Enbekshi QazaQ

Бизнес

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күнімен құттықтауы 17.11.2024
Құрметті ауыл шаруашылығы қызметкерлері!Құрметті еңбек ардагерлері! Баршаңызды ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!Бұл егіс алқабында, фермада, жеке шаруашылықта еңбек ететін, өмірі ауыл тағдырымен тығыз байланысты әрбір адамның мерекесі. Ауыл еңбеккерлерінің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және республикамыздың экспорттық әлеуетін нығайтуға қосқан үлесін бағаламауға болмайды.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің ауыл шаруашылығы саласының алдына өнімділікті арттыру, жаңа технологияларды енгізу, өңдеуші саланы дамыту бойынша маңызды міндеттер қойып отыр. Өңірімізде бұл бағыттағы даму қарқынды жүріп жатыр: мал шаруашылығында оң тенденция байқалады, ауылдық жерлерді дамыту қолға алынып, ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейі көтерілуде, жоғары технологиялық жобалар жүзеге асырылуда, өнеркәсіп қарқынды дамып келеді.Мұның барлығы ауыл шаруашылығы саласының негізгі міндеттерін – азаматтарымызды сапалы өніммен қамтамасыз ету, еліміздің халықаралық нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелерін шешуге көмектеседі.Әрине, биылғы ауыл шаруашылығы жылы диқандарымыз үшін өте ауыр болды. Дегенмен, олардың адал еңбектерінің, озық агротехнологияларды енгізудің және мемлекеттің қолдауының арқасында облысымыз орақ науқанын сәтті аяқтап қана қоймай, рекордтық өнім – 6,6 миллион тонна астық жинауға қол жеткізді.Егін орағы кезінде ұтымды, нақты және үздіксіз жұмысты қамтамасыз еткен, егін алқабы мен қырманда, зертхана мен комбайн штурвалында еңбек еткен барша ауыл еңбеккерлеріне шын жүректен алғыс білдіргім келеді. Қажырлы еңбектеріңіз үшін, өз істеріңізге жауапкершілік пен адалдық, туған жерге деген сүйіспеншіліктеріңіз үшін мың да бір рахмет!Жер-ана төскейіндегі, фермадағы, өндірістік цехтардағы қажырлы еңбектеріңіз барлық марапатқа, ерекше құрметке лайық. Өңірдегі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының озық дәстүрлерін қалыптастырып, жастардың отансүйгіштікке, туған жер құшағында адал еңбек етуге деген құлшынысын оятып жүрген сала ардагерлеріне ерекше алғыс айтқым келеді.Құрметті жерлестер!Осы мереке күні баршаңызға шын жүректен зор денсаулық, көтеріңкі көңіл-күй және отбасылық ынтымақ-береке тілеймін! Жыл сайын еселі еңбектеріңіздің есесі мол өніммен өтеліп, лайықты төленіп, қанағат сезіміне бөлейтін болсын. Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы гүлдене берсін!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/884564
Үшарал қаласы әуежайында жаңа терминал салынбақ 17.11.2024
Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаевтың Жетісу өңірі тұрғындарымен кездесуінде белгілі болды. Құрылыстың екі нұсқасы қарастырылуда: біріншісі - ғимараттарды келу және кету аймақтарына бөле отырып, қолданыстағы терминалдың жанынан шағын терминал салу; екіншісі – бірден үлкен терминал салу. Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы орган жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін талдап, әзірлеуде.Сондай-ақ, бүгінгі таңда «Сарыөзек-Көктал» жолының 45-68-ші шақырымдары арасында күрделі жөндеу, ал 68-110 шақырымдары арасында орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Келесі жылы 0-ден 45-ші шақырымға дейін орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Тиісінше, жол толығымен ретке келтіріледі.Жалпы ұзындығы 762 шақырымды құрайтын «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» жолын қайта жаңғырту жұмыстары да 2024 жылдың соңына дейін аяқталады.Өңір тұрғындарымен еркін форматта өткен кездесуде ведомство басшысы министрліктің құзыретіне кіретін және осы өңірге қатысты сұрақтарға барынша ашық жауап берді.Халықпен кездесуден кейін министрдің жеке қабылдауына 6 тұрғын жазылды.Қазақстандықтардың сұрақтары авиабилеттерді қайтару, халықаралық жүк тасымалдарының жүргізушілеріне виза беру және т.б. мәселелерге қатысты болды. Кездесу қорытындысы бойынша барлық өтініш білдірушілерге толық жауаптар мен түсініктемелер берілдіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/884544
2025 жылғы қаңтардан бастап Қытай Халық Республикасымен шетелдік рұқсат бланкілерімен алмасу цифрлық форматта жүргізіледі 16.11.2024
Құжатқа екі елдің бейінді министрліктері қол қойды. Аталған жұмыстар бланкілердің жалпы санынан 60%-ын цифрлық форматқа ауыстыруға мүмкіндік береді. Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев Алматы қаласының тұрғындарымен кездесуде айтты. Жалпы, қазақстандық тасымалдаушылардың халықаралық автотасымалдарға қатысу көрсеткіші 31%-дан (2021) 52%-ға (2023) дейін өсті. Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі таңда Қазақстан әлемнің 42 елімен шетелдік рұқсаттармен алмасуды жүзеге асыруда. Ағымдағы жылы рекордтық айырбас жасалды - 364 705 ШРБ, оның ішінде - 190 000 Қытай бланкілері. Алматы қаласының тұрғындарымен кездесуден кейін министр жеке қабылдау өткізіп, азаматтардың сұрақтарына жауап берді. Еліміздің көлік саласын одан әрі дамытуға қатысты ұсыныстарын тыңдадыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/884536
ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА «АЛТЫН КҮЗ-2024» МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНДЫ 16.11.2024
Бүгін Темірланда Орбадасы ауданының құрылғанына 60 жыл және ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің «Алтын күз-2024» мерекесі салтанатты түрде аталып өтті.Ерте көктемнен қара күзге дейін дала төсінде тер төгіп еңбек еткен жергілікті дихан қауымның мерекесіне орай шаруалар мен дихандар, аталған салада жүрген кәсіп иелері азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесінде өз өнімдерін ұсынса, асыл тұқымды мал басының, агросекторға қажетті жаңа техникалардың көрмесі ұйымдастырылды.Күзгі жиым-терім науқанының қорытынды көрсеткіші айқындалатын молшылық мерекесіне аудан әкімі Азат Оралбаев, аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков, ауыл шаруашылығы саласының ардагерлері, жергілікті мемлекеттік мекеме басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, журналистер қауымы қатысты.Аудан басшысы мерекеге орай ұйымдастырылған көрмені аралап, азық-түлік өнімдерінің өнімділігі жөнінде шаруалармен пікірлесті. Әсіресе, агро сектордағы, мал шаруашылығы саласындағы тың, жаңа жобалардың жұмысына сәттілік тіледі.Бірлік пен татулық мекені - Ордабасы өндіріс саласымен қатар ауыл шаруашылығы да қарқынды дамып келе жатқан аграрлы аудан. Ауданның ауылшаруашылығы саласындағы кез-келген жетістік бұл, шаруалардың, дихандардың адал әрі тынымсыз еңбегінің және мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулардың арқасы деуге болады.Ауданның құрылғанына 60 жылдығы мен «Алтын күз - 2024» мерекесіне орай ұйымдастырылған шарада аудан әкімі Азат Әбдіғалиұлы барша ауыл шаруашылық саласының еңбек адамдарын мерейлі мерекемен құттықтап, ауданның осы саладағы жетістіктеріне тоқталып өтті.«Барша аудан тұрғындарын ауданның құрылғанына 60 жыл және берекенің бастауы саналған «Алтын күз» мерекесімен құттықтаймын. Несібесін еткен еңбегінен күткен Ордабасылықтар үшін биылғы жыл жемісті болып, мол өнімділікке қол жеткіздік. Ауданымыз аграрлы аудан болғандықтан экономикамыздың қозғаушы күшімен табыс көзіде ауылшаруашылығы саласы. Ауылшаруашылық саласындағы негізгі көрсеткіштерге тоқталып өтіп, 10 айдың қорытындысымен ауылшаруашылығы жалпы өнімінің көлемі – 54 млрд. 819 млн.теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, 7,6 млрд. теңгеге артып отыр. Ауылшаруашылығындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар – 9 млрд. 700 млн. теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3 млрд. 578 млн. теңгеге артығымен орындалып отыр. Тамақ өнімдерінің негізгі капиталына тартылған инвестиция 328 млн. теңгені құрады. Дихандарымыз ағымдағы жылы 71 591 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастырып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда егіс көлемі – 1 203 гектарға ұлғайды.Атап айтар болсам, бидайдың егіс көлемі – 27 092 гектардан – 56 893 тонна (орташа түсімі 21 цн/га), арпа – 3 114 гектардан – 4 359 тонна (орташа түсімі 14 цн/га), майлы дақылдар – 5 228 га, оның ішінде күнбағыс – 149 гектардан – 298 тонна (орташа түсімі 20 цн/га), мақсары – 5 079 гектардан – 5 588 тонна (орташа түсімі 11 цн/га), ашық топырақта өсірілген көкөністер – 3 148 гектардан – 80 274 тонна (орташа түсімі 255 цн/га), картоп – 632 гектардан – 12 956 тонна (орташа түсімі 205 цн/га), бақша дақылдары – 1 780 гектардан – 37 736 тонна (орташа түсімі 212 цн/га), дәндік жүгері – 6 982 гектарға егіліп, жалпы – 68 423 тонна (орташа түсімі 98 цн/га) көп жылдық мал азықтық дақылдар – 17 215 гектардан – 146 327 тонна (орташа түсімі 85 цн/га) мақта – 6 400 гектарға егіліп, 22 400 тонна (орташа түсімі 35 цн/га) өнім алынды. Сонымен қатар егістік жерлерді тиімді пайдалану мақсатында 1 алқаптан жылына 2-3 рет өнім алу жобасы қолға алынды. Ағымдағы жылы 411 гектар жерге 141 шаруа қожалығы өнімдерін егіп, нәтижесінде 1-ші дақылдан – 9 854,5 тонна, 2-ші өнімнен – 7 698,2 тонна өнім жиналды. Жыл басынан бері – 18,4 гектар жерге жылыжай құрылысы жүргізіліп, аудандағы жалпы жылыжай алаңы – 127,4 гектарды құрады. Сонымен қатар, тамшылатып суғару әдісі – биылғы жылы – 1 073 гектарға енгізіліп, жалпы көлемі – 4 273 гектарға жетті. Жаңбырлатып суғару технологияларын ендіру бойынша – биылғы жылы – 110 гектарға енгізіліп, жалпы көлемі 1 202 гектарға жетті.Ағымдағы жылдың ауыл шаруашылығы техникаларын жаңалау бойынша 117 бірлік жоспарланып, 9 айдың қорытындысымен 127 бірлік техникалар алынып, жоспар 109 %-ға орындалды. Мемлекет басшысының қолдауымен жүзеге асып жатқан ауыл халқының әлеуетін арттыруға бағытталған «Ауыл Аманаты» бағдарламасының ауданымыздағы көрсеткіші жақсы деп айтуға болады. Ауданымызда жоба аясында скрининг жұмыстары жүргізіліп, «Ауыл аманаты» пилоттық жобасының І-кезеңіне Бадам және Шұбар ауылдық округтері ІІ-кезеңіне Қараспан және Бөржар ауылдық округтері енгізілді. Жобаны іске асыратын 4 ауылдық округтен 8 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды. Жобаның нәтижесінде, 2023 жылы аудан көлемінде 261 адамға 1 млрд. 722 млн. теңге қаржыландырылды.Жиын соңы аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының қойған концерттік бағдарламасына ұласты. Салтанатты жиында ауыл шаруашылық саласындағы жетістіктермен қатар Орталық алаңда қазақы үйлер тігіліп, ұлттық спорт түрінен ойындар көрсетілді.Түркістан облысының әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/876549
Көкшетауда Ұлттық валюта күніне арналған салтанатты іс-шара өтті 16.11.2024
Он бесінші қарашада Қазақстанда Ұлттық валюта күні мен қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтеді.Бүгін Ақмола облысы әкімдігінде Қаржыгер күні мен Ұлттық валюта – теңге күніне арналған салтанатты жиын өтті. Кәсіби мереке құрметіне бірқатар сала өкілі марапаттарға ие болды.«Қаржы жүйесі – экономиканың қан тамыры, ол барлық саланың тіршілігі мен дамуын қамтамасыз етеді. Сіздерге бұл жүйені тұрақтылықта және қауіпсіздікте ұстау, оны заман талабына бейімдеу және өңір мен елдің тұрақты дамуына ықпал ету сияқты маңызды міндет жүктелген. Сіздердің кәсібиліктеріңіз бен біліктіліктеріңіздің арқасында Қазақстанның қаржы саласы заманауи сын-қатерлерге жауап беріп, тұрақтылық пен икемділікті көрсетіп, экономикалық өркендеуге ықпал етуде. Бүгін біз осы маңызды салаға өмірін арнағандардың барлығына ерекше алғысымызды білдіреміз», – деп атап өтті Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ернар Жарқешов.Қазақстан Республикасының Жоғарғы аудиторлық палатасының «Қаржы сақшысы» медалімен Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы – Бауыржан Қабдыраш марапатталды.«Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісімен жергілікті бюджеттерді орындаудың есеп және есептілік бөлімі басқармасының басшысы Наталья Рыбалко марапатталды.Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің алғыс хатымен Көкшетау қаласы экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары Гүлнар Құзтаева марапатталды.Оған қоса, Ақмола облысы әкімінің құрмет грамоталарымен қаржы саласының 25 қызметкері марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/884161
Қарағандылық спортшы Италияда үстел теннисінен өткен халықаралық турнирде үшінші орын алды 16.11.2024
Қарағандылық Алан Құрманғалиев Линьянода (Италия) өткен WTA Youth contender Lignano 2024 халықаралық турнирінде III орын алды.17 жас санатында ол француздық Томас Ларошты, испан спортшысы Фонта Даниелді, Франческа Карьеруді, Чех ренисшісі Мартина Ратажский мен Мартина Вайглды жеңді. Ал жартылай финалда франциялық Натан Пилардқа 2:3 есебімен жеңіліп қалды.Спортшыны Эльмира Алиева жаттықтырады.Естеріңізге сала кетейік, жақында қарағандылық Венгриядағы үстел теннисі турнирінің екі дүркін жүлдегері атанды. Яғни күміс пен қола медальды қатар қанжығалады.ҚР Үстел теннисі федерациясыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/883976
Қазақмыс филиалының атауы Қ.И. Сәтбаевтың құрметіне өзгертілді 16.11.2024
«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС филиалы «Жезказғантүстімет» ӨБ атауы ресми түрде Қ.И. Сәтбаев атындағы «Жезказғантүстімет» ӨБ болып өзгертілді.Бұл тарихи қадам биыл 125 жасқа толған көрнекті ғалым және қазақстандық геологияның тұңғыш жол салушысы Қаныш Сәтбаевтың ғылымға қосқан үлесін мәңгі есте қалдыруды көздейді. Қаныш Имантайұлы Сәтбаев Қазақстанның тау-кен металлургия саласының дамуына зор үлес қосты.Филиал атауын өзгерту – бұл ұлы ғалымның рухына құрмет ғана емес, оның Қазақстанның өнеркәсіптік және әлеуметтік дамуына қосқан үлесін мойындау.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/884012
2024 жылдың 10 айында Қазақстанның теңіз порттары арқылы 6,2 млн тонна жүк тасымалданды 16.11.2024
Бұл туралы ҚР Көлік министрлігінің теміржол және су көлігі комитеті хабарлады.Өткен жылмен салыстырғанда теңіз көлігі арқылы тасымалдау көлемі 3 % - ға, оның ішінде транзиттік жүктерді тасымалдау 18 % - ға өсті. Құрық паром кешені арқылы жүк автокөлік құралдарын өңдеуде 22 %-ға өсу байқалады. Ақтау порты арқылы өткен 27 мыңға жуық контейнерді қоса алғанда «Шығыс-Батыс» транзиттік қатынасындағы контейнер тасымалының көлемі 84 % - ға ұлғайған.Сондай-ақ, биыл Құрық портының «Саржа» терминалы аталған кезеңде Түркия мен Иран бағытында шамамен 55 мың тоннаға жуық жүк (түсті металдар, аммофос, арпа) өңдеді. Сонымен қатар, Құрық портының «Ерсай» теңіз терминалынан 2024 жылы Қазақстан арқылы Әзірбайжаннан Өзбекстанға транзитпен 153 габаритті емес жүк тасымалданды. Айта кетейік, биыл қазан айында Құрық портында жылына қуаты 1 млн тоннаны құрайтын тағы бір астық терминалы қолданысқа енгізілді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Құрық портының базасында толыққанды логистикалық кластер құру жұмысы белсенді жүріп жатыр. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/883966
Рахымжан Исақұлов ҚР өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі болып тағайындалды 16.11.2024
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Рахымжан Ержанұлы Исақұлов өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі хабарлайды.1987 жылы Шымкент қаласында дүниеге келді. Роял Холлоуей Лондон университетін, Бедфорд Нью колледжін, Жапонияның Ұлттық аспиранттар саяси зерттеулер институтын бітірген.Еңбек жолын 2010 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі референтінің міндетін атқарушы болып бастады.2013-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің консультантынан бастап Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторына дейін түрлі лауазымды қызметтер атқарды.2018-2020 жылдары — Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы.2020-2023 жылдары — Астана қаласы әкімі аппаратының басшысы.2022-2023 жылдары — Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі аппаратының басшысы. 2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі аппаратының басшысы қызметін атқарды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/883974
ТҮРКІСТАНДА ТҰРАР РЫСҚҰЛОВТЫҢ 130 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТІП ЖАТЫР 16.11.2024
Бүгін Түркістан қаласында мемлекет және қоғам қайраткері, Түркі халықтарының бірлігі үшін күрес жүргізген біртуар тұлға Тұрар Рысқұловтың 130 жылдығына арналған «Тұрар және Түркістан идеясы» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтіп жатыр.Түркістан облысы әкімдігі мен Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің ұйымдастыруымен өтіп жатқан жиынға Түркия, Өзбекстан, Моңғолия елдерінен арнайы өкілдер мен еліміздің танымал ғалымдары, тарихшылар, Тұрартанушы азаматтар арнайы қатысып жатыр. Оқу ордасының мәдениет сарайына келген қонақтар алдымен арнайы көрмені тамашалап, тұлға тарихы таспаланған фото-шежіремен танысты.Ауқымды жиынның модераторы – академик, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дархан Қыдырәлі. ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев алғаш болып сөз алып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәлемін жеткізді. Содан соң ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев пен ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошановтың құттықтау хаты оқылды. Наурызбай қажы, Моңғолияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Баярхуу Дорж, Дүниежүзі қазақтар қауымдастығының төрағасы Зауытбек Тұрысбеков, Түркия Республикасының Түркістандағы Бас консулы Илкер Пак, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ректоры Жанар Темірбекова сөз алып, сан қырлы қасиетіне тоқталды.Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев қатысып, өңір басшысы Дархан Сатыбалдының ықыласын жеткізді.– Біз қашан да ұлын ұлықтап, тұлғаларын қадірлеген халықпыз. Сондықтан да олардың еңбегі тарих беттерінде алтын әріптермен жазулы. Бұл маңызды жиынның Түркістан төрінде өтуі заңдылық. Өйткені, көрнекті қоғам қайраткері, дарынды көшбасшы Тұрар Рысқұлов өткен ғасырдың алғашқы ширегінде Түркістан идеясын көтеріп, Түркі жұртының тұтастығына бар ғұмырын арнады. Түркістанның ойшылы, Түркі әлеміне ортақ тұлға Қожа Ахмет Ясауидің «Халқыңа қызмет ет, Ізгілерге ізет ет, Жаны жақсы жайсаңдарға құрмет ет» деген қанатты сөзі бар.Тұрар Рысқұловтың өмір жолы осы ұстанымға толықтай келеді. Халқына адал қызмет етті, отаншылдық пен адалдықтың өлшеміне айнала білді.Ол – Түркістандағы түркі халықтарының ұлт-азаттық қозғалысының көсемі, аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым, публицист, дипломат. Ұлт санасына сілкініс әкелетін мұндай маңызды бастамалар 100 жыл бұрын Тұрардай тұлғалар бастаған бауырластық идеясын іске асырудың алғышарттарына айналары анық. Ізгілікті істердің заңды жалғасы ретінде бастау алған бүгінгі шараның берері мол болмақ. Бүгінгі конференцияда ғалымдарымыз, зиялы қауым өкілдері тарапынан Тұрар Рысқұловтың саяси, рухани, тарихи болмысын ашып, тың деректер айтылады деп сенемін! – деді әкім орынбасары.Мазмұнды жиын әрі қарай панельдік сессияға ұласады. Онда Тұрар Рысқұловтың тұлғалық болмысын айқындай түсетін еңбек жолы жайлы баяндамалар жасалмақ. Бұдан бөлек қонақтар мерейтойға арналған конференция аясында шынар ағашын отырғызады. Ал күні ертең туған жері Түлкібас ауданында рухани шара жалғасады деп жоспарлануда.Айта кетейік, қазіргі таңда Тұрар Рысқұловтың еңбектерін насихаттап, есімін ұлықтау бағытында нәтижелі жұмыстар атқарылуда. Түркістан облысында Түлкібас ауданының орталығы және аудан, қалалардағы 3 мектеп пен 40-тан аса көше мемлекет қайраткерінің атымен аталады. Сонымен қатар Тұраркент ауылында арнайы музейі жұмыс істеп тұр.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/883955
Қарағандылықтарды скрипка концертіне шақырады 16.11.2024
23 қарашада "Шалқыма" концерт залында Е. Рахмадиев атындағы академиялық симфониялық оркестрдің концерті өтеді. Бұл скрипкашы ҚР еңбек сіңірген қайраткері Асқар Дүйсенбаевтың өнер кеші.Асқар Дүйсенбаев – профессор, халықаралық байқаулардың лауреаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, "Мәдениет саласының үздігі" медалімен марапатталған. ҚР Мемлекеттік ішекті квартетінің алғашқы скрипкашысы, Metro-philarmonic (Мәскеу-Швеция) Халықаралық Жастар оркестрінің концертмейстері болды. Иордания, Германия, Швейцария, Испания, Италия, Франция, Швеция, Жапония, АҚШ, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан қалаларын аралады.Кеш бағдарламасында жанды концерттік қойылымдарында классикалық музыка жауһарлары бар. Бұл Габриэль фор "Павана", 50 шығарма, Анри Вьетан скрипка концерті № 5 кіші оркестрмен, 37 шығарма, Эрнест Шоссон оркестрмен скрипкаға арналған өлең, 25 шығарма, Александр Глазунов № 5 Симфония №5 си бемоль мажор, 55 шығарма.Дирижерлік пультта артында ҚР еңбек сіңірген қайраткері Петр Грибанов.Басталуы 17: 00. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/883668
Әскери қызмет туралы мәліметтер енді eGov Mobile қосымшасында қолжетімді 16.11.2024
Енді қазақстандықтар eGov Mobile қосымшасы арқылы әскери қызмет туралы деректерді ала алады және жібере алады. Бұл «Цифрлық мәліметтер» сервисінің жаңартылуы арқасында мүмкін болды.Енді пайдаланушылар өздерінің әскери қызметке шақырылу мәртебесі мен әскери қызметке шақыру туралы ақпаратты смартфонынан тікелей қарап, бөлісе алады. Жаңа функциялар деректерге қолжетімділікті одан әрі ыңғайлы және жеңіл етеді.Қосымшаның жаңартылған нұсқасында екі жаңа цифрлық мәліметтер қолжетімді:Әскери қызметке шақыру туралы ақпарат – азаматтың шақыру мәртебесі, сондай-ақ шақыру мерзімі туралы толық деректер;Әскери қызметке қатысуға қатысты мәліметтер – азаматтың әскери міндеттілік мәртебесі туралы өзекті ақпарат.Азамат өз мәліметтерін ЖСН, компанияның БСН-і немесе мобильді азаматтар базасына тіркелген телефон нөмірі арқылы өз бетінше жібере алады. Сонымен қатар, деректерді жұмыс берушінің тікелей сұрауы салуы бойынша да жіберуге болады — ол үшін жұмыс беруші ЖСН немесе телефон нөмірі арқылы сұрау салу жібереді. Содан кейін пайдаланушы хабарлама алады және сұрау салуды растайды немесе оны кері қайтарады. Деректерді eGov Mobile қосымшасына тікелей сілтеме арқылы мессенджерлер немесе пошта арқылы жіберуге болатынын атап өтеміз.Сервисті пайдалану үшін:- eGov Mobile қосымшасында авторизацияланып, «Мәліметтер» бөліміне өту;- «Тарих» бөлімінде мәліметтерге қол жетімділік беруге келген сұрау салуларды қарап шығу;мәліметтерді беруге рұқсат беру немесе сұрау салуды қабылдамау;қажет болған жағдайда, бұрын берілген мәліметтерді «Қайтарып алу» батырмасын басу арқылы қайтарып алу қажет.Бұдан басқа, пайдаланушылар мәліметтерге сұрау салулар тарихын тексеріп, қажет болған жағдайда бұрын берілген мәліметтерге қолжетімділікті басқаруға, оларды қайтарып алуға мүмкіндігі бар.«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/883852
Қараша конференциясы: Қарағандыда бизнес өкілдері мен жоба әзірлеушілерге арналған кездесу өтеді 16.11.2024
"Террикон алқабы" it-хабы 29 қарашада өтетін кезекті конференцияға өтінімдерді қабылдауды бастады. Іс-шара айтишник пен digital-мамандарға бағытталған.Алты сарапшы әртүрлі саладағы білім және тәжірибесімен бөліседі. Спикерлердің әрқайсысы өз саласының маманы.Компанияның негізін қалаушы және коммерциялық директоры Hoster.KZ Виктория Бандельман "Компанияның түсінікті ұйымдық құрылымы – пайда мен өсудің негізі" атты дәріс оқиды.CEO Zima Blue, Sea ELDER Фарангиз Шукашева компанияларға стратегиялық шешімдер қабылдау үшін зерттеулер мен деректерді қалай тиімді пайдалану керектігін айтады.Тәуелсіз қаржы талдаушысы Андрей Чеботаревтің "Жеке Қаржы: қалай байып, жинаған қорды қалай жоғалтпау керек" тақырыбындағы дәрісі бюджеттеу, шығындарды басқару, тәуекелдерді басқару және салықтық жоспарлау тәрізді бағыттарды қамтиды.Aviata-дағы data engineer Ержан Кабыл "Data Science бойынша Kaggle-дегі міндеттерді шешу: Titanic кейсін талдау" тақырыбын таныстырады.Қазақстандағы Cloud mL СЭС Болат Қазкенов мансаптық жолды қалай құруға болатыны туралы құпиямен бөліседі.«Кotlin тілін қолдануға көшу және асинхронды кодтың артықшылықтары» тақырыбында неконференцияда NITEC компаниясының Staff Software Engineer-і Темірлан Аманбаев сөз сөйлейді. Формат: онлайн/офлайн. Басталуы: 18:30.Қатысушыларды сайтта тіркеу: terricon.kz."Террикон алқабы" it-хабының мекенжайы: Алалыкин көшесі, 12.Конференция Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архифтар басқармасының қолдауымен өткізіледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/883759
Қарағанды облысының өзекті инвестициялық мәселелері талқыланды 16.11.2024
Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров пен «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарушы директоры Азамат Қожанов бірқатар ірі өңірлік кәсіпорындарға, соның ішінде «Сарыарқа» АЭА нысандарына барып, өзекті инвестициялық мәселелерді талқылады.Осылайша, «Линде Газ Казахстан» ЖШС инвестициялық жобасының алаңында делегация техникалық газдар шығаратын ауа бөлетін қондырғылардың өндірістік циклімен танысып, компанияның Қазақстандағы қызметін одан әрі кеңейту әлеуетін талқылады. 2009 жылы құрылған кәсіпорын оттегі мен азот сияқты өнеркәсіптік газдарды өндіруге маманданған. Бұрын іске асырылған жобалардың сомасы шамамен 200 млн АҚШ долларын құрайды.Бұдан әрі делегация «Qarmet» АҚ қазақстандық ірі болат және тау-кен өндіру компаниясының металлургиялық комбинатына барды, онда домна пешінің жұмысы, сондай-ақ ыстық мырыштау және алюминий цехының жұмыс істеуі көрсетілді. «Qarmet» АҚ негізгі қызметінен басқа, әлеуметтік салада бірқатар жобаларды іске асырды, атап айтқанда, Теміртау қаласында саябақ салынды, сондай-ақ трамвай инфрақұрылымын қалпына келтіру жұмыстары басталды. Компанияның бас директоры Вадим Басинмен кездесу барысында тараптар компанияның өндіріс пен өндірістік қуаттылықты ұлғайту, логистикалық мәселелерді шешу, сондай-ақ инвестициялық қызметті кеңейту жөніндегі жоспарларын талқылады.Сапар барысында Ә. Қуантыров диірмендерге арналған футерлерді өндіруге маманданған «Polymet Solutions Corporation» ЖШС кәсіпорнының қызметімен танысты. Зауыт 2020 жылы іске қосылды және қазіргі уақытта оның өнімдері көрші нарықтарға белсенді түрде экспортталуда. Бұған дейін 2024 жылы кәсіпорын алаңында «OKUMA» жоғары дәлдіктегі фрезерлік өңдеу орталығы пайдалануға берілген болатын. Нысан басшылығымен кездесуде өндірісті дамыту жоспарлары, оның ішінде құю зауытын салу жобасы талқыланды.Министрдің орынбасары сондай-ақ 2021 жылы іске қосылған және Ресей мен Қырғызстанға өнімді экспорттайтын «Алтын Арна Geosynthetics» ЖШС геомембрана өндіру зауытының қызметімен, сондай-ақ «Qaragandy Power Silicon» ЖШС ферросиликоалюминий өндіру зауытының құрылыс алаңымен танысты.Сонымен қатар «Сарыарқа» АЭА аумағында облыс әкімінің орынбасары Ермек Алпысовпен және басқарушы компаниямен бірлесіп АЭА қажетті инфрақұрылыммен және электрмен жабдықтау мәселелерін талқылады. Сондай-ақ рұқсат құжаттарын алу бөлігінде өндірістердің ағымдағы проблемалық мәселелері, инфрақұрылымдық мәселелер және өткізу нарығына байланысты мәселелер талқыланды. Инвестициялық штабқа одан әрі шығара отырып, бірқатар мәселелерді қарау туралы шешім қабылданды.Сапар қорытындысы бойынша делегация Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевпен өңірдегі өнеркәсіпті одан әрі дамыту және инвестициялар тарту үшін қажетті шараларды талқылау үшін кездесті.Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/883913
ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙ КОНТЕЙНЕРЛІК ХАБ ҚҰРЫЛЫСЫН БАСТАДЫ 16.11.2024
Биыл қарашада Маңғыстау облысындағы Каспий теңізінің жағалауында Ақтау портының өткізу қабілетін жылына 240 мың ЖФЭ-ге дейін арттыруға мүмкіндік беретін алғашқы контейнерлік хабтың құрылысы басталды. Жобаны «Ляньюньган порты» АҚ және Ақтау теңіз сауда порты бірлесіп жүзеге асыруда.Бұл жоба - елдің халықаралық логистикалық жүйедегі ұстанымын арттырады және көлік-логистикалық саланың әлеуетін кеңейтеді. Нақтырақ айтсақ, хаб құрылысы Әзірбайжан, Грузия, Түркия арқылы Транскаспий бағытында контейнерлерді тасымалдауды ұлғайтуға және Қытайдан Еуропаға келетін транзиттік жүктердің бір бөлігін қайта бағдарлауға мүмкіндік береді.Қазіргі уақытта 20-дан астам арнайы техниканың көмегімен жердегі учаскені вертикальды жоспарлау бойынша жұмыс жасалып жатыр.Айта кетейік, бүгінгі таңда теңіз порттары арқылы контейнерлік тасымалдар бойынша көрсеткіш 84% - ға артып, 58 мың ЖФЭ құрап отыр. Бұл ретте Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХТМ) бойынша контейнерлік тасымалдардың өсуі 2,7 есе байқалады.Аталған жұмыстарды 2025 жылдың ортасында аяқтау жоспарланып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/883926
Хабарландыру! Қазақстан Республикасы Көлік министрі Марат Қарабаев Жетісу облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді 16.11.2024
2024 жылғы 16 қарашада ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев Жетісу облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді.Күн тәртібінде ҚР Көлік министрлігінің құзыретіне кіретін мәселелер.Кездесу сағат 10:00-де «Оқушылар сарайы» ғимаратында өтеді (Талдықорған қаласы, Д. Қонаев көшесі, 51).Тұрғындар мен БАҚ өкілдерін кездесуге қатысуға шақырамыз.Толық ақпарат үшін тел: WhatsApp +7 707 808 60 70 – Даулет СамбетбаевАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/883931
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША АУДАН, ҚАЛА ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІ ӘЗІРЛЕНДІ 16.11.2024
Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасының аясында «Таза көше, таза аула, ағаш егу» акциясы өтті. Шараға аудан әкімінен бастап, ақсақалдар кеңесі, белсенді жастар, қоғамдық ұйым өкілдері, аудан тұрғындары қатысып, тазалық жұмыстарын жүргізді.Жалпы тазалық жұмыстарына 17 техника тартылып, 2000 дана қара ағаш түптері егілді. 3000-ға жуық адам қатысқан шараға ардагерлер кеңесінің төрағасы Оңғаров Сейітбек тек келіп, өз үлесін қосты.«Осы ауылдың ақсақалы ретінде біз де бүгін келіп, жастарға үлгі болайық деп шештік. Экологияны қорғау, жас ұрпақты туған жеріне тазалыққа баулу - біздің міндетіміз. Бүгін еккен жас тал ертеңгі күні саялы баққа айналып, ауылымызға көрік береді. Президентіміздің «Таза Қазақстан» бағдарламасы - туған жерімізді аялауға, тұрғындарға экологиялық мәдениетті үйретуге бағытталған кешенді бағдарлама деп ойлаймын”, деген ақсақал бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табу керектігін айтты.Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес «Таза Қазақстан» бағдарламасын ұйымдастыру бойынша аудан, қала әкімдерінің рейтингі әзірленді. Әкімдердің жұмысын бағалау барысында ауданда ұйымдастырылған сенбіліктің тұрғындардың қатысуы, сенбілікке тартылған техника саны, Полиция департаменті тарапынан құқық бұзушылықтарды анықтау, «Birge – taza Qazaqstan!» ақпараттық жүйесіне түскен өтінімдер бойынша кері байланыс орнату, тұрғын үйлердің және кәсіпкерлік нысандарының іргелес аумақтарының тазалығына мониторинг жүргізу сияқты критерийлер басшылыққа алынды.Атап өтейік, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында қазіргі таңда облыста жалпы 712 ауқымды сенбілік өткізілді. Аудан мен қалаларға кіреберіс аумақтарын реттеу, тазалау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар биыл қоғамдық орындарда заң талаптарын бұзған тұлғаларға 26 мыңға жуық хаттама толтырылып 305,7 млн теңгеге айыппұл салынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/883884
ТҮРКІСТАН: «АДАЛ ҰРПАҚ» ЕРІКТІ МЕКТЕП КЛУБТАРЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ СЛЕТЫ ӨТТІ 16.11.2024
«Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне 10 жыл» мерекесіне орай ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті, Облыстық білім басқармасы және «Жалын» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының облыстық слеті өтті.Жиында сөз алған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасы басшысының орынбасары Әсілбек Сәбит жастарға тілестігін білдірді.– Болашағымыздың іртетасы – бүгінгі өскелең жас ұрпақтың қолында екендігі белгілі. Сондықтан, егемен еліміздің ертеңі жарқын болуы үшін жас буынның тәрбиесі тұнық, елге деген сүйіспеншілігі берік болуы қажет. Соның ішінде, бүгінгі іс-шараның берері мол. Әділдікті ту етіп, адалдықты биік қойған жастарымыздың әрдайым мерейі үстем болсын! – деді Превенция басқармасы басшысының орынбасары.Түркістан облысының білім басқармасының «Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы» КММ директоры Бақытжан Ешенқұлов сөз сөйлеп, «Адал ұрпақ» еріктілер мектебі клубтарының жас өрендеріне сәттілік тіледі.Патриоттық тәрбие мен ұлттық құндылықтарды негізге ала отырып, өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және оған қарсы тұруға дайын тұлғаларды тәрбиелеу мақсатында Түркістан қаласы, А.Байтұрсынов атындағы №1 мектеп-лицейінде өткен слетке жалпы білім беретін ұйымдардың 9-10 сынып оқушыларынан құралған «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелері және әскери жетекшісі қатысты.Түркістан облысына қарасты барлық аудан, қалалардан келген 16 команда екі кезең бойынша сынға түсті.Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі І орынды Түлкібас ауданының клубы, ІІ орынды Түркістан қаласы мен Жетісай ауданының командалары иеленді. Ал ІІІ орыннан Бәйдібек, Сарыағаш, Төлеби аудандарының клубтары көрінді. Жеңімпаз командаларға арнайы кубоктар мен грамоталар беріліп, дайындаған әскери жетекшілеріне Алғыс хаттар табысталды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/883901
ТҮРКІСТАНДА АҚЫН БАҚЫТЖАН АЛДИЯРДЫҢ «АНАЛАРДЫҢ АНАСЫ» ӘДЕБИ-САЗДЫ КЕШІ ӨТТІ 16.11.2024
Түркістанда Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісінің иегері Бақытжан Алдиярдың «Аналардың анасы» әдеби-сазды кеші өтті. Алдымен көрермендер мерейтой иесіне арналған тақырыптық кітап көрмесін тамашалады.Мазмұнды жиынды ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев ашып беріп, ҚР Президентінің алғыс хаты мен төсбелгісін табыстады. Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, Түркі Мемлекеттері жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет дарын иесінің шығармашылығына тоқталды.Шара барысында кеш иесі туралы арнайы дайындалған бейнеролик көрсетілді. Кешті ақын, ҚР Жазушылар одағының Астана қаласындағы өкілі Дәулеткерей Кәпұлы жүргізіп отырды. ҚР Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, белгілі айтыскер ақын Бекарыс Шойбеков ақынға арнауын айтты.Ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Жарас Сәрсек, әдебиет сыншысы Амангелді Кеңшілікұлы, ақын, мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Ерлан Жүніс қаламгерге ақ тілегін білдірді. Сонымен қатар Алматы, Жамбыл, Қызылорда облысы мен туған жері Қазығұрт ауданы әкімдіктерінің құттықтау хаты табысталып, ақынға құрмет көрсетілді.Кешке елімізге белгілі әнші, композитор Роза Әлқожа арнайы қонақ болып, ақынның сөзіне жазылған әндерді шырқады. Түркістан қалалық балалар мен жасөспірімдер орталығының көркем сөз үйірме оқушылары Бақытжан Алдиярдың өлеңдерін оқыды. «Жаңа леп» ұжымының өнерпаздары махаббат тақырыбындағы өлеңдерінен әдеби композициясы мен ел арасына кеңінен танылған «Ерке қыз» әнін орындады. Әдеби кеш көрерменге шабыт сыйлап, поэзияның абыройын аспандатты.Айта кетейік, Бақытжан Алдияр 1974 жылы 20 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданының «Тұрбат» ауылында дүниеге келген. Қазақстан Жазушылар одағына 2001 жылы мүше болып қабылданды. Шығармалары төрт ұжымдық жинаққа енгізілген. 1998 жылы «Жібек жолы» баспасынан «Көзайым» атты жеке жыр жинағы жарық көрді. Өлеңдері 3 жинаққа енген, 4 жеке кітабы бар. Көптеген халықаралық, республикалық мүшәйралардың жүлдегері 2012 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/883905
Қазақстанда мойынтіректер өндірісі 50%-ға өсті 16.11.2024
2024 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша елімізде мойынтіректер өндірісі сандық мәнде 1,5 есеге (50%) ұлғайып, 21,2 мың тоннаны құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 14,2 мың тоннаны құраған болатын.Өндірістің артуына негізгі себеп – Қазақстандағы жалғыз өндіруші – Степногорск мойынтірек зауыты шығаратын цилиндрлік роликті мойынтіректерге тұтынушылық сұраныстың артуы болып табылады. Зауыт өнімінің 85%-дан астамы ЕАЭО елдеріне экспортталады. Бұл өндіріс орнының жүктемесін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді және осы жылдың соңына дейін өнім өндіру көрсеткіштері төмендемейді деп болжануда. Айта кетейік, цилиндрлік роликті мойынтіректер станоктарда, өндірістік редуктор жабдықтарында, көлік техникасында пайдаланылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/883878