Бизнес
Темір жолдарды жөндеу жұмыстары 96% аяқталды 22.11.2024
Осы маусымда темір жол көлігімен тасымалдау сапасын арттыру мақсатында 1400 шақырымға жуық темір жол жөндеуден өтті. Бүгінгі таңда 1352 шақырым жол жөнделіп, 96% жұмыс аяқталды. Бұл туралы Көлік министрлігінің теміржол және су көлігі комитеті хабарлады.Мәселен, еліміздің барлық өңірлерін қамтитын жұмыстардың басым бөлігі мына учаскелерде жасалды:Ақтоғай-Семей-Алтай (153 ш/қ);Шу-Қандыағаш (266 ш/қ);Қандыағаш-Ақсарай (138 ш/қ);Астана-Алматы (260 ш/қ);Алматы-Павлодар (106 ш/қ);Жаңа-Есіл-Көкшетау 161 шақырым және т.б.Жалпы, темір жолдардың569 шақырымы күрделі жөндеумен, 181 шақырымы кешенді жөндеумен және 602 шақырым жоспарлы - алдын ала жөндеумен қамтылды. Елдің солтүстігінде маусым аяқталды, оңтүстік өңірлердің жұмысы әлі де жүргізілуде.2025 жылы тағы 1480 шақырым теміржолды жөндеу жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/888740
ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА «ТАРИХЫҢДЫ ТАНЫ – ТҰЛҒАҢДЫ ҚҰРМЕТТЕ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ 22.11.2024
Жетісай ауданына қарасты Қарақай ауылдық округі, Сәтпаев ауылдық мәдениет үйі кітапханашыларының ұйымдастыруымен «Тарихыңды таны – тұлғаңды құрметте» атты облыстық акциясы өтті.Ауыл кітапханалары арасындағы әріптестік қарым-қатынасты нығайтып, өз өлкесінің әр саласын дамытуға сүбелі үлес қосқан бабалар мен отаншыл, елжанды азаматтарды өскелең ұрпаққа таныту, киелі, қасиетті мұраларын кеңінен насихаттау мақсатында Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап-ғылыми кітапханасының бастамасымен жүзеге асып жатқан жоба аудан әкімінің орынбасары Тұрышбек Елшібаев пен аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Еркебұлан Сейдалиев, Сарыағаш ауданынан арнайы келген қонақтар қатысты.Іс-шара барысында жергілікті және отандық, әлемдік ақын-жазушылардың кітаптарының көрмесі ұйымдастырылып, аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасы ұсынылды. Жергілікті ұстаз-ақын Сержан Құлдырақұлымен кездесу өтті.Айта кетейік, бүгінде ауданда 1 аудандық орталық кітапхана, 1 орталық балалар кітапханасы мен 19 ауылдық кітапханалар тұрақты түрде жұмыс істейді. Оларда жыл басынан бері өткізілген 546 іс-шараға 11 781 оқырман қамтылған. Кітапханалардағы 337 390 дана кітаптың 181 734-і қазақ тіліндегі әдебиеттер.Сонымен қатар қала, кент, ауылдық округтердің аумақтарында орнатылған 50 монументті өнер туындылары мен мемориал тақтайшалардың 14-і Жетісай қаласында, 36-сы ауылдық округтерде. 18-і ҰОС-на арналса, 32-сі қоғам қайраткерлеріне арналған.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/888138
ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ҚАЗАҚСТАНДА ТЕҢДЕСІ ЖОҚ ҚЫШ ЗАУЫТЫНЫҢ КАПСУЛАСЫ САЛЫНДЫ 22.11.2024
Түркістан облысында өндіріс орындарын ашу, инвестиция тартуға басымдық берілген. Облыс әкімдігінің қолдауымен аудан, қала әкімдері мен кәсіпкерлер көршілес елдердің кәсіпорындарын аралап, инвесторлармен келіссөздер жүргізіп, ол кездесулер жемісін беруде. Ордабасы ауданында бой көтеретін зауытта Қытай елінің тәжірибесі мен жоғары технологиясы қолданылады. Облыс әкімі жобаны уақтылы жүзеге асыру керектігін айтты.– Шетелдің озық технологияларын меңгеріп, батыл шешімдер қабылдау керек. Бұл зауыттың жоспарланған мерзімде ашылуы қадағаланады. Жұмыс істеймін, халықты жұмыспен қамтимын дейтін инвесторлар мен кәсіпкерлерімізге қолдау көрсетіледі, – деген Дархан Сатыбалды жаңа зауыттың уақыт капсуласын салу рәсіміне қатысты.«Altyn land» ЖШС-нің директоры Береке Дүйсебеков жобаға қолдау көрсеткен облыс, аудан басшылығына алғысын білдірді. Оның айтуынша, қыш зауытында заманауи технологиялр қолданылады. Жобаның жалпы құны – 5 млрд. теңге, кәсіпкердің жеке қаржысы және несие арқылы жүзеге асырылады. Аталған зауытта жылына 90 млн. дана кірпіш, күніне 250 мың дана кірпіш шығарылады деп жоспарланып отыр. Осы арқылы жергілікті нарықта импортты азайтып, отандық өнім көлемін арттыру көзделген. Қазақстанда теңдесі жоқ зауытта жергілікті 70 тұрғын жұмыспен қамтылады. Бүгінде жобаның ЖСҚ-сы әзірленуде, ҚХР-дан құрал-жабдықты жеткізу туралы келісімшартқа қол қойылып, жер тегістеу, іргетасын құю жұмыстары жүріп жатыр.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/888142
ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚҰНЫ 68 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚ 10 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ 22.11.2024
Түлкібас ауданында 2025 жылы жалпы инвестициялық құны 67,5 млрд теңгені құрайтын 10 жобаны іске асыру жоспарлануда. Одан түсетін болжамды салық көлемі 97,7 млн теңгені құрайтын болады. Сонымен қатар, 858 азамат тұрақты жұмыспен қамтылмақ. Жоспарға енген жобалардың ішінде «Састөбе инновациялық кешені» ЖШС зауыты бар. Онда каустикалық сода, ПВХ, кальций карбиді, әк өндірілмек. Сонымен қатар, «Azia Food Company» ұн диірмені де алдағы жылы толықтай іске қосылады деп күтілуде. Бұл жайында Түлкібас ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуов БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді.«2024 жылдың 10 айында аудандағы жалпы өңірлік өнім көлемі 81 млрд 519,2 млн теңгені құрады. Ал, шағын және орта бизнес нысандарының саны 9 787-ге жетіп, 13 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды. 2025 жылы аталған саланы дамыту мақсатында жалпы құны 2,2 млрд теңгені құрайтын, 22 жоба іске асырылмақ. Бұл жобалар толықтай іске асырылса 226 жаңа жұмыс орны ашылып, аудан бюджетіне қосымша 138 млн теңге салық түседі деп күтілуде»- деді өңір басшысы.Сонымен қатар, ауданды туристік аймаққа айналдыру бағытында да бірқатар жұмыстар атқарылуда. Бүгінде өңірде 36 туристік нысан жұмыс істейді. Ал, келер жылы құны 3,1 млрд теңгелік 5 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Көзделген мақсат толықтай іске асса, 235 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Сондай-ақ, Түлкібас ауданындағы ауылшаруашылық өнімінің көлемі жыл басынан бері 46 млрд 452 млн теңгені құраған. 2025 жылы да аталған саланы дамыту мақсатында 8 жоба іске асырылмақ. Инвестициялық құны 15,5 млрд теңгені құрайтын жобалар арқасында 97 азаматты жұмыспен қамтуға мүмкіндік алады.Аудандағы инфрақұрылым саласы да ілгері жылжыған. Нақтырақ айтар болсақ, ауыз су саласы бойынша 59 елді мекеннің 58-і орталықтандырылған ауыз су құбырымен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, аудандағы 21 135 тұрғын үй, яғни 99,8 %-ы табиғи газ жүйесіне қосылған.Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/888143
ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ МЕДРЕСЕ-КОЛЛЕДЖІНЕ «КІТАПТЫ СЫЙҒА ТАРТУ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 300-ДЕН АСТАМ КІТАП СЫЙҒА ТАРТЫЛДЫ 22.11.2024
Түркістан облысындағы Сарыағаш медресе-колледжінде «Кітапты сыйға тарту» акциясы өтті. Аталған іс-шараға Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары Алдияр Қозыбаев , «FARAB» облыстық әмбебап кітапханасының бөлім меңгерушісі Дана Таженова, Облыстық дін істері басқармасы басшысы Рүстем Сабыржанұлы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркістан облысы бойынша өкілі Ержан Төлепов, «Сарыағаш медресе-колледжінің» директоры Дінмұхамед Сманов қатысып, іс-шараның маңыздылығына тоқталды.Түркістан облысының дін істері басқармасы және Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен өткен акция аясында Сарыағаш медресе-колледжіне 300-ден аса кітап сыйға берілді. Атап айтсақ, «FARAB» облыстық кітапханасынан 100 кітап, Сарыағаш ауданының кітапханасы атынан 100 кітап, Қазығұрт және Келес ауданының кітапханаларынан 60 кітап, Мақтаарал және Жетісай ауданының кітапханаларынан 100 кітап, Түркістан облысының бас имамының атынан 3 кітап сыйға тартылды.Айта кетейік, ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаевтың ұсынысымен, облыс әкімдігінің тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылған іс-шара мақсаты – кітап мәртебесін көтеру, жастарды патриотизмге, еңбекті сүюге, жалпыұлттық құндылықты әрбір жастың бойына сіңіріп, білімді де мәдениетті болып тәрбиеленуіне үлес қосып, кітап оқуды насихаттап, ұлттық ақын-жазушылардың шығармаларын насихаттау, кітапханаға оқырман тарту, кітап қорын толықтыру.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/888144
ОТЫРАР АУДАНЫНДА ТҮЙЕ СҮТІНЕН ҰНТАҚ ӨНДІРЕТІН КӘСІПОРЫН ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ 22.11.2024
Отырар ауданында 2024 жылдың 10 айында жалпы өңірлік өнім көлемі 66,4 млрд теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 300 млн теңгеге артық орындалған. Оның ішінде, ауыл шаруашылығы - 33,3 млрд теңге, тартылған инвестиция - 23,6 млрд теңге, сауда - 2,8 млрд теңге, өнеркәсіп - 22 млрд теңге, құрылыс көлемі - 8,2 млрд теңгені құраған. Бұл жайында Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбай БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді.«Биыл Отырар ауданында 35 000 гектарға егін егіліп, егістік алқабынан 395 993 тонна өнім жиналды. Одан бөлек, ауданда 2024 жылдың ІІ тоқсанында бірнеше инвестициялық жоба іске асырылды. Мәселен, «Баржоу Хинкай Трейд гоу» ЛТД компаниясымен бірлесіп 500 гектар алқапқа тамшылатып суару әдісімен мақта дақылын егу жұмыстары жүргізіліп, 1 200 тонна мақта өнімі алынды. Сонымен қатар, ауданда жыл соңына дейін 800 млн теңгеге сауда саласы бойынша екі шағын инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, 2025 жылы құны 360 млн теңгені құрайтын түйе сүтін өңдеп, ұнтақ шығаратын кәсіпорын құру көзделген. Бүгінде Қытай мемлекетімен келіссөздер жүргізілуде. Сондай-ақ, 2025-2030 жылдары құны 145 млрд 625 млн теңгені құрайтын 157 ірі және шағын инвестициялық жобалар жүзеге асып, 1 790 адам жұмыспен қамтылмақ. Сондай-ақ, келесі жылы ауданда «Nomad» ЖШС-ң демалыс аймағы іске қосылады. Ал, 2026 жылы «Жанұя» ЖШС-ң емдік балшық пен жылы сумен емдеу орталығын іске қосу көзделген»,- деді аудан басшысы.Бұдан бөлек, аудандағы Шәуілдір ауылында «Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасы аясында 600 орындық мектеп құрылысы жүргізілуде. Нысан 2024 жылдың 15 желтоқсанына дейін пайдалануға берілмек. Сондай-ақ, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Аққұм ауылынан дәрігерлік амбулатория құрылысы мен Шытты ауылынан фельдшерлік-акушерлік нысанның құрылысы жүргізілуде. Ғимараттар 2024 жылдың 1 желтоқсанына дейін ел игілігіне беріледі.Инфрақұрылыммен қамту бойынша аудандағы 37 елді мекеннің 35-і орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтылған. Қалған екі елді мекенді ауыз сумен қамту жұмыстары жүргізілуде. 2018-2023 жылдар аралығында 21 елді мекен табиғи газ жүйесіне қосылып, жалпы аудан халқының газбен қамтылу деңгейі 71,4 %-ға жеткен. 2024 жылы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 13,7 шақырымдық 7 ішкі көшеге, жергілікті бюджет қаржысы есебінен 34,8 шақырымдық 29 көшеге орта және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүріп, қанағаттанарлық дәрежедегі жолдар үлесі 80,1%-ды құрап отыр.Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/888146
ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ 22.11.2024
Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Бадам ауылында заманауи спорттық-сауықтыру кешені ашылды. Нысанның ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, тұрғындарды құттықтады.– Өңірімізде ауылды елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары жүріп жатыр. Білім, медицина, спорт, мәдениет нысандары салынуда. Бүгін спорт кешенін ашқалы тұрмыз. Бұның бәрі сіздер үшін, жастар үшін үлкен қолдау деп ойлаймын. Осында жаттыққан спортшы жастарымыз әлемдік деңгейде Қазақстанның атын шығара берсін! – деген Дархан Сатыбалды спорт кешенін аралап көріп, спортшылармен, бапкерлермен жүздесті.Жобаның құны – 1 132 223,6 мың теңге. Жер телімінің ауданы – 1,5 гектар болса, құрылыстың ауданы – 2488,59 шаршы метр. Нысанның құрылысын «Қаратау ЛТД» ЖШС жүргізген.Заманауи спорттық-сауықтыру кешенінде грек-рим күресі, еркін күрес, самбо, дзюдо және бокспен шұғылдануға жағдай жасалған. Сонымен қатар баскетбол, волейбол, гандбол секілді командалық спорт түрлерімен де айналысуға болады. Залға 210 көрермен сияды.Ауыл ақсақалдары мен тұрғындары спорт кешенінің салынғанына ризашылықтарын білдіріп, өңір басшысымен еркін пікір алмасты. Ұсыныстар айтылып, аймақты дамыту жолдары сөз болды. Аталған спорт кешенінде Қажымұқан атындағы №1 облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі орналасады. Бұл спорт мектебінде 1000-ға жуық бала жаттығып жүр.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/888147
ТҮРКІСТАН: «БАБАЛАР ДӘСТҮРІ – ТӘРБИЕНІҢ БАСТАУЫ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУ ӨТТІ 22.11.2024
Түркістанда «Бабалар дәстүрі – тәрбиенің бастауы» атты байқауы өтті. Шараның ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, ұлттық құндылықтарды насихаттауда байқаудың маңызы жоғары екенін айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі.– Өздеріңізге белгілі, қазақ халқы әлемдегі салт-дәстүрге бай халықтардың бірі. Тәрбиелік маңызға ие бұл байқауды, жыл сайын дәстүрлі түрде өткізуді қолға алдық. Облыстың барлық аудан, қаласында жалғасын тауып, жастарға үлгі-өнеге көрсететін ұлттық патриоттық іс-шараға айналып отыр. Халық арасында бабалар тәрбиесінің ізгі мұрасын бүгінгі өскелең жастарға насихаттау әрбіріміздің өшпес парызымыз. Осыған орай, бүгінгі байқау үлкен мәнге ие. Әдет-ғұрыпымызды дәріптейтін осындай жобалар көп болып, ұрпақ санасы серпіле берсін, – деді Ертай Кенжебекұлы.Шараға аудан, қалалардан жалпы саны 20 команда қатысып, бақ сынады. Ата-бабамыздың салт-дәстүрлері халықтың рухани өзегі, мәдениетінің дінгегі, тілінің тірегі. Осы құндылықтарды кеңінен дәріптеу мақсатында қолға алынған шарада қазылар алқасы 20 топтың дайындығын 2 кезең бойынша байқады. Алғашқы кезең ұмытылып бара жатқан салт-дәстүр бойынша, бүгінгі ұрпақ тәрбиесі мен ел бірлігіне өте қажет деген отау көтеру, тәрбие, отбасы, тұрмыс дәстүрлері, еңбек дәстүрлері сахналық қойылымдар үйлесімін тауып көрермен назарына ұсынылды.Ұлтымыздың дәстүрлерін әділ қазылар алқасына тереңінен жеткізіп, көрерменге көрініс барысында толыққанды сипаттап берді. Ал екінші кезеңде ұлттық қадір-қасиеттерді дәріптеді. Қазылар алқасының шешімімен Бас жүлде Арыс қаласына бұйырды. Жүлделі 1-орынды Қазығұрт пен Төлеби ауданы, жүлделі 2-орынды Түркістан қаласы, Шардара мен Сарыағаш ауданы, жүлделі 3-орынды Жетісай, Созақ, Түлкібас аудандары иеленді. Байқау жеңімпаздарына қаржылай сыйлықтар табысталды.Айта кетейік, облыс әкімдігінің қолдауымен өткен байқаудың мақсаты – ұмыт қалған салт-дәстүрді қайта жаңғыртып, шешендік сөздердің қуатын ұрпақтың бойына сіңіру. Түркістан облыстық Ақсақалдар алқасының бастамасымен, байқау биыл екінші рет өткізіліп отыр. Ұйымдастырушы – «Серпіліс» қоғамдық қоры.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/888447
ТҮРКІСТАН: БАЗАРДАҒЫ КІТАПХАНАҒА 10 МЫҢДАЙ ОҚЫРМАН КЕЛГЕН 22.11.2024
Түркістан облысына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары мен вице-министрлер жұмыс сапарымен келді. Сапар аясында «Базардағы кітапхана» жобасы шеңберінде «Қуаныш» сауда орталығында кітапхана пунктіне ат басын бұрып, сондағы жұмыстармен танысты. Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев бұл жобаның негізгі мақсаты кәсіпкерлерге өз бизнесін дамытуға, тұлға ретінде қалыптасуына үлес қосып, креативті идеялардың тууына мүмкіндік беретінін жеткізді. Сондай-ақ аудан, қалаларда жалғасып жатқанын атап өтті.ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру туралы заң жобасын әзірлеу барысына тоқталды. Содан соң елімізде алғаш қолға алынған жобаның өзге өңірлерге де үлгі боларын айтты. Сауда орталығының басшысы, облыстық мәслихат депутаты Инара Намазбаева тұтыншулар мен жеке кәсіпкерлер арасында үлкен сұранысқа ие болып, келушілердің артып келе жатқанын жеткізді. Облыстық кітапхана басшысы Жанат Шардарбекованың айтуынша қазірге дейін 10-мыңға жуық адам кітапхана қызметтерін пайдаланған. Мәдени ошаққа ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Темір Қырықбаев, Түркістан облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Ержан Исатаев, Түркістан қаласы әкімі Әзімбек Пазылбекұлы да қатысып, кітапхана жұмысын жоғары бағалады.Облыс әкімдігінің тапсырмасына сәйкес ашылған кітапхана пунктінде көркем әдебиет пен кәсіпті нығайтуға бағытталған және әлемдік бестселлерден құралған 3 мыңға жуық кітап қоры бар. Балаларға арналған туындыларды да табуға болады. Оқырман сұранысына сай кітап сөрелері мен мерзімді басылымдар тұрақты түрде жаңартылады. Кітапхана қызметі білімге қолжетімділікті, мәдени құндылықтармен алмасуды көздейді.Айта кетейік, өңірде «Ашық әкімдіктегі – ашық кітапхана» жобасы да іске асырылып, облыстағы барлық әкімдікте ашылған болатын. Бұдан бөлек мешіт-медреселерде де кітапхана бұрыштары әзірленуде. Мұндай кітапхана оқуға жайлы орта жасап, оқырманмен тығыз байланыс орнатып, келушілердің уақытын тиімді өткізуіне ықпал етеді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/888453
ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ӘУЛЕТІМЕН ТРАНСФОРМАТОР ЖӨНДЕУДІ КӘСІП ЕТКЕН ОТБАСЫ ТҰРАДЫ 22.11.2024
Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен Кентау қаласы мен Сауран ауданында БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті.Сапар аясында журналистер Жаңа Иқан ауыл округінде ашылған «Рамазан» ЖК трансформаторларды жөндеу цехының жұмысымен танысты.Энергетикалық қуатты нығайту – мемлекетіміздің экономика саласының басым бөлігі. Оның ішінде трансформатор – электр-техникалық бұйымдар рыногының ең талапты және бәсекелі бөлігі. Кентау қаласындағы транформатор зауытының өнімдері өңірдің ғана емес елдің мәртебесін көтеріп, өңір тұрғындарын өмір сапасын жақсартып жатқаны баршаға мәлім.Осы орайда, Сауран ауданындағы шағын ғана ауылдан трансформатор жөндеп, адал еңбегімен отбасын асырап отырған Ибата елді мекенінің тұрғыны, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, жеке кәсіпкер Махсұд Тажибаев қазіргі таңда 5 адамды жұмыспен қамтып отыр. Балаларының осы салаға бейімділігін байқап, өзінің білгенін үйреткен әкесі Дадахан Тажибайұлы да көп жылдар бойы Ибатада электрик болып еңбек еткен. Енді балалары Махсұд, Махмұд, Мұхаммед әке жолымен электрик болып жұмыс істеп, ел игілігі үшін аянбай еңбек етуде.2016 жылы ашылған цехта жұмыс өнімділігі мен тапсырысқа қарай ауыл тұрғындары еңбек етіп келеді. Кәсіпорында қуатты кернеу диапазонындағы трансформаторлардың қорабы құрастырылады. Жылына 60-тан аса трансформатор қалпына келтіріліп, қайта жасақталады. Сонымен қатар кәсіпорын жөндеуді қажет ететін, тозығы жеткен трансформаторларды жөндеумен айналысады. Бүгінде кәсіпорын өз өнімін өзге аудандар мен қалаларға шығара бастаған.«Айына кемі 4-5 транформатор жөндейтін «Рамазан» ЖК-не тапсырыс берушілер көп. Елімізден бөлек, Ресейден де іздеп келетіндер бар. Олар негізінен Қазақстан электр желілері орталығының істен шыққан транформаторларға жаңа серпін береді. Әсіресе, өндіріс орындары шағын трансформаторларға қызығушылық танытады. Зауыттан әлдеқайда арзан өнімдерге сұраныс жоғары» - дейді Махсұд Дадаханұлы.Кәсіпкердің айтуынша, аудан әкімі Мақсат Таңғатаров кәсіпорын жұмысымен арнайы танысып, кәсіпкерге қолдау білдіретінін жеткізген.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/888455
ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЕСКЕК ЕСУ КАНАЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР 22.11.2024
Түркістанда халықаралық деңгейдегі ескек есу каналының құрылысы жалғасып жатыр. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды аталған нысанға барып, құрылыс барысын қадағалады. Жауапты басқарма басшыларына жұмысты сапалы атқаруды тапсырды.– Бұл – ауқымды жоба. Жұмыс сапалы атқарылуы тиіс. Қаржыны тиімді жұмсап, халықаралық жарыстар өтетін нысанды өз мерзімінде ел игілігіне тапсыру керек, – деді Дархан Сатыбалды.Ескек есу каналының жалпы аумағы 100 гектарға жуық, су сыйымдылығы – 2 млн текше метр. Жобаның бірінші кезеңі аяқталған. Бүгінде үшінші кезеңі бойынша жұмыс атқарылып жатыр. Қазір трибуна мен мұнара бетондалуда. Спорт кешенінің қасбетін бояу және нысанды абаттандыру жүргізілуде. Ол жұмысқа 75 адам, 15 техника тартылған. Каналда 800 мың текше метр су бар.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/888456
Атбасарда орталық қазандық реконструкциялануда 22.11.2024
Атбасар облыстың қарқынды дамып келе жатқан қалаларының бірі болып табылады, бүгінгі таңда қала халқы 30 815 адамды құрайды.Атбасарлықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға көп көңіл бөлінеді. Бүгінгі таңда орталық қазандықты жаңғырту мәселесі ерекше өзекті. Жоба үш жылға есептелген, жұмыс өткен жылдан бері жүргізілуде, қазіргі уақытта қала тұрғындарына басталған жылыту маусымында жылумен жабдықтау қызметтерін пайдалануға мүмкіндік беретін бірқатар жұмыстар жүргізілді. Жергілікті атқарушы органдардың айтуынша, ауқымды жоба қаланың экологиялық құрамдас бөлігін едәуір жақсартуға мүмкіндік береді.«Орталық қазандықты жөндеу аяқталғаннан кейін экологиялық компонент жақсарады, біз барлық сорғы станцияларын бір орталықтандырылған қазандыққа ауыстырамыз, түтін мен көмірқышқыл газының шығуы азаяды. Маңызды факт: қазандықтың қуаты артады, бүгінгі күні қазандықтың қуаты 23 гигакалорияны құрайды, реконструкциялаудан кейін 120 Гкал болады. Қазір біздің қалада 17 қазандық жұмыс істейді, жақын арада бірыңғай жүйе болады, бұл процесті оңтайландыруға және орталықтандыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, тұтынушылар үшін температура режимі жақсарады, жылу энергиясының сапасында оң өзгерістер күтіледі. Ағымдағы жылы мердігер ұйыммен №3, №4 қазандықтардың іргетастарын бөлшектеу; ғимарат ішіндегі ауа өткізгіштердің газ жолдарын жөндеу; № 3, №4 қазандықтардың күлді кетіру қожының кірпіш қалқанын реконструкциялау; тарату торабының үй-жайын жаңарту; қолданыстағы кәріз құдықтары мен желілерін бөлшектеу; №3, № 4қазандықтардың металынан жасалған циклондарды, бұру газ жолдарын, алаңдарды, эстакадаларды күрделі жөндеу; су жинағын кеңейтуді жөндеу; үрлемелі желдеткіштер мен газ құбырлары үшін іргетасты монтаждау және №3 қазандық үшін іргетасын қалау орындалды. Сонымен қатар, химиялық су өңдеу ғимаратына арналған шұңқыр жабдықталды, химиялық су өңдеуге арналған үй-жайларды монтаждау, түтін сорғыштардың іргетастарына механикаландырылған тәсілмен топырақ әзірлеу жүргізілді және №3 қазандықтың қиыршық тас негізін тығыздау жүзеге асырылды», - деп хабарлады Атбасар ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Ермек Бибеков.Ермек Серікұлының мәліметінше, қазіргі уақытта циклондарға арналған тірек конструкцияларын монтаждау, қазандықтарға арналған циклондарды құрастыру, химиялық су өңдеу ғимаратының тұрмыстық үй-жайларының едендерін орнату және қабырғаларын әрлеу, химиялық су өңдеу ғимаратының фасонды бұйымдарын монтаждау жұмыстары жүргізілуде.«Жобаны аяқтау үшін №3 қазандықтың жану камерасының құрылысын орындау, редуктор мен электр қозғалтқышы бар скрепер-шөміш көтергішін монтаждау қажет. Біздің жоспарларымыз бойынша барлық жұмыстар 2026 жылы аяқталады. Келесі жылы қарқынды жұмысты жалғастыратын боламыз, бірнеше қазандықтарды орнату, іргетастарды бөлшектеу, түтін мұржаларының негізі, отын беруді реттеу, түтін құбырларын салу, суды химиялық тазартуды орнату және ауыстыру жоспарлануда. Өткен жылы қазандықтарды күрделі жөндеу жұмыстары да жүргізілді, атап айтқанда: оттық ауыстырылды, қазандықтарды қаптау жүргізілді, 1 және 2-қазандық тиісінше жұмыс істейді, жылу беру тұрақты жүріп жатыр», – деп атап өтті Атбасар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінде.Ведомствоның ақпараты бойынша, Атбасар қаласының орталық қазандығына күрделі жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін, 3693 абонентті жылумен қамтамасыз ету жақсарады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/888479
200-ден астам ақмолалық ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай марапатталды 22.11.2024
Бүгін Көкшетауда бірінші өңірлік форум өтті, онда үздік аграршылар мен өндіріс озаттары, еңбек сіңірген қызметкерлер мен агрономдар, мал өсірушілер, фермерлік шаруашылықтар мен ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының басшылары жиналды.Ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлерін құттықтай отырып, облыс әкімі Марат Ахметжанов аграрлық сектордың өңір экономикасындағы маңызды рөлін атап өтті. Ол бұл саланың жетістіктері – жерге еңбек сіңірген, өз ісіне адал және кәсіби мамандардың қажырлы еңбегінің нәтижесі екенін айтты.«Ақмола облысы – Қазақстанда дәнді және майлы дақылдар өндіруде көшбасшы өңір. Ақмола облысындағы астық өнімдері – бұл өңірдің елдегі ауыл шаруашылығы өндірісінің орталығы мәртебесін растайтын маңызды жетістік. Диқаншылардың еңбегі жоғары құрметке лайық, өйткені олардың күші елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Өткен жылы облыс аграрийлері үлкен жетістіктерге жетті. Біз сіздермен мақтанамыз және шынайы алғысымызды білдіреміз», – деді Марат Ахметжанов.Өңір басшысы өз сөзінде атап өткендей, ауыл шаруашылығы саласындағы өңірдің жалпы өнімі 828 миллиард теңгеге жетті. Болжамдарға сәйкес, ағымдағы жылдың соңына дейін бұл көрсеткіш 1 триллион теңге белгісінен сенімді түрде асады. Ағымдағы жылдың егін егу науқаны мен орақ науқаны кезіндегі күрделі табиғи-климаттық жағдайларға қарамастан, облыста соңғы онжылдықтардағы рекордтық 6,6 миллион тонна астық жиналды. Орташа өнімділік 14,1 центнер/гектарды құрады, Қазақстан астығының 30%-ы Ақмола облысында өндірілді.Облыс әкімі ауыл шаруашылығын жаңғырту, жаңа технологияларды енгізу және аграрийлерге қолдау көрсетуді арттыру мәселелеріне ерекше назар аударды. Ол аграрлық секторды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша жұмыстар жалғасатынын, оның ішінде мемлекеттік қолдауды кеңейту, инфрақұрылымды жаңарту және мамандарды оқыту шаралары жүзеге асырылатынын айтты.Астана тұрғындарын ауыл шаруашылығы өнімдерімен тұрақты қамтамасыз ету үшін айтарлықтай маңызы бар азық-түлік белдеуіне облыстың 17 ауданы енді. Қазіргі уақытта 125 облыстық кәсіпорын елордадағы 44 ірі сауда нүктесіне өнім жеткізуде.Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің еңбегі лайықты бағаланды. Ел Президентінің Жарлығымен тоғыз ақмолалық аграрий мемлекеттік марапаттарға ие болды. Өндіріс үздіктері – сауыншылар, механизаторлар, агрономдар, жүргізушілер, құс өсірушілер және басқа да еңбек озаттары құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен және ақшалай сыйақымен марапатталды. Городецкий, Райский және Каспиев еңбек әулеттеріне автокөлік сыйға тартылды.Алғаш рет бірқатар аграрийлер «Ақмола – еңбек озаты» төсбелгісімен марапатталды. Олардың қатарында механизаторлар Дүйсембай Ысқақов пен Владимир Герасимов, Социалистік Еңбек Ерлері Есілбай Қадралин мен Валентин Щербаков, еңбек адамы, Біржан сал ауданының құрметті азаматы Алтынай Базылова бар.Салтанатты іс-шара мерекелік концертпен аяқталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/887242
Ақмола облысында алғаш рет үздік аграршылар «Ақмола – еңбек озаты» төсбелгісімен марапатталды 22.11.2024
Көкшетау қаласында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің бірінші өңірлік форумында маңызды оқиға болды – Ақмола облысында алғаш рет ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері облыс әкімінің «Ақмола – еңбек озаты» төсбелгісімен марапатталды. Бұл жоғары марапатқа аймақтың дамуына қосқан зор үлесі, жоғары кәсібилігі, көп жылдық жемісті еңбегі және өз қызметіндегі жоғары жетістіктері үшін аграрлық саланың 40-тан астам үздік өкілдері ие болды.Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық форумда аграршылардың еңбегінің маңыздылығын атап өткен болатын.Ақмола облысы еліміздің негізгі аграрлық өңірлерінің бірі болып табылады. Биылғы жылы фермерлердің қажырлы еңбегінің арқасында 4,7 миллион гектар алқаптан 6,6 миллион тонна дәнді және бұршақты дақылдар жиналды. Орташа өнімділік гектарына 14 центнерден асты, ал өнімділіктің 60% – ы жоғары сапалы бидай.Аймақтың жетекші шаруашылықтарының бірінің басшысы Иван Сауэр алғысын білдірді.«Ақмола облысында алғаш рет ауқымды іс-шара өткізіліп, онда еңбек адамына тиісті көңіл бөлінді. Бұл марапат-өңірдің және бүкіл елдің дамуына қосқан үлесімізді құрметтеу мен мойындаудың белгісі», - деді И.Сауэр.«Ақмола – еңбек озаты» төсбелгісі Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және өңірдің экономикасын нығайтатын аграршыларға сіңірген еңбегін мойындау мен құрметтеудің символына айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/887253
Ақмола облысы – елорданың негізгі азық-түлік жеткізушісі 22.11.2024
Ақмола облысы елордаға ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуде негізгі рөл атқарады және азық-түлік белдеуінің негізін қалап отыр. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, құрамына өңірдің 17 ауданы кіретін 300 шақырымдық аймақ белгіленді.Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің алғашқы форумында Президент облыстың Астананың «азық-түлік белдеуі» мәртебесіне толық сәйкес келетінін атап өтті.Күн сайын шамамен 80 тонна ет және ет өнімдері, 320 тонна сүт өнімдері, 700 мыңға жуық жұмыртқа және 25 тонна ұн жеткізіледі.Өңірдің 125-тен астам кәсіпорны өз өнімдерін Астанадағы 44 ірі сауда нүктесіне, соның ішінде Magnum, Астықжан, Small желілеріне, сондай-ақ «Еуразия», «Әлем», «Шапағат» және басқа да базарларға тұрақты түрде жеткізіп тұрады.Атқарылып жатқан жұмыстардың арқасында Астананың азық-түлікпен қамтылу деңгейі едәуір артты: елорданың ет және сүт өнімдеріне деген қажеттілігі 30%-дан астам, жұмыртқаға – 80%, картопқа – 85%, көкөністерге – 20% қамтамасыз етілген. Бұл азық-түлік тұрақтылығына ықпал етіп, өңірде ауыл шаруашылығының дамуын ынталандырады.Ақмола облысы елорда тұрғындары үшін азық-түліктің қолжетімділігі мен сапасына кепілдік беріп, сенімді серіктес ретіндегі позициясын нығайтуда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/887255
Ақмола облысында агроөнеркәсіп кешенінің үздік өкілдері марапатталды 22.11.2024
Өңірде бағалы білім мен тәжірибе ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, нағыз еңбек әулеттерін қалыптастырған мысалдар көп.Республикалық ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің форумында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік награда алғандардың қатарында зоотехниктер, шопандар, технологтар мен комбайншылар бар екенін атап өтті. Жалпы, Қазақстан бойынша 100-ден аса адам марапатталды. Адал еңбекті дәріптейтін мұндай тұлғалар жастарға үлгі болуда.Облыс әкімі Марат Ахметжанов бірінші өңірлік форум барысында ауыл шаруашылығы қызметкерлері өңір экономикасының тірегі екенін және олардың еңбегі жоғары құрмет пен ризашылыққа лайық екенін айтты. Мереке қарсаңында Президенттің Жарлығымен тоғыз ақмолалық аграрий мемлекеттік награда алды.Өндіріс озаттары – сауыншылар, механизаторлар, агрономдар, жүргізушілер, құс өсірушілер және басқа да ерекше еңбек нәтижесіне қол жеткізгендер құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен және ақшалай сыйақымен марапатталды.Өңірлік Форум аясында саланың дамуына елеулі үлес қосқан Городецкий, Райский және Каспиев еңбек әулеттеріне автокөліктер сыйға тартылды.«Біздің өңірде құнды білім мен тәжірибені ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып, нағыз еңбек әулеттерін қалыптастырған мысалдар жеткілікті. Түркиндер, Әріповтер, Закусиловтар, Ысқақовтар, Мұқышевтер және Құрманқұловтар әулеттері ауыл шаруашылығында өз істерін табысты жүргізуде. Бұл ұрпақтар сабақтастығының ғана емес, өз ісіне деген шынайы сүйіспеншіліктің де үлгісі. Бұл отбасылық құндылықтар мен кәсіби көзқарасты ұштастыратын еңбек жолы», – деп атап өтті өңір басшысы.«Бұл көлік менің отбасыма сыйлық болып қана қоймай, біздің ұрпақтың символы болады. Жақсы өмір сүруге барлық жағдай жасалған «Агрофирма ТНК» ЖШС-де ұзақ жылдар бойы жұмыс істеп келеміз. Еңбегімізді бағалап, сенім артқандарыңызға көп рахмет», – деді өз жауабында Еңбек әулетінің басшысы Сергей Райский.Алғаш рет бірқатар аграрийлер «Ақмола – еңбек озаты» төсбелгісімен марапатталды. Олардың қатарында механизаторлар Дүйсембай Ысқақов пен Владимир Герасимов, Социалистік Еңбек Ерлері Есілбай Қадралин мен Валентин Щербаков, еңбек адамы, Біржан сал ауданының құрметті азаматы Алтынай Базылова бар. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/887256
Жарқайың ауданы тұрғындарымен есептік кездесу: жұмыс қорытындысы мен даму жоспарлары 22.11.2024
Ақмола облысының әкімі Жарқайың ауданының тұрғындарымен есептік кездесу өткізді. Кездесудің негізгі мақсаты жергілікті атқарушы органдардың жұмысын қорытындылау, Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру және ауданның дамуы үшін негізгі міндеттерді талқылау болды.Марат Ахметжанов Жарқайың ауданы егіннің 10% қамтамасыз ете отырып, бидай өсіру бойынша көшбасшы өңір екенін атап өтті. Алайда мұнда астықтың көп бөлігі шикізат ретінде сатылады. Өнімнің қосылған құнын арттыру үшін көршілес орналасқан Жақсы ауданының табысты тәжірибесіне назар аудара отырып, астық өңдеуді дамыту ұсынылды.Балық шаруашылығын дамыту қажеттілігі де талқыланды. Аудан аквамәдениет әлеуетіне ие, бұл тұрғындар үшін қосымша табыс көзі бола алады. Кездесуде өнеркәсіптік өндіріс мәселелері белгіленді.«Облыстың өнеркәсіптік өндірісінің жалпы көлеміндегі ауданның үлесі ірі және орта кәсіпорындардың болмауынан небәрі 0,2% құрайды. Аудан басшылығы жаңа өндірістер құру, сондай-ақ темір жолдарды қоса алғанда, ауданның логистикалық әлеуетін неғұрлым белсенді пайдалану үшін инвестициялар тартуы қажет», - деп атап өтті М.Ахметжанов.Кәсіпкерлікті дамыту резервтері және мемлекеттік қолдау түріндегі қолда бар әлеует толық көлемде пайдаланылмайды. Соңғы үш жылда өңірде жобалар санының төмендеуі байқалады. Осы бағыттағы жұмысты жандандыру үшін аудан әкімдігі халықты қолданыстағы мемлекеттік қолдау шаралары туралы хабардар етуі қажет.Өңір басшысы өнімділікті арттыру, жаңа технологияларды енгізу және өсімдік шаруашылығын дамытуға деген кешенді көзқарас мәселесін қозғады. Әкім егіс науқанынан бастап өнімді сатуға дейінгі барлық кезеңдерде қолдауды қамтитын шаруашылықтарды сүйемелдеу жоспарын әзірлеуді тапсырды.«Аудан әкімі әрбір аграршының тынысын, мүмкіндіктерін, қажеттіліктерін, тұқым себу сапасын білуі тиіс. Есептен нәтижеге көшу – ауыл шаруашылығы басқармасының ең маңызды міндеттерінің бірі» - деп атап өтті облыс әкімі.Мал шаруашылығы саласы, атап айтқанда сүт бағыты да – аудан үшін маңызды бағыт. Ауданның ең ірі сүт шаруашылығы – «Темірлан» ЖШС жеңілдетілген несие беру бағдарламасына қатысып жатқаны атап өтілді, соның арқасында ірі қара мал санын 400-ден 800 басқа дейін ұлғайту жоспарлануда.Марат Ахметжанов «Ауыл аманаты», «Кең дала», «Дипломмен ауылға» бағдарламалары шеңберінде жеңілдетілген қаржыландыру және басқа да мемлекеттік қолдау түрлерінің рөлін ерекше атап өтіп, оларды кешенді қолдану ауылдарды дамытуға, халықтың табысын арттыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал ететінін атап өтті.Сонымен қатар, кездесу барысында тұрғын үй және жол құрылысы, ТКШ, білім беру, денсаулық сақтау мәселелері қозғалды, ауданның және Державинск қаласының 6 ауылында үйінді білікті нығайту, Есіл өзенінде гидропост орнатуды аяқтау бойынша жүргізілген жұмыстар талқыланды.Марат Ахметжанов ауданның тұрақты дамуына қол жеткізу үшін инвестицияны белсенді тарту, жаңа өндірістерді дамыту және ауыл шаруашылығының тиімділігін арттыру қажеттігін атап өтті. Басты мақсат – халықтың өмір сүру сапасын арттыру.Кездесу соңында «Ақмола – еңбек озаты» төсбелгісімен, ақшалай сертификаттармен, «Сағадат Нұрмағанбетовке 100 жыл» медалімен және облыс басшысының алғыс хаттарымен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан бірқатар тұрғындар марапатталды. Жеке қабылдауда аудан тұрғындары жер, тұрғын үй, мал шаруашылығын дамыту және т.б. мәселелерді көтерді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/888460
Еліміздегі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында «KAZ» және «KZ» жаңа индекстері бекітілді 22.11.2024
Халықаралық стандарттау ұйымының ISO 3166-2 стандартына сәйкес «KAZ» және «KZ» геокодтары ресми түрде Қазақстан Республикасын белгілейді. Бұл кодтар интернет домендерінде, мемлекеттік құжаттарда, есеп беру құжаттарында және нөмірлерде кеңінен қолданылады. Олар ел ішінде де, шетелде де танымал. Осыған байланысты Қазақстанда халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдары үшін «KAZ» және «KZ» индекстері бекітілді.«KAZ» индексі бірнеше өңір арқылы өтетін 23 автомобиль жолына берілген. Мәселен, Астана мен Алматыны жалғап, Қарағанды арқылы өтетін жол KAZ01 индексін еншілесе, «Астана – Көкшетау (айналма жолмен) – Петропавл – РФ шекарасы («Жаңа жол» өткізу пункті)» бағыты KAZ02 болып белгіленді.«KZ» индексі бір өңірдің шегінде орналасқан республикалық маңызы бар 88 жол үшін қолданылады. Мәселен, Ақтөбе облысындағы «Қандыағаш – Ембі – Шалқар – Ырғыз» тасжолы KZ04-02 индексін алды. Онда көрсетілген «04» нөмірі – өңірді, ал «02» нөмірі – облыс шегіндегі жолдың реттік нөмірін көрсетеді. Жамбыл облысындағы «Меркі – Шу – Бурылбайтал» автомобиль жолы KZ08-04 деп белгіленді, мұндағы «08» – өңірді, ал «04» — облыс шегіндегі жолдың нөмірін білдіреді.«E» және «АН» сияқты халықаралық келісімдер арқылы тағайындалған автомобиль жолдарының индекстері өзгеріссіз қалатын болады. Бұл халықаралық көлік жүйесіндегі жүйелілік пен транзиттік қозғалыс жайлылығын қамтамасыз етеді. Автомобиль жолдарының тізімі, атаулары және индекстерімен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500011402.Жаңа индекстеу жүйесін әзірлеуді «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ жүзеге асырды.Жаңа индекстерді ескере отырып, жол белгілерін жаңарту жоспарлы жұмыстардың орындалуына және тозған элементтердің ауыстырылуына қарай біртіндеп атқарылады. Бұл үшін қосымша қаражат талап етілмейді, жұмыстар жолдарды күтіп ұстау шеңберінде жүргізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/888471
Қазақстан мен Швейцария: ақ сутекті іздеудегі ынтымақтастық мүмкіндіктері 22.11.2024
Астана қ. ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев швейцариялық «TERRA-A AG» компаниясының өкілдерімен кездесті. Тараптар Қазақстан аумағында жер астындағы ресурстарды іздеуде инновациялық технологияларды қолдану мүмкіндіктері талқылады.«TERRA-A AG» компаниясы электромагниттік барлау және спутниктік суреттер арқылы жер қойнауын қашықтықтан зерттеуге маманданған. Олардың технологиялары тұщы су көздерін, алтын мен гауһар сияқты асыл металдарды, литий мен мыс секілді сирек материалдарды анықтау, сондай-ақ қоршаған орта жағдайын бағалау және климаттың өзгеруін бақылау үшін қолданылады.Кездесу барысында қатысушылар ақ сутекті іздеуде бірлесіп жұмыс істеуге дайындықтарын жеткізді. Бұл суттегі түрі табиғатта газ түрінде кездеседі, ол табиғи түрде жер асты кен орындарында кездесетін газ түрінде кездеседі. Химиялық процестер арқылы өндірілетін синтетикалық сутегінен айырмашылығы – ақ сутегі табиғи көздерден алынады, бұл оны болашақ үшін әлеуетті жасыл энергия көзі етеді.Келесі кезекте «TERRA-A AG» жерасты ресурстарын барлауға мүмкіндік беретін геофизикалық спектрлік талдауға арналған платформасын ұсынды. Талқылау барысында жаңа энергия көздерін іздеу үшін осы технологияларды пайдалану перспективалары да қарастырылды.Министр пайдалы қазбаларды тиімді іздеу және барлау үшін озық технологияларды пайдалануға қызығушылық танытып, болашақта Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды элементі бола алатын сутегі энергетикасы саласындағы зерттеулердің маңыздылығын атап өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/887566
Мемлекет жер қойнауын пайдалану құқығына арналған аукциондардың ашықтығын қамтамасыз етеді 22.11.2024
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі бұған дейін 26 кен орны бойынша электронды аукцион өткізу туралы хабарландыру жариялаған. Кен орындары құрамында алтын, күміс, қорғасын, мырыш және т.б қатты пайдалы қазбалардың қоры бар.Аукционға қатысуға өтінімдер 2025 жылдың 15 қаңтарына дейін «minerals.e-qazyna.kz» Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы арқылы қабылданады.Электрондық аукцион 2025 жылдың 29 қаңтарында e-qazyna.kz мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында өтеді.Жер қойнауын пайдалану саласындағы ақпараттың болуы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодексінің 7-бабымен реттеледі, оған сәйкес мемлекет жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукциондар туралы ақпаратқа, аукцион шарттары мен нәтижелеріне ашық қолжетімділікті қамтамасыз етеді.Нәтижесінде, Министрліктің ресми интернет-ресурсында аукциондардан кейін әрбір сала бойынша аукцион нәтижелерінің хаттамалары тұрақты түрде жарияланады, онда жеңімпаз компаниялардың атаулары, сондай-ақ қол қою бонустарының түпкілікті сомалары көрсетіледі.Бұдан бөлек, егер сирек жер металдары бар кен орындары аукционға шығарылса, әлеуетті инвесторларға өз өндірісінде металлургия өнімдерін өңдеу және өндіру немесе Қазақстанда зауыт салу түріндегі қосымша міндеттемелер ұсынылады.Бұл қосымша міндеттемелер кенді өндіру және шетелге экспорттау ғана емес, елімізде сирек кездесетін металдарды өңдеудің кепілі болып табылады.Егер қол қою бонусының түпкілікті сомасы аукцион жеңімпазымен төленбесе, басымдық келесі қатысушыға берілетінін атап өткен жөн.Салық заңнамасына сәйкес қол қою бонусының түпкілікті сомасын төлемеу жеңімпазды төлем міндеттемелерінен босатпайды, сонымен қатар депозитке салынған кепілдік өз міндеттемелерін орындамаған жеңімпазға қайтарылмайды және бұл сомалар мемлекеттен өндіріп алынады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/888421