Enbekshi QazaQ

Спорт

Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан қола медаль алды 14.02.2025
Бүгін IX қысқы Азия ойындарында фристайл-акробатикадан синхронды секіруде Қазақстан құрамасы қола медаль алды.Команда сапында Ардана Маханова мен Аяна Жолдас сынға түсті.Фото: Нұрғали ЖҰМАҒАЗЫАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/935246
Фристайл-акробатикадан Ұлттық құрама алтын медаль жеңіп алды 14.02.2025
Харбиндегі қысқы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына 2-алтын медаль түсті.Фристайл-акробатикадан ерлер құрамасы топ жарды. Команда санында Шерзод Хаширбаев пен Роман Иванов өнер көрсетті.Еске сала кетейік, осыған дейін ақ Азиадада фристайл акробатикадан отандастарымыз алтын медаль алмаған. Осыған дейін күміс пен қола жүлде бұйырған.Фото: Нұрғали ЖҰМАҒАЗЫАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/935296
Владислав Киреев - Харбиндегі Азия ойындарының жеңімпазы 14.02.2025
Отандасымыз Владислав Киреев IX қысқы Азия ойындарында биатлоннан 10 шақырым спринтте чемпион атанды.Бұл Қазақстан делегациясының қоржынында түскен 3-алтын медаль.Ол жарыс жолын 29 минут, 47.4 секундта жүріп өтті. Тағы бір отандасымыз Вадим Куралес күміс жүлдеге ие болды.Фото: Нұрғали ЖҰМАҒАЗЫАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/935420
Вадим Куралес - биатлоннан Азия ойындарының күміс жүлдегері 14.02.2025
Бүгін Харбинде ерлер арасында биатлоннан 10 шақырымдық спринт аяқталды, онда қазақстандық биатлоншы Вадим Қуралес күміс медаль жеңіп алды. Вадимның уақыт көрсеткіші - 30:13,1.Фото: Нұрғали ЖҰМАҒАЗЫАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/935424
Туризм және спорт министрі мен ҰОК басшысы фристайл-акробатикадан тарихи алтын медаль жеңіп алған ерлер құрамасын құттықтады 14.02.2025
Харбинде өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында фристайл-акробатикадан синхронды секіруде ерлер құрамасы Қазақстан қоржынына екінші алтын медальді салды. Бұл жүлде – Қазақстанның қысқы Азия ойындарындағы фристайл-акробатика тарихындағы алғашқы алтыны. Сондай-ақ жерлестеріміз Азия рекордын жаңартты.«Ел қоржынына екінші алтын медаль түсті. Фристайл-акробатикадан отандастарымыз Шерзод Хаширбаев пен Роман Иванов IX қысқы Азия ойындарының чемпионы атанды. Ерлер арасындағы синхронды секіруде сынға түскен жерлестеріміз екінші мүмкіндіктерінде бар шеберліктерін паш етіп, азулы Қытай құрамасының алтыннан үмітті екі құрамын да басып озды. Жігіттеріміз жәй озып қана қоймай, 97,92 ұпаймен Азия рекордын орнатты. Осылайша жігіттеріміз ел қоржынына екінші алтын медальді салып отыр.Бұл медальдің еліміз үшін маңызы зор. Өйткені бұл қысқы Азия ойындары тарихында отандастарымызфристайл-акробатикадан жеңіп алған тұңғыш алтын медаль. Осы жеңіске орасан зор үлес қосқан жаттықтырушылар мен команданың еңбегін ерекше атап өткен жөн. Спортшыларымыздың қажырлы еңбегі мен үздіксіз дайындықтарының арқасында біз осындай үлкен жетістікке қол жеткізіп отырмыз. Ел мәртебесін асқақтатқан осы жеңісімізбен чемпиондарымызды және барша спорт жанкүйерлерін шын жүректен құттықтаймын! Өзге де спортшыларымызға сәттілік тілеймін! Алға, Қазақстан!», - деді министр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/935476
Туризм және спорт министрі биатлоннан алтын және күміс медаль жеңіп алған спортшыларды құттықтады 14.02.2025
Харбинде өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында биатлоннан ерлер арасындағы бәсекеде Владислав Киреев IX қысқы Азия ойындарының чемпионы атанса, тағы бір отандасымыз Вадим Куралес күміс жүлдеге ие болды.«Фристайл-акробатикадағы жігіттердің алтынынан кейін іле-шала биатлон спортындағы саңлақтарымыз ел қоржынына бір алтын, бір күміс жүлде салды. 10 шақырымға спринтерлік жарыста Владислав Киреев мәре сызығын бірінші кесіп, қуаныш үстіне қуаныш сыйлады. Сондай-ақ тағы бір отандасымыз Вадим Куралес те екінші орынға ие болып, күміс жүлдегер атанды. Владислав пен Вадимді айтулы жеңістерімен шын жүректен құттықтаймын. Олар ел сенімін ақтап, барша спорт жанкүйерін жарқын жеңістерімен қуантты.Жігіттеріміз бұл жүлдемен шектеліп қалмайды деп сенемін. Бірер күннен соң олар командалық сында жарыс жолына шығып, бізді тағы да жоғары марапаттармен қуантады деп үміттенеміз. Бүгінгі қос алтын мен бір күміс құтты болсын, Қазақ елі!», - деді министр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/935484
Маңғыстау облысында су жаңа 20 заманауи жолаушылар автобусы ел игілігіне берілді 14.02.2025
Бүгін, 11 ақпанда алғаш рет «Ақтау-Жаңаөзен-Ақтау» бағытына және Маңғыстау ауданындағы ауылдарды аудан орталығы – Шетпе ауылымен байланыстыратын жаңа, заманауи және комфортабелді автобустар жүре бастады. Алғашқы рейс таңғы 09:00-де Ақтаудан жолға шықты.Жаңа бағыттардың ашылу рәсіміне аймақ басшысы арнайы қатысып, 20 автобустың кілтін табыстады. Облыс әкімінің айтуынша, қазіргі таңда Маңғыстау облысы бойынша автобус паркі 90%-ға, ал Ақтау қаласында 100%-ға жаңарған.- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың әл-ауқатын арттыруды басты назарда ұстайды. Соның бірі – қоғамдық көлікпен қамту мәселесі. Бұл бағдарлама Маңғыстау облысында 2020 жылы басталып, бүгін нәтижесін беріп отыр. Өңір тұрғындары Жаңаөзен қаласына және ауданішілік бағыттарда кең әрі жайлы туристік автобустармен қатынай алады. Жол ақысы қолжетімді, қызмет сапасы жоғары автобустар халық игілігі үшін жасалды. Алдағы уақытта бұл жұмыстар жалғасады, – деді Нұрдәулет Қилыбай.«Ақтау-Жаңаөзен-Ақтау» бағытында «Yutong» маркалы, 51 орындық, үлкен класты автобустар жолаушыларға барлық қажетті жағдаймен қамтамасыз етілген. Автобустарда санитарлық торап (дәретхана), желдеткіш және жолаушылардың жол бойы жайлы уақыт өткізуі үшін теледидар қарастырылған.12 ақпаннан бастап 6 автобус күн сайын таңғы 07:00-де Ақтау қаласынан – 31 шағынаудандағы «Сары базар» жанындағы автотұрақтан, ал Жаңаөзен қаласынан – «Жібек жолы» базары аумағындағы «Өзен» сауда үйінің алдынан жолға шығады. Жол жүру ақысы ересектер үшін – 750 теңге, 7-18 жас аралығындағы балалар үшін – 375 теңге.Ал Маңғыстау ауданының орталығы Шетпе ауылын ауылдармен байланыстыратын жолаушылар тасымалы үшін «Yutong» маркалы, 24 орындық, кіші класты жайлы автобустар бөлінді.Енді тұрғындар Шетпе ауылішілік бағытында және Шетпе-Қызан-Ақшымырау, Шетпе-Тұщықұдық-Шебір, Шетпе-Онды, Шетпе-Ұштаған, Шетпе-Шайыр, Шетпе-Жармыш, Шетпе-Сайөтес, Шетпе-Тұщыбек-Жыңғылды бағыттары бойынша қатынай алады. Жолаушыларға барлығы 14 автобус қызмет көрсетеді.Айта кетейік, жаңа автобустар «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның қаржылық қолдауымен алынды.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/935521
Шығыс Қазақстан облысында нашақорлық пен есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл 14.02.2025
2025 жылғы 7 ақпанда ШҚО әкімі аппаратында Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік-құқықтық бөлімінің өкілдері мен жобалау кеңсесінің басшысы Шолпан Жумадилованың қатысуымен жұмыс кеңесі өтті. Іс-шараның мақсаты — есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл жасау және нашақорлықтың алдын алудың тиімді әдістемесін әзірлеу тәсілдерін талқылау.Кеңес барысында өңірдегі есірткі қауіпінің ағымдағы ахуалының негізгі аспектілері және күрестің тиімді алгоритмін әзірлеу үшін ықтимал бағыттар қаралды.Талқылау қорытындысы бойынша жобалық басқару шеңберінде нашақорлық пен есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты ұйымдастыру туралы мәселені қарау ұсынылды. Жобаны iске асыру үшiн Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi бекiткен критерилер негiзiнде Жобалар картасын әзiрлеу, оның орындалуына жауапты адамдарды айқындау, бағалау параметрлерi мен есептiлiк нысандарын дайындау қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/935535
Қазақстан GPAI-ға қосылуға қызығушылық білдірді 14.02.2025
Франция астанасында жасанды интеллект саласындағы іс-қимылға арналған әлемдік саммит – Жасанды интеллект жөніндегі жаһандық әріптестіктің (GPAI) елдері арасындағы министрлік кездесуі өтуде. Іс-шараға Франция Президенті Эммануэль Макрон, Канада премьер-министрі Джастин Трюдо және ЭЫДҰ Бас хатшысы Матиас Корман қатысты. Франция Президенті Эммануэль Макронның шақыруымен Қазақстан делегациясын цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев басқарды. Ол өз сөзінде Қазақстан Республикасының GPAI-ға – жасанды интеллект технологияларын дамыту және жауапты қолдануға бағытталған халықаралық бастамаға қосылуға ниетті екенін айтты. Іс-шараға 44 ел қатысты. Олардың ішінде Камбоджа, Мальта, Румыния, Хорватия, Руанда, Марокко және Қазақстан GPAI-ға мүше болуға қызығушылықтарын білдірді. Жақында серіктестік қатысушылары олардың өтінімдерін қарау процесін мақұлдаған еді. Бұл мәлімдеме жасанды интеллекттің жаһандық басқару аясында кең ауқымды және әртүрлі қатысуға жол ашады. Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев елдегі цифрлық трансформация нәтижелері мен жасанды интеллектті дамыту жоспарларымен бөлісіп, Alem.AI орталығының тұжырымдамасы туралы айтты. «Қазақстан жасанды интеллекттің болашағымызды қалыптастырудағы маңызды рөлін мойындайды және бұл саладағы халықаралық ынтымақтастықтың бірегей алаңы ретінде GPAI-ды жоғары бағалайды. Біз үкіметтер мен сарапшыларды біріктіре отырып, GPAI-дың жасанды интеллектке байланысты мүмкіндіктер мен сынақтарға жауап беру жөніндегі күш-жігерін қолдаймыз және оның жасанды интеллект саласындағы білім мен тәжірибені бүкіл әлемге тарату миссиясын толықтай құптаймыз. Қазақстанда біз ұлттық жасанды интеллект экожүйемізді белсенді түрде дамытып жатырмыз. Біз Alem.AI – жасанды интеллект саласындағы инновацияларды қолдау, стартаптардың дамуын жеделдету және ғылыми зерттеулерді ынталандыруға арналған Халықаралық орталық құрып жатырмыз. Жылына 200 мың азаматты мектеп оқушыларынан бастап мемлекеттік қызметшілерге дейін базалық және ілгері деңгейдегі жасанды интеллект дағдыларына оқытатын кешенді білім беру бағдарламалары арқылы адами капиталды дамытуға міндеттенеміз», – деді Жаслан Мәдиев. Іс-шара сондай-ақ ЭЫДҰ-ның жасанды интеллектке қатысты ұсынымдарын іске асыруды ілгерілету бойынша GPAI жұмысына арналған талқылау алаңы болды. Талқылау барысында жасанды интеллект саласындағы алшақтықты жою, ИИ-дің еңбек нарығы мен қоршаған ортаға әсерін түсіну және бағалау, тұрақты ауыл шаруашылығын қолдау, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау арқылы инновацияларды ынталандыру, сондай-ақ деректерге қол жеткізу мен оларды жауапкершілікпен алмасуды жақсарту мәселелері қозғалды. Толығырақ: https://www.diplomatie.gouv.fr/fr/politique-etrangere-de-la-france/diplomatie-numerique/actualites-et-evenements/article/sommet-mondial-pour-l-action-sur-l-ia-reunion-ministerielle-des-pays-membres-du   ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі Анықтама: Жасанды интеллект жөніндегі жаһандық әріптестік (GPAI) – адам құқықтарын және қатысушы елдердің ортақ демократиялық құндылықтарын сақтау арқылы жасанды интеллектті жауапты әзірлеу мен қолдануға басшылық етуге арналған халықаралық бастама. Бұл әріптестік алғаш рет 2018 жылы G7-нің 44-ші саммитінде Канада мен Франция тарапынан ұсынылып, 2020 жылдың маусымында ресми түрде жарияланды. GPAI-дың ұйымдастырушысы – Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ). GPAI теория мен практиканың арасындағы алшақтықты қысқартуға тырысып, жасанды интеллект саясатына тікелей қатысы бар салалардағы зерттеулер мен қолданбалы қызметті қолдайды. Ол өнеркәсіп, азаматтық қоғам, үкіметтер және ғылыми қауымдастық өкілдерін жасанды интеллекттің ұсыныстары мен қиындықтары бойынша бірлесіп жұмыс істеу үшін біріктіреді.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/935277
ҚР Ұлттық құрамасының IX қысқы Азия ойындарындағы жарыс кестесі: 11 ақпан 14.02.2025
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/935218
Харбинде Қазақстанда биатлон спортын дамыту әлеуеті талқыланды 14.02.2025
ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы Геннадий Головкин, Қазақстан ҰОК Бас хатшысы Әлімжан Ақаев және Қазақстан Биатлоншылар одағының бас хатшысы Манас Үсенов Халықаралық биатлоншылар одағының (IBU) президенті Олли Даллинмен кездесті.Харбиндегі қысқы Азия ойындары аясында өткен кездесуде тараптар спорт ғылымындағы ынтымақтастықтың келешегін, жаттықтырушыларға білім беру бағдарламаларын кеңейтуді, сондай-ақ Қазақстанда IBU қолдауымен Әлем кубогі кезеңдерін өткізу мүмкіндігін талқылады.Олли Даллин IBU әртүрлі бағыттағы ынтымақтастыққа, соның ішінде Скандинавия елдері мен басқа мемлекеттердің дайындық деңгейі арасындағы алшақтықты азайтуға және бүкіл әлемде биатлонның дамуына тең жағдай жасауға ашық екенін айтты.Сондай-ақ IBU президенті қазақстандық тарапқа Азия биатлон конфедерациясын құрғаны және өңірлік біріншіліктерді өткізгені үшін алғысын білдірді.«Қазақстан биатлонды дамытуға мүдделі, сондай-ақ біз IBU-мен тәжірибе алмасу, спортшыларды даярлау әдістемесі және ғылыми-практикалық білім мәселелерінде ынтымақтастыққа ашықпыз. Біз IBU ұйымдастыруымен Әлем кубогі кезеңдерін елімізде өткізуге ниеттіміз. Мұндай спорттық іс-шаралар елімізде биатлонды насихаттауға өз септігін тигізеді», — деді ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.Қазақстан ҰОК президенті Геннадий Головкин спортты жан-жақты дамытуда халықаралық ынтымақтастықтың маңызды екенін атап өтті.«Қазақстан Биатлоншылар одағы мен IBU арасындағы бірлескен жұмыстың жақсы нәтиже беріп жатқанына көз жеткізіп отырмыз. Біз өз тарапымыздан ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және спорттың барлық саласында кеңейтуге дайынбыз. Бұл - ел спортының сапалы дамуына ықпал етеді», — деді Геннадий Головкин.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/934966
Хоккейден еліміздің ерлер құрамасы кезекті жеңісіне қол жеткізді 14.02.2025
Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында хоккейден еліміздің ерлер құрамасы кезекті жеңісіне қол жеткізді.Бұл жолы Олег Болякин шәкірттері Оңтүстік Корея командасынан басым түсті. Есеп: 2-1Шайбалар:Кан Юн Сок (0-1) 11 минут, 08 секундАртём Лихотников (1-1) 44.58 секундРоман Старченко (2-1) 58.42 секундОсылайша, Ұлттық құрама топтан жеңіліссіз ширек финалға шықты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/934970
Қазақстан мен Қытай спортының басшылары Харбинде кездесті 14.02.2025
ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов пен Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Қытай Халық Республикасы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, Қытай Олимпиада комитетінің президенті және Халықаралық ушу федерациясының басшысы Гао Чжиданмен кездесті.Қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің ресми қабылдау рәсімі аясында өткен кездесуде Ербол Мырзабосынов Гао Чжиданға екі ел арасындағы спорт саласындағы ынтымақтастық үшін алғыс білдірді.«Қазіргі таңда Қазақстан мен Қытай арасында спорттық байланыс жоғары деңгейде дамып келеді. Бұл ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниеттіміз. Қазақстан делегациясы Харбиндегі қысқы Азия ойындарына жарыстың алғашқы күндерінен бастап келді және ұйымдастыру комитетінің өкілдеріне жылы қабылдағанына, ашылу салтанаты мен қысқы Азия ойындарын жоғары деңгейде ұйымдастырып жатқанына алғыс айтамын»,- деді министр.Қазақстан ҰОК басшысы ауқымды жарыстарды ұйымдастырудың маңыздылығын атап өтті.«Ауқымды кешенді жарыстарды өткізу оңай емес. Харбин-2025 қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетіне қонақжайлық пен үйлесімді жұмысы үшін ерекше алғысымызды білдіреміз. Біз Ойындар басталғаннан бері осындамыз және ұйымдастырушылардың өз қызметіне қаншалықты берілгенін көріп келеміз. Мұны логистикалық қамтамасыз етуден, еріктілер жұмысынан, техникалық қолдаудан да байқауға болады».Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылғы IX қысқы Азия ойындары 14 ақпанда мәресіне жетеді. Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қорында 9 медаль (1 алтын, 5 күміс, 3 қола) бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/934979
ІХ қысқы Азия ойындары-2025: 10 ақпандағы жарыс нәтижесі 14.02.2025
Фристайл-акробатика: Қазақстан құрамасы аралас командалық сында күміс медаль жеңіп алды. Команда сапында Аяна Жолдас, Асылхан Асан және Шерзод Хаширбаев өнер көрсетті.Шаңғы жарысы: Ерлер арасында 10 шақырымға еркін стильде жарыста Ұлттық құрама спортшысы Олжас Климин қола жүлдегер атанды.Ал Владислав Ковалев мәре сызығын 6-шы, Наиль Башмаков 10-шы, Ернар Нұрысбеков 16-шы болып кесті.Конькимен жүгіру: Ерлер арасындағы 500 метрге жарыста Евгений Кошкин 4-ші, Алтай Жәрдембекұлы 9-шы, Никита Важенин 15-ші және Роман Биназаров 16-орынға ие болды.3000 метрге әйелдер бәсекесінде Надежда Морозова 4-ші, Кристина Шумекова 6-шы, Арина Ильященко 12-ші нәтиже көрсетті.Ерлер арасында командалық спринтте Ұлттық құрамамыз 4-орыннан көрінді. Команда сапында Алтай Жәрдембекұлы, Никита Важенин, Артур Галиев өнер көрсетті.Керлинг: Қазақстан әйелдер құрамасы бүгінгі күніннің бірінші кездесуінбе Тайбэй спортшыларын ірі есеппен жеңсе (14:0), екінші матчта Қытай құрамасынан жеңіліп қалды.Ал керлингтен ерлер Ұлттық құрамасы Филиппинмен ойнап, жеңіліп қалды. Есеп: 1-4.Шайбалы хоккей: Еліміздің ерлер құрамасы кезекті жеңісіне қол жеткізді. Бұл жолы Олег Болякин шәкірттері Оңтүстік Корея командасынан басым түсті. Есеп: 2-1. Осылайша, Ұлттық құрама топтан жеңіліссіз ширек финалға шықты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/935206
Нұрдәулет Қилыбай «ТҮРКСОЙ» ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раевпен кездесті 14.02.2025
7 ақпанда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Халықаралық түркі мәдениеті ұйымының (ТҮРКСОЙ) бас хатшысы Сұлтан Раевпен кездесті. Басқосуда «Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы» шарасын ұйымдастыру және өткізу мәселелері талқыланды.Ауқымды мәдени жоба сәуір айында салтанатты түрде ашылып, қараша айының ортасына дейін жалғасады. Осы аралықта әр айға арнайы тақырыптық бағыттар белгіленіп, 30-ға жуық ірі мәдени іс-шара ұйымдастырылады.Ал 500-ден астам өнерпаздың қатысуымен өтетін ашылу салтанаты аясында арнайы этноқалашық бой көтеріп, онда түркі халықтарының мәдениеті мен дәстүрін таныстыратын жеті ауыл қызмет көрсетеді. Қонақтар Маңғыстау өңірінің бай тарихымен, ұлттық салт-дәстүрімен, қолөнерімен және тұрмысымен таныса алады.Кездесу барысында «ТҮРКСОЙ» ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев Ақтаудың мәдени астаналар ішіндегі ерекшелігіне тоқталды.- Биылғы мәдени астана Қазақстанның теңіз жағасындағы бірегей қаласы – Ақтауға берілді. Ақтау – бұрынғы мәдени астаналардың арасында Каспий теңізінің жағасында орналасуымен, тарихи мұрасымен және заманауи келбетімен ерекше. Сондықтан Ақтауға өнерпаздар мен туристер тек бұл шара барысында ғана емес, одан кейін де жиі келетін болады деп ойлаймыз, – деді Сұлтан Раев.Өз кезегінде, облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай ауқымды шараның маңыздылығына тоқталып, оны жоғары деңгейде өткізу керектігін атап өтті.- Бұл – түркі халықтарының рухани байланысын арттыруға бағытталған маңызды жоба. Ақтау қаласының Түркі әлемінің мәдени астанасы атануы – біз үшін үлкен мәртебе ғана емес, зор жауапкершілік. Өңірімізге келетін меймандарға ұлттық мәдениетімізді, дәстүрімізді кеңінен таныстырып, түркі әлемінің ортақ құндылықтарын дәріптеу – біздің басты міндетіміз. Біз бұл мүмкіндікті пайдаланып, өңіріміздің мәдени әлеуетін жаһандық деңгейде көрсетуге тиіспіз, – деді Нұрдәулет Қилыбай.Айта кетейік, түркітілдес ұлттар арасындағы бауырластық байланыстар мен достықты, түркілік мәдениет пен өнерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, оны әлемге таныту мақсатында түркітілдес мемлекеттер өнерпаздарының қатысуымен театр, кино, опера, би, дәстүрлі өнер және басқа да көптеген байқаулар мен фестивальдер, ақындар айтысы, түркі әлемі суретшілерінің симпозиумы, қолөнер шеберлерінің фестивалі, тарихи-ғылыми конференциялар, ақын-жазушылармен кездесулер, түркі әлемінің ұлы ғұламаларының өмірі мен еңбектеріне арналған жиындар өткізіліп, өзге де мағыналы, тағылымды шаралар ұйымдастырылатын болады.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/934516
Үкіметте «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистралды газ құбырының жайы талқыланды 14.02.2025
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ директорлар кеңесінің отырысы өтті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында алға қойған міндеттерді ескере отырып, Қордың 2024 жылғы жұмысының қорытындылары және оны одан әрі дамыту мәселелері қаралды.«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов инвестициялық жобаларды іске асыру туралы баяндады.Үздіксіз электрмен жабдықтау мақсатында Екібастұз ГРЭС-1 №1 энергия блогы тоқтап, қуаты 4000 МВт-қа дейін ұлғайтылды. Экологияны жақсарту жұмыстары аясында Алматы ЖЭО-2 және ЖЭО-3 үшін газ инфрақұрылымын құру жобасы іске асырылды. Қарашығанақ кен орны жұмысының тиімділігін арттыру үшін бесінші кері айдау компрессоры енгізілді. Көлік-логистикалық бағытта Сиань қаласында жүк терминалы салынды, ол жүктерді жеткізу мерзімін қысқартуға және қазақстандық бағыттардың тартымдылығын арттыруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар 250 шақырымнан астам газ құбыры мен 500 шақырым теміржол желісі тартылып, екінші «Достық – Мойынты» жолының 132 шақырымында пойыз қозғалысы іске қосылды. Сондай-ақ есепті кезеңде Қазақстан үшін бірегей жобалар: гидроаккумуляциялық станса мен Астана қаласындағы алғашқы цифрлық қосалқы стансаның құрылысы басталды.Жалпы тізімге қазіргі уақытта мұнай-газ, мұнай-химия, энергетика, көлік-логистика және басқа да салалар бойынша құны 33,3 трлн теңгені құрайтын инвестициялық 46 жоба енгізілген.Биыл «Талдықорған – Үшарал» магистралды газ құбырын пайдалануға берудің арқасында Жетісу өңіріндегі 66 елді мекенді газбен қамту жұмыстарын аяқтау жоспарланған. Кендірліде қуаттылығы тәулігіне 50 мың м3 теңіз суын тұщыту зауытын іске қосу арқылы Жаңаөзен қаласы мен Маңғыстау облысындағы су тапшылығы мәселесін шешу жоспарлануда. Транскаспий халықаралық көлік бағытының (ТХКБ) және «Достық – Мойынты» теміржол желісі учаскесінің өткізу қабілетін арттыру транзитті дамытуға елеулі серпін береді. Ішкі нарықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ПМХЗ-да дизель отынын гидротазарту орнатылады және CASPI BITUM-да битум өндірісі кеңейтіледі. «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистралды газ құбырының өткізу қабілетін жылына 15 млрд м3 дейін арттыруға мүмкіндік беретін екінші учаскесінің құрылыс барысына ерекше назар аударылып, бірлескен инвестициялау құралдары талқыланды.Жобалар бойынша жергілікті қамтудың болжамды үлесі секторға байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, көлік-логистика секторындағы жобалар бойынша бұл көрсеткіш 85%-ды, энергетикалық жобалар – 60%-ды, басқа жобалар бойынша – 80%-ды құрайды.Сондай-ақ 2024 жылы отандық тауар өндірушілерді қолдау бойынша қосымша шаралар қарастырылған. Осының арқасында 1,1 трлн теңгеге ОТӨ-мен шарттар жасалып, өсім 2023 жылмен салыстырғанда 76%-ды құрады. 191 млрд теңгеге офтейк-келісімшарттар жасалды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 10 есеге көп. Сонымен қатар Қордың сатып алу жүйесі алғаш рет ЕҚДБ, АДБ және ЭЫДҰ үздік стандарттарына сәйкес деп танылды.Премьер-министр еліміз үшін маңызды жобаларды іске асыруға жеке инвестициялар тарту жөніндегі жұмысты күшейту қажеттігіне тоқталды.«Мемлекет басшысы біздің жұмысымыздың басым бағыты ірі инфрақұрылымдық және өнеркәсіптік жобаларды, көлік пен логистиканы дамыту, сондай-ақ цифрландыру және жасанды интеллект болуы тиіс екенін атап өткен болатын. Үкімет еліміз үшін маңызды жобалардың іске асырылу жағдайын бақылауда ұстайды. Мемлекеттің экономикадағы үлесін біртіндеп азайта отырып, бірлескен инвесторларды белсенді тарту қажет», — деп атап өтті Олжас Бектенов.Сонымен қатар Премьер-министр үдерістерді оңтайландыру және кешіктіруге әрі негізсіз қымбаттауға жол бермеу үшін жобаларды іске асыру мерзімдерінің сақталуын қатаң бақылау қажеттілігіне аударды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/935147
Кёрлингтен әйелдер құрамасы айқын басымдықпен жеңіске жетті 14.02.2025
Кёрлингтен Қазақстан әйелдер құрамасы Харбиндегі қысқы Азия ойындарында Қытайдың Тайпейінен басым түсті. Есеп: 14-0.Команда сапында Тылсымай Аллиярова, Мерей Тастемір, Ангелина Эбауер, Екатерина Колыхалова, Регина Эбауер өнер көрсетті.Айта кетейік, әйелдер құрамасы осыған дейін Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Жапонияға жол берген.Бүгін Астана уақытымен 16:00-де еліміздің әйелдер құрамасы мен жарыс қожайыны Қытай 7-сессияда кездеседі. Ал ертең Филиппин және Қатар құрамасы қарсылас болады.Қатар өткен матчта Қытай Қатардан, ал Жапония Филиппиннен басым түсті.Фото: Сали САБИРОВАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/934342
Фристайл-акробатикадан Ұлттық құрама күміс медаль жеңіп алды 14.02.2025
Фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасы IX қысқы Азия ойындарында 2-орын алды.Командамыздағы Дінмұхаммед Райымқұл, Аяна Жолдас, Асылхан Асан, Шерзод Хаширбаев, Ардана Маханова жалпы алғанда 235.39 балл жинады.Үздіксіз үштікті Жапония акробаттары түйіндеді.Фото: Нұрғали ЖҰМАҒАЗЫАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/934352
Олжас Климин - Харбиндегі Азиаданың қола жүлдегері 14.02.2025
Санаулы сəттер бұрын IX қысқы Азия ойындарында ерлер арасында 10 шақырымға еркін стильде шаңғы жарысынан бәсеке аяқталды.Ұлттық құрама спортшысы Олжас Климин 21 минут, 20,3 секундта мәреге жетіп, үздік үштікті түйіндеді. Алтын мен күміс Жапония өкілдерінде. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/934357