Enbekshi QazaQ

Экономика

MagnumGo: Қостанайда жаңа индустриялық-логистикалық хаб бой көтереді 08.10.2026
«Magnum E-commerce» компаниясы Қостанай қаласында MagnumGo индустриялық-логистикалық хабын салу жобасын іске асыруды жоспарлап отыр. Жоба компанияның бас директорының орынбасары Эльнар Алтаевтың облыс әкімі Құмар Ақсақаловпен кездесуінде таныстырылды.Жоба аясында жалпы ауданы 7,7 мың шаршы метр болатын «А» санатты жаңа буындағы индустриялық хаб қойма кешенін салу көзделген. Жобаға 5 млрд теңгеден астам инвестиция тарту жоспарланып отыр.Индустриялық-логистикалық хаб Kaspi.kz қосымшасындағы Magnum онлайн-супермаркетінің жұмыс істеу қағидаты бойынша қызмет көрсетеді. Қазіргі таңда онлайн-супермаркетте 10 мыңнан астам тауар түрі ұсынылады. Оның жартысына жуығы – Қазақстанда өндірілген өнімдер.Жобаны іске асыру нәтижесінде 300-ден астам тұрақты жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Жаңа хаб онлайн-супермаркет арқылы тәулігіне 6 мыңға дейін тапсырысты өңдеуге мүмкіндік береді.Сатып алушылар үшін тауарларды қоймадан тікелей үйге дейін жеткізу қызметі тегін жүзеге асырылады.Жаңа индустриялық-логистикалық хабтың іске қосылуы Қостанай қаласында заманауи логистикалық инфрақұрылымды дамытуға, электрондық сауда көлемін арттыруға және жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1307248?lang=ru
Орталық Азия мен Әзербайжан сыртқы істер министрлері өңірлік ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады 08.10.2026
Түрікменбашы, 2026 жылғы 7 қазан – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Орталық Азия мемлекеттері мен Әзербайжан Республикасының сыртқы істер министрлерінің кеңесіне қатысты.Іс-шара барысында қатысушылар Консультативтік кездесулер форматы аясындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөнінде пікір алмасып, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.Қазақстан СІМ басшысы М. Тілеуберді 2018 жылы алғашқы саммит өткізілгеннен бері Орталық Азия мемлекеттері мен Әзербайжан Республикасы арасындағы сенім ахуалын нығайту және өзара жақындасу жолында ауқымды жұмыс атқарылғанын атап өтті.«Мемлекеттер басшыларының саяси ерік-жігерінің арқасында бауырлас мемлекеттеріміз арасындағы қарым-қатынастар сапалық тұрғыдан жаңа деңгейге көтерілді. Консультативтік кездесулер сауда, өнеркәсіптік кооперация, энергетика, көлік, логистика және цифрлық технологиялар салаларындағы ынтымақтастықты жан-жақты тереңдетуге елеулі серпін берді», – деді М. Тілеуберді.Кеңес қорытындысы бойынша министрлер 2026 жылғы 8 қазанда Түрікменбашы қаласында өтетін сегізінші Консультативтік кездесу барысында қол қою жоспарланған қорытынды құжаттардың жобаларын және күн тәртібінің жобасын келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1306981?lang=ru
Қазақстанның СІМ басшысы ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысты 08.10.2026
Түрікменбашы, 2026 жылғы 7 қазан – Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы Мұхтар Тілеуберді Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысына қатысты.Іс-шара барысында қатысушылар халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері және ТМД форматындағы көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөнінде пікір алмасты.М. Тілеуберді осы халықаралық ұйым аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері бойынша Қазақстанның көзқарастары туралы отырысқа қатысушыларды хабардар етті және Достастық әлеуетін одан әрі дамытуға бағытталған бірқатар ұсыныстар айтты. Сыртқы істер министрлері кеңесі жұмысының негізгі бағыты 9 қазанда Түркіменстанда Достастық елдері көшбасшыларының қатысуымен өтетін ТМД-ның алдағы Саммитін дайындауға бағытталды. Атап айтқанда, Министрлер ТМД-ның құрылғанына 35 жыл толуына орай және тарихи жадыны сақтау мәселелері бойынша мемлекет басшыларының саяси мәлімдемелерін мақұлдады.Қауіпсіздік, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық, сондай-ақ көлік, ғылым, ғарыш және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған құжаттардың жобалары дамақұлданды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Достастық шеңберіндегі өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға мүдделігін, қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде іске асыруды және көпжақты ынтымақтастық тетіктерінің тиімділігін арттыруды растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1306856?lang=ru
Қазақстан Ауғанстан бойынша консультациялардың Мәскеу форматының отырысына қатысты 08.10.2026
 Қазақстан Республикасы Президентінің Ауғанстан бойынша Арнаулы өкілі Еркін Тұқымов Мәскеуде арнайы өкілдер мен жоғары лауазымды тұлғалар деңгейінде Ауғанстан бойынша консультациялардың Мәскеу форматының 8-ші отырысына қатысты.Қатысушылар Ауғанстандағы саяси және экономикалық ахуалды, өңірлік қауіпсіздік, терроризмге және есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелерін, сондай-ақ Қабылмен өзара іс-қимылдың алдағы перспективаларын талқылады.Е.Тұқымов Қазақстанның сауда-экономикалық ынтымақтастықтың оң динамикасын және сауданы, өндірістік кооперацияны және көлік байланыстылығын одан әрі кеңейтуге мүдделілігін атап өтті. Сондай-ақ Ауғанстанға гуманитарлық қолдауды жалғастырудың маңыздылығын аталып өтті. Ағымдағы жылғы маусымда Ауғанстанға шамамен 319 тонна гуманитарлық көмек, оның ішінде 161 мың бірлік дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар жіберілді. Есірткі трафигіне қарсы іс-қимыл саласындағы жалғасып жатқан практикалық өзара іс-қимыл, оның ішінде ауғандық кинолог мамандарды даярлау және қызметтік иттерді беру бойынша ынтымақтастыққа назар аударылды.Ауған және Пәкістан тараптары арасындағы сақталып отырған келіспеушіліктерге байланысты қатысушылар қорытынды бірлескен мәлімдемені келісе алмады. Сонымен бірге тараптар Мәскеу форматының Ауғанстандағы бейбітшілік, қауіпсіздік және даму мәселелері бойынша өңірлік диалог пен ынтымақтастықты үйлестіру алаңы ретіндегі қажеттілігін растады.2026 жылғы қаңтар–шілде айларында Ауғанстанмен тауар айналымы 581,1 млн АҚШ долларын құрап, 2,4 есе өсті. Өңірлік көлік дәліздерін дамытуға және қазақстандық бизнестің инфрақұрылымдық жобаларға қатысуына ерекше назар аударылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1305597?lang=ru
Қазақстан мен Үндістан стратегиялық серіктестікті нығайтуға ниетті 08.10.2026
Астана, 2026 жылғы 6 қазан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Қазақстан Республикасындағы Үндістан Республикасының Елшісі Сайлас Тангалмен кездесу өткізді.Тараптар екіжақты қатынастардың тұрақты серпінін және саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы өзара іс-қимылдың өсуін атап өтті.Нью-Делиде өткен XVIII БРИКС саммиті аясында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модидің жуырдағы кездесуінің қорытындылары жоғары бағаланды. Аталған кездесу екіжақты ынтымақтастыққа жаңа серпін бергені атап өтілді. Тараптар энергетика, цифрландыру, жоғары технологиялар және креативті индустриялар салаларында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асырудың маңыздылығын атап өтті.Қазақстан мен Үндістанның көпжақты алаңдардағы, оның ішінде АӨСШК аясындағы өзара іс-қимылын нығайтуға ерекше назар аударылды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан-Үндістан стратегиялық серіктестігін нығайту бойынша жұмысты жалғастыруға дайын екендерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1306079?lang=ru
Аймақ басшысы ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады 08.10.2026
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов өңіріміздің ұстаздарын кәсіби мерекесімен құттықтады.Мемлекет басшысы білім сапасын арттыру, әр балаға тең мүмкіндік жасау, заманауи технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізу, педагогтерді қолдау мәселелерін айқындады.«Тек 2023 жылдан бері облыста 6 840 орынға арналған 10 жаңа мектеп және 15 балабақша салынды. Соның арқасында оқушы орындарының тапшылығы үш есеге қысқарды. 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту деңгейі 100 пайызға, ал 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 96,6 пайызға жетті», – деді аймақ басшысы.Жаңа зауыттар мен заманауи өндірістердің ашылуына, экономиканың өсіп келе жатқан сұранысына орай, соңғы жылдары облыс колледждерінде 25 жаңа мамандық ашылды. Айталық, бүгінде жаңа өндірістердегі жұмысшылардың 70%-ін 35 жасқа дейінгі жастар құрайды.Өңірде 22 мыңға жуық педагог және 159 мыңға жуық білім алушы бар. Биыл облысымыздың білім саласында жеткен жетістіктер аз емес. PISA-2025 халықаралық зерттеуінде облысымыз үш бағыт бойынша үздік үштікке енді: оқу сауаттылығы бойынша 2-орын, жаратылыстану-ғылыми сауаттылығы және цифрлық мәселелерді шешу дағдылары бойынша 3-орын иеленді.Қостанай облысының барлық мектептері жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілген, 156 ауыл мектебі Starlink спутниктік интернетін пайдаланады. 5 мыңнан астам мұғалім ChatGPT Edu жасанды интеллект көмекшісін пайдаланады. «Жасанды интеллект және Game Development» жобасына 666 оқушы, «Auyl Ertegi» республикалық жобасына 14 оқушы қатысты. Биыл алғаш рет өңірімізде «QOSTANAI TECH» отбасылық фестивалі ұйымдастырылды.«Мемлекет басшысы тамыз конференциясында Қостанай облысы түлектерінің Ұлттық бірыңғай тестілеудегі жоғары нәтижелерін ерекше атап өткен болатын. Осы жетістіктердің әрқайсысының артында ұстаздарымыздың еселі еңбегі, кәсіби шеберлігі мен үлкен жауапкершілігі тұр. Білім саласының ардагерлеріне айрықша алғысымды білдіремін. Сіздерге еңбектеріңіздің жемісін көріп, шәкірттеріңіздің жетістігіне қуана берулеріңізге тілектеспін. Ұстаздар күні құтты болсын!», – деп атап өтті облыс әкімі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1306180?lang=ru
Қостанайда экотакси паркі жұмысын бастады 08.10.2026
Мемлекет басшысы адамдардың өмір сүруіне қолайлы орта қалыптастыру, заманауи шешімдерді енгізу және қалалық инфрақұрылымның сапасын арттыру міндетін қойып отыр.Қостанайда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында электромобильдерден тұратын жаңа экотакси өз жұмысын бастады. Бұл – заманауи, экологиялық таза әрі тұрғындар үшін қолайлы жолаушылар тасымалы қызметі.Салатанатты шараға Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов қатысты.Жоба аясында 65 JAC электромобилі сатып алынды. Инвестиция көлемі – 487,5 млн теңге. Жүзден астам жаңа жұмыс орны ашылады. Электромобильдер Қостанайдағы Allur зауытында өндірілген.Электромобильдер зиянды заттардың атмосфераға таралуын азайтып, қалаға түсетін экологиялық жүктемені төмендетуге мүмкіндік береді. Жоба аясында электр көліктеріне арналған қуаттау станцияларының желісі де дамып келеді. Олар қаланың әртүрлі нүктелерінде орналасады.«Соңғы бес жылда Қостанай қаласының халқы 20 мың адамға артты. Сондықтан біз заманауи технологияларды, экологиялық таза шешімдерді және адамдардың өмірін жайлы ететін бастамаларды одан әрі енгізе беруіміз қажет», – деді аймақ басшысы құттықтау сөзінде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1306181?lang=ru
Науырзым ауданында тұрғын үй құрылысына салынған инвестиция көлемі 6,7 есеге артты 08.10.2026
Биыл Науырзым ауданында тұрғын үй құрылысына салынған инвестиция көлемі 6,7 есеге, тұрғын үйлерді пайдалануға беру 913%-ке артты. Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Науырзым ауданына барған жұмыс сапары барысында Қараменді ауылында салынып жатқан құрылыс жұмыстарымен танысты. Қазіргі таңда аудан орталығында әлеуметтік осал топтағы азаматтарға арналып 8 пәтерлі 4 үй салынып жатыр.Сапар аясында облыс әкімі аудан жұртшылығымен кездесіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады. Тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.Ауданда 276,9 мың га жерге егіс егілді, 231,2 тонна өнім жиналды. 75,5 мың тонна шөп дайындалып, жоспар 131,5%-ке орындалды. Жыл басынан бері 70 ауыл шаруашылық техникасы мен жабдығы сатып алынды.Агроөнеркәсіп кешенінде 470 млн теңгеге 3 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.5 елді мекенде блок-модульді ветеринарлық пункт салынып жатыр.2026 жылы шағын және орта бизнес саласында 31 жеке кәсіпкерлік субъектісі ашылды.«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында биыл 9 мың көшет егілді. 21 қараусыз қалған және апатты нысан сүрілді.Сапар барысында аймақ басшысы 2023 жылы ашылған заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің жұмысымен танысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1306184?lang=ru
Сарыкөл ауданында шаңғы-велосипед трассасы салынып жатыр 08.10.2026
В ходе рабочей поездки в Сарыкольский район аким Костанайской области Кумар Аксакалов ознакомился с ходом строительства лыжно-велосипедной трассы. Проект реализуется в рамках меморандума, заключенного между местным акиматом и сельхозтоваропроизводителем.Строительные работы осуществляет ТОО «СарыкольДорСтрой» за счет собственных инвестиционных средств в размере 75 млн тенге. Всего в районе насчитывается 67 спортивных объектов, работают 315 спортивных секций.Агропромышленный сектор составляет 85% экономики Сарыкольского района. Здесь работают 557 сельскохозяйственных предприятий. Урожай собран с площади 271,3 тыс. га, намолочено 531,3 тыс. тонн зерна. Средняя урожайность составила 19,6 центнера с гектара. Убрано 61,6 тыс. га масличных культур. За 8 месяцев приобретена 91 единица сельскохозяйственной техники на сумму 5,1 млрд тенге.В районе ведется строительство трех животноводческих объектов. Реализуются 10 инвестиционных проектов общей стоимостью 4,7 млрд тенге.ТОО «MEL-FARMAGRO» за счет собственных средств в размере 1,5 млрд тенге строит ферму по разведению племенного крупного рогатого скота мясного направления. В рамках проекта будет создано 22 новых рабочих места.В этом году в районе планируется ввести в эксплуатацию 2,5 тыс. квадратных метров жилья. После 30-летнего перерыва строительство жилья было возобновлено. В настоящее время для граждан из социально уязвимых категорий строятся два дома общей площадью 1 640 квадратных метров на 32 квартиры, а также два дома общей площадью 260 квадратных метров.Кроме того, планируется приобрести 14 квартир и построить шесть двухквартирных домов.В районе функционируют 18 лечебно-профилактических учреждений. В прошлом году в селе Крылов был введен в эксплуатацию медицинский пункт. В настоящее время завершено строительство фельдшерско-акушерского пункта в селе Маяк.В ходе поездки аким области встретился с жителями района и рассказал о социально-экономическом развитии региона. Он также ответил на вопросы жителей.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1306209?lang=ru
Қазақстан мен ЕҚЫҰ диалог пен сенімді нығайтуды дамытуға мүдделілігін растады 05.10.2026
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасының диалог және сенімді нығайту жөніндегі арнайы өкілі Серж Руминмен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар Швейцарияның 2026 жылғы ЕҚЫҰ-ға төрағалығының басымдықтары, сондай-ақ ағымдағы жылдың желтоқсан айында Лугано қаласында (Швейцария) өтетін Сыртқы істер министрлерінің кеңесіне дайындық мәселелері бойынша пікір алмасты.Сонымен қатар, Арнайы өкілдің қызметіне, соның ішінде диалог пен сенімді нығайту мәселелеріне, өзекті халықаралық күн тәртібіне, сондай-ақ дінаралық және конфессияаралық іс-қимылға ерекше назар аударылды.Министрдің орынбасары Қазақстанның дінаралық және конвессияаралық диалогты ілгерілетудегі озық тәжірибесін атап өтті. Осы орайда Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің әртүрлі конфессия өкілдері арасындағы ашық диалог, өзара түсіністік және сенімді нығайтудың бірегей халықаралық платформасы ретіндегі рөлі аталып өтті.Сонымен қатар Қазақстанның Орталық Азиядағы ынтымақтастықтағы белсенді рөліне ерекше назар аударылды.Тараптар диалогқа жәрдемдесу, өзара сенімді нығайту және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге бірлескен тәсілдерді іздеу мақсатында байланыстарды одан әрі дамытуға және тәжірибе алмасуға мүдделілігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1304847?lang=ru
Туризм саласынан Алматы облысының бюджетіне 4 млрд теңгеге жуық табыс түсті 05.10.2026
Туризм саласы Алматы облысының бюджетіне қомақты кіріс әкеліп отыр. Биылғы сегіз айда саяхатшылардың есебінен қазынаға 3,9 млрд теңге түсті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 39,3 пайызға көп. Былтыр алғашқы жарты жылдықта бюджетке 2,8 млрд теңге түскен.Салық түсімінің өсуіне туристер санының артуы мен оларға көрсетілетін қызмет түрлерінің көбеюі әсер етіп отыр. Мәселен, биыл қаңтар-маусым айларында облыстағы қонақ үйлер мен демалыс орындары 263 776 туристі қабылдаған. Осы кезеңде қонақтарға көрсетілген қызмет көлемі 8,34 млрд теңгеге жетті. Былтыр бұл көрсеткіш 6,39 млрд теңге болған. Яғни бір жылда қызмет көлемі 30,5 пайызға артқан.Туристер көбейген сайын оларды қабылдайтын нысандардың саны да артып келеді. Алматы облысы туризм басқармасының басшысы Қуанышбек Мирамбекұлының айтуынша, былтыр облыста туристерді қабылдайтын 285 нысан болса, биыл олардың саны 308-ге жеткен.«Әрбір турист өңір экономикасына өз үлесін қосады. Ол қонақ үйде тоқтайды, тамақтанады, көлік пайдаланады, экскурсияға барады, жергілікті жерден тауар сатып алады. Яғни турист келген сайын жергілікті кәсіпкерлердің де табысы артады. Бұл өз кезегінде бюджетке түсетін салықты көбейтеді. Биыл алғашқы сегіз айда туризмнен бюджетке 3,9 млрд теңге түсті. Туризм өңір қазынасына табыс әкеліп қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашып, кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндік беретін маңызды сала. Сондықтан туристер санын арттырумен қатар, олардың өңірде көбірек уақыт өткізіп, сапалы қызмет алуына жағдай жасауға мән береміз», – деді Қуанышбек Мирамбекұлы.Алматы облысының көрікті жерлерін көруге шетелдік туристер де көптеп келе бастады. «eQonaq» жүйесінің мәліметінше, жыл басынан бері өңірге 113 659 шетелдік саяхатшы келген. Бұл көрсеткіш бойынша Алматы облысы республикада үшінші орында.Туристер ең көп келген жерлер «Іле-Алатау», «Көлсай көлдері» және «Шарын» ұлттық парктері болды. Жалпы, аталған үш ұлттық паркке биылғы сегіз айда 1,92 миллион турист келген. Оның ішінде «Іле-Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне – 1 324 393, Көлсай көлдеріне – 399 063, «Шарын» шатқалына – 202 117 адам барған. Сондай-ақ, биыл Қонаев қаласындағы Қапшағай жағалауына 2 миллион демалушы келді. Бүгінде облыста туризм саласында 48 туроператор мен 24 гид жұмыс істейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1304659?lang=ru
ҚР СІМ-де РФ УСӨ-мен кездесу өтті 04.10.2026
ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресейдің Қазақстандағы Уақытша сенімді өкілі Александр Комаровпен кездесті.Кездесуде соғыс қимылдары аймағында қалған Қазақстан Республикасы азаматтарының жағдайы талқыланды.Тараптар қазақстандық азаматтарды елге қайтару бойынша бірлескен іс-қимылдарды әзірлеу туралы уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1304217?lang=ru
Алматы облысындағы мәдениет пен ақпарат саласының қызметкерлеріне  Мемлекет басшысының атынан марапаттар табысталды 03.10.2026
Алматы облысында мәдениет және ақпарат саласының қызметкерлері құрметке бөленді. Ұлттық мұраны дәріптеп, шынайы ақпарат жаршысы болып жүрген майталмандар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Құрмет» грамотасына және «Алғыс хатына» ие болды. Марапатты Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев пен Алматы облысының әкімі Шыңғыс Әрінов табыстады, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. Салтанатты рәсімде Мәлік Нұржанұлы Мемлекет басшысының құттықтауын жеткізіп, жиынға қатысушыларға жылы лебізін білдірді. «Алматы облысы – еліміздегі қарқынды дамып келе жатқан аймақтардың бірі. Бүгінде Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлерді дамытуға ерекше басымдық беріп отыр. Әсіресе ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеу – басты назарда. Жыл басынан бері Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығы, аты әлемге әйгілі кинорежиссер Абдолла Қарсақбаевтың 100 жылдығы және өзге де көрнекті тұлғаларымыздың мерейтойы еліміздің түкпір-түкпірінде аталып өтуде. Осындай игі шараларға өнерпаздарымыз бен ақпарат саласы қызметкерлерінің қосқан үлесі зор. Алдағы уақытта да еліміздің ынтымағы мен бірлігінің дамуына елеулі еңбек сіңіресіздер деп сенемін», – деді Мәлік Отарбаев. Жиында Шыңғыс Сайранұлы мәдениет және ақпарат саласының қоғамдағы маңызына тоқталды.«Мәдениет – халықтың рухани болмысын айқындайтын маңызды сала. Ұлттық құндылықтарды сақтау, өнер мен шығармашылықты қолдау, мәдени мұраны кейінгі ұрпаққа жеткізу – ортақ міндет. Ақпарат саласының да қоғамдағы орны ерекше. Жұртшылықты елдегі маңызды жаңалықтардан дер кезінде хабардар ету, атқарылып жатқан жұмыстарды ашық әрі нақты жеткізу кәсіби жауапкершілікті талап етеді. Шығармашылық ізденістеріңіз жаңа жобаларға, тың бастамаларға және жақсы нәтижелерге жол ашсын», – деді облыс әкімі. Марапатқа ие болғандардың бірі журналист, ақын, жазушы – Қуат Қайранбаев. «Журналистика саласында еңбек етіп келе жатқаныма 45 жылдай уақыт болды. Еңбегіміздің ескеріліп жатқанына қуаныштымын. Бүгінгі марапаттың жөні бөлек. Жүрегіміздің соғысы жиілеп, толқып тұрмыз. Осындай сый-құрметке бөлеген Мемлекет басшысына алғысым шексіз. Еліміздің рухани тұрғыда түлеуіне бар ынта-жігерін салып жүрген бүгінгі марапат иелерін шын жүректен құттықтаймын», – деді Қуат Қайранбаев. Осылайша, қаламның ұшымен, өнердің күшімен өңірдің өркендеуіне қажыр-қайратын арнаған жандардың мерейі тасып, еселі еңбегі лайықты бағасын алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1304137?lang=ru
Қазақстан мен Израиль ынтымақтастығы нығаюда 03.10.2026
Астана, 2026 жылғы 2 қазан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Израиль Мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі Йоав Быстрицкиймен кездесіп, екіжақты, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.Басым бағыттардың бірі ретінде сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайту жолдарына назар аударылды. Бұл ретте биыл өтуі жоспарланған сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссия отырысының күн тәртібі қарастырылды.Кездесуді қорытындылай келе, тараптар ақпараттық технологиялар, ауыл шаруашылығы, және инновациялар секілді бірқатар маңызды салаларда серіктестікті күшейту бойынша жұмысты жандандыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1304097?lang=ru
Қазақстан мен Қатар екіжақты қатынастарды одан әрі дамыту мәселелерін талқылады 03.10.2026
Астана, 2026 жылғы 2 қазан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Қазақстан Республикасындағы Катар Мемлекетінің Елшісі Абдалла Хусейн Джабермен кездесті.Тараптар Қазақстан-Катар қатынастарының қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Саяси диалогтың оң динамикасы мен екі елдің өңірлік әрі халықаралық алаңдардағы тиімді ықпалдастығы аталып өтті.Қазақстан-Катар стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайтуға, сауда-экономикалық және инвестициялық іс-қимылды дамытуға басты назар аударылды. Бұл ретте, азық-түлік қауіпсіздігі, энергетика, көлік және логистика салаларындағы ынтымақтастықтың әлеуетті бағыттары қарастырылды.Кездесу соңында екіжақты қатынастарды нығайтуға бағытталған өзара сапарлар мен бірлескен іс-шаралардың жоспары бойынша пікір алмасылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1304064?lang=ru
Дания СІМ басшысымен серіктестіктің жаңа кезеңіне көшу талқыланды 03.10.2026
Астана қаласы, 2026 жылғы 2 қазан – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстанға ресми сапармен келген Дания Корольдігінің Сыртқы істер министрі Ларс Лекке Расмуссенмен келіссөздер өткізді.Тараптар өзара тиімді қазақ-дат ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен оны одан әрі тереңдету перспективаларын талқылап, өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі мәселелер бойынша пікір алмасты.Сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыруға ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, өзара тауар айналымының және тікелей шетелдік инвестициялар ағынының қарқынды өсу үрдісі атап өтілді (2025 жылы өзара сауда көлемі 163 млн АҚШ долларына жетті, ал 2005 жылдан бері Қазақстан экономикасына салынған дат тікелей инвестицияларының жиынтық көлемі 394 млн АҚШ долларынан асты).Бұл ретте бірлескен аса маңызды инвестициялық жобалардың бірі – Алматы облысының Іле ауданында «Carlsberg Group» компаниясының «PepsiCo» алкогольсіз сусындарын өндіретін зауыт салуы. Кәсіпорынның ашылу рәсімі ү.ж. 1 қазанда Дания Сыртқы істер министрі Л.Расмуссеннің қатысуымен өтті. Аталған зауыт «Carlsberg Group»-тың әлемдегі ең ірі өндірістік нысандарының біріне айналады (жобаға салынған инвестиция көлемі – 344 млн АҚШ доллары, өндірістік қуаты – жылына 1 млрд литр өнім, 230 жаңа жұмыс орны құрылады).Келіссөздер барысында екі елдің Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуға өзара қатысуына және оның Еуропа мен Азия арасындағы көлік байланысын нығайтудағы рөліне ерекше назар аударылды. Осы тұрғыда тараптар Орта дәліз арқылы сауда ағындарын ұлғайту мақсатында даттың «Maersk» компаниясымен өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады.«Дания – Солтүстік Еуропадағы біз үшін маңызды серіктес ел. Біз екіжақты қатынастарды дамытуға үлкен мән береміз және сауда-экономикалық ынтымақтастықты нақты әрі маңызды жобалармен толықтыруға ұмтыламыз», – деді Қазақстанның Сыртқы істер министрі.Өз кезегінде Л.Расмуссен Орталық Азияның Данияның сыртқы саяси және экономикалық күн тәртібіндегі маңызы артып келе жатқанын атап өтіп, Ларс Туесеннің Данияның Қазақстандағы Елшісі және Дания СІМ-нің Орталық Азия жөніндегі Арнайы өкілі болып тағайындалғанын тілге тиек ете отырып, Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге Данияның мүдделі екенін растады.Министрлер сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, БҰҰ және басқа да көпжақты құрылымдар аясындағы өзара іс-қимыл, сондай-ақ Орталық Азия мен Солтүстік Еуропа елдері арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары бойынша пікір алмасты.Сол күні Қонаев қаласында Л.Расмуссен құрамында дат бизнесінің беделді өкілдері бар делегацияны бастап, екі елдің іскер топтарының қатысуымен өткен Қазақ-дат бизнес-форумына қатысты. Форум барысында іскерлік байланыстарды кеңейту, дат инвестицияларын тарту және Қазақстан экономикасының басым салаларында бірлескен жобаларды іске асыру мәселелеріне баса назар аударылды.Келіссөздер қорытындысы бойынша екі елдің министрлері Қазақстан мен Данияның сыртқы саяси ведомстволары арасындағы өзара түсіністік туралы, сондай-ақ сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық жөніндегі екіжақты комиссияны құру туралы меморандумдарға қол қойды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1303554?lang=ru
2026 жылғы 1 қазанда мемлекеттік қызметшілер арасында «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» атты республикалық дебат турнирі өтті 03.10.2026
Іс-шараны Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының филиалы және Қостанай облысы әкімінің аппараты ұйымдастырды.Турнир 2025–2027 жылдарға арналған мемлекеттік қызметшілердің «Адал азамат» идеалдарына сәйкес кәсіби және тұлғалық қасиеттерін ілгерілету жөніндегі Жол картасын іске асыру аясында өткізілді.Іс-шараға Қостанай облысының жергілікті атқарушы және орталық мемлекеттік органдарынан 16 команда қатысты.Заманауи мемлекеттік қызметші – ақпаратты талдай алатын, өз ұстанымын дәлелді түрде білдіретін және тиімді шешімдер таба алатын спикер.Турнир қорытындысы бойынша үш жүлделі орын сарапқа салынып, сондай-ақ турнирдің үздік спикері арнайы марапатпен атап өтілді.Турнирдің жеңімпазы – Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармаларының бірлескен командасы. Команда құрамында Искакова Диана және Қайыпбаев Дарын өнер көрсетті.Құрметті екінші орынды Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы Қостанай облысы бойынша департаментінің командасы иеленді. Команда құрамында Мағажанова Римма және Сәрсенбаева Гүлсимхан болды.Үшінші орынға Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері Айтмағамбет Азамат пен Қалдыбаева Гүлнара ие болды.Турнир қорытындысы бойынша Искакова Диана «Үздік спикер» номинациясымен марапатталды.Турнирде төрешілік қызметті Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің «Ахмет Ұрпақтары» дебат клубының мүшелері жүзеге асырды. Төрешілер алқасына клуб президенті Сабина Атипелева төрағалық етті.Әр команда тек білімдерін ғана емес, сонымен қатар командалық жұмыс істеу қабілетін, қарсыластарының уәждеріне жедел жауап беру және өз ұстанымын қорғау шеберлігін көрсетті.Қорытынды нәтижеге қарамастан, әрбір қатысушы көпшілік алдында сөз сөйлеу, пікірталас жүргізу және сындарлы диалог құру бойынша қажетті дағдылар мен тәжірибе жинақтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1303529?lang=ru
Алматы облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы тағайындалды 02.10.2026
Алматы облысы әкімінің өкімімен Арман Еркінұлы Айшуақов Алматы облыстық Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.Арман Еркінұлы 1991 жылы туған. Білімі жоғары, 2013 жылы Халықаралық Білім Беру Корпорациясының «Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын» «Сәулет» мамандығы бойынша аяқтап, 2014 жылы аталған білім ордасында «Сәулет» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған. 2023 жылы ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.Әр жылдары «ПСК Архат 2» ЖШС-ның сәулетшісі, Алматы қаласы «Алматыгипрогор» жобалау институтының сәулетшісі,  Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының бас маманы, Жетісу және Алмалы аудандарында “қалалық жоспарлау және аумақтарды үйлестіру” қызметінің басшысы лауазымдарын атқарған.2025 жылдың қыркүйек айынан бері Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары лауазымында қызмет еткен.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1303052?lang=ru
Қонаевта «Қазақстан – Дания» бизнес-форумы өтті 02.10.2026
Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында «Қазақстан – Дания» бизнес-форумы өтті. Жиынға екі елдің мемлекеттік органдары, даму институттарының өкілдері мен кәсіпкерлер, инвесторлар, компания басшыларынан құралған 100-ден астам адам қатысты. Онда инвестициялық жобаларды нақты іске асыру  жолдары талқыланды, – деп хабарлайды Алматы облысының әкімінің баспасөз қызметі. Шара барысында Алматы облысының әкімі Шыңғыс Әрінов, Дания Корольдігінің Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссен және ҚР Сыртқы істер вице-министрі құттықтау сөз сөйлеп, форумның екі ел арасындағы байланысты жандандырудағы маңызына тоқталды. Шыңғыс Сайранұлы өз сөзінде аймақта бизнес үшін барлық қолайлы жағдай жасалғанын жеткізді. Облыс әкімінің айтуынша, соңғы сегіз айда облысқа 747 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,4%-ке көп. Сондай-ақ жалпы құны 7,1 трлн теңге болатын 293 инвестициялық жоба іске асу сатысында.«Өңірде жаңа өндіріс ошақтарын орналастыру үшін аумағы 9 мың гектар жерде жалпы инвестициялық портфелі шамамен 1 трлн теңгені құрайтын 22 индустриялық аймақ құрылуда. Агроөнеркәсіп саласы да қарқынды даму үстінде. Бүгінгі күні жалпы құны 1,3 трлн теңгеден асатын 44 инвестициялық жоба бар. Біз әсіресе ет пен сүтті, астық пен майлы дақылдарды, жеміс-жидек пен көкөністі терең өңдеуге басымдық беріп отырмыз. Сонымен қатар еліміздің өзге өңірлерінде баламасы жоқ, аумағы 98 мың гектар болатын «Alatau» арнайы экономикалық аймағы дамып келеді. Өнеркәсіп, логистика, заманауи технологиялар және іскерлік инфрақұрылым қатар дамитын Алатау қаласын жаңа экономикалық орталық ретінде қарастырамыз», – деді Шыңғыс Сайранұлы. Сондай-ақ Дания Корольдігі мен Қазақстан арасында сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, инвестиция, өнеркәсіп, агроөнеркәсіп, энергетика және заманауи технологиялар саласында бірлескен жобаларды дамытуға мүмкіндік мол екенін айтты.Мәртебелі мейман Ларс Лёкке Расмуссен Дания Корольдігі үшін Орта Азия елдерімен, оның ішінде Қазақстанмен ынтымақтастықты дамыту маңызды міндеттердің бірі екеніне тоқталды.  «Біздің басты мақсатымыз – инвестициялық жобаларды іске асырып, жаңа жұмыс орындарын ашу, мамандардың кәсібилігін шыңдап, қос тарапқа да тиімді бизнесті дамыту. Табысты экономикалық ынтымақтастық технология мен капиталға ғана емес, өзара сенімге де байланысты. Сондықтан Қазақстан мен Дания арасында бұдан да берік байланыс орнағанын қалаймыз», – деді Ларс Лёкке Расмуссен.ҚР Сыртқы істер вице-министрі Ардақ Зебешев Қазақстан мен дат компанияларының логистика, су шаруашылығы, агроөнеркәсіптік кешен, фармацевтика және энергетика саласындағы мол тәжірибесі мен қызығушылығын нақты әрі ұзақ мерзімді жобаларға ұластыруға мүдделі екенін айтты.  Форум нәтижесінде «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Данияның ең ірі кәсіпкерлік ұйымдарымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.  Айта кетейік, қос мемлекет арасындағы тауар айналымы өткен жылы 19,7 млн АҚШ долларына жетіп, 43,9%-ға артты. Бүгінде екіжақты байланыс жаңа бастамаларымен толығып келеді. Мәселен, бүгін Алматы облысының Боралдай ауылында «Carlsberg Kazakhstan» компаниясының алкогольсіз сусын шығаратын жаңа зауыты іске қосылды. Жобаға 344 млн доллар инвестиция салынды. Кәсіпорын жылына 1 млрд литр сусын өндіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1302916?lang=ru
Қазақстан мен Дания жаңа бірлескен жобаларды іске асыруға ниетті 02.10.2026
ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ардақ Зебешев Дания Корольдігінің Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссеннің Қазақстан Республикасына ресми сапары аясында Қазақстан–Дания бизнес-форумына қатысты.Форум жұмысына екі елдің мемлекеттік органдарының, даму институттарының және іскер топтарының 70-тен астам өкілі қатысты.«Қазақстан Даниямен экономикалық ынтымақтастықтың практикалық сипатқа ие болуына мүдделі. Біз сауда көлемін ұлғайту ғана емес, бірлескен жобаларды іске қосу, өндірістерді жергіліктендіру және озық технологияларды енгізу үшін де мүмкіндіктер көріп отырмыз. Бұл ретте логистика, су шаруашылығы, агроөнеркәсіптік кешен, фармацевтика және энергетика салаларына басымдық беріледі. Аталған бағыттарда дат компаниялары озық тәжірибеге ие. Біздің міндетіміз – бизнестің қызығушылығын Қазақстанда жүзеге асырылатын нақты әрі ұзақ мерзімді жобаларға айналдыруға қажетті жағдай жасау», – деді А.Зебешев.Форум аясында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ мен Дания өнеркәсібі конфедерациясы (DI) арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум дат іскерлік қауымдастығымен тікелей жұмыс істеу, перспективалы жобалармен алмасу және Қазақстанда қызметін дамытуға мүдделі компанияларға қолдау көрсету үшін қосымша тетік қалыптастырады.Қазіргі таңда дат бизнесі Қазақстанда бірқатар салаларда қызметте. Компаниялар өнеркәсіп пен логистикадан бастап фармацевтика, су технологиялары, энергетика және агроөнеркәсіптік кешенге дейінгі жаңа бағыттарды қамтиды.Өндірісті жергіліктендіру мен өндірістік кооперацияға ерекше назар аударылды. Қазақстан үшін дат бизнесімен ынтымақтастық тек капитал тарту тұрғысынан ғана емес, отандық өндірісті дамытуға, заманауи технологиялар мен басқару шешімдерін енгізуге, сондай-ақ қазақстандық кәсіпорындар мен халықаралық компаниялар арасында жаңа байланыстар қалыптастыруға мүмкіндік беретіндіктен маңызды.Табысты ынтымақтастықтың нақты мысалы ретінде сол күні Алматы облысының Боралдай кентінде Carlsberg Group пен PepsiCo компанияларының алкогольсіз сусындар өндіретін зауытының ашылуын атап өтуге болады. Жобаға салынған инвестиция көлемі 344 млн АҚШ долларын құрады. Кәсіпорынның жобалық қуаты жылына шамамен 1 млрд литр өнімді құрайды. Жоба аясында 230-дан астам жұмыс орны құрылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1302899?lang=ru