Enbekshi QazaQ

Экономика

Алматы облысында «Жайлы мектеп» жобасы аясында 2 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарлануда 29.07.2025
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Үкімет отырысында өңірде жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.Ол өңірде тіркелген жұмыссыздар саны азайғанын атап өтті. Жұмыс орындарын құру Өңірлік жұмыс орындарын құру картасы және инвестициялық жобалар шеңберінде қамтамасыз етілуі жоспарлануда.Инвестициялық навигаторда сомасы 1,7 трлн теңгені құрайтын 73 жоба тіркелген, олар бойынша 21 мың жұмыс орнын ашу көзделген.Өңірлік карта аясында «Жайлы мектеп» жобасын жүзеге асыру барысында 2820 тұрақты жұмыс орны құрылады. «Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту тұжырымдамасы» аясында 450 астам жұмыс орны ашылады.«Абсолютті көрсеткіштерді ғана емес, жалпы жұмыс күшіндегі жұмыссыздықтың үлесін де ескеру маңызды. Өткен жылмен салыстырғанда жұмыссыздық деңгейі 4,7%-дан 4,6%-ға төмендеді»,— деді Марат Сұлтанғазиев.Әкім жұмыссыздар бойынша жұмыс нарықтың қажеттілігіне назар аудара отырып жүргізіліп жатқанын айтты. Кәсіби оқыту арқылы 800-ден астам жұмыссыз тұрақты жұмыс орындарына орналастырылатын болады. Негізгі бөлігі тәжірибе арқылы дағдыларды меңгере отырып, кәсіпорындар жанында оқытылуда. Сонымен қатар онлайн-оқытудан 5,2 мың адам өтіп, жаңа құзыреттерге иеленді.Еңбек саласындағы тиімділікті арттыру үшін бірқатар Цифрлық жобалар іске асырылуда. Студенттерге тәжірибе орындарын іріктеуге және жұмыс берушілерге үміткерлерді автоматты түрде таңдауға арналған «Өдірістік тәжірибе» цифрлық сервисі сәтті жұмыс істеуде. «Мансап компасы» және «Enbek.kz» құралдары белсенді жүзеге асырылуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1042012?lang=kk
Қостанайда шағын өнеркәсіп аймағы құрылуда 29.07.2025
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өңірлерде шағын және орта бизнесті дамыту үшін жағдай жасалуда. Солардың бірі – Қостанай қаласындағы жоба. Мұнда «Большевичка» кәсіпорнының аумағында шағын өнеркәсіп аймағының құрылысы басталды.Бүгін аталған нысандағы жұмыстардың барысын Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов тексерді. Аймақ басшысы мұндай жобалар өңірдің өндірістік әлеуетін арттырып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашуға да мүмкіндік беретінін атап өтті.– Мұнда ұзақ жылдар бойы бос тұрған өндірістік алаңдар орналасқан. Қазір бұл нысандар жаңа тыныс алуда, – деді Құмар Ақсақалов. – Бос жатқан ғимараттар орнына жаңа цехтар, жұмыс орындары, кәсіп бастайтын мүмкіндік пайда болып отыр.Алаңда жиһаз және тігін цехтарын жаңғырту жобасы жүзеге асырылуда. Инвестиция көлемі – 5,5 млрд теңге. Жобаны «Бестекс» ЖШС қолға алған. Жұмыстар аяқталған соң мұнда жылына 200 мыңға дейін бұйым шығарылып, 150 жаңа жұмыс орны ашылады.Шағын өнеркәсіп аймақтары – бұл шағын және орта бизнеске арналған дайын инфрақұрылымы мен қолайлы шарттары бар арнайы өндірістік алаңдар.Болашақта мұнда жиһаз, терезе, тігін бұйымдары, полиграфия, қағаз, бронежилет және өзге де өнім түрлерін өндіретін кәсіпорындар орналасатын болады.Сонымен қатар, бұл жерде білім беру және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жоспарланып отыр. Атап айтқанда, Мода және дизайн институтын ашу және студенттерге арналған кампус салу көзделген.– Бизнестің өндірісті ғана емес, адам капиталына да инвестиция сала алатынын көріп отырмыз. Бұл – кешенді тәсілдің жарқын мысалы, – деді облыс әкімі.Айта кетейік, бүгінде кәсіпорын базасында колледж студенттері дуальды білім беру аясында тәжірибеден өтуде. Олардың 36-сы практикалық оқудан өтсе, 24-і мақсатты жолдамамен білім алуда.Шағын өнеркәсіп аймақтарын құру – индустрияландыру мен экономикалық өсудің бір бөлігі. Мұндай жобалар импортқа тәуелділікті азайтып, жұмыспен қамтуды кеңейтіп, өңір экономикасында ШОБ үлесінің артуына ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1041841?lang=kk
Жаңа мектептер – жаңа мүмкіндіктер: Алматы облысында жас педагогтерге жол ашылды 29.07.2025
Алматы облысында білім беру саласы қарқынды дамып келеді. 2024–2025 оқу жылының басында «Келешек мектеп» ұлттық жобасы аясында аймақ бойынша 9 жаңа мектеп өз есігін айқара ашты. Бұл тек жаңа ғимараттар емес — болашақ ұрпақтың сапалы білім алуына арналған заманауи әрі жайлы орта.Жаңа білім ордалары Қарасай (6 мектеп), Жамбыл (2 мектеп) аудандарында және жаңадан құрылған Алатау қаласында (1 мектеп) ашылды. Атап айтсақ, Долан, Қошмамбет, Елтай, Көкөзек, Қаскелең қаласы мен Кемертоған ауылындағы мектептер, сондай-ақ Қарғалы мен Ұзынағаш ауылдары, Еңбек ықшам ауданындағы жаңа мектептер қазіргі заманғы жабдықтармен толық қамтылған.Мектептерге жаңа леп алып келген мамандарАталған білім ордаларына 985 педагог жұмысқа қабылданды. Оның ішінде 545-і — ашық конкурс арқылы, 440-ы — ауысым тәртібімен келген ұстаздар. Ең бастысы, бұл педагогтердің ішінде 104-і — жас мамандар. Олар 2022–2024 жылдар аралығында жоғары педагогикалық оқу орындарын тәмамдаған, ел болашағын тәрбиелеуге енді қадам басқан жалынды ұстаздар.Жас мамандардың мамандықтары бойынша бөлінісі:Бастауыш сынып мұғалімдері – 23Математика пәні мұғалімдері – 13Қазақ тілі мен әдебиеті – 12Орыс тілі мен әдебиеті – 7Ағылшын тілі – 21Информатика – 5Жаратылыстану және басқа пәндер – 23Барлық жас мамандар еңбек шарты негізінде жұмысқа қабылданып, мектептердің ішкі тәртібі мен әдістемелік үдерісіне белсенді кіріктірілді. Оларға тәлімгер ұстаздар бекітіліп, кәсіби бейімделу және қолдау жұмыстары жүйелі жүргізілуде.Қарғалыдағы жаңа мектеп – жас мамандардың белсенді ортасы«Келешек мектеп» жобасы аясында бой көтерген Қарғалы ауылының №1 орта мектебі 2024 жылдың желтоқсанында пайдалануға берілді. Бұл мектепке де жас мамандар көптеп тартылып, қазіргі таңда білім процесіне белсенді араласуда.Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Қилыбаева Ұлмекен – Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің түлегі. Мектепішілік және аудандық деңгейде ұйымдастырылған бірнеше семинарларға қатысып, кәсіби тәжірибе алмасуда. Ол өткізген «Space facts» атты ашық сабағы ерекше қызығушылық тудырып, оқушылардың танымын кеңейтті.Математика пәнінің мұғалімі Бекзак Ләззат – Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университетінің түлегі. Жас маман ретінде аудандық байқаулар мен әдістемелік іс-шараларға белсене қатысып, мектеп ұжымының сеніміне ие болды.Ұзынағаш мектебіндегі жаңашыл жас педагогШарафутдинова Гүлдана – Ұзынағаш ауылындағы №2 орта мектепте еңбек жолын бастаған бастауыш сынып мұғалімі. Ол аз уақыт ішінде заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолданып, оқушылармен және әріптестерімен берік байланыс орната білді. Жасанды интеллект құралдарын сабаққа енгізу арқылы ол оқыту сапасын арттыруда жаңа деңгейге көтерілді.Жас мамандар жетістігімен қуантады«Долан ауылындағы жайлы мектеп» КММ-нің жас маманы – Амангельды Асем.Жас маман оқу-тәрбие процесіне белсене араласып, қысқа уақыт ішінде ұжым мен оқушылардың сеніміне ие болды. Сабақтарын заманауи әдіс-тәсілдермен жүргізіп, білім сапасының артуына үлес қосуда. Мектепішілік семинарларға, әдістемелік отырыстарға, шығармашылық топтарға қатысып, кәсіби шеберлігін үнемі жетілдіріп келеді.2024–2025 оқу жылында аудандық «Үздік орыс тілі мұғалімі – 2025» байқауының жүлдегері атанды.«Көкөзек ауылындағы жайлы мектеп» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі – Самсабаева Мадина.Ұжым мен ата-аналардың сенімінен шыққан білікті жас ұстаз. Ол «Оқуға құштар оқушы» байқауында Б.Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» повесін оқыту арқылы аймақтық кезеңде ІІ орын иеленіп, оқушыларды көркем шығарма оқуға баулыды. Сонымен қатар, «Пед Старт – 2024» республикалық байқауында «Үздік бастауыш сынып мұғалімі» номинациясын жеңіп алды.Жаңартылған білім мазмұны бойынша мақаланы жоғары деңгейде дайындағаны үшін де арнайы марапатқа ие болды.«Қаскелең қаласындағы жайлы мектеп» КММ-нің талапты жас маманы – Алпысбаева Назерке Елтайқызы.Білім мен тәрбие саласына өзіндік үлес қосып жүрген, заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана отырып, шәкірттердің сеніміне ие болған ұстаз. Ол 2024–2025 оқу жылында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған аудандық «Үздік абайтанушы» байқауында бас жүлдені иеленді.2025 жылы «Келешек мектеп» жобасы аясында тағы 17 мектептің есігі ашылады деп күтілуде. Бұл мектептер 13 800 оқушы орнына есептелген. Соған сәйкес мұғалімдерге деген сұраныс та жоғары болмақ.Педагогтерге қажеттілік:Жалпы қажеттілік – 2231 педагогОның ішінде жас мамандар – 295Сұранысқа ие бағыттар:Бастауыш сынып – 42Қазақ тілі мен әдебиеті – 35Орыс тілі мен әдебиеті – 30Математика – 45Ағылшын тілі – 36Физика, химия, биология – 45Информатика және басқа пәндер – 62Жас мамандар ҚР Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 бұйрығына сәйкес, enbek.kz платформасы арқылы конкурс негізінде қабылданады. Әр мектепте тәлімгерлік пен бейімделу бағдарламасы енгізіледі.Жас мамандарды қолдау – ел болашағына жасалған нақты инвестиция. «Келешек мектеп» жобасы білім беру жүйесіне тың серпін беріп, ауыл мектептерін кәсіби мамандармен толықтырып келеді. Бұл – тек мектеп емес, жаңа мүмкіндіктердің, сенімді ұстаздардың, білімді ұрпақтың бастауы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1041750?lang=kk
Алматы облысында заманауи Aqtas туристік нүктесі қалай пайда болды 28.07.2025
Алматы облысының таулы аймағында жыл он екі ай демалуға арналған заманауи туристік нысан – Aqtas жобасы іске қосылды. Қиын климаттық жағдайлар мен күрделі рельефке қарамастан, жобаның бірінші кезеңі небәрі 11 айда аяқталды.Соңғы жылдары Қазақстандағы туризм саласы қарқынды дамуда. ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өткен жылы қонақүй және курорттық қызметтер көлемі 30%-дан астамға өсіп, салаға салынған инвестициялар 980 миллиард теңгеден асты. Бұл өсімнің маңызды бөлігі Алматы агломерациясының тау кластеріне тиесілі.Дәл осы өңірде, көркем табиғат аясындағы әйгілі Oi-Qaragai курорты маңында 2024 жылы жаңа туристік кластер – Aqtas аймағының құрылысы басталды. Ал 2025 жылы ол толыққанды туристік орталыққа айналып, жаңа инвестициялар мен туристерді тартатын нүкте болды.Жаңа таулы демалыс аймағы теңіз деңгейінен 2 100 метрден жоғары биіктікте орналасқан. Оның басты ерекшелігі – Орталық Азияда алғаш рет іске қосылған 10 орындық гондолалы аспалы жол. Бұл жол кешке дейін жұмыс істеп, қонақтарға күн бату мен түнгі Алматы панорамасын тамашалауға мүмкіндік береді.2025 жылдың сәуір айынан бастап жобаның келесі кезеңі – 100-ден астам адамға арналған мейрамхана мен конференц-залдың құрылысы қолға алынды. Курорт толығымен қазақстандық кәсіпкер Ерлік Балфанбаевтың жеке инвестициясы есебінен салынуда. Шетелдік қаржы тартылмаған. Қазіргі таңда салынған инвестиция көлемі 44 миллион АҚШ долларынан асты, ал жобаның жалпы құны 160 миллион доллар деп бағалануда. Барлық кезеңдер аяқталған соң, мұнда 1 200-ден астам тұрақты жұмыс орны ашылып, жыл сайын шамамен 1,6 миллиард теңге салық бюджетке түсетін болады.Қазақстандық тәжірибеде таулы жерде мұндай ауқымды жобаны 11 айда жүзеге асыру – өте сирек кездесетін жағдай. Биік таудағы логистика мен климаттың қиындығына қарамастан, тиімді жоспарлау мен кезең-кезеңмен іске асырудың арқасында 2025 жылдың 1 наурызында аспалы жол алғашқы туристерді қабылдап, бизнес алғашқы кірісін түсіре бастады.Алдағы айларда Aqtas аймағында бугельді көтергіш, глэмпинг, алып әткеншектер мен катапульта сынды экстремалды аттракциондар іске қосылады. Бұл нысанның жазда да, қыста да тартымды болуына жол ашады.Aqtas жобасы – Қазақстанда жеке бизнес пен тиімді басқару арқылы халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті туристік өнім жасау мүмкін екенін көрсететін жарқын мысал. Курорттың экономикалық үлесі де айтарлықтай: 2023 жылы салық түсімі 800 миллион теңгеден, ал 2024 жылы – 1,5 миллиард теңгеден асты.Ішкі туризмді дамыту – енді тек шикізаттық экономикаға балама емес, жоғары әлеуеті бар дербес салаға айналуда. Aqtas – осы үрдістің нақты дәлелі әрі еліміздің өзге аймақтарында да кеңінен таратуға болатын табысты тәжірибе. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1041231?lang=kk
Су айдындарында қауіпсіздік: Ұлан сарбаздары рейд жүргізуде 28.07.2025
Жазғы шомылу маусымының қызуына байланысты еліміздің түрлі өңірлерінде су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша профилактикалық шаралар жүргізілуде. Бұл жұмыстарға ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері де жұмылдырылған.Рейд барысында жағалау аймақтарына барып, демалушыларға судағы қауіпсіздік ережелері жазылған жадынамалар таратылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Ерекше назар кәмелетке толмаған балалар мен ересектердің қарауынсыз жүрген жастарға бағытталған.Мұндай рейдтердің негізгі мақсаты – судағы жазатайым жағдайлардың алдын алу және адамдарға қарапайым қауіпсіздік қағидаларын еске салу. Балаларға бақылау қажет, белгіленбеген және ағысы қатты жерлерде шомылуға болмайды. Сондай-ақ мас күйінде суға түсудің және тыйым салынған орындарда шомылудың қауіпті екені ескертіледі.Әскери қызметшілер өз тәжірибесінде мұндай жағдайлармен жиі ұшырасады. Мысалы, 27 маусым күні Қызылордада сержант Мұрат Түсекеев пен кіші сержант Жамбыл Таңсықбай Сырдария өзеніне батып бара жатқан адамды құтқарып қалды. Ал жуырда Өскеменде ефрейтор Пермабек Жанасбек Үлбі өзенінен қызды аман алып шыққаны үшін «Ізгі жүрек» марапатына ие болды.Жалпы алғанда, жаз мезгілінде судағы қауіпсіздікке ерекше мән беру қажет. Бұл – әр адамның өз жауапкершілігі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1041120?lang=kk
Шымкент қозғалыста: қала көлік жүйесін қалай қалпына келтіруде 26.07.2025
Шымкент қозғалыста: қала көлік жүйесін қалай қалпына келтіруде Шымкент Қазақстанның ең жылдам дамып келе жатқан қалаларының бірі болып табылады және мұндағы көлік инфрақұрылымы бұрыннан бері жаңа шындыққа бейімделуді талап етті. Халық санының өсуі, автокөліктер санының ұлғаюы және қала аумағының кеңеюі биліктің алдына бөлек жол учаскелерін біртұтас және тұрақты жүйеге айналдыру міндетін қойып отыр. Мегаполисте 2024 жылдан бастап көлік инфрақұрылымын жаңартудың кешенді бағдарламасы іске қосылды. Ол жолдар мен жол айрықтарын салуды ғана емес, аялдамаларды, қауіпсіздік жүйелерін және жарықтандыруды жаңғыртуды да қамтиды. Масштаб: көшелерден тас жолдарға дейін Ресми деректерге сәйкес, 2024 жылдың соңына қарай қала жолдарының 75 пайызы жақсы немесе қанағаттанарлық жағдайда болды. 2025 жылы бұл көрсеткішті 90 пайызға жеткізу жоспарлануда. Негізгі күш-жігер орталық көшелердегі байланыстарды дамытуға және жүктемені азайтуға бағытталған. Ірі жобалардың қатарында Еңбекші ауданындағы Момынова және Тіленшина көшелеріндегі темір жол өткелдерінің құрылысы бар. Олар қаланың шығыс бөлігін орталықпен байланыстырады, бұл көлік ағынын қайта бөледі және қолданыстағы тас жолдардағы кептелістерді азайтады. Момынованың құрылысы 2024 жылдың желтоқсанында басталып, жартысы аяқталды. Бұл ретте Қойкелді батыр мен Ақназар хан көшелерінің қиылысындағы апатты көпірге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыс 2025 жылдың соңына дейін аяқталады. Ең ауқымды жобалардың бірі Қонаев даңғылының ұзартылуы болды. Маршруттың жалпы ұзындығы 16,3 шақырымды құрайды, жұмыс алты кезеңге бөлінген. Кейбір учаскелер қазірдің өзінде аяқталды, тағы екеуін жылдың соңына дейін, ал соңғы кезеңі – 2026 жылы аяқтау жоспарлануда. Жаңа даңғыл Республика даңғылына балама болып, қаладан шығатын жолдағы көлік қозғалысын жеңілдетуі керек. А-2 айналма жолын қалпына келтіру жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. Ұзындығы 28,2 шақырымды құрайтын бұл транзиттік дәліз Шымкентті еліміздің басқа өңірлерімен байланыстырып, жүк тасымалдауда шешуші рөл атқарады. Алғашқы төрт кезең аяқталды, тағы үшеуін 2025 жылы аяқтау жоспарлануда. Соңғы кезең 2026 жылы аяқталады. Стратегияның бір бөлігі сонымен қатар жаңа біріктіретін көшелердің құрылысын қамтиды: Қазиев көшесін ұзарту (1,7 км) Ақжайық пен ШымСитидің солтүстік шағынаудандарынан баламалы шығуды қамтамасыз етеді. 2026 жылға қарай билік жалпы ұзындығы 1000 шақырымнан асатын 850 көшені толығымен асфальттауды көздеп отыр. Оның ішінде биыл 540 көшеге асфальт төселмек. Қауіпсіздікке назар аударыңыз: жаяу жүргіншілерден жарықтандыруға дейін Жол құрылысымен қатар жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары да күшейтілуде. 2025 жылы қалада 32 жаңа бағдаршам пайда болады, оның 10-ы орнатылған. Жүйенің тағы бір әлсіз буыны реттелген жаяу жүргіншілер өткелдері болып табылады. Қазіргі таңда жоспарланған 200 нүктенің 140-тан астамы жарықтандырылған. Сондай-ақ 6000 жол белгілерін орнату жұмыстары жүргізілуде (оның жартысы орнатылды), мектептер маңында жылдамдықты реттегіштер орнату (1200 метр), жаяу жүргіншілер жолын жаңарту — 180 шақырым жол ретке келтірілді. Сондай-ақ, 500 шақырымдық көшелердің таңбалары жаңартылды, су басқан аймақтарда (30 көше) жаңа суару арналары орнатылды. Көшелерді жарықтандыру бағдарламасы 2743 көшені қамтыса, оның 1550-і шамдармен жабдықталған.
Мемлекеттік қолдаумен дамып жатқан бизнес: Қостанай облысында кәсіпкерлік қалай өркендеуде 26.07.2025
Бүгінгі таңда Қостанай облысында 67 949 шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді. Бұл кәсіпорындарда 164,3 мың адам еңбек етуде, бұл өткен жылдың көрсеткішінен (2024 жылғы 1 сәуірдегі – 159,2 мың адам) 3,2%-ға жоғары.Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында ШОБ өнім көлемі 15,5%-ға өсіп, 515,9 млрд теңгені құрады (2024 жылғы 1 сәуірдегі – 446,7 млрд теңге).Жалпы алғанда, өңір экономикасының 30%-дан астамын шағын және орта бизнес қамтамасыз етіп отыр (ШОБ-тың жалпы өңірлік өнімдегі үлесі – 30,2%).Бұл оң көрсеткіштердің қалыптасуына мемлекеттік қолдау шаралары үлкен әсер етуде. Мәселен, Кәсіпкерлікті дамытудың кешенді бағдарламасы аясында 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында 135 бизнес-жоба бойынша жалпы сомасы 15,9 млрд теңге көлеміндегі несиелерге пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін субсидиялау және кепілдік беру арқылы жеңілдік шарттары қамтамасыз етілді. Бұл құралдарды «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ мен арнайы Кепілдік қоры жүзеге асыруда. Бұл жобалардың 26%-ы ауылдық жерлерде іске асырылуда.Сонымен қатар, Қостанай қаласындағы Индустриялық аймақта орналасқан кәсіпорындарды инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта жалпы құны 486,3 млн теңге болатын 7 жоба жүзеге асырылуда. Бұл жобалар Жангелдин, Қостанай және Меңдіқара аудандарында қолға алынған.Облыс орталығынан шалғайдағы өңірлерде кәсіпкерлік әлеуетті арттыру мақсатында 2023 жылы «Бизнес-Көмек» өңірлік несие беру бағдарламасы іске қосылды. Бұл бағдарлама жылдық 1% мөлшерлемемен берілетін, мемлекеттік қолдаудың баламасы жоқ құралы саналады. Қазіргі таңда барлық қаражат толық игеріліп, жалпы сомасы 1,5 млрд теңгені құрайтын 37 несие мақұлданды. Оның басым бөлігі мал шаруашылығын дамытуға бағытталды.Сонымен қатар, қаржы институттары да өз тарапынан кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған бағдарламаларды іске асыруда. Мысалы, Лисаков, Жітіқара және Рудный моноқалаларындағы кәсіпкерлер үшін «Халық банкі» тарапынан инвестиция мен айналым қаражатына арналған, 5 жылға дейінгі мерзімге, 10% жылдық мөлшерлемемен, 50 млн теңгеге дейін жеңілдікпен несие беру бағдарламасы іске қосылды (темекі өнімдерін өндіру саласынан басқа).Өз кезегінде «Даму» қоры «Өрлеу» бағдарламасын іске асыруды бастады. Бұл бағдарлама экономиканың басым секторларында жұмыс істейтін кәсіпкерлерге 7 млрд теңгеге дейін, 10 жыл мерзімге, 12,6% мөлшерлемемен несие беруді көздейді. Өтінімдер «Банк ЦентрКредит» АҚ, «Халық банкі» АҚ, «Freedom Bank» АҚ, «ForteBank» АҚ және «Нұрбанк» АҚ арқылы қабылданады.Облыста шағын өнеркәсіптік аймақтарды құру бойынша да жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда Қостанай қаласындағы Индустриялық аймақта автокомпоненттер өндіретін Локализациялау орталығының құрылысы және «Большевичка» тігін фабрикасының цехтарын жаңғырту жобалары іске асырылуда. Бұл жобалар шағын бизнес өкілдеріне қажетті инфрақұрылыммен жабдықталған дайын өндірістік алаңдарды жеңілдікпен жалға беру мүмкіндігін ұсынады.Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға да ерекше көңіл бөлінуде. Бүгінгі таңда облыстан 66 әлеуметтік кәсіпкер арнайы Реестрге енгізілген. Бұл санаттағы кәсіпкерлерге 5 млн теңгеге дейінгі гранттар конкурсына қатысу мүмкіндігі берілген. Конкурс 2025 жылдың қыркүйек айында өткізіледі деп жоспарлануда.Бұдан бөлек, қаржылық емес қолдау шаралары арқылы да кәсіпкерлерге көмек көрсетілуде. Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының бастамасымен 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында 1 500-ге жуық бизнес субъектісі мен кәсіпкерлік бастамасы бар азамат қолдауға ие болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1040858?lang=kk
Health Invest Forum – 2025: Ашық диалог пен инвестициялық ынтымақтастық алаңы 25.07.2025
Каскелен қаласындағы SDU университеті базасында Алматы облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Health Invest Forum – 2025 форумы өтті. Аталған шара мемлекеттік сектор, инвесторлар, халықаралық ұйымдар, дипломатиялық корпус пен бизнес-қауымдастық өкілдері арасындағы ашық диалог орнатуға арналған бірегей алаң ретінде танылып, денсаулық сақтау және инвестиция саласындағы жылдың маңызды оқиғасына айналды.Форум жұмысына Германия, Ресей, Түркия, Үндістан, Қытай сынды сегіз елден келген 160-тан астам делегат қатысты. Форумның негізгі мақсаты – мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) тетіктерін дамыту, өңірдің инвестициялық әлеуетін таныстыру және өмірлік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру үшін стратегиялық әріптестік орнату арқылы өңірдегі денсаулық сақтау саласына инвестиция тарту.Форумның ресми бөлімінде қатысушыларға Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Исатаев құттықтау сөз сөйледі. Ол өз сөзінде өңір үшін денсаулық сақтау саласын дамыту – халықтың әл-ауқатын арттыру мен тұрақты дамудың негізі болып табылатын басым бағыттардың бірі екенін атап өтті. Мемлекет басшысының Жолдауында бюджеттен тыс ресурстар тарту және МЖӘ тетіктерін пайдалану мәселесіне ерекше назар аударылғанын айта келе, бүгінде облыста денсаулық сақтау инфрақұрылымы белсенді жаңғыртылып жатқанын, цифрлық шешімдер енгізіліп, әсіресе ауылдық елді мекендерде медициналық көмектің қолжетімділігі үшін жан-жақты жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді.Сондай-ақ Рустам Исатаев қазіргі бюджет шектеулері жағдайында жекеменшік сектордың қатысуы ерекше маңызды екенін атап өтті. Бұл жобаларды іске асыруды жеделдетуге, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға және денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Форум соңында ол Алматы облысы әріптестікке ашық екенін және инвесторларға қолайлы жағдай жасауға дайын екенін айтып, форум барысында бірқатар нақты келісімдерге қол жеткізіліп, ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың негізі қаланатынына сенім білдірді.Шараға қатысқан ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов та қатысушыларды құттықтап, Алматы облысының инновациялар мен заманауи тәжірибелер орталығы ретінде фармацевтикалық кластер шоғырланған маңызды аймақ екенін атап өтті. Форумның негізгі бағытын қолдай отырып, ол мемлекеттік органдар, жеке инвесторлар және кәсіби медициналық қауымдастықтың күш біріктіруі – өңірдің медицина мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, медициналық қызметтердің сапасын арттыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға және денсаулық сақтау саласын халықаралық деңгейге көтеруге мүмкіндік беретінін айтты.Форумның презентациялық бөлімі де Рустам Исатаевтың өңірдің инвестициялық әлеуетін таныстыруымен ашылды. Одан кейін Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов «Өңірдің инвестициялық әлеуеті: басымдықтар мен инфрақұрылым» тақырыбында баяндама жасады.Шара барысында денсаулық сақтау саласына инвестиция салуға дайын шетелдік және отандық компаниялар өз мүмкіндіктерімен таныстырды. Шетелдік қатысушылар қатарында Түркияның TASYAPI, İlk Construction және Fujifilm, Германияның Integra GmbH, Ресейдің Khan Tengri Biopharma және Үндістанның HSCC компаниялары бар. Ал отандық инвесторлар қатарында TabibMed, A-Class Med, NOVA INVEST, Power Qazaqstan, Интермед Плюс, Philips және EmAI компанияларының өкілдері қатысты.Форум аясында медициналық мекемелерді салу және жаңғырту, денсаулық сақтауды цифрландыру, фармацевтиканы дамыту, диагностикалық және оңалту қызметтерін кеңейту, мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін қолдану сияқты өзекті тақырыптар қозғалды.Қатысушылар өңірдегі денсаулық сақтау саласын дамытудың басым бағыттарымен, іске асырылып жатқан және жоспарланған жобалармен танысып, сарапшылармен және мемлекеттік органдар өкілдерімен ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік алды.Форум аясында клиникалар, амбулаториялар мен өзге де медициналық нысандарды салу бойынша он бір жобаны жүзеге асыруға қатысты меморандумдарға қол қою рәсімі өтті.Health Invest Forum – 2025 Алматы облысының денсаулық сақтау саласына инвестиция тарту және саланы жаңғырту бағытындағы нақты қадамдарға жол ашқан тиімді әрі нәтижелі диалог алаңы болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1040712?lang=kk
Алматы тау кластері – Орталық Азия туризмінің жаңа флагманы 25.07.2025
Алматы облысы Орталық Азиядағы туризмнің тартымды орталықтарының біріне айналуда. 2025 жылдың алғашқы тоқсанында өңірге 162 мың турист келген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 62%-ға артық. Сарапшылар бұл серпінді өсімді халықаралық деңгейдегі Алматы тау кластерінің қарқынды дамуымен байланыстырады. Бүгінде ол жыл он екі ай жұмыс істейтін, жан-жақты инфрақұрылымы бар жаңа туристік хабқа айналып келеді.Қазіргі таңда облыс аумағында 270 туристік орналастыру нысаны жұмыс істейді. Олар 161,5 мың төсек-орынмен қамтылған. Соның ішінде тек таулы аймақтың өзінде 140 туристік база бар. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,6%-ға артық көрсеткіш. Алайда туризм саласындағы басты жаңалықтар алда.Тау кластерін дамыту аясында ірі халықаралық жобалар іске қосылуда. Соның бірі – вьетнамдық CrystalBay компаниясы мен «Кипрос» ЖШС арасындағы серіктестік. Қол қойылған меморандум аясында «Ақ-Бұлақ» курортын жаңғырту көзделіп отыр. Жоба аясында гольф-клуб салынып, қонақүй кешені кеңейтіледі. Инвестиция көлемі – 233 млрд теңге. Бұл жоба 700 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта курорттың мастер-жоспары әзірленіп, топографиялық түсірілім аяқталған.Тағы бір ауқымды бастама – Oi-Qaragai курортын кеңейту жобасы. Оның аумағы 105 гектардан 1000 гектарға дейін ұлғаймақ. 2028 жылға қарай мұнда 500 жаңа жұмыс орны ашылып, жеке инвестиция көлемі 83,2 млрд теңгеге жетеді. Бұл ретте облыс әкімдігі туризм нысандарына қажетті инфрақұрылымды – газ, электр қуаты, су және жол желілерін – қатар дамытуды қолға алып отыр.Облыстық туризм басқармасының мәліметінше, Алматы тау кластеріндегі туристер саны жылына 300 мыңнан 850 мың адамға дейін ұлғайтылады деп күтілуде. Бұл көрсеткіш өңірдің туристік әлеуетін толық ашуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және жергілікті кәсіпкерлікті жандандыруға жол ашады.Сонымен қатар кешенді жоспар аясында Қаскелең және Түрген шатқалдарын дамыту тұжырымдамасы әзірленіп жатыр. Бұл мақсатқа 70 миллион теңге бөлінген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1040307?lang=kk
Қазақстан СІМ-де қазақ-мажар стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту жөніндегі қадамдар талқыланды 24.07.2025
Астана, 2025 жылғы 24 шілде – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Мажарстанның Қазақстандағы Елшісі Отто Иван Ронамен кездесу өткізді.Сұхбат барысында тараптар қазақ-мажар ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылап, саяси диалогты нығайтуға, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге, көлік, білім беру және мәдениет салаларындағы өзара іс-қимылды жандандыруға, сондай-ақ екіжақты сапарлар аясында қол жеткізілген уағдаластықтарды практикалық тұрғыдан жүзеге асыру мәселелеріне баса назар аударды.А.Исетов Қазақстанның Еуропалық одақтағы жақын әрі сенімді әріптесі Мажарстанмен стратегиялық серіктестікті шынайы бағалайтынын атап өтті. «Астана мен Будапешт арасындағы өзара сенімге негізделген саяси диалогтың жоғары деңгейі – екіжақты қатынастардың айрықша белгісі. Екі ел халқын ортақ тарихи және мәдени тамырлар байланыстырады» – деп мәлімдеді қазақ дипломаты.Кездесуде алдағы жоғары деңгейдегі екіжақты іс-шараларға дайындық мәселелеріне басым көңіл бөлінді.Кездесу соңында Министрдің орынбасары Елшіге екіжақты байланыстарды дамыту жолындағы белсенді жұмысы үшін алғыс білдіріп, ынтымақтастықтың одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1040125?lang=kk
Нұра ауылындағы №12 мектеп жаңғырып жатыр: жаңа оқу жылына дайындық қарқынды жүріп жатыр 24.07.2025
Талғар ауданының Нұра ауылында орналасқан №12 орта мектепте 2023 жылдың маусым айында басталған күрделі жөндеу жұмыстары белсенді түрде жалғасуда. Бұған дейінгі мердігердің жұмысынан туындаған қиындықтарға қарамастан, қазіргі таңда құрылыс 75% аяқталды. Жаңа оқу жылы басталғанға дейін, яғни 30 тамызға дейін оқу корпусы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.Білім беру процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ету – басты басымдықтардың бірі болды. 2024–2025 оқу жылында 1–11 сыныптарда 1141 оқушы толыққанды білім алды. Уақытша оқыту үшін ауылдың Мәдениет үйі, округ әкімдігі және жеке ғимарат пайдаланылып, барлық сыныптарға қажетті жағдай жасалды. Сабақтар санитарлық нормаларға сай, екі ауысыммен 45 минуттан өткізілді.Жаңа шағынаудандардан қатынайтын 350 оқушы үшін мектепке тасымалдау ұйымдастырылды. Бұл мақсатта мектеп теңгеріміндегі екі автобус пен жеке кәсіпкермен келісілген қосымша автобус пайдаланылды.Бұрынғы мердігер «SHEBERBUILD» ЖШС-мен келісімшартты біржақты бұзғаннан кейін, 2025 жылғы 9 маусымда республикалық мемлекеттік кәсіпорын «Еңбек-Өскеменмен» жаңа келісім жасалды. Қазіргі уақытта нысанда 26 жұмысшы еңбек етуде. Техникалық қадағалауды «Мегалиты Алматы» ЖШС жалғастыруда.Жергілікті атқарушы органдардың, білім бөлімі мен мердігер ұйымдардың үйлесімді жұмысының нәтижесінде мектеп ғимараты жаңарып, заман талабына сай білім ордасына айналмақ. Жаңа оқу жылында оқушылар мен мұғалімдер жаңартылған, жайлы және қауіпсіз мектепке оралады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1040009?lang=kk
Алматы облысында МТФ бір жылда сүт өндіру көлемін арттырды 24.07.2025
Қазақстандағы сүт тапшылығы әлі де өзекті мәселелердің бірі болып қалып отыр. Бұл мәселені жүйелі түрде шешу мақсатында «Қонаев» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ агроөнеркәсіптік кешенді (АӨК) несиелеу бағдарламасын жүзеге асыруда.– Бағдарламаны қаржыландыру кезең-кезеңімен жүргізілуде: 2023 жылы 15 млрд теңге бөлінсе, 2024 жылы тағы 5 млрд теңге бағытталды. Биыл республикалық бюджеттен қосымша 8 млрд теңге қарастыру жоспарланып отыр, – деді «Қонаев» ӘКК басқарма төрағасы Мұрат Абдығұлов.2024 жылдың қорытындысы бойынша «Қонаев» ӘКК қолдауымен қаржыландырылған 13 сүт-тауар фермасы 38 042 тонна сүт өндірді. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 5 000 тоннаға артық (2023 жылы – 33 088 тонна). Аталған фермаларда 709 адам жұмыспен қамтылған. Барлық жобалар толық қуатына шыққан жағдайда жылдық өндіріс көлемі 68 000 тоннадан асады, ал жұмыс орындарының саны 838 адамға дейін артады деп күтілуде.Мұндай табысты жобалардың бірі – Еңбекшіқазақ ауданындағы «Әлімжанов» шаруа қожалығы. Бұл жоба «Қонаев» ӘКК арқылы қаржыландырылып, айтарлықтай серпінге ие болды. Кәсіпкер Тілек Әлімжанов кеңестік кезеңде салынған ескі ферманы қалпына келтіріп, өткен жылы жеңілдетілген несие арқылы Чехиядан симментал тұқымының 96 бас сиырын сатып алып, сауын табынын 850 басқа дейін ұлғайтты.– Шаруашылықта заманауи технологиялар қолданылады, селекциялық-асылдандыру жұмысы жолға қойылған, малға қолайлы жағдай жасалған. Бір сауынды сиырға шаққанда жылына 5,5 тонна сүт өндіріледі. Еуропадан әкелінген ірі қара жаңа ортаға тез бейімделіп, төл бере бастады, – дейді фермер.Қазіргі уақытта фермада 100-ден астам адам жұмыс істейді, олардың басым бөлігі – жергілікті тұрғындар. Олар үшін тегін тамақ, көлікпен қамтамасыз ету және әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған. Бұл ауыл тұрғындарына тұрақты және лайықты еңбек жағдайын жасап, АӨК-ке көрсетілетін қолдаудың нақты экономикалық және әлеуметтік нәтиже беретінінің дәлелі.АӨК-ті несиелеу бағдарламасы Солтүстік Қазақстан облысының оң тәжірибесі негізінде әзірленген. Ол сүт бағытындағы ірі қара мал сатып алуға, сүт-тауар фермаларын, құс фабрикаларын, жеміс-көкөніс қоймаларын және ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу кәсіпорындарын салуға немесе жаңғыртуға арналған жабдықтар алуға несие беруді көздейді.Бағдарлама шарттарына сәйкес, несиелеу мерзімі – 10 жылға дейін, сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5%. Негізгі қарызды өтеу бойынша жеңілдік мерзімі – 24 айға дейін. Несие сомасының жоғарғы шегі – 5 млрд теңге.Бүгінгі таңда осы бағдарлама аясында Алматы облысына 1 498 бас сүт бағытындағы ірі қара мал жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1039809?lang=kk
Алматы облысының инженерлік инфрақұрылымы: орнықты даму мен жайлы өмірдің негізі 24.07.2025
Алматы облысында инженерлік инфрақұрылымды кешенді дамыту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта жылумен қамту, сумен жабдықтау, су бұру, электрмен қамту және газдандыру жүйелерін жаңғырту мен салу бағытында ауқымды жобалар жүзеге асырылып жатыр. Бұл – тек техникалық міндеттер ғана емес, сонымен қатар халықтың өмір сапасын арттыруға, кәсіпкерлік, туризм мен әлеуметтік саланың дамуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған стратегиялық қадамдар.Бүгінде Алматы облысының Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы аудан әкімдіктерімен бірлесіп 127 жобаны жүзеге асыруға кірісті. Оның ішінде: 15 жоба – жылумен қамту, 25 – электрмен жабдықтау, 13 – газдандыру, 54 – сумен жабдықтау және 20 жоба – су бұру саласына тиесілі. Бұл бағыттардың әрқайсысы өңірдің орнықты дамуына үлес қосатын маңызды тетік саналады.Жылумен қамту мәселесі – басты назарда. Биыл Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарында 15 модульдік қазандықтың құрылысы басталды. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 3,08 млрд теңге бөлінді. Жоспарға сәйкес, алдағы жылыту маусымында 52 көпқабатты үй орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етіледі. Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың қыркүйегінде толық аяқталады деп күтілуде.Электрмен қамту бағытында да айтарлықтай ілгерілеу бар. Жалпы құны 8,1 млрд теңгені құрайтын 25 жоба жүзеге асырылуда. Оның 18-і – алдыңғы жылдан өтпелі жобалар болса, 7 жоба – жаңадан басталған. Көптеген нысандар биылғы күзде пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, халық пен кәсіпкерліктің өсіп келе жатқан сұранысын өтеу үшін жаңа қосалқы станциялар салу көзделуде.2025 жылы 13 елді мекенді газдандыру үшін 11 млрд теңге бөлінді. Бұған дейінгі кейбір жобаларда техникалық қиындықтар мен мердігерлер тарапынан жіберілген кемшіліктерге қарамастан, жұмыс қарқынды жүргізілуде. Кіші Байсерке, Еламан және Шілібастау ауылдарындағы жобалар жоспарға сай іске асуда. Сондай-ақ, Қонаев, Алатау қалаларында және Қарасай, Жамбыл, Балқаш аудандарында жаңа құрылыс жұмыстары басталды.Жобалардың бірқатары инвесторларды тарту арқылы жүзеге асырылуда. Матибұлақ, Достық және Тереңқара ауылдарындағы инфрақұрылым нысандары сәтті аяқталды. Бұл – ынтымақтастық туралы меморандумдар аясында тиімді жұмыстың нақты нәтижесі.2024 жылы сумен жабдықтау бойынша 43, ал су бұру бағытында 20 жобаның құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Жалпы ұзындығы 1300 шақырымнан асатын желілердің құрылысына 28,9 млрд теңге бөлінген. Қазіргі таңда 19 жобаға мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды, тағы 66 жоба бойынша жобалық-сметалық құжаттама дайындалып жатыр.Бұл жұмыстар аяқталған соң, өңірдегі су жүйелерінің тозу деңгейі едәуір төмендеп, халық сапалы ауызсумен тұрақты қамтамасыз етіледі.Айта кету керек, жылу тұтынушыларының 98%-ын халық құрайды. Олар үшін төмендетілген тарифтер қолданылатыны белгілі. Осыған байланысты жылу жеткізуші мекемелердің қаржылық тұрақтылығын сақтау мақсатында мемлекет тарапынан субсидиялар қарастырылған. 2025–2026 жылдары тұрақты жылыту маусымын қамтамасыз ету үшін 2,5 млрд теңге қарастырылған, оның ішінде 1,7 млрд теңгесі — облыстық бюджеттен.Алматы облысының Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы Айдын Бегімбетовтің айтуынша:«Біздің басты міндетіміз – облыс тұрғындарын сапалы және тұрақты коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету. Біз инженерлік инфрақұрылым мәселелерін кешенді түрде шешіп жатырмыз: тозған желілерді жаңғыртамыз, заманауи технологияларды енгіземіз, жеке инвестицияларды тартамыз және жобалардың орындалу мерзімі мен сапасына бақылауды күшейтеміз. Бұл – өңірдің орнықты дамуына берік негіз».Инженерлік инфрақұрылымды дамыту – бұл тек тұрмыстық жағдайды жақсарту ғана емес, сонымен бірге өңірдің экономикалық өсуіне, әлеуметтік тұрақтылыққа және инвестициялық тартымдылыққа жол ашатын қуатты серпін. Әрбір іске асырылған жоба – халықтың жайлы әрі қауіпсіз өміріне қосылған үлес, болашақтың берік іргетасы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1039687?lang=kk
Алматы облысында қолжетімді тұрғын үй жобасы іске асты 24.07.2025
«Қонаев» ӘКК» АҚ серіктесі «DEL Construction» ЖШС-мен бірлесіп, Іле ауданына қарасты Боралдай кентінде жаңа «Galamat» тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтады. Бұл – Боралдайдағы алғашқы заманауи тұрғын үй кешені.Кешен төрт мансардалы бес қабатты тұрғын үйден тұрады. Жалпы ауданы 9 909 ш.м. болатын 220 пәтер пайдалануға берілді. Жобаның жалпы құны — 3,29 млрд теңге.– Жоба тұрғын үй құрылысын дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарлама мен жобаларды бірлесіп қаржыландыру тетігі аясында жүзеге асырылды. ӘКК-нің қаржылық үлесі 1,5 млрд теңгені (45,6%) құрады, қалғанын инвестор салды, – деді «Қонаев» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасы Мұрат Абдыгулов.Барлық пәтерлер таза әрлеумен тапсырылды: сантехника орнатылып, линолеум төселген. Жаңа үйлердегі бір шаршы метрдің құны – 380 мың теңге.Жоба аясында инженерлік инфрақұрылым мен ғимараттардың сейсмикалық тұрақтылығына ерекше назар аударылды. Тұрақты сумен қамтамасыз ету үшін тереңдігі 200 метрден асатын екі ұңғыма (негізгі және резервтік) бұрғыланды. Бұл көлем барлық тұрғындардың қажеттілігін толық жабуға жеткілікті. Сонымен қатар, кешенге автономды газ қазандығы орнатылып, ол орталық жүйеге тәуелсіз жылу мен ыстық су береді.Аула аумағы абаттандырылып, орындықтар мен қоқыс урналары орнатылып, асфальт төселді. Жақын арада балалар алаңы да орнатылады.Конкурстық рәсімдер негізінде жергілікті атқарушы орган кешеннің үш блогынан әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға арналған пәтерлер сатып алды. Төртінші блок бойынша конкурстық рәсімдер әлі жүріп жатыр.«Қонаев» ӘКК өкілдерінің айтуынша, бұл жоба мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің тиімді үлгісіне айналды. Ол тұрғын үй құрылысын жеделдетіп қана қоймай, сапасын да қамтамасыз етті.– Бұл жобаны жүзеге асыру арқылы ӘКК қолдауды қажет ететін облыс тұрғындары үшін жайлы өмір сүру ортасын қалыптастырды, – деп қорытындылады Мұрат Абдыгулов. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1039651?lang=kk
Алматы облысы инвестициялық әлеуетін арттыруда: жарты жылда 420 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды 23.07.2025
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің төрағалығымен өткен өңірлік әкімдік отырысында инвестиция тарту бойынша бірінші жартыжылдықтың қорытындылары қаралып, екінші жартыжылдыққа арналған басым бағыттар белгіленді.Облыс тұрақты өсім қарқынын көрсетуде: негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 6 айда 421,6 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,7%-ға артты. Оның ішінде жекеменшік инвестициялар көлемі 288,6 млрд теңгені құрады, ал облыстың республикадағы инвестициялар үлесі 5,2%-ға жетті.Тікелей шетелдік инвестициялар көлемі де айтарлықтай өсті – I тоқсанның қорытындысы бойынша өңірге 210,7 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылған, бұл өткен жылдың деңгейінен 1,5 есе көп.Марат Сұлтанғазиев инвестициялардың тұрақты экономикалық өсімнің негізгі қозғаушы күштерінің бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша, облыста проактивті тәсіл қолданылады: цифрлық инвестициялық платформа іске қосылған, өңірлік штаб жұмыс істейді, нақты жобалар портфелі қалыптастырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1039195?lang=kk
«Таза Қазақстан»: Алматы облысының тұрғындары тазалық пен экологияны қолдайды 23.07.2025
Алматы облысында қоршаған ортаны қорғауға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы белсенді жүзеге асырылуда.Жыл басынан бері бұл акция аясындағы шараларға 220,8 мың адам мен 8 836 кәсіпорын және ұйым қатысты. Нәтижесінде 6,6 мың тонна қоқыс жиналып, 76 702 түп ағаш пен 14 мың келі түрлі ағаш тұқымдары егілді. Әсіресе, мектеп оқушылары белсенділік танытты: облыстың 429 мектебінде 11,2 мың ағаш отырғызылды.Тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың айналасын абаттандыру мен тазалау жұмыстары да жүйелі түрде жүргізілді. Атап айтқанда, 3 048 көпқабатты тұрғын үйдің ауласы, 55 саябақ пен сквер, 781 тарихи-мәдени нысан және 1 055 әлеуметтік нысан тазаланды. Бұл жұмыстарға 2 395 арнайы техника тартылды.Халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында арнайы медиажоспар бекітіліп, 2025 жылдың басынан бері әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында 21 мыңнан астам материал жарияланды.Сондай-ақ, экологиялық заңбұзушылықтарды анықтауға арналған телеграм-бот туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ресми интернет-ресурстарда, әлеуметтік желілерде, жергілікті тұрғындардың ПИК чаттарында, квазимемлекеттік сектор ұйымдарының жұмыс чаттарында, «Жетісу» телеарнасында, облыстық сайттар мен баспа басылымдарда 200-ден астам мақала жарық көрді.Бұған қоса, облыс бойынша 43 тақырыптық баннер орнатылып, тұрғындарды қоршаған ортаға ұқыпты қарауға үндеді.«Таза Қазақстан» акциясы — бұл табиғатты қорғауға немқұрайлы қарамайтын мыңдаған адамның ортақ мақсаты мен күш-жігерін біріктірген кең ауқымды бастама. Бұл жұмыс келешек ұрпақ үшін таза әрі жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1039081?lang=kk
Ауыл мектебі — жаңа келбет, жаңа мүмкіндіктер 23.07.2025
Талғар ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясындағы жұмыстар қарқынды жалғасуда. Кайнар ауылдық округіне қарасты Жалғамыс ауылында 900 орындық жаңа мектептің құрылысы аяқталып, алғашқы оқушыларын қабылдады. Ал «Айғаным» шағын ауданындағы Көктал ауылында салынып жатқан 600 орындық мектептің құрылысы да мәреге таяп қалды – білім ордасының есігі жаңа оқу жылының басында ашылады деп жоспарланып отыр.Аудандық білім бөлімі таратқан мәліметке сәйкес, осыған дейін мыңнан астам бала көрші ауылдар мен Іле ауданына қатынап оқуға мәжбүр болған. Атап айтқанда, олар Қызыл-Ту ауылындағы №24 мектепке және Іле ауданындағы №7, 13, 24, 38 мектептерге барып жүрген. Бұл ата-аналар мен балалар үшін үлкен қиындық туғызды. Тұрғындар бірнеше рет Білім министрлігіне өз ауылдарында мектеп салу туралы өтініш жолдаған.Мәселе «Жайлы мектеп» жобасына енгізілуінің арқасында шешімін тапты. Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу бір жылға жуық уақытты алды. Құрылыс республикалық бюджет есебінен қаржыландырылып отыр. Тапсырыс беруші – «Самұрық-Қазына» қоры, мердігер ұйым – «KazSMU» ЖШС. Нысанды биылғы қазан айында тапсыру жоспарланған. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары 90% орындалды: қаңқасы толық аяқталған, ішкі әрлеу, инженерлік желілерді тарту және аумақты абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр.Жаңа мектепте кітапхана, спорт залы және кең асхана қарастырылған. Ғимарат қазіргі заманның барлық талаптарына толық сәйкес келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1039014?lang=kk
Қостанай облысының ормандары мен жасыл желектері: көгалдандыру мен тұрақтылық бағыты 21.07.2025
Қостанай облысының ормандары экологиялық, климаттық, экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан зор маңызға ие.Бүгінгі таңда Қостанай облысы әкімдігінің қарамағында 462,0 мың гектар мемлекеттік орман қоры бар, оның 207,5 мың гектарын орманмен көмкерілген алқаптар құрайды. Соңғы үш жыл ішінде орман қорына жатқызылған жерлер көлемі 4,3 мың гектарға (457 718 гектардан 462 009 гектарға дейін) артты. Бұл өсім қордағы бос жатқан жерлерді орман қорына ауыстырып, орман отырғызу жұмыстарын жүргізудің нәтижесінде орын алды.Қостанай қаласының маңында орналасқан мемлекеттік орман қорының "елді мекендердің жасыл белдеуі мен сауықтыру мақсатындағы аймақтар" санатына жататын 6188 гектар жер бар. Соның ішінде 4502 гектар жер орманмен көмкерілген.2021–2024 жылдар аралығында орман қоры жерлерінде 8,7 мың гектар аумақта 55,4 миллион түп көшет отырғызылды. Бұл 2021–2027 жылдарға арналған Орманды молықтырудың кешенді жоспары аясында жүзеге асырылуда. 2025 жылға белгіленген жоспар бойынша 2,9 мың гектарға 19,2 миллион көшет отырғызу көзделген. Ағымдағы жылдың көктемінде 2,9 мың гектар аумаққа 14,5 миллион көшет отырғызылды. Күз мезгілінде 0,8 мың гектарға 4,7 миллион көшет отырғызу жоспарлануда.2022 жылы Аманқарағай өңірінде орын алған ірі орман өрті салдарын жою жұмыстары жалғасуда. 2022 жылғы қарашадан 2025 жылғы шілде айына дейін өртенген аумақтың 61,7%-ына ағаш кесу жұмыстары жүргізілді, орманмен жабылған өртенген жерлердің 34,8%-ы толық өңделді.Жалпы, өртенген аумақта 432 гектар жерге 2,9 миллион қарағай көшеті отырғызылды. Сонымен қатар, табиғи орман қалпына келуі де байқалады: қайың мен көктеректің жас өркендері өсіп шыға бастады, көптеген жерде қарағайдың өздігінен көбеюі тіркелуде.Орман қоры жерлеріндегі орманды қайта қалпына келтіру жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Бұл жұмыстар орманмен көмкерілген аумақты ұлғайтуға және облыстың ормандылығын арттыруға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1037701?lang=kk
Алматы облысының әкімі Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарына жұмыс сапары: өзекті мәселелерді шешуге бағытталған нақты қадамдар 20.07.2025
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарына жұмыс сапарымен барып, инфрақұрылым, білім беру, сумен жабдықтау және жол құрылысы салаларындағы өзекті жобалардың іске асырылу барысымен танысты.Талғар ауданы: ауызсу мен жол мәселесі – басты назардаСапар Бесағаш ауылының оңтүстік бөлігін сумен жабдықтау жүйесінің құрылысымен танысудан басталды. Жобаның жалпы құны – 5,2 млрд теңге, ұзындығы – 31,3 км. Құрылыс жұмыстарын «Аскади» мердігер компаниясы «Бесағаш-юг» су құбыры бағдарламасы аясында жүзеге асыруда. Жоба 2024 жылы басталған, аяқталуы биыл жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта сыйымдылығы 1 мың текше метрлік резервуар салынып біткен.Облыс әкімі ауызсумен қамтамасыз ету мәселесі халықтың өмір сүру сапасына тікелей әсер ететінін айтып, бұл бағыттағы жұмыстарды жедел әрі сапалы жүргізу қажеттігін атап өтті.Келесі нысан – «Атлетико де Мадрид» футбол академиясына кіреберіс жол. Ұзындығы 3,3 км болатын жолға, тамыз айында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Асфальт жабыны екі қабатпен төселуде. Жұмыстар тамыз айында басталып, аяқталуы қараша айына жоспарланған.Еңбекшіқазақ ауданы: мектептер, көпірлер және инфрақұрылымЕңбекшіқазақ ауданына сапар Азат ауылындағы негізгі орта мектепке барудан басталды. 1923 жылы салынған, 140 орынға арналған ғимаратта бүгінде 395 оқушы білім алуда. Мектеп апатты жағдайда. Жаңа 300 орындық мектептің құрылысына арналған жоба әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткен. Алайда құрылысқа қаржы бөлінбеген. Облыс әкімі бұл жобаны қаржыландыру мәселесін жедел түрде шешуді тапсырды.Сапар барысында, сондай-ақ, Азат ауылындағы сумен жабдықтау жүйелерін жаңғырту мәселесі қаралды. 85 пайызы тозған желілерді қайта жаңарту жобасының құны – 2,15 млрд теңге. Ауылда 3519 адам тұрады.Ауылдың тағы бір өзекті мәселесі – саяжайлар мәртебесінің болмауы. Азат ауылы маңындағы 19 саяжайда шамамен 3 мың адам тұрады. Алайда бұл учаскелерге елді мекен мәртебесі берілмегендіктен, инфрақұрылымдық қызметтерге мемлекеттік қаржы қарастырылмайды. Осыған байланысты әкімдік аталған саяжайларды Талғар ауданының құрамына қосу мүмкіндігін қарастыруда.Апатты көпірлерді қалпына келтіру – жол қауіпсіздігінің маңызды бөлігіСапар аясында облыс әкімі Үлкен Алматы каналы бойындағы апатты көпірлердің жағдайымен танысты. Балтабай және Бәйтерек ауылдық округтеріндегі екі көпір де әбден тозған.• Талғар өзені арқылы өтетін көпірді қайта жаңарту жобасының құны – 1,41 млрд теңге, ұзындығы – 65,2 метр.• Түрген өзені үстіндегі көпір жобасы 674 млн теңгеге бағаланған, ұзындығы – 48,95 метр.Аймақ басшысы аталған көпірлердің құрылысын кешіктірмей бастауды тапсырды, себебі көктемгі тасқындар салдарынан олардың құрылымдары айтарлықтай зақымданған.Жол инфрақұрылымын дамыту – ауылдармен байланысты нығайтуАлмалы ауылына кіреберіс жол – Р-17 «Алматы – Талғар – Евгеньевка» автожолының 3,8 шақырымдық учаскесін жөндеу жұмыстары тамыз айында жоспарлануда. Жоба құны – 270 млн теңге.Сонымен қатар, Көктөбе ауылдық округіндегі Төле би ауылында 450 орындық жаңа мектептің құрылысы 90 пайызға аяқталған. Нысан 2025 жылдың қыркүйегінде пайдалануға беріледі деп күтілуде.Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарына жасаған жұмыс сапары – өңірдегі инфрақұрылымдық, әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық мәселелерді шешуге бағытталған нақты қадамдардың көрінісі. Аймақ басшысы барлық жобалар мен бастамаларды уақтылы қаржыландыру және тиімді бақылау қажеттігін атап өтті. Бұл өңір тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды міндеттердің бірі болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1037328?lang=kk
Алматы облысының әкімі «Ел бірлігі» орденінің иегері Людмила Хисаеваны арнайы барып құттықтады 19.07.2025
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Ел бірлігі» орденімен марапатталған көрнекті қоғам қайраткері Людмила Хисаевна Хочиеваны арнайы барып құттықтады. Аймақ басшысы орден иесіне Ел Президентінің атынан құттықтау лебізін жеткізіп, еліміздің бірлігі мен тұрақтылығын нығайту жолындағы сіңірген еңбегі үшін алғыс білдірді.Бұл марапат – Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойы қарсаңында этносаралық келісім мен қоғамдық бірлікті нығайтуға зор үлес қосқан тұлғаларға көрсетілген жоғары құрметтің жарқын көрінісі.Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойы — елдегі этносаралық келісім мен бірліктің қалыптасуына ықпал еткен бұл бірегей құрылымның үш онжылдық жолын қайта саралап, оның маңызын жаңаша пайымдауға мүмкіндік береді. Бұл дата әр азаматқа Ассамблеяның дамуына өз қатыстылығын сезініп, бейбітшілік пен келісімді сақтауға қосқан үлесін түйсінуге жол ашады. Сонымен қатар, бұл мерейтой достық пен ынтымақтастықты нығайтуда Ассамблеяның әлеуеті әлі де зор екенін көрсететін маңызды кезең болмақ.Айта кетейік, Людмила Хисаевна Хочиева – Қазақстан халқы Ассамблеясының белсенді мүшесі, этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайтуға үлес қосқан көрнекті қоғам қайраткері. 1959 жылы Жамбыл облысында туған. 1996 жылы «Минги-Тау» ұлттық-мәдени орталығын құрып, бірқатар қоғамдық ұйымдар мен кеңестерде қызмет етті. 2007 жылы Мәжіліс депутаты болып сайланып, жастар саясаты мен әлеуметтік жобаларды қолдауға белсенді атсалысты. ҚР Президенті Жолдауын насихаттап, заң жобаларын жетілдіруге қатысты. Еңбек сіңірген қайраткер, «Құрмет» ордені мен бірнеше медаль иегері, Алматы облысының Құрметті азаматы.Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Людмила Хисаеваның қоғамдық қызметі мен азаматтық ұстанымын ерекше атап өтіп, оның өмір жолы – өскелең ұрпақ үшін үлгі екенін атап өтті.Бұл кездесу – өңір басшылығының ардагерлерге, қоғам белсенділеріне деген құрметінің, сондай-ақ ел бірлігі мен татулығын сақтау жолындағы еңбекті бағалаудың айқын белгісі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1037322?lang=kk