Экономика
Алматы облысында жылына 1 млрд литр сусын өндіретін ірі зауыт іске қосылды 02.10.2026
Алматы облысының Боралдай ауылында «Carlsberg Kazakhstan» компаниясының алкогольсіз сусын шығаратын жаңа кәсіпорыны ашылды. Жобаға 344 млн доллар инвестиция салынды. Зауытта жылына 1 млрд литрге дейін сусын өндіріледі. Мұнда 230-ға жуық жергілікті тұрғын жұмыс істейтін болады. Дайын өнім Қазақстан нарығынан бөлек ТМД елдеріне экспортталады, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. Салтанатты рәсімге Алматы облысының әкімі Шыңғыс Әрінов, Дания Корольдігінің Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссен, ҚР Сыртқы істер вице-министрі мен компания өкілдері және жергілікті тұрғындар қатысты. Өңір басшысы өз сөзінде жаңа кешеннің ашылуы аймақтың өнеркәсіптік әлеуетін арттыратын елеулі қадам екенін атап өтті.«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Үкіметтің міндеті – экономиканың өсімін қамтамасыз ету және азаматтардың әл-ауқатынжақсарту», – деп алдымызға нақты міндеттер қойған болатын. Экономиканың өркендеуі ең алдымен елдің әр өңіріндегі жүзеге асып жатқан нақты жобалардан көрінеді. Сондықтан өндірісті дамыту мен инвестиция тарту біздің өңіріміз үшін де маңызды бағыттардың бірі болып отыр. Осы жолдағы ірі жобалардың бірі – «Carlsberg Kazakhstan» компаниясыныңжаңа өндіріс орнын іске қосуы. Бұл өңір экономикасын әртараптандыруға, инвестициялық белсенділікті арттыруға және бәсекеге қабілетті өнім көлемін көбейтуге мүмкіндік береді», – деді Шыңғыс Сайранұлы. Игі шараға арнайы келген Ларс Лёкке Расмуссен кәсіпорынның іске қосылуы екі ел арасындағы ынтымақтастықты арттыруда үлкен маңызға ие екенін жеткізді. «Қазақстан мен Дания географиялық тұрғыдан бір-бірінен алыс орналасқан мемлекеттер болғанымен, бұл бірлесіп жұмыс істеуге кедергі емес. Бүгін ашылған жаңа кәсіпорын – соның айқын дәлелі әрі болашаққа салынған ортақ инвестиция. Сондай-ақ зауыт сауда-саттықты арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға, халықтың әл-ауқатын жақсартып, жаңа технологияларды өндірісте пайдалануға мүмкіндік береді», – деді мәртебелі мейман.Шара барысында қонақтар жаңа өндіріс желісін іске қосу түймесін бірлесе басып, кешеннің жұмысын бастап берді. Одан кейін зауытты аралап, оның өндірістік қуатымен танысты. Жобаның бірінші кезеңінде түрлі дәмдегі сусындар әзірлеп, оның қаптамасын дайындау үшін бес өндірістік желі жұмыс істейді. Кейін өнімді қоймаларда сақтау, тасымалдау сияқты логистикалық мүмкіндіктерді де дамыту көзделіп отыр. Кәсіпорында қажетті шикізат жергілікті өндірушілерден алынады. Бұл импортқа тәуелділікті азайтып, жергілікті тауарға сұранысты арттырады. Зауытта су, жарық, жылу көздерін тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін озық технологиялар қолданылған.Айта кетейік, кәсіпорынның ашылуынан бөлек бүгін Қонаев қаласында екі ел арасындағы ынтымақтастықты ілгерілету мақсатында «Қазақстан – Дания» бизнес-форумы өтіп жатыр. Алқалы жиында инвестициялық жобаларды іске асыру жолдары талқылануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1302710?lang=ru
Қазақстан Жаһандық инновациялық индексте соңғы он жылдағы ең үздік нәтиже көрсетті 02.10.2026
Қазақстан Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) 2026 жылғы Жаһандық инновациялық индексінде (Global Innovation Index, GII) елеулі ілгерілеу көрсетіп, бірден 8 сатыға көтерілді және әлемнің 139 экономикасы арасында 81-орыннан 73-орынға шықты. Бұл – Қазақстанның соңғы 10 жылдағы ең үздік нәтижесі.Өңірлік көрсеткіш бойынша Қазақстан Орталық Азия елдері арасында 1-орынға, ал Орталық және Оңтүстік Азияның 11 экономикасы арасында 2-орынға ие болды. Табыс деңгейі орташадан жоғары 35 елдің ішінде Қазақстан 17-орынға орналасты. Ең елеулі ілгерілеу инновациялық нәтижелер бойынша тіркелді. Инновациялық нәтижелер субиндексі (Innovation Outputs) бойынша Қазақстан бірден 11 сатыға көтеріліп, 84-орыннан 73-орынға шықты, ал инновациялық ресурстар субиндексі (Innovation Inputs) бойынша 75-орыннан 73-орынға жақсарды.GII 2026 нәтижелері Женевадағы ДЗМҰ штаб-пәтерінде мүше мемлекеттердің тұрақты өкілдеріне арналған Индекстің алдын ала таныстырылымы аясында ұсынылды.Қазақстанның рейтингтегі позициясының жақсаруына ұлттық және халықаралық деңгейлерде жүргізілген жүйелі жұмыс негіз болды. 2026 жыл ішінде Қазақстан Республикасының Женевадағы Тұрақты өкілдігі GII мәселелері бойынша ДЗМҰ-мен тікелей өзара іс-қимыл орнатып, нақты индикаторларға, оларды есептеу әдістемесіне және деректердің сапасына басымдық берді.Атқарылған жұмыс Қазақстан мен ДЗМҰ арасындағы өзара іс-қимылды рейтингті жыл сайынғы мониторингтеуден нақты көрсеткіштер, дереккөздер және мемлекеттік саясаттың қажетті шаралары бойынша мазмұнды жұмыс форматына көшіруге мүмкіндік берді.Қол жеткізілген ілгерілеуге қарамастан, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жұмсалатын шығыстар, университеттер мен бизнестің өзара іс-қимылы, венчурлік қаржыландыру, инновациялық кластерлерді дамыту, бағдарламалық қамтамасыз ету, сондай-ақ ғылыми-техникалық жарияланымдар бағыттарында одан әрі өсу әлеуеті сақталып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1302614?lang=ru
Қазақстан мен Ауғанстан екіжақты, өңірлік және көпжақты өзара іс-қимылды дамытуды талқылады 01.10.2026
Қабыл қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің Ауғанстан бойынша арнаулы өкілі Еркін Тұқымовтың Ауғанстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Мұхаммед Найммен және Ауғанстан Әйел кәсіпкерлер және өнеркәсіп палатасының (AWCCI) өкілдерімен кездесулері өтті.М. Найммен өткен кездесу барысында тараптар қазақстандық делегацияның Гератқа сапарының қорытындылары бойынша пікір алмастырып, жылы қабылдау мен өткен келіссөздердің сындарлы сипатын атап өтті. Е. Тұқымов Гератқа сапары ү.ж 20-21 маусымында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің Ауғанстанға жасаған сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың жалғасы болғанын атап өтті.Қазақстандық тарап транзиттік дәліздерді салу, сондай-ақ Оңтүстік Азия елдерімен сауда жасау бойынша Орталық Азия мемлекеттерімен серіктестікте Ауғанстанмен өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға мүдделі екенін атап өтті.Ауғанстандық тарап БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-ші сессиясы аясында ҚР Сыртқы істер министрі М. Тілеубердінің сөз сөлеуінде халықаралық алаңның орталық рөлін сақтай отырып, Ауғанстанмен кезең-кезеңімен халықаралық өзара іс-қимылды қолдағаны үшін алғыс білдірді. Сонымен қатар, Алматыдағы Орталық Азия мен Ауғанстан үшін БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығының қызметіне қатысуға мүдделілігін атап өтті. Екі ел арасындағы тікелей авиациялық қатынастардың перспективалары да бөлек талқыланды.Сапар аясында Ауғанстан Әйел кәсіпкерлер және өнеркәсіп палатасының өкілдерімен де кездесу өтті. Қатысушылар екі елдің әйел кәсіпкерлері арасындағы іскерлік байланыстарды кеңейту мүмкіндіктерін, сондай-ақ білім беру, кәсіби даму, медицина және әлеуметтік жобалар салаларындағы өзара іс-қимылды талқылады.Палата өкілдері қазақстандық бизнес-қоғамдастықпен тығыз байланыс орнатуға мүдделі екендіктерін білдірді. Е. Тұқымов тікелей іскерлік байланыстарды дамыту және бірлескен бастамаларды пысықтау үшін Палата өкілдерін Қазақстанға шақырды.Кездесулер қорытындысы бойынша тараптар тікелей диалогты жалғастыруға және өңірлік және көпжақты ынтымақтастық форматтарын тарта отырып, бірлескен бастамаларды іс жүзінде жүзеге асыруға мүдделі екендіктерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1302227?lang=ru
Алматы облысында тұқым жинау науқаны басталды 01.10.2026
Алматы облысында шренк шыршасы, жиде және өзге де ағаш түрлерінен тұқым алынуда. Қазірдің өзінде мамандар бір жарым тоннаға жуық дәнек жинады. Бұл шара «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Қазан айының ортасынан бастап қара сексеуіл тұқымын жинау басталады. Биыл оның көлемін 10 тоннаға жеткізу жоспарланып отыр, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. Өңірде жалпы аумағы 130 гектарға жуық 2 тұрақты және 10 уақытша тәлімбақ жұмыс істейді. Ол жерден жиналған тұқым орман қорын молайтуға бағытталады. Мәселен, Балқаш ауданындағы «Күрті орман шаруашылығы» мекемесінің қызметкерлері мектеп оқушыларымен бірлесіп, бір күнде 200 келі жиде тұқымын жинады. Ол үшін 50-ге жуық адам жұмыла жұмыс істеді.«Күрті орман шаруашылығы» КММ директоры Ғабит Ақшабақовтың айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сай, 2 миллиард түп ағаш отырғызу жоспары біртіндеп орындалып келеді. 2028-2035 жылдар аралығында 80 гектар жерге 266 664 түп жиде көшетін отырғызу көзделіп отыр. Қазіргі таңда жиналып жатқан жиде тұқымы осы жоспарға сәйкес көшет дайындау мақсатында уақытша орман тұқымбағына себіледі. Табиғат аясында өткен шара оқушылардың таным-түсінігін тереңдетіп, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға үйретеді. Игі іске белсене қатысқан Д.Қонаев атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы Баукен Ерғали табиғатты қорғау әрбір азаматтың міндеті екенін айтты.«Желтораңғы ауылының жастары да, қарттары да мұндай шаралардан қалыс қалған емес. Мен – осы ауылдың тумасымын. Мұндай игі істерге қатысуды азаматтық парызым деп білемін. Себебі «Таза Қазақстанды» қалыптастыру – әрбір адамның жауапкершілігіндегі іс», – деді жас табиғат жанашыры.Тұқым жинау, оны күтіп-баптау – табиғат байлығын көбейтіп, орман қорын сақтаудың негізі. Сондықтан Алматы облысында бұл бағыттағы жұмыстар жоспарға сай жалғасын табады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1301724?lang=ru
ЭТИКА 01.10.2026
Қостанай облысы әкімінің аппараты мен облыстық мәслихат аппаратында құқықтық оқудың кезекті дәрісі өткізілді. Спикері - Қ. Сюндиков, Костанай облысының әдеп жөніндегі уәкілі. Оқу мақсаты - қызметшілердің құзыреттерін арттыру, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың новеллаларымен танысу, этикалық теріс қылықтар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу. Басты назарда мемлекеттік қызметте құндылықтарды, "Адал азамат", "Таза Қазақстан" және "Заң және тәртіп" қағидаттарын енгізу. Жаңа заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметте цифрлық әдептілік және мінсіз бедел сияқты ұғымдар енгізіледі. Спикер Мемлекет басшысының қоғамдық әдеп тақырыбына және Қазақстан Республикасы қызметінің іргелі қағидаттарына арналған сөздері туралы хабардар етті. Жаңа Конституция ел азаматтарының мемлекеттік қызметке тең қолжетімділігін бекітті. Сондай-ақ, Қ.Сюндиков тыңдаушылардың назарын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Д.Жазықбайдың "Результат важнее процесса" атты "Казахстанская правда" газетіндегі соңғы мақаласының мазмұнына аударды. Елімізде "Ең алдымен адамдар" қағидатына негізделген мемлекеттік қызметтің сервистік моделі дамуын жалғастыруда.Спикер халықпен, мемлекеттік қызмет алушылармен қарым-қатынас кезінде әдеп стандарттарын сақтаудың және жанжалдардың алдын алудың маңыздылығын атап өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1301711?lang=ru
Қазақстан мен Аустрия парламентаралық диалогты нығайтуда 30.09.2026
Астана, 2026 жылғы 29 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Маркус Хофер бастаған «Аустрия – Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан» парламенттік тобының делегациясымен кездесті.Тараптар Қазақстан мен Аустрия арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылап, парламентаралық диалогты ілгерілетуге ерекше назар аударды. Екі ел депутаттары арасында тікелей байланыстар орнатудың және келешекте «Қазақстан – Аустрия» достық тобының Венаға жауап сапарын ұйымдастырудың маңыздылығы аталып өтті.Сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылға, оның ішінде биыл 19-20 қарашада Венада өтетін Үкіметаралық комиссия мен Іскерлік кеңестің алдағы отырыстарына дайындық мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.Сұхбаттастар сирек кездесетін металдар, энергетикалық қауіпсіздік, көлік инфрақұрылымы және логистика салаларындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін қарастырды. Аустриялық компаниялардың бірлескен өндірістер мен Орта дәліз аясындағы жобаларға қатысу әлеуетіне назар аударылды.Сондай-ақ тараптар ауыл шаруашылығы, дуальды оқыту және туризм салаларындағы өзара іс-қимылды дамыту жөнінде пікір алмасты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1301273?lang=ru
Венада адам саудасына қарсы күрес саласындағы Қазақстанның тәжірибесі таныстырылды 30.09.2026
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Станислав Василенко Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) мен Еуропа Кеңесі бірлесіп ұйымдастырған адам саудасына қарсы күрес жөніндегі ұлттық үйлестірушілер мен баяндамашылардың әрі баламалы тетіктердің 10-шы жыл сайынғы кездесуіне қатысты.Іс-шараға сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі және Ұлттық адам құқықтары орталығының өкілдері де қатысты.ЕҚЫҰ-ның Адам саудасына қарсы күрес жөніндегі Арнайы өкілі және үйлестірушісі Кэри Джонстон қылмыстық желілердің тез бейімделуі және олардың заманауи технологияларды белсенді пайдалануы жағдайында үйлестірілген халықаралық іс-қимылды нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Өз кезегінде, Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы Еуропа Кеңесі Конвенциясының атқарушы хатшысы Петя Несторова көпжақты ынтымақтастықтың, оның ішінде жергілікті және өңірлік билік органдарымен және пенитенциарлық қызметтерімен ынтымақтастықтың маңызды рөлін атап өтті.Ұйымдасқан қылмыспен күресудің кең ауқымды стратегияларына адам саудасына қарсы шараларды біріктіру жөніндегі сессия барысында Олег Цой Қазақстанның тәжірибесін ұсынды. Ол адамдарды тарту мен қанауда цифрлық технологиялар рөлінің артып келе жатқанын атап өтіп, жедел ақпарат алмасу, бірлескен тергеулер жүргізу және шекарааралық ынтымақтастықты нығайту қажеттілігіне назар аударды.Сонымен қоса, Қазақстан делегациясы Кэри Джонстонның төрағалығымен әрі Орталық Азияның бес мемлекеттері өкілдерінің қатысуымен өткен адам саудасына қарсы күрес жөніндегі өңірлік дөңгелек үстелге қатысты.Талқылау барысында Станислав Василенко адам саудасының құрбаны болған және шетелдік алаяқтық орталықтарында қылмыстық әрекетке мәжбүр болған азаматтарды қайтарудағы Қазақстанның тәжірибесін ұсынды. Ол ақпарат алмасу, құрбандарды ерте анықтау және жолдау, мамандарды бірлесіп оқыту және шекарааралық істер бойынша іс-қимылдарды үйлестіру үшін C5+ЕҚЫҰ форматында өңірлік жұмыс тобын құруды ұсынды.Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Адам саудасына қарсы күрес жөніндегі ұлттық баяндамашы ретіндегі жаңа мандатымен таныстырды, жәбірленушілерді ерте анықтау мен қорғаудың, сондай-ақ өңірдегі ұлттық баяндамашылар арасында тәжірибе алмасудың маңыздылығы да аталып өтті.Қазақстан адам саудасының алдын алу, жәбірленушілерді қорғау және трансұлттық қылмыстық желілерге қарсы тұру үшін ЕҚЫҰ, Еуропа Кеңесі және басқа да серіктестермен белсенді өңірлік және халықаралық ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1301193?lang=ru
Гератта Қазақстан мен Ауғанстанның сауда-экономикалық ынтымақтастығының жаңа форматы талқыланды 29.09.2026
Герат қаласында Ауғанстан бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы өкілі Еркін Тұқымов бастаған ресми және іскерлік делегациялардың қатысуымен бірқатар іс-шара өтті.Сапар аясында Е. Тұқымов Ауғанстанның батысындағы Герат провинциясының губернаторы Нур Ахмад Исламжармен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық және өңіраралық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылап, өңірлердің әлеуеті және іскер топтар арасындағы тікелей өзара іс-қимылды кеңейту мүмкіндіктері туралы ақпарат алмасты.Қазақстанның мен Ауғанстанның батыс өңірлері арасында сауда, өнеркәсіптік кооперация, көлік және логистика салаларында тікелей байланыстар орнатуға бағытталған «West2West» форматын дамытуға ерекше назар аударылды.Сауда-экономикалық іс-шараларға Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстары әкімдіктерінің, сондай-ақ екі елдің іскер топтарының өкілдері қатысты.Сапар аясында «Қазақстан – Ауғанстан: өңіраралық ынтымақтастық» атты бизнес-форум өтті. Форумда өзара сауданы кеңейтудің, кәсіпкерлер арасында тікелей байланыстар орнатудың, өнеркәсіптік кооперация мен көлік-логистикалық байланыстарды дамытудың практикалық мәселелері талқыланды. Ауғанстан тарапы өнеркәсіп тауарларының, ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түліктің көрмесін ұсынды.Салтанатты түрде қазақстандық «Integra Construction KZ» ЖШС компаниясы құрылысына қатысқан «Хаф – Герат» теміржолының 3-учаскесі ашылды.Гераттағы іс-шаралар «West2West» форматын дамытудың практикалық кезеңі және Қазақстан-Ауғанстан ынтымақтастығын кеңейту жөніндегі жұмыстың жалғасы болды. Тараптар тікелей диалогты жалғастыруға және ынтымақтастықтың талқыланған бағыттарын практикалық тұрғыдан пысықтауға өзара мүдделілігін растады.2026 жылғы қаңтар-шілде айларында тауар айналымы 581,1 млн АҚШ долларын құрап, 2,4 есеге өсті. Қазақстан Республикасының экспорты 572,9 млн долларды құрады, оның ішінде ұн – 215,6 млн, бидай – 122 млн, өсімдік майы – 51,1 млн доллар. Ауғанстаннан импорт 8,2 млн доллар болды. Бұл ауған өнімдерін (кептірілген жемістер, шафран, жүзім, кілемдер және т.б.) жеткізуді ұлғайту үшін айтарлықтай әлеует бар екенін көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1300753?lang=ru
Алматы облысында халықаралық дрифт додасы өтті 28.09.2026
Алматы облысындағы Sokol International Circuit автодромында Орталық Азияда алғаш рет ұйымдастырылған FIA Central Asia Drifting Cup 2026 дрифт жарысы өтті. Халықаралық додаға Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Өзбекстан және Ресейден келген 20 автошабандоз қатысты. Бұл жарысты Қазақстанның Автомотоспорт федерациясы мен Қырғызстанның Автомотоспорт және жол қауіпсіздігі федерациясы бірлесіп ұйымдастырды.Үш күнге созылған додада пилоттар барын салды. Жарыс ережесі бойынша автошабандоздар жоғары жылдамдықпен жүйіткіп келіп, бұрылыстарды дәл бағындыруы тиіс. Алдымен іріктеу кезеңінен өткен кіл мықтылар, кейін жұптық бәсекеде бақсынасты.Ал, жарыс алаңындағы жанкүйерлер шабандоздардың шеберлігін тамашалап, дөңгелектен шыққан көк түтін мен құлақ тұндырар көлік үнінен керемет әсер алды. Тіпті жиналған жұрт дрифт көліктерін жақыннан көріп, пилоттармен тілдесіп, қолтаңба алды. Ал автодром аспанында Қазақстан, Қырғызстан және FIA туын ұстаған парашютшілер өнер көрсетті.Халықаралық шараның ашылу салтанатына Алматы облысы әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев қатысып, автошабандоздарға сәттілік тіледі. Сондай-ақ FIA-ның алғашқы аймақтық дрифт Кубогының Қазақстанда өтуі еліміз үшін ғана емес, Орталық Азиядағы автоспорттың дамуы үшін де маңызды екенін атап өтті. “Автоспорттан халықаралық деңгейдегі жарысты Алматы облысында ұйымдастыру – біз үшін үлкен жауапкершілік әрі жаңа тәжірибе. Өңірде спорттық инфрақұрылымды дамытуға, халықаралық жарыстар өткізуге және бұқаралық спортты қолдауға ерекше мән беріледі. Бүгінгі дода – тек спорттық бәсеке ғана емес. Бұл – Орталық Азия елдерінің спортшыларын тоғыстырып, тәжірибе алмасуға, кәсіби шеберлікті шыңдауға және өңірдегі автоспорт мәдениетін дамытуға мүмкіндік беретін маңызды дода”,-деді Ғани Майлыбаев.Ал FIA Дрифт комиссиясының төрағасы, жапониялық Коичи Мурата жарысты ұйымдастыруға атсалысқан Қазақстан мен Қырғызстанның автомотоспорт федерацияларына, Sokol International Circuit командасына және мамандарға алғыс білдірді.Жарыстың ең тартысты сәті финалда болды. Дрифт кезінде қазақстандық пилот Олег Хридочкин мінген көліктің рөлінің гидравликалық күшейткіші (ГУР) істен шықты. Ереже бойынша төрешілер ақауды қалпына келтіруге бес минут қана уақыт берді. Бірақ механиктер оны жөндеп үлгерген жоқ. Соған қарамастан Хридочкин жарыс жолына шығып, халықаралық доданың бас жүлдесін жеңіп алды.Көлігімнің рөлі істен шыққан соң, жеңіске жетемін деген ой болған жоқ. Бас жүлде қарсыласым Михаилға бұйыратынына сенімді болдым, оны тіпті жеңісімен құттықтап қойдым. Бірақ төрешілер екі жарыстың қорытындысын ескере отырып, бірінші орынды маған берді. Шынымды айтсам, қара күштің арқасында ұттым», – деді Олег Хридочкин.Осылайша FIA Central Asia Drifting Cup 2026 жарысының бас жүлдесін Nissan 200SX көлігін тізгіндеген Олег Хридочкин иеленді. Екінші орынды Nissan 350Z көлігімен Михаил Пак, үшінші орынды Nissan 200SX көлігімен Александр Бочкарев алды.Үш жүлдегер де – Қазақстан пилоттары. Жеңімпазға – 6,5 млн теңге, екінші орын иегеріне – 4,5 млн теңге, үшінші орын алған пилотқа – 3,5 млн теңге ақшалай сыйақы табысталды.Бұл жарыс Орталық Азия елдерінің пилоттарына FIA Кубогы аясында бақ сынауға мүмкіндік берді. Ал, жарыс ұйымдастырушылары, төрешілер мен техникалық мамандар халықаралық деңгейдегі доданы жоғары деңгейде өткізіп, мол тәжірибе жинады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1299946?lang=ru
Қазақстан және Ресей сыртқы істер министрлері Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 81-ші сессиясы аясында кездесті 26.09.2026
Нью-Йорк, 2026 жылғы 25 қыркүйек – Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 81-ші сессиясы жоғары деңгейдегі апталығы аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесті.Тараптар Қазақстан-Ресей екіжақты ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын, жоғары және аса жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысын, сондай-ақ екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, Қазақстан мен Ресейдің көпжақты форматтар шеңберіндегі өзара іс-қимылына ерекше назар аударды.Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Ресей арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарды одан әрі нығайтуға өзара мүдделілік расталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1299142?lang=ru
Түркі мемлекеттері ұйымының сыртқы істер министрлері АҚШ-та бас қосты 26.09.2026
Нью-Йорк, 2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Бас Ассамблеясының 81 сессиясы аясында Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) Сыртқы істер министрлері кеңесінің бейресми отырысына қатысты.Ұйымға мүше мемлекеттер Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығулары кезінде қаза тапқан қазақстандық әскери қызметшілердің қазасына байланысты көңіл айтты.Қазақстан СІМ басшысы қазіргі геосаяси тұрақсыздық жағдайында түркі мемлекеттері арасындағы өзара қолдау мен үйлесімді іс-қимылдың маңызы артып келе жатқанын атап өтті. Отырыс барысында тараптар ТМҰ шеңберіндегі ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен алдағы міндеттерін, сондай-ақ өзекті өңірлік және халықаралық мәселелерді талқылап, өзара іс-қимылдың практикалық мазмұнын арттыруға және түркі мемлекеттерінің ортақ мүдделеріне сай келетін бірлескен бастамаларды ілгерілетуге өз дайындықтарын растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1299118?lang=ru
ҚР Сыртқы істер министрі БҰҰ Даму бағдарламасының Әкімшісімен кездесті 26.09.2026
Нью-Йорк, 2026 жылғы 24 қыркүйек – БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясының Жоғарғы деңгейдегі апталығы аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) Әкімшісі Александр Де Кроомен кездесті.Кездесу барысында тараптар Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған екіжақты және өңірлік өзара іс-қимылдың кең ауқымды мәселелерін талқылады.ҚР Сыртқы істер министрі БҰҰДБ-ға ү.ж. сәуір айында өткен Өңірлік экологиялық саммитті ұйымдастыруға және өткізуге көрсеткен белсенді қолдауы үшін алғыс білдірді, сондай-ақ Орталық Азия мен Ауғанстан үшін БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі Өңірлік орталығы желісі аясындағы жобаларды жүзеге асырудағы БҰҰДБ-ның маңызды рөлін атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар орнықты даму мен өңірлік тұрақтылықты қамтамасыз ету мүддесінде жан-жақты әріптестікті одан әрі тереңдетуге өзара бейілділігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1298690?lang=ru
Қазақстан мен Бенин өзара визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды 25.09.2026
Нью-Йорк, 2026 жылғы 24 қыркүйек – Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясының аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Бенин Республикасының Сыртқы істер министрі Корин Амори Брюне Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Бенин Республикасының Үкіметі арасындағы дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды.Құжат екі ел дипломатиялық және қызметтік паспорт иелерінің өзара сапарларын жеңілдетуге, сондай-ақ Қазақстан мен Бенин арасындағы саяси және сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі нығайтуға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1298594?lang=ru
Қазақстан мен Непал өзара визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды 25.09.2026
Нью-Йорк, 2026 жылғы 24 қыркүйек - Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясының аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Непал Сыртқы істер министрі Шисир Ханал Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Непал Үкіметі арасындағы дипломатиялық және қызметтік/ресми паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды.Құжат екі ел дипломатиялық және қызметтік/ресми паспорт иелерінің өзара сапарларын жеңілдетуге, сондай-ақ Қазақстан мен Непал арасындағы саяси және сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі нығайтуға бағытталған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1298597?lang=ru
Қазақстан мен Тимор-Лешти дипломатиялық қатынастар орнатты 25.09.2026
Нью-Йорк, 2026 жылғы 24 қыркүйек - БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің Тимор-Лешти Демократиялық Республикасының Сыртқы істер және ынтымақтастық министрі Бендиту душ Сантуш Фрейтаспен кездесуі өтті.Кездесу қорытындысы бойынша сыртқы саяси ведомстволардың басшылары екі ел арасында дипломатиялық қатынастар орнату туралы Бірлескен коммюникеге қол қойды.Тараптар саяси диалогты дамыту, сондай-ақ сауда-экономикалық, білім беру, мәдениет, туризм және ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.Қазақстан тарапы Тимор-Лештиді АСЕАН-ның 11-мүше мемлекеті ретінде ұйымға қосылуымен құттықтап, екіжақты негізде, сондай-ақ Қауымдастық аясындағы ынтымақтастық шеңберінде өзара іс-қимылды дамытуға дайын екенін білдірді.БҰҰ және басқа да көпжақты алаңдар шеңберіндегі, оның ішінде орнықты даму және климаттың өзгеруі мәселелері бойынша ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды.Тараптар тұрақты байланыстарды қолдауға және екіжақты қатынастарды дамыту жөніндегі жұмысты жалғастыруға дайын екендерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1298601?lang=ru
Қазақстан СІМ басшысы БҰҰ БА жоғары деңгейдегі аптасының екінші күні аясында бірқатар келіссөздер жүргізді 25.09.2026
Нью-Йорк, 23 қыркүйек — БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-ші сессиясының жоғары деңгейдегі аптасы іс-шараларына қатысудың екінші күнінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тлеуберді сыртқы саясат ведомстволарының басшыларымен және халықаралық ұйымдардың жетекшілерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.Канада Сыртқы істер министрі Анита Ананд, Иордания Хашимит Корольдігінің Премьер-министрінің орынбасары әрі Сыртқы істер министрі Айман Сафади, Армения Республикасының Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян, ЕҚЫҰ Бас хатшысы Феридун Синирлиоғлумен, сондай-ақ Халықаралық Қызыл Крест комитетінің (ХҚКК) Президенті Мирьяна Сполярич және Швейцарияның Федералды кеңесшісі, Сыртқы істер министрі Игнацио Кассиспен кездесулер өтті.Келіссөздер барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықты нығайту, саяси диалогты жандандыру және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. Қазақстан тарапы өзекті халықаралық күн тәртібінің барлық бағыттары бойынша серіктестермен сындарлы өзара іс-қимыл жасауға бейілділігін білдірді.Қазақстан көпжақты диалогты дамыту мен серіктестік байланыстарды нығайтуға ерекше мән бере отырып, БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-ші сессиясының іс-шараларына белсенді қатысуын жалғастыруда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1298547?lang=ru
Қазақстанның СІМ басшысы бейбітшілік пен қауіпсіздік жөніндегі жоғары деңгейдегі талқылауға қатысты 24.09.2026
Нью-Йорк, 2026 жылғы 23 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді БҰҰ Бас Ассамблеясының 81- сессиясы алаңында «Бейбітшілік уәдесін қайта растау: мүмкіндіктерді пайдалану» атты жоғары деңгейдегі талқылауға қатысты.Талқылау халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке төнген қазіргі сын-қатерлерге, сенімді нығайтуға және шиеленісті азайтуға, сондай-ақ қақтығыстардың алдын алу және шешу үшін БҰҰ құралдарының тиімділігін арттыруға бағытталған. Алдын алу дипломатиясына, медиацияға және БҰҰ мен басқа да халықаралық субъектілер арасындағы серіктестікті дамытуға ерекше назар аударылды.Талқылауға Кения Министрлер кабинетінің Премьер-хатшысы Мусалия Мудавади, Аустралия Премьер-министрі Энтони Албанез, Иордания Премьер-министрінің орынбасары және сыртқы істер және экспатрианттар істері жөніндегі министрі Айман Сафади, Исландия Премьер-министрі Криструн Фростадоттир және басқа да жоғары деңгейдегі үкімет өкілдері қатысты. Талқылауды Халықаралық дағдарыс тобының президенті және бас директоры Комфорт Ээро жүргізді. Қатысушылар БҰҰ-ның халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтаудағы рөлін нығайту және дауларды бейбіт жолмен шешудің қолданыстағы тетіктерін тиімдірек пайдалану мүмкіндіктері туралы пікір алмасты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1297715?lang=ru
ХГҚ жөніндегі жаһандық бастаманың құрылтайшы мемлекеттері Иорданиядағы конференцияға дайындықты талқылады 24.09.2026
Нью-Йорк, 2026 жылғы 23 қыркүйек – Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Халықаралық гуманитарлық құқыққа (ХГҚ) саяси бейілділікті нығайту жөніндегі жаһандық бастаманың құрылтайшы мемлекеттері – Қазақстан, Бразилия, Иордания, ҚХР, Франция және Оңтүстік Африка сыртқы саяси ведомстволары басшыларының Халықаралық Қызыл Крест Комитетінің (ХҚКК) Президенті с Президентом Международного Комитета Красного Креста (МККК) Мирьяна Споляричпен бірлескен кездесуіне қатысты.Қатысушылар 2026 жылғы 7 желтоқсанда Иорданияда өтетін «Соғыс жағдайындағы ізгілік» атты жоғары деңгейдегі конференцияға дайындықты талқылады. Басты назар Бастамаға халықаралық қолдауды кеңейтуге, Конференцияға өкілдікті қатысуды қамтамасыз етуге, құрылтайшы мемлекеттердің алдағы іс-қимылдарын үйлестіруге, сондай-ақ қорытынды саяси декларацияны әзірлеуге аударылды.Қазақстанның Сыртқы істер министрі халықаралық гуманитарлық құқық ешқандай таңдамалылықсыз және саясаттандырусыз – әмбебап, дәйекті әрі адал қолданылуы тиіс. Оның шынайы тиімділігі бейбіт тұрғындарды, медициналық және гуманитарлық персоналды қорғауды, өмірлік маңызы бар азаматтық инфрақұрылымның қауіпсіздігін және мұқтаж жандарға көмектің кедергісіз жеткізілуін қаншалықты қамтамасыз ететіндігімен айқындалатынын айтып өтті.СІМ басшысы Қазақстан диалог мәдениетін, дауларды бейбіт жолмен реттеуді және инклюзивті көпжақты ынтымақтастықты дәйекті түрде ілгерілетіп келе жатқанын әрі бұл Бастаманы қолданыстағы халықаралық міндеттемелерді іске асыруға жәрдемдесетін практикалық тетік ретінде қарастыратынын жеткізді.Кездесу қорытындысы бойынша құрылтайшы мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары мен ХҚКК Президенті баспасөзге арналған бірлескен мәлімдеме жасады. Тараптар халықаралық қоғамдастықты Бастамаға қосылуға, ХГҚ сақталуын нығайту жөніндегі күш-жігерді жандандыруға және Иорданиядағы Конференцияға жоғары деңгейде қатысуды қамтамасыз етуге шақырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1297686?lang=ru
АҚШ сарапшылары Қазақстандағы саяси реформалармен экономикалық жаңғыру үрдістерімен танысты 24.09.2026
Қазақстан Республикасы Президентінің Арнайы өкілі Ержан Қазыхан америкалық сарапшылық және іскерлік қауымдастық өкілдерімен кездесу өткізді. Іс-шараны ҚР-дың АҚШ-тағы Елшілігі «Atlantic Council» ой-талқы орталығымен бірлесіп ұйымдастырды.Талқылаудың негізгі тақырыбы Қазақстандағы саяси және экономикалық өзгерістер, сондай-ақ Қазақстан мен АҚШ арасындағы Кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту перспективалары болды.Е.Қазыхан елдің экономикалық жаңғыруының негізгі бағыттары, көлік және цифрлық инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ Қазақстанның жаһандық өндірістік тізбектерге неғұрлым терең интеграциялануы туралы баяндады. Осы тұрғыда АҚШ-пен энергетика, аса маңызды минералдар, жасанды интеллект және озық технологиялар салаларындағы ынтымақтастықтың перспективалары, сондай-ақ Орта дәлізді одан әрі дамыту мәселелері қарастырылды.Арнайы өкіл Қазақстанның әлемдегі ең ірі уран өндіруші және осы шикізатты америкалық нарыққа жеткізуші негізгі елдердің бірі ретінде АҚШ-пен бүкіл өндірістік тізбек бойынша, оның ішінде шикізатты өндіру мен өңдеуден бастап, қосылған құны жоғары өнім шығаруға, технологиялар трансферіне және өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға дейінгі ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылығын атап өтті.Елдегі саяси жаңғыру туралы айта келе, Е.Қазыхан Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасы аясында жүргізіліп жатқан институционалдық реформаларға, сондай-ақ жалпыұлттық референдум қорытындысы бойынша қабылданған жаңа Конституцияның негізгі ережелеріне тоқталды.Іс-шара қорытындысы бойынша сұрақ-жауап сессиясы өтіп, оның барысында қатысушылар Қазақстан-АҚШ ынтымақтастығының өзекті мәселелері мен өңірлік күн тәртібі бойынша пікір алмасты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1297650?lang=ru
Алматы облысында 30 мың тонна өнім сақтайтын агрокешен іске қосылды 24.09.2026
Алматы облысында ауыл шаруашылығы саласын дамытуға бағытталған ірі инвестициялық жоба іске қосылды. Еңбекшіқазақ ауданында бой көтерген «QazEcoDan» заманауи кешені дәнді және майлы дақылдарды қабылдау, тазарту, кептіру және сақтау процесін іске асырады. Қазірдің өзінде кешенде 30 мың тонна өнім сақтауға мүмкіндік бар.Өндірісте Германиядан жеткізілген технологиялық жабдықтар пайдаланылса, астық сақтауға арналған силостар Испаниядан әкелінген. Компания өкілдерінің айтуынша, бұл астықты тиімді кептіруге және өнім сапасын ұзақ мерзім бойы сақтауға мүмкіндік береді.Заманауи кешеннің ашылу салтанатына облыс әкімі, ауыл шаруашылығы саласының мамандары, ауыл тұрғындары мен ақсақалдар қатысты.Алматы облысының әкімі Шыңғыс Әрінов жаңа жобаның ауыл шаруашылығы мен аймақтың экспорттық әлеуетін арттырудағы маңызын атап өтті.«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы саласында өндіріс көлемін ұлғайтуға және инвестиция тартуға басымдық беріп келеді. Бүгін ашылған кәсіпорын осы міндеттерді жүйелі шешуге бағытталған. Ауданның аграрлық саласын дамытуға үлес қосқан инвесторлар мен жұмысшыларға ризашылығымды білдіремін. Жоба ел игілігіне қызмет етеді деп сенеміз», – деді Шыңғыс Сайранұлы.Кешеннің логистикалық мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында ұзындығы шамамен 3 шақырым болатын теміржол желісін салу жоспарланып отыр. Бұл астық тасымалын оңтайландырып, өнімді ішкі және сыртқы нарықтарға жедел жеткізуге мүмкіндік береді. Болашақта кешенде өңделіп, сақталған дәнді дақылдарды Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан және өзге де елдерге экспорттау жоспарлануда.Қазір мұнда 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Жобаның жалпы құны – 21 млрд теңге.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1297505?lang=ru