Экономика
Су үнемдеу технологиялары кеңінен енгізілуде 21.10.2025
Бүгінде Алматы облысында 24,4 мың гектар жерге тамшылатып және жаңбырлатып суару жүйелері орнатылған. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 31,6 мың гектарға жеткізіледі. Нәтижесінде суды пайдалану тиімділігі 25 пайызға артады.Су үнемдеу технологиялары Еңбекшіқазақ, Кеген және Талғар аудандарында белсенді енгізілуде. Мамандардың айтуынша, мұндай жүйелер суды 30–40 пайызға үнемдеп, өнімділікті арттырады.«Су ресурстарын тиімді пайдалану — басты міндет. Мемлекеттік субсидиялар мен оқыту бағдарламаларының арқасында фермерлер су үнемдеуді тұрақты тәжірибеге айналдырып келеді», — деді басқарма басшысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1090061?lang=kk
Қазақстан мен Люксембург саяси және экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге ниетті екенін растады 20.10.2025
Люксембург, 2025 жылғы 20 қазан – Люксембург Ұлы Герцогтігіне жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Люксембург Сыртқы және еуропалық істер министрлігінің Бас хатшысы Жан Олинжемен келіссөздер жүргізді.Тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылап, саяси диалогты дамытуға, сондай-ақ экономикалық және мәдени салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аударды.Ерекше көңіл Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Люксембург Премьер-министрі Люк Фриденнің 2025 жылғы 23 қыркүйекте Нью-Йоркте өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясы аясындағы кездесуі барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселелеріне бөлінді. А. Исетов бұл кездесудің екіжақты қатынастарға жаңа серпін бергенін және ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүмкіндік ашқанын атап өтті.Министрдің орынбасары Қазақстан мен Еуропалық одақтың Кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойғанына 10 жыл толғанын ескере отырып, Люксембургті Еуроодақтағы маңызды серіктес ретінде қарастыратынын атап өтті. Екі ел арасындағы өзара іс-қимыл әлеуеті жасыл технологиялар, цифрландыру, жаңартылатын энергия, фармацевтика және ауыл шаруашылығы сияқты бағыттарды қамтиды.Өз кезегінде Ж. Олинже Қазақстанның өңірлік тұрақтылықты нығайтудағы күш-жігерін жоғары бағалап, Люксембургтің елімізді Орталық Азиядағы сенімді серіктес ретінде қарастыратынын атап өтті. Ол ЕО мен халықаралық ұйымдар, соның ішінде БҰҰ аясындағы өзара іс-қимылды жалғастыруға, сондай-ақ экономикалық және гуманитарлық байланыстарды кеңейтуге бағытталған бірлескен бастамаларды қолдауға дайын екенін білдірді.Келіссөздердің қорытындысы бойынша тараптар саяси диалогты одан әрі дамытуға, сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыруға және екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы байланыстарды нығайтуға өзара мүдделілік бар екенін растады.Анықтама: 2025 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстан мен Люксембург арасындағы тауар айналымы 13,6 млн АҚШ долларын құрады, негізінен Люксембургтен импорт есебінен. 2024 жылы тауар айналымы 19,54 млн доллар құрады (экспорт – 36,5 мың, импорт – 19,5 млн). 2024 жылы Люксембургтен Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялар жалпы ағыны 520,5 млн долл., ал 2023 жылы – 424,5 млн долл. құрады. 2005 жылдан 2025 жылдың екінші тоқсанына дейінгі кезеңде инвестициялардың жалпы көлемі 3,5 млрд доллар құрады. Қазақстанда люксембургтік капиталдың қатысуымен 68 кәсіпорын жұмыс істейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1089545?lang=kk
ЕИБ Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін растайды 20.10.2025
Люксембург, 2025 жылғы 20 қазан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Еуропалық инвестициялық банктің (ЕИБ) Бас директоры Эндрю МакДауэллмен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Еуропалық инвестициялық банк арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен оны кеңейту келешегін, соның ішінде бірлескен инфрақұрылымдық, энергетикалық және цифрлық жобаларды талқылап, сыни шикізат материалдары саласындағы қазақстандық-еуропалық стратегиялық серіктестікті іске асыру мәселелерін талқылады.Атап айтқанда, тараптар Транскаспий халықаралық көлік бағытын («Орта дәлізді») дамыту жөніндегі бірлескен бастамаларды, соның ішінде ЕИБ және Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан үкіметтері, сондай-ақ Қазақстанның Даму банкі арасында жасалған 1,47 млрд еуро көлеміндегі өзара түсіністік туралы меморандумның іске асырылу барысын қарастырды.Таза энергетика және сыни шикізат салаларындағы ынтымақтастыққа аса назар аударылды. А.Исетов 2025 жылғы 9-10 қазанда Брюссельде өткен «Global Gateway» форумының аясында Қазақстан Энергетика министрлігі мен Еуропалық инвестициялық банк арасында «Қамбар ата-1» су электр станциясы жобасы бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылғанын құптады.Сондай-ақ 2025-2026 жылдарға арналған Қазақстан – Еуропалық Одақ арасындағы сыни шикізат материалдары жөніндегі бірлескен жол картасын іске асыру шеңберінде Еуропалық инвестициялық банктің қазақстандық «Sarytogan Graphite» және «ЖезқазғанРедМет» компанияларымен келіссөздерінің ілгерілеуі аталып өтті.Сонымен қатар цифрландыру және инновациялар саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды. Қазақстан «Alem.AI» халықаралық орталығын құруды және кедендік-логистикалық қызметтерді автоматтандыруға бағытталған ұлттық «Smart Cargo» цифрлық платформасын қоса алғанда жасанды интеллектті дамыту жөніндегі бастамаларын таныстырды.Осы тұрғыда қазақ тарапы Еуропалық инвестициялық банкке цифрлық жобаларды қолдағаны үшін ризашылығын білдірді, оның ішінде банктың Люксембургтік «SES» компаниясымен бірлесіп Қазақстанның 600-ден астам ауылдық елді мекенін интернет желісіне қосу жөніндегі бастаманы қаржыландыруға қатысуын атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және өңірдің орнықтылығын, энергетикалық және көлік өзара байланысын арттыруға бағытталған нақты инвестициялық жобаларды іске асыруға өзара мүдделілік білдірілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1089470?lang=kk
Алматы облысындағы құрылыс қарқыны артуда 20.10.2025
Жұмыс сапары аясында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Талғар, Қарасай және Іле аудандарында болып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысымен және инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылуымен танысты. Өңір қызметінің басым бағыттарының бірі – құрылыс саласын дамыту және тұрғындарды қолжетімді әрі жайлы баспанамен қамтамасыз ету болып табылады.Облыстың барлық аудандарында тұрғын үй құрылысы қарқынды дамып келеді. 2025 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша құрылыс саласындағы жұмыс көлемі 21,1%-ға артқан. Бұл көрсеткіш өңірде инфрақұрылымдық бағдарламалардың белсенді орындалып жатқанын және инвестициялық белсенділіктің жоғары деңгейін көрсетеді. Соңғы үш жылда Алматы облысында 177 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Ірі құрылыс жобалары Қонаев қаласында, сондай-ақ Іле, Қарасай және Талғар аудандарында жүзеге асырылуда.Мәселен, Қонаев қаласында инженерлік инфрақұрылыммен толық қамтылған жаңа шағын аудандар салынды. Іле ауданында шамамен 600 отбасы жаңа пәтерлерге қоныстанды. Сонымен қатар, Қарасай мен Талғар аудандарында тұрғын үй, әлеуметтік және коммерциялық нысандардың құрылысы жүргізілуде.Әлеуметтік жағынан осал азаматтарды баспанамен қамту мәселесіне де ерекше көңіл бөлінуде. Соңғы жылдары бұл санаттағы азаматтарға 235 пәтер берілді, жұмыс бұл бағытта жалғасуда.Жұмыс сапары барысында Марат Сұлтанғазиев Іле ауданында салынып жатқан ZERGER тұрғын үй кешенінің құрылыс барысымен танысты. «Монолит» компаниялар тобы жүзеге асырып жатқан бұл жоба өңірдегі ең ірі құрылыс жобаларының бірі болып табылады. Кешен құрамына 46 үй және 1372 пәтер кіреді, құрылыста шамамен 250 маман еңбек етуде.Тұрғын үй кешені заманауи технологиялар мен сапалы материалдарды пайдалану арқылы, барлық нормативтік талаптарға сай салынуда. Аумақта демалыс аймақтары, 360 метрлік жаяу және жүгіру аллеясы, автотұрақ және бейнебақылау жүйесі қарастырылған. Мұндай жобалар тұрғындарға жайлы әрі қауіпсіз өмір сүру ортасын қалыптастырып, құрылыс саласының дамуына және жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал етеді.Айта кету керек, «Монолит» компаниялар тобы әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын белсенді түрде жүзеге асырып келеді және өңірдің дамуына өз үлесін қосуда. Өткен жылы компания өз қаражаты есебінен олимпиада жүлдегері мен оның жаттықтырушысына екі жаңа пәтер сыйға тартты.Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету – Алматы облысы әкімдігінің басты әлеуметтік басымдықтарының бірі. 2025 жылы өңірде 960 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған, оның 901,5 мың шаршы метрі немесе 93,9% пайдалануға берілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 116% артық көрсеткішті құрап, өңірдің құрылыс саласының тұрақты дамып келе жатқанын дәлелдейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1089311?lang=kk
Министрдің бірінші орынбасары Astana Think Tank Forum 2025 жұмысына қатысты 19.10.2025
Астана, 2025 жылғы 15 қазан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев «Поляризациядан серіктестікке: халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру» тақырыбында өткен Astana Think Tank Forum 2025 (ATTF) жұмысына қатысты.«Жол тоғысындағы көпжақтылық: бөлінген әлемде жаһандық басқаруды реформалау» атты бірінші сессияда сөйлеген сөзінде Е.Ашықбаев халықаралық поляризацияның күшеюі жағдайында «сындарлы консенсус» құру және көпжақтылықты нығайту қажеттігін атап өтіп, тұрақтылықты, бейбітшілікті және тұрақты дамуды қолдаудағы «орта державалар» рөлінің артып келе жатқанын атап өтті.Ол сондай-ақ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін реформалаудың, аймақтық ынтымақтастық форматтарын нығайтудың және жасанды интеллектті реттеуге жауапкершілікпен қарауға ықпал етудің маңыздылығына тоқталды. Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу және Орталық Азиядағы трансконтиненталдық байланысты нығайту жөніндегі күш-жігеріне ерекше назар аударды.Осы тұрғыда Е.Ашықбаев Қазақстан Еуразия аясындағы өзара тиімді байланыстарды дамытуға және Орталық Азия елдері мен олардың сыртқы серіктестері арасында мүдделер синергиясын құруға негізделген аймақтың одан әрі дамуының пайымдауын дәйекті түрде нығайтуда екенін атап өтті.ATTF халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылауға арналған беделді сараптама алаңы болып табылады. Астанада үшінші рет өткізіліп отырған форум 20 елден 40-қа жуық халықаралық сарапшылардың, жетекші сараптама орталықтарының басшыларының, зерттеушілердің басын қосты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1089071?lang=kk
Астанада БҰҰ-ның 80 жылдығы аталып өтті 18.10.2025
Астана, 2025 жылғы 17 қазан – Біріккен Ұлттар Ұйымы күні мен оның 80 жылдығына орай Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық-драма театрында салтанатты концерт өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстандағы БҰҰ Елдік тобымен бірлесіп ұйымдастырды.Кешке мемлекеттік органдардың, дипломатиялық корпус пен халықаралық ұйымдардың өкілдері, азаматтық қоғам мен жастар қауымы қатысты.Өз сөзінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев Қазақстанның БҰҰ Жарғысына деген берік бейілділігін және оның халықаралық бейбітшілікті, қауіпсіздікті және тұрақты дамуды сақтаудағы орталық рөлін ерекше атап өтті.Ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясындағы сөзінде Біріккен Ұлттар Ұйымының жаһандық сын-қатерлерге қарсы тұру және халықаралық ынтымақтастықты нығайту ісіндегі шешуші рөлін атап өткенін еске салды.Е.Ашықбаев Қазақстанда БҰҰ жүйесіне кіретін 27 агенттік пен мекеме жұмыс істейтінін және Алматыдағы БҰҰ Орталық Азия мен Ауғанстан бойынша Орнықты даму жөніндегі өңірлік орталығының маңыздылығын атап өтті.Өз кезегінде Қазақстандағы БҰҰ-ның Тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднарагча бейбітшілік, орнықты даму және адам қадір-қасиеті жолындағы бірлескен күш-жігердің маңыздылығын атап өтіп, БҰҰ мен Қазақстан арасындағы серіктестіктің жоғары деңгейін және 2030 жылға дейінгі Орнықты даму күн тәртібін іске асырудағы нәтижелі ынтымақтастықты ерекше айтты.Дирижёр Ернар Нұртазиннің жетекшілігімен Еркеғали Рахмадиев атындағы академиялық симфониялық оркестрдің өнер көрсетуі кештің ерекшелігі болды. Классикалық және заманауи шығармалардан құралған музыкалық бағдарлама көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.Іс-шара аясында, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымының 80 жылдығына арналған «Қазпошта» АҚ-пен бірлесіп шығарылған UN80 мерейтойлық пошта маркасының тұсаукесері өтті. Марка бірлік, ынтымақтастық және орнықты даму құндылықтарына бейілділікті бейнелейді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1089016?lang=kk
Туризмді дамыту және мәдени мұраны сақтау 18.10.2025
Бүгінгі таңда туризм саласы – экономиканың сауда, қоғамдық тамақтандыру және қонақүй қызметі сияқты өзге де салаларының дамуына тікелей ықпал ететін, болашағы зор бағыттардың бірі болып табылады.Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша орналастыру орындары ұсынған қызметтердің көлемі 2,0 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 33,2%-ға артты.Облысқа келген қазақстандық туристердің саны 121,9 мың адамды құрады, бұл 2024 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 27%-ға көп. Шетелдік туристер саны 6,0 мың адамға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 3%-ға өсті.Қазіргі уақытта облыс аумағында 2 шипажай, 1 оңалту орталығы, 94 қонақүй, 2 мотель, 4 хостел, 22 демалыс базасы мен аймағы қызмет көрсетуде.Туристердің ерекше қызығушылығын тудыратын нысандар қатарында «Сосновый бор» шипажайы, Наурызым қорығы және Therma Park кешені бар.Туризмді дамытудың маңызды бөлігі – санаторий-курорттық демалыс. Қазіргі таңда облыста екі шипажай жұмыс істейді.Негізінен емдік-сауықтыру бағытындағы нысандар Алтынсарин ауданының курорттық аймағында орналасқан. Олардың қатарында «Сосновый бор» шипажайы, «Жайлау» сауықтыру-демалыс кешені, «Мюнхен» және «Бордағы ауыл» демалыс базалары бар. Бұл шипажайлар минералды көлдердің жағасында, сульфатты балшықтары мен қылқан жапырақты ормандары бар өңірде орналасқан. Мұнда емдік, диагностикалық және профилактикалық қызметтердің кең ауқымы, су және балшықпен емдеу, климатотерапия, сондай-ақ түрлі сауықтыру және спорттық-демалыс қызметтері көрсетіледі.Therma Park СПА-кешені Қостанай қаласында орналасқан. Жалпы ауданы 18 000 шаршы метрден асатын бұл ерекше сауықтыру орталығында 24 монша-бассейн кешені, 5 бассейн (оның ішінде ашық аспан астындағы екі термалды бассейн), 2 джакузи және 4 офуро бар. Кешеннің жалпы сыйымдылығы 1 600 адамды құрайды.Сонымен қатар, облыста емдік-сауықтыру туризміне арналған басқа да қызықты орындар бар. Солардың бірі – Меңдіқара ауданындағы Қарабаев атындағы оңалту орталығы, ол күрделі жөндеуден кейін өз жұмысын қайта бастады.Экологиялық туризм бағыты бойынша облыстың ең көрнекті табиғи нысандарының бірі – Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы. Ол ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне енгізілген. Қорықтың бай флорасы мен фаунасы, табиғатының қол тимеген сұлулығы аймақта экотуризмді дамытуға зор мүмкіндік береді. Қорық аумағында 6 экскурсиялық маршрут жұмыс істейді.Сонымен қатар, облыс аумағында ғылым мен туризм өкілдерінің үлкен қызығушылығын тудырып отырған Торғай геоглифтері орналасқан. Ең белгілілері – «Торғай трикветрі» мен «Үштоғай квадраты».Облыс қонақтары мен тұрғындары үшін қызықты табиғи нысандардың бірі – аудан кіреберісіндегі «Күмкешу» жылжымалы бархандары.Туризм саласы өңірде әлі кеңінен танымал болмаса да, бұл бағыт біртіндеп дамып келеді: жаңа әуе бағыттары ашылып, инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Солардың бірі – Амангелді ауданында салынып жатқан көпфункционалды туристік кешен. Кешен аумағында әлемнің әйгілі сәулет ескерткіштерінің көшірмелері – Үндістандағы Тәж-Махал, Мексикадағы Чичен-Ица, Эйфель мұнарасы, сондай-ақ 200 танымал қазақстандық тұлғаның есімі жазылған Ұлттық жады қабырғасы орналасқан. Туристердің жайлылығы үшін мұнда қонақүй, мейрамхана, спорт және балалар алаңдары салынған.Денисов ауданында күнделікті күйбең тіршіліктен алшақ демалуға арналған «Шаңырақ» демалыс базасы салынуда. Ол Тобыл өзенінің бойында, Жоғарғы Тобыл су қоймасы аумағында орналасқан. Қазіргі уақытта жобаның алғашқы кезеңі аяқталды: екі жайлы жағажай (көлеңкелі және балалар аймақтарымен), жүзу пирсі, катамаран жалға беру пункті, жыл бойы демалуға арналған 6 жайлы үй және 8 гриль аймағы салынды.Қостанай қаласының әуежай аумағында бұрынғы жатақхана ғимараты қонақүйге қайта жаңартылуда, ал Алтынсарин ауданында «Green House» демалыс аймағының құрылысы жүргізілуде.2024 жылы Алтынсарин ауданында «MUNCHEN» демалыс базасы салынды, ал Арқалық қаласында бұрынғы автобекет ғимараты қонақүй кешені мен мейрамханаға айналдырылды.Сонымен қатар, Қостанай қаласында «Сегізаяқ» аквапаркын қайта жаңарту жобасы іске қосылды. Жобаның қуаттылығы – 1 200 адам.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1088988?lang=kk
Конструктивный диалог: жители Илийского района задали более 40 вопросов на встрече с акимом Алматинской области 17.10.2025
Іле ауданының тұрғындары Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевпен өткен есептік кездесуде өңірдің өзекті мәселелерін көтерді. Іс шара 17 қазанда Өтеген батыр ауылындағы Мәдениет үйінде өтті.Кездесуге ауданның түрлі саласында еңбек ететін азаматтар — кәсіпкерлер, фермерлер, педагогтар, депутаттар, мәдениет және кітапхана қызметкерлері, сондай-ақ белсенді тұрғындар қатысты. Әкім мен тұрғындар арасындағы диалог мазмұнды әрі конструктивті өтті.Кездесу барысында 40-тан астам сұрақ қойылды. Оның ішінде:20%–ы жолдар мен көше жарығына қатысты;18%–ы білім саласы, үш ауысымды мектептер мен оқу кабинеттерінің жетіспеушілігі туралы;15%-ы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы;10%-ы денсаулық сақтау және санитарлық қауіпсіздік;қалған 37%-ы абаттандыру, қоғамдық көлік және экология мәселелерін қамтыды.Жергілікті халық нақты ұсыныстарын да жеткізді. Атап айтқанда, «Сокол» саяжай алабында мектеп салу, Өтеген батыр ауылында музыкалық мектеп ашу, Боралдай кентінде жаңа Мәдениет үйін тұрғызу және бірқатар ауылдық округтерде дәрігерлік амбулатория ашу ұсынылды.Сондай-ақ, Қараой ауылдық округінің тұрғындары сібір жарасы ошағы анықталған жағдай бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау шаралары жайында түсіндіру жұмыстарын сұрады.Марат Сұлтанғазиев әрбір көтерілген мәселеге жеке тоқталып, толыққанды жауап берді.«Кездесу қорытындысы бойынша нақты мерзімі мен жауапты тұлғалары көрсетілген іс-шаралар жоспары әзірленеді. Тұрғындардың барлық өтініштері аудан мен облыс әкімдіктерінің басым бағытына енгізіледі», — деді облыс әкімі.Сондай-ақ ол мұндай кездесулердің барлық аудандарда өтіп жатқанын атап өтті.«Мұндай кездесулер халықтың өтініш-тілектеріне жедел жауап беруге, олардың пікірін тікелей естуге және өңірді дамыту жоспарларын нақтылауға мүмкіндік береді», — деді Марат Сұлтанғазиев.Кездесуден кейін өткен жеке қабылдауда 12 тұрғынның өтініші тыңдалды. Барлығы 24 әлеуметтік, инфрақұрылымдық және коммуналдық сипаттағы мәселе қаралды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1088915?lang=kk
Қазақстан мен Кипр СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті 17.10.2025
Астана, 2025 жылғы 17 қазан – Кипр тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Кипр Республикасының Сыртқы істер министрі Константинос Комбоспен телефон арқылы сөйлесті.Келіссөздер барысында К.Комбос қазақ әріптесін тағайындалуымен құттықтап, Қазақстан мен Кипр сыртқы саяси ведомстволар басшылығының арасындағы тұрақты және сындарлы диалогтың сақталуына үміт білдірді.ҚР СІМ басшысы көлік, логистика, цифрландыру, ауыл шаруашылығы, туризм және білім беру сияқты салалардағы ынтымақтастықтың елеулі әлеуетін назарға алып, Қазақстанның Кипрмен серіктестік қатынастарды үдемелі түрде нығайтуға мүдделілігін атап өтті.Осы тұрғыда тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-кипр ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен одан әрі даму перспективаларын талқылап, халықаралық күн тәртібі және халықаралық пен өңірлік ұйымдар аясындағы екі елдің өзара іс-қимылының өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.Өз кезегінде К.Комбос Кипр тарапының саяси диалогты тереңдетуге, іскерлік байланыстар мен алмасуларды кеңейтуге дайындығын растады, сондай-ақ Қазақстанның Орталық Азиядағы Кипрдің негізгі серіктесі ретіндегі өсіп келе жатқан рөлін атап өтті.Сұхбат қорытындысы бойынша сыртқы саяси ведомстволардың басшылары сындарлы диалогты жалғастыруға және екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға деген өзара көзқарасты растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1088423?lang=kk
Алматы облысының фермерлері Алматыға 200 тоннадан астам өнім апарады 17.10.2025
Алматы облысының егіншілері мен фермерлері мегаполис тұрғындарына 200 тоннадан астам жаңа және экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімдерін ұсынады. Сауда сөрелеріне ет, балық, сүт өнімдері, көкөніс, жеміс-жидек, бал, күріш, жұмыртқа және аймақтан өндірілген өзге де тауарлар шығарылады.Ауқымды ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі қазанның 18–19 күндері Алматы қаласында, Қазыбек би көшесінде (Абылай хан даңғылынан Панфилов көшесіне дейін, КБТУ төменгі жағында) өтеді. Бұл шара қала тұрғындары мен қонақтары үшін сапалы әрі табиғи өнімдерді нарық бағасынан 15%-ға арзан сатып алуға тамаша мүмкіндік болмақ.Жәрмеңкеге жалпы 16 тонна ет, 1,6 тонна сүт өнімдері, 18,6 тонна картоп, 19,5 тонна пияз, 36,2 тонна түрлі көкөніс, 6 тонна күріш, 3,3 тонна бал, 26 тонна алма мен жеміс-жидек, сондай-ақ 50,5 тонна басқа да өнім жеткізіледі.Іс-шара Алматы облысы мен Алматы қаласы әкімдіктерінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Жәрмеңкенің басты мақсаты — отандық өндірушілерді қолдау, ішкі нарықты дамыту және тұрғындарды қолжетімді әрі сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1088339?lang=kk
В Кегенском районе отметили День работников лесного хозяйства 17.10.2025
Бүгін Кеген ауданында Орман шаруашылығы қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты жиын өтті.Іс-шараға орман саласының ардагерлері мен еңбеккерлері, облыстық және аудандық мекемелердің өкілдері қатысты.Мереке барысында орман саласында ұзақ жылдар бойы адал еңбек етіп, табиғатты қорғауға зор үлес қосқан қызметкерлер Министрлік пен облыс әкімі атынан Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттармен, сондай-ақ «Қазақстан орманын қорғаудағы мінсіз қызметі үшін» төсбелгілерімен марапатталды.Барлығы 25 орманшы І, ІІ және ІІІ дәрежелі төсбелгі иегері атанды.Сондай-ақ, жиын аясында Кеген орман шаруашылығының жаңа ғимаратының тұсаукесері өтті. Бұл жаңа нысан — заманауи талаптарға сай, қызметкерлердің тиімді жұмыс істеуіне арналған кеңсе.Өз баяндамасында облыс әкімінің орынбасары Бақытнұр Бақытұлы орман саласының ел экологиясы үшін маңыздылығын атап өтті: «Орманшы – табиғатты сүйіп қана қоймай, оны сақтай білетін адам. Мемлекет басшысының 2 миллиард ағаш отырғызу тапсырмасын орындауда Алматы облысы ерекше белсенділік танытып келеді», — деді ол.Биыл облыстың орман мекемелерін жаңа техникамен қамтамасыз ету үшін 217,9 миллион теңге бөлініп, патрульдік автокөліктер, тракторлар, экскаваторлар мен мотоциклдер сатып алынды.Сонымен қатар, 829 миллион теңгеге 26 өртке қарсы техника алу жұмыстары жүргізілуде. Орман өртінің алдын алу мақсатында жоғары қауіпті аймақтарға 18 бейнебақылау камерасы орнатылды. Бұл камералар нақты уақыт режимінде жұмыс істеп, өртті ерте анықтауға мүмкіндік береді.Салтанатты жиын соңы жылы лебіздер мен кәсіби мерекеге арналған құттықтауларға ұласты.Барлық марапат иелерін құттықтай отырып, табиғатты қорғау жолындағы еңбектеріне табыс тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1088110?lang=kk
Болашақты бірге құрамыз: өңірде ауқымды тұрғын үй жобалары жүзеге асырылуда 16.10.2025
Мемлекет басшысы «Қолжетімді баспана – бұл арман емес, біздің азаматтарымыздың алдындағы міндетіміз» екенін атап өтті. Біз оны басшылыққа ала отырып, соңғы 2 жылда 1,0 млн шаршыметргежуық тұрғын үйді пайдалануға бердік.Жыл басынан бері 391,0 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,2%-ға артық.Биылғы жылы 500,0 мың шаршы метр немесе 6 500 пәтер салу және пайдалануға беру жоспарланып отыр.Жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында «Қостанай жастары» бағдарламасы іске асырылуда. Соңғы үш жылда осы бағдарлама аясында 340-тан астам жас өз баспанасына ие болды.Бұдан бөлек, облыс аумағында тұрғын үйлерді қайта жаңғырту және қалпына келтіру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Қайта жөндеу жұмыстары тек қалаларда ғана емес, ауылдық елді мекендерде де іске асырылып жатыр.Мысалы, Меңдіқара ауданына қарасты Каменьскуральск ауылында жалпы ауданы 600 шаршы метр болатын 12 пәтерлі екі қабатты тұрғын үй қалпына келтірілді. Үй «Каменскоуральское» өндірістік кооперативінің өз қаражаты есебінен өз қызметкерлері үшін жөнделді.Аталған үйде 4 – бір бөлмелі, 4 – екі бөлмелі және 4 – үш бөлмелі пәтер бар. Жоба құны – 90 миллион теңге.Бұл үйде ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған ыңғайлы және қолайлы жағдайлар жасалған.Тұрғын үйлерді пайдалануға беру өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды қадам болмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1088023?lang=kk
Аустриялық компания Алматы қаласында оңалту орталығын салу жобасын жүзеге асыруды қарастыруда 16.10.2025
Астана, 2025 жылғы 15 қазан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов пен «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Мадияр Сұлтанбек Австрияның SANLAS Holding GmbH медициналық тобының негізін қалаушысы әрі бас директоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Гюнтер Небель бастаған делегациямен кездесті.Кездесу барысында тараптар Орталық Азиядағы алғашқы көпсалалы медициналық кешенді Lassnitzhöhe және Hollenburg үлгісіндегі австриялық тәжірибеге негізделген жобаны іске асыру аясындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Жоба Алматы қаласында жылына 15 000 науқасқа дейін қабылдай алатын, 200–300 орындық заманауи оңалту орталығын салуды көздейді.Болашақ орталық физикалық және психологиялық оңалту бағыттарын біріктіріп, медициналық көмектің австриялық сапа стандарттарын енгізеді. SANLAS компаниясының интеграцияланған моделін енгізу науқастарды қалпына келтіру тиімділігін арттыруға, созылмалы ауруларды емдеуге жұмсалатын мемлекеттік шығындарды азайтуға және Қазақстанның медициналық оңалту бойынша өңірлік орталық ретіндегі позициясын нығайтуға мүмкіндік береді.Сонымен қатар, австриялық тарапқа Түркістан облысының Төле би ауданында осындай орталық салу мүмкіндігін қарастыру ұсынылды. Бұл жоба еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі халыққа заманауи оңалту қызметтеріне қолжетімділікті арттыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға жағдай жасайды.«Жеке медицинаны дамыту және денсаулық сақтау саласына инвестиция тарту – Қазақстанның жаңа экономикалық саясатының маңызды бөлігі. Біз SANLAS жобасын технологиялар трансферін, мамандар даярлауды және халықаралық деңгейдегі оңалту орталығын құруды қамтамасыз ететін стратегиялық бастама ретінде қарастырамыз», - деп атап өтті комитет төрағасы.SANLAS Holding GmbH компаниясының негізін қалаушысы және бас директоры профессор Гюнтер Небель ұзақ мерзімді серіктестікке дайын екеніне тоқталды. «Біз Қазақстанның заманауи медицина мен оңалту саласын дамытудағы зор әлеуетін көреміз. Біздің Еуропа мен Азиядағы тәжірибеміз халықаралық стандарттар мен жергілікті шешімдердің интеграциясы тұрақты нәтижелерге әкелетінін көрсетеді. Біз үздік австриялық тәжірибелерді енгізіп, Алматыда инновациялық медициналық кластер құруға дайынбыз»,– деп атап өтті компания басшысы.SANLAS Holding GmbH – Австрияның жетекші жеке медициналық және әлеуметтік топтарының бірі. Компания 20-дан астам денсаулық сақтау мекемесін басқарады және 1 500-ден астам қызметкері бар. Негізгі қызмет бағыттары – неврологиялық, ортопедиялық және психиатриялық оңалту, пластикалық хирургия және қарт адамдарды күтіммен қамтамасыз ету. Компания жыл сайын 10 000-нан астам пациентке қызмет көрсетеді, ISO 9001 халықаралық стандарты бойынша сертификатталған және «Leitbetrieb Austria» мәртебесіне ие – бұл тұрақты даму мен әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарына негізделген жетекші кәсіпорын екенін білдіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1087984?lang=kk
Меңдіқара ауданында облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың жұмыс сапары өтті 16.10.2025
Сапар барысында өңір басшысы «Таза Қазақстан» бағдарламасының жүзеге асырылу барысымен, тұрғын үй құрылысы мен агроөнеркәсіп кешенінің дамуы жағдайымен танысты.Мемлекет басшысы бастама көтерген «Таза Қазақстан» бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі – жайлы қоғамдық кеңістіктер құру. Боровской ауылында Михайленко көшесінде жаңа аллеяның құрылысы аяқталды.Жобаның жалпы құны – 44 млн теңге, оның 36 млн теңгесі облыстық бюджеттен, 8 млн теңгесі республикалық бюджеттен бөлінді. Жаңа аллея аудан орталығының көркін келтіріп, тұрғындар үшін демалыс пен серуендеуге қолайлы орынға айналды.– «Таза Қазақстан» бағдарламасы – туған жердің әр бұрышына деген қамқорлықтың көрінісі. Біз адамдарға ыңғайлы, таза әрі қауіпсіз орындар қалыптастырып жатырмыз. Мұндай жобалар тек қалаларда ғана емес, ауылдық жерлерде де жүзеге асырылуы маңызды, – деді Құмар Ақсақалов.Жұмыс сапары барысында облыс әкімі Боровской ауылындағы үш қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысын қарап шықты. Жоба мердігер ұйым – «СК KBS» ЖШС есебінен жүзеге асырылуда, құрылыстың жалпы құны 826 млн теңгені құрайды.Құрылыс аяқталғаннан кейін әкімдік коммуналдық тұрғын үй қорын толықтыру мақсатында 45 пәтерді сатып алады. Үйде 32 бір бөлмелі, 10 екі бөлмелі және 6 үш бөлмелі пәтер болады. Жалпы ауданы – 2,6 мың шаршы метрден асады.Сонымен қатар, Құмар Ақсақалов «Каменскуральское» серіктестігі қалпына келтірген Каменскуральское ауылындағы екі қабатты 12 пәтерлі тұрғын үйді аралап көрді. Жобаның құны – 90 млн теңге.Бұл тұрғын үй шаруашылық қызметкерлеріне арналған. Мұнда жайлы өмір сүруге барлық жағдай жасалған: абаттандырылған аула, заманауи инженерлік желілер және түрлі жоспардағы ыңғайлы пәтерлер бар.– Ауылда еңбек ететін адамдардың жақсы жағдайда өмір сүруі маңызды. Мұндай мысалдар бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін және жұмыс берушілердің ауылдық аумақтардың кадрлық әлеуетін сақтауға мүдделілігін көрсетеді, – деді облыс әкімі.Жұмыс сапарының маңызды нүктелерінің бірі Каменскуральское ауылында 1200 басқа арналған сүт-тауарлы ферманың ашылуы болды. Жоба «Каменскуральск» ЖШС тарапынан мемлекеттік қолдау арқылы жүзеге асырылды.Жалпы құны – 4,3 млрд теңге. Өндірістік қуаты – жылына 6,7 мың тонна сүт. 45 тұрақты жұмыс орны ашылды.Ферма заманауи технологиялармен салынған. Жаңа жабдық өнімнің сапасын арттыруға, шығындарды азайтуға және ресурстарды – жем-шөпті, суды және еңбекті тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Жобаның жүзеге асуына мемлекеттік қолдау үлкен рөл атқарды: төмен пайызбен жеңілдетілген несие берілді, инженерлік инфрақұрылым тартылды, сонымен қатар жабдық сатып алу шығындарының бір бөлігі мемлекет есебінен өтелді. – Сүт өндірісі – стратегиялық бағыт. Мемлекет ауылда қайта өңдеу қуаттарын және жаңа жұмыс орындарын ашатын инвесторларды қолдайды, – деді Құмар Ақсақалов. – Қазір облыста жылына 33 мың тонна сүт өндіретін 4 сүт-тауарлы ферма жұмыс істеп тұр, тағы 3 ферма құрылыста, ал бес жаңа ферма салуға 20 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген.Боровской ауылында облыс әкімі биыл наурыз айында іске қосылған майлы дақылдардан май өндіретін цехтың жұмысымен танысты.Инвестиция көлемі – 286 млн теңге. Өндірістік қуаты – жылына 3 мың тонна май, 1,8 мың тонна күнжара және 1,2 мың тонна түйіршіктелген қабық өндіру. Жоба жаңа жұмыс орындарын ашып, өңірде ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді дамытуға серпін беруде.Өңір басшысының жұмыс сапары Меңдіқара ауданы тұрғындарымен кездесумен аяқталды. Кездесу барысында әлеуметтік-экономикалық даму, абаттандыру және халықты жұмыспен қамту мәселелері талқыланды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1087638?lang=kk
Алматы облысында әр екінші түлек грант иегері атанды, 27 түлек Қытайда оқуға мүмкіндік алды 16.10.2025
Алматы облысында 2025 жылғы бітірушілер науқанының қорытындысы шығарылды. Биыл өңір мектептерін 17 мың 940 оқушы тамамдады. Соның ішінде 7 681 түлек мемлекеттік білім грантының иегері атанды.Грант иегерлерінің ең көп бөлігі Талғар ауданында тіркелді — бұл аудан жоғары оқу орындарына түскендер саны бойынша көш бастап тұр. Сондай-ақ Іле, Еңбекшіқазақ, Қарасай аудандары мен Қонаев қаласының көрсеткіштері де жоғары.Мамандықтар бойынша ең көп грант педагогикалық бағытқа — 1 440 адамға, медициналық салаға — 770 адамға, ал аграрлық мамандықтарға — 543 түлекке берілді. Қалған 4 928 түлек инженерлік, IT және әлеуметтік-экономикалық бағыттарды таңдаған.Бұдан бөлек, облыстың 27 түлегі Қытай Халық Республикасындағы Синьцзян университетінде тегін оқуға мүмкіндік алды. Оның ішінде Талғар ауданынан — 6, Іле ауданынан — 7, Еңбекшіқазақ пен Қарасай аудандарынан — 3-тен, Жамбыл аудандарынан — 2-ден және Қонаев қаласынан — 4 түлек бар.Сонымен қатар, облыс әкімінің бастамасымен жергілікті бюджеттен 30 грант бөлінді: оның 17-сі — медициналық бағытқа (соның ішінде 12-сі интерндерге), 7-сі — аграрлық, ал 6 грант — педагогикалық мамандықтарға арналған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1087614?lang=kk
Қазақстан мен Германия СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті 16.10.2025
Астана, 2025 жылғы 15 қазан – Неміс тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Германия Федеративтік Республикасының Федералдық сыртқы істер министрі Йоханн Вадефулмен телефон арқылы сөйлесті.Сұхбат барысында тараптар екіжақты серіктестік мәселелері бойынша пікір алмасып, өзара құрмет, сенім мен сындарлы диалогқа негізделген қазақ-герман қатынастарын одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.Сондай-ақ министрлер саяси диалогты одан әрі кеңейтуге, тұрақты байланыстарды қолдауға және ведомствоаралық өзара іс-қимылды жандандыруға мүдделілігін растады.Сұхбат соңында сыртқы саяси ведомстволардың басшылары Астана мен Берлиннің екіжақты және көпжақты форматтағы ынтымақтастығын нығайтуға жәрдемдесуге келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1087411?lang=kk
Қазақстан Сыртқы істер министрі Италия СІМ басшысымен кездесу өткізді 16.10.2025
Рим, 2025 жылғы 15 қазан – Батыс Африка мәселелеріне арналған Акаба процесі саммиті аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Италия Республикасының Министрлер кеңесі төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі Антонио Таянимен кездесу өткізді.Е.Көшербаев Қазақстанның Еуропадағы сенімді серіктесі болып табылатын Италиямен көпжылдық қатынастарға зор мән беретінін атап өтті. Энергетика, «жасыл» технологиялар, машина жасау, агроөнеркәсіп кешені, білім және ғылым, сондай-ақ инфрақұрылым салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтудің маңыздылығына назар аударылды.Өз кезегінде А.Таяни итальян тарапының Қазақстанмен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін білдірді.Кездесу барысында Италияның Еуропалық одақтағы Қазақстанның негізгі стратегиялық серіктестерінің бірі және Оңтүстік Еуропа елдері арасындағы ең ірі сауда-экономикалық серіктесі екені аталып өтті (2024 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 20 млрд АҚШ долларын құрады). Өз кезегінде Қазақстан да Орталық Азиядағы Италияның маңызды серіктесі болып қала береді және айтарлықтай энергетикалық әрі инвестициялық әлеуетке ие.Келіссөздердің қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Италия арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға бағытталған сындарлы диалог пен бірлескен күш-жігерді жалғастыруға өзара мүдделілігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1087273?lang=kk
Қазақстан СІМ басшысы Акаба процесінің отырысына қатысып, Иордания және Италия басшыларымен кездесті 16.10.2025
Рим, 2025 жылғы 15 қазан – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Батыс Африка жөніндегі Акаба процесі аясындағы мемлекет және үкімет басшыларының кездесуіне қатысу үшін Италияға жасаған сапары барысында Иордания Королі Абдалла II бен әл-Хусейннің қабылдауында болды.Кездесу барысында Е.Көшербаев Иордания Короліне Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауын және ізгі сәлемін жеткізді, сондай-ақ терроризммен, экстремизммен және трансұлттық қылмыспен күрес мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаң ретінде Акаба процесін жан-жақты қолдайтынын білдірді. Тараптар сондай-ақ жаһандық және өңірлік қауіпсіздік мәселелері жөнінде пікір алмасты.Сұхбаттастар екіжақты өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін, биік және жоғары деңгейдегі тұрақты саяси диалогтың дамуын, сонымен қатар екіжақты және халықаралық құрылымдар аясындағы тиімді ынтымақтастықты қанағаттанушылықпен атап өтті.Форум аясында ҚР Сыртқы істер министрі сондай-ақ Италия Министрлер Кеңесінің Төрағасы Джорджа Мелонимен кездесу өткізді. Сұхбат барысында Министр Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың жолдауын табыстап, 2025 жылы Италия Премьер-министрі және Президенті Серджо Маттарелланың Қазақстанға жасаған сапарларының қорытындылары бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалу барысын талқылады.Италия Үкіметінің басшысы жолдау үшін алғыс білдіріп, елдеріміз арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты, соның ішінде «Орталық Азия – Италия» форматындағы серіктестікті одан әрі жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.Кездесу соңында тараптар халықаралық деңгейде бейбітшілік, тұрақтылық және қауіпсіздікті қолдауға бағытталған өзара күш-жігерді жалғастыруға уағдаласты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1087271?lang=kk
Қонаевтан Токиоға дейін: қазақстандық хирургтар Жапонияда тағылымдамадан өтеді 15.10.2025
Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасында Жапонияның жетекші мамандарының қатысуымен операциялық эндоскопия бойынша халықаралық мастер-класс басталды. Бұл шара — еліміздегі медицинаны дамыту мен заманауи халықаралық стандарттарды енгізудегі маңызды қадам.Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменовтің айтуынша, мастер-класс тек тәжірибе алмасу емес, аймақтың медицина жүйесін дамытуға нақты үлес болып табылады.«Қазір жапондық ғылыми орталықпен келісімге келу жұмыстарының соңғы кезеңіне жеттік. 2026 жылдан бастап облыс дәрігерлері мен эндоскопистері Жапонияда тегін оқып, тағылымдамадан өте алады. Негізгі талаптардың бірі – ағылшын тілін білу. Бұл жас мамандар үшін қосымша ынталандыру болмақ», – деді Ержан Сүлейменов.Оның сөзінше, аймақ дәрігерлері Астанадағы Ұлттық онкологиялық орталықта да кәсіби біліктілігін арттырады.«Басты мақсат – медициналық кадрлардың үздіксіз кәсіби дамуын қамтамасыз ету және озық технологияларды енгізу», – деп атап өтті ол.Мастер-класқа Жапониядан келген екі жетекші хирург пен еліміздің бас эндоскописті, профессор Қанат Батырбеков қатысып жатыр. Екі күн бойы шеберлік сабақтары, клиникалық жағдайларды талдау және нақты операциялар көрсетілуде.Қонаев қалалық ауруханасының эндоскопия орталығының меңгерушісі Тахир Шүкірәлиев жапондық эндоскопия мектебі дәлдік пен ұқыптылыққа негізделгенін айтты.«Біз тек технологияны емес, дәрігердің ойлау жүйесін, пациентке деген қатынасты да үйреніп жатырмыз. Бұл – өңірдегі эндоскопия қызметі үшін жаңа кезең», – деді ол.Ал профессор Қанат Батырбеков шетелдік мамандармен бірлесіп өткізілетін осындай «тірі» операциялар мен клиникалық талқылаулар медициналық көмектің сапасын арттыратынын айтты.Мастер-класс аясында екінші күні қосымша хирургиялық демонстрациялар мен пациенттерге кеңес беру жоспарланған. Осындай деңгейдегі халықаралық іс-шараның Қонаевта өткізілуі — отандық дәрігерлердің жоғары кәсіби дайындығы мен қазақстандық медицинаның ашықтығын айқын көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1087225?lang=kk
Алматы облысында құрылыс саласындағы заңбұзушылықтар азайды 15.10.2025
Алматы облысында құрылыс нысандарының саласында анықталған заңбұзушылықтар санының едәуір азайғаны байқалады. Ведомство мәліметінше, күшейтілген мониторинг пен кешенді бақылау шараларының арқасында рұқсат беру құжаттарынсыз құрылыс-монтаж жұмыстарын бастаудың фактілері айтарлықтай қысқарған.– Жүйелі тәсіл мен инспекторлардың мұқият жұмысы өз бетінше салынған нысандар мен рұқсатсыз жүргізіліп жатқан құрылыстарды дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді. Мемлекеттік нормалар бұзылған және жобадан ауытқу жағдайлары тіркелген кезде, заңбұзушылар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады, – деді облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Айдын Әуесбай.Биылғы жылы құрылыс саласындағы заңбұзушылықтар бойынша мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттарға 127 материал жолданған. Тексеру нәтижесінде салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 100 миллион теңгеден асты.Заңсыз (рұқсатсыз) салынған нысандарды анықтауға ерекше назар аударылуда. Мәселен, Қонаев қаласында құрылыс нормалары бұзылып салынған коммерциялық нысан бұзылды. Осындай шаралар Талғар (2 нысан), Райымбек (1 нысан), Жамбыл (1 нысан) және Қарасай (2 нысан) аудандарында да қабылданды.Сонымен қатар, облыстың аудандық соттарында өз бетінше салынған құрылыстарды бұзу жөніндегі 14 талап арыз қаралу үстінде.Бұдан бөлек, әлеуметтік нысандардың құрылысы барысына ерекше бақылау жүргізілуде. Бұл бағытта құрылыс сапасына тұрақты мониторинг жасалып отыр.Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы құрылыс заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету және рұқсатсыз құрылысқа жол бермеу бағытындағы жүйелі жұмыстарын жалғастыруда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1087201?lang=kk