Профориентациялық кездесу өткізілді
26.05.2026 13:03:48 310
22 мамырда Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Адам ресурстар басқармасының бас мамандары Қаламкас Ахметова мен Гүлнар Имамбаеваның қатысуымен Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде түлектерді тарту және жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша профориентациялық кездесу өткізілді.
Іс-шара барысында олар мемлекеттік кірістер органдарына мемлекеттік қызметке орналасуға үміткерлерді таңдау, біліктілік талаптары және басқа да аспектілерімен таныстырды.
Шара барысында келіп түскен сұрақтарға жан-жақты жауаптар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1228368?lang=ru