Enbekshi QazaQ

Технология

Парламент сайлау туралы заңға енгізілген түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады 09.05.2026
2026 жылғы 8 мамырдағы ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында депутаттар "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.Түзетулер жобасын ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин таныстырды. Оның айтуынша, құжат сайлау науқаны барысында белгілі болған мәселелерді ескере отырып, сайлау заңнамасын жетілдіру үшін әзірленген.Түзетулер арқылы әкімдерді сайлау кезінде қайта дауыс беру мәселесін реттеу, кандидатты ұсыну тәртібін нақтылау, сондай-ақ бір адамның бірнеше сайлау науқанына бір мезгілде қатысуын болдырмау ұсынылған.Бұдан басқа, онлайн-кеңістікте сайлау алдында үгіт жүргізу, партиялық интернет-ресурстар мен әлеуметтік желіні пайдалану нормалары бар. Кандидаттардың сенімді тұлғаларына қойылатын талап, кандидаттарды қолдау үшін қол жинау тәртібі нақтыланған.Түзетулер бойынша вахталық жұмыс орындарында және арнайы уақытша оқшаулау мекемелерінде сайлау учаскесін құру мүмкіндігі қарастырылады.Серік Жұманғариннің айтуынша, ұсынылған нормаларды қабылдау сайлау процесінің ашықтығын арттыруға, қатысушылардың жауапкершілігін күшейтуге және рәсімдердің сақталуына мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1216734?lang=kk
Қазақстанда такси қауіпсіздігін бақылау күшейтілуде: хабарламаларға автомобиль туралы дерек қосылады 06.05.2026
ҚР Ұлттық экономика министрлігі такси тасымалдаушылардың хабарлама беру ережесіне өзгеріс енгізді. Енді тасымалдаушы такси қызметін бастамас бұрын жергілікті атқарушы органға хабарлама жіберуге міндетті. Сонымен қатар, жаңартылған нысанда көлік құралы ауыстырылғанда және жаңадан көлік қосылғанда, яғни автопаркті жаңарту кезінде өзгеріс енгізу мүмкіндігі қарастырылған.Бұрынғы тәртіп бойынша, тасымалдаушы белгілі бір көлік құралына байланбайтын. Бұл жол-көлік оқиғасы кезінде жолаушыларға немесе үшінші тұлғаға зиян келтірілген жағдайда жауапты адамды анықтауды қиындататын.Осыған байланысты хабарлама нысаны көлік құралының маркасын, мемлекеттік тіркеу нөмірін және шығарылған жылын көрсететін мәліметпен толықтырылды.Бұл шара жолаушыларды тасымалдау қауіпсіздігіне жауапты такси тасымалдаушысын жедел сәйкестендіруге, сондай-ақ нарыққа заңсыз қатысушылардың үлесін қысқартуға мүмкіндік береді.Анықтама:Өзгерістер «Мемлекеттік органдардың хабарламалар нысандарын және хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрыққа енгізілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1214973?lang=kk
Бизнеске қойылатын Міндетті талаптар тізілімінің ЖИ жүйесі таныстырылды 06.05.2026
ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Міндетті талаптар тізілімін енгізу мәселесі бойынша кеңес өткізілді. Кеңеске мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҰКП және бизнес-қоғамдастықтың өкілдері қатысты.Тізілімді енгізу Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы шағын және орта бизнесті жүйелі түрде дамыту мен кәсіпкерлердің әкімшілік жүктемесін азайту қажеттігі туралы тапсырмасын орындау үшін жүзеге асырылып отыр.Кеңестегі басты оқиға – Әділет министрлігінің Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп әзірлеген ЖИ жүйесінің тұсаукесері. Цифрлық шешім арқылы бизнеске қойылатын талап үш көзден: заңнамадан, тексеру парағынан және рұқсат беру құжатынан автоматты түрде алынады. Жүйе нақты уақыт режимінде қайталануды, қарама-қайшылық пен жөнсіз реттеуді анықтауға мүмкіндік беретін бірыңғай деректер тобынан тұрады.Әзірлеушілердің айтуынша, экология, көлік пен жерді пайдалану саласындағы пилоттық тестілеу шеңберінде алгоритмнің дәлдігі 93-95%-ға жетті. Бүгінгі таңда жүйеге заңнан 67 мыңдай, тексеру парағынан 64 мың талап жүктелген.Жұмыс 12 басым бағыт бойынша жүргізілуде. Реттеудің ең үлкен көлемі, шамамен 14 мың талап, денсаулық сақтау саласында тіркелді.Жүйені енгізу арқылы жасырын нормалар мен түсініксіз түсіндірулер жойылып, кәсіпкерлер қызметті іске қосу мен жүзеге асыру талаптарының нақты тізбесімен бизнесті жүргізудің «дайын сценарийін» ала алады.Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Міндетті талаптар тізілімін енгізу жөніндегі тапсырмасын орындау үшін құрылған Бизнеске қойылатын талаптарды тексеру жөніндегі жобалық кеңсенің жұмысы жалғасуда. Жобалық кеңсенің жұмысы шеңберінде Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік органдармен және «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, бизнестің және сарапшылардың қатысуымен нормаларды әдіснамалық сүйемелдеуді және практикалық пысықтауды қамтамасыз етті. Тексеру тәсілі барынша нәтижелі: қаралған 180 талаптың 50-і мемлекеттік органдардың қолдауына ие болды. Бұл қайталанатын және маңызы жоқ нормаларды алып тастауға мүмкіндік береді.Қазақстан кәсіпкерлер форумы төрағасының орынбасары Гүлнар Қуанғанова Жобалық кеңсенің жұмысы нормалардың қайталануын жоюға және нақтылауға бағытталғанын атап өтті.«Екі ай бойы қауырт жұмыс жүргізілді. Өнеркәсіптік қауіпсіздікке ерекше назар аударылып, түрлі ведомствоның түрлі талаптарын бірыңғай құжатқа шоғырландыру ұсынылды», — деді ол.Бұл ретте азаматтардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне қатысты нормалар қайта қарауға жатпайтыны белгілі.Кеңес қорытындысында Серік Жұманғарин мемлекеттік органдарға екі апта ішінде «Атамекен» ҰКП базасында ЖИ жүйесін верификациялау мен «оқытуға» салалық сарапшыларды қатыстыруды тапсырды.«Бізде деректер базасы заңға тәуелді актілерге дейін цифрландырылған. Жүйе алгоритм бойынша талаптарды тауып алады. Болашақта процесс автоматты түрде жүруі үшін машинаны үйрету керек. Бұл басым міндет. Оқу кезеңі аяқталысымен, жүйе барлық деректер тобын өз бақылауына алады», — деп атап өтті вице-премьер.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1214946?lang=kk
«Даму» қоры шағын қалалар мен ауылдарда ШОБ-ты қолдау үшін мобильді фронт-офистерді іске қосады 05.05.2026
 «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры («Бәйтерек» ҰИХ еншілес ұйымы) шалғай қалалар мен аудан орталықтарында бизнес үшін мемлекеттік қолдауға қол жеткізуді арттыруға арналған мобильді фронт-офистерді іске қосады. Бастама Мемлекет басшысының ШОБ-ты қолдау шараларымен қамту жөніндегі тапсырмасы шеңберінде Үкіметтің қолдауымен іске асырылуда.Жобаның негізгі мақсаты – кәсіпкерлерді консультациялар өткізу, сондай-ақ жергілікті жерде өтінім қабылдау арқылы «Бәйтерек» холдингі іске асыратын мемлекеттік қолдау шаралары туралы өзекті ақпаратпен қамтамасыз ету.Бастама шеңберінде Қордың консультанттары әкімдіктердің, «Атамекен» ҰКП және ЕДБ өкілдерімен бірлесіп, шалғай өңірлерге барады. Мобильді топтар моноқалалар мен аудан орталықтарын, ауылдарды қамтиды. Бұл әсіресе ауылдар мен шағын қалалардан кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау шараларына тартуға бағытталған «Іскер аймақ» өңірлік бағдарламасын іске асыру жағдайында өзекті болып отыр. Бағдарлама шикізатты жергілікті өңдеуді дамыту арқылы өңірлердің әлеуетін нақты өндірістік қуатқа айналдыруға көмектеседі.Кәсіпкерлерге «Даму» қоры ғана емес, «Бәйтерек» холдингінің бірыңғай фронт-офисі шеңберінде Қазақстанның Даму Банкі, Өнеркәсіпті дамыту қоры, Экспорттық-кредиттік агенттік және Qazaqstan Investment Corporation секілді басқа да еншілес ұйымдары да түйінді қолдау шараларын ұсынады:кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау;кепіл жеткіліксіз болған кезде қарыздарға кепілдік беру;мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жеңілдікпен кредиттеу;лизингтік қаржыландыру құралдары;жаңа бастаған кәсіпкерлерге арналған микроқаржыландыру құралдары;экспорттық жобаларды қолдау құралдары;өңдеу саласын және лизингті қолдау;қаржысыз қолдау-оқыту, кеңес беру және жобаларды қолдау.Мобильді фронт-офистер Қазақстанның 17 өңірінде (Астана, Алматы және Шымкент қалаларын қоспағанда) бекітілген кесте бойынша жұмыс істейді. Сапарлар апта сайын ұйымдастырылғанмен, сұранысқа, кәсіпкерлік белсенділік деңгейіне байланысты жиілеуі мүмкін. Шығу кестесі www.damu.kz сайтында және Қордың әлеуметтік желілерінде күні бұрын жарияланып отырады.Жобаны іске асыру қала мен ауыл арасындағы географиялық кедергілерді жоя отырып, мемлекеттік қолдау шараларына қол жеткізуді, ашықтық пен тиімділікті арттыруға мүмкіндік береді. Ауыл кәсіпкерлері ірі қалалардағы бизнес сияқты мүмкіндіктер мен құралдарға қол жеткізе алады. Бұл бүкіл ел бойынша кәсіпкерліктің біркелкі дамуына ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1214497?lang=kk
ҚР ҰЭМ мемлекеттік функцияларды бизнес-ортаға беру тетігін жетілдіріп, мемлекеттік органдардың өкілеттігін кеңейтеді 05.05.2026
ҚР Ұлттық экономика министрлігі реттеуші саясаттың орталық және жергілікті атқарушы органдардың функциясын бәсекелестік ортаға беру рәсімін қайта қарайтын консультативтік құжат жобасын дайындады. Сондай-ақ, құжат жекелеген өкілеттіктерді мемлекеттік басқару деңгейі арасында қайта бөлуді ұсынады. Құжат жобасы процестерді бюрократтықтан арылтып, мемлекеттік аппарат жұмысының жеделдігін арттыруды ескереді.Мемлекеттік функцияларды бәсекелестік ортаға берудің қолданыстағы тетігі артық рәсіммен және көп сатылы келісумен сипатталады. Осыған байланысты кезең санын қысқарту ұсынылады. Атап айтқанда, егер шешімді Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия мақұлдаған болса, оны басқа деңгейде қайта қарау талап етілмейді.Бұдан басқа, «Атамекен» ҰКП-мен өзара іс-қимыл күшейтіледі. Палата бәсекелестік ортаға ұсынылатын функциялардың дерегін беріп отырады.Жобада, сонымен қатар, Үкіметтің бірқатар функциясын салалық министрліктерге беру қарастырылған. Өзгерістер экология, ветеринария, энергия үнемдеу, денсаулық сақтау, мәдениет және басқа да салаға әсер етпек.Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың функцияларды іске асыруға арналған функционалдық қызметін олардың күнделікті процестік әрекетінен ажырату үшін «бизнес-процесс» ұғымын заңнамалық деңгейде бекіту ұсынылады.Құжат жобасы «Ашық НҚА» порталында жария талқылау үшін орналастырылды. Талқылау 2026 жылғы 1 маусымға дейін жалғасады.Анықтама:Құжат жобасы Мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде әзірленді. Ұсынылған шаралар мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға арналған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1214483?lang=kk
Резидент еместердің табысын тану мерзіміне қойлатын талаптарды ұзақмерзімді жобалар үшін жұмсарту ұсынылды 29.04.2026
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің 13-ші отырысында Қазақстанның резидент еместерінің аванс бойынша міндеттемелері түріндегі кірістерін тану мерзімдері мен шарттары қаралды.Талқылау барысында салық органдары мерзімдерді ұзарту кезінде теріс пайдалану тәуекелдері бар екенін жеткізді. Жиын қорытындысында Салық кодексіне ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыратын инвесторлар үшін, сондай-ақ әуе кемелерін сатып алатын авиакомпаниялар үшін ерекшелік түрінде резидент еместердің кірістерін тану мерзімін ұзарту мүмкіндігін көздейтін өзгерістерді енгізу туралы шешім қабылданды. Мұндай ерекшеліктерді қолдану қажеттілігі бейінді салалық министрліктің қорытындысымен расталатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1211607?lang=kk
Қазақстан мен ЭЫҰ стратегиялық әріптестікті арттыруда: тауар айналымы $15 млрд-тан асты 25.04.2026
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Экономикалық ынтымақтастық ұйымының (ЭЫҰ) бас хатшысы Асад Маджид Ханмен ресми кездесу өткізді. Тараптар сауда байланысын арттыру, жаңа көлік дәліздерін дамыту және аймақ экономикасындағы цифрлық трансформация жайын талқылады.Кездесу барысында ЭЫҰ-ға мүше мемлекеттер Қазақстанның маңызды сауда әріптестері екені атап өтілді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша ЭЫҰ мемлекеттерімен өзара сауда көлемі өткен жылмен салыстырғанда 11,5%-ға артып, $15 млрд-тан асты. Қазақстандық экспорт – негізінен мұнай, мыс, бидай, күнбағыс майы, ұн мен мұнай өнімі.Серік Жұманғарин Қазақстанның ЭЫҰ елдерімен өзара іс-қимылы соңғы жылдары тұрақты оң динамиканы көрсетіп отырғанын, оны арттыруда айтарлықтай әлеуетке ие екенін атап өтті. Қазақстанда $1 млрд-қа жуық сома болатын экспорттық әлеуеті жоғары 137-ге жуық өңдеуші өнеркәсіп тауарларының позициясы бар.Әлемдік экономиканың негізгі драйверінің бірі ретінде қарастырылатын электрондық сауданы дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. ЭЫҰ елдерінің күш-жігерін шоғырландыру тұрақты және өзара тиімді сауда кеңістігін қалыптастыруға мүмкіндік беретіні атап өтілді.Тараптар ЭЫҰ кеңістігіндегі экономикалық байланыстың негізі – көлік-логистикалық ынтымақтастық мәселесін егжей-тегжейлі талқылады. 2026 жылы Қазақстан ЭЫҰ-ның көлік секторына төрағалық етеді. Вице-премьер «Солтүстік – Оңтүстік» дәлізі Ауғанстан және Пәкістанға жол ашатынымен басым маңызға ие екенін айқындап берді.Сондай-ақ, ол биыл Қазақстан мен Пәкістан арасында Қытай арқылы (Қарақорым тас жолы арқылы) алғашқы жүктер жеткізіле бастағанын хабарлады.Аталған бағдарлардың дамуы, көбісінің теңізге шығуға мүмкіндігі жоқ болғандықтан Орталық Азия елдері үшін стратегиялық маңызға ие. Олар арқылы халықаралық теңіз порттарына қол жеткізуге болады.Кездесу барысында ЭЫҰ бас хатшысы Асад Маджид Хан Қазақстан Үкіметін Өңірлік экологиялық саммиттің сәтті өтуімен құттықтап, еліміздің ұйымдағы жетекші рөлін атап өтті.«Қазақстан – ЭЫҰ-ның айрықша әріптесі. Біз Қазақстанды өңірлік хаб және ЭЫҰ елдері мен Еуропа арасындағы көпір ретінде қарастырамыз», — деді ол.Оның айтуынша, қазіргі геосаяси жағдайда аймақтар мен құрлықтағы байланыстың маңызы арта түседі. Осыған байланысты ЭЫҰ қазіргі және перспективалық маршруттардың картасын дайындау, сондай-ақ, Каспий теңізінің акваториясындағы инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру секілді көлік дәліздерін дамыту жұмыстарын жүргізуде.Тараптар сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ пен ЭЫҰ арасындағы интеграциялық процестерді ұштастыру мәселесін, соның ішінде Пәкістанмен еркін сауда аймағы туралы келісім жасаудың келешегін талқылады.Қорытындылай келе, Серік Жұманғарин ЭЫҰ елдерінің өзара үйлескен іс-қимылының маңыздылығын атап өтті. Ол Қазақстанның ұзақмерзімдік және өзара тиімді әріптестік үшін жағдай жасай отырып, ірі экономикалық одақтар арасындағы байланыстырушы буын болуға дайын екенін мәлімдеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1208474?lang=kk
Қазақстан БҰҰ-ның Женевадағы өңірлік форумында ОДМ іске асыру тәжірибесін ұсынды 24.04.2026
Қазақстан делегациясы 50 елдің өкілдерімен қатар БҰҰ-ның Орнықты даму жөніндегі Еуропалық экономикалық комиссиясының Өңірлік форумына қатысты. Ел атынан ҚР ҰЭМ департаментінің директоры Нұргүл Жанназарова мен ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Ерлан Әлімбаев қатысты.Жоғары деңгейдегі сессия шеңберінде Нұргүл Жанназарова Қазақстанның орнықты даму мақсаттарын (ОДМ) іске асырудағы ілгерілеуі туралы баяндама жасап, олардың ұлттық реформалар үшін іргетасқа айналғанын және елдің жаңартылған Конституциясына интеграцияланғанын атап өтті.Спикер 2025 жылы ұсынылған үшінші ерікті ұлттық шолуға және Мемлекет басшысының халықаралық бастамасына назар аударды, соның арқасында 2026 жыл БҰҰ-ның Халықаралық еріктілер жылы болып жарияланды.Баяндамада сондай-ақ Орталық Азия мен Ауғанстан үшін ОДМ жөніндегі БҰҰ өңірлік орталығының маңызды рөлі және климат пен жасыл экономика мәселелеріне бағытталған Астанадағы экологиялық саммиттің қорытындылары атап өтілді.Өз сөзін аяқтай отырып, спикер БҰҰ агенттіктерінің, оның ішінде ЕЭК, БҰҰДБ басшыларына алғысын білдірді және орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу шеңберінде одан әрі көпжақты ынтымақтастыққа сенім білдірді.Форумға қатысу Қазақстан мен ЕЭК өңірінің елдері үшін халықаралық әріптестікті нығайту, озық тәжірибемен алмасу және орнықты даму саласындағы бірлескен бастамаларды ілгерілету үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.Форум орнықты даму, цифрлық трансформация, жасыл өсу және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мақсаттарына қол жеткізу мәселелері бойынша күш-жігерді үйлестіру, келісілген шешімдер әзірлеу және өңірлік өзара іс-қимылды кеңейту үшін алаң болды.  Форумда әзірленген талқылаулар мен негізгі пікірталас идеялары 2026 жылы жоғары деңгейдегі саяси форумда ОДМ-ның жаһандық прогреске шолуына біріктіріледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1208471?lang=kk
Орталық Азия елдері RES-2026 көрмесінде криосфера саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда 24.04.2026
Орталық Азияда мұздықтардың еруі жеделдеді. Шығарындылардың жоғары деңгейі (SSP5-8.5) жағдайында аймақ 2100 жылға қарай 2020 жылғы мұз көлемінің 85%-ына дейін жоғалтуы мүмкін. Бұл су ресурстарына, инфрақұрылымға және халыққа қысымды арттырады және мұздық көлдерінің жарылуы салдарынан су тасқынын қоса алғанда, табиғи апаттардың қаупін арттырады. Бұл процестер аймақтық сипатқа ие болғандықтан, елдерге үйлестірілген шешімдер қажет.Осы қиындықтарға жауап ретінде Алматыдағы ЮНЕСКО аймақтық кеңсесі Астанадағы Аймақтық экологиялық саммитте (RES-2026) Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігімен және Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп «Орталық Азияның криосферасы: ғылыми бағалаудан бастап климаттың өзгеруіне бейімделу бойынша бірлескен әрекетке дейін» атты сессия ұйымдастырды. Сессия GEF-UNDP-UNESCO криосфера жобасы аясында өтті және Орталық Азия елдерімен бірлесіп ұйымдастырылды.Сессияның негізгі нәтижесі - ЮНЕСКО-ның қолдауымен Орталық Азия елдері әзірлеген және мұздықтарды, қар жамылғысын және мәңгілік тоңды бақылау және зерттеу саласындағы аймақтық ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ климаттың өзгеруіне бейімделу тәсілдерін үйлестіруге бағытталған Криосфера бойынша бірлескен субаймақтық іс-қимыл бағдарламасын (JSAP) талқылау болды.«ЮНЕСКО ғылыми базаны нығайтуда және криосферада аймақтық ынтымақтастықты дамытуда Орталық Азия елдеріне белсенді түрде қолдау көрсетеді. Бүгінгі таңда негізгі міндет - ғылыми бағалаудан нақты іс-әрекетке көшуді қамтамасыз ету. JSAP аймақтағы елдерге осы өтпелі кезең үшін практикалық негіз береді және климаттың өзгеруіне бейімделу саласындағы күш-жігерді үйлестіруді күшейтеді», - деп атап өтті Алматыдағы ЮНЕСКО аймақтық кеңсесінің директоры Амир Пирич мырза. Сессиядан кейін Қазақстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанның қоршаған ортаны қорғау саласындағы жауапты мемлекеттік органдарының басшылары Бірлескен іс-қимыл жоспарын (JASP) іске асыруды қолдау үшін бірлескен мәлімдеме қабылдады, бұл аймақтық ынтымақтастықты нығайтуға деген міндеттемелерін растады.«Бүгінде ешбір ел климаттың өзгеруі мәселелерін жалғыз өзі тиімді шеше алмайтыны айқын болып келеді. Сондықтан аймақтық ынтымақтастық маңызды маңызға ие. Осыған байланысты Орталық Азия елдерінің бірлескен жұмысының маңызды нәтижесі - криосфераны сақтау бойынша үйлестірілген әрекеттерді жүзеге асыру туралы бірлескен мәлімдемені дайындау. Бұл құжат аймақ елдерінің күш-жігерді біріктіруге және климаттың өзгеруіне бейімделуге үйлестірілген тәсілдерді әзірлеуге дайындығын көрсетеді», - деп атап өтті Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұрлан Құрмалаев.ЖАО криосфераны бақылау және сақтау бойынша мемлекеттер мен серіктестердің әрекеттерін үйлестіру үшін негіз жасайды, ынтымақтастықтың басымдықтарын анықтайды және аймақтағы бейімделу шараларын ілгерілетеді. Бірлескен мәлімдеме сонымен қатар донорларды, халықаралық қаржы институттарын және жеке секторды қоса алғанда, әртүрлі көздерден қаржыландыруды жұмылдыру мүмкіндіктерін ашады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1207658?lang=kk
БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Қазақстанды жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады 24.04.2026
ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Өңірлік экологиялық саммит алаңында БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) әкімшісінің орынбасары Хаолян Шумен кездесті.Серік Жұманғарин БҰҰДБ Қазақстанның орнықты дамуды, институционалдық реформаларды және өңірлік саясатты ілгерілетудегі негізгі әріптесінің бірі болып қала беретінін атап өтті.«Қазіргі уақытта біз өңірлік дамуға, "жасыл" трансформацияға және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған БҰҰДБ-ның 2021–2025 жылдарға арналған Елдік бағдарламасын бірлесіп іске асырдық», — деп атап өтті ол.Бағдарлама шеңберінде Абай және Ұлытау облыстарының Өңірлік даму бағдарламаларын, сондай-ақ жергілікті деңгейде Орнықты даму мақсаттарын іске асыруды институционалдық қолдауды қамтитын «Орнықты даму: Жаңа өңірлердегі жергілікті деңгейдегі теңсіздік проблемасын шешу» жобасы іске асырылуда.«БҰҰДБ-мен ынтымақтастық біздің ұлттық басымдықтарымызды-экономиканы әртараптандыру, өңірлерді дамыту және халықтың өмір сүру сапасын арттырудың маңызды құралы. Біз бағдарлама өңірлер үшін барынша тиімді нақты және өлшенетін нәтижелерге бағдарланады деп күтеміз», —  деп атап өтті вице-премьер.БҰҰ жобаларының практикалық бағытын күшейту үшін қазақстандық тарап өңірлік жобалар үшін сыртқы қаржыландыруды жұмылдыру жөніндегі құрамдас бөлікті кеңейтуді, бүкіл ел бойынша табысты тәжірибелерді масштабтауды қамтамасыз етуді, сондай-ақ өңірлік деңгейде жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылды жандандыруды ұсынды.Өз тарапынан Хаолян Шу Қазақстанды жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады. Ол Отбасының цифрлық картасын дамыту, экологиялық ресурстарды бағалау тәсілдерін жетілдіру және дәрілік заттарды сатып алу жүйесін реформалау сияқты бірқатар бағыт бойынша табысты ынтымақтастықты атап өтті. Бұл ретте Отбасының цифрлық картасы Қазақстанның мемлекеттік органдарымен әріптестікте БҰҰ Даму Бағдарламасының қолдауымен іске асырылып жатқаны және әлеуметтік саясатты цифрлық трансформациялаудың флагмандық жобасының бірі екендігі атап өтілді.«"СК-Фармация" ЖШС-мен ынтымақтастық шеңберінде 2,4 мың дәрі-дәрмек атауының ішінен біз 20 бірегей препаратты сатып алуға қатысып, олардың бағасын орта есеппен 50%-ға төмендетуге қол жеткіздік. 2018 жылдан бері бұл шамамен $43 млн үнемдеуге мүмкіндік берді», — деді ол.Мемлекеттік басқаруды цифрландыруға да ерекше назар аударылды. БҰҰДБ өкілінің айтуынша, маңызды міндет — әртүрлі ақпараттық жүйелерді шешім қабылдауды қолдаудың бірыңғай жүйесіне біріктіру.«Дерек көп, бірақ оларды бірыңғай аналитикалық платформаға біріктіру басқару шешімдерінің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Пилоттық жобаны сәтті жүзеге асырған жағдайда, бұл тәсіл көптеп таратылуы мүмкін», — деп атап өтті Хаолян Шу.Ол сондай-ақ БҰҰДБ-ның бастамаларды одан әрі бірлесіп дамытуға дайын екендігін атап өтті: «Бұл бастамаларыңызды біз бірлесіп шешуге дайынбыз. Ынтымақтастықты жалғастыруға сенеміз».Кездесу барысында қазақстандық тарап өңірлік саясаттың басымдықтарын да атап өтті. Атап айтқанда, өңірлік стандарттар жүйесіне (ӨСЖ) негізделген жаңа бюджеттік модель өңірлер ішінде әлеуметтік, көліктік  инфрақұрылымды дамытудағы теңгерімсіздікті қысқартуға бағытталғаны атап өтілді. ӨСЖ-нің негізгі мақсаты — елді мекендердегі өмір сүру жағдайын теңестіру, әсіресе ауылдық жерде жұмыспен қамтуды арттыру және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1207473?lang=kk
Мемлекет пен бизнес серіктестікті күшейтуде 24.04.2026
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылын нығайту мәселелеріне арналған «Ортақ Атамекен: Өңірден басталған өрлеу» атты форумы өтті.Форумда Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағынаев баяндама жасады. Ол форумның мемлекеттік органдар, бизнес-қоғамдастық және сарапшылар арасындағы конструктивті диалог үшін тиімді алаңға айналғанын атап өтті. Оның айтуынша, бизнеспен жүйелі өзара іс-қимыл тұрақты экономикалық өсудің, инвестициялық тартымдылықты арттырудың және кәсіпкерлікті дамытудың негізгі факторы болып табылады.Қазақстанда ҚР Үкіметі жанындағы Отандық кәсіпкерлер кеңесі, AMANAT партиясы жанындағы Үйлестіру кеңесі және Кәсіпкерлік қызметті реттеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия жанындағы сараптамалық топтарды қоса алғанда, тұрақты диалогтық тетіктер жұмыс істейді. 2022 жылдан бастап бұл алаңдарда бизнестің 631 проблемалық мәселесі қаралды.Негізгі бағыттардың қатарында - артық және қайталанатын нормаларды жоюға және әкімшілік жүктемені азайтуға бағытталған бизнеске қойылатын міндетті талаптардың тізілімін қалыптастыру болып табылады. Реттеуші актілерге талдау жүргізіледі және жасанды интеллект технологияларын қолдану пысықталады.Мемлекеттік қолдау бөлігінде 2025 жылы 365 млрд теңгеге 3 400-ге жуық жоба субсидияланды, «Өрлеу» бағдарламасы аясында 588 млрд теңгеге 2 300-ге жуық жоба қолдау тапты. Сондай-ақ, кепілдікті қолдау тетіктері іске асырылуда және ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған «Іскер аймақ» бағдарламасы іске қосылды.Ерлан Сағынаев баяндама соңында мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылын одан әрі күшейту және диалог алаңдары жұмысының тұрақты форматы елдегі кәсіпкерліктің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1207478?lang=kk
Астанада Орталық Азияның су секторын тұрақты қаржыландыру стратегиясы талқыланды 23.04.2026
Астанада Өңірлік экологиялық саммит аясында "Орталық Азиядағы су секторын тұрақты қаржыландыру: өңірлік ынтымақтастықтың сын-қатерлері, мүмкіндіктері мен жолдары"атты панельдік сессия өткізілді.Іс-шараны ҚР Ұлттық экономика министрлігі "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ және Халықаралық су ресурстарын басқару институтымен (IWMI) бірлесіп ұйымдастырды. Алаң мемлекеттік органдардың, халықаралық қаржы ұйымдарының және сарапшылар қауымдастығының өкілдерін біріктірді.Талқылауға ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев, Өзбекстан Республикасының Су шаруашылығы министрі Шавкат Хамраев, ҚР Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов, БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниа, сондай-ақ АДБ Орнықты даму департаментінің бас директоры Евгений Жуков қатысты.Қатысушылар су инфрақұрылымын жаңғырту, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін дамыту үшін инвестиция тарту мәселелеріне басты назар аударды.Сессияны аша отырып, Асан Дарбаев Орнықты даму мақсаттарын іске асыру Қазақстанның мемлекеттік саясаты басымдығының бірі екенін және 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарында бекітілгенін атап өтті."Су 2030-Күн тәртібіне қол жеткізудің жүйе құраушы факторы. Таза су мен санитарияға қол жеткізуді қамтамасыз ету - азық-түлік қауіпсіздігі, тұрақты энергетика және экожүйені сақтау үшін негізгі шарт", - деп атап өтті ол.Оның айтуынша, елімізде мемлекеттік жоспарлау жүйесіне ОДМ интеграциясының жоғары деңгейіне қол жеткізілді: ұлттық индикаторлардың 94,2% - ы мемлекеттік органдардың даму жоспарына енгізілген. Ал барлық өңірлік индикаторлар аумақтарды дамыту жоспарларына біріктірілген.Сессия барысында климаттың өзгеруі, мұздықтардың еруі және құрғақшылықтың көбеюі су ресурстарына, әсіресе трансшекаралық контексте жүктемені күшейтетіні атап өтілді. Осыған байланысты аймақтағы ынтымақтастықты нығайту мен іс-қимылды үйлестірудің маңыздылығы атап өтілді.Талқылау қорытындысында су секторын қаржыландыру көзін әртараптандыруға, трансшекаралық өзара іс-қимылды дамытуға және мемлекеттік-жекешелік әріптестік құралы арқылы жеке капиталдың қатысуын арттыруға арналған ұсынымдар әзірленді.Қатысушылар аймақ елдерінің тиімді және уақтылы ынтымақтастығы ұзақмерзімдік перспективада су қауіпсіздігін және орнықты дамуды қамтамасыз етудің негізгі шарты болып табылатынына келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1207448?lang=kk
Қазақстан мен ЭЫДҰ 2026-2030 жылдарға арналған ынтымақтастық стратегиясын талқылады 23.04.2026
Өңірлік экологиялық саммит аясында ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин ЭЫДҰ Бас хатшысының орынбасары Фабриция Лапекорелламен кездесті.Келіссөздердің басты тақырыбы – ұзақмерзімді ынтымақтастықты нығайту және экономиканың тұрақты дамуы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған жаңа бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға көшу.Вице-премьер Серік Жұманғарин ЭЫДҰ тарапына Саммит даярлауға белсенді қатысқаны және Орталық Азиядағы тұрақты инфрақұрылымға арналған сессия ұйымдастырғаны үшін алғысын білдірді. Тараптар климаттық күн тәртібі мен тұрақты инфрақұрылымды дамыту өзара іс-қимылдың басым бағыты болып қала беретінін растады.15 жылдан астам уақытқа созылған ынтымақтастықта ЭЫДҰ Қазақстандағы реформаларды жүзеге асыруға елеулі үлес қосқаны атап өтілді. Атап айтқанда, Ұйымның ұсынымдары мемлекеттік басқару, салық саясаты, инвестициялар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және экологиялық саясат салаларындағы прогреске ықпал етті. Қазақстан ЭЫДҰ стандарттарын, соның ішінде тиісті статистикалық тәжірибе және мемлекеттік басқарудағы адалдық ұсынымдарын енгізуді жалғастыруда. Салық саясаты мен әкімшілендіру саласындағы ынтымақтастыққа, оның ішінде ашықтық және салық мақсаттары үшін ақпарат алмасу жөніндегі Жаһандық форум шеңберіндегі өзара іс-қимылға, сондай-ақ ЭЫДҰ/G20-ның салықтық базаны бүркемелеуге және пайданы салық салу аясынан алып кетуге (BEPS)  қарсы іс-қимыл стандарттарын енгізуге ерекше назар аударылды. Ішкі ресурстарды жұмылдырудың тиімділігін арттыру және әлеуетті одан әрі нығайтудың маңыздылығы атап өтілді.Кездесу барысында тұрақты және климатқа төзімді инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ негізгі салаларды, оның ішінде энергетика мен көлік салаларын декарбонизациялау мәселелері талқыланды.Қазақстан тарапынан өңірлік байланысты, экономикалық интеграцияны және орнықты дамуды нығайтудың маңызды құралы ретінде қарастыратын Транскаспий халықаралық көлік бағытын (Орта дәлізді) дамытуға ерекше назар аударылды.Сонымен қатар қаржыландыруды тарту құнына әсер ететін ЭЫДҰ тәуекелдерінің елдік жіктемесі тақырыбы да қозғалды. Қазақстан аталған мәселе бойынша ЭЫДҰ-мен диалогті жалғастыруға мүдделі екенін білдірді. Фабриция Лапекорелла ағымдағы ынтымақтастық бағдарламасын жүзеге асырудың жоғары деңгейін атап өтіп, ЭЫДҰ-ның өзара іс-қимылды одан әрі кеңейтуге дайын екенін жеткізді. Атап айтқанда, цифрландыру, жасанды интеллект және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру сияқты бағыттардағы ынтымақтастықты күшейту ұсынылды.Кездесуді аяқтай отырып, тараптар өзара түсіністік туралы Меморандумды ұзартуға және бәсекеге қабілеттілік жөніндегі Еуразиялық бағдарлама шеңберінде өзара іс-қимылды кеңейтуді қосқанда, 2026-2030 жылдарға арналған жаңа іс-қимыл Жоспарын әзірлеуге мүдделілік танытты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1207391?lang=kk
Қазақстан мен Моңғолия жермен қамтамасыз етілу деңгейі бойынша әлемде көшбасшы орынға ие 22.04.2026
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Астанада өткізілген Қазақстан-Моңғолия бизнес форумында сөз сөйледі.Моңғолия – Қазақстан үшін маңызды әрі сенімді серіктес. Екі елді тарихи жақындық, өзара сыйластық пен экономикалық байланыстарды арттыруға деген ортақ ұмтылыс біріктіреді. Бизнес-форум тұрақты іскерлік байланыс қалыптастырудың практикалық алаңына айналатыны атап өтілді.Мемлекет басшыларының өзара тауар айналымын $500 млн-ға арттыру міндетін ескере отырып, вице-премьер ЕАЭО мен Моңғолия арасындағы қол қойылған уақытша сауда келісімінің маңыздылығын баса айтты.«Біз бұл құжатты сауданы арттыруға, кооперацияны дамытуға және бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға жаңа мүмкіндік беретін нақты құрал ретінде қарастырамыз»,  — деп атап өтті ол.Қазақстан мен Моңғолия жан басына шаққанда жермен қамтамасыз ету деңгейі бойынша әлемде көшбасшы орынға ие. Бұл ынтымақтастық үшін айтарлықтай әлеует туғызады. Мал шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу, ветеринария, техника жеткізу мен заманауи агротехнологияны енгізу басым бағыттар қатарына жатады.Моңғолия Премьер-министрінің бірінші орынбасары – экономика және даму министрі Жадамбын Энхбаяр ЕАЭО-мен келісім шеңберінде моңғол экспортының 367 тауар түріне тарифтік жеңілдік берілетінін хабарлады. Бұл ретте олардың 97,5%-ы ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығы өніміне тиесілі. Бұл – Моңғолияның негізгі бәсекелестік артықшылығы.Келісім соңғы жылдары тұрақты оң динамиканы көрсеткен екіжақты тауар айналымы артуының қосымша факторына айналатыны, бизнес-қауымдастық арасындағы өзара іс-қимылды тереңдетуге және бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға ықпал ететіні атап өтілді.Цифрландыру мен инновация саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ерекше назар аударылды. Қазақстан «Astana Hub» халықаралық технопаркі мен «Alem.Aі» ұлттық жасанды интеллект орталығы секілді заманауи технологиялық экожүйені қалыптастыруда.Вице-премьер моңғол IT-компанияларын Big Data, блокчейн, «бұлтты» технологиялар мен R&D-орталықтарының әзірлемелерін коммерцияландыру саласындағы бірлескен зерттеулер мен жобаларды қосқанда, осы алаңдар шеңберіндегі ынтымақтастыққа шақырды.Сонымен қатар Серік Жұманғарин Жадамбын Энхбаярмен екіжақты кездесу өткізді. Тараптар сауда және агроөнеркәсіп кешеніндегі бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективасын, сондай-ақ бірлескен өндіріс құру мәселесін талқылады. Атап айтқанда, Моңғолия аумағында ветеринариялық вакцина өндіретін кәсіпорынды іске қосу, сондай-ақ Қазақстанда кашемирден жасалған бұйым мен ет өнімін өндіруді ұйымдастыру бастамасы қаралды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1205995?lang=kk
Серік Жұманғарин GP Günter Papenburg AG басшысымен Қазақстанда мыс өңдеуді дамыту мәселесін талқылады 21.04.2026
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин GP Günter Papenburg AG неміс өнеркәсіптік холдингінің басшысы Карл Гюнтер Папенбургпен кездесті. Тараптар Қазақстанның мыс өнеркәсібін дамыту жоспары мен ықтимал ынтымақтастық бағытын талқылады.Кездесу елімізде жүзеге асырылып жатқан белсенді экономикалық өсу саясатының жалғасы. Оның шеңберінде Үкімет өңдеу өнеркәсібінің басым салаларын дамытуға қатысуды ұсына отырып, елімізге жетекші халықаралық компаниялар мен инвесторларды мақсатты түрде тартады. Келіссөздер барысында қазақстандық тарап мыс саласын дамыту бойынша өз көзқарастарын білдіріп, нақты ынтымақтастық форматын қарауды ұсынды.Мыс өнеркәсібін дамыту және технологиялық жаңарту – Қазақстанның жаңа белсенді экономикалық саясатының негізгі бағытының бірі. Өсудің жаңа моделі шеңберінде ішкі және сыртқы нарықта сұранысқа ие неғұрлым терең қайта бөлу өнімдерін шығаруға баса назар аударылатын басым салалар айқындалды.Қазақстанда 130-ға жуық мыс кен орны бар. Жыл сайын шамамен 170 млн тонна кен өндіріледі. Бұл – әлемдік көлемнің шамамен 4%-ы. Бұл ретте өнімнің 97%-ы катод, концентрат және кен түрінде экспортталады. Өндірілетін кеннің негізгі бөлігі жылына шамамен 750-800 мың тонна мыс-концентратқа (екінші қайта бөлу) дейін байытылады. Осы көлемнің шамамен 470 мың тоннасы катод өндірісіне кетеді (үшінші қайта бөлу). Концентраттың қалған бөлігі әрі қарай өңделмей экспортталады. Сым, фольга, кабель мен басқа да бұйым өндірісі секілді қайта бөлудің жоғары өнімі 5%-дан аз. Мыс саласындағы жалпы қосылған құнды молайтудың әлеуеті 20 еседен астам бағаланады. Осы барлық факторға байланысты мысты жоғары қайта өңдеуді дамыту ел ішінде қосылған құнды арттырудың негізгі бағыты ретінде қарастырылады.Неміс тарапы мәселені егжей-тегжейлі пысықтауға қызығушылық білдірді. Мыс концентратын Қазақстаннан Германияға жеткізу де қарастырылуы мүмкін. Алайда, ол логистиканы қосымша пысықтауды талап етеді. Бұдан басқа, компания Қазақстанда неғұрлым тереңдей қайта бөлу өндірісін құру мүмкіндігін зерделеуге дайын. Ол үшін неғұрлым тиімді өндірістерді шикізат көздеріне жақын орналастырған жөн.Тараптар «Бәйтерек» холдингінің қатысуымен және Германиядағы қазақстандық елшіліктің қолдауымен ықтимал ынтымақтастық форматтарын пысықтауға келісті.Анықтама: GP Günter Papenburg AG – 160 жылдан астам тарихы бар Германиядағы ең ірі жеке өнеркәсіп және құрылыс тобының бірі. Холдинг шикізат өндіру, құрылыс материалын өндіру, ғимарат салу, автомобиль және темір жол салу, техника саудасы, логистика мен қалдықты кәдеге жарату саласында жұмыс істейді.Топ бірыңғай өндірістік-логистикалық экожүйені құра отырып, 61 еншілес компанияны біріктіреді. Халықаралық жобаларды жүзеге асыру тәжірибесіне ие. Қазақстанда Papenburg Астана – Бурабай автобанының құрылысына қатысқан. Бұл оның ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырудағы құзыретін көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1205307?lang=kk
Салық кодексіне түзетулер тобы Жобалық кеңсенің 12-ші отырысында қаралды 20.04.2026
Үкімет жанындағы Жобалық кеңсенің отырысында Салық кодексіне кезекті түзетулер тобы, оның ішінде қаржы секторына қатысты мәселелер қаралды.Жобалық кеңсенің ақпандағы отырысында қаржы секторында жаңа Салық нормасын қолдануға байланысты 38 мәселе қаралған болатын. Мемлекеттік бюджет кірістері мен салықтық әкімшілендіруге әсерін тексеру үшін оның 7-еуі тағы да пысықтауға жіберілді. Талқылаудың қорытындысында үш мәселе түпкілікті шешім қабылдау үшін осы отырысқа шығарылды.Бірінші мәселе 17-ші қаржылық есептіліктің халықаралық стандартына (ҚЕХС) көшуге байланысты сақтандыру компаниялары үшін корпоративтік табыс салығы бойынша салық жүктемесінің өсуіне қатысты.Жаңа талапқа сәйкес, сақтандыру ұйымдары 2026 жылғы салық кезеңінде 4-ҚЕХС-тен 17-ҚЕХС-ке көшу кезінде пайда болған айырманы кірісте (немесе шегерімде) көрсетуге міндетті. Бұл айырмашылық біржолғы сипатқа ие және 2026 жылғы қызмет нәтижесін емес, бұрынғы кезеңдердегі (2023-2025 жылдар) жинақталған қаржылық әсерді көрсетеді.Оның салық базасына қосылуы копоративті табыс салығы (КТС) сомасының айтарлықтай өсуіне әкеледі. Осыған байланысты Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) 2026-2028 жылдар аралығында салықты тең үлеспен төлеу мүмкіндігін қарастыру ұсынысын қолдады.Бұл шара сақтандыру секторының салық салудың жаңа ережесіне біртіндеп көшуіне арналған. Бұл ретте аванстық төлемді есептеу кезінде біржолғы әсердің кейінгі кезеңдерге әсері алынып тасталады.Екінші мәселе, Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығы бастамашылық еткендей факторингтік операцияларды қосылған құн салығынан босатуға қатысты.Салық кодексінің алдыңғы редакциясында факторингтік және форфейтингтік операциялар, сондай-ақ банктік кепілдіктер мен кепілдемелер халықаралық тәжірибеге сәйкес қосылған құн салығынан (ҚҚС) тікелей босатылды. Қолданыстағы кодексте факторинг қарызға жатқызылмайды. Оған кредитте қарастырылатын босату қолданылмайды.Нәтижесінде факторингтік операцияларға ҚҚС салынып, бұл клиенттер үшін қаржыландыру құнын 16%-ға арттырады. Яғни, құралдың тартымдылығы төмендейді. ҚНРДА мәліметі бойынша, екінші деңгейдегі 23 банктің тек 4-еуі ғана факторингтік операцияларды жүзеге асырады.Агенттік төрағасының орынбасары Олжас Қизатов агенттік факторингті бизнесті қаржыландыру құралы ретінде дамытуды мақұлдап, бұл операцияларды ҚҚС-тан босатуды ұсынатынын мәлімдеді.Үшінші мәселе резидент еместердің бағалы қағаз операцияларынан түскен табыстарына салық салуға қатысты.Қолданыстағы нормаға сәйкес, салық салудан босату Қазақстан қор биржасында бағалы қағаздарды сату кезінде резидент емес жеке тұлғалардың табыстарына қолданылады. Бұрын осындай жеңілдік заңды тұлғаларға да қатысты болған.Инвесторлардың барлық санаты үшін салық салудың тең шарттарын қалпына келтіру ұсынылады. Бұл нарыққа қатысушылар шеңберін арттыруға және сауда-саттықтың өтімділігін арттыруға ықпал етеді.Отырыс қорытындысында бұл ұсыныстар қолдау тапты.Сондай-ақ көрсетілген қызметтер туралы мәлімет ұсынуды реттейтін Салық кодексінің 56-бабының 6-тармағындағы техникалық сипаттағы түзетулер қаралды.Қолданыстағы нормаға сәйкес сумен жабдықтау, су бұру, кәріз, газ және электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, лифтілерге қызмет көрсету және тасымалдау қызметтерін көрсететін ұйымдар салық органдарына осындай қызметтер туралы мәліметтерді есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-ынан кешіктірмей, электрондық нысанда ұсынуға міндетті. Норма осы салада жұмыс істесе де, жеке кәсіпкерлерге қолданылмайды.Талқылау қорытындысында бұл талапты бизнес субъектілерін тең қамти отырып, жеке кәсіпкерлерді (ЖК) қосқанда, барлық салық төлеушілерге қолдану туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, міндетті мәліметтер тізбесінен бірқатар коммуналдық қызметтер (сумен жабдықтау, су бұру, жылумен жабдықтау, қалдықтарды шығару, лифтілерге қызмет көрсету) туралы деректер алынып тасталды. Өйткені бұл Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелерінде қамтылған.Мерзімі де қайта қаралды: 10-ының орнына соңғы мерзім белгіленді, ол – есепті тоқсаннан кейінгі айдың ақырғы күні. Бұл бастапқы құжаттар негізінде деректерді қалыптастыруға және олардың дұрыстығын арттыруға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1204815?lang=kk
Қазақстан Дүниежүзілік банкке тұрақты экономикалық өсу жөніндегі конференция өткізуді ұсынды 16.04.2026
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Вашингтонда Дүниежүзілік банктің штаб-пәтерінде өткізілген «Қазақстан реформалар толқынында» дөңгелек үстел барысында жаңа бастама көтерді.Серік Жұманғарин атап өткендей, Қазақстан тұрақты және сапалы экономикалық өсу үшін жағдай жасай отырып, негізгі секторлардағы реформаларды дәйекті түрде жүзеге асыруда.«Біз инвестициялық базаны кеңейтуге, жаңа өндірісті дамытуға және экспортқа бағдарланған саланы қолдауға арналған проактивті экономикалық өсу стратегиясын жүзеге асырудамыз. Сонымен қатар институционалдық негіз – салық-бюджет саласындағы, корпоративтік сектордағы және инвестициялық саясаттағы реформалар, сондай-ақ инфрақұрылымды дамыту есебінен күшейтілуде», — деді ол.Президенттің кеңесшісі – Стратегиялық жоспарлау және даму агенттігінің төрағасы Әсет Ерғалиев ел дамуының негізгі бағыттарын айқындап, жүргізіліп жатқан реформалар тұтас әрі орнықты экономикалық бағытты қалыптастыруға арналғанын атап өтті. Оның айтуынша, мемлекеттік сектор Президент деңгейінде басталған реформаларға жүйелі көзқарас пен үйлестіруді қамтамасыз ете отырып, қайта құруды жүзеге асыруда шешуші рөл атқарады.Ел экономикасы тұрақты серпінді көрсетіп отырғаны атап өтілді. Соңғы жылдары ЖІӨ-нің жыл сайынғы өсуі тұрақты түрде 5%-дан асып, 2025 жылғы қорытынды бойынша 6,5%-ға жетті. Тауар өндірісі 8,7%-ға, қызмет көрсету секторы 5,2%-ға өсті.Инвестиция өсудің негізгі қозғаушы күші ретінде өз рөлін сақтап отыр. 2025 жылы негізгі капиталға салынған инвестиция 13%-ға өсіп, $43,6 млрд-қа (22,7 трлн теңге) жетті. Тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны $20,5 млрд (+14,4%).2026 жылы өсу жалғасуда. ТШО-дағы оқиғаға және КҚК бойынша шектеуге байланысты мұнай өндірудің уақытша төмендеуіне қарамастан, экономика кеңеюін жалғастырды: бірінші тоқсанда ЖІӨ өңдеу өнеркәсібі (8,5%), көлік (12,8%) және құрылыс (14,8%) есебінен 3%-ға өсті.Жоғары макроэкономикалық тұрақтылық сақталуда. Халықаралық резерв 2025 жылдың басынан бастап, Ұлттық қордың $62,9 млрд активін қосқанда, 23,8%-ға $129,5 млрд-қа ұлғайды. Бұдан басқа, Қазақстан мемлекеттік қарыздың төмен деңгейін сақтап отыр: он жылдан аса уақыт бойы қарыздың ЖІӨ-ге арақатынасы шамамен 25% деңгейінде тұрақты болып отыр. 2026 жылғы 1 қаңтардағы мемлекеттік қарыз шамамен 73 млрд доллар немесе ЖІӨ-нің 22,8%-ы.Үкімет экономиканы әртараптандыруға баса назар аударуда. Өсудің жаңа моделі өңдеу өнеркәсібі мен жоғары технологиялық саланың рөлін күшейтуді көздейді. ЖІӨ-дегі қайта өңдеу үлесі 2010 жылғы 11,3%-дан 2025 жылы 12,7%-ға өссе, өндіруші сектордың үлесі екі есеге жуық, 9,5%-дан 11,9%-ға дейін қысқарды.Сондай-ақ Қазақстан халықаралық рейтингтегі позициясын жақсартып отырғаны атап өтілді: Экономикалық күрделілік индексінде ел 2020-2024 жылдары 87-ші орыннан 55-ші орынға көтерілді.Инвестицияның өсуін жеделдету үшін оның ЖІӨ-дегі үлесін 2029 жылға қарай 23%-ға арттыру жоспарлануда. Бұл қосымша шамамен $120 млрд тартуға және бес жыл ішінде жалпы инвестиция көлемін $400 млрд-қа жеткізуге мүмкіндік береді.Басымдықтар қатарына шикізат пен агроөнімді қайта өңдеу, металлургия, химия және мұнай-химия өнеркәсібі, газ саласы, фармацевтика және қосылған құны жоғары АӨК сегменттері жатады.Бұл жобаларды жүзеге асыру еңбек өнімділігін арттыруы тиіс. Бұл «орташа табыс тұзағын» жеңудің негізгі факторы.«Белсенді экономикалық өсу саясаты инвестицияны пассивті тартудан жобаларды белсенді қалыптастыруға және іске қосуға көшуді көздейді. Біз нақты саланың қажеттілігіне назар аударып, технологиялар мен сараптама арқылы стратегиялық әріптестерді тартамыз», — деп атап өтті вице-премьер.Осы саясат шеңберінде азық-түлік секторында 12 бағыт, ал азық-түлік емес секторда 24 бағыт анықталды. Жалпы портфель 700 млрд теңгеден астам сомаға 274 жобаны қамтиды.Алатау қаласын дамытуға ерекше назар аударылады. Ол басқарудың ерекше режимі және өзінің қаржылық моделімен жаңа өсу нүктесіне айналады. Қалада салықтық жеңілдік, «бір терезе» қағидатын, халықаралық стандарттар мен инвесторлар үшін күшейтілген кепілдіктерді енгізу жоспарлануда.2050 жылға қарай бұл өңірдегі ЖӨӨ-ні $40-50 млрд-қа ұлғайтуға, халық санын 1,8 млн адамға жеткізуге және шамамен 1 млн жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді деп күтілуде.Дүниежүзілік банк өкілдері талқылау барысында жүргізіліп жатқан реформаларды қолдап, өсу қарқыны мен экономика мүмкіндігі арасындағы тепе-теңдікті сақтау, сондай-ақ өнімділік динамикасы мен инфляциялық тәуекелді ескеру қажеттігін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1202022?lang=kk
Серік Жұманғарин Дүниежүзілік банкпен ынтымақтастың басым бағыттары мен жаңа инвестициялық жобаларды талқылады 15.04.2026
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Вашингтонда Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия өңірі бойынша вице-президенті Антонелла Бассанимен және Дүниежүзілік банк тобының өкілдерімен кездесті.Кездесу қазақстандық делегацияның АҚШ-қа сапары шеңберінде жоспарланған Қазақстанның инвестициялық мүмкіндігінің тұсаукесеріне дайындық аясында өтті.Кездесу барысында Қазақстанның сенім, кәсіпқойлық және тұрақты дамудың ортақ міндеттемесіне негізделген қалыптасқан стратегиялық әріптестікті жоғары бағалайтыны атап өтілді. 1993-2026 жылдар аралығындағы ынтымақтастық шеңберінде көлік, білім беру, экология, «жасыл» технология мен цифрландыру саласында $8 млрд-тан аса сомаға 50-ден астам жоба жүзеге асырылды.Дүниежүзілік банк экономикалық реформаларды ілгерілетуде, инфрақұрылымды дамытуда, сондай-ақ елдің макроэкономикалық және фискалдық тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаруды жалғастыруда.Серік Жұманғарин Қазақстанның соңғы шешуші реформаларының бірі – бюджет-салық реформасы болғанын, оның тиімділігі биылғы бірінші тоқсанның қорытындысымен расталғанын атап өтті.Әріптестіктің 2026-2030 жылдарға арналған жаңа негіздемелік стратегиясында айқындалған ынтымақтастықтың басым бағыттары Қазақстанның стратегиялық мақсаттарына сәйкес келетіні қаперге берілді. Олардың қатарында көлік және цифрлық байланыстарды дамыту, су және энергетика секторын жаңғырту, қаржы нарығын дамыту, жеке инвестиция тарту, климаттық күн тәртібін нығайту және жаңартылатын энергия көзін пайдалануды кеңейту бар.Ағымдағы портфель шеңберінде екі инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылуда. Олар:– құны 1 182,5 млрд теңге болатын Қарағанды-Жезқазған автожолын қайта жаңарту (жүзеге асыру кезеңі 2025-2028 жылдар);– қаржыландыруы шамамен $84 млн көлеміндегі «Қазақстанның инклюзивті экономикасы үшін жеделдетілген цифрландыру» жобасы.Сонымен қатар, көлік, энергетика, су ресурсы және цифрландыру саласындағы тағы сегіз жоба пысықталуда. Перспективалық бастама қатарында Солтүстік Арал теңізін қалпына келтіру, «Бейнеу – Сексеуіл» автомобиль жолын салу, Қазақстандағы теміржол қатынасы мен көлік байланысын трансформациялау және тағы да басқа жобалар қарастырылуда.Табиғи монополиялардың 200-ден астам субъектісін жаңартуды көздейтін «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасына ерекше назар аударылды. Бұл еліміздің тұрақты экономикалық өсуін қамтамасыз етудегі маңызды жобаның бірі.Қазақстан экономиканы әртараптандыру, цифрлық трансформациялау және «жасыл» өсуге көшу күн тәртібін дәйекті түрде жүзеге асыруда. Осыған байланысты Дүниежүзілік банкпен, оның ішінде тұрақты энергетика, су ресурсын басқару, көлік логистикасы және инновациялық шешімдер енгізу саласындағы ынтымақтастықты одан әрі арттыруға мүдделілік білдірілді.Антонелла Бассани Дүниежүзілік банк әріптестіктің негіздемелік стратегиясына енген барлық талқыланған жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін атап өтті.«Теңізге шығатын жол жоқ болуына қарамастан, Қазақстан айтарлықтай әлеуетке ие бола отырып, тұрақты өсу қарқынын көрсетуде. Сонымен қатар, жаһандық өзгеріс бейімделу мен өнімділікті арттыруды талап етіп отыр. Біз елді инфрақұрылымға инвестиция салу арқылы да, реформаларды жүзеге асыру арқылы да қолдауға дайынбыз», — деді ол.Сондай-ақ, энергетика мен су секторын жаңғырту бағдарламасының ынтымақтастықтың неғұрлым капиталды қажетсінетін бағытының бірі ретіндегі маңыздылығы атап өтілді. Бұл ретте Дүниежүзілік банк мемлекеттік қаржыландыруға ғана емес, жеке инвестиция тартуға да жәрдемдесуге ниетті.Тараптар ағымдағы жылғы мамырда жоспарланған инфрақұрылымдық саладағы инвестициялық бағдарламаны талқылауды қосқанда, ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге әзірлігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1201743?lang=kk
Вашингтонда «Қарағанды – Жезқазған» автожолының жобасы бойынша келісімге қол қойылды 15.04.2026
Қазақстандық делегацияның Вашингтонға ресми сапары барысында Дүниежүзілік банктің штаб-пәтерінде «Қарағанды-Жезқазған» автожолының құрылысын қаржыландыру туралы келісімге қол қойылды.Келісім «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, Халықаралық қайта құру және даму банкі мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі арасында жасалды.Жоба көлік инфрақұрылымын дамытуға, транзиттік әлеуетті арттыруға және өңірлердің байланысын жақсартуға арналған. Жаңа жол жүру уақытын едәуір қысқартуға, қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға және Орталық Қазақстанның дамуына қосымша серпін береді.Қазіргі уақытта конкурстық рәсімдер соңғы сатысында тұр. Жолдың ұзындығы – 457 шақырым. Қарыз сомасы – 650 млрд теңге. Биыл автожолды жобалау жұмыстары және құрылысы бастау алады.Жоба сонымен қатар логистиканы дамытуға, өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға және жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.Жұмыстар жақын уақытта басталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1201740?lang=kk
Еліміздің жоғары оқу орындары ОДМ іске асыруға белсенді қатысуда 14.04.2026
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі БҰҰ Елдік командасының қолдауымен Экономикалық зерттеулер институтымен бірлесіп ұйымдастырған дөңгелек үстел шеңберінде жоғары оқу орындарының Орнықты даму мақсаттарын іске асыруға қатысу мәселесі, сондай-ақ ЖОО-лардың елдің орнықты дамуына қосқан үлесін күшейту бойынша ұсынымдар әзірлеу талқыланды.БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднарагча, БҰҰ-ның Қазақстандағы Даму Бағдарламасының Тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниа, жоғары оқу орындарының басшылары қатысқан талқылау барысында Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев кіріспе сөз сөйледі.Вице-министр өз сөзінде жоғары білім саласында жүргізіліп жатқан реформалардың нәтижесін және қазақстандық ЖОО-лардың халықаралық деңгейдегі жетістіктерін атап өтті. Халықаралық тәжірибеден мысалдар келтіре отырып, спикер сонымен қатар университеттер ОДМ-ны өңірлік деңгейде жергіліктендірудің негізгі драйверлері бола алатынын атап өтті.Дөңгелек үстел шеңберінде Орнықты даму қағидаттарын білім беру процесіне интеграциялау, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық және экологиялық дамудың өзекті міндеттерін шешуге бағытталған ғылыми және әлеуметтік бастамаларды іске асыру бойынша ЖОО-лардың практикалық тәсілдері мен тәжірибесі ұсынылды. Іс-шара қорытындысы бойынша мемлекет пен ЖОО арасындағы үйлестіруді күшейту, ОДМ-ға қол жеткізуге бағытталған ғылыми зерттеулерді қолдау, орнықты даму саласындағы білім беру бағдарламаларын одан әрі дамыту жөнінде ұсыныстар әзірленді.Жүргізілген диалог жоғары оқу орындарының Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге қосқан үлесін күшейту, білім беру бағдарламаларын жетілдіру және студенттердің сұранысқа ие құзыретін дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1200612?lang=kk