Технология
Ақтөбе облысы Қазақстанда жайылымдық жер көлемі бойынша бірінші орында 11.04.2026
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында өңірдің шаруаларымен кездесті.Кездесуге кеңейтілген форматта онлайн байланыс арқылы аудандардағы шаруа қожалықтарының басшылары да қатысты. Облыс әкімі Асхат Шахаров өңір ауыл шаруашылығының негізгі бағыты мал шаруашылығы болып қала беретінін атап өтті. Бұл ретте Әйтеке би, Қарғалы, Хромтау және Мәртөк аудандарында егін шаруашылығы да қарқынды дамып келеді.2025 жылдың қорытындысы бойынша облыста ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 412 млрд теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 2,5%-ға өсті. 2026-2028 жылдары өңірдің агроөнеркәсіп кешенінде жалпы сомасы 94,9 млрд теңгені құрайтын 11 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда, оның ішінде 4 жоба биыл іске қосылады. Олардың қатарында «Жаннұр» ШҚ мен «Agroproduct development» ЖШС-ның бордақылау алаңдарын салу және кеңейту, «Рамазан құс» ЖШС-ның құс фабрикасын іске қосу, сондай-ақ «АЙС» ЖШС-ның сүт-тауар фермасын ашу бар.2025 жылы өңірде 554 мың тонна дәнді дақыл және 72,4 мың тонна майлы дақыл жиналды. Сондай-ақ көкөністен, соның ішінде картоптан мол өнім алынды. Егіс алқаптарын әртараптандыру аясында майлы және мал азықтық дақылдардың көлемі ұлғайтылды.Кездесу барысында ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин қатысушыларды мал шаруашылығын дамыту жөніндегі жаңа Кешенді жоспардың негізгі параметрлері туралы хабардар етті.Талқылау кезінде шаруалар бірқатар мәселе көтерді. Атап айтқанда, Қазақстан фермерлері қауымдастысының облыстық филиалының жетекшісі Құсайын Сәрсембай «Игілік», «Береке» және «Жайлау» бағдарламалары бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы кепілдік беру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.Серік Жұманғарин қазіргі уақытта осы бағдарламалар бойынша «Даму» қоры арқылы кепілдіктер беру тетігі пысықталып жатқанын айтты. Бұл құралды енгізу жөніндегі алдын ала келісімге қол жеткізілген, алайда жекелеген шарттар мен техникалық параметрлер әлі де келісу сатысында.Сонымен қатар несие мен лизинг бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялаудың қолжетімділігі мәселесі көтерілді. «Айс плюс» ЖШС директоры Қуаныш Ищанов бюджет қаражатының жоқтығына байланысты портал жұмысы тоқтатылғанын, сондықтан өтінім беру мүмкін еместігін мәлімдеді.Сондай-ақ өңірдегі «Степное» ЖШС, «Құмқұдық» ЖШС, «Пригородное» ЖШС және «Меңдібай-Қарағаш» ШҚ өкілдері де өз сұрақтарын қойды. Барлық көтерілген мәселе бойынша жиын барысында тиісті түсіндірмелер берілді.Кездесу қорытындысында вице-премьер Ақтөбе облысы 25,3 млн гектар жайылымдық жері бар еліміздегі ең ірі өңір екенін атап өтті. Мемлекет шаруаларға қолдау көрсетуді жалғастырады, сонымен қатар қарсы талаптар да күшейтілуде. Оның негізгісі – ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану. Осы бағытта жерді пайдаланудың тиімділік көрсеткіштерін енгізу, сондай-ақ егін шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтардың мал шаруашылығын да қатар алып жүру мүмкіндіктері қарастырылуда.Сол күні Серік Жұманғарин бюджет мәселелері бойынша бөлек жиын өткізіп, онда қаржыландырудың негізгі параметрлері мен шығыстардың басым бағыттары қарастырды. Талқылау қорытындысы бойынша бюджет қаражатын тиімді пайдалану және оның игерілуіне бақылауды күшейту жөнінде тапсырмалар берілді.Жұмыс сапары аясында министр «KAZFELTEC» ЖШС-нің жүн өңдеу зауытының жұмысымен де танысты. Кәсіпорын италиялық технологияларды пайдаланып, табиғи қой жүнінен жылу және дыбыс оқшаулағыш материалдар өндіруге маманданған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1198893?lang=kk
Қазақстанда бизнесте жұмыспен қамтылғандар саны 4,4 млн адамға өсті 09.04.2026
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин бүгін «AMANAT» партиясы жанындағы Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысында сөз сөйледі. Кеңес өткен жылғы қазанда құрылғанан бері бірінші рет кеңейтілген отырыс фооматында «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошановтың қатысуымен өткізілді.Бүгінде шағын және орта бизнестің ЖІӨ-дегі үлесі 40,5%-ға жетті, оның 33%-ы шағын кәсіпкерлікке және 7,5%-ы орта кәсіпкерлікке тиесілі.2026 жылдың басындағы мәлімет бойынша елімізде 2,3 млн-нан астам кәсіпорын жұмыс істейді. Бизнесте жұмыспен қамтылғандар саны 4,4 млн адамға жетті, бұл 2024 жылғы деңгейден 3,4%-ға жоғары.Вице-премьер отырысқа қатысушыларды бизнеске бақылау және әкімшілік жүктемені азайту жөніндегі шаралар туралы хабардар етті. Атап айтқанда, мәліметтерді автоматты түрде алу және тексеру үшін ЖИ және цифрлық даму министрлігімен бірлесіп, реттеуші мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқорымен интеграциялау жүргізілуде.Негізгі құрал «eGov Business» платформасының негізінде бизнестің цифрлық картасы — кәсіпкерлерді сүйемелдеудің бірыңғай талдамалық және сервистік құралы енгізіледі. Бұл мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылының сервистік моделіне көшуге, мемлекеттік қолдау шараларының атаулылығын арттыруға, реттеудің ашықтығын қамтамасыз етуге және әкімшілік кедергілерді азайтуға мүмкіндік береді.Бүгінгі таңда ШОБ-ты қаржылық қолдау үш негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады: пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау, «Өрлеу» және «Іскер аймақ» бағдарламалары арқылы жеңілдікті қаржыландыру, сондай-ақ «Даму» қоры базасында кепілдіктер беру.«2025 жылдың қорытындысы бойынша жалпы сомасы 365,7 млрд теңгеге 3 373 жоба субсидияланды, 268,5 млрд теңгеге субсидия төленді. Биыл қаржыландыру көлемін айтарлықтай ұлғайту жоспарлануда, атап айқанда: республикалық бюджет қаражаты есебінен – 200 млрд теңгеге, сондай-ақ банктердің қаражатын тарту есебінен - 244 млрд теңгеге», — деп атап өтті вице-премьер.АӨК саласында 2026 жылы қаржыландыру көлемі 1 трлн теңге деңгейінде сақталды. Оның ішінде 300 млрд теңгеден астамы ауыл шаруашылығы техникасының лизингіне жіберілді. Бұдан басқа, Мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспары шеңберінде аграршыларға жеңілдетілген кредит беруге 374 млрд теңге бөлінеді.Өнеркәсіптік кәсіпорындарды жүйелі қолдау және ынталандыру үшін 2026 жылы «Бәйтерек» ҰИХ Даму институттары арқылы 329 млрд теңге қарастырылған.Отырыс барысында кәсіпкерлер бірқатар проблемалық мәселелерді айтты. Сауда желілері одағының өкілі Эльбеги Әбдиев әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының тізбесін 19-дан 31-ге дейін көбейту, бизнестің нақты шығыстары 20-23% кезінде шекті үстеме бағаны 15% деңгейінде сақтау, сондай-ақ ҚҚС-ты 16%-ға дейін арттыру сауда желілері үшін күрделі жағдай қалыптастырып отырғанын жеткізді. Вице-премьер ӘМАТ тізбесінің кеңеюі уақытша сипатқа ие екенін және инфляция тұрақтанған сайын тізбе бастапқы тізімге қайтарылатынын атап өтті.Қазақстандық салық консультанттары қауымдастығының мүшесі Айжан Балакешова Салық кодексінің нормаларын қолдануға байланысты мәселелерді көтерді. Қазақстан инвесторлар қауымдастығының төрағасы Рустам Жүрсінов жеке инвестициялардың өсуін ынталандыру қажеттігіне, сондай-ақ заңға тәуелді актілердің күрделілігіне және сақталып отырған бюрократиялық рәсімдерге назар аударды. Қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімін, ұлттық режимнен алу тетіктерін, нарықтағы контрафактілік өнімнің айналымын практикалық қолдану саласында да өзекті мәселелер көтерілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1197738?lang=kk
Ұлытау облысында алғашқы көтерме-тарату орталығының құрылысы аяқталуға жақын: іске қосу 2026 жылдың күзіне жоспарланған 09.04.2026
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жұмыс сапарымен Ұлытау облысына барды. Сапар шеңберінде ол агроөнеркәсіп кешені нысандарының құрылысымен танысып, өңір шаруаларымен кездесті.Кездесуде ауыл шаруашылығының қазіргі жағдайы мен аграршылардың түйткілді мәселелері қаралды. Облыс құрылғалы бері, инвесторлардың қатысуымен құны 3 млрд теңге болатын 4 жоба жүзеге асырылды. Times Agro Holding қатысуымен агроөнеркәсіп кластерін құруды және Samga Agro-мен бірлесіп, Жезқазғанда 500 мал басына арналған тауарлы сүт фермасын салуды қосқанда, жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргізілуде.Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин жиынға қатысушыларды 2026 жылы басталған Мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспары шеңберінде жеңілдетілген несие беру мүмкіндігі туралы хабардар етті. Вице-министр өңірдің табиғи жағдайларын ескере отырып, шалғайдағы мал шаруашылығын дамыту үшін жайылымдық жерлерді ұтымды игеруге баса назар аударды. Осы мақсатта жайылымдарды сумен қамтамасыз ету, жылжымалы вагондар сатып алу және басқа да ілеспе шығындарды қаржыландыруды көздейтін «Жайлау» бірыңғай несие өнімі іске қосылады.Кездесу барысында шаруалар бірқатар мәселеле көтерді. «Кеңгір» ШҚ басшысы Ардақ Нұржанов өңірде сервистік орталықтардың болмауына байланысты «ҚазАгроҚаржы» арқылы лизингке алынған ауыл шаруашылығы техникасына кепілдікпен қызмет көрсетудің күрделілігін атап өтті. Вице-премьер ҚАҚ-қа компания өкілдерінің жұмысын жергілікті жерде ұйымдастыруды, ал Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне қазақстандық автоөндірушілер қауымдастығымен бірлесіп, сервистік орталықтардың ашылуын пысықтауды және Жезқазғанда сұранысқа ие ауыл шаруашылығы техникасының болуын қамтамасыз етуді тапсырды.Сондай-ақ егінді киіктен қорғау мәселесі көтерілді. Биыл мамандар мен техника тарта отырып, ауыл шаруашылығы алқабын қорғау жалғастырылатыны атап өтілді. Сонымен қатар сақтандыру тетігі де қарастырылуда.«Самға» ЖШС директоры Абай Байділдә инфрақұрылымды дамыту – суару жобалары мен тауарлы сүт фермалары үшін су мен электр қатын жеткізу мәселесін көтерді. Ауыл шаруашылығы алқабын суару ісін дамыту үшін қажетті жерасты су қорының жеткіліксіз зерттелуі де атап өтілді. Осыған байланысты әкімдікке Су ресурстары және ирригация министрлігімен бірлесіп геологиялық зерттеу жүргізу және су ресурстарын бағалау мүмкіндігін пысықтау тапсырылды.Кездесуді қорытындылай келе, вице-премьер Ұлытау облысы жаңа өңір ретінде алда бірқатар жүйелі міндеттер тұрғанын атап өтті. Үкімет өңірдегі бизнесті және ауыл шаруашылығын дамытуға қолдау көрсетуді жалғастыра бермек.Премьер-министрдің орынбасары шаруалармен кездесуден кейін өңірдің осы жылға және 2027-2029 жылдардың жоспарлы кезеңіне арналған бюджеттік қамтамасыз ету жөніндегі кеңес өткізді. Өңірлік стандарттар жүйесі (ӨСЖ) бойынша облыстың артта қалуын қысқарту шараларына ерекше назар аударылды. Ұлытау облысы, ӨСЖ-ге сәйкес, республика бойынша базалық инфрақұрылыммен мейлінше аз қамтылған.Жұмыс сапары шеңберінде вице-премьер мал шаруашылығы мен жемшөп дақылдарын өсіруге маманданған Кengir AGRO агроөнеркәсіп кешенінің құрылысымен танысты. Бүгінгі таңда нысанда әкімшілік-тұрмыстық кешен салынды. Биыл 500 гектар аумақта суару жүйесін іске қосу жоспарлануда. Оның 150 гектары картопқа, қалғаны жемшөп дақылдарына арналады. Компания жайылымдық жерлерді пайдаланып, мал шаруашылығының аустралиялық моделін енгізуге ниетті. Қазірдің өзінде 14 ауылдық округте ІҚМ өсіру шаруашылығы құрылды. Сондай-ақ асылтұқымды мал сатып алу үшін «Игілік» және «Береке» бағдарламаларына қатысу, 400 басқа арналған тауарлы сүт фермасын салу жоспарланған.Серік Жұманғарин «Samadi A Group» ЖШС-ның жалпы сыйымдылығы 15 мың тонна көкөніс сақтау қоймасы бар өңірдегі алғашқы көтерме-тарату орталығының құрылыс алаңында болды. Нысан биыл күзде пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Сондай-ақ кәсіпорын «Бәйтерек» холдингі және Аграрлық несие корпорациямен бірлесіп, өңірде ет өңдеу және шұжық, консерві өнімін шығару жобасын әзірлемек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1196931?lang=kk
Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1577-ге артты 09.04.2026
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, 2026 жылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша, еліміздегі әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің (ӘКС) саны 1 577-ге жеткенін хабарлайды. Есептік кезеңде Тізілімге 146 жаңа қатысушының енгізілуі бұл сектордағы тұрақты өсуді айғақтайды.Салыстырсақ, 2025 жылғы қорытынды бойынша елде 1 431 әлеуметтік кәсіпорын жұмыс істеген. Тізілімге енгізілген әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері қаржылық, инфрақұрылымдық және консультациялық көмекті қосқанда, мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқылы. Қолдаудың негізгі құралдарының қатарында пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, кредитке кепілдік беру және мемлекеттік грант беру бар (ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 754 қаулысы).Әлеуметтік кәсіпкерлік заңнамада алғаш рет 2021 жылы бекітілді. Ол азаматтар мен қоғамның әлеуметтік мәселесін шешуге арналған кәсіпкерлік қызмет ретінде анықталады. Оған мүмкіндігі шектеулі адамдар құрған кәсіпорындар, сондай-ақ ерекше қажеттілігі бар адамдар мен халықтың әлеуметтік осал тобының өкілдері үшін жұмыс орнын қамтамасыз ететін ұйымдар кіреді.Тізілімді қалыптастыру мен жүргізу орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы негізінде жүзеге асырылады. Облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары арнайы комиссиялар жұмысының нәтижесі бойынша мәлімет береді. Олар өтінімдерді қарап, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды (ірі бизнес субъектілерін қоспағанда) ресми тізімге енгізу жөнінде ұсынымдар әзірлейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1196840?lang=kk
2026 жылғы I тоқсанда өңдеу өнеркәсібі 6% деңгейінде өсуі ықтимал 08.04.2026
Премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі штабтың кезекті отырысында 2026 жылғы қаңтар-наурыздағы әлеуметтік-экономикалық дамудың болжамды көрсеткіші қаралды.Алдын ала дерек бойынша, 2026 жылғы қаңтар-наурыз айларының қорытындысында өңдеу өнеркәсібінде 6% деңгейінде өсім орын алуы мүмкін. Ұлттық статистика бюросының ақпараты бойынша бірқатар салада тұрақты оң динамика сақталуда, мәселен: жеңіл өнеркәсіп – 156,4%, дайын металл бұйымы – 131,4%, жиһаз өндірісі – 127,6%, құрылыс материалы өндірісі – 127,4% және машина жасау – 115,5%.Көлік министрлігінің хабарлауынша, есептік кезеңде көлік саласының өсуі 109% деңгейінде деп бағаланған. Көрсетілген қызметтің жалпы көлемі 2,8 трлн теңгені құраған, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңнен 14,3%-ға жоғары.Оң динамика тасымалдау көлемінің ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілген. Осылайша, жалпы жүк тасымалдау көлемі 7,9%-ға, яғни 290,9 млн тоннаға өскен. Жолаушыларды барлық көлік түрімен тасымалдау 11,0%-ға, яғни 491,2 млн жолаушыға дейін артты.Жүк айналымы 153,7 млрд тонна-шақырым болып, 11,8%-ға артса, жолаушылар айналымы 10,1%-ға өсіп, 22,8 млрд жолаушы-шақырымға жетті.Жедел деректер бойынша, 2026 жылғы үш айда жүкті теміржол көлігімен тасымалдау көлемі 78,3 млн тонна болған. Бұл 2025 жылғы сәйкес кезеңнен 3,6%-ға артық (+2,7 млн тонна). Тасымалдарды санаттарға бөліп қарастырсақ, ел ішіндегі тасымал 40,8 млн тоннаны, экспорт 22,8 млн тоннаны, импорт 5,6 млн тоннаны, транзит 9,1 млн тоннаны құрады.Экспорт құрылымында көмір, астық, тыңайтқыш, құрылысқа қатысты жүктер, қара металл, сондай-ақ басқа да жүк (оның ішінде құрама жем, өсімдік майы, асбест) тасымалының өскені байқалады.Республика ішіндегі қатынаста көмір, мұнай өнімі, астық, химикат тасымалы артқан.Отырысты қорытындылай келе, Серік Жұманғарин салалық мемлекеттік органдарға экономикалық өсімнің қосымша резервін анықтауды, оның ішінде мемлекеттік қолдау құралын пайдалану жөніндегі жұмысты жандандыруды тапсырды.«Бізге қосымша өнім шығару немесе жаңа тұрғын үйді пайдалануға беру арқылы болса да өндіріс пен қызмет көлемін нақты ұлғайту қажет. Керек болған жағдайда мемлекет мұндай бастамаларды, оның ішінде, субсидиялау тетігі арқылы да қолдауға дайын», - деп атап өтті вице-премьер.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1195870?lang=kk
Мемлекеттік бюджеттің кірістері бойынша жоспар орындалып, инфляция алты айдан бері төмендеуде 08.04.2026
2026 жылғы бірінші тоқсан қорытындысы бойынша бюджеттің кіріс бөлігінің бір мезгілде нығаюы және инфляциялық процестің баяулауы тіркеледі. Бұл көбінесе ҚҚС мөлшерлемесінің өзгеруінен туындаған бағаның қысқамерзімдік өсуін экономика 2025 жылдың аяғында – 2026 жылдың қаңтар-ақпанында сіңірген. Қазіргі уақытта инфляцияға әсер етпейді.Жедел деректер бойынша 2026 жылғы 1 тоқсандағы мемлекеттік бюджеттің кірістері бойынша атқарылуы (трансферттерді есептемегенде) 104,4%. Жоспардағы 6 176,2 млрд теңгенің орнына бюджетке 6 444,9 млрд теңге түскен. Асыра орындау – 268,7 млрд теңге.2025 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда мемлекеттік бюджеттің кірісі 930,6 млрд теңгеге немесе 16,9% - ға ұлғайды. Кірістер бойынша жоспарлардың асып кетуі республикалық және жергілікті бюджеттерде тіркелді. Айта кету керек, 2026 жылға арналған салық түсімдері бойынша республикалық бюджеттің кірістері 18,886 трлн теңге сомасында жоспарланып отыр. Бұл 2025 жылғы нақты түсімдерден 4,4 трлн теңгеге жоғары.Атап айтқанда, республикалық бюджеттің кірістері 101,8% - ға орындалды: жоспардағы 4 085,6 млрд теңгенің орнына 4 159,4 млрд теңге түсті. Өткен жылғы өсім 26,1% (+861,8 млрд теңге). Бұл көбінесе Қазақстанның негізгі экспорттық тауарларына әлемдік нарықтардағы бағалардың өсуіне, 2025 жылғы 4 тоқсанда ЭШФ жүйесінде тіркелген тауарлар мен қызметтерді өткізу көлемінің өсуіне, сондай-ақ салықтық және кедендік әкімшілендіру нәтижелеріне байланысты.Республикалық бюджет кірісінің негізгі бөлігін құрайтын салықтық түсімдер (98%) 101,6% - ға орындалды: жоспардағы 4 012,8 млрд теңгенің орнына 4 077,6 млрд теңге түсті. Өткен жылғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 31,5%. Бұл ретте 2026 жылғы қаңтар-наурызға 2025 жылғы IV тоқсанға (2026 жылғы 25 ақпанға дейін) ҚҚС төлеу мерзімі келгенін ескеру қажет. Тиісінше, ҚҚС бойынша салық міндеттемелері 12% ставка бойынша жүргізілді.Өсім өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда импортталатын тауарларға КТС (+16,9%), ҚҚС (16% ставка бойынша есептелген) (+24,2%), пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық (+35,7%) сияқты ірі салықтар бойынша қамтамасыз етілді.Жергілікті бюджеттердің кірістері 109,3% - ға орындалды: жоспардағы 2 090,6 млрд теңгенің орнына 2 285,5 млрд теңге түсті. Өткен жылғы өсім 3,1% (+68,8 млрд теңге).Жыл басынан бері өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнайы салық режимінде 392 мың жеке тұлға тіркелген. ҚҚС төлеушілер саны 10 мың субъектіге артты.Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша инфляцияны төмендетудің тұрақты үрдісі сақталуда. Наурызда инфляция қарқыны қаңтар–ақпандағы 1,0–1,1% салыстырғанда 0,6% - ға дейін баяулады. Төмендеу алтыншы ай қатарынан байқалады: 2025 жылғы қыркүйектегі ең жоғары мәннен кейін (12,9%) инфляция біртіндеп баяулауға көшті және 2026 жылғы наурыздың қорытындысы бойынша 11,0%. ҰЭМ болжамы бойынша, 2027 жылдың басында инфляцияның бір мәнді деңгейіне шығу ықтималдығы жоғары.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1195944?lang=kk
Электр энергиясы нарығы үшін электронды шот-фактура жазып беру мерзімі салалық ерекшелікті ескере отырып кейінге шегерілді 06.04.2026
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Салық Кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің 11-ші отырысы бұрған дейін қосымша пысықтауға жолданған мәселелерді қарауға арналды.Бірінші мәселе «Электр қуаты нарығының қазақстандық операторы» АҚ және «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС үшін шот-фактураларды жазып беру мерзімін қайта қарауға қатысты болды. Бұған дейін бұл мәселе жобалық кеңсенің 9 отырысында қаралып, оның қорытындысы бойынша қосымша талдау туралы шешім қабылданған еді.Мерзімдерді өзгерту қажеттілігі электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс ерекшелігіне байланысты болып отыр: тұтыну туралы нақты дерек пен есептік көрсеткіш есептік айдан кейінгі айдың 20-сынан кейін ғана қалыптасып, қолжетімді болады.Осыған байланысты нарық қатысушылары алдымен құжаттарды күні бұрынғы мәліметтер бойынша ұсынуға, кейін нақты мәні белгілі болғанда қайта түзетуге мәжбүр.2026 жылдан бастап түзетілген электронды шот-фактураны алушы тараптың міндетті түрде растауы талап етілетіндіктен, қолданыстағы мерзім құжаттардың дұрыс ресімделуінде тәуекел туғызып отыр.Осыған байланысты салалық ерекшелікті ескере отырып, ЭШФ-ны жазып беру мерзімін ауыстыру мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.Талқылау қорытындысы бойынша мерзімдерді ауыстыру туралы ұсыныс қолдау тапты. Нарық операторы мен Бірыңғай сатып алушы үшін шот-фактураларды жазып берудің жаңа мерзімі есептік айдан кейінгі айдың 27-не дейін деп белгіленді. Тиісті өзгерісті Салық Кодексіне ретроспективті түрде енгізу, яғни 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолдану жоспарлануда.Сондай-ақ, отырыста тау-кен-металлургия секторында салық нормаларын, атап айтқанда, кокстелетін көмірге пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықты (ПҚӨС) қолдану мәселесі қаралды. Мәселенің күрделілігі мен көпфакторлылығын ескере отырып, келісілген шешімдерді егжей-тегжейлі зерделеу мен әзірлеу үшін оны қарау тағы бір айға ұзартылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1194800?lang=kk
Серік Жұманғарин Ақмола облысының фермерлерімен мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеуді дамыту мәселесін талқылады 04.04.2026
Вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қосшы қаласында Ақмола облысының фермерлерімен кездесті.Ақмола облысы – еліміздің жетекші аграрлық өңірінің бірі. Өңір өніміндегі ауыл шаруашылығының үлесі – шамамен 15%. 2025 жылы мұнда рекордтық астық өнімі жиналды – 7,6 млн тонна. Бұл республикалық көлемнің төрттен бірінен асады.Өңір сонымен қатар дақылдарды әртараптандыру динамикасын көрсетуде. 2025 жылы майлы дақыл алқабы алғаш рет 500 мың гектарға жетіп, 2,5 есе ұлғайды. Биыл 580 мың гектарға дейін кеңейту жоспарланып отыр. Жалпы егіс алқабы – 5,6 млн гектар. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 76 мың гектарға артық.Кездесудің негізгі тақырыбы – Салық кодексінің жаңа нормалары және Мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспарын жүзеге асыру. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин атап өткендей, жоспар саланың жүйелі мәселелерін, бүкіл өндірістік тізбек бойынша қолжетімді қаржыландыру тапшылығын шешуге бағытталған. Оны жүзеге асыруға 374 млрд теңге қарастырылған.Наурыздың басынан бері жылдық 6%-дан аспайтын белгіленген мөлшерлемемен «Игілік» және «Береке» жаңа несиелік өнімдері іске қосылды. Олар асыл тұқымды мал сатып алуға бағытталған:* «Игілік» – көлемі 100-ден 500-ге дейін ірі қара және 500-ден 1000-ға дейін ұсақ мал шаруашылығы үшін;* «Береке» – көлемі 500 бас ІҚМ және 1000 бас ұсақ мал болатын ірі шаруашылық үшін.Жақын арада ауыл шаруашылығы жануарларының басқа түрлері бойынша кредит беру бағдарламалары кеңейтіледі.Серік Жұманғарин импортқа тәуелділік сақталатын азық-түлік өндірісін дамыту, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеуді тереңдету басымдық ретінде қалып отырғанын баса айтты. Мемлекет бүгінде саланы қолдау құралдарын күшейтуде. Бұл ретте 2026 жылы мал шаруашылығын еліміздің бәсекелестік артықшылығы ретінде дамытуға басты назар аударылды.Кездесу барысында диқандар бірқатар ұсыныс айтты. «Отан» Агрофирмасы» ЖШС басшысы Иван Сауэр жер ресурстарына байланысты тиімділіктің нақты көрсеткішін белгілеуді және оны мемлекеттік қолдау көрсету кезінде ескеруді ұсынды. Сондай-ақ жыл бойы жайылымдық мал шаруашылығын дамыту қажет, бұл оның рентабельділігін сақтауға мүмкіндік береді.Сонымен қатар аграрлық селекциялық жұмыстарды, атап айтқанда, қолдан ұрықтандыру ісін дамытуға, отандық және импорттық асыл тұқымды малды субсидиялау шарттарын теңестіруге баса назар аударылды. Оның айтуынша, отандық асылтұқымды мал сырт жердікінен кем түспейді және жергілікті жағдайға толықтай бейімделген.Бизнес өкілдері нақты мәселелерді қозғады. «Логос грейн» тобының директоры Арман Құдайбергенов ауыл шаруашылығы өнімін экспорттаушыларға ҚҚС өтеу тетігі бойынша сұрақ қойып, астықты экспортқа жеткізуге көліктік субсидия төлеу мерзімін нақтылады.«Agro Milk Projekt» ЖШС директоры Юрий Швец 2024 жылы ӘКК арқылы жеңілдікті несиеге сүтті мал сатып алып, 400 басқа арналған ТСФ құрылымын өз бетінше тұрғызғанын айтты. Жақын арада кәсіпорын кеңейтіліп, тағы 300-ге жуық сүтті мал сатып алуды жоспарлап отыр. Құрылыс-монтаж жұмысын жеңілдікпен несиелеу мүмкіндігі мәселесі көтерілді.Барлық сұраққа аграршылар толық жауап алды.Жұмыс сапары шеңберінде Серік Жұманғарин бірқатар кәсіпорынға да барды. «Алтын Қазық» ЖШС шикізатты өсіруден бастап дайын өнімді шығаруға дейінгі өңдеудің толық циклін жүзеге асырады. Кәсіпорын құрылымына бордақылау алаңы, сою цехы, ветеринарлық зертхана, көкөніс қоймасы, шұжық цехы кіреді. Ауыл шаруашылығы алқабының жалпы ауданы 12 мың гектар. Оның 1 мың гектары суармалы. Қайта өңдеу көлемі жылына 10 мың тонна ет өніміне жетеді. Кәсіпорын Катарға қой экспорттап, БАӘ нарығына шығуды пысықтауда.Сондай-ақ «IL-TOV» ЖШС (Aitas тобы) зауытында да мұздатылған жартылай фабрикаттарды қоса алғанда, тауық етін тереңдей өңдеуді өндіру жолға қойылған. Шығару көлемі жылына 3346 тонна. Алдағы үш жылда кәсіпорын өндірістік қуатты арттыруды жоспарлап отыр. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1194021?lang=kk
Ұлттық экономика министрлігі халықтың нақты табысы туралы: статистикалық деректерді талдау және Үкіметтің әл-ауқатты арттыру шаралары 03.04.2026
Бүгін Ұлттық статистика бюросы 2025 жылғы күні бұрынғы қорытынды бойынша халықтың нақты табысы индексін жариялады. Халықтың нақты табысының төмендеуінің себебін түрлі талқылаулар мен түсіндірулердің болуын ескере отырып, Ұлттық экономика министрлігі статистикалық көрсеткіштер мен оларды қалыптастыру әдістемесін, сондай-ақ халықтың табысын арттыру жөніндегі шараларды егжей-тегжейлі талдап, ұсынып отыр.ҰСБ деректері бойынша 2025 жылғы қаңтар-желтоқсанның қорытындысы бойынша халықтың нақты кіріс индексі өткен жылғы деңгейге 98,9%-ды көрсетті. Жан басына шаққандағы орташа табыс 238 070 теңге. Табыстың номиналды өсімі +10,2%, ал нақты өсім (инфляцияны ескергенде): -1,1%.Нақты кірістің төмендеуі, экономиканың өсуі әлі де халықтың әл-ауқатына толық әсер етпейтіндігін көрсетеді. Яғни пайданы қайта бөлу мәселесі туындайды. Мұндай жағдай жұмыспен қамтуды арттыру, тұрақты жұмыс орындарын құру, сондай-ақ жаңартылған Халықтың табысын арттыру бағдарламасында қаралған жалақыны арттыру жөніндегі шаралардың өзектілігін көрсетеді.Жылдық динамика және нүктелік мәндерНақты кірістер жағдайы туралы объективті көріністі тек жылдық көрсеткіш беретінін бірден атап өтеміз. Ол маусымдық ауытқулар мен бір реттік инфляциялық ахуалды жұмсартады. Бұл нақты ұзақмерзімді трендті көрсетеді. Желтоқсанда қызу талқыланған халықтың нақты табысының -6% деңгейінде төмендеуі туралы тезис жедел деректерге және «Желтоқсан-желтоқсанға» қағидаты бойынша негізделген. Яғни бір жылдағы жиынтық динамика емес, бір ай шеңберіндегі көрсеткіштің өзгеруін көрсетеді. Бір айдағы деректі (атап айтқанда, желтоқсандағы жедел деректі) экономикалық тұрғыдан жыл бойына сипаттама ретінде пайдалану негізсіз және әдіснамалық тұрғыдан дұрыс емес.Неліктен нақты табыс ЖІӨ-мен бір уақытта өспейдіХалықтың нақты табыс индексінің төмендеу себебінің бірі, жалақы бизнестің пайдасына қарағанда баяу қарқынмен өсуде. Сарапшылардың бағалауы бойынша, компаниялардың 50%-дайы жалақыны үнемдеп, 10%-дан асырмаған. Кейбіреулері бұрынғы деңгейде қалдырған. Бұл алшақтықты тудырады: ЖІӨ өнеркәсіп, қызмет көрсету және экспорт арқылы өссе де, бірақ нақты жұмысшының жалақысына бұл ақша кідіріспен келеді.Неліктен жалақының өсу қарқыны бәсеңдеп отырЕңбекақы қоры компаниялардың тұрақты шығындарын білдіреді. Бюджетті қалыптастыру кезінде көбінесе ірі кәсіпорындар, шығынға ықтимал тәуекелдерді салады. Бұлар бүгінде негізінен сыртқы сипатқа тәуелді. Олардың ішінде логистикалық тізбектің үзілуі, тұрақсыз геосаяси жағдай, санкциялық шектеу, әлемдік бағалар мен валюта бағамының құбылмалылығы және басқалары бар. Бизнес әсер ете алмайтын осы факторлардың барлығы жалақыны белсенді түрде арттыру мүмкіндігін шектейді.Жүйелік проблема: Қазақстанда жалпы экономикадағы (ЖІӨ) жалақының үлесі шамамен 31%. (2024 жылғы қорытынды бойынша). Салыстыру үшін: дамыған елдерде бұл көрсеткіш 40%-дан жоғары. Үкіметтің міндеті – кірістерді әділ бөлу, бизнес тек дивидендтерге ғана емес, кірісті еңбекақыға да көбірек жұмсауы тиіс.Сонымен қатар, халықтың табысы жалақы есебінен ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік трансферттер мен басқа да кірістер есебінен қалыптасады. Оның динамикасы экономиканың өсу қарқынынан өзгеше болуы мүмкін.2025 жылғы 4 тоқсанның қорытындысы бойынша жалдамалы емес жұмыстан түскен табысқа халық табысының 8,3%, зейнетақыға 17,9%, жәрдемақыға 3,3% және т. б. сәйкес келді.Үкіметтің халықтың нақты табысын арттыру жөніндегі басымдықтары мен жоспарларыАзаматтарымыздың нақты табысының өсуін қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың басты басымдығы. Үкіметтің, Ұлттық Банктің және ҚНРДА-ның 2028 жылға дейінгі бірлескен іс-қимыл жоспары іске асырылуда. Оның мақсаты нақты кірістердің +2-3% деңгейінде өсуін қамтамасыз ету. Бұған инфляция деңгейін 2026 жылы 9-11%-ға, 2027 жылы 5,5 - 7,5% - ға, 2028 жылы 5-7% - ға дейін төмендетуге бағытталған шаралар кешені арқылы қол жеткізу жоспарлануда. Бағалар баяу өскен кезде жалақы да көп болады.Бұл үшін бірқатар кешенді шаралар жүзеге асырылуда.1. Теңдестірілген тарифтік саясат.Үкімет өткен жылғы қазанда енгізген коммуналдық қызметтер мен ЖЖМ тарифін көтеру мораторийі өз міндетін орындады. Үкімет инфляцияны тұрақтандырды. Ол алтыншы ай қатарынан баяулап, өткен жылғы қыркүйектегі 12.9%-дан наурызда 11.0%-ға дейін төмендеді. Реттелетін қызметтерге қатысты бұл табиғи монополиялар субъектілерінің операциялық шығындарын оңтайландыру есебінен жүзеге асырылды.Мораторий кезінде ҰЭМ ТМРК «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде қайта есептеу жүргізді.1 сәуірден бастап тарифтік саясат ұстамды түрде жүргізілетін болады. Азаматтарға қаржылық жүктеме мейлінше аз болмақ. ӘМАТ өндірушілері үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімі бағасын ұстап тұру үшін, ал олардың кеңейтілген тізіміндегі 31 түріне (бұл азық-түлік себетінің 23.4%) электр энергиясы мен темір жол тасымалы тарифті 70%-ға дейін төмендететін болады. Әлеуметтік осал топ үшін коммуналдық қызметке жұмсалатын шығынды өтеу арқылы атаулы қолдау шаралары сақталады.Nota bene: Реттелетін қызмет тарифі мен ЖЖМ бағасының өсуінен инфляцияға салым ағымдағы жылы 0,35 пайыздық тармақтан аспайды.2. Бюджет шығыстарын қатаңдатуКонтрциклдік бюджет саясаты шеңберінде республикалық бюджет шығыстарының және Ұлттық қордан трансферттердің өсуін шектеу жөніндегі Бюджет кодексінде көзделген фискалдық қағидалардың қатаң сақталуы қамтамасыз етіледі.Республикалық бюджет шығыстарының ұстамды өсуі және олардың тиімділігін арттыру есебінен олардың ЖІӨ-ге үлесі 2026 жылы 15,1%-ға дейін қысқарады.Ұлттық қордан берілетін трансферттер көлемін қысқартудың жүйелі саясаты жалғастырылады. 2026 жылы соңғы 5 жылда алғаш рет республикалық бюджет Ұлттық қордан нысаналы трансферт бөлінбей, орындалуда. Салыстыру үшін: 2025 жылы 3 трлн 250 млрд теңге нысаналы трансферт бөлінді. Осылайша, ағымдағы жылы бұл қаражат фискалдық арна арқылы экономикаға қосымша инфляциялық қысым көрсетпейді. Бұл ретте Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт 2 770 млрд теңге мөлшерінде айқындалды.Республикалық бюджет тапшылығы 2026 жылы ЖІӨ-ге 2,5%-дан 2028 жылы ЖІӨ-ге 0,9%-ға дейін төмендетіледі.Бюджет шығыстарын оңтайландырудың осы көрсеткіштерінің барлығы бюджет саясатының тиімділігін арттыруға және бюджеттің кіріс базасын кеңейтуге бағытталған шараларды іске асыру есебінен қамтамасыз етілетін болады. Атап айтқанда, көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл, қолданыстағы және тиімсіз салық жеңілдіктерін тексеру, банк секторының қауіпсіздік қорын арттыру және үй шаруашылықтарының артық борыштық жүктемесіне жол бермеу, цифрлық технологияларды қолдана отырып, халықтың әлеуметтік осал топтарын атаулы қолдау шараларын күшейту жөніндегі шаралар кешені есебінен.Халықтың табысын арттырудың кешенді бағдарламасыҚазір Үкімет жұмыспен қамтуды ынталандыру, жалақыны арттыру, кәсіпкерлікті дамыту және тұрақты жұмыс орындарын құру жөніндегі шараларды қамтитын 2029 жылға дейін халықтың табысын арттырудың кешенді бағдарламасын қалыптастыруда. Бұл шаралар:- коммуналдық сала қызметкерлерінің, азаматтық қызметшілердің және ауыл шаруашылығының жалақысын ұлғайту,- еңбекақы төлеу қорының үлесінің өсуі,- өңдеу өнеркәсібінде жаңа жұмыс орындарын құру,- экспортқа бағдарланған кәсіпорындарды қолдау,- комиссиялар мен төлемдер арқылы халықтың қаржылық ауыртпалығын төмендету,- ірі кәсіпорындардың әлеуметтік жобаларын іске асыру және басқалар.2026 жыл біздің азаматтарымыздың табыстарының өсу трендін қалыптастыруға қатысты айқындаушы болады. Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік деректердің ашықтығы мен дұрыс түсіндірілуін қамтамасыз ету үшін әдіснаманы үнемі түсіндіру тәжірибесін жалғастырады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1193554?lang=kk
Серік Жұманғарин ЕЭК-пен кооперациялық жобаларды дамыту мәселелерін талқылады 03.04.2026
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесі Гоар Барсегянмен кездесті.Кездесу барысында Гоар Барсегян қарыз қаражаты бойынша, оның ішінде қазақстандық кәсіпорындардың қатысуымен пайыздық мөлшерлемені субсидиялауды қарастыратын өнеркәсіптегі кооперациялық жобаларды қаржылық қолдау тетігін іске асыру туралы хабардар етті. Қазіргі уақытта ЕЭК-ке 15 жоба келіп түскен. Оның 5-еуі мақұлданса, қалғаны мақұлдаудың әртүрлі кезеңінде қарастырылып жатыр. Бұл жобалардың бірін Қазақстан өзі бастап ұсынса, тағы екеуіне қатысушы болып табылады.Атап айтқанда, 2025 жылғы қаңтарда Ақмола облысындағы «KAZROST Engineering Ltd.» ЖК базасында ауыл шаруашылығы техникасын өндіруді ұйымдастыру жөніндегі қазақстандық кооперациялық жоба мақұлданды. Жоба жинақтаушы және технологиялық жабдық жеткізетін Ресей мен Беларусь кәсіпорындарымен кооперацияда астық жинайтын комбайн кабинасы өндірісін іске қосуды көздейді.Жобаны іске асыру кәсіпорынның өндірістік қуатын жылына 700-ден 1000 бірлікке дейін ұлғайтуға, өндірісті технологиялық қайта жарақтандыруға және жаңғыртуға, сондай-ақ 50 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.Бұдан бөлек, ЕЭК-тің қарауында Алматы облысында сэндвич-панель өндіру жобасы бар. Ол жұмыс істеп тұрған жоғары технологиялық зауытты жаңғыртуға арналған және материал жеткізу мен құрылыс жұмыстарын орындайтын Ресей мен Қырғызстан кәсіпорындарымен кооперацияда іске асырылуда. Жоба кемінде 30 жаңа жұмыс орнын құрып, өндірістік қуатты күшейтеді.Тараптар агроөнеркәсіптік кешендегі қаржылық қолдау тетігін тарату мәселесіне ерекше назар аударды. Қазақстан тарапынан Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК саласындағы бірлескен кооперациялық жобаларға қаржылық қолдауға қатысты 2014 жылғы 29 мамырдағы ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама жобасына қол қою үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді жүргізеді.Серік Жұманғарин терілер мен жүнді қайта өңдеу, ауыл шаруашылығы өнімін кеңінен өңдеу, сондай-ақ Қазақстанда импорттың жоғары үлесі бар тауарларды өндіру саласындағы бірлескен жобаларды басымдықпен дамыту қажеттігін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1192984?lang=kk
Серік Жұманғарин Украина Сыртқы істер министрінің орынбасарымен кездесті 02.04.2026
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Украина Сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Мищенкомен кездесті.Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту перспективасын, сондай-ақ Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссияның қызметін қайта бастау мүмкіндігін талқылады.Екі ел арасындағы негізгі өзара іс-қимыл бағытының бірі агроөнеркәсіп кешені болып қала береді. Кездесуде Қазақстанның бірнеше өңіріндегі сүт шаруашылықтарының бірнеше жылдан бері Украина сүт өндірушілері қауымдастығымен асылтұқымды сүтті малды жеткізу, тауарлы сүт фермаларын басқару саласындағы қазақстандық мамандардың біліктілігін арттыру жөніндегі ынтымақтастығы атап өтілді.2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Украина арасындағы тауар айналымы $415,8 млн-ға жетті. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 5,4%-ға артық ($394,3 млн). Қазақстаннан Украинаға экспорт негізінен ферроқорытпа, тыңайтқыш, күріш және басқа да тауарлардан тұрады. Ал импорт бойынша шоколад және құрамында какао бар басқа да өнімдер, ұн және кондитерлік өнімдер, дәрілік заттар, сүзбе мен ірімшіктер және тағы да басқалар жеткізіледі.Кездесу соңында тараптар іскерлік байланысты жандандырып, МАК қызметін жаңғыртуды пысықтау, сондай-ақ басым секторлардағы, әсіресе, агроөнеркәсіп кешеніндегі ынтымақтастықты арттыру жөнінде келісті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1192448?lang=kk
Цифрландыру, бәсекелестік және ЕАЭО нарығына қол жеткізу 31.03.2026
Премьер-министрдің орынбасары–ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Алқа мүшесі – Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі Максим Ермоловичпен кездесті.Кездесу барысында тараптар бәсекелестік пен монополияға қарсы реттеу саласындағы өзара іс-қимыл мәселесін кеңінен талқылады. Жүйелі өзара іс-қимыл құру, үздік тәжірибелерді үйрену мен салалық органдар арасындағы ынтымақтастықты дамыту тәсілі қаралды.«Мемлекеттік сатып алуды цифрландыру, бәсекелестікті дамыту және ЕАЭО нарығына тең қол жеткізу біздің өзара іс-қимылымыздың негізгі бағыты болып қала береді. Кедергілерді жоюға және бизнестің мүмкіндігін арттыруға арналған жүйелі жұмысты құру маңызды», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.Мемлекеттік сатып алу шеңберінде өзара тауар жеткізуді арттыру, сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер өнімдерінің одақ елдерінің нарығына шығуын қамтамасыз ету тәсілін пысықтауға ерекше назар аударылды. Осы жөніндегі өзара іс-қимыл тетігін одан әрі жетілдірудің маңыздылығы атап өтілді.Сондай-ақ алдағы V Еуразиялық экономикалық форум шеңберінде бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі блоктың іс-шараларын дайындау және өткізу мәселесі бойынша пікір алмасты. Атап айтқанда, мемлекеттік сатып алуды цифрландыру мен жасанды интеллект технологиясын пайдалану, бәсекелестік саясатта заманауи құралдарды қолдану мәселесіне арналған тақырыптық сессиялар талқыланды.«Еуразиялық экономикалық форум — бұл бірегей алаң. Халықаралық ұйымдардың, БРИКС, ЭЫДҰ әріптестерін шақыра отырып, тақырыптық секциялардың мазмұнын молайту маңызды. Қазақстанда жыл сайын Еуразиялық монополияға қарсы форум өткізілсе, бәсекелестік құқық бойынша білім беру бағдарламалары да жұмыс істейді. Біліктілікті арттыру бойынша да жүйелі жұмыс құрылған. Біз ынтымақтастыққа, тәжірибе мен ақпарат алмасуға әзірміз», — деп атап өтті вице-премьер.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар деректер алмасып, сараптамалық өзара іс-қимылға, кадрлық әлеуетті дамытуға, ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1191056?lang=kk
Ақтөбеде жаңа Салық кодексін енгізудің тұжырымдамалық мәселелері талқыланды 31.03.2026
Ақтөбеде жаңа Салық кодексінің нормаларын іске асыруға арналған дөңгелек үстел өткізілді. Алаңда Сенат депутаттары, Ақтөбе облысы әкімдігінің, Қаржымині Мемлекеттік кірістер комитетінің, "Атамекен" ҰКП-ның өкілдері мен өңір кәсіпкерлері кездесті.Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин дөңгелек үстелде сөйлеген сөзінде Салық кодексінің негізгі міндеті, тек заңдағы сандарды өзгерту емес, бизнеске қысымды болдырмайтын жұмыс механизмін құру екенін атап өтті."Реформаны жедел реттеу үшін шұғыл әрекет ету штабына айналған Жобалық кеңсе құрылып, қазірдің өзінде 10 отырыс өткізілді. Бизнестің 64 нақты жағдайы шешіліп, СӘАЖ іске қосу кезіндегі тәуекелдер жойылды. Консультациялық желі мен call - орталықтан бастап, SalykBot-ты қосқанда, цифрлық көмекшілерге дейін қолдау инфрақұрылымы жасалды", - деді Азамат Әмрин дөңгелек үстел барысында.Диалог барысында күшіне енген немесе Салық кодексіне енгізуге дайындалып жатқан түзетулер пакеті айтылды. Атап айтқанда, дәрі-дәрмек импорты ҚҚС-ы бойынша белгісіздік алынып тасталса, дәрі-дәрмектің шекті бағасы енді салықты есепке алмай белгіленеді. Әлеуметтік әділеттілікке ерекше назар аударылуда. Мүгедектігі бар адамдар үшін жыл ішінде топтың ауысуына қарамастан ең жоғары салық шегерімі бекітілетін "сіңіру" қағидаты енгізілуде. Сонымен қатар, энергия экспорттаушылар акциздерден босатылса, кең таралған қазбаларға ПҚӨС-тен түсетін кірістер енді өндіру орны бойынша тікелей өңірлік бюджеттерге жіберіледі.Азамат Әмрин 2026 жылғы 1 наурызда ресми түрде аяқталған өтпелі кезең қорытындысына тоқталды. Ол жеңілдетілген декларация режимін 1,2 миллионнан астам салық төлеуші, оның ішінде қазіргі кәсіпкерлер де, жаңа салық төлеушілердің едәуір бөлігі де таңдағанын атап өтті. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған режимде де жоғары белсенділік көрінеді. Сонымен қатар, бизнестің едәуір бөлігі жалпыға бірдей белгіленген тәртіп шеңберінде жұмысын жалғастыруда. Ол өз еркімен ауысу және таңдау шешімін жасамағандарды автоматты түрде ауыстыру есебінен толықтырылды.Кездесуді қорытындылай келе, Азамат Әмрин жаңа Салық кодексінің нормаларын іске асыру шеңберінде туындайтын бизнестің барлық мәселелері Жобалық кеңседе қаралып, "Атамекен" ҰКП-мен, кәсіпкерлермен, салық консультанттарымен бірлесе талқыланатынын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1190950?lang=kk
Қазақстан Орталық Азиямен сауданы күшейтуде: тауар айналымы 14% - ға, экспорт 22%-ға өскен 29.03.2026
2026 жылғы 25 наурызда Өзбекстан астанасында "Орталық Азия: өнімділіктен өркендеуге дейін. Аймақтық диалог" атты бірінші халықаралық форум өткізілді. Іс-шарада Қазақстанды Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағынаев таныстырды.Форум аймақты дамытудың стратегиялық бағыттарын талқылау үшін үкіметтердің, халықаралық ұйымдардың және іскерлік қоғамдастықтың өкілдерін біріктірді. Еңбек өнімділігін арттыру, агроөнеркәсіптік кешенді жаңғырту, цифрлық трансформация және адами капиталды дамыту басты назарда.Кездесудің түйінді қорытындысы Орталық Азия елдерінің тиімділікке, инновациялар мен білімге негізделген экономикалық өсудің сапалы жаңа моделіне көшу үшін күш - жігерді шоғырландыру ниетін бекіткен Ташкент декларациясына қол қою болды.Өз сөзінде Ерлан Сағынаев аймақтық дамудың тұрақты серпінін және елдер арасындағы өзара сенімнің нығаюын көрсетіп отырғанын атап өтті."Бүгінгі таңда біздің алдымызда жалпы міндет тұр, ол - сандық өсуден өнімділікке негізделген өсуге көшу. Біздің стратегиялық мақсатымыз —тиімділікті тұрақты және инклюзивті өркендеуге айналдыру", - деді ол.Вице-министр аймақтық синергияны күшейтуге қабілетті негізгі бағыттарды белгіледі.Осылайша, өзара сауда ынтымақтастықтың драйверлерінің бірі болып қала береді: 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның Орталық Азия елдерімен тауар айналымы 8,8 млрд АҚШ долларына жетіп, 14,4% - ға артқан. Бұл ретте экспорт 21,7% - ға, 6,6 млрд долларға өсті. Қосымша әлеует рәсімдерді жеңілдетуге және сауда процестерін цифрландыруға байланысты.Көліктік-логистикалық байланыстың дамуы маңызды рөл атқарады. Атап айтқанда, халықаралық қаржы институттарының қолдауымен жүзеге асырылатын "Дарбаза–Мақтаарал" теміржол жобасының маңыздылығы атап өтілді. Желіні іске қосу өткізу қабілеттілігін едәуір арттырмақ.Инвестиция саласында өнімділіктің өсу нүктесіне айналуға қабілетті бірлескен индустриялық аймақтар мен кластерлерді құру үшін Түркі инвестициялық қорының мүмкіндіктерін белсенді пайдалану ұсынылды.Цифрлық трансформацияға ерекше назар аударылады. Қазақстан Astana Hub инфрақұрылымы базасында технологиялық шешімдермен бөлісуге және бірлескен жобаларды дамытуға дайын екенін білдірді.Өсудің негізгі факторы - білім беру ынтымақтастығы, білім алмасу және БҰҰ құрылымдарын қоса алғанда, халықаралық ұйымдармен Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу бойынша бірлескен жұмыс арқылы адами капиталды дамыту.Декларациядан басқа, форум соңында халықаралық әріптестермен бірқатар келісімдерге қол қойылды. Қатысушылар форумды тәжірибелік өзара іс-қимыл, тәжірибе алмасу және аймақтың өнімділігі мен орнықты экономикалық өсуін арттыруға бағытталған бірлескен жобаларды үйлестіру үшін жұмыс алаңы ретінде тұрақты негізде өткізуге келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1187833?lang=kk
Наурыз Ұлттық экономика министрлігінде: дәстүрлер, құрметтеу және жаңа міндеттер 20.03.2026
Бүгін ҚР Ұлттық экономика министрлігінде орталық аппарат, комитеттер және ведомстволық бағынысты ұйымдар қызметкерлерінің қатысуымен салтанатты жиын өткізілді. Бірлікке ұйыстырып, жаңа бастамаларға үндейтін жаңару мерекесі ведомство ұжымын одан әрі біріктіре түсті.ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жиналғандарға арнап, құттықтау сөз сөйледі. Ұжымға арнаған жылы лебізді сөзінде ол наурыздың жаңа кезеңнің бастауы ретінде халқымыздың салт-санасындағы маңыздылығын айрықша атап көрсетті."Жаңа жыл қашанда жаңа міндеттер мен жаңа мүмкіндіктердің кезеңі. Біздің алдымызда тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету бойынша ауқымды мақсаттар тұр. Мемлекеттік қызметшілер осы міндеттерді іске асыруда шешуші рөл атқарып, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосады. Сіздердің кәсіби, жауапкершілік пен адал ниеттеріңіз барлық бастамаларды сәтті жүзеге асыруға мүмкіндік беретініне сенімдімін",-деп атап өтті вице-премьер.Салтанатты жиын аясында марапаттау рәсімі өткізілді. "Экономика саласына қосқан үлесі үшін" медалімен Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және қорғау департаментінің бас сарапшысы Ләззат Керейтбаева, Салық және кеден саясаты департаментінің бас сарапшысы Бақыткүл Сәдуақас, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің бас сарапшысы Алма Жүсіпова, "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ Ғылым жөніндегі кеңесшісі Азамат Нұрсейітов, "Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы" АҚ департаментінің директоры Айгүл Садықова, "Микрография ғылыми-зерттеу институты" РММ экономисі Ақжарқын Қойшегулова, "Заң саласының үздігі" төсбелгісімен Заң департаментінің бас сарапшысы Мұрат Рахметолдин марапатталды.Министрлікте "Наурызнама"онкүндігі аясында бірқатар шаралар өткізілді. Мәдени-танымдық және спорттық жарыстарға 12 құрылымдық бөлімше мен комитеттер қатысты.Кабинеттерді ұлттық нақышта безендіру бойынша "Наурыз шуағы – кабинетімізде" байқауы жарқын оқиғаға айналды. Министрліктің барлық қызметкерлері ұлттық дәстүр мен мәдени құндылықты құрметтеуді паш етіп, белсенділік танытты.Салтанатты жиында байқау нәтижесі атап айтылды: бірінші орынды Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаменті, екінші орынды Стратегиялық талдау және даму департаменті, үшінші орынды Халықаралық экономикалық ынтымақтастық департаменті иеленді. Сондай-ақ арнайы номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1186478?lang=kk
CycleLab: Болашақ экологиясы - студенттік байқаудың финалистері экологиялық жобаларын ұсынды 19.03.2026
Астанада Қазақстанның қайталама шикізатты қайта өңдеушілер қауымдастығы мен «Жасыл даму» АҚ ұйымдастыруымен, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бірлескен ұйымдастыруымен және бас демеуші - ЦентрКредит Банкі қолдауымен «CYCLELAB: Болашақ экологиясы» атты студенттік жобалар байқауының финалдық кезеңі өтуде. Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша 31 өтінімнің ішінен сарапшылар комиссиясы таңдаған 10 үздік жоба финалға шықты.Байқауға Астана қаласының, Ақмола және Қарағанды облыстарының колледждері мен жоғары оқу орындарының 16 мен 30 жас аралығындағы студенттері қатысты. Қатысушылар тұрақты даму бағыттары бойынша жобаларын ұсынды: қалдықтарды қайта өңдеу технологиялары, бөлек жинау шешімдері, ақылды сұрыптау жүйелері, экологиялық қаптама дизайны, логистикаға арналған цифрлық құралдар және экологиялық ағарту.Сарапшылар алқасының бағалау нәтижесі бойынша 10 финалистің ішінен ең перспективалы әрі жан-жақты әзірленген үш жоба жеңімпаз атанады. Финалда қатысушылар жүлде қоры үшін өз бастамаларын қорғайды.Байқау жұмыстарын бағалауды қайта өңдеу саласының, мемлекеттік сектордың, бизнестің және экологиялық қауымдастықтың өкілдерінен құралған кәсіби қазылар алқасы жүргізеді: Қазақстанның қайталама шикізатты қайта өңдеушілер қауымдастығының басқарма төрағасы Батырбек Аубакиров, ЦентрКредит Банкі корпоративтік бизнес филиалы директорының орынбасары Асет Құсайынбеков, «Жасыл даму» АҚ қалдықтармен жұмыс істеуді ұйымдастыру департаментінің бас менеджері Рустем Ускенбаев, эколог және эко-белсенді Айдана Қыдырова, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Коммуналдық қалдықтар басқармасының сарапшысы Дамигуль Рахманбердиева, сондай-ақ тұрақты даму саласының сарапшысы Асыл Оқапова.«Біз жастардың жоғары деңгейдегі белсенділігін және ұсынылған идеялардың сапасын көріп отырмыз. Әсіресе жобалардың практикалық қолданысқа бағытталғаны және Қазақстандағы қалдықтарды басқару жүйесін дамытуға нақты үлес қоса алатыны маңызды», — деп атап өтті Қазақстанның қайталама шикізатты қайта өңдеушілер қауымдастығының басқарма төрағасы Батырбек Аубакиров.CYCLELAB байқауы экологиялық мәдениетті қалыптастыруда және жас жаңашылдарды қолдауда маңызды рөл атқарады. Ол қалдықтарды қайта өңдеу саласындағы инновациялық шешімдерді дамытуға, тұрақты даму қағидаттарын насихаттауға және мемлекет, бизнес пен қоғам арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді.Жалпы жүлде қоры 3 700 000 теңгені құрайтын марапаттау рәсімі 2026 жылдың сәуір айында өтеді. Ұйымдастырушылар бұл бастаманы кеңейтіп, CYCLELAB платформасын экологиялық жобаларды қолдаудың және Қазақстанның «жасыл» экономикасы үшін мамандар даярлаудың тиімді құралы ретінде дамытуды жоспарлап отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1185445?lang=kk
Сенат Қазақстанның орнықты дамуы мен өркендеуін қамтамасыз ету жөніндегі Дүниежүзілік банкпен келісімді ратификациялады 19.03.2026
Сенаторлар «Бір тараптан ҚР Үкіметі және екінші тараптан ХҚДБ, Халықаралық Қаржы Корпорациясы мен Инвестициялар кепілдігі көпжақты агенттігі арасындағы ҚР орнықты дамуы мен өркендеуіне жәрдемдесу мақсатында ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі әріптестік туралы негіздемелік келісімді ратификациялау туралы» ҚР заңын қарастырып, мақұлдады. Әңгіме шығындарды неғұрлым шұғыл және әлеуметтік бағдарланған жобаларға қайта бөлу арқылы мемлекеттік бюджетке түсетін жүктемені азайту туралы.Құжат қарыздар мен гранттық жобаларды мемлекеттік кепілдікпен іске асыру кезінде ұлттық заңнамадан өзгеше нормаларды қолдануды көздейді. Атап айтқанда, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу ережелерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, экологиялық, әлеуметтік, еңбек, гендерлік стандарттарды және Дүниежүзілік банк тобының ақпаратты ашу нормаларын пайдалану ұсынылады.Келісім жобаларды қаржыландыру құралын кеңейтуге және оларды іске асыру кезіндегі рәсімді оңтайландыруға, сондай-ақ мемлекеттің шығыстарын басым жобаларға қайта бөлу есебінен бюджетке түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1185447?lang=kk
Екібастұз экономиканы табысты әртараптандыруды көрсетіп, моноқала санатынан шықты 19.03.2026
ҚР Ұлттық экономика министрлігі еліміздегі моноқалалар тізбесін жаңартты. Тиісті өзгеріс «Қазақстан Республикасы моноқалаларының тізбесін бекіту туралы» ҚР Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 21 қарашадағы №248 бұйрығына енгізілді.ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 10 наурыздағы №75 бұйрығына сәйкес Екібастұз қаласы моноқалалар тізбесінен шығарылды.Тізбені жаңарту Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасын орындау үшін жүргізілді. Құжатта елдің басқа моноқалаларын дамыту үшін Саран қаласының экономикасын әртараптандырудың табысты тәжірибесін тарату міндеті қойылған болатын.Осы жұмыс шеңберінде Ұлттық экономика министрлігі моноқалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуына өнеркәсіп өндірісінің серпіні, инвестициялық белсенділік, кәсіпкерлікті дамыту, жұмыспен қамту құрылымы және экономиканың орнықтылығының басқа да параметрлері секілді 78 негізгі көрсеткіш бойынша кешенді талдау жүргізді.Талдау нәтижесі бойынша, Екібастұз экономиканы әртараптандырудың тұрақты үрдісін, дамудың монопрофильді моделінен біртіндеп шығуды көрсетті. Қала экономикасы теңдестірілген салалық құрылыммен, өнеркәсіптің тұрақты өсуімен және жоғары инвестициялық белсенділікпен сипатталады.Бүгінгі таңда Екібастұз еліміздің энергетика және металлургия саласында шешуші рөл атқаратын маңызды өнеркәсіп орталығы болып отыр. 2025 жылғы қорытынды бойынша қаладағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1 629,4 млрд теңге. Бұл 2024 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда, 28,1%-ға артық. Негізгі капиталға салынған инвестиция 429,8 млрд теңгеге жетіп, өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,2 есе өскен.Халықты жұмыспен қамту экономиканың бірнеше секторы арасында бөлінген. Бұл бір қала құраушы кәсіпорынға тәуелділіктің төмендеуін және монофункционалдылық белгінің жоғалуын көрсетеді. Осыған байланысты, оң әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді ескере отырып, Екібастұзды моноқалалар тізбесінен шығару туралы шешім қабылданды.Жаңартылған бұйрықпен 19 моноқаланың тізбесі бекітілді: Абай, Ақсай, Ақсу, Алтай, Балқаш, Жаңаөзен, Жітіқара, Лисаковск, Қаражал, Кентау, Құлсары, Курчатов, Риддер, Рудный, Сәтбаев, Степногорск, Теміртау, Шахтинск және Хромтау. Осылайша, елдегі моноқала саны 20-дан 19-ға дейін қысқарды.Тізбені өзектендіру моноқалаларға қатысты мемлекеттік саясаттың атаулылығын арттыруға және экономиканың қала құраушы кәсіпорындарға жоғары тәуелділігі сақталатын аумақтарда қолдау шараларын шоғырландыруға бағытталған.Екібастұзды тізбеден шығару қала экономикасының табысты трансформациясының көрсеткіші. Оны әртараптандырудың, кәсіпкерлікті дамыту мен инвестиция тартудағы жүйелі жұмыстың нәтижесі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1184714?lang=kk
Астана мен Алатау қаласының мәртебесі арнайы конституциялық заңдармен бекітіледі 18.03.2026
Жаңа Конституцияның нормаларын жүзеге асыру шеңберінде Астана мен Алатау қаласы үшін ерекше құқықтық режимді айқындайтын заң жобалары әзірленді. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.Заң жобалары Алатау үшін «қарқынды даму қаласының» режимін енгізеді және қалалық ортаның сапасын арттыру үшін Астана мәртебесін нақтылайды. Алатауда озық халықаралық стандарттарды енгізу, пилотсыз көлік пен цифрлық активтерді дамыту жоспарлануда. Елорда үшін қала құрылысы, көші-қон және көлік салаларында басқарудың ерекше тетіктері көзделген. Екі құжат та инвестициялар тартуға және жергілікті мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған.«Алатау қаласы бойынша заң жобасы салық салудың ерекше режимін қолдануды және инвестицияларды қорғауды көздейді. Астана бойынша біз елорданың тұрақты дамуын қамтамасыз ететін басқару ерекшеліктерін бекітеміз. Алатау бойынша Парламентте екінші оқылым 27 наурызға жоспарланған, ал елорда мәртебесі бойынша заң жобасы осы жылдың сәуір айының соңына дейін Мәжіліске енгізілетін болады»,— деп атап өтті Серік Жұманғарин.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1184339?lang=kk
Астанада экологиялық мәдениетті дамытуға үлес қосқан үздік мектептер марапатталды 18.03.2026
Астанада Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасы аясында салтанатты іс-шара өтті. Іс-шара барысында EcoQolday цифрлық жүйесін пайдалана отырып қайта өңдеуге жіберілген қалдықтарды бөлек жинау мәдениетін қалыптастыруда және оқушылар арасында экологиялық білім беруді дамытуда жоғары нәтиже көрсеткен елорданың мемлекеттік мектептері марапатталды.Шараға 300-ге жуық адам қатысты, олардың қатарында білім беру ұйымдарының басшылары, олардың орынбасарлары, мектеп парламенттерінің өкілдері және экология саласының сарапшылары болды. Бағдарлама «Таза табиғат - жарқын болашақ» атты тақырыптық көрмеден басталып, онда қалдықтарды қайта өңдеу мен қайта пайдаланудың мүмкіндіктерін көрсететін жобалар ұсынылды.Астана қаласы мектептері арасындағы байқау жеңімпаздары: бірінші орын - Фариза Оңғарсынова атындағы №77 мектеп-гимназиясы (1825 кг қалдық жиналды),екінші орын - Мағжан Жұмабаев атындағы №65 мектеп-гимназиясы (1236 кг),үшінші орын - Шәкәрім атындағы №56 мектеп-лицейі (570 кг).Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жалпы жобаға Астана қаласының 107 мектебі қатысты.Жоба аясында оқушыларға арналған экологиялық білім беру іс-шаралары өткізілді, сондай-ақ қалдықтарды бөлек жинауға арналған 2730 экоурна орнатылды. Бұл оқушылардың экологиялық белсенділігін айтарлықтай арттырды.Құттықтау сөз сөйлегендер қатарында Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазиев, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті директорының орынбасары Абылай Алмұханов, сондай-ақ «Халықаралық экологиялық академия» мекемесінің президенті Айгүл Абдуалиева болды.«Экологиялық мәдениетті ерте жастан қалыптастыру - бұл ел болашағына салынған стратегиялық инвестиция. Бүгінгі оқушылар қоғамда экологиялық жауапты мінез-құлықтың насихаттаушыларына айналуда», - деп «Жасыл даму» АҚ Инвестициялық жобалар департаментінің директоры Серікбол Қалиақбаров атап өтті.Іс-шараның негізгі мақсаты - қалдықтарды бөлек жинау тәжірибесін ілгерілетуде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізген білім беру ұйымдарын ынталандыру, сондай-ақ жас ұрпақ арасында экологиялық жауапкершілікті нығайту болды. Байқау үздік тәжірибелермен алмасуға және білім беру үдерісіне тұрақты шешімдерді енгізуге тиімді алаңға айналды.«Таза Қазақстан» бастамасы мектеп оқушыларында қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыруға, тұрақты тұтыну дағдыларын дамытуға және ұлттық экологиялық күн тәртібін қолдауға бағытталған. Ұйымдастырушылар бұл бағыттағы жұмыстардың жалғасатынын атап өтті. Биылдың өзінде облыстық маңызы бар 15 ірі қаладағы мемлекеттік оқу орындарында білім беру іс-шараларын өткізу жоспарланған. Ерекше назар мектеп оқушыларын кеңінен қамтуға және экологиялық ағартудың жаңа, заманауи форматтарын енгізуге аударылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1184360?lang=kk