Бизнес
Көкшетауда екі жаңа тұрғын үйдің құрылысы аяқталуға жақын 21.05.2025
Облыс орталығында Вернадский мен Әшімов көшелерінің қиылысында орналасқан 45 пәтерлі екі жаңа тұрғын үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Бұл үйлер қала тұрғындары үшін ерекше сәулет үлгісінде салынған және қолайлы жоспарымен, заманауи жобалық шешімдерімен ерекшеленеді.Қазіргі таңда үйлердің құрылысы толық аяқталып, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Жақын күндері жаңа пәтер кілттері иелеріне табысталмақ.Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов тұрғын үйлердің құрылыс барысымен танысты.«Integra» құрылыс компаниясының өкілі Дәурен Тлеубердиновтің айтуынша, бүгінде аумақты абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Апта соңына дейін асфальт төсеу жоспарланған. Аулада спорт және балалар алаңдары қарастырылған.Айта кету керек, бұл көпқабатты тұрғын үй кешені төрт үйден тұрады. Екі тұрғын үйдің тұрғындары облыс әкіміне алғыстарын білдірді.«Жаңа ойын алаңында күні бойы балалар ойнап жүреді. Аула көркейіп, жайлы әрі тартымды бола түсті», – деді шағынаудан тұрғыны Сәкен Төканов. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/997844?lang=kk
Қарағанды техникалық университетінде Ұлыбританияның жетекші жоғары оқу орнының делегациясы болып қайтты 21.05.2025
Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті University of Exeter (Ұлыбритания) делегациясын қабылдады. Қонақтарға өңірдің ғылымын дамытудың басымдықтары туралы айтып, сондай-ақ КарТУ кампусына экскурсия ұйымдастырылды.Жоғары оқу орнынан келген делегация құрамына профессор проректордың жаһандық мәселелер жөніндегі орынбасары Стюарт Берхоп пен қоршаған орта, ғылым және экономика факультетінің жаһандық әріптестік бөлімінің басшысы Рейчел Джонс кірді.University of Exeter мамандары Сағынов атындағы КарТУ басшылығымен кездесіп, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлық бағдарламаларын кеңейтуді қоса алғанда, ынтымақтастық перспективаларын талқылады.– Бұл делегацияның біздің университетке алғашқы сапары болды. Біз өзімізді қызықтыратын мәселелерді талқылап, біздің қонақтарға кампус бойынша экскурсия жүргіздік. Енді осының барлығына сүйене отырып, олар да, біз де ынтымақтастықтың ықтимал форматтары мен нұсқаларын ойластыратын боламыз, – дейді Сағынов атындағы ҚарТУ стратегиялық даму және цифрландыру жөніндегі проректоры Тимур Қанапиянов.Сондай-ақ, британдық делегация үшін «QARMET» АҚ кәсіпорындарына экскурсия ұйымдастырылды.Содан кейін Астанадағы University of Exeter өкілдері ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекпен кездесті. Олар сондай-ақ Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы академиялық ынтымақтастықтың ықтимал перспективаларын қарастырды.University of Exeter – үлкен тарихы бар көпсалалы британдық жоғары оқу орны. Ол 1855 жылы құрылған. Бүгінде жоғары оқу орнында әлемнің түкпір-түкпірінен келген студенттер білім алуда.University of Exeter Russell Group зерттеу университеттерінің беделді қауымдастығына кіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/997333?lang=kk
Қарағанды облысында заманауи сүт-тауар фермасы ашылды 19.05.2025
Қарағанды облысы Нұра ауданы Көбетей ауылында 1100 басқа арналған сүт-тауар фермасы ашылды. Нысан еуропалық стандарттар бойынша жабдықталған және өңірдегі ең ірі нысандардың біріне айналады.Инвестициялық жобаны «Рамадан МФ» ЖШС «Черниговское и К» ауылшаруашылық кәсіпорнымен бірлесіп жүзеге асырды. Толық қуаттылыққа шыққан кезде жылына шамамен 9 мың тонна сүт тапсырылатын болады. Бұл көлемге келер жылы қол жеткізу жоспарланып отыр.Өнім Қарағанды облысы мен Астана қаласының сүт өңдеу кәсіпорындарына жеткізілетін болады.Жаңа кәсіпорында облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев болып, ауыл тұрғындарын құттықтады.– Бүгін біз заманауи сүт-тауар фермасын ашудамыз - ол тек жаңа өндірістік буынға ғана емес, ауылдағы экономикалық белсенділіктің нағыз орталығына айналатын маңызды нысан. Мұнда шамамен 60 жұмыс орны құрылады. Бірақ ең маңыздысы – жастардың туған жерінде қалу, жұмыс істеу, даму және лайықты табыс табу мүмкіндігі. Дәл осындай жобалар ауылдың жаңа экономикасын қалыптастырады деп сенемін. Жұмыс бар жерде мектеп, балабақша, толыққанды өмір болады, – деді өңір басшысы.Ол жобаны іске асыруға қатысқандардың барлығына алғыс айтты.СТФ құрылысы 2023 жылдан бастап жүргізілді. «Рамадан МФ» ЖШС мал шаруашылығын дамыту жөніндегі директордың орынбасары Арман Нұржанов қазіргі уақытта голштин тұқымды сиырлардың бірінші партиясын сатып алғанын хабарлады. Ол әлемдегі ең сүтті сиырлардың бірі ретінде танымал.Ферма жануарларды асырау мен саууға арналған заманауи еуропалық жабдықтармен жабдықталған, барлық процестер автоматтандырылған, үй-жайларда климат-бақылау орнатылған. Сондай-ақ, жемшөп өндірісі де қарастырылған.Штат қазірдің өзінде мамандармен жасақталған. Жұмысшыларды қабылдау кезінде жергілікті тұрғындарға басымдық берілген.– Біздің ауданда осындай үлкен сүт-тауар фермасының ашылғаны қуантады. Бұрын барлық аудан тәулігіне 27 тонна сүт беретін болса, енді бір ферма сонша береді, – деп атап өтті Қарағанды облысы мен Нұра ауданының құрметті азаматы Георгий Прокоп. – Мұнда бәрі бір алаңда жүзеге асырылған. Азық базасы құрылды. Жаңа жұмыс орындары пайда болды. Бұл бизнесмендер өз мойнына алған әлеуметтік жауапкершілікті білдіреді.Жалпы, жоба облыстың аграрлық секторын дамытуға әсер етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/995408?lang=kk
Қарағанды облысында мүмкіндігі шектеулі жандарға спортты қалай қолжетімді ету мәселесі талқыланды 18.05.2025
Қарағанды облысында мүмкіндігі шектеулі жандардың спортпен шұғылдануына орын жетіспейді – осындай мәселемен тұрғындар облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаевқа жеке кездесуінде жүгінді. Жағдайды егжей-тегжейлі талқылау үшін өңір басшысы мемлекеттік органдар өкілдері мен белсенділердің қатысуымен арнайы кеңес өткізді.Кездесуде бейімделген залдардың, арнайы жабдықтардың жетіспеушілігі мәселелері көтерілді, сондай-ақ осы әлеуметтік міндетті шешуге фитнес-бизнестің тартылуының жеткіліксіздігі туралы айтылды.Бүгінде облыста 5 мыңнан астам мүгедек спортпен шұғылданады, олардың 105-і ҚР ұлттық құрамасына кіреді. Облыстық мамандандырылған мектепте тірек-қимыл аппараты, есту және көру қабілеті бұзылған 430 адам спорттың 18 түрімен айналысады. Алайда, Ермағанбет Бөлекпаев атап өткендей, бұл жеткіліксіз: секцияға қатысушылардың көпшілігі – 18 жасқа дейінгі балалар, ал ересектер назардан тыс қалуда.– Біз мүгедектігі бар адамдар белсенді өмір салтын ұстануы үшін жағдай жасауымыз керек, – деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев. – Қоғамдық ұйымдарға қолдау көрсеткені үшін алғысымды білдіремін, бірақ бұл іске әсіресе фитнес және спорт саласындағы кәсіпкерлердің де араласқаны маңызды.Спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиевтің айтуынша, жалпы бизнес бұл мәселеде байланысқа шыққысы келмейді.Белсенділер мүмкіндігі шектеулі спортшылардың атынан облыс әкіміне өз бастамаларын ұсынды.– Бізге жаттығуға арналған арнайы жабдықтар мен спорттық іс-шараларды өткізуге арналған орындар жетіспейді, – деп атап өтті бастамашыл топтың өкілі Қымбатбек Дұрлан. – Бұдан басқа, қалада тірек-қимыл жүйесі бұзылған адамдарға бейімделген тренажерлар жоқ. Тренажер шығаратын цех ашуға болады. Және мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын құру.Ермағанбет Бөлекпаев Қарағанды әкімі Мейрам Қожуховқа осы мәселеде көмек көрсету мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.Облыс әкімінің мүгедектігі бар адамдар мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Нияз Сүндеталиев мәселені уақытша шешу үшін белсенді өмір сүру орталықтары базасында мамандандырылған спорт залдары желісін құруды ұсынды.Әрбір айтылған ұсыныс бойынша нақты шаралар қабылданады – Ермағанбет Бөлекпаев осы мәселелерді шешуде жүйелі тәсілдің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, ол көп функционалды спорт кешенінің жобасы әзірленіп жатқанын, онда мүмкіндігі шектеулі жандар спорттың бірнеше түрлерімен бір жерде айналыса алатынын айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/994021?lang=kk
ҰЛТТЫҚ ЖОБАНЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫНДА ІСКЕ АСЫРУҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ 18.05.2025
Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын жаңғырту жөніндегі Ұлттық жобаны іске асыру аясында «Байтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ семинар өткізді. Іс-шараға ХҚК өзара іс-қимыл және кәріз тазарту құрылыстарын басқару жобалары департаментінің директоры Макка Шингазиева қатысты.Семинардың мақсаты – Ұлттық жобаның негізгі аспектілерін талқылау, сондай-ақ табиғи монополия субъектілеріне арналған қаржыландыру тетіктерін түсіндіру болды.Іс-шараға табиғи монополия субъектілерінің бірінші басшылары мен қаржы директорлары, бухгалтерлері, жергілікті атқарушы органдардың қаржы басқармаларының өкілдері, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдар қатысты.Семинар барысында мемлекеттік қаржыландыру мәселелері, коммуналдық секторды жаңғыртуды қолдау тетіктері және заңнамадағы өзекті өзгерістер қаралды. Спикерлер ретінде салалық ведомстволардың өкілдері мен энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының сарапшылары сөз сөйледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/950020
Қарағанды облысының спортшылары Парижде көркем жүзуден алтын медальға ие болды 18.05.2025
Париждегі әртістік (синхронды) жүзуден Әлем кубогының бірінші кезеңінде Қарағанды облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінің тәрбиеленушісі Виктор Друзин жеке еркін бағдарламада алтын медаль жеңіп алды. Жарысқа 22 елден 167 спортшы қатысты.Қазақстандық спортшыдан кейін құрмет тұғырына грекиялық екі синхроншы – Мариос Критсас пен Стильянос Фускис шықты.World Aquatics әлем кубогы жыл сайын өткізіледі және үш кезең мен суперфиналды қамтиды. 2024 жылы бірінші рет Бейжіңде өтіп, онда теміртаулық жас әрі болашағы зор жүзгіш Виктор Друзин Анна Павлецовамен дуэтте күміс медаль жеңіп алды. Ал «еркін соло» бағдарламасында қола жүлдеге ие болды.Әлем кубогының екінші кезеңі Парижде өтті. Ә.Молдағұлова атындағы мектеп-интернат-колледжінің Теміртау бөлімінің оқушысы Виктор Друзин жеке орындауда күміс жүлдеге ие болды. Ал үшінші кезеңде Канадада алтын жеңіп алды. Және дуэтте қола медаль иеленді. Бұл Виктор Друзиннің ересек мансабы бойынша әлем чемпионатындағы ең жоғары үлгідегі алғашқы медалі болды.Қарағандылық спортшылар Қазақстан құрамасының құрамында командалық еркін бағдарламада да көзге түсті. Әлем кубогының бірінші кезеңінде олимпиадалық резервтің облыстық жүзу мектебінің оқушылары Анастасия Воронкова, Полина Мерзлякова және Милана Ашаханова өнер көрсетті. Осы жеңістен кейін қыздарымыз ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағына ие болды.Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойыншаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/950066
«Алтын сапа – 2025» сыйлығына өтінімдер қабылдау басталды 18.05.2025
«Алтын сапа» Президенттік сыйлығын алуға өтінімдер қабылдау басталды. Ол отандық тауар өндірушілерге өнім мен қызмет сапасы саласындағы жетістіктері үшін беріледі. Байқауға заңды тұлғалар да, жеке кәсіпкерлер де қатыса алады.«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында еске салып өткендей, сыйлық төрт номинация бойынша беріледі:«Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын»;«Халық үшін тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын»;«Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын»;«Азық-түлік тауарларын және/немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын үздік кәсіпорын».Бұдан басқа, «Үздік индустриялық жоба» және «Үздік инновациялық жоба» арнайы сыйлықтары қарастырылған.Өтінімдер 2025 жылдың 1 шілдесіне дейін қабылданады. Электрондық түрде cabinet.altynsapa.kz сілтемесі бойынша беруге немесе жергілікті өңірлік кәсіпкерлер палатасына жүгінуге болады.Ізденушілер сауалнама-декларацияны толтыруы, сондай-ақ кәсіпорынның тарихын, өнімнің немесе қызметтің негізгі түрлерін, негізгі өткізу нарықтарын сипаттай отырып, конкурсқа қатысушыға қысқаша шолу жасауы тиіс.Құжаттар пакетіне мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесін не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы және менеджмент жүйесіне арналған сертификаттардың көшірмесін қоса беру қажет.«Атамекен» ҰКП сараптама тобы өтінімдер тізілімін қалыптастырады. Содан кейін қатысушыларды бағалау басталады. 40 финалист анықталғаннан кейін сарапшылар кәсіпорындарға барады. Нәтижесінде номинациялар мен санаттар бойынша 14 лауреат таңдалады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/950936
Қарқаралыда ҰОС Жеңісінің 80 жылдығына орай майдангерлер туралы кітап жазылады 18.05.2025
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына Қарқаралы ауданында майдангер-жерлестер туралы кітап дайындалуда. Батыр ата-бабалар туралы оқиғалар мұражай мұрағаттары мен ұрпақтарының әңгімелері бойынша естелік ретінде құрастырылмақ.Қарқаралы ауданынан соғысқа шақырылғандардың өмірбаянын жинау идеясы жергілікті тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлерінде пайда болды. Отан үшін шайқасқан сарбаздардың тарихын жүйелеуді олар 2015 жылы – Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында бастаған болатын.Қазір, 10 жылдан кейін, сол кезде жиналған материалды толықтырып, кітап түрінде басып шығару туралы шешім қабылдаған. Жоба бойынша музей қызметкерлерімен бірге белгілі өлкетанушы Саят Оспанов жұмыс істейді.– Бүгінгі таңда бізге 124 майдангер туралы әңгімелер келіп түсті. Бірақ біз тек ұрпақтың әңгімелерін ғана қабылдамай, әскери комиссариаттан құжаттарды, өмірбаяндарды, фотосуреттерді, басқа да айғақтарды ұсынуды сұраймыз. Біз үшін бұл кітапты басып шығару, ата-бабаларымызды еске алу өте маңызды, – дейді өлкетанушы.Материал жинау наурыз айының соңына дейін жалғасады. Кітапты мамыр айында – Жеңістің мерейтойына орай жариялау жоспарланған.Қарқаралы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің мәліметінше, 1941–1945 жылдар аралығында майданға 2178 адам аттанған. Олардың тек 737-сі ғана оралды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/950934
Қарағандыда «Отбасы және әйелдер» көшпелі әлеуметтік бюросы ұйымдастырылады 18.05.2025
Ертең, 5 наурызда Қарағандыда «Таир» сауда орталығына барған кезде мамандардан отбасылық-неке қатынастары бойынша заңгерлік кеңестер, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы және басқа да мәселелер бойынша тегін ақпарат алуға болады. Отбасы және әйелдер көшпелі әлеуметтік бюросын «Құқық» қоғамдық қоры құрған Отбасын ресурстық қолдау орталығы ұйымдастырады. Акция Халықаралық әйелдер күніне орайластырылған.Ұйымдастырушылардың ақпараты бойынша, прокуратура, әділет департаменті, полиция басқармасы, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот, аудандық әкімдіктер, білім, денсаулық сақтау, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының қызметкерлері қатысады. Сондай-ақ, дағдарыс орталығы, Қарағанды облысының полиция департаменті жанындағы отбасыға көмек көрсету бірыңғай орталығы өкілдерінің қатысуы күтілуде.Мамандарға құқықтық және әлеуметтік салалардағы кеңестер, қиын отбасылық жағдайларды шешуде кеңестер алуға болады.Басталуы: 15:00.«Таир» сауда орталығының мекенжайы: Космонавтар көшесі, 1/291-құрылыс.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/950617
Қазақстан мен Финляндия көлік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда 18.05.2025
2025 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасының Көлік министрі Марат Қарабаев Финляндияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Янне Хейсканенмен кездесті.Тараптар көлікті декарбонизациялау және экологиялық таза технологияларды енгізу мәселелеріне ерекше назар аудара отырып, екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.Сонымен қатар Финляндияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі фин бизнес өкілдері делигациясының алдағы уақытта Ақтауға іс-сапары туралы айтты. Іс-сапар аясында Ақтау мен Құрық порттарын аралап, нысандардың жұмысымен танысу жоспарланған. Сапардың мақсаты — теңіз тасымалы саласында ынтымақтастықты одан әрі дамыту.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/951572
Қарағанды облысында 6 наурызда шұғыл құлақтандыру жүйесінің дайындығы тексеріледі 18.05.2025
Қарағанды облысында «Баршаның назарына!» белгісі бойынша аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығы тексеріледі. «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу аясында 6 наурызда сағат 11:00-де барлық дыбыстық электр сиреналары іске қосылады.Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті сабырлық сақтауды және үрей мен дүрбелеңге бой бермеуді сұрайды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/951017
ҚР Көлік министрі мен Халықаралық Азаматтық авиация ұйымының Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық бюросының директоры Николя Ралло арасында кездесу өтті 18.05.2025
Кездесу барысында тараптар саланы дамытудың негізгі мәселелерін, атап айтқанда ұлттық жоспарда көзделген бірлескен СО2 шығарындыларын азайту және тұрақты авиациялық отынға (SAF) біртіндеп көшу жөніндегі шараларды іске асыруды, сондай-ақ азаматтық авиация саласын 2050 жылға дейін жоспарлау және дамыту жөніндегі бас-жоспарды әзірлеуді талқылады.EUR/NAT ИКАО бюросының басшысы Қазақстанның ұшу қауіпсіздігін және халықаралық стандарттарды іске асырудағы жұмысын ерекше атап өтті. Ол сондай-ақ бірлескен бастамалар мен бағдарламалар аясында ИКАО одан әрі қолдау көрсетуге дайын екенін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/951791
Қарағанды облысында оқушылар арасында қазақ тілін үздік білетіндер анықталды 18.05.2025
«Жарқын болашақ» республикалық олимпиадасының облыстық кезеңіне 7–11 (12) сынып оқушылары арасында өңірдің қазақ тілді және қазақ тілді емес мектептерінің 158 оқушысы қатысты. Олардың оны жеңімпаз атанды.Олимпиада бес пән бойынша өткізілді:1. «Бейнелеушілер».2. «Білгірлер бәйгесі».3. «Жас қаламгер».4. «Сөз шеберлері».5. «Әнші-бұлбұлдар».«Сөз шеберлері» номинациясында № 4 Теміртау орта мектебінің 9-сынып оқушысы Шұғыла Үсен (қазақ тобы) және Осакаров ауданы № 9 гимназиясының базасындағы тірек мектебінің тоғызыншы сынып оқушысы Камила Доминова жеңімпаз атанды.«Жас қаламгер» санатында С. Сейфуллин атындағы № 7 мектеп-гимназиясының он бірінші сынып оқушылары Аружан Бөкенова (қазақ тобы) мен Қарағанды № 2 лицейінің оқушысы Даная Корытникова үздік деп танылды.Осакаров ауданының Әлихан Бөкейхан атындағы тірек мектебінің 11-сынып оқушысы Набисалық Ержанат (қазақ тобы) және № 1 «BILIM-INNOVATION» лицейінің тоғызыншы сынып оқушысы Саид Ибрагимов халық ауыз әдебиетін білетіндер арасында жеңімпаз атанды.Суретші-иллюстраторлар арасында ең үздіктер – Осакаров ауданының Әлихан Бөкейхан атындағы тірек мектебінің 10-сынып оқушысы Азамат Мұратұлы (қазақ тобы) және Қарағанды қаласындағы № 1 гимназияның сегізінші сынып оқушысы София Тумаева.«Әнші-бұлбұлдар» номинациясында Шет ауданы Ж. Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясының тоғызыншы сынып оқушысы Еркеназ Талғатова (қазақ тобы) және № 2 «BILIM-INNOVATION» лицейінің оныншы сынып оқушысы Мария Тен жеңіске жетті.Барлық жеңімпаздар биыл мамыр айында Астанада өтетін «Жарқын болашақ» олимпиадасының республикалық кезеңінде Қарағанды облысының атынан өнер көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/951809
ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев Ақмола облысында келді 18.05.2025
Көкшетауда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев және Ақмола облысының әкімінің орынбасары Алтынай Әмренованың төрағалығымен босандыру қызметін жетілдіру мәселелері бойынша үйлестіру кеңесінің республикалық көшпелі отырысы өтті.Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Елена Иванова облыстағы босандыру қызметін ұйымдастыру туралы баяндады. Ол 2024 жылы облыстағы перзентханаларға 90 бірлік құрал-жабдық сатып алынғанын атап өтті. 2024 жылдың тамыз айында «Бір күндік клиника» жобасы іске қосылды, онда жүкті әйелдер бір күн ішінде «бір терезе» принципі бойынша пренатальды диагностиканың барлық түрінен өтіп, тез әрі нақты тест нәтижелерін ала алады. Өткен мерзімде 1867 жүкті әйел акушер-гинекологтардың қарауынан өтті.Акушерлік көмекке кешенді көзқарасты қамтамасыз ету үшін 2025-2026 жылдарға арналған ана өлімін азайту жоспарының жобасы әзірленді. Ол тек мамандармен қамту мен жаңа құрал-жабдықтарды сатып алуды ғана емес, сонымен қатар акушерлік қызметте органдарды сақтау операциялары бойынша үздіксіз кәсіби біліктілігін арттыруды көздейді.Ержан Нұрлыбаев әйелдер денсаулығы – ұлт саулығы, адами ресурстардан бастап техникалық ресурстарға дейін әйелдер денсаулығын сақтау мен жақсарту мәселелерін шешуге, сондай-ақ профилактикалық шараларға бағытталуы керектігін атап өтті.Келген мамандар медициналық ұйымдарда жүкті әйелдерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасына қатысты сұрақтар қойды. Инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жағдайы, сондай-ақ ана өлімін азайтудағы республикалық орталықтың рөлі талқыланды.Бүгінде 7300 ақмолалық әйел сәби күтуде.Денсаулық сақтау вице-министрі Көкшетауға сапары барысында перинаталдық орталықта болып, «Бір күндік клиника» консультативтік-диагностикалық бөлімшесінің қызметімен танысты; реанимация және жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімдері, сондай-ақ жағдай орталығының жұмысы. Басты назар тәуекелдерді азайтуға және халықтың медициналық көмектің уақтылы және сапалы көлеміне қанағаттануын арттыруға мүмкіндік беретін осы мониторинг жүйесін жетілдіру қажеттілігіне аударылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/953560
Қарағандының Станиславский театрында актриса Ирина Егорованың мерейтойы атап өтіледі 18.05.2025
К. С. Станиславский атындағы Қарағанды орыс драма театрында 21 наурызда Ирина Егорованың мерейтойы «Баба Шанель» спектаклімен атап өтіледі. Актриса бұл күні өзінің 50 жылдығын және шығармашылық қызметінің басталғанына 30 жыл толуын атап өтеді.Николай Коляданың «Баба Шанель» спектаклінде Ирина Егорова басты кейіпкерлердің бірі – Тамара Ивановна рөлін сомдайды. Басталуы – 17:00.Станиславский театрында актриса 1994 жылдан бері жұмыс істейді. Оның есебінде ересектердің спектакльдерінде 40-қа жуық және балалардың спектакльдерінде 30-ға жуық рөлдер бар.Қосымша ақпаратты мына телефон бойынша алуға болады: (8-7212) 30-12-82.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/954208
Қарағанды облысында онкологиялық қызмет жаңа жабдықтармен толықтырылды 18.05.2025
Қарағанды облысында онкологиялық көмекті жақсарту жалғасуда. № 3 көпбейінді ауруханада (облыстық онкодиспансер) «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен сәулелік терапияның заманауи орталығы жабдықталды. Ол ең жаңа аппараттармен жабдықталған - желілік жылдамдатқыш және ісіктерді егжей-тегжейлі визуализациялауға мүмкіндік беретін компьютерлік томограф.Пациенттерде өмірлік маңызды терапияға қолжетімділік артты. Медициналық көмек кепілдендірілген көлемде тегін көрсетіледі.Жаңа орталықтың мүмкіндіктерімен облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев танысты. Жабдықтардың тұсаукесеріне «Қазақстан халқына» ҚҚ басқарма төрағасы Ләззат Шыңғысбаева, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрағасы Ербол Бекмұхамбетов қатысты.– Өткен жылы біз еуропалық стандарттарға сай келетін химиотерапиялық орталық аштық. Онкологиялық қызметті жабдықтау одан әрі жалғасуда. «Қазақстан халқына» қоры арқылы өте жоғары деңгейдегі жабдықтар алынды. Біздің облыстың ғана емес, көрші Ұлытау облысының тұрғындарына да көмек көрсетілуде. 400-ге жуық адам жаңа аппаратта сәулелік терапия курсынан өтті. 600-ден астам адам компьютерлік томографтан тексерілді. Бұл жұмысты жалғастырамыз. Біз «Қазақстан халқымен» тығыз байланыстамыз. Өздеріңіз білесіздер, бұл қор ел Президентінің бастамасымен құрылған және біз нақты нәтижелерді көріп отырмыз, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.Ләззат Шыңғысбаева Қарағанды облысындағы онкологиялық қызметті жарақтандырудың екінші кезеңі қаралып жатқанын хабарлады.Қосымша тағы бір жиынтық сатып алынуы мүмкін – желілік үдеткіш және компьютерлік томограф.– Екі облыстың пациенттері емделіп жатқанын ескерсек, жүктеме үлкен. Біз әр жабдықтың, тіпті заманауи жабдықтың да жобалық қуаты бар екенін түсінеміз. Сондықтан жарақтандырудың екінші кезеңін қарастырамыз. Жабдықтарды орнатудан басқа, персоналды оқыту жүріп жатыр. Бұл біздің қор қатысатын онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі үкіметтік жоспар. Жалпы, онкология қызметі жаңа деңгейге шығады деп үміттенеміз, – дейді Ләззат Шыңғысбаева.№ 3 көпсалалы аурухананың директоры Гамаль Тоқсамбаевтың айтуынша, жылына 1000-ға дейін пациент сәулелік терапия ала алады. Алдыңғы қатарлы әдістеме жанама әсерлерді азайтуға және пациенттердің өмір сүру сапасын жақсартуға көмектеседі.– Жабдықтар моральдық жағынан ескірген, физикалық жағынан тозған. Емделушілер сапалы көмек алу үшін шетелге кетеді. Ал қазір біз Еуропа, Америка клиникаларында тұрған аппараттарға ие болып отырмыз. Бұл медициналық көмектің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді, – деп атап өтті Гамаль Тоқсамбаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/955131
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі қатарындағы мерзімді әскери қызметке шақырылушыларды іріктеу басталды 18.05.2025
2025 жылғы 3 наурыз – 5 сәуір аралығында мерзімді әскери қызметке көктемгі шақырылым аясында ҚР МКҚ өкілдері барлық облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларда үміткерлерді таңдау және зерделеу жүргізеді.Үміткерлерге келесі талаптар қойылады: жасы 18–27 арасында, бойы 180 см-ден төмен емес, орта мектеп, колледж немесе университет бітірген, денсаулығы жақсы. Жоғары білімді, спорттық жетістіктері мен разряды бар шақырылушыларға басымдық беріледі.ҚР МКҚ қатарына өткен шақырылушылар мерзімді қызметін Астана және Алматы қалаларындағы 0112 және 0111 әскери бөлімдерінде атқарады.ҚР Мемлекеттік күзет қызметі қатарында мерзімді қызмет сарбаздары Қазақстан Республикасы Президентінің және басқа да күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қорғау, рәсімдік және протоколдық іс-шараларға қатысу, ҚР Мемлекеттік Туы мен ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы эталондарын күзету секілді айрықша міндеттерді атқарады.ҚР МКҚ әскери бөлімдерінде мерзімді қызмет атқару барысында жас сарбаздар тәжірибелі нұсқаушылық құрамның жетекшілігімен әскери іске үйренеді, жауынгерлік және арнайы даярлық сабақтарында әскери мамандықтарды меңгереді.КР МКҚ мерзімді қызмет сарбаздарының әрі қарай кадрлық тұрғыдан өсуге мүмкіндігі бар. Мерзімді қызмет аяқталған соң олар өз қалауы бойынша келісімшарт бойынша әскери қызметті жалғастыра алады, одан әрі арнаулы мемлекеттік органның қызметкері және офицері болып, күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді атқара алады.ҚР МКҚ мерзімді қызмет сарбаздары үшін Қазақстан Республикасында мерзімді әскери қызмет атқарған азаматтарды әлеуметтік қолдау бойынша белгіленген барлық жеңілдіктер қолданылады.Барлық қосымша сұрақтар бойынша +7-776-800-27-28 телефон нөміріне хабарласып, білуге болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/955053
ҚР МЕМЛЕКЕТТІК КҮЗЕТ ҚЫЗМЕТІ ҚАТАРЫНДАҒЫ МЕРЗІМДІ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ШАҚЫРЫЛУШЫЛАРДЫ ІРІКТЕУ БАСТАЛДЫ 18.05.2025
2025 жылғы 3 наурыз - 5 сәуір аралығында мерзімді әскери қызметке көктемгі шақырылым аясында ҚР МКҚ өкілдері барлық облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларда үміткерлерді таңдау және зерделеу жүргізеді. Үміткерлерге келесі талаптар қойылады: жасы 18-27 арасында, бойы 180 см-ден төмен емес, орта мектеп, колледж немесе университет бітірген, денсаулығы жақсы. Жоғары білімді, спорттық жетістіктері мен разряды бар шақырылушыларға басымдық беріледі.ҚР МКҚ қатарына өткен шақырылушылар мерзімді қызметін Астана және Алматы қалаларындағы 0112 және 0111 әскери бөлімдерінде атқарады.ҚР Мемлекеттік күзет қызметі қатарында мерзімді қызмет сарбаздары Қазақстан Республикасы Президентінің және басқа да күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қорғау, рәсімдік және протоколдық іс-шараларға қатысу, ҚР Мемлекеттік Туы мен ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы эталондарын күзету секілді айрықша міндеттерді атқарады.ҚР МКҚ әскери бөлімдерінде мерзімді қызмет атқару барысында жас сарбаздар тәжірибелі нұсқаушылық құрамның жетекшілігімен әскери іске үйренеді, жауынгерлік және арнайы даярлық сабақтарында әскери мамандықтарды меңгереді. ҚР МКҚ мерзімді қызмет сарбаздарының әрі қарай кадрлық тұрғыдан өсуге мүмкіндігі бар. Мерзімді қызмет аяқталған соң олар өз қалауы бойынша келісімшарт бойынша әскери қызметті жалғастыра алады, одан әрі арнаулы мемлекеттік органның қызметкері және офицері болып, күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді атқара алады.ҚР МКҚ мерзімді қызмет сарбаздары үшін Қазақстан Республикасында мерзімді әскери қызмет атқарған азаматтарды әлеуметтік қолдау бойынша белгіленген барлық жеңілдіктер қолданылады.Барлық қосымша сұрақтар бойынша +7 776 800 27 28 телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/955403
Қарағанды облысының өзендерінде су тасқынының алдын алу үшін мұз бұрғылау жұмыстары жүргізілуде 18.05.2025
Қарағанды облысында су тасқынының алдын алу шаралары жалғасуда. Нұра өзенінде Бұқар жырау ауданының Ғ. Мұстафин атындағы кентінде мұз бұрғылана бастады. Бұл шара мұз кептелісі болмауы үшін қажет. Мұз бұрғылау мұз жүру кезінде өзендердің толып кетпеуіне мүмкіндік береді.Ғарыш мониторингінің мәліметтері бойынша, бүгінгі таңда облыс аумағының 75% қар басқан.Өңірдің ірі су қоймаларынан – Самарқанд, Ынтымақ және Шерубай-Нұрадан секундына 10-нан 15 текше метрге дейінгі көлемде төгінділер жүргізілуде. Бұл өзен арналарын жуу және тасқын суларды қабылдау үшін бос сыйымдылық дайындауға қажет.Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/955930
Қазақстан мен Қытай бірлесіп қандай көлік саласындағы жобаларды қолға алды – салалық ведомствоның мәліметі 18.05.2025
Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Бейжіңде өтетін Қазақстан-Қытай ынтымақтастық комитетінің 12-отырысы қарсаңында 16-17 наурыз күндері Көлік министрі Марат Қарабаев Қытайдың жетекші компанияларымен бірқатар келіссөз жүргізді.1.Авиация саласындағы ынтымақтастық мәселелері, атап айтсақ, «CAMC Engineering» компаниясының президенті Ли Хайсинмен Қытайдан Орталық Азия мен Еуропа елдеріне жүк транзитін қамтамасыз ететін әуехаб құру мәселесі талқыланды. Тараптар бұл бастаманы ведомствоаралық деңгейде одан әрі пысықтауға келісті.2.Тачэн округі партия комитетінің хатшысы Чжи Сяньвэймен кездесуде шекара инфрақұрылымын тексеріп, оның өткізу әлеуетін арттыруға бағытталған бірлескен қадамдар жасауға келісті. Сондай-ақ, Қытай тарапы аталған бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімет берді.3.«Chinacai Finance Investment Co., Ltd.» компаниясының басқарушы серіктесі Линь Цзяньцзюньмен бірге құны 1 миллиард АҚШ долларын құрайтын инвестиция тарту арқылы технологиялық және логистикалық парк салу мәселесі талқыланды. Сондай-ақ, тараптар Бақты шекара бекетінде заманауи уақытша сақтау қоймасын ашуға ортақ қызығушылық танытты.4.Қазақстанда арнайы техника өндірісін жергілікті деңгейде дамыту мәселесі бойынша XCMG компаниясының вице-президенті Лю Цзяньсэнмен келіссөз жүргізілді. Тараптар еліміздегі жол-құрылыс техникасына деген сұраныстың артуына байланысты бірлескен өндіріс құру мәселесін қарастырып, ынтымақтастықты одан әрі дамытуға келісті.5.China Henan Airlines компаниясының бас директорының орынбасары Цяо Чангенмен Түркістан қаласының әуежайын дамыту жобасын бірге іске асыру жайы талқыланды. Жобаға Түркістан облысы әкімдігі де қатысады.6.China Silk Road Fund қорының бас директоры Цай Сюэсюньмен өткен кездесуде Қазақстанның көлік инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасына шетелдік инвестиция тарту мәселесі талқыланды. Инвесторлардың қызығушылығы автожолдарды қайта жаңарту, теміржол желілерін кеңейту, порт инфрақұрылымын дамыту және басқа да стратегиялық жобаларға бағытталмақ. Қаржы институты өңірлік және халықаралық сауданы ілгерілетуге арналған жобаларға қаржы құюға дайын екенін білдірді.7.«SP Qingdao Port Group» директорлар кеңесінің мүшесі Чжан Баохуамен өткен кездесуде Қазақстандық порттарды одан әрі дамыту мәселесі талқыланды. Тараптар порттардың инфрақұрылымын жаңғырту, өткізу қабілетін арттыру және көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейту жайын сөз етті. Сондай-ақ, порттарды дамытуға заманауи технологияларды енгізу және логистикалық процестерді тиімді ұйымдастыру арқылы олардың жұмысын жақсарту мәселелерін қарады.8.China Communications Construction Company төрағасы Ван Тунчжоумен келіссөздер барысында Қазақстанда теміржолдар салу және порт инфрақұрылымын дамыту мәселелері қарастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/959796