды». Ауыр жүк көлігінің жүргізушісі Мұрат Рамазанов жолды және жолдағы уақытты үнемдеу туралы айтып берді: «Егер бұрын маған Бұқтырма су қоймасын айналып өту үшін қосымша 500 шақырым жүру керек болатын. Себебі мен табиғатымнан экстремалды жақсы көрмеймін және көлігімнің салмағымен мұздың беріктігін тексергім келмеді. Енді мен көпірден өтіп бара жатырмын. Бұл жанар майды ғана емес, уақытты да үнемдеп, жүйкенің де шаршамауына үлкен мүмкіндік».Күршімдегі көпір Шығыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беріп қана қоймай, тұтастай алғанда елдің көлік-логистикалық саласының дамуына оң әсерін тигізіп, логистикалық бағыттарды жақсартып, шекара маңындағы елдермен үздіксіз байланыстарды қамтамасыз етті. Сондай-ақ көпір аймақтың туристік әлеуетін арттырып, өңірдегі және Бұқтырма су қоймасының көркем көрінісін тамашалауға мүмкіндік берері сөзсізАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/939046
Көмір өндіруші кәсіпорындардың тыңдауы өтті: өткен жыл қорытындылары мен 2025 жылға жоспарлар 21.02.2025
Бүгін, 2025 ж. 17 ақпанында ҚР ӨҚМ Өнеркәсіп комитетінің Көмір өнеркәсібі басқармасы көмір өндіруші кәсіпорындардың 2024 жылғы жұмысын қорытындылады және 2025 жылға арналған жоспарларды қарады. Тыңдауға 29 компания қатысты.2024 жылдың қорытындысы бойынша 112,6 млн тонна көмір өндірілді, нақты көлем индексі 102,9% құрады. Алайда жекелеген кәсіпорындар тау-кен жұмыстары жоспарындағы ауытқуларға, экспорттың қысқаруына және басқа да факторларға байланысты өндіру көлемін төмендетті. Соның ішінде «Kazakhmys Coal» ЖШС – 16,3%, «Майкубен-Вест» АҚ – 28,8% және т.б.Министрлік ҚТЖ және кәсіпорындармен бірлесіп нысаналы көрсеткіштерді орындау бойынша шаралар қабылдануда. Ішкі нарықтың көмір қажеттілігі 7,9 млн тонна болса, қазірдің өзінде 7,53 млн тонна жеткізілді, бұл жоспардың 95,7%-ы болды. Ал көмір тұйықтарындағы қорлар 476 мың тонна құрайды.Жылыту маусымының тұрақты өтуі бойынша жұмыс жалғасуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/939885
Ақмолалық спортшылар шорт-тректен әлем кубогы кезеңінде қола медаль жеңіп алды 21.02.2025
14-16 ақпан аралығында Италияның Милан қаласында шорт-тректен әлем кубогының кезеңі өтті. Ақмола облысының спортшылары Денис Никиша мен Мерсаид Жақсыбаев ерлер эстафетасы құрамында өнер көрсетіп, қола жүлдегер атанды. Олар тек Италия және Канада құрамаларына жол берді.Еске сала кетейік, өткен аптада дәл осы спорт түрінен Қазақстан құрамасы Харбинде өткен Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алған болатын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/939345
Су тасқынының алдын алу мақсатында 21.02.2025
Ұлытау облысының аумағын көктем мезгіліндегі су тасқынынан қорғау мақсатында облыс әкімінің өкімімен іс-шаралар жоспары бекітіліп, арнайы штаб жұмыс істеуде. Құрам қазіргі уақытта «жоғары дайындық» режимінде. Тиісті қалалық бөлімдер мен ұйымдар материалдық-техникалық құралдар мен инертті материалдар қоры дайындалды:- 72 тонна жанар-жағар май;- 10,5 тонна азық-түлік;- 4000 тонна инертті материал;- 14 000 дана қап. Су тасқынын болдырмаудың тағы бір жолы – елдімекендерде жүйелі түрде қар күреу жұмыстары. Бүгінгі таңда облыс аумағында 250 мың м3 қар шығарылған, жұмыстар жалғасуда. Ұлытау облысының аумағында зардап шеккен халықты уақытша қабылдауға арналған 44 қабылдау пункті дайындалған. Бұл орындардың жалпы сыйымдылығы 34218 адамды құрайды. Жоспарға сәйкес су тасқынына бейім елді мекендерді, су тасқынына қарсы бөгеттерді, гидро техникалық құрылыстарды, автомобиль жолдарын, эвакуациялық пункттерді сонымен қатар жұмылдырылатын күш құралдарды негізге ала отырып топографиялық карта әзірленді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/939245
«Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестиваліне 100-ден астам ұлытаулық қатысты 21.02.2025
11-15 ақпан күндері Астана қаласында өткен фестивальдің ашылуына Ұлытау облысындағы 13 кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының басшылары, студенттері қатысып қайтты.Фестивальде нақты мамандықтарға бағытталып жұмыс істеген бас аяғы сегіз «көшеде» жерлестеріміз қызықты процесстерге тікелей қатысып, өздерін кәсіби ортада сынап көрді.Қала үлгісінде ұйымдастырылған бұл іс-шара келушілерге иммерсивті формат ұсынып, әр қонаққа интерактивті платформалар арқылы мамандықтардың ерекшеліктерін көруге және сезінуге мүмкіндік силады.Фестиваль болашақ мамандар, жұмыс берушілер мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасындағы тиімді байланыс алаңына айналды. Екі күн ішінде түрлі семинар мен шеберлік сыныптар қатысушыларға құнды тәжірибе берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/939438
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ, ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА 40 ОТБАСЫНА ЖАҢА ПӘТЕР КІЛТІ ТАПСЫРЫЛДЫ 21.02.2025
✔️Түркістан облысында тұрғындарды баспанамен қамту бағытында тиісті жұмыстар жалғасып жатыр. Осы ретте Қазығұрт ауылында 2 қабатты, 8 пәтерлі 5 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары аяқталды. Бүгін Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров ауданға іссапарында тұрғын үй кезегінде тұрған 40 отбасына жаңа пәтер кілттерін тапсырды.✔️– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы тұрғындарды баспанамен қамту бойынша жүйелі жұмыс атқаруды тапсырды. Өңірімізде жыл сайын құрылыс қарқыны артып, көпқабатты үйлер салынуда. Бүгін қазығұрттық тұрғындар да қуанышқа кенеліп отыр. Баршаңызды баспаналарыңызбен құттықтаймын! – деді Нұралхан Көшеров.🔁Қуанышқа кенелген тұрғындар ел азаматтарына алғыстарын білдірді.✔️Бұл үйлердің құрылысы былтыр наурыз айында басталып, жыл соңында аяқталған. Құрылысты «Урба Стандарт» ЖШС атқарды. 1 тұрғын үйде 8 пәтерден бар. Оның ішінде1 бөлмелі 2 пәтер (36,4 м²), 2 бөлмелі 4 пәтер (59,4 және 52,2 м²) және 3 бөлмелі 2 пәтерден (74,8 м²) бар.✔️Айта кетейік, Түркістан облысы құрылғалы, яғни 2018-2024 жылдар аралығында 14 мыңнан аса отбасы тұрғын үймен қамтылды. Оның ішінде, коммуналдық тұрғын үймен 7 567 отбасы, ал «7-20-25» және «Отбасы банк» бағдарламалары арқылы 6 594 отбасы ипотекалық тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Осы жерде динамикаға қарайтын болсақ, жылына шамамен коммуналдық тұрғын үй қорынан және түрлі ипотекалық бағдарламалар арқылы 2 200-ге жуық пәтер табысталуда. Өткен жылдың өзінде ел 1174 коммуналдық үймен және 977 тұрғын ипотекалық үймен қамтамасыз етілді. Бұл жұмыстар жүйелі түрде жалғасады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/939022
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҚАЗЫҒҰРТТАҒЫ ШАРУА ҚОЖАЛЫҚТАРЫ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ ЖАЙ-КҮЙІМЕН ТАНЫСТЫ 21.02.2025
✔️Қазығұрт ауданында ауыл шаруашылығы саласына бет бұрған кәсіпкерлер саны артып келеді. Оның ішінде жылыжай шаруашылығының әлеуеті жоғары. Осы орайда, облыс әкімі Нұралхан Көшеров Қазығұрт ауданына арнайы іссапармен барып, Тұрбат ауылында орналасқан «Сайдусман ата» шаруа қожалығында болды.✔️Аталған жылыжайда жылына 600 тонна көкөніс өндіріліп, 5 млн дана көшет жерсіндіріледі. Оның ішінде 360 тонна қызанақ, 240 тонна қияр ішкі нарықта сатылымға шығарылады. Жылыжай аумағы 4 гектарды құрайды. 1 гектар жерге көшет өндіріліп, қалған 3 гектары көкөніс өсіруге бағытталған. Мұнда 32 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.📌Аралау барысында облыс әкімі жылыжай кешенінің жұмысын пысықтап, жауаптыларға агроөнеркәсіп бағытындағы жұмыстарды ширатуды жүктеді. Ауыл шаруашылығы саласының үздіксіз дамуына «Ауыл аманаты» жобасы таптырмас мүмкіндік екенін айтып, өңірде егістікті әртараптандыру мақсатында жаңа технологияларды енгізу, жылыжай қуаттылығын арттыру бойынша мамандарға тапсырмалар берді.✔️Одан соң, аймақ басшысы Тұрбат агросекторындағы «Пасека бал» шаруа қожалығында болды. Кәсіпкерлермен кездесіп, омарта өнеркәсібін дамыту бағытында пікір алмасты. Кәсіпорынның ішкі жұмыстарымен танысты.✔️Кәсіпорында 5 мың омарта ұясы бар. Мұнда жылына 150 тонна бал өндіріліп, ішкі нарықтан бастап, көршілес мемлекет Өзбекстан мен Ресейге экспортталады. Жалпы аумағы 18 гектарды құрайтын өндіріс орнында 20 қызметкер тұрақты жұмыс істейді. Омартада бал өндірумен қатар жылыжай шаруашылығы қарқынды дамыған. Мұнда көкөніс және роза гүлі өсіріледі.✔️Аралаудың соңғы нүктесі Жаңабазар ауылдық орталық емханасында жалғасып, облыс әкімі мекеменің қайта жөндеу жұмыстарымен танысты. Ғимарат құрылысына жауапты мамандарға басты назар сапада болу керектігін ескертті.✔️Көпфункционалды аурухана 2,2 гектар жер аумағында орналасқан. Мұнда жалпы саны 10 мың адамға медициналық қызмет түрлері көрсетіледі. Орталыққа 2024 жылы күрделі жөндеу жұмыстары басталып, қажетті медициналық құралдармен қамтылды. Сондай-ақ өртке қарсы дабыл тетігі, бейнебақылау жүйелері орнатылып, асфальттау, көгалдандыру жұмыстары атқарылды. Сонымен бірге ішкі электр, су, кәріз, желдету және жылыту жүйелері, ішкі және сыртқы есіктері толық жаңартылған.✔️Бүгінде «Ordamed», «Казмедиал» компанияларымен жасалған келісімшарт негізінде цифрлы рентгендік диагностикалық аппарат, гинекологиялық кресло, электрокардиограф, стоматологиялық қондырғы, коагулометр және басқа да қажетті құралдар мен жаңа 4-санатты жедел жәрдем көлігімен жабдықталған. Мекеме табиғи газ жүйесіне қосылған.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/939024
Энергетикалық және коммуналдық секторды жаңғырту: Ұлттық жобасын іске асыру семинары өтті 21.02.2025
АҚ «Ұлттық басқарушы холдинг «Байтерек» кеңістігінде «Энергетикалық және коммуналдық секторды жаңғырту» Ұлттық жобасын іске асыру мәселелері бойынша семинар өтті. Семинарға Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстары, Абай облысы және Астана қаласының табиғи монополия субъектілері қатысты.Семинар аясында АҚ «Ұлттық басқарушы холдинг «Байтерек», АҚ «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы», АҚ «Қазақстан даму банкі» қаржылық операторы; АҚ «Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту орталығы» техникалық операторы; сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті Ұлттық жобаны дайындау және іске асыру механизмдері жөнінде түсініктемелер берді.«ҰБХ «Байтерек» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жандос Шайхы алғы сөз сөйледі. Ол коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту мен саланың тұрақты дамуы үшін қаржыландырудың тиімді механизмдерін енгізудің маңыздылығын атап өтті.Семинар аясында АҚ «ҰБХ «Байтерек» бас директоры Алия Мұрзагалиева Ұлттық жобаның қаржыландыру механизмдерінің негізгі аспектілерін таныстырды. Мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару арқылы мемлекеттік энергия менеджменті жүйелерін қаржыландыру мәселелері қаралды, бұл туралы АҚ «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» Басқарма төрағасының орынбасары Олжас Салыков баяндады. Өз кезегінде, АҚ «ҚТК» Басқарма төрағасының орынбасары Владимир Ли жеке СЕМ-ді тікелей несиелеу құралдары арқылы қаржыландыру механизмін таныстырды.Ұлттық жоба аясында тарифтерді белгілеу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Осы тақырыпта ҚР ҰЭМ ТМРК төрағасының орынбасары Нурлан Булатбаев баяндама жасады. Жобаларды алдын ала іріктеу және техникалық сараптама механизмдері жөнінде АҚ «КазЦентр ЖКХ» департаментінің директоры Макка Шингазиева айтып берді.Семинар қатысушыларға сұрақ қоюға, өзекті мәселелерді талқылауға және сарапшылардан түсініктемелер алуға мүмкіндік берді. Іс-шара соңында пікірталастардың қорытындылары жасалып, жобаны іске асыру бойынша алдағы қадамдар белгіленді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/938948
Теміртауда Қазақстандағы ірі кәсіпорындардың айналасындағы алғашқы өнеркәсіптік кластер ашылуда 21.02.2025
Qarmet креативті технологиялар орталығында Қазақстан Республикасының бизнес қауымдастығы үшін маңызды оқиғаға айналған «Индустриялық кластерді дамыту және ел ішіндегі құндылық» бизнес-форумы өтті. Іс-шараның мақсаты – ірі бизнес пен ШОБ арасындағы өзара іс-қимылды нығайту, өнеркәсіп секторының дамуын ынталандыру және ел ішінде экономикалық өсудің жаңа мүмкіндіктерін жасау.Форумға ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, бизнес-қауымдастық, ұлттық қорлар мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты. Іс-шараны Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев ашты. Сондай-ақ қатысушылар «Qarmet» металлургиялық комбинаты на барып, өндіріс барысымен танысты.«Qarmet тігінен біріктірілген кәсіпорын екенін бәрі біледі. 2024 жылдың соңына қарай біз бұл саладағы тұрақты өсімді 9,7% деңгейінде көріп отырмыз. Бұл форум Qarmet айналасындағы шағын және орта бизнесті ірі кәсіпорын ретінде ынталандыру және дамыту үшін маңызды сәт болып табылады. Министрлік ірі компаниялар мен жергілікті жеткізушілер арасындағы өзара әрекеттесу бойынша белсенді жұмыс істеуде және біз бұл тұрақты өнеркәсіптік өсудің кілті екеніне сенімдіміз», - атап өтті ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан.«Осында өңірдің және елдің экономикасын көтеріп жүрген адамдармен кездесудің тамаша мүмкіндігі болды. Қарағанды облысы – еліміздің индустриялық жүрегі, біз өңдеуші өнеркәсіптің көлемі бойынша жетекші орында тұрмыз. Өткен жылы облыста 3 триллион теңгеден астам өнім өндірілді. Біздің облыс – үлкен мүмкіндіктер аймағы, біз бизнестің өсуіне және инвестиция тартуға жағдай жасап жатырмыз», – облыс әкімі айтты.Қазіргі таңда Qarmet-пен өңірде 36-дан астам шағын және орта бизнес субъектілері өзара әрекеттеседі. Форум қатысушыларға ішкі нарықты нығайтуға, өндірісті дамыту арқылы бәсекеге қабілеттілікті арттыруға және сыртқы жеткізілімдерге тәуелділікті азайтуға қатысты негізгі мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді. Qarmet бас директоры Вадим Басин өңір экономикасын нығайтуға ықпал ететін тұрақты өндіріс тізбегін дамыту, ірі бизнес пен шағын бизнесті біріктіру, цифрлық шешімдерді енгізу және өндіріс шығындарын азайту туралы егжей-тегжейлі айтып берді.«Металлургия мен онымен байланысты салаларды дамыту, қазақстандық өндірушілердің әлемдік нарықтағы ұстанымдарын нығайту және ішкі құнды құру еліміздің ұзақ мерзімді тұрақты дамуының негізгі факторлары болып табылады. 2024 жылы күрделі сыртқы экономикалық жағдайларға қарамастан, Qarmet болат өндірісін 15%-ға арттырып, 3,5 миллион тоннаға дейін жеткізді. Бұл өсім Қазақстанды болат өндіру қарқыны бойынша әлемде 8-ші орынға шығарды. Біз 2028 жылға қарай жылына 5 миллион тонна болат шығаруды мақсат етіп қойдық. Бұл эталон өндірісті ауқымды жаңғыртуға, шығындарды оңтайландыруға, процестерді цифрландыруға және кәсіпорын айналасындағы өнеркәсіптік кластерді дамытуға негізделген», - деді Вадим Басин.Талқылаудың маңызды аспектісі шағын және орта кәсіпкерліктің алдында тұрған проблемаларға және тәжірибе мен ресурстармен алмасу үшін олардың ірі бизнес құрылымдарына интеграциялану мүмкіндіктеріне назар аудару болды. Сарапшылар өндіріс процестерін оңтайландыру және мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесу бойынша озық тәжірибелермен және ұсынылған шешімдермен бөлісті.ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Арман Қалықов «Qarmet» компаниясының қазіргі кезеңде ұстанған бағыты көп жылдар бұрын жүзеге асуы тиіс екенін атап өтті. Алайда, бұрын, оның айтуынша, өкінішке орай, әртүрлі құндылықтар болған.«Біздің Qarmet-тің Қазақстанның 17 серпінді жобасына енгеніне өте қуаныштымын, бұл кәсіпорынның ел өнеркәсібіндегі орасан зор маңызын көрсетеді. ҚР Парламентінде өмірі өндіріспен байланысты депутаттардың бар екеніне сендіргім келеді. Біз өзекті мәселелерді білеміз және жұмысшылар мен кәсіпорындардың мүдделерін қорғауды жалғастырамыз. Біз заңнамалық бастамалар Қазақстанның индустриялық әлеуетін арттыруға ықпал ету үшін жұмыс істеп жатырмыз», - деді Арман Қалықов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/938972
ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА «ЕРЛІК — ЕЛГЕ МҰРА, ҰРПАҚҚА ҮЛГІ» ШАРАСЫ ӨТТІ 21.02.2025
✔️Түркістан облысы, Ордабасы ауданында Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен толықтай шығарылғанына 36 жыл толуына орай арнайы іс-шара ұйымдастырылды.✔️Тарихи мәні зор шараға Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев, аудандық мәслихат төрағасы Бақдаулет Жұмабеков, аудандық «Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері» кеңесінің өкілдері, ауған соғысының ардагерлері, зиялы қауым өкілдері, жастар мен тұрғындар қатысты.✔️Іс-шара Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, батырлардың рухына тағзым етуден басталды. Сонымен қатар жиналғандар арнайы орнатылған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, ардагерлерге құрмет көрсетті.✔️Салтанатты шара Аудандық мәдениет үйінде жалғасып, онда тоғызқұмалақтан жарыс өтті. Аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Ақмұратов ардагерлерді 36 жылдық мерейтоймен құттықтап, Ауған соғысының ардагерлеріне мемлекет тарапынан әрдайым қолдау көрсетілетінін атап өтті.✔️Мерекелік жиын барысында Аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары арнайы концерттік бағдарлама ұсынып, патриоттық әндер шырқады. Сонымен қатар ауған соғысының ардагерлері өздерінің естеліктерімен бөлісіп, тәжірибелерінен сыр шертті.✔️Кешегі күн – бүгінгі тарих. Сонау сұрапыл шайқасқа қатысқан қаһарман ардагерлеріміздің ерлігі бүгінгі жастарға үлгі болып, мәңгі жадымызда сақталары сөзсіз. Себебі, ерлік ешқашан ұмытылмайды.Түркістан облысы әкімнің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/938892
ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА АУҒАННЫҢ АСУЫНДА ОТ КЕШКЕНДЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ 21.02.2025
✔️Кешегі бағыт-бағдары белгісіз, бақандай он жылға созылған Ауған соғысының қасіреті қазақстандықтарды да айналып өткен жоқ. Бір ғана Мырзашөл топырағынан интернационалдық борышын өтеуге 253 жауынгер аттанып, оның 18-і жат жерде мерт болды. Ауғандық жауынгерлердің өз Отанына, еліне деген адал махаббаты, ерліктері әрдайым келер ұрпаққа ұран болып келеді.✔️Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімі мен аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық орталық саябақтан бастау алған іс-шара Ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерінің құрметіне қойылған әскери ауыр техника алдына гүл шоқтарын қойып, 1 минуттық үнсіздікпен еске алумен басталды. Боздақтардың рухына бағышталып құран бағышталып, бейбітшілік пен тәуелсіздіктің мәңгі болуын тілеп, бата жасасты.✔️Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына орай ұйымдастырылған салтанатты шарада «AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалының атқарушы хатшысы Асқар Қайназаров пен аудан әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Тұрышбек Елшібаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Айтбай Махамбетов тәуелсіздік жолында сан ғасырлардан бері жаумен арпалысып, бүгінгі бейбіт заманды орнатып берген ата-бабамыз бен кешегі Ауған соғысында отансүйгіштіктің нағыз үлгісін көрсете білген боздақтардың теңдесі жоқ ерліктерінің керемет үлгілерін жас буынға дәріптеп, майдангерлерді алғыс хаттармен марапаттады.✔️Ал аудан өнерпаздары өз кезегінде кеш қонақтарына патриоттық әндер шырқап, мерекелік көңіл-күй сыйлады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/938893
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БАРЛЫҚ АУДАН, ҚАЛАСЫНДА БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ АТҚАРЫЛДЫ 21.02.2025
✔️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында балық шаруашылығын дамыту мәселесін көтеріп, осы тапсырмаға орай балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданып, республика бойынша 270 мың тонна балық өсіру жоспары бекітілген болатын. Түркістан облысында бұл бағытта жұмыстар жүзеге асырылып жатыр. Осы орайда өңір бойынша 2030 жылға дейін тауарлық балық өсіру көлемін 20 мың тоннаға жеткізу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда, аудан, қала әкімдіктеріне тиісті тапсырмалар беріліп, бүгінде облыста тауарлы балық өсірумен айналысатын шаруалардың саны 231-ге жетті. Оның 160-ы облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясымен заңдастырылған.✔️Облыс әкімі балық шаруашылығын дамыту бағытында семинарлар өткізу және инвесторлар тарту жұмыстарын жандандыруды тапсырған болатын. Бүгінде арнайы жұмысшы топ құрылып, өңірдегі Төлеби, Қазығұрт, Сарыағаш, Келес, Мақтаарал, Жетісай, Шардара аудандары мен Арыс қаласына барып, кәсіпкерлер мен шаруаларға мемлекет тарапынан бөлінетін жеңілдіктер (субсидия) бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Онда кәсіпкерлерге балық шаруашылығын дамыту үшін мемлекеттік қолдаулар мен жеңілдіктерді алуға қатысты мол ақпарттар айтылып, олардың толғандырған мәселелерін тыңдап, пікірлесті.✔️Түркістан облысында балық шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Өткен жылы өңірде 7000 тонна балық өсіру жоспары бекітіліп, жыл қорытындысымен 7509 тоннаға орындалды. Балық шаруашылығын дамытуға мемлекеттік қолдаулар қарастырылған. Атап айтқанда, мелекет тарапынан акваөсіруді субсидиялау балық шаруашылығын дамытуға оң ықпалын тигізуде. Аталған бағыт бойынша жергілікті бюджеттен 2024 жылы 500 млн. теңге бөлініп, 62 балық шаруашылығы субектісінің шығыстары өтелген.🔁Өңірде экспортқа бағыталған ірі 4 кәсіпорын жұмыс істейді. Былтыр 2236, 78 тонна балық өнімдері шет мемлекеттерге экспортталды.✔️Айта кетейік, арнайы құрылған жұмысшы топ өкілдері 6-14 ақпан аралығында өңірге қарасты 17 аудан, қалаларды аралап, балық шаруашылығын дамыту мақсатында кәсіпкерлермен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/938894
КЕНТАУДА ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТЫҚТАН САҚТАНУ ТУРАЛЫ ЖИЫН ӨТТІ 21.02.2025
✔️Кентау қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен, Түркістан облысы экономикалық тергеп тексеру департаменті, қала прокуратурасы, қалалық полиция бөлімінің, банк өкілдерінің қатысуымен кездесу өткізілді.✔️Жиынды қала әкімі Жандос Тасов жүргізіп, қоғамда белең алып бара жатқан интернет алаяқтарынан сақтану маңызды екенін айтты.✔️«Мемлекет басшысы өз Жолдауында лудомания, қаржылық пирамида және интернет алаяқтық, одан бөлек халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында өзекті мәселе көтерген болатын. Шын мәнінде соңғы жылдары халық арасында интернет алаяқтарынан зардап шеккендердің саны артып келеді. Соңғы уақыттарда қаламызда алданып қалған тұрғындардың көбеймесе азаймай тұрғаны алаңдатуда. Бүгінгі шараның да маңыздылығы тұрғындарды толықтай ақпараттандыру, алаяқтарға алданбай, сақ жүруге шақыру», деді қала әкімі.✔️Кездесуде тәртіп сақшылары интернет алаяқтықтың кең таралған түрлері, сонымен қатар, осы қылмыстың құрбаны болмау үшін жасалатын қадамдар туралы айтып берді. Олар әлеуметтік желілерде, онлайн дүкендерде және басқа да интернет алаңдарында жеке деректерді қорғау, күмәнді сілтемелерге баспау, сондай-ақ интернет арқылы қаржы транзакцияларын жүзеге асырған кезде сақ болу қажеттігіне тоқталды.✔️Осы мәселеде негізінен алаяқтың құрығына тұрақты табысы бар саланың мамандары жиі түседі екен. Олардың қатарында мұғалімдер, дәрігерлер, мемлекеттік қызметкерлер мен әр салада қызмет ететін мамандар бар.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/938895
ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДА 3 ЖАЙЛЫ МЕКТЕП ПЕН ЕЛІМІЗДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ САЛЫНУДА 21.02.2025
✔️Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Түркістан облысы, Келес ауданында 3 мектептің құрылысы басталған. Қазіргі таңда 1 мектептің құрылысы аяқталып, 2 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Нақтырақ айтқанда, Ғани Мұратбаев елді мекені мен Абай ауылында 600 орындық, Біртілек елді мекенінде 300 орындық білім ұялары бой көтеруде.✔️Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Келес ауданына жұмыс сапары барысында Ақтөбе ауылдық округіне қарасты Ғани Мұратбаев елді мекеніндегі жайлы мектептің құрылыс барысын тексеріп, мердігерлерге нақты тапсырмалар берді.✔️Білім ұясы «Samruk-Kazyna Construction» АҚ тапсырысымен салынып жатыр. Құрылыс жұмыстарын «КДСМ» ЖШС жүргізуде. 2,2 гектар аумақта орналасқан мектеп ғимаратының жалпы ауданы – 4710 шаршы метр. Мұнда 50 жұмыс орны ашылады. Нысанның құрылыс жұмыстары толық аяқталып, пайдалануға қабылданған. Мектепті өңірде шығарылатын отандық жиһаздармен жабдықтау жоспарланған. Бүгінде «Ақниет холдинг» ҚБ жиһаздарды орнату жұмыстарын жүргізуде. Білім ұясын жуық арада пайдалануға беру көзделген.🔁Одан кейін, аймақ басшысы Жаңадәуір ауылында орналасқан «ECOCULTURE-EURASIA» ЖШС-нің жылыжай кешенінде болды.✔️Кешеннің І кезеңі биыл жүзеге асады. Жылыжай 51 гектарға орналасқан. Бұл жобаны 2023 жылы ресейлік жеке инвестор қолға алды. Жобаның құны – 42 млрд. теңге. Нысан соңғы үлгідегі ресейлік технологиямен құрылуда. Өнімнің негізгі бөлігі Ресей Федерациясына экспортталады. Жалпы жылыжай кешенін 500 гектар аумаққа орналастыру жоспарланған. Жоба 6 кезеңмен жүзеге аспақ.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/938896
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ КЕЛЕС АУДАНЫНДА АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАРДЫ ҚАДАҒАЛАП, АЙМАҚТЫҢ ТЫНЫС-ТІРШІЛІГІН ЗЕРДЕЛЕДІ 21.02.2025
✔️Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Келес ауданына іссапары барысында Жүзімдік елді мекеніндегі «Оймауыт» су бөгетінің жай-күйімен танысты.✔️«Қазсушар» РМК Түркістан филиалы меншігіндегі бұл су бөгеті 1986 жылы пайдалануға берілген. Су өткізу қабілеті 285 м3/сек болатын бөгеттің ұзындығы – 30 метр. Іргелес жатқан егістік жер көлемі – 2,7 мың гектар. «Сейсмоқорғау» ЖШС мамандандырылған ғылыми-зерттеу ұйымының қорытындысына сәйкес «Оймауыт» су торабы бүгінгі күні пайдалануға жарамсыз деп танылған. Осыған орай, жаңа бөгет құру үшін 6,5 гектар жер телімі алынып, «Қазсушар» РМК Түркістан филиалы тарапынан тиісті жұмыстар жүргізілуде.✔️Жалпы Келес ауданында мемлекет теңгерімінде жалпы ұзындығы 1 051,2 шақырымды құрайтын 148 канал және 144 қашыртқы бар. Қосымша аудан аумағынан өтетін Келес өзені бойында «Қазсушар» РМК Түркістан филиалына қарасты 3 су бөгеті және «Ақылбексай» су қоймасы тіркелген. Шаруаларға ағын суды уақтылы жеткізу және тасқын судың алдын алу мақсатында аудан аумағында орналасқан 66 шақырымды құрайтын 14 канал мен қашыртқыға механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. Ал биыл ұзындығы 87 шақырымға жуық 32 каналдар мен қашыртқыларды механикалық тазалаудан өткізу жоспарланған. Сонымен қатар қажеттілігіне қарай каналдарға күрделі жұмыстарын жүргізу көзделген.✔️Аймақ басшысы Абай ауылында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында салынып жатқан спорт кешенінің құрылысын бақылады. Құрылыс жұмыстарын «Корпорация АК ордасы» ЖШС 2023 жылдың маусымында бастаған. 1,5 гектар жерде орналасқан ғимараттың сыйымдылығы – 250 орын. Спорт ғимаратында түрлі деңгейдегі іс-шараларды өткізуге мүмкіндік қарастырылған. Мұнда бокс және күрес залдары, конференция залы, жуыну және жаттығу бөлмелері мен асхана бар. Нысан биыл пайдалануға тапсырылмақ.✔️Осы күні облыс әкімі Біртілек ауылдық округі, Оразата елді мекенінде орналасқан «Нұржан» шаруа қожалығының жылыжайына барды. Шаруа 0,62 гектар жерге лимон, қызанақ, қияр, қырыққабат, пияз, болгар бұрышы, баклажан және тағы басқа бақша дақылдарын егіп, көшеттерін шығаруда. Сонымен қатар көшеттердің жаңа сорттарын зерттеп, сор жерге арналған төзімді көшеттерді дайындайды. Жоба құны 100 млн. теңгені құраса, жылдық қуаттылығы – 2,5 млн. түп көшет. Жылыжайда 35 адам тұрақты және маусымдық жұмыспен қамтылған. Өнімдер еліміздің ішкі нарығын қамтып қана қоймай, Тәжікстан еліне де экспортталады.✔️Келес ауданында атқарылып жатқан жұмыстармен танысқан Нұралхан Көшеров өзекті мәселелерді назарға алып, аудан әкімі мен жауапты сала басшыларына су нысандарының жағдайын реттеуді, әлеуметтік нысандардың құрылыс сапасын қатаң бақылауда ұстауды, шаруаларға мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру жұмыстарын жандандыруды тапсырды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/938897