Enbekshi QazaQ

Экономика

Алматы облысында 7 ветеринариялық пункттің құрылысы жүргізілуде 15.10.2025
2025 жылы Алматы облысында ауыл шаруашылығы саласының инфрақұрылымын дамыту мақсатында 7 ветеринариялық пункттің құрылысы жоспарланған. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 147 миллион теңге бөлініп, қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.Бүгінгі күнге дейін 3 объектінің құрылысы толық аяқталып, пайдалануға берілді. Қалған 4 ветеринариялық пункттің құрылысы жалғасуда. Олар:• Еңбекшіқазақ ауданы – Малыбай ауылдық округі,• Қарасай ауданы – Әйтей ауылдық округі,• Жамбыл ауданы – Шолаққарғалы ауылдық округі.Ветеринариялық пункттер – жергілікті деңгейде жануарлар мен халықтың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ететін маңызды буын. Мұнда ветеринар мамандар аурулардың алдын алу, диагностика және емдеу, вакцинация жүргізу, сондай-ақ эпизоотиялық жағдайды бақылау жұмыстарын атқарады.Жаңа пункттердің іске қосылуы өңірдің эпизоотиялық тұрақтылығын сақтауға және мал өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1087000?lang=kk
Әлеуметтік тұрмысы төмен азаматтар мен халықтың осал топтарына көрсетілетін қолдау шаралары: 2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша нәтижелер 15.10.2025
Әлеуметтік қорғау органдары жұмысының маңызды бағыттарының бірі – әлеуметтік тұрмысы төмен азаматтарға көмек көрсету болып табылады. 2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) 1 677 отбасына тағайындалды (2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда АӘК алушылар саны 533 отбасына немесе 24,1%-ға азайған). Сондай-ақ, АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 2 119 балаға ай сайынғы қосымша төлемдер тағайындалды. Еңбекке қабілетті АӘК алушылардың ішінен жұмысқа мұқтаж 361 адам (100%) белсенді жұмыспен қамту шараларына тартылды.Сонымен қатар, аудандық және қалалық мәслихаттардың шешімдері негізінде мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына жергілікті бюджет есебінен әлеуметтік көмек көрсетілуде. Жалпы, әлеуметтік қолдау шараларымен 11 000-нан астам адам қамтылды. Оның ішінде: мүгедектігі бар адамдар, аз қамтылған отбасылар, әлеуметтік маңызы бар аурулары бар адамдар, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтар, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыстарға қатысқан ардагерлер, тыл еңбеккерлері және ҰОС ардагерлеріне теңестірілген азаматтар бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1086349?lang=kk
Қазақстан дипломатиялық корпусты адам құқықтары жөніндегі баяндамалардың нәтижелерімен таныстырды 15.10.2025
Астана, 2025 жылғы 14 қазан – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің Әмбебап мерзімді шолуы шеңберіндегі және Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакті бойынша еліміздің міндеттемелерін орындау туралы ұлттық баяндамаларды қарау нәтижелерін ұсынды. Іс-шараға 50-ден астам дипломатиялық өкілдіктер мен 12 халықаралық ұйымның өкілдері қатысты.Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Әділет вице-министрі Ботагөз Жакселекова мен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Көпжақты ынтымақтастық департаментінің директоры Дидар Теменов сөз сөйледі.Б.Жақселекова заңнамадағы және құқық қолдану практикасындағы кешенді өзгерістер енгізу, оның ішінде саяси партияларды тіркеу рәсімін жеңілдету; сайланбалы органдарда әйелдер, жастар және мүгедектер үшін 30% квота енгізу; Омбудсменнің өкілеттігін кеңейту және тәуелсіздігін нығайту; бейбіт жиналыстар туралы заң қабылдау; петициялар институтын іске қосу, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдату және азаптау мен адам саудасына қарсы шаралар қабылдау туралы хабардар етті.Д.Теменов БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің өкілдеріне Қазақстанның саяси және демократиялық реформаларын қолдағаны үшін алғысын білдіріп, БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитеті сарапшыларының елдің адам құқықтары туралы заңнамасындағы оң өзгерістер мен адам құқықтары институттарын жетілдіру шаралары туралы пікірін ерекше атап өтті. Сондай-ақ қазақстандық дипломат БҰҰ және ЕҚЫҰ-мен осы саладағы ынтымақтастықтың деңгейін жоғары бағалады.БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі міндетін атқарушы/Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының елдегі кеңсесінің директоры Скендер Сыла және Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің басшысы Алексей Рогов Қазақстанмен адам құқықтарын ілгерілету мен қорғауда одан әрі ынтымақтасуға дайын екендіктерін растады.Брифингке қатысушылар Қазақстанның баяндамаларды қорғау нәтижесінде алынған ұсынымдарды жүзеге асыру жөніндегі жоспарлары туралы ақпаратқа қызығушылық танытты және еліміздің халықаралық адам құқықтары тетіктерімен сындарлы диалогын жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.2025 жылғы 23 қаңтарда БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің Жаһандық мерзімді шолуы Жұмыс тобының 48-ші сессиясы барысында Қазақстанның адам құқықтары жөніндегі міндеттемелерін орындауы және алдыңғы шолудан алынған ұсынымдар туралы Төртінші мерзімді баяндамасы ұсынылды. Талқылауға 100-ден астам мемлекеттің делегациялары қатысып, демократиялық реформаларды жүзеге асыру бойынша қабылданып жатқан шараларды толық қолдайтынын білдіріп, Қазақстанда адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын нығайту бойынша нақты қадамдардың қабылдануын құптады.2025 жылғы 25 маусымда БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитетінің 144-сессиясы барысында Қазақстанның Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт бойынша өз міндеттемелерін орындауы туралы Үшінші кезеңдік баяндамасы ұсынылды. Баяндаманы қарау қорытындысы бойынша БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитетінің мүшелері сындарлы диалогты жоғары бағалап, Қазақстанның күш-жігерін жоғары бағалады, атап айтқанда, өлім жазасын жою, омбудсмен институты мен ұлттық алдын алу тетігін нығайту, гендерлік теңдікті ілгерілету және сот билігінің тәуелсіздігін нығайту шараларын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1086370?lang=kk
Ақтауда өткен халықаралық форумда Алматы облысы туризм көшбасшысы деп танылды 15.10.2025
Алматы облысы халықаралық туристік форумда екі беделді марапатқа ие болды.Ақтау қаласында 26 қыркүйекте өткен «Mangystau International Tourism Forum» аясында Алматы облысы бірден екі беделді марапатқа ие болып, Қазақстанның жетекші туристік бағыттарының бірі ретіндегі жоғары мәртебесін тағы бір мәрте дәлелдеді.Алғашқы марапат «ASP Арена» холдингінің бас директоры Олег Воронковқа туризмді дамытуға қосқан зор үлесі үшін табысталды. Ол Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрінің алғыс хатымен марапатталды. Бұл марапат оның көп жылғы еңбегі мен өңірдің туристік саласын ілгерілетуге қосқан белсенді еңбегінің жоғары бағалануы болды.Сонымен қатар, демалушылардың пікірлері мен тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша, Қонаев қаласындағы №5 жағажай еліміздегі ең үздік жағажай деп танылды. Мұндай жоғары баға жағажайдың инфрақұрылым сапасы, сервистік деңгейі және аумақтың абаттандырылуының нәтижесінде берілді. Бұл орын бүгінде өңір тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс аймағына айналып отыр.Алынған марапаттар өңірдің туризм саласындағы табысты саясатының айғағы болды. Алматы облысы инфрақұрылымды дамыту, туристерге қолайлы жағдай жасау және инвестициялық тартымдылықты арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді.Осылайша, Алматы облысы өзінің жоғары туристік әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеп, лайықты халықаралық мойындауға ие болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1085661?lang=kk
Алматы облысында тұрғын үй құрылысы жоспары 9 айда артығымен орындалды 15.10.2025
Ағымдағы жылдың қаңтар–қыркүйек айларының қорытындысы бойынша Алматы облысында 901,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл жоспарлы көрсеткіштің 115,8 пайызын (778,1 мың ш. м) және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 116 пайызды құрайды.2025 жылға облыс бойынша жалпы 960,0 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған, оның ішінде:бюджет қаражаты есебінен – 118,0 мың ш. м,коммерциялық тұрғын үй – 261,1 мың ш. м,жеке тұрғын үй құрылысы – 580,9 мың ш. м.Жалпы көлемнің ішінде бюджет қаражаты есебінен 7 несиелік тұрғын үй пайдалануға берілді:Жамбыл ауданында – 180 пәтер,Еңбекшіқазақ ауданында – 180 пәтер,Талғар ауданында – 72 пәтер.Аталған нысандардың жалпы ауданы 31,9 мың шаршы метрді құрады.Өңірде тұрғын үй құрылысы саласында тұрақты оң динамика байқалады. Негізгі басымдық жеке тұрғын үй құрылысына және кезекте тұрған азаматтарды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге берілуде.Тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарының артығымен орындалуы – азаматтарға жайлы өмір сүру жағдайларын жасауға бағытталған жүйелі және жоспарлы жұмыстың нәтижесі. Құрылыс сапасын арттыру, мерзімдердің сақталуын қамтамасыз ету және барлық рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету шаралары жалғасуда.Алматы облысы тұрғын үй құрылысы көлемі бойынша еліміздің жетекші өңірлерінің бірі болып табылады. 2025 жылға арналған жоспарлы көрсеткіштердің орындалуы оң динамиканы сақтауға және тұрғын үй құрылысы мен халықтың өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1085316?lang=kk
Мың түйеден құралған керуен Гиннестің рекордтар кітабына енді 15.10.2025
Алматы облысында бір өркешті мың түйеден құралған керуен ресми түрде Гиннестің рекордтар кітабына енді. Бір шақырым қашықтықты жүріп өткен керуен 20 қыркүйекте Іле ауданы, Күрті ауылдық округінің Ақши ауылында ұйымдастырылған болатын.Әлемдік жетістік сертификатын Гиннестің рекордтар кітабының өкілі Ричард-Уильям Стэннинг табыстады. Ол қазақстандық жобаның ерекшелігіне ерекше тоқталды: «Бұл – айрықша жағдай. Өзге елдерде мұндай керуендер әртүрлі адамдардың жануарларынан құралады – бірінде төрт түйе, екіншісінде екі түйе болады. Ал Қазақстанда мың түйенің бәрі бір адамның иелігінде. Бұл – рекордты шынымен де ерекше әрі бірегей етеді. Қазақстан мені таңғалдырды, енді бұл елге турист ретінде де келгім келеді», – деді ол.Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев те бұл оқиғаның ел үшін маңызын атап өтті: «Рекордтың ресми түрде мойындалуы – біздің ұлттық рухымыз бен мәдени мұрамызға көрсетілген үлкен құрмет. Мың түйеден құралған керуен халықты біріктіріп, қазақ дәстүрінің символына айналды», – деді аймақ басшысы.Идея авторы әрі керуен иесі, «Даулет-Бекет» ЖШС директоры Сыдық Даулетов жобаны дайындауға жарты жыл уақыт кеткенін айтты: «Түйе – еркіндікке үйренген жануар. Мың түйені бірге жинау оңай болған жоқ. Бірақ мақсат пен сенім болса, мүмкін емес дүние жоқ. Алдағы уақытта шұбат фестивалін өткізуді жоспарлап отырмыз. Халыққа осындай дәстүрімізді жаңғыртатын шаралар қажет», – деді ол.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1084793?lang=kk
Тереңкара өзенінің бойындағы жерлер рекультивацияланады: іс сотқа жолданды 15.10.2025
Алматы облысының Іле ауданында Тереңкара өзенінің арнасына құрылыс және тұрмыстық қалдықтар төгілу фактілері анықталды. Бұл жағдай жергілікті билік назарынан тыс қалмады. Ащыбұлақ ауылдық округі әкімдігі заң бұзушылықты жою және жерді қалпына келтіру (рекультивациялау) бойынша материалдарды сотқа жолдауға дайындық жүргізіп жатыр.Мәселе алғаш рет 2024 жылы Ащыбұлақ ауылдық округінің әкімі Бахтияр Қасымбектің бастамасымен көтерілген болатын. Ол өзен арнасына жасалған заңсыз әрекеттерге байланысты бірнеше рет бақылаушы және экологиялық мекемелерге ресми хаттар жолдаған. Әкімнің табандылығының арқасында жағдайға бірқатар мемлекеттік органдар назар аударып, экологиялық заң бұзушылықтарға ресми баға берілді.Тексеру барысында Түймебаев ауылындағы жер телімінің иесі аумақты өз бетінше тегістеп, өзеннің табиғи арнасын ішінара жауып тастағаны анықталды. Мұндай әрекеттер өзеннің тереңдігі мен ағысын өзгертеді, ал бұл өз кезегінде экожүйеге және жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігіне қауіп төндіреді.Ащыбұлақ округі әкімдігінің мәліметінше, жер иесі экологиялық нормаларды бұзғаны үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 2025 жылы Алматы облысы бойынша экология департаментінің тексерісі нәтижесінде оған 275 мың теңге көлемінде айыппұл салынып, заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілген. Алайда бұл талап әлі күнге дейін орындалмаған.Соған қарамастан, прокуратура ауыл әкімі Бахтияр Қасымбекке де әкімшілік айыппұл салған. Қадағалау органы оны уақтылы әрекет етпеді деп таныған. Әкімнің өзі бұл шешіммен келіспей, сотқа шағымдануға ниетті. Себебі дәл оның бастамасымен бұл мәселе алғаш көтеріліп, облыстық деңгейге жеткізілген.«Табиғи аумақтардың ластану фактілері назардан тыс қалмайды. Өзен арнасын қалпына келтіру және тәртіп орнату жұмыстары жалғасып жатыр. Әкімдік тарапынан бақылау күшейтіледі», – делінген Ащыбұлақ ауылдық округі әкімінің аппаратында.Қазіргі таңда барлық құжаттар Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясына, Экология департаментіне және Алматы облысы бойынша жер ресурстарын басқару департаментіне жолданған.Тереңкара өзені – Кіші Алматы өзенінің сол жақ саласы, ол Қапшағай су қоймасына құяды. Ащыбұлақ ауылдық округі аумағында өзеннің ұзындығы шамамен 17 шақырым, ал су қорғау аймағының ені – 120 метр. Экологтардың айтуынша, өзен арнасына кез келген араласу табиғи тепе-теңдікке айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1084815?lang=kk
Арқалықта ұлттық ат спорты ойындары басталды 15.10.2025
Арқалық қаласында Республика күніне орай «Ұлы дала дүбірі» атты ұлттық ат спорты ойындары басталды. Іс-шараның мақсаты – ата-бабалар мұрасын сақтау мен дәріптеу, ұлттық спорт түрлерін дамыту және жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу.Дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан бұл жарысқа Арқалық қаласы мен оған қарасты ауылдық округтердің төрт құрама командасы қатысуда. Ұйымдастыру жұмыстарына қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі қолдау көрсетуде.Салтанатты ашылу рәсімі мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетуден басталды. Қатысушылар мен көрермендер алдында қала әкімі Әмірхан Асанов сөз сөйлеп, жарыстың мәні мен маңызын атап өтті. Іс-шара барысында Арқалық қаласының құрметті азаматы, белгілі қолөнер шебері және тарихшы-өлкетанушы Шөптібай Байділдин жас спортшыларға бата берді.Ат спорты ойындары екі күнге жоспарланған. Бағдарламада көкпар, тай жарыс, құнан жарыс және аламан бәйге сынды ұлттық спорт түрлері қамтылған. Жарыс барысында көрермендер өңір шабандоздарының шеберлігін тамашалай алады.Арқалық қаласында ұлттық ат спорты сайыстары жыл сайын көктем және күз мезгілдерінде дәстүрлі түрде ұйымдастырылады. Бұл шаралар өңірде ұлттық спортты дамытуға және жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1084818?lang=kk
Нұрғиса Тілендиевтің туған ауылында еңселі стела орнатылды 15.10.2025
Ұлт руханиятының ұлы тұлғасы, Халық қаһарманы, әйгілі композитор, күйші әрі дирижер Нұрғиса Тілендиевтің кіндік қаны тамған ауылында демеушілердің қолдауымен еңселі стела бой көтерді. Архитектуралық тұрғыдан ерекше пішінге ие бұл ескерткіште қазақтың қасиетті домбырасы мен пәктік пен сұлулықтың символы саналатын аққу бейнеленген.Салтанатты ашылу рәсіміне Алматы облысы әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев қатысып, өңір тұрғындарына облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің құттықтауын және алғысын жеткізді. Шараға сондай-ақ ТҮРКСОЙ Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ерболат Тұрымбетов, ауыл тұрғындары мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Іс-шара соңында қатысушылар стела орнатылған алаңға ағаштар отырғызды.Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысында Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына орай ескерткіш пен мәдениет үйі ашылған болатын. Сондай-ақ өңірдің өнерпаздары мен қолөнер шеберлері ұлы композитордың мерейтойына арналған іс-шаралар аясында Пекин, Бішкек және Мәскеу қалаларында Қазақстан мәдениетін жоғары деңгейде таныстырды.Жалпы, Нұрғиса Тілендиевтің ЮНЕСКО көлемінде аталып жатқан 100 жылдық мерейтойы аясында жыл басынан бері республикалық және халықаралық деңгейдегі мәдени іс-шаралар жүйелі түрде ұйымдастырылып келеді.Ұлы тұлғаға тағзым – ұлт рухын ұлықтау!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1084665?lang=kk
Алматы облысында қайтарылған активтер есебінен жаңа медициналық нысан пайдалануға берілді 15.10.2025
Алматы облысы Іле ауданының Еңбек ауылында заманауи фельдшерлік-акушерлік пункттің (ФАП) құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Нысан «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында салынды және қаржыландыру мемлекетке қайтарылған активтер есебінен жүзеге асырылды.Жалпы ауданы 612 шаршы метрді құрайтын жаңа медициналық пункт Еңбек ауылының және Алатау қаласының іргелес аумақтарындағы 900-ге жуық тұрғынға қызмет көрсетеді. Мұнда фельдшер, акушер, санитар және күзетші жұмыс істейді. Ғимарат заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, науқастарды қабылдауға және медицина қызметкерлерінің жұмыс істеуіне барлық жағдай жасалған.Жаңа ФАП-тың ашылуы ауыл тұрғындарына уақытылы әрі сапалы алғашқы медициналық көмек алу мүмкіндігін кеңейтеді.Облыс әкімдігі таратқан ақпаратқа сәйкес, осындай жобалардың жүзеге асырылуы ауылдық жерлердегі медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттырып, алғашқы медико-санитарлық көмек жүйесін нығайтуға жол ашады.«Біз мемлекетке қайтарылған активтердің нақты нәтижесін көріп отырмыз. Бұл қаражаттар әлеуметтік маңызы бар жобаларға бағытталып жатыр. Еңбек ауылындағы жаңа ФАП – осының жарқын мысалы. Қайтарылған ресурстар халық игілігіне жұмсалып, жергілікті өмір сапасын арттыруға қызмет етуде», – деді Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев.Нысанның құрылысы Алматы облысының құрылыс басқармасының тапсырысы бойынша жүргізіліп, «АСК АуылҚұрылысы» ЖШС мердігер ұйымы тарапынан салынды.Аймақта мұндай бастамалар ауылдық инфрақұрылымды дамытуға және облыс тұрғындарына көрсетілетін медициналық қызмет сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам ретінде бағаланып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1084481?lang=kk
Қазақстан өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етуде азаматтық қоғамның рөлін күшейтуде 15.10.2025
Астана 2025 жылғы, 8 қазан – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде «Серіктестік арқылы бейбітшілік: Өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі азаматтық қоғамның рөлі» атты халықаралық конференция өтті.Іс-шараға мемлекеттік органдардың, дипломатиялық миссиялардың, халықаралық ұйымдардың, сондай-ақ Қазақстанның, Орталық Азия елдерінің, Еуропа мен Ұлыбританияның үкіметтік емес және зерттеу орталықтарының өкілдері қатысты.Форумның негізгі тақырыбы – қоғамдық тұрақтылықты нығайту, мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы серіктестікті дамыту және радикалданудың алдын алу мен экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық тәжірибемен алмасу болды.ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Станислав Василенко қоғамдық дипломатияның өңірлік тұрақтылық пен сенімді нығайтудағы стратегиялық маңызын атап өтті. Еліміз бейбітсүйгіш сыртқы саясатын дәйекті түрде жүзеге асырып, сондай-ақ, азаматтық институттар қауіпсіздіктің белсенді субъектісіне айналатын «қоғам дипломатиясы» моделін дамытып отырғанын атап өтті.Конференция барысында «Терроризмге қарсы комитет» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы және Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдары консорциумының жетекшісі Аманжол Уразбаев «Серіктестік арқылы бейбітшілік» жобасын іске асырудың нәтижелерін ұсынды. Ол құрылған Консорциум мемлекет, қоғам және сарапшылар біртұтас ерте әрекет ету және алдын алу жүйесі ретінде жұмыс істейтін азаматтық қауіпсіздік архитектурасының үлгісі болғанын атап өтті.Іс-шара аясында Қазақстанның ҮЕҰ консорциумы мен британдық «ConnectFutures» қоры арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, радикалдануға қарсы іс-қимыл, зерттеу және білім беру саласындағы өзара әрекеттестіктің жаңа кезеңі басталды.Конференция Қазақстанның өңірлік диалог пен бейбітшілік дипломатиясының орталығы ретіндегі жетекші рөлін растады. «Серіктестік арқылы бейбітшілік» жобасы мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылының тиімді үлгісі болып, бейбітшілік, сенім және тұрақтылықты нығайтуға үлес қосты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1084598?lang=kk
Алматы облысының колледжі «TurkicSkills» халықаралық кәсіби шеберлік чемпионатында үздік деп танылды 15.10.2025
2025 жылдың 4–9 қазан аралығында түркітілдес елдер арасында өткен алғашқы «TurkicSkills» халықаралық кәсіби шеберлік чемпионатында Алматы облысынан 20 маман қатысып, өңір намысын қорғады.Қатысушылар қатарында салалық сарапшылар, колледж директорлары мен орынбасарлары, педагогтар және өндірістік оқыту шеберлері болды. «TurkicSkills» чемпионаты техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі үздік тәжірибелер мен инновациялық тәсілдерді біріктіретін маңызды халықаралық алаң болып табылады. Шара барысында түркі елдерінің білім беру жүйелеріндегі жаңа үрдістер, әдістемелер және оқыту стандарттары таныстырылды.Чемпионат қорытындысы бойынша еліміздің 700 колледжі арасынан үздік деп танылған оқу орындары марапатталды. Солардың ішінде Алматы облысының Қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар колледжі «Үздік колледж» номинациясын иеленіп, өңірдің техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі көшбасшы оқу орындарының бірі екенін дәлелдеді.Аталған жетістік — облыс білім беру саласында инновациялық технологияларды енгізу, еңбек нарығының сұранысына сай мамандар даярлау және халықаралық деңгейде бәсекеге қабілеттілікті арттыру бағытында жүргізіліп отырған жүйелі жұмыстың нәтижесі.Сарапшылардың пікірінше, мұндай халықаралық чемпионаттар кәсіби білім сапасын жетілдіріп қана қоймай, жастардың жаңа кәсіптерге қызығушылығын арттырып, ел экономикасына үлес қосатын жоғары білікті кадрлар даярлауға серпін береді.Алдағы уақытта Алматы облысының білім беру жүйесі халықаралық ынтымақтастықты кеңейтіп, үздік тәжірибелер мен инновациялық тәсілдерді оқу процесіне енгізуді жалғастыратын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1083999?lang=kk
Қазақстан СІМ-де Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығымен өзара іс-қимылды нығайту мәселелері талқыланды 15.10.2025
Астана, 2025 жылғы 9 қазан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллиннің Есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығының жаңадан тағайындалған директоры Махмұд Хамидовпен кездесуі өтті.Тараптар одан әрі ынтымақтастықтың перспективаларын талқылап, есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес саласындағы өзара іс-қимылды нығайтуға мүдделілігін растады.Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы – 2009 жылы Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан мемлекеттерімен, БҰҰ Есірткі және қылмыс басқармасының қолдауымен құрылған, Алматы қаласында штаб-пәтері орналасқан халықаралық ұйым.Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығының негізгі міндеттеріне қатысушы мемлекеттердің есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимылдағы құзыретті органдарының күш-жігерін үйлестіру, келісілген бірлескен халықаралық операцияларды, оның ішінде бақыланатын жеткізілімдерді ұйымдастыруға, жүргізуге және үйлестіруге жәрдемдесу, трансшекаралық есірткі қылмысы бойынша ақпарат жинауды, сақтауды, қорғауды, талдауды және алмасуды қамтамасыз ету кіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1083867?lang=kk
Шонжыда жаңа цифрлық кеңсе ашылды 15.10.2025
Ұйғыр ауданында заманауи цифрлық халыққа қызмет көрсету орталығы пайдалануға берілді.Жаңа кеңсе 600-ден астам мемлекеттік қызмет түрін ұсынады. Бұған дейін аудан тұрғындары құжат рәсімдеу үшін көрші аудандарға баруға мәжбүр болса, енді барлық қажетті қызметтер бір жерден қолжетімді болып отыр.Аудан тұрғыны Селимам Варисова жаңа кеңсенің ашылуы тұрғындар үшін үлкен жеңілдік болғанын айтады: «Бұрынғы орталық ескі, тар әрі суық болатын. Қазір кеңсе кең, жарық, өте ыңғайлы. Бір апта бұрын паспортқа өтініш берген едім, дәл бүгін дайын болыпты. Ресми ашылу күніне тап келгеніме қуаныштымын», – дейді ол.Жаңа кеңседе қызмет көрсету процесі бірнеше функционалды аймаққа бөлінген. Мұнда АХАЖ бөлімі, жер кадастры, зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерге қатысты қызметтер, сондай-ақ басқа да мемлекеттік бөлімдер орналасқан.Бұл жүйе келушілер ағынын тиімді реттеуге, қызмет көрсету уақытын қысқартуға және кезек күтуді азайтуға мүмкіндік береді.Ұйғыр ауданының әкімі Бота Елеусізова бұл нысанның ашылуын өңірдің цифрлық даму бағытымен тікелей байланыстырады: «Президентіміздің цифрландыру бағытында берген тапсырмасының бірден-бір көрінісі – осы орталық. Барлық қызмет интернет желісімен толық қамтылған. Келешекте музей салу жоспарда бар. Сондай-ақ кезең-кезеңімен тұрғын үйлер де салынып жатыр», – деді әкім.Аудан тұрғындары үшін бұл жаңа кеңсе маңызды әлеуметтік жобалардың бірі болып отыр. Бұрын күрделі құжат рәсімдеу үшін Еңбекшіқазақ ауданына баруға тура келетін. Енді негізгі қызметтердің барлығы өз ауданында көрсетілмек.Жаңа ғимараттың жалпы ауданы 2000 шаршы метрді құрайды. Құрылысына 1 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсалған. Кеңсе заманауи талаптарға сай жабдықталып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасалған.Жаңа цифрлық кеңсе – Ұйғыр ауданы тұрғындарының өмір сапасын арттыруға, мемлекеттік қызметтерді ашық әрі тиімді ұсынуға бағытталған тағы бір нақты қадам.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1083871?lang=kk
Алматы облысының әкімі Алатау қаласының тұрғындарымен кездесті 15.10.2025
Бүгін 2025 жылдың 9 қазанында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Алатау қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді. Іс-шараға қала тұрғындары, облыстық мәслихаттың төрағасы, басқарма басшылары, құқық қорғау органдарының өкілдері, жергілікті атқарушы органдар мен қоғамдық ұйымдардың төрағалары және мүшелері қатысты.Кездесу барысында облыс басшысы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму барысына тоқталып, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар жайында баяндады. Баяндамадан кейін Марат Елеусізұлы азаматтардың сұрақтарына жауап беріп, олардың өтініш-тілектерін тыңдады.  2 сағаттан аса уақытқа созылған жиында жалпы саны – 17-ге жуық мәселе бойынша талап-тілек пен өтініштер қаралды. Облыс әкімі жауапты басқармалармен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесе, сұрақтардың жауабын қарастырып, тиісті мекемелерге бірқатар шешімдер ұсынып, тапсырмалар берді. Көтерілген мәселелер: жол, көше жарығы, жер, баспана, жол белгілері мен бағдаршамның жоқтығы жайлы болды. Сонымен қатар, тұрғындар қалаға мәдениет үйі мен жастарға арналған спорт кешенін салып беруді сұрады. Одан бөлек Алатау қаласының құрылуымен байланысты туындаған спецификалық мәселелер де айтылды.Атап өтсек, бұрынғы Жетіген қазіргі Алатау қаласында қырық жылдан аса уақыт тұрып келе жатқан қала тұрғыны Құралай Малдыбаева жол мәселесін көтерді. Оның айтуынша, әр жылы жолдың жартысы ғана салынады екен, сондықтан облыс басшысынан қала бойынша толықтай қашан жол төселетіні жайлы сұрады.Бұл сұраққа Алатау қаласының әкімі Аркен Утенов жауап берді. «Жолды салу үшін бірінші қаражат керек, сосын жоба керек. Бүгінгі күні Алатау қаласының 102 көшенің жобалық сметалық құжаттамасы дайындалып, мемлекеттік сараптамада қаралып жатыр. Жыл соңына дейін сараптамадан шықса, келесі жылы қаражаттың бөлінуіне қарай қалған көшелерге жол төселеді», - деді ол.Сонымен қатар, тұрғын қала болғалы жағдайдың біршама жақсарғанын да жасырмады. Мысалы, бұрын инфрақұрылым тұрмақ, ұялы байланыстан да мақұрым болғандарын алға тартты. Қазіргі уақытта, бұл мәселе өз шешімін тауыпты.Тағы бір көтерілген мәселе, жер мәселесі болды. Бұл жолы тұрғындардың атынан олардың заңгер кеңесшісі Махаббат Тұрысбекқызы сауал жолдады. Оның айтуынша, Алатау қаласы құрылмай тұрып 35 тұрғын Іле ауданының аумағынан жеке шаруашылығын жүргізуге әкімдіктен жер алған. Бірақ құжаттарын рәсімдеп үлгермеген. Соған облыстың деңгейде көмек көрсетуді сұрады.Өз кезегінде Марат Елеусізұлы қала болған соң, шаруашылық жер деген болмайтынын сондықтан құжаттардың негізі мен заңдылығын тексеру қажет екенін айтты. Сондықтан, Алматы облысының жер қатынастары басқармасының басшысы Аманжол Абдрахмановқа мәселені қолға алуды тапсырды.Ал мәдениет үйі мен спорт кешеніне келсек, олардың жобасы дайын және қазіргі уақытта мемлекеттік сараптамадан өтіп жатқанын айтты. Сараптамадан сәтті өтсе, келесі жылы конкурсқа өтінім береміз деп халықты жақсы жаңалықпен қуантты.Сонымен қатар, Жаңаарна ауылының тұрғыны тас жолдың бойында адам жүрер жолдың жоқтығын, сол себепті көпір немесе жерасты жолын салып беруді сұрады. Бұл сұраққа қала әкімі Аркен Хамитұлы жобаның дайын және жақын арада көпір салынады деп жауап берді.Жиында баспана мәселесіне қатысты жеке сауалдарын да көтерген әлеуметтік осал топтар санатына жататын тұрғындар да болды. Оларға облыс әкімі үйдің тек кезекпен берілетінін жеткізді.Кездесу соңында Марат Сұлтанғазиев бүгінгі күнге дейін қала мен облыстың күшімен біраз жұмыстардың атқарылғанын және алдағы уақытта арнайы заң қабылданған соң барлық сұрақтар республикалық деңгейде шешілетініне сенімді екенін айтты. Бұл жылдар бойы жиналған мәселелердің жылдам қаралуына ықпал етеді деген үмітте екенін де жасырмады. «Құрметті Алатау қаласының тұрғындары біраз сұрақты талқыладық, біраз жұмыстар жасалды. Қаланың бюджеті үш есе артты. Қазіргі уақытта, атқарылып жатқан жұмыстарға өзіміздің күшімізбен жеттік. Енді заң шыққан соң қаржыландыру тез шешілетін болады. Бұл үшін арнайы қор да құрылады, инвесторлар саны артады. Сол кезде коммерциялық жобалардан бөлек, әлеуметтік жобаларды да енгізуге тырысамыз. Алдағы уақытта, өндіріс ошақтары салынса, жұмысшы мамандықтарға сұраныс артады. Сондықтан жастарды жұмысқа баулиық. Әрине мәселелер де бар оның барлығы бірте-бірте кезең-кезеңімен шешілетін болады. Бүгінгі кездесуден біраз мағлұмат алдық енді сол бағытта жұмыс істейтін боламыз», - деді облыс әкімі.Әкім тұрғындардың әрбір сұрағы назардан тыс қалмайтынын айтып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.Айта кетейік, кездесу ашық форматта өтті және бастан-аяқ тікелей эфирде жүріп отырды. Яғни қаланың кез келген тұрғыны келіп қатысып, өзінің сұрағын облыс әкіміне қоюға құқылы болды. Ал кездесуге келе алмағанда сауалдарын тікелей эфир арқылы жолдады. Кей тұрғындар күйбең тіршілікпен облыс әкімінің қабылдауына жете алмай жүргендерін айтып, өңір басшысының өзі келгеніне ризашылықтарын да білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1083876?lang=kk
Алматы облысында «Таза Қазақстан» аясында 200 келіден астам жиде тұқымы жиналды 15.10.2025
Алматы облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жиде мен Шренк шыршасының тұқымын жинау апталығы басталды. Шараның негізгі мақсаты – орман қорын толықтыру, табиғи тұқым қорын қалыптастыру және жастардың экологиялық мәдениетін арттыру.7 қазанда Бақанас орман шаруашылығында өткен іс-шараға орманшылармен қатар колледж студенттері мен мектеп оқушылары қатысты. Нәтижесінде бір күн ішінде 200 келіден астам жиде тұқымы жиналды.Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметінше, биыл өңірде шамамен 1,5 тонна жиде мен Шренк шыршасының тұқымын жинау жоспарланған. «Әрбір жиналған тұқым – ертеңгі жасыл орманның бастауы. Бұл – өңірдің экологиялық әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды қадам», – деп атап өтті басқарма басшысы Қанат Нүсіпбаев.Жиналған тұқымдар көктемде облыстық орман тұқымбақтарына жеткізіліп, көшеттерге айналдырылмақ. Кейін олар орман қоры жерлеріне отырғызылып, өңірдің жасыл аймағын кеңейтуге қызмет етеді.2021 жылдан бері Алматы облысында 17,4 мың гектар аумаққа 38,3 миллион ағаш отырғызылды. Бұл – Мемлекет басшысының 2 миллиард ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасын орындаудағы өңірдің нақты үлесі саналадыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1083915?lang=kk
Балқаш ауданында газ қолжетімді бола түсті 15.10.2025
Балқаш ауданындағы елдімекендер жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен көгілдір отынға қол жеткізіп келеді. Жыл соңына дейін Бақанас ауылындағы жаңа шағынаудан мен Ақжар ауылында газ құбырын орнату жұмыстары толық аяқталмақ.– 2019 жылдан бері Балқаш ауданында газбен қамту ісі жүйелі түрде жүргізіліп келеді. 2023 жылы Миялы, Бақбақты, Бірлік, Бақанас, Ақдала және Бояулы ауылдарындағы 1500 тұрғын үйге газ берілді. Қазіргі таңда тұрғындар көгілдір отынның игілігін көруде. Биыл «ТурГаз» ЖШС-мен Ақжар ауылына газ тарту үшін 809 миллион теңгеге келісімшарт жасалды. Сондай-ақ, Бақанас ауылындағы жаңа ықшамауданды газбен қамтамасыз етуге 414 миллион теңге бөлінген. Жыл соңына дейін осы екі жоба толығымен аяқталады. Сонымен қатар, Береке ауылына газ құбырын тарту үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, 1 миллиард 199 миллион теңгеге мердігермен келісімшарт жасалды. Бұл жоба келесі жылға жоспарланған. Бұған қоса, Бура, Үшжарма және Ақкөл ауылдарын газбен қамту 2026–2027 жылдарға арналған бюджет жоспарына енгізілді. Осылайша, 2027 жылға дейін аудандағы 20 елдімекеннің 11-і, яғни 55 пайызы газ желісіне қосылады. Қалған ауылдар 2030 жылға дейінгі бас жоспарға енгізілген, – деді Балқаш ауданының әкімі Азат Құтпанбетов.Бақанас ауылының тұрғыны, көпбалалы ана Үміт Байдабекова газ желісіне былтыр қосылғанын айтты.– Бұған дейін жыл сайын 4–5 тонна көмір жағып, қатты отын дайындау үлкен шығын мен күшті талап ететін. Қазір үйіміз жылы, балалар да қауіпсіз. Газ қосылған соң тұрмысымыз жеңілдеді, – деді ол.Ал Ақжар ауылының тұрғыны Гүлмария Шопанбаева: – Қазір үйлерімізді пеш жағу арқылы жылытып отырмыз. Бір тонна көмірдің бағасы 35–40 мың теңге тұрады. Бұл – едәуір шығын. Газ құбыры орнату жұмыстары аяқталып, көгілдір отынға тезірек қол жеткізсек деген үміттеміз, – дейді ауыл тұрғыны.Бүгінгі таңда Ақжар ауылында жоғары қысымды 5397 метр, орташа қысымды 1127 метр және төмен қысымды 6715 метр газ құбыры тартылып, 46 үйге газ есептеуіш орнатылған. Құрылыс жұмыстары жалғасуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1083949?lang=kk
Қазақстан Елшісі Ирак Президентіне сенім грамоталарын тапсырды 14.10.2025
Бағдад, 2025 жылғы 8 қазан – Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Елшісі Талғат Шалданбайдың еліміздің Ирактағы Елшісі қызметін қоса атқарушы ретінде Ирак Республикасының Президенті Әбдел Латиф Жамал Рашидке сенім грамоталарын тапсыру салтанатты рәсімі өтті.Салтанатты рәсімнің соңында тараптар Қазақстан мен Ирак арасындағы қатынастарды нығайтуға қатысты өзекті мәселелерді талқылады.Елші Т.Шалданбай Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәлемі мен ізгі тілектерін жеткізіп, еліміздің екіжақты ынтымақтастықты әрі қарай тереңдетуге бейілділігін растады.Өз кезегінде, Ирак Президенті екі ел арасындағы достық байланыстарды нығайтуға ниетін білдіріп, Елшіге дипломатиялық қызметінде табыс тіледі.Сенім грамоталарын тапсыру қарсаңында қазақ дипломаты Ирак Премьер-Министрінің орынбасары-Сыртқы істер министрі Фуад Хусейнмен кездесті. Оның барысында ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі нақты қадамдар талқыланып, саяси диалогты дамытудың, сондай-ақ сауда-экономикалық және гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылды нығайтудың маңыздылығы аталып өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1083827?lang=kk
Астанада Францияның «Ellipse Group» компаниясының өкілдерімен кездесу өтті 14.10.2025
Астана, 2025 жылғы 2 қазан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров және «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Мадияр Сұлтанбек Францияның «Ellipse Group» компаниясының халықаралық даму жөніндегі директоры Анастасия Колосимомен кездесу өткізді.Келіссөздер барысында тараптар денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықтың перспективаларын, оның ішінде заманауи перинаталдық орталықтарды салу және жабдықтау, сондай-ақ жеке медициналық мекемелерді дамыту мәселелерін талқылады.Кездесу барысында Ә.Қуантыров Қазақстанның заманауи медициналық инфрақұрылымды дамытуға ерекше мән беретінін және ірі жобаларды іске асыруда озық технологиялар мен тәжірибесі бар халықаралық компаниялармен серіктестікке ашық екенін атап өтті.Өз кезегінде бұған дейін Франция Президенті Эммануэль Макронның халықаралық стратегия және коммуникациялар жөніндегі кеңесшісі қызметін атқарған А.Колосимо компанияның Қазақстандағы қатысу аясын кеңейтуге мүдделі екенін білдірді. Ол «Ellipse Group» Қазақстанды тұрақты экономикалық өсімі мен қолайлы инвестициялық ахуалы бар сенімді серіктес ретінде қарастыратынын атап өтті.Ellipse Group энергетика, денсаулық сақтау, цифрлық технологиялар және азаматтық құрылыс салаларындағы стратегиялық инфрақұрылымдық нысандарды қаржыландыру және «кілтпен тапсыру» қағидаты бойынша салуға маманданған. Компания Еуропа, Азия және Африка елдерінде жобаларды жүзеге асырып, ЕО-ның жетекші экспорттық-кредиттік агенттіктері мен банктерімен ынтымақтасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1082939?lang=kk
Қазақстан мен Израиль СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті 14.10.2025
Астана, 2025 жылғы 8 қазан – Израиль тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Израиль Мемлекетінің Сыртқы істер министрі Гидеон Саармен телефон арқылы сөйлесті.Г.Саар әріптесін жаңа лауазымға тағайындалуымен құттықтап, жауапты қызметіне сәттілік тіледі.ҚР СІМ басшысы алғысын айтып, екі ел арасындағы өзара тиімді қарым-қатынастарды жан-жақты дамытуға дайын екенін растады.Сұхбат барысында өзара биік және жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселелері талқыланды. Сонымен бірге тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1083130?lang=kk