Enbekshi QazaQ

Қуқық

Өңір орталығында ашылған жаңа кәсіпорында жұмысшы мамандарға сұраныс артып келеді 18.11.2025
Қонаев қаласында жуырда іске қосылған «Қапшағай Бидай Өнімдері» ЖШС-де өндірістік үдеріс біртіндеп қарқын алып жатыр.Кәсіпорын үш негізгі өнім түрін шығарады: өсімдік майы, құрама жем және ұн. Жаңа өндіріс ошағы қала тұрғындарын жұмыспен қамтуға да елеулі үлес қосуда.Басшылықтың айтуынша, алғашқы кезеңде білікті мамандар тапшылығы байқалған. Қазір бұл мәселе жүйелі түрде шешілуде.«Біз өңірдің түрлі ауылдарынан кәсіби мамандарды тартып, іріктеу жұмыстарын жүргіздік. Қызметкерлер үшін оқыту курстары ұйымдастырылды, жастарды дайындау қолға алынды. Бүгінде кәсіпорында 300-ден астам адам еңбек етеді», – деді кәсіпорын басшысының орынбасары Самат Бердикұлов.Комбикорм шығаратын негізгі учаскелердің бірін инженер Сергей Бедарев басқарады. Бұған дейін ол Қонаевтағы басқа зауытта жұмыс істеп, енді жаңа кәсіпорында өндіріс бөлімінің үйлесімді жұмысын қамтамасыз етеді.- «Менің мамандығым – инженер. Өндірісте дәлдік пен жауапкершілік бірінші орында. Әрбір кезең кәсіби көзқарас пен мұқият бақылауды талап етеді», – дейді ол.Оның жетекшілігіндегі учаскеде тәулігіне 1500 тоннаға дейін құрама жем өндіріледі. Ол өнім сапасын және технологиялық талаптардың орындалуын тұрақты қадағалап отырады.Айта кетейік, Мемлекет басшысы 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялаған болатын. Бұл бастаманың негізгі мақсаты – еңбек адамының мәртебесін көтеру және техникалық мамандардың қоғамдағы рөлін арттыру. Қонаев қаласындағы жаңа кәсіпорын осы міндеттің нақты көрінісі болып отыр: мұнда жаңа жұмыс орындары ашылып, кәсіби шеберлердің еңбегі лайықты бағалануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1107646?lang=kk
Әлеуметтік тауарлар бағасын негізсіз көтерген сатушыларға 50,8 млн теңгеге жуық айыппұл салынды 18.11.2025
Министерство торговли и интеграции РК продолжает системную работу по предотвращению нарушений в сфере торговой деятельности и сдерживанию роста цен на социально значимые продовольственные товары. На постоянной основе по всей стране действуют региональные комиссии, которые расследуют посреднические схемы и анализируют цепочки ценообразования, позволяя оперативно выявлять непродуктивных посредников и случаи необоснованного удорожания продуктов. С начала текущего года местные исполнительные органы провели 960 заседаний региональных комиссий. В ходе этой работы выявлено 2727 непродуктивных посредников и фактов превышения торговой надбавки. По 2342 случаям составлены административные протоколы, а 385 посредников исключены из цепочек поставок. Эффективность деятельности комиссий повышена за счет участия представителей АФМ, АЗРК, КГД и других государственных органов. На заседания приглашаются производители и предприниматели, которым разъясняются требования законодательства, включая соблюдение нормы торговой надбавки. Параллельно продолжается совместный анализ электронных счетов-фактур в рамках пилотного проекта по прослеживаемости социально значимых продовольственных товаров. Этот инструмент позволяет быстро выявлять необоснованное повышение цен и наличие лишних посреднических звеньев. С начала года проанализировано более 10 миллионов цепочек поставок, в которых выявлено 914 рисков нарушения торгового законодательства. По итогам этой работы территориальными департаментами вынесено 2438 административных постановлений за превышение торговой надбавки свыше 15 процентов по статье 204-4 КоАП РК. Среди них 1267 штрафов на сумму более 50,8 миллиона тенге и 1171 предупреждение. Анализ ЭСФ также позволил установить конкретные случаи необоснованного завышения цен на социально значимые товары. К примеру, в Западно-Казахстанской области ИП «Жулдыз» закупала соль «Илецкая» по 55 тенге за кг, реализуя её по 90 тенге. Торговая надбавка составила 63,6%. В области Ұлытау ИП Байкенжинова З.М. приобретала подсолнечное масло «Шедевр» (1 л) у АО «Eurasian Foods Corporation» и продавала его по 1100 тенге, допустив надбавку 22,22%. В Костанайской области ИП Кащенко И.Л. закупала лук и реализовывала его по завышенной цене 150 тенге за кг, при торговой надбавке 50%. По итогам выявленных нарушений в отношении указанных предпринимателей применены меры административного реагирования за превышение допустимой торговой надбавки в соответствии со статьёй 204-4 Кодекса Республики Казахстан об административных правонарушениях.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1107560?lang=kk
Алматыда Қарулы күштер дене шынықтыру дайындығы мамандарының оқу-әдістемелік жиыны қорытындыланды 18.11.2025
Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлы атындағы әскери-спорт колледжінде Қазақстан Қарулы күштерінің дене шынықтыру және спорт бастықтарының оқу-әдістемелік жиыны аяқталды. Іс-шараға әскерлерде дене шынықтыруды ұйымдастыруға жауапты 50-ден аса маман қатысты.Жиын бағдарламасы мазмұнды болды. Жеңіл атлетика, қоян-қолтық ұрыс, таңертеңгілік жаттығулар, спорттық жұмыс мәселелері бойынша әдістемелік сабақтар. Қатысушылар сонымен қатар шетелдік тәжірибені зерделеп, теориялық, әдістемелік және практикалық сынақтардан өтті.Марапаттау рәсімі Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің төрағасы полковник Арман Әбеуовтың басшылығымен өтті. Ол өз сөзінде нұсқаушылардың кәсіби жұмысы бөлімшелердің жауынгерлік дайындығына және армияның спорттық дәстүрлерінің дамуына тікелей әсер ететінін атап өтті.Сынақ қорытындысы бойынша Әуе қорғанысы күштері әскери институтының офицерә майор Дархан Кесікбаев Қарулы күштердің дене шынықтыру дайындығының үздік маманы болып танылды. Екінші орынды «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының офицері лейтенант Бектөре Назашов, үшінші орынды «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының өкілі майор Ақылбек Сәбитов иеленді.Бұдан басқа дене шынықтыру бойынша байқау-конкурстың қорытындысы шығарылды. Әскери бөлімдер арасында 12881, 28903, 35950, 32039 әскери бөлімдері, Ұлттық қорғаныс университеті және Құрлық әскерлері бас қолбасшысының басқармасы жеңімпаз атанды.Қарулы күштердің XXII Спартакиадасы аясында ерлер арасында Бекнұр Нұрақынов, әйелдер арасында Елена Леонова үздік спортшы болып танылды. Жеңімпаздарға спорттық сағаттар, рюкзактар мен грамоталар табыс етілді.Жеке құрамды даярлауға қосқан жоғары үлесі үшін Десанттық-шабуылдау әскерлері дене шынықтыру даярлығының бастығы майор Марат Ағамбаев спорттық сағатпен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1107070?lang=kk
Қазақстан аймақтық әріптестікті нығайту, орнықты даму құндылықтарын ілгерілетуді жалғастыруда 18.11.2025
2025 жылғы 17 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев Мәскеуде өткізілген Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) орнықты даму жөніндегі форумына қатысты. Іс–шара ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің үкімет басшылары кеңесінің отырысы аясында өткізілді. Оны ШЫҰ Хатшылығының қолдауымен Орнықты даму мақсаттарына (ОДМ) қол жеткізу үшін Ресей Федерациясы Президентінің Халықаралық ұйымдармен байланыс жөніндегі арнайы өкілінің аппараты ұйымдастырды.ШЫҰ Бас хатшысы Нұрлан Ермекбаев және Ресей Федерациясы Президентінің ОДМ-ға қол жеткізу үшін халықаралық ұйымдармен байланыс жөніндегі арнайы өкілі Борис Титов форум қатысушыларына арнап, сөз сөйледі.Форум барысында ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев Қазақстандағы орнықты даму мақсаттарының іске асырылу барысы туралы ақпарат беріп, олардың мемлекеттік жоспарлау мен бюджеттеудің ұлттық тетіктеріне интеграцияланғанын атап өтті. Ол ШЫҰ шеңберіндегі ынтымақтастықты тереңдету тұрақты экономикалық өсуді жеделдету, практикалық шешімдер алмасу және аймақтық дамудың жаңа моделін қалыптастыру үшін қосымша мүмкіндік туғызатынын атап өтті.Форум мемлекеттік органдардың, сараптамалық және ғылыми қоғамдастықтың, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің іскер топтары мен қоғамдық ұйымдарының, сондай-ақ диалог бойынша бақылаушы және әріптес елдер өкілдерін біріктірді. Қатысушылардың көп болуы ұйымның аймақтық күн тәртібіндегі орнықты даму тақырыбының барған сайынғы маңыздылығын растайды.Іс-шара бағдарламасы 2030 жылға дейінгі Орнықты дамудың күн тәртібін іске асырудың негізгі аспектісін талқылауға және озық ұлттық тәжірибелерді алмасуға арналды. Пікірталас шеңберінде ОДМ-2030-ға қол жеткізудің әлемдік прогресіне шолу, ШЫҰ елдерінде ОДМ-ны ілгерілету туралы баяндамалар ұсынылып, сондай-ақ әлеуметтік жауапты бизнес мәселесі, ESG-тәсілдерді дамыту мен олардың экономиканың тұрақты трансформациясын жеделдету рөлі талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1107030?lang=kk
Қорғаныс министрінің орынбасары іс-сапармен Ақтау гарнизонына барды 18.11.2025
Жұмыс сапары барысында Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары вице-адмирал Серік Борамбаев әскери басқарудың тиімділігін арттыру, тәртіпті нығайту және әскери қызметшілердің қызмет ету жағдайларын жақсарту бағытында бірқатар іс-шаралар өткізді.Теңіз жаяу әскерлері бригадасының мәдени-демалыс орталығында вице-адмирал Борамбаев Ақтау гарнизонының барлық әскери бөлімдерінің офицерлері және сержанттарымен кездесті. Іс-шараға одан өзге «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Бауыржан Артықов, Ақтау гарнизонының әскери прокуроры әділет майоры Саян Акиров, «Отбасы банк» қызметкерлері және әскери бөлім командирлері қатысты.Кездесу барысында әлеуметтік қолдау, тұрғын үй бағдарламаларының жүзеге асырылуы, әскери инфрақұрылымның сапасы, жеке құрамның кәсіби өсу перспективалары, сондай-ақ «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында қаржылық сауаттылықты арттыру мәселелері талқыланды.Әскери қызметшілер Қорғаныс министрлігі басшылығына тікелей сұрақтар қойып, қызмет пен тұрмыс жағдайларын жақсарту жөнінде ұсыныстарын айтты.Ақтауда вице-адмирал Серік Борамбаев Маңғыстау облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментіне де барды. Онда ол шақыру науқанының барысын тексеріп, комиссия жұмысының ұйымдастырылуымен танысты, әскери қызметшілермен және шақырылушылармен сөйлесті. Тексеру қорытындысы бойынша ол шақыру комиссияларының жұмыс сапасы мен ашықтығын арттыруға бағытталған бірқатар тапсырмалар берді.Жаңаөзен қаласында ол әуе шабуылына қарсы қорғаныстың жеке радиолокациялық ротасында болып, әскери қызметшілердің тұрмыс жағдайларын көрді. Министрдің орынбасары казарманы, асхананы, оқу сыныптарын қарап, мерзімді қызмет атқаратын сарбаздармен әңгімелесті. Бөлімшенің техникалық жарақтандырылуына, жеке құрамның дайындық деңгейіне және қызметті толыққанды атқаруға жасалатын жағдаймен қамтамасыз етілуіне ерекше назар аударылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1106976?lang=kk
Алматы облысының Талғар ауданында негізгі инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда 17.11.2025
Алматы облысының әкімдігі өңірдің барлық аумағын кешенді дамытуға ерекше көңіл бөлуде. Облыс құрамына тоғыз аудан кіреді — Балқаш, Еңбекшіқазақ, Іле, Жамбыл, Қарасай, Райымбек, Кеген, Ұйғыр және Талғар аудандары.Бүгінде солардың ішінде ең қарқынды дамып келе жатқан аудандардың бірі – Талғар ауданы. Мұнда заманауи инженерлік инфрақұрылымды қажет ететін жаңа әлеуметтік және коммерциялық нысандардың құрылысы мен қайта жаңғырту жұмыстары белсенді жүріп жатыр.2025 жылы 13 елді мекенді газдандыруға бағытталған құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасуда. Жобаларды жүзеге асыруға 11 млрд теңге бөлінді: 250 млн теңге – республикалық бюджеттен, 8,5 млрд – жергілікті бюджеттен, 2,2 млрд – «Самұрық-Қазына» қорынан.Газдандыру Балқаш, Жамбыл, Қарасай, Ұйғыр аудандарында, Алатау және Қонаев қалаларында жүргізілуде. Үш жоба 2023 жылдан өтпелі.Талғар ауданында Кіші Байсерке және Еламан ауылдарындағы екі нысан толық аяқталды. Сонымен бірге инвесторлар Нұра, Өстемір, Туғанбай, Қаратұған, Достық және Жаналық ауылдарын қамтитын 10 елді мекенді газдандыру жобаларын іске асыруда. Барлық жұмыстар 2026 жылдың соңына дейін аяқталуы жоспарланған.2025 жылы электрмен қамтамасыз етудің 25 жобасына 6,7 млрд теңге бөлінді. Жұмыстар Іле, Жамбыл, Қарасай, Еңбекшіқазақ аудандарында, Алатау және Қонаев қалаларында жүргізілуде.Талғар ауданында Қызылқайрат, Нұра, Кіші Байсерке, Амангелді, Гүлдала және Кендала елді мекендерінде алты жоба толық аяқталды.398 км-ден астам электр желісі салынып, қайта жаңғыртылды, бұл 120 мыңнан астам тұрғынды тұрақты электрмен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ қосымша 1 185 км желіні және 871 трансформаторлық қосалқы станцияны жөндеп, инфрақұрылымның тозу деңгейін 72%-дан 66%-ға дейін төмендетті.2025 жылы 43 сумен жабдықтау жобасы (оның 30-ы – 2024 жылдан өтпелі) және кәріз жүйелерін салу бойынша 20 жоба іске асуда. Жалпы қаржыландыру көлемі – 28,9 млрд теңге. Қаражат республикалық және жергілікті бюджеттерден, «Самұрық-Қазына» қорынан және арнайы мемлекеттік қордан бөлінген.Сумен қамту желілерін салу және қайта жаңғырту бойынша жалпы құны 34 млрд теңгені құрайтын 18 жобалық-сметалық құжат (ПСД), ал кәріз желілері бойынша 1,4 млрд теңгеге екі ПСД әзірленді.Талғар ауданының Орман ауылын қоса алғанда, 11 блок-модульді су тазарту станциясын орнату жоспарланған.Жобалар іске асырылғаннан кейін 898 км инженерлік желі салынып, жаңғыртылады. Ауылдық елді мекендерде орталықтандырылған сумен қамту деңгейі 99,6%-ға жетеді деп күтілуде.Сонымен бірге Еламан ауылындағы және Талғар қаласындағы нысандарды қоса алғанда, алты проблемалық ұзаққа созылған құрылыс бар.Талғар ауданында 441 көпқабатты үй бар. 2018–2024 жылдары оларды жылумен қамту үшін 38 блок-модульді қазандық орнатылды. Бұл 177 үйді тұрақты жылумен қамтамасыз етті. Қазандықтарды «Талғар Жылу» МКК басқарады.2024 жылдан бастап 15 жаңа қазандық салу жобасы іске асырылуда. Биыл 1,7 млрд теңгеге тоғыз нысанның құрылысы аяқталып, 26 үй мен 1 630 тұрғын жылумен қамтамасыз етілді.Қазіргі уақытта Талғар қаласында үш қазандық бойынша жұмыстар жалғасуда. Бір жоба 2026 жылға қаржыландыруға ұсынылды, тағы екеуі мемлекеттік сараптамадан өтуде. Қарабулак ауылындағы блок-модульді газ қазандығы бойынша құжаттар қайта өңделіп, сараптамаға жіберілді. 2025 жылы Алматы облысында инженерлік инфрақұрылым – электр, газ, су және жылумен қамту салаларында ауқымды жұмыс жүргізілді.Барлық жобалар халықтың өмір сапасын жақсартуға, коммуналдық қызметтердің тұрақтылығы мен сенімділігін арттыруға, сондай-ақ инженерлік желілерді жаңғыртуға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1106948?lang=kk
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен өзара іс-қимылды одан әрі дамыту талқыланды 17.11.2025
Астана, 2025 жылғы 17 қараша – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Түркі инвестициялық қорының (ТИҚ) Президенті Бағдад Әміреевпен кездесу өткізді.Кездесу барысында сұхбаттастар ТИҚ аясындағы өзара іс-қимыл мәселелерін және ү.ж. 7 қазанда Габалада өткен Түркі мемлекеттері ұйымының 12-ші саммитінің қорытындыларын талқылады.Министр Қазақстан Қордың дамуына зор мән беретінін атап өтіп, оның түркі және ислам әлеміндегі экономикалық ынтымақтастықтың маңызды тетігіне айналуы тиіс екенін айтты.Өз тарапынан Б.Әміреев Қорды институцияландыру процесін аяқтау және оның жобалық портфелін қалыптастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы хабардар етті.Келіссөздер барысында тараптар өзекті экономикалық мәселелер бойынша пікір алмасты, сондай-ақ Қордың басқа халықаралық құрылымдармен өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, Ислам ынтымақтастығы ұйымы аясында жұмыс істейтін Ислам даму банкі және Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы сияқты исламдық қаржыландыру институттарымен ықпалдастық мүмкіндіктері қарастырылды.Түркі инвестициялық қоры 2022 жылғы 11 қарашада ТМҰ-ның 9-шы саммитінде құрылды. Қордың мүшелері – Әзербайжан, Мажарстан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан. Қордың мақсаты – өңірлік сауданы кеңейту және экономикалық қызметті қолдау арқылы ТМҰ-ға мүше мемлекеттердің экономикалық дамуына жәрдемдесу.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1106912?lang=kk
ТАРИХИ ТАҢДАУ: ЕГЕМЕНДІК ДЕКЛАРАЦИЯСЫНА 35 ЖЫЛ 17.11.2025
Қостанайда ашық сұхбат алаңы өтті.Қостанайда Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның қабылдануына 35 жыл толуына арналған маңызды қоғамдық шара өтті. 17 қараша күні Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің Смарт орталығында өткен «Тарихи таңдау» атты сұхбат алаңы аймақтың сарапшылары мен белсенді жастарын бір арнаға тоғыстырды. Жиынға мемлекеттік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы және студенттері қатысты.Шараны модератор Бәкір Марғұлан Абдоллаұлы ашып, қонақтарды таныстыра отырып, 1990 жылы қабылданған Декларацияның Қазақстанның болашақ тәуелсіздігіне жол ашқан тарихи һәм саяси мәнін атап өтті. Оның айтуынша, бұл құжат елде жаңа қоғамдық ойдың, жаңа саяси кезеңнің қалыптасуына серпін берген.Алғашқы сөз Қазақстан тарихы кафедрасының қауымдастырылған профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Айбек Батырханович Шалгимбековке берілді. Ол Декларацияның құқықтық және саяси салмағын жан-жақты ашып, оның сол кезеңдегі қоғамдық өзгерістердің қозғаушы күші болғанын атап өтті. Ғалымның айтуынша, бұл тарихи акт ұлттық сана мен мемлекеттік дербестік идеясын нығайтты.Келесі болып сөз алған гуманитарлық ғылымдар магистрі, философия кафедрасының оқытушысы және факультет деканының орынбасары Руслан Батырханович Жусупов егемендік ұғымының қазіргі қоғамдағы құндылықтар жүйесімен байланысын талдады. Ол бүгінгі буынның тарихи сабақтастықты түсінуі мемлекеттің әрі қарайғы дамуына ықпал ететінін алға тартты.ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының доценті, полиция подполковнигі Мырзабек Сардарбекұлы Тойғанов өз сөзінде егемендік алғаннан кейін құқық қорғау саласында жүргізілген реформаларға тоқталды. Оның айтуынша, мемлекеттік тәуелсіздік – құқықтық жүйені жаңғыртуға және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жаңа мүмкіндіктер ашқан маңызды кезең.Жиынға қатысқан жастар өкілі, 3 курс студенті және «Жастар Рухы» жастар қанатының жетекшісі Еркеназ Пернебекқызы Есенбет қазіргі жастардың азаматтық белсенділігі мен тарихи санасының маңызын ерекше атап өтті. Ол егемендікті ұлықтау — ұлттық бірегейлік пен жауапкершілікті күшейтетін құндылық екенін жеткізді.Басқосу мазмұнды пікір алмасумен жалғасып, қатысушылар тарихи датаның бүгінгі қоғам үшін маңызын әр қырынан талқылады. Егемендік жылдарындағы түбегейлі өзгерістер сараланып, жастардың осы құндылықтарды ұғынуындағы рөлі сөз болды.Шара соңында модератор Марғұлан Абдоллаұлы Қазақстанның егемендікке жасаған тарихи қадамы — ұлт тағдырындағы шешуші кезең екенін атап, мұндай кездесулердің жас ұрпаққа бағыт-бағдар берудегі рөлін ерекше бағалады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1106894?lang=kk
Қазақстан СІМ басшысы Оңтүстік Корея Сыртқы істер министрінің арнайы өкілімен кездесу өткізді 17.11.2025
Астана, 2025 жылғы 17 қараша – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Корея Республикасы Сыртқы істер министрінің арнайы өкілі Пэк Чу Хёнді қабылдады.Сұхбат барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-корей кеңейтілген стратегиялық серіктестігінің даму перспективаларын талқылады.2026 жылы «Орталық Азия – Корея Республикасы» форматы шеңберіндегі іс-шараларды қоса алғанда, биік және жоғары деңгейдегі бірлескен іс-шараларды дайындауға ерекше назар аударылды.Министр Оңтүстік Корея Қазақстанның Азиядағы маңызды серіктесі және өңірлік әрі халықаралық алаңдарда көпжақты өзара әрекеттестікті нығайтуға елеулі үлес қосатынын атап өтті.Сұхбаттастар өзара сауда мен инвестициялардың өсуіне ықпал ететін бірлескен жобаларды дамытуға мүдделілік білдірді.Кездесу қорытындысы бойынша өзара құрмет пен сенімділікке, сонымен қатар серіктестік қатынастарды дәйекті дамытуға деген ұмтылысқа негізделген белсенді саяси диалогты жалғастыруға ортақ дайындық расталды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1106785?lang=kk
ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Эстония Республикасының Әділет және цифрлық даму министрі Лииса Пакостамен кездесті 17.11.2025
Кездесу барысында тараптар екі министрліктің қызметі және құқық саласындағы негізгі жұмыс бағыттары туралы ақпарат алмасып, әріптестік мәселелерін талқылады.Мемлекеттік қызметтерді цифрландырудағы маңызды жетістіктерге, заң шығару процесіне цифрлық шешімдерді енгізу тетіктерін жетілдіруге, электрондық нотариат жүйесін одан әрі дамытуға, атқарушылық өндірісті цифрлық трансформациялауға, сондай-ақ авторлық сыйақыны төлеу процесін автоматтандыру заманауи шешімдеріне ерекше назар аударылды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өткен диалогтың нәтижелілігін атап өтіп, конструктивті ынтымақтастық пен әріптестік өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға дайын екендерін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/1106799?lang=kk
БАҚ өкілдері Қазақстанның оңтүстігіндегі әскери-медициналық мекемелердің жұмысымен танысты 17.11.2025
Республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі Қорғаныс министрлігінің медициналық мекемелеріне барды.Журналистер мен блогерлер Талдықорған, Сарыөзек, Қонаев, Алматы және Гвардейск гарнизондарында мерзімді қызметтегі сарбаздарға көрсетілетін медициналық қамтамасыз ету, тамақтандыру және тұрмыстық ахуалмен танысты.Баспасөз турына Қорғаныс министрінің тыл және әскери инфрақұрылым жөніндегі орынбасары генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров жетекшілік етті. Талдықорғанда өткен баспасөз конференциясында ол Қарулы күштердің көп деңгейлі медициналық қамтамасыз ету жүйесінің дамуы жайлы мәлімдеді.Оның айтуынша, бүгінде Қазақстан Қарулы күштерінде 16 әскери-медициналық мекеме, оған қоса тәулік бойы көмек көрсететін 130-дан астам тактикалық медициналық бөлімше жұмыс істейді. Жүйеде 2300-ден аса маман қызмет атқарады. Бұдан басқа әскери қызметшінің цифрлық денсаулық паспортының енгізілуін және денсаулық жағдайын талдауда, ауруларды ерте анықтауда жасанды интеллект технологияларын қолдану перспективаларын да атап өтті.Сапар барысында БАҚ өкілдері әскери қызметшілерді емдеу жағдайларын және заманауи медициналық жабдықтардың жұмысын бағалады. Қатысушыларға амбулаторлық, қабылдау, терапиялық және хирургиялық бөлімшелер, басқа да жоғары технологиялы диагностикалық жүйелермен жабдықталған зертханалар көрсетілді. Мобильді далалық жұқпалы аурулар госпиталі, операциялық-реанимациялық кешен, санитарлық-эпидемиологиялық зертхана және дезинфекциялық-жуыну кешені сапар барысында ерекше назарға ие болды.Журналистер Құрлық әскерлерінің оқу-жаттығу орталығындағы 800-ден астам әскери қызметшіні қамтамасыз ететін монша-кір жуу комбинатына барды. Мұнда жылдық кір жуу көлемі 220 мың келіден асады, ал бұл кешен сағатына 180 адамға дейін қабылдай алады. Бұдан бөлек, олар азық-түлік пен жанар-жағармай сапасын бақылау зертханаларының жұмысымен танысты.Баспасөз турына қатысушылар әскери-медициналық мекемелердің жұмысын, олардың жабдықталуы және жеке құрамның денсаулығына жасалатын қамқорлық деңгейі туралы жан-жақты білдік деп атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1106576?lang=kk
Астанада 200-ден астам сарбаз Отанға адал болуға ант берді 17.11.2025
«Отан қорғаушылар» алаңында астаналық 68665 әскери бөлімі жас сарбаздарының әскери ант қабылдау рәсімі өтті.Салтанатты сәтке куә болу және сарбаздарды қолдау үшін Құрлық әскерлерінің басшылығы, құрметті қонақтар, Қарулы күштердің ардагерлері, астаналық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілдері және жас сарбаздардың туған-туыстары келді.Дәстүр бойынша «Отан Ана» монументіне гүл шоқтары қойылып, қатысушылар қазақ сарбаздарының ерлігін бір минут үнсіздікпен еске алды.Салтанатты шарада әскер қатарына енді қосылған жас өрендерді Құрлық әскерлері бас штабының бастығы – бас қолбасшының бірінші орынбасары генерал-майор Қуанышбек Үштаев құттықтады.– Бүгінгі күн сендер үшін де, бүкіл мемлекет үшін ерекше күн. Сендер Отан алдында ант беріп, халқымыздың тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғауға үлкен қадам жасадыңдар. Ант – жай сөз емес, бұл әрбір ер азаматтың өмірлік принципі, абыройы мен қадір-қасиеті. Қызмет сендерге берік тәрбие және болашақ жетістіктердің бастауы болады деп сенемін, – деді ол.Айта кетейік, жас сарбаздар астаналық бригадаға еліміздің әртүрлі өңірінен келген. Солардың бірі – Түркістан облысынан келген Ернұр Досымхан – әскерге өз еркімен шақырылғанын айтты.– Мен көпбалалы отбасында өскенмін. Он үш бауырым бар. Әрине, оларды сағындым, дегенмен әскери тәжірибе менің болашақ өмірімде қажет болады деп білемін. Мен үлкен отбасыма тірек болуым керек. Біз ант қабылдауға барынша дайындалдық. Жас жауынгер курсында көп нәрсе үйрендім және әскердің тыныс-тіршілігіне етім үйреніп қалды, – деді ол.Сонымен қатар салтанатты шарада 68665 әскери бөлімнің екі офицеріне – капитан Сұңғат Қабдыровқа және аға лейтенант Ернар Кенжебайға Қарулы күштердің ардагері генерал-майор Әлихан Жарболов мерейтойлы медалін тапсырды.Ант қабылдағаннан кейін сарбаздар алаң арқылы салтанатты марш жасап өтті. Содан кейін олар әскери-патриоттық әндерді орындады. Іс-шара қоян-қолтық ұрыс элементтерінің көрсетілімі және құрмет қарауыл ротасының әскери дефиле көрсетуімен аяқталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1106145?lang=kk
Құрметті ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібінің еңбеккерлері мен ардагерлері! 16.11.2025
Ағымдағы жылдың 14 қарашасында Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің екінші форумында сөйлеген сөзінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ауыл шаруашылығы саласы әрқашан мемлекеттің назарында екенін атап өтті. Ол осы саланың қарқынды дамуына ерекше мән беретінін атап өтті.Ел Президенті барлық ауыл шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, бұл нағыз еңбек адамдарын құрметтейтін күн екенін атап өтті.Өз тарапымнан баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!Сіздердің еңбектеріңіз - елдің азық-түлік қауіпсіздігінің негізі және өңір экономикасының дамуына маңызды үлес болып табылады. Сіздердің адалдықтарыңыздың арқасында агроөнеркәсіптік кешен тұрақты дамып келеді, ал облысымыздың өнімдері тек аймақ ішінде ғана емес, одан тыс жерлерде де сұранысқа ие.Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, дәнді дақылдар, майлы дақылдар, картоп пен көкөністердің лайықты өнімі жиналды. Астықтың жалпы өнімі 7 миллион тоннаға жетті - бұл соңғы онжылдықтағы ең жақсы нәтиже. Мал шаруашылығы дамып келеді: мал мен құс саны артып, ет, сүт және жұмыртқа өндірісі өсуде.Өңірімізде жаңа инвестициялық жобалар іске асырылуда, шаруашылықтар жаңғыртылуда, тауарлы сүт фермалар салынуда және дамуда, қайта өңдеу қуаттары кеңейтілуде. Бұл бастамалар жұмыс орындарын ашып, аграрлық сектордың өсуіне ықпал етеді.Барлық дала мен фермалардың қызметкерлеріне, шаруа қожалықтарының мамандары мен басшыларына, тамақ өнеркәсібінің ғалымдары мен қызметкерлеріне еңбегі, кәсібилігі және туған жеріне адалдығы үшін алғыс айтамын.Сіздерге денсаулық, амандық, күш-қуат және болашаққа деген сенімділік тілеймін. Еңбектеріңіз облыс ауылдарына қуаныш, ырыс-береке әкелсін! Мерекелеріңізбен!Қостанай облысының әкімі  Қ. АқсақаловАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1106098?lang=kk
Қазақстан мен Өзбекстан Әділет министрліктері арасында ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылды 16.11.2025
2025 жылдың 14–15 қарашадағы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға мемлекеттік сапары аясында ҚР Әділет министрлігі мен Өзбекстан Республикасы Әділет министрлігі арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында 2026–2027 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылды.Аталған бағдарлама зияткерлік меншік саласында өзара әрекеттесуді, сот сараптамасын цифрландыру саласындағы зерттеу және тәжірибе алмасуды, сондай-ақ нотариат саласындағы цифрландыру мәселелерін және өзге де бағыттар бойынша ынтымақтастықты қамтиды.Осы екіжақты құжатқа қол қоюдан бұрын қалыптасқан ынтымақтастық негіздерін одан әрі нығайтуға және екі ведомство арасындағы әріптестікті кеңейтуге ықпал ететін маңызды қадам болмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/1106092?lang=kk
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Алматы – Қонаев» тасжолы бойында сенбілік өтті 15.11.2025
Жыл басынан бері облыс бойынша акцияға 800 мыңға жуық адам, 8 836 кәсіпорын мен ұйым қатысып, 4 мыңға жуық техника жұмыс істеген. 11 мың тоннадан астам қоқыс жиналған. Сондай-ақ 109,8 мың ағаш егіліп, 3 048 көпқабатты тұрғын үйдің ауласы, 55 саябақ пен сквер, 1090 тарихи-мәдени ескерткіш және 1055 әлеуметтік нысан тазартылған.– "«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясындағы іс-шаралар жоспарға сәйкес орындалуда. Онлайн-платформа арқылы да жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі күнге дейін Telegram-ботқа 1123 өтініш келіп түсті, оның 880-і орындалды, 233-і кері қайтарылды, ал 10-ы орындалу үстінде. Бүгін осы жылғы соңғы сенбілікті өткіздік. Ауа райының қолайсыздығына бойланысты акция аясындағы жұмыстарды келесі жылы жалғастыратын боламыз", – деді облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және абаттандыру басқармасының көгалдандыру және абаттандыру бөлімі басшысы Бекзат Кәрімов.– "Бүгін әріптестерімізбен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы барысында өткізіліп жатқан сенбілікке қатыстық. Мұндай шаралардан қалыс қалған емеспіз. Еліміздің таза болуына әрбір азамат үлесін қосуы керек", – деді шараға қатысқан Ермек Ибрагимов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1106078?lang=kk
Теңіз жаяу әскерлері бригадасына жүзден астам сарбаздың ата-анасы барды 15.11.2025
Ақтау гарнизонында «Әскер аналар көзімен» акциясы аясында теңіз жаяу әскерлерінің туыстарымен Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары, вице-адмирал Серік Борамбаев кездесті.Іс-шараға «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Бауыржан Артықов, Ақтау гарнизонының әскери прокуроры әділет майоры Саян Акиров, 25744 әскери бөлімінің қолбасшылығы, әскери полиция мен әскери-тергеу басқармасының өкілдері қатысты. Қонақтарға сарбаздардың қызмет жағдайлары, тұрмысы мен оқу процесінің ұйымдастырылуы туралы жан-жақты ақпарат берілді. Олар казармаларды, оқу корпустарын, жаттығу сыныптарын және ақпараттық-тәрбие жұмысы жүргізілетін бөлмелерді аралады.Бұдан бөлек, бөлімше басшылығы жиналыс өткізді. Үздік танылған сарбаздардың ата-аналарына Отан қорғаушыларды тәрбиелегені үшін алғыс ретінде грамота мен гүлдер табысталды. Сарбаз асханасында ата-аналар мен жауынгерлерге ортақ түскі ас ұйымдастырылды. Бұл ата-аналарға балаларының тамақтану жағдайын көріп қана қоймай, олармен тілдесіп, жаңалықтарды бөлісуге мүмкіндік берді.Батыс Қазақстан облысынан әскер қатарына шақырылған сарбаздың анасы өз әсерін былай жеткізді: – Барлығын өз көзімізбен көруге мүмкіндік жасаған ұйымдастырушыларға алғыс айтамын. Өзімізді қызықтырған барлық сұрақтарға жауап алдық. Сондай-ақ, ұлымның жетістіктері үшін бригада командирінен грамота алу мен үшін қуанышты жәйт. Барлық жаңадан шақырылған сарбаздарға қызметте табыс, ал аналарға сабыр тілеймін, – деді Үміт Бахитова.Іс-шараны ұйымдастыруға Маңғыстау облысы бойынша «Аналар жүрегі» сарбаз аналары комитетінің өкілі Гүлмира Жанысбаева ерекше қолдау көрсетті. Ол көптеген жылдар бойы әскер мен қоғам арасындағы байланысты нығайтуға белсенді атсалысып, әскери қызметшілердің отбасыларына көмек көрсетіп, Қазақстан әйелдерін патриотизм мен азаматтық жауапкершілікке баулуға үлес қосып келеді.Акция басшылықтың әскер мен әскери қызметшілердің отбасылары арасындағы ашық диалогтың маңызын, сондай-ақ сарбаздардың бейімделуі мен қызмет етуіне барынша қолайлы жағдай жасауға ұмтылысын айқын көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1106074?lang=kk
Екінші ауыл шаруашылығы қызметкерлері форумында өңір еңбеккерлері құрметке ие болды 15.11.2025
14 қарашада Екінші ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің форумы өтті, ол Жұмысшы мамандықтар жылына арналды. Шараға еліміздің барлық өңірлерінен аграрлық сала мамандары жиналды. Форум алаңында АӨК-ті дамыту бағыттары, соның ішінде цифрлық технологияларды енгізу және ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды. Мемлекет басшысы отандық өндірушілер ұсынған заманауи цифрлық шешімдер көрмесімен танысты.Форумның маңызды бөлігі — мемлекеттік наградаларды табыстау рәсімі болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы саласының 30 үздік қызметкерін марапаттап, олардың көп жылдық еңбегіне және АӨК дамуына қосқан үлесіне алғысын білдірді.Жоғары мемлекеттік наградаларға Қостанай облысының өкілдері де ие болды:•Александр Кисель, Қостанай ауданы «Абиль» шаруа қожалығының бас агрономы, «Еңбек даңқы» III дәрежелі орденімен марапатталды.•Тұрсынбай Садвакасов, Қостанай қаласындағы «Уйкескен» ЖШС директоры, сондай-ақ «Еңбек даңқы» III дәрежелі орденін алды.Президенттің мемлекеттік наградаларды табыстауы – жерлестеріміздің кәсіби шеберлігіне, адалдығына және өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға қосқан зор үлесіне берілген жоғары баға. Бұл марапат Қостанайлық ауыл еңбеккерлерінің еңбегі ең жоғары деңгейде құрметтелетінін айқын көрсетеді.Форум ауыл шаруашылығының маңыздылығы мен стратегиялық рөлін тағы бір мәрте дәлелдеп, сала үздіктерінің еңбегі лайықты бағаланған маңызды алаңға айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1106033?lang=kk
Токиода Қазақстан мен Жапония СІМ арасында саяси консультациялар өтті 15.11.2025
Токио, 2025 жылғы 14 қараша – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Қазақстан мен Жапония сыртқы саяси ведомстволары арасындағы саяси консультациялардың кезекті отырысына қатысты.Жапонияның Мемлекеттік сыртқы істер министрі Аяно Кунимицумен өткен кездесуде тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын, қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалуын және алдағы іс-шаралар кестесін талқылады. А.Кунимицу Қазақстанның Орталық Азия өңіріндегі маңызды рөлін атап өтіп, Токионың Астанамен кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдетуге бейілділігін растады.Жапония Сыртқы істер министрлігінің Орталық Азия бойынша Арнайы өкіл, Елші Масаки Ишикавамен жүргізілген келіссөздер барысында екіжақты қатынастардың өзекті мәселелері мен шарттық-құқықтық базаны кеңейту, сондай-ақ ынтымақтастықтың визалық және консулдық-құқықтық аспектілері қарастырылды. «Орталық Азия + Жапония» Диалогының бірінші саммитіне дайындық барысында ерекше мән берілді. Сонымен қатар қауіпсіздік саласындағы ахуалды қоса алғанда, халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің кең ауқымы бойынша терең пікір алмасу орын алды.Бұдан басқа, Ә.Бақаев Жапонияның Экономика, сауда және индустрия министрлігінің өкілдерімен кездесу өткізіп, оның барысында Қазақстандағы жапон компанияларының инвестициялық қызметін кеңейту перспективалары талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1106041?lang=kk
Қызметтен – студенттік партaға: әскери жоғары оқу орнында сарбаздар білім гранттарына ие болды 15.11.2025
Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында мерзімді қызметтегі сарбаздарды запасқа шығаруға арналған салтанатты рәсім өтті.Әскери жоғары оқу орнының күзгі шақырылымдағы қарауыл ротасының жауынгерлері өз міндеттерін абыроймен атқарып, қызметтерін лайықты деңгейде аяқтады.Олардың еңбегі еленіп, әрбір сарбазға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Жыл ішінде қызметімен ерекшеленген әскери қызметшілерге кезекті әскери атақтар берілді.Бұл шақырылымда жауынгерлік және кәсіби даярлықта жоғары нәтижелер көрсеткен алты сарбаз білім гранттарына ие болды. Оның бесеуі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери жоғары оқу орындарында білімін жалғастырса, біреуі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне оқуға түсетін болды. Сонымен қатар төрт сарбаз Қарулы күштер қатарында келісімшарт негізінде қызметін жалғастыруға шешім қабылдады.– Қызмет мен үшін маңызды өмірлік белес болды. Ол маған азаматтық борышымды өтеуге мүмкіндік беріп, жоғары оқу орнына жол ашты. Қолдау көрсеткені және өсуге жағдай жасағаны үшін Қорғаныс министрлігіне алғыс айтамын, – деді мерзімді қызметтің қатардағы жауынгері Диляр Зияудинов.Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты қарауыл ротасы құрылғаннан бері мерзімді қызметтегі он төрт сарбаз білім грантына ие болды. Он бесі Қорғаныс министрлігінің әскери жоғары оқу орындарына оқуға түскен, ал бесеуі келісімшарт бойынша қызметін жалғастырған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1106017?lang=kk
Қарулы күштерде әскери қаржыгерлерге құрмет көрсетілді 15.11.2025
Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы күнін қорғаныс ведомствосының қаржыгерлері де кәсіби мерекесі ретінде атап өтеді.Қарулы күштердің қаржылық қамтамасыз ету жүйесі – сан алуан үдерістерден құралған күрделі, әрі тұтас құрылым. Ол армияның барлық тыныс-тіршілігін қамтиды. Әскердің материалдық-техникалық жарақтануы, инфрақұрылымның дамуы мен оны ұстап тұру, әскери қызметшілерді лайықты әлеуметтік пакетпен қамтамасыз ету, кәсіби әскери білім беру, сапалы медициналық қызмет көрсету – мұның бәрі қаржыгерлердің үйлесімді еңбегінің нәтижесі.Әскери қаржыгерлердің табанды еңбегінің арқасында әскери ведомствода мемлекеттік жоспарлау, материалдық ресурстар есебі және қаржылық қамтамасыз ету бойынша заманауи жүйе қалыптасты. Оның негізін бюджетті жоспарлау процесі құрайды. Бұл сала жылдар бойы түбегейлі жаңарып, тиімділікті арттыру жолында үлкен өзгерістерді бастан кешірді.Көпдеңгейлі қаржылық қамтамасыз ету жүйесі әскери шығыстарды реттеуге, әскердің қажеттіліктерін дер кезінде қанағаттандыруға, қаржы жоспарының дайындалуы мен орындалуының әр кезеңінде бюджет қаражатының жұмсалуын бақылауға мүмкіндік береді.Кәсіби мереке қарсаңында қызметтік міндеттерін мінсіз атқарып, үлгілі қызметімен ерекшеленген бірқатар әскери қаржыгерлер «Ел қорғаны» ведомстволық медалімен және «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Ең үздік мамандарға басшылық тарапынан грамоталар, алғыс хаттар және бағалы сыйлықтар табысталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1106000?lang=kk