Экономика
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың облыстық Ыбырай Алтынсариннің мемориалдық музейінің 35 жылдық мерейтойымен құттықтауы 28.10.2026
Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсариннің мемориалдық музейінің 35 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!Қазақ даласында білім мен ағартушылықтың шамшырағы болған ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен өнегелі жолын, бай мұрасын насихаттап келе жатқан музей өңіріміздің рухани-мәдени өмірінде ерекше орын алады.1991 жылы ұлы ағартушының туғанына 150 жыл толуына орай ашылған музей бүгінде тарихи жадымызды жаңғыртып, ұлттық құндылықты дәріптейтін ғылыми-танымдық орталыққа айналды. Мәдени орда жас ұрпаққа бірегей тұлғаның ағартушылық идеяларымен бірге, білімге құштарлық пен отансүйгіштік қасиеттерді дәріптеп келеді.Айтулы күні мұражай ұжымына зор денсаулық, отбасыларына амандық, шығармашылық шабыт пен толағай табыс тілеймін. Ұлы ұстаздың мұрасы ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса берсін!Мерейтой құтты болсын!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1312130?lang=ru
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың Дүниежүзілік нан күнімен құттықтауы 28.10.2026
Құрметті жерлестер!Сіздерді бүгінгі Дүниежүзілік нан күнімен шын жүректен құттықтаймын!Аграрлық әлеуеті жоғары өңіріміз үшін бұл мерекенің маңызы айрықша. Ел арасында «Түйір нан – тамшы тер» деген тәмсіл бекер айтылмайды. Нан – адал еңбектің, ырыс пен берекенің нышаны.Биыл облысымызда ауыл шаруашылығын дамытуға 323,4 млрд теңге бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 56%-ке артық. Мемлекеттік қолдаудың арқасында диқандарымыз мол өнім жинап, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 6 миллион тоннадан асты.Бүгінде өңірімізде аграрлық салаға озық технологиялар енгізіліп, қайта өңдеу өндірісі дамып, жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Мұның барлығы еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға, экспорттық әлеуетті арттыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.Әрбір дән мен бөлке нан мыңдаған еңбек адамының қажырлы еңбегінің жемісі. Дастарханымызды молшылыққа кенелтіп жүрген еңбек адамдарына алғысымды білдіремін!Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Әр шаңырақтың несібесі арта берсін.Мереке құтты болсын!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1312127?lang=ru
Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Мысыр Елшісін қабылдады 27.10.2026
Астана, 2026 жылғы 15 қазан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Қазақстандағы Мысыр Араб Республикасының Елшісі Самех Шехатаны қабылдады.Кездесу аясында Қазақстан мен Мысыр арасындағы екіжақты саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, консулдық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, оның ішінде Қазақстан азаматтары үшін визалық талаптарды жеңілдету жолдары талқыланды.Тараптар алдағы жоғары деңгейдегі іс-шараларға дайындық барысы бойынша пікір алмасып, құқықтық-шарттық базаны кеңейтуге келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1311843?lang=ru
Облыстық балалар ауруханасы қайта ашылады 26.10.2026
Қостанайда 2021 жылдан бері жұмысы тоқтап тұрған облыстық балалар ауруханасына қатысты түйткілді мәселе оң шешімін тапты. Нысан толық күрделі жөндеуден өтеді. Бұл туралы облыс әкімі Құмар Ақсақалов айтты.Аймақ басшысы бір жылдан астам уақытқа созылған жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары аяқталғанын жеткізді. Ең бастысы – қаржы мәселесі шешілген.Аурухананы жөндеуге қажет қаражат республикалық бюджеттен толық көлемде бөлінді.«Бұл – өңіріміз үшін жағымды жаңалық. Қазіргі уақытта тиісті рәсімдер жүргізілді, жөндеу жұмыстарын осы жылдың соңына дейін бастауға дайынбыз», - деді облыс әкімі.Облыс әкімі жобада ғимаратты күрделі жөндеумен қатар, іші заманауи медициналық жабдықтармен толық жабдықтау қарастырылғанын атап өтті.Айта кетейік, Қостанай облыстық балалар ауруханасының жабылуы соңғы жылдары тұрғындар арасында жиі сынға ұшыраған болатын. Ата-аналар балаларын басқа ауруханаларға апаруға мәжбүр еді. Енді өңірдегі балаларды емдейтін басты мекеме қайта жанданбақ. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1311622?lang=ru
Қостанай облысында 44 га аумақта экопарк ашылды 26.10.2026
Қостанай қаласының сыртындағы 43,8 гектар аумақты алып жатқан экопарк өңіріміздің экологиялық әрі мәдени өміріндегі айтулы оқиға екені анық. Құны 660 миллион теңге болатын саябақтың ашылу салтанатына облыс әкімі Құмар Ақсақаловпен бірге әйгілі зілтемірші, ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин, өңірдің қоғам белсенділері, спортшылар, ерікті жастар қатысты.Қостанай ауданындағы Мичурин ауылдық округінің орман алқабында орналасқан жаңа экопарк тұрғындардың демалысына, спортпен шұғылдануына және табиғат аясында уақыт өткізуіне арналған. Жоба «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында жүзеге асырылған.Ашылу салтанатында сөз сөйлеген Құмар Ақсақалов Мемлекет басшысының ірі қалалар мен облыс орталықтарының маңында экопарктер құру жөніндегі тапсырмасын орындаудың маңызын атап өтті.Жаңа экопаркте тұрғындардың белсенді демалысына қажетті инфрақұрылым қарастырылған. Мұнда футбол алаңы, воркаут аймағы, балалар ойын алаңы, жүгіру жолы және автотұрақ бар.Жүгіру жолының ұзындығы – 2 015 метр, аумағы – 5 030 шаршы метр. Балалар ойын алаңы 5 050 шаршы метр жерді алып жатыр. Сондай-ақ экопарк аумағында кіреберіс қақпалар мен жерасты өткелі қарастырылған. Жерасты өткелі салынып жатқан «Астана» тұрғын алабымен байланысты қамтамасыз етуге арналған. Бұл тұрғындардың жаңа демалыс орнына қатынауын жеңілдетуге мүмкіндік береді. Жобаның жалпы құны – 660 миллион теңге. Құрылыс пен абаттандыру жұмыстары осы жылы жүзеге асырылған.Ашылу салтанатында сөз сөйлеген Құмар Ақсақалов мұндай қоғамдық кеңістіктердің маңызына тоқталды.«Қостанада қоғамдық кеңістіктерді дамыту жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Тек былтыр қалада 5 саябақ пен сквер ашылды. Алдағы жылы «Береке», «Юбилейный», «Қонай» шағын аудандарындағын абаттандырып, заманауи қоғамдық кеңістіктерге айналдыру жұмыстары жалғаса береді», – деді аймақ басшысы.Облыс әкімінің айтуынша, экопарк тұрғындарға спортпен шұғылдануға, отбасымен бірге уақыт өткізуге және табиғат аясында тынығуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар мұндай орындар қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.«Қоршаған ортаны қорғау – тек табиғатты сақтау ғана емес, сонымен бірге адамдарға жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру. Сондықтан елді мекендердің айналасын көгалдандыруға, жасыл желекті көбейтуге және тұрғындарға арналған қоғамдық кеңістіктерді дамытуға ерекше мән беруіміз керек. Мұндай нысандар отбасылардың бірге уақыт өткізуіне, балалардың табиғатқа жақын болып өсуіне және тұрғындардың белсенді демалыспен айналысуына мүмкіндік береді, - деп өңірдегі экологиялық бастамалардың маңызын жеткізді аймақ басшысы.Облыс әкімінің сөзінше, өңірде мұндай қоғамдық кеңістіктерді дамыту жұмыстары жалғасады. Бұл бастамалар облыс орталығымен шектелмей, қалалар мен ауылдық елді мекендерді де қамтуы тиіс.Экопарктің ашылу салтанатында Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы, Азия ойындарының жеңімпазы Илья Ильин жиналған қауымға құттықтау сөзін арнап, спорт пен салауатты өмір салтының маңызын атап өтті. Оның салтанатты шараға қатысуы бұқаралық спортты дамытуға және тұрғындарды белсенді өмір салтына ынталандыруға бағытталған бастамамен үндеседі. Жаңа экопарк тұрғындарға серуендеп қана қоймай, жүгірумен және басқа да дене шынықтыру жаттығуларымен айналысуға мүмкіндік береді.Қостанай облысында қоршаған ортаны қорғауға және экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған бірнеше бастама қолға алынған.Облыс әкімінің мәліметінше, Қостанай қаласында экотакси қызметі іске қосылған. Сонымен қатар өңірде жаңартылатын энергия көздерін дамыту жұмыстары жүргізілуде. Қазір облыста екі күн электр станциясы мен бес жел электр станциясы жұмыс істейді. Бұған қоса, ауылдық жерлерде қоқысты бөлек жинау тәжірибесі енгізіліп жатыр. Бұл шаралар өңірде жасыл экономиканы дамытуға, қоршаған ортаға түсетін салмақты азайтуға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.Жаңа экопарк Қостанай ауданы тұрғындарының табиғат аясында демалуына, балаларымен серуендеуіне және спортпен айналысуына мүмкіндік береді. Мұнда серуендеу мен жүгіруге арналған жолдардан бастап, балалар алаңы мен спорттық нысандарға дейінгі инфрақұрылым қарастырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1311600?lang=ru
ҚР Сыртқы істер министрі Сингапурдың Құрметті консулын қабылдады 23.10.2026
Астана, 2026 жылғы 13 қазан - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Сингапур Республикасының Қазақстандағы Құрметті консулы Талғат Чиникеевті қабылдады. Кездесу барысында тараптар Құрметті консулдықтың қызметін талқылап, Қазақстан мен Сингапур арасындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту бойынша пікір алмасты. Сингапурлық Changi Airports International компаниясының Қазақстанның әуежай инфрақұрылымын салу және дамыту жобаларына стратегиялық қатысуын қоса алғанда, бірлескен жобаларға ерекше назар аударылды.Тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық әріптестікті тереңдетуге өзара мүдделіліктерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1311078?lang=ru
Алматы облысында әлеуметтік аз қамтылған отбасылар баспаналы болды 21.10.2026
Бүгін Алматы облысының Талғар ауданында 29 отбасы баспаналы болды. Пәтерлер көпбалалы аналарға, ерекше қажеттілігі бар азаматтарға, ерекше баланы тәрбиелеп отырған ата-аналарға және асыраушысынан айырылған жандарға берілді. Түзусай ауылында өткен салтанатты шараға Алматы облысының әкімі Шыңғыс Әрінов қатысып, тұрғындарды қоныстойымен құттықтады, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. Аймақ басшысы өз сөзінде халықты баспанамен қамтамасыз ету Президент жүктеп отырған маңызды міндеттердің бірі екенін атап өтті. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың әл-ауқатын арттыру, азаматтарға жайлы өмір сүруге жағдай жасау мемлекеттің басты міндеттерінің бірі екенін үнемі айтып келеді. Оның ішінде баспана мәселесі де маңызды орын алады. Алматы облысында халық саны жылдан жылға өсіп келеді. Бұл – өңіріміздің дамып, елдің тұрмыс-тіршілігіне қолайлы аймаққа айналып келе жатқанының бір көрінісі. Баспана – кез келген отбасы үшін үлкен қуаныш. Бүгінгі табысталған кілт – әр отбасы үшін көптен күткен арманның орындалуы. Адамның өз үйі болғанда ертеңіне деген сенімі де арта түседі. Тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың мәселесі әрдайым назарымызда. Алдағы кезеңде де бұл бағыттағы жұмысты жүйелі түрде жалғастырып, тұрғын үй қорын ұлғайтуға басымдық береміз», – деді Шыңғыс Сайранұлы.Бүгінде Талғар ауданында тұрғын үй кезегіне 7,5 мыңға жуық азамат тіркелген. Соңғы екі жылда аудан бойынша 459 пәтер сатып алынды. Қазіргі таңда оның 275-і өз иелеріне берілді. Бүгін тағы 29 отбасы баспана кілтін алды. Солардың бірі ерекше қажеттілігі бар балаға күтім жасап, тәрбиелеп отырған ана – Зиягүл Ержанова.«Үй кезегіне 2015 жылы тұрдық. 11 жыл бойы күткен сәт бүгін туып, баспанаға қол жеткізіп отырмыз. Қуанышымызға облыс әкімі ортақтасып, арнайы келіп құттықтады. Үйге қажетті электр пеші мен теледидарды сыйға тартты. Бұл – бізге үлкен көмек. 2 бөлмелі үйдің жобасы, сапасы көңілімнен шықты. Терезесі – үлкен, бөлмелер – жарық, тауға қарайтын әдемі көрінісі де бар. Осындай қолдау көрсеткен Президентімізге, облыс және аудан әкімдігіне алғыс айтамын», – деді тұрғын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1310654?lang=ru
Қазақстанның ЭЫҰ-мен ынтымақтастық мәселелері ҚР СІМ-де талқыланды 21.10.2026
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Экономикалық ынтымақтастық ұйымына (ЭЫҰ) мүше мемлекеттер Көлік министрлерінің 14-кездесуіне қатысу үшін Астанаға сапармен келген ЭЫҰ Бас хатшысы Асад Маджид Ханды қабылдады.А.Исағалиев халықаралық көлік дәліздерін дамытуға елеулі үлес қосып келе жатқан Қазақстанның негізгі қатысушылардың бірі ретінде ЭЫҰ аясындағы көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға ерекше мән беретінін атап өтті. Осыған байланысты басым бағыттар бойынша практикалық өзара іс-қимылдың маңыздылығын және бірлескен жобаларды іске асыру қажеттігін атап өтті.А.М. Хан Қазақстанның Ұйым қызметіне қосқан үлесін жоғары бағалап, ынтымақтастықтың одан әрі тереңдей түсетініне сенім білдірді.Тараптар сондай-ақ ү.ж. 15-16 қарашада Исламабад қаласында өтетін ЭЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің 30-отырысына дайындық барысын талқылап, халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1310600?lang=ru
Алматы облысында еліміздің ең биік нүктесінде орналасқан туристік нысан ашылды 20.10.2026
Алматы облысының «Ой-Қарағай» тау-курортында Қазақстанның ең биігінде орналасқан туристік нысан пайдалануға берілді. «Ақтас» шыңында бой көтерген кешен 2140 метр биіктікте орын тепкен. Оның құрамына мейрамхана, іскерлік кездесулер өткізуге қолайлы конференц-зал мен демалушыларға арналған қонақүй кіреді. Екі жыл бойы жүргізілген құрылыс жұмысына 58 млрд теңге инвестиция салынды. Жоба аясында сноуборд пен шаңғы тебу алаңы 28-ден 38 шақырымға ұлғайтылды. Сондай-ақ елімізде алғаш рет 10 және 6 орынды аспалы жол іске қосылды. Осылайша, Алматы облысында халықаралық стандарттарға толығымен сай келетін жаңа туристік нысан демалушыларды қабылдауды бастады.Өткен жылы «Ой-Қарағай» тау-курортына 660 мыңнан астам турист келді. Жыл басынан бері бұл көрсеткіш 20 пайызға артып үлгерген. «Қазіргі таңда 350 адамға арналған үлкен конференц-зал мен мейрамхана жұмыс істеп тұр. Бұл әртүрлі бағыттағы қызық шараларды өткізуге өте қолайлы. Сонымен қатар меймандарға сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін, 7 бөлмеден тұратын қонайүйіміз бар. Қысқы спорт түрлеріне арналған жолдың ұзартылуы және екі аспалы жолдың салынуы туристер санын бірнеше есе арттырады деп сенеміз. Бүгінде демалыс аймағына Қазақстаннан бөлек, Ресей, Үндістан, Қытай және Парсы шығанағы елдерінен келетін қонақтар саны артуда. Бұған Алматы облысы әкімдігінің туризм саласында өзге елдермен жасаған тиімді меморандумдары зор ықпал етіп отыр», – деді «Ой-Қарағай» тау-курортының PR бөлімінің басшысы Максим Козлов.Айта кетейік, қазіргі таңда Алматы облысының туризм саласында жалпы құны 638,2 млрд теңге болатын 30 инвестициялық жоба іске асырылуда. Өткен жылы Үкімет қаулысымен «2025-2029 жылдарға арналған Алматы тау кластерін дамытудың кешенді жоспары» бекітілді. Соған сәйкес өңірде 6 негізгі бағыт бойынша 15 жобаны іске асыру көзделген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1310435?lang=ru
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Түркия Елшісімен кездесті 19.10.2026
Астана, 2026 жылғы 13 қазан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мұстафа Капуджумен кездесті.Кездесу барысында Қазақстан мен Түркия арасындағы екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.Сонымен қатар, тараптар алдағы жоғары деңгейдегі іс-шараларға дайындық мәселелері бойынша ұстанымдарды сәйкестендірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1310268?lang=ru
Қазақстан мен Филиппин арасында саяси консультациялардың екінші раунды өтті 18.10.2026
Астана, 2026 жылғы 13 қазан – Қазақстан Республикасы мен Филиппин Республикасы сыртқы істер министрліктері арасында сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейінде саяси консультациялардың екінші раунды өтті.Келіссөздер барысында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Қазақстан мен Филиппин арасындағы қатынастардың оң серпінін атап өтіп, Астананың Маниламен саяси диалогты одан әрі нығайтуға және өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін жеткізді.Қазақстан тарапы Филиппин Республикасының Астанада өз Елшілігін ашу ниетін құптап, дипломатиялық өкілдіктің құрылуы екіжақты қатынастарға тың серпін беріп, екі ел арасындағы практикалық өзара іс-қимылды кеңейтуге ықпал ететінін атап өтті.Филиппин Республикасы Сыртқы істер министрінің саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Лео Эррера-Лим Маниланың Қазақстанмен жан-жақты ынтымақтастықты тереңдетуге және кең ауқымды бағыттар бойынша байланыстарды жандандыруға дайын екенін растады.Тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға, оның ішінде экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия құру перспективаларына және екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды жандандыруға ерекше назар аударды. Энергетика, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, туризм және әуе қатынасы салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейту мүмкіндіктері талқыланды.Сонымен қатар, тараптар визалық талаптарды өзара жеңілдету және екіжақты ынтымақтастықтың шарттық-құқықтық базасын одан әрі жетілдіру мәселелерін қарастырды.Консультациялар қорытындысы бойынша тараптар сыртқы істер министрліктері арасындағы тұрақты диалогты жалғастыруға, қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға және Қазақстан мен Филиппин арасындағы қатынастарды одан әрі нығайтуға жәрдемдесуге ниетті екендерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1309986?lang=ru
Қазақстан мен Филиппин екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады 17.10.2026
Астана, 2026 жылғы 13 қазан – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстан мен Филиппиннің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы саяси консультациялардың екінші раундына қатысу үшін Астанаға келген Филиппин Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Лео М. Эррера-Лимді қабылдады.Кездесу барысында тараптар екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді және Қазақстан мен Филиппин арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ БҰҰ мен АСЕАН шеңберіндегі өзара іс-қимылды нығайтуға ерекше назар аударылды.М. Тілеуберді саяси диалогтың оң серпінін, оның ішінде ағымдағы жылғы қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы аясында Филиппиннің Сыртқы істер министрі М.Т. Лазаромен өткен кездесуін атап өтті.Қазақстан тарапы Филиппиннің Астанада Елшілік ашу ниетін құптап, тұрақты дипломатиялық өкілдіктің ашылуы екіжақты байланыстарды тереңдетуге және практикалық өзара іс-қимылды кеңейтуге ықпал ететініне сенім білдірді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тұрақты саяси диалогты қолдауға және Қазақстан мен Филиппин арасындағы ынтымақтастықты дәйекті түрде дамытуға өзара мүдделілігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1309779?lang=ru
Сыртқы істер министрінің орынбасары Палестина Елшісімен кездесті 15.10.2026
Астана, 2026 жылғы 12 қазан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Палестина Мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі Монтасер Абу Зейдпен кездесу өткізді.Сұхбат барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылап, Қазақстан мен Палестина арасындағы дәстүрлі достық қатынастарды одан әрі нығайтуға өзара мүдделілігін растады.Сонымен қатар, гуманитарлық ынтымақтастыққа, оның ішінде палестиналық студенттерге Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім алу үшін гранттарын бөлу мәселелеріне назар аударылды. Тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, оның ішінде Таяу Шығыстағы жағдай бойынша пікір алмасты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1309471?lang=ru
Metlen Energy & Metals компаниясы Қазақстанда металлургиялық қалдықтарды қайта өңдеуді жолға қоюды жоспарлап отыр 10.10.2026
ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ардақ Зебешев Грекияның Metlen Energy & Metals өнеркәсіптік тобының делегациясымен кездесті. Тараптар компанияның металлургиялық қалдықтарды қайта өңдеу және олардан мыс, мырыш, никель, кобальт пен басқа да бағалы металдарды бөліп алу жобасының іске асырылу барысын талқылады.Делегация құрамында M Critical & Rare Metals бағытының коммерциялық директоры Александрос Контузоглу және Metlen Energy & Metals компаниясының заң кеңесшісі, Қазақстан-Грекия іскерлік кеңесінің тең төрағасы Томас Ламнидис болды.«Компанияның металлургиялық қалдықтарды қайта өңдеу жөніндегі жоспарлары Үкіметтің өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеу, ресурстарды тиімді пайдалану және қосылған құны жоғары өндірістерді дамыту басымдықтарына сәйкес келеді. Біз жобаны одан әрі дамытуға, сондай-ақ бейінді министрліктермен, әкімдіктермен және қазақстандық компаниялармен өзара іс-қимылды жолға қоюға жәрдемдесуге дайынбыз», – деді Ардақ Зебешев.Кездесу барысында тараптар жобаны кезең-кезеңімен іске асыру моделін, логистика мәселелерін және мемлекеттік қолдау шараларын талқылады. «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ жобаны іске асырудың барлық кезеңінде сүйемелдеуге дайын.А. Зебешев Metlen делегациясын 22 қазанда Шымкент қаласында өтетін Қазақстандық жаһандық инвестициялар жөніндегі дөңгелек үстелге (KGIR) қатысуға шақырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1308679?lang=ru
ТАЗАЛЫҚҚА БАСТАР ЖОЛ: ФЕДОРОВ АУДАНЫНЫҢ ЖАСТАРЫ ЭКОКВЕСТКЕ ҚАТЫСТЫ 09.10.2026
Федоров ауданында «Тәуелсіздік» алаңында аудандық «Достық керуені» фестивалі мен республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында оқушылар мен жастарға арналған экологиялық квест өтті.Іс-шараның басты мақсаты – жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға баулу және өскелең ұрпақты қоғамдық пайдалы жұмыстарға тарту.Қатысушылар бірнеше тақырыптық бекеттен тұратын арнайы маршрут бойынша тапсырмаларды орындады. Әр бекетте оларды экологияға қатысты сұрақтар, ребустар, зейін мен логиканы қажет ететін тапсырмалар, сондай-ақ командалық жұмысты талап ететін түрлі сынақтар күтті.Квесттің заманауи форматын цифрлық технологиялар да толықтырды. Келесі бекетке өту үшін қатысушылар смартфон арқылы QR-кодтарды сканерлеп, маршруттың бағытын өздері анықтап отырды.Ұйымдастырушылар экологиялық білімді тәжірибелік жұмыспен ұштастыруға ерекше мән берді. Жастар белгіленген аумақтардағы қоқыстарды жинап, айналаны ретке келтіріп, жиналған қалдықтарды сұрыптады. Осылайша экология туралы алған білімдерін нақты іспен бекітіп, қоғамдық кеңістікті абаттандыруға өз үлестерін қосты.«Біз жастарға экологиялық жауапкершілік әр адамнан басталатынын көрсеткіміз келді. Сондықтан квест барысында білімді, ойын элементтерін және практикалық жұмысты бір арнаға тоғыстырдық», – деді Жастар ресурстық орталығының спикері Г. Б. Кабденова.Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай формат экологиялық тақырыпты жастар үшін түсінікті әрі қызықты етіп жеткізуге мүмкіндік береді. Қатысушылар жаңа білім алып қана қоймай, бірлескен еңбектің нақты нәтижесін де көрді.Экологиялық квест жастар арасында күнделікті өмірде қажет пайдалы дағдыларды қалыптастыруға да ықпал етті. Атап айтқанда, қоқысты кез келген жерге тастамау, тазалықты сақтау, қалдықтарды дұрыс сұрыптау және қоғамдық орындарға ұқыпты қарау сияқты қарапайым әдеттердің маңызы түсіндірілді.«Таза Қазақстан» бастамасы аясында осындай іс-шараларды өткізу жастардың экологиялық мәдениетін арттырып, оларды табиғатты қорғау және қоғамдық пайдалы жұмыстарға белсенді араласуға ынталандырады.Федоров ауданында өткен экологиялық квест қоршаған ортаны қорғау тақырыбын білім беру, ойын және тәжірибелік жұмыс форматтарымен ұштастыруға болатынын көрсетті. Ең бастысы – экология туралы айтумен шектелмей, оны нақты әрекетке айналдыру.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1308566?lang=ru
Мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасала береді 09.10.2026
Қазіргі таңда аймағымызда 29,6 мыңнан астам мүгедектігі бар адам тұрады, оның 4 мыңға жуығы – балалар. Облыста балалар мен мүгедектігі бар адамдарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 41 ұйым жұмыс істейд. 2026 жылдың басынан бері 1 337 мүгедектігі бар бала арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылды.Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес облыста бұрынғы өңірлік резиденция базасында 60 орындық оңалту орталығы ашылды. Онда жылына 18 жасқа дейінгі 900 балаға қызмет көрсетеді.Орталықты заманауи реабилитациялық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры 1 млрд теңге бағыттады.«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрайымы Ләззат Шыңғысбаева өңірімізге келген сапарында Қостанай облысының әкімімен бірге Қостанайдағы оңалту орталығына арнайы барды. Ғимараттағы мамандандырылған кабинеттерді көрді. Орталық аумағында қор қаражатына салынып жатқан спорт нысандарымен танысты. Оның ішінде спорт алаңдарын салуға дайындалған учаскелер – футбол алаңы, тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған спорт алаңы: мектеп жасына дейінгі балаларға арналған шағын сәулет нысандарымен (ШАН) жабдықталған ойын алаңы, мектеп жасындағы балаларға арналған тренажерлармен жабдықталған спорт алаңы бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1308584?lang=ru
Ирландия Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды 09.10.2026
Астана, 2026 жылғы 9 қазан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары А.Исетов Қазақстан Республикасындағы Ирландияның жаңадан тағайындалған Төтенше және Өкілетті Елшісі Джулиан Клэрден сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады.А.Исетов ирландиялық дипломатты тағайындалуымен құттықтап, қызметіне табыс тіледі және Қазақстан мен Ирландия арасындағы қарым-қатынастарды нығайту жөніндегі күш-жігерді жандандырудың маңыздылығын атап өтті.Кездесу барысында тараптар саяси диалогты жандандыру, сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды кеңейту, сондай-ақ білім беру, мәдениет және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады. Халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды.Дж. Клэр министрдің орынбасарына жылы қабылдағаны үшін алғысын білдіріп, Қазақстан мен Ирландия арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға ниетті екенін растады.Кездесу қорытындысы бойынша дипломаттар тұрақты байланыстарды қолдауға және екіжақты күн тәртібіндегі мәселелерді бірлесіе пысықтауға өзара мүдделілік танытты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1308381?lang=ru
Иран Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін табыстады 08.10.2026
2026 ж. 8 қазан, Астана – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Қазақстан Республикасындағы Иран Ислам Республикасының жаңадан тағайындалған Төтенше және Өкілетті Елшісі Махмуд Сафари Фархудтың сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады.А.Исағалиев оның дипломатиялық миссиясы Қазақстан мен Иран арасындағы дәстүрлі достық қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға және өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал ететініне сенім білдірді.Тараптар саяси диалогты одан әрі дамытудың, сауда-экономикалық серіктестікті кеңейтудің және мәдени-гуманитарлық іс-қимылды нығайтудың өзекті мәселелерін талқылады.Өзара сауда көлемін арттыру, көлік-логистикалық ынтымақтастықты дамыту және бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.Кездесу соңында дипломаттар екіжақты және көпжақты форматтарда да белсенді әрі сындарлы іс-қимылды қолдауға дайын екендіктерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1307418?lang=ru
Алматы облысында жылына 400 тонна балық өндіретін кәсіпорын ашылды 08.10.2026
Алматы облысының Іле ауданында жылына 400 тонна балық өндіретін «Бақыт» кәсіпорны іске қосылды. Инвестиция құны – 500 млн теңге. Мұхаметжан Түймебаев ауылында ашылған шаруашылықта балық өсірумен қатар, ол үшін қажетті тор қоршау мен оның бөлшектері жасалады. Кәсіпорын – аталған құрал-жабдықтарды шығаратын еліміздегі алғашқы өндіріс ошағы, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. Салтанатты рәсімге Алматы облысы әкімінің орынбасары Бақытнұр Бақытұлы қатысып, жаңа кәсіпорынның ашылуымен құттықтады. «Бұл жоба – өңіріміздегі балық шаруашылығын дамытуға, отандық өндірісті қолдауға және ауыл экономикасын нығайтуға бағытталған маңызды бастама. Бүгінде кәсіпорын өнімдері Алматы облысынан бөлек, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Түркістан, Батыс Қазақстан мен Жетісу облысының балық шаруашылықтарына жеткізіліп, пайдаланылуда. Бұл отандық жабдықтарға сұраныстың жоғары екенін және кәсіпорынның еліміздегі балық шаруашылығын дамытуға елеулі үлес қосып отырғанын көрсетеді. «Бақыт» шаруашылығы алдағы уақытта өндірісін кеңейтіп, халықты сапалы өніммен қамтамасыз етуге септігін тигізеді деп сенемін», – деді Бақытнұр Бақытұлы. Сондай-ақ ол Алматы облысында бұл саланы дамытуға ерекше көңіл бөлініп жатқанын жеткізді. Айтуынша, биыл өңірде балық шаруашылығын дамытуға 1 млрд теңге субсидия бөлінді. Бүгінде облыста 53 балық өсіретін шаруашылық жұмыс істейді. Былтыр өңірде 5,8 мың тонна балық өндірілді. Биыл оның көлемін 10 мың тоннаға, ал 2030 жылға қарай 20 мың тоннаға жеткізу жоспарланып отыр. Бүгін ашылған «Бақыт» шаруақожалығы осы мақсатты жүзеге асыруға, ауылда кәсіпкерлікті дамытып, тұрғындарды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.Кәсіпорында балықтар көлдің ортасында арнайы тор қоршауда өсіріледі. Шаруақожалық басшысы Бақыт Алдыбаевтың айтуынша, әуелі салмағы 200 грамм шабақ суға жіберіліп, 3 айдың ішінде 2,5-3 келі тартатын балыққа айналады. Балықтарға экологиялық таза жем беріледі. Кәсіпорын қазірдің өзінде 100 тоннадан астам өнім алып үлгерді. Ол үшін 12 тор қоршау қолданылды. Келесі жылы балық көлемін 400 тоннаға жеткізіп, қоршауды 30-ға көбейту жоспарланып отыр. Мұнда кәсіби мамандардан құралған 15 адам жұмыс істейді. Олар балықтың жағдайын қадағалайды. Қазіргі таңда шаруашылыққа қажет қоршау кәсіпорынның өзінде жасалады. Ал тор шетелден импортталады. Болашақта тор тоқитын цех ашып, өндіріс орнын көбейту жоспарлануда. Сол кезде жұмысшылар саны 45-50 адамға көбейеді. Кәсіпорынның ашылғанына М.Түймебаев ауылының тұрғындары дән риза. Солардың бірі – Әмзе Исаев.«Ауылымызда осындай игі жобаның іске асырылып жатқаны –құптарлық іс. Бұл елдімекен тіршілігіне жан бітіріп, жаңа мүмкіндіктер сыйлайды. Ауылымыздағы көлде кезінде балық шаруашылығы жақсы дамыған. Бірақ кейін қиын кезеңдерде тұралап қалды. Бұл бастаманың қайта жанданып жатқанына қуаныштымын», – деді тұрғын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1307567?lang=ru
Қазақстан мен Грекия бірлескен инвестициялар үшін жаңа бағыттарды айқындады 08.10.2026
2026 жылғы 8 қазанда ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ардақ Зебешев Грек Республикасының Қазақстандағы Елшісі Антониа Кацурумен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ бірлескен жобаларды ілгерілету мәселелерін талқылады.«Қазақстан мен Грекия арасындағы әріптестіктің нәтижесін тек мұнай жеткізу көлемімен емес, ашылған жаңа өндірістермен, енгізілген технологиялармен және құрылған жұмыс орындарымен де өлшегіміз келеді. Грек бизнесінің Қазақстанға деген қызығушылығы барған сайын практикалық сипат алып келеді. Енді жалпы уағдаластықтардан нақты экономикалық нәтижелерге көшетін уақыт келді. Біз әр инвесторға алғашқы келіссөздерден бастап кәсіпорынды іске қосуға дейін жүйелі қолдау көрсетуге дайынбыз», – деп атап өтті А.Зебешев.Бұл қызығушылық нақты жобалармен расталып отыр. Қазақстанда грек капиталының қатысуымен 50-ге жуық кәсіпорын жұмыс істейді. Қазақстан–Грекия ынтымақтастығының инвестициялық жобалар портфелінде жалпы құны 133,5 млн АҚШ долларын құрайтын 8 жоба бар.Олардың бірі SABO компаниясы Өскемен, Семей және Ақтөбе қалаларында қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдейтін үш зауыт салу жобасын жүзеге асыруда. Жалпы құны 122 млн АҚШ долларын құрайтын тағы бес жоба пысықталу кезеңінде. Олардың қатарында Doppler компаниясының Астанада лифт жабдықтарын өндіру жобасы, Desserta Hellas компаниясының Ақмола облысында сүт өнімдерін өндіру зауытын салу жобасы, сондай-ақ өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу мен күн энергетикасы салаларындағы жобалар бар.METLEN Energy & Metals компаниясы металлургиялық қалдықтарды қайта өңдеу және олардан мыс, мырыш, никель, кобальт пен басқа да аса маңызды металдарды алу мүмкіндіктерін зерделеп жатыр.Экономикалық әріптестіктің негізін энергетика саласы құрайды. Қазақстан Грекияға шикі мұнай жеткізушілер арасында екінші орында тұр және Грекияның мұнай импортының шамамен 24%-ын қамтамасыз етеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 2,4 млрд АҚШ долларын құраса, 2026 жылғы қаңтар–шілде айларында бұл көрсеткіш 1,5 млрд долларға жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7%-ға өсті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1307749?lang=ru