Мәдениет
Еліміздегі ардагерлік ұйымдар жастар тәрбиесіне басымдық беруде 17.12.2024
Астанада «Ардагерлер кеңесі» РҚБ-ның Орталық аппараты төралқасының отырысы өтті.Отырыста Мемлекет басшысының «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» идеологемасын іске асыру мәселелері талқыланып, жастарды тәрбиелеудің басым бағыттарына назар аударылды.Осы саладағы негізгі стратегиялық құжат – Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы.Айта кетейік, қоғамдағы ұлттық бірлік, этностар мен діни топтар арасындағы өзара түсіністік, жастарды есірткі, лудомания секілді түрлі жағымсыз әрекеттерден сақтауда ардагерлер иниституты үлкен рөл атқарады.Сондай-ақ, елімізде аталған бағыт бойынша 167,6 мыңнан астам адамды қамти отырып, 1,1 мыңнан астам профилактикалық іс-шаралар өткізілді. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/903306
Астанада Бибігүл Төлегенованың 95 жас мерейтойына арналған салтанатты концерт өтті 17.12.2024
Астанада Бибігүл Төлегенованың 95 жасқа толуына орай салтанатты концерт өтті.Іс-шараны Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы ұйымдастырды.Кеш шымылдығын мерейтой иесінің бейнеқұттықтау сөзі ашты. Архивтік бейнематериалдар, музыкалық шығармалар және әсерлі естеліктер кештің рухани мазмұнын айшықтай түсіп, жиналған қалың көпшілікке ерекше әрі жылы әсер сыйлады.Концерт бағдарламасында ұлттық және әлемдік музыкалық мәдениеттің жауһарлары шырқалды. Қазақконцерттің «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығының, классикалық және эстрадалық өнер бөлімдерінің солистері, Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі және «Гүлдер» ансамбльдері жоғары деңгейде өнер көрсетті.Бұл концерттің ерекшелігі - оның деректі, танымдық сипатында. Бибігүл Төлегенова өзінің шығармашылық жолын, өнерге келуін, операдағы маңызды рөлдерін, сахналас әріптестері, гастрольдік сапарларымен байланысты естеліктерін экран арқылы баяндады. Концерт тек музыка мен би ғана емес, Бибігүл Төлегенованың өнер жолын толық қамтитын мазмұнды, тағылымы мол бейнебаяндар ұсынды. Экран арқылы өткен шақтағы естеліктер мен маңызды оқиғалар көрермендермен бөлісіп, оның өнердегі жетістіктері мен жеке тұлғасы тереңірек таныстырылды.Сондай-ақ кештің көркін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Толқын Забирова мен Жұпар Ғабдуллина келтірді.Мерекелік шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева және бірқатар мәдениет, өнер, қоғам қайраткерлері қатысты. Кештің басты қонағы мерейтой иесі Бибігүл Төлегенованың өзі болды.Барлық әртістердің бірігіп орындаған «Мама» шығармасы концертті ерекше қорытындылады. Жүрек тебірентер осынау шығарма опера әншісінің шығармашылығындағы отбасы, махаббат пен адамгершілік сынды мәңгілік құндылықтардың жарқын символы іспеттес.Бұл кеш Қазақстанның музыка өнерін дамытуға зор үлес қосқан көрнекті әншінің шығармашылығын тағы бір мәрте асқақтатқан айшықты мәдени оқиға болды.Іс-шарада Бибігүл Төлегеноваға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі атынан ықылас гүлі табыс етілді.Айта кетейік, аты аңызға айналған әншінің мерейтойы аясында Қазақстан бойынша концерттер, көрмелер, музыкалық кештер, дөңгелек үстелдер мен конференциялар секілді 150-ге жуық іс-шара өткізілді. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/903376
Мемлекет басшысы Бибігүл Төлегенованы 95 жасымен құттықтады 17.12.2024
16 желтоқсанда аты аңызға айналған опера әншісі, актриса, педагог Бибігүл Төлегенова туған күнін атап өтті. Биыл халық әртісі, «Отан» орденінің иегері 95 жасқа толды.Бибігүл Ахметқызын осындай айтулы күнмен құттықтауға Алматы әкімі Ерболат Досаев келді. Ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқыды.Президент құттықтау хатында ұлттық мәдениеттің дамуына зор үлес қосқан көрнекті өнер қайраткерінің еңбегін атап өтіп, оның өнері жас ұрпаққа шабыт беріп, ел мақтанышына айналғанын жеткізді.«Ұзақ жылғы жемісті шығармашылық жолыңыз Сізді абырой биігіне көтерді. Еліміздің алтын қорына мол мұра қалдырдыңыз. Өнегелі де өнерлі шәкірттер тәрбиелеп шығардыңыз. Ерен еңбегіңіздің жоғары мемлекеттік наградалармен, мәртебелі атақтармен және айрықша сыйлықтармен аталып өтуі – зор мерей», - делінген Мемлекет басшысының құттықтауында.Өз кезегінде Бибігүл Ахметқызы жылы лебіздер үшін алғысын білдіріп, барша қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады.21 желтоқсан күні сағат 15:00-де Республика Сарайында Бибігүл Төлегенованың 95 жасқа толуына арналған салтанатты концерт өтеді.Бағдарламада Бибігүл Ахметқызының шығармашылығы шабыт берген, өздері де жетекші жұлдызға айналған көрнекті әртістердің орындауындағы классикалық және қазақ музыкасының ұлы туындылары орындалады.Айта кетейік, аты аңызға айналған әншінің мерейтойы аясында Қазақстан бойынша 150-ге жуық іс-шара өтті. Концерттер, көрмелер, музыкалық кештер, дөңгелек үстелдер мен конференциялар ұйымдастырылды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/903470
Түркияда өткен «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының премьерасын 4 мыңнан астам адам тамашалады 17.12.2024
Стамбулда «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының премьерасы өтті. Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының қойылымы Жошы ұлысының 800 жылдығына арналды.Қойылым премьерасы Ататүрік мәдениет орталығында өтті.Көптеген елдің шығармашылық өкілдерін біріктірген жаңа ұлттық опера мәдени өмірдегі айтулы оқиғалардың бірі болды. Операны дайындау барысында Алтын Орда тарихы бойынша белгілі ғалымдар — Ильнур Миргалиев, Ілияс Кемалоглу және Нұрлан Атығаевпен кеңестер алынып, тақырып егжей-тегжейлі зерделенген. Тарихи нақтылық сақталған.Екі күн ішінде қойылымды 4080 адам тамашалап, орта ғасырдың ең ірі мемлекеті – Алтын Орданың қалыптасу дәуіріне саяхат жасады. Қалың көрермен маңызды тарихи оқиғалар мен ерекше сәттерді сезіне алды.Қойылымға барлығы үш жүзден астам опера, хор, балет әртістері қатысты. Театрдың симфониялық оркестрінің сүйемелдеуі, сахнаның түрленуі, жарық эффектілері мен бейнепроекциялар көрерменді ерекше әсерге бөледі.Айта кетейік, «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының премьерасы 2024 жылдың 29, 30 қарашасы және 1 желтоқсанында Алматы қаласында өткен еді. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/903987
Қазақстандық мамандар Германияның тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресу тәжірибесін зерттеп жатыр 12.12.2024
Ландау қаласында (Германия) Қазақстан мамандарына арналған тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес бойынша оқыту тренингі өтіп жатыр. Бұған Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесі мен Қазақстандағы Фридрих Эберт атындағы қордың өкілдігі бастамашы болды.Қазақстан делегациясы құрамында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, ҚР Ішкі істер министрлігі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері бар.Олар мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдардың өзара іс-қимыл әдістеріне, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күресте ведомствоаралық өзара іс-қимыл қағидаттарына оқытылуда.Сонымен қатар шетелдік сарапшылар тұрмыстық зорлық-зомбылық тәуекелдерін бағалаудың германиялық ODARA жүйесімен жұмыс істеу тәжірибесін бөлісуде, ол озық елдерде кеңінен қолданылады. Бұл профилактикалық жүйе пилоттық режимде Қазақстанның бірнеше аймағында енгізілген. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/900576
«Алға» фильмі Ирандағы спорттық фильмдер фестивалінде екі марапатқа ие болды 12.12.2024
Иранда өткен 14-ші халықаралық спорттық фильмдер фестивалі Қазақстан кинематографиясы үшін маңызды оқиға болды. Айтулы шарада «Алға» фильмі екі марапатқа ие болды.«Екінші пландағы үздік ер адам рөлі» жүлдесін Ерік Жолжақсынов алса, «Үздік режиссер» номинациясында Ернар Нұрғалиев жеңімпаз деп танылды.«Алға» – әкелерінің қазасынан соң қылмысқа бет бұрған ағайындылар жайлы фильм. Алайда олардың ауылына талантты жастарды іріктеу үшін жеңіл атлетикадан жаттықтырушы келіп, өмірлеріне өзгеріс әкеледі. Ағайындылардың бірі марафондық жүгіруден әлем чемпионымен бәсекеге түседі.Фильм Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық кино орталығының қолдауымен түсірілді. Фильмнің продюсері – Максим Акбаров, режиссері – Ернар Нұрғалиев. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/900676
Астанада «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттар конкурсы мен «Дарын» жастар сыйлығының жеңімпаздары анықталды 12.12.2024
Бүгін Астанада Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттар конкурсының жеңімпаздары мен мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті.Биылғы «Дарын» сыйлығының жеңімпаздары қатарында түрлі байқаулар мен фестивальдердің лауреаттары, спорттық жарыстардың жеңімпаздары, қоғам қайраткерлері мен белсенділер бар.Кәсіби қазылар алқасы лауреаттарды «Әдебиет», «Ғылым», «Дизайн және бейнелеу өнері», «Журналистика», «Классикалық музыка», «Креативті бастамалар», «Спорт», «Театр және кино», «Эстрада» және «Халық шығармашылығы» номинациялары бойынша таңдады.Марапаттау кезінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева елде ортақ принциптер мен мақсаттарды ұстанатын прогрессивті әрі дарынды буынның өсіп келе жатқанын атап өтті.«Сіздер – халықтың үміті мен тірегісіздер. Ел Президенті жастар үшін үш басты бағдарды үнемі айтып келеді – бұл білімге ұмтылу, еңбекқорлық және патриотизм. Бұл – мықты әрі табысты ұлттың негізі болатын үш тұғыр. Демек, ұлттың болашағын сіздер айқындайсыздар. Сондықтан Мемлекет басшысы сіздерге үлкен үміт артады. Мемлекет өз тарапынан жастарды жан-жақты қолдауды жалғастырады», – деді министр.«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегерлері ретінде үздік жобаларды ұсынған 30 жас қазақстандық таңдалды. Бұл жобалар мәдениет, ғылым, медиа, ақпараттық технологиялар, бизнес салаларын қамтиды. Биыл байқауға жаңа «Волонтерлік» деп аталатын бағыт қосылды.«Бұл грант Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен құрылды. Сондықтан бүгінгі марапаттарыңыз – үлкен жауапкершілік. Ел Президентінің сенімін ақтайтындарыңызға шын жүректен сенемін. Әрдайым биіктерден көрініңіздер!» – деді Аида Балаева.Өз сөзінде министр жастарға егемендік пен елдікті нығайтудағы негізгі құндылықтар туралы айтты.«Президентіміз биылғы Ұлттық құрылтайда еліміз үшін маңызды бірнеше құндылықты атап өткен еді. Ол құндылықтар – Тәуелсіздік және отаншылдық, Бірлік пен ынтымақ, Әділдік және жауапкершілік, Заң мен тәртіп, Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік, Жасампаздық пен жаңашылдық. Мемлекет басшысы белгілеп берген нақты құндылықтарды ұстану – жастардың дамуына, қоғамдық сананың өзгеруіне оң ықпал етері анық», – деді министр.Айта кетейік, «Тәуелсіздік ұрпақтары» конкурсының әр жеңімпазына 3 млн теңге көлемінде жүлде берілді. Биыл конкурсқа 1284 өтінім түсіп, оның 897-еуі қабылданды.Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының 20 жеңімпазына «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты» атағы беріліп, естелік статуэткалар мен ақшалай сыйлықтар табысталды. Жемісті ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметі, сондай-ақ спорттағы жоғары жетістіктері үшін 2024 жылғы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлері: «Ғылым» номинациясыМальчик Фёдор Игоревич– «Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті» КЕАҚ-ның Электрохимиялық өндіріс технологиялары зертханасының меңгерушісі, доцентіМолдабекова Айсұлу Тұрсынбайқызы– «Экономика институты» РМК-нің «Zertteu LAB» зертханасының меңгерушісі«Эстрада» номинациясыХайролда Муратбек– «Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония» МКҚМ-нің «Эстрадалық вокал» бөлімі әртісіБолат Садраддин Ғалымжанұлы– қазақстандық эстрада әншісі«Классикалық музыка» номинациясыӘліш Бибарыс Сәукенұлы– «Қазақ ұлттық өнер университеті» ММ-нің «Вокалдық өнер» кафедрасының магистрантыИзмаилова Карина Нұрланқызы– «Қазақ ұлттық өнер университеті» ММ-нің оқытушысы«Халық шығармашылығы» номинациясыУатқан Шаттық Құмарұлы– Алматы қаласы Мәдениет басқармасының «Алатау» дәстүрлі өнер театры» КМҚК-нің әртісіЖаменкеев Ержан Ерболатович– «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ-нің «Домбыра» кафедрасының доценті«Дизайн және бейнелеу өнері» номинациясыҮсембеков Бақытжан Әбілмәжітұлы– «Қазақстанның қолөнершілер одағы» ЗТБ және ЖКБ-нің зергері зергеріСатаев Нұрлан Қаленұлы– Жас суретшілер одағының төрағасы, Т.Жүргенов атындағы ӨҚазақ ұлттық өнер академиясының «Бейнелеу өнері» кафедрасының оқытушысы«Журналистика» номинациясыЖұмабай Назерке Рымбекқызы– Республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісіҚосанбаев Үәлихан Спабекұлы– «QAZSPORT» телеарнасының спорт коментаторы«Креативті бастамалар» номинациясыЖүсіпқалиев Дулат Нұрбергенұлы– «Орал жастары» волонтерлық қозғалысының жетекшісіАтабаева Гульзира Нұржанқызы– кәсіподақтар аумақтық бірлестігі жанындағы «Келешек» жастар кеңесінің төрағасы«Спорт» номинациясыНауатбек Акмарал Маратқызы– қазақстандық дзюдошы, Париж паралимпиадасындағы алтын медаль алған қазақстандық спортшыДегтяров Давид Мамиевич– қазақстандық пауэрлифтер-паралимпиадашы Париж паралимпиадасында алтын медаль алған қазақстандық спортшы«Әдебиет» номинациясыӘліқожа Бауыржан Омарұлы– «Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті» КЕАҚ-ның «Журналистика» факультетінін докторантыЖақсылық Әлихан Нұрбергенұлы– жазушы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі«Театр және кино» номинациясыОмаров Әділет Қалиханұлы– «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ-ның киножобалар өндірісі бөлімінің басшысыЕсжан Әсет Нұрәкімұлы– Алматы қаласы Мәдениет басқармасының «Алатау» дәстүрлі өнер театры» КМҚК-нің актерлік құрамының әртісі 2024 жылғы «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегерлері: «ҒЫЛЫМ» бағытыБекназаров Қанат ИсатайұлыДүйсен Айым НұргелдіқызыКальменов Ермұхамед ТынысбекұлыОрмантаева Анар СәкенқызыСагитжанов Бирлик Майронович «МӘДЕНИЕТ» бағытыАубакирова Анел ГалымжановнаГимарат Ерназар ГабитовичМаратова Әнел ҚайырлықызыСаденов Танат СерикұлыШәріп Аршат Ертісұлы «АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» бағытыАманжол Олжас ҚуандықұлыМаслов Александр СергеевичМомунов Бахыт КайратовичРахметулаев Аңсар КайратовичТулешев Райымбек Бакытжанович «БИЗНЕС» бағытыАлжанов Еркен БолатовичҚабден Рустам АмансайфуллаһұлыПен Сергей ВитальевичТастемиров Казыбек АсылбековичКаракожаева Алия Муратбекқызы «МЕДИА» бағытыБердалиев Еркебулан МейрамбековичКуандыкова Маржан АйдолдановнаМирхайдарова Асем СабыровнаҰлтанбаева Әсем БегдалықызыШоманов Асанали Маратұлы «ВОЛОНТЕРЛІК» бағытыАсқанбаев Дархан СұңғатұлыМеирамова Аида БазарбаевнаСарбасова Замира БоранбайқызыСоловьева Ольга АндреевнаТолеухан Аслан Азаматович Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/901198
Қазақстанның отбасы және гендерлік саясаты: 2024 жылдың негізгі жетістіктері 11.12.2024
Мәдениет және ақпарат министрлігі 2024 жыл қорытындыларын шығаруда. Бүгін назарларыңызға отбасы және гендерлік саясат саласындағы қызмет нәтижелерін ұсынамыз.2024 жылдың ең маңызды оқиғаларының бірі – «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы» Заңның қабылдануы. Жаңа редакция әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа жазаны қатаңдатып, отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтарды криминализациялады.Министрлік ІІМ, ЕХӘҚМ, ДСМ және басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп алдын алу жұмыстарын жүргізуде. Өңірлерде қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларды ерте анықтау бойынша мобильді топтар құрылды.Сонымен қатар, жаңа заң аясында Мәдениет және ақпарат министрлігі отбасын қолдау орталықтарының қызметін үйлестіріп, әдістемелік басшылық жасауда. Қазіргі таңда елде 43 отбасын қолдау орталығы жұмыс істейді және қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларды ерте анықтау үшін мобильді қосымша сынақтан өткізілуде.Министрлік қазақстандықтардың арасында адамгершілік және отбасылық құндылықтарды нығайту бойынша жұмысын жалғастыруда. 2025-2027 жылдарға арналған отбасын және некені сақтау мен нығайту жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, қабылданды. Бұл жоспар ажырасудың алдын алуға және отбасылық өмірге саналы дайындық деңгейін арттыруға бағытталған.Жыл сайын «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы өткізіледі. 11 жыл ішінде оған Қазақстанның барлық өңірлерінен 20 мыңнан астам отбасы қатысты.2-8 қыркүйек аралығында Отбасы күніне арналған апталық өтті. Оның аясында 2 мыңнан астам іс-шара ұйымдастырылып, оған 300 мыңнан астам адам қамтылды.2024 жылғы Жолдауында Мемлекет басшысы саналы ата-ана болудың маңыздылығын атап өтіп, балалар тәрбиесіне ерекше назар аударуға шақырды. Осыған байланысты, министрлік және «Әкелер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі «Тәрбие – тал бесіктен» IX Республикалық әкелер форумын өткізді. Форумға 200-ден астам қатысушы – сарапшылар, үлгілі әкелер, белсенді азаматтар, педагогтер және білім беру мекемелерінің басшылары жиналды.Министрлік «Балалар мен жастарды тәрбиелеу: мемлекет, қоғам және отбасы бірлесе әрекет етуде» атты халықаралық конференция ұйымдастырды. Конференция қорытындысы бойынша резолюция қабылданды.Гендерлік саясатты іске асыру аясында гендерлік теңдікті нығайту және әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою бойынша жұмыс жалғасуда.Әйелдер мен қыздардың көшбасшылық әлеуетін және саяси белсенділігін арттыру мақсатында «Томирис» ақпараттық-білім беру бағдарламасы бойынша оқыту жалғасуда. Биыл шамамен 500 әйел қамтылды.Халықаралық гендерлік күн тәртібін іске асыру аясында ауқымды жұмыс атқарылуда. Биыл БҰҰ-ның 1325-резолюцияларын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың ұлттық жоспары жаңартылды. Бұл жоспарға 34 іс-шара енгізілді және ол сарапшылар мен дипломатиялық корпус тарапынан жоғары бағаланды.Сондай-ақ, елдің 19 өңірінде азаматтық қоғам, сарапшылар және бизнес қауымдастығы өкілдерінің арасынан әкімдердің штаттан тыс гендерлік теңдік жөніндегі кеңесшілері тағайындалды.Бұдан бөлек, биыл Ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерін қамтамасыз ету жөніндегі ҚР Үкіметінің іс-қимыл жоспары қабылданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/899953
Қазақстанда «Ұлттық құндылықтар: салттың сырлы бейнесі» атты республикалық шығармашылық байқау басталады 11.12.2024
Қазақстанда кәсіби суретшілер арасында «Ұлттық құндылықтар: салттың сырлы бейнесі» атты республикалық шығармашылық байқауы басталады.Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған байқаудың мақсаты – бейнелеу өнері арқылы ұлттық құндылықтар мен мәдени нысандарды насихаттау, отандық суретшілердің шығармашылығын қолдау.Байқауға қазақ халқының дәстүрлі мәдени құндылықтары тақырыбындағы пейзаж, натюрморт және сюжеттік картина жанрларындағы жұмыстарын ұсынған кәсіби суретшілер қатыса алады.Өтінімдерді қабылдау 2025 жылдың 8-24 ақпан аралығында жүзеге асырылады.Марапаттау рәсімі және іріктелген жұмыстардың көрмесінің ашылуы 2025 жылдың 12 наурызында Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді.Байқау ережесімен мына сілтемеден танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/documents/details/762550?lang=kk ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/900313
2025 жылы Қазақстанда отбасы мен ата-ананы қолдауға бағытталған жобалар басталады 11.12.2024
Астанада «Балалар мен жастарды тәрбиелеу: мемлекет, қоғам және отбасы бірлесе әрекет етуде» атты халықаралық конференция өтті.Конференцияға ғалымдар мен сарапшылар, өңірлердің ата-аналар қауымдастығының өкілдері, педагогтер, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, үкіметтік емес ұйымдар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.Іс-шарада жауапты ата-ана тәрбиесі идеясын ілгерілету, балалардың цифрлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, отбасы құндылықтарын нығайтуға байланысты өзекті мәселелер қаралды.Конференцияда ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасы Аида Балаеваның халықаралық конференция қатысушыларына үндеуі оқылды.«Мемлекет басшысы өз сөздерінде балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі мемлекет пен ата-аналардың бірлескен жауапкершілігі, саналы ата-ана тәрбиесінің маңыздылығы туралы бірнеше рет атап өтті. Осыған байланысты қазіргі уақытта мемлекет, қоғам және отбасылар тығыз және тиімді өзара әрекет ететін бірыңғай жүйені қалыптастыру қажеттілігі туындап отыр. Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия жауапты ата-ана тәрбиесі идеясын ілгерілету бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр», – делінген Аида Балаеваның үндеуінде.Оның айтуынша, ата-аналардың тәрбие беру мүмкіндіктерін кеңейту үшін еңбек заңнамасын бұзғаны үшін жұмыс берушілердің жауапкершілігін күшейту қажет:«2025 жылы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен БҰҰ Халық қоры (ЮНФПА) бірлесіп «Отбасыға қолайлы жұмыс орны» жобасын жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Компанияларда отбасы мен ата-ананы қолдауға жағдай жасалады. Мұндай практикаларды енгізудің артықшылықтары бойынша жұмыс берушілерді оқыту бағдарламасы, сондай-ақ осы саладағы қазақстандық тәжірибені зерттеу және бағалау бағдарламасы іске қосылады».Конференцияға қатысушылар интернетке тәуелділік пен суицидтік мінез-құлықтың алдын алу үшін ата-аналардың балаға назар аударуы мен қарым-қатынас дағдыларының маңыздылығын атап өтті.Іс-шара қорытындысы бойынша жауапты ата-ана тәрбиесі идеясын одан әрі ілгерілету бойынша ұсыныстар әзірленетін қарар қабылданды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/900315
Қызылордада креативті туындылардың көрме-жәрмеңкесі өтті 11.12.2024
Қызылордада С.Айтбаев атындағы көркемсурет галереясында кәсіби және әуесқой қолөнер шеберлерінің «Ұлттық өнердің түнгі сыры» атты көрме-жәрмеңкесі өтіп, креативті туындыларын көпшілік назарына ұсынды.Ағаштан жасалған ерекше бұйымдар, кестелеп тігілген ұлттық киімдер, этносөмкелер мен киіз-кілемдер көрменің сәніне айналды. Іс-шарада 100-ден аса туынды сатылымға шығарылды.Бұдан бөлек, домбыра жасау, құрақ құрау бойынша шеберлік сағаттары ұйымдастырылып, мамандарға өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасалды. Сондай-ақ, киізден пано жасау үлгісі, кілем тоқу техникасы, қыш өнерінің құпиясы секілді пайдалы дәрістер ұйымдастырылды.Іс-шара мәдени мұраны насихаттауға, креаторларды өз өнімдерінен табыс табуды қолдауға бағытталған. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/900317
Тегеранда жаһандық сын-қатерлерге қарсы күресте діндарлардың жауапкершілігі талқыланды 10.12.2024
Иранда «Жаһандық сын-қатерлерге қарсы күресте діндарлардың жауапкершілігі» тақырыбында конференция өтті. Іс-шараны Иран Ислам Республикасының Діндер мен мәдениеттер диалогы орталығы Қазақстан Республикасының Конфессияаралық және дінаралық диалог орталығымен бірлесіп ұйымдастырды.Екі елдің дін саласындағы сарапшылары қоғамның заманауи мәселелерін шешудегі дін лидерлерінің әлеуетінің маңыздылығын талқылады. Конференцияға Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері қатысты.Спикерлер Қазақстанда өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі жаһандық дамудың негізгі бағыттары бойынша дін көшбасшыларының жан-жақты жақындасуына және елдер мен халықтардың бейбітшілік пен келісімде өмір сүруіне ықпал ететінін атап өтті.Конференция аясында қазақстандық делегация өкілдері Иран Ислам Республикасы Президенті жанындағы Мәдениет және исламдық байланыстар ұйымының басшысымен кездесті.Сондай-ақ, қазақстандық делегация мүшелері Тегеран университетіне барып оқытушылар құрамымен және студенттермен кездесті. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/899697
Астанада «Astana Piano Passion» жас пианистер байқауы басталды 09.12.2024
Астанада 2024 жылғы 9-13 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақ ұлттық өнер университеті ұйымдастырған «Astana Piano Passion» II Республикалық жас пианистер байқауы өтіп жатыр.Байқау ұлттық фортепиано мектебін дамытып, дарынды жас музыканттарды қолдауға, сондай-ақ классикалық және академиялық музыканы, қазақстандық композиторлардың музыкасын және фортепианода орындау шеберлігін дәріптеуге бағытталған.Ұйымдастырушылар қатысушылардың орындау шеберлігін арттыру, олардың кәсіби дамуына үлес қосу және халықаралық жобаларға дайындық жасау секілді міндеттерді алға қояды. Сонымен қатар, іс-шара барысында тәрбиешілер мен оқушылар арасында тәжірибе алмасуға да жағдай жасалған.Байқауға Қазақстанның мәдениет және өнер саласы бойынша білім беру ұйымдарында «Фортепиано» мамандығында оқитын 7 жастан 18 жасқа дейінгі жас пианистер қатыса алады. Алдыңғы «Astana Piano Passion» конкурстарының Гран-при жəне бірінші орын иегерлері бұл додаға сол жас категориясында қатыса алмайды. Байқау төрт жас категориясы бойынша өтеді. Атап айтсақ, 7-9 жас, 10-12 жас, 13-15 жас және 16-18 жас аралығындағы өнерпаздар.Байқаудың бірінші күні «С» санатындағы қатысушылардың жеребесі мен тыңдалымы және ҚР еңбек сіңірген әртісі А. Тебенихиннің шеберлік сыныбы өтті. Конкурстың онлайн-трансляциясын ҚазҰӨУ YouTube-арнасынан тамашалауға болады.Қосымша ақпаратты www.pianopassion.kz сайтынан таба аласыз. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/898999
Әлемдік рейтингтегі серпіліс: 2024 жылы креативті индустрия қалай дамыды? 09.12.2024
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі 2024 жылғы қызметін қорытындылап, креативті индустриялар саласындағы негізгі жетістіктерді ұсынады.Креативті индустриялардың дамуы – Мемлекет басшысының жіті бақылауындағы сала.«Креативті индустрия еліміздің экономикасын өркендетуге тың серпін беретініне сенемін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында.2024 жыл Қазақстанның креативті индустриялары үшін маңызды кезең болды. Global Innovation Index-2024 әлемдік рейтингісінде «Креативті тауарлар мен қызметтер» көрсеткіші бойынша Қазақстан 93-ші орыннан 65-ші орынға көтерілді.Бұл жетістік – жоспарлы жұмыс пен мемлекеттік қолдаудың нәтижесі. Креативті экономиканы одан әрі дамыту үшін Мәдениет және ақпарат министрлігі жеке шаралар пакетін әзірледі.Ведомствоның алғашқы міндеттерінің бірі креаторларды көлеңкелі экономикадан шығару болды. Осы мақсатта тізімге арнайы салық режиміне жататын шығармашылық қызметтің 40 түрі енгізілді. Бизнес салықтың барлық түрлерін (КТС, ЖТС, ҚҚС) төлеуден босатылып, тек бірыңғай салық – ЖК үшін – 2-4%, ЖШС үшін – 8% төлейді.Нәтижесінде бүгінде креативті индустрия саласында 135 мыңға жуық қазақстандық жұмыс істейді. Олардың саны 2029 жылға қарай екі есе артады деген болжам бар.Креативті өнімдер мен қызметтер – адам еңбегінің өзіндік ерекшелігімен, жаңашылдығымен және жоғары құндылығымен сипатталады. Мемлекеттің міндеті – зияткерлік меншіктің қауіпсіздігі мен оның қорғалуын қамтамасыз ету. Бұл бағытта Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымымен (ДЗМҰ) тығыз ынтымақтастық орнатылды. Оқыту семинарлары, тренингтер өткізіліп тұрады. Сондай-ақ ДЗМҰ, СІМ және ӘМ қазақстандық креаторлар үшін білім беру платформасын іске қосуды жоспарлап отыр.Креативті тауарлар мен қызметтерді коммерцияландыруды қолдау үшін оларды Қазақстан банктерінің маркетплейсіне орналастыру жөнінде уағдаластыққа келісім жасалды.Тағы бір маңызды мәселе – креаторлар үшін инфрақұрылым құру. Президенттің тапсырмасы бойынша Қазақстанның барлық ірі қалаларында хабтар жоспарлы түрде ашылып жатыр. Қазіргі уақытта мұндай орталықтар Астана, Алматы, Түркістан, Шымкент, Атырау, Қызылорда, Петропавл, Ақтөбе және Алматы облыстарында жұмыс істейді.Сонымен қатар Корпоративті қор да құрылып жатыр. Қордың негізгі міндеті халықаралық нарыққа креативті тауарлар мен қызметтерді шығару, таланттарды қолдау, өнімдер мен зияткерлік қызмет нәтижелерін экспорттау және коммерцияландыру болады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/898997
Астанада «Төрлет, еңбек адамы!» атты республикалық ақындар айтысының жеңімпаздары анықталды 09.12.2024
Астанада Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен және «AMANAT» партиясының қолдауымен өткен «Төрлет, еңбек адамы!» атты республикалық ақындар айтысы мәресіне жетті.Дәстүрлі дода биыл еңбек адамын ұлықтауға арналдыЕкі күнге жоспарланған биылғы жыр додасында жыл көлемінде елімізде өткен республикалық және халықаралық айтыстарда үздік өнер көрсетіп, жүлделі орын еншілеген 14 ақын топқа түсті.Айтыс қорытындысымен қызылордалық Мейірбек Сұлтанхан Гран-приге ие болып, оған «Алтын домбыра» мен автокөлік табысталды.Бірінші орынды Нұрбол Жауынбаев (Ақтөбе), екінші орынды Айым Асылбекқызы (Алматы), үшінші орынды Өміржан Көпбосын (Ұлытау), Дидар Қами (Қарағанды) және Аспанбек Шұғатай (Павлодар) иеленді.Сондай-ақ, басқа қатысушылар арнайы жүлдемен марапатталды.Айтыс демеушісі – кәсіпкер, меценат, Q4 «Тұлпар» компаниясының негізін қалаушы Талғат Сақан.Жыр додасы ұлттық құндылықтарды дәріптеп, талантты ақындарға қолдау көрсетуде маңызды оқиға болды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/898434
Шығыс Қазақстан облысында ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманованың аймақ тұрғындарымен кездесуі өтеді 09.12.2024
2024 жылғы 11 желтоқсан сағат 10.00-де Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ғимаратында (Серікбаев көшесі 19) Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманованың халықпен кездесуі, оның шеңберінде азаматтарды жеке қабылдауы өтеді.Кездесу барысында азаматтық қоғам саласын, ақпарат, жастар, мәдениет және отбасы саясатын, конфессияаралық және этносаралық қатынастарды дамыту талқыланады.Қатысу үшін өтінімдерді қабылдау 8 (707) 709-00-61 немесе 8 (702) 852-25-52 телефондары бойынша жүзеге асырылады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/898556
Қытайда Жібек жолы археологиясы мен мәдени мұраны қорғау тақырыбында халықаралық семинар өтті 07.12.2024
Іс-шараға әлемнің түкпір-түкпірінен ғалымдар мен мамандар қатысып, мәдени ынтымақтастықтың болашағы мен археологиялық және тарихи деректерді бірлесіп пайдалану мәселелерін талқылады.Семинар аясында пленарлық отырыстар өтіп, онда Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Моңғолия, Иран, Түрікменстан, Израиль және Ресей ғалымдары баяндамалар жасады.Қазақстандық өкілдер «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының көпжылдық зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, Сарытоғай сайында табылған ерте көшпенділердің мәдени кешені туралы баяндады.«Рахат» ескерткішінде, «Есік» музей-қорығында және Шанси археологиялық институтында жүргізілген бірлескен жұмыс туралы деректі фильм дайындауға баса назар аударылды.Бұл сапар археология және музей ісі саласындағы жаңа бірлескен жобаларды құру және ғылыми-мәдени ынтымақтастықты нығайту бағытындағы маңызды қадам болды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/898373
2024 жылғы «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегерлері анықталды 07.12.2024
«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау жөніндегі конкурстық комиссияның қорытынды отырысы өтіп, жеңімпаздар анықталды.Айта кетейік, «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты жыл сайын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен беріледі.Нәтижесінде комиссия 6 бағыт бойынша ең жоғары балл жинаған 30 жобаны іріктеп алды.Грант иегерлерін марапаттау рәсімі желтоқсан айында Астанада өтеді. Жеңімпаздар жобаларын жүзеге асыру үшін мемлекеттен 3 миллион теңге көлемінде қаржылық қолдау көрсетіледі.Айта кетейік, биыл өтінімдер 5 тамыз бен 6 қазан аралығында қабылданды. Келіп түскен 1284 өтінімнің 897-сі қабылданды. Атап айтқанда, «Бизнес» бағыты бойынша – 495, «Ғылым» бағыты – 62, «Мәдениет» бағыты – 107, «Ақпараттық технология» бағыты бойынша – 94, «Медиа» бағыты – 66, «Волонтерлік» бағыты бойынша – 73 өтінім.2024 жылғы «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегерлері ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/898375
ҚР Қаржы министрлігі: «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа Заң ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған 07.12.2024
2025 жылдың қаңтарынан бастап «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңы күшіне енетін болады. Осы жылдың ішінде Қаржы министрлігі іскер топтардың, корпорациялардың, мемлекеттік органдардың, әкімдіктердің және қоғамдық ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен кездесулер өткізіп, жаңа заңдағы негізгі өзгерістер мен артықшылықтарды кеңінен түсіндірді.Бұл жолы Петропавлда өткен кездесуде Солтүстік Қазақстан мен Қостанай облыстарының іскер азаматтарына және мемлекеттік органдардың өкілдеріне мемлекеттік сатып алуды өткізу мерзімдері, сондай-ақ олардың рәсімдерінің қысқартылғаны жөнінде ҚР ҚМ Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік секторының сатып алу әдіснамасы департаментінің директоры Ерлан Сеитов пен СҚО әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаев айтып берді.Солтүстік Қазақстан – ауыл шаруашылығы саласы дамыған өңірлердің бірі. Айталық, мұнда ЖӨӨ құрылымында оның үлесі – 27,9%. Өңдеу өнеркәсібі бойынша СҚО-да тамақ өнімдерін өндіру (58,9%), машина жасау (23,9%) және металсыз минералды өнімдерді дайындау (4,3%) жолға қойылған.Ал Қостанай облысында тау-кен өндіру, металлургия, машина жасау мен тамақ өнеркәсібі кеңінен дамыған. Мәселен, бұл өңірге республикада шығарылатын темір кені өнімінің 90% астамы, темір кені шекемтастары мен асбесттің 100% тиесілі. Жергілікті өнімдер әлемнің түрлі елдеріне экспортқа шығарылып келеді. Әлбетте ірі кәсіпорындар қашанда мемлекеттік сатып алу мерзімдерінің қысқарғанына мүдделі. Жаңа заңда кейбір жағдайларда конкурстарды өткізу мерзімін екі айдан бес күнге дейін қысқартуға мүмкіндік беретін нормалар қарастырылған. Бұдан басқа тиісті өзгерістер тауарларды бір көзден 100 АЕК-ке дейін, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді 500 АЕК-ке дейін сатып алуға жол ашады. Сонымен қатар ауылды жерлердегі әкімдіктерге бір көзден 4000 АЕК дейін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу мүмкіндігі қарастырылып отыр.Қазірдің өзінде рейтингті-балдық жүйені пайдалану арқылы конкурс түрінде сатып алудың жаңа тәсілі енгізілген. Бұл әдіс конкурстық комиссияның жеңімпазды анықтау процесіне қатысуға жол бермейді. Осы арқылы сыбайлас жемқорлықтың сын-қатері азаяды. Жеңімпазды мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде портал автоматты түрде анықтайтынын ескерсек, оның сатып алу қорытындыларына азаматтар шағымдана алмайды. Бұл сатып алу уақытын едәуір қысқартып, заңсыз рұқсат беруді, сондай-ақ нәтижелерді қайта қарауды болдырмайды.Сатыпалым қатысушыларының біліктілігін арттыру үшін беделді өндірушілер арасында ғана сатып алу процесін жүзеге асыру ұсынылып отыр. Қызмет ұсынушы туралы ақпарат түрлі дерекқорларды пайдалану арқылы қалыптастырылатын болады. Бұл сатып алудың барлық түрі бойынша баға мен сапа өлшемдерін біріктіре отырып, өндірушілерді автоматты түрде таңдауға мүмкіндік береді.«Мемлекет басшысының құрылыс нарығын монополиядан арылту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде жаңа заңда экономика салаларындағы монополияны азайту жөніндегі шаралар қамтылған. Атап айтқанда, шартты жеңілдіктерді есептеу кезінде аумақтық белгі түріндегі баға критерийлерін қолдану жалғасып келеді. Бұл мемлекеттік сатып алу көлемін біркелкі және әділ бөлуге және жекелеген ірі компаниялардың монополиясын болдырмауда септігі мол», деп қорытындылады Е.Сеитов.«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заң мемлекет есебінен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға, әлеуетті өнім берушілердің жауапкершілігін күшейтуге және отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсетуге арналған.Бизнес өкілдерімен болған кездесуден кейін Қаржы министрлігінің өкілі өңірдегі екі ірі кәсіпорынға аялдады: «Радуга» ЖШС (қайталама шикізатты қайта өңдеу бойынша көшбасшы кәсіпорындардың бірі) мен «Зеленый Север» ЖШС (СҚО-да төртінші буындағы жалғыз өндірістік жылыжай).Raduga KDR – Қазақстаннан бөлек, басқа елдерде де танымал ірі сауда-өндірістік компания. Оның өндірістік пакетінде әртүрлі профильдегі тауарлардың 600-ден астам ассортименті бар: тамақ өнімдерінен бастап тұрмыстық тауарларға дейін. «Радуга» ЖШС-де қайталама полимерлер мен макулатураларды қайта өңдеу бойынша толық цикл жолға қойылған.Қағаз бен картон макулатурасы – халықтан, өндіріс орындарынан және сауда үйлерінен, кәсіпорындар мен оқу орындарынан жиналып, сатып алынатын қалдықтар. Сондай-ақ фабрикада кеңсе қағазы шығарылып, өндіріс пен қайта өңдеу қуатын кеңейтіп, ұлғайту жоспарланып отыр.«Зеленый Север» ЖШС өңірде төртінші буындағы жалғыз жылыжай саналады. Жылыжай кешенінің ауданы – 3,7 гектар. Кәсіпорын облысты 2,7 мың тонна көкөніспен қамтуға қауқарлы. Бұл өңірдегі сұраныстың 30% тең.Қазір мұнда күніне 4,5 тонна қияр дайындалады, екінші өндіріс ашылғаннан кейін оның көлемін күніне 12 тоннаға дейін арттыру көзделген.Жылыжайда өсімдіктердің қалыпты өсуі үшін қажетті микроклимат жасалды, ол автоматты режімде сақталады. Бұл климатты басқару жүйесі, тамшылатып суару, қосымша жарықтандыру және көптізбекті жылыту қамтиды.Өнімдер жергілікті сауда орындарында нарық бағасынан әлдеқайда арзан сатылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/898363
Азаматтық қоғамды дамыту орталығының қызметі қорытындыланды 07.12.2024
Бүгін «Ұстаным» пікірталас клубының қорытынды отырысы аясында «Адал азамат – белсенді қоғам» азаматтық қоғамды дамыту орталығының қызметін ұйымдастыру» стратегиялық әріптестігін іске асыру қорытындылары талқыланды.Отырыста жоба қатысушылары атқарған жұмыстарын, қол жеткізген көрсеткіштерін таныстырып, басқа өңірлермен тәжірибе алмасты.Биыл азаматтар арасында ең өзекті мәселелер бойынша «Ұстаным» клубының 6 отырысы өткізілді. Барлық өңірлерде 2 мыңнан астам адамға консультациялық көмек көрсетілді. Әлеуметтік желілерде 275 материал жарияланды. Сондай-ақ 20 тікелей эфир ұйымдастырылып, арнайы подкаст құрылды.Сонымен қатар, ҮЕҰ-лар өкілдері үшін төрт көшпелі семинар және өзара іс-қимыл мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдар үшін екі семинар өткізілді. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/898163