Enbekshi QazaQ

Мәдениет

Су тасқынына дайындық жұмыстары бақылауда 04.03.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Серік Төленбергеновпен кездесті. Кездесуде су тасқынының алдын алу және басқа да маңызды мәселелер талқыланды.Аймақта тиісті сала мамандары («Қазгидромет» және «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалдары) Сырдария өзені арнасындағы бекеттер мен тораптардағы су деңгейіне күнделікті мониторинг жүргізуде. Жергілікті атқарушы органдар мен су шаруашылығы мамандары тәулік бойы кезекшілікте.Облыс бюджетінен қаржы бөлініп, «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамымен келісім-шарт жасалған, соған сәйкес 2 тікұшақ дайындыққа келтірілген. Мұз жару бойынша да арнайы мамандандырылған мекемемен келісім-шарт бар.Өткен жылы 3 нысандағы қорғаныс бөгеттерін жөндеу-қалпына келтіруге облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылды. Бұдан бөлек, бюджеттен тыс көздер есебінен 20 нысан жөнделіп, қалпына келтірілді.Облыс аумағында 37 гидротехникалық құрылыс бар. Коммуналдық меншіктегі 3 су қоймасына тексеру жүргізіліп, қауіпсіздік декларациясы рәсімделген. Биылға күрделі жөндеу жұмыстарына қаржы қарастырылуда.Су тасқыны болған жағдайда 61 эвакуациялық жинақтау және 71 қабылдау пункті халықты көшіруге дайын. Ақпанның 6-7 күндері «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді. Су тасқынына қарсы 123 жеке құрам, 23 техника, 6 жүзу құралы, 33 мотопомпа және 2 тікұшақ әзір.Кездесуде С.Төленбергенов су тасқынына қарсы шараларды күшейтудің маңыздылығына тоқталды.Айта кетейік, Төтенше жағдайлар вице-министрінің Сыр еліне жұмыс сапары аудандарда жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/944352
Қарағандыда Ақсақалдар кеңесінің республикалық слеті өтті 04.03.2025
Қарағанды қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Ақсақалдар тағылымы – адал қоғамның кепілі» атты Ақсақалдар кеңесінің республикалық слеті өтті.Іс-шара қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға, этностарды азаматтық бірегейлік қағидаттарына сүйеніп ұйыстыру, ҚХА-ның «Адал азамат» жобасының іске асырылу барысын және ҚХА-ның 30 жылдығына арналған іс-шараларды талқылауға бағытталған.Жиынға Мәдениет және ақпарат министрлігі мен ғылыми зиялы қауым өкілдері, өңірлердегі Ақсақалдар кеңесінің төрағалары, ҚХА Аналар кеңесінің мүшелері, жастар және басқа да қоғам қайраткерлері қатысты.Сонымен қатар аталған іс-шара барысында Ақсақалдар кеңесінің «Адал азамат – қоғам бірлігінің негізі» тақырыбында кеңейтілген отырысы өтті, онда әртүрлі қызмет салаларынан спикерлер сөз сөйледі, ҚХА жұмысын жетілдірудің тиімді жолдарын талқылады.Сондай-ақ профессорлар мен академиктер ұлт құрылысы тетігінің құралдарын, қазақстандық қоғам мен ұлт бірлігін нығайтудың тарихи негіздерін түсіндірді.Отырыс аясында қатысушылар өңірлік этномәдени бірлестік мүшелерімен кездесті. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/944197
5 наурызда киножобалар конкурсы басталады 04.03.2025
5 наурызда отандық киноиндустрия өкілдері үшін конкурс басталады. Байқау шеңберінде ұлттық фильмдер деп тануға үміткер киножобаларға қаржылық қолдау көрсетілетін болады.Байқаудың мақсаты – халықтың дәстүрлі құндылықтарын көрсететін, ұлттық мүддеге, идеологияға сай келетін және өзекті мәселелерді көтеретін фильмдер түсіру.Бұған дейін Орталық 5 қаңтарда басым тақырыпты жариялаған болатын. Атап айтсақ, «Біздің Отан», «Қоршаған орта», «Заң мен тәртіп», «Тарихи пен тағылым», «Дос қадірі», «Әйел құқығы, бала қауіпсіздігі», «Адал азамат», «Қазіргі заманның қаһармандары», «Бірлік пен бейбітшілік» және т.б. тақырыптарды негізге алуға болады.Биыл байқау үш жанр бойынша өтеді:Ойын фильмдері – отан, отбасы, еңбекқорлық және патриотизм тақырыптарынан бастап, балаларға арналған фильмдер, қазақ ертегілерінің анимациясы және ғарыш туралы киноға дейінгі жобалар.Анимация – ұлттық құндылықтарды, достықты, намыс пен жігерді, ата-анаға құрметті насихаттайтын жобалар.Деректі фильмдер – мемлекет мерейі, ғылымдағы жетістіктер, экология, IT-технологиялар, мәдениет және көрнекті тұлғалар туралы фильмдер.Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдан бастап, Қазақстанда киножобаларды іріктеудің жаңа ережелері қолданысқа енді. Осы ережелерге сәйкес конкурстық процесс екі кезең бойынша өтеді.Бірінші кезеңде сценарийлер (ойын және анимациялық фильмдер үшін) немесе сценарий жоспарлары (деректі және хроникалық фильмдер үшін) қарастырылады.Бірінші кезеңнен сәтті өткен соң, екінші кезеңде сценарий авторлары киножобалардың құжаттарын толық жинап, ұсыну керек.Үміткер құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, қателерді түзетіп, толықтыру үшін 3 жұмыс күні беріледі.13 наурызда өтінімдерді қабылдау аяқталады және жобалар сараптамалық кеңеске беріледі. Конкурстық өтінімдер сараптамалық кеңеске жіберілген соң, Орталық барлық іріктеу ережелеріне сәйкес келетін үміткерлерді хабардар етеді. Кейін питчинг өтеді.Питчинг ашық форматта өтеді және Сараптама кеңесі әр категория бойынша әділ шешім шығаруға ықпал етеді. Орталық Сараптама кеңесінің қорытындысын ведомствоаралық комиссияның қарауына енгізеді.Конкурстың барлық кезеңдеріне қатысты ақпараттар орталықтың интернет-ресурсында және әлеуметтік желілеріндегі ресми аккаунттарында қолжетімді болады. Бұл шаралар мемлекеттік қолдауға ие болатын киножобаларды іріктеу ашықтық өтуі үшін жасалған.Айта кетейік, жыл басында кино орталығы жанындағы Сараптамалық кеңестің құрамы жаңартылды.Министрлік сапалы, идеясы бар, мағыналы фильмдер шығаруға жағдай жасай отырып, ұлттық кинематографияны дамыту жұмыстарын жалғастырады.Толығырақ ақпаратты +7 (7172) 72 56 69 телефон нөмірі арқылы алуға болады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/944737
Астанада «Гүлдер» ансамблінің 55 жылдық мерейтойына арналған гала-концерт өтеді 04.03.2025
1 наурызда Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында «Гүлдер» ансамблінің 55 жылдық мерейтойына арналған гала-концерті өтеді.Концерт бағдарламасында арнайы әзірленген эксклюзивті аспаптық-хореографиялық қойылымдар мен жаңа хореографиялық композицияның тұсаукесері, авторлық әндер, белгілі әртістермен бірлескен дуэт және классикалық өнердің жаңа интерпретациясы ұсынылады.Іс-шараға қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары, «Астана сазы» қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблі, «Astana musical» мемлекеттік театры, «TURAN» этно-фольклорлық ансамблі, «Самға» тобы және «Гүлдер» ансамблі қатысады.Айта кетейік, «Гүлдер» ансамблі 1970 жылы құрылып, 2023 жылдың 1 наурызында топтың жаңа құрамы тұсаукесер концерт берді. Ансамбль құрылғаннан бастап Қытай, Үндістан, Германия, Жапония, Куба, Болгария, Моңғолия, Израиль, Оңтүстік-Шығыс Азия секілді елдерге гастрольдік сапармен барып, эстрадалық-музыкалық ревю бағытында концерттік бағдарламаларды көпшілікке ұсынды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз комитетіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/944783
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Татарстан Республикасының Раисымен кездесті 04.03.2025
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Қазан қаласында Татарстан Республикасының Раисы Рустам Миннихановпен кездесті. Атырау облысынан барған делегацияның жұмыс сапары аясындағы жүздесу аймақаралық әріптестікті нығайту, Ресей мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасты дамытуды көздейді, - деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.Кездесуде сөз алған Серік Шәпкенов жылы қабылдауға ризашылығын білдіріп, мұнай-химия саласындағы ықпалдастықтың маңызына баса назар аударды:“Атырау — Қазақстанның мұнайлы астанасы, ал Татарстанның бұл салада тәжірибесі мол. Сіздерде жолға қойылған технологиялар мен тәжірибелерді жоғары бағалаймыз. Бізге мұнай-химия кешенін дамытуды жеделдету қажет, бұл процесте тиімділігі дәлелденген сәтті әдіс-тәсілдерді негізге алу маңызды стратегиялық қадам болмақ. Біз озат тәжірибелерді зерделеп, оны өз өңірімізде енгізуге мүдделіміз”,- деді облыс әкімі.Тараптар экономикалық және өнеркәсіптік серіктестіктің перспективалары жайында әңгімелесіп, заманауи технологияларды енгізудегі тәжірибемен алмасты, сондай-ақ энергетика, мұнай-химия, машина жасау, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, IT, басқа да стратегиялық бағыттар бойынша әріпстестіктің мүмкіндіктері жайында да сөйлесті.Татарстан Раисы Рустам Минниханов біріге жұмыс жасаудың әлеуеті жоғары екенін атап өтті:“Мемлекет басшылары Владимир Путин мен Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтық деңгейдегі серіктестікті белсенді қолдап келеді. Біз арадағы туыстық қарым-қатынасты бағалаймыз. Қазақстан — Татарстанның шетелдік жетекші серіктестерінің бірі”.Кездесуде индустриялық аймақты дамыту, инвестициялық тартымдылық, сондай-ақ қалалар мен ауылдарда жайлы орта құруға қатысты сұрақтарға да баса мән берілді.Атырау облысының делегациясы Татарстан Раисының бастамасымен жасалған екі күндік сапарда бірқатар өнеркәсіптік нысанда болып, мұнай-химия, IT-индустрия және білім беру мекемелерінің тынысымен танысты.Келіссөздер нәтижесінде Атырау облысының экономикалық дамуына бағытталған біріккен жобаларды іске асыру көзделген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/945559
Қазақстан Климаттық өлшеуді ескере отырып, мемлекеттік шығыстар мен қаржылық есептілікті бағалауды бастайды 03.03.2025
Қазақстан Республикасында мемлекеттік шығыстарды бағалауды, қаржылық есептілікті және оның климаттық өлшемін (Мемлекеттік шығындар және қаржылық есептілікті бағалау - PEFA) жүргізу бойынша жұмыс басталды.Бағалау жүргізудің мақсаты-мемлекеттік қаржыны басқарудың қаржылық ашықтығы мен тиімділігін, сондай-ақ тұтастай алғанда елдің инвестициялық тартымдылығын арттыру.PEFA бағалауы Үкіметке мемлекеттік қаржыны басқару жүйесінің күшті және әлсіз жақтарын ұлттық деңгейде объективті бағалауға мүмкіндік береді және одан әрі реформалар үшін негіз жасайды.Бұл бағалау Дүниежүзілік банк пен Азия даму банкінің қолдауымен жүргізіледі.Өз кезегінде Адриан Фоззард, Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия аймағындағы институттар бойынша тәжірибе жетекшісі және Чекдем Аким, Азия Даму Банкінің мемлекеттік сектор басқармасының директоры елдің мемлекеттік қаржыны қаншалықты тиімді басқаратынын, сондай-ақ халықаралық рейтингтік агенттіктер мен инвесторлар үшін маңызды ақпаратты ұсынатын PEFA бағалауын жүргізудің маңыздылығын атап өтті.Қазіргі PEFA әдістемесі мемлекеттік қаржының "жасыл" экономиканы қаншалықты қолдайтынын және елдің климаттың өзгеруіне бейімделуіне көмектесетінін талдайтын Климаттық бағалауды (PEFA Climate) қамтиды. Сондай-ақ, серіктестер кейіннен бағалау ұсынымдарын іске асырудың маңыздылығын атап өтті.PEFA мемлекеттік қаржыны басқарудың бүкіл жүйесін, соның ішінде бюджеттеуді, шығындарды және аудитті бағалайды. Атап айтқанда, бағалау қаржылық есептіліктің ашықтығы, шығындар мен кірістерді болжау және жоспарлау, фискалдық стратегия, сыртқы бақылау және аудит, шығыстарды климаттық бағалау аспектілерін қамтиды.Елдегі мемлекеттік қаржы жүйесін басқарудағы негізгі рөлді ескере отырып, PEFA бағалау процесін Қаржы министрлігі үйлестіреді.Семинар барысында ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков атап өткендей: "Қазіргі әлемде инвестициялар сенім бар жерге келеді. Экономикалық саясатқа, мемлекеттік институттарға, қаржыны басқаруға деген сенім. Сондықтан PEFA бағалауы шешуші рөл атқарады".Сондай-ақ, бағалауға Жоғары аудиторлық палата, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі, Ұлттық статистика бюросы, Ұлттық экономика, ғылым және жоғары білім, оқу-ағарту, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, су ресурстары және ирригация, экология және табиғи ресурстар және еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрліктері қатысады.Ағымдағы жылы PEFA бағалауы 2022-2024 жылдар кезеңінде жүзеге асырылады. Қазақстан үшін соңғы PEFA бағалауы 2018 жылы жарияланған болатын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/949901
Бесарық ауылында спорт кешені ашылды 28.02.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Сырдария ауданының Бесарық ауылында спорт кешені ашылды. Салтанатты шараға жауапты сала басшылары, еңбек ардагерлері, зиялы қауым өкілдері мен ауыл тұрғындары қатысты.Облыс әкімі ауылдағы жаңа әрі сәулетті ғимараттар қатары тағы бір маңызды нысанмен толыққанын атап, жергілікті тұрғындарды құттықтады.«Бүгін берекесі мен бірлігі жарасқан Сырдария ауданының Бесарық ауылында өздеріңізбен жүздескенімізге қуаныштымыз.Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесуде: «Бұқаралық спортты дамыту арқылы біз кәсіби спортқа жол ашамыз және ең бастысы, ұлт саулығын жақсартамыз. Мемлекет спорт инфрақұрылымын дамыту үшін тиісті қаражат бөлуде, яғни балалардың жастайынан алаңсыз спортпен шұғылдануына қажетті жағдайды жасап жатыр. Еліміздің аймақтарында 20 мыңнан астам спорт алаңы жұмыс істеп тұр, 16 мыңнан аса арнайы кешен мен зал бар. Осы нысандардың барлығы толыққанды қызмет етуге тиіс және спортпен айналысамын деген әрбір адамға қолжетімді болуы керек», – деген болатын.Спорт – елімізді халықаралық деңгейде танытып, Көк Туымызды желбірететін, Әнұранымызды асқақтататын айрықша маңызды сала.Өткен жылы қазан айында Қызылорда қаласында «Үстел теннисі» орталығы пайдалануға берілді. Халықаралық стандарттарға сәйкес келетін «Орталық стадионды» алдағы мамыр айында ел игілігіне табыстаймыз. Жақын күндері көпбейінді «Қызылорда Арена», денешынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы басталады.Сырдария ауданының спорт саласында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Өткен жылы спортшылар республика чемпионаттарынан 29 алтын, 20 күміс, 47 қола, Азия чемпионатынан 4 алтын, 1 күміс, 2 қола, Әлем чемпионатынан 1 алтын медаль иеленді.Бүгін ашылған жаңа спорт кешенінде ауыл тұрғындарының, жеткіншектердің дене шынықтыруына, спортпен айналысуына жеткілікті мүмкіндік бар. Осы жерде жаттыққан балаларымыз денсаулығы мен рухы мықты, жігерлі, қайратты, болашақта елдің даңқын асқақтататын азаматтар болсын дейміз. Жаңа нысан салауаттылық салтын ұстануға шақыратын құтты орынға айналсын!» – деді Н.Нәлібаев.Салтанатты шарада спорт саласының қызметкерлері мен ардагерлеріне облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды.Қоғам қайраткері, Қызылорда облысының құрметті азаматы Айтбай Көшербаев құттықтау лебізін жеткізіп, Бесарық ауылдық қоғамдық кеңесінің төрағасы Әкбар Ақжігітов батасын берді.Жаңадан ашылған кешен бір мезетте 100-ге жуық баланы қабылдайды. Бұл жерге келушілер қазақ күресі, дзюдо, бокс, грек-рим, еркін күрес, таеквондо, волейбол, футболмен айналыса алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/945307
Аймақ басшысы Қытайлық компаниялардың басшыларымен кездесті 28.02.2025
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бастаған Сыр өңірінің делегациясы Қытайға жұмыс сапарымен барды. Делегация құрамында ауыл шаруашылығы құрылымдарының, құрылыс және мұнай компанияларының басшылары, кәсіпкерлер бар. Сапардың негізгі мақсаты – аймақтың агроөнеркәсіп, құрылыс, қызмет көрсету салаларына инвестиция тарту.Жұмыс сапары аясында аймақ басшысы Сиань қаласындағы мұнай-газ, химия өнеркәсібі саласындағы компания жетекшілерімен кездесті. Алдымен «Yan'an Energy Equipment Group» компаниясы басшысымен жүздесіп, өңдеу өнеркәсібі саласында бірлесіп жұмыс жасауға дайын екенін айтты.«Бірінші кезекте Қызылорда облысы мен Қытай арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатындағы бүгінгі кездесуге қызығушылық танытқаныңыз үшін алғыс білдіремін. Біз Қытайдың озық технологияларын облыс өнеркәсібіне енгізу үшін арнайы делегация жасақтап келдік.Мұнай-газ – өнеркәсіптің маңызды салаларының бірі және облыс экономикасының негізі. Оның үлесі өңірдің өнеркәсіптік өндірісінің 48,7%-дан астамын құрайды, 10 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтиды. Облыс аумағында мұнай өндірумен және барлаумен 49 кеніште 25 компания айналысады.Алайда, мұнай ұңғымаларының көпшілігінің сарқылуына байланысты қорды толықтыру мақсатында геологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Одан бөлек, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы «Торғай-палеозой» кен орнында тереңдігі 5,5 мың метр ұңғыманы бұрғылауда. Қазіргі таңда бұрғылау жұмыстары шамамен 5,4 мың тереңдікке жетті.Осы ретте, құрметті мырзалар, компанияның заманауи технологиясы мен тәжірибесін ескеріп, Қызылорда облысында бірлесіп жұмыс жасауға шақырамыз.Облыс әкімдігі өз тарапынан зауыттарды орналастыру үшін жер, инженерлік инфрақұрылым, жан-жақты логистикалық қолдау білдіруге дайын», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.Мұнан бөлек, аймақ басшысы «Xian ANCN Smart Instrument Inc» мұнай-газ компаниясының басшысымен кездесті.«Xian ANCN Smart Instrument Inc» компаниясы 2007 жылы құрылған. Негізгі қызметі – газ кен орнының автономды басқару жүйелерін, жарылысқа қауіпсіз тексеру роботтарын, смарт өлшеу құралдарын және басқа да мұнай-газ жабдықтарын өндіру. Компанияда 320 қызметкер, 100 ғылыми-зерттеу тобының мүшесі, 340 ғылыми зерттеу патенті бар.Сонымен қатар, облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешев, жауапты сала басшылары, кәсіпкерлер Синьянь қаласында инвестициялық тұрғыдан әлеуетті бизнес өкілдерімен кездесті.Аймақ басшысы бастаған облыс делегациясының жұмыс сапарын ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігі ұйымдастырған. Келіссөздер басқа қалаларда да жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/945316
Аймақ басшысының Қытайға жұмыс сапары жалғасуда 28.02.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бастаған делегацияның Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары Нинься-Хуэй автономдық ауданының Иньчуань қаласында жалғасты.Аймақ басшысы күріш өсіру және өндірумен айналысатын «Ningxia Guangyin Rice Industry Co., Ltd.», ауыл шаруашылығы саласындағы «Ningxia State Farm» компанияларының жетекшілерімен кездесіп, аймақтың әлеуетіне сай инвестиция тарту мәселелерін талқылады.«Қызылорда облысы – Қазақстандағы күріш өндіруші ірі өңір. Облыста барлық қазақстандық күріш пен тұздың 90%-дан астамы өндіріледі. Біз ішкі нарықты толығымен қамтамасыз етеміз, сондай-ақ, өнімді алыс және жақын шетелдерге белсенді түрде экспорттаймыз. Жыл сайын 80 мың гектардан астам жерге күріш егеміз.Өткен жылдың қорытындысымен 500 мың тонна күріш жиналып, 73,2 мың тоннасы экспортталды. Бұдан бөлек, дәнді, майлы дақылдардың, жем-шөп, картоп, көкөніс, бақша дақылдарының егістік алқаптары бар.Өңірде 700-ге жуық шаруа қожалығында 15 түрлі күріш сорты өсіріледі. Ал, күріш өңдейтін 40 компания ғана бар. Негізгі ауыл шаруашылығы өнімі күріш болғандықтан, біз оны терең өңдеу саласына қызығушылық танытамыз.Сіздердің компанияларыңыздың мол тәжірибесін ескеріп, Қызылорда облысына бірлесіп жұмыс жасауға шақырамыз. Серіктес қажет болған жағдайда, өңірде өз салаларын дамытқан тәжірибелі кәсіпкерлер бар.Облыс әкімдігі жер телімін беруге, инженерлік инфрақұрылым жеткізуге, өндірілген өнімді сатуға, жан-жақты қолдауға дайын», – деді Н. Нәлібаев.Кездесуде облыс әкімі аталған компания басшыларын өңірдің әлеуетімен жақынырақ танысу үшін арнайы іссапармен келуге шақырды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/947460
Облыс әкімі бастаған делегация Чэнду қаласында кәсіпорын басшыларымен кездесті 28.02.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бастаған делегацияның Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары Чэнду қаласында жалғасты.Алдымен аймақ басшысы «China Minmetals Corporation» және «Hunan Nonferrous Metals Corp., Ltd» компанияларының жетекшілерімен кездесіп, «Шалқия» жобасы бойынша келіссөздер жүргізді.«Қызылорда облысы – әріптестік пен инвестициялар үшін зор әлеуеті бар, қарқынды дамып келе жатқан өңір. Минералды шикізат ресурстарымен, атап айтқанда мұнай, газ, полиметалл және уран кеніштерімен ерекшеленеді. Облыс аумағында қара және түсті металдардың, пайдалы қазбалардың және сирек кездесетін элементтердің қоры бар.Бүгінгі делегация құрамындағы «Шалқия Цинк» серіктестігінің басшысы Асқар Тлеулин кен орнында мырыш пен қорғасын өндіру жобасын кеңінен таныстырады.Біздің өңір пайдалы қазбаларды барлау, өндіру және қайта өңдеу саласындағы жобаларды іске асыру үшін айтарлықтай әлеуетті», – деді Н.Нәлібаев.Сондай-ақ, облыс әкімі мұнай-газ саласындағы «Shaanxi Yanchang Petroleum Group» және ауыл шаруашылығы саласындағы «Tongwei Group» компаниялары басшыларымен кездесіп, инвестиция мәселесін талқылады.«Қызылорда облысы – агро-индустриалды аймақ. Облыс аумағында мұнай өндірумен және барлаумен 49 кеніште 25 компания айналысады. Егін, мал шаруашылығының жылдар бойы қалыптасқан жүйесі бар. Кейінгі жылдары егіс алқаптарын әртараптандыруда, мал басын көбейтуде ауқымды жұмыс атқарылды. Компанияларыңыздың оң тәжірибесін үйренуге, бірлесіп жұмыс жасауға дайынбыз. Облыс әкімдігі қолданыстағы заңнанма аясында өз тарапынан қолдау көрсетеді. Қызылорда облысының әлеуетімен жақынырақ танысу үшін сіздерді арнайы іссапармен келуге шақырамыз», – деді Н.Нәлібаев.Аймақ басшысы бастаған облыс делегациясының жұмыс сапарын ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігі ұйымдастырған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/947475
«Сычуань – Қызылорда» сауда-экономикалық форумы 28.02.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бастаған делегацияның Қытайға жұмыс сапары аясында Cычуань провинциясының Чэнду қаласында «Cычуань – Қызылорда» сауда-экономикалық форумы өтті. Оған екі елдің жауапты сала басшылары мен кәсіпкерлері қатысты.Облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешев форум қатысушыларын өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстырды.Сонымен қатар, «Алтын Орда» ЖШС директоры Нариман Абжанов «Тұз өндіру», «Шалқия Цинк Лтд» басшысы Асқар Тлеулин «Шалқия кен орнын игеру», «Абзал және К» ТС қаржы жөніндегі директоры Сағидулла Сыздықов «Күрішті терең өңдеу» жобалары бойынша баяндама жасады.Облыс Қытайға негізінен мұнай, балық өнімдерін, майлы дақылдардың тұқымын, өңделмеген алюминий экспорттайды. Импорттың негізгі позициялары – машиналар, жабдықтар, полимерлер және құрылыс материалдары.Форумда облыстың инвестициялық әлеуетіне сай ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу, жем-шөп өндіру, құс фабрикаларын, ет және балық, жүн мен тері өңдеу кәсіпорындарын құру, өнеркәсіптік жылыжайларды, құрылыс материалдарын шығару және т.б. салалардағы жобаларды іске асыру бойынша бірлесіп жұмыс атқару жайлы сөз болды.Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешев пен жауапты сала басшылары, сырбойылық кәсіпкерлер «Zangge Mining Co.» компаниясы басшыларымен калий мен литий барлау және өндіру, «Chuanhan Metallurgical Furnace Charge Co., Ltd» компаниясы басшыларымен қорғасын, никель, молибден өндіру, «Power China Sinohydro Bureau 10 Co., Ltd» компаниясы басшыларымен пайдалы қазбаларды барлау және өндіру бойынша кездесіп, келіссөздер жүргізді.Аймақ басшысы бастаған облыс делегациясының жұмыс сапарын ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігі ұйымдастырған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/947499
Облыс әкімі Сычуань провинциясының губернаторымен кездесті 28.02.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бастаған делегация Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары барысында Сычуань провинциясының губернаторы Ши Сяолиньмен кездесті. Басқосуға жауапты сала басшылары, бизнес қауымдастық өкілдері қатысып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, баламалы энергия көздері, құрылыс индустриясы, тау-кен өнеркәсібі, машина жасау мәселелері талқыланды.Сычуань – табиғи газ өндірісімен, ауыл және орман шаруашылығымен айналысатын, электр энергиясын экспорттайтын Қытайдағы ірі аймақтардың бірі.«Бүгінде «Бір белдеу, бір жол» бастамасы халықаралық жобаға және ынтымақтастықтың ірі платформасына айналды. Ғасырлар бойы қалыптасқан Ұлы Жібек жолы бойындағы қарым-қатынасымыз одан әрі дамып, жаңа Жібек жолы – «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі Еуропа, Азия және Таяу Шығыс елдерін байланыстырады.Қытай негізгі сауда-экономикалық серіктесіміз болғандықтан, өзара тауар айналымы мен инвестиция көлемі жыл сайын өсіп келеді. Қызылорда облысында қытайлық бизнес қауымдастық өкілдерімен, инвесторлармен бірлесіп жұмыс істеудің берік негізі қаланғанын, мол тәжірибе жинақталғанын атап өткім келеді»,– деді Н.Нәлібаев.Аймақтағы 15 мұнай өндіруші компанияның 8-і қытай кәсіпорны. Қытайлық инвесторлардың қатысуымен өңірде ірі индустриялық жобалар іске асырылуда.«Чайна Гежуба» компаниясымен бірлескен цемент зауытында жылына 1 млн. тонна цемент өндіріледі. «Чайна Гласс» компаниясының қатысуымен ашылған шыны зауытының қуаттылығы – жылына 197 мың тонна табақша шыны. Зауыт өнімінің 30%-ы ішкі нарыққа жіберіліп, 70%-ы Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Грузияға экспортталады. Бүгінде шыны кластерін құру бойынша жаңа ілеспе жобаларды іске қосу бағытындағы жұмыстар белсенді жүргізілуде.Аймақ басшысы бастаған облыс делегациясының жұмыс сапарын ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігі ұйымдастырған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/947507
Аймақ басшысы Қазақстан Республикасының Қытайдағы Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесті 28.02.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қазақстан Республикасының Қытайдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Шахрат Нұрышевпен кездесіп, аймақ делегациясының іссапарын қысқа мерзімде әрі жан-жақты ұйымдастыруға көрсеткен қолғабысы үшін алғыс білдірді.«Өзіңізге белгілі, Мемлекет басшысы отандық және шетелдік инвестицияларды тарту арқылы ірі жобаларды іске асыруды, халықтың әл-ауқатын арттыруды тапсырды. Жұмыс кестесінің тығыздығын ескеріп, құрамында тәжірибелі кәсіпкерлер бар делегация іссапармен келдік.Бүгін сізбен кездесіп, Қызылорда облысы мен Қытай арасында ынтымақтастық орнату мүмкіндіктерін талқылағанымыз үшін шын жүректен алғысымды білдіремін.Қытай – Қазақстанның серіктесі және біздің облысымыз осы елдің компанияларымен өзара тиімді байланысты одан әрі дамытуға мүдделі. Осыдан екі жыл бұрын, яғни 2023 жылғы Қытайға іссапар кезінде қол жеткен келісімдер аясында Қызылордада жылына 5 млн. шаршы метр энергия үнемдейтін шыны өндірісі іске қосылды.Қуаттылығы 141 МВт-тық 4 күн және 1 жел-электр станциясының құрылысы жүргізілуде. Оның біреуін қытайлық «Huadian» компаниясы қолға алған. Осы жолғы іссапарымыз да өзіңіздің қолдауыңызбен нәтижелі болады деп ойлаймын, дипломатиялық қызметіңізге табыс тілеймін. Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған бірлескен әрекеттеріміз биіктерге жеткізеді деп сенемін», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.Аймақта мұнай қорының сарқылуы салдарынан он жыл бойы төмендеу тенденциясын көрсетіп келген өнеркәсіп өндірісі көлемі соңғы жылдары оң динамикаға шықты. Өсім өңдеу өнеркәсібі есебінен қалыптасты.Өңірде қытайлық инвесторлардың қатысуымен жылына 1 млн. тонна цемент, 197 мың тонна табақша шыны өндіретін зауыттар жұмыс істейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/947712
Астанада Үкіметтік емес ұйымдар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті 27.02.2025
Бүгін Астанада ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Қазақстанның Азаматтық альянсы және Астана қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күніне орай салтанатты іс-шара өтті.Кездесу барысында мемлекеттің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жүйесін дамытуда ҮЕҰ-ның маңызды рөлі аталып өтті. ҮЕҰ өкілдері азаматтық қоғамның дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «Еңбек ардагері» медалімен және алғыс хаттармен марапатталды.Мемлекет үкіметтік емес секторды қолдауды жалғастырып келеді. 2024 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс көлемі 41%-ға, ал гранттық жобалар саны 33%-ға артты. Өткен жылдың өзінде 2 мыңнан астам әлеуметтік жоба жүзеге асырылды.Айта кетейік, 2008 жылдан бастап ҮЕҰ саны шамамен 2,5 есе артты. Бүгінде елімізде 22 мыңнан астам үкіметтік емес ұйым тіркелген, оның 18 мыңы белсенді жұмыс істейді.Биыл қазан айында Қазақстанның XII Азаматтық форумы өтеді. Бұл – мемлекет пен азаматтық сектор арасындағы өзара іс-қимылдың тағы бір жарқын көрінісі болмақ. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/947179
ХВҚ-мен өзара іс-қимыл: Мәди Такиев: Қазақстандағы жаңа миссия басшысымен кездесті 26.02.2025
Бүгін Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Мәди Такиев Халықаралық Валюта Қорының (ХВҚ) Қазақстан бойынша миссиясының жаңа басшысы Николя Бланшенің орнына келген Али Аль-Эйдпен кездесу өткізді.Мәди Такиев Али Аль-Эйдті тағайындалуымен құттықтады және ХВҚ Келісім баптары аясында тұрақты миссиялар, мақсатты консультациялар жүргізгені және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына ХВҚ тарапынан техникалық көмек көрсеткені үшін ризашылығын білдірді. Кездесу барысында ХВҚ мен Қазақстан арасындағы өзара іс-қимыл, оның ішінде Алматы қаласындағы Кавказ, Орталық Азия және Моңғолияның әлеуетін дамыту өңірлік орталығының мәселелері талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/946589
Аймақ басшысы Сырдария ауданының тұрғындарын қабылдады 25.02.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Сырдария ауданына жұмыс сапарымен барып, құқық қорғау органдарының басшыларымен бірге "Руханият орталығының" жұмысымен танысты, тұрғындарды жеке қабылдады.Жеке қабылдауға келген 81 азамат электр желілерін жаңғырту, мектеп салу, жарық бағаналарын орнату, теміржол өткелін салу, көше атауын беру, абаттандыру, тағы басқа мәселелерді көтерді.Сәкен Сейфуллин ауылының тұрғыны электр желілерін қайта жаңғырту мәселесін қозғады. Аймақ басшысы аталған елді мекенде 30 шақырым электр желілері және 7 трансформатор түнгі жарықпен толықтай қамтылатынын жеткізді. Кент тұрғыны «Жайлы мектеп» салу мәселесін көтерді. Бүгінде "РесПроект" серіктестігінің демеушілігімен 300 орындық білім ошағының жобасы әзірленуде.Қабылдауға келушілер құқық қорғау органдарының басшыларына өз сауалдарын қойып, олардың заңды шешіміне қатысты кеңес алды. Мұндай кездесулердің жұртшылық сұранысына жедел үн қату, мәселені шұғыл шешудегі маңызы зор. Кейінгі жылдары жеке қабылдау туралы алдын ала хабарланған тұрғындар дәстүрге айналған бастамаға ризашылық білдіруде.Сапар барысында облыс әкімі еңбек ардагерлерімен және зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Онда өңірдің, ауданның дамуындағы жаңашылдықтар мен түйткілді мәселелер, атқарылған істер мен алдағы міндеттер туралы айтылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/944331
Мемлекеттік қаржы жөніндегі қоғамдық кеңесті қалыптастыру бойынша жұмыс тобының құрамына конкурс өткізу туралы хабарландыру 24.02.2025
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік қаржы жөніндегі қоғамдық кеңестің жаңа құрамын қалыптастыру бойынша жұмыс тобының мүшелерін іріктеу туралы конкурс жариялайды.Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері қолма-қол немесе мемлекеттік органның электрондық мекенжайына белгіленген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:1) кандидатураны жұмыс тобының құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысын және (немесе) азаматтың өтінішін (1-қосымша);2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер (байланыс мәліметтерін қоса);3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісімді жібереді.Жұмыс тобының сандық құрамы 9 адамнан тұрады, оның ішінде 6 адам коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар және 3 адам мемлекеттік органның өкілдері.Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Қоғамдық кеңес мүшелігіне сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 24 ақпаннан 28 ақпанға дейін қоса алғанда.Құжаттар жіберілетін пошталық және электрондық пошта мекенжайлары: Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы, 8 (4 кіреберіс, 517/1 кеңсе). e.kazimova@minfin.gov.kz.Ақпарат үшін телефон: 8 (7172) 75-16-39.Қазақстан Республикасының азаматтары, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері болып табылатын дауыс беру құқығы жоқ байқаушылар жұмыс тобының отырыстарына қатысуға жіберіледі.Байқаушы болуға ниет білдірген азаматтар белгіленген мерзімде мемлекеттік органға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс тобының мүшелерін іріктеуге байқаушы ретінде қатысуға өтініш береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/943486
Алматыда Жошы Ұлысының 800 жылдығына арналған көрме ашылды 24.02.2025
ҚР Мемлекеттік орталық музейінде Жошы Ұлысының 800 жылдығына арналған «Алтын Орда кезеңінің тарихи-мәдени мұрасы» атты көрменің ашылу салтанаты өтті.Мемлекет басшысы «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында елдің бай тарихи-мәдени мұрасын сақтау шараларын күшейтудің маңызын атап өтті. Мемлекет басшысы өз сөзінде биыл Жошы Ұлысының (Ұлы Даланың) құрылғанына 800 жыл толатынын және еліміздің өткені, бүгіні мен болашағы оның тарихи мұрасымен тығыз байланысты екенін айтты.Іс-шара барысында ҚР Мемлекеттік орталық музейінің, «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының, сондай-ақ «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының коллекцияларынан 300-ге жуық бірегей экспонат, Алтын Орда, Хорезм, Самарқан, Иран және басқа да өңірлерге тиесілі күміс дирхемдер мен мыс теңгелер ұсынылды.Сонымен қатар көрме аясында «Алтын Орданың тарихи-мәдени мұралары: қорғау, қайта қалпына келтіру және зерттеу мәселелері» тақырыбында республикалық дөңгелек үстелі өтті. Жиынға ортағасырлық қала мәдениетін зерттеуші ғалымдар, реставраторлар, сәулетшілер және басқа да мамандар қатысты.Көрме 2025 жылдың 12 наурызына дейін жалғасады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/943203
Астанада «Е-архив» ақпараттық жүйесінің жұмысы бойынша семинар-кеңес өтті 24.02.2025
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық архив базасында «Е–архив» ақпараттық жүйесінде жұмыс істеу бойынша республикалық семинар-кеңес ұйымдастырды.Семинар жұмысына өңірлердегі архив ісі мен құжаттаманы басқаруға жауапты жергілікті атқарушы органдардың 130-дан астам өкілі қатысты.Қатысушылар Ұлттық архивтің, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстары архивистерінің жүйе модульдерін сапалы толтыру, сараптамалық және сараптамалық-тексеру комиссияларының функцияларын автоматтандыру, электрондық құжаттарды мемлекеттік сақтауға қабылдау тәжірибесімен танысты.Сонымен қатар семинар барысында іс жүргізу тізімдемесін жасау, істер номенклатурасын енгізу, электронды құжаттардың құндылығын сараптау тәртібі және «Ұлы Отан соғысына қатысушылар» дерекқорына мәліметтер енгізу мәселелері бойынша оқыту жүргізілді.Жиын соңында жүйені жаңғырту мәселелері талқыланды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/943715
1 наурыздан бастап «Игі істер марафоны» жобасы жалғасын табады 24.02.2025
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ-мен бірлесіп, 1 наурыздан бастап «Игі істер марафоны» жобасының іске қосылатынын хабарлайды. Бұл бастама барлық қазақстандықтардың волонтерлік, қайырымдылық іспен айналысуына бағытталған.Жоба аясында арнайы қайырымдылық күнтізбесі әзірленіп, тақырыптық іс-шараларды өткізу жоспарланған. Бұл әлеуметтік жауапкершіліктің түрлі саласына қызығушылықты арттыра отырып, әлеуметтік жауапкершілікті дамытуға ықпал етеді.Іс-шара қорытындысы бойынша «Жүректен жүрекке», «Қоғам игілігі үшін», «Салауатты қоғам», «Жақсылықтың жаршысы», «Инклюзивті келешек», «Табиғат қорғаушысы», «Жануарлар жанашыры» атты негізгі номинциялар бойынша және «Ең мейірімді аймақ», «Ең мейірімді ауыл», «Ең мейірімді ұжым», «Ең мейірімді жоғары оқу орны», «Ең мейірімді мектеп», «Ең белсенді медиа» атты арнайы номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталып, марапатталатын болады.Айта кетейік, өткен жылы аталмыш жобаға 50 мыңға жуық адам қатысып, 7 мыңнан астам игі іс жасалған.Марафонға қатысу үшін әлеуметтік желілерде жасаған игі іс жайлы ақпарат жариялап, Qazvolunteer.kz онлайн платформасында тіркеуден өту қажет.Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде ақпаратты #ИгіІстерМарафоны2025 #МарафонДобрыхДел2025 #MarathonOfGoodDeeds2025 хэштегтерімен жариялау қажет.Қатысу үшін толық ақпарат пен нұсқаулықты Qazvolunteer.kz сайтынан алуға болады және әлеуметтік желідегі @kz_nvs және @qazvolunteer.kz парақшаларынан таба аласыздар. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/943739