Спорт

Маңғыстау облысының полициясы 2024 жылды қорытындылады 15.01.2025
Маңғыстау облысында полиция органдарының 2024 жылғы қызметінің қорытындылары бойынша жиын өтті. Шараға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, ҚР ІІМ тергеу департаментінің бастығы Мұхтар Қожаев, облыс прокуроры Айдос Майлыбаев қатысты. Жиын барысында ішкі істер органдарының негізгі жетістіктері мен 2025 жылы назар аударуды қажет ететін мәселелер талқыланды.Аймақта бір жылда 3176 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді. Ұрлық, тонау, бұзақылық және кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтар сияқты қылмыстардың деңгейі едәуір төмендеген.Облыстағы криминогендік және қоғамдық-саяси жағдай тұрақты болып отыр, полицияның жұмысы қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті одан әрі қамтамасыз етуге бағытталған.Заңсыз айналымнан 126 килограмм есірткі тәркіленіп, 768 граффити-жазба жойылды, есірткі саудасына байланысты 610 интернет-ресурс бұғатталды. Полиция қызметкерлері мас күйінде көлік жүргізген 1016 жүргізушіні ұстады.Жыл қорытындысы бойынша Маңғыстау облысы қылмыстарды ашу деңгейі бойынша Қазақстан өңірлерінің арасында бірінші орынға ие болды.Маңғыстау облыстық департаментінің бастығы Сағындық Аяғанов 2025 жылды Ішкі істер министрі Ержан Саденов алдын алу жылы деп жариялағанын атап өтіп, есірткіге қарсы күреске, алаяқтықпен күреске, жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға, ұрлық пен басқа да мүліктік қылмыстардың алдын алуға ерекше назар аударуға бірқатар тапсырма берді.Жиын соңында мінсіз қызметімен көзге түскен полиция қызметкерлері ҚР Ішкі істер министрінің, облыс әкімі мен прокурорының және полиция департаменті бастығының атынан алғыс хаттармен марапатталды.2024 жылдың жедел-қызметтік қызметінің қорытындысы бойынша ең жоғары нәтижеге көрсеткен Маңғыстау ауданы полиция бөлімінің бастығына қызметтік автокөлік табысталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/918069

Маңғыстауда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы іс-шаралар жалғасуда 15.01.2025
15 қаңтарда Маңғыстау облысында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында Маңғыстау энергетика колледжінде Ақтау қалалық Қоғамдық даму орталығының ұйымдастыруымен Маңғыстау облыстық экология департаментінің өкілдері студенттермен кездесу өткізді.Кездесудің негізгі мақсаты – жастардың назарын қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне аудару, экологиялық мәдениетті дамыту, өңірдің табиғи байлығын сақтауға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу, экологияның ағымдағы жағдайы туралы хабардар ету және оларды қоршаған ортаны қорғау бойынша практикалық қызметке тарту.Іс-шараға Маңғыстау энергетика колледжінің 60-тан астам студенті, соның ішінде облыстың жас экоактивистері қатысты. Кездесу барысында қатысушылар өңірдегі негізгі экологиялық сын-қатерлер, оларды шешу жолдары және табиғатты қорғауға жеке үлестің маңыздылығы туралы ақпарат алды.Маңғыстау облыстық экология департаментінің экологиялық бақылау бөлімінің басшысы Есенқос Әділбаев:– Жастар – еліміздің болашағы және экологиялық мәселелерді шешу міндеті дәл соларға жүктеледі. Мұндай кездесулер тек экологиялық сауаттылықты арттырып қана қоймай, қоршаған ортаны қорғауға деген жеке жауапкершілікті тәрбиелеуге де ықпал етеді.Біз бүгінгі шара көптеген жас адамдарды өңірдегі экологиялық бастамаларға белсенді түрде қатысуға ынталандыратын бастама болады деп үміттенеміз. Бірлескен күш-жігерімізбен Маңғыстауды одан әрі таза және экологиялық қауіпсіз аймаққа айналдыра аламыз, - деп атап өтті.Сондай-ақ, студенттер кездесуден алған әсерлерімен бөлісті. Шараға қатысушылардың бірі:– Өңірдегі экологияны жақсарту үшін біз не істей алатынымызды білу өте пайдалы болды. Мұндай кездесулер әрекет етуге және айналамыздағы табиғатты қорғауға шабыттандырады, - деді.Іс-шара жылы әрі продуктивті атмосферада өтіп, жастардың экологиялық жауапкершілікке деген ұмтылысын нығайтты.Сонымен қатар, Маңғыстау облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының бастамасымен «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Жаңаөзен қаласы мен облыстың 5 ауданында жастар мен жергілікті экологтардың кездесулері ұйымдастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/918078

Әлібек Хасенов «Қазспортинвест» АҚ президенті қызметіне тағайындалды 15.01.2025
Әлібек Хасенов 1986 жылы 3 қазанда Қарағанды облысының Саран қаласында дүниеге келген.Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетін (маркетинг), Қазақстан-Ресей университетін (құқық) тәмәмдаған.Еңбек жолын 2016 жылы ҚР Президенті Іс Басқармасының «Қараөткел» РМК ресми іс-шаралар бөлімінің бастығы болып бастаған;2018 жылдан бастап – мемлекеттік және ірі іс-шараларды ұйымдастырумен айналысады;2019-2024 ж.ж. – каноэ федерациясының ескек есу спортын дамыту жөніндегі атқарушы директор;2024 жылдан бастап – Астанада «Болашақтың ойындарын» өткізуге өтінім әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының мүшесі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/918087

Харбиндегі IX қысқы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының ту ұстаушыларының есімдері белгілі болды 15.01.2025
Қазақстан құрамасы Қытайдағы IX қысқы Азия ойындарының 10 жарыс тәртібі бойынша барлық алты спорт түріне қатысады. Үкімет отырысында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов алдағы бәсекеге команданың дайындығы туралы айтып берді.Оның айтуынша, команданың құрамы бекітілді. Азия ойындарына 138 спортшы аттанады. Олар 51 медаль жиынтығы үшін күресуі керек. Биатлоншыларға, шаңғышыларға, конькимен жүгірушілерге, сондай-ақ қазіргі Азия чемпиондары болып саналатын хоккейшілерге үлкен үміт артылады.IX қысқы Азия ойындарының ашылу салтанатында хоккейші Әділ Бекетаев пен шорт-тректің өкілі Ольга Тихонова ту ұстайды.@KZgovernmentАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/917540

Олжас Бектенов: спорт нысандары қарапайым халыққа қолжетімді болуы керек 15.01.2025
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында қысқы IX Азия ойындарына дайындық барысы қаралды. Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов баяндама жасады.Премьер-министр ірі спорттық іс-шаралар өткізу халықтың қысқы спорт түрлерімен айналысуға деген қызығушылығын арттыра түсетінін, сондай-ақ туризмге тың серпін беретінін атап өтті. Бұл ретте қазақстандықтар үшін спорт инфрақұрылымы қолжетімділігінің маңыздылығы атап өтілді.«Барлық спорт объектілері қалың көпшілікке қолжетімді болып қалуға тиіс. Бұл спортпен шұғылданушылар санын арттырып, осы нысандар айналасында бизнестің дамуына жол ашады. Әкімдіктер мен кәсіпкерлер аталған бағытта белсенді жұмыс істеуі керек», — деді Олжас Бектенов.Сонымен қатар Премьер-министр Туризм және спорт министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп инвесторлар тартып, спорт инфрақұрылымын салу үшін қолайлы жағдай жасау, оның ішінде Алматымен қатар Алматы облысында, Шығыс Қазақстанда және басқа аймақтарда жаңадан тау шаңғысы трассаларын жасау жұмыстарын жандандыруды тапсырды. Бүгінде ең танымал қысқы демалыс орындарының бірі – Шымбұлақтың тәуліктің жүктемесі жобалық қуатынан асып түсті. 2024 жылы келушілер саны 1,5 млн-нан асты. @KZgovernmentАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/917548

Үкіметте қысқы IX Азия ойындарына дайындық шаралары қаралды. Премьер-министр: Бәріміз қазақ спортының бәсекеге қабілеттіболуы үшін күш-жігерімізді жұмылдыруға тиіспіз 15.01.2025
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында олимпиадалық стандарттарға бағдарланған тиімді дайындық бағдарламаларын құру бойынша қарқынды жұмыс қажет екенін атап өтті.«Мемлекет басшысы жоғары жетістіктер спортына қатысты нақты міндеттер қойды. Бұл ретте спорт түрлерін таңдау ғылыми тұрғыда негізделіп, елімізге тән ерекшеліктерге сүйене отырып жасалуы керек. Аталған мәселенің шешімі спорт федерацияларының қызметін, олардың халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейлердегі жұмысын да реттеуге тиіс. Сондай-ақ Туризм және спорт министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту, спорт мектептері мен секцияларын құру және қолдау жөнінде шаралар қабылдауы қажет. Спорттық медицинаны дамыту жұмысын жандандыру керек. Бәріміз қазақ спортының бәсекеге қабілетті болуы үшін күш-жігерімізді жұмылдыруға тиіспіз», — деп атап өтті Олжас Бектенов.Жалпы еліміз бойынша Мемлекет басшысы тапсырмасымен салауатты өмір салтын дамытып, халықты дене шынықтырумен айналысуға тарту үшін кешенді шаралар қабылдануда. Республика бойынша 5 жыл ішінде 215 дене шынықтыру кешені, 17 жүзу бассейні, 57 спорт манежі және 1,5 мыңнан астам спорт алаңы салынды. Жеке инвесторлар есебінен 92 жоба іске асырылды.@KZgovernmentАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/917553

Премьер-министр қысқы IX Азия ойындарына дайындық бойынша бірқатар тапсырма берді 15.01.2025
Үкімет отырысының қорытындысы бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов бірқатар тапсырма берді.Туризм және спорт министрлігіне әкімдіктер, барлық мүдделі ұйым мен компанияларға – Қазақстан құрамасының Қытайда сәтті нәтиже көрсету үшін спортшыларымызға барлық жағдай жасау тапсырылды. Сыртқы істер министрлігіне ұлттық құрамаға дипломатиялық желі бойынша тиісті қолдау көрсету міндеті қойылды. Мәдениет және ақпарат министрлігіне қазақстандық спортшылар қатысатын Азия ойындарының үздіксіз әрі сапалы көрсетілімін қамтамасыз ету тапсырылды.Туризм және спорт министрлігі әкімдіктермен, Ұлттық Олимпиада комитеттерімен, федерациялармен бірлесіп, 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына сапалы дайындық жұмыстарын барынша күшейтуі қажет. @KZgovernmentАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/917555

Олжас Бектенов Қазақстан ұлттық құрамасы спортшыларына Харбинде өтетін қысқы IX Азия ойындарында жоғары нәтиже көрсетулеріне тілектестік білдірді 15.01.2025
Үкімет отырысында Премьер-министр көрнекті олимпиада спортшыларының сіңірген еңбегі мен жетістіктерін атап өтіп, ұлттық құрама мүшелеріне Харбинде өтетін қысқы IX Азия ойындарында табысты өнер көрсетулеріне тілектестік білдірді.«Біздің ұлттық құрама алдағы Азия ойындарында жақсы нәтиже көрсетіп, қазақстандықтарға нағыз спорт мерекесін сыйлайды деген үміттеміз.Әйгілі спортшылар – олимпиада жеңімпаздары Владимир Смирновтың, Людмила Прокашеваның, Елена Хрусталеваның, Денис Теннің, Юлия Галышеваның аттары қазақ спортының тарихында алтын әріптермен жазылған.Спортшыларымыздың осы даңқты жолды Харбинде өтетін алдағы ойындарда жалғастырып, жоғары нәтиже көрсетулеріне тілектеспін», — деді Олжас Бектенов.@KZgovernmentАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/917564

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары тағайындалды 14.01.2025
Бүгін, 14 қаңтар күні өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбай облыс активіне кандидатурасы ҚР Президенті әкімшілігімен келісілген жаңа орынбасары Тілек Жеткізгенұлын таныстырды.Тілек Жеткізгенұлы 1979 жылы Маңғыстау облысында туған. Білімі - жоғары. 2002 жылы М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын «Қаржы және несие» мамандығы бойынша, 2013 жылы Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2001 жылы «Нефтебанк» акционерлік қоғамында несие бөлімінің маманы қызметінен бастап, кепілдік беру бөлімінің бас маманы, несие бөлімінің менеджері қызметін атқарды.2006 -2007 жылдары «ТМ-2006» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры.2007-2010 жылдары Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы, кейін бөлім басшысы лауазымын атқарды.2010-2012 жылдар аралығында Маңғыстау облысы қаржы басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет атқарды.2012-2015 жылдары Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары, 2015 -2019 жылдары Ақтау қаласы әкімінің орынбасары болды. 2019-2022 жылдары Маңғыстау ауданының әкімі лауазымын атқарды.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/917502

Алматыда жетінші рет Digital Almaty халықаралық цифрлық форумы өтеді 14.01.2025
Алматыда 2025 жылдың 31 қаңтары мен 1 ақпаны аралығында Digital Almaty 2025: «Industrial AI: жаңа дәуірге арналған технологиялар» атты халықаралық цифрлық форумы өтеді.Жетекші халықаралық алаңда ЕАЭО елдерінің инновациялық даму келешегі мен цифрлық күн тәртібін талқылау үшін ЕАЭО елдерінің мемлекеттік қайраткерлері, жетекші сарапшылар мен кәсіпкерлер бас қосады. VII форум аясында Industry 4.0 AI Battle – жасанды интеллект саласында үздік стартап үшін ауқымды сайыс, ІТ-экожүйе саласындағы жобалар туралы тәжірибе алмасып, ақпаратты бөлісетін ірі қазақстандық жер қойнауын пайдаланушылар, өнеркәсіптік стартаптар, технопарктер, технологиялық компаниялардың көрмесі жоспарланған.Digital Almaty-2025 өнеркәсіптегі түбегейлі өзгерістер мен жасанды интеллектің жаһандық индустрия келешегіне ықпалына арналады. Қазіргі кезде АІ технологиялары өндірістік процестердің тиімділігі, қауіпсіздігі және тұрақтылығының негізгі драйверіне айналып келеді. Industrial AI әлеуетін күрделі өндірістік тізбектерді автоматтандыру, болжау және оңтайландыру үшін қолдану өнеркәсіп секторын интеллектуалды басқаруда жаңа мүмкіндіктерді ашады. Цифрлық әлеммен таныстыратын екікүндік шараға 40 мыңнан аса адам қатысады деп күтілуде.«VII Digital Almaty жасанды интеллектті өнеркәсіптік экожүйелерге; экономика мен қаржыға; ESG-ге; медицинаға, білімге және киберқауіпсіздікке интеграциялау тақырыптарын ашатын ауқымды іскерлік бағдарламаны ұсынады. Яғни, форум алаңында «ақылды» фабрикаларды дамытуды, Industry 4.0 шеңберінде жаңғырту мен автоматтандыруды қоса алғанда, өндірістерді трансформациялауға болатын AI-шешімдер ұсынылатын болады», - деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев.Әлемдік сарапшылар мойындаған Digital Almaty өткен жылы өз алаңында 300-ден астам спикердің басын қосты. Басқа мемлекеттер тарапынан еліміздің цифрлық шешімдеріне айтарлықтай қызығушылық бар. Бұған шет елдерден 70-ке жуық сарапшының, оның ішінде бірқатар мемлекеттің цифрландыру министрлері келіп, панельдік пікірталастарға қатысуы дәлел. Іс-шара қонақтарына арналған пікірталас алаңдарымен қатар 230-ға жуық отандық және халықаралық IT-компаниялардың, сондай-ақ цифрландыру бойынша жетекші халықаралық сарапшылардың цифрлық жобалары ұсынылған көрме жұмыс істеді.Digital Almaty-2024 алаңы серіктестікті алға қою және цифрландыру саласында тәжірибе алмасу үшін зор мүмкіндік болды. Мұнда B2B форматында 60-қа жуық кездесу және жер қойнауын пайдаланушылар мен стартаптар арасында 50-ден астам питчинг өтті.Форумның үш күнінде бары 30-ға жуық меморандумға қол қойылды. Freedom Holding Corp. Халықаралық Аралды құтқару қорының атқарушы дирекциясымен меморандумға қол қойды. Форум барысында Тимур Турлов «Арал теңізін қолдауға арналған Эко-карта» жобасын ұсынды. Жобаның негізгі идеясы - жойылып бара жатқан теңізді құтқару қорына 10 пайыздық кэшбек аударып отыру.Форумның соңғы күні Digital Almaty-2024 алаңында жалпы жүлде қоры $180 000 болатын ең ауқымды Industry 4.0 Startup Battle өтті. Финалға 200 өтінім ішінен 30 стартап өтті. Олар баттл серіктестерінің жүлделі марапаттары үшін бақ сынасты. Үздік жобаларды мемлекеттік органдар, венчурлік инвесторлар, трекерлер, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылар (KazPetrol, Kusto Group, KazMinerals, Karachaganak Petroleum) арасынан кәсіби мамандар таңдап, қазылық етті.Еске сала кетейік, Digital Almaty ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі және «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қоры.Толық ақпарат алу және тіркелу үшін almatydigital.kz ресми сайтын бақылап, жаңалықтарды қарай отырыңыз. Өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., «Атакент» іскерлік ынтымақтастық орталығыӨтетін күні: 31 қаңтар - 1 ақпан, 2025 жылБАҚ өкілдерін аккредиттеу: media@almatydigital.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/917394

ШҚО-да экономикалық өсу мүмкіндіктері талқыланды 14.01.2025
ШҚО әкімдігінде әр аудан мен саланың экономикалық өсу мүмкіндіктері қарастырылды. Жиынға басқарма басшылары, аудан және қала әкімдері қатысып, өңірдің даму әлеуеті жан-жақты талқыланды.Шығыс Қазақстанның мемлекеттік менеджерлері өз жоспарлары мен ұстанымдарын таныстырды. Облыстың әр ауданында, әр саласында экономикалық дамуға үлкен мүмкіндіктер бар. Бұл – консерві өнімдерін өндіру, жергілікті өнімдерді көтерме және бөлшек саудаға шығару, ауыл шаруашылығында кооперацияны дамыту, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу арқылы шағын кәсіпкерлікті дамыту сынды бағыттар.Аймақ басшысы Ермек Көшербаев қатысушыларға нақты жобаларды дамытуға қажетті жағдайлар жасауды тапсырды. Бұл жобалар бюджет кірісін арттырумен қатар, тұрақты жұмыс орындарын құруға ықпал етуге тиіс. Әкім барлық жаңа бастамалардың жобалық кеңсе қағидаты бойынша іске асырылуының маңыздылығын атап өтті. Бұл тәсілде салалық басқармалар мен жергілікті билік органдары, сондай-ақ бизнес пен қоғам өкілдері тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді.Туризм саласына ерекше назар аударылды. Табиғаты әсем, бірегей ландшафттарға бай Шығыс Қазақстан өңірі туризмді дамыту үшін үлкен мүмкіндіктерге ие. Бұл салада да, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу сияқты бағыттарда да аудандар арасындағы кооперацияның маңызы зор. Өңір біртұтас жүйе ретінде жұмыс істегенде ғана экономика өсіп, халықтың әл-ауқаты арта түседі. Өнеркәсіп өнімдерін терең өңдеуге, жаңа кен орындарын игеруге және геологиялық барлау жұмыстарына да үлкен мән берілуде.Айта кету керек, 2023 жылдың жазынан бастап өңірдегі әр аудан мен саланың өндіріс пен тұтыну теңгерімі егжей-тегжейлі есептеліп келеді. Жобалық кеңсе қағидаты өңірлік және мемлекеттік деңгейдегі бағдарламаларды жүзеге асырудың негізгі құралына айналды. Әрбір қала, аудан және басқарма осы жүйе аясында тығыз ынтымақтастық орнатып, нақты нәтижелерге қол жеткізуді көздеп отыр.өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/917109

ШҚО әкімі құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесті 14.01.2025
Аймақ басшысы Ермек Көшербаев ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаевпен және ШҚО Полиция департаментінің бастығы Ерлан Омарбековпен кездесті.Жиын барысында полиция департаментінің материалдық-техникалық базасын нығайту, сондай-ақ халық арасында құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын насихаттау, қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелері талқыланды.Сонымен қатар кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу және мектептердегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы айтылды. 2024 жылы «Жас сақшы» 10 полиция сыныбы ашылды. Оқу бағдарламасына мамандардың, полиция қызметкерлерінің қатысуымен өтетін құқық қорғау, алғашқы әскери дайындық және алғашқы медициналық көмек көрсету сабақтары енгізілді.Облыс әкімі өзекті міндеттердің қатарына тәртіп сақшыларының қызметіне кедергісіз жүгіну принципі, жаңа полиция пунктерін ашу, бейнебақылау жүйесін дамыту мен азаматтардың қауіпсіздігі үшін дабыл түймелерін орнату кіретінін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/917112

Балалар қауіпсіздігі – басты назарда! 14.01.2025
2025 жылғы 13 қаңтарда Өскемен қаласы орта мектептерінің бірінде ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, полиция аумақтық департаментері және жергілікті атқарушы органдары өкілдерінің қатысуымен мектеп басшылығы мен қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы №117 бұйрығымен бекітілген білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулығы түсіндірілді.Соңымен қатар, іс-шара барысында келесі ақпарат жеткізілді:- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 25 мамырдағы № 235 бұйрығымен бекітілген білім беру ұйымдарына әкелуге және олардың аумақтарында пайдалануға тыйым салынған заттар мен құралдардың тізбесі;- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысымен бекітілген террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптар;- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының2020 жылғы 27 қазандағы № 69-қе бұйрығымен бекітілген Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу қағидалары;- Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының паспортын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 481 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2023 жылғы 26 маусымдағы № 51/қе бірлескен бұйрығымен бекітілген үлгісіне сай өзектендіру;- көрінеу жалған хабарлама үшін жазаның бұлтартпастығы;- қолдан жасалған жарылғыш құрылғының белгілері және табылған жағдайдағы іс-әрекет алгоритмі;- террористік сипаттағы қатерлердің салдарын азайту мен жоюды мақсатында кезекші қызметтерге хабарлау схемасы;- терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін сыйақы белгілеу және төлеу қағидалары.Білім беру мекеменің басшылары біқатар өзекті сұрақтарға жауап алды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/917119

ШҚО әкімі археологтармен кездесті 14.01.2025
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев археологтар Нұрбол Баймұханов және Дмитрий Воякинмен жүздесті.Кездесу барысында алдағы зерттеу перспективалары талқыға салынды. Атап айтқанда, спутниктік суреттер арқылы Қара Ертіс жағасында және Зайсанда орта ғасыр тарихынан сыр шертетін ескерткіштердің бар екені белгілі болды. Бұған дейін түркі әлемінің тарихындағы бұл кезең зерттелмеген. Ол халықаралық қауымдастық тарапынан зор қызығушылық тудыруда.Ермек Көшербаевтың айтуынша, тың деректерді зерттеп, қоғам назарына ұсынғысы келетін археологтардың ғылыми жобалары мұқият зерттелетін болады. Сонымен қатар бұл бастамаға Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты мен Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің ғалымдары мен мамандары тартылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/917198

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Самат Қасенов ШҚО Мәдениет басқармасының басшысы болып тағайындалды. 14.01.2025
Ол - Шығыс Қазақстан облысының тумасы. 2006 жылы С.Аманжолава атындағы Шығыс Қазақстан университетін “Тарих және география” мамандығы бойынша бітірген.2006 жылдан бастап Шығыс Қазақстан тарихи-өлкетану музейінің тарихи-мәдени мұра бөлімінде қызмет етті. 2013 жылдан бері Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының мәдениет және өнер басқармасында жұмыс істеген. 2019 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының бас инспекторы қызметін атқарды. 2023 жылдың 14 ақпанынан бастап Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалды.2024 жылдың қазан айынан бастап бүгінгі күнге дейін облыстық мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы қызметін атқарды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/917329

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Самат Қасенов ШҚО Мәдениет басқармасының басшысы болып тағайындалды. 14.01.2025
Ол - Шығыс Қазақстан облысының тумасы. 2006 жылы С.Аманжолава атындағы Шығыс Қазақстан университетін “Тарих және география” мамандығы бойынша бітірген.2006 жылдан бастап Шығыс Қазақстан тарихи-өлкетану музейінің тарихи-мәдени мұра бөлімінде қызмет етті. 2013 жылдан бері Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының мәдениет және өнер басқармасында жұмыс істеген. 2019 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының бас инспекторы қызметін атқарды. 2023 жылдың 14 ақпанынан бастап Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалды.2024 жылдың қазан айынан бастап бүгінгі күнге дейін облыстық мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы қызметін атқарды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/917330

Маңғыстау облысында жайлы мектеп ашылды 13.01.2025
Бүгін, 13 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Ақтау қаласының 33-шағын ауданындағы No33 орта мектептің ашылу салтанаты өтті. өтті.Жаңа мектеп 66 заманауи кабинеттермен жабдықталған, оның ішінде STEM зертханалары, керамика кабинеттері, көрнекі дизайн және хореография сыныптары.Қазір мектепте 825 оқушы бар. Балаларға 68 мұғалім сабақ береді, оның ішінде 7 мұғалім ауысымдық кестемен жұмыс істейді. Ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін қазіргі заман талабына сай сенсорлық кабинет, логопед, дефектолог, психолог кабинеттері бар.Рәсімге Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев, облыстық мәслихаттың депутаттары, қоғам қайраткерлері қатысты. , мемлекеттік білім беру ұйымдарының, мердігерлердің және ата-аналардың өкілдері. Жиналғандарды аймақ басшысының атынан аббат Өрісбаев жаңа білім нысанының ашылуымен құттықтады.- Мемлекет басшысының тапсырмасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы сәтті жүзеге асуда. . Балалардың сапалы білім алуы үшін мектептер заманауи және жайлы болуы керек. Бұл біздің болашағымыздың кепілі. Елбасы атап өткендей, орта білім сапасын арттыру – ұлттық болашағымыз үшін маңызды қадам. Осындай мектептердің пайдалануға беріліп жатқанына қуаныштымыз. Өскелең ұрпаққа білім жолында толағай табыс тілеймін», - деді аббат Өрісбаев.Айта кетейік, биыл «Жайлы мектеп» жобасы аясында Маңғыстау облысы аумағында 13 мектеп пайдалануға берілмек. Ақтау қаласының 17, 19 және 33-ші аудандарында, сондай-ақ Хазар ауылында 4500 орындық 4 мектептің құрылысы аяқталды. Батыр, Мұнайлы ауданы.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/916796

Ғалымжан Мұстафаев ҚР ТСМ Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды 13.01.2025
ҚР Туризм және спорт министрлігі аппараты басшысының бұйрығымен Ғалымжан Әлиакбарұлы Мұстафаев ҚР Туризм және спорт министрлігі Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.Ғалымжан Мұстафаев 1978 жылы 7 тамызда Қызылорда қаласында дүниеге келген.Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін (құқықтану), «Болашақ» университетін (экономика) тәмамдаған.Еңбек жолын 1995 жылы Қызылорда қалалық сотының сот отырысының хатшысы, сот орындаушысы болып бастаған.1999-2001 ж.ж. – ауысу тәртібімен Қазалы аудандық мемлекеттік нотариалдық кеңсесінің консультанты, маманы.2002-2005 ж.ж. – Қызылорда қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің жетекші маманы, бөлім басшысы, қала әкімінің көмекшісі.2005-2008 ж.ж. – жеке кәсіпкер.2008-2010 ж.ж. – ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша кедендік бақылау департаменті заң бөлімінің бас маманы.2010-2022 ж.ж. – Қызылорда облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының бас маманы, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары.2022-2023 ж.ж. – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті Ойын бизнесін және лотерея қызметін үйлестіру басқармасының басшысы.2023-2024 ж.ж. – ҚР Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті Ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы.2024 жылдан бастап осы кезең кезеңге дейін ҚР Туризм және спорт министрлігі Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті Мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы қызметін атқарды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/917035

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов журналист Гүлбану Әбенованың YouTube арнасына сұхбат берді 13.01.2025
Сұхбат барысында балалар спортын дамыту, Artsport.kz платформасының жұмысын жетілдіру, спорт инфрақұрылымын жақсарту және жастар мен жасөспірімдерді спортқа тарту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, спорт саласындағы соңғы өзгерістер туралы ақпарат берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/917036

Қазақстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында тарихи нәтижеге қол жеткізді 13.01.2025
Алматыдағы «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында фристайлдан (могул, акробатика) жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты мәресіне жетті.Фристайл-могулдан Ұлттық құрама барлық жарыс күні жүлдеге қол жеткізді. Атап айтқанда, әлем біріншілігінің алғашқы күнінде Анастасия Городко жекелей сында 2-орын алса, ертесіне параллель могулда алтыннан алқа тақты. Ал аралас командалық сайыста былтыр IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасына қатысқан Юлия Фиклистова мен Денис Раструба жұбы күміс жүлдегер атанды.Фристайл-акробатикадан жекелей сын еліміз үшін тарихи нәтижемен есте қалды. Ерлер арасында Дінмұхаммед Райымқұл күрделі бағдарламаны сәтті орындап, чемпион атанды. Ол 104.52 ұпаймен екі қытайлық спортшыны (Юч Юнхен, Ян Чжичэн) басып озды. Мұнда әйелдер арасында барлық жүлдені Қытай акробаттары иеленді.Шешуші жарыс күні командалық сайыста Қазақстан-2 командасы (Аделина Өмірзақова, Роман Погосян, Ұланбәкір Өмірзақов) 6-орын алса, Қазақстан-1 (Дінмұхаммед Райымқұл, Ардана Маханова, Асылхан Асан) 7-сатыға табан тіреді. Командалық сайыстың жүлдегерлерін марапаттауға Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин қатысты.Жалпыкомандалық есепте могул мен акробатикадан Қазақстан құрамасы 2 алтын, 2 күміс жүлде иеленіп, Қытайдан (2 алтын, 3 күміс, 2 қола) кейін 2-орын алды. Үздік үштікті Жапония (2 алтын, 1 қола) спортшылары түйіндеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/916343