Үкімет отырысы: Жаңаөзен-Түркіменстан шекарасы жолы толығымен жөнделеді
09.02.2025 13:58:07 517
Көлік министрі Марат Қарабаев үкімет отырысында 2025 жылы 13 мың шақырым жолды жөндеу жоспарланып отырғанын мәлімдеді. Оның ішінде 9,5 мың шақырымы қажетті қаражатпен қамтамасыз етіліп, қалған бөлігін қаржыландыру мәселесі пысықталуда.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2029 жылға дейін бірінші және екінші санатқа ауыстырып, 3 мың шақырым жолды қайта жаңғырту жоспарлануда. Бұл сала мен ел экономикасының дамуына тың серпін береді.
30-50 жыл жөндеу көрмеген жолдар, Петропавл – Жезқазған (703 км), Қандыағаш – Шалқар (246 км), Жаңаөзен – гр. Түрікменстан (156 км), Қарағанды - Аягөз - Бугаз (452 км) толық жөндеуден өтеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/930444